Неке шарты (контрактісі)



Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 3

1 Некелік құқықтық қатынастар, неке шартын құрастырудың бастамасы ретінде

1.1 Отбасы мен некенің тарихи нысандары. Қазіргі жағдайдағы неке мен отбасы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .. 7
1.2 Некенің құқықтық сипаттамасы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 13
1.3 Некенің тоқтатылуы мен жарамсыздығы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 17

2 Ерлі.зайыптылар мүлкінің құқықтық режимдері

2.1 Ерлі.зайыптылар мүлкінің заңды режимі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 24
2.2 Ерлі.зайыптылар мүлкінің шарттық режимі ... ... ... ... ... ... ... ... ... . 28

3 Қазақстан Республикасы отбасы құқығындағы неке шартының түсінігі, мазмұны және оның тоқтатылуы

3.1 Мүлік, неке шартының пәні ретінде ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 31
3.2 Неке шартының түсінігі, жасау тәртібі және оның мазмұны ... ... ... ... 37

Қорытынды ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 42
Қолданылған әдебиеттер тізімі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 49
Глоссарий ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 51
Қосымшалар ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 55
Тақырыптың өзектілігі. Отбасы қоғамда үлкен рөл ойнайды. Отбасы құқығы – отбасы мүшелерінің арасындағы жеке мүліктік және жеке мүліктік емес қатынастарды реттейтін нормалар жүйесін көрсететін құқықтың бір саласы. Сонымен қатар заңда анықталған жағдайларда – басқа да туыстар арасындағы қатынастарды реттейді.
Осыдан шығатын қорытынды: отбасы құқығы – неке қатынастарының пайда болуын, өзгертілуі мен тоқтатылуын реттейтін теориялар жиынтығын зерттейтін ғылым.
Отбасы, ол – баспана әрі тұрақты мекен. Неке отбасын құру мақсатымен заңда белгіленген тәртіппен ерікті және толық келісім жағдайында жасалған еркек пен әйелдің арасындағы тең құқықтық одақ болып табылады. Неке ерлі-зайыптылардың арасындағы мүліктік және жеке мүліктік емес қатынастарды туғызады. Ерлі-зайыптылардың құқықтары мен міндеттері АХАТ органдарында некеге тұру мемлекеттік тіркелген кезден бастап туындайды және де заңмен белгіленген тәртіпте тіркелген неке ғана құқықтық салдарға әкеп соғады.
Ерлі-зайыптылардың мүлкі жөніндегі қатынастың шарттық сипаты болуы, сондай-ақ қолданыстағы неке-отбасы заңының нормаларымен реттелуі де мүмкін. Мүлік режимі белгілі бір мүліктің ерлі-зайыптылардың біреуіне (өзіндік мүлік) тиесілі екенін немесе екеуіне де ортақ мүлік болатынын анықтайды. Ерлі-зайыптылар мүліктің режимі мен құқықтық мәртебесін, оның біреуіне тиесілі болуын өзара келісімі бойынша анықтай алады. Мұндай келісім болмаған жағдайда, ерлі-зайыптылар меншігінің заңды режимі некеде тұрған кезде жинаған мүлік олардың бірлескен ортақ меншігі болып табылады.
Дамыған елдердің бәрінде некелеспес бұрын, өзара келісім-контрактісін жасасады. Бұл құжатта азаматтар ажыраса қалатын жағдайда мәміледе неке өмірінің барлық маңызды сәттері ескеріледі: екі тараптың дәулет жағдайы, кәмелетке толмаған балалар кіммен болатынын, рақымсыз жұбайға қандай айып-шара қолдануға болады. Шетелдерде неке контрактісі арқылы мүліктік қатынастан бөлек, жеке мүліктік емес қатынасты да реттейді.
Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамада неке контрактісіне отыру мүмкіндігін 1993 жылдың қазан айынан бастап қарастырған. Бірақ мұндай озық жаңа енгізілім керекті қолдау тапқан жоқ. Бұрыннан некеде тұрғандар да, енді некелесушілердің бірлі жарымы ғана неке контрактісінде өздерінің мүлік жағдайы туралы ескереді. Неге олай? Жалпы қоғамның оның ішінде әр азаматтың құқық мәдениетінің төмендігі. Неке контрактісін жасасудың барлық сәттерін саралап көрейік. Бұл құқылық іс-әрекеттің әр нақты адамға берері не?
Біздің еліміздегі некеге тұрушы екі жасты бір-біріне толық сенімді деп есептейді, сондықтан, алдын-ала дәулет-мүлігін қағазға түсіруді ерсі санайды. Неке контрактісі елімізде кеңінен таралмаса да, жұбайлар арасында белең алып келе жатқан өзгеріс. Бұған байланысты туындап жататын даулар да аз емес. Бұл мемлекетіміз үшін қажет емес, неке контрактісі ажырасуды көздейтін құбылыс деушілер де бар.
Бұрынғы ҚазКСР-нің 1969 жылғы «Неке және Отбасы» кодексінде жұбайлардың мүліктік құқықтық режимі барлығына бірдей анықталған. Сондықтан да Ке
1 том (Жалпы бөлім), А., 2002
14. Треушников М.К., – Особенности рассмотрения отдельных категорий гражданских дел / М.К. Треушников. - М.:1995. –375 с.
15. Антокольская М. В. «Брачный контракт» // Закон. - 2009.-№4.-С.2 – 6.
16. Анташева Ю. Любовь по контракту? Контракт по любви! // Материнство. - 2007. - № 5 (9). -С.36.
17. Синельников А.Б. Перспективы изменения норм брачности и разновидности // Семья. -1997.-№2. – С. 19.
18. Судебная практика по гражданским делам / под ред. Е.А. Борисова. - М.: Городец, 2001. –209 с.
19. Балеков С. П. «Семья по контракту» // Российская газета. - 28 апреля 1996. № 4. – С.12.
20. Жанузаков С.Н. Брачный договор. - А.: Юнити-Дана, 2008. –96 с.
21. Сосипатрова Н. Е. Брачный договор: правовая природа, содержание, прекращение // Государство и право, 1999, №3.- С.15.
22. Вестник статистического агентства –А., 2009.
23. Антокольская М. В. «Брачный контракт» // Закон. - 2009.-№7.-С.2 – 9.
24. Белякова А. М. Вопросы семейного права в судебной практике / А.М. Белякова. - М.: 2009. – 350 с.
25. Юридический энциклопедический словарь. М.: 2007.-729 с.

Қосымша әдебиеттер:

1. Қазақ Совет энциклопедиясы, Алматы, 1978
2. Қазақ тілінің түсіндірме сөздігі, Алматы, 2006
3. Айтжан Б.Е., Шіркінбаев Т.Б. Отбасы құқығы Элементарлы курс А, Жеті Жарғы 2006
4. Төлеуғалиев Ғ.ҚР Азаматтық құқығы 1 том (Жалпы бөлім), А., 2002
5. Антокольская М. В. Семейное право: Учебник / М.: Юристъ, 2004. –342 с.
6. Антокольская М. В. «Брачный контракт» // Закон. - 2009.-№4.-С.2 – 6.
7. Анташева Ю. Любовь по контракту? Контракт по любви! // Материнство. - 2007. - № 5 (9). -С.36.
8. Гражданское право. Учебник /под ред. А. П. Сергеева – ч.1 – М.: 1998.- 436 с.
9. Загоровский А. И. Курс семейного права (переизд.) / А.И. Загоровский М.: 2008. – 402 с.
10. Игнатенко А.А., Скрыпников Н.Н. Брачный договор. Законный режим имущества супругов / А.А. Игнатенко, Н.Н. Скрыпников. – М.: Информационно-издательский дом «Филинъ», 2007. –184 с.
11. Комментарий к Гражданскому кодексу РК / под ред. М. К. Сулейменова. А.: Жети жаргы, 2000. –512 с.
12. Комментарий к семейному кодексу / под редакцией М.Г. Макевич, И.М. Кузнецова, Н.И. Марышева, М.: 1995. – 398 с.
13. Нечаева А. М. Семейное право. Курс лекций / А.М. Нечаева. - М.: Юристъ, 2003. –74 с.
14. Нарицын Н.Н. «Свадьба-развод и наоборот» / Н.Н. Нарицын. - М.: «Махаон», 2001. –101 с.
15. Право собственности в семейном Кодексе / под ред. Е.А. Сухова. - М.: 1999. –56 с.
16. Стрельникова Г.К Правовой режим некоторых объектов общей собственности супругов / Г.К. Стрельникова. - М.:2001. –161 с.
17. Судебная практика по гражданским делам / под ред. Е.А. Борисова. - М.: Городец, 2001. –209 с.
18. Синельников А.Б. Перспективы изменения норм брачности и разновидности в Российской Федерации // Семья. -2007.-№2. – С. 19.
19. Сосипатрова Н. Е. Брачный договор: правовая природа, содержание, прекращение // Государство и право, 1999, №3.- С.15.
20. Треушников М.К., – Особенности рассмотрения отдельных категорий гражданских дел / М.К. Треушников. - М.:1995. –375 с.
21. Чефранова Е., «Правовое регулирование имущественных отношений супругов» // Российская юстиция, 1996, № 7.- С.19.
22. Юридический энциклопедический словарь. М.: 2007.-729 с.
23. Энгельс Ф. «Отбасының, жеке меншіктің және мемлекеттің шығуы», Алматы, 1984
24. Балеков С. П. «Семья по контракту» // Российская газета. - 28 апреля 1996. № 4. – С.12.
25. Большой юридический словарь / под редакцией А.Я. Сухарева, В.Е. Крутских – М.: «ИНФРА» 2001. –765 с.
26. Жанузаков С.Н. Брачный договор. - А.: Юнити-Дана, 2008. –96 с.
27. Белякова А. М. Вопросы семейного права в судебной практике / А.М. Белякова. - М.: 2009. – 350 с.
28. Бунич Г.А., Гончаров А.А., Потапов Ю.Г. «Гражданское право» / Г.А. Бунич, А.А. Гончаров, Ю.Г. Потапов. - М.: Издательско – торговая корпорация «Дашков и Ко» 2002 . – 432 с.

