Талап қою арқылы іс жүргізудің түінігі және мәні



Кіріспе
1.тарау. Талап қою арқылы іс жүргізудің түсінігі мен мәні
1.1. Талап қою бойынша іс жүргізудің ұғымы мен тәртібі
1.2. Талап арыз алынғаннан кейінгі судьяның іс.әрекеттері
2.тарау. Істі сотта қарауға дайындау
2.1. Судьяның істі сотта қарауға дайындау жөніндегі іс.әрекеттері
2.2. Істі сотта қарауға әзірлеу мерзімдері
3.тарау. Азаматтық істерді сотта қарау
3.1. Істі сотта қарау және сот отырысы
3.2. Сот отырысының дайындық бөлімі
3.3. Істі мәні бойынша қарау
3.4. Сот жарыссөздері және прокурордың қорытындысы
Қорытынды
Пайдаланған әдебиеттер тізімі
Зерттеу тақырыбының өзектілігі. Қазақстан Республикасы өзін демократиялық, зайырлы, құқықтық және әлеуметтік мемлекет ретінде орнықтырады, оның ең қымбат қазыаасы - адам және адамның өмірі, құқықтары мен бостандықтары . Конституцияға сәйкес адам құқықтары мен бостандықтары танылады және олардың қорғалуына кепілдік беріледі .
Кейінгі уақыттарда қоғамда орын алған түбегейлі өзгерістер еліміздің азаматтық сот ісін жүргізу саласына да ықпал етті. Сот- құқықтық реформаларды жүзеге асыру бағытында 1999 жылы Қазақстан республикасының Азаматтық іс жүргізу кодексі қабылданып, азаматтық сот ісін жүргізуде жаңа институттар пайда болды, кейбір іс жүргізу ршституттарының мазмүны өзгерді. Бүл талап қою қүқығьш іске асыру мәселесенің мәніне елеулі әсерін тигізеді.
Талап тек мемлекеттік сотқа ғана емес аралық немесе төрелік сотқа да қойылады.
Ғалымдардың талап қою бойынша іс жүргізудің мәселесін зерттеумен кең шұғылданған кезі — XX ғасырдың 50-90 жылдарына, яғни кеңестік дәуірге сай келеді. Сол кездері жүргізілген ғылыми жұмыстардағы теориялық ой қорытындылар әлі күнге дейін құндылығын жойған жоқ.
Осы жұмысты орындау барысында алға қойған мақсатым - ол азаматтық іс жүргізу құқығы бойынша талап қою бойынша іс жүргізудің түсінігі мен оның процессуалдық мәнін саралау болып табылады.
Тақырыптың зерттелу деңгейі. Кәзіргі таңда Ресей Федерациясы мен басқа да шет мемлекеттерде бұл тақырып жөнінде көптеген ғылыми жұмыстар шықты. Қазақстан мемлекетіміз үшін әлі күнге дейін зерттелу үстінде. Талап қою арқылы іс жүргізудің түсінігі мен мәні жөніндегі мәселеге З.Х. Баймолдинаның, Қ.Ә.Мәмидің, Г.А. Жилиннің, В.И. Радченконың, М.С.Шакарянның және т.б. ғалымдардың еңбектері арналған.
Зерттеу объектісі. Жұмыстың ізденіс-зерделеу және зерттеу объектісіне қоғамдық қатынастар, ондағы талап қою арқылы іс жүргізудің түсінігі мен мәні мәселесіндегі құқықтық қорғау мен жүзеге асыруды мемлекеттік реттеу болып табылады.
Зерттеу пәні болып талап қою арқылы іс жүргізудің түсінігі мен мәні жөніндегі мәселелерді қамтитын Қазақстан Республикасының заңнамалары, сондай-ақ зерттелетін проблемаға қатысты мемлекеттік органдармен, азаматтар және ұйымдармен қатынастарын реттейтін құқықтық аспектілер кіреді.
Зерттеу мақсаттары мен міндеттері. Дипломдық зерттеу жұмысының негізгі мақсаты – талап қою ұғымына талдама (анализ) жасау; тәжірибеде осы салаға қатысты кездесетін мәселелерді талқылау; зерттеу мәселесі бойынша заңнамаларды жетілдіру жөнінде ұсыныстар келтіру болып табылады.
Аталған мақсатқа жету үшін жүзеге асырылатын зерделеу-зерттеу процесіне байланысты шешілуге тиіс мынадай міндеттер туындайды:
1. Қазақстан Республикасының Конституциясы. 1995 жылы 30 тамызда қабылданған. (өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы 2007 ж. мамырдың 21-і №254 -III) Заңы/Егемен Қазақстан 22 мамыр. 2007 ж.
2. Қазақстан Республикасының Азаматтық іс жүргізу кодексі (1999 жылғы 13 шілдедегі өзгертулері мен толықтырулармен бірге №412-1 Заңмен күшіне енгізілген);
3. Қ.Ә.Мәмидің жалпы редакциясымен, Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының нормативтік қаулылары, «Бико» баспа үйі», ЖАҚ баспасы, Алматы, 2004 жыл;
4. Қ.Ә.Мәмидің жалпы редакциясымен, Зиянды өтеу туралы даулар, «Би-Логистик» баспа үйі», ЖАҚ баспасы, Астана, 2004 жыл;
5. В.И. Радченконың жалпы редакциясымен, Ресей Федерациясының Азаматтық іс жүргізу кодексіне түсініктеме, «Норма» баспасы, Мәскеу, 2003 жыл;
6. Г.А. Жилин, Ресей Федерациясының Азаматтық іс жүргізу кодексіне түсініктеме, «ТК «Велби» ЖШҚ, 2003 жыл;
7. М.С.Шакарян және басқалар. Ресейдің Азаматтық іс жүргізу құқығы, оқулық, «Былина» баспасы, 1999 жыл.
8. Қазақстан Республикасының « Неке жоне от басы туралы» Заң 17 желтоқсан 1998ж.
9. Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексі. 1997 жылы 16 шілдеде қабылданған.
10. Абызов А.М. Право на иск и исковая давность; Мурин А.13. К вопросу об ограничении давностных сроков от пересекателъных. //В кн. Построенние правового государства. Вог.росы теории и практики. Ярославль. 1990
11. Базарбаев Б. Исковая давностъ. Понятие и значение. // Предприниматель и право. 14(75)май 1997.
12. Добровльский А.А. Исковая форма защиты права. М., 1965
13. Лапиров-Скобло М.Я. Исковая давность по имущественным спорам между хозяйственными организациями. М: Юридическая литература. -1961 9. Кириллова М.Я. Исковая давность.М, 1966.
14. Лапиров-Скобло М.Я. Исковая давность по имущественным спорам между хозяйственными организациями. 1961.
15. Баймолдина З.Х. Вопросы совершенствования гражданского процессуального законодательства // Право и государство. 1998. № 2.
16. Баймолдина З.Х. Гражданский процессуальный кодекс Республики Казахстан: Проблемы применения и совершенствования // Право и государство. 1999. № 4.
17. Баймолдина З.Х. Исковой порядок защиты прав в суде: Научно-практическое пособие. - Алматы: Жеті жарғы, 2001.
18. Баймолдина З.Х. Разбирательстио гражданских дел в суде первой инстанции: Научно-практическое пособие. - Алматы: Жеті жарғы, 2001.

