Сот билігі және оның ұғымы



Жоспар:

I. Кіріспе. 3.7 б.
II. Негізгі бөлім: 2.1 Сот билігі және оның ұғымы 7.9 б.
2.2 Соттың сот төрелігін атқаруы 9.10 б.
2.3 Аудандық және оларға теңестірілген соттар 10.12 б.
2.4 Облыстық және оларға теңестірілген соттар 12.19 б.
2.5 Жоғарғы соттың өкілеттігі 19.21 б.
2.6 Жоғарғы соттың құрамы мен құрылымы 21.22 б.
2.7 Жоғарғы соттың төрағасы 22.24 б.
2.8 Сот алқалары 25.28 б.
2.9 Жалпы отырыс 28.29 б.
2.10 Ғылыми.консультациялық кеңес 29.31 б.
III. Қорытынды. 32.41 б.
Нормативтік актілер мен пайдаланылған әдебиеттер. 42.43 б.
Кіріспе
Қазақ даласында сот органдарының пайда болу және қалыптасу тарихы – қазақ қоғамының жылнамасындағы ерекше беттер. Қазақстандық сот билігін қалыптастыру мен бекітудің негізгі өлшемдерін түсініп ұғыну үшін қазақ даласындағы қарапайым құқық тарихнамасын біліп қана қоймай, мемлекет аумағында қолданылған құқық нормаларының, заңдар мен салт-дәстүрлердің тарихы мен оның дамуын терең игеру қажет.
Қазақ халқының тарихындағы сот төрелігі қазақ мемлекеттілігінің қалыптасу кезеңіне терең тамырын жайған. Билерге тиесілі сот билігінің қазақ қоғамында ерекше маңызы бар, ол басқару жүйесінде биліктің жетекші нысанына айналды. Көшпелі ұжымдарда басқару функциясы негізінен ұжымның ішінде де, рулар мен олардың қарауындағылардың да даулары мен талаптарын талқылаудан тұрды. Судьялар нормаларды, дәйектемелерді түсіндіруде және шешімдер шығаруды талқылауда, сондай-ақ осы шешімдерді орындауға келтіру әдістері мен нысандарын айқындауда едәуір құқықтарға ие болды.
Билердің қызметі тек сот төрелігін жүзеге асырумен шектелмей, олар қоғам өмірінің басқа да салаларына белсене қатысты: біріктіруші, бағыт беруші және жасампаз ретінде сөз сөйледі. Олардың салмақты пікірлерімен тіпті, жоғары шонжарлар – сұлтандар мен хандар да санасты. Билердің көшпенді ұжымдардың басында да тұруы да аз емес. Демек, сол кездің өзінде соттар аса құрметті және тәуелсіз орган болған.
Өзінің көнелілігі мен ескілігіне қарамастан, қазақ халқының дағдылы құқығы феодал тап өкілдерінің де, билердің де құқықтарын жақсы қорғаған. Биді сөзбен жәбірлеу, сот талқылауы кезінде билерге қарсы сөз айту, оларға зақым келтіру және т.б. адат бойынша қатаң жазаланды. Дағдылы құқық сондай-ақ билердің мүліктік, жеке және отбасы мүдделерін де қызғанышпен қорғады.
Нормативтік актілер және пайдаланылған әдебиеттер:
1. ҚР Конституциясы. – Алматы, 1995.
2. «Қазақстан Республикасындағы сот жүйесі және судьялардың мәртебесі туралы» 2000 жылғы 25 желтоқсандағы № 132-ІІ Қазақстан Республикасының Конституциялық заңы
3. ҚР Қылмыстық іс жүргізу кодексі. – Алматы, 1998
4. ҚР Азаматтық іс жүргізу кодексі. – Алматы, 1998
5. ҚР Президентінің 1997 жылғы 8 қаңтардағы № 3315 Жарлығы // ҚР ПҮАЖ-ы. – 1997. - № 1.
6. Сулейменова Г.Ж. Суд и судебная власть в РК. 1-б. – Алматы, 1999.
7. Фокин В.М. Правоохранительные органы Российской Федерации. – М.:Былина, 2000.
8. Алиев М.М. Қазақстан Республикасының сот жүйесі және құқық қорғау органдары. – Алматы, 2004.
9. Авторлар ұжымы. Правоохранительные органы Российской Федерации. – М.: Юридическая литература, 1998.
10. Беленков Р.А. Правоохранительные органы (лекция конспектілері). – М.: Приор, 2000.
11. Гуценко К.Ф., Ковалев В. Правоохранительные органы. – М.: Зерцало, 2000.
12. Уголовный процесс: оқулық / К.Ф.Гуценконың редакциялығымен. – М.: Зерцало, 2000.
13. 12. Нарикбаев М. Дорога к правосудию (запечатленные мгновения). – Алматы, 1997.
14. Верховный суд Республики Казахстан / М.С. Нәрікбаевтың редакциялығымен. – Алматы, 1998.
15. Высший судебный орган СССР / Л.Н.Смирновтың және т.б. редакциялығымен. – М., 1984.
16. Борисова Е.А. Аппеляция в гражданском и арбитражном процессн. – М., 1997.
17. Скворцов О.Ю. Кассационная инстанция в арбитражных судах. – М., 1988.
18. Чистякова Н.Ф. Верховный суд СССР / М.С. Строговичтің редакциялығымен. – М., 1984.
19. Нарикбаев М.С. Казахстан: судебно-правовая реформа и дальнейшие пути ее совершенствования. Жинақта: Проблемы реализации судебно-правовой реформы в постсоветских государствах: опыт и суждения. – Астана, 1998.
20. Скитович В.В. Судебная власть как системное образование//Правоведение. – 1978.- № 1.
21. Жуйков В.М. Статус суда, его полномочия, судебная система и виды судопроизводства как условия обеспечения права на судебную защиту. Жинақта: Судебная реформа: итоги, приоритеты, перспективы. – М., 1997.
22. Комментарий к Федеральному Конституционному закону «О судебной системе РФ» / В.И.Радченконың редакциялығымен. – М., 1998.
23. Палеев М.С., Пашин С.А., Савицкий В.М. Закон о статусе судей в Российской Федерации: Научно-практический комментарий. – М., 1994.
24. Суды и их роль в укреплении государственной незавимости. Материалы международной научно-практической конференции. – Астана. – 2001. – 15-16 наурыз.
25. Нарикбаев М. Дорога к правосудию. – Алматы, 1997. – 232-бет

Пән: Құқық, Криминалистика
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 38 бет
Таңдаулыға:   
Жоспар:

I. Кіріспе.
3-7 б.

II. Негізгі бөлім: 2.1 Сот билігі және оның ұғымы 7-9 б.
2.2 Соттың сот төрелігін атқаруы
9-10 б.
2.3 Аудандық және оларға теңестірілген
соттар 10-12 б.
2.4 Облыстық және оларға теңестірілген
соттар 12-19 б.
2.5 Жоғарғы соттың өкілеттігі
19-21 б.
2.6 Жоғарғы соттың құрамы мен құрылымы
21-22 б.
2.7 Жоғарғы соттың төрағасы
22-24 б.
2.8 Сот алқалары
25-28 б.
2.9 Жалпы отырыс
28-29 б.
2.10 Ғылыми-консультациялық кеңес
29-31 б.
III. Қорытынды. 32-41
б.
Нормативтік актілер мен пайдаланылған әдебиеттер.
42-43 б.

I. Кіріспе
Қазақ даласында сот органдарының пайда болу және қалыптасу тарихы –
қазақ қоғамының жылнамасындағы ерекше беттер. Қазақстандық сот билігін
қалыптастыру мен бекітудің негізгі өлшемдерін түсініп ұғыну үшін қазақ
даласындағы қарапайым құқық тарихнамасын біліп қана қоймай, мемлекет
аумағында қолданылған құқық нормаларының, заңдар мен салт-дәстүрлердің
тарихы мен оның дамуын терең игеру қажет.[1]
Қазақ халқының тарихындағы сот төрелігі қазақ мемлекеттілігінің
қалыптасу кезеңіне терең тамырын жайған. Билерге тиесілі сот билігінің
қазақ қоғамында ерекше маңызы бар, ол басқару жүйесінде биліктің жетекші
нысанына айналды. Көшпелі ұжымдарда басқару функциясы негізінен ұжымның
ішінде де, рулар мен олардың қарауындағылардың да даулары мен талаптарын
талқылаудан тұрды. Судьялар нормаларды, дәйектемелерді түсіндіруде және
шешімдер шығаруды талқылауда, сондай-ақ осы шешімдерді орындауға келтіру
әдістері мен нысандарын айқындауда едәуір құқықтарға ие болды.
Билердің қызметі тек сот төрелігін жүзеге асырумен шектелмей, олар
қоғам өмірінің басқа да салаларына белсене қатысты: біріктіруші, бағыт
беруші және жасампаз ретінде сөз сөйледі. Олардың салмақты пікірлерімен
тіпті, жоғары шонжарлар – сұлтандар мен хандар да санасты. Билердің
көшпенді ұжымдардың басында да тұруы да аз емес. Демек, сол кездің өзінде
соттар аса құрметті және тәуелсіз орган болған.
Өзінің көнелілігі мен ескілігіне қарамастан, қазақ халқының дағдылы
құқығы феодал тап өкілдерінің де, билердің де құқықтарын жақсы қорғаған.
Биді сөзбен жәбірлеу, сот талқылауы кезінде билерге қарсы сөз айту, оларға
зақым келтіру және т.б. адат бойынша қатаң жазаланды. Дағдылы құқық сондай-
ақ билердің мүліктік, жеке және отбасы мүдделерін де қызғанышпен қорғады.
Билердің қоғамдық жағдайының тағы бір ерекшелігін де еске сала
кеткен жөн. Олар сұлтандар сияқты қазақ руларынан шет болған жоқ. Олар
қауым қорынан шықты, олардың мүшелері болып, сұлтандарға қарағанда халыққа
жақын тұрды. Әрбір ру тайпасында ұжымның ішкі және сыртқы істерінен
хабардар бір не бірнеше билер болды.
Үстем идеология барлық ру мүшелері мүдделерінің біртұтастығын, билер
мен қатардағы көшпенділер арасындағы айырмашылықты көрсетті. Билер туралы
елес халық қолдаушысы-судья ретінде әлі толығымен жоғалған жоқ. Мұның
барлығы билердің қоғамда аса берік орын алғандығына саяды. Кейбір
зерттеушілер әлденені сөз қылып жатады. Олар үшін билер – жай ғана ірі
феодал. Осылайша билердің ерекшелігін белгілі бір феодал тобы деп қана баға
береді де, орындалуы өз кезегінде осы топ өкілдерінің баю көзі болып
табылатын оның қоғамдық қызметтері деп көзге ілмей, шек келтіреді[2].
Дауларды қазақ құқығының атақты білгірлерінің арасынан мүдделі
тараптар таңдап алған билер шешті. Қазақ халқының тарихында әділдігімен,
тапқырлығымен атағы жайылған көптеген билердің есімдері белгілі. Төле би
Әлібекұлы, Қазыбек би Келдібекұлы, Әйтеке би Байбекұлы – міне осылар үздік
билер болды. Олардың жігерлерімен, білімдерімен және данагөйлігімен “Жеті
жарғы” дағдылы құқық нормаларының жинағы жасалды. Бұл қазақ қоғамы мен
жалпы қазақ мемлекеттілігінің құрылысын сала бастаған кірпішке айналды.[3]
Кеңес билігі құрыла бастағаннан сол құрылыстың көшбасшысы болған
жаңа сот органдары құрыла бастады.
Қазақстанда, оның ішінде оңтүстік облыстарда дағдылы құқықтарға
негізделген би соттарымен қоса, XIX ғасырдың ортасынан бастап Құран
нормаларын басшылыққа алатын қазылардың соттары өмір сүрді. Бұл Қазақстанды
мекен еткен халықтардың ислам дінін қабылдауымен Жетісу мен Оңтүстік
Қазақстанға өтіп, жаңа құқықтық жүйе – мұсылмандық немесе шариғаттың
бекітілуімен байланысты болды. Шариғат – бұл заң нормаларының, адамгершілік
қағидаттарының және өзін-өзі ұстау ережелерінің жиынтығы. Құқықтың негізгі
көздері Құран мен Сүрелер – Мұхаммед пайғамбардың іс-әрекеттері мен нақыл
сөздері туралы әңгімелер – хадистерде баяндалған қасиетті әңгімелер. Бұл
соттарда ауыр істерді талқылауды жүзеге асыратын молдалар судьялар болып
табылды.
Кеңес кезеңінде Коммунистік партия мен үкімет Қазақстанның кеңестік
сот органдарына адат пен шариғат нысандарын қолдануға тыйым салған жоқ.
Үкімет бұл орайда нақты тарихи жағдайды көпшілік халықтың мәдениетінің
деңгейі мен танымын, Қазақстан халықтарының тұрмыстық ерекшеліктерін
ескерді.
Соттарда адат пен шариғаттың кейбір нормаларын қолдану Кеңес үкіметі
осы құқық нормаларына қарсы күрес жүргізген жоқ дегенді білдірмейді.