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ

Қорғалуға жіберілді:

Кафедра меңгерушісі

_________

“ ___” ________ 20 __ жыл

Д И П Л О М Д Ы Қ Ж Ұ М Ы С

Тақырыбы: “Неке шарты (контрактісі)”

Мамандығы 050301 – Заңтану

Орындаған: күндізгі оқу бөлімінің

Ғылыми жетекші: кафедра аға оқытушысы,

Алматы, 2011

МАЗМҰНЫ

Кіріспе ----------------------------------- ---------------------------------
-------------------- 3

1 Некелік құқықтық қатынастар, неке шартын құрастырудың бастамасы ретінде

1.1 Отбасы мен некенің тарихи нысандары. Қазіргі жағдайдағы неке мен отбасы
----------------------------------- ----------------------------------- ------
---------- 7
1.2 Некенің құқықтық сипаттамасы ----------------------------------- --------
--------- 13
1.3 Некенің тоқтатылуы мен жарамсыздығы ----------------------------------- -
---- 17

2 Ерлі-зайыптылар мүлкінің құқықтық режимдері

2.1 Ерлі-зайыптылар мүлкінің заңды режимі ----------------------------------
------ 24
2.2 Ерлі-зайыптылар мүлкінің шарттық режимі --------------------------------
----- 28

3 Қазақстан Республикасы отбасы құқығындағы неке шартының түсінігі, мазмұны
және оның тоқтатылуы

3.1 Мүлік, неке шартының пәні ретінде ----------------------------------- ---
--------- 31
3.2 Неке шартының түсінігі, жасау тәртібі және оның мазмұны ----------------
37

Қорытынды ----------------------------------- -------------------------------
-------------- 42
Қолданылған әдебиеттер тізімі ----------------------------------- -----------
--------- 49
Глоссарий ----------------------------------- -------------------------------
----------------- 51
Қосымшалар ----------------------------------- ------------------------------
-------------- 55

