Кәмелетке толмағандардың қылмыстарының криминалогиялық жағдайы



Еліміздегі жасөспірімдер қылмысының белең алуы сананы сан-саққа жүгіртіп, ойды мазалайды. Жүрекке салмақ салатын сұрақтарға жауапты ата-ананың бала тәрбиесіне жауапкершіліксіз қарауынан, отбасындағы келеңсіз жағдайлардан, тұрмыс – тіршіліктің нашарлығынан, аяқасты жағдайларға душар болуынан, жанашырының жоқтығынан, дұрыс тәрбие көрмеуі сияқтығы да басқа мәселелерден іздеген жөн тәрізді.
Жеткіншіктер көбіне ұрлық, тонау, қарулы шабуыл сияқты мүліктік қылмыстар жасайды, кейбір өмір мен денсаулыққа қарсы, қоғамдық қауіпсіздікке қарсы қылмыстарға барады. Кәмелетке толмағандар арасында негізінен ересектерге тән мынадай қылмыс түрлері көбірек тарауда: қару мен есірткі затты сату, сутенерлік, қарулы шабуыл, азаматтардың өмірі мен денсаулығына қол сұғу, компььютерлік қылмыстар, ұрланған затты сату, өз ортасына рэкет жасау. Кәмелетке толмаған құқық бұзушылар біздің қоғамның немқұрайлы қарауының өз ата-аналарының қолы тимеуінің құрбаны. Панасыздық – біздің өміріміздің шындығына айналды. Панасыздар – ол педагогикалық бақылаудан тыс қалған, қамқорсыз және өздерінің қоғамдық көрінісіне, денсаулығына зиянды жағдайда тұратын кәмелетке толмағандар.
Құлағымыз үйреніп қалған қылмыстық жаңалықтардың ішінде жасы кәмелетке толмағандардың бар болуын қалай түсінуге болады? Жалпы, мұндай балалар бесіктен белі шықпай жатып қылмысқа қалай барады? Әлдебіреулердің ықпалына, азғыруына түсіп қала ма, ол жағын біржақты ұғынуда оңай емес.
Баланың ақ адал көңілі қылмыс атаулыдан жырақ болуы тиіс еді ғой, әлде қоғам, ата-ана, мектеп баланың тәрбиесіне жіті мән бермей отыр ма? Бір қарағанда, әр баланың өмірі әртүрлі жағдайда өтеді. Әлуметтік қиындығы бар отбасының баласы мен төрт түлігі сай отбасындағы баланың мінезін, өмірге деген көзқарасын салыстыруға мүлде келмейді. «Аш бала тоқ баламен ойнамайды» деген сөз бекер айтылмаған болар. Отбасылар арасындағы әлеуметтік теңсіздік баланың тағдырына, тіпті ойлау жүйесіне де әсер етеді. Бала айналаға қарап өседі. Өзінің құрбы-құрдастарына қарап еліктейді. Біреу бай болып, өзі кедей болса жан дүниесі қалай құлазымасын? Баланың не себепті тура жолдан тайып, қылмыс әлеміне еніп кететінін кім біледі? «Ақша», «байлық» дейтін түсініктердің дәуірі жүріп тұрған заманда, жақсы тұрмыс, қалың қалта баланың да ойыны кіріп шықпаайма? Оның үстіне, жұмысбасты болып кеткен ата-ананыың да баласының өмірін қадағалайтын мүмкіндіктері жоқ. Балалардың ермегі болатын дұрыс нәрселер азайып кетті. Бала бүгінде ермекті өзі тауып алатын болды. Көшеге шығады, өзі сияқты бос жүргендермен жолығысады. Ақшасы болса, ойын залдарына барып уақыт өткізеді. Ақшалары болмаса, бірігіп не істейтіндерін ойластырып бастайды. Дос-жарандар бір жерге шақырады. Олардан қалмауға тырысып, сол қатарда абыройлы, беделді болуы үшін не

Пән: Құқық, Криминалистика
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 5 бет
Таңдаулыға:   
ЮС – 10 – 1 тобының студенті Шойынбаев Д.М.
