Нарықтың әлеуметтік-экономикалық мазмұны туралы ақпарат



Мазмұны:

1. Нарықтың әлеуметтік.экономикалық мазмұны
1.1 Экономиканы ұйымдастырудың нарықтық сипаты
1.2 Нарықтың қызметі және құрылымы
1.3 Нарықтың элементтері, қызмет ету принциптері
1.4 Нарықтың экономиканың субъектілері және инфрақұрылымы

2. Нарық жағдайында «Роса» АҚ қаржылық жағдайын талдау
2.1. «Роса» АҚ.ның қысқаша сипаттамасы
2.2. «Роса» АҚ қаржылық жағдайын талдау
2.3. «Роса» АҚ қаржысының стратегиясы

3. Нарықтық экономика жағдайында кәсіпорындардың даму проблемалары мен перспективалары

Қолданылған әдебиеттер тізімі
1. Нарықтың әлеуметтік-экономикалық мазмұны
1.1 Экономиканы ұйымдастырудың нарықтық сипаты
Экономикалық байланыстар өнімдерінің өндірушілерден тұтынушыларға қозғалысын қамтиды: бір жақтан, өндірушілер, басқа жақтан, тұтынушылар арасында көп түрлі айырбас жүріп отырады.
Осындай айырбас процестері қоғамдық еңбек бөлінісімен белгіленеді. Бұл бір жақтан, өндірушілерді ажыратады, еңбек әрекеттеріне сәйкес оларды бір-бірінен оңашаландырады. Екіншіден, олардың арасында тұрақты функционалдық қатынастар тудырады. Бірінші жағдай әр өндірушілердің шаруашылық жүргізуде экономикалық жекеленуіне, тәуелсіздігіне ұласады, сөйтіп нарық қатынастарының субъектерінің қалыптасуының экономикалық негізін құрайды. Екінші жағдай, тауарларды сатып алу - сату эквиваленттік негізде жүріп отыратын айырбастар процестеріне айналады. Нәтижесінде, жабайы өндірушінің нарық қатынастарының субъектіне айналуының экономикалық шарты материализацияланады, өндіріс тауарлық өндіріске айналады. Өндірушілер өнім өндіруді және оны өткізуді, шығындарды өтеуді, өндірісті кеңейтуді және жетілдіруді – барлығын өз еркімен дербес шешеді. Тауар-ақша қатынасы жағдайында айырбас процестері нарықтық қатынастар формасын алады.
Осы қатынастардың мазмұна неде? Экономикалық әдебиетте бұл сұраққа жауап бірдей емес. Оның ең жабайысы: нарық адамдардың сатушы және сатып алушы болып бір-бірін тауып кездесетін жері. Неоклассикалық экономикалық әдебиетте жиі қолданылатын нарыққы анықтаманы француз экономисі А.Курно мен экономист А.Маршал береді. «Нарық заттар сатылатын және сатып алынатын белгілі нақты нарық алаңы емес, ол сатып алушылар мен сатушылардың бір-бірімен өте еркін жағдайда келісімге келетін, кез келген жалпы аудан; еркіндік сонда – бірдей тауарлардың бағасы көп ұзамай тез арада теңеледі». Бұл анықтамада айырбастың еркіндігі мен бағаның белгіленуі нарықтың басты критериі деп көрсетілген.
Ағылшын экономисі У.Джевонс нарықтың критериі деп сатушылар мен сатып алушылардың арасындағы өзара қатынастардың «тығыздығына» назар аударады. Бұның айтуы бойынша, тығыз іскерлік қатынасқа түскен және қандай болмасын сондай тауарлар туралы келісім жасасқан кез келген адамдардың тобы нарық болады.
Бірақ бұл келтірілген анықтамаларда нарықтың мазмұны тек айырбас сферасымен шектеледі.
Нарықтың мәнін анықтағанда, оның екі жақты мағынасы бар екенінен бастау керек. Біріншіден, нарық (маркет) деген түсінік өзіндік мағынада өткізу деген түсінік, бұл айырбас, айналыс сферасында орын алады. Екіншіден, нарық - өндіріс, бөлу, айырбас және тұтыну процестерін қамтитын, адамдар арасындағы экономикалық қатынастар жүйесі. Бұл меншіктің әр алуан формаларын, тауар-ақша байланыстарын, қаржы-несие жүйесін пайдалануға негізделген, экономикалық іс-әрекеттердің күрделі механизмі.
Айналыспен қатар, нарық қатынастарына мыналар жатады:
- екі субъектінің өзара байланыстары нарық негіізінде болғанда, кәсіпорындарды және экономикалық басқа құрылымдарды жалға алумен байланысты қатынастар;
- еңбек биржасы арқылы жұмыс күшін жалдап пайдалану процесі;
- шетел фирмалары мен бірлескен кәсіпорындардың айырбас процестері;
- белгілі процентке несие берудегі несие қатынастары;
- тауар, қор, валюта биржалары мен басқа құрылымдардан тұратын, нарықтық инфрақұрылымдардың іс-әрекет процестері.
Нарық қызметтерінің белгілі шарттары болады. Ақырғы уақытқа дейін Қазақстанда нарық қатынастарының дамуын тежейтін шаруашылық болды. Бұның себептері: жалғыз мемлекеттік меншікті пайдалануға бағытталған көпсубъектілік шаруашылық жүйесі; макродәрежедегі өндірістік-экономикалық процестердің тым қатал реттелуі; микродәрежедегі шаруашылық өмірде экономикалық бостандықтың шектелуі; барлық шаруашылық құрылымдарды материалмен бір орталықтан қамтамасыз ету.
Қолданылған әдебиеттер тізімі

