Нарыққа көшу жағдайындағы әлеуметтiк процесстердi басқарудың ғылыми-теориялық негіздері



МАЗМҰНЫ:

Кiрiспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .5

I Нарыққа көшу жағдайындағы әлеуметтiк процесстердi басқарудың ғылыми.теориялық негіздері
1.1. Экономикалық және әлеуметтiк процесстерге экономика.лық сипаттама және олардың бiр.бiрiмен байланысы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .6
1.2. Аймақ әлеуметтiк басқарудың обьектiсi мен субьектiсi ретiнде және аймақтағы әлеуметтiк қажеттiлiктердiң кешендiлiгi ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...12

II Аймақтағы әлеуметтiк процесстердi басқару механизмiн талдау (Оңтүстiк Қазақстан облысы материалдары бойынша)
2.1. Үкiметтiң әлеуметтiк саясаты және аймақтық әлеуметтiк процесстер ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..15
2.2. Оңтүстік Қазақстан облысының әлеуметтiк.экономикалық мiнездемесi ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 25
2.3. Аймақтағы әлеуметтiк процесстердi басқарудың тиiмдiлiгiн бағалау және әлеуметтiк қажеттiлiктердi қанағаттандыру ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..29

Қорытынды ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..32

Қолданылған әдебиеттер ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .33
КІРІСПЕ
ҚР-ның тәуелсіздік алған алғашқы жылдарындағы нарықты экономикаға көшу реформалары көптеген әлеуметтік зардаптардың, кедейлік пен жұмыссыздықтың өсуімен қатар жүрді.Қазақстан Республикасы әлеуметтік – нарықтық экономиканы құруға бағыт алып, біздің мемлекет жүргізіліп жатқан реформалардың басты мақсаты етіп халықтың тұрмыстық жағдайын арттыруды белгіледі.
Қазіргі кезде 3.5 млн. астам адам әлеуметтік қамтамасыз етумен қамтылған (немесе барлық халықтың 23.3%). Республикалық және жергілікті деңгейлерде бюджеттік қаржылар есебінен әлеуметтік төлемдердің, жеңілдіктердің, жәрдемақылардың және халықтың әртүрлі топтары үшін жәрдем ақшалардың 34 түрі белгіленген.
Әлеуметтік салаға шыққан шығыстардың серпінді өсімі, әлеуметтік реформаларды тереңдету үшін мүмкіндіктерді көбейту, жұмыссыздық деңгейін төмендету, өмір сүру деңгейін көтеру, әлеуметтік төлемдер жүйесін жетілдіру, зейнетақы жүйесін дамыту сияқты әлеуметтік маңызды мәселелерді шешуге мүмкіндік туғызады.
2002 жылдан бастап, 2006 жылға жоспарланған шығыстарды қоса есептегенде, республикалық бюджеттегі әлеуметтік көмек көрсету мен әлеуметтік қамсыздандырудың жылсайынғы шығыстары, 160 миллиард теңгеден 362 миллиард теңгеге дейін, яғни екі еседен астамға өсті.
Республика Өкіметі шығарып, күшіне енген «Қазақстан Республикасында 2005 – 2007 жылдары әлеуметтік реформаларды әрі қарай тереңдету бағдарламасының» мақсаты, басты сипаттамалары қаржылық тұрақтылық, жұмыс беруші және жұмыскер арасында жауапкершілікті бөлу болып саналатын әлеуметтік қамтамасыз етудің үш деңгейлі жүйесін құру болып табылады.
2006 жылғы мемлекет Президентінің Қазақстан халқына Жолдауында әлеуметтік саланы әрі қарай жаңартудың ең басым бағыттарының қатарына, халықтың неғұрлым «әлжуаз» топтарын қолдау жатқызылған. 2007 жылдан бастап зейнетақы мен әлеуметтік төлемдер ағымдағы айда жүзеге асырылатын болады, осы мақсатқа шамамен 30 миллиард теңге бөлінді.
Республикадағы зейнетақы реформасы бойынша заңнама, мүгедектік, асыраушысынан айырылу жағдайы және жасына қарай әлеуметтік жәрдемақылардың төлеуін қарастыратын, сонымен қатар әлеуметтік мемлекеттік жәрдемақы алуға құқығы бар азаматтарды мемлекеттік әлеуметтік қамтамасыз ету саласындағы қатынастарды реттейтін, халықты әлеуметтік қорғау бойынша қосымша актілермен негізделген.
Пайдаланылған әдебиеттер:

1. Уровень жизни населения в Казахстане. Статистический сборник/ Агенство РК.- Астана, 2007 г.
2. Қазақстанның әлемдегі бәсекеге барынша қабілетті 50 елдің қатарына кіру стратегиясы. Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың Парламент палаталарының бірлескен отырысында сөйлеген сөзі./ Егемен Қазақстан. 19 қаңтар 2006ж.
3. Социальная ответственность бизнеса и корпоративное гражданство/ Мировая экономика и международные отношения, 2005, №11, с. 3-13.
4. Жаңа экономика, инновация және бәсекеге қабілеттілік / Егемен Қазақстан. 16 қыркүйек 2006ж.
5. Альберт Рау: СПК для местной власти – не конкурент, а партнер/ central Asia Monitor.№46(153) 23- 29 ноября 2007г.
6. «Индикаторы мониторинга бедности в Республике Казахстан». ҚР статистика жөніндегі агенттігі/ БҰҰДБ. Алматы, 2003 ж.
7. БҰҰДБ есебі «Бедность в Казахстане: причины и пути преодоления». Алматы, 2004 ж.
8. Программа дальнейшего углубления социальных реформ в РК на 2005-2007 г.г. /Утверждена Постановлением Правительства РК от 30.11.2004г. 1241.
9. Қазақстан экономикалық , әлеуметтік және саяси жедел жаңару жолында . Елбасы Н.Ә. Назарбаевтың Қазақстан халқына жолдауы./ Егемен Қазақстан.18 ақпан 2005ж.
10. Әлеуметтік бюджеттің әлеуеті зор /Егемен Қазақстан . 21 қаңтар 2006 ж.
11. Қазақстанның әлемдегі бәсекеге барынша қабілетті 50 елдің қатарына кіру стратегиясы. Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың Парламент палаталарының бірлескен отырысында сөйлеген сөзі./ Егемен Қазақстан. 19 қаңтар 2006ж.
12. Қазақстанның даму қарқыны бәсеңдемейді / Егемен Қазақстан. 20 қаңтар 2006ж.
13. ҮЕҰ : кедейлік мәселелерін шешу./ БҰҰДБ. Алматы, 2004ж.
14. Райымқұлұлы С. Экономикалық теория негіздері.Шымкент,2005

15. Мамыров Н.Қ.,Тілеужанова М.Ә.Макроэкономика.Оқу құралы.Алматы,2001

Пән: Экономика
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 29 бет
Таңдаулыға:   
Аннотация
Менің курстық жұмысым Нарықтық экономика жағдайындағы мемлекеттің
әлеуметтік саясаты. өте өзекті тақырып болып табылады.
Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев 2006 жылдың 18 қаңтарында Парламент
палаталарының бірлескен отырысында Қазақстанды таяудағы он жылда әлемдегі
бәсекеге барынша қабілетті 50 елдің қатарына кіру стратегиясы мен оны
жүзеге асырудың алты басымдығы ішінен Әлсіздерді қорғайтын және экономика
мен елдің дамуын қолдайтын осы заманғы әлеуметтік саясат басымдығын ерекше
атап өтті.Курстық жұмыс екі тараудан , кіріспе, қорытындыдан және
пайдаланылған әдебиеттер тізімінен құралады.