Ұлттық ерекшеліктерді ескеру Қазан төңкерісіне дейін үстемдік құрған
шариғат пен адат нормаларында бекітілген патриархтық-феодалдық қатынастарда
қазақтардың тұрмыстық ерекшеліктерін қорғауға соттың бейімделгенін
білдірмейді. Керісінше, еңбекшілердің мүдделерін қорғаған соттың ролі
олардың реакцияшыл элементтердің қолындағы қаруы болып табылған
қалдықтармен белсенді күресте айқындалды. Сондықтан социалистік қоғамның
тұрмыстық өмірінде негізгі бастамаларымен сыйысқан жоқ.
Шариғат пен адат нормаларын негізінде билер мен қазылар соты өз
қызметінде қолданды. Бұл нормалар билер мен қазылардың ұсақ істерді қарау
кезінде және әдетте, қазақтардың арасындағы немесе қазақтар мен
өзбектердің (қырғыздардың) арасындағы дауларды шешу кезінде қолданылды.
Кеңестік халық соттары істерді қарау кезінде адат пен шариғаттың
нормаларын жиі қолданған жоқ, оларды тек біреуді ренжіту немесе аса көп
емес материалдық шығын келтірген жағдайларда ғана қолданды. Кеңес сотында
дағдылы құқық нормаларын қолдану судьялар мен халық заседательдерінің
революциялық санасы мен революциялық құқықты білуіне қарай болды. Неғұрлым
күрделі істер (контрреволюциялық қылмыстар, алыпсатарлық, социалистік
меншікті тонау туралы) дағдылы құқық пен шариғаттың нормаларын қолдануға
рұқсат берілетін халық соттарында емес, революциялық трибуналдарда
талданды.
Билер мен қазы соттары революциялық комитеттер мен жергілікті
кеңестердің бақылауында болғандығын атап өту қажет. Қазы не би сотының
шешімімен келіспеген кез келген тараптар жергілікті халық сотына жүгіне
алатын болды.[4]
Қарастырылып отырған кезеңде көшпелі қазақ ауылында кеңестік
соттармен қатар аралық соттар түрлері бойынша сот төрелігі функциясын
жүзеге асыратын “ақсақалдар соты” жұмыс істеді. Ақсақалдар соты мағынасы
жағынан билер мен қазылар сотынан ешбір айырмашылығы болған жоқ.
Қазақстан аумағында билер, қазылар сотының, сондай-ақ ақсақалдар
сотының тоқтатылғанына қарамастан, олар Кеңестік Қазақстанның халықтық,
облыстық және Жоғарғы соттарын қалыптастыру мен дамытуда маңызды роль
атқарды. Билер, қазылар және ақсақалдар соттарының қызметі туралы
мұрағаттық жәдігерлер Қазақстан Республикасындағы мемлекеттің дамуының
қазіргі кезеңінде де маңызды ролге ие. Қоғамымызда сот-құқықтық
реформалаудың жүргізілуіне байланысты осы соттарды құру және даму
тәжірибесі айрықша маңызды. Осы соттарды ұйымдастыру мен оның қызметінің
көптеген ережелері Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының жалпы
отырыстарында бірнеше рет жобасы талқыланған “Қазақстан Республикасының
сот жүйесі мен судьяларының мәртебесі туралы” Қазақстан Республикасының
Конституциялық заңын жасау кезінде зерделеніп, барынша қолданылды. Осы заң
жобасын әзірлеу кезінде судьялар ғана емес, Президент Әкімшілігінің, Бас
Прокуратураның, Әділет министрлігінің жауапты қызметкерлері, ғалымдар және
заңгерлер қауымы қатысты.[5]

II. Негізгі бөлім:
2.1.Сот билігі және оның ұғымы
Сот билігі 1995 жылғы ҚР Конституциясы бойынша заң шығару және
атқарушылық биліктен бөлінген және мемлекеттік биліктің дербес тармағын
білдіреді.
Қазақстан Республикасындағы сот жүйесі және судьялардың мәртебесі
туралы ҚР Конституциялық Заңының 1-бабының 2-тармағына сәйкес сот билiгi
Қазақстан Республикасының атынан жүзеге асырылады және азаматтар мен
ұйымдардың құқықтарын, бостандықтары мен заңды мүдделерін қорғауға,
Республика Конституциясының, заңдарының, өзге де нормативтiк құқықтық
актiлерiнiң, халықаралық шарттарының орындалуын қамтамасыз етуге қызмет
етедi.
Қазақстан Республикасы егемендік алғаннан бастап соттарға кез келген
құқықтық мемлекетке тән өкілеттіктерді толық беру қажеттігі туындады.
Құқықтық мемлекет қоғамындағы биліктерлі бөлу теориясын мойындау сот
билігінің мәнін зерттеуді бастауға негіз болды. Бұл ретте ғалымдар
арасында ортақ пікір болмаған сот билігі ұғымын айқындау туралы мәселе
маңызды болды.
Сот төрелігі саласынан басқа сот билігі соттың басқа да функцияларды
жүзеге асыруы кезінде іске асырылады, атап айтқанда:
анықтау, алдын ала тергеу органдарының және прокурордың қабылдаған
шешімдері мен іс-әрекеттерінде заңдылықтың бақылау;
азаматтардың құқықтары мен заңмен қорғалатын мүдделерін қорғау туралы
өтініштерді, сондай-ақ бұзылған құқықтарға және бостандықтарын бұзған іс-
әрекеттер мен шешімдерге шағымдарды қарау;
соттардың заңдар мен өзге де нормативтік құқықтық актілерді қолдану
тәжірибесін зерделеу және жинақту;
жеке қаулылармен мемлекеттік органдар мен ұйымдардың қылмыс жасауға
ықпал еткен себептер мен жағдайларды жою жөніндегі шараларды келтіру;
республика Жоғарғы Сотының жалпы отырысында сот тәжірибесі мәселелері
бойынша нормативтік қаулыларды қабылдау;
жоғары тұған соттардың төменгі тұрған соттардың іс жүргізу
әрекеттеріне сот қадағалауын жүзеге асыруы және т.б.
2000 жылы 25 желтоқсанда қабылданған Қазақстан Республикасындағы сот
жүйесі және судьялардың мәртебесі туралы ҚР Конституциялық Заңының,
1-бабында Қазақстан Республикасында сот билiгi тұрақты судьялар, сондай-ақ
заңда көзделген жағдайларда және тәртiппен қылмыстық сот iсiн жүргiзуге
тартылған алқа заседательдерi арқылы соттарға ғана тиесiлi, деп айқындап.