1. Я.Әубәкіров, К.Нәрібаев, М.Есқалиев, Е.Жатқанбаев, Е.Жәйшібеков.-Экономикалық теория негіздері. Оқулық.-Алматы, «Санат».
2. Жүнісов Б.А., Мәмбетов Ұ.Е., Байжомартов Ү.С. – Нарықты кономиканың негіздері – Ақтөбе, 1993ж., 1-бөлім, 127бет.
3. Жүнісов Б.А., Мәмбетов Ұ.Е., Байжомартов Ү.С. – Нарықты кономиканың негіздері – Ақтөбе, 1993ж., 2-бөлім, 108бет.
4. Б.Мәдешев – Нарықты экономика теориясына кіріспе, Алматы, «Экономика», 1995ж., 130бет.
5. Нарықты кономика мен менеджменттің негізі – Орынбор, 1992ж.
6. Крымова В. – Экономикалық теория, Алматы, 2002ж.
7. Питер Ф. Друкер – Нарық: топ жарып, алға шығу, Алматы, «Білім», 1994ж., 320 бет.
8. С.Әкімбеков, А.С.Баймұхаметова, У.А.Жанайдаров – Экономикалық теория, Астана, 2002ж., 464 бет

Пән: Экономика
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 28 бет
Таңдаулыға:   
Мазмұны:

1. Нарықтың әлеуметтік-экономикалық мазмұны
1.1 Экономиканы ұйымдастырудың нарықтық сипаты
1.2 Нарықтың қызметі және құрылымы
1.3 Нарықтың элементтері, қызмет ету принциптері
1.4 Нарықтың экономиканың субъектілері және инфрақұрылымы

2. Нарық жағдайында Роса АҚ қаржылық жағдайын талдау
2.1. Роса АҚ-ның қысқаша сипаттамасы
2.2. Роса АҚ қаржылық жағдайын талдау
2.3. Роса АҚ қаржысының стратегиясы

3. Нарықтық экономика жағдайында кәсіпорындардың даму проблемалары мен
перспективалары

