Қоғамнан оқшаулаумен байланысты жазаларды атқару



Қоғамнан оқшаулаумен байланысты жазаларға : қамау мен бас бостандығынан айыру жатады.
Қамау – бір айдан алты айға дейін, жазаның бүкіл мерзімінде сотталғанды қоғамның қатаң оқшаулар түрінде атқарылады. Қамау жазасы он алты жасқа толмағандарға, жүкті әйелдерге және сегіз жасқа толмаған балалары бар әйелдерге қолданылмайды. Әскери қызметшілер қамау жазасын гаупвахталарда өтейді. Сотталған адамдар жазаны сотталған жеріндегі қамау үйлерінде өтейді. Басқа жаза түрлеріндегідей, қамау жазасына да сотталушы бір қамау үйінде өтеп шығуы керек. Бір қамау үйінен екінші қамау үйіне ауыстыру, сотталғанның денсаулығына, оның жеке басы қауіпсіздігіне қауіп туындауында және сотталушының сол қамау үйінде болуына кедергі жасайтын басқа да ерекше мән – жайлар болғанда жол беріледі.
Сотталғанның жеке басына қауіп төнгенде, оны қауіпсіз жерге орналастыру қажеттілігі туындайды, яғни қауіп тудырған немесе қауіп туындаған сотталушыны басқа жақтағы қамау үйіне жібереді. Қамау жазасына тартылған сотталғанды денсаулығына байланысты басқа жерге ауыстыру немесе араныйы емдеу орталығына орналастыру дәрігерлердің берген қорытындысы негізінде жүргізіледі. Басқа да ерекше мән – жайлар ретінде, сотталған адамның өмірі мен денсаулығына нақты қауіп тудыратын уақиғалар мен жағдайлар, яғни қамау үйінің дұрыс қызмет жасауына кедергі жасайтын жағдайлар немесе тергеу, оперативтік - іздестіру шараларын жүргізу қажеттілігіне ауыстыру алынады.
Қамауға сотталған адамдыр өздері тектес адамдармен бірге ұсталады және үнеме қамау жазасын атқарушы қвзметшілер тарапынан бақылауда болып, тек айдауылмен жүреді. Қамауға алынған ерлер мен әйелдер, кәмілетке толмағандар мен ересек адамдар, бұрын бас бостандығынан айыру жазасын өтегендер мен бірінші реет сотталғандар және соттылығы бар адамдар, бір - бірінен бөлек ұсталады.
1.Закон РК « О порядке и условиях содержания под стражей подозреваемых и обвиняемых в совершении преступлений » от 30.03.1999г. Алматы, 2005г.
2.Правила внутренного распорядка исправительных учреждений. Утв. Министра юстиции РК от 11.12.2001г.
3.Инструкция об организации об организации воспитательной работы с осужденными в исправительных учреждениях Министерства юстиции РК. Утв. Приказом Министра юстиции РК от 21.10.2004г. № 305.

Негізгі әдебиеттер

1.Елеонский В.А. Лишение свободы как наказание, связанное с исправительно-трудовым воздействием. Рязань, РВШ МВД СССР, 1975.
2.Ной И.С. Теоритические вопросы лишения свободы. Саратов, 1965.
3.Проблемы дифференциации исполнения наказаний. М., ВНИИ МВД СССР, 1991.
4.Перков И.Н. классификация осужденных к лишению свободы и распределение их по ИТУ
5.Бажанов О.Н. Прогрессивная система исполнения наказаний. Минск, 1984.
6.Скаков А.В. Назначение вида режима исправительных колоний. Алматы, АВСШ ГСК РК, 1996
7.Васильев А.И. Назначение и измение вида исправительно-трудовых учреждения. Рязань 1987.
8.Васильев А.И.,Фефелов В.А. Режим в исправительно-трудовых учреждениях. Рязань, РВШ МВД СССР,1978.
9.Линенко Н.А. Основы организации режима в ИТУ. Киев, КВШ МВД СССР,1990.
10.Стручков Н.А. Режим в исправительно-трудовых учреждениях и их правовое регулирование. Рязань, 1985.
11.Говорухин Э. Организация режима в исправительно-трудовых учреждениях. Рязань 1987.
12.Михлин А.С. Злостные нарушители режима: понятие и правовая регламентация. // Сов. Юстиция. 1992 № 4
13.Дорофеев М. Организация материально- бытового обеспечения и медицинского обслуживания осужденных М., Академия МВД СССР, 1986.
