Идея және идеология ұғымдарының мәні



Кіріспе
1.Идея және идеология ұғымдарының мәні
2. Саяси идеологиялар тарихы пен теориялары
A)Либерализм
Б) Неолиберализм
В)Консерватизм
Г)Неоконсерватизм
Д)Реформизм
3.Идеологиясыздандыру (деидеологизация) теориясы
Қорытынды
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі
Кіріспе

Алғаш рет «идеология» деген терминді француз философы және экономисі Де Гресси (1754-1836) қолданды. Ол «Идеологияның элементтері» деген төрт томдық еңбек жазған. Оның пікірінше, идеология идеялар туралы ғылым, ол барлық табиғат және қоғам туралы ғылымдардың, саясат, этика және тағы басқа әлеуметтік құбылыстардың негізіне жатуға тиіс. Бірақ «идеология» деген сөздің кең тарауына себепкер болған адам – Наполеон Бонапарт. Ол либерал журналистерді, саясатшыларды «идеологтар» деп атап, оларды жаратылыстанумен айналысатын ғалымдарға және шынайы әрекет иесі белсенді адамдарға қарсы қойды. Фрнацуз императоры саяси сайқалдыққа тұрақсыз және алдамшы қоғамдық пікірге көп көңіл аударатын мемлекеттік қайраткерлерге жиіркенішпен келемеждеп қарайтын.Осы кезде қоғамның күнделікті өмірінен, алдында тұрған көкейтесті мәселелерден және мемлекеттің шынайы саясатына алшақ идеяларды қоштап таратушы адамдарды «идеологтар» деп атады. К.Маркс пен Ф.Энгельстің 1845 жылға дейінгі жазылған еңбектерінде де «идеология» деген термин осы мағанада қолданылады. Бұл кезде Германияда Гегельдің философиялық мектебі ыдырап, тұрпай социалистік теориялар пайда болды. Маркс пен Энгельс осындай идея, түсініктердің жиынтығын менсінбей, «неміс идеологиясы» деп атады.1845 жылдан бастап олар идеология туралы өз түсініктерін қалыптастырды. ХІХ және ХХ ғасырлардағы идеология туралы айтылған ой-пікірлер маркстік пікірмен ұштасып, сабақтасып жатыр. Маркстік идеологияның мәні туралы түсінігінің қалыптасуында екі кезеңді ажыратуға болады. Бірінші кезеңде идеология өзіндік негізі, тірегі жоқ жалған сана деп түсіндіріледі. Идеологиялық ғылымға, әсіресе, Маркс пен Энгельс қалыптастырған тарихқа материалистік көзқарасқа қарсы қойылады. Олар идеологияға философиялық идеализмді де жатқызады.
Идеологияның мәнін пайдаланудың екінші кезеңі К.Маркстің «Капиталды» жазуымен (1857) байланысты. Бұл кезде идеология тілек, мақсат (топтық, таптық және тағы басқа) тұрғысынан шындықты бейнелейтін сана ретінде түсіндірілді. Осылайша идеология дегеніміз жеке тілек, мақсатты ғылым, көркемөнер, мораль, саясат, құқық тілінде көтермелеп өткізу, жұртшылықтың санасына арбап құю. Осы мақсатта ғылым тілінде, ғылыми терминологияға көп жүгінеді. Идеологияландыру саналы түрде және санасыз түрде де жүзеге асырылады.К.Маркс бұл кезде идеологияны тек ғылымға ғана емес, жалпы еркін рухани өндіріске, яғни барынша объективті, сондықтан да жалпы (жеке емес) тілек, мақсатты білдіруге бағытталған танымдық, көркемдік және басқа қызметке қарсы қояды. Экономикалық теория саласында К.Марск а) экономикалық шындықты объективті түрде танып білуге ұмтылған классикалық саяси экономияны және ә) осы теория құралдарын пайдаланып, таптық мүддені анықтап, шындықты танып білуге ұмтылатын тұрпайы саяси экономияны ажыратып көрсетеді. Сол сияқты К.Маркс ғылым мен идеологияны бір-біріне жалпы, абстракты түрде қарсы қоюға болмайтындығын, ғылымының өзінде идеологияландыру кезеңі, сәті кездесе беретіндігіне көңіл аударады.Осы жайды ол физиократтардың, А.Смит, Д.Рикардо еңбектерін талдау үстінде байқап көрсетеді
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі
1.“Қазақстан”: Ұлттық энцклопедия/Бас редактор Ә. Нысанбаев – Алматы “Қазақ энциклопедиясы” Бас редакциясы, 1998 ISBN 5-89800-123-9