Кіріспе

Тақырыптың өзектілігі. Отбасы қоғамда үлкен рөл ойнайды. Отбасы
құқығы – отбасы мүшелерінің арасындағы жеке мүліктік және жеке мүліктік
емес қатынастарды реттейтін нормалар жүйесін көрсететін құқықтың бір
саласы. Сонымен қатар заңда анықталған жағдайларда – басқа да туыстар
арасындағы қатынастарды реттейді.
Осыдан шығатын қорытынды: отбасы құқығы – неке қатынастарының пайда
болуын, өзгертілуі мен тоқтатылуын реттейтін теориялар жиынтығын зерттейтін
ғылым.
Отбасы, ол – баспана әрі тұрақты мекен. Неке отбасын құру мақсатымен
заңда белгіленген тәртіппен ерікті және толық келісім жағдайында жасалған
еркек пен әйелдің арасындағы тең құқықтық одақ болып табылады. Неке ерлі-
зайыптылардың арасындағы мүліктік және жеке мүліктік емес қатынастарды
туғызады. Ерлі-зайыптылардың құқықтары мен міндеттері АХАТ органдарында
некеге тұру мемлекеттік тіркелген кезден бастап туындайды және де заңмен
белгіленген тәртіпте тіркелген неке ғана құқықтық салдарға әкеп соғады.
Ерлі-зайыптылардың мүлкі жөніндегі қатынастың шарттық сипаты болуы,
сондай-ақ қолданыстағы неке-отбасы заңының нормаларымен реттелуі де мүмкін.
Мүлік режимі белгілі бір мүліктің ерлі-зайыптылардың біреуіне (өзіндік
мүлік) тиесілі екенін немесе екеуіне де ортақ мүлік болатынын анықтайды.
Ерлі-зайыптылар мүліктің режимі мен құқықтық мәртебесін, оның біреуіне
тиесілі болуын өзара келісімі бойынша анықтай алады. Мұндай келісім
болмаған жағдайда, ерлі-зайыптылар меншігінің заңды режимі некеде тұрған
кезде жинаған мүлік олардың бірлескен ортақ меншігі болып табылады.
Дамыған елдердің бәрінде некелеспес бұрын, өзара келісім-контрактісін
жасасады. Бұл құжатта азаматтар ажыраса қалатын жағдайда мәміледе неке
өмірінің барлық маңызды сәттері ескеріледі: екі тараптың дәулет жағдайы,
кәмелетке толмаған балалар кіммен болатынын, рақымсыз жұбайға қандай айып-
шара қолдануға болады. Шетелдерде неке контрактісі арқылы мүліктік
қатынастан бөлек, жеке мүліктік емес қатынасты да реттейді.
Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамада неке контрактісіне
отыру мүмкіндігін 1993 жылдың қазан айынан бастап қарастырған. Бірақ мұндай
озық жаңа енгізілім керекті қолдау тапқан жоқ. Бұрыннан некеде тұрғандар
да, енді некелесушілердің бірлі жарымы ғана неке контрактісінде өздерінің
мүлік жағдайы туралы ескереді. Неге олай? Жалпы қоғамның оның ішінде әр
азаматтың құқық мәдениетінің төмендігі. Неке контрактісін жасасудың барлық
сәттерін саралап көрейік. Бұл құқылық іс-әрекеттің әр нақты адамға берері
не?
Біздің еліміздегі некеге тұрушы екі жасты бір-біріне толық сенімді деп
есептейді, сондықтан, алдын-ала дәулет-мүлігін қағазға түсіруді ерсі
санайды. Неке контрактісі елімізде кеңінен таралмаса да, жұбайлар арасында
белең алып келе жатқан өзгеріс. Бұған байланысты туындап жататын даулар да
аз емес. Бұл мемлекетіміз үшін қажет емес, неке контрактісі ажырасуды
көздейтін құбылыс деушілер де бар.
Бұрынғы ҚазКСР-нің 1969 жылғы Неке және Отбасы кодексінде
жұбайлардың мүліктік құқықтық режимі барлығына бірдей анықталған. Сондықтан
да Кеңес дәуірі кезінде неке шарты деген ұғым болған емес. Десек те, сол
кезде тәжірибеде және өзге де нормативтік құқықтық актілерде неке шарты
неке контрактісі деген терминмен қолданылып келген. ҚазКСР-нің Неке және
Отбасы туралы кодексінің күші жойылған соң да неке контрактісі деген
термин қолданыста болды. Қазіргі Неке және Отбасы заңында да неке шарты
деген ұғым бар. ҚазКСР-нің Неке және Отбасы кодексінде 1993 жылы
толықтырулар мен өзгертулер енгізіліп, ол қосымша құжат ретінде
қабылданысымен неке шарты ұғымы ең алғаш рет пайда болды. Осыған орай
неке шартының жасалу жолдарын, реттейтін қатынастардың маңызын, бұзылуы мен
өзгертілуін толығымен қарастырған жөн. Ерлі-зайыптылардың мүліктік құқықтық
қатынастары 1998 жылғы 17-ші желтоқсанда қабылданған Қазақстан
Республикасының Неке және Отбасы туралы Заңымен бекітілді.
Көптеген заңнамаларда неке шарты деген термин кездескенімен,
тәжірибеде неке контрактісі немесе неке келісімі деген терминдер
қоланылады. Олардың барлығы синонимдер болып табылады. Контракт деген
термин ағылшын сөзінен (сontract) алынған, ол да шарт деп
аударылады[1.231].
Отбасы заңнамалары арқылы ерлі-зайыптылардың қатынастары құқықтық
реттелуге жатады. Көптеген мемлекеттердің заңнамаларында ерлі-зайыптылардың
мүліктік шарттық режим институтына бірқатар нормаларды енгізген.
Отбасында неке контрактісі жанжалды болдырмайды, өйткені мүлікті талап
ету жолдары контрактіде көрсетілген. Адам алдағы өмірін болжай алмағанмен,
неке контрактісі тағдырдың соққысын жеңілдетуге себін тигізеді. Егер ерлі-
зайыптылар некеге тұру кезінде неке контрактісін жасаса, бұл құжат
артықшылық етпейді. Бұндай контракт басқадай құжат сияқты, заңның
қорғауында болады.
Неке контрактісінің ең тиімді жағы – ерлі-зайыптылардың арасындағы
бітпес дау, орынсыз кикілжіңдерді болдырмай, бар мәселені заңмен
шешетіндігінде болып отыр.
Заңгерлер неке контрактісінің белең алмауының себептерінің бірі –
кеңес менталитетінің басылмағандығы, онда жоғары моральдік принциптері,
мәңгі махаббат және әртүрлі меншіктікке күресті басшылыққа алған еді. Ал
неке контрактісі болса, ажырасу кезінде актуалді болып отыр. Ресми түрдегі
неке байланыстары кезінде ешкім оның соңы бұзылуға әкеп соғады деп
ойламайды.
Маңыздылығы – нормативтік-құқықтық актілерде неке контрактісінің толық
мәнін ашу және тәжірибеде қолдана білу керектігін көрсету керек. Неке
контрактісі еліміздегі өзекті мәселелерінің бірі болып табылады. Бұл
жұмыстың теориялық та, практикалық та маңызы өте зор. Оның теориялық маңызы
жеткілікті дәрежеде неке контрактісін реттейтін арнайы нормативтік
актілердің болмауында. Ал оның практикалық маңызы некеге тұрушы немесе
некеде тұрған көптеген азаматтар ұлттық салт-дәстүрді сақтай отырып, неке
контрактісін жасамайды.
Бұл жұмысты зерттеудегі обьектісі – мүлікпен байланысты және мүлік
бойынша пайда болатын ерлі-зайыптылардың мүліктік құқықтары мен міндеттері
болып табылады.
Бұл еңбектің міндеті: неке контрактісінің мағынасын ашу.
Мақсатымыз біздің заңдарымызға байланысты неке контрактісінің құқықтық
түсінігін, Ресей Федерациясының заңдарында бекітілген неке контрактісінің
құқықтық түсінігін және шетел мемлекеттерінің заңдарындағы неке
контрактісінің алатын рөлін қарастыру.
Мақсатқа жету үшін:
• біріншіден, неке контрактісі мазмұнына түсінік беру; даму тарихын ашу;
• екіншіден, некеге тұру және оны бұзу тәртібіндегі неке контрактісінің
рөлі;
• үшіншіден, шетелдік тәжірибені негіздей отырып, неке контрактісінің
құқықтық реттелуі.
Неке контрактісін жасасу қажеттілігін ерлі-зайыптылар өздерінің қалауы
бойынша шеше алады. Кейбіреулері бұған ойланбастан келіседі, ал
кейбіреулері қарсылықтарын білдіреді. Неке контрактісі алғашында мүліктік
қатынастарды реттейді, кейіннен әлеуметтік және жеке қатынастарды реттеуі
мүмкін. Неке контрактісі әйел мен еркектің мүліктік мүдделерін тең дәрежеде
қорғайды. Дегенмен неке контрактісін жасамас бұрын, оның ережелерімен
танысып, заңгерлермен кеңесіп алған артықтық етпейді.
Бұл жұмыстың ғылыми жаңашылдығы – ұлттық тілде бұл тақырыпта
зерттелген жұмыстар аздық танытып отыр. Сондықтан осы қазақ тілінде
зерттеліп отырған жұмыстың ғылымға қосатын үлесі зор болады деп ойлаймын.
Диплом жұмысы кіріспе, үш бөлім, сегіз параграф, қорытынды,
пайдаланған әдебиет тізімінен және қосымшалардан тұрады.
Жұмыс барысында неке контрактісі мәселесін қарастырған отандық және
шетелдік авторлардың нормативтік-құқықтық еңбектері, мерзімді басылымдар
қолданылған. Отандық авторлар ішінде Ынтымақов С.А., Карпушина Т.Д.;
Калышев А.Б.; Баққұлов С.Д.; Биримжанова С.Э.; Қарашаева Ж.; Баудиярова
Қ.Б.; Айтжан Б.Е.; Шіркінбаев Т.Б. және шетелдік авторлардан Абашин Э.А.;
Пономорев А.П.; Сосипатрова Н.Е.; Шершеневич Г.Ф.;Сергунина В.М; Максимович
Л.Г; Негаева А.М; Антокольский М.В., Бондова С.Н. редакциясы бойынша
жазылған оқулықтар және Халықаралық Конвенциялар, нормативтік-құқықтық
актілер қолданылған.

1. Некелік құқықтық қатынастар, неке шартын құрастырудың бастамасы ретінде

2 Отбасы мен некенің тарихи нысандары. Қазіргі жағдайдағы неке мен отбасы

Қоғамның әлеуметтік институты ретінде неке мен отбасы өте ертеде пайда
болды және өзінің дамуында бірнеше сатыдан өтті. Қоғам рулық белгі бойынша
бөлінген промискуитет кезеңінде жыныстық қатынастар аралас болды. Дүниеге
келген балалар бүкіл рулық қауыммен тәрбиеленді. Руын анасының жағынан
анықтады, өйткені әкесін анықтау мүмкін болмады. Бұл кезең матриархат деп
аталды.
Қоғам дамыды, онымен бірге мораль дамып, ата-ана мен балалардың
арасындағы неке қатынастарының моральға қайшы екені туралы тұжырымдар пайда
болды. Нәтижесінде адамзат жаңа неке қатынасының нысаны: топтық некеге
көшті. Ғалымдардың зерттеулеріне сәйкес ол екі нысаннан өтті: қандық
туыстық отбасы мен пуналуалық отбасы. Қандық туыстық отбасында неке ұрпақ
бойынша құрылды, яғни ата-ана мен балалар ұрпағы өзінің неке қауымдастығын
құрды. Басқаша айтқанда, Ф. Энгельс дұрыс атап көрсеткен, апайы әйел болды
және ол моральдық тұрғыдан дұрыс саналды. Бірақ біртіндеп некелік қарым-
қатынас шеңберінен қандас туыстар, яғни туған аға мен апай шығарылды;
пуналуалдық отбасы пайда болды. Онда бір рудағы туысқан қыздар тобы келесі
топтағы туысқан ұлдар тобының ұжымдық әйелдері болып табылды. Бұндай неке
қандық араласуды болдырмау салдарынан туындаса керек.
Өндіріс құралдарының дамуы, жер өңдеу мен мал өсіру сияқты алғашқы
еңбек бөлінісінің пайда болуы, сонымен қатар қоғамдағы одан әрі пргрессивті
өзгерістер артық өнімнің пайда болуына әкелді. Бұл некенің келесі сатысы –
бір әйел мен бір еркектен тұратын некенің дамуына әсерін тигізді. Бірақ
олардың тұрақты экономикалық жағдайларының болмауына байланысты, олар жеке
мүліктік дербестікке жете алмай, сол өздерінің рулық ұйымдарында қалуларына
мәжбүр болды. Тек адамдардың белгілі бір тобының (ақсақалдар, абыздар және
әлеуметтік дәрежесі бар басқа да тұлғалар) өзіндік жеке отбасын құру
мүмкіндігі болды. Осы кезеңде патриархат, яғни руын әкесінің жағынан
анықтау пайда болды. Дегенмен әлі де болса да барлық жағдайда баланың
биологиялық әкесін нақты анықтау мүмкін емес болды, өйткені бұл некелер де
әлсіз, мықты емес болды.
Құқықтың кез-келген саласы сияқты отбасы құқығының да өзіне тән пәні
мен құқықтық реттеу әдісі бар. Отбасы құқының пәні болып қоғамдық
қатынастың екі тобы табылады: отбасы құқығының субъектілерінің арасында
пайда болатын жеке мүліктік емес және олармен байланысты мүліктік
қатынастар.
Қатынастардың негізгі бөлігін мүліктік емес қатынастар құрайды, ал
мүліктік қатынастардың тек екі түрі бар; алименттік және неке кезінде бірге
жинаған мүліктеріне қатысты ерлі-зайыптылардың арасындағы қатынастар.
Отбасы өмірінің көптеген жақтарын құқық емес мораль реттейді. Отбасы
қатынастары өзінің мәні жағынан дербес қатынас болып табылады, сондықтан
мемлекет ол қатынастардың неғұрлұм ерекше мағанасы барын және қоғамдақ
мүддеден туындайтынын, әсіресе, отбасының кәмелетке толмаған, еңбекке
жарамсыз мүшелеріне байланысты қатынастарын реттейді.
Отбасы құқығын реттеу әдісінің әрекет ету механизмі келесіде:
алғашында отбасылық құқықтық қатынастың мүшелері өздерінің қалауы бойынша
еріктілік әдісін қолданады (егер олар отбасылық заңмен қарастырылса), бірақ
егер олар оны жасамаса неке және отбасы заңының императивтік нормалары
немес басқа құқықтық актілер қолданылады. Жоғарыда келтірілген мысалдарға
сәйкес: ері мен әйелінің мүлкіне қатысты жалпы ортақ меншік туралы жағдай
әрекет етеді; отбасы мүшелерін асырау қаражаты (алимент) неке және отбасы
заңының ережесіне сәйкес алынады; баланың тегін оның тууы туралы актілік
жазу енгізгенде азаматтық хал актілерін жазу органдары анықтайды.

