Ауыл шаруашылығындағы жер пайдалану жұмыс жобасы



Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
І. Мәтіндік бөлім.
1.1. Қазақстан Республикасындағы ауыл шаруашылығын дамыту жолдары ... .
1.2. Ауыл шаруашылық жерлері және оларды ұтымды пайдалану ... ... ... ... ... ...
1.3. Жер учаскелері меншік иелерінің және жер пайдаланушылардың
құқықтары ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
1.4. Жер учаскелері меншік иелерінің және жер пайдаланушылардың
міндеттері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
ІІ. Техникалық бөлім.
2.1. Жер пайдалану кемшіліктері және оларды болдырмау әдістері ... ... ... ... ..
2.2. Қазіргі ауыл шаруашылығының жағдайы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
ІІІ. Сызба бөлім ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
Қорытынды ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .
Қолданылған әдебиеттер ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
Әр мемлекеттің тағдырында жер өзге табиғи объектілер сияқты бағасыз халық құндылығын білдіретін биопотенциялық құнарлы топырағын қамтиды. Қазақстан Республикасының Конституциясында жер табиғи ресурс ретінде, Қазақстан Республикасының халық өмірінің негізі болып белгіленген. « Қазақстандықтардың көңілін алатын сұрақ – жер туралы сұрақ. Онымен елдің салт - дәстүрлері және адам тағдырлары байланысқан, олардың келешек ұрпақ алдында жауапкершілігі »,- деп ҚР-ның Президенті Н.А.Назарбаев өз үндеуінде ерекшелеп айтты. Біздің негізгі жұмысымыз еліміздің басты байлығы деп саналатын жер ресурстарын тиімді пайдалану мен қорғауға байланысты болғандықтан, ауыл шаруашылығындағы жерлердің экономикалық, саяси - әлеуметтік дамуына тигізетін әсері мен алатын орны туралы тоқталамын. Елбасы алғашқы кезеңдерде жер реформасын жүзеге асыру барысында оның қоғам дамуына қатысты рөлін бағалай келе «Жер табиғи байлықтармен және жылжымайтын мүлікпен қатар экономиканы көтеріп тұрған киттердің бірі болып табылады» деп атап көрсеткен болатын. Тәуелсіздік алған жылдан бері Мемлекет басшысының елімізді гүлдендірудегі мақсатына, осыған сәйкес Үкіметтің алдына қойған стратегиялық жоспарларына сай жүргізіліп келе жатқан жер реформасы қазіргі күні өзінің шешуші сәтіне аяқ басты. Елімізді жер қатынастарын жаңа заман талаптары негізінде айқындап, тұрақтандыруға бағытталған, жер байлығымызды ел байлығына айналдырудың маңызды мәселелерін шешуге бағытталған жер заңнамасы қалыптасты. Міне, осы тұста біз жердің өзіне тән ерекшелігін, маңызы мен мәртебесін есте ұстауымыз қажет. Жер – өндіріс құралы.
Адамдар жерді пайдаланып жұмыс істейді. Оның үстіне ол – өндіргіш күш. Себебі, жерге бидай тұқымын ексең, ол күзде бірнеше есе көбейіп шығады. Енді осылардың сыртында жер – табиғи фактор. Бүкіл жаны бар тіршілік оның аясында дамиды. Одан қуат алады. Осындай үлкен ерекшеліктеріне байланысты адамдардың жермен қарым-қатынасы бірнеше заңдылықтар бойынша реттеледі. Жерді сақтау, қорғау мәселелерін, жерді өндірістік тұрғыдан игеру, оның күтіміне мән беру, басқа да ерекшеліктерін ескеру мәселесін көбінесе Жер Кодексі қозғайды. Бұл жұмыс Жер ресурстарын басқару агенттігі құзырында, мемлекеттік стратегияға сай оның міндеттерін анықтап орындалуын қамтамасыз етеді. Ал еліміздің жер қорларын тиімді пайдаланудың заман мен қолданыстағы экономикалық қатынастарға сай жолдарын қарастыру және енгізу, оны қорғаудың тиімді жүйесін қалыптастыру бойынша еліміздің жер заңдылықтарында, Үкіметтің шешімдерінде қарастырылған іс - шараларды өз құзіретіміз аясында жүзеге асыру «Жер ресурстары және жерге орналастыру Мемлекеттік Ғылыми Өндірістік орталығы» республикалық мемлекеттік кәсіпорнына («МемжерҒӨО» РМК) жүктелген. Облыстарда және республикалық маңызы бар қалаларда (Астана мен Алматы қалалары) 18 еншілес кәсіпорны және еліміздің барлық аудандық (қалалық) орталықтарында 194 жер - кадастрлық бөлімшелері қызмет етеді. Өмірдің серпінді дамуында ауыл шаруашылығының үлесі мол, еншісі қомақты. Ал жер ресурстары осы саланың өндіріс құралы. Республикамыздың ауыл шаруашылығы алқаптарының құрылымында ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлердің үлес салмағы 38,5%. Халқымыздың 46% - дан астамы ауылдық жерлерде тұрады. Олар жер байлығын пайдаланып ауыл шаруашылық өндірісінің дамуына, халқымыздың ұлттық қадір -
1. ҚР Конституциясы, 30 тамыз 1995 ж., - Алматы, 2009.
2. ҚР Жер Кодексі. 2003ж, 20 маусым, - Алматы: Баспа, 2009.
3. ҚР Үкіметінің 2005 жылғы 5 қаңтардағы «Ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлерді ұтымды пайдалану жөніндегі 2005 - 2008 жж. арналған бағдарламасы».
4. ҚР Үкіметінің «Ауыл шаруашылығының 2010 жылға дейінгі даму стратегиясын бекіту туралы» 1997 жылы 27 желтоқсанда қабылданған қаулысы.
5. Еркінбаева Л.Қ.Айғаринова Г.Т. Қазақстан Республикасының Жер құқығы. Оқу құралы. - Алматы, 2010.
6. Хаджиев А.Х. Земельное право Республики Казахстан. Общая часть: Учебное пособие. – Алматы, 2001.
7. Косанов Ж.Х. Права собственности и иные права на землю. Научное издание. – Астана, 2009.
8. Дегтярев И.В. Земельный кадастр. - М.Колос, 1979.
9. Земельное законодательство республики Казахстан. Сб. нормативно - правовых актов (с комