Азаматтық құқықтың субъектілері



Жоспар:

Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...3
1. бөлім: Тұлға . азаматтық құқықтың субъектісі.
1.1. Жалпы қағидалар ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .4
1.2.Жеке тұлға . азаматтық құқықтың субъектісі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..5
1.3.Азаматтық құқық қабілеттілігі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...9
1.4.Азаматтардың әрекет қабілеттілігі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...11
2. бөлім. Заңды тұлға.
2.1 Заңды тұлға ұғымы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..15
2.2 Коммерциялық емес ұйымдар ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...17
2.3 Коммерциялық ұйымдар ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .23
Қорытынды ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .30 Сызба ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...31
Қолдаланған әдебиеттер тізімі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..32
Кіріспе.

Мен бұл тақырыпты таңдай отырып, заңды тұлға және жеке тұлға ұғымы қандай қоғамдық қатынастарды білдіреді, онда қандай адамдардың мүдделері қаралмақ, мемлекеттегі оның орны қандай және заңды тұлғаның мән-мағынасы неде деген сауалдарды қарастырамын.
Кеңес мемлекеті өмір сүріп тұрған кезеңде азаматтық құқық теориясында заңды тұлғалардың мәні туралы алуан түрлі пікірлер кең таралған. Негізінен алғанда, заңды тұлғалар – мемлекеттік кәсіпорындармен мекемелер зерттеу объектісі болды, мұны экономикада мемлекеттік меншіктің үстемдік етуімен түсіндіруге болады.
Заңды тұлға институтын заңды тұлғалардың құқық қабілеттілігін, олардың ұйымдық-құқықтық нысандарын, заңды тұлғаларды құру, қайта құру және тарату тәртібін белгілейтін нормалардың жиынтығы, азаматтық құқықтың сала тармағы ретінде анықтауға болады.
Заңды тұлғаның жария анықтамасы ҚР АК-ның 33-бабының 1-тармағында баян етілген: « Меншік, шаруашылық жүргізу немесе жедел басқару құқығындағы оқшау мүлкі бар және сол мүлікпен өз міндеттемелері бойынша жауап беретін, өз атынан мүліктік және мүлікиік емес жеке құқықтар мен міндеттерге ие болып, оларды жүзеге асыра алатын, сотта талапкер және жауапкер бола алатын ұйым заңды тұлға деп танылады».
Қазіргі уақытта заңды тұлғаның мәні жөніндегі мәселе ғалымдардың теориялық пікірталастарында соншама кең таралмаған.Әдебиеттерде кездесетін соңғы пікірлердің ішінен заңды тұлғаның «мақсатты мүлік ретіндегі» анықтамасын атап көрсетуге болады.Е.А.Сухановтың пікірі бойынша,»...осы заманғы коммерциялық практикада азаматтық немесе сауда айналымына қатысуға әдейі арналған дербестелген мүлік ретіндегі заңды
Қолдаланылған әдебиеттер тізімі:

1. Қазақстан Республикасының Конституциясы.
2. ҚР Азаматтық кодексі (Жалпы бөлім және Ерекше бөлім)-2000ж.
3. Қазақстан Республикасының Конституциялық құқығы: Оқу-құралы.-С.К.Амандықова Астана: Фоллиант,2001
4. Егемен Қазақстан құқығы: Оқу-құралы Ашитов М. Н. Алматы: Жеті жарғы, 1999
5. Мемлекет және құқық негіздері: Оқулық /Құраст. Е. Баянов.-Алматы: Жеті жарғы, 2001.
6. Төлеуғалиев Ғ. Қазақстан Республикасының Азаматтық құқығы. I-том.-Алматы, 2001.
7. Круглов Н.Ю. Хозяйственное право М.,1997
8. И.М. Лифиц Стандиртизация, метрология и сертификация М.,2002
9. ҚР «Еңбек туралы»заңы 1999 ж.10 желтоқсан
10. Богатых Е.А. Гражданское и трудовое право.-М.: ИНФРА-М,1996.
11. «Қазақстан Республикасында архитектуралық, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы» Қазақстан Республикасының Заңы.
12. Қазақстан Республикасының «Лицензиялау туралы» заңы. 17 сәуір 1995 жыл.
13. Дулатбеков Н. Амандықова С. А.Турлаев Мемлекет және құқық негіздері. Астана, 2001.
14. Баққұлов С.Д. Құқық негіздері. Алматы, 2004.
15. Жоламан Қ.Д. Мемлекет және теориясы Алматы 2005.-269бет.