МАЗМҰНЫ:

Кiрiспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... 5
I Нарыққа көшу жағдайындағы әлеуметтiк процесстердi басқарудың
ғылыми-теориялық негіздері
1. Экономикалық және әлеуметтiк процесстерге экономика-лық сипаттама
және олардың бiр-бiрiмен
байланысы ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
... ... ... ... ... 6
2. Аймақ әлеуметтiк басқарудың обьектiсi мен субьектiсi ретiнде және
аймақтағы әлеуметтiк қажеттiлiктердiң
кешендiлiгi ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
... ... ... ... ... 12
II Аймақтағы әлеуметтiк процесстердi басқару механизмiн талдау
(Оңтүстiк Қазақстан облысы материалдары бойынша)
1. Үкiметтiң әлеуметтiк саясаты және аймақтық әлеуметтiк
процесстер ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
... ... ... ... ... ..15
2. Оңтүстік Қазақстан облысының әлеуметтiк-экономикалық
мiнездемесi ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
... ... ... ... ... .25
3. Аймақтағы әлеуметтiк процесстердi басқарудың тиiмдiлiгiн бағалау және
әлеуметтiк қажеттiлiктердi
қанағаттандыру ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
... ... ... ..29

Қорытынды ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ...32
Қолданылған
әдебиеттер ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... .33

КІРІСПЕ
ҚР-ның тәуелсіздік алған алғашқы жылдарындағы нарықты экономикаға көшу
реформалары көптеген әлеуметтік зардаптардың, кедейлік пен жұмыссыздықтың
өсуімен қатар жүрді.Қазақстан Республикасы әлеуметтік – нарықтық
экономиканы құруға бағыт алып, біздің мемлекет жүргізіліп жатқан
реформалардың басты мақсаты етіп халықтың тұрмыстық жағдайын арттыруды
белгіледі.
Қазіргі кезде 3.5 млн. астам адам әлеуметтік қамтамасыз етумен
қамтылған (немесе барлық халықтың 23.3%). Республикалық және жергілікті
деңгейлерде бюджеттік қаржылар есебінен әлеуметтік төлемдердің,
жеңілдіктердің, жәрдемақылардың және халықтың әртүрлі топтары үшін жәрдем
ақшалардың 34 түрі белгіленген.
Әлеуметтік салаға шыққан шығыстардың серпінді өсімі, әлеуметтік
реформаларды тереңдету үшін мүмкіндіктерді көбейту, жұмыссыздық деңгейін
төмендету, өмір сүру деңгейін көтеру, әлеуметтік төлемдер жүйесін
жетілдіру, зейнетақы жүйесін дамыту сияқты әлеуметтік маңызды мәселелерді
шешуге мүмкіндік туғызады.
2002 жылдан бастап, 2006 жылға жоспарланған шығыстарды қоса
есептегенде, республикалық бюджеттегі әлеуметтік көмек көрсету мен
әлеуметтік қамсыздандырудың жылсайынғы шығыстары, 160 миллиард теңгеден 362
миллиард теңгеге дейін, яғни екі еседен астамға өсті.
Республика Өкіметі шығарып, күшіне енген Қазақстан Республикасында
2005 – 2007 жылдары әлеуметтік реформаларды әрі қарай тереңдету
бағдарламасының мақсаты, басты сипаттамалары қаржылық тұрақтылық, жұмыс
беруші және жұмыскер арасында жауапкершілікті бөлу болып саналатын
әлеуметтік қамтамасыз етудің үш деңгейлі жүйесін құру болып табылады.
2006 жылғы мемлекет Президентінің Қазақстан халқына Жолдауында
әлеуметтік саланы әрі қарай жаңартудың ең басым бағыттарының қатарына,
халықтың неғұрлым әлжуаз топтарын қолдау жатқызылған. 2007 жылдан бастап
зейнетақы мен әлеуметтік төлемдер ағымдағы айда жүзеге асырылатын болады,
осы мақсатқа шамамен 30 миллиард теңге бөлінді.
Республикадағы зейнетақы реформасы бойынша заңнама, мүгедектік,
асыраушысынан айырылу жағдайы және жасына қарай әлеуметтік жәрдемақылардың
төлеуін қарастыратын, сонымен қатар әлеуметтік мемлекеттік жәрдемақы алуға
құқығы бар азаматтарды мемлекеттік әлеуметтік қамтамасыз ету саласындағы
қатынастарды реттейтін, халықты әлеуметтік қорғау бойынша қосымша
актілермен негізделген.

I Бөлiм .Нарыққа көшу жағдайындағы әлеуметтiк процес-стердi басқарудың
ғылыми-теориялық негіздерi
1.1 Экономикалық және әлеуметтiк процесстерге экономикалық сипаттама
және олардың бiр-бiрiмен байланысы.

Соңғы жылдары әлеуметтiк процесстерге көп көңiл бөлiнуiн қазiргi
кезеңдегi бiздiң қоғамымыздың дамуының мазмұны мен
оны басқару формасының күрделенуiмен түсiндiруге болады. Сондықтанда осы
процесстердiң өту ерекшелiктерiн, олардың қоғам өмiрiнiң әр түрлi
сферасындағы, әр түрлi масштабта, оны басқарудың әр түрлi деңгейiндегi
байланысын терең түсiну қажет.
Қазіргі заманғы экономикалық ғылым мен басқару теориясында
әлеуметтік бағытталған экономика және неміс экономисі Людвиг Эрхардтың
енгізген оған жақын әлеуметтік бағытталған нарық шаруашылығы термині
ғылыми қолданысқа енген. Бұл категориялар халықтың әл-ауқаты мен өмір сүру
деңгейін көтеруге бағытталған экономиканы өзінің құрылымы мен табысты бөлу
тәсілі бойынша сипаттайды.
Бiзге белгiлi, әлеуметтiк ұғымы кең ұғымда қоғамдық деген
мағынада қарастырылады. Сайып келгенде, әлеуметтiк қатынастар - бұл
қоғамдық қатынас. Осындай кең мағынада әлеуметтiк қатынастарға
экономикалық, саяси, жанұя және әлеуметтiк қатынастардың өзiн де жатқызады,
соңғысына әдетте адам өмiрi деңгейiн, бiлiм беру деңгейiн, жалпы мәдени
деңгейлер және т. б. қатынасын жатқызады.