Қолданылған әдебиеттер тізімі

1. Нарықтың әлеуметтік-экономикалық мазмұны
1.1 Экономиканы ұйымдастырудың нарықтық сипаты
Экономикалық байланыстар өнімдерінің өндірушілерден тұтынушыларға
қозғалысын қамтиды: бір жақтан, өндірушілер, басқа жақтан, тұтынушылар
арасында көп түрлі айырбас жүріп отырады.
Осындай айырбас процестері қоғамдық еңбек бөлінісімен белгіленеді. Бұл
бір жақтан, өндірушілерді ажыратады, еңбек әрекеттеріне сәйкес оларды бір-
бірінен оңашаландырады. Екіншіден, олардың арасында тұрақты функционалдық
қатынастар тудырады. Бірінші жағдай әр өндірушілердің шаруашылық жүргізуде
экономикалық жекеленуіне, тәуелсіздігіне ұласады, сөйтіп нарық
қатынастарының субъектерінің қалыптасуының экономикалық негізін құрайды.
Екінші жағдай, тауарларды сатып алу - сату эквиваленттік негізде жүріп
отыратын айырбастар процестеріне айналады. Нәтижесінде, жабайы өндірушінің
нарық қатынастарының субъектіне айналуының экономикалық шарты
материализацияланады, өндіріс тауарлық өндіріске айналады. Өндірушілер өнім
өндіруді және оны өткізуді, шығындарды өтеуді, өндірісті кеңейтуді және
жетілдіруді – барлығын өз еркімен дербес шешеді. Тауар-ақша қатынасы
жағдайында айырбас процестері нарықтық қатынастар формасын алады.
Осы қатынастардың мазмұна неде? Экономикалық әдебиетте бұл сұраққа
жауап бірдей емес. Оның ең жабайысы: нарық адамдардың сатушы және сатып
алушы болып бір-бірін тауып кездесетін жері. Неоклассикалық экономикалық
әдебиетте жиі қолданылатын нарыққы анықтаманы француз экономисі А.Курно мен
экономист А.Маршал береді. Нарық заттар сатылатын және сатып алынатын
белгілі нақты нарық алаңы емес, ол сатып алушылар мен сатушылардың бір-
бірімен өте еркін жағдайда келісімге келетін, кез келген жалпы аудан;
еркіндік сонда – бірдей тауарлардың бағасы көп ұзамай тез арада теңеледі.
Бұл анықтамада айырбастың еркіндігі мен бағаның белгіленуі нарықтың басты
критериі деп көрсетілген.
Ағылшын экономисі У.Джевонс нарықтың критериі деп сатушылар мен сатып
алушылардың арасындағы өзара қатынастардың тығыздығына назар аударады.
Бұның айтуы бойынша, тығыз іскерлік қатынасқа түскен және қандай болмасын
сондай тауарлар туралы келісім жасасқан кез келген адамдардың тобы нарық
болады.
Бірақ бұл келтірілген анықтамаларда нарықтың мазмұны тек айырбас
сферасымен шектеледі.
Нарықтың мәнін анықтағанда, оның екі жақты мағынасы бар екенінен
бастау керек. Біріншіден, нарық (маркет) деген түсінік өзіндік мағынада
өткізу деген түсінік, бұл айырбас, айналыс сферасында орын алады.
Екіншіден, нарық - өндіріс, бөлу, айырбас және тұтыну процестерін қамтитын,
адамдар арасындағы экономикалық қатынастар жүйесі. Бұл меншіктің әр алуан
формаларын, тауар-ақша байланыстарын, қаржы-несие жүйесін пайдалануға
негізделген, экономикалық іс-әрекеттердің күрделі механизмі.
Айналыспен қатар, нарық қатынастарына мыналар жатады:
- екі субъектінің өзара байланыстары нарық негіізінде болғанда,
кәсіпорындарды және экономикалық басқа құрылымдарды жалға алумен
байланысты қатынастар;
- еңбек биржасы арқылы жұмыс күшін жалдап пайдалану процесі;
- шетел фирмалары мен бірлескен кәсіпорындардың айырбас процестері;
- белгілі процентке несие берудегі несие қатынастары;
- тауар, қор, валюта биржалары мен басқа құрылымдардан тұратын,
нарықтық инфрақұрылымдардың іс-әрекет процестері.
Нарық қызметтерінің белгілі шарттары болады. Ақырғы уақытқа дейін
Қазақстанда нарық қатынастарының дамуын тежейтін шаруашылық болды. Бұның
себептері: жалғыз мемлекеттік меншікті пайдалануға бағытталған
көпсубъектілік шаруашылық жүйесі; макродәрежедегі өндірістік-экономикалық
процестердің тым қатал реттелуі; микродәрежедегі шаруашылық өмірде
экономикалық бостандықтың шектелуі; барлық шаруашылық құрылымдарды
материалмен бір орталықтан қамтамасыз ету.
Бүгін осы шектеулер жойылды-мыс болып отыр. Бірақ олардың орнына басқа
шектеулер, кедергілер келді: шамадан тым асып кеткен салықтар көлемі, алып
сатарлыққы жол ашу, криминалдық әрекеттердің жандануы – рэкет, мемлекеттік-
коммерциялық құрылымдарда заңсыз келісімдердің көбеюі, т.б. Осылардың
барлығы өндірістің дамуын тежейді, өндірістік-шаруашылық іс-қимылдарға
негативтік ықпалын асыра түседі.
Осыған байланысты, өркениеттік нарық қатынастарының біздің
экономикадан тез орын алуына жол ашатын шарттардың зәрулігі өте жоғарылап
отыр. Бұндай шарттарды екі топқа бөлуге болады. Біріншісінарықтық
байланыстарды қамтамасыз ететін жалпы шаруашылық шарттарға жол ашумен
байланысты:
- меншіктің алуан түрлі формаларына (жеке меншікке, кооперативтік,
акционерлік, мемлекеттік меншікке) жол ашу. Бұл шартқа бірте-бірте
(құрылымдық өзгерістер экономикадағы сәйкестікті шұғыл бұзбайтын етіп) жол
беру керек;
- мемлекеттік реттеушілерді сақтай отырып, өндірісті