Пән: Құқық, Криминалистика
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 29 бет
Таңдаулыға:   
Жоспар:

Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .3
1- бөлім: Тұлға - азаматтық құқықтың субъектісі.
1.1. Жалпы қағидалар ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 4
1.2.Жеке тұлға - азаматтық құқықтың субъектісі ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... .5
1.3.Азаматтық құқық қабілеттілігі ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..9
1.4.Азаматтардың әрекет қабілеттілігі ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..11
2- бөлім. Заңды тұлға.
2.1 Заңды тұлға ұғымы ... ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .15
2.2 Коммерциялық емес ұйымдар ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 17
2.3 Коммерциялық ұйымдар ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..23
Қорытынды ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .30 Сызба ... ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...31
Қолдаланған әдебиеттер тізімі ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..32



Кіріспе.

Мен бұл тақырыпты таңдай отырып, заңды тұлға және жеке тұлға ұғымы қандай қоғамдық қатынастарды білдіреді, онда қандай адамдардың мүдделері қаралмақ, мемлекеттегі оның орны қандай және заңды тұлғаның мән-мағынасы неде деген сауалдарды қарастырамын.
Кеңес мемлекеті өмір сүріп тұрған кезеңде азаматтық құқық теориясында заңды тұлғалардың мәні туралы алуан түрлі пікірлер кең таралған. Негізінен алғанда, заңды тұлғалар - мемлекеттік кәсіпорындармен мекемелер зерттеу объектісі болды, мұны экономикада мемлекеттік меншіктің үстемдік етуімен түсіндіруге болады.
Заңды тұлға институтын заңды тұлғалардың құқық қабілеттілігін, олардың ұйымдық-құқықтық нысандарын, заңды тұлғаларды құру, қайта құру және тарату тәртібін белгілейтін нормалардың жиынтығы, азаматтық құқықтың сала тармағы ретінде анықтауға болады.
Заңды тұлғаның жария анықтамасы ҚР АК-ның 33-бабының 1-тармағында баян етілген: Меншік, шаруашылық жүргізу немесе жедел басқару құқығындағы оқшау мүлкі бар және сол мүлікпен өз міндеттемелері бойынша жауап беретін, өз атынан мүліктік және мүлікиік емес жеке құқықтар мен міндеттерге ие болып, оларды жүзеге асыра алатын, сотта талапкер және жауапкер бола алатын ұйым заңды тұлға деп танылады.
Қазіргі уақытта заңды тұлғаның мәні жөніндегі мәселе ғалымдардың теориялық пікірталастарында соншама кең таралмаған.Әдебиеттерде кездесетін соңғы пікірлердің ішінен заңды тұлғаның мақсатты мүлік ретіндегі анықтамасын атап көрсетуге болады.Е.А.Сухановтың пікірі бойынша,...осы заманғы коммерциялық практикада азаматтық немесе сауда айналымына қатысуға әдейі арналған дербестелген мүлік ретіндегі заңды тұлғаның мәнін түсіндіретінмақсатты мүлік теориясын қостайтын дәлелдер жеткілікті.

1.1. Жалпы қағидалар

Құқықтар мен міндеттер қашан да сол құқықтар мен міндеттердің қайсыбір субъектілеріне байланысты болады. Біз қайсыбір субъективтік құқық туралы айтқанымызда, бұл құқыққа әлдебіреудің ие екендігін үнемі еске ұстаймыз. Сондай-ақ, міндеттің де әлдебіреудің мойнындағы міндет екендігін жадымыздан шығара алмаймыз.
Заң тілінде құқықтардың және міндеттердің иелерін "құқық субъектілері" деп немесе"тұлға" деп атайды. Тұлғаның заңдық тұрғыдан алғандағы ұғымы құқық қабілеттілік ұғымымен сәйкес келеді. Құқық өкілеттілігін алған құқық қабілетті атаулының бәрін тұлға деп атауға болады. Бірақ, әртүрлі топтар мен түрлерге орай субъектілердің мазмұны біркелкі бола бермейді. Ал азаматтық құқық қабілеттілігі дегеніміз субъектілердің азаматтық құқыққа ие болып, міндетін орындау қабілетті түсіну керек.
Тұлғаның екі категориясы бар. Құқық субъектілерінің алдымен адамдар (жеке тұлға). Әрбір адам-құқық субъектісі. Бірақ құқықта субъектілердің басқада категориясының барлығы мәлім. Бұл-ұжымдар, толып жатқан ұйымдар, кәсіпорындар, қоғамдар және т.б. да құқықпен міндеттердің иелері болып табылыды.
Жоғарыда айтылған екі категориялы құқық субъектілерін (яғни адамдар мен ұйымдарды) бір-бірінен ажырату үшін заңгерлер бұларды жеке тұлғалар және заңды тұлғалар деп бөледі. Жеке тұлға дегеніміз-Қазақстан Республикасының азаматтары, басқа мемлекеттердің азаматтары, сондай-ақ азаматтығы жоқ адамдар. Заңды деп мекемелерді, ұйымдарды, кәсіпорындарды және т.с.с. атайды.