ҚОҒАМДЫҚ ҚАТЫНАСТАР

САЯСИ ЖАНҰЯ
ЭКОНОМИКАЛЫҚ ӘЛЕУМЕТТІК

Экономикалық және әлеуметтiк процесстердi басқарудың тиiмдiлiгi – ең
алдымен экономикалық және әлеуметтiк процесстердiң мазмұнын, мәнiн және
олардың байланыс формасын дұрыс түсiнуге байланысты.
Экономикалық процесстер экономикалық қатынастармен, яғни өндiрiс, бөлу,
алмастыру және материалдық игiлiктердi тұтынуды ұйымдастыруда қалыптасатын
адамдар арасындағы қатынастармен тығыз байланысты.
Бұрынғы командалық- әкімшілік жүйеде Қазақстанда материалдық
игiлiктердi бөлу, алмастыру және тұтыну қатынастарына аз көңiл бөлiндi және
мұнда экономикалық еркiндiк болмады. Социалистiк экономикада осы
қатынастарды реттеуде жоспарлау органдарында толық ақпарат болмады және
жоспарлаудың тиiмдiлiгi жеке қатынас пен байланыстарға байланысты болды.
Оның зардаптары өнеркәсiпте өте күрделi болды, ал ауыл шаруашылығында тiптi
катастрофалық десе де болады.
Еліміздің дамуының әр кезеңінде әлеуметтік қорғау деңгейі оның
экономикалық және қаржылық мүмкіндіктерімен анықталады.Барлық ТМД
елдеріндегідей 90-шы жылдардың басында Қазақстанда басталған әлеуметтік-
экономикалық реформалар қоғам өмірінің барлық салаларына ықпал жасап
Республика тұрғындарының барлық қабаттары мен топтарына кері әсерін
тигізді. Нарықтық қатынастарға көшу қоғамның жіктелуіне және нарықтық
қатынастарға бейімделе алмаған тұрғындардың елеулі бөлігінің іріктелуіне,
кедейліктің өзекті мәселеге айналуына әкеліп соқтырды.
Қазақстанда тоқсаныншы жылдардың жартысынан басталған экономикалық
жандану белсенді әлеуметтік саясат жүргізуге мүмкіндік бере бастады. Жаңа
жағдайда әлеуметтік қорғау жүйесін реформалау еңбек қатынастарын реттеу
бойынша заңнамаларды құруға және жүзеге асыруға, жұмыспен қамтуды белсенді
қолдауға, жинақтаушы зейнетақы жүйесіне өтуге және мемлекеттік адресті
көмек көрсетуге бағытталды.
Бірақ кедейліктің болуы, жұмыссыздық, халықтың қартаюы, нарықтың
глобализациясы, сонымен қатар ресми емес сектордың өсуі әлеуметтік
реформалардың одан әрі тереңдетілуін қажет етеді
Экономикалық даму, бiз бiлетiндей, ол нақты бiр әлеуметтiк
нәтижелерге жетудiң негiзi болып табылады. Д.И.Правдиннiң айтуы бойынша:
әлеуметтiк процесс кең ұғымда - бұл адам өмiрi мен олардың қатынасын
көрсететiн қоғамдық процесс. Осы мағынада экономикалық қатынастарды,
қоғамдағы адамдардың барлық басқа қатынастарының негiзiн қалайтын,
әлеуметтiк қатынастар деп те айтуға болады. Әлеуметтiк қатынастар қысқаша
айтқанда, адамның жеке тұлғалық факторы, оның қоғамдағы орны, әлеуметтiк
тегi, адам санасының қалыптасуымен тығыз байланысты.
Әлеуметтiк басқару - бұл қоғамды тәртiпке келтiру, жетiлдiру мен
дамыту, сапалық ерекшелiктерiн сақтау, қоғамдық еңбек сипатынан
туындайтын адам өмiрi мен еңбек процесiнде адамдардың қатынасының
қажеттiлiгi, материалдық және рухани қызметтiң өнiмiмен алмасу
мақсатымен қоғамға әсер ету болып табылады. Демек, қоғамдық
процесстердi ұғыну адам қоғамының күрделi болуына байланысты сан қилы
мәселе мен қиындық туғызады. Адамда, оның тағдырында қоғамның барлық
әр қилы қатынастары бiрiгедi және жүзеге асырылады, ол әр түрлi қоғам
тану ғылымы мен практикасының интеграциясын қажет етедi. Осыған
байланысты, күрделi әлеуметтiк жүйе мәселесiмен шұғылданатын америкалық
зерттеушi Дж. Форрестер былай деген:
Егер бiз күрделi жүйелердi түсiнгiмiз келсе, әр түрлi пәндер мен
бiлiм саласындағы шекараларды жоюымыз қажет. Бiр жүйенiң iшiнде бiз
психологиялық, экономикалық, техникалық, мәдени және саяси қатынастардың
болуын қамтамасыз етуiмiз қажет.
Қоғамның жүйелi және оның заңды түрде дамуы туралы көзқарас кенеттен
пайда бола алмайды. Оның қалыптасуын қоғамдық болмыстың әрбiр жағын жан-
жақты талдау жасау қажет. Зерттеудiң пәнiнен шығатын болсақ, авторды
қызықтыратыны, ең алдымен, қоғамдық өмiрдiң экономикалық және
әлеуметтiк аспектiлерi және олардың бiр-бiрiмен байланысы.
Осы сұрақ бойынша зерттеудiң логикасы әр түрлi болуы мүмкiн.
Дәстүрлi көзқарасты әлi де болса классикалық деп атауға болады, себебi
ол белгiлi аспектiге негiзделедi. Бiр жағынан, бiзге белгiлi , ... барша
адамзат тарихының алғашқы нышаны -бұл, әрине, тiрi адамдар индивидiнiң
өмiр сүруi... Адамдар өмiр сүру мүмкiндiгiне ие болу керек, және бұдан
шығатыны ... алғашқы тарихи акт, бұл-осы қажеттiлiктердi
қанағаттандыруға керектi материалды өмiрге қажеттi заттай өндiрiс.
Осы өндiрiс процесiнде адамдар өзiнiң өмiр
сүруiне қажеттi жағдайлар жасау үшiн бiр-бiрiмен экономикалық
қатынастарға түседi.
Басқа жағынан, бiзге белгiлi, адамдар арасындағы қарым-қатынастар
әлеуметтiк қатынастар да болып табылады. Осындай кең ұғымдағы әлеуметтiк