ҚР БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ

Заңтану пәндер кафедрасы

Д И П Л О М Д Ы Қ Ж Ұ М Ы С

Тақырыбы: “ТАЛАП ҚОЮ АРҚЫЛЫ ІС ЖҮРГІЗУДІҢ ТҮІНІГІ ЖӘНЕ МӘНІ”

ОРЫНДАҒАН: сырттай оқу бөлімінің __

ҒЫЛЫМИ ЖЕТЕКШІ: кафедра аға оқытушысы,
(лауазымы, ғылыми дәрежесі,
атағы, аты жөні)

Қорғалуға жіберілді:
Кафедра шешімі бойынша
“ ___” ________ 2009 ж
№ ____ хаттама

Кафедра меңгерушісі заң ғылымдарының кандидаты,
(лауазымы, ғылыми дәрежесі, атағы, аты жөні)

АЛМАТЫ - 2009

МАЗМҰНЫ:

Кіріспе
1-тарау. Талап қою арқылы іс жүргізудің түсінігі мен мәні
1.1. Талап қою бойынша іс жүргізудің ұғымы мен тәртібі
1.2. Талап арыз алынғаннан кейінгі судьяның іс-әрекеттері
2-тарау. Істі сотта қарауға дайындау
2.1. Судьяның істі сотта қарауға дайындау жөніндегі іс-әрекеттері
2.2. Істі сотта қарауға әзірлеу мерзімдері
3-тарау. Азаматтық істерді сотта қарау
3.1. Істі сотта қарау және сот отырысы
3.2. Сот отырысының дайындық бөлімі
3.3. Істі мәні бойынша қарау
3.4. Сот жарыссөздері және прокурордың қорытындысы
Қорытынды
Пайдаланған әдебиеттер тізімі

Кіріспе

Зерттеу тақырыбының өзектілігі. Қазақстан Республикасы өзін
демократиялық, зайырлы, құқықтық және әлеуметтік мемлекет ретінде
орнықтырады, оның ең қымбат қазыаасы - адам және адамның өмірі, құқықтары
мен бостандықтары[1]. Конституцияға сәйкес адам құқықтары мен бостандықтары
танылады және олардың қорғалуына кепілдік беріледі[2].
Кейінгі уақыттарда қоғамда орын алған түбегейлі өзгерістер еліміздің
азаматтық сот ісін жүргізу саласына да ықпал етті. Сот- құқықтық
реформаларды жүзеге асыру бағытында 1999 жылы Қазақстан республикасының
Азаматтық іс жүргізу кодексі қабылданып, азаматтық сот ісін жүргізуде жаңа
институттар пайда болды, кейбір іс жүргізу ршституттарының мазмүны өзгерді.
Бүл талап қою қүқығьш іске асыру мәселесенің мәніне елеулі әсерін тигізеді.
Талап тек мемлекеттік сотқа ғана емес аралық немесе төрелік сотқа да
қойылады.
Ғалымдардың талап қою бойынша іс жүргізудің мәселесін зерттеумен кең
шұғылданған кезі — XX ғасырдың 50-90 жылдарына, яғни кеңестік дәуірге сай
келеді. Сол кездері жүргізілген ғылыми жұмыстардағы теориялық ой
қорытындылар әлі күнге дейін құндылығын жойған жоқ.
Осы жұмысты орындау барысында алға қойған мақсатым - ол азаматтық іс
жүргізу құқығы бойынша талап қою бойынша іс жүргізудің түсінігі мен оның
процессуалдық мәнін саралау болып табылады.
Тақырыптың зерттелу деңгейі. Кәзіргі таңда Ресей Федерациясы мен басқа
да шет мемлекеттерде бұл тақырып жөнінде көптеген ғылыми жұмыстар шықты.
Қазақстан мемлекетіміз үшін әлі күнге дейін зерттелу үстінде. Талап қою
арқылы іс жүргізудің түсінігі мен мәні жөніндегі мәселеге З.Х.
Баймолдинаның, Қ.Ә.Мәмидің, Г.А. Жилиннің, В.И. Радченконың, М.С.Шакарянның
және т.б. ғалымдардың еңбектері арналған.
Зерттеу объектісі. Жұмыстың ізденіс-зерделеу және зерттеу объектісіне
қоғамдық қатынастар, ондағы талап қою арқылы іс жүргізудің түсінігі мен
мәні мәселесіндегі құқықтық қорғау мен жүзеге асыруды мемлекеттік реттеу
болып табылады.
Зерттеу пәні болып талап қою арқылы іс жүргізудің түсінігі мен мәні
жөніндегі мәселелерді қамтитын Қазақстан Республикасының заңнамалары,
сондай-ақ зерттелетін проблемаға қатысты мемлекеттік органдармен, азаматтар
және ұйымдармен қатынастарын реттейтін құқықтық аспектілер кіреді.
Зерттеу мақсаттары мен міндеттері. Дипломдық зерттеу жұмысының негізгі
мақсаты – талап қою ұғымына талдама (анализ) жасау; тәжірибеде осы салаға
қатысты кездесетін мәселелерді талқылау; зерттеу мәселесі бойынша
заңнамаларды жетілдіру жөнінде ұсыныстар келтіру болып табылады.
Аталған мақсатқа жету үшін жүзеге асырылатын зерделеу-зерттеу
процесіне байланысты шешілуге тиіс мынадай міндеттер туындайды:
- Қазақстан Республикасындағы талап қою арқылы іс жүргізу
институтын құқықтық реттеу мәселесін жалпы тұрғыда қарастыру;
- Талап қою ұғымын салыстырмалы құқықтық негізде зерттеу;
- Талап қою арқылы іс жүргізу жөніндегі заңдылықтарды
қамтамасыз ету;
- Талап қою арқылы іс жүргізудің түсінігі мен мәні негіздеріне
құқықтық қорғауды қамтамасыз ету;
Зерттеу жұмысының методологиясы мен методикасы.
Методологиялық негіздері ретінде, ғылыми танымның диалектикалық-
материалистік, жүйелі-құрылымды және салыстырмалы-құқықтық әдістері
пайдаланылады. Ал теориялық негіздері ретінде, мемлекет және құқық
теориясы, азаматтық құқық, азаматтық іс жүргізу құқығы және конституциялық
заңдарға байланысты мемлекеттік және ресми тілде жарық көрген қазақстандық
ғалымдардың еңбектерінде, сондай-ақ таяу және қашық шет елдердің, әсіресе
Ресей ғалымдарының талап қою саласы бойынша жасалынған теориялық байлам-
түйіндері, соларға қатысты жаңаша көзқарастар мен тұжырым-ұсыныстарды
айқындауға, дипломдық жұмыс тақырыбының өзекті мәселелерінің өзіндік нақты,
дербес шешімін табуға арқау болып, ұтымды көрініс тапты. Сонымен бірге,
дипломдық тақырыптың өзекті мәселелерін жеткілікті көлемде ашып көрсетуге
азаматтық құқықтық және азаматтық іс жүргізу заңдары, арнайы талап қою
саласына арналған заңдар, сондай-ақ тақырыпқа сәйкес түрлі (басқа да)
нормативтік құқықтық актілер айтарлықтай септігін тигізді.
Дипломдық жұмыстың көлемі және құрылымы. Жұмыстың құрылымы ізденіс-
зерттеу жүргізу сипатына, зерттеу мәселелері мен қисындылығына және
деңгейіне байланысты кіріспеден сегіз бөлімшеден құрылатын үш бөлімнен,
қорытындыдан, пайдаланған нормативтік құқықтық актілер мен әдебиеттер
тізімінен тұрады.

1-тарау. Талап қою арқылы іс жүргізудің түсінігі мен мәні
1.1. Талап қою бойынша іс жүргізудің ұғымы мен тәртібі