1.2. Жеке тұлға - азаматтық құқықтың субъектісі

Психикалық ауруының немесе ақыл - есі кемдігінің салдарынан адам өз әрекетінің мәнін түсінбесе немесе әрекетіне ие бола алмаса, сот ондай кәмелетке толған азаматты толықтай әрекет қабілеттілігі жоқ немесе әрекет қабілеттілігі шектеулі деп таниды.
Азаматтық кодекстің 12-бабына сәйкес жеке тұлға деп Қазақстан Республиксының азаматтарын, басқа мемелекеттердің азаматтарын және азаматтығы жоқ адамдарды айтамыз.
Азаматтық алған адам сол мемелекеттің құқық субъектісі болады. Сондықтанда азаматтық заңда жеке тұлғалардың құқық қабілеттілігі туралы емес, азаматтардың құқық қабілеттілігі туралы ғана айтылған. Құқық қабілеттілігі ең алдымен толық түрде Қазақстан Республикасның азаматтарына беріледі.
Қазақстан Республикасы Президентінің 1995- жылғы 19- маусымда қабылданған "Шетелдік азаматтардың құқықтық жағдайлары туралы" заң күші бар Жарлығының 2- бабына сәйкес, "ҚР-ның азаматтар болып саналмайтын және басқа мемелекеттің азаматы туралы дәлелі бар азаматтар шетел азаматтары болып саналады."Қазақстан Республикасындағы олардың азаматтық құқық қабілеттілігі өзінің мемлекетінің заңымен айқындалады. Олар Қазақстан Республикасының заңында қаралмаған азаматтық құқықа таласа алмайды және де егер заңда өзгеше көзделмесе, құқық қабілеттілігі шектелуге жатпайды.
Аталған Жарғылықтың 2- бабы 11 - бөлігіне сәйкес, "Қазақстан Республикасының азаматтары болып саналмайтын және басқа мемлекеттің азаматтығы туралы дәлелі жоқ адамдар азаматтығы жоқ адамдар деп есептеледі." Егер заң құжаттарында көзделмесе, азаматтығы жоқ адамдар Қазақстан Республикасы азаматтарымен тең дәрежеде азаматтық құқықты пайдаланады. Азаматтық құқық қабілеттілігі дегеніміз - азаматтардың азаматтық құқықтаға ие болу және азаматтық міндеттерді атқару қабілеті. Ол барлық азаматтарға бірдей деп танылады.
Азаматтардың тең құқықтығы экономикалық, саяси, әлуметтік және мәдени өмірдің барлық салаларында қамттамасыз етіледі. Республикадағы шетел азаматтарының және азаматтығы жоқ адамдардың заңмен көзделген құқықтары мен бостандықтарына кепілдік беріледі.
Азаматтардың құқықтық қаілеттілерінің мазмұны құқықтық мейлінше кең шеңберін қамтиды. Азаматтық ҚР шегінде де, одан тыс жерлерде де мүлікті, соның ішінде шетел валютасын меншіктеуге; мүлікті мұраға алып, мұраға қалдыруға; республика аумағында еркін жүрп тұруға және тұрғылықты жер таңдауға; республикдан тыс жерлерде еркін шығу
қабілеттілігі шектелуі немесе азамат жекеленген азамат құқықтарынан айырылу мүмкін. Мысалы, бас бостандығынан айырылып, сотталған жағдайда азамат жазасын өтеп болғанша, кей соттылығы жоғалғанша не алынғанша тиісті заңдардан көзделген белгілі бір құқықтарынан алайда жекелеген субъективтік құқықтарынан ғана айырылуы немесе оның құқық қабілеті жартылай ғана шектелуі мүмкін. Ал, тұтастай алғанда ол құқық қабілетінен ажырамайды. Азаматтық құқық қабілеттілігі қылмыстық заңда көзделген белгілі бір мерзімге дейін ғана қатаң шектелуі мүмкін. Сондай-ақ АК - тың 18-бабы бойынша құқық қабілеттілігін немесе әрекет қабілеттілігін шектеуге бағытталған мәмілелер де жарамсыз деп табылады.
Азаматтық әрекет қабілеттілігі дегеніміз - азаматтардың өз әрекеттерімен азаматтық құқықтарға ие болып, оларды жүзеге асыру және өздеріне азаматтық міндеттер жүктеп оларды орындау қабілеті азаматтық әрекет қабілеттілігінің манызды шарты - тұлғаның өз әрекетімен немесе әрекетсіздігінің заңды салдарын түсінігі болып табылады. Бұл жағдай белгілі бір жасқа толуға және денсаулығының қажетті жағдайда болуына байланысты орын алады. Тек осындай жағдайда ғана тұлға өз әрекетінің мәнін түсінуге, өзінің құқық қабілеттілігін өз күшімен және құралдарымен жүзеге асыруға қабілетті болады.