қатынастар туралы пiкiрталаста Р. Малахинованың келесi тұжырымы өте орынды:
өндiрiстiк күштер мен өндiрiстiк қатынастар өзi үшiн және өз iшiнде өмiр
сүрмейдi. Олардың диалектикалық бiрлiгi өзiнiң категориялық түр-сипатын
қоғамның барлық материалдық дүниесiмен байланысын жүзеге асыратын әр түрлi
экономикалық формада табады. Экономикалық формалар, осылайша, қоғамдық
материалды өндiрiсті қозғалмалы әлеуметтiк формада көрсетедi. Осы ойды
Т.И.Заславская жалғастырады: Шаруашылық механизмiн жетiлдiру проблемасы
әлеуметтiк құрылыммен байланысын ескермей зерттеледi, осы құрылымның
диалектикасы экономиканы басқару механизмiнiң өзгерiсiне байланыссыз
талданады.
Алайда мұнда бiр құбылыстың екi жағы туралы сөз болып тұр, шаруашылық
механизм өндiрiстiк қатынастардың экономикалық жағын жүзеге асырудың нақты
формасы ретiнде көрiнсе, ал қоғамның әлеуметтiк құрылымы оның әлеуметтiк
жағынан көрiнедi. Осылайша келтiрiп отырған пiкiр бiздi мынадай тұжырымға
келудi қажет етедi:экономикалық және әлеуметтiк қатынастар тек бiр-бiрiмен
байланысып қана қоймай, олар бiр-бiрiн толықтырып отырады.
Бiздiң ақиқатымызға қайтып келетiн болсақ, саясаткерлерiмiздiң адам
өмiр сүру деңгейi мен сапасын көтеру және олардың құқығын кеңейту мен
нығайтудағы ниеттi ұмтылысында қарама-қайшылықты саяси бағдарламаларды
жүзеге асыру нәтижесiнде көруге болады.
Сондықтан бiршама дәрежеде әлеуметтiк мақсаттарды жүзеге асыру
дәрежесiн айқын бағалау механизмiн жасауда, пайда болған диспропорцияларды
және оларды жою жолдарын анықтау үшін қоғамдағы әлеуметтік және
экономикалық мағыналарының
байланысын анықтау қажет. Бұл жағдайда, көріп отырғанымыздай, адам өміріне
қажетті барлық жағдайлардың жиынтығы ұғымы кіреді. Олар үйлесімді
өндірістік қызмет, белгілі – бір экономикалық қатынастарды көру көмегімен
қамтамасыз етіледі. Осында қоғамдық өмірдің тағы бір басқа маңызды
аспектісі ерекшеленеді, ол – экономикалық аспект. Бiршама қысқарта
айтатын болсақ, ескерте кететiнiмiз, ол қайсы бiр қоғамға болмасын
әлеуметтiк және экономикалық ұғымы - мақсаттар үйлесiмi мен оларға
жетудiң құралы ретiнде көрiнедi.
Осылайша, саяси экономияның түрлi бағытындағы жалпы классикалық
тұжырымдармен келiсу мүмкiндiгi туады (У.Петти, А.Смит, К.Маркс,
А.Маршалл), олардың ұйғарымы бойынша өндiрiс адамға қызмет етедi немесе
қызмет етуi қажет. Осындағы әлеуметтiк және экономикалық ұғымы обьективтi
түрде жеке адамда, әлеуметтiк топта қосылады.
Басқару мәселесін қарастырған уақытымызда, біз экономикалық және
әлеуметтік аспектілерді жақындату қажеттілігі туралы сөз етеміз. В.
Улановскаяның айтуы бойынша, қазіргі кезде “қоғамның экономикалық және
әлеуметтік дамуын басқару бағдарламаларының қосылуы қажет. Әлеуметтік
саясаттағы экономикалық шешімдерді қабылдау кезінде болатын және болмай
қоймайтын нәтижелерге экономикалық бағдарламаларда жан-жақты бақылау қажет”
Бұл бiзге практикадағы қоғамдық өмiрдiң құбылыстары
әлеуметтiк-экономикалық сипатта болатындығына тағы да көзiмiздi жеткiзедi,
және де әлеуметтiк және экономикалық ұғымын бөлiп қарастыру тек
абстрактiлi талдау деңгейiнде ғана мүмкiн болады.
Осы жұмыстағы әлеуметтiк және экономикалық ұғымын бөлiп қарастыру
экономикалық шараларды жүргiзу кезiнде болатын әлеуметтiк зардаптарды
талдау үшiн және экономикалық эффект әлеуметтiк эффектiге қаншама барабар
екендiгiн анықтау үшiн жүргiзiлдi. Бөлiп қарастырудың тағы да бiр
қажеттiлiгi мына мағыналар үшiн қажет:
1) экономикалық көрсеткiштердi жетiлдiру, оларда шаруашылық қызметтiң
әлеуметтiк нәтижелерiнiң көрiнуi;
2) экономикалық әдiстермен әлеуметтiк процесстерге әсер ету мүмкiндiктерiн
айқындау.
Әрине әлеуметтiк тиiмдiлiк экономикалық тиiмдiлiкпен шектеле бермейдi және
олар бiр-бiрiне қарама-қайшы болуы да мүмкiн, сондай-ақ әлеуметтiк
эффектiнi өлшеу қиынға түседi. Сұрақтың осындай арнасында әлеуметтiк даму
көрсеткiштерiн жалпылау қажеттiлiгi туады. Негiзгi қиындық та осында жатыр,
себебi әлеуметтiк процесстер тек кешендi сипатта көрсетiлуi мүмкiн және
оларды жалпы бiр көрсеткiшке келтiру мүмкiн емес.
Осы мәселенің шешімін табу үшін Г.Губернаяның сөзiн ескеруiмiз
қажет: әлеуметтiк эффектiнi экономикалық эффектiден бөлек қараудағы
нәтижесiздiк мынамен түсiндiрiледi: зерттеу шаруашылық бөлiмшелердiң
қызмет жасауының сипатындағы себепте емес, көрсеткiште-салдарында
жүргiзiледi. Кез-келген қоғамдық құрылымның жұмыс жасауын , сайып
келгенде, бiр-бiрiмен байланысты, үнемi жаңарып отыратын өндiрiс пен
тұтыну процесiнiң жиынтығы ретiнде көрсетуге болады. Сондықтан да
экономикалық және әлеуметтiк эффектiнi аналитикалық бөлудiң
методологиялық негiзi ретiнде ғылыммен дәлелденген экономикалық тиiмдiлiк
