Белсенді жастармен жұмыс істеуге деректер базасын құру



Мазмұны

Нормативті сілтемелер ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
Анықтамалар ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
Белгілеулер мен қысқартулар ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .
1 Аналитикалық бөлім ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
1.1 “Ақ.ниет” кәсіпорыны туралы жалпы түсінік ... ... ... ... ... ... ... ...
1.2 Деректер базазын нормалау ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
1.3 Tаблица арасында байланыс орнату ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
1.4 Кестелерді құру ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .
1.5 Индекстер құру ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
1.6 Форма шебері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .
1.7 Сұраныс құру ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .
1.8 Есеп (Отчеты) құру ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
2. Басқарудағы ақпараттық жүйелер ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
2.1 Даму кезеңдері, негізгі ережелер ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
2.2 Статистикалық талдау. Мәліметтерді талдау пакеті. Таратылған мәліметтерді талдау ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
2.3 Project Expert программасы негізіндегі қаржылық технологиялар
2.4 Project Expert программасының қосымшалары ... ... ... ... ... ... ... .
2.5 Программаны қалыптастыру ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
2.6 Программаны есептеу ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
Қорытынды ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
Пайдаланылғанәдебиеттертізімі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
Қосымша ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
Кіріспе

Нарықтық экономиканың қарқынды даму кезінде кәсіпорынға тиімді басқарушылық шешімдерді қабылдау үшін қалыптасқан экономикалық жағдайды айқын көрсететін ақпараттық жүйенің болуы өте маңызды.
Қазіргі кезеңнің ерекшелігі, үлкен көлемдегі материалдық және шикізаттық қорларға негізделген индустриалды экономикадан ақпараттың негізгі қоры болып есептелетін "ақпараттық экономикаға" ауысу болып отыр. Осы айтылып отырған ақпараттың қоғамда алатын орнының зор екендігін ақпарат мамандары растауда. Бұған дәлел ретінде Республика Парламентінің "Қазақстан Республикасының ақпараттандыру заңын" қабылдағанын жатқызуға болады.
Кез келген қоғамның ақпараттандыру деңгейі ақпараттық қызметтің даму дәрежесімен және онымен айналысып қызмет көрсететін мамандардың санымен, біліктілігімен анықталады. Сондай-ақ ақпараттандыру, қазіргі ақпараттық технологияларды көп мөлшерде шығарумен оларды соңғы уақыттарда жиі пайдаланып жүрген телекоммуникациялы жүйелерге қосу мәселелерін шешуді қарастырады және де оның алдағы уақыттарда дамуын болжайды. Әрине, бұл жағдайларда ақпарат жүйелері экономикадағы басқарудың қажетті таптырмас құралына айналады. Қазіргі уақыттарда ақпарат жүйелері есептеу техникасынсыз қолмен жасалатын ақпарат жүйелері және автоматтандырылған ақпарат жүйелері болып жіктеледі.
Ақпараттық жүйе (АЖ) - Экономикалық объектіні басқаруға қажетті ақпаратты жинау, сақтау, жаңарту, өңдеу және шығарып беру жүйесі.
АЖ - ақпараттық жүйе жобасы мен ақпаратты есептеу жүйесінен (АЕЖ) тұратын күрделі жүйе. Ақпараттық жүйе жобасы деп - ақпараттық жүйе тұрғызу мен жұмыс істету шешімдерін сипаттап жазылған техникалық құжат, ал ақпаратты есептеу жүйесі АЖ жобасын жұмыс істетуге бағытталған ұйымдастыру техникалық кешен деп түсінуге болады. АЕЖ мәліметтерді жинауды, өткізіп беруді, өңдеуді, сақтауды, жинақтап толтыруды және шығарып беруді АЖ жобасындағы шешімдерге сәйкес қамтамасыз етеді.
Нарықтық экономиканың функционалды құрылымының ақпарат жүйесіне негізінен экономикадағы ақпарат жүйесі кіреді - бұл экономика бағытындағы қызметкерлерді, техникалық және программалық жабдықтарды, мәліметтерді өңдеу амалдары мен әдістерді, сондай-ақ нақты бір саладағы ақпараттық жүйені қосатын жоғарғы деңгейде арнайы тұрғызылған ақпарат жүйесі. Экономикадағы ақпарат жүйелерінің кіріс құжаттарына ішкі және сыртқы ақпарат жатса, ал шығыс құжаттарына басқару шешімдерін қабылдауға арналған ақпарат жатады.
Қазақстанда ақпараттық өнім керек ететін фирмалар мен ұйымдар саны жылдан жылға артуда. Осындай ірі ұйымның бірі – “Ақ-ниет” компаниясы болып табылады. Осы курстық жұмыс жазу кезінде мен “Ақ-ниет” компаниясы ның ұйымдастырушылық құрылымына біраз тоқталып және оған сипаттама көрсетілген. Project Expert программасының негізгі модульдері көмегімен кәсіпорынның инвестициялық жоспарын жасау және оның тиімділігін бағалау бойынша жұмыс жасау дағдысын қалыптастыру.
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі

1 А.Я. АРХАНГЕЛЬСКИЙ. Интегрированная среда разработки VisualFoxpro. От версии 1 до версии 5. Москва, ЗАО «Издательство БИНОМ» , 1999.
2 А.Я. АРХАНГЕЛЬСКИЙ. Работа с локальными базами данных в VisualFoxpro 5. Москва, ЗАО «Издательство БИНОМ» , 2000.
3 «Бизнес-план на 100 %: Стратегия и тактика эффективного бизнеса» Абрамс Р.
4 «Практикум по бизнес-планированию с использованием программы ProjectExpert» Вагиф Алиев , 2007 г.
5 В.ГОФМАН, А.ХОМОНЕНКО, VisualFoxpro 6, Наиболее полное руководство. Изд-во "БХВ- Санкт-Петербург", 2002 г.
6 БОБРОВСКИЙ С., VISUALFOXPRO 5: учебный курс. С.-П., «Питер», 2000.
7 С.Д. Кузнецов. Введение в СУБД. "СУБД" 2-3,1996г.
8 С.Д.Кузнецов. Доступ к базам данных с использованием технологии WWW. "СУБД" 5-6, 1996 г.
9 Әубәкіров Я.Ә. «Экономикалық теория негіздері» Алматы-1994 ж
10 Шиденов Ө.Қ. «Жалпыэкономикалық теория» Алматы-Ақтөбе-2002
11 Түркебаев «Основы рыночной экономики» Қазақстан даму институты Алматы-98
12 ОразәліСәбден «ХХ ғасырғақандайэкономикаменкіреміз»
Алматы-1997 ж
13 Мамедов «Современная экономика» Ростов на Дону-1996 г
14 Крымова В. «Экономикалық теория» Алматы, 2003 ж
15 ҚР-да туризмдідамытудыңәлеуметтік-экономикалықмәселелері. Алматы. 2000. Жолдасбеков Ә.Ә.
16 Организационно-правовые основы туристской деятельности в РК. Учебное пособие. Алматы,
17 Исмаев Д.К Маркетинг гостиничных услуг в России.- Учебн. пособие.
18 Котлер Ф., Боуэн Д., Мейкенз Дж. Маркетинг. Гостеприимство и

Аннотация

Курстық жұмыстың тақырыбы: ТОО "Ақ-ниет" сату бөлімі қызметкерлерінің ақпараттық жүйесін құру. Бұл курстық жұмыстың көлемі 36 беттен, 26 бағдарламалық суреттен,3 кестеден тұрады. Бұл курстық жұмыста "Ақ-ниет" компаниясының қызметтері жөнінде бағдарламалық қамтама құрастырылған. Құрастырылған жобаProject Expert 7 бағдарламалау ортасында орындалған. Бұл курстық жұмыс Ақпараттық жүйелер кафедрасында ОҚМУ атындағы М.Ауезов университетінде Басқарудағы ақпараттық жүйелер пәні бойынша жазылған.

Мазмұны

Нормативті сілтемелер ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
5
Анықтамалар ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
6
Белгілеулер мен қысқартулар ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
7
Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
8
1 Аналитикалық бөлім ... ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
10
1.1 "Ақ-ниет" кәсіпорыны туралы жалпы түсінік ... ... ... ... ... ... ... ...
10
.2 Деректер базазын нормалау ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .
12
1.3 Tаблица арасында байланыс орнату ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ..
1.4 Кестелерді құру ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
1.5 Индекстер құру ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
1.6 Форма шебері ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .
1.7 Сұраныс құру ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
.8 Есеп (Отчеты) құру ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
2. Басқарудағы ақпараттық жүйелер ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
2.1 Даму кезеңдері, негізгі ережелер ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
2.2 Статистикалық талдау. Мәліметтерді талдау пакеті. Таратылған мәліметтерді талдау ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
2.3 Project Expert программасы негізіндегі қаржылық технологиялар
2.4 Project Expert программасының қосымшалары ... ... ... ... ... ... ... .
.5 Программаны қалыптастыру ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
.6 Программаны есептеу ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
Қорытынды ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .
Пайдаланылғанәдебиеттертізімі ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
Қосымша ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..

13
14
16
16
20
21
24
24

26
28
29
30
34
37
38
39

Нормативті сілтемелер

Бұл курстық жұмыста келесі нормативті сілтемелер қолданылды:

СТРК 34.006 - 2002 - Ақпараттық технология мәліметтер қоры негізгі терминдер және анықтамалар;
СТРК 34.007 - 2002 - Ақпараттық технология мәліметтер қоры негізгі терминдер және анықтамалар. Телекоммуникациялық желілер;
МЕСТ UCO 8790 - 95 - Ақпаратты өңдеу жүйесі. Есептеуіш жүйелердің конфигурация сұлбасы, шартты белгілері және символдары;
МЕСТ 28195 - 99 Бағдарламалық құралдардың сапа бағасы

Анықтамалар

Бұл курстык жұмыста келесi анықтамалар қолданылды:

Деректер базасы (франц. base, грек. basіs - негіз) - ұзақ мерзімге сақтауға (әдетте, компьютердің жадында), өңдеуге және күнделікті қолдануға арналған деректердің (мәліметтердің) реттелген жиынтығы
Операциялық жүйе (Операционная система; operating system) -- компьютердің барлық басты әрекеттерін (пернелер тақтасын, экранды, диск- жетектерді пайдалануды), сондай-ақ қатар операциялық жүйенің басқаруымен іске қосылатын басқа программалардың жұмысын басқаратын, көбінесе тұрақты сақтауыш құрылғыда тұратын, машиналық кодта жазылған программа.
Жүйе- әрқайсысы бүтіндік сипаттамасына өзіндік үлесін қосатын және өзара байланысты айнымалылардан құралған кейбір тұтастық.
Басқару- ұйымның мақсатқа басқа қадамдар арқылы жету үшін жүргізілетін жоспарлар.
Инвестициялық жоба- инвестициялық идеяларды жүзеге асыру.
Құнды қағаз- ақша алуға болатын қағаз түріндегі құжат.
Облигация- белгілі уақытқа ғана шығарылатын және тұрақты табыс көлемін қамтамасыз ететін қаржылық есеп айырысу құжаты.
Project Integrator- қосымша бірнеше жобаларды біріктіру үшін қажет.
Project Expert- кәсіпорынның қаржылық моделін құруға арналған әмбебап компьютерлік жүйе.
Ақпараттық жүйе жобасы- ақпараттық жүйе тұрғызу мен жұмыс істету шешімдерін сипаттап жазылған техникалық құжат.

Белгiлер мен қысқартулар

ДБ - деректер базасы;
ДББЖ- Деректер базасын басқару жүйесі;
VFP - Visual FoxPro;
PE-Project Expert
PI-Project Integrator
АЖ-Ақпараттықжүйе
АЕЖ-Ақпараттыесептеужүйесі
ERP- Enterpride Resoureg Planning Systems
MRP- Material Requirements Planning
КБАЖ- Кәсіпорындағы басқару ақпараттық жүйесі
EDP-electronic data processing
MIS-management information system
DSS-decision support system

Кіріспе

Нарықтық экономиканың қарқынды даму кезінде кәсіпорынға тиімді басқарушылық шешімдерді қабылдау үшін қалыптасқан экономикалық жағдайды айқын көрсететін ақпараттық жүйенің болуы өте маңызды.
Қазіргі кезеңнің ерекшелігі, үлкен көлемдегі материалдық және шикізаттық қорларға негізделген индустриалды экономикадан ақпараттың негізгі қоры болып есептелетін "ақпараттық экономикаға" ауысу болып отыр. Осы айтылып отырған ақпараттың қоғамда алатын орнының зор екендігін ақпарат мамандары растауда. Бұған дәлел ретінде Республика Парламентінің "Қазақстан Республикасының ақпараттандыру заңын" қабылдағанын жатқызуға болады.
Кез келген қоғамның ақпараттандыру деңгейі ақпараттық қызметтің даму дәрежесімен және онымен айналысып қызмет көрсететін мамандардың санымен, біліктілігімен анықталады. Сондай-ақ ақпараттандыру, қазіргі ақпараттық технологияларды көп мөлшерде шығарумен оларды соңғы уақыттарда жиі пайдаланып жүрген телекоммуникациялы жүйелерге қосу мәселелерін шешуді қарастырады және де оның алдағы уақыттарда дамуын болжайды. Әрине, бұл жағдайларда ақпарат жүйелері экономикадағы басқарудың қажетті таптырмас құралына айналады. Қазіргі уақыттарда ақпарат жүйелері есептеу техникасынсыз қолмен жасалатын ақпарат жүйелері және автоматтандырылған ақпарат жүйелері болып жіктеледі.
Ақпараттық жүйе (АЖ) - Экономикалық объектіні басқаруға қажетті ақпаратты жинау, сақтау, жаңарту, өңдеу және шығарып беру жүйесі.
АЖ - ақпараттық жүйе жобасы мен ақпаратты есептеу жүйесінен (АЕЖ) тұратын күрделі жүйе. Ақпараттық жүйе жобасы деп - ақпараттық жүйе тұрғызу мен жұмыс істету шешімдерін сипаттап жазылған техникалық құжат, ал ақпаратты есептеу жүйесі АЖ жобасын жұмыс істетуге бағытталған ұйымдастыру техникалық кешен деп түсінуге болады. АЕЖ мәліметтерді жинауды, өткізіп беруді, өңдеуді, сақтауды, жинақтап толтыруды және шығарып беруді АЖ жобасындағы шешімдерге сәйкес қамтамасыз етеді.
Нарықтық экономиканың функционалды құрылымының ақпарат жүйесіне негізінен экономикадағы ақпарат жүйесі кіреді - бұл экономика бағытындағы қызметкерлерді, техникалық және программалық жабдықтарды, мәліметтерді өңдеу амалдары мен әдістерді, сондай-ақ нақты бір саладағы ақпараттық жүйені қосатын жоғарғы деңгейде арнайы тұрғызылған ақпарат жүйесі. Экономикадағы ақпарат жүйелерінің кіріс құжаттарына ішкі және сыртқы ақпарат жатса, ал шығыс құжаттарына басқару шешімдерін қабылдауға арналған ақпарат жатады.
Қазақстанда ақпараттық өнім керек ететін фирмалар мен ұйымдар саны жылдан жылға артуда. Осындай ірі ұйымның бірі - "Ақ-ниет" компаниясы болып табылады. Осы курстық жұмыс жазу кезінде мен "Ақ-ниет" компаниясы ның ұйымдастырушылық құрылымына біраз тоқталып және оған сипаттама көрсетілген. Project Expert программасының негізгі модульдері көмегімен кәсіпорынның инвестициялық жоспарын жасау және оның тиімділігін бағалау бойынша жұмыс жасау дағдысын қалыптастыру.