Талап рим құқығында белгілі болған астіо терминінен шыққан, орыс
тілінде иск деген терминмен белгіленген. Талап ұғымын зерттеуге көптеген
процессуалистердің еңбектері арналады (Н.И. Авдеенко, С.Н. Аврамов, З.Х.
Баймолдина, МА. Викут, М.А. Гурвич, АА. Добровольский, П.Ф. Елисейкин, Н.Б.
Зейдер, А.Ф. Клейнман, ГЛ. Осокина, Е,В. Рябова, К.С. Юдельсон, т,б.).
Бірақ ғалымдар арасында талаптың түсінігіне қатысты ортақ көзқарас жоқ.
Автор әртүрлі пікірлерге теориялық-құқықтық талдау жасай отырып, талапты
процессуалдық және материалдық аспектіде қарастыратын ғалымдардың
ұстанымдары дұрыс деген қорытындыға келеді, Процессуалдық аспектіде талап
ретінде мүдделі тұлғаның мемлекеттік сотқа немесе аралық (төрелік) сотқа
мәлімдеген, қатал белгіленген тәртіппен қаралуға жене шешілуге жататын
талап етуі, ал материалдық аспектіде талап ретінде талапкердің жауапкерге
бағыттаған бұзылған немесе бұзылу қаупі бар не даулы құқығын және заңды
мүддесін қорғау туралы талап етуі түсініледі. Талаптың анықтамасында ҚР
АІЖК-нің 150-бабының 2-бөлігінің 4-тармақшасында көзделген талап арызда
талап қоюшының құқықтарын, бостандықтарын немесе заңы мүдделерін бұзудың
немесе бұзу қаупінің мәні және оның талап қою талаптары көрсетілуге
тиістігі жөнінде норма ескерілді.
Талап тек талап қою арқылы іс жүргізуде ғана емес, ерекше талап қоюмен іс
жүргізуде де орын алады. Бұл аталған іс жүрігізуде қарама-қарсы мүдделері
бар екі тараптың жөне олардың арасында құқық туралы дау болатынын
көрсететін оның құқықтық табиғатынан шығады. Ерекше талап қоюмен іс
жүргізудің атауы мұндағы талапты ерекше талап деп атауға мүмкіндік береді.
Ерекше талаптар жария құқықгық қатынастарынан туындап, тараптар арасындағы
материалдық-құқықтық қатынастар билік пен бағыну сипатында болады. Сонымен
бірге ерекше талаптар ҚР АІЖК-нің 25-29-тарауларында нақты белгіленген.
Ерекше талап қоюмен іс жүргізуге заңда белгіленген алыныстар мен
толықтырулар ескеріліп, талап қою арқылы іс жүргізу ережелері қолданылады.
Сондай өзгерістердің бірі - ерекше талаптардың арызбен немесе шағыммен
қозғалатыны. Ерекше талап қоюмен іс жүргізуді сотта талап арызбен қозғау
дұрыс тәрізді. Бұл аталған іс жүргізудін мәніне толық сай келер еді. Мұндай
ұсыныс сотта шағыммен немесе наразылықпен қозғалатын әкімшілік құқық
бұзушылықтар туралы істерді қарауға уәкілетті органдардың (лауазымды
адамдардың) қаулыларына дау айту жөнінде істерге қолданылмайды. Өйткені
аталган істердің материалдық табиғатында ерекшеліктер бар, сондай-ақ бұл
істерге азаматтық сот ісін жүргізу ережелеріне қоса әкімшілік сот ісін
жүргізу ережелері де қолданылады.
Азаматтық іс жүргізу құқығы ғылымында талаптың түсінігі туралы
мәселенің таласты екендігі өз кезегінде талапқа құқық проблемасының да
таласты сипатын көрсетеді. Талап қою құқығы дегеніміз — соттың немесе
аралық (төрелік) соттың қызметін мүдделі тұлға мәлімдеген талап бойынша
қозғау және жүргізу құқығы. Ал талаптың қанағаттандырылуына құқық дегеніміз
- мүддені тұлғаның мемлекеттік соттың немесе аралық (терелік) соттың шешімі
арқылы бұзылған немесе даулы субъективті материалдық құқығын қорғауға ие
болу құқығы.
Процессуалдық мағынадағы талапқа құқық және материалдық-құқықтық
мағынадағы талапқа құқық өзара байланысты және тәуелді екеніне қарамастан
дербес ұғымдар болып табылады. Екі ұғымның дербестігін олардың бір-бірінен
пайда болу негіздеріне, анықталу сәтіне және болмау салдарьгаа байланысты
айырмашылықтары көрсетеді.
Талапқа құқық ұғымы сот арқылы қорғалу құқығы ұғымымен байланысты. Сот
арқылы қорғалу құқығын да екі аспектіде қарастыруға болады: қорғалу үшін
сотқа жүгіну құқығы және сотта қорғауға ие болу құқығы. Талапқа құқық
сот арқылы қорғалу құқығының құрамдас бөлігі болады, сондықтан екеуінің
ішінде сот арқылы қорғалу құқығының мағынасы кең болып табылады.
Талап қою құқығы талапқа құқықтың процессуалдық мағынасы ретінде
субъективті құқық немесе заңды мүддені қорғау үшін сотқа жүгіну құқығын
білдіреді. Сотқа талаппен жүгіну құқығы белгілі бір заңи фактілердің
негізінде пайда болатын субъективті азаматтық іс жүргізушілік құқық ретінде
болады. Талап қою құқығына ие болу мүдделі тұлғада қорғалуға жататын
субъективті құқықтың немесе заңды мүдденің бар болуына тәуелді емес[3].
Талап қою құқығы азаматтық іс қозғалғанға дейін пайда болады және
талап қою мен азаматтық істі қозғау арқылы іске асырылады.
Талап және талап арыз ұғымдарының ара қатынасын анықтау маңызды
болып келеді. Әдебиетте талап пен талап арыз мазмұны және сыртқы нысаны
ретінде байланысатыны жөнінде ой айтылады (Ж.Н. Машутина, Г.Л. Осокина).
Талатың және талап арыздың әркайсысының дербес нысаны мен мазмұны болады.
Талаптың мазмұнын оның нысанасы мен негіздемесінен тұратын элементтерінін
жиынтығы құрайды. Ал үшінші элементіне қатысты ғалымдардың ойлары бір
арнаға тоғыспайды.
З.Х. Баймолдинаның үшінші элементке құқықты немесе заңды мүддені
қорғау тәсілдері жататыны жөніндегі пікірін қолдауға болады.
Талап арыз істі сотта қарауға әзірлеудің, сотта істі қарау мен мәні
бойынша шешудің шектерін жөне сипатын анықтаймыз. Ол сотқа соттық
зерттеудің көлемін, дәлелдемелердің қатыстылығы мен жол берілетіндігін
анықтауға көмектеседі. ҚР АІЖК-нің 150 жөне 151-баптарында көзделген талап
арыздың нысаны және міндетті реквизиттері, талап арызға тіркелетін құжаттар
жөнінде ережелер қатаң сақталуы керек.
Талап арыз реквизиттерінің бірі - талапкердің өз талаптарын
негіздейтін мән-жайлары, яғни талаптын негіздемесі. Талаптың негіздемесі
арқылы тараптар арасында құқықтық қатынастың пайда болуын, талап қоюшының
субъективтік құқығын, сондай-ақ осы құқықтың бұзылуын анықтауға және осы
талаптың басқа талаппен ұқсастығының болуын немесе болмауын анықтауға
болады. Талалтың негіздемесі сөйкес дәлелдемелермен расталуы керек.
Дәлелдемелердің талап арызда көрсетілуі және тіркелуі талап арыздың
міндетгі реквизитіне жатпайды, сондықтан сот істі қозғау кезінде тараптарды
қажетгі дәлелдемелерді тапсыруға міндеттей алмайды. Сот іс қозғалғанан
кейін қажетгі дәлелдемелерді тапсыруды ұсына немесе талап ете алады.
Құқық қорғаудың талаптық нысанының мәні, талап қою нәтижесінде пайда
болған азаматтық істің іс жүргізудің заңмен белгіленген процессуалдық
ережелері міндетті түрде сақтала отырып қаралуға жататындығында. Талап қою
құқығы – бұл заңды тұлғаның жауапкермен арадағы материалдық-құқықтық дауды
қарау мен шешу, бұзылған немесе дауланған субъективтік құқығын, заңды
мүддесін қорғау туралы өтінішпен сотқа жүгіну бойынша мемлекет қамтамасыз
еткен және заңмен бекітілген мүмкіндігі. Талап бұзылған немесе дауланған
құқықты қорғаудың іс жүргізу құралы болып табылады, ал бұзылған құқықты
қорғау іске асырылатын нысан талаптық нысан деп аталады. Құқықты қорғаудың
талаптық нысаны үшін төмендегілер тән:
• материалдық-құқықтық талаптың болуы;
• субъективтік құқық туралы даудың болуы;
• қарама-қайшы мүдделері бар екі тараптың болуы.
Талап элементтері – талаптың мазмұнын айқындайтын оның құрамдас
бөліктері. Талап элементтеріне қорғау тәсілі мен болашақ сот шешімінің
сипаты байланысты болады. Талап элементтеріне төмендегілер жатады:
мән – осыған қатысты талапкер соттан қорғауды сұрайды (яғни, бұл
талапкердің жауапкерге қоятын материалдық-құқықтық талабы немесе олардың
арасындағы бүкіл материалдық құқықтық қарым-қатынас).
талаптың негізі – істің талапкердің дәлеліне негіз болатын мән-жайлары,
талапкер өзінің жауапкерге қоятын материалдық-құқықтық талабын немесе
талаптың мәнін құрайтын тұтас құқықтық қарым-қатынастарын, яғни талаптың
қайда бағытталып отырғанын заңдық фактілер ретінде осы мән-жайлармен
байланыстырады.
талаптың мазмұны – сот арқылы қорғау түрі (тәсілі), талапкердің сотқа
талабы, олар талап арыздың өтініш бөлігінде көрініс табады.
Процессуалдық жағын, талап қою құқығының бар-жоғын судья талап арызды
қабылдаған кезде тексереді. Егер талапкерде талап қою үшін іс жүргізу
құқығы болмаса судья талап арызды қабылдаудан бас тартады. Талап қою
құқығының материалдық-құқықтық жағы сотта қаралу барысында тексеріледі және
анықталады.
Талап қою. Азаматтық іс қозғалар алдында мүдделі тұлға талап қоюға,
ерекше талап қою және ерекше ісі жүргізу істері бойынша арыз беруге тиіс.
Бірінші сатыдағы сотта азаматтық іс қозғау бірінші сатыдағы соттағы ісі
жүргізудің міндетті бастапқы сатысы болып табылады. Осындай құқықты іске
асырудың ықтимал мүмкіндігінің себептері бойынша, талап сотқа қабылдағанға
дейін сот жүзеге асырған кез келген іс жүргізу әрекеттері заңсыз болып
табылады және АІЖК-нің 1-бабының ережелеріне қайшы келеді, онда Қазақстан
Республикасының азаматтық іс жүргізу заңдары осы Кодекспен және басқа
заңдармен өз құзіретіне жатқызылған талап қою және өзге істерді қарау мен
шешу барысында сот төрелігін атқару кезінде туындайтын қоғамдық
қатынастарды реттейді деп белгіленген.
АІЖК-нің 8-бабында белгіленгендей, әрбір тұлға бұзылған немесе даулы
конституциялық құқықтарын, бостандықтарын немесе заңмен қорғалатын
мүдделерін қорғау үшін азаматтық іс жүргізу кодексімен белгіленген
тәртіппен сотқа жүгінуге құқығы бар. Заңда көзделген жағдайларда мыналар
өзге тұлғалардың немесе тұлғалардың белгісіз бір тобының құқықтарын және
заңмен қорғалатын мүдделерін қорғау туралы сотқа арыз беріп жүгіне алады:
• мемлекеттік органдар;
• заңды тұлғалар;
• азаматтар;
• прокурор өзіне жүктелген міндеттерді жүзеге асыру мақсатында және
азаматтардың, заңды тұлғалардың, құқықтарын, қоғамдық және
мемлекеттік мүдделерді қорғау үшін талап қойып (арыз беріп) жүгінуге
құқығы бар.

