Құқық және жеке тұлға



КІРІСПЕ
І. Адам құқығын қорғаудың халықаралық тетігі
ІІ. Қазақстандағы ұлттық адам құқығын қорғау институттары
ІІІ. БҰҰ . Адам құқығы комитеті
ҚОРЫТЫНДЫ
Қосымша
Пайдаланған әдебиеттер тізімі
Осыдан 60 жыл бұрын 10 желтоқсанда Адам құқының жалпыға ортақ декларациясы қабылданған болатын. Содан бері осы күн әлемнің өркениетті елдерінде Адам құқының бүкіл дүниежүзілік күні ретінде аталып өтіп келеді. Аталған датаға орай, бүгін елдордада алқалы басқосу ұйымдастырылғалы отыр. Онда негізінен әлемдегі және дүние жүзіндегі адам құқы мен бостандығына қатысты проблемалар талқы таразысына салынады деп күтілуде.
Осы орайда біз адам құқы мен бостандығына қатысты маңызды мәселелерді курстық жұмыста зерттеуді жөн көрдік.
Жұмыста мемлекеттік органдар, Қазақстан Республикасының үкіметтік емес құқық қорғау ұйымдары (әрі қарай - ҚР ҮЕҰ), халықаралық үкіметтік емес ұйымдар, Қазақстанда аккредиттелген халықаралық ұйымдар ұсынған мәліметтер, сондай-ақ Қазақстандағы БҰҰ Даму Бағдарламасының тапсырысы бойынша Әлеуметтанушылардың халықаралық ассоциациясының (ISA) тұрақты мүшесі болып табылатын Қазақстан әлеуметтанушыларының тәуелсіз ассоциациясы 2006 жылғы қазанда жүргізген «Қазақстандағы адамның құқықтары: қоғамдық пікір» атты әлеуметтанушылық зерттеудің нәтижелері пайдаланылды. Жұмыста сол сияқты жұмыс тобы мүшелерінің түзету жүйелері, денсаулық сақтау, әлеуметтік қорғау, білім беру, мәдениет мекемелерінде, құрылыс нысандары мен басқа да ұйымдарда болуы нәтижесінде алған мәліметтері; Адам құқықтары жөніндегі комиссияның адам құқықтары саласындағы 2000 және 2006 жылдар аралығында мемлекеттік органдармен және ҚР ҮЕҰ-мен, адам құқықтары саласындағы халықаралық ұйымдармен бірлесіп өткізген халықаралық конференциялардың, «дөңгелек үстелдердің», семинарлардың, тренингтердің материалдары; жеке және заңды тұлғалардың Адам құқықтары жөніндегі комиссияға жазған шағымдарын қорытындылап, талдау нәтижелері пайдаланылды.
Жұмыста адамның және азаматтың азаматтық, саяси, әлеуметтік, экономикалық және мәдени құқықтарының сақталуы мәселелері талданады.
Атап өтетін жәйт, Қазақстан Республикасы адам құқықтары саласындағы 40-тан астам көпжақты әмбебап халықаралық шарттардың, соның ішінде Азаматтық және саяси құқықтар туралы халықаралық пактінің, Экономикалық, әлеуметтік және мәдени құқықтар туралы халықаралық пактінің, Азаптауларға және басқа да қатыгез, адамгершілікке жатпайтын және ар-намысты қорлайтын іс-әрекеттер мен жазалау түрлеріне қарсы конвенцияның, Нәсілдік кемсітудің барлық нысандарын жою туралы халықаралық конвенцияның, Бала құқықтары туралы конвенцияның, Әйелдерге қатысты кемсітулердің барлық нысандарын жою туралы конвенцияның, Босқындар мәртебесі туралы конвенцияның және оның Хаттамасының қатысушысы болып табылады.
1. Қазақстан Республикасының Конституциясы. Алматы, 1995
2. Қазақстан Республикасының Конституциясының түсіндірме сөздігі.
3. Алексеев С. С. Теория права М. БЕК, 1993
4. Хропанюк В. Н. Теория государства и права М, 1995, 1996
5. Хутыз М. Х. Сергейко П. Н. Энциклопедия права М., 1995.
6. Бейсенова А., Біржанова Қ., ҚР мемлекет және құқық негіздерін оқып үйренушілерге көмек. Алматы: “Жеті жарғы” 1997.
7. Сапаргалиев Г.С. Основные государства и права Казахстана.
Алматы, 1994.
8. Сапарғалиев Г.С. Заң терминдерінің сөздігі. Алматы: “Жеті – Жарғы” Алматы., 1996.
9. Ибраева А.С. Заң терминдерінің қазақша-орысша және орысша-қазақша түсіндірме сөздігі. Алматы: “Жеті –Жарғы” 1996.
10. Сапарғалиев Г.С., Ибраева А.С. Мемлекет және құқық теориясы. Алматы: “Жеті – Жарғы” 1997.
11. Сапаргалиев Г.С. Основы государства и права. Учебное пособие. Алматы, “Жеті – Жарғы, 1997.

