Испания конституциясы



Испания (Espana), Испания Корольдігі – Еуропаның Оңтүстік-батысында орналасқан мемлекет. Пиреней түбегінің көп бөлігін және Жерорта теңізіндегі Балеар, Питиус аралдары мен Атлант мұхитындағы Канар аралдарын иеленеді. Жер көл. 505,9 мың км2. Испанияға, сондай-ақ,Солтүстік Африка жағалауларындағы Сеут және Мелилья қ-лары мен оларға жақын жатқан Велесде-ла-Гомера, Алусемас, Чафаринас аралдары да қарайды. Халқы 39,2 млн. (1999). Негізінен, испандар, католондар (5 млн-нан астам), галисилер (3 млн.), баскилер (2 млн-нан астам), т.б. Қала халқы 76,79%. Ресми тілі – испан тілі. Автономиялық құрылымдарда католон, баски, галиси, т.б. тілдер қолданылады. Ел 17 автономиялық құрылымдардан тұрады. Халқы, негізінен, католик дінін ұстанады. Астанасы – Мадрид қаласы (5 млн.). Бұған қоса Барселона(1,8 млн.), Валенсия (1 млн.), Севилия (750 млн.), т.б. ірі қалалары бар. Ұлттық мейрамы 12 қазан – Испан ұлты күні (Х.Колумбтың 1492 жылы Американы ашқан күні). Ұлттық ақшасы – песета.

Пән: Құқық, Криминалистика
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 5 бет
Таңдаулыға:   
Испания конституциясы