1.2. Талап арыз алынғаннан кейінгі судьяның іс-әрекеттері

Талап арыз түскеннен кейін 1-тармақта белгіленген алғышарттар болған
жағдайда (жоғарыдан қараңыз), судья бес күн ішінде талап арызды өз
өндірісіне қабылдау туралы ұйғарым шығарады. Ұйғарымда талап арыз
қабылданған күн, кімнің кімге және не туралы талап арызы бойынша азаматтық
іс қозғалып отырғаны көрсетілуге тиіс. Бұл орайда азаматтық процестегі
тараптар талапкер мен жауапкер болып табылатынын есте ұстау керек. Өз
мүдделері үшін талап қойған немесе солардың мүдделеріне талап қойылған
азаматтар мен заңды тұлғалар талапкерлер болып табылады. Өздеріне талап
қойылған азаматтар мен заңды тұлғалар жауапкерлер болып табылады. Заңмен
көзделген жағдайларда заңды тұлғалар болып табылмайтын ұйымдар да тараптар
бола алады. Өзінің мүддесін көздеп басқа тұлғалардың құқықтарын,
бостандықтарын және заңмен қорғалатын мүдделерін қорғау туралы сотқа
жүгінуге заң бойынша құқығы бар тұлғалардың арызы бойынша іс басталған
тұлғаға сот пайда болған процесс туралы хабарланады және ол процеске
талапкер ретінде қатысады. Азаматтық процестің тарабы мемлекет бола алады
(АІЖК-нің 48-бабы).
Талап арызды қабылдау туралы мәселені шешумен бір мезгілде сот АІЖК-нің
14-бабын, Қазақ КСР Жоғарғы Соты Пленумының 1989 жылғы 22 желтоқсандағы
Соттардың сот ісін жүргізу тілі туралы заңдарды қолдану тәжірибесі туралы
№ 12 қаулысының ережелерін ескере отырып, сот ісін жүргізу тілін айқындауға
тиіс. Аталған ережелерге сәйкес сот ісін жүргізу тілі сотқа талап арыз
(арыз) қандай тілде берілгеніне қарай сот ұйғарымымен белгіленеді.
Жоғарғы Соттың 2001 жылғы 13 желтоқсандағы Істерді сотта қарауға
дайындау туралы № 21 нормативтік қаулысының (бұдан әрі - нормативтік
қаулы) 3-тармағына сәйкес, сотқа дейінгі дайындық кезеңінде сот ісін
жүргізу тілін өзгерту туралы өтінім түскен жағдайда, судьяның сот
отырысында істі қарау жүзеге асырылатын сот ісін жүргізу тілі туралы
ұйғарым шығаруға құқығы бар.
Денсаулыққа келтірілген зиян туралы талап арыз берілген кезде құжаттарды
ресімдеудің мына мысалын назарларыңызға ұсынуды мүмкін деп тауып отырмыз,
ол біздің ойымызша, даудың санатына байланысты бірінші сатыдағы соттар үшін
күрделі болып табылады.
Жоғарғы Соттың 1999 жылғы 9 шілдедегі Қазақстан Республикасы соттарының
денсаулыққа келтірілген зиянды өтеу туралы заңдарды қолдануының кейбір
мәселелері туралы № 9 нормативтік қаулысына (2004 жылғы 18 маусымдағы
нормативтік қаулымен енгізілген өзгертулермен және толықтырулармен бірге)
сәйкес, қызметкерге келтірілген зиянды өтеу туралы талап арызды сот тек
қызметкердің талап етуі немесе қаза болған қызметкердің отбасы мүшелерінің
талап етуі бойынша ұйым әкімшілігінің шешімі қабылданып, зардап шегуші,
қаза болған қызметкердің отбасы мүшелері оның шешімімен келіспегеннен кейін
немесе осы талаптарды әкімшілік белгіленген он күндік мерзім ішінде
қарамаған жағдайда іс жүргізуге қабылдайды. Әкімшілік зардап шегушінің
арызы бойынша дер кезінде шешім қабылдамаған жағдайда зардап шегуші тікелей
сотқа жүгіне алады.
Қойылатын талаптардың сипатына қарай талап арызға мынадай дәлелдемелер
қоса берілуге тиіс:
• зардап шегуші қызметкерге еңбектегі жарақат арқылы келтірілген
нұқсанды өтеу туралы ұйым әкімшілігінің шешімі (бұйрығы, өкімі);
• еңбек қызметіне байланысты жазатайым жағдай немесе қызметкердің
денсаулығының басқаша зақымдануы туралы акт (Н-1 нысандағы акт);
• жазатайым жағдайды арнайы тексеру туралы акт;
• Мемлекеттік инспектордың жазатайым жағдайдың себептері туралы
қорытындысы;
• медициналық-әлеуметтік сараптама комиссиясының (МӘСК) еңбек
қызметіне байланысты жарақат алған немесе денсаулығы басқаша түрде
зақымданған қызметкердің кәсіби еңбек қабілетін жоғалту дәрежесін
(пайызбен) белгілеу туралы қорытындысы;
• медициналық-әлеуметтік сараптама комиссиясының денсаулықтың
зақымдануының басқа жағдайлары туралы қорытындысы; жәбірленушінің
басқа адамның күтіміне және қосымша ресурстардың басқа түрлеріне
мұқтаждығы туралы қорытынды;
• орташа айлық еңбекақының Қазақстан Республикасының Азаматтық
кодексінің (бұдан әрі - АК) 938-бабына сәйкес есептелген мөлшері
туралы мәлімет, сондай-ақ басқа да қажетті құжаттар.
• Нормативтік қаулының жоғарыда баяндалған ережелерін қалай болғанда
да осындай сипаттағы талап арыздарды қабылдаған кезде орындау қажет.
Осы айтылғандарды қорытындылай келе, құқықтар мен заңды мүдделердің
бұзылуының мәнін, талапкер өзінің талаптарының негізіне алатын мән-
жайларды және осы мән-жайларды растайтын дәлелдемелерді баяндай
отырып, талапкер талап арызында төмендегілерді көрсетуге тиіс деп
есептейміз:
• ол ұйымда (кәсіпорында) қай кезден бері еңбек шартының (келісім-
шарттың) негізінде, қандай қызметте жұмыс істегенін және оның
лауазымдық міндеттеріне не жататынын;
• қызметтік міндеттерін орындау кезінде қашан және қандай жағдайларда
оған еңбек жарақаты келтірілгенін;
• оның басында болған жазатайым оқиға үшін жауапкердің кінәсі немен
расталады, жазатайым оқиғаның себептері туралы қорытындыны және