14.Зубков А.И. Социально- правовые и организационные проблемы труда осужденных к лишению свободы. Рязань, РВШ СССР, 1980.
15.Легунов В.И. Профессиональное образование осужденных к лишению свободы. М., Академия МВД СССР, 1991.

Пән: Құқық, Криминалистика
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 16 бет
Таңдаулыға:   
Қоғамнан оқшаулаумен байланысты жазаларды атқару

Қоғамнан оқшаулаумен байланысты жазаларға : қамау мен бас бостандығынан
айыру жатады.
Қамау – бір айдан алты айға дейін, жазаның бүкіл мерзімінде сотталғанды
қоғамның қатаң оқшаулар түрінде атқарылады. Қамау жазасы он алты жасқа
толмағандарға, жүкті әйелдерге және сегіз жасқа толмаған балалары бар
әйелдерге қолданылмайды. Әскери қызметшілер қамау жазасын гаупвахталарда
өтейді. Сотталған адамдар жазаны сотталған жеріндегі қамау үйлерінде
өтейді. Басқа жаза түрлеріндегідей, қамау жазасына да сотталушы бір қамау
үйінде өтеп шығуы керек. Бір қамау үйінен екінші қамау үйіне ауыстыру,
сотталғанның денсаулығына, оның жеке басы қауіпсіздігіне қауіп туындауында
және сотталушының сол қамау үйінде болуына кедергі жасайтын басқа да ерекше
мән – жайлар болғанда жол беріледі.
Сотталғанның жеке басына қауіп төнгенде, оны қауіпсіз жерге орналастыру
қажеттілігі туындайды, яғни қауіп тудырған немесе қауіп туындаған
сотталушыны басқа жақтағы қамау үйіне жібереді. Қамау жазасына тартылған
сотталғанды денсаулығына байланысты басқа жерге ауыстыру немесе араныйы
емдеу орталығына орналастыру дәрігерлердің берген қорытындысы негізінде
жүргізіледі. Басқа да ерекше мән – жайлар ретінде, сотталған адамның өмірі
мен денсаулығына нақты қауіп тудыратын уақиғалар мен жағдайлар, яғни қамау
үйінің дұрыс қызмет жасауына кедергі жасайтын жағдайлар немесе тергеу,
оперативтік - іздестіру шараларын жүргізу қажеттілігіне ауыстыру алынады.
Қамауға сотталған адамдыр өздері тектес адамдармен бірге ұсталады және
үнеме қамау жазасын атқарушы қвзметшілер тарапынан бақылауда болып, тек
айдауылмен жүреді. Қамауға алынған ерлер мен әйелдер, кәмілетке толмағандар
мен ересек адамдар, бұрын бас бостандығынан айыру жазасын өтегендер мен
бірінші реет сотталғандар және соттылығы бар адамдар, бір - бірінен бөлек
ұсталады.
Қамау жазасы жаза өтеу жағдайы бойынша, түрменің жалпы режиміне сай
келеді. Қамаудың түрмеден негізгі айырмашылығы – жазаның мерзімінде (қамау
6 айға дейін тағайындалса, түрме 3 жылға дейін тағайындалады) және келіп
түсу себебінде (қамау бірден қылмысы бойынша тағайындалса, түрме жазалау
шарасы және жауапкершілікті ауырлату ретінде тағайыналады).
Қамау жазасына тартылғандарға адвокаттарымен кездесулерді қоспағанда,
кездесу берілмейді, посылка, сәлемдеме, бандерольдар алуға рұқсат
етілмейді. Посылка, бандероль қатарына сотталушының туыстарынан бірінші
кезектегі қажетті заттар мен ауысымдық киімдерді алу жатпайды. Қамау
жазасында бұл заттарды алуға рұқсат етіледі. Сотталғандарды орта білімге
және кәсіптік оқыту жүргізілмейді.
Сотталғандар тек жеке есеп – шотындағы қаражатан, ай сайын бір айлық
есеп көрсеткіші мөлшеріндегі сомаға тамақ өнімдері мен бірінші кезектегі
қажетті заттарды сатып ала алады.
Сотталғандар күн сайын қамау үйінің ауласында бір сағаттық сейілдеу
өткізуге құқылы. Кәмелетке толмағандар бір жарым сағаттық сейілдеуге
шақырылады.