Неке және отбасы туралы алғашқы декреттер. 1918 жылғы азаматтық хал
актілерін жазу, неке, отбасы және қамқоршылық құқығы туралы заңдар кодексі

1917 жылғы Қазан революциясы отбасы заңнамасындағы жаңа кезеңнің
бастамасы болды. 1918 жылы 18 желтоқсанда БОАК мен ХКК Азаматтық неке,
балалар және азаматтық жағдайлар актілерінің кітабын жүргізу туралы
алғашқы Декреті қабылданды.

Келесі күні – 19 желтоқсанда Некені бұзу туралы тағы да бір декрет
қабылданды. Онда келесі жағдайлар қарастырылды:

некені әкімшілік тәртіппен бұзу (АХАЖ органдарында)

соттық тәртіппен бұзу

өздерінің еркінен тыс некеге тұрған әйелдерді босатуға
негізделген неке еркіндігі қағидасы жарияланды (діни нанымдар
негізінде құрылған некелер, жергілікті дәстүрлер бойынша құқығын
шектеу негізінде құрылған некелер, ата-анасының күштеуі негізінде
құрылған некелер және т.б.)

1918 жылы отбасы құқығының барлық нормалары бір актіге – азаматтық хал
актілері, неке, отбасы және қамқорлық құқық туралы заңдар Кодексіне
біріктірілді.

Қазіргі отбасы құқығының дамуы үшін 1926 жылғы неке, отбасы және
қамқоршылық құқығы туралы заңдар кодексінің мағанасы

 1926 жылы бүкілхалықтық талқылау нәтижесінде жаңа отбасы кодексі
қабылданды – неке, отбасы және қамқорлық туралы заңдар кодексі қабылданды,
оның көпшілік жағдайлары бүгінгі күні де сақталған:
- ерлер үшін де, әйелдер үшін де ортақ неке жасы 18 деп бекітілді
- ерлі-зайыптылардың ортақ мүлкі енгізілді (жалпы ортақ жеке меншік)
- бала асырап алу қалпына келтірілді
- әкені анықтау тәртібі жеңілдетілді
- некені бұзу тәртібі өзгертілді: бұрынғы соттық және тіркеу
(әкімшілік) тәртібінің орнына тек соңғысы ғана қалды, яғни кодекс күшіне
енген уақыттан бастап ерлі-зайыптылар жеңілдетілген тәртіппен АХАЖ
органдарында некелерін бұза алды.

1936-1968 жылдардағы неке және отбасы туралы жалпы одақтық заңнама

Мемлекетпен жүргізілген негізгі шаралар нормативтік актінің өзінің атауында
көрсетілді. Қаулы келесі мәселелерді анықтады:

кәмелетке толмаған баларға алименттің үлестік мөлшерін,

алимент төлемегені үшін қылмыстық жауапкершілік күшейтілді,

айырылысқаны үшін прогрессивтік төлем енгізілді (бірінші айырылысқаны
үшін – 50 сом, екіншіге – 150 сом, үшіншіге және келесілердің
барлығына – 300 сом),

айрылысатын ерлі-зайыптылардың екеуі де АХАТ органына келуі
керек болды.

Отбасы заңына осы кезеңге қажетті болған 1944 жылғы 8 шілдедегі КСРО
Жоғарғы Кеңесі Президиумының Жарлығы маңызды өзгерістер енгізді. 20
миллионнан астам адам өмірін әкеткен екінші дүниежүзілік соғыс тек
әйелдердің ғана емес, сонымен қатар еркектердің де құқықтарын қорғауға және
халықтың санын көбейтуге бағытталған жедел шараларды қолдануға әсер етті.

1969 жылғы неке және отбасы туралы Кодексті отбасы қатынастарына
қолдану негіздері

Кеңестік құқықтың негізгі қайнар көзі Кеңестік мемлекеттердің негізгі
заңы - КР Конституциясы болды. Ол отбасы заңы бойынша негізгі нормаларды да
қарастырады. Конституцияда қарастырылған отбасы құқығының нормалары неке-
отбасы қатынастарын құқытық реттеудің қағидалары болады, жоғарғы заңдық
күші болады және олардың маңызды саяси мағанасы болады.
1978 жылғы Қаз КСР Конституциясының 51 бабында КР-да отбасы
мемлекеттің қорғауында болады деп көрсетілген. Бұл норма неке және отбасы
туралы заңға отбасын әлеуметтік-құқықтық қорғау туралы негізгі жағдайларды
енгізу арқылы жүзеге асырылады. 51 баптың 2 бөлімінде отбасы құқығының тағы
да бір қағидасы бекітілген: әйел мен еркектің өзара еркін келісімі – неке
негізі. Бұл қағиданың мағанасы бойынша әйел мен еркектің өзара еркін
келісімі тек некеге тұрған кезде ғана емес, сонымен қатар одан әрі де
қажет.
Қаз КР Конституциясының 64 бабында бекітілген:
1. Балаларды тәрбиелеу, оларды қоғамдық пайдалы еңбекке дайындау,
кеңестік қоғамның лайықты мүшесі етіп өсіру азаматтардың міндеті;
2. Бұл бапта балалары ата-аналарына қамқорлық көрсетіп, оларға көмек
көрсетуге міндетті деп те көрсеткен.
Отбасы құқығының қайнар көздеріне ең алдымен жалпы одақтық заң
актілері жатады. Олардың ішіндегі ең маңыздысы 1968 жылы 27 маусымда КР
Жоғарғы Кеңесімен қабылданған және 1968 жылы 1 қазаннан күшіне енген неке
және отбасы туралы КР және одақтас республикалардың негізгі заңы жатады.
Құқықтық әдебиеттерде отбасы құқығының отандық құқық жүйесінде алатын
орны туралы даулар толастаған емес. Оның негізгі мазмұны отбасы құқығы жеке
құқық саласы ма, әлде азаматтық құқықтың бір бөлігі ме деген сұрақ.
Құқықтың кез-келген жеке саласының өзіндік пәні мен құқықтық реттеу әдісі
болуы керек. Негізінен мүліктік қатынастарды реттеуден тұратын азаматтық
құқықтан отбасы құқығының айырмашылығы, оның нормалары ең алдымен жеке
мүліктік емес қатынастарды реттеуге бағытталған. Сонымен қатар отбасы
құқығындағы қатынастардың өзі жат тұлғалардың арасында емес туыстардың,
ерлі-зайыптылардың, асырап алушылардың және т. б. арасында, яғни жақын
адамдардың арасында туындайды. Отбасы құқықтық қатынастарының субъективтік
құрамына азаматтық құқықтағы сияқты заңды тұлғалар, мемлекеттік-құқықтық
құрылымдар кірмейді.
Реттеудің азаматтық-құқықтық әдісінің мәні бойынша жақтар заңды
тұрғыдан тең болады. Отбасылық қатынастарда ата-ана мен кәмелетке толмаған
баланың, қамқоршы мен қорғаншының, асырап алушы мен асырап алынғандардың
арасындағы теңдік туралы айту өте қиын. Тек ерлі-зайыптылардың толық
теңдігін байқауға болады. Отбасы қатынасының мүшелеріне алиментті уақытына
төлемеуіне байланысты жағдайдан басқа мүліктік сипаттағы санкция
қолданылмайды, ал азаматтық құқықта мүліктік санкция ең басты болып
табылады.
Осылайша, отбасы құқығын азаматтық құқықтан оның пәні әдәсі,
субъективтік құрамы, жауапкершілігі және т.б. арқылы бөлуге болады. Осыдан
келіп біз отбасы құқығы Қазақстан Республикасының жеке құқық саласы деген
қортынды жасай аламыз.
Отбасы құқығы – некеден, туыстықтан, бала асырап алуданнемесе
балаларды тәрбиеге алудың өзге де нысандарынан туындайтын жеке мүліктік
емес және олармен байланысты мүліктік құқықтық қатынастарды императивті-
еріктілік әдіс негізінде реттейтін отбасы-құқықтық нормалаларының жиынтығы.

