АҚШ Конституциясы



АҚШ Конституциясы — АҚШ мемлекетінің негізгі заңы. 1787 ж. 17 қыркүйекте Филадельфияда қабылданған. Осы күнге дейін өз күшіне ие. Конституцияда 21 бөлімнен тұратын 7 бап бар, қосымша 27 түзету енгізілген. АҚШ Конституциясы “биліктің бөлінісі” принципіне негізделген: заң шығару билігі парламентке, атқару билігі президентке, сот билігі Жоғары сотқа берілген. Биліктің осы үш тармағының әрқайсының өкілеттілігі нақты айқындалып көрсетілген. АҚШ азаматтарының құқықтары конституцияға 1789 ж. енгізілген алғашқы 10 түзетуде берілді. 11-27-ші түзетулер 1798-1972 ж. аралығында енгізілген (27-түзету күшіне енбей қалды). Конституцияға түзетулерді конгресс немесе штаттардың үштен екісінің заң шығару жиналыстарының өтінішімен арнайы шақырылған конвентұсынады. Штаттардың төрттен үш бөлігінің заң шығару жиналыстары мақұлдаған соң түзету күшіне енеді.

Пән: Құқық, Криминалистика
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 6 бет
Таңдаулыға:   
АҚШ Конституциясы

АҚШ Конституциясы — АҚШ мемлекетінің негізгі заңы. 1787 ж. 17
қыркүйекте Филадельфияда қабылданға н. Осы күнге дейін өз күшіне ие.
Конституцияда 21 бөлімнен тұратын 7 бап бар, қосымша 27 түзету енгізілген.
АҚШ Конституциясы “биліктің бөлінісі” принципіне негізделген: заң шығару
билігі парламентке, атқару билігі президентке, сот билігі Жоғары
сотқа берілген. Биліктің осы үш тармағының әрқайсының өкілеттілігі нақты
айқындалып көрсетілген. АҚШ азаматтарының құқықтары констит уцияға 1789 ж.
енгізілген алғашқы 10 түзетуде берілді. 11-27-ші түзетулер 1798-1972 ж.
аралығында енгізілген (27-түзету күшіне енбей қалды). Конституцияға
түзетулерді конгресс немесе штаттардың үштен екісінің заң шығару
жиналыстарының өтінішімен арнайы шақырылған конвентұсынады. Штаттардың
төрттен үш бөлігінің заң шығару жиналыстары мақұлдаған соң түзету күшіне
енеді. АҚШ штаттарының әрқайсысының өз конституциялары бар. Күресу
координациясының тәуелсіздік үшін қозғалысы не-гізінде “корреспонденция,
қауіпсіздік және байқау комитет-тері” құрылды. 1774 жылы Филадельфия
қаласында құрамы 55 делегаттан тұратын ең алғашқы континетальдық конгресс
өтті. Ол жерде метрополиидің кедендік және салықтық саясатына қатысты
наразылық білдіретін Құқық декларациясы бекітілді. Осы Декларациямен қатар,
сол кезде корольға петиция жа-зылды, онда колонистер метрополиидің қысым
жасауын тоқтатуды сұранды. Ал ағылшын үкіметі оларға қарсы соғыс
әрекеттерін жүргізуді бастады. 
Сонда, 1775 жылы мамыр айында Екінші континенталдық конгресс жиналды. Ол
жерде Англияға қарсы соғыс жағдайына баға беріліп, және американ-дық
әскерді құру туралы шешім қабылданды. Ол әскердің бас қолбасшысы болып
Джордж Вашингтон тағайындалды. Тәуел-сіздік үшін соғыс басталды. Әрбір
колония өзін тәуелсіз мем-лекет — штат ретінде жариялады. АҚШ, Америка
Құрама Штаттары (ағылш. The United States of America, USA) — Батыс жарты
шарындағы ірі ел. Оның барлық жері түгелдей дерлік Солтүстік Америкада.
Шығысында Атлант мұхитымен, батысында Тынық мұхитпеншайылады.
Солтүстікте Канадамен, оңтүстікте Мексикамен шектеседі.
АҚШ климаты біркелкі қоныржай және субтропикті болып келеді. Ал
солтүстіктегі Аляска штатында қыстыгүні арктика суығы байқалып тұрады.
АҚШ – көптеген атақты тұлғалардың отаны. Соның ішінде аса көрнекті
саяси қайраткерлер Бенджамин Франклин, Авраам Линкольн, Роберт
Фултон, Томас Эдисон, Марк Твен және т.б. бар.