демократияландыру. Бұнда есте болатын жағдай: нарық экономикасы өзін-өзі
реттеп шексіз өркендеп тек жетіліп жандана баратін жүйе емес;
- үш негізгі элементтерді біріктіретін: тауар мен қызметтер нарығын,
өндіріс факторларының нарығын, қаржы нарығын біріктіретін нарықтық
инфрақұрылым жасау.
Факторлардың екінші тобына құқықтық заңдарды жасаумен байланысты
шаралар жүйесі және шаруашылық жүргізудің нарықтық әдісіне көшу туралы
экономикалық тәртіптерді қабылдау жатады. Біріншіден, меншік пен шаруашылық
жүргізудің көптүрлі формалары қалыптасу және оларға қожалық ету кезеңінде,
талан-тараждыққа және орынсыз пайдалануға жол бермейтін, нақты шаралардың
болуы қажет. Екіншіден, экономиканың жетекші салаларында құрылымдық
өзгерістер жүргізіп тапшылықты жою керек. Үшіншіден, шетел капиталының
қатысуымен және аралас кәсіпорындарды құру арқасында, экономиканы ашық
жүйеге айналдыру қажет.
В.И.Ленин нарық мәселесіне ерекше мән берген. ХІХ-шы ғасырдың 90-шы
жылдарында көптеген еңбектер шығарды. Оның ішінде Нарық жайлы әңгімелесу
рефераты және Капитализмнің Россияда дамуы ғылыми еңбегін айтуғы болады.
Бұл еңбектерінде В.И.Ленин нарықтың мәні мен ролі жайлы жазды. Нарық
ұғымын, Лениннің айтуынша, қоғамдық еңбекті бөлу ұғымынан алшақ қарауға
болмайды.
В.И.Лениннің ойынша, жергілікті тұйықталған нарықтар мен ХІХ-шы
ғасырдың аяғында бүкіл Ресейде ішкі нарықтың болмауы жергілікті
тұрғындардың экономикалық артта қалуының нагізі болды.
Дерективті-үлестіру жүйесін басқару кезінде нарық мәселесін ғылыми
зерттеудің қажеттілігі болмады. Әміршілдік-бюрократтық жүйенің идиологиялық
нұсқауының құрсауында болған экономикалық ғылым, көптеген жылдары нарықтың
мәні, ролі орнына догматикалық көзқарас бұрынғы Одақ экономикалық жүйесінде
басым болды.
Нарықтың теориясы мен практикадағы мәнінің зор екендігіне қарамастан
таяу шетел мен Қазақстан республикасы ғалым-экономистерінің нарық жайлы
пікір біркелкі емес. Бірнеше анықтамаларды келтіріп көрейік:
Нарық – белгілі жүйе әрі айырбас нәтижесі мен жағдайына немесе
өндіріс факторына қарай өндірістік қатынастарды қысқарту, шаруашылық
субъектілерін байланыстырушы ұйым.
Нарық – тауар айырбасының аясы, сатушы мен сатып алушылар арасындағы
белгілі экономикалық қатынастар жүйесінің сипаттамасы.
Нарық – сатушы мен сатып алушы арасындағы тауарды өткеру жайлы
қатынастар жүйесін көрсетеді.
Осы көзқарастың әрқайсысында жеткілікті аргумент келтірілген және
нарықтық қатынастардың объективті нақтылығын көрсетеді, бірақ мәселенің тек
бір жағын ашады. Осы анықтамалардағы ортақ пікір: нарықты өндірістің емес,
айырбас саласының категориясы ретінде қарап, нарықтық қатынастардың
субъектісіне сатушы, сатып алушы және тұтынушылар жатқызылады. Тауар
қатынасының дамыған түрі мен сауда делделының болған кезіндегі оның нәрсе,
сатушы мен сатып алушы нарықтық қатынаста мүлде әртүрлі субъекті болып
табылады. Белгілі жағдайдың бірі тауар-ақша, нарық байланыстары сату-сатып
алу аспектісімен ғана шектелмейді.Бастау айырбас пен айналыс аясының
қатынасынан басталмайды, ол өндірістік қатынастан басталады және өнім сол
жерде өндіріліп, экономикалық байланыстар туындайды. Сөйтіп өндірілген өнім
қай кезде тауар болып, қандай нақты түрде тауарлы-ақша қатынасы болатындығы
айқындалады.
Нарық іс-әрекетінің саласын тек айырбаспен шектеу, оның
бәсекелестікпен шығын минимумын төмендетуге, өзара пайдалы өндірістік
байланыстарды құру сияқты сапалы қасиеттерінен айырады. Демек, нарық пен
нарықтық қатынастар жоқ өндіріспен салыстырғанда, тауарлы өндірісті тиімді
көрсететін жоғарыдағы іс-әрекеттер екендігі аян.
Мемлекеттік-әміршілдік экономикадан басқасына өту экономиканы
орталықтан жоспарлы басқарудан бас тартуға әкеледі. Себебі, қоғамның
экономикалық өмірін басқаруды жақсы әрі тиімді тек нарық атқара алады.
Нарықтың мәні тұрғысынан қарасақ, онда оның мән-мағынасын жоғарыдағы
анықтамалардың ешқайсысы аша алмаған. Біздің ойымызша, нарықтың мәнін
дәлірек Ю.Я.Ольсевич айтқан: Нарықты әдеттегідей айналым саласына теңей
салу ... дұрыс емес, себебі өндіріс, бөлу, тұтынудың тұла бойы нарықтық
таңбамен сызылған.
Нарық - өзін-өзі реттеуші ұдайы өндіріс жүйесі, барлық элемент пен
буындар төлем қабілеттілігі бар сұраным мен ұсынымның тұрақты әсерінде
болады.
Біздің ойымызша, бұл анықтамаға мына сөздерді қосуға болады: тек
қатаң бәсекелестік ортада. Осы анықтама біздің нарық жайлы шектелген
ойымызды кәдімгідей кеңейтеді. Осыдан байқалатыны, өзін-өзі қалпына
келтіретіні біртұтас экономикалық жүйені нарық - дейміз және ол
орталықтанған мемлекеттік жоспарлы реттеуші экономиканы ауыстыруға
қабілетті.
Осыдан мынадай тұжырым жасауға болады: нарық ұғымын тар шеңберде
сату түрін ұйымдастырған және орнын анықтаған деп түсінсек, кең шеңберде
қоғамдағы экономиканы ұйымдастырудың түрі деп қарастырамыз.