Отбасы құқығының мақсаты – отбасы мүшелерінің арасында (бұрынғы
мүшелерінің) пайда болатын отбасы қатынастарын реттеу. Неке және отбасы
туралы ҚР заңының 3 бабында Қазақстан Республикасының неке және отбасы
заңдары еркек пен әйелдің некелік одағының еріктілігі, отбасы ісіне кімнің
болса да өз бетінше араласуына жол бермеу, отбасы ішіндегі мәселелерді
өзара келісіммен шешу және т.б. айтылған. Біздің мемлекетіміздің басты
мақсаттарының бірі отбасы құқығы субъектілерінің өз құқықтарын кедергісіз
жүзеге асыруын қамтамасыз ету және ол құқықтарды соттық қорғау мүмкіндігін
жүзеге асыру.
Отбасы құқығының қағидалары деп осы құқық саласының мәнін және олардың
құқықтық бекітілу күшіндегі жалпыға міндетті мәнін анықтайтын басты
жағдайларды айтамыз.
Отбасы құқығының қайнар көзі – бұл отбасы-құқықтық нормаларының сыртық
көрінісінің нысаны.
Отбасы құқығының негізгі қайнар көзі 1998 жылы 17 желтоқсанда
қабылданған неке және отбасы туралы Қазақстан Республикасының Заңы болып
табылады. Онда кодекс жобасын талқылау барысында барлық мүдделі тұлғалардың
айтқан ұсыныстары ескерілген. Неке және отбасы туралы заң нормалары
конституциялық бастауларға негізделген. ҚР Конституциясының 27 бабы келесі
жағдайларды бекітеді:
1. Неке мен отбасы, ата-ана мен бала мемлекеттің қорғауында болады.
2. Балаларға қамқорлық жасау және оларды тәрбиелеу ата-ананың табиғи
құқығы және міндеті болып табылады.
3. Кәмелетке толған еңбекке жарамды балалар еңбекке жарамсыз ата-
анасына қамқорлық жасауға міндетті.
ҚР Неке және отбасы туралы Заңының 4 бабы отбасы құқығының қайнар
көздерінің құрамына Қазақстан Республикасының Конституциясына негізделген
неке және отбасы туралы заңдар мен отбасы құқығының нормаларынан тұратын
Қазақстан Республикасының басқа да нормативтік құқықтық актілерінен тұрады
деп көрсетеді. Отбасы құқғының қайнар көзі болып табылады:
1. Бала құқығы туралы 2002 ж. 8 тамыздағы ҚР Заңы
2. Қазақстан Республикасының шет елде алимент өндіру туралы
Конвенцияға қосылуы туралы 1999 ж. 30 желтоқсандағы № 33-II ҚР Заңы
3. 1993 ж. 30 наурызда Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесінің
қаулысымен ратификацияланған азаматтық, отбасылық және қылмыстық
істер бойынша құқықтық қатынастар мен құқықтық көмек туралы
Конвенцияны ратификациялау туралы 2004 ж. 10 наурыздағы ҚР Заңы
4. Бала құқығы туралы 1989 ж. 20 қараша, Қазақстан Республикасымен
1994 ж. 8 маусымда ратификацияланған.
5. Қазақ ұлтының тұлғаларының тегі мен әкесінің атын жазумен
байланысты сұрақтарды шешу тәртібі туралы 1996 ж. 2 сәуірдегі
Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығы және т.б.

Отбасы қатынастарына азаматтық заң мен халықаралық құқық нормаларын
қолдану негізі мен тәртібі

Отбасы қатынастарына азаматтық заң екі жағдайда қолданылады:
Біріншіден, ол туралы ҚР Неке және отбасы туралы Заңында ҚР АК немесе
басқа да азаматтық-құқықтық актілердің сәйкес нормаларын қолдану туралы
тікелей сілтеме болдса;
Екіншіден, отбасы мүшелерінің арасындағы қатынас отбасы-құқықтық
нормалармен реттелмесе және осы отбасы қатынастарын реттейтін қажетті
азаматтық заң нормалары болса.

Неке-отбасы қатынастарын реттеудегі жоғарғы сот органдары актілерінің
ролі

ҚР Жоғарғы Сотының қаулылары мен басқа да нормативтік актілері отбасы
құқығының қайнар көзі болып табылмайды, бірақ құқықты қолдану тәжірибесінде
өзіндік әсер етеді. Олар Неке және отбасы туралы заң мен бас қа нормативтік-
құқықтық актілердің бүкіл ҚР аумағында бір нысанда қолданылуына жетуді
қамтамасыз етеді, сонымен қатар кейбір жағдайларда олар құқықтағы
ақтаңдақтардың орнын толтыруды да қарастырады. Мысалы Неке және отбасы
туралы заңда әкелікті белгілеу туралы жағдай жоқ. ҚР Жоғарғы Сотының
Пленумы өзінің қаулысында осы сұрақ бойынша түсініктеме берді. Осы қаулыға
сәйкес қайтыс болған азаматтың әкелік факторын бекіту ерекше өндірістік
тәртіпте жүзеге асыруға болады. Осылайша, отбасылық заң нормаларын дұрыс
қолдану үшін ҚР жоғарғы сот органының қаулысының маңызы ерекше