1 Аналитикалық бөлім

1.1 "Ақ-ниет" кәсіпорыны туралы жалпы түсінік

"Ақ-ниет" дәрілік өсімдік өңдеу, шөп өңделу, және сусындық дәрілік минералдық су, экологиялық таза азық-түлік жеткізілімі, фармацевтикалық тауар(сауда жеткізілімдер), дәрі-дәрмек жеткізілімі т.б. қызметтер атқарады
"Ақ-ниет" ғылыми өндірістік бірлестігі - Қазақстандық үлкен кәсіпорындардың бірі. Кәсіпорын 1996 жылы дәрі өңдіруде құрылды
Көтерме-сауданы одан әрі дамытып, шетелдік кәсіпорындармен контракт жасау. Әрине, дәріханалар жүйесін көбейту. 2004 жылы небәрі 8 дәріхана болса, ал қазір олардың саны 35-ке жетті. Бұл дегеніміз халыққа сапалы, тиімді, арзан дәрі дәрмектерді көптеп жеткізу болып табылады. Сонымен қатар өзіміз шығаратын өндірісті ұлғайту.
Шөп дәрілерді өндіру 2004 жылы 90 түрі болса, ал фитамайдың - 30 түрі, ал қазір олардың саны екі есеге артып отыр. Сонымен қатар бұл фитамайларға Прибалтика елдерінен көптеген сұранысқа ие болып отыр.
Ақ-ниет кәсіпорны аз қамсызданған отбасына, Ұлы отан соғысының мүгедектеріне көмек береді. Сонымен қатар үш бірдей Қазақстандық кәсіпқой - боксшыларға спонсорлық көмек көрсетеді.
Ақ-ниет ғылыми өндірістік бірлестігінің мақсаты:
- Кәсіпкерлердің күш-қуатын жандандырып, үлкен кәсіпкерлер армиясын құру.
- Компьютер қызметін барлығы біліп, интернет жүйесін Отандастарымызға жеткізу.
- Электрондық бизнесті дамыту. Себебі, бізде дамыған ашық, экономикалық қатынастар құруға.
- Отандық өндірушілердің қызметі мен тауарларынның дамуына септігін тигізу.
- Қазақстандық өндірушілердің тауарларымен халықаралық нарыққа шығу.
- Қазақстандық-тауардың денсаулығын жақсартуға септігін тигізу (басты мақсаты).
Кәсіпорын үш жақта бағытта жұмыс істейді - дәрі-дәрмекті көтерме, жеке-дара сатумен және дәрілік табиғи өсімдіктерден шай шығарумен айналысады.
Алғаш дәрі-дәрмекті көтерме бағамен сатып, одан келіп 5-10% қосты. Сондықтан болар, алматылық бағадан 20% -кем, ал астаналық бағадан 30% -кем. Көтерме бағамен Оңтүстік Қазақстан облысы, Жамбыл, Қызыл-Орда, Ақтау, Атырау облыстарында жөнелтіп отырады. Алматылық фармкәсіпорындармен бартер жүйесінде қызмет етеді. Еуропаның және ТМД елдерінің көптеген дәрі-дәрмек өндіруші кәсіпорындарымен келісім шарттары бар, Қарағандылық Аманат фирмасымен бірігіп көптеген дәрі-дәрмектерді көтерме бағамен арзандатып алу және сертификаттау, кедендік рәсімдеуді бірге орындап отыр. өздері өндіретін тауармен қосқанда, қазіргі кезде ассортименттер 3500-4000 дәрі-дәрмек түрін құрайды. 2000 жылы дәрілік шөптерді шай түрінде шығарумен айналысты.
2003 жылы 1 қарашасындағы мәлімет бойынша фирмада 134 қызметкер жұмыс істесе, ал қазіргі көрсеткіші 500-ден асады. Шымкенттегі көптеген үлкен кәсіпорындармен бірігіп қызмет атқарады, атап айтсақ Экофарм, Фитофарм, Химфарм және Зерде. Қазіргі кезде қарсыластарына төтеп беру үшін, клиенттерге әрдайым сыйлықтар беріп көптеген акциялар өткізіп тұрады.
Қызметкерлері клиенттерге әдепті, жылдам қызмет көрсетеді. Қызметкерлерді әрдайым қосымша оқытып, үйретіп тұрады. Жылына фирманың қызметкерлеріне кемінде 5-6 рет оқып үйрететін тренингтер ұйымдастырады. 2003 жылы бөлім басшыларына 5-7 рет тренинг өткізді. Негізгі жаттықтырушысы (тренері) - белгілі маман Сергей Филин. Сонымен қатар өз клиенттеріне компьютермен жұмыс істеуіне көмектесіп, өз менеджерлерін аудан, ауылдарға жіберіп отырады.
2007 жылы кәсіпорын 14-қазақстандық Халықаралық көрмеге қатысты. Бұл кәсіпорында мен көтерме сауда қоймасында болдым. Бұл қоймада қойма басқарушысы (фармацевт) өте білікті маман басқарады. Жұмыс істеу процесі -- шет елдерден, яғни Польшадан, Германиядан, Венгриядан, Словениядан, Австриядан, Ресейден тікелей шарт жасасып, тауарлар сатып алып оларды қайта нарыққа шығарып сатады. Сонымен қатар жергілікті "Химфарм АҚ" кәсіпорынмен бірге жұмыс істейді. Шет елдерден тік ұшақ, поездъбен тауарлар жеткізіледі. Қойма сол тауарларды шекарада тіркеп, сертификаттап, қоймаға қабылдайды. Содан кейін ол тауарларды Қазақстандағы басқа фирмаларға көтерме саудамен сатып отырады. Қойма іші өте таза, стандартқа сай екенін және барлық қызметкерлерде униформа бар екенін көрдім.
Қоймада 40 адамдай жұмыс істейді. Жұмыс іс-әрекеті -- Бөлім басшысы барлық бөлімге қарап, жұмыстарына жауапты адам.
Бөлімдегілер келген тауарды топтарға бөліп, сату бөлімінен түскен тапсырыс қағазымен тауарларды жинап, координатор бөліміне өткізеді. Одан ол тауарлар тапсырыс берген фирмаларға жүргізушілер арқылы көлікпен жеткізіледі.
Ал сатып алу бөлімінде 15 адам жұмыс істейді. Олардың қызметі -- компьютерге келген тауарларды енгізіп, бағасын қою болып табылады. Сонымен қатар басқа кәсіпорындардан тапсырыс бойынша тауар сатып алу болып табылады. Бұл бөлім басқа бөлімдермен тығыз байланыста болады.
Ақ-ниет ғылыми өндірістік бірлестігі қазіргі кезде халықаралық 150-9001:2000 сапа менеджмент жүйесіне өту жолдарын қарастырып, сол салада қызмет көрсетуге дайындалып жатыр.