өндірістегі жазатайым оқиға туралы актінің тұжырымдарын, жасалған
күні мен заң талаптарына сәйкестігін көрсете отырып баяндау;
• талапкер Дәрігерлік еңбек сараптама комиссиясы (ДЕСК) өткізген
сараптаманың қорытындысы бойынша өндірістегі жазатайым оқиғаның
нәтижесінде мүгедек болып танылды ма, қандай топтағы мүгедек, ДЕСК
қорытындысының негізінде кәсіби еңбек қабілетінің қанша %-ын
жоғалтты, қайта куәландыру қашан тағайындалды;
• орын алған жазатайым оқиғадан кейін жұмыс істей ме, кім болып жұмыс
істейді, сол кәсіпорында ма әлде ауыстырылды ма, жұмыс берушінің
бұйрығының күні мен нөмірі көрсетіліп жұмыстан босатылды ма;
• талапкердің еңбекақысының орын алған жазатайым оқиғаға дейінгі және
кейінгі мөлшері қандай немесе жұмыс істемеуі себепті еңбекақысы жоқ
екенін көрсету керек.
Сонымен қатар, талапкер нормативтік құқықтық актілерге сілтеме жасай
отырып, жарақат алғанға дейінгі орташа айлық еңбекақысына қатысты еңбек
қабілетін жоғалту пайызын ұсынуға, егер жәбірленуші осы көмек түрлеріне
мұқтаж және оларды тегін алмайды деп танылған болса, денсаулығының
зақымдануына байланысты ем алуға, арнайы қосымша тамақтануға, дәрі-дәрмек
сатып алуға, протез жасауға, басқа адамның күтіміне, санаторлық-курорттық
емделуге, арнайы көлік құралдарын сатып алуға, басқа мамандық алуға
дайындалуға және т.б. байланысты туындаған қосымша шығыстардың бар-жоғын
талаптарының сомасын негіздеп, жасаған есептерін ұсына отырып көрсетуге
міндетті. Талап арызда талапкер жарақат алғанға дейінгі өзінің айырылып
қалған орташа айлық еңбекақысы қандай құқық нормаларға сәйкес өтелуі қажет
деп санайтын болса, сол нормаларға сілтеме, сондай-ақ ол жазатайым оқиға
нәтижесінде жұмсаған қосымша шығыстары көрсетуге тиіс. Егер талапкер
жауапкермен арадағы дауды соттан тыс тәртіпте шешуді ұсынған болса, бұл
туралы талап арызда көрсетуге болады[4].
Талап арыздың өтініш бөлігінде талапкер жауапкердің кінәсінен болған
денсаулығының зақымдануы нәтижесінде айырылып қалған еңбекақысын өтеу
турасында талапкерге қойылатын нақты сомаларды, ай сайын қандай уақыттан
бастап төленуі керек екенін, сондай-ақ талапкер жұмсаған қосымша шығыстарды
көрсетуге тиіс.
Төменде талап арызға қосымшада сотқа ұсынылуы қажет деп саналатын
құжаттардың кейбір тізбесі келтірілген, олар:
еңбек келісім-шарты;
жұмысқа қабылдау туралы бұйрықтың көшірмесі (үзінді көшірме);
еңбек қызметіне байланысты жазатайым жағдай немесе қызметкердің
денсаулығының басқаша зақымдануы туралы акт (Н-1 нысанындағы акт);
Мемлекеттік инспектордың жазатайым жағдайдың себептері туралы
қорытындысы;
арызбен жүгінген сәттегі орташа айлық еңбекақысы туралы анықтама;
егер талапкер жұмыс істемейтін болса, мүгедектігі және т.б. бойынша
зейнетақы алатыны туралы анықтама;
атқарып жүрген қызметінен босатылуы, басқа жұмысқа ауыстырылуы және т.б.
туралы бұйрықтың көшірмесі (үзінді көшірме);
зардап шегуші қызметкерге еңбектегі жарақат арқылы келтірілген нұқсанды
өтеу туралы ұйым әкімшілігінің шешімі (бұйрығы, өкімі);
жазатайым жағдайды арнайы тексеру туралы акт;
медициналық-әлеуметтік сараптама комиссиясының (МӘСК) еңбек қызметіне
байланысты жарақат немесе немесе денсаулығы басқаша түрде зақымданған
қызметкердің кәсіби еңбек қабілетін жоғалтуының дәрежесін (пайызбен)
белгілеу туралы қорытындысы;
медициналық-әлеуметтік сараптама комиссиясының денсаулықтың
зақымдануының басқа жағдайлары туралы қорытындысы;
орташа айлық еңбекақының АК-нің 938-бабына сәйкес есептелген мөлшері
туралы мәлімет;
айырылып қалған еңбекақының есебі;
қосымша шығыстардың есебі;
қосымша шығыстарды және олардың қажеттігін растайтын дәлелдемелер;
жәбірленушінің басқа адамның күтіміне және қосымша шығыстардың басқа
түрлеріне мұқтаждығы туралы қорытынды;
талапкер өзінің пікірлерін растауға негіз етіп алған басқа қисынды және
жарамды дәлелдемелер;
талап арыздың көшірмесі.
Егер моральдық зиянды өтеу туралы да талаптар қойылатын болса, талап
арызда АІЖК-нің 150-бабында көрсетілген негізгі ережелерден бөлек жеке
мүліктік емес игіліктер мен құқықтардың бұзылуы, кемсітілуі немесе айырылуы
неде екенін, соның ішінде жәбірленушіге қарсы жасалған заң бұзушылық
нәтижесінде ол басынан кешіретін моральдық және дене азабын; олардың қандай
дәлелдемелермен расталатынын; талапкер өзіне келтірілген моральдық зиянды
қандай сомада айқындайтынын көрсету және есептерді негіздеу қажет.
Барлық мән-жайлар АІЖК-нің 83-бабының талаптарына сәйкес жазбаша
дәлелдемелермен құжат түрінде расталуға тиіс, оларды талап арызға қоса
тіркеу керек.
Құқықтар мен заңды мүдделердің бұзылуының мәні, талапкер өзінің
талаптарына негіз етіп алған мән-жайлар, асыраушының аса қауіпті қатер
көзі және т.б. арқылы келтірілген қазаның нәтижесінде басқа негіздемелер
бойынша зиянды өтеу туралы осы мән-жайларды растайтын талап арыздарының
дәлелдемелері шамалы түзету енгізіле отырып дәл осылай баяндалуы мүмкін.
Карсы талап қою:
АІЖК-нің 35-бабының 2-бөлігіне сәйкес, қай соттың соттылығына
жататындығына қарамастан қарсы талап бастапқы талапты қараған жердегі сотқа
беріледі.