1.2 Некенің құқықтық сипаттамасы

Неке - ерлі-зайыптылар арасындағы мүліктік және мүліктік емес жеке
қатынастарды туғызатын, отбасын құру мақсатымен заңдарда белгіленген
тәртіппен тараптардың ерікті және толық келісімі жағдайында жасалған еркек
пен әйелдің арасындағы тең құқықты одақ. Яғни қарапайым тілде айтқанда,
неке – еркек пен әйелдің өзара сүйіспеншілік және сыйлау сезіміне
негізделіп отбасын құру мақсатымен келісілген ерікті, еркін және тең құқылы
одағы[2.47].
Заңда неке таңдауға ерік берілген, яғни некеге тұру немесе оны бұзу
үшін тараптардың өзара ерікті келісімі қажет. Некеде ерлі – зайыптылардың
құқықтары мен міндеттері тең, әйелдердің құқығын шектеуге жол берілмейді.
Бұл әйелдердің үй шаруашылығын жүргізумен ғана айналысып қоймай, сондай –
ақ ерімен бірге бизнеспен айналысуына, мансапқа талпынуына мүмкіндік
береді. Ерлі – зайыптық қатынстар, әдеттегідей ғұмырлық, яки некеге тұру
бегілі бір мерзім көрсетілмей жүзеге асырылады.
Қазақстанда мемекеттік АХАТ органында тіркелген неке ғана танылады.
Қазақстанда некеге тұрған кезде отбасылық қатынастарда әлеуметтік,
нәсілдік, ұлттық, тілдік немесе қай дінді ұстанатындығына қарай
азаматтардың құқығын шектеудің кез келген түрлеріне тыйым салынады.
Ерлі – зайыптылар қатынастарына туыстарының араласуына жол
берілмейді.
Некеге тұру некеге тұрушы ері мен әйелдің өзара ерікті келісімі және
олардың неке жасына жету болып табылады.
Егер неке күш көрсету, алдау, қорқыту жолымен қиылған болса, онда ол
жарамсыз деп танылуы мүмкін. Некеге тұру келісімін некені тіркеу рәсімінің
барысында некеге тұрушы адамның тікелей өзі ауызша білдіреді және оның
қолын қойғызу арқылы расталады. Соның өзінде ата – аналарының немесе
туыстарының келісімі талап етілмейді. Дей тұрғанмен, қай жағынан алып
қарағанда да ата – анасының құптауы болашақ отбасы үшін өте маңызды
екендігі күәмнсіз.
Отбасын құру үшін неке жасына жетудің үлкен маңызы бар. Некеге
тұрушылар белгілі бір рухани және күш – қуат кемелділігіне ие болуы керек,
ол белгілі бір жаспен байланысты. Біздің заңымызға сәйкес неке жасы – 18
жас.
АХАТ органдары дәлелді себептері болған жағдайда неке жасын екі
жылдан аспайтын мерзімге төмендете алады. Неке жасына жетпеген адамдардың
некеге тұруына ата – аналарының келісімі бойынша ғана рұқсат етіледі.
Жүктілік немесе баланың тууы, әскери қызметке шақырылуы, кәмелетке
толмағандардың нақты отбасын құруы дәлелді себептердің қатарына жатады.
Соның өзінде басқа да длелді себептердің болуы мүмкін.
Некеге тұратын адамдар медециналық, сондай – ақ медециналық –
генетикалық мәселелер және репродукциялық денсаулық қорғау мәселелері
бойынша консультациялар алып, тексеруден өтулеріне болады. Мұндай
тексерулер некеге тұратын адамдардың екеуінің келісімімен ғана өткізілуі
тиіс. Некеге тұратын адамдарды тексерудің нәтижелері медециналық құпия
болып табылады және ол некеге тұруға ниеттенген адамға тексеруден өткен
адамның келісімімен ғана хабарлануы мүмкін.
Болашақ ерлі – зайыптылар АХАТ органына өздерінің некеге тұрғысы
келетіндіктері туралы бірлесіп жазбаша түрде мәлімдеуі керек. Ал олардың
біреуі АХАТ органына бірге өтініш беру үшін келуге мүмкіндігі болмаған
жағдайда қалай істеу керек? Егер ол дәлелді себептермен АХАТ органына келе
алмайтын жағдайда ол адамдардың некеге тұруды қалайтындытары жөніндегі
нотариус куәландырған өтінішін табыс етуге заң рұқсат береді.
Некеге тұру тәртібіне келсек, некеге тұратын адамдардың тікелей
қатысуымен неке мемлекеттік азаматтық хал актілерін жазу органдарында
қиылады.
Некеге тұруға ниет білдірген адамдардың біреуі азаматтық хал актілерін
жазу органына келе алмайтын ерекше жағдайларда неке мұндай адамның тұратын
жері бойынша қиылуы мүмкін.
Неке қию кезінде өкіл жіберуге жол берілмейді.
Некені қию некеге тұруға тілек білдірушілер азаматтық хал актілерін
жазу органына арыз берген күннен бастап бір ай мерзім өткен соң
жүргізіледі.
Дәлелді себептер болған жағдайда неке қиюды мемлекеттік тіркеу орны
бойынша азаматтық хал актілерін жазу органы бір ай өткенге дейін неке
қиюға, сондай-ақ осы мерзімді ұзартуға, бірақ бір айдан аспайтын мерзімге
ұзартуға рұқсат етуі мүмкін.
Ерекше мән-жайлар болған кезде (жүктілік, бала тууы, бір тараптың
өміріне тікелей қауіп төнуі және басқа да ерекше мән-жайлар) неке өтініш
берілген күні қиылуы мүмкін.
Неке қиюды мемлекеттік тіркеу азаматтық хал актілерін мемлекеттік
тіркеу үшін белгіленген тәртіппен жүргізіледі.
Азаматтық хал актілерін жазу органдарының некені тіркеуден бас
тартуына некеге тұруға тілек білдіруші адамдар не олардың біреуі сотқа
шағым жасай алады.
Заңда неке қиюға кедергілер де көзделген. Некеге тұруға:
1) біреуі болса да басқа тіркелген некеде тұрған адамдардың;
2) тікелей ата-тегі бойынша және өзінен тарайтын жақын туыстардың (ата-
аналар мен балалардың, атасының, әжесінің және немерелерінің), ата-анасы
бір және ата-анасы бөлек әкесі немесе анасы ортақ ағалы-інілер мен апалы-
сіңілілердің (аға-қарындастардың);
3) асырап алушылар мен асырап алғандардың;

4) біреуін болса да психикалық ауруының немесе ақыл есі кемдігінің
салдарынан сот әрекетке қабілетсіз деп таныған адамдардың арасында жол
берілмейді. Араларында неке қиылуына жол берілмейтін адамдар туралы ҚР НОтЗ
11 бабында қарастырылған. Біреуі болса да басқа тіркелген некеде тұрған
адамдардың арасында неке қиюға рұқсат етілмейді. Басқа неке деп
тоқтатылмаған және бұзылмаған тіркелген некені айтамыз. Сондықтан некеде
тұрған тұлғалар тек бұрынғы некені бұзғанын куәландыратын құжаттарды
көрсеткенен кейін ғана жаңа некені тіркей алады.

ҚР некесін тіркеуге тілек білдірген шетел азаматының құжатында оның
бұрынғы некесі туралы мағлұматтары болмаса, онда ол өз елінің өкілетті
органдарынан оның некеде тұрмайтындығы туралы анықтама әкелуі керек. Бұл
шарт бір некеде ғана тұру қағидасына негізделген.

Некені тіркеуге жол берілмейді:

- тікелей ата-тегі бойынша және өзінен тарайтын жақын туыстардың
арасындағы некені,

- ата-анасы бір және ата-анасы бөлек әкесі немес анасы ортақ ағалы-
інілер мен апалы-сіңілілердің арасындағы некені;

- асырап алушылар мен асырап алынғандардың арасындағы некені.

Бұл тиім салу жақын туыстардың арасындағы некелерден ақыл-есі кем
балалардың көп туатындығына байланысты қойылған.

Сонымен, неке – ерлі-зайптылар арасындағы мүліктік және мүліктік емес
жеке қатынастарды туғызатын, отбасын құру мақсатымен заңдарда белгіленген
тәртіппен тараптардың ерікті және толық келісімі жағдайында жасалған еркек
пен әйелдің арасындағы тең құқықты одақ. Ол біздің қоғамымызда отбасын
құрудың адамгершілік қағидасы – махаббат сезімі мен шынайы достық және
құрметке негізделеді.
Заңға сәйкес белгіленген тәртіппен тіркелген некеден ғана ерлі-
зпйыптылардың құқықтары мен міндеттері туындайды. Некені тіркеу аудандық,
қалалық азаматтық хал актілерін тіркеу бөлімдерінде жүзеге асырылады. Неке
қандай да басқа орган арқылы тіркелмейді. Сенетін адамдар некені діни
дәстүр ақылы қию жеткілікті деп ойлайды. Бірақ некені былай қиюдың құқықтық
мәні болмайды. Мешітте, шіркеуде некені қию некені тіркеуді алмастыра
алмайды.
Әрекеттегі неке және отбасы туралы заң әйел мен еркектің бірге тұруын
құқықтық салдармен байланыстырмайды. Бұл бірге тұрудың ұзақтығына
қарамастан ол тіркелген некеден туындайтындай құқықтар мен міндеттер
тудырмайды.
Тек неке тіркелген кезде ғана басқа көпшілік қоғамдық қатынастардан
ерлі-зайыптылардың қатынастары бөлініп шығады және оларға ресми мағана
беріледі. Некені тіркеу - некеге отырушыларды, некенің ұзақтығы, некеге
отырушы тұлғалардың жастық құрамы туралы статистикалық есептер жүргізуге
мүмкіндіктер береді. Некенің тіркелуі туралы статистикалық ақпараттар тууды
жоспарлау негізі болып табылады, ал бұл мемлекеттің демографиялық саясатын
жүзеге асыруда маңызды. Сонымен қатар тіркелген некелердің санын есепке алу
тұтынатын тауарлар өндіруді, мектептер мен балабақшалар салуды, өндіріс
орындарын орналастыруды жоспарлаған кезде маңызы зор. Некені тіркеу ерлі-
зайптылар мен некеден туған балалардың жеке және мүліктік құққытары мен
мүдделерін қорғау мақсатында да жүргізіледі. Аталған құқықтарды жүзеге
асыру үшін кейбір жағдайларда некенің тіркелгенін куәландыратын неке
куәлігін көрсету қажет.