Ерекше мән–жайлар болғанда, қамауға сотталғандарға отбасымен,
туыстарымен телефон арқылы сөйлесуге рұқсат етіледі. Заң ерекше мән-
жайлардың қандай жағдайлар екендігін анықтап көрсетпеген. Мұндай жағдайлар
сотталғанның ең жақын адамның қайтыс болуы, ауруы немесе кейінге қалдыруға
болмайтындай мүліктік сипаттағы қатынасқа сотталғанның нұсқау беруі тәрізді
жағдайлар бола алады.
Қамау жазасына сотталғандар, қамау үйінінің шаруашылық жұмыстарынан
басқа еңбекке тартылмайды. Қамау үйінің әкімшілігі сотталғандарды ұзақтығы
аптасына 4 сағаттан аспайтын уақытқа қамау үйінің шаруашылық жұмыстарын
орындау үшін ақысыз тартуға құқылы. Бұл жұмысқа сотталғандар кезектілік
тәртібімен тартылады. Сотталған 4 сағаттан артық істеуге өзі тілек
білдірсе, қылмыстық- атқару заңының 107- бабына сәйкес бұл уақытты
көбейтуге болады.
Қамау үйлерінде жаза өтеушілерді тәрбиелеу мақсатында, көтермелеу және
жазалау шаралары қолданылады. Көтермелеу шаралары ретінде алғыс жариялау,
бұрын қолданылған жазалау шарасын мерзімінен алып тастау, телефонмен бір
жолға сөйлесуге рұқсат беру қолданылады.
Жазаны өтеу тәртібін бұзғаны үшін, сотталғандарға сөгіс жариялау немесе
он тәулікке дейін айыптылық орнына қамау тәрізді, жазалау шаралары
тағайындалады. Алғыс жариялау және сөгіс беру, ауызша немесе жазбаша
жарияланады, ал қалған көтермелеу және жазалау шаралары тек жазбаша
қолданылады. Қамау жазасына тартылған сотталғанның телефонмен сөйлесу қамау
үйінің әкімшілік қызметкері арқылы бақыланады және сотталған тәртіпті
бұзып, өзге әңгіме жүргізе бастаған жағдайда, телефонмен сөйлесу дереу
тоқтатылады.
Жазалау шарасы, сотталушының тәртіп бұзуына тексеру жүргізу уақытын
қоспағанда, тәртіп бұзған күннен бастап он күн ішінде жариялану керек.
Қамау жазасына сотталғандарды материялдық – тұрмыстық жағынан
қамтамасыз ету, жазаны жалпы режимдегі түрмелерде өтеуші адамдарға
белгіленген, ал кәмелетке толмағандар үшін тәрбиелеу колонияларында
белгіленген нормаларға сәйкес жүзеге асырылады.
Медициналық көмек қамау жазасына сотталғандар үшін жалпы негіздерде,
яғни қылмыстық-атқару заңының 97- бабында қарастырылған тәртіпте беріледі.

Сотталғандары топтастыру – бас бостандығына айыру мекемелерінле тотарға
бөлініп және сол топтар негізінде бөліп ұстауды білдіреді. Топтастыру
белілері ретінде, қылмыскерлердің және жасалған қылмыстың қоғамға
қауіптілік дәрежесі мен сипаты, жасы, жынысы, бұрын сотталғандығы және
басқа да ерекшеліктері алынады. Демек, бас баосандығынан айруға
сотталғандарды топтастыру дегеніміз, жаза өтеушілердің жасаған қылмысының
қоғамға қауіптілік дәрежесі мен сипатына, жасына, жынысына, бұрын
сотталғандығына және басқа да ерекшеліктеріне қарай, бір тектес топтарға
бөлу болып табылады.
Сотталғандарды топтастыру жұмысы, жазаны оқшаулау түрінде атқару, түзеу
мекемелерінің жұмысын ыңғайлы әрі тиімді жүргізу, сотталғандарды түзеу
мақсатындағы тәрбиелік жұмыстарды дұрыс іске асыру үшін қажкт. Қылсым
жасаған адамдарды түзеу, яғни олармен әртүрлі деңгейдегі тәрбиелік жұмыстар
жүргізу және олардың қоғамға қауіптілік дәрежесіне қарай құқықтық
шектеулерді белгілеу, оларды біртектес топтарға бөле отырып жүргізгенде
тиімді болады.