Пән: Құқық, Криминалистика
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 18 бет
Таңдаулыға:   
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ

Мемлекеттік-құқықтық пәндер кафедрасы

Мемлекет және құқық теориясы пәні бойынша

КУРСТЫҚ ЖҰМЫС

ТАҚЫРЫБЫ: ҚҰҚЫҚ ЖӘНЕ ЖЕКЕ ТҰЛҒА

Орындаған:

Тексерген:

АЛМАТЫ - 2009

ЖОСПАР:

КІРІСПЕ

І. Адам құқығын қорғаудың халықаралық тетігі

ІІ. Қазақстандағы ұлттық адам құқығын қорғау институттары

ІІІ. БҰҰ – Адам құқығы комитеті

ҚОРЫТЫНДЫ

Қосымша

Пайдаланған әдебиеттер тізімі

КІРІСПЕ

Осыдан 60 жыл бұрын 10 желтоқсанда Адам құқының жалпыға ортақ
декларациясы қабылданған болатын. Содан бері осы күн әлемнің өркениетті
елдерінде Адам құқының бүкіл дүниежүзілік күні ретінде аталып өтіп келеді.
Аталған датаға орай, бүгін елдордада алқалы басқосу ұйымдастырылғалы отыр.
Онда негізінен әлемдегі және дүние жүзіндегі адам құқы мен бостандығына
қатысты проблемалар талқы таразысына салынады деп күтілуде.
Осы орайда біз адам құқы мен бостандығына қатысты маңызды мәселелерді
курстық жұмыста зерттеуді жөн көрдік.
Жұмыста мемлекеттік органдар, Қазақстан Республикасының үкіметтік
емес құқық қорғау ұйымдары (әрі қарай - ҚР ҮЕҰ), халықаралық үкіметтік емес
ұйымдар, Қазақстанда аккредиттелген халықаралық ұйымдар ұсынған мәліметтер,
сондай-ақ Қазақстандағы БҰҰ Даму Бағдарламасының тапсырысы бойынша
Әлеуметтанушылардың халықаралық ассоциациясының (ISA) тұрақты мүшесі болып
табылатын Қазақстан әлеуметтанушыларының тәуелсіз ассоциациясы 2006 жылғы
қазанда жүргізген Қазақстандағы адамның құқықтары: қоғамдық пікір атты
әлеуметтанушылық зерттеудің нәтижелері пайдаланылды. Жұмыста сол сияқты
жұмыс тобы мүшелерінің түзету жүйелері, денсаулық сақтау, әлеуметтік
қорғау, білім беру, мәдениет мекемелерінде, құрылыс нысандары мен басқа да
ұйымдарда болуы нәтижесінде алған мәліметтері; Адам құқықтары жөніндегі
комиссияның адам құқықтары саласындағы 2000 және 2006 жылдар аралығында
мемлекеттік органдармен және ҚР ҮЕҰ-мен, адам құқықтары саласындағы
халықаралық ұйымдармен бірлесіп өткізген халықаралық конференциялардың,
дөңгелек үстелдердің, семинарлардың, тренингтердің материалдары; жеке
және заңды тұлғалардың Адам құқықтары жөніндегі комиссияға жазған
шағымдарын қорытындылап, талдау нәтижелері пайдаланылды.
Жұмыста адамның және азаматтың азаматтық, саяси, әлеуметтік,
экономикалық және мәдени құқықтарының сақталуы мәселелері талданады.
Атап өтетін жәйт, Қазақстан Республикасы адам құқықтары саласындағы 40-
тан астам көпжақты әмбебап халықаралық шарттардың, соның ішінде Азаматтық
және саяси құқықтар туралы халықаралық пактінің, Экономикалық, әлеуметтік
және мәдени құқықтар туралы халықаралық пактінің, Азаптауларға және басқа
да қатыгез, адамгершілікке жатпайтын және ар-намысты қорлайтын іс-әрекеттер
мен жазалау түрлеріне қарсы конвенцияның, Нәсілдік кемсітудің барлық
нысандарын жою туралы халықаралық конвенцияның, Бала құқықтары туралы
конвенцияның, Әйелдерге қатысты кемсітулердің барлық нысандарын жою туралы
конвенцияның, Босқындар мәртебесі туралы конвенцияның және оның
Хаттамасының қатысушысы болып табылады.
Жоғарыда аталған ратификацияланған халықаралық шарттар тұрғысында
Базалық баяндаманың барлық тарауларында адам құқықтары саласын реттейтін
ұлттық заңнаманы оның халықаралық стандарттарға сәйкестілігі тұрғысынан
салыстырмалы-құқықтық талдау, сондай-ақ адам құқықтары саласындағы ұлттық
заңнама мен құқық қолдану практикасын жетілдіру жөніндегі қорытындылар мен
ұсынымдар келтірілген.
Қазақстандағы адамның құқықтары: қоғамдық пікір жобасы шеңберіндегі
мемлекеттік органдардың, ҮЕҰ мен БАҚ-тардың адам құқықтарын қорғау
саласындағы құқық қорғау қызметінің тиімділігін бағалау жөніндегі
әлеуметтанушылық зерттеулерді ахуалдық талдау Базалық баяндаманың барлық
тарауларында адам құқықтарының нақты түрлері тұрғысында келтірілген.
Қорытындыда жұмыстың жалпы нәтижелері қорытылып, Қазақстандағы құқық
қорғау тетіктерін жетілдіру жөніндегі алдағы перспективалар тұжырымдалады.