1.2 Нарықтың қызметі және құрылымы

Нарық – күрделі жүйе, оның құрылымын әртүрлі белгілермен
классификациялауға болады. Елдегі барлық нарықты былай жіктейміз: ішкі
(ұлттық) нарық, еларалық, аймақтық, біріккен нарық және ішкі
(республикалық, облыстық, облысаралық) нарық,әлемдік нарық.
Әлемдік нарық жеке елдің ішкі нарығымен байланысты. Ол байланыстар
өндірістік кооперация мен интеграция, сыртқы сауда, тауар айырбастау
операциясымен жүзеге асырып отырады. Қазіргі уақытта нарықтар арасындағы
байланыстар ұлғаюда. Шығыс Еуропа мен Еуропаның экономикалық қауымдастық
(ЕЭҚ) елдері арасында және дүниежүзілік нарық қалыптасуда.
Қазіргі ішкі нарық – түгел алып қарағандағы елдің ұлттық нарығы:
өндіріс құралөжабдығы нарығы, тұтыну нарығы, капитал нарығы, ғылыми-
техникалық идея нарығы, бағалы қағаздар нарығы, жұмысшы күші нарығы енеді.
Ішкі нарықта белгілі түрде экономикалық қатынастар дамып, жағдай мен
нәтижелерді сату-сатып алу немесе өндірістік факторы арқылы жүргізіледі.
Бұл қатынастар тауар-ақша түрінде байқалып, ішкі нарық қызметінің жағдайын
ақша мен тауар айналымының бар болуын көрсетеді.
Экономикалық айырбастаудың ерекше түрі және жағдайымен
байланыстырылып, тереңдеген еңбек бөлісіне қарай топтасқан елден құралған
нарығы – еларалық біріккен нарық дейміз. Нарықтық қатынастардың жетілу
деңгейі тұрғысынан нарықты былай жіктейміз: дамыған нарық, қалыптасатын
нарық және әртүрлі дәрежедегі бәсекені шектеу нарықтары (монополиялық,
олигополиялық, монополиялық бәсеке).
Бәсекелестік сипат пен деңгейі тұрғысынан былай жіктейміз:
а) мемлекеттік нарық – бір субъектінің бағаны анықтауымен сипатталады,
алайда сол тауарды шығаратын басқада субъектілер болуы мүмкін. Олардың
өндірістегі үлесі аса көп емес, сондықтан монополиялық бағаны өзгертуге
шамасы келмейді;
ә) олигополиялық нарықта ез ғана сатушылар іс-әрекет жасап, олардың
әрқайсысы тауар бағасына әсер етуі мүмкін;
б) монополиялық бәсеке нарығы – еркін нарық (бәсекелестер көп болады)
тетігі мен өндіріс облысындағы монополияны кең жіктелген өніммен
сабақтастығы. Бұл шағын кәсіпорынның өзінде де бағаны кең өрісте
варияциялауға көмектесіп, нарықта өтімдік жағдайда болуға итермелейді.
Сатушы нарығы және сатып алушы нарығы болып та жіктеледі. Сатушы
нарығы деп сатушы көп билікке ие болып, субъекті белсенділігін сатып алушы
жүзеге асырған нарықты айтамыз. Нарықтың мұндай күйде болуы өндірушілер
монополиясының еркін нарықта сипат алуымен түсіндіріледі. Сатып алушылар
нарығы деп сатып алушылар көп билікке ие болып, нарықтың субъекті
белсенділігін сатушылар жүзеге асырған нарықты айтамыз.
Атқарылап жатқан заңдылықтарға сай көзқараспен нарықты былай
жіктейміз: ресми және ресми емес.
Нарықты ірі тауар топтарына қарай – азық-түлік және азық-түліктік емес
тауарлар, жекелеген тауарлар нарығы (көкөніс, мата, аяқ киім,
телеаппаратура, автомобиль және т.б.) болып жіктеледі. Тауар топтарындағы
нарыққа мыналар жатады: нан өндіру нарығы, үй және тары нарығы, макарон
өндіру нарығы және т.б. Киім нарығында мынаны жіктеп қараймыз: тігін
(өндірісі), тоқыма тауарлар, бас киім мен шөлке-нәски өндірісі нарығын
қандай жағдай болмасын ішкі нарығын біреу-ақ. Олардың барлық сегменттерінің
дамуы мен қызмет жасауы бір-бірімен байланысты және бір-біріне тәуелді.
Сондай-ақ ол тұйық емес, себебі сыртқы нарықпен тығыз байланысты.
Адамзат қызметінің аясына байланысты (өндірістік, өндірістік емес,
қаржылық, руханияттық және тауар-ақша айналысының саласы) жалпы ұлттық ішкі
нарықты шартты жағдайда бірнеше түрге бөлуге болады.
Адамзат қызметінің әрбір аясы ұлттық нарықтық жекелеген элементін
қалыптастырып, нақты өмірде біркелкі тұтастықты байқатады. Олар өзара бір-
бірімен байланысты және бір-біріне тәуелді. Мысалы, өндірістік сала және
материалдық емес игіліктер мен қызмет көрсету салалары - өндіріс құрал-
жабдығы, тұтыну тауарлары мен қызмет жасау, жұмыс күші нарықтарын
қалыптастырады.
Нарықтың ролі жалпы түрде оның қызметі арқылы ашыла түседі.
Нарық қызметінің көп түрлерінің ішіндегі ерекшесі реттеуші роль
атқаруы болып табылады. Ол ұдайы өндіріс процесін тиімді әрі үздіксіз
қамтамасыз етеді. Нарықтың реттеуші ролін әкімшілік басқарудың ауыстыруы
экономикалық жүйенің түрінің өзгеруіне алып келіп, сүйкессіздікке,
тапшылықтың тууына, адамның экономикалық өсудегі қозғаушы күші ролін жоюға
алып барады.
Нарықтың келесі қызметі – ақпараттық. Тауар бағасы мен қызмет көрсету,
банктегі депозит пен насиеге пайыздық өсімнің призма арқылы тұрақты өзгеруі
нарықтық экономиканың борометріне әрі айнасына айналдырады. Нарық өндіріске
қатысушыларға қоғамдық қажетті өндіріс шығындары жайлы жедел объективті
ақпарат береді. Сондай-ақ, әрқайсысы сатылатын әрі сатып алынатын тауар мен
қызмет көрсетудің қоғамдық қажетті сапасы мен ассортименті туралы да нарық
хабар жеткізеді.
Нарықтық механизм санациялық (сауықтыру) қызметті де атқарады.
Бәсекенің көмегімен ол қоғамдық өндірісті тиімсіз бірыңғай шаруашылықтан
тазалап,үміт артатындардың дамуына ыңғайлы жағдай жасайды.
Біздің нарық терең монополияланған. Нарықтағы барлық тауардың 50-70%
олардың өндірген өнімін құраса, онда кәсіпорын (фирма) қызметі
монополияланған саналады. Сондықтан нарықтық ортаны қалыпқа келтіру үшін
бәсекелестер әлемін жасау қажет. Бұл нарықтық қатынастардың күй-жайы. Осы
жағдайда тауар өндірушілер марапатталып, кәсіпкер өндіріспен байланысады
және өнімді шығаруға қызығы түсіп, қызметке белсенді кіріседі.
Нарықтың қажеттілеу қызметтеріне – тауардың қоғамдық маңызын мойындау,
еңбекті материалдық ынталандыруды экономикалық тұрғыдан қамтамасыз ету және
басқаларын жатқызамыз.

