Мәмілені құқықтық реттеу



Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .. 3
1 Мәміле туралы жалпы ұғым, оның жіктелуі
1.1 Мәміле туралы жалпы түсінік ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 5
1.2 Мәмілелердің жіктелуі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 16
2 Мәміленің нысаны мен оның жарамдық және жарамсыз шарттары
2.1 Мәміленің нысаны және оның маңызы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 19
2.2 Мәміленің жарамдық шарттары мен жарамсыз мәмілелер ... ... ... ... ... 27
2.3 Жылжымайтын мүлікке құқықтарды және онымен жасалатын
мәмілелерді мемлекеттік тіркеу ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... . 47
Қорытынды ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .. 54
Пайдаланған нормативтік актілер мен әдебиеттер тізімі ... ... ... ... ... .. 56
Қосымша ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... . 60
Тақырыптың өзектілігі. Мәміле заң фактілерінің бірі болып табылады. Оның үстіне азаматтық айналым саласыңда құқық қатынастарын үздіксіз тудырып дамыта келе, мәмілелер осындай айналымның серпінді дамуын қамтамасыз етіп отырады.
АК-ның 147-бабына сәйкес, азаматтар мен заңды тұлғалардың азаматтық құқықтары мен міндеттерін белгілеуге, өзгертуге немесе тоқтатуға бағытталған әрекеттері мәмілелер деп танылады. Демек, субъектілердің мақсатты әрекеттері мәмілелер деп танылады. Олардың тікелей мақсаты азаматтық құқықтарды немесе міндеттерді белгілеу (мысалы, мүлікті сыйға тарту тікелей затқа меншік құқығының сыйға тартушыдан сый алушыға өтуіне бағытталған), мұндай құқықтар мен міндеттерді өзгерту (мысалы, тараптар жалға берілген мүлікті қайтару мерзімін ұзарту жөнінде уағдаласты), не, ең ақырында, оларды тоқтату (несие беруші борышқорды берешегін өтеуден босатты) болып табылады.
Басқаша, заңға қайшы нәтижелерге жетуге бағьпталған, бірақ заңның ұйғарымына байланысты ол да азаматтық құқықтар мен міндеттердің пайда болуына, өзгеруіне немесе тоқтатылуына әкеп соқтыратын іс-қимылдар мінез-құлықтың өзге акгілеріне қарағанда мәміленің заңдық салдарына мақсатты әсер етуімен көзге түседі. Мысалы, азамат өзінің тұрғылықты жерінен науқас анасын көру үшін басқа қалаға сапар шекті. Мұнда ол біраз болған соң бұрынғы тұрғылықты жеріне оралмауға бекінді. Анасына сапар шеккенде азамат өзінің бұрынғы тұрып келген мемлекеттік пәтеріне құқығынан бас тарту ниетінде болған жоқ. Бірақ осындай жағдайды көздейтін заңның талабына қарай ол пәтерге құқығынан айрылады.
Мәмілелер — бұл саналы түрде жасалатын әрекеттер, оларда әрекет ететін тұлғалардың еркі байқалады. Мәміле жасайтын тұлға еркінің ішкі мазмұнын (оның шын ниетін) және еріктің сыртқы көрінісін (айтылған не қағазда баяндалған сөзді, ымды, әдеуір күрделі әрекетгерді) айыра білу керек.
Адамның сөзі мен іс-әрекеті бойынша оның еркінің шын бағыты туралы пікір түюге болатындықтан, еріктің сыртқы көрінісі оның ішкі мазмұнына сай келеді деп жорамалданады[1,47].
Алайда адамның шын ниеті мен оның еркінің сыртқы көрінісі арасында алшақтық бар екені дәлелденген жағдайда (мысалы, сатып алушы сатушымен түсінісетін тілді нашар білгендіктен, сатып алатын заттың бағасын белгілеуде қателесті) оның шын ниетіне зор маңыз беріледі.
Зерттеудің нысаны – жұмыс Азаматтық құқық пәні бойынша мәміле мәселесіне арналған. Зерттеу тақырыбының көкейкестілігі мен өзектілігі, Қазақстанда берілген құқықтық институттың жеткілікті ғылыми зерттелмегенімен түсіндіріледі.
Зерттеудің мақсаты мен міндеттері - дипломдық жұмыстың негізгі мақсаты – мәміле ерекшелігін белгілеп, олардың Азаматтық құқық заң нормаларында орын тауып, нақтылы көрсетілуін анықтау болып табылады.
Осы мақсатқа сәйкес зерттеудің міндеттері мыналар:
1. Азаматтық құқықтық зерттеулер тұрғысынан мәміле мәселесіндегі негізгі мақсаттарын анықтау.
2. Мәмілеге ғылыми
1. ҚР Азаматтық құқығы Жалпы бөлім 1 том. Ғ. Төлеуғалиев Алматы 2001.
2. ҚР Азаматтық құқығы. Жалпы бөлім. 1 том. (Академиялық курс) редакциясын басқарған Ю. Г. Басин, М. К. Сулейменов, Алматы 2003.
3. Гражданское право. Учебник для вузов Ответственный редактор А.Г. Диденко (курс лекции) Алматы «Нур пресс» 2006.
4. Гражданское право. Том I. Учебник для вузов (академический курс) Ответственные редакторы: М.К. Сулейменов – член корреспондент Академии наук Республики Казахстан, доктор юридических наук, профессор; Ю.Г. Басин – доктор юридических наук, профессор, заслуженный деятель науки Республики Казахстан. – Алматы: КазГЮА, 2003.
5. Басин Ю.Г. Сделки. Алматы, 1996
6. ҚР Азаматтық құқығы Жалпы бөлім 1 том. Ғ. Төлеуғалиев Алматы 2001.
7. Гражданское право. Т. 1: под ред. А.П. Сергеева, Ю.К. Толстого. Москва, 2003.
8. ҚР Азаматтық құқығы. Жалпы бөлім. 1 том. (Академиялық курс) редакциясын басқарған Ю. Г. Басин, М. К. Сулейменов, Алматы 2003.
9. Сборники «Гражданское законодательство. Статьи. Комментарии. Практика. Выпуски 1-22. Алматы, 1997-2005.
10. Диденко А. Г. Избранное. (Постсоветский период). Алматы, 2004.
11. Гражданское право. Том 1. Общая часть. Под ред.Суханова Е.А. М., Волтерс Клувер, 2004.
12. Басин Ю. Г. Избранные труды по гражданскому праву. Алматы, 2003.
13. Гражданское право (Общая часть). Учебное пособие. Под ред. Диденко А.Г.. Алматы, 2003.
14. Гражданское право. Том I. Учебник для вузов (академический курс) Ответственные редакторы: М.К. Сулейменов – член корреспондент Академии наук Республики Казахстан, доктор юридических наук, профессор; Ю.Г. Басин – доктор юридических наук, профессор, заслуженный деятель науки Республики Казахстан. – Алматы: КазГЮА, 2003.
15. Гражданское право. Ч. 1. конспект лекций. Москва, 2002
16. Гражданское право. Том 1. Общая часть. Под ред.Суханова Е.А. М., Волтерс Клувер, 2004.
17. ҚР Азаматтық құқығы Жалпы бөлім 1 том. Ғ. Төлеуғалиев Алматы 2001.
18. ҚР Азаматтық құқығы. Жалпы бөлім. 1 том. (Академиялық курс) редакцияс

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ

Қорғалуға жіберілді:

Кафедра меңгерушісі

_________.

“ ___” ________ 2012 жыл

Д И П Л О М Д Ы Қ Ж Ұ М Ы С

Тақырыбы: “Мәмілені құқықтық реттеу”

Мамандығы 050301 – Заңтану

Орындаған: күндізгі оқу бөлімінің

Ғылыми жетекші:
кафедра аға оқытушысы, заң

Алматы, 2012

МАЗМҰНЫ:

Кіріспе ----------------------------------- ---------------------------------
---------------------- 3
1 Мәміле туралы жалпы ұғым, оның жіктелуі
1.1 Мәміле туралы жалпы түсінік ----------------------------------- ---------
------------ 5
1.2 Мәмілелердің жіктелуі ----------------------------------- ---------------
-------------- 16
2 Мәміленің нысаны мен оның жарамдық және жарамсыз шарттары
2.1 Мәміленің нысаны және оның маңызы ----------------------------------- ---
------ 19
2.2 Мәміленің жарамдық шарттары мен жарамсыз мәмілелер --------------------
27
2.3 Жылжымайтын мүлікке құқықтарды және онымен жасалатын
мәмілелерді мемлекеттік тіркеу ----------------------------------- ----------
------------ 47
Қорытынды ----------------------------------- -------------------------------
---------------- 54
Пайдаланған нормативтік актілер мен әдебиеттер тізімі ----------------------
56
Қосымша ----------------------------------- ---------------------------------
----------------- 60