құрамындағы екi құрамдас бөлiктi аламыз: өндiрiс тиiмдiлiгi мен тұтыну
тиiмдiлiгi.
Сонымен бірге еске салатыны, тек сала, кәсiпорын және ұйым
деңгейiнде, жабдықтаушылар мен тұтынушылар сияқты бiр-бiрiмен
салғастырылатын болса, және тек теориялық тұрғыда әлеуметтiк эффектi
(тұтыну эффектiсi) экономикалық эффектiден ( өндiрiс эффектiсi) бөлектенуi
мүмкiн.
Осы жұмыстың мақсатын көп жағдайда мына анықтама жауап бередi:
әлеуметтiк эффект - бұл қоғам мүдделерiнiң барлық топтарының бiрдей
келiсiмге жеткен жағдайы, ал әлеуметтiк эффектiнiң шарасы қоғамдық
мүдделердiң бiрдей келiсiмде болу жағдайын көрсететiн өндiрiстiк
шығындарды бағалау тұтынушының өнiмге немесе қызмет көрсетуге бағасы
болып табылады.
Әлеуметтiк қатынастар қызметiнiң аумағы өте кең. Олар қоғамдық
өмiрдiң барлық жағын және сферасын қамтиды. Адамдардың осындай байланысының
обьективтi негiзi адам мен оның қызметi, адамдардың бiр-бiрiмен қатынасы,
сонымен қатар осы қатынастардағы өзгерiстер болып табылады. Адам материалды
және рухани игiлiктердi өндiрушi де тұтынушы да болып табылады. Осыған
байланысты әлеуметтiк және экономикалық процесстер арасында тiкелей және
керi байланысты көрсетуге болады.
Әлеуметтiк және экономикалық процесстер арасындағы тiкелей және керi
байланыстың жүзеге асырылуы территориалдық басқару процесiнде де жүредi.
Бiрақ мұнда өзiндiк ерекшелiктерi де бар. Бiрiншiден, аймақтың әлеуметтiк
дамуы территорияның аумағындағы тек экономикалық прогресстiң нәтижесi болып
қана қоймай, сонымен қатар жекелей әлеуметтiк проблемаларды шешуде қоғамның
тiкелей әсерiмен де көрiнедi. Халықтың тұрмыс деңгейiн көтеру, олардың жан-
жақты дамуын қамтамасыз ету және т. б. Қоғам өндiрiсiн дамытуда олардың
еңбек үлесiн ұлғайту болса да, әр түрлi әлеуметтiк бағдарламаларды
(жалақыны көтеру, әлеуметтiк қамсыздандыруды жақсарту, әлеуметтiк
инфрақұрылым салаларын дамыту және т. б.) тiкелей қаржыландыру маңыздылығы
барған сайын күшейiп жатыр. Осыдан шығатыны, жеке алғанда, халықтың тұрмыс
деңгейiн көтеру факторларын ажырату қажеттiлiгi туралы практикалық тұжырым,
бiр жағынан территориалды даму мен жалпы өнеркәсiптермен байланысты болса,
ал екiншi жағынан, әлеуметтiк даму облысындағы жалпы мемлекеттiк
шаралармен де байланысты.
Екiншiден, тек берiлген территория аумағында ғана емес, сонымен қатар
оның сыртында да, жалпы елiмiздегi өтiп жатқан әлеуметтiк процесстер
өндiрiстiң дамуына керi әсерiн тигiзуі мүмкін.
Әлеуметтiк және экономикалық процесстердi бөлiп қарастыру жалпы
алғанда дұрыс, бiрақ онда осы процесстердiң көрiнуiнiң нақты формасы
айқындалмаған және ең бастысы - олардың байланысы, обьективтi және белгiлi
дәрежедегi қайшы бiрлесуi туралы сөз аз қозғалды. Осы сұрақтың мағынасын
дұрыс түсiну экономикалық және әлеуметтiк процесстердiң дұрыс бөлiнбеуi,
ерекшеленуi немесе ұқсас болуы нәтижелерiндегi қателiктердi болдырмау үшiн
қажет.
Бiздiң алға қойған мiндетiмiз жекеленген процесстердi тек бiр жақты
ұғыну және сәйкесiнше жекеленген шараларды жүргiзумен шектелмеу. Қоғам
өмiрiнде, өндiрiс тәжiрибесiнде барлық осы процесстер бiр уақытта жүредi
және шартты түрде әлеуметтiк-экономикалық процесстер деп атауға болатын
бiрыңғай процесстердiң органикалық түрде бiр-бiрiмен байланысқан
элементтерiн құрайды. Адам тұрмыс-тiршiлiгiнiң жалпы құбылысы ретiндегi
экономикалық және әлеуметтiк ұғымының диалектикалық бiрлiгiн
анықтауда әбiр нақты жағдайда жалпыны жеке көмегiмен, яғни обьектiнiң
ерекшелiктерiне сай қарау қажет.
Берiлген зерттеудiң пәнi - қоғамдық құрылымның аймақтық
деңгейi. Мұндағы экономикалық және әлеуметтiкұғымы арасындағы
байланысты зерттеу - аймаққа қатысты процесстермен заңдылықтарды танып
бiлудiң қажеттi шарты. Жұмыстың бұл бөлімінде мынадай тұжырымдар жасауға
болады:
- әлеуметтiк қатынастарға экономикалық, саяси, жанұя және әлеуметтiк
қатынастардың өзiн де жатқызады, соңғысына әдетте адам өмiрi деңгейiн,
бiлiм беру деңгейiн, жалпы мәдени деңгейлер және т. б. қатынасын
жатқызады;
- әлеуметтiк процесс кең ұғымда - бұл адам өмiрi мен олардың қатынасын
көрсететiн қоғамдық процесс. Осы мағынада экономикалық қатынастарды,
қоғамдағы адамдардың барлық басқа қатынастарының негiзiн қалайтын,
әлеуметтiк қатынастар деп те айтуға болады;
- Әлеуметтiк және экономикалық процесстер арасындағы тiкелей және керi
байланыстың жүзеге асырылуы территориалдық басқару процесiнде де
жүредi;
- Әлеуметтiк және экономикалық процесстердi бөлiп қарастыру жалпы
алғанда дұрыс, бiрақ онда осы процесстердiң көрiнуiнiң нақты формасы
айқындалмаған және ең бастысы - олардың байланысы, обьективтi және
белгiлi дәрежедегi қайшы бiрлесу мүмкіндігі.