КӘМЕЛЕТКЕ ТОЛМАҒАНДАРДЫҢ ҚЫЛМЫСТАРЫНЫҢ КРИМИНАЛОГИЯЛЫҚ ЖАҒДАЙЫ

Еліміздегі жасөспірімдер қылмысының белең алуы сананы сан-саққа
жүгіртіп, ойды мазалайды. Жүрекке салмақ салатын сұрақтарға жауапты ата-
ананың бала тәрбиесіне жауапкершіліксіз қарауынан, отбасындағы келеңсіз
жағдайлардан, тұрмыс – тіршіліктің нашарлығынан, аяқасты жағдайларға душар
болуынан, жанашырының жоқтығынан, дұрыс тәрбие көрмеуі сияқтығы да басқа
мәселелерден іздеген жөн тәрізді.
Жеткіншіктер көбіне ұрлық, тонау, қарулы шабуыл сияқты мүліктік
қылмыстар жасайды, кейбір өмір мен денсаулыққа қарсы, қоғамдық
қауіпсіздікке қарсы қылмыстарға барады. Кәмелетке толмағандар арасында
негізінен ересектерге тән мынадай қылмыс түрлері көбірек тарауда: қару мен
есірткі затты сату, сутенерлік, қарулы шабуыл, азаматтардың өмірі мен
денсаулығына қол сұғу, компььютерлік қылмыстар, ұрланған затты сату, өз
ортасына рэкет жасау. Кәмелетке толмаған құқық бұзушылар біздің қоғамның
немқұрайлы қарауының өз ата-аналарының қолы тимеуінің құрбаны. Панасыздық –
біздің өміріміздің шындығына айналды. Панасыздар – ол педагогикалық
бақылаудан тыс қалған, қамқорсыз және өздерінің қоғамдық көрінісіне,
денсаулығына зиянды жағдайда тұратын кәмелетке толмағандар.
Құлағымыз үйреніп қалған қылмыстық жаңалықтардың ішінде жасы
кәмелетке толмағандардың бар болуын қалай түсінуге болады? Жалпы, мұндай
балалар бесіктен белі шықпай жатып қылмысқа қалай барады? Әлдебіреулердің
ықпалына, азғыруына түсіп қала ма, ол жағын біржақты ұғынуда оңай емес.
Баланың ақ адал көңілі қылмыс атаулыдан жырақ болуы тиіс еді ғой, әлде
қоғам, ата-ана, мектеп баланың тәрбиесіне жіті мән бермей отыр ма? Бір
қарағанда, әр баланың өмірі әртүрлі жағдайда өтеді. Әлуметтік қиындығы бар
отбасының баласы мен төрт түлігі сай отбасындағы баланың мінезін, өмірге
деген көзқарасын салыстыруға мүлде келмейді. Аш бала тоқ баламен
ойнамайды деген сөз бекер айтылмаған болар. Отбасылар арасындағы
әлеуметтік теңсіздік баланың тағдырына, тіпті ойлау жүйесіне де әсер етеді.
Бала айналаға қарап өседі. Өзінің құрбы-құрдастарына қарап еліктейді. Біреу
бай болып, өзі кедей болса жан дүниесі қалай құлазымасын? Баланың не
себепті тура жолдан тайып, қылмыс әлеміне еніп кететінін кім біледі?
Ақша, байлық дейтін түсініктердің дәуірі жүріп тұрған заманда, жақсы
тұрмыс, қалың қалта баланың да ойыны кіріп шықпаайма? Оның үстіне,
жұмысбасты болып кеткен ата-ананыың да баласының өмірін қадағалайтын
мүмкіндіктері жоқ. Балалардың ермегі болатын дұрыс нәрселер азайып кетті.
Бала бүгінде ермекті өзі тауып алатын болды. Көшеге шығады, өзі сияқты бос
жүргендермен жолығысады. Ақшасы болса, ойын залдарына барып уақыт өткізеді.
Ақшалары болмаса, бірігіп не істейтіндерін ойластырып бастайды. Дос-
жарандар бір жерге шақырады. Олардан қалмауға тырысып, сол қатарда
абыройлы, беделді болуы үшін не істемейді?! Топтың айтқанымен, солардың
меңзеуімен жүріп-тұруына тура келеді. Көше заңы басқа заңдарға, түсінік –
пайымдарға қарағанда қаталдау ма дерсің... Ол әлсіздерді кешірмейді.