Америка Құрама Штаттары (АҚШ), Америка – Солтүстік Америкадағы
мемлекет, федеративтік республика. Аумағы 9363,2 мың км2. Халқы 302 млн.
Астанасы – Вашингтон қаласы. Тұрғын халқының саны жағынан ірі қалалары: Нью-
Йорк, Чикаго, Лос-Анджелес, Сан-Франциско, Филаде льфия, Детройт, Бостон,
Хьюстон, Вашингтон, Даллас, Питсбург, Балтимор, Сиэтл, т.б. 50 штат пен 1
федералдық (астаналық) округке бөлінеді. Бірімен-бірі шектесіп жатқан 48
штаттан және құрлықтың солтүстік-батысындағы Аляска, Тынық мұхиттың
орталығындағы Гавай аралдарынан құрылған Гавай штаттарынан тұрады.
Мемлекеттік тілі – ағылшын тілі. Халықтың 66%-ы – протестанттар, 26%-ға
жуығы католиктер. Үкімет пен мемлекет басшысы – президент. Заң шығарушы
орган – палата мен сенат өкілдерінен тұратын екі палаталы парламент
(конгресс).
АҚШ аумағының басым көпшілігі Атлант мұхитынан Тынық мұхитқа дейінгі
ендік бағытта созылып жатқан қоңыржай және субтропиктік белдеуде
орналасқан. Аляска штаты субарктика және арктикалық, ал Гавай штаты – Тынық
мұхиттың тропиктік белдеуінде. Жер бедерінің 12-ін (елдің батысында) биік
таулы жоталар мен таулы үстірттер алып жатыр. Кордильер мен Аппалачи
тауларының аралығында елдің ішкі жазықтары (Орталық Ұлы жазықтар)
орналасқан. Атлант мұхиты жағалауларын бойлап Атлант маңы және Мексика маңы
ойпаттары жатыр. АҚШ-тағы ең биік тау – Аляска түбегіндегі Мак-Кинли (6193
м). Жер қойнауы кен байлықтары мен минералды шикізатқа өте бай. Оның ішінде
темір, никель, кобальт, алтын, күміс, уран кентасы қоры жөнінен дүние
жүзінде алдыңғы орында. Тас көмір (Аппалачи таулары), мұнай мен газ
(Мексика ойпаты, Ұлы жазық) табылған. Ал Кордильер таулары түсті және қара
металл шикізаттарына бай келеді.
Қаңтар айының орташа температурасы Аляскада –18ӘС, Орталық жазықтың
солтүстігінде –24,8ӘС. Елдің оңтүстік-батысында қаңтар айының орташа
температурасы 12ӘС-тан, Флорида түбегінде 20ӘС-қа дейін жетеді. Шілде
айының орташа температурасы батыс жағалауда 14 – 22ӘС, шығыста 16 – 22ӘС-қа
дейін ауытқиды, ал орталығындағы жазық өңірлерде 32ӘС-қа дейін көтеріледі.
Батыс жарты шардағы ең жоғарғы температура Ажал аңғарында (56,7ӘС)
байқалды. Жауын-шашынның мөлшері Алясканың жел өтіндегі тау беткейлері мен
Тынық мұхит жағалауында 3000 – 4000 мм; шығыс және теңіз жағалауы
белдемінде 1000 – 2000 мм; Орталық жазықта 600 – 900 мм, Ұлы жазықта – 400
– 600 мм, Мохаве шөлінде (Ажал аңғары) – 100 мм-ден де аз. Жауын-шашынның
көп мөлшері Гавай аралдарында (10000 мм). Ең ірі өзендері: Миссисипи
(ұзындығы Миссури саласымен бірге 6420 км), Огайо, Колорадо, Колумбия, Рио-
Гранде, Юкон. Көпшілігі Атлант және Тынық мұхит алабына жатады. Дүние
жүзіне әйгілі көлдер жүйесін елдің солтүстік-шығысындағы Ұлы көлдер құрайды
(Жоғарғы көл, Гурон, Мичиган, Эри, Онтарио). Олардың барлығы бір-бірімен
жалғасып, 245 мың км2 аумақты алып жатыр. Эри ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
АҚШ КОНСТИТУЦИЯЛЫҚ КОНСТИТУЦИЯСЫНЫҢ НЕГІЗДЕРІ ЖӘНЕ ТАЛДАМАСЫ
Штаттардың соттары
Шет елдердің конституциялық құқығының пәні
Шет елдердің Конституциялары
Шетелдердің конституциялық құқығының пәні, қайнар көздері және жүйесі жайлы
Шет елдердің конституциялық құқығы
Шет ел мемлекеттерінің конституциялық құқығы
Шет елдердің конституциялық құқығының пәні, қайнар көздері және жүйесі
Конституция теориясы
«Шет ел конституциялық құқығы» пәні бойынша дәріс сабақтарының контактілік мәліметтері
Пәндер