Кіріспе

Тақырыптың өзектілігі. Мәміле заң фактілерінің бірі болып табылады.
Оның үстіне азаматтық айналым саласыңда құқық қатынастарын үздіксіз тудырып
дамыта келе, мәмілелер осындай айналымның серпінді дамуын қамтамасыз етіп
отырады.
АК-ның 147-бабына сәйкес, азаматтар мен заңды тұлғалардың азаматтық
құқықтары мен міндеттерін белгілеуге, өзгертуге немесе тоқтатуға
бағытталған әрекеттері мәмілелер деп танылады. Демек, субъектілердің
мақсатты әрекеттері мәмілелер деп танылады. Олардың тікелей мақсаты
азаматтық құқықтарды немесе міндеттерді белгілеу (мысалы, мүлікті сыйға
тарту тікелей затқа меншік құқығының сыйға тартушыдан сый алушыға өтуіне
бағытталған), мұндай құқықтар мен міндеттерді өзгерту (мысалы, тараптар
жалға берілген мүлікті қайтару мерзімін ұзарту жөнінде уағдаласты), не, ең
ақырында, оларды тоқтату (несие беруші борышқорды берешегін өтеуден
босатты) болып табылады.
Басқаша, заңға қайшы нәтижелерге жетуге бағьпталған, бірақ заңның
ұйғарымына байланысты ол да азаматтық құқықтар мен міндеттердің пайда
болуына, өзгеруіне немесе тоқтатылуына әкеп соқтыратын іс-қимылдар мінез-
құлықтың өзге акгілеріне қарағанда мәміленің заңдық салдарына мақсатты әсер
етуімен көзге түседі. Мысалы, азамат өзінің тұрғылықты жерінен науқас
анасын көру үшін басқа қалаға сапар шекті. Мұнда ол біраз болған соң
бұрынғы тұрғылықты жеріне оралмауға бекінді. Анасына сапар шеккенде азамат
өзінің бұрынғы тұрып келген мемлекеттік пәтеріне құқығынан бас тарту
ниетінде болған жоқ. Бірақ осындай жағдайды көздейтін заңның талабына қарай
ол пәтерге құқығынан айрылады.
Мәмілелер — бұл саналы түрде жасалатын әрекеттер, оларда әрекет ететін
тұлғалардың еркі байқалады. Мәміле жасайтын тұлға еркінің ішкі мазмұнын
(оның шын ниетін) және еріктің сыртқы көрінісін (айтылған не қағазда
баяндалған сөзді, ымды, әдеуір күрделі әрекетгерді) айыра білу керек.
Адамның сөзі мен іс-әрекеті бойынша оның еркінің шын бағыты туралы
пікір түюге болатындықтан, еріктің сыртқы көрінісі оның ішкі мазмұнына сай
келеді деп жорамалданады[1,47].
Алайда адамның шын ниеті мен оның еркінің сыртқы көрінісі арасында
алшақтық бар екені дәлелденген жағдайда (мысалы, сатып алушы сатушымен
түсінісетін тілді нашар білгендіктен, сатып алатын заттың бағасын
белгілеуде қателесті) оның шын ниетіне зор маңыз беріледі.
Зерттеудің нысаны – жұмыс Азаматтық құқық пәні бойынша мәміле
мәселесіне арналған. Зерттеу тақырыбының көкейкестілігі мен өзектілігі,
Қазақстанда берілген құқықтық институттың жеткілікті ғылыми
зерттелмегенімен түсіндіріледі.
Зерттеудің мақсаты мен міндеттері - дипломдық жұмыстың негізгі мақсаты
– мәміле ерекшелігін белгілеп, олардың Азаматтық құқық заң нормаларында
орын тауып, нақтылы көрсетілуін анықтау болып табылады.
Осы мақсатқа сәйкес зерттеудің міндеттері мыналар:
1. Азаматтық құқықтық зерттеулер тұрғысынан мәміле мәселесіндегі негізгі
мақсаттарын анықтау.
2. Мәмілеге ғылыми тұрғыда сипаттама беру.
3. Мәмілеге қатысты заңнамаларға анализ жүргізіп нормаларының мәнін ашу.
4. Мәміле тақырыбын ҚР Азаматтық құқығы негізде зерттеу және мәселені жалпы
тұрғыда қарастыру
Жұмыстың методологиясы мен тәсілдемесі
Зерттеудің методологиялық және теориялық негізі – диалектика заңдары,
социология, педагогика және психология ғылымдарының негізгі қағидалары,
Конституциялық құқық, Азаматтық құқық және Азаматтық іс жүргізу құқығы
ғылымдарының басты-басты қағидалары мен тұжырымдары болып табылады.
Зерттеудің объектісі – Мәміле мәселелері, сондай-ақ оларға қатысты
заңнамалар болып табылады.
Зерттеудің нақты заты – Мәмілені Азаматтық құқық заң нормаларында және сот
тәжірибесінде ескеру мен қолдану жолдары табылады.
Дипломдық жұмыстың ғылыми жаңалығы – Қазақстан Республикасында тұңғыш
рет арнайы түрде мәміле мәселесінің зерттелуінде жатыр.
Зерттеудің құрылымы мен көлемі – дипломдық жұмыстың құрылымы
Кіріспеден, 2 үлкен бөлімнен, 4 тараудан, қорытынды мен пайдаланған
нормативтік құқықтық актілер мен әдебиеттер тізімдерінен және қосымшалардан
тұрады.

1 Мәміле туралы жалпы ұғым, оның жіктелуі
1.1 Мәміле туралы жалпы түсінік

Мәміле заң фактілерінің бірі болып табылады. Оның үстіне азаматтық
айналым саласыңда құқық қатынастарын үздіксіз тудырып дамыта келе,
мәмілелер осындай айналымның серпінді дамуын қамтамасыз етіп отырады.
АК-ның 147-бабына сәйкес, азаматтар мен заңды тұлғалардың азаматтық
құқықтары мен міндеттерін белгілеуге, өзгертуге немесе тоқтатуға
бағытталған әрекеттері мәмілелер деп танылады. Демек, субъектілердің
мақсатты әрекеттері мәмілелер деп танылады. Олардың тікелей мақсаты
азаматтық құқықтарды немесе міндеттерді белгілеу (мысалы, мүлікті сыйға
тарту тікелей затқа меншік құқығының сыйға тартушыдан сый алушыға өтуіне
бағытталған), мұндай құқықтар мен міндеттерді өзгерту (мысалы, тараптар
жалға берілген мүлікті қайтару мерзімін ұзарту жөнінде уағдаласты), не, ең
ақырында, оларды тоқтату (несие беруші борышқорды берешегін өтеуден
босатты) болып табылады[2,58].
Басқаша, заңға қайшы нәтижелерге жетуге бағьпталған, бірақ заңның
ұйғарымына байланысты ол да азаматтық құқықтар мен міндеттердің пайда
болуына, өзгеруіне немесе тоқтатылуына әкеп соқтыратын іс-қимылдар мінез-
құлықтың өзге акгілеріне қарағанда мәміленің заңдық салдарына мақсатты әсер
етуімен көзге түседі. Мысалы, азамат өзінің тұрғылықты жерінен науқас
анасын көру үшін басқа қалаға сапар шекті. Мұнда ол біраз болған соң
бұрынғы тұрғылықты жеріне оралмауға бекінді. Анасына сапар шеккенде азамат
өзінің бұрынғы тұрып келген мемлекеттік пәтеріне құқығынан бас тарту
ниетінде болған жоқ. Бірақ осындай жағдайды көздейтін заңның талабына қарай
ол пәтерге құқығынан айрылады.
Мәміле дегеніміз — бұл заңды, рұқсат етілетін, көп реттерде заң қолдап
отыратын іс-әрекет. Күнделікті өмірде кейде қоғам теріс бағалайтын
әрекеттерді "мәміле" деп атайды. Сөзді бұлайша қолдану оның заңды
мағынасымен үйлеспейді.
Заңдылық белгілері жөнінен мәміле мақсатты заңсыз әрекетгерден, яғни
басқа адамдарға нұқсан келтіретін әрекеттерден ерекшеленеді.
Мұндай әрекеттер де келтірілген залалдың орнын толтыру қажеттігіне
байланысты азаматтық құқықтар мен міндеттерді тудырады, бірақ олар
мәміледен емес, залал келтіру фактісінен, яғни деликтіден туындайды.
Мәміленің қажетті сапасы — әрекеттің заңдылығы мәміленің барлық
түрлерін заңның көздеп отыруын мүлде талап етпейді, керісінше, занда
көзделмеген мәмілелер жасалуы мүмкін; тек олардың заңға қайшы келмеуі,
тыйым салуды бұзбауы талап етіледі (АК-ның 7-бабы). Заң, мысалы, демеуші
мен ол жәрдем көрсететін тұлға арасындағы шарттық қатынастарды реттемейді,
бірақ мұндай шарттың жасалуы әбден мүмкін. Оның үстіне, Азаматтық кодекс
(381-бап) аралас шарттар жасасуға рұқсат етеді, оларда заңдарда көзделген
әр түрлі шарттардың элементгері болады. Инвестициялық шарт осындай саладағы
үлгі шарт болып табылады.
Мәмілелер оларды жасаушыларда азаматтық құқықтар мен міңдеттер
туғызады. Олар осы белгісі арқылы әкімшілік актілерден, яғни осы органдарға
бағынатын тұлғалар үшін азаматгық құқықтар мен міңдеттер туғызатын
құзіретті мемлекеттік органдардың әрекеттерінен ерекшеленеді. Мысалы,
мемлекеттік мүлікті басқару жөніндегі құзыретті органдардың шешімі
мемлекеттік кәсіпорынның ғимараты үш жыл мерзіммен жалға берілген шартты
ұзартуға міндеттейді, не, керісінше, оған тыйым салады. Сотқа шағымданған
тұлға үшін құқықтық қатынасты туғызатын, өзгертетін не тоқтататын сот
шешімінен мәміле осындай белгілері бойынша ерекшеленеді.
Мәмілелер — бұл саналы түрде жасалатын әрекеттер, оларда әрекет ететін
тұлғалардың еркі байқалады. Мәміле жасайтын тұлға еркінің ішкі мазмұнын
(оның шын ниетін) және еріктің сыртқы көрінісін (айтылған не қағазда
баяндалған сөзді, ымды, әдеуір күрделі әрекетгерді) айыра білу керек.
Адамның сөзі мен іс-әрекеті бойынша оның еркінің шын бағыты туралы пікір
түюге болатындықтан, еріктің сыртқы көрінісі оның ішкі мазмұнына сай келеді
деп жорамалданады.
Алайда адамның шын ниеті мен оның еркінің сыртқы көрінісі арасында
алшақтық бар екені дәлелденген жағдайда (мысалы, сатып алушы сатушымен
түсінісетін тілді нашар білгендіктен, сатып алатын заттың бағасын
белгілеуде қателесті) оның шын ниетіне зор маңыз беріледі.
Мәміле дегеніміз — бұл қашан да ерікті білдіру болатындықтан, оны заң
еркіне заңдық маңыз беретін тұлғалар ғана жасай алады[3,92]. Демек,
әрекетке қабілетсіз азаматтар мәмілелер жасай алмайды, ал әрекет
қабілеттілігі шектеулі адамдар оларға заң рүқсат еткен мәмілелерді ғана
жасауға құқылы (АК-ның 22 және 23-баптарын Қараңыз).
Сонымен, Азаматтық кодекстің 147-бабыңда мәміле азаматтар мен заңды
тұлғалардың азаматтық құқықтары мен міндеттерін белгілеуге, өзгертуге
немесе тоқтатуға бағытталған әрекеттері деп белгіленген екен. Мәмілеге
мынадай белгілер тән:
1) тұлғаның (тұлғалардың) ерік (тілек немесе ниет) білдіруі;
2) рұқсат етілген ерік білдіру, яғни құқыққа сәйкес әрекет;
3) қандай да бір заңды құқық жасауға бағытталған азаматтық-құқықтық
қатынастардың пайда болуы, өзгертілуі және тоқтатылуы;
4) мәміленің әрқашанда құқықтық салдарды туғызуы.
Мәміленің маңызы жақтардың еркі мен ерік (ниет, тілек) білдіруінен
тұрады. Ерік білдіруі ауызша, конклюденттік әрекеті арқылы жазбаша (жай
немесе нотариалдық) және үндемей қалу жолымен білдіріледі.
Мәмілеге қатысушылардың ерік білдіру әдісін мәміленің нысаны деп
атайды. Егер мәмілеге қатысушылар ездерінің еркін ауызша айтқан болса, онда
бұл ауызша жасалған мәміле болады. Мысалы, телефонмен жасалған мәміле
ауызша жасалған болып есептеледі. Айталық, ауызша жасалған мәміле
орындағанын растайтын жазбаша құжат берілуі мүмкін (тауар чегі, затты сатып
алғанын айғақтайтын құжат және т.б.), сондай-ақ жетон, билет сияқты
растайтын белгілер ұсынылады. Бірақ бұдан ауызша жасалған мәмілеге келіп-
кетер ештеңе жоқ.
Конклюденттік әрекет — сол арқылы тұлғаның мәмілеге қатысуға ниет
білдіру әрекеті. Мәселен, азамат автоматқа ақша салу арқылы, ондай тауарды
алуға деген еркін білдіреді[4,60].
Үндемей қалу заңдарда немесе тараптардың келісімінде көзделген
реттерде мәміле жасауға ерік білдіру болып танылады (АК-тің 151-бабының 4-
тармағы). Мысалы, егер мүлікті жалға алушы шарт мерзімі бітіп кетсе де,
жалға берушінің тарапынан қарсылық болмаса, онда жалға алушы бұрынғы шартқа
сүйене отырып мерзіміне қарамай-ақ пайдалана беруіне болады.
Азаматтық кодекстің 152-бабына сәйкес мәміленің жазбаша түрі бүл
орайда мәмілелерді жасау кезінің өзінде орындалатындарынан басқа жүз
есептік көрсеткіштен жоғары сомаға жасалуы тиіс.
Азаматтық кодекс мәміленің жазбаша түріне қатысты бірқатар маңызды
шарттарға мән бергенін айта кету керек. Азаматтық кодекстің 152-бабына
сәйкес, егер іскерлік қызмет өрісінің әдеттегі құқықтарынан өзгеше
туындамаса, жазбаша, түрде жасалған мәмілеге тараптар немесе олардың
өкілдері қол қоюы тиіс.
Мәміле жасау кезінде қол қоюдың факсимилелік көшірме құралдарын
пайдалануға жол беріледі, мұның өзі заңға немесе қатысушылардың бірінің
талабына қайшы келмесе ғана жүзеге асады.
Заңдармен немесе тарапатардың келісімімен қосымша талаптар белгіленуі
мүмкін, оларға мәміле нысаны, атап айтқанда, белгіленген нысанды бланкіге
жазу, мөрмен бекіту сәйкес келуге және оларда осы талаптарды орывдамау
салдары көзделуге тиіс.
Екі жақты мәмілелер әрқайсысына өзін жасаған тараптар қол қойған
құжаттарды алмасу арқылы жасалуы мүмкін.
Хат, жеделхат, телефонжазба, телетайпажазба, факс немесе субъектілерді
және олардың ерік білдіруінің мазмұнын айқындайтын өзге де құжаттар алмасу,
егер заңдармен немесе талаптардың келісімімен өзгеше белгіленбесе, жазбаша
түрде жасалған мәмілеге теңестіріледі.
Егер азамат дене кемтарлығы, науқастығы немесе сауатсыздығы салдарынан
өзі қол қоя алмаса, оның өтініші бойынша мәмілеге басқа азамат қол қоя
алады. Соңғының қойған қолын, егер заңдарда өзгеше көзделмесе, нотариат
немесе сондай нотариалдық әрекет жасау құқығы бар басқа лауазымды адам,
мәміле жасаушының өзі қол қоя алмаған себептерін көрсете отырып,
куәландыруға тиіс.
Жазбаша түрде жасалған мәмілені орындаған тарап екінші тараптан оның
орындалғанын растайтын құжат талап етуге құқылы.
Мәмілелерді жасау кезінің өзінде орындалатындарынан басқа, ауызша
кәсіпкерлік мәмілені орындаған тараптың да осындай құқығы бар. (АК-тің 152-
бабының 5-тармағы).
Заң құжаттарында немесе тараптардың келісімімен белгіленген реттерде
жазбаша мәмілелер оларды нотариат куәландырғаннан кейін ғана жасалды деп
саналады. Мұндай талапты сақтамау Азаматтық кодекстің 157-бабының 3-
тармағында көзделген салдармен мәміленің жарамсыз болып қалуына әкеліп
соқтырады.
Азаматтық кодекстің 155-бабына сәйкес кейбір мәмілелер заң
құжаттарында көрсетілуіне сәйкес мемлекеттік немесе өзге тіркелуге жатады.
Бұл мәмілелер тек оларды тіркелгеннен кейін жасалды деп саналады. Тіркеу
мүдделі тараптың тіркеуші органға табыс еткен немесе пошта арқылы жолдаған
арызы бойынша жүргізіледі. Тіркеуден бас тарту жазбаша түрде рәсімделуге
тиіс және ол заң талаптарының бұзылуына сілтеме жасалғанда ғана мүмкін
болады. Егер мемлекеттік тіркеуді керек ететін мәміле тиісті нысанда
жасалса, бірақ тараптардың бірі оны тіркеуден жалтарса, сот екінші тараптың
талап етуімен мәмілені тіркеу туралы шешім шығаруға құқылы. Бұл ретте
мәміле соттың шешіміне сәйкес тіркеледі. Тіркеуден бас тартқан жақ сот
арқылы мәмілені жарамсыз деп тануды талап етуге құқылы.
Сонымен, мәміле — бұл тектік үғым, ал шарт — түрлік үғым. Кез келген
шарт — бұл мәміле, ал кез келген мәміле — шарт емес. Күңделікгі тұрмыстағы
және ресми тәжірибеде шарт басқа терминдермен де белгіленеді: келісім-шарт,
тараптардың келісімі. Бірақ мұның бәрі - шарттар. Шарттар мәмілелердің
басым бөлігін құрайды.
АК-ның 150-бабы шартпен жасалған мәмілелерге, яғни шартты мәмілелерге
арналған.
"Шарт" термині мәмілеге қатысты алғанда екі мағынаға ие болуы
мүмкін[5,91]. Біріншісі - бұл тараптардың құқықтары мен міндеттерін
айқындайтын мәміле элементі. Мысалы, жалға берілетін мүлік туралы және
жалдау ақысының мөлшері туралы шарт. Екіншісі — мәміленің мазмұнын құрайтын
тараптардың құқықтары мен міндеттері пайда болатын немесе тоқтатылатын мән-
жай. Мұндай мән-жай мәміленің негізгі мазмұнына қатысты алғанда қосымша
сипатта болады.
АК-ның 150-бабы "шарт" терминіне екінші мағына береді. Тарап-тардың
негізгі құқықтары мен міндеттерінің пайда болуын немесе тоқтатылуын осындай
шартқа тәуелді етіп қойған мәміле шартпен жасалған мәміле болып табылады.
Мысалы, тараптар, егер сатушы Астанаға тұрақты тұруға көшетін болса, оның
Алматыдағы пәтерін сатып алу-сату туралы уағдаласты. Бұл мән-жай (көшу
немесе көшуден бас тарту) шарт болып, ал сатып алу-сату шарты — шартпен
жасалған мәміле болып табылады.
Шарт болашаққа есептелуге тиіс. Егер тараптар өздерінің құқықтары мен
міндеттерін жүзеге асыруды осымен байланыстырған мән-жай мәміле жасалғанға
дейін орын алған болса, оның қатысушылары бұл жөнінде білмеген болса да, ол
мәмілеге әсер етпейді.
Табиғат құбылысы, басқа адамдардың іс-әрекеттері, мәмілеге қаты-сушы
тараптардың іс-әрекеттері және т.с.с. шарт болуы мүмкін. Бірақ заңға қайшы
немесе әдепсіз әрекеттерді шарт ретінде анықтауға болмайды.
Өзінің сипаты жөнінен шарт оң болуы мүмкін (реті келеді); егер
мердігер дүкеннен қажет материалды таба алса, зат жасалады немесе теріс
болуы мүмкін (реті келмейді): егер автор шетелге іссапармен келіп қалмаса,
мақаланың қолжазбасы журналға тапсырылатын болады.
АК-ның 150-бабы кейінге қалдырылатын шартпен жасалған мәмілені және
күші жойылатын шартпен жасалған мәмілені ажыратады. Кейінге қалдырылатын
шартпен жасалатын мәміледе құқықтар мен міндеттер мәміле жасалатын сәтте
емес, жағдай туған кезде күшіне енеді. Пәтерді сатып алу-сату туралы
жоғарыда келтірілген мысал дәл осындай мәмілеге түсіндірме бола алады. Егер
кейінге қалдырылатын шарт жасалмаса, мәміле өзінің қолданылуын тоқтатады.
Күші жойылатын шартпен жасалатын мәміледе тараптардың құқықтары мен
міндеттері мәміле жасалған күннен бастап күніне енеді, бірақ жағдай туған
кезде тоқтатылады. Мысалы, үйдің меншік иесі үйінің бір бөлмесін ұлым оқуын
аяқтаған соң үйге оралатын болса, босату керек деген шартпен жалға береді.
Әрине, жағдай туғанга дейін өткен уақыт үшін барлық есеп айырысу аяқталуға
тиіс. Күші жойылатын шарт тумаған жағдайда мәміле сөзсіз мәмілеге айналады.
Міндетті болмаса да, тууы мүмкін жағдай ғана шарт болуы мүмкін. Егер
шарт объективті түрде тумаса, онда мәміле жоқ не сөзсіз болады. Керісінше,
міңдетті түрде туатын шарт, мәмілені шартты емес, мерзімді етеді. Мысалы,
меншік иесі басқа адамға өз мүлкін көктем басталғанға дейін пайдалану
мүмкіндігін береді.
Мерзімнің де кейінге қалдырылатын және күші жойылатын маңызы болуы
мүмкін, өйткені көп ретте мәмілеге қатысушылардың құқықтары мен
міндеттерінің пайда болуы, өзгеруі немесе тоқтатылуы мерзімге байланысты
болады.
Мәмілеге қатысушылар өздерінің мүдделеріне сәйкес әрекет етуге қүқылы,
өздері үшін тиімді немесе тиімсіз шарттардың басталуына не басталмауына
жәрдемдесуге немесе кедергі жасауға құқылы. Алайда олар шартқа
жәрдемдесетін не кедергі жасайтын заңсыз немесе әдепсіз құралдарды
қолданбауы, жосықсыз әрекет етпеуі тиіс (АК-ның 8-бабын қараңыз). Мысалы,
азамат егер көршісін филармонияға музыкалық сүйемелдеуші ретінде жұмысқа
алатын болса, оған пианинасын сатуға келісті. Кейін бұдан гөрі пайдалы
сатып алушыны тапқан ол алғашқы сатып алушыдан құтылу үшін филармония
директорымен туыстық байланыстарын пайдаланып, оның филармонияға жұмысқа
орналасуына кедергі жасайды. Сатушы өзінің жосықсыз әрекетгерімен тиімсіз
болып шыққан шарттың тууына кедергі жасағандықтан, шарт туған деп
есептеледі.
Керісінше, мәміленің бір тарабы тиімді шарттың тууына жосықсыз
әрекеттерімен кедергі келтірсе, ол тумаған болып есептеледі. Мысалы,
мердігер егер ол басқа қалаға іссапармен кетіп қалмаса, тұрғын үйді
жөндеуге міндеттенеді. Осы арада оған бұдан гөрі пайдалы тапсырыс түседі
де, ол алғашқы тапсырыс иесінен арылу үшін өзіне басқа қаладан жалған
шақырту жасатып, ол жаққа басқа қызметкерді жіберетін болып шешілсе де, өзі
іссапарға шығатын болады. Бұл жағдайда шартты тумаған деп есептеу керек.
АК-ның 156-бабында көзделген биржалық мәмілелер мәмілелердің ерекше
түріне жатады. Биржада жасалатын мәмілелерді биржалық мәмілелер деп
түсінеді. Олар қатысушылар арасында негізінен жалпы тәртіппен жасалған
тиісті мәміле туғызатындай құқықтар мен міндеттерді өмірге келтіреді және
мәмілелердің жарамдылығы және жарамсыздығы жөніндегі жалпы заң ережелеріне
бағынады. Сонымен қатар, олардың бірқатар айтарлықтай ерекшеліктері бар,
бұл ерекшеліктер биржалық мәмілелерге қатысушылардың құқықтық жағдайына,
мәміленің нысанасына, оларды жасасу және рәсімдеу тәртібіне, олардың
орындалуын және биржалық даулардың шешілуін қамтамасыз етуге қатысты
болады.
Әдетте, биржалық мәміле делдал (брокер, дилер) арқылы жасалады. Бағалы
қағаздармен мәмілелер жасауға, әдетте, бағалы қағаздар рыногының кәсіби
қатысушылары (кастодиан, орталық депозитарий, тіркеуші, атаулы бағалы қағаз
үстаушы және басқалары) қатысады[6,50].
Биржалық мәмілелер тіркелуге жатады.
Биржалық тауар мәмілелерінің нысанасы нақты және алдағы уақытта
жеткізілетін биржалық тауарлар болуы мүмкін (форвардтық мәмілелер)
Тауарларды келешекте жеткізіп беруге немесе құқықтар мен міңдеттерді
келешекте беруге арналған стандартты келісім-шартты негіз ететін
мәмілелерге рүқсат етіледі (фьючерстік немесе опциондық мәмілелер). Биржада
биржалық мәмілелердің нақты орындалуын қамтамасыз ету есептері мен
әдістерінің арнайы нысандары болуы мүмкін.
Тауар биржасында жасалатын мәмілелерге байланысты туыңдайтын дауларды
биржалық төрелік комиссия қарауы мүмкін, оның шешімі туралы сотқа
шағымдануға болады.
Биржалық мәмілелер жасасу тәртібін және олардың ерекшеліктерін заң
актілері (ең алдымен "Тауарлық биржалар туралы 1995 ж. 7 сәуірдегі ҚР
Президентінің Заң күші бар Жарлығы, "Бағалы қағаздар рыногы туралы",
"Қазақстан Республикасында бағалы қағаздармен мәмілелерді тіркеу туралы"
1997 ж. 5 наурыздағы Зандар), биржа жарғысы, сондай-ақ биржалық сауданың
тиісінше бекітілген ережелері айқындайды.
Сонымен, азаматтар мен заңды тұлғалардың азаматтық құқықтары мен
мiндеттерiн белгiлеуге, өзгертуге немесе тоқтатуға бағытталған әрекеттерi
мәмiлелер деп танылады.
Мәмiлелер бiржақты және екi немесе көпжақты (шарттар) болуы мүмкiн.
Заңдарға немесе тараптардың келiсiмiне сәйкес жасалуы үшiн бiр
тараптың ерiк бiлдiруi қажет және жеткiлiктi болатын мәмiле бiржақты мәмiле
деп есептеледi.
Шарт жасасу үшiн екi тараптың (екiжақты мәмiле) не үш немесе одан да
көп тараптың (көпжақты мәмiле) келiсiлген ерiк бiлдiруi қажет.
Бiржақты мәмiле мәмiле жасаған адамға мiндеттер жүктейдi. Ол басқа
адамдарға заң құжаттарында белгiленген не сол адамдармен келiсiм болған
реттерде ғана мiндеттер жүктей алады.
Бiржақты мәмiлелерге тиiсiнше мiндеттемелер туралы және шарттар туралы
жалпы ережелер қолданылады, өйткенi бұл заңдарға, мәмiленiң табиғаты мен
мәнiне қайшы келмейдi.
Егер тараптар құқықтар мен мiндеттердiң туындауын басталу-басталмауы
белгiсiз мән-жайға байланысты етiп қойса, мәмiле кейiнге қалдырылатын
шартпен жасалды деп есептеледi.
Егер тараптар құқықтар мен мiндеттемелердiң тоқтатылуын басталу-
басталмауы белгiсiз мән-жайға байланысты етiп қойса, мәмiле кейiн күшi
жойылатын шартпен жасалды деп есептеледi.
Егер шарттың басталуы тиiмсiз болатын тарап шарттың басталуына терiс
пиғылмен кедергi жасаса, шарт басталды деп танылады.
Егер шарттың басталуы тиiмдi болатын тарап шарттың басталуына терiс
пиғылмен ықпал етсе, шарт басталмаған деп танылады.
Мәмiлелер ауызша және жазбаша нысанда жасалады (жай немесе
нотариалдық).
Заңдармен немесе тараптардың келiсiмiмен жазбаша (жай не нотариалдық)
немесе өзге белгiлi бiр нысан белгiленбеген мәмiле, атап айтқанда, олар
жасалған кезде атқарылатын мәмiлелердiң бәрi ауызша жасалуы мүмкiн. Мұндай
мәмiле адамның мiнез-құлқынан оның мәмiле жасау еркi айқын көрiнiп тұрған
ретте де жасалған деп саналады.
Жетон, билет немесе әдеттегiдей қабылданған өзге де растайтын белгi
арқылы расталған мәмiле, егер заңдарда өзгеше белгiленбесе, ауызша түрде
жасалған болып табылады.
Үндемей қалу заңдарда немесе тараптардың келiсiмiнде көзделген
реттерде мәмiле жасауға ерiк бiлдiру деп танылады.
Жазбаша түрде жасалған шартты орындау үшiн жасалған мәмiлелер, егер
заңдарға қайшы келмесе, тараптардың келiсiмi бойынша ауызша жасалуы мүмкiн.
Мынадай мәмiлелер:
1) егер мәмiлелердiң жекелеген түрлерi үшiн заңдарда өзгеше арнайы
көзделмесе немесе iскерлiк қызмет өрiсiнiң әдеттегi құқықтарынан
туындамаса, мәмiлелердi жасау кезiнiң өзiнде орындалатындарынан басқа,
кәсiпкерлiк қызмет үрдiсiнде жүзеге асырылатын;
2) мәмiлелердi жасау кезiнiң өзiнде орындалатындарынан басқа, жүз
есептiк көрсеткiш жоғары сомаға;
3) заңдарда немесе тараптардың келiсiмiнде көзделген өзге де реттерде
жазбаша түрде жасалуға тиiс.
Егер iскерлiк қызмет өрiсiнiң әдеттегi құқықтарынан өзгеше туындамаса,
жазбаша түрде жасалған мәмiлеге тараптар немесе олардың өкiлдерi қол қоюға
тиiс.
Егер заңдарға немесе мәмiлеге қатысушылардың бiрiнiң талаптарына қайшы
келмесе, мәмiле жасау кезiнде қол қоюдың факсимилелiк көшiрме, электрондық
цифрлық қолтаңба құралдарын пайдалануға жол берiледi.
Екiжақты мәмiлелер әрқайсысына өзiн жасаған тараптар қол қойған
құжаттарды алмасу арқылы жасалуы мүмкiн.
Хат, жеделхат, телефонжазба, телетайпжазба, факс, электрондық құжаттар
немесе субъектiлердi және олардың ерiк бiлдiруiнiң мазмұнын айқындайтын
өзге де құжаттар алмасу, егер заңдармен немесе тараптардың келiсiмiмен
өзгеше белгiленбесе, жазбаша түрде жасалған мәмiлеге теңестiрiледi.
Заңдармен және тараптардың келiсiмiмен қосымша талаптар белгiленуi
мүмкiн, оларға мәмiле нысаны, атап айтқанда, белгiленген нысанды бланкiге
жазу, мөрмен бекiту сәйкес келуге және оларда осы тараптарды орындамау
салдары көзделуге тиiс.
Егер азамат дене кемтарлығы, науқастығы немесе сауатсыздығы салдарынан
өзi қол қоя алмаса, оның өтiнiшi бойынша мәмiлеге басқа азамат қол қоя
алады. Соңғысының қойған қолын, егер заңдарда өзгеше көзделмесе, нотариат
немесе сондай нотариалдық әрекет жасау құқығы бар басқа лауазымды адам,
мәмiле жасаушының өзi қол қоя алмаған себептердi көрсете отырып,
куәландыруға тиiс.
Жазбаша түрде жасалған мәмiленi орындаған тарап екiншi тараптан оның
орындалғанын растайтын құжат талап етуге құқылы.
Мәмiлелердi жасау кезiнiң өзiнде орындалатындарынан басқа, ауызша
кәсiпкерлiк мәмiленi орындаған тараптың да осындай құқығы бар.
Мәмiленiң жай жазбаша түрiн сақтамау оның жарамсыз болып қалуына
әкелiп соқтырмайды, бiрақ дау туған жағдайда тараптарды мәмiленiң
жасалғанын, мазмұнын немесе орындалуын куәгерлiк айғақтармен растау
құқығынан айырады. Алайда тараптар мәмiленiң жасалғанын, мазмұнын немесе
орындалғанын жазбаша немесе өзге, куәгерлiк айғақтардан басқа дәлелдермен
растауға құқылы.
Заң құжаттарында немесе тараптардың келiсiмiнде тiкелей көрсетiлген
реттерде мәмiленiң жай жазбаша түрiн сақтамау оның жарамсыз болып қалуына
әкелiп соқтырады.
Сыртқы экономикалық мәмiленiң жай жазбаша түрiн сақтамау мәмiленiң
жарамсыз болып қалуына әкелiп соқтырады.
Заң құжаттарында немесе тараптардың келiсiмiмен белгiленген реттерде
жазбаша мәмiлелер оларды нотариат куәландырғаннан кейiн ғана жасалды деп
саналады. Мұндай талапты сақтамау осы Кодекстiң 157-бабының 3-тармағында
көзделген салдармен мәмiленiң жарамсыз болып қалуына әкелiп соқтырады.
Егер нотариаттың куәландыруын талап ететiн мәмiленi тараптар немесе
тараптардың бiрi iс жүзiнде орындаған болса, ол өзiнiң мазмұны жағынан
заңдарға қайшы келмесе және үшiншi жақтардың құқықтарын бұзбаса, сот
мүдделi тараптың арызы бойынша мәмiленi жарамды деп тануға құқылы. Бұл
ретте мәмiленi кейiннен нотариаттың куәландыруы талап етiлмейдi.
Тiркеуден бас тартылу жазбаша түрде ресiмделуге тиiс және заң