Пән: Философия
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 13 бет
Таңдаулыға:   
С.БӘЙІШЕВ атындағы АҚТӨБЕ УНИВЕРСИТЕТІ

ФАКУЛЬТЕТІ: ТЕХНИКАЛЫҚ
КАФЕДРА: ҚҰРЫЛЫС ЖӘНЕ КӨЛІКТІ ПАЙДАЛАНУДЫ ҰЙЫМДАСТЫРУ

МӘНЖАЗБА

ПӘНІ: САЯСАТТАНУ
ТАҚЫРЫБЫ: ИДЕЯ ЖӘНЕ ИДЕОЛОГИЯ ҰҒЫМДАРЫНЫҢ МӘНІ

ОРЫНДАҒАН: КПжЖҚмТҰ-201
ДАРИБАЕВ А
ТЕКСЕРГЕН: СҮЛЕЙМЕНОВА Э

АҚТӨБЕ - 2014

Жоспары:
Кіріспе
1.Идея және идеология ұғымдарының мәні
2. Саяси идеологиялар тарихы пен теориялары
A)Либерализм
Б) Неолиберализм
В)Консерватизм
Г)Неоконсерватизм
Д)Реформизм
3.Идеологиясыздандыру (деидеологизация) теориясы
Қорытынды
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі

Кіріспе

Алғаш рет идеология деген терминді француз философы және экономисі Де Гресси (1754-1836) қолданды. Ол Идеологияның элементтері деген төрт томдық еңбек жазған. Оның пікірінше, идеология идеялар туралы ғылым, ол барлық табиғат және қоғам туралы ғылымдардың, саясат, этика және тағы басқа әлеуметтік құбылыстардың негізіне жатуға тиіс. Бірақ идеология деген сөздің кең тарауына себепкер болған адам - Наполеон Бонапарт. Ол либерал журналистерді, саясатшыларды идеологтар деп атап, оларды жаратылыстанумен айналысатын ғалымдарға және шынайы әрекет иесі белсенді адамдарға қарсы қойды. Фрнацуз императоры саяси сайқалдыққа тұрақсыз және алдамшы қоғамдық пікірге көп көңіл аударатын мемлекеттік қайраткерлерге жиіркенішпен келемеждеп қарайтын.Осы кезде қоғамның күнделікті өмірінен, алдында тұрған көкейтесті мәселелерден және мемлекеттің шынайы саясатына алшақ идеяларды қоштап таратушы адамдарды идеологтар деп атады. К.Маркс пен Ф.Энгельстің 1845 жылға дейінгі жазылған еңбектерінде де идеология деген термин осы мағанада қолданылады. Бұл кезде Германияда Гегельдің философиялық мектебі ыдырап, тұрпай социалистік теориялар пайда болды. Маркс пен Энгельс осындай идея, түсініктердің жиынтығын менсінбей, неміс идеологиясы деп атады.1845 жылдан бастап олар идеология туралы өз түсініктерін қалыптастырды. ХІХ және ХХ ғасырлардағы идеология туралы айтылған ой-пікірлер маркстік пікірмен ұштасып, сабақтасып жатыр. Маркстік идеологияның мәні туралы түсінігінің қалыптасуында екі кезеңді ажыратуға болады. Бірінші кезеңде идеология өзіндік негізі, тірегі жоқ жалған сана деп түсіндіріледі. Идеологиялық ғылымға, әсіресе, Маркс пен Энгельс қалыптастырған тарихқа материалистік көзқарасқа қарсы қойылады. Олар идеологияға философиялық идеализмді де жатқызады.
Идеологияның мәнін пайдаланудың екінші кезеңі К.Маркстің Капиталды жазуымен (1857) байланысты. Бұл кезде идеология тілек, мақсат (топтық, таптық және тағы басқа) тұрғысынан шындықты бейнелейтін сана ретінде түсіндірілді. Осылайша идеология дегеніміз жеке тілек, мақсатты ғылым, көркемөнер, мораль, саясат, құқық тілінде көтермелеп өткізу, жұртшылықтың санасына арбап құю. Осы мақсатта ғылым тілінде, ғылыми терминологияға көп жүгінеді. Идеологияландыру саналы түрде және санасыз түрде де жүзеге асырылады.К.Маркс бұл кезде идеологияны тек ғылымға ғана емес, жалпы еркін рухани өндіріске, яғни барынша объективті, сондықтан да жалпы (жеке емес) тілек, мақсатты білдіруге бағытталған танымдық, көркемдік және басқа қызметке қарсы қояды. Экономикалық теория саласында К.Марск а) экономикалық шындықты объективті түрде танып білуге ұмтылған классикалық саяси экономияны және ә) осы теория құралдарын пайдаланып, таптық мүддені анықтап, шындықты танып білуге ұмтылатын тұрпайы саяси экономияны ажыратып көрсетеді. Сол сияқты К.Маркс ғылым мен идеологияны бір-біріне жалпы, абстракты түрде қарсы қоюға болмайтындығын, ғылымының өзінде идеологияландыру кезеңі, сәті кездесе беретіндігіне көңіл аударады.Осы жайды ол физиократтардың, А.Смит, Д.Рикардо еңбектерін талдау үстінде байқап көрсетеді.