Барлығын бір отрақ ұғымға, түсініктерге ұйымдастырады. Баланы көше
тәрбиелейді деген сөзді жиі естиміз. Бұл дұрыс. Өйткені бүгінгі бала, шын
мәнінде, өз өмірімен жеке қалып отыр. Түске дейін мектепте болса, түстен
кейін өз еркі өзінде. Үйінде қарайтын біреу болса жақсы, болмаса, ол жағы
да қиындау. Балалық кезеңде адам баласы қашанда бір нәрсені көргісі келіп,
бір нәрсені білгісі келіп тұрмаушы ма еді?! Мұндай шақ кез келген бала үшін
сын сағатына айналады. Аяғын шалыс басса, қылмыс жасап қойып, заң алдында
жауап беруі де ғажап емес. Жастайынан қылмыскер атанып, темір тордың ар
жағында отырғандар аз ба? Олардың тағдыры мен өмірі не себепті олай болды?
Ойланатын мәселе. Солардың арасында айналаға қатыгездік көзбен қарайтындары
да жоқ емес. Қылмысын жасады, жазасын алды.
Жасөспірімдер арасындағы қылмыстың туындау себебін қоғамдық
жағдайлардан, әлеуметтік себеп – салдардан, тәрбиелік жұмыстардың
әлсіздігінен көруге болатын шығар. Дегенмен бұл бағытта көп жұмыстар
атқарылады. Тәрбие беріледі, қылмыстың алдын алу шаралары, түсіндірме
жұмыстары жүргізіледі. Оның бәрі қылмыстың аз болуына ықпал жасайтыны рас.
Бірақ қылмыстың болуын түбегейлі жойып жібере алмайды. Неге? Өйткені жасы
кәмелетке толмаған баланың өмірге деген көзқарасы қалыптаспаған. Ол әлі
ненің жақсы, ненің жаман екенін де ажыратып үлгермеген. Турасын айтқанда,
олардың кейбіреуіне айтылған ақыл бір құлағынаан кіріп, екінші құлағына
шығып кетеді. Себебі ол сондай кезеңді басынан өткеруде. Сол сияқты баланың
өмірі қоғамның назарынан тыс қалған уақытта, баланың басына не кіріп –
шықпайды? Ғаламтор бола ма, әлде басқа да нәрселер бола ма, баланың
табиғатына көп әсерін тигізуде. Кеңестік кезеңде Аула клубтары деген
болды. Ол балалардың бос уақытын тиімді өткізу үшін жоспарланатын. Қазір
ондай орталықтар жоқтың қасы.
Кәмелетке толмағандардың өмірі мектеп өмірімен тығыз байланыста.
Мектеп әлеуметтік ортаның бір бөлігі. Бүгінде мектептерде не болмай жатыр?
Оқушылар арасындағы төбелес те, мұғалімдер мен ата-аналар арасындағы
дүрдараздық та мектептегі жағдайлардан хабар береді. Оқушылардың бірін-
бірі пышақтан кетуі, тапа-талтүсте оқ жаудыруы – ойлантарлық мәселе.
Олардың қолына суық қару қалай түсіп жүр, мұны бақылауда ұстауы тиіс
органдар қайда деген сауалдар туындайды. Қазіргі таңда мектептерге бір-бір
инспектордан бөлініп жатады. Құптарлық жайт. Бірақ та инспектордың
назарынан ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Әйелдер қылмыстылығы: түсінігі және оны алдын-алу шаралары
Абайсызда жасалатын қылмыстар туралы түсінік
Абайсыздық қылмыстарын жіктеу
Кәмелетке толмағандарды қылмыстық жауаптылық және жазадан тәрбиелік әсері бар мәжбүрлеу шараларын қолдану арқылы босату
Кәмелетке толмағандардың пайдақорлық қылмыстарының алдын алу проблемасы
Кәмелетке толмағандардың қылмыстық жауаптылығының жағдайы мен кезеңдері
«КӘМЕЛЕТКЕ ТОЛМАҒАНДАРДЫҢ ҚЫЛМЫСТЫЛЫҒЫ»
Қылмыспен күрестің жалпы ұйымдастырылуы
Абайсызда жасалатын қылмыстар мен қасақана жасалатын қылмыстардын өзгешілігі
Кәмелетке толмағандардың қылмыстық жауапкершілігінің ерекше жағдайларына жалпы сипаттама
Пәндер