1. Адам құқықтарын қорғаудың халықаралық тетігі

Мемлекеттің, халықаралық институттар мен үкіметтік емес
ұйымдардың өзара іс-қимылын күшейту қажет. Осыған байланысты 2005 жылы
Орталық Азия елдерінің мемлекеттік органдары мен үкіметтік емес ұйымдарының
өкілдерін, халықаралық сарапшыларды тарта отырып, өңірлік іс-шараларды
ұйымдастыру орынды болар еді. Олар терроризммен қарсы күрес процесінде адам
құқықтарын сақтау, төзімділік, көші-қон, адамдарды сату мәселелеріне,
босқындар мен ішке ауысқан адамдар, адам құқықтары саласында білім беру,
діни сенім бостандығы, құқықтық жүйені реформалау проблемаларына және
басқаларына арналуға тиіс.
Адам құқықтарын қорғаудың қосымша құралы бірқатар халықаралық
шарттарда көзделген азаматтардың шағымдарын БҰҰ-ға қатысушы елдерден
шарттық комиттердің қарау рәсімі болып табылады. Қазіргі кезде Қазақстан
азаматтарының Әйелдерге қатысты кемсітудің барлық нысандарын жою туралы
конвенцияға Факультативтік хаттамада көзделген Әйелдерге қатысты кемсітудің
барлық нысандарын жою жөніндегі комитетке хабарламамен шығуға мүмкіндігі
бар. Болашақта Азаптауларға және басқа да қатыгез, адамгершілікке жатпайтын
және ар-намысты қорлайтын іс-әрекеттер мен жазалау түрлеріне қарсы
конвенцияның 22-бабын Қазақстан Республикасына қолданбау туралы ескертпенің
күшін жою, сондай-ақ Азаматтық және саяси құқықтары туралы халықаралық
актіге бірінші Факультативтік хаттамаға қосылу мүмкіндігін қарастырған жөн
болар еді.
ТМД шеңберінде Адам құқықтары жөніндегі комиссияға ТМД-ның қатысушы
мемлекеттерінің конвенцияны орындауын қадағалау бекітілген Адамның
құқықтары мен негізгі бостандықтары туралы конвенция қолданылады. Алайда
қазіргі кезге дейін Комиссия құрылған жоқ. ТМД-ға қатысушы мемлекеттердің
Парламентаралық Ассамблеясының (ТМД ПАА) Адам құқықтары мен негізгі
бостандықтарын сақтау туралы 04.12.2004 жылғы қаулысымен ТМД ПАА
әлеуметтік саясат және адам құқықтары жөніндегі тұрақты комиссия ТМД
мемлекеттері басшылары Кеңесінің қарауына енгізу үшін ТМД-дағы Адам
құқықтары жөніндегі комиссия туралы ереженің жаңа редакциясының жобасын
даярлау тапсырылды. Осыған байланысты құзыретті мемлекеттік органдардың