Испания (Espana), Испания Корольдігі – Еуропаның Оңтүстік-батысында
орналасқан мемлекет. Пиреней түбегінің көп бөлігін және Жерорта теңізіндегі
Балеар, Питиус аралдары мен Атлант мұхитындағы Канар аралдарын иеленеді.
Жер көл. 505,9 мың км2. Испанияға, сондай-ақ,Солтүстік
Африка жағалауларындағы Сеут және Мелилья қ-лары мен оларға жақын жатқан
Велесде-ла-Гомера, Алусемас, Чафаринас аралдары да қарайды. Халқы 39,2 млн.
(1999). Негізінен, испандар, католондар (5 млн-нан астам), галисилер (3
млн.), баскилер (2 млн-нан астам), т.б. Қала халқы 76,79%. Ресми тілі
– испан тілі. Автономиялық құрылымдарда католон, баски, галиси, т.б. тілдер
қолданылады. Ел 17 автономиялық құрылымдардан тұрады. Халқы, негізінен,
католик дінін ұстанады. Астанасы – Мадрид қаласы (5 млн.). Бұған
қоса Барселона(1,8 млн.), Валенсия (1 млн.), Севилия (750 млн.), т.б. ірі
қалалары бар. Ұлттық мейрамы 12 қазан – Испан ұлты күні (Х.Колумбтың 1492
жылы Американы ашқан күні). Ұлттық ақшасы – песета.
Испания парламенттік демократиялы, конституциялық монархиялы ел.
Оңтүстік-батыс Еуропада, Иберия бұғазында орналасқан мемлекет. 1986 жылдан
бері Еуропалық Одақтың мүшесі. Номиналдық ЖІӨ бойынша дамыған ел: әлем
бойынша ең ірі экономикалар арасында 9-ыншы орында, Еуропа бойынша 5-інші
орында.
Испания Америкада көп отарлар істеді. Жаулаушылық кейінгі бүгінгі
Испания Көне Римның провинциясы – Һіспаніа болды. Орта ғасырда осы жерге
германдар келді, ал содан кейін, арабтар солтүстік Африкадан келіп Кордоба
Халифаты орнатылған. Кордоба Халифатының елордасы өз уақытында Еуропаның ең
үлкен және бай қаласы болды. Осы уақытта солтүстік Испания, және
Португалияда Христиан патшалықтары: Арагон, Кастилия, Наварра және Астурия
болды, олар арабтармен жаугершілік күресу - Рецонқұіста (ұрып өзіне
қарату) басталды. Рецонқұіста 722 ж. Ковадонга шайқасымен басталды,
христандар жеңіс алып, Астурия патшалығын орнатты. Сондықтан арабтар
Пиреней тауларына кетіп, Фрасиямен соғыса бастады. 1469 ж. Кастилия мен
Арагон патшалықтары бірлесіп, жаңа бір мемлекет – Испания елін құрды.1492
ж. христиандар ең соңғы мұсулман мемлекеті – Гранада патшалығын басып алды.
Осы жылда Колумб Американы ашты, Испания өз империясының құрылысын бастады.
Испандықтардың Империясына оңтүстік және орталық Америка, Мексика,
оңтүстік АҚШ, Филлипины, Солтүстік Италия, Маррокко елдері кірді. Осы кезең
Еуропада Испанияның Алтын Ғасыры деп аталған. Испания 16-17 ғасырда
Еуропаның ең қайратты мемлекеті болып шықты, бірақ 19 ғасырдың
француздардың кірісуі былыққа келтірді. 1793 ж. Испания Францияға соғыс
жариялады (Франция өз патшасы Луи ХВЫ өлтірді). Осы соғыста Франция жеңіске
жетіп, Испанияда тәуелді мемлекет құрылды. Сондықтан Наполеон Испания
патшалығын өз ағасы Жозеф Бонапартқа берді. Бірақ испандықтар келіспей
тәуелсіздік соғысын бастады. Осының бәрі Испания Империясын әлсіретті -
сонымен Боливия, Мексика, Куба елдері империядан шығып, өздерінің
тәуелсіздігін жариялады.
20 ғасырда Испан азамат соғысы басталды, осы соғыста фашистер жеңіске
жетті. 1978 жылы Испания демократиялық жолына оралды. Бүгінгі Испания -
Парламенттік Патшалық, ол Еуропалық Одаққа кіреді.
Әкімшілік құрылысы
Испанияда 17,1 автономиялық аймақ (цомұнідадес аұтóномас) және 2
автономиялық қала (ціұдадес аұтóномас) – Кеута және Милилла, бар.
Тағыда Испания 15 провицияға бөлінеді. Жеті автономиялық аймақ тек
қана бір провинцияға кіреді, олар: Астурия (Астұріас), Балеар аралдары
(Балеаріц Ысландс), Кантабрия (Цантабріа), Ла Риоха (Ла Ріожа), Мадрид
(Мадрід), Мурсия (Мұрціа) және Наварра (Наварре).
Испания жерінде ежелгі адамдар палеолит дәуірінде-ақ (б.з.б. 10-
мыңжылдыққа дейін) тіршілік ете бастаған.И. жерінде құрылған ең ежелгі
мемлекет – Тартесс (б.з.б. 1 мыңжылдықтың бас кезінде болған). Ел
территориясына б.з.б. 7 ғасырда финикиялықтар мен гректер келіп қоныстана
бастады. Б.з.б. 5 – 3 ғасырларда Пиреней арқылы кельттер келді. Б.з.б. 3
ғасырдың аяғында Испания жерінің көпшілігі Карфаген мемлекетіне бағынды.
Б.з.б. 2 ғасырда Карфагенді Рим империясы ығыстырып, б.з.б. 21 – 19 жылы
қазіргі Испания аумағын түгелімен бағындырды. Рим империясы үстемдігі
кезінде елде испан-рим ақсүйектері пайда болды. Кейін Испанияға вандалдар,
аландар, свевтер басып кіріп, Солтүстік-батыста Свев корольдігі құрылды.
Аландар мен вандалдар оңтүстікке, ал 429 жылы Солтүстік Африкаға қоныс
аударды. 5 ғасырдың 2-жартысында вестготтар королі Эйрих (466 – 84) Пиреней
түбегін түгелімен басып алды. 585 жылы вестготтар Свев корольдігін
толығымен бағындырды. 711 – 18 жылы Пиреней түбегін арабтар (мавр деген
ортақ атпен белгілі болған араб және бербер тайпалары) жаулап алып, Омейя
әулетіне бағынышты әмірлік құрды. 756 жылы омейялықтар тәуелсіз Кордова
әмірлігін, 929 жылы Кордова халифатын құрды (қ. Кордова халифаты). 1031
жылы Кордова халифаты көптеген ұсақ иеліктерге бөлініп кетті. 11 ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Испания мемлекеті
Конституциялық құқықтың негіздері
Шет елдердің конституциялық құқығының пәні, қайнар көздері және жүйесі
Шет елдердің Конституциялары
Шет ел мемлекеттерінің конституциялық құқығы
Шет елдердің конституциялық құқығының пәні
Казақстан Республикасының Конституциялық заңнамаларының сипаттамасы
Шетелдердің конституциялық құқығының пәні, қайнар көздері және жүйесі жайлы
Конституциялық бақылау нысандары
Құқықтық мемлекеттегі негізгі заңның ерекшеліктері
Пәндер