талаптарының бұзылуына сiлтеме жасалғанда ғана мүмкiн болады.
Егер мемлекеттiк тiркеудi керек ететiн мәмiле тиiстi нысанда жасалса,
бiрақ тараптардың бiрi оны тiркеуден жалтарса, сот екiншi тараптың талап
етуiмен мәмiленi тiркеу туралы шешiм шығаруға құқылы. Бұл ретте мәмiле
соттың шешiмiне сәйкес тiркеледi.
Биржалық мәмiлелер - нысаны биржадағы айналысқа жiберiлген мүлiк болып
табылатын және тиiстi биржалар (тауар, қор және басқа) туралы Қазақстан
Республикасының заңдары мен биржалық сауда ережелерiне сәйкес онымен сауда-
саттық жүргiзуге қатысатындармен жасалатын мәмiлелер.
Биржалық мәмiлелер осы мәмiлелердiң жасалғандығын растау үшiн биржа
беретiн құжаттармен ресiмделедi.
Егер заңдардан, тараптардың келiсiмiнен немесе мәмiленiң мәнiнен өзге
жағдайлар туындамаса, биржалық мәмiлелерге олардың мазмұнына қарай тиiстi
шарт (сатып алу-сату, комиссиялар және басқалар) туралы ережелер
қолданылады.
Заңдарда немесе биржалық сауда ережелерiнде тараптардың коммерциялық
құпиясы болып табылатын және олардың келiсiмiнсiз жария етуге жатпайтын
биржалық мәмiлелердiң ережелерi көзделуi мүмкiн.
Биржалық мәмiлелер жасасуға байланысты даулар тиiстi биржа жанындағы
биржа төрелiгiнде қаралады, оның шешiмiне сотта дау айтылуы мүмкiн.
Мәмiленiң нысанына, мазмұнына және қатысушыларына, сондай-ақ олардың
ерiк бiлдiру бостандығына қойылатын талаптар бұзылған жағдайда мүдделi
адамдардың, тиiстi мемлекеттiк органның не прокурордың талабы бойынша
мәмiле жарамсыз деп танылуы мүмкiн.
Мәмiле жарамсыздығының негiздемелерi, сондай-ақ оны жарамсыз деп
тануды талап етуге құқығы бар адамдардың тiзбесi осы Кодексте не өзге де
заң құжаттарында белгiленедi.
Мәмiле жарамсыз деп танылған жағдайда тараптардың әрқайсысы екiншi
тарапқа мәмiле бойынша алынғанның бәрiн қайтарып беруге, ал заттай қайтарып
беру мүмкiн болмаған жағдайда құнын ақшалай өтеуге мiндеттi.
Егер мәмiле қылмыстық мақсатқа жетуге бағытталып, екi тарапта да
жымысқы ниет болған жағдайда олардың мәмiле бойынша алғандарының немесе
алуға тиiстi болғандарының бәрi соттың шешiмi немесе үкiмi бойынша
тәркiленуге тиiс. Мұндай мәмiленi бiр тарап орындаған ретте, екiншi
тараптан алғандарының бәрi және одан мәмiле бойынша бiрiншi тарапқа
тиесiлiнiң бәрi тәркiленуге тиiс. Егер тараптардың ешқайсысы да орындауға
кiрiспеген болса, мәмiледе орындалуы көзделгеннiң бәрi тәркiленуге тиiс.
Қылмыстық мақсатқа жету жөнiндегi жымысқы ниет тараптардың бiрiнде
ғана болған жағдайда оның мәмiле бойынша алғандарының бәрi екiншi тарапқа
қайтарылуы тиiс, ал соңғысының алғаны не оған мәмiле бойынша тиесiлiсi
тәркiленуге тиiс.
Жарамсыз мәмiле заңдық салдарға әкелiп соқтырмайды, бұған мәмiленiң
жарамсыздығына байланысты және ол жасалған кезден бастап жарамсыз мәмiлелер
кiрмейдi.
Мәмiленi жарамсыз деп тани отырып, сот нақты мән-жайларды ескеру
арқылы оның одан әрi орындалуына тыйым салумен шектелуге құқылы.
Мазмұны заң талаптарына сәйкес келмейтiн, сондай-ақ құқықтық тәртiп
негiздерiне немесе адамгершiлiкке көрiнеу қайшы келетiн мақсатпен жасалған
мәмiле жарамсыз болады.
Заң талаптарын, заңды тұлғаның жарғысын не оның органдарының құзыретiн
бұзатын мәмiленi қасақана жасасқан адамның, егер мұндай талап пайдакүнемдiк
себептерден немесе жауапкершiлiктен жалтару ниетiнен туындаса, мәмiленi
жарамсыз деп тануды талап етуге құқығы жоқ.
Егер мәмiлеге қатысушылардың бiрi оны мiндеттемесiн орындаудан немесе
үшiншi жақ не мемлекет алдындағы жауапкершiлiктен жалтару ниетiмен жасалған
ретте, ал мәмiленiң басқа қатысушысы бұл ниет туралы бiлген болса немесе
бiлуге тиiс болса, мүдделi жақ (мемлекет) мәмiленi жарамсыз деп тануды
талап етуге құқылы.
Қажеттi лицензия алмай, не лицензияның қолданылу күшiнiң мерзiмi
бiткеннен кейiн жасалған мәмiле жарамсыз болады.
Терiс пиғылды бәсеке мақсатын көздейтiн немесе iскерлiк әдеп
талаптарын бұзатын мәмiле жарамсыз болады.
Он төрт жасқа толған кәмелетке толмаған баланың ата-анасының (асырап
алушыларының) немесе қамқоршыларының келiсiмiнсiз жасаған мәмiлесiн, заң
бойынша оның өзi дербес жасауға құқығы бар мәмiлелердi қоспағанда, сот ата-
анасының (асырап алушыларының) немесе қамқоршысының талабы бойынша жарамсыз
деп тануы мүмкiн.
Есуастық немесе ақыл-есi кем болуы салдарынан әрекет қабiлеттiгi жоқ
деп танылған адам жасасқан мәмiле жарамсыз болады. Кейiннен әрекет
қабiлеттiгi жоқ деп танылған азамат жасасқан мәмiле, егер мәмiленi жасау
кезiнiң өзiнде-ақ бұл азаматтың психикалық шатасу жағдайында болғаны
дәлелденсе, оның қорғаншысының талабы бойынша сот мәмiленi жарамсыз деп
тануы мүмкiн.
Сот әрекет қабiлеттiлiгiн шектеген адам жасасқан мәмiленi сот оның
қамқоршысының талап етуi бойынша жарамсыз деп тануы мүмкiн.
Әрекет қабiлеттiлiгi болғанымен, мәмiле жасаған кезде өз әрекеттерiнiң
мәнiн түсiне алмайтын немесе өзiнiң не iстегенiн бiлмейтiн жағдайда болған
азамат жасасқан мәмiленi сот сол азаматтың талабы бойынша, ал егер тiрi
кезiнде талап етуге азаматтың мүмкiндiгi болмаса, азамат қайтыс болғаннан
кейiн басқа мүдделi адамдардың талабы бойынша жарамсыз деп тануы мүмкiн.
Елеулi мәнi бар жаңылысу салдарынан жасалған мәмiленi сот жаңылысу
әсерiмен әрекет еткен тараптың талабы бойынша жарамсыз деп тануы мүмкiн.
Мәмiленiң табиғатына, ұқсастығына немесе оны өз мақсатына пайдалану
мүмкiндiгiн айтарлықтай төмендететiн мәнiнiң сапасына қатысты жаңылысудың
елеулi мәнi болады. Дәлелдердегi жаңылысу кейiнге қалдыру немесе күшiн жою
шарты ретiнде, мәмiленiң мазмұнына осындай дәлелдi енгiзген кезде ғана
мәмiле жарамсыздығының негiзi бола алады. Егер жаңылысу мәмiлеге
қатысушының өрескел бейқамдығының салдары болса, не оны кәсiпкерлiк тәуекел
билеген болса, сот нақты жағдайларды және мәмiлеге қатысушы екiншi жақтың
мүдделерiн ескере отырып, мәмiленi жарамсыз деп тану туралы талаптан бас
тартуға құқылы.
Алдау, зорлық, қорқыту ықпалымен жасалған мәмiленi, сондай-ақ басқа
тарап пайдаланған жағдайларға қарағанда адам өзi үшiн мүлде тиiмсiз ауыр
мән-жайлардың салдарынан жасауға мәжбүр болған мәмiленi (кiрiптарлық
мәмiле) сот жәбiрленушiнiң талабы бойынша жарамсыз деп тануы мүмкiн.
Бiр тарап өкiлiнiң екiншi тараппен зұлымдық ниетте келiсуi нәтижесiнде
жасалған мәмiленi сот жәбiрленушi тараптың талабы бойынша жарамсыз деп
тануы мүмкiн. Жәбiрленушi тарап шеккен залалды жәрдем беру тәртiбiмен өтеу
терiс пиғылды өкiлге жүктелуi мүмкiн.
Заңды тұлғаның осы Кодексте, өзге де заң актiлерiнде немесе құрылтай
құжаттарында нақты шектелген қызмет мақсаттарына қайшы келетiн етiп
жасаған, не оның органының жарғылық құзыретiн бұза отырып жасаған мәмiлесi,
егер мәмiледегi басқа тараптың мұндай жолсыздықтар туралы бiлгенi немесе
күнiлгерi бiлуге тиiс болғаны дәлелденсе, заңды тұлғаның немесе оның
құрылтайшысының (қатысушысының) мүлiк иесiнiң қуынымы бойынша жарамсыз деп
танылуы мүмкiн.
Заңдық салдар туғызу ниетiн көздемей, тек көз алдау үшiн ғана жасалған
жалған мәмiле жарамсыз болады.
Егер мәмiле екiншi бiр мәмiленi (қулықпен) бүркемелеу мақсатымен
жасалса, тараптар шын мәнiнде ойлаған мәмiлеге қатысты ережелер
қолданылады.
Егер мәмiленi оның жарамсыз бөлiгiн енгiзбей-ақ жасауға болар едi деп
ойлау мүмкiн болса, мәмiленiң бiр бөлiгiнiң жарамсыздығы оның басқа
бөлiктерiнiң жарамсыз болуына әкелiп соқтырмайды.