Ереженің жобасы бойынша ТМД ПАА-ға ұсыныстар енгізуі қажет деп есептейміз.
ТМД елдеріндегі омбудсмендер мекемелері арасындағы байланыстар кеңейтуді
және интенсификациялауды қажет етеді. Олардың арасында адам құқықтарын
бұзудың нақты фактілерін зерделеу және тәжірибе алмасу деңгейінде аса
белсенді өзара іс-қимыл қажет. 2004 жылы БҰҰ ДБ және Ресей Федерациясының
Адам құқықтары жөніндегі уәкілі тарапынан ТМД елдерінің Адам құқықтары
жөніндегі уәкілдердің ұлттық ұйымдарын құруға күш салынды. Қазақстан
Республикасының Парлменті мен Адам құқықтары жөніндегі уәкілдің тікелей
қатысуымен ТМД елдерінің Парламентаралық Ассамблеясы Адам құқықтары
жөніндегі уәкілдің мәртебесі туралы ТМД-ның модельдік заңы қабылданды.
Аталған бастамаларға қолдау көрсетілуі тиіс.
Адам құқықтары жөніндегі уәкілге жазған арыздарында азаматтар
шетелдегі қазақстандық консулдық қызметтердің өздерінің құқықтарын
жеткілікті қорғамайтынына, сондай-ақ бұзатынына жиі шағымданады. Мұндай
шағымдар Германиядан, Ресей Федерациясынан, Жапониядан келіп түсті.
Көрсетілген мәліметтер Қазақстан Республикасының азаматтарын шетелде
консулдық қорғауды, атап айтқанда тіркеу рәсімі, құқықтық мәселелер жөнінде
консультациялар беру, сол немесе өзге елдерде азаматтардың денсаулығы мен
қауіпсіздігі үшін мүмкін қатерлер туралы ақпараттар ұсыну арқылы күшейту
қажеттігін көрсетеді.
2004 жылы БҰҰ-ның Даму бағдарламасымен бірге Қазақстан Республикасында
ұлттық омбудсмен институтының операциялық мүмкіндіктерін дамыту туралы
жоба аяқталды. Жоба институционалдық өсуге байланысты бірқатар
проблемаларды шешуге мүмкіндік берді. Жоспарланған мерзімде жобаны іске
асыру көбінесе Уәкіл мекемесінің табандылығының, сондай-ақ осы жоба бойынша
іс-шаралар жоспарын тоық жүзеге асырудың арқасында мүмкін болды. Жоба
бойынша жұмыс қорытындысы жобаны іске асыру барысында жетекші болуға ұмтыла
отырып, халықаралық ұйымдардың көбінесе бенефициарийді қажет етуді, жобалық
іс-шараларды мазмұнды әрі дер кезінде орындау қажеттігін түсінгісі
келмейді.
Мемлекеттік органдардың бірлескен жобаларды іске асыруда
халықаралық ұйымдармен ынтымақтастығы тең, серіктестік жағдайында
жүргізілуі, жобаны алушылардың қажеттіліктерін ескеруі тиіс.