3.1 Деректер базазын нормалау

Деректер базасын (ДБ) тұрақты қалыпта сақтап тұру үшін бүтіндікті сақтау құралдары деген жалпылама атқа ие механизмдер жүйесі қолданылады. Бұл механизмдер статикалық (деректер базасын құру кезеңінде) және динамикалық (деректер базасымен жұмыс кезінде) түрде қолданылады.
Нормалау - орындалуы кезінде деректердің атрибуттары кестеге, ал кестелер ДБ топталатын формаланған процедура.
Мақсаты:
-деректердің дубликациялануын жою;
-деректердің бүтіндігін қамтамасын ету, сол арқылы, бір объекттің өзгеруімен байланыстағы объекттердің де өзгеруін автоматтандыру;
Әрбір келесі нормаль форма алдыңғы нормаль форманың шарттарын қандай да бір толықтырулар мен қанағаттандыруы қажет.
1. Қатынастар бірінші нормаль формада болады, егер оның әрбір элементі атомарлы болса, яғни жол мен бағанның қиылысуында 1 ғана мән болады.
2. Қатынастар екінші нормаль формада болады, егер олар бірінші нормаль формада болса және барлық кілттік емес атрибуттар түгелімен әрбір кілттік емес атрибуттың бірмәнді идентификациясынан функционалды тәуелді болса.
3. Қатынастар үшінші нормаль формада болады, егер олар екінші нормаль формада болса және кілттік емес атрибуттар арасына функционалды транзитивтік қатынастар орнатылған болса.
Үш қалыпты формалардың барлық ережелерін біліп бір кестеден 4 кесте шығаруға болады (сурет 1).

Сурет 1. Деректердің нормаланған формасы

3.2 Таблица арасында байланыс орнату

Барлық таблицалармен жұмыс істеу үшін оларды бір-бірімен байланыстыру керек, яғни таблицалар арасында байланыс құруымыз керек. Таблицалар арасындағы байланыс 4 түрге бөлінеді: біреу-біреуге, біреу-көпке, көп-біреуге және көп-көпке. Visual FoxPro осы байланыстардың барлығын орындай алады.
Біреу-біреуге байланысы. Аты айтып тұрғандай таблицадағы кез келген өрістің басқа таблицадағы тек бір ғана өріспен байланысуы. Оған мысал ретінде өндірістегі жұмысшылардың тізімі мен олардың әрқайсысының характеристикасының арасындағы байланыс.
Біреу-көпке байланысы. Таблицадағы кез келген өрістің басқа таблицадағы тек көптеген өріспен байланысуы. Оған мысал ретінде өндіріс пен жұмысшылардың арасындағы байланысты қарастыруға болады.
Көп-біреуге байланысы. Біреуге-көпке байланысына қарама-қарсы деп қарастыруға болады. Мысалы жұмысшылар мен өндіріс орнының арасындағы байланыс.
Көп-көпке байланысы. Бұл байланысқа мысал көтерме саудамен айналысатын магазиндерді қарастыруға болады. Яғни түрлі тауарды көптеген сұранысшыларға тарату (Сурет 2).
Таблица арасындағы байланысқа мысал төмендегі суретте келтірілген:

Сурет 2. Кестелер арасындағы байланыс

3.3 Кестелерді құру

Кестелерді конструктор көмегімен құрамыз себебі ол кесте құруда кең мүмкіндікті болып табылады.
Table Designer (Кесте конструкторы) кесте конструкторы терезесінде үш түрлі вкладка бар, олар келесі параметрлерді анықтау үшін қолданылады:
Fields (Өріс) -- кестенің өрістері;
Indexes (Индекстер) -- индекстері;
Table (Кесте) -- анық шарттарының енгізілетін мәліметтері, және де триггерлерді қосу, өшіру және модификациялары.

Сурет 3. Table Desingner терезесі

Format(Формат)-форма мен отчетқа Browse терезесіндегі мәліметтерді көрсетеді.
Input mask(Маска ввода) - мәліметтерді енгізу үшін шаблон қолданады.
Caption(Заголовок) - өрістердін тақыраптарын анықтайды.
Rule(Условие) - жасап жатқан кестеміздің дұрыс мәліметтер енгізуін қадағалайды.
Message(Сообщение) - мәліметтерді дұрыс енгізбегенде ол жайлы хабарлап шығатын терезе
Default value(Значение по умолчанию) - өрістерге енгізілетін по умолчанию мәліметтері
Display library(Показать библиотеку) - кітапхана класынан файылдын атын анықтайды.
Display class(Показать класс) - кітапхана класынан таңдалған өрістің атын анықтайды.
Next Value(Начальное значение ) - счетчикке бастапқы санды береді. IntegerInc өрісіне ғана қоланылады.
Step(Шаг) - счечиктің айналуы. IntegerInc өрісіне ғана қоланылады.

Кесте 1
Кестенің өрістерінің типтері
Түр
Аты
Берілгендердің көрсетілімі
Тексттік
Character,Character(binary)
Тексттік өріске әріптерді, сандарды және арнайы символдарды енгізуге болады. Өріске максимал 254 символ енгізуге болады.
Сандық
Integer, Numeric, Float,Double, Integer (Autolnc)
Integer 2147483647-ден +2147483647-ге дейін бүтін сандарды сипаттайды.Integer (Autolnc) түрі автоматты түрде санның сипаттамасын өзгертуге қолданылады. Бұл түрдегі өріс тек қана оқуға арналған.
Ақшалық
Currency
Ақшалық өрістегі түрде 922337203685477.5807-ден 922337203685477.5807-ге дейін сандарды қолдануға болады.
Мерзім
Date
Date түріндегі өріске 01.01.0001-ден 31.12.9999 г. - ге дейінгі кез келген мерзімді енгізуге болады.
Уақыт және мерзім
Datetime
В поле типа datetime түрінде 01.01.0001 ден 31.12.9999 г. Ге дейінгі кез келген мерзім және 00:00:00 a.m. Нен 11:59:59 p.m. Ге дейінгі уақытты қолданады.
Логикалық
Logical
True (Т.) (Ақиқат) немесеFalse (,F.) (Жалған) логикалық түрдегі мәндерді қолданады.
Кез келген ұзындықтағы тексттік өріс
Memo, Memo (binary)
Memo-үлкен көлемдегі символдық өрістерді қолданылады.Memo (binary) түрі мына жағдайда қолданылады, егер сақталған мәліметтердің кодтық беттері өзгертуді қажет етпесе.
Кез келген ұзындықтағы екілік өріс
General
Бұл берілген өріс кестеде суреттерді және екілік берілгендерді сақтайды.
30.1 Индекстер құру

Индекстер кестелердегі деректерге қол жеткізуді жылдамдататын механизм болып табылады: кестедегі деректер, яғни жазбалар саны неғұрлым көп болған сайын қажет жазбаларды тез тауып оқу соғұрлым қиындай түседі; мұндай жағдайда индекстер қолданылады.Индекс бір жиек бойынша құрылған қарапайым немесе бірнеше жиектерден (екі не одан да көп) анықталған құрама индекс болуы мүмкін.Индекстерді жобалау үлкен ұқыптылықты талап етеді; жөнсіз анықталған индекстер ақпараттық жүйенеің жылдамдығын төмендетуге әкеп соқтырады.Жазбаларды дискідегі физикалық орны базадағы деректерді өңдеу, өзгерту барысында өзгеруі, яғни, ауысуы мүмкін. Әдетте мұндай жағдайларда сәйкес индекстер де өзгеріске ұшырайды, бұған біршама уақыт кетеді. Сондықтан, мәндері жиі өзгеріске ұшырайтын, бос мәндері көп қабылдамайтын жиектер бойынша индекс анықтау тиімсіз. Сондай-ақ, көлемі кіші кестелер мен көлемді жиектер бойынша да индекс анықтау мүлде тиімсіз болып табылады.
Міндетті түрде index деп аталатын қайталанбайтын кілт құру қажет.
Кесте индексін құру үшін Indexes (Индексы) қосымша беті қолданылады (сурет 4).