Кәмелетке толмағандардың әрекет қабілеттілігі туралы мәселе саралап жіктеу жолымен шешіледі. Он төрт жастан он сегіз жасқа дейінгі аралығындағы кәмелетке толмағандардың ішінара әрекет қабілеттілігі жоқ деп есептеледі. Олар мәмілелерді ата-аналарының, асырап алушыларының немесе қорғаншыларының келісімімен жасайды. Сонымен бірге заң олардың нақтылы әрекеттерге қатысты істерінің құқықтық қабілетін біршама кеңейткен. Атап айтқанда, олар өздерінің табысына, стипендиясына, өзге де кірістеріне және билік етуге, сондай- ақ тұрмыстық ұсақ мәмілелер жасауға мысалы, дүкеннен азық-түлік сатып алу, заттарды жалға алу және т.б. әрекеттер жасауға құқылы. Жұмыс істеп жургендер немесе он сегіз жасқа дейінгі студенттер өз табыстарының немесе степендияларының көлемінде тауарлар сатып ала алады. Алайда, жеткілікті негіздер болған жағдайда қорғаншылық оргындары кәмелетке толмаған адамның өз табысына, стипендиясына, өзге де кірістеріне және өзі жасаған санаткерлік меншік құқығы объектілеріне өз бетінше билік ету құқығын шектеуі немесе ол құқықтан айырылу мүмкін (АК-тің 22-бабы).
14 жасқа дейінгі балалардың әрекет қабілеттілігі толық емес деп танылады. 14 жасқа дейінгі кәмелетке толмағандар үшін мәмілені олардың ата - аналары, асырап алушылары немесе қорғаншылары жасайды. Мұндай балалар өз жасына лайықты жасай салып орындалатын ұсақ тұрмыстық мәмілелерді өз бетінше құқылы (АК-тің 23- бабы). Мысалы, ондай мәмілелер кеңсе құралдары, оқулықтар және т.б. арзан сомадағы тауарлар бойынша ғана жасалуы мүмкін. Мұндай кәмелетке толмағандар банкілерге салымдар салып, оларды қалауынша жұмсауға құқылы.
14 жасқа дейінгі кәмелетке толмағандар банкілерге келтірген зиян үшін олардың ата - аналары, асырап алушылары немесе қорғаншылары зиян олардың кінәсінен болмағанын дәлелдей алмаса, жауап береді (446 - бап). Болмаса, 14 жасқа дейінгі кәмілетке толмаған зиян келтірген кезеңде оның оқу орнының, тәрбие немесе емдеу мекемесінің қадағалауында тұруы жөніндегі мәселе шешіледі. Ал егір зиян олардың кінәсінен болмағанын дәлелдей алмаса, мүліктік жауапкершілік оқу орнына, тәрбие немесе емдеу мекемесіне жүктеледі.Сондықтан да мемлекет жай қатардағы заңды тұлға емес, оған заңды тұлғалар туралы ереже жүрмейді. Мемлекеттің азаматтық құқықтық қабілеті азаматтар мен заңды тұлғалардың құқық қабілетінен ерекшелінеді.
Азаматтық құқық ерекше субъектісі ретінде мемлекеттік несие операцияларының жұмыстары бойынша - мемлекеттік ішкі заемді шығару мен ішкі айналымдағы жұмыстар мен айналыса отырып, мемлекет заем ұстаушылармен тиісті қатынастарға түседі, облигация ұстаушылаға белгіленген тәртіппен мемлекеттік соманың бөлінген заемдарын төлеуді өз міндетіне алады.
Мемлекет өнертабысқа, пайдалы модельге, өнеркәсіптік өкілге авторлық куәлік берілетін дағдайда азаматтық құқық қатынастарының қатысушысы болады. Ашылған жаңалықты тек өзі пайдалану құқығына ие бола отырып, мемлекет ашылған жаңалықты мақсатқа сай өндіріске өніру есебінен қамқорлықты міндетіне алады. Авторлық куәлік тапсырылған өнертабыс авторының тапқаны өндіріске неген жағдайда оның экономикалық немесе басқа да пайдалы әсіресе байланысты ол өз құқығын ынталандыруға байланысты мемлекетпен тиісті азаматтық құқықтық қатынасқа түседі.