2. Қазақстандағы ұлттық адам құқықтарын қорғау институттары

2005 жылғы 13 маусымда БҰҰ Жоғарғы Комиссарының адам құқықтары
жөніндегі басқармасының сауалнамасына БҰҰ Бас хатшысының Нәсілшілдік,
нәсілдік кемсітушілік, ксенофобия және олармен байланысты шыдамсыздықты
толық жоюға ғаламдық күш жұмсау, Дурбан декларациясы мен Әрекет
бағдарламасын толық орындау баяндамасын әзірлеу үшін ақпарат жолданды.
Құжатта мемлекеттің маңызды құжаттарына сілтеме бере отырып, ұлтаралық және
конфессияаралық бейбітшілік пен келісім, кемсітушілікке қарсы заңнама
нормаларын қатаң сақталуы негізінде аталған институттар және кемсітушілікті
болдырмау тетігі кемсітушілікті болдырмау саласында Адам құқықтары
жөніндегі уәкілеттінің қызметі толығымен көрсетілген, тәуелсіздікке қол
жеткізгеннен бері Қазақстанда нәсілдік кемсітушілік, шыдамсыздық және
ксенофобия мәселелері көрсетілді.
Қазақстанның осы резолюцияның орындалуы туралы БҰҰ БА 60-сессиясында БҰҰ
Бас хатшысының адам құқықтары мен негізгі бостандықтарын қамтамасыз етуді
жақсарту бойынша баламалы келістерін қоса, адам құқықтары мәселесі
баяндамасындағы тармақшасына ақпаратты ұсыну үшін Қазақстанның БҰҰ Бас
хатшысының 2004 жылғы 20 желтоқсандағы А59194 Мигранттарды қорғау
резолюциясын сақтауы туралы талдау ақпараты әзірленді. Осы мәселе бойынша
барынша толық ақпарат – Мигранттар мен ұлттық азшылықты қорғау және
көтермелеу бөлімінде берілген.
IIМ                  - Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігi
СІМ                  - Қазақстан Республикасы Сыртқы істер
                       министрлігi
ДСМ                  - Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау
                       министрлігi
БҒМ                  - Қазақстан Республикасы Білім және ғылым
                       министрлігi
Қорғанысмині         - Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігi
Еңбекмині            - Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты
                       әлеуметтік қорғау министрлігi
МАМ                  - Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат
                       министрлігi
Әділетмині           - Қазақстан Республикасы Әділет министрлігi
БҒМ БАИ              - Қазақстан Республикасы Білім және ғылым
                       министрлігін ің біліктілікті арттыру
                       институттары
ОІГСҰК               - Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы
                       Отбасы істері және гендерлік саясат жөніндегi
                       ұлттық комиссия
АҚҰО                 - Адам құқықтарын қорғау жөніндегі ұлттық
                       орталық
"САНДЖ" ЗО           - "САНДЖ" зерттеу орталығы
АҚ және ЗСҚХБ        - Адам құқықтары және заңдылықты сақтау
                       жөніндегі Қазақстан халықаралық
бюросы
СЖХҚ                 - Сайлау Жүйесінің Халықаралық Қоры
YEҰ                  - үкіметтік емес ұйымдар
Обл БД (ББ)          - Облыстық білім департаменттері (білім