Бас бостандығынан айыру жазасына сотталғандарды топтастыру қажеттілігі
қылмыстық заңнан басталады. Мысалы: кінә нысанын, қылмыс сынаттары,
кәмелетке толмағандардың жас деңгейін, соттылықты, қылмыс рецидивтілігін,
қоғамға қауіптілікті ауырлататын және жеңілдететін мән – жайларды қылмыстық
заң анықтап, бұл негізде қылмыскерлер бір – бірінен ажыратылатынын
ескертеді. Сонымен бірге, қылмыстық заң 48 – бапта қоныстану
колонияларында, түзеу колонияларының жалпы, қатан, ерекше режимінде,
түрменің жалпы және қатаң режимдерінде және тәрбиелеу колонияларының жалпы
және күшейтілген режимдерінде қандай санаттардағы сотталғандар қандай жаза
өтейтіндігін анықтайды.
Қылмыстық – атқару заңы, жазаның мақсатын іске асыру мақсатында және
жазаны атқару мәселесін тиімді жүргізу мақсатында, сотталғандарды (топқа
бөле отырып) демографиялық, құқықтық белгілеріне қарай бөліп ұстау
мәселесін қарастырады. Қылмыстық атқару заңы негізінде, әйелдер мен ер
адамдар бір – бірінен бөлек жаза өтейді. Сонымен қатар, бұл заңда,
сотталғандардың жаза өтеу кезендегі мінез – құлқының өзгеруіне қарай да
топтастырылу жүргізіледі. Мысалы, қоныстану колонияларында түзеу
колонияларының жалпы және қатаң режимдерінен түзелу бағытына түскендігі
үшін ауыстырылғандар жаза өтейді. Сондай – ақ, түзеу мекемелеріндегі режим
талаптарын қайталай бұзғандар мен түзелу бағытына көрінеу түскісі
келмегендердің де белгілі бір мерзімге түрмеге ауыстырылғандығы қылмыстық
атқару заңында қарастырылған.қылмыстық – атқару колония шегінде жүргізеді.
Бұл негізде, түзеу колониялары жаза өтеудің жеңілдікті, жеңілдетілген,
дағдылы және қатаң жағдайларына бөлінеді. Қылмыстық – атқару заңы,
кәмілетке толмағандардың бас бостандығынан айыру жазасын өтеуінің тәртібі
мен жағдайларын жеке қарастырады. Оларды жеке мекемеде жаза өтеттіргенде,
ересек сотталған адамдардың ішіндегі барынша қылмыстылыққа бейімделген
адамдардың ықпалынан сақтац және жасына байланысты күші жететін жұмыстарды
орындату, т.б. қажеттіліктер көзделген.
Заң әйелдер колониясын жалпы және қатаң режимдерге бөле отырып, оның
негізіне, қылмыскер әйелдердің жасаған қылмыстарының қоғамға қауіптілік
дәрежесі мен сипатын, бұрын бас бостандығынан айыру жазасын өтегендігін
алады. Әйелдердің әлсіз жыныс екендігін ескере отырып, оларға жаза өтек
кезінде ерлер жұмысына қарағанда жеңіл жұмыстар беріледі. Сондықтан да
қылмыстың аса қауіпті рецидивіндегі әйелдер жазасын ерекше режимде емес,
қатаң режимдегі колонияда өтейді. Сонымен қатар, қылмыстық – атқару заңы
жүкті және өзімен бірге баласы бар әйелдерге жеңілдікті жағдайлар
белгілеген. Мысалы: жүкті кезінде сапасы жоғары тамақта беру, баласын
емізуге босату, т.б.
Соттар жаза тағайындау кезінде қылмыстың және қылмыскердің қоғамға
қауіптілік деңгейін ескере отырып, бас бостандығынан айыру жазасын
тағайындағанда, аталған белгіні одан әрі қарай таразылай отырып, үкімде
режимнің түрін айтады.
Соттар жалпы режимдегі түзеу колониясын белгілеу үшін, сотталғанның бас
бостандығынан айыру жазасына бірнеше реет тартылғанын, қылмыс қасақана
жасалғанмен, маңызы ауыр емес, орташа ауыр және ауыр санаттарға
жататындығын және қылмысты абайсыздықта жасағандығын ескереді. Жалпы
режимдегі колонияда қылмыстық – атқару заңының негізінде, қоғамдық
жұмыстар, түзеу жұмыстары, бас бостандығын шектеу жазаларын өтеуден кәнігі
бұлтарғандығы үшін 6 айға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыру
жазасымен ауыстырылғандар да өтейді.