. көрсетілген талқылауларға нүкте қойды. Заң шығарушы сотты iстi алқалық
немесе жеке қарайтын сот билiгi органы деп санайтынын көрсеткен жөн (ҚІЖК-
нің 7-бабының 1-тармағы). Заңда белгіленген тәртіппен судья лауазымына
тағайындалған немесе сайланған, тиісті сотта жұмыс істейтін және өз
өкілеттігін кәсіпқой негізде жүзеге асыратын адам судья болып табылады.
Жоғарғы Соттың, облыстық және оларға теңестірілген сотардың, аудандық
(қалалық) және оларға теңестірілген соттардың төрағалары мен тұрақты
судьялар, Жоғарғы Соттың, облыстық және оларға теңестірілген соттардың сот
алқаларының төрағалары, сот учаскелерінің аға судьялары судьялар болып
табылады.
Соттардың заң шығарушы билік органдарынан айырмашылығы заң шығармайды.
Алайда олардың қызметі заңға тәуелді: сот Конституция мен заңның
талаптарына (олардың нормаларын қолдануға және оларды басшылыққа алуға)
бағынуға тиіс. Бұл ретте сот заңдар мен өзге де нормативтік құқықтық
актілерді дұрыс қолданумен қатар, олардың Конституцияға, сондай-ақ жалпы
танылған халықаралық қағидаттар мен нормаларға сәйкестігі тұрғысынан да
баға беруге тиіс. Олардың ҚР Конституциясына сәйкессіздігі жағдайында сот
іс бойынша іс жүргізуді тоқтатуға және Конституциялық Кеңеске осы актіні
конституциялық емес деп тану туралы ұсыныспен жүгінуге міндетті; осы арқылы
соттар заң шығару процесіне белгілі бір әсерін тигізеді.
2.2.Соттың сот төрелігін атқаруы
Сот төрелігі – бұл сот отырыстарында заңда белгіленген тәртіппен
азаматтық, қылмыстық және өзге істерді заңдылық пен құқық тәртібін жан-
жақты нығайту мақсатында қарау және шешу арқылы жүзеге асырылатын соттардың
қызметі. Бұл қағидат мемлекеттік билікті үш тармаққа бөлу, оның бірі сот
билігі болып табылатыны туралы конституциялық ережеден бастау алады[6].
ҚР Конституциясының 75-бабында және сот жүйесі туралы Конституциялық
заңның 1-бабында Қазақстан Республикасында сот төрелігін тек сот жүзеге
асыратыны көзделеді. Оларда соттардың толық тізбелері де көзделген: ҚР
Жоғарғы соты және жергілікті соттар.
Сот төрелігі сот билігін жүзеге асырудың негізгі нысаны бола отырып,
сот отырыстарында судьялардың (соттардың) қылмыстық, азаматтық және өзге
заңда белгіленген тәртіппен қылмыстық, азаматтық және өзге істерді сот
ісін жүргізу нысанында қарауын және шешуін білдіреді.
Сот төрелігін тек соттың жүзеге асыру қағидатының саяси-құқықтық зор
маңызы бар. Ешқандай басқа органдар мен лауазымды адамдардың соттың
құзырына жатқызылған азаматтық, қылмыстық және өзге істерді қарауға, шешуге
немесе бақылауға алуға құқығы жоқ. Осыған сәйкес заңнамада қандай да бір
атаулармен арнайы және төтенше соттар құруға жол берілмейтіндігі көзделген.

Тек сот қана сот отырысында адамды қылмыс жасауға кінәлі немесе кінәлі
емес деп тануға және осыған байланысты тиісті айыптау немесе ақтау үкімін
шығаруға, қаралған талап бойынша шешім қабылдауға құқылы. Тек соттың сот
істері бойынша жаза және мемлекеттік мәжбүрлеудің өзге шарасын тағайындауға
айрықша құқығы бар.
Соттың сот қаулыларын тек жоғары тұрған сот аппеляциялық тәртіппен,
сондай-ақ сот қадағалауы тәртібімен күшін жоя немесе өзгерте алады.
Заңды күшіне енген сот қаулыларын Қазақстан Республикасының
аумағындағы барлық жеке, лауазымды және заңды тұлғалары орындауға міндетті.
Азаматтар, мемлекеттік органдар мен ұйымдардың лауазымды тұлғалары заңды
күшіне енген сот қаулыларын орындамаған жағдайда бұл адамдар әкімшілік
жауапркешілікке тартылады. Заңды күшіне енген сот қаулыларын қасақана
орындамаған жағдайда, сондай-ақ оның орындалуына кедергі келтірген кінәлі
адамдар қылмыстық жауапкершілікке тартылады (ҚР ҚК-нің 392-бабы).
2.3.Аудандық және оларға теңестірілген соттар
Қазақстан Республикасы сот жүйесінің негізгі буыны әрбір ауданда
немесе аудандық бөлінісі жоқ қалада жұмыс істейтін аудандық (қалалық)
соттар болып табылады. Олар барлық азаматтық істер мен көптеген қылмыстық
істерді бірінші сатыдағы сот ретінде қарайды. Осы соттардың соттылығына
соттардың жалпы құзырындағы ведомстволық бағынысты барлық азаматтық істер
жатады. Аудандық соттардың қарауына барлық қылмыстық істер де жатады.
Қазіргі кезде аудандық (қалалық) сот тек бірінші сатыдағы сот болып
табылады. Қылмыстық және азаматтық істерден басқа аудандық (қалалық) сот
әкімшілік құқық бұзушылық туралы істерді қарайды, үкімдердің орындалуына
байланысты мәселелерді шешеді (шартты-мерзімінен бұрын босату, бір
режимдегі колониядан екінші режимдегі колонияға ауыстыру және т.б.)
Аудандық (қалалық) соттар сот жүйесі туралы Конституциялық заңның
6-бабына сәйкес уәкiлеттi органның Жоғарғы Сот Төрағасымен келiсiлген
ұсынысы бойынша Қазақстан Республикасының Президентi құрады, қайта
ұйымдастырады және таратады.
Осы Заңның 7-бабына сәйкес Аудандық сот Конституцияда және осы
Конституциялық заңда белгiленген тәртiппен тағайындалатын төрағадан және
судьялардан тұрады. Егер аудандық сотта штат бойынша бiр судья (бiр құрамды
сот) көзделсе, ол осы соттың төрағасы өкiлеттiгiн атқарады.