2. Аймақ әлеуметтiк басқарудың обьектiсi мен субьектiсi ретiнде және
аймақтағы әлеуметтiк қажеттiлiктердiң кешендiлiгi.

Қазақстан Республикасындағы жаңа экономикакалық саяси және
әлеуметтiк қатынастардың құрылуы жаңа сапалы қоғамдық процесстердi
басқару жүйесiнiң дамуымен сипатталады. Тәуелсiздiгiмiздiң алғашқы
жылдарында қалыптасқан әлеуметтiк басқару жүйесiнiң негiзгi қайшылықтарының
бiрi - әлеуметтiк-экономикалық сферадағы жергiлiктi басқару органдарының
және олардың осы басқаруды тиiмдi жүргiзудiң нақты мүмкiндiктерi арасындағы
өсiп келе жатқан мiндеттерiнiң бұзылуында болды. Сондықтан қоғамдық
процесстердi басқаруды жетiлдiрудiң маңызды бағыты ретiнде мемлекеттiк пен
аймақтық басқарудың, экономиканы басқарудың салалық және территориалды
принциптерiнiң органикалық байланысының қамтамасыз етiлуiн және белгiлi
бiр аймақтар мен аудандар масштабындағы салааралық және сала iшiндегi
әлеуметтiк-экономикалық байланыстардың рационализациалануын мойындауымыз
қажет.
Зерттеу деңгейiнде аймақты анықтап алғандықтан, ең алдымен, осы
ұғымға не кiретiнiн айқындап алғанымыз жөн.
Аймақ түсiнiгi кең ұғымда әр түрлi нышан бойынша дүние жүзiлiк
кеңiстiктi немесе елдiң территориясын бөлу үшiн қолданылады:
территориалды-әкiмшiлiк, ұлттық, географиялық, геологиялық, экономикалық
және т. б. Бұл терминнiң мәнiн ашу негiзге қандай нышан алынып отырғанына
байланысты, сондықтан әдебиетте осы терминнiң әр түрлi түсiнiгiн
кездестiруге болады. Кең мағынада аймақ - бұл елдi бөлудiң әкiмшiлiк
бiрлiгi - өлке, облыс, аудан.
И. М. Айзинова мен В. В. Пациорковскийдiң ойы бойынша, аймақтық
типтегi халықтың орналасу жүйесiнiң бар болуы және оның шекарасы неғұрлым
күрделi және ең азы бұлжытпай орындалатын әлеуметтiк-мәдени
байланыстардың жиiлiгiмен, сосын әлеуметтiк инфрақұрылым бөлiмшелерiне
уақыт пен кеңiстiктiң қолайлылығымен анықталады. Бiзге түсiнiктi
болатыны, ол - тұрақты әлеуметтiк-мәдени байланыстардың негiзiнде
бөлiнген аймақтан анағұрлым ерекшеленедi. Социологтардың ойы бойынша,
әлеуметтiк-экономикалық аймақ -территориалды еңбек бөлiнiсiнiң процесiнде
бөлiнген елiмiздiң бiрыңғай халық шаруашылық кешенiнiң кiшi жүйесiнiң
дербес қатысты бiр бөлiгi. Аймақ, - деп жазады И.С.Туров, - бұл ең
алдымен халықтың тұрақты еңбек және әлеуметтiк-мәдени байланыстарымен
көрiнiс табатын және адамның тұрмыс-тiршiлiгiне қажеттi өндiрiстiк
және әлеуметтiк инфрақұрылымы бар әкiмшiлiк-территориалды бiрлестiк.
Аймақ - бұл жүйенi ұдайы өндiретiн бiртұтас және дербес құрылым.
Берiлген анықтамалар әлеуметтiк феномендi түсiнудiң ақиқатына
жақын, берiлген зерттеудiң мiндеттерiн шешуде оларға қарсы ой жоқ, бiрақ
дефиниция нақты нышандармен, аймақтың ерекшелiктерiн көрсететiн - оның
мақсатты бағытын халықтың материалды және рухани қажеттiлiктерiн тiкелей
қанағаттандыру, оған әртүрлi мәдени-тұрмыстық және басқа да қызмет
көрсетулермен айқындалуы қажет. Одан басқа, басқару обьектiсi ретiнде
қандай да бiр аймақтың шекаралары анықталуы қажет. Осыған байланысты
келесi анықтама туындайды: аймақ - бұл өндiрiстiк, транспорттық және
әлеуметтiк-мәдени байланыстардың дамуының жеткiлiктi деңгейiмен
сипатталатын әкiмшiлiк-территориалды бiрлiк.
Аймақ, бiрыңғай динамикалық құрылым ретiнде, әлеуметтiк жүйенiң
барлық нышандарымен бөленген. Аймақты басқару екi мезеттi шамалайды. Оның
бiреуi оған қатысы бар әлеуметтiк-саяси, экономикалық процесстерi бар
бiртұтас және күрделi организм түсiнiгiмен байланысты, екiншiсi аймақтың
кесiндiсiн
(әкiмшiлiк-территориалды құрылым, қоғамдық өмiрдiң сферасы бойынша
жiктеу), ондағы басқарудың обьетiсi мен субьектiсiнiң иерархиясын
көрсетедi.
Аймақтық басқару обьектiсiн жалпылама келесi элементтер (кiшi
жүйелер) түрiнде көрсетуге болады:
-халық шаруашылық және әлеуметтiк комплекс (әкiмшiлiк-территориалды
құрылым, қоғамдық өмiрдiң сферасы бойынша жiктеу), ...
Талдау көрсеткеніндей, өңірлердің әлеуметтік-экономикалық дамуындағы
айырмашылық соңғы жылдары әлдеқайда артқан. Жан басына келетін жалпы
өңірлік өнімнің көлемі бойынша жеке өңірлердің арасындағы алшақтық 1999
жылғы 7-ден 2005 жылғы 13-ке дейін, 2 есе дерлік өскен.
Бұл ретте өңірлер өздерінің әлеуеті, экономикалық мамандандырылуы,
әлеуметтік проблемалары бойынша ерекшеленеді. Мәселен, Солтүстік Қазақстан,
Алматы, Ақмола, Оңтүстік Қазақстан және Жамбыл облыстары экономикаларының
жиынтық көлемі республикалық жалпы өңірлік өнімнің 16(-ын, жергілікті
бюджеттердің жиынтық табысының 18(-ын, республикалық деңгейдегі негізгі
капиталға инвестицияның 10(-ын ғана құрайды.
Осы аймақтарда жан басына келетін жалпы өңірлік өнімнің үлесі барынша
аз болып тұр.
Астана және Алматы қалалары, Атырау және Маңғыстау облыстары секілді
аймақтар республикалық жалпы аймақтық өнімнің 44(-ға жуығын өндіреді. Ия,
мұнда минералдық және қаржылық ресурстар шоғырландырылған. Сондықтан үлкен
есптен әкімдердің еңбегі көп те емес. Алайда басқа аймақтарда да аз әлеует
шоғырландырылмаған.
Тіпті ойдағыдай аймақтар өздерінің артықшылықтарын сауатты пайдалана
білмейді. Атырау облысы елеулі экономикалық әлеуетпен сипатталса-дағы онда
салыстырмалы түрде алғанда жұмыссыздықтың жоғары деңгейі және барлық
аймақтардың арасында кедейшіліктің барынша көп таралу деңгейі байқалып
отыр.
Сондықтан Үкімет жалпы өңірлік деңгейіне , соның ішінде жан басына
келетін деңгейіне, халықтың табыстарына және адами даму индексінің
көрсеткішіне жасалған талдау негізінде облыстарды бір тұрғыдан қарастырмай,
салыстырмалылығы бойынша топтастыруы керек, дейді Елбасы Н.Назарбаев
облыстардың, Астана және Алматы қалаларының әкімдерімен кеңесінде.
Әр топ үшін индикативтік әлеуметтік – экономикалық көрсеткіштерді анықтау
қажет. Аймақтар өз топтарының ішінде үздік нәтижелерге қол жеткізу үшін
бәсекелесуі тиіс. Тұтастай алғанда осылайша, көрсеткіштер бойынша
жетістіктерді талдау әр аймақ қызметінің нәтижелілігін көрсететін болады.

II Бөлiм. Аймақтағы әлеуметтiк процесстердi басқару механизмiн талдау
(Оңтүстiк Қазақстан облысы материалдары бойынша)
2.1 Үкiметтiң әлеуметтiк саясаты және аймақтық әлеуметтiк процесстер.