Қатың режимдегі түзеу колониялары қылмыстың қауіптілік дәрежесі жоғары
болғанда, сонда – да өмір бойына немесе өлім жазасы өмір бойына бас
бостандығынан айырмау ауыстырылғанда тағайымдалады. Бұл сотталғандарға
ерекше режим тағайындалғанмен, олар жазаны тек өздері тектес
сотталғандарменбірге өтейді.
Қылмыскердің және қылмыстың қайіуптілік дәрежесі аса жоғары болғанда,
сотталған жазаның бес жылдан аспайтын бөлігін түрмеде өтеуге міндетті болуы
мүмкін. оны қылмыстық заңнын генізінде, түрмеде аса ауыр қылмыс жасағандар,
сондай – ақ қылмыстың аса қауіпті рецидивіндегілер өтейді. Ал, қылмыстық –
атқару заңы негізінде, жаза өтеудің белгіленген тәртібін кәнігі бұзғандар
жазаның белгілі бір бөлігін, яғни 3 жылдан аспайтын мерзімін түрмеде
өтейді. Түрменің жалпы режимінде жаза өтей жүріп, қайтадан қасақана тәртіп
бұзғандар қатан режимдегі түрмеге ауыстырылуы мүмкін.
Сотталғанның қоғамға қауіптілігі аса жоғары болмаған жағдайда, яғни
қылмысты абайсызда жасағаны үшін 7 жылға дейін бас баостандығынан айыруға
сотталғанда, жазаны қоныстану колонияларында өтейді. Қоныстану
колонияларында қылмыстық – атқару заңының негізінде, жалпы және қатаң
режимдеріндегі колониялардан түзелу бағытына түскендігі үшін жеңілдік
шарасы ретіндегі ауыстырылғандар да өтейді.
Түзеу мекемелеріндегі қауіпсіздікті қамтамасыз ету мақсатында, дәлірек
айтқанда, сотталушының жеке басы қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында,
бұрынғы сот, прокуратура, тергеу, жалпы айтқанда, бұрынғы құқық қорғау
органдарының қызметкерлері жеке колонияда ұсталады.
Бас бостандығынан айруға сотталған, маскүнемдікпен, нашақорлықпен
немесе уытқұрмалықпен ауыратын, сонымен қатар ақыл – есінен кемістігі болуы
мүмкін, психикасының бұзылуынан әрекетіне толық жетекшілік жасай алмайтын
сотталғандарға медициналық сипаттамаға міндетті мәжбірлеу шаралары
қолданылады және бұл шаралар жеке емдеу – түзеу мекемелерінде жүргізіледі.
Мұндай мәжбүрлеу емдеу шаралары туберкулездің ашық түрімен ауыратындарға,
соз ауруынан емделудің толық курсынан өтпегендерге, сондай – ақ ВИЧСПИД
ауруларын жұқтырғандарғада арнайы емдеу – түзеу мекемелерінде жүргізіледі.
Сондай – ақ, бас бостандығынан айыру жазасына сотталған шетел
азаматтары мен азаматтығы жоқ адамдар, жазаны жеке колонияларда өтейді.
Қоғамқа қауіптілігі Қазақстан азаматтарынан ерекшеленіп тұрса да, бұл
топтастырудың себебі, шет ел азаматтарының жеке басы қауіпсіздігінін сақтау
және жазаны атқару мәселесін жұрыс жүргізу болып табылады. Шет ел
азаматының жеке басы қауісіздігін сақтау дегенде, сол шетелдік азаматының
нәсілінің, дінінің, тілінің бөліктігіне қарай басқа сотталған адамдардың
білетін ортақ халықаралық тіліне қарай, ортақ қатынас тілді қолдану
ескеріледі.
Сонымен, бас бостандығынан айруға сотталғандардытоптастыру, түзеу
орындарында жазаның мақсатына жетуіне маңызды құралдарының бірі болып
табылады.
Сот үкім шығарғанда, сотталушының қылмысының түрін, оның қоғамға
қауіптілік дәрежесі мен сипатын ескере отырып, оған сай келетіндей жазанын
түрі мен көлемін айтады. Соттар, мұнымен қатар, егер сотталушыны бас
бостандығынан айыру жазасына соттаса, оның үкімде режимнің түрін де атайды.