1.3. Азаматтық құқық қабілеттілігі.

Құқық субъектілерін сипаттайтын негізгі құқық қасиеттері құқық қабілеттілігі болып табылады. Азаматтық қабіеттілігі АК - тің 13-бабында азаматтық құқыққа ие болып, міндет атқару қабілеті (азаматтың құқық қабілеттілігі) борлық азаматтарға бірдей деп тұжырымдалады. Конституцияның 14 - бабына сәйкес заң мен сот алдында жұрттың бәрі тең, тегіне, әлуметтік, лауазымдық және мүліктік жағдайына, нанымына, трғылықты жеріне байланысты немесе кез келген өзге жағдайлар бойынша ешкімді ешқандай кемсітуге болмайды.
Конституциялық аталған тұжырымына орай азаматтардың құқық қабілеттілігі заңда бәріне бірдей және бірыңғай құрылған.
Азаматтық кодекстің 13- бабында азаматтардың құқық қабілеттілігі барлық азаматтар үшін тең дәрежеде екендігі танылған.Дейтұрғанмен, құқық қабілеттілігінің теңдік принципі нақты субъективтік құқық шеңберінде жекеленген азаматтарға берілетін міндеттілік теңдікті көрсете қояды деуге болмайды.Азаматтардың бәрінде бірдей кез келген құқықты ала беру (мысалы, тұрған үйді, машинаны) мүмкіндігі бола бермейді.
Құқық қабілеттілігінің теңдігі дегенде заңда бұл орайда ешкімге артықшылық бермейтіндігі, ешкімге субъективтік құқық алуға тыйым салмайтындығы тұрғысынан түсіну керек. Азаматтық құқық қабілеттілігінің теңдік принципінен жалпы ережеге сәйкес оны шектеуге жол берілмейді. Азаматтық Кодекстің 18 - бабы 1 - тармағында былай деп жазылған: "Заң құжаттарында көзделген реттер мен тәртіп бойынша болмаса, ешкімнің де құқық қабілеттілігі мен әрекет қабілеттілігін шектеуге болмайды." Қолданылып жүрген заңға сәйкес, құқық қабілеттілігін шектеу азаматтың қылмыс жасау негізінде сот үкімі арқылы алынған шара бойынша шектелуі мүмкін. Бұл орайда азамат құқық қабілеттілігінен толықтай (тұтастай) айрылмайды. Тек заңда көрсетілген құқықтарға ғана шектеу қойылады. Қазіргі қылмысьық заңда азаматың құқығын айыру мына жағдайларға:
1)Белгілі бір лауазымды иеленуге немесе белгілі бір қызметті жасауға (жүргізуші, дәрігер және т.б.);
2)елдің аумағында емін - еркін жүріп - тұруға (жер аударумен шектелу).
Ескерте кеткен жөн, біздің заң бойынша құқықты жою қашан да уақытша сипатта болады. Сонымен қатар құқық қабілеттілігін шектеуді ааматтық басқалай субъективтік құқықтарынан айыру жағдайымен шатастыруға болмайды. Құқық қабілеттілігін шектеу дегеніміз қандай да бір құқықты алу мүмкіндігінен айыру болып табылады.
Егер белгілі бір қызметті жасауға байланысты құқықтан, мысылы, дәрігерліктен айырса, істеп жүрген жерінен жұмыстан шығарылған адам басқа мекемеге барып тап сондай мамандықта жұмыс істеуге рұқсат етілмейді. Дейтұрғанмен, басқа жұмыспен айнплысуына беріледі. Азаматтың құқық қабілеттілігі оның туған сәтінен басталады, яғни ана құрсағынан тірі туып, жеке өзі өмірге келгеннен кейін жеке тұлға болып есептеледі. Мысалы, түсік тірі туа тұрса да, тұлға деп саналмайды, өйткені, ол адам бейнесіне әлі келмеген. Бірақ, айтарлықтай дамыған щала туған бала тұлға санатына қосыла алады. Сонымен, егер сәби тірі туып аз күн болса да өмір сүрсе, онда ол азаматтардың хал актілерін тіркеу органдарына кей кезде шетінегеніне қарамастан туғаны жөнінде тіркеледі.
Азаматтық кодекстің 1044-бабы бойынша мұра қалдырушының тірі кезінде іште қалған және мұра ашылғаннан кейін тірі туған азаматтар мұрагер бола алады, ондайда сәби небәрі бірнеше минут өмір сүре де аталған құқықты иеленеді.
Құқық қабілеттілігі адамның - құқық субъектісі өлуімен бірге қысқарады. Өлген адамның ие болып келген құқықтары мен міндеттері ішінара (жеке бастың, жеке отбасылық жағынан) қысқарады, ішінара (мүліктік құқықтар) мұрагерлеріне көшеді