1.3. Некенің тоқтатылуы мен жарамсыздығы

Ерлі-зайыптылардың жеке және мүліктік құқытық қатынастарының
тоқтатылуын некенің тоқтатылуы деп түсінеді. Неке заңда айқындалған білгілі
бір оқиғаардың тууына байланысты немесе ерлі – зайыптылардың біреуінің не
екеуінің бірдей қалауымен тоқтатылады.
Некені тоқтататын оқиғалар қатарына мыналар жатады:
➢ ерінің қайтыс болуы;
➢ соттың ерлі – зайыптылардың біреуін өлді деп жариялауы;
➢ некенің бұзылуы (ажырасу).
Некенің тоқтату негіздерінің тізімі толық боып табылады.
Ері қайтыс болған немесе ерлі – зайыптылардың біреуі өлді деп
жарияланған жағдайда неке өздігінен тоқтатылады. Егер артында қалған адам
жаңадан некеге тұрғысы келсе, бұрынғы неке бойынша ерінің өлгені бойынша
АХАТ органдары берген куәлікті көрсетсе де жеткілікті.
Соттың азаматты (ерлі – зайыптылардың бірін) өлді деп жариялау
жөніндегі шешімі долбараға ғана негізделеді. Ол адамның өлгені туралы нақты
ақиқат дәлелдер жоқ.
Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексінің 31 – бабына сәйкес,
егер азамат тұрақты тұратын жерде үш жыл бойына ол туралы ешқандай
мәіметтер болмаса, егер ол өім қаупі төнген жағдайда немесе оның өлімі алты
ай ішінде жазатайым оқиғадан болды деп есептеуге негіз болатын жағдайларда
хабар – ошарсыз кетсе, ол азамат мүдделі адамдардың арызы бойынша сот
арқылы өлді деп жариялануы мүмкін.
Сот азаматты қайтыс болды деп жариялау туралы шешім шығарған сәттен
бастап, онымен неке тоқтатылды деп есептеледі. Кейде қайтыс болды деп
жарияланған адамдардың шындығында тірі болып шығатын жағдайлары да
кездеседі. Өлді деп жарияланған жұбайы тірі келген жағдайда сот әлгі
шешімді бұзады, бірақ тоқтатылған неке өздігінен қалпына келтірілмейді. Ол
ерлі – зайыптылардың бірлескен өтініші бойынша АХАТ органдары арқылы
қалпына келтірілуі мүмкін. Егер қалпына келтіру туралы өтініш берілмесе,
ерлі – зайыптылардың екеуінің де тірі екендігіне қарамастан, неке
тоқтатылған деп есептеледі. Басқа жұбай жаңа некеге тұрған жағдайда,
бұрынғы неке қалпына келтіріе алмайды. Жаңа некенің тағдыры түрліше шешілуі
мүмкін: ол не сақталады, немесе бұзылады, бұл кейін бұрынғы жұбайымен
некесін тіркеуге мүмкіндік береді[3.101].
Ерлі – зайыптылардың көзі тірі кезінде неке, олар ажырасса ғана
тоқтатылады.
Ажырасу арқылы некенің тоқтатылуы, АХАТ органдары немесе сотта заңда
белгіленген тәртіп бойынша іске асырылуы мүмкін.
Некені бұзу АХАТ органдарында ерлі – зайыптылардың біріккен және
жекелеген ерекше жағдайларда – жұбайлардың біреуінің өтініші бойынша
жүргізіледі. Ал сотта некені бұзу ерлі – зайыптылардың екеуінің бірлескен,
сондай – ақ жұбайлардың біреуінің өтініші бойынша жүргізіле береді.
Некені бұзу үшін мынадай үш шарттың болуы қажет:
➢ АХАТ органдарында ерлі – зайыптылардың некені бұзу жөніндегі өзара
келісімі;
➢ кәмелетке толмаған балаларының болмауы;
➢ бір – біріне мүліктік және өзге де талаптарының болмауы.
Некені бұзу АХАТ органдарында мемлекеттік тіркеуден өтуді қажет
етеді. Тіркеу некені бұзу жөніндегі өтініш берілген күннен бастап бір ай
өткенде жүзеге асырылады. Бір ай мерзім ерлі – зайыптыларға қабылдаған
шешім туралы тағы да әбден ойланып – тоғану үшін беріледі. Некені тіркеу
үшін берілетін мерзімнен айырмашылығы, некені бұзған кезде оның мерзімі
ұзартылып не қысқартымайды.
Ерлі – зайыптылардың өзара келісімі бойынша некені АХАТ
органдарында бұзумен қатар, заң жұбайлардың біреуінің өтініші бойынша
некенің бұзудың қарабайыр оңайлатылған тәртібін де белгілейді.
АХАТ органдарының некенің бұзылуын тіркеу кезінде ажырасудың
себептерін анықтауға, ерлі – зайыптыларға татуласу үшін мерзім беруге
қақысы жоқ.
Некені сот тәртібімен бұзу. Ол мынадай жағдайларда іске
асырылады:
➢ ерлі – зайыптылардың кәмелетке толмаған ортақ балаларының болуы;
➢ ерлі – зайыптылардың біреуінің некені бұзуға келісімінің болмауы;
➢ егер ерлі – зайыптылардың біреуі өтініш беруден бас тартып некені
бұзудан жалтарса, некені бұзу үшін мемлекеттік тіркеуге келуден бас
тартса, т.б.;
➢ ерлі – зайыптылардың бір – біріне мүіктік талаптарының болуы.
Некелік одақтың тұрақты болуына мемлекет мүдделік танытады.
Сондықтан да соттарға заң арқылы ерлі – зайыптыларды татуластыру жөнінде
шаралар қолдану міндеттері жүктелген. Бірақ, сонымен қатар татуластыру
мақсат қана емес, отбасын сақтаудың амалы ғана. Сондықтан да бұл міндетті
орындау мүмкін болмаса және балаларды не жұбайларды қорғау мүдделеріне
қайшы келетін болса, онда сот некені бұзады[4.342].
Егер сот неке біржолата бұзылмаған деген қорытындыға келген
жағдайда, ол істі кейінге қарауға қалдырып, ерлі – зайыптыларға татуласу
үшін 3 айлық мерзім тағайындай алады. Бірақ сот нақты мерзімді әрбір істің
жағдайына қарай бегілейді.
Егер ерлі – зайыптыларды татуластыру шаралары нәтиже бермей
және жұбайлардың біреуі некенің бұзылуын қасарыса талап ететін болса,
некені бұзу іске асырылады.
Егер айырылысатын ерлі – зайыптылардың кәмелетке толмаған
балалары болып және жұбайлар ол балалардың кіммен қалатындығы жөнінде
келіспеген жағдайда, бұл мәселені сот шешеді. Сот балалардың ата – анасының
біреуімен қалатындығы жөнінде не баланың ата – анасының әрқайсысымен
қалатындығы жөнінде (егер екі бала не одан көп болса) шешім шығара алады.
Соның өзінде сот кәмелетке толмаған балалардың мүдделерін ғана еске алу
керек. Сондай-ақ балалардың мүдделерін және болашақ ананың денсаулығын
қорғау мақсатында заңның 15 – бабында мындай қағида көзделген: Әйелдің
жүкті кезінде және нәрестенің бір жасқа толмаған кезінде әйелдің
келісімінсіз некені бұзуға болмайды.
Айырылысатын жұбайлар ортақ мүліктерді бөлісу жөніндегі
мәселені кейбір жағдайларда өздері дербес шешеді. Бірақ ерлі – зайыптылар
келісімге келмеген жағдайда мүліктерді бөлуді сот іске асырады және әдетте,
оларды тең бөледі. Егерде некелік шартта мүліктерді бөлісу мәселесі
қарастырылған болса, онда сот мүлікті екі жақтың не бір жағының талабы
бойынша осы келісімшартқа сәйкес бөледі[5.402].
Сот тәртібімен некені бұзу ерлі-зайыптылардың некені бұзу
туралы өтініш берген күннен бастап бір ай өткеннен кейін іске асырылады.
Жоғарыда айтылғандай, некені бұзу нәтижесінде ерлі зайыптылардың
некеде тұрған кездегі жеке және мүліктік қатынастары тоқтатылады. Мысалы,
бірге тұруы, ортақ бірлескен меншік, өзара қамқорлық және асырау. Соның
өзінде кейбір құқықтық қатынастар бірден тоқтатылады да, енді біреулерінің