1.Идея және идеология ұғымдарының мәні

Идеология деген ұғым гректің ideia және loqos деген сөздерінен шыққан. Идея - көзқарас, логос - ілім, ой. Ал идеология сөзінің мәні - идея туралы ілім немесе мәртебелігі бар ілім ретінде түсініледі. Идея - ол бір субъектінің немесе бір әлеуметтік-саяси топтың ғана көзқарасы. Ал идея идеологияға айналғаннан кейін ол мақсат, нұсқау ретінде жүргізіледі, тіпті тапсырма мәртебелілігіне ие болады. Идеяның идеологияға айналуы үшін оған қоғамдық жүйеден немесе мемлекеттік билік тарапынан қолдаушылық көрсетілуі қажет. Сонда ғана идея идеология ретінде қабылданып іске асырылады. Мысалы, марксизм идеологиясы алғашқыда бір ғана ғалымның - К.Маркстің идеясы ретінде пайда болды. Ол идеяның мағынасы: еңбекшілер буржуазиялық таптың қанауына ұшырайды, жұмысшылар мен шаруалар әділеттілікке, теңдікке, бостандыққа жетуі керек. Ол үшін жұмысшылар таптық революция ұйымдастырып, буржуазия өкіметін құлатып, жеке меншікті жойып, социализм орнатуы қажет деген ойды білдірді.
Кейін, К.Маркстің осы идеясын идеологияға айналдыру үшін коммунистік партия 1917 жылы Ресейде Қазан революциясын ұйымдастырып, өкімет билігін өз қолына алды. Мемлекеттік биліктің ұйғаруымен осы ойшылдың идеясы марксистік идеологияға айналып, КСРО сол идеология бойынша 70 жылдай өмір сүрді.
Идеяның идеологияға айналуы туралы тағы бір мысал -- реформизммен байланысты. Реформизм идеологиясы алғашқыда Э.Бернштейннің идеясы ретінде пайда болды. Бұл идеяның мазмұны: еңбекшілерді әділеттілікке, теңдікке, бостандыққа жеткізу үшін реформалар жүргізу қажет. Оларды буржуазиялық қанаудан қорғау үшін ешқандай революцияның қажеті жоқ, жұмысшы табын қорғайтын партиялар парламентке келіп, еңбекшілерді қорғайтын әлеуметтік жүйені заң арқылы қалыптастыруы керек деген идеяны ұсынды. Бұл саясаткердің идеясын идеологияға айналдыру жолында Еуропаның көптеген елдерінде социал-демократиялық партиялар ұйымдастырылды. Осы партиялар сайлау арқылы өз парламенттерінен орын алып, ал кейбірі мемлекеттік билікке келіп, нәтижесінде реформалар арқылы еңбекшілердің мүдделерін қорғай бастады. Э.Бернштейннің идеясы идеологияға айналды. Бұл идеология саяси ғылымда "демократиялық социализм" деп аталады. Сонымен, идеология дегеніміз -- биліктің қолдауымен іске асырылатын идеялар жиынтығы. Идеология мемлекет, саяси билік үшін қоғамды, азаматтарды бір мақсатқа жұмылдыру үшін пайдаланатын құрал.
Идеология ұғымын ғылыми айналымға, әдебиетке енгізген француз ғалымы, философы Дестют де Треси (1754-1836 жж.). Кейінірек терең зерттеген неміс ғалымы Карл Манхейм болды.
Неміс саясаттанушысы М.Вебер де идеология проблемаларын теориялық тұрғыдан жан-жақты зерттеуге бірнеше еңбектерін арнады.
Осы ғалымдардың тұжырымдамалары бойынша -- идеология мемлекеттің, саяси топтардың, жеке тұлғалардың қоғам мен әлеуметтік топтар алдындағы мақсаттарын іске асыру үшін қолданылатын көзқарастар жүйесі.