Аудандық сотта кеңсе құрылады, оның штат санын сот төрағасымен келiсе
отырып, облыс соттарының әкiмшiсi белгiлейдi,
Аудандық соттың төрағасы судья болып табылады және судья мiндеттерiн
атқарумен қатар:
1) сот судьяларының сот iстерiн қарауын ұйымдастырады;
2) соттың кеңсесiне жалпы басшылықты жүзеге асырады;
3) азаматтарды қабылдауды жүргiзедi;
4) судья лауазымына кандидаттардың тағылымдамадан өтуiн ұйымдастырады;
5) сот статистикасын жүргiзу мен талдауды ұйымдастырады;
6) өкiмдер шығарады;
7) заңда көзделген басқа да өкiлеттiктердi жүзеге асырады.
Аудандық соттың төрағасы уақытша орнында болмаған жағдайда осы сот
төрағасының өкiмi бойынша төраға мiндеттерiн атқару осы сот судьяларының
бiрiне жүктеледi.
Бiр құрамды сот төрағасы уақытша орнында болмаған жағдайда оның
мiндетiн атқару аумақтық уәкiлеттi орган басшысының ұсынысы бойынша
облыстық сот төрағасының өкiмiмен басқа соттың судьяларының бiрiне
жүктеледi.
Аудандық соттың өкiлеттiгi. Аудандық соттың өкілеттігі осы Заңның
8-бабында белгіленген:
1. Аудандық сот бiрiншi инстанциядағы сот болып табылады.
2. Аудандық сот:
1) өзiнiң қарауына жатқызылған сот iстерiн және материалдарын
қарайды;
2) сот статистикасын жүргiзедi;
3) заңда көзделген басқа да өкiлеттiктердi жүзеге асырады.
Аудандық (қалалық) соттың заңмен құзыретіне жатқызылған қаралатын
мәселелер мен істер шеңбері өте кең.
Аудандық (қалалық) соттар қарайтын барлық істер мен материалдардың
жартысына жуығын азаматтық істер құрайды.
Аудандық (қалалық) сотта:
- барлық азаматтық істер қаралады
- қылмыстық істер.
- әкімшілік құқық бұзушылық туралы материалдар.
- ерекше іс жүргізудегі істер
- үкімді орындауға
- шағымдарды қарайды.
Барлық аталған істер мен материалдарды қарау сот отырсында сот
жүргізеді, оның тәртібі іс жүргізу заңнамасында егжей-тегжейлі
регламенттелген (ҚІЖК, АІЖК).
2.4. Облыстық және оларға теңестірілген соттар
Облыстық және оларға теңестірілген соттар (республикалық маңызы бар
қалалардың және ҚР әсерлерінің әскери соты) республиканың сот жүйесіндегі
екінші буынды соттар болып табылады. Олар әрбір облыста және тиісті
әкімшілік-аумақтық бөліністе құрылады. Аудандық (қалалық) соттарға қатысы
бойынша облыстық соттар жоғары тұрған орган ретінде негізгі буындағы соттар
шығарған шешімдердің, қаулылар мен үкімдердің заңдылығы мен негізділіген
аппеляциялық және қадағалау тәртібімен қадағалауды жүзеге асырады. Облыстық
және оған теңестірілген соттың сот төрелігін жүзеге асыру жөніндегі
қызметін бір мезіглде ҚР Жоғарғы соты қадағалайды.
Облыстық соттың құрамы, құрылымы және өкілеттігі. Облыстық соттар
төрағадан, сот алқаларының төрағалары мен тұрақты судьялардан тұрады және
қадағалау алқасының, азаматтық істер жөніндегі сот алқасының, қылмыстық
істер жөніндегі сот алқасының құрамында жұмыс істейді.
Сот жүйесі туралы Конституциялық заңның 10-бабына сәйкес 1. Облыстық
және оларға теңестiрiлген соттарды (бұдан әрi - облыстық соттар) уәкiлеттi
органның Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының Төрағасымен келiсiлген
ұсынысы бойынша Қазақстан Республикасының Президентi құрады, қайта
ұйымдастырады және таратады.
2. Облыстық соттар судьяларының жалпы санын уәкiлеттi органның
ұсынысы бойынша Қазақстан Республикасының Президентi бекiтедi.
Әр облыстық сот үшiн судьялардың санын осы сот төрағасының ұсынысы
негiзiнде уәкiлеттi орган белгiлейдi.
Сот жүйесі туралы Конституциялық заңның 11-бабына сәйкес 1. Облыстық
сот төрағадан, алқалар төрағаларынан және судьялардан тұрады.
2. Облыстық соттың органдары мыналар:
1) қадағалау алқасы;
2) азаматтық iстер жөнiндегi алқа;
3) қылмыстық iстер жөнiндегi алқа;
4) соттардың жалпы отырысы.
Көрсетілген Заңның 12-бабына сәйкес 1. Облыстыә сот:
1) өзiнiң қарауына жатқызылған сот iстерiн және материалдарын
қарайды;
2) сот статистикасын жүргiзедi;
3) сот тәжiрибесiн зерделейдi және оны жинақтаудың қорытындылары
бойынша облыс соттарының сот төрелiгiн iске асыруы кезiндегi заңдылықтың
сақталу мәселелерiн қарайды;
4) облыс соттарының әкiмшiсi қызметiн бақылауды жүзеге асырады;
5) заңда көзделген басқа да өкiлеттiктердi жүзеге асырады.
13-бапта облыстық сот алқаларының өкілеттігі айқындалған:
1. Облыстық соттың азаматтық iстер жөнiндегi алқасы мен қылмыстық
iстер жөнiндегi алқасын - алқалар төрағалары, ал қадағалау алқасын сот
төрағасы басқарады.
2. Әрбiр алқадағы судьялар саны сот төрағасының ұсынысы бойынша жалпы
отырыста белгiленедi.
3. Қадағалау алқасы осы соттың жалпы отырысында жасырын дауыс беру
арқылы судьялардың жалпы санының көпшiлiк дауысымен жыл сайын сайланатын
судьяларынан тұрады.
Азаматтық iстер жөнiндегi алқа мен қылмыстық iстер жөнiндегi алқа
жалпы отырыста талқылағаннан кейiн дербес құрамын сот төрағасы белгiлейтiн
судьялардан тұрады.
4. Сот төрағасы азаматтық iстер жөнiндегi алқа мен қылмыстық iстер
жөнiндегi алқада мамандандырылған құрам түзуi мүмкiн.