сақталуы мүмкін. Некеге тұрған кезінде бірлесіп жиған мүліктері бөлінген
жағдайда, әдетте, некенің тоқтатылуымен байланысты ерлі – зайыптылардың
ортақ бірлескен меншік тәртібі де тоқтайды, бірақ мүлік бөлінбеген
жағдайдағы ажырасу өзінен - өзі жұбайлардың ортақ бірлескен меншігін
үлестік меншікке айналдыра алмайды. Некенің бұзылуымен бірге жұбайы қайтыс
болғаннан кейін мұрагерлік құқығы, бұрынғы жұбайы – ажырасушысының өліміне
байланысты келтірілген зиянның орнын толтыру және т.б. құқығы да жойылады.
Некені жарамсыз деп тануға тоқталсақ, отбасын құру ниетінсіз заңда
белгіленген тәртіппен жасалған және ерлі-зайыптылардың құқықтары мен
міндеттерін туғызбайтын неке жарамсыз деп танылады. Мәжбүрлеп қиылған неке
жарамсыз деп танылуы мүмкін.
Егер некеге тұрушы адамдардың біреуі екіншісінен құрылған отбасы
мүшелеріне, жеке басының және қоғамның қауіпсіздігіне нақты қатер
төндіретін ауруы бар екенін жасырса, соңғысы сотқа некені жарамсыз деп тану
туралы талаппен жүгінуге құқылы.
Некені жарамсыз деп тануды сот жүргізеді.
Сот некені жарамсыз деп тану туралы соттың шешімі заңды күшіне енген
күннен бастап үш күн ішінде соттың осы шешімімен некеге тұру мемлекеттік
тіркелген жердегі азаматтық хал актілерін жазу органына көшірме жіберуге
міндетті.
Некенің жарамсыздығы оның қиылған күнінен бастап танылады.
Некені жарамсыз деп тану туралы талап қоюға:
1) егер неке жасына толмаған адаммен неке қиылса, кәмелетке толмаған
жұбайы, оның ата-анасы (оларды ауыстыратын адамдар), қорғаншы және қамқоршы
орган немесе прокурор құқылы. Кәмелетке толмаған жұбай он сегіз жасқа
толғаннан кейін некені жарамсыз деп тануды талап етуге тек оның өзі ғана
құқылы;
2) егер некеге тұруға ерлі-зайыптылардың бірінің ерікті келісімі болмаған
жағдайда: мәжбүр ету, алдау, қателесу немесе өзінің жай-күйінің салдарынан
некеге тұруды мемлекеттік тіркеу кезінде өзінің әрекеттерінің маңызын
түсінбей және өзін-өзі билей алмауы себепті неке қиылған болса, некеге тұру
арқылы құқығы бұзылған жұбай, сондай-ақ прокурор;
3) некені қиюға кедергі келтіретін мән-жайлардың бар екенін білмеген жұбай,
әрекетке қабілетсіз деп танылған жұбайдың қорғаншысы, оның алдындағы
бұзылмаған неке бойынша жұбайы, сондай-ақ қорғаншы және қамқоршы орган мен
прокурор;
4) жалған некеге тұру жағдайында прокурор, сондай-ақ некенің жалғандығы
туралы білмеген жұбайы;
Неке жасына толмаған адаммен, сондай-ақ сот әрекетке қабілетсіз деп
таныған адаммен қиылған некені жарамсыз деп тану туралы істі қарау кезінде
іске қатысуға қорғаншы және қамқоршы орган тартылады.
Егер некені жарамсыз деп тану туралы іс қаралатын сәтке заңға орай
оның қиылуына кедергі жасаған мән-жайлар жойылса, некені жарамсыз деп
тануға болмайды.
Егер кәмелетке толмаған жұбайдың мүдделері талап етсе, сондай-ақ оның
некені жарамсыз деп тануға келісімі болмаған жағдайда сот неке жасына
толмаған адаммен қиылған некені жарамсыз деп тану туралы талап-арыздан бас
тарта алады[6.398].
Егер мұндай некені тіркеткен адамдар істі сот қарағанға дейін іс
жүзінде отбасын құрса, сот некені жалған деп тани алмайды.
Ерлі-зайыптылардың арасында заңмен тыйым салынған туыстық дәрежесі
болған не некені тіркеу кезінде ерлі-зайыптылардың біреуі басқа бұзылмаған
некеде тұрған жағдайларды қоспағанда, некені ол бұзылғаннан кейін жарамсыз
деп тануға болмайды.
Сот жарамсыз деп таныған неке, ерлі-зайыптылардың Неке және отбасы
Заңында көзделген құқықтары мен міндеттерін туғызбайды.
Некесі жарамсыз деп танылған адамдар бірлесіп сатып алған мүліктің құқықтық
режимі Қазақстан Республикасы Азаматтық кодексінің үлестік меншік туралы
ережелерімен реттеледі. Ерлі-зайыптылар жасасқан неке шарты жарамсыз деп
танылады.
Некені жарамсыз деп тану мұндай некеде туған немесе неке жарамсыз деп
танылған күннен бастап екі жүз жетпіс күн ішінде туған балалардың құқығына
нұқсан келтірмейді.
Некені жарамсыз деп тану туралы шешім шығарған кезде сот некені
жарамсыз деп тану үшін негізге алынған мән-жайлардан некеге тұру кезінде
бейхабар болған жұбайдың (адал ниетті жұбай) екінші жұбайдан асырауға
қаражат алу құқығын тануға құқылы, ал некені жарамсыз деп таныған кезге
дейін бірлесіп сатып алынған мүлікті бөлуге қатысты неке шартын толық
немесе ішінара жарамды деп тануға құқылы.
Адал ниетті жұбай азаматтық заңдарда көзделген ережелер бойынша өзіне
келтірілген материалдық және моральдық зиянды өтеуді талап етуге құқылы.
Адал ниетті жұбай некені жарамсыз деп таныған кезде өзі неке қиюды
мемлекеттік тіркеу кезінде таңдаған тегін сақтап қалуға құқылы.
Сонымен, некенің тоқтатылуы жаңадан некеге тұру құқығын
туғызады.
Ажырасу жолымен некенің бұзылуы ата-аналарының балаларына
қатысты құқықтары мен міндеттерін тоқтата алмайды.
Некенің бұзылуы – отбасы өміріне ғана емес, қоғам өміріне де кері
ықпалын тигізетін жағымсыз әрекет. Әр отбасының ажырасу тарихы, себебі әр
түрлі. Әлеуметтанушы ғалымдар ажырасуға әкеліп соғатын үш түрлі себептерді
көрсетеді. Алайда әр отбасында оның себептері әр түрлі болуы мүмкін:
- тұрмыс жағдайының ауыртпалығы (материалдық қажеттіліктер, тұрғын үй
қиыншылығы, т.б.);
- тұлғааралық келіспеушіліктер (өзара сүйіспеншілікті жоғалту,
дөрекілік, маскүнемділікке салыну);
- ішкі жағдайлар (жаңа отбасының пайда болуы, жаңа сезімдердің пайда
болуы).
Заң тұрғысынан алғанда, некенің бұзылуы дегеніміз – жұбайлардың арасындағы
мүліктік және мүліктік емес жеке қатынастардың тоқтатылуы. Бұл ерлі-
зайыптылардың арасындағы құқықтық қарым-қатынастардың тоқтатылғанын
білдіреді[7.74].
Сонымен, жоғарыда келтірілген деректерді тұжырымдай кететін болсақ, ҚР
“Неке және отбасы” заңы некені бұзудың екі түрін белгілейді екен. Олар:
1. Азаматтық хал актілерін тіркеу органдарында некені бұзу.
2. Сот тәртібімен некені бұзу.
Некені әйелдің жүктілігі және бала туғаннан кейінгі бір жыл ішінде әйелдің
келісімінсіз бұзуға жол ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Құқық негізінің түсінігі
Отбасы және неке құқығы
Ата - аналар мен балалардың арасындағы құқықтық қатынастар
Неке шартының мазмұны мен түсінігі
Неке шартының түсінігі және маңызды шарттары
Неке және отбасы құқығының түсінігі
Қазақстан Республикасының заңдары бойынша неке шартының теориялық маңызы
Гендер
Қазақстан Республикасының заңнамасы бойынша неке шарты
Фирма теориясы туралы
Пәндер