Жалпы идеология туралы түсінік ерте заманда пайда болды. Мысалы, Аристотель идеология деген түсінікті "энтелехия" деп атаған. Энтелехия - мүмкіндікті шындыққа айналдыратын ізденушілік деп ұлы ойшыл анықтама береді. Идеология проблемаларын зерттеуші, ғалым К.Манхеймнің ойынша: "идеология -- ол қоғамдық қарым-қатынастарға көзқарас қалыптастыратынқұрал". Идеологияның мақсаты мен мазмұны қолдаушының (ұсынушының) мүддесімен сәйкес келеді. Сол себептен идеологияны ұсынушылар: мемлекет, билік, саяси немесе жеке адам идеологияға өте үлкен жауапкершілікпен қарауы тиіс. Егер идеологияны қолдануда қателікке жол берілсе, онда қоғам дамуының өзі қате жолға түсіп кетуі күмәнсіз. Тарихта бұндай жағдайларға ұшыраған мемлекеттер аз болған жоқ.
Негізінде, қандай идеологияны таңдау қажет екенін шешуші халық болуы тиіс. Саяси биліктің, мемлекеттің ұстанатын идеологиясы қоғамның, оның әрбір әлеуметтік топтарының, азаматтардың мүддесінің, ой-пікірлерінің, яғни идеяларының жиынтығы болуы тиіс. Ал халық мүддесімен мемлекеттік идеологияны сәйкестендіретін демократияның дамуы болып саналады.
2. Саяси идеологиялар тарихы пен теориялары
Әрбір адамның іс-қимылы ойдан басталатыны баршаға мәлім. Адамзаттың саяси өмірінің дамуы да саналы адамдардың ой-пікірлеріне, ұсыныстарына, идеяларына негізделеді.Идеялардың негізгі көзі, бастауы ғалымдардың ой-пікірлері мен тұжырымдамалары. Мысалы, кезінде идея ретінде ұсынылып, кейін идеологияға, теорияға айналған Конфуцидің мемлекеттік билік пен халық арасындағы теңгергіштік заңы, Аристотельдің орташылдық, орта таптық концепциясы, Гоббстың антиэтатизм принципі, Монтескьенің билікті бөлу туралы заңы және т.б. Солардың ішінде бүкіл адамзаттың дамуына үлкен өзгерістер әкелгендері либералдық, консервативтік, реформистік, социал-демократиялық идеологиялар.
Либерализм - азаматтарға қатысты мемлекеттік және қоғамдық әртүрлі басымдықтарды жою немесе жұмсартуды мақсат ететін идеология түрі. Бұл идеологияның негізін қалаушы ағылшын философы Джон Локк. Осы ғалымныңұсынысы өз заманының қажеттілігінен туындады. ХҮІІ ғасыр адамзаттыңортағасырлық бұғаудан жаңа ғана шыға бастаған кезі еді. Адамзат тарихындаорта ғасырлар баршаға әйгілі монархияның, шексіз биліктің, тұйық ословиеның, еуропа елдеріндегі шіркеу түнегінің үстемдігінде болды. Әрбір адамның өз табиғи қабілетін іске асыру бостандығы мен мүмкіншілігі болмады.
Осылайша адамдарды мәжбүрлеу тәртібі қоғамдағы тоқыраушылық көріністерін күшейтті. Дж.Локк өзінің либералдық идеясында әрбір адам өз қабілетін іске асырмайынша, елдің дамуына өзінің үлесін қоспайынша қоғам қарқынды дами алмайды, адамдарды мемлекеттік дәстүрлі жіктеуліктен, дін құрсауының ықпалынан босату керек деп түсіндірді. Либералдық идеяны көпшілік жақтап шықты, әсіресе жаңа қалыптасып келе жатқан буржуазиялық таптың тез қабылдауының арқасында кейін идеологияға айналды. Экономика саласында нарықтық қарым-қатынас қалыптаса бастады, енді біреулері кішкене шеберхана ашса, біреулері жеке меншік жерге ие болды, сөйтіп өндіріс дамыды. 50-100 жылдан кейін осы кішкене шеберханалар ірі зауыттарға, фабрикаларға, ал кішкене бау-бақша жерлері үлкен фермерлік шаруашылыққа айналды, нәтижесінде халықтың тұрмыс жағдайы қалыптасып жақсарды.
Қорыта келгенде, либерализм идеологиясы капитализмнің қалыптасып дамуына зор әсер етті.
ХХ ғасырдың басында либерализм идеологиясының одан әрі дамуына байланысты бұдан өзгеше саяси идеология ретінде жаңа либерализм - неолиберализм бөлініп шықты.