Сот үкім шыққаннан кейін, сотталған міндетті түрде тергеу изоляторында
ұсталып, он күн ішінде жазаны өтеу мекемесіне жіберіледі. Бұл 10 күннің
ішінде тергеу изоляторының әкімшілігі сот үкімінің көшірмесін алып,
сотталушыны жіберетін түзеу мекемесінің түрін анықтайды және оның отбасына
қай жақтың колониясына жіберілетінің хабарлайды. Заңда белгіленген 10 күн
мерзімде, кейде одан да жиі уақыттарда, сотталғандар жаза өтеу мекемелеріне
аттандырылып жатады. Тергеу изоляторлары жаза өтеу орындарына аттандыру
жұмыстарын күнде емес, аптасына немесе 10 күнде бір реет жіберіп отырады.
Бұл ұақыттыр ішінде жаза өтеуге тісті сотталғанда жинақталады.
Бас бостандығынан айыру жазасына сотталғандарды түзеу мекемесіне жіберу
жұмысы, қылмыстық – атқару заңмен және ҚР Әділет министірлігінің ҚР Бас
Прокуратурасының келісімімен бекіткен ТМ – дердегі ішкі тәртіп ережесі
негізінде жүргізіледі. Тергеу изоляторының әкімшіліе қызметкерлер
сотталғандарды түзеу мекемелеріне жіберу жұмысын арнайы қарулы күзетпен
бірлескен түрде жүргізеді. Сотталғандарды өткізе кезінде олардың
фамилиялары аталып, қабылдаушылар сотталғандардың құжаттарын тексереді.
Сотталғандардың жол жүруіне автолөлік, поезд, сомолет, кемелер
қолданылады. Егер этапқа сомолет қолданылса, онда сомолетке отырғызылу
кезінде әр сотталушының қолына кісен салынады.
Түзеу мекемесі орнылысқан жерге сотталғандар тиелген көлік келгенде,
оларды қабылдау ТМ – дегі ішкі тәртіп ережесі негізінде жүргізіледі. Бұл
кезеңде түзеу мекемесі оперативтік кезекшісінің күшейтілген күзет қолдана
отырып, сотталғандарды жеке басы құжаттарын тексеріп қабылдайды.
Келесі кезеңде, яғни сотталғандар түзеу мекемесіне келіп түскеннен
кейін, олардың тұла бойлары тінтіліп, затары толық тексеруден өткізіледі.
Мұндай кезде, түзеу мекемесінде ұстауға тиыйм салынған заттар, мысалы,
ақша, карта, бояу қалам, суық қарулар, т.б. алынып, сақтау камерасына
өткізіледі, ал тіпті тиым салынған заттар, мысалы, суық қару, карта сияқты
заттар жойылады.
Түзеу мекемесіне келіп түскен сотталғандар медициналық тексеруден
өткізіледі, ал қажет болған жағдайда, оларға санитарлық тазалау
жүргізіледі. Мұнан кейін жаңадан келіп түскен сотталғандар 15 күнге
карантинге жатқызылады. Карантин кезінде сотталғандарға жазаны өтеудің
тәртібі мен олар сақтауға міндетті талаптар, түзеу мекемесіндегі тәртіп,
қауіпсіздікті сақтау үшін арнайы электрондық, дыбыстық – бейналык заттардың
қолданылатындығы, т.б. олар білуге тиісті жағдайлар түсіндіріледі. Сонымен
бірге бұл кезеңде олардың жеке басы мінез – құлықтаы, мамандықтары ескеріле
отырып, отрядқа бөлінеді. Сотталған түзеу колониясына кеіп түскеннен кейін,
10күннің ішінде түзеу мекемесі әкімшілігі, оның отбасына немесе ең жақын
туыстарының біріне хабар беруі тиіс. Бұл хабарламада сотталғанның қай
жердегі колонияға келгендігі, қандай заттарды посылка, бандерль, сәлемдеме
ретінде жіберуге болатындығы, кездесу саны көрсетіледі.
Бас бостандығынан айыру жазасы да сотталғанның тұрғылықты облысы немесе
қылмыс жасаған жері бойынша өтеледі. Заң сотталғандарға тұрғылықты облысы
бойынша жаза өтеттіргенде оларға жеңілдік қолдануды көздейді. Бұл жеңілдік
әсіресе олардың туыстарына тиісті. Олар алыс облыстағы колонияға, кездесу
өткізуге бара алмауы мүмкін. Екіншіден, өз облысы аумағында жаза өтеу,
олардың денсаулықтарының бұзылуына себепші болуы мүмкін. Үшіншіден, жаза
өтеу мекемесінде жүрсе де, сотталған адамның өз жерінде жүруі, оның аса
қамықпацына, күйзелмеуіне қолдау болуы мүмкін.