                       басқармалары )
БҰҰ                  - Біріккен Ұлттар Ұйымы
ҚҰ                   - қоғамдық ұйымдар
Құқық қорғаушылардың құқықтары бойынша БҰҰ Бас хатшысының арнаулы
өкілі Х. Джилани 1998 жылғы 9 желтоқсандағы БҰҰ Бас ассамблеясымен
қабылданған қоғамның жекелеген тұлғалары, топтары мен органдарының
құқықтары мен міндеттері туралы Декларация бойынша міндеттері мен құқықтары
жалпы қабылданған адам құқықтары мен негізгі бостандықтарын көтермелеу мен
қорғау туралы сауалнамаға жауаптар әзірленді. Онда Қазақстанның құқық
қорғау қауымдастығының қызметі көрсетілген, оның рөлін күшейтуге мүмкіндігі
бар әдістер көрсетілген, Қазақстандағы Декларацияның орындалуына баға
берілген, құқық қорғау ұйымдарын қолдау бойынша тиімді тәжірибе
көрсетілген, құқық қорғау қауымдастығының проблемалары көрсетілген.
2005 жылғы 7 қыркүйекте Қазақстан Республикасы Ішкі істер
министрлігіне әйелдерге қатысты кемсітушіліктің барлық нысандарын жою
туралы Конвенцияның 6-бабын орындау мониторингі жолданды, онда БҰҰ Адам
құқықтары жөніндегі комиссиясының балаларды, балалар жезөкшелігі және
балалар порнографиясы мәселесі бойынша арнаулы баяндамашылары Х.М. Патетита
және адам саудасы мәселесі бойынша С. Худаның өтініштеріне сәйкес, БҰҰ-ына
қатысушы мемлекеттер БҰҰ адам құқықтары жөніндегі комиссиясына есеп беруді
әзірлеу үшін, сексуалдық пайдаланумен байланысты қызметтер проблемалары
бойынша сауалнамаға жауаптар әзірлеу керек. Мониториг БҰҰ Балалар қоры мен
Қазақстан Республикасы заңнамасының бала құқықтарының халықаралық
нормаларға сәйкестігіне талдау Адам құқықтары жөніндегі уәкілеттінің
бірлескен жобасы шеңберінде Әйелдерді қолдау орталығы ҚБ (Петорпавловск
қаласы) әзірленді. Адам құқықтары жөніндегі уәкілетті өз жауабында трафикті
және сексуалдық пайдалануды жою саласында тиісті ұлттық әрекет жоспарын
әзірлеу, әйелдер мен балаларға қатысты зорлықтың арнаулы мониторингін
жүргізу, бала құқықтары және еркектер мен әйелдердің тең құқықтары бойынша
мамандандырылған омбудсмендер құру, ювенальды әділет жүйесін енгізу мен
басқа да шараларды қолдану саласындағы заңнаманы жетілдіру қажеттілігін
басып айтты.
2005 жылғы 2 қарашада БҰҰ адам құқықтары жөніндегі комиссиясының білім
беру құқығы бойынша, атап айтқанда, Қазақстанда қыздардың білім алуға
құқықтарын сақтау бойынша арнаулы баяндамашы сауалнамасына жауаптар
жолданды. Ақпаратта заңнама нормалары келтірілген және әртүрлі экономикалық
топтардың балаларына, босқын балаларды қоса, білім беру, гендерлік теңдік,
білім алу қолжетімділігін қамтамасыз етуге, ана тілінде оқыту,
мүмкіндіктері шектеулі балалар мен жеткіліксіз қамтылған мектептердің
балаларын қолдау, мектептерде адам құқықтарын оқытуға бағытталған
мемлекеттердің әрекеттері көрсетілген. Балалардың мектептерге бармау
себептері, мектептерде түсініспеушіліктің туындауы, сондай-ақ ЮНИСЕФ
зерттеуіне негізделген білім алуға байланысты шығындар көрсетілген.