Неолиберализм - азаматтар мен қоғамның экономикалық және әлеуметтік өмірін мемлекеттік реттеуге бағытталған идеялар жиынтығы. Егер осы екі идеологияны: либерализм мен неолиберализмді салыстырып қарасақ, алғашқыда бір-біріне қарама-қарсы бағыт сияқты көрінеді. Себебі,
либерализм мемлекеттік үстемдікті жұмсарту жолын талап етсе, ал
неолиберализм керісінше -- мемлекеттік реттеуді күшейтуді ұсынады. Дегенмен, осы екі идеологияның арасында бітіспес қарама-қарсылық жоқ. Неолиберализм идеологиясының пайда болуы қоғамда қалыптасқан әлеуметтік жағдайлармен байланысты болатын. Либерализм ұстанымы бойынша дамушы нарықтыққатынас ең алдымен бәсекелестікке байланысты. Бәсекелестік экономиканы дамытады, бірақ бәсекелестікте адамдардың бәрі, әрине, жеңіске жетпейді, солсебепті теңсіздік күшейеді, көптеген адам күйзеліске, кедейлікке ұшырайды.
Сондықтан еркін нарықтық тетіктерді реттеу, кедейшілікпен күресу үшін
мемлекеттің араласуы, оның ролінің күшейуі тиіс. Неолиберализм идеологиясыбойынша мемлекеттің аса жауапты міндетінің бірі - нарықтық жағдайдаазаматтарды әлеуметтік қорғау жүйесін жасау.
Либерализм идеологиясы бойынша қоғамдағы мемлекеттің басты қызметі "түнгі сақшы" сияқты болатын болса, неолиберализм жағдайында мемлекет "жалпыға бірдей игілік" міндетін атқаруы тиіс.
ХХ ғасырдың екінші жартысында капиталистік елдердегі көптеген саяси партиялар өз бағдарламаларын неолиберализм идеологиясына негіздейтін болды. Мысалы, Жапонияда 1955 жылдан бастап билік басында сол елдің ең ірі - либералдық-демократиялық партиясы қызмет етеді. Либералдар Англияның, Австрияның, Канаданың және тағы басқа елдердің саяси өмірінде өздерінің лайықты орындарын алуда. ХҮІІІ ғасырда дүние жүзінде тағы бір саяси идеология қалыптасты. Ол - консервативтік (консерватизм) идеология.
Консерватизм - қоғамда тарихи қалыптасқан саяси, экономикалық, әлеуметтік және рухани құндылықтарды сақтау мен дамыту идеологиясы.
ХҮІІІ ғасыр Еуропа, Америка және Азияның көптеген елдеріндегі нарықтық экономиканың дамып, капитализм қалыптасып, әлеуметтік