1.4. Азаматтардың әрекет қабілеттілігі.

Азаматтардың әрекет қабілеттілігі дегеніміз - азаматтың өз әрекетімен азаматтық құқықтарға ие болуға және оны жүзеге асыруға. өзі үшін азаматтық міндеттер жасап, оларды орындауға қабілеттілігі болып табылады.
Азаматтың әрекет қабілеттілігі азаматтың құқық қабілеттілігінен ерекшеленеді. Азаматтың құқық қабілеттілігі оның дүниеге келген сәтінен бұл дүниеден озғанынша бірге болады. Азаматтың әрекет қабілеттілігі үшін оның өз еркімен мүлікті иеленіп оған билік ету немесе өзіне міндеттеме алуға тілек білдіруі қажет. Сондықтан да азаматтың құқық қабілеттілігі оның жасы мен психикалық жағдайына қатысты келеді. Ол өзіне азаматтық құқық пен міндеттілікті алу үшін қалыпты әрі толысқан психикада болуы тиіс. Нәтижесінде құқық қабілеттілігі барлардың бәрі бірдей әрекет қабілеттілігіне ие емес, бір сөзбен айтқанда, азаматта құқық қабілеттілік болғанымен, әрект қабілеттілігі белгілі бір уақыт арасында балмауы мүмкін.
Азаматтық кодекстің 17 - бабына сәйкес әрекет қабілеттілігі кәмелетке толғанда, яғни 18 жасқа толғаннан кейін толық көлемінде пайда болады.
Бұл арада ескеретін мынадай бір жағдай бар: Азаматтық кодекстің 17-бабы 2-тармағына сәйкес заң құжаттарында 18жасқа жеткенге деиін некелесуге рұқсат етілетін жағдайда, 18 жасқа толмаған азамат некеге тұрған кезден бастап толық көлемінде әрекет қабілеттілігіне ие болады. Қазақстанда"Неке және отбасы туралы" Заң бойынша некеге тұруға 18 жастан бастап рұқсат етіледі. Егер дәлелді себепттер болған жағдайда мемлекеттік тіркеу орны бойынша азаматтық хал актілерін тіркеу органдар неке жастан екі жылдан аспайтын мерзімге төмендетуі мүмкін("Неке және отбасы туралы"(заң 10 - бап).
Әдебиеттерде азаматтардын әрекет қабілеттілігі толық, ішінара (толық емес)және шектеулі деп бөлінеді. Оның өзі азаматтың әрекет қабілеттілігіне байланысты жүзеге асады. Жана туған бала толығынан құқық қабілеттілігі бола тұрса да, өзі әрекет қайсы бір құқыққа ие болуға немесе өзіне міндеттер алуға қабілетсіз екендігі түсінікті нәрсе. Саналы әрекет жасау қабілетті кісінің өскендігіне (Жасына)байланысты. Сондықтан әрекет жасау жасы толған адамдарға ғана болады.
18 жасқа толғандар ғана ер жеткен деп саналады ( АК-тің 17-бабы 1 тармағы). Осы жасқа толған соң адам азаматтық құқық айналымының толық құқылы қатысушысы болып қана қоймай, ол саяси құқықтар мен міндеттерге де ие болады.
Толық емес немесе ішінара әрекет қабілеттілігі бойынша, азамат өзінің әрекеті арқылы кез келген құқықтық әрекетті жасай алмайды, былайша айтқанда, заңда тікелей көрсетілген бір қатары ғана ие.
Ішінара (Толық емес) әрет қабілеттілігі әдетте, жасы кәмалетке толмағандарға тән, ал бнерілетін әрекет ауқымы олардың жасына байланысты. Заң мұндай тұлғаларды екі топқа бөледі:
а) жасы кәмелетке толмаған 14 пен 18 жас аралығындағылар;
ә) жасы кәмелетке толмаған 14 жасқа дейінгі жас балалар.
14 пен 18 жас аралығындағылардың әрекет қабілеттілігі мейлінше ауқымды, олар заңда көрсетілген шекте әр түрлі мәмілелер жасай береді. Ондай мәмілелерді екі түрге бөлуге болады:
- Өздерінің заңды өкілдерінің, яғни ата-аналары мен асырап алушылардың, қорғаншылары келісімінсіз-ақ өз бетімен жасаған мәмілелер;
- Ата-анасының (асырап алушының, қамқоршысының) рұқсат берілген жазбаша хаты негізінде жасалатын мәміле.
14 пен 18 жас аралығындағы жасы кәмелетке толмағандар заңды өкілдерінің келісімінсіз мыналарды істеуге:
1) өзінің жалақысына, стипендиясы мен басқа ірістаріне билік етуге;
2) интеллектуалдық меншік құқық бар объектілеріне билік етуге;
3) ұсақ тұрмыстық мәмілелер жасауға;
4) банкке салым салуға және өзінің салымын, оның ішінде өзінің атына салынған салымдарға иелік етуге құқылы.
14 жастан 18 жасқа дейінгі кәмелетке толмағандар басқалай мәмілелерді, яғни мәмілелерді ата-анасының, асырап алушының немесе қорғанышының келісімімен жасайды. Мұндай келісімінің нысаны заңдарда кәмелетке толмағандар жасайтын мәміле үшін белгіленген нысанға сай келуге тиіс ( АК 22-бабы 1тармағы) мәміленің аталған екі түрі бойынша жауап кершілікті, заңды өкілдердің келісімі талап етілсін не етілмесін, жасы кәмелетке толмағандардың өздері көтереді. 14 жасқа дейінгі кәмелетке толмағандар үшін мәмілелерді, егер заңда өзгеше көзделмесе ата-анасы, асырап алушыларымен қорғаншылары жасай
береді. ( АК-тің 23-баба). Сонымен қатар Азаматтық кодекс белгілі бір мәмілелердің жас өспірімдердің өзі ақ жасай беретіндігін де жоққа шығармайды. АК-тың 23-бабы 2тармағына сәйкес, олар өзднрінің жасына лайықты, жасай салып орындалатын тұрмыстық ұсақ мәмілелерді өз бетінше жасауға құқылы. Мысалы, оған ойыншықтарды, балаларға арналған кітаптарды сатып алуды жатқызуға болады. Жас балалар аталған мәмілелерді жасағанымен, әрекет қабілеттілігі жоқ деп танылады.
Спирт ішімдіктеріне немесе есірткі заттарға салыну салдарынан өзінің отбасын материалдық жағынан ауыр жағдацға ұшыратқан азаматтық әрекет қабілеттілігін сот Қазақстан Республикасының Азаматтық іс жүргізу кодексіне белгіленген тәртіп бойынша шектеуі мумкін. Оған қамқоршылық белгіленеді. Ол тұрмыстық ұсақ мәмілелерді өз бетінше жасауға құқылы. Басқа мәмілелерді жасауды, сондай-ақ табысын, ақысын және өзге де кірістерін алуды және оларға билік етуді ол тек қамқошының келісімімен ғана жүзеге асыра алады ( АК-тің 27-бабы).
Ал, азамат, айталық, жүйке ауыруынан жазылып, арақты қойып, нашақорлықтан құтылса, заң осыны ескере отырып, сот арқылы оның әрекет қабілеттілігіне қойылған шектеудің күшін жояды. Сот шешімінің негізінде азаматқа белгіленген қамқоршылықтың күші жойылады. Нәтежесінде сот оны әрекет қабілеттілігі бар деп таниды.
Азаматтың өз әрекеттерімен азаматтық құқықтарға ие болуға және оны жүзеге асыруға, өзі үшін азаматтық міндеттер жасап, оларды орындауға қабілеттілігі (азаматтық әрекет қабілеттілігі) кәмелетке толғанда, яғни он сегіз жасқа толғаннан кейін толық көлемде пайда болады.
Заң құжаттарында он сегіз жасқа жеткенге дейін некелесуге рұқсат етілетін жағдайда, он сегіз жасқа толмаған азамат некеге тұрған кезден бастап толық көлемінде әрекет қабілеттілігіне ие болады.