Облыстық сот төрағасы өкілекттігінің ауқымы осы Заңның 14-бабында
белгіленген: 1. Облыстық соттың төрағасы судья болып табылады және
судьяның мiндеттерiн атқарумен қатар:
1) судьялардың сот iстерiн қарауын ұйымдастырады;
2) қадағалау алқасын басқарады, алқаларда сот iстерiн қараған кезде
төрағалық етуге құқылы;
3) қажет болған жағдайларда бiр алқаның (қадағалау алқасынан басқа)
судьяларын басқа алқаның құрамында iс қарау үшiн тартады;
4) облыстық соттың жалпы отырысын шақырады және оған төрағалық етедi;
5) алқа төрағасы уақытша орнында болмаған кезде оның мiндетiн
атқаруды алқа судьяларының бiрiне жүктейдi;
6) облыстық соттың алқа төрағалары мен судьяларына, аудандық
соттардың
төрағалары мен судьяларына қатысты тәртiптiк iс қозғайды;
7) соттың жалпы отырысының ұсынысы негiзiнде Әдiлет бiлiктiлiк
алқасына судья қызметiне кандидаттың тағылымдамадан өту нәтижелерi туралы
қорытынды жiбередi;
8) сот статистикасын жүргiзудi, сот тәжiрибесiн зерделеудi
ұйымдастырады;
9) өкiмдер шығарады;
10) соттың кеңсесiне жалпы басшылықты жүзеге асырады;
11) азаматтарды жеке қабылдауды жүргiзедi;
12) заңда көзделген басқа да өкiлеттiктердi жүзеге асырады.
2. Облыстық сот төрағасы уақытша орнында болмаған жағдайда оның
мiндетi өзiнiң өкiмi бойынша сот алқалары төрағаларының бiрiне жүктеледi.
3. Облыстық сот төрағасы орнынан түскен не өкiлеттiктерiн мерзiмнен
бұрын өзгедей тоқтатқан жағдайда, оның мiндеттерi уәкiлеттi органның шешiмi
бойынша сот алқалары төрағаларының бiрiне жүктеледi.
Барлық судьялар облыстық соттарда тиісті төрағалар басқаратын алқалар
бойынша бөлінген. Сот алқаларының құрамын облыстық соттың төрағасы
бекітеді.
Облыстық соттың сот алқалары заңмен олардың қарауына жатқызылған
қылмыстық, азаматтық істерді қарай әрі шеше отырып, бірніші сатыдағы сот
ретінде жұмыс істейді.
Қылмыстық істер жөніндегі сот алқаларының қарауына бірінші саты
бойынша тізбесі заңда (ҚР ҚІЖК-нің 291-бабының 2-тармағы) көзделген
қылмыстар туралы істер жатады, ал азаматтық істер бойынша соттылық ҚР АІЖК-
нің 28-бабында айқындалған.
Заңнамада аудандық (қалалық) соттардың заңды күшіне енбеген үкімдеріне
(шешімдеріне) шағымдар мен наразылықтарды аппеляциялық тәртіппен қылмыстық
және азаматтық істер жөніндегі алқалардың қарауы көзделген.
Сот алқалары заңда көзделген жағдайларда жаңадан ашылған мән-жайлар
бойынша істерді қарауға да құқылы.
Істерді қарау нәтижесі бойынша алқалар шығарған сот актілеріне
қадағалау тәртібімен ҚР Жоғарғы Сотының тиісті сот алқаларына наразылық
және шағым беріле алады.
Сот жүйесі туралы Конституциялық заңның 15- бабына сәйкес облыстық сот
алқасы төрағасының мынадай өкілеттіктері бар:
1. Облыстық сот алқасының төрағасы судья болып табылады және судья
мiндеттерiн атқарумен қатар:
1) алқа судьяларының сот iстерiн қарауын ұйымдастырады;
2) алқа отырыстарында төрағалық етедi;
3) сот төрағасына алқа құрамында мамандандырылған құрам жасақтау
жөнiнде ұсыныстар енгiзедi;
4) сот тәжiрибесiн зерделеу әрi жинақтау және сот статистикасын талдау
жөнiндегi жұмысты ұйымдастырады;
5) соттың жалпы отырысына алқа қызметi туралы хабарлама ұсынады;
6) заңда көзделген басқа да өкiлеттiктердi жүзеге асырады.
2. Алқа төрағасы уақытша орнында болмаған жағдайда сот төрағасы оның
мiндетiн атқаруды алқалар судьяларының бiрiне жүктейдi.
Облыстық және оған теңестірілген соттың жалпы отырысы соттың
төрағасынан, алқалар төрағалары мен облыстық соттың судьяларынан тұрады.
Процессуалды функцияларды жалпы отырыс аудандық (қалалық) соттардың
заңды күшіне енбеген сот актілерінің заңдылығы мен негізділігін текере
отырып, бірінші сатыдағы сот ретінде ғана жүзеге асырады. Сонымен қатар
процессуалды заңнамада көзделген жағдайларда жалпы отырыс жаңадан ашылған
мән-жайлар бойынша істерді қарайды.
Ұйымдастыру функцияларын жүзеге асыра отырып, жалпы отырыс сот
алқалары төрағаларының алқаның қызметі туралы есебін тыңдайды, сот
аппаратының мәселелерін және сот тәжірибесін зерделеу әрі сот статистикасын
талдау материалдарын қарайды, сондай-ақ оған заңмен берілген басқа да
өкілеттіктерді жүзеге асырады.
Жалпы отырыстың отырыстарында оның мүшелерінің жай көпшілік дауыспен
қабылданған шешімдері қаулы түрінде рәсімделеді. Жалпы отырыстың отырысы
оың мүшелерінің жартысынан астамы болғанды заңды болып есептеледі.
Облыстық соттың жалпы отырысы сот жүйесі туралы Конституциялық заңның
16-бабына сәйкес мынадай функцияларды жүзеге асырады:
1. Облыстық сот қажетiне қарай, бiрақ жылына кемiнде екi рет жалпы
отырыстар өткiзедi, оларда:
1) алқа құрамының санын белгiлейдi және қадағалау алқасының құрамына
судьялар сайлайды;
2) сот жұмысының жоспарын талқылайды;
3) алқалар төрағаларының хабарламаларын тыңдайды;
4) сот практикасын талқылайды және оны жинақтаудың қорытындылары
бойынша облыс соттарының сот төрелiгiн iске асыруы кезiндегi заңдылықтың
сақталу мәселелерiн қарайды;
5) уәкiлеттi органға белгiлi бiр адамды облыс соттарының әкiмшiсi
қызметiне тағайындауға келiсiмiн бередi;
6) облыс соттары әкiмшiсiнiң өз қызметi туралы есебiн тыңдайды;
7) аудандық сот төрағасы қызметiнiң бос орнына кандидатураларды
қарайды және оның нәтижелерi бойынша тиiстi қорытындылар жасайды;
8) уәкiлеттi органға облыс соттары әкiмшiсiн қызметтен босату туралы
ұсыныс енгiзедi;
9) судья қызметiне кандидаттардың тағылымдамадан өту қорытындыларын
қарайды және Әдiлет бiлiктiлiк алқасына тиiстi қорытынды бередi;
10) заңда көзделген басқа да өкiлеттiктердi жүзеге асырады;
2. Жалпы отырыс облыстық сот судьялары жалпы санының кем дегенде үштен
екiсi қатысқан жағдайда заңды болады.