2-тарау. Істі сотта қарауға дайындау
2.1. Судьяның істі сотта қарауға дайындау жөніндегі іс-әрекеттері

Сотта азаматтық іс қозғау бойынша іс жүргізу әрекеттерін іске асырғаннан
кейін судья АІЖК-нің 16-бабының талаптарына сәйкес, істі сотта талқылауға
дайындауды іске асыруға тиіс, оның мақсаты істі дер кезінде және дұрыс шешу
болып табылады. Істі сотта талқылауға дайындауды іске осыдан кейін сот
талқылауын жүргізуге ештеңе кедергі жасамайтындай етіп жүзеге асыру қажет.
Істерді сотта талқылауға дайындауды іске асырған кезде судьялар
азаматтық іс жүргізу кодексінің ережелерін және Жоғарғы Соттың 2001 жылғы
13 желтоқсандағы Істерді сотта қарауға дайындау туралы № 21 нормативтік
қаулысын (бұдан әрі нормативтік қаулы) басшылыққа алулары қажет.
Сотқа дейінгі дайындықты жүргізу кезіндегі судьялардың қателіктері
төмендегідей болып табылады:
• сотқа дейінгі дайындық мерзімдерін ұзарту үшін негіздемелер бар
екеніне қарамастан, мерзімдер ұзартылмайды. Судьялар аталған жайтты
мұның азаматтық істердің жекелеген санаттарын қоспағанда, істі
қараудың АІЖК-нің 174-бабымен белгіленген 2 айлық жалпы мерзіміне
әсер етпеуімен түсіндіреді. Ал мұндай пікірлер істерді сотқа дейін
дайындау институтының негізгі мақсатына сәйкес келмейді;
• сотқа дейінгі дайындық тараптарды шақырып, талап арыздың көшірмесін
7 күн ішінде беру арқылы ресми түрде жүргізіледі.
• сотқа дейінгі дайындық туралы ұйғарымның орындалуы қамтамасыз
етілмесе, сотқа дейінгі дайындықтың жүргізілмегені көрсетіле отырып
іс тыңдауға тағайындалады.
• іс жүзінде сотқа дейінгі дайындық іс тыңдауға тағайындалғаннан кейін
және сот отырысының кем дегенде бір күні өткен соң жүргізіледі.
• сотқа дейінгі дайындық тиісінше жүргізілмегендіктен істі тыңдаудың
үнемі кейінге қалдырылуы және мерзімдердің бұзылуы.
Мұндай бұзушылықтар, сөз жоқ, іс үшін маңызы бар мән-жайлар шеңберінің
дұрыс айқындалмауына байланысты және АІЖК-нің 16-бабында көрсетілген басқа
негіздемелер бойынша кейіннен соттардың шығарған шешімдері мен
ұйғарымдарының күшінің жойылуына әкеп соғуы мүмкін.
АІЖК-нің 166-бабының талаптарына сәйкес, әр іс бойынша істі сотта
талқылауға дайындаудың міндетті мақсаттары төмендегілер болып табылады:
1. істі дұрыс шешу үшін маңызы бар мән-жайларды нақтылау;
2. басшылыққа алынуға тиіс заңды және тараптардың құқықтық қарым-
қатынастарын айқындау;
3. іске қатысушы тұлғалардың және процестің басқа да қатысушыларының
құрамы туралы мәселені шешу;
4. әр тарап өзінің тұжырымдарын негіздеу үшін ұсынуға тиіс дәлелдемелерді
айқындау.
Істі сотта талқылауға дайындауды сот әр іс бойынша, АІЖК-нің 168-бабының
талаптарына сәйкес шығарылған соттың ұйғарымы бойынша іске асырады. Мұндай
дайындық соттың шешімінің немесе ұйғарымының апелляциялық немесе қадағалау
тәртібінде күші жойылып, іс бірінші сатыдағы сотқа жаңадан қарауға
түскеннен кейін де іске асырылуға тиіс, себебі тек шешімнің немесе
ұйғарымның күші жойылғаннан кейін ғана іс сотқа қайтадан түскен іс ретінде
қаралатын болады; жоғары сатыда тұрған мекеменің нұсқауларын орындау
мақсатында сот іс бойынша шындықты анықтауға, тараптардың пікірлерін және
олар ұсынған дәлелдемелерді тексеруге бағытталған белгілі бір іс жүргізу
әрекеттерін іске асыруға тиіс. Істі сотта талқылауға дайындау туралы сот
ұйғарымының қорытынды бөлімінде сот істі сотта қарауға дайындау мақсатында
жүзеге асырылып жатқан барлық іс жүргізу әрекеттерін көрсетуге тиіс.
Істі сотта талқылауға дайындау бойынша судьяның іс-әрекеттері.
Сотқа дейінгі дайындықты дұрыс жүргізу үшін судья төмендегі іс-
әрекеттерді жүзеге асыруы қажет, оларды істі сотта талқылауға дайындау
міндеттеріне қарай жүйеге келтіруді және кезегімен қарауды ұсынамыз.
1. Істі дұрыс шешу үшін маңызы бар мән-жайларды нақтылау.
Судья талап арыздың және оған қоса тіркелген, талапкердің талаптарын
негіздейтін құжаттардың көшірмесін жауапкерге почта арқылы жібереді немесе
өзіне тапсырады және оған өзі белгілеген мерзімде талап арызға жауап
(қарсылық) беруді, өзінің жауабын (қарсылығын) негіздеу үшін дәлелдемелер
келтіруді ұсынады, бұл туралы сотқа дейінгі дайындықты іске асыру туралы
ұйғарымда көрсетіледі. Жауапкер талап арызды және оған қоса тіркелген
құжаттардың көшірмесін тапсыру үшін сотқа шақырылуы мүмкін немесе бұл
құжаттар оған сот кеңсесі арқылы почтамен жіберіледі. Жауапкердің пікірі
мен дәлелдемелерді бермеуі істегі бар дәлелдемелер бойынша істі қарауға
кедергі келтірмейді (АІЖК-нің 169-бабы).
Істі сотта талқылауға дайындау тәртібінде судья істің дұрыс шешілуі үшін
маңызы бар мән-жайларды нақтылап, төмендегілерді іске асыра алады:
• талапкерге мәлімделген талаптарының нысанасы бойынша сауалдар қою;
• одан жауапкер тарапынан болуы мүмкін қарсы пікір туралы анықтап
білу;
• егер талаптардың нысанасы мен негіздемелерін, істің дұрыс шешілуі
үшін маңызы бар мән-жайларды нақтылау барысында қажеттілік туындаған
жағдайда, қосымша дәлелдемелерді көрсетуді ұсынады (АІЖК-нің 171-
бабы);
• АІЖК-нің 16-бабымен белгіленген құқықтары мен міндеттерін
түсіндіреді, олар төмендегілерді көздейді:
– істің материалдарымен танысу, олардан үзінді алу және көшірмелерін
жасау құқығы;
– наразылық білдіру;
– дәлелдемелер келтіру және оларды зерттеуге қатысу;
– іске қатысатын басқа тұлғаларға, куәлерге, сарапшылар мен
мамандарға сұрақтар қою;
– өтінімдер, соның ішінде қосымша дәлелдемелерді сұратып алдыру
туралы өтінімдер мәлімдеу;
– сотқа ауызша және жазбаша түсініктемелер беру;
– сот процесі барысында пайда болатын барлық мәселелер бойынша өзінің
пікірлерін білдіру;
– іске қатысушы басқа тұлғалардың өтінімдері мен пікірлеріне қарсылық
білдіру;
– сот пікірталасына қатысу;
– сот отырысының хаттамасымен танысу және оған қатысты жазбаша
ескертулер беру;
– соттың шешімдері мен ұйғарымдарына шағым беру;
– азаматтық сот ісін жүргізу туралы заңдармен берілген басқа да іс
жүргізу құқықтарын пайдалану;
– өзіне тиесілі барлық іс жүргізу құқықтарын адал пайдалану.
Қажетті жағдайларда судья:
• жауапкерді шақыртады, оған істің мән-жайлары бойынша сұрақтар қояды;
• талапқа қарсы қандай қарсылықтары бар екенін анықтайды;
• жауапкердің қарсылықтары қандай дәлелдемелермен расталатынын
анықтайды;
• ерекше күрделі істер бойынша жауапкерге іс бойынша жазбаша
түсіндірмелер беруді ұсынады (АІЖК-нің 171-бабы);
• АІЖК-нің 47-бабымен белгіленген құқықтары мен міндеттерін
түсіндіреді (жоғарыдан қараңыз).
Сонымен қатар судья тараптарға өздерінің мәлімделген талаптарын негіздеу
үшін дәлелдемелер келтіру бойынша міндеттерін орындамауы азаматтық сот ісін
жүргізу туралы заңдармен көзделген салдарларға әкеп соғатынын түсіндіреді.