 

3. БҰҰ – Адам құқығы комитеті

Адам құқықтары жөніндегі халықаралық стандарттарды іске асыруға кеңес
беру және көмек көрсету ұлттық құқық қорғау мекемелері қызметтерінің бірі
болып табылады. Париж принциптерінің 3-тармағының d) тармақшасына сәйкес
ұлттық құқық қорғау мекемелері мемлекеттің адам құқықтары жөніндегі
шарттарды Біріккен Ұлттар Ұйымы органдарымен адам құқықтары саласында
халықаралық шарттар бойынша міндеттерді орындауға қатысты ұсынылатын
баяндамаларды әзірлеуге қатысады.
Адам құқықтары жөніндегі уәкілетті өзінің тәуелсіз мәртебесіне байланысты
мемлекеттік баяндамаларды әзірлеуге жауапты мемлекеттік органдардың тобына
енгізілмесе де, уәкіл мекемесі баяндамаларды әзірлеу барысында мемлекеттік
органдарға сараптама-талдау жүргізіп, өз қолдауын көрсетеді. Осылайша,
Біріккен Ұлттар Ұйымы комитетіне ұсынылатын ақпараттың барынша толық
қамтылуы мен объективтілігін қамтамасыз етеді.
2005 жылғы Адам құқықтары жөніндегі уәкілетті балалардың қарулы
қақтығыстарға қатысуына қатысты баланың құқықтары туралы Конвенцияның
факультативтік хаттамасын (бұдан әрі - Хаттама) орындау бойынша
Қазақстанның қабылдаған шаралары туралы бастапқы баяндамасына ескертулер
айтылды. Хаттама 2001 жылғы 4 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңымен
заңдастырылды. Баяндама жобасын құрау нәтижесінде мәселеге қатысты мынадай
маңызды ескертулер берілді:
1. Баяндамада мемлекеттің факультативтік хаттамасының нормаларын іске асыру
бойынша өткізілген жұмысы туралы мәлімет беретін фактілерге мардымсыз назар
аударылған;
2. Ұлттық заңнама нормаларына берілген сілтемелер түсіндірілмеген,
сондықтан оны түсінуде қиындықтар туындайды;
3. Үкіметтік емес ұйымдардың ынтымақтастық бойынша жұмысы түсіндірілмеген.
Бұл мемлекеттің азаматтық секторға жеткілікті назар аудармағандығын
білдіреді.
Баяндамаға Қазақстан Республикасы Қорғаныс күштеріне жастарды шақыру
бойынша нақты деректер мен қарулы қақтығыстарға кәмелетке толмаған
балалардың тартылмағандығын дәлелдейтін басқа да деректерді қосу ұсынылды.
Адам құқықтары жөніндегі мемлекеттің шартқа қатысушы мемлекеттермен
ұсынылатын баяндамалардың нысаны мен мазмұнына қатысты Компиляцияның
басқару принциптерінің талаптары есебінен баяндаманы одан әрі жетілдіру
ұсынылды.
Сонымен қатар, Адам құқықтары жөніндегі уәкілетті 2005 жылғы 10
шілдеде Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігіне жалпы және
тақырыптық ескертпелер, сондай-ақ Адам құқықтары бойынша Кеңестің ресми
емес құжаттары жобасы бойынша Адам құқықтары жөніндегі уәкілеттінің
ұсыныстары жолданды. Адам құқықтары жөніндегі уәкілетті БҰҰ адам құқықтары
жөніндегі комиссиясының тұрақты жұмыс істейтін адам құқықтары жөніндегі
Кеңеске қайта құрылу идеясын қолдай отырып, Кеңес мәртебесін нақты анықтау
және Адам құқықтары жөніндегі комиссиясына тән кемшіліктерді жою
қажеттілігін басып айтты. Атап айтқанда, Кеңестің әлемде адам құқықтарының
тұрақты бұзушылығын қарау; адам құқықтары жөніндегі халықаралық
стандарттарды әзірлеу; әлемдегі адам құқығын сақтау мониторингі; БҰҰ және
басқа жүйелерде адам құқықтарын тиімді үйлестіру және алға жылжытуға
мүмкіндік беретін саяси ұсыныстарды қалыптастыру сияқты қызметтерді жүзеге
асыруды қолдауы айтылды. Адам құқықтары мониторингі ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Заңды тұлға - азаматтық құқық қатынастарының субъектісі
Жеке тұлғаларадың халықаралық құқықтық субектілері
Тұлға туралы ұғым жеке тұлға және заңды тұлға түсінігі.
Азаматтық құқық қабілеттілігі және әрекет қабілеттілігі
Мемлекет - aзaмaттық құқықтың субъектiсi pетiнде
Азаматтық құқық қатынасы субъектілері заңды тұлғалар
ЗАҢДЫ ТҰЛҒА АЗАМАТТЫҚ ҚҰҚЫҚТЫҢ СУБЪЕКТІСІ РЕТІНДЕ
Азаматтық құқықтың субъектісі ретінде - заңды тұлға
Жеке тұлға құқық субьектісі
Заңды тұлғалар азаматтық құқық субъектісі ретінде
Пәндер