3. Облыстық соттың жалпы отырысының жұмыс тәртiбi ол бекiткен
регламентпен анықталады.
Облыстық сотта жұмысты ұйымдастыру. Облыстық және оған теңестірілген
соттың қызметіне жалпы басшылықты заңмен кең ауқымды өкілеттіктер кешені
берілген оның төрағасы жүзеге асырады.
Сот алқаларының төрағаларына алқаның жұмысын ұйымдастыру жөніндегі
міндеттер жүктелген. Осы мақсаттарда олар сот (алқа отырыстарында төрағалық
етеді және істі баяндайды, бірінші саты бойынша істерді қарайды),
ұйымдастыру (судьяларды тағайындайды және істерді қарау үшін құрамдарды
жасақтайды, азаматтардың жеке қабылдауын жүргізеді, алқаның қызметі туралы
есептер ұсынады) функцияларды да жүзеге асырады.
Облыстық соттың төрағасы мен сот алқаларының төрағалары сот
кеңсесінің көмегімен жұмысты ұйымдастырады.
Аталған соттардың аппараты сот төарағасының көмекшісінен, бас
консультанттардан, жетекші консультанттардан, сот отырыстары хатшыларынан,
сот алақалары хатшыларынан, аға сот орындаушысынан, сот орындаушыларынан,
сот приставтарынан, кеңсе меңгерушісінен, мұрағат меңгерушісінен, аға
инспекторлардан, инспекторлардан және техникалық қызметшілерден тұрады.
Сот төрағасының көмекшісі төрағаның зерделеуі үшін істер мен
материалдарды дайындайды, олар бойынша қорытынды даярлайды, жеке мәселелер
бойынша азаматтардың қабылдауын ұйымдастырады, төрағаға сотқа келіп түскен
хат-хабарларды баяндайды, сондай-ақ сот төрағасының жұмысын ұйымдастыруға
байланысты басқа да функцияларды жүзеге асырады.
Кеңсе меңгерушісі хатшылық құрамға басшылықты жүзеге асырады, кеңсе
қызметкерлері арасындағы міндеттерді бөледі, олардың жұмысын ұйымдастырады
әрі бақылайды, сондай-ақ басқа да функцияларды орындайды.
Консультанттар сотқа келіп түскен шағымдар мен арыздарды зерделейді,
сот мүшелеріне сот істерін қарауға дайындау кезінде көмектеседі, сот
төрағасы мен сот алқалары төрағаларының жекелеген тапсырмаларын орындайды,
сондай-ақ басқа да жұмыстарды орындайды.
Инспекторлар іс қағаздарын жүргізуге, келіп түскен, жөнелтілетін және
ішкі құжаттамаға байланысты негізгі жұмыс көлемін жүзеге асырады.
Мұрағат меңгерушісі сотта мұрағат ісін ұйымдастырады: кеңсе
қызметкерлеріне құжаттарды мұрағатқа дайындауда және тапсыруда көмек
көрсетеді; істердің мұрағатқа келіп түсуін және олардың сақталуын
бақыладйы; сауалдар бойынша істерді береді; тапсырылған істерді ресімдеудің
дұрыстығын тексереді.
Сот алқаларының хатшылары сот алқасына келіп түсетін сот істері мен
өзге де материалдардың есепке алынуын және сақталуын қамтамасыз етеді.
2.5. Жоғарғы Соттың өкілеттігі
ҚР Жоғарғы Cотының өкілеттігі өз өкілеттігінің шегінде бірінші
сатыдағы сот ретінде, аппеляциялық тәртіппен, қадағалау тәртібімен және
жаңадан ашылған мән-жайлар бойынша істерді қараудан тұрады. ҚР
Конституциясының 81-бабы мен сот жүйесі туралы Конституциялық заңның 17-
бабына сәйкес Қазақстан Республикасының Жоғарғы Соты жалпы құзырлы
соттардың қарауына жататын азаматтық, қылмыстық және өзге де істер
жөніндегі жоғары сот органы болып табылады. Ол республиканың барлық сот
жүйесін басқарады және барлық төменгі тұрған соттардың қызметіне сот
қадағалауын жүзеге асырады.
ҚР Жоғарғы Сотының жоғары сот органы ретіндегі жағдайы Конституция
мен тиісті заңдарда оған берілген өкілеттіктердің; оны құрудың
ерекшеліктері мен тәртібінің сипатына; қаралатын істердің өзгешелігіне,
сондай-ақ сот практикасының мәселелері бойынша түсініктемелер беретін олар
шығаратын нормативтік қаулылардың республикада қолданылатын құқық көзіне
жататындығымен байланысты.
Бірінші саты бойынша істерді қарау Жоғарғы Сотта іс жүргізу
заңнамасында белгіленген жалпы тәртіп бойынша үкім, қаулы, шешім немесе
ұйғарым шығара отырып жүргізіледі.
Бірінші саты бойынша қылмыстық істерді қараудың ерекшелігі
соттылықтың дербес белгілеріне шарттастырылған олардың өзгешелігі болып
табылады. Мәселен, ҚР ҚІЖК-нің 292-бабының 2-тармағына сәйкес бiрiншi саты
бойынша Жоғарғы Соттың қарауына: а) адамның Қазақстан Республикасы
Президентiнiң мiндеттерiн атқаруы кезеңiнде жасаған мемлекеттiк опасыздығы
туралы; б) адамдардың Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының судьялары,
Қазақстан Республикасы Парламентiнiң депутаты, Қазақстан Республикасының
Бас Прокуроры, Қазақстан Республикасы Конституциялық Кеңесiнiң Төрағасы
немесе мүшесi мiндеттерiн атқару кезеңiндегi жасаған қылмыстары; в)
Қазақстан Республикасы Үкiметi мүшелерiнiң, Үкiметтiң құрамына кiрмейтiн
орталық атқарушы органдардың бiрiншi басшыларының, сондай-ақ Қазақстан
Республикасының Президентiне тiкелей бағынатын мемлекеттiк органдардың
бiрiншi басшыларының қызметтiк мiндеттерiн атқаруына байланысты жасаған
қылмыстары туралы iстер жатады.
Қарауына жататын азаматтық істер заңда нақты айқындалмаған: ҚР
Жоғарғы Соты тек істің қаралуына қатысы бар адамның келісімімен кез келген
соттан кез келген істі алуға және өзіне іс жүргізуге қабылдауға құқығы бар.
Әдетте, бұлар ерекше күрделі немесе айрықша маңызды істер.