1.2 Мәмілелердің жіктелуі
Мәмілелер мынадай түрлерге бөлінеді: 1) бір жақты және екі немесе көп
жақты (шарттар); 2) ақылы және ақысыз; 3) нақты және консенсуалды; 4)
казуалды және абстрактылы; 5) шартпен жасалған; 6) биржалық.
Біржақты мәміле дегеніміз заңдарға немесе талаптардың келісіміне
сәйкес жасалуы үшін бір тараптың ерік білдіруі қажет және сол жеткілікті
болатын мәміле. Біржақты мәмілелердің анағұрлым жиі кездесетін түрі — өсиет
қалдыру. Әдетте біржақты мәмілелер тым көп бола бермейді. Азаматтық айналым
көбінесе өзара мәмілелерден құралады. ІПарт жасасу үшін екі тараптың (екі
жақты мәміле) не үш немесе одан да көп тараптың (көп жақты мәміле)
келісілген ерік білдіруі қажет.
Тарап өз міндеттемелерін орындағаны үшін ақы алса немесе тараптар бір-
біріне бір нәрсе беруі керек болса, бүл ақылы мәміле болып табылады
(мәселен, оған затты, ақшаны тапсыру жатады). Ал, бір тарап екінші тарапқа
одан ақы алмай немесе ешнәрсе бермей бір нәрсені ұсынуды міндетіне алған
мәміле ақысыз болып есептеледі.
Консенсуалды мәмілелер (латынша — келісім) — келісімге келген сәттен
бастап азаматтардың құқықтары мен міндеттері туындайтын мәмілелер. Нақты
мәмілені жүзеге асыру үшін (латынша гез - зат) келісімнің бір өзі
жеткіліксіз, оған қоса затты тапсыру қажет[7,103].
Мәмілелерді азамат құқықтану ілімінде каузальдық (себепті) және
абстракциялық деп те бөледі. Әрбір мәміле жақтардың алға қойған мақсатына
орай құқықтық негіз бен құқықтық мақсатты еншілейді. Бірақта бір жағдайда
мәміленің жарамдығы оның негізіне байланысты болса, екінші жағдайда оған
байланысты болмайды (абстракциялық). Абстракциялық мәмілелер өзінің
негізінен қол үзгендей көрінеді (қол үзу, бөліну), (мысалы, вексельді
тапсыру).
Шартпен жасалған мәмілелер қандай да бір нәрсеге тәуелді болып келеді
(оқиға немесе үшінші жақтың әрекеті), ондай жағдай болуы да, болмауы да
мүмкін. Мәселен, егер тараптар құқықтар мен міндеттердің туындауын басталу-
басталмауы белгісіз мән-жайға байланысты етіп қойса, мәміле кейінге
қалдырылатын шартпен жасалды деп есептеледі. (АК-тің 150-ба-бының 1-
тармағы). Азаматтық кодекстің 150-бабының 2-тармағына сәйкес, егер тараптар
құқықтар мен міндеттемелердің тоқтатылуын, басталу-басталмауын белгісіз мән-
жайға байланысты етіп қойса, мәміле кейін күші жойылатын шартпен жасалды
деп есептеледі.
Егер шарттың басталуы өзіне тиімсіз деп есептейтін тарап шарттың
басталуына теріс пиғылмен кедергі жасаса, шарт басталды деп танылады, ал
шарттың басталуы тиімді болатын тарап шарттың басталуына теріс пиғылмен
ықпал етсе, онда шарт басталмаған деп танылады.
Азаматтық кодексте (156-бап) биржалық мәмілелер қаралған. Биржада
айналысқа жіберілген тауарларға, бағалы қағаздар мен басқа мүлікке қатысты
құқықтары мен міндеттемелерді өзара беру туралы келісімдерді (биржалық
мәмілелер) биржаға қатысушылар тауар, қор және басқа биржалар туралы
заңдарда және биржа жарғыларыңда белгіленген тәртіп бойьшша жасасады.
Биржалық мәмілелер делдалдық жазбалармен рәсімделуі мүмкін және биржада
тіркелуге тиіс.
Биржалық мәмілелер жасауға байланысты даулар тиісті биржа жанындағы
биржа төрелігінде қаралады, оның шешіміне сотта дау айтылуы мүмкін.
Сонымен, Заң (АК-ның 148-бабы) мәмілелердің екі түрін ажыратады: бір
жақты мәмілелер және шарттар. Бір жақты мәміле бір тараптың еркін білдіреді
және оған басқа азаматтардың немесе заңды тұлғалардың қалай қарайтынына
қарамастан қолданыла береді. Мысалы, азаматтың өзіне тиесілі әлде бір
құқығынан бас тартуы, берілген сенімхатын өсиетін тоқтатуы және т.б. бір
жақты мәміле болады. Бір жақты мәміле әдетте (бір өзі немесе басқа заң
фактлерімен бірге), бұл жөнінде өздеріне хабарланғанға дейін мұндай
құқықтар туралы тіпті білмейтін басқа адамдардың құқығын туғызады. Мысалы,
өсиет қалдырушы қайтыс болғаннан кейін оның қалдырған өсиеті мурагерлердің
құқықтарын туғызады. Бірақ мұндай мәміле үшінші жаққа берілетін құқықтардан
туындайтын міндеттемелерден басқа міндеттерді жүктей алмайды (мысалы,
өсиеттік бас тарту — АК-ның 1057-бабы).
Бірқатар жағдайларда бір жақты мәміле жай міндеттемені туғызады, мұнда
мәміле жасаған адам борышқор болады, ал оның пайдасына мәміле жасаған адам
— несие беруші болады. Мысалы, жай вексельді беру.
Кейде бір жақты мәміле міндеттемені тоқтатады, мұнда мәміле жасаған
адам несие беруші болады да, ал оның пайдасына мәміле жасалған адам —
борышқор болады. Мысалы, борышты кешіру (АК-ның 373-бабы).
Мәмілелердің көпшілігі екі немесе бірнеше тұлғаның үйлескен еркін
білдіреді, яғни шарт болып табылады. Шарттар туралы АК-ның 378 — 405-
баптарын қараңыз.
Мұндай әрекеттер, ең ақырында, бір мақсатқа жетуге бағытталғанына
қарамастан, екі немесе бірнеше тұлғаның жай ғана мәміле жасасуы оны шарт
деп тану үшін жеткіліксіз болады. Олардың әрекеттерінің өзара үйлесімді
болуы талап етіледі, яғни қатысушының әрқайсысы басқа қатысушы саналы түрде
мойындайтын немесе тіпті қолдайтын әрекеттер жасайды. Егер мұндай әрекеттер
дербес болып, әрбір қатысушы өз әрекетіне басқа қатысушыны хабардар
етпестен, жеке-жеке әрекет ететін болса, онда бұл шарт емес, бірінен соң
бірі жасалатын екі мәміле болады. Мысалы, өсиет қалдыру және өсиет
қалдырушы қайтыс болғаннан кейін мұрагердің өзіне қалдырылған өсиетті
қабылдауы.
Екішпі жағынан, кез келген шарт кем дегенде екі жақты әрекеттен
туындайды: бір тараптың шарт жасасу туралы ұсынысынан (мұндай бір жақты
мәміле оферта деп аталады)[8,62] және екінші тараптың ұсынысты қабылдау
жөніндегі келісуінен (бір жақты мәміле — акцепт) туады. Бұл жөнінде АҚ-ның
23-тарауын қараңыз.
Басқа негіздер бойынша мәмілелер өзге де түрлерге бөлінеді. Каузальдық
және абстрактілік мәмілелердің арасындағы айырмашылықтың өте зор
практикалық маңызы бар.
Каузальдық немесе себепті мәміленің тағдыры оның өзі жасалған негізге
тәуелді болады. Негізінің бұзылуы жасалған бір жақты мәміленің заңдық күшін
жояды. Мысалы, сатып алушы сатып алған тауарының бағасын алдын ала төлеп
қойған, бірақ сатушы тауарды жеткізіп бермеген. Сатушының сатып алушыдан
алынған ақшаға құқығы жойылады.
Егер мәміленің өзі оны жасаған тұлғаның шынайы еркін білдірген болса,
абстрактілік мәміленің зандық күші оның негізіне тәуелсіз болады. Мысалы,
сатып алушы сатушыға тауардың құнына сай сомаға вексель беріп, алынған
тауар үшін есеп айырысты. Егер кейін тауардың сапасыз екені анықталса,
вексель қайтарып алынбайды, керісінше, вексель бойынша құқық вексель
ұстаушы үшін де, одан кейіші вексель ұстаушылар үшін де, оны төлейтіндер
үшін де күшін сақтайды.
Негізгі және қосымша (акцессорлық) мәмілелер (шарттар) арасындағы
айырмашылықтың практикалық маңызы бар.
Акцессорлық мәміле негізгі мәмілені толықтырады, қамтамасыз етеді және
нақтылайды. Егер заңнан, мәміленің мәнінен не тараптардың келісуінен өзгеше
жағдай туыңдамаса, акцессорлық мәміленің тағдыры негізгі мәміленің
тағдырына тәуелді болады.
Кепіл туралы (АҚ-ның 322-бабының 1-тармағының 1-тармақшасы), кепілдік
және кепіл болушылық туралы (АК-ның 336-бабының 1-тармағы), кепілпұл туралы
(АК-ның 338-бабының 1-тармағы) және басқа мәмілелерді қосымша мәмілелер деп
атауға болады.
Төрелік сот тәжірибесінде мынадай жағдай болған: үш жеке орындаушы
тапсырыс берушінің жұмысын ортақ ақы үшін бірігіп орындауға міндеттенеді.
Осыдан кейін олар алынатын ақыны өзара бөлісу туралы өзара келісім
жасасады. Көп кешікпей, тапсырыс иесі жұмысты орындаушылардың біреуінің
қызметінен бас тартады, ал ол ақыны бөлу туралы келісімде орындаушылардың
біреуіне қатысты шарттың күші тоқтатылуының салдары туралы ештеңе
айтылмағанына сүйеніп, басқа орындаушылардан оның сомасының 35 пайызы
мөлшеріңде өзінің үлесін беруді талап етеді. Ақыны бөлу туралы келісімнің
акцессорлық сипатына байланысты мұңдай талапты негізді деп тануға болмайды.