Экономиканы мемлекеттік басқарудың әлеуметтік бағыты басқарудың айқын түрде
әлеуметтік аспектілерінің болуын қажет етеді. Мемлекеттік басқарудың
әлеуметтік процесстермен және құбылыстармен терең байланысы экономикаға
үкіметтің әсер етуінің мақсаттары, міндеттері мен қызметтерінен көрінеді.
Сайып келгенде, мемлекеттік басқарудың басты мақсаты халықтың әл-ауқатын
қамтамасыз ету,халықтың өмір сүру деңгейін көтеру, қоғамдық қажеттіліктерін
қанағаттандыру болып табылады. Қазақстан Республикасының Конституциясына
сәйкес Қазақстан әлеуметтік бағытталған мемлекет болып табылады. Ал бұл
дегеніміз, ол мемлекеттік басқару органдары белсенді әлеуметтік саясат
жүргізуі қажет және әлеуметтік мәселелерді шешуге экономиканы бағыттау.
Бірде-бір қазіргі заманғы мемлекет халықты әлеуметтік қамсыздандыру,
жұмыспен қамту, өмір сүру жағдайларының барлық әлеуметтік ауыртпашылық
жүгін мойнына алып көтере алмайды. Патерналистік концепция бойынша елдегі
әлеуметтік жағдайды және тауар мен қызмет көрсетуді тұтыну мен әлеуметтік
игіліктермен қамтамасыз ету деңгейін толық жауапкершілікті өзіне алған
мемлекет кез-келген экономикада негізсіз болып табылады. Мұндай
концепцияның нарықты экономикада болуы тіпті де мүмкін емес. Әлеуметтік
сұраным мен қажеттіліктерді қанағаттандыру – азаматтардың өздерінің,
жанұясының, үй шаруашылығының, жұмысшылар істейтін ұйымдардың, жергілікті
билік органдарының, қоғамдық қайырымдылық қорлардың және сонымен қатар
мелекеттің ісі.
Сондықтан да мемлекеттің әлеуметтік процесстерге қатысуы әлеуметтік
қажеттіліктерді қанағаттандыру, мемлекет есебінен халыққа олардың
мәселелерін шешу, жалпы әлеуметтік саясатты жүргізу мемлекеттің қызметі мен
оның қатысты ресурстық мүмкіндігімен анықталады. Әлеуметтік экономикаға
мемлекеттің қатысу мөлшері елдің қоғамдық – саяси құрылымы мен қалыптасқан
экономикалық жағдайға тікелей байланысты болады. Сонымен қатар мемлекеттің
әлеуметтік процесстерге ықпал етуі мен оның осы процесстерге қатысуы тек
халықтың әлжуаз топтарын қолдау, әлеуметтік сфера мен әлеуметтік
бағдарламаларды мемлекеттік қаржыландырумен шектелмейді. Мемлекеттің
әлеуметтік саясаты сонымен бірге азаматтардың әлеуметтік құқығы мен
еркіндігін елдің конституциясы мен нақты заңдармен кепілді ету болып
табылады.
Мемлекеттің халықтың әл-ауқатын көтеруге бағытталған әлеуметтік
саясатты құру мен жүзеге асыруына қатысу қажеттілігі тек қана мемлекеттің
әлеуметтік миссиясынан ғана жасалмайды, мәселе сонымен қатар әлеуметтік
нысандардың көбінесе табыс түрінде экономикалық пайдасы өндірістік, сауда
нысандарына қарағанда өте аз, ал кейбір кезде экономикалық көзқарастан
тіпті де рентабельді емес. Сондықтан әлеуметтік нысандардың
коммерциализациялануы өте қиын және кәсіпкерлік қызмет аймағына
жатқызылмайды, ал олардың өміршеңдігі экономикалық әсерге қарағанда
әлеуметтік әсермен түсіндіріледі. Сайып келгенде әлеуметтік нысандардың
коммерциализациялануы, жекешелендірілуі, олардың басқа мақсатта пайдалануы
немесе әлеуметтік игіліктің нарықтық бағасын тұтынушыға тым жоғары етіп
белгілеуі үлкен қауіп-қатерді туғызады. Мұндай құбылыстарды Қазақстанда
көптеп кездестіруге болады. Мысалы, Оңтүстік Қазақстан облысындағы 2006
жылы ВИЧ инфекциясын (СПИД) сәбилердің жұқтыруы денсаулық сақтау
нысандарының коммерциализациялануы мен қан құю орталығы жұмысының
салақтығынан болып отыр.
Жоғарыда айтылған ерекшеліктерге байланысты мемлекет, бір жағынан,
әлеуметтік нысандарды өзінің тікелей басқаруында ұстап, ішінара мемлекеттің
меншігінде қалдыруы керек, екінші жағынан, мұндай нысандарды сақтап
жарақтандыру шығындарын мемлекеттік бюджет есебінен тікелей немесе жанама
қаржыландырып отыруы тиіс.
Қазақстанда нарық қатынастарына өтпелі кезеңде, мемлекет экономикалық
және әлеуметтік процесстерді түбегейлі басқарудан шетте қалып, мемлекеттік
меншіктегі бірқатар нысандарды жекешелендіргенде көптеген қателіктерге орын
беріп, мемлекеттік орталықтанған әлеуметтік функциялардың әлсіреуіне
әкеліп, ол өз кезегінде әлеуметтік саясат мәселелерінде компенсациялауды
қажет ететін арнайы шараларды қажет етті. Оған жататындар:
- халықтың әлсіз қорғалған, әлеуметтік мұқтаж топтарын мемлекеттік
қолдау;
- әлеуметтік жәрдемақыны енгізу;
- міндетті медициналық сақтандыру жүйесін құру;
- әлеуметтік сферадағы:мәдениет, білім беру, денсаулық сақтау, дене
шынықтыру және спорт мекемелері ұйымдарына преференциялар мен салық
жеңілдіктерін беру;
- тұрғын-үй реформасын жүргізу;
- шағын кәсіпкерлікті мемлекеттік қолдау;
- әлеуметтік бағыттағы мемлекеттік мақсатты бағдарламалар құру;
- әлеуметтік сақтандыру және зейнетақы жүйесін құру.
Атап өту қажет , үкімет осы аталған шаралар бойынша соңғы жылдары қыруар
жұмыстар атқарып жатыр.
Халықты әлеуметтік қорғау реформалары кедейлік мәселесін шешу және адамның
өмір сүру деңгейін жоғарлату мемлекеттің әлеуметтік-экономикалық саясатының
басты бағыты болып табылады.
Еліміздің дамуының әр кезеңінде әлеуметтік қорғау деңгейі оның
экономикалық және қаржылық мүмкіндіктерімен анықталады.
Барлық ТМД елдеріндегідей 90-шы жылдардың басында Қазақстанда
басталған әлеуметтік-экономикалық реформалар қоғам өмірінің барлық
салаларына ықпал жасап Республика тұрғындарының барлық қабаттары мен
топтарына кері әсерін тигізді. Нарықтық қатынастарға көшу қоғамның
жіктелуіне және нарықтық қатынастарға бейімделе алмаған тұрғындардың елеулі
бөлігінің іріктелуіне, кедейліктің өзекті мәселеге айналуына әкеліп
соқтырды.
Қазақстанда тоқсаныншы жылдардың жартысынан басталған экономикалық
жандану белсенді әлеуметтік саясат жүргізуге мүмкіндік бере бастады. Жаңа
жағдайда әлеуметтік қорғау жүйесін реформалау еңбек қатынастарын реттеу
бойынша заңнамаларды құруға және жүзеге асыруға, жұмыспен қамтуды белсенді
қолдауға, жинақтаушы зейнетақы жүйесіне өтуге және мемлекеттік атаулы
көмек көрсетуге бағытталды.
Бірақ кедейліктің болуы, жұмыссыздық, халықтың қартаюы, нарықтың
глобализациясы, сонымен қатар ресми емес сектордың өсуі әлеуметтік
реформалардың одан әрі тереңдетілуін қажет етеді.
Қазақстанда кедейлік мәселесі нарық қатынастарына өту нәтижесінде
пайда болды. Тұрғындар жаңа экономикалық қатынастарға дайын емес еді, бұл
тұрмыс дейгейінің төмендеуінің елеулі факторы болып табылады.
Егемендігіміздің алғашқы жылдарындағы жекешелендіру мен инфляцияға қарсы
қатаң ақша саясаты (мемлекеттік шығындар мен ақша массасының қысқаруы)
және әлеуметтік қоғамның трансформациялануының салдары экономиканың күрт
құлдырауына, жұмыссыздыққа, тұрғындардың табысының төмендеуіне және өткір
бюджет тапшылығына әкеп соқтырды. Жағдай тек 1997 жылы ғана инфляцияны
біршама тоқтаттаннан кейін және (ЖІӨ) жалпы ішкі ғана өнімнің шамалап
өсуіне қол жеткізгеннен кейін ғана тұрақтала бастады. Сол уақыт ішінде
ақшалай табыстарының сатып алу қабілетінің төмендеуіне немесе жұмысынан
айырылуына байланысты үйреншікті жұмыстарынан айрылған тұрғындардың әр
түрлі категориялары зардап шекті. Бұрынғы жағдайы жақсыдан гөрі жоғары
топтардың ішінен- дәрігерлер, мұғалімдер, білікті жұмыскерлер – кедейлер
пайда болды.1
Кедейліктің біржақты жаппай қабылданған анықтамасы жоқ, кедейліктің
анықтамасында бірнеше көзқарастар бар: абсолютті, қатысты және субьективті.
Егер адам өз мұқтаждарын ағзаның физиологиялық талаптарының және
минималды әлеуметтік стандарттарының деңгейінде қанағаттандыра алмаса, онда
мұндай тұрмыс жағдайын абсолютті кедейлік деп, ал салыстырмалы кедейлік
деп қоғамда мейлінше кең тараған әлеуметтік стандарттар бойынша өмір сүру
үшін материалдық мүмкіндіктері жоқ адамдарды атайды. Сонымен қатар,
кедейлікті адамдардың өздерін кедей деп санамау үшін қажетті тұтыну дейгейі
туралы пікірінің негізінде де бағалауға болады. Бұл жағдайда субъективті
кедейлік туралы сөз етіледі2.
Кедейлікті абсолют концепциясы адамның тіршілігі үшін қажет минималды
тұтынымды – адамның суға, тамаққа, киімге және баспанаға деген минималды
физиологиялық мұқтаждарын анықтау принципіне негізделеді. Абсолютті
кедейлік критерийі ретінде күн көріс минимумы алынады. Күн көріс минимумы
– бұл жан сақтау үшін қажет деп табылған және тұтыну себетіне енгізілген
тауарлар мен қызметтердің құнын көрсететін объективті анықталған
табыстардың (жұмсалымдардың) деңгейі.
Қазіргі кезде халықтың өмір сүру дейгейі өзгеруіне байланысты күн көру
минимумының деңгейін методологиялық есебін қайта қарастыру қажет.
Зерттеулердің көрсетуінше , азық-түлік және азық-түлік емес тауарлардың күн
көріс минимумы деңгейіндегі, сәйкесінше 70% және 30% құрайтын пропорциясы
ұй шаруашылығының нақты шығындарын қамтымайды. Азық-түлік және азық-түлік
емес тауарлардың арасындағы қатынасты 60% және 40% мөлшерінде белгілеу үшін
күн көріс минимумы деңгейінің құрылымын қайта қарау қажет. Соңғы жылдары
Қазақстанның экономикасы тез қарқынмен дамуда, бұл мемлекетте кедейліктің
деңгейін төмендетуге жалпы жақсы әсерін тигізді. Мемлекетте абсолютті
кедейлік деңгейі 2003 жылы 1998 жылғы 39%-ке қарсы 19,8%-ті құрады. Сонда
да мемлекет бойынша кедейлік деңгейде әжептәуір айырмашылықтар бар. Ауыл
тұрғындарының 30,9%-ң және қала тұрғындарының 10,8%-ның тұтыну деңгейі күн
көріс минимумынан да төмен. 2003 жылы азық-түлік себетінің құнынан да төмен
табысы бар халықтыңі үлесі 6,3%-ты құрады. (1 кесте)