Мүліктік даулар бойынша судья тараптарға төмендегіні түсіндіреді:
• осындай дауларды аралық сотқа беру құқығы бар екенін;
• осы іс жүргізу әрекетін жасау тәртібі, яғни тараптардың бұл туралы
келісімінің болуы;
• осындай келісімді жасаудың салдары, яғни дәл осы талаптар бойынша
сотқа жүгінудің мүмкін еместігі.
Тараптардың әңгімеге бір мезгілде шақырылғаны дұрыс, бұл белгілі бір
дәрежеде іс жүргізу уақытын үнемдеуге жағдай жасайды, себебі тараптардың әр
түрлі уақытқа шақырылуы және қосымша құжаттарды сұратып алдыру туралы
өтінім бере отырып ықтимал қарсылықтардың анықталуы немесе тараптармен
түрлі уақытта өткізілген әңгіме барысында басқа мәліметтердің берілуі сотқа
дейінгі дайындық мерзімін ұзаққа созуы мүмкін. Екі тараппен де бір мезгілде
әңгіме өткізу барысында судьяның ашықтығы, анықтығы мен бейтараптығы туралы
дәлелдейтін осындай іс-әрекеттердің жүзеге асырылуы судья мен тараптардың
іс жүргізуден тыс қарым-қатынастарының пайда болу мүмкіндігін жоққа
шығарады, сотқа деген сенімді арттырады, тараптардың шынайы теңдігін
қамтамасыз етеді[5].
АІЖК-нің 170-бабының ережелері бойынша жазбаша түсініктемелерді тек
күрделі істер бойынша сұратып алдыру мүмкіндігі белгіленетін болса да,
тараптармен өткізілген әңгіменің нәтижелері бойынша судьяға іс бойынша
жауапкердің жазбаша түсіндірмелер беруін ұсынуы жөнінде кеңес береміз. Сол
сияқты талапкерге де жауапкердің талаптың нысанасына немесе
негіздемелеріне, істі қарау нәтижесіне әсер ететін қарсылықтарына немесе
түсіндірмелеріне қатысты түсіндірмелер беруін ұсынған дұрыс. Осындай
тұжырымның негізділігі, сотқа дейінгі дайындық барысында есепке алынбайтын
ықтимал күрделі жағдайларды әрқашан да айқындау қиын, мысалы, жауапкер
кейіннен дәлелді себепсіз сот отырысына келмей қалуы мүмкін, басқа да
күтпеген мән-жайлар орын алуы мүмкін. Сотқа дейінгі дайындық барысында
тараптардың жазбаша түсіндірмелер, нақтыламалар беру, оларды соңынан тиісті
түрде талапкердің талаптың нысанасын немесе негіздемесін өзгерту, немесе
талаптарды толықтыру немесе нақтылау деп, ал жауапкердің талаптарға қарсы
қарсылық немесе қарсы талап деп тиісті түрде ресімдеуінің тараптардың іс-
әрекеттерінің дәйектілігін және талаптарының негізділігін бағалау кезінде
маңызға ие болуы мүмкін.
Сотқа дейінгі дайындықты іске асыру барысында іс үшін маңызы бар мән-
жайларды нақтылағаннан кейін талапкер талабының нысанасын немесе
негіздемесін өзгерте алады. Мұндай әрекеттерге сот шешім шығарғанға дейін
де АІЖК нормалары бойынша рұқсат етіледі. Сотқа дейінгі дайындық сатысында
шешім қабылдау үшін судья төмендегіні назарда ұстауға тиіс:
• талаптың негіздемесі мен нысанасын бір мезгілде өзгертуге жол
берілмейді, себебі аталған жайт жаңа талаптың қойылуы туралы
дәлелдейді;
• талапкердың талаптың негіздемесі мен нысанасын өзгертуге құқығы бар;
• талаптардың мөлшерін көбейту немесе азайту;
• талаптан бас тарту;
• талаптың негіздемесін немесе нысанасын өзгерту, талаптардың мөлшерін
көбейту немесе азайту, талаптан бас тарту жазбаша арыз беру жолымен
іске асырылады;
• соттың өз бастамасы бойынша талаптың нысанасын немесе негіздемесін
өзгертуге құқығы бар (АІЖК-нің 49-бабы).
Нормативтік құқыққа сәйкес, егер істі сотта талқылауға дайындау кезінде
талапкердің берілген арыздан туындайтын, сол жауапкерге немесе басқа
жауапкерлерге талаптары бар екені, ал жауапкердің талапкерге қарсы
талаптары бар екені анықталса, онда судья талапкердің қосымша талап қою, ал
жауапкердің қарсы талап қою құқығын түсіндіруге тиіс. Тараптардың тең
құқылығы қағидасына сәйкес жауапкердің өзіне қойылған талаптардан қорғануға
құқығы бар. Жауапкердің қорғану құралдары талапқа қарсы дау айту, қарсы
талап болып табылады.
Қарсы дау – жауапкердің талапты материалдық құқықтық және іс жүргізу
жағынан жоққа шығаратын пікірлері. Материалдық құқықтық қарсылық – бұл
талапкер келтірген құқықтық жайттарға негізделген талаптарды мәні жағынан
жоққа шығару. Жауапкер талаптың негізсіз екендігін көрсетіп, талапқа негіз
болған жайттарды мойындамайды немесе жоққа шығарады, ұсынылған
дәлелдемелердің жалған екендігін көрсетеді. Іс жүргізу қарсылығы – сот ісін
жүргізуді тоқтата тұруға немесе тоқтатуға әкелуі мүмкін іс жүргізу
нормаларының бұзылу жайттарын (мысалы, істі аралық сотқа беру туралы
шарттың болуы) жауапкердің көрсетуі болып табылады.
Егер қарсы талап АІЖК-нің 157-бабында көрсетілген талаптарға, яғни
төмендегілерге сай келсе, судья бір сот ісін жүргізуде талапкердің арызымен
бірге қарау үшін жауапкерден қарсы талап арыз қабылдайды:
• қарсы талап алғашқы талапты есепке алуға бағытталса;
• қарсы талап қоюды қанағаттандыру алғашқы талап қоюды толық немесе
ішінара қанағаттандыруды жоққа шығарса;
• қарсы және алғашқы талаптар арасында өзара байланыс болса және
оларды бірлесіп қарау дауларды неғұрлым жылдам және дұрыс қарауға
әкелсе. Сонымен қатар қарсы талапты қабылдау нәтижесінде іс
жүргізуде үнемдеуге қол жеткізіледі, іс бойынша талаптың нысанасы
немесе негіздемелері бойынша байланысты қарама-қайшы шешімдер шығару
мүмкіндігі жоққа шығарылады.
Қарсы талап АІЖК-нің 150-бабымен көзделген талап қою туралы жалпы
ережелер бойынша қойылады, қарсы талаптар бойынша да міндетті түрде
мемлекеттік баж төленеді. Талап арызды қабылдау туралы судья талапты
қабылдау туралы ұйғарым шығарады. Қарсы талапты процестің сот шешім
қабылдағанға дейінгі кез келген сатысында мәлімдеуге болады.
Назар аударылуға тиісті маңызды тұс істі қарау мерзімін есептеу болып
табылады. Іс жүргізу туралы заңның талаптарына сәйкес мерзімдерді есептеу
талап қойылған кезде жаңадан басталмайды. Жауапкердің қарсы талапты уақтылы
қоюы сотқа дейінгі дайындықтың қаншалықты дұрыс жүргізілуіне, екі тараптың
да теңдігінің құқықтық кепілдігі қаншалықты қамтамасыз етілгеніне тәуелді
болады. Егер судья істі сотта талқылауға дайындау кезеңінде АІЖК-нің 166,
170-баптарының ережелерінің дәл орындалуын қамтамасыз етпесе, онда
жауапкердің қарсы талапты сот шешім шығарғанға дейін сотта істі қарау
сатысында қоюы істің кейінге қалдырылуына, қосымша дәлелдемелер жинауға,
түптің түбінде істі қараудың іс жүргізу мерзімдерінің бұзылуына әкеп соғуы
мүмкін.
Егер өзінің мазмұны бойынша қарсы талап АІЖК-нің 157-бабында көрсетілген
талаптарға сәйкес келмесе, онда судья АІЖК-нің 154-бабының негізінде қарсы
арызды кері қайтару туралы ұйғарым шығарады (нормативтік қаулыны қараңыз).
2. Істі қарау кезінде басшылыққа алынуға тиіс заңды және тараптардың
құқықтық қарым-қатынастарын айқындау.
Істі сотта талқылауға дайындау кезеңінде судья істі қарау кезінде