Мемлекеттің жоғары сот органы бола отырып, Жоғарғы Сот іс жүргізу
заңнамасында көзделген нысандарда соттардың нақты азаматтық, қылмыстық
істерді шешуінің заңдылығы мен негізділігін тексеру арқылы төменгі тұрған
соттардың сот қызметін қадағалауды жүзеге асырады.
Егер жергілікті соттардың судьялары жіберген қателерді жоғарыда
тұрған сот сатыларында түзетуге болса, Жоғары Соттың шешімін ешкім де
сәйкес келтіре алмайды. Сондықтан да мәні бойынша Жоғарғы Сот судьяларының
қателесуге құқығы жоқ деп ойлаймын.[7]
Жоғарғы Сот жүзеге асыратын сот қадағалауының нысаны сот істерін
аппеляциялық тәртіппен, сот қадағалауы тәртібімен және жаңадан ашылған мән-
жайлар бойынша қайта қарау болып табылады.
ҚР Жоғары Соты облыстық соттар үшін аппеляциялық саты бола отырып,
облыстық сот алқасының заңды күшіне енбеген үкімдері мен шешімдеріне
наразылықтар мен шағымдар бойынша істерді қарайды. Қадағалау тәртібімен ҚР
Жоғарғы Соты республикадағы барлық соттардың заңды күшіне енген үкімдері
мен шешімдеріне ҚР Бас прокурорының наразылығы бойынша (сондай-ақ
қылмыстық істер бойынша шағымдар) істерді қарайды. Сонымен қатар, ҚР
Жоғарғы Соты, егер тиісті іс бойынша қадағалау тәртібімен осы соттың
қадағалау алқасының қаулысы болған жағдайларда, жаңадан ашылған мән-жайлар
бойынша істі қайта қарауға құқылы.
Жоғарғы Сот жалпы құзырлы соттардың қарауына жататын барлық істер
бойынша соңғы сот сатысы болып табылады.
2.6. Жоғарғы Соттың құрамы мен құрылымы
Негізгі және орта буындағы соттардан айырмашылығы Жоғарғы Соттың
судьялық корпусын құрамында төраға, сот алқаларының төрағалары мен тұрақты
судьялармен ҚР Жоғарғы Сот Кеңесінің ұсынымына негізделген ҚР Президентінің
ұсынуы бойынша ҚР Парламентінің Сенаты сайлайды.
Жоғарғы Соттың сандық құрамын Жоғарғы Сот Төрағасының ұсынуы бойынша
ҚР Президенті белгілейді.
Сот жүйесі туралы Конституциялық заңның 17-бабының 2-тармағына сәйкес:
Қазақстан Республикасының Жоғарғы Соты:
1) өзiнiң қарауына жатқызылған сот iстерi мен материалдарын қарайды;
2) сот практикасын зерделейдi және оны жинақтаудың қорытындылары
бойынша Республика соттарының сот төрелiгiн iске асыруы кезiндегi
заңдылықтың сақталу мәселелерiн қарайды;
3) сот практикасында заңдарды қолдану мәселелерi бойынша түсiндiрмелер
беретiн нормативтiк қаулылар қабылдайды;
4) заңда көзделген басқа да өкiлеттiктердi жүзеге асырады.
Жоғарғы Соттың құрылымы мен құрамы аталған Заңның 18-бабында
айқындалған:
1. Жоғарғы Сот Төрағадан, алқа төрағаларынан және судьялардан тұрады.
Жоғарғы Сот судьяларының жалпы санын Жоғарғы Сот Төрағасының ұсынысы
бойынша Қазақстан Республикасының Президентi белгiлейдi.
2. Жоғарғы Соттың органдары мыналар:
1) қадағалау алқасы;
2) азаматтық iстер жөнiндегi алқа;
3) қылмыстық iстер жөнiндегi алқа;
4) соттың жалпы отырысы.
3. Жоғарғы Соттың жанынан ғылыми-консультациялық кеңес және баспа
органы құрылады.
2.7. Жоғарғы Сот төрағасы
Сот жүйесі туралы Конституциялық заңның 20-бабына сәйкес Жоғарғы
Соттың Төрағасы судья болып табылады және судья мiндетiн атқарумен қатар:
1) судьялардың сот iстерiн қарауын ұйымдастырады;
2) қадағалау алқасын басқарады, алқада сот iсiн қараған кезде
төрағалық етуге құқылы;
3) Жоғарғы Соттың жалпы отырыстарын шақырады және оларда төрағалық
етедi;
4) Жоғарғы Соттың жалпы отырысының қарауына сот практикасында заңдарды
қолдану мәселелерi бойынша Жоғарғы Соттың нормативтiк қаулыларын қабылдау
үшiн материалдар енгiзедi;
5) Жоғарғы Соттың жалпы отырысының бекiтуiне Жоғарғы Соттың жалпы
отырысы Хатшысының және ғылыми-консультациялық кеңес мүшелерiнiң
кандидатураларын енгiзедi;
6) қажет болған жағдайларда бiр алқаның (қадағалау алқасынан басқа)
судьяларын басқа алқаның құрамында iс қарау үшiн тартады;
7) Жоғарғы Соттың жұмыс жоспарын бекiтедi;
8) алқалардың жұмысын үйлестiредi;
9) Жоғарғы Соттың Аппаратына жалпы басшылықты жүзеге асырады, оның
құрылымы мен штатын бекiтедi;
10) азаматтарды жеке қабылдауды жүргiзедi;
11) өкiмдер шығарады.
2. Жоғарғы Соттың Төрағасы Республиканың өзге де мемлекеттiк билiк
тармақтары органдарымен және халыәаралық ұйымдармен өзара қарым-қатынасы
кезiнде Республика сот жүйесiнiң мүддесiн бiлдiредi, сондай-ақ:
1) Қазақстан Республикасының Президентiне уәкiлеттi орган басшысының
кандидатурасын ұсынады;
2) соттардың тиiстi жалпы отырыстарының ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Coт төрелігі ұғымы және оның принциптері
Мемлекет және құқық теориясының пәні мен әдістері, атқаратын қызметтері
Қазақстан Республикасының мемлекет нысандарының жүйесі
Мемлекеттік органдардың ұғымы және түсінігі
Билік - қоғамдық феномен
Мемлекеттік аппарат ұғымы, нысандары, құрылымы, қағидалары туралы нақты әрі толық мазмұнын ашу
Сот жүйесінің даму мәселелері
Қaзaқcтaн Рecпубликacындa coт билiгiнiң кoнcтитуциялық нeгiздeрi
Қазақстан Республикасындағы сот жүйесі
Саяси билік туралы ақпарат
Пәндер