Сотталушыға белгіленген колония түрі облыс көлемінде болмағанда, онда
басқа облыстағы колонияға жіберіледі. Бір облыс көлемінде кәсілетке
толмағандарға, әйел адамдарға, қылмыстың аса қауіпті рецидивіндегілерге
арналған, т.б. осындай арнайы колониялар болмауы мүмкін. мұндай жағдайда
тиісті колония Қазақстанның қай жерінде болса, сол жерде жаза өтелуі тиіс.
Басқа облыс жеріне жаза өтеуді жіберу мамандығына байланысты да
жүргізіледі. Мысалы, бұрынғы құқық қорғау орындарының қызметшілеріне қандай
да бір қылмыс түрі болмасын, бас бостандығынан айру жазасы тағайындалғанда,
сол арнайы колонияға жіберіледі. Ал мұндай колония Қазақстанда біреу – ақ.
Шете азаматтары мен азаматтығы жоқ адамдарға арналған түзеу мекемелері
де әр облыс көлемінде бола бермейді, сондықтан мұндай сотталған адамдар
тобы да, қай жерде тиісті колония болса, сонда жіберіледі.
Басқа облыстағы колонияға ауыстыру мынадай жағдайларда да орын алады.
Сотталушы өз облыс аумағындағы колонияда жаза өтеп жүргенде, жеке басы
қауіпсіздігіне қатер туындаса, ол басқа жақтағы колонияға ауыстырылады. Осы
жағдай қылмысты қатысушылықпен жасағандарға жа қолданылады. Қылмысты қатысу
арқылы жасағандар, жаза өтеу кезінде бір түзеу мекемесінде ұсталмайды. Олар
жаза өтеу уақытында әр облысқа таратылып, жазаны бір – бірінен бөлек
өтейді.
Кейде сотталушының ден – саулығына өз облысының климаттық жағдайы кері
әскр етуі мүмкін. мұндай жағдайда да басқа облыстағы колонияға ауыстыруға
қылмыстық – атқару заңы мүмкіндік береді.
Сотталғандар бір түзеу мекемесінен екінші түзеу мекемесіне
айыстырылғанда, алғашқы колонияға келген уақытындай карантинге жіберіледі.
Сонысен түзеу мекемесіне сотталған қабылданғаннан бастап, олардың
сотталғандардың міндеттерін орындау және сотталған адамдардың өз құқықтарын
пайдалану басталады.
Бас босандығынан айыру жазасына сотталған адамдарың қауіптілігінің
жоғары болуына байланысты, басқа жазалаға қарағанда, түзеу мекемелерінде
қатал тәртіп қолданылады. Міне, осы жазаны өтеу кезіңдегі қаталырақ
жағдайдың түрі мен көлемі қылмыстық – атқару заңында белгіленіп, ол түзеу
мекемелеріндегі режимді білдіреді.
Бас бостандығынан айруға соталғандарды режим жағдайында ұстау
сотталғандарды жазалаудың және тәрбиелеудің негізгі құралы, сондай – ақ
түзеу мекемелерінің алдында тұрған міндет – жазаның мақсатына жетуге жағдай
жасайтың тәсіл болып табылады.
Режим ұғымын тар және кең мағынада қарастыруға болады. Тар мағынада
режим – бұл ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
«Жаза ұғымы және оның мақсаттарының тиімділігі»
Жазаларды орындау жүйесіндегі пробацияның түсінігі және оның мәні
Абайсызда жасалған қылмыстар үшін жазалардың тиімділігі
Республикасының азаматтығынан айыру
Қазақстан Республикасында жазадан босатылғандарды әлеуметтік бейімдеу мәселелері
Қазақстан Республикасының Қылмыстық Кодексіндегі жазаның мақсаты
Қаржы полициясы органдары
Пробациялық бақылаудағы кәмелетке толмаған жасөспірімдермен психологиялық - педагогикалық іс-әрекет
Қазақстан Республикасындағы сотталған адамдардың құқықтық жағдайы
Жазаның жүйелері және түрлері
Пәндер