1.3 Нарықтың элементтері, қызмет ету принциптері

Нарық экономикасының қызмет етуі, нарықтың белгілі элеметтерінің
болуын талап етеді. Осылардың жиынтығы нарық жүйесін құрайды.
Нарық экономикасының бірінші және өте маңызды элементі - өндірушілер
мен тұтынушылар. Бұлар қоғамдық еңбек бөлінісі процесінде қалыптасады –
біреулері тауарды өндіреді., екіншілері оны тұтынады. Тұтыну жеке тұтыну
және өндірістік тұтыну болып бөлінеді. Жеке тұтынуда тауарлар өндіріс
сферасынан шығып, адамдардың жеке қажеттіліктеріне пайдаланылады.
Өндірістік тұтыну өндіріс процесін әрі қарай өңдеуге пайдаланады. Бұл
жағдайда өндірушілер мен тұтынушылардың бір-бірімен байланысы, әрқайсының
әрекеттерінің нәтижелерін айырбастау арқылы жүріп отырады. Нарық
шаруашылығында бұл байланыстар тұрақты болады, мамандануға негізделеді және
көтерме нарықтық келісімдер формасында жүреді.
Нарық экономикасының екінші элементін өндіріс орындарының
корпоративтік басқаруына негізделген, меншіктің жеке немесе аралас
формаларымен болжанған экономикалық оңашалану құрайды.
Нарық экономикасының үшінші маңызды элементі – баға. Бағаны жеке
талдап танысайық. Бұл жерде тек екі мәселені ескертеміз. Бірінші, баға
сұраныс пен ұсыныс нәтижесінде қалыптасады. Бұлардың сәйкестігі
конъюктураға байланысты өзгеріп (тербеліп) отырады. Екінші – осы
географиялық ауданда өндірілген тауарға нарықтық қатынастар әсерінің
сферасын баға анықтайды. Осы сфераның шегін трансакциондық шығындар
болжайды, яғни айырбаспен байланысты айналым шеғындары болжайды.
Нарық экономикасының төртінші, орталық буыны – екі құрылымнан, сұраныс
және ұсыныстан тұрады. Нарықта сұраныс тауарларға қажеттілік болып
көрінеді. Осы тауарларды тұтынушылар қалыптасқан бағамен ақшалай
табыстарына сатып алады. Сұраныс өндірудің ең тиімді әдісін қолданудың және
ресурстарды тиімді пайдаланудың стимулы болып табылады. Сұраныс пен ұсыныс
материалдық игіліктерді өндірушілер мен тұтынушылар арасындағы тұрақты
байланыстарды қамтамасыз ететін, нарық механизмінің өте маңызды
элементтері.
Нарық механизмінің бесінші элементі – бәсеке. Бұл пайданың жоғары
болуын және осының негізінде өндіріс масштабын кеңейтуді қамтамасыз етеді.
Бәсеке нарық субъектерінің өзара әсерінің және пропорцияларды реттеу
механизмінің формасы болып табылады. А.Смит бәсекені нарықтың көрінбейтін
қолы деген. Көрінбейтін қол идеясының мәні: адамдар өз мүдделеріне
сәйкес, өздеоініңқара басының қамын ойластырып әрекет етеді. Осы
әрекеттердің жиынтығы қоғам пайдасына шешіледі, қоғам экономикасын
жандандырады. Бәсекенің басты қызметі экономиканың реттеушілерінің –
бағаның, пайданың нормасының, проценттің, т.б. мөлшерін анықтау болып
табылады.
Нарықтың маңызды элементтеріне нарықтық инфрақұрылым жатады. Нарық
тауар биржаларының көтерме және бөлшек сауда құрылымдарының құрылып, қызмет
етуін талап етеді.
Нарық экономикасы әрекеттерінің механизмі үш басты принциптерге
негізделеді:
- маржиналдық (шекті) талдауға;
- балама таңдау шығындарына;
- экономикалық рационалдыққа.
Маржиналдық талдау принциптері негізінде нарық субъектілерінің іс-
қимыл жүріп оырады. Олардың әрекеттеріне әсер ететін орташа емес, шекті