теңсіздіктің күшейген уақыты болды. Ол кезде еңбекшілер мен кедейлердің, жалпы жоқшылыққа ұшыраған адамдардың мүдделерін қорғауға арналған әлеуметтік қорғау жүйесі жетілген жоқ еді. Сол себепті революция ұйымдастырып, буржуазиялық тапты ығыстырып, социализм орнату қажет деген идеялар кеңінен тарала бастады.1789 жылғы Ұлы Француз революциясы бұның іс жүзіндегі дәлелі болатын. Осы саяси құбылыстарға байланысты қалыптасқан консерватизм идеологиясының негізгі мақсаты -- қоғам мен мемлекетті, олардың саяси жүйелерін бұрынғы қалпында сақтап қалу болды. Консервативтік идеология - қоғамды әртүрлі кездейсоқ жағдайлардан, ретсіз реформалардан, әсіресе қатыгез, қантөгісті революциялардан сақтап қалу жолдарын ұстанды.
Консервативтік идеяны бірінші ұсынған ағылшын мемлекет қайраткері және ғалымы Эдмунд Берк болатын. Кейін бұл идеяны одан әрі зерттеп,
идеологияға айналдыруға өз үлестерін қосқан француз саясаттанушысы Жозеф де Местр (1754-1821), неміс тарихшысы, заңгері Фридрих фон Савиньи (1779- 1861), австриялық саясатшы және қоғам қайраткері Клеменс Меттерних (1773- 1859) және т.б. болды.
Консервативтік идея Еуропаның батыс, солтүстік және Азияның біраз
елдерінде мемлекеттік қолдау тауып кейін идеологияға айнала бастады. Осы
консерватизм идеологиясының басты мақсаттары: куатты мемлекет құру, саяси жүйенің, биліктің жоғарғы әлеуметтік топтың қолында болуы, тұлғаның қоғам мен мемлекетке бағынуы іс жүзінде жүзеге асып, бұл елдерді әртүрлі
кездейсоқ, ретсіз реформалардан, кенет оқиғалардан, өкіметтік төңкерістерден, шиеленістерден сақтап қалды, бейбіт жағдайда нәтижелі әлеуметтік- экономикалық қарқынды дамуға жол ашты. Консерватизм идеологиясы қоғам өмірінде әдет-ғұрып, дәстүрлер
маңызды рөл атқарады деп түсініп, оларды мызғымастай сақтап қалуды мақсат етті.
ХХ ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Саяси идеологиялар
Этнос және ұлт
Философиядағы сана мәселесі
Адамгершілік тәрбиесі ерекшеліктері
Қоғамның әлеуметтiк даму жағдайында мектеп оқушыларына патриоттық тәрбие берудi теориялық-әдiснамалық тұрғыда негiздеп, ғылыми-әдiстемемен қамтамасыз ету
Мемлекеттік идеология және ұлттық рух
Философия сана мәселесі
Философия, оның пәні. Философия тарихы
Жаһандану үрдісінің Қазақстанда ұлттық идея қалыптасуына ықпалы
Шығыс философиясы тарихындағы сенімнің орын алуы және еркін ойлау мәселесі жайлы
Пәндер