2 Мәміленің нысаны мен оның жарамдық және жарамсыз шарттары

2.1 Мәміленің нысаны және оның маңызы

Мәміле заңмен белгіленген нысанға ие болғаннан кейін ғана заңдық маңыз
алады, ал ол арқылы мәмілеге қатысушы өзінің еркін білдіреді.
АК-ның 151-бабы мәміленің ауызша және жазбаша түрлерін ажы-ратады. Ал
жазбаша түрі, өз кезегінде, жай және нотариалдық болуы мүмкін.
Сөз жүзінде жасалатын мәмілелер ауызша түрде жасалған мәмілелер деп
есептеледі. Қатысушының еркі тікелей, шарт жасасуға бағытталған
конклюдентгік әрекеттер арқылы білінетін мәмілелер (мысалы, таңдап алған
тауар үшін сатушыға ақша беру) де, сондай-ақ қатысушының еркі үндемеу
арқылы білінетін мәмілелер де ауызша түрде жасалатын мәмілелерге жатады.
Бірақ зандарда тікелей белгіленетін жағдайларда немесе тараптардың
келісімімен ғана үндемей қалуға осындай маңыз беріледі. Мысалы, тауар сатып
алушы оны жеткізіп берушіге жазбаша тапсырыс береді, онда жеткізіп берудің
керекті шарттары көрсетіледі, егер жеткізіп беруші бес тәулік ішінде
көрсетілген шарттарға қарсылық білдірмесе, шарт жасалды деп есептеледі.
Заң мәміленің қандай жағдайларда жазбаша түрде жасалатынын айқындайды.
Бірақ мәміле жасасудың ауызша нысанын қолдану мүмкіндіктері үшін айқын заңи
нұсқаулар жоқ. Сондықтан бұл жерде баршаға тән мынадай ереже қолданылады:
заңдардың белгілі бір нормаларына немесе тараптардың келісіміне қайшы
келетін жағдайлардан басқа реттерде мәмілені қашан да ауызша түрде жасасуға
рүқсат етіледі[9,12].
АК-ның 151-бабына сәйкес, мәміленің ауызша түрі ол жасалған кезде
атқарылатын жағдайда қолданылады. Бұл арада ауызша мәміленің ең жоғарғы
шегі қызметін атқаратын мәміленің сомасы белгіленбейді (АК-ның 152-бабының
1-тармағын қараңыз). Жазбаша мәміле жасамай-ақ құны миллион теңгелік затты
сатып алуға болады. Бірақ мұнда тараптар уағдаласқан соң біріне-бірі затты
да, ақшаны да қолма-қол береді. Алайда, егер, нақ сол зат несиеге немесе
ақысын алдын ала төлеу арқылы сатылса, сатьш алу-сату мәмілесі жазбаша
түрде жасалуы тиіс.
Мәміленің шын мәнінде жасалғаны және оның шарттарының қандай болғаны
жөнінде дау туатын жағдайда ауызша жасалған мәміле оған қатысушылардың
жағдайын жеңілдетеді. Мұндай мән-жайлар кез келген заңды құралдармен, оның
ішінде куәлардың айғақтарымен дәлелденуі мүмкін.
АК-ның 151-бабының 3-тармағы жетон, билет немесе әдеттегідей
қабылданған өзге де растайтын белгі арқылы расталған мәмілелерді ауызша
түрде жасалған белгілерге жатқызады. Мұндай мәмілелердің жасалуы мен
мазмұны куәлардың айғақтарымен дәлелденуі мүмкін.
Аталған растайтын белгілер мәмілелерге қатысушылардың есімдерін атауы
немесе атамауы мүмкін. Егер, алайда, мұндай белгілер қатысушыларды атап
қоймастан, олардың қойған қолдарын да көрсететін болса, онда мәмілені
жазбаша түрде жасалған деп есептеу керек.
Мәмілелерді өзгерту, орындау немесе тоқтату, әдетте, мәмілелердің
жасалуы рәсімделетін тәртіппен жүргізіледі. Алайда, кейбір жағдайларда,
нормативтік актілердің зандарға қайшы келмейтін тікелей нұсқауына немесе
тараптардың қалауына қарай жазбаша түрде жасалған тиісті ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қазақстан Республикасының азаматтық құқығындағы мәмілеге байланысты мәселелер
Ордерлік бағалы қағаздар
Қазақстан Республикасындағы сыртқы экономикалық мәмілелердің түрлері
Мәмiлелердiң ұғымы және түрлерi
Құқықтық мәміле
Азаматтық құқықтағы мәмілелер
Мәміле ерік актісі
Мәмiленің құқықтық жағдайы
Азаматтық құқықтағы мәмәле және оның маңызы
АЗАМАТТЫҚ ҚҰҚЫҚТЫҚ ШАРТТАРЫҢ ЖАЛПЫ ТЕОРИЯЛЫҚ СИПАТТАМАСЫ
Пәндер