Сурет 4. Indexes қосымша беті

30.2 Форма шебері

Экрандық форманы әртүрлі әдіспен құруға болады. From Wizard немесе From Designer .Экран формалы From Wizard көмегімен құрамыз.Оны ашу үшін File-New- From Wizard -From опциясын қоямыз.Содан бізге (сурет 5) Wizard Selectionтерезесі пайда болады.Онда суретте көріп тұрғандай екі жол бар олардың біреуін таңдап,яғни 1-шісін таңдағанда бір кестемізді формаға, ал 2-ші жолды таңдағанда, онда бізге екі кестемізді байланыстырып береді (сурет 5).

Сурет 5. Wizard Selection терезесі

Ок түймесін басқанда келесі From Wizard (сурет 6) терезесі ашылады.Ол жерден құлама тізімнен Database and tables деген атаулы бар жазуды көреміз. Содан біз көп нүктені басып керекті мәліметтер қорын таңдап аламыз.Сол жерде бізге астынғы жазулар жолында кестелердің атауы шығады.Available fields өрісінде кестенің ішіндегі өріс атаулары беріледі.Бізге қажетті өрістерді таңдап Selected fields өрістеріне өткіземіз.Одан соң Next батырмасын басамыз.Ол бетте Style және button type жазуларына назар аударсақ біздің құрып жатқан формамыздың стил түрін беруге болады. Одан соң қайтадан Next батырмасын басамыз.Келесі үшінші әдіс дәл алғашқыдай сияқты Available fields өрісінде кестенің ішіндегі өріс атаулары беріледі.Бізге қажетті өрістерді таңдап Selected fields өрістеріне өткіземіз.Бірақта бізге индекстерді өткізген ыңғайлы болады. Next батырмасын басамыз. Finish батырмасын басқанда біздің формамыз дайын автоматты түрде болды істелді.

Сурет 6. From Wizard терезесі

Оның қасиеттерін беріп неше түрлі Image қойып, формаға Lable арқылы тақырып беріп, Commond Button тышқанмен шертіп Click әдісіне Do form форма атын жазамыз сонда келесі бетке өтетін болады.
Белсенді жастармен жұмыс істеуге дербес базасын құру үшін Бас форма атты форманы іске қосамыз. Бағдарлама, Орындаған, Жабу батырмалары орналасқан (Сурет 7).

Сурет 7. Форма1 терезесі

Басты бетте орналасқан Бағдарлама батырмасын басу арқылы келесі негізгі кестеге өтеміз (Сурет 8).

Сурет 8. Екінші форма терезесі

Негізгі бетте орналасқан Қызметкерлер тізімі батырмасын басу арқылы қызметкерлер жайлы ақпаратты көреміз (Сурет 9).

Сурет 9. Үшінші форма терезесі

Осындағы өндеу батырмасын басу арқылы өзгертіп, жойып, қоса аламыз (Сурет 10).

Сурет 10. Төртінші форма терезесі

Негізгі бетте орналасқан Қызметкерлер айлығы батырмасын басу арқылы Қызметкерлер айлығы жайлы ақпаратты көріп, өзгертіп, жойып, қоса аламыз (Сурет 11).

Сурет 11. Бесінші форма терезесі

30.3 Сұраныс құру

Visual Fox Pro ортасында сұраныстар құру үшін Query Designer сұраныстар шебері қолданылады.File -New пунктін таңдап. New сұхбаттық терезеден Query (Сұраныс) типін анықтап, New File (Жаңа файл) батырмасын басамыз ( сурет 12).

Cурет 12. Жаңа сұраныс терезесі

Көріп отырғандай программа жылдам сұхбаттық терезені шақырады.Ең алдымен біз екі кестемізді аламыз.Сұхбаттық терезені Close батырмасын басып шығамыз.Сұраныстар құрал-саймандары Query Designer төменде келтірілген батырмалардың мағыналарын сипаттаймыз.

Кесте 2
Query Designer сұраныстар құрал-саймандары батырмалары
Батырмалар
Мағыналары
AddTable
Жаңа кестеге сұраныстар енгізеді
RemoveTable
Сұраныстардан кестені өшіреді
AddJoin
Кестелерді біріктіруге шарт жасайды
ViewSql
Берілген сұранска сәкес терезені ашады.
MaximizerTheTableView
Кестедегі саймандарды экран бетіне тлык кояды
QueryDestination
Шарттарды жазуға енгізілетін сұхбаттық терезе ашады.
Сұраныс жасау үшін берілген есептік номерімен, ұйым атын т.б. керектілерің көрсетеміз. Нәтижеде қажетті ақпарат экран бетіне шығарылады (Сурет 13).