1-кесте. Қазақстан Республикасындағы1998-2003жж. кедейлік жағдайы

1998 1999 2000 2001 2002 2003
1. Күн көріс минимумының 3336 3394 4007 4596 4761 5128
шамасы, теңге
2.Табысы күн көріс 39,0 34,5 31,8 28,4 24,2 19,8
минимумынан төмен
тұрғындардың үлесі,(
3. Қала 38,5 32,9 30,0 20,4 15,6 10,8
4. Ауыл 47,7 37,1 34,2 38,0 34,7 30,9
5. Азық-түлік себетінің құны,2335 2376 2805 3217 3333 3788
теңге
6. Табысы азық-түлік 16,2 14,2 11,7 11,7 8,9 6,3
себетінің құнынан төмен
тұрғындардың үлесі,(

Дерек көзі: Уровень жизни населения и бедность в Республике
Казахстан(статистический мониторинг)ҚР ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қазақстандағы шетелдік компаниялардың қызметіндегі коммуникация процесін басқару
Банктің басқару қызметін ұйымдастыру
Қазақстан Республикасында кәсіпкерліктің даму ерекшеліктері, мәселелері
Табыстылықтың салыстырмалы көрсеткіштерін талдау тəртібі
Аймақтық басқарудың концепциялық негіздері
ҚР жекешелендіру мәні, кезеңдері мен оны жүргізу әдістері жайлы ақпарат
Көкшетау Минералды су акционерлік қоғамының қызметін қаржылық – экономикалық тұрғыдан талдау
Ақша несие саясатын жүргізу
Менеджменттегі жігерлендіру туралы
Корпоративті басқарудың құрылуы мен дамуы
Пәндер