______
Азаматтық құқықтық қатынастар. Төлеуғалиев.Ғ. Алматы. Жеті жарғы. 2001ж. 118-122 бет.
Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексі. 2007ж.

2.1. Заңды тұлға туралы ұғым.

Құқықтар мен міндеттердің иесі бола білу, азаматтық айналымда қ ұқықтың дербес субъектісі ретінде қатысу, жеке тұлғаға ғана емес, заңды тұлғаларға да тән. Азаматтық кодекстің 33-бабында оған мынадай тұжырым берілген: Меншік, шаруашылық жүргізу немесе жедел басқару құқығындағы оқшау мүлкі бар және сол мүлікпен өз міндеттемелері бойынша жауап беретін, өз атынан мүліктік және мүліктік емес жеке құқықтар мен міндеттерге ие болып, оларды жүзеге асыра алатын, сотта талапкер және жауапкер бола алтын ұйым заңды тұлға деп танылады. Заңды тұлғаның дербес балансы немесе сметасы болуға тиіс. Заңды тұлғаның өз атауы жазылған мөрі болады.
Азаматтық құқық ғылымы заңды тұлғаны мынадай белгілері бойынша айқындайды: 1) ұйымдасқан бірлігі; 2) мүліктік оқшаулығы; 3) дербес
Сонымен қатар, заңды тұлғалар заң құжаттарына, сондай-ақ құрылтай құжаттарына сәйкес жұмыс істейтін өз органдары арқылы азаматтық құқықтарға ие болып, өзіне тиесілі міндеттерді алады. Заңды тұлға органдарының түрлері, тағайындалу немесе сайлану тәртібі және олардың өкілеттігі заңдар мен құрылтай құжаттарында белгіленеді.
Мүліктік оқшаулық - заңды тұлғаның экономикалық-құқықтық белгісі болып табылады және оның мүлікке заттық құқығын иеленуін білдіреді. Бұл арада әңгіме оның меншік құқығы, шаруашылықты жүргізу немесе оралымды басқару құқығы туралы болып отыр. Коммерциялық ұйымдағы дербес балансының мөлшері мен мекемедегі смета заңды тұлғаның оқшаулық мүлкін айқындйтын құжаттар.
Дербес мүліктік жауапкершілік дегеніміз - ол заңды тұлғаның міндеттемелері бойынша өздеріне тиесілі барлық мүлікпен жауап беруі. Бұл жалпы ереже. Ал, меншік иесі қаржыландыратын мекеме мен қазыналық кәсіпорындар Азаматтық кодекстің 44-бабының 1-тармағы 2-бөлігіне сәйкес өз міндеттемесі бойынша өз билігіндегі ақшалай қаражатпен жауап береді. Қаражат жеткіліксіз болған жағдайда мекеме мен қазыналық кәсіпорынның міндеттемелері бойынша (қосымша) оның құрылтайшысы жауапты болады.
Заңды тұлғалардың дербес мүліктік жауапкершілігі заң актілерімен тағайындалуы мүмкін.
Бұл азаматтық кодексте былайша қаралған: 1) толық және сенім серіктестіктеріне қатысушылардың тиісті серіктестіктердің міндеттемелері бойынша жауакершілігі (АК-тің 63-бабының 1-тармағы, 72 бабының 1-тармағы); 2) кооператив міндеттемелері бойынша өндірістік кооператив мүшелерінің жауапкершілігі (АК-тің 96-бабының 3-тармағы); 3) егер заңды тұлғаның банкрот болуын құрылтайшының ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Халықаралық жеке құқықтың жүйесі
Халықаралық жеке құқықтың жалпы жағдайы
Авторлық құқық субъектілері
Авторлық құқық объектілері
Авторлық құқықтың түсінігі туралы
Авторлық құқықтың түсінігі
Кәсіпкерлік құқықтың әдістері
Авторлық құқық субъектілерінің түсінігі
Авторлық құқық жайлы
Азаматтық-құқықтық қатынастардың субъектілері
Пәндер