Сурет 13. Сұраныс терезесі

31.1 Есеп (Отчеты) құру

Форма құрылғаннан кейін ендігі кезекте есептер жасалынады. Есептердің де екі режимі бар: Конструктор режимі және Шебер режимі көмегімен. Есептерді шебер көмегімен жасайық. Ол үшін шебер көмегімен жасау режиімі батырмасын басамыз. Есептер терезесі пайда болады, ол терезеден бірінші беттен екінші бетке көшіру керек. Есеп беру мәніне қабылданатын жеке тұлғаларды тізімге алу деректерін таңдап аламыз (Сурет 14).

Сурет 14. Мәндерді енгізу конструкторы терезесі

2. Басқарудағы ақпараттық жүйелер.

2.1 Даму кезеңдері, негізгі ережелер.

Кәсіпорындағы басқару ақпараттық ж.йесі (КБАЖ) кәсіорындағы бизнес операциялардың барлығы туралы актуальді және сенімді ақпаратты менеджерлер мен мамандарға ұсынатын операциялық орта. Өзгеше сөзбен айтқанда, кәсіорынның қызметінде бизнесті жоспарлаудан бастап нәтижелерін талдауға дейінгі толық нарықтық циклді сипаттайтын жүйе.
КБАЖ орындайтын негізгі мәселелер келесі кестеде қарастырылған:

Кесте 3
КБАЖ негізгі мәселері.
Басқару деңгейлері және қызметтері
Шешілетін мәселелер
1
2
Кәсіпорынды басқару
Дәл қазіргі уақытта компанияның қаржылық жағдайы туралы сенімді ақпарат беру және болашаққа болжам дайындау;
Кәсіорын қызметтерінің жұмысын бақылауды қамтамасыз ету;
Шығын компоненттері бойынша шекті өнәмнің өзіндік құнын қалыптастыру.
Қаржылық бухгалтерлік қызметтер
Құрылғылар қозғалысын толығымен бақылау;
Есептік саясатты жүзеге асыру;
Дебеттік және кредитті қарыздарды жылдам анықтау;
Келісім шарттар, жоспарлар мен сметалардың орындалуын бақылау;
Қаржылық тәртіпті бақылау;
Товарлық - материалдық ағындарды қадағалау;
Қаржылық есеп беру құжаттарының толық жиынтығын жылдам анықтау
Өндірісті басқару
Өндірістк тапсырыстардың орындалуын бақылау;
Өндіріс қуатының қалып күйін бақылау;
Өндірістік тапсырыстар құжаттамаларын жүргізу;
Өндірістік тапсырыстардың нақты өзіндік құнын жылдам анықтау;
Маркетингтік қызметтер
Нарыққа жаңа тауарлар шығаруды бақылау;
Нарыққа кеңейту мақсатында талдау жасау;
Сатылым статистикасын жүргізу;
Жіберуге арналған стандартты хаттар базасын пайдалану;
Тапсырыс берушіге тауардың өз мерзімінде жеткізілуін бақылау;
Тауарды сату және жеткізу қызметтері
Тауарлар, өнімдер, қызметтер мәліметтер қорларын жүргізу;
Тауар жеткізу мерзімін және транспорттық шығындарды жоспарлау;
Транспорттық жолдарды және транспорттау тәсілдерін оптимизациялау;
Келісім шарттарды компьютерлік жүргізу.
Қоймадағы есепке алу қызметтрі
Көп бөлімді қойма құрылымын басқару;
Қойма бойынша тауарды жылдам іздеу;
Сақтау шарттарын есепке ала отырып тауарларды қоймаларға ыңғайлы орналастыру;
Инвентаризация.

Бизнес операцияларды қажетті деңгейде автоматтандыратын алғашқы программалық өнімдер автоматтандырылған жұмыс орындары (АЖО) еді. Дамудың келесі кезеңі түрлі АЖО дарвын бірегей кешенді жүйелерге біріктіру болды. Бұл біріктірулер MRP деп аталады.
MRP бұл (Material Requirements Planning,) яғни кәсіпорынның ресурс қажеттілігін жоспаралау мүмкіндігін беретін және бұл қажеттіліктердің өз уақытында қанағаттандырылуын жүзеге асыратын жүйе. Басқару ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Деректер қорын басқару жүйесі (ДҚБЖ)
ҚР-да жастар саясаты саласындағы жүзеге асырылатын мемлекеттік бағдарламаларды талдау
ЖАСТАРДЫҢ ЖҰМЫСПЕН ҚАМТЫЛУЫН БАСҚАРУДЫҢ ӘДІСТЕМЕЛІК БАҒЫТТАРЫН ТАЛДАУ
Қазақстанда жастар саясатын іске асыру саласына тартылған жастардың үлесі
Ұйымдастырушылық басқару ақпараттық жүйелері
ЖАСТАРМЕН ӘЛЕУМЕТТІК ЖҰМЫСТЫ ЗЕРТЕУДІҢ ТЕОРИЯЛЫҚ ӘДІСТЕМЕЛІК НЕГІЗДЕРІ
Астана қаласы әкімшілігінің жастар саясаты бөлімінің айналысатын қызметтерін жеңілдететін автоматтандырылған жүйесі
Жастар саясаты туралы
Әлеуметтік педагогтың балалармен және жастармен жұмысын қарастыру
Жастар құқығын қорғауға бағытталған жастар саясаты
Пәндер