басшылыққа алынуға тиіс заңды және тараптардың құқықтық қарым-қатынастарын
айқындайды. Іс бойынша дәлелдеу нысанасын құрайтын жайттардың шеңберін
тараптардың қарым-қатынастарының сипатын анықтау мен осы қарым-қатынастарды
реттейтін заң нормаларын айқындау кезінде анықтауға болады. Судья жауапкер
тиісті жауапкер болып табылатынын-табылмайтынын, тең жауапкерлерді, тең
талапкерлерді немесе басқа тұлғаларды уақтылы тарту үшін судьяның шара
қабылдауға тиіс-тиіс еместігін анықтауы қажет. Істі сотта талқылауға
дайындау кезеңінде талапкердің талапты тиісті емес жауапкерге қойғаны
анықталуы мүмкін. Мысалы, егер талапкер автокөлікті басқару кезінде жол-
көлік оқиғасын жасаған ықтимал жауапкерге талап қоятын болса. Мұндай
жағдайларда сотқа дейінгі дайындық барысында судья істі тоқтатпастан,
талапкердің өтінімі бойынша тиісті емес жауапкерді тиісті жауапкермен
ауыстыруға құқылы. Тиісті емес жауапкер ауыстырылғаннан кейін сотқа дейінгі
дайындық басынан бастап іске асырылады (АІЖК-нің 51-бабы).
Сот басшылыққа алуға тиіс заңдарды айқындай отырып, түрлі дауларды қарау
кезінде Азаматтық кодекстің ережелерімен қатар нақты даулы құқықтық қарым-
қатынастарға қатысты құқықтық базаны реттейтін басқа да бірқатар
нормативтік құқықтық актілерді басшылыққа алуға тиіс екенін судья есте
ұстағаны жөн. Мысалы, зиянды өтеу туралы дауларды қараған кезде тек
Азаматтық кодекстің зиян келтіру салдарынан пайда болатын міндеттемелерді
реттейтін ережелерін ғана емес, сондай-ақ жекелеген жағдайларда Қылмыстық
кодекстің, Қылмыстық іс жүргізу кодексінің, Кеден кодексінің,
тұтынушылардың құқықтарының бұзылуына байланысты зиянды өтеуді көздейтін
бірқатар арнайы заңдардың, қоршаған ортаны қорғау туралы, еңбек қорғау,
балалардың мүддесін қорғау бойынша және т.б. заңдар ережелерін, Жоғарғы
Соттың нормативтік қаулыларын, Жұмысшылар мен қызметшілердің еңбек
міндеттерін орындауына байланысты оларға жарақат арқылы немесе
денсаулығының басқаша зақымдалуы арқылы келтірілген нұқсанды барлық меншік
құқығындағы ұйымдардың өтеуі туралы ережені, еңбек қызметіне байланысты
жазатайым оқиғаларды немесе қызметкерлердің денсаулығының басқаша түрде
зақымдануын тексеру мен есепке алу ережелерін де басшылыққа алғаны дұрыс.
Кейде түрлі құқықтық нормаларды қолдануға болатын бір азаматтық істің
аясында бірнеше талап қойылған кезде, сот ісін жүргізудің бірнеше нысанында
қаралған кезде, мысалы, еңбек кітапшасының кімге тиесілі екенін анықтау
туралы ерекше іс жүргізу тәртібімен немесе еңбек келісім-шарты бойынша
еңбекақыны өндіріп алу туралы талап арызды талап қою ісін жүргізу
тәртібімен қараған кезде, тараптардың құқықтық қарым-қатынастарын айқындай
отырып, судьяның талаптарды бөлу туралы мәселені шешуге құқығы бар. Ал
талапкер осындай талаптарды бір өндірісте қоя отырып, олар жеке басына
қатысты немесе басқа мәліметтердің бұрмалауына байланысты өзіне қатыстылығы
анықталатын, сондай-ақ еңбек кітапшасында көрсетілген қатынастарының
негізінде жалақы өндіру бір ғана зат – еңбек кітапшасына байланысты деп
есептейді. Бұл орайда бөлек істер ресімделеді және түрлі тіркеу нөмірлері
беріледі, талаптарды бөлу туралы ұйғарымның көшірмесі екінші іске де қоса
тігіледі. Аталған талаптарды бөлек өндірісте қарау осындай талаптарды
қоюдың іс жүргізу негіздеріне, оларды қарау тәртібіне, пайда болған
азаматтық іс жүргізу бойынша құқықтық қарым-қатынас субъектілері шеңберінің
әр түрлі болуына, сондай-ақ істі шешу кезінде түрлі құқық нормаларының
қолданылуына байланысты қажет. Осы орайда – некені бұзу туралы талап қою
сипатындағы талаптың алимент өндіріп алу туралы талаппен бірге бір
өндірісте мәлімделетінін келтіруге болады. Соңғы талап тараптарды
шақырмастан үш күндік мерзім ішінде қаралады, ал бірінші талап бойынша
тараптарға татуласуы үшін уақыт берілуіне байланысты іс бойынша талқылау
кейінге қалдырылады.
Егер соттың өндірісінде, мысалы, бір процесте сол тараптар немесе
талапкер мен жауапкердің жағында тең қатысушылар қатысатын, талап қоюдың
сол ұқсас еңбекақы өндіріп алу туралы негіздемелері мен нысаналары бойынша
қызметкерлердің ұйымға, кәсіпорынға немесе кәсіпорынның, ұйымның
материалдық зиянды өтеу туралы қызметкерлерге қойған талабы бойынша бірнеше
біртекті істер бар екені анықталса, онда істі ұтымды жүргізу, заң
практикасын біркелкі қолдану, тараптарды шақыруға байланысты сот
шығындарын азайту және т.с.с. мақсатында судья істерді бір өндіріске
біріктіре алады, бұл туралы тиісті ұйғарым шығарады, істерге бір тіркеу
нөмірі беріледі және барлық талаптар бірге қаралады.
Баяндалған жай нормативтік қаулыға да сәйкес келеді, онда сипаты бойынша
өзара байланысты және дәлелдемелері ортақ барлық талаптарды бір өндірісте
әлдеқайда жылдам әрі дұрыс шешуге мүмкіндік болған жағдайларда ғана оларды
бір өндіріске біріктіруге жол беріледі деп белгіленген. Егер талапкер бір
арызға біріктірген бірнеше талапты судья бөлек қарау қажет деп тапса,
осындай талаптарды бір бірінен ажыратуға болады.
Осы орайда судья талапкерлердің немесе жауапкерлердің әрқайсысы екінші
талапқа қатысты процесте дербес әрекет ететіні туралы АІЖК-нің 50-бабының
ережелерін назарда ұстауға тиіс. Тараптар істі жүргізуді тиісінше
талапкерлердің біреуіне немесе тиісінше талапкерлердің немесе тең
жауапкерлердің біреуіне тапсыра алады.
Талаптарды біріктіру немесе ажырату бойынша іс-әрекеттерді судья АІЖК-
нің 171-бабының төмендегілерді көздейтін ережелеріне сәйкес жүзеге
асырады:
• егер талапкер біріктірген талаптарды бөлек қарау мақсатқа көбірек
сай болса, судья сол талаптардың біреуін немесе бірнешеуін бөліп
алады;
• бірнеше талапкерге немесе бірнеше жауапкерге талап қойылған
жағдайда, егер судья талаптарды бөлек қарауды дұрыс деп тапса, оның
сол талаптардың біреуін немесе бірнешеуін бөліп алуға құқығы бар;
• аталған соттың қарауында бір талапкердің түрлі жауапкерлерге немесе
түрлі талапкерлердің бір жауапкерге талабы бойынша сол тараптар
қатысатын бірнеше біркелкі істер бар екенін анықтаған соң осындай
талаптарды біріктіруді қажет деп таныса, осы істерді бірге қарау
үшін оларды бір өндіріске біріктіруге құқығы бар.
3. Іске қатысатын тұлғалардың құрамы ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Жалпы және өмірді сақтандыру
«Қаржы» пәні бойынша оқу-әдістемелік кешен
Медициналық ақпараттық жүйелер
Шариғаттағы қылмыстың объективтік жағы
ҚЫЛМЫСТЫҚ ҚҰҚЫҚ БҰЗУШЫЛЫҚТЫҢ ОБЪЕКТИВТІК ЖАҒЫНЫҢ БЕЛГІЛЕРІ
Қылмыстық құқық бойынша жалған құжат түсінігі
ҚР мен шет елердің азаматтық іс жүргізу құқығы
Азаматтық істерді сотқа әзірлеу
Тәуелсіз Қазақстанның Жаңарған қоғамдық-экономикалық құрылысы
Сот отырысының дайындық бөлігі
Пәндер