шамалар болады. Осының нәтижесінде нарықты тауарлармен толық қамту,
нарықтық бағаның өзгеруі, нарық экономикасының бір жағдайдан басқашаға
ауысуы бірте-бірте жүріп отырады. Жаңа, шекті субъектінің пайда болуы нарық
экономикасына, ондағы ұсыныс пен сұранысқа мәнді әсер етпейді. Жетілген
нарық жағдайында, яғни үлкен және үнемі болатын ұсыныс кезінде, шаруашылық
жүргізушілер өте көп болғанда, олардың әрқайсысының нарықтағы жеке үлес
салмағы шексіз аз шамада болады. Маржиналдық бағыт нарықтық ортаның үзілмей
қызмет етуін қамтиды деуге болады; сұраныс пен ұсыныстың күрт тербелуіне
жол бермейді; тауар өндірушілер мен тұтынушылар тепе-теңдік болмысын
қамтамасыз етіп отырады.
Балама таңдау шығындарының принциптері. Балама таңдау шығындарына
тікелей шығындар, және ресурстарды пайдаланудың немесе кәсіпкерлік
әрекеттердің осыдан басқа, өзгеше әдістерінен бас тартудың салдарынан
түспеген, табыстың және тікелей шығындардың жиынтығы жатады. Нарық
экономикасының ерекшелігі мынады: барынша қолданылмаған мүмкіндіктердің
варианттарының ішінен ең ұнамсыз болса да, әйтеуір күмәнсіз табысқа
жеткізетін варианты таңдап алынады. Балама таңдау шығындары принципі
өндіушілерді, олардағы бар ресурстарды тиімді қолдануға ынталандырады.
Экономикалық рационалдық принципі табыс пен шығындарды салыстырып
отыруға негізделеді. Рационалдық таңдау өзгеріп тұратын варианттардан
жасалады. Осы варианттардың ішінен, мүмкін болатын пайда ең аз көлемде
болса да, күмәнсіз табысты қамтамасыз ететін вариант алынады.
Рационалдықтың критериі – табыс төтенше құқықтың болуымен байланысты. Фирма
неғұрлым өзінің пайдасын көбейтуді көздейді, ал тұтынушылар – капиталды
шектеп пайдалана отырып, барынша өздерінің қал-ахуалын жақсартуды көздейді.
Нарық экономикасын осы аталған принциптер негізінде құру тепе-теңдік
болмысына жетуді қамтамасыз етеді. Осы болмыс нарық механизмінің орталық
проблемасы. Бұл жағдай екі қарама-қарсы күштерді қолдануға негізделеді –
бір жақтан, сұраныс пен ұсынысты, екінші жақтан, нарықтағы бағаны.
Сирек кездесу нарық экономикасының өте маңызды шарты болып табылады.
Сиректік деген түсінік экономистер үшін өте маңызды методологиялық құрал,
әсіресе тауардың пайдалылығын дәлелдеуде қолданылатын. Демек, шекті
пайдалылық теориясында сиректік деген түсінік негізгі және ешқандай
түсіндірме тілемейтін, физикалық ақиқат болып табылады. Сиректік
мәселелерін зерттеу, белгілі бір тұрғыда кейбір игіліктердің тапшылығын
дәлелдеуге мүмкіндік береді.
Классикалық мектептің өкілдері Д.Рикардо, А.Смит сиректік түсінігін
күнмен байланыстырады. Олардың айтуы бойынша, сиректік еңбектің санымен
қатар, тауардың құнын белгілейтін маңызды факторларға жатады. Осы замандағы
нарықтық қатынастар теориясында сиректіктің түсінігі белгілі
трансформацияға ұшырап отыр. Егер бұрын сиректікті табиғи және әлеуметтік
факторлармен байланыстырған болса, қазір сиректік нарықтың қызмет ету
мерзімімен байланыстырылып отыр. Сұранысы мол жаңа игілік бір мезетте және
толығымен қажеттіліктерді қамтамасыз ете алмайды. Бұл үшін белгілі уақыт
мерзімі қажет. Осыдан тұжырым: сиректігі мол болған сайын, осы игіліктің
қажет санын өндіруге соншама мол уақыт керек.

1.4 Нарықтың экономиканың субъектілері және инфрақұрылымы

Нарықтық экономиканың негізгі шаруашылық субъектілеріне үй
шаруашылығын, фирма мен үкіметті жатқызамыз. Бұл субъектілер бір-бірімен
ресурс нарығында, қаржы мен тұтыну нарығында өзара іс-әрекет жасап, шығыс
пен кірісті айналым жасайды.
Үй шаруашылығы материалдық (жер мен капитал) және адами (еңбек пен
кәсіпшілдік) ресурстарды өткере (өткізу) отырып, оларды фирмаларға нарық
ресурстары арқылы ұсынады. Соңғылары тауар өндірісіне қажетті сұраным
ресурстарын талап етеді. Сұраныс пен ұсыныстың өзара іс-әрекеті әрбір
ресурс түріне нарықтық бағаны белгілейді. Үй шаруашылығы тұтыну нарығында
тауарға сұраным жасай отырып, ресурстарды сатудан алынған табысты қажетті
өнім мен қызмет жасауға жұмсайды. Ал, фирмалар өз өнімін өткере отырып,
ақшалай табыс алады.
Үй шаруашылығы тапқан табыстың барлығын өнім сатып алуға жұмсамайды,
белгілі бөлігін жинайды (қор) және ресурстар мен салықты төлеуге жұмсайды.
Фирмалар өндіріс ресурстарын біріктіреді және қозғалысқа келтіріп өнім
шығарады, қызмет көрсетеді және осы тауарды ұсынады. Оларды нарықта сату
фирманың ақшалай табысын қалыптастырады. Үй шаруашылығы сияқты фирмалар да
алынған табысты (өткеруден түскен табыс) ресурстарды төлеуге толық
жұмсайды. Фирмалар үй шаруашылығындай қажетті салықтарды төлейді,
инвестицияны жүзеге асырады және т.б.
Үкімет фирмалардан салық алып, жеке кәсіпорындарға дотация, субсидия
береді және кәсіпкерлерден қажетті ресурстарды сатып алады. Үкімет
жұмысымен қамтамасыз ету саясатын жүргізді және инфляция деңгейіне, ұлттық
өнімнің қозғалысы және құрылымына әсер етіп, табыстарды үлестіреді.
Салықтан түскен ақшалай қаржыны шоғырландырып, үкімет жалақыны,
трансферттік төлемдерді (мемлекеттік зейнетақы, табыс аздарға көмекақы,
жұмыссыздарға жәрдемақы) төлейді. Құқықтықнегізде қамтамасыз етіп,
экономиканы тиімді дамыту үшін мемлекеттік қызмет көрсетуді ұсынады. Демек,
табыс пен шығындардың шеңбер айналымы үнемі қозғалыста болып, теңгеіледі.
Түпкі есепте (нәтижеде) өндірістің жалпы көлемін байқатып, тұрғындардың
жұмыстылығы мен табысы көрсетіледі.
Нарықтық экономиканың қажетті элементтерінің бірі инфрақұрылым болып
табылады.
Инфрақұрылым – бұл институттар ( ұйымдар, фирма, мекемелер)
жиынтығынан тұрады және оның мән-мағынасы нарықтың ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Маркетингтік зерттеулер мен нарық сегментациясы
Маркетинг түрлері
Нарықтың әлеуметтік- экономикалық заңы
Нарықтық экономикадағы маркетинг теориясы. Қазақстандағы әлеуметтік жұмыстағы жетілдіру жолдары
Маркетинг тұжырымдамалары
Нарықтың түрлері, құрылымы және мәні
Нарықтың пайда болу шарттары. Нарықтың атқаратын қызметтері
Маркетингтің теориялық негіздері мен концепциялары
Қазақстан Республикасында нарықтық экономиканың қалыптасу этаптары мен заңдылықтары
Маркетингті жоспарлаудың мәні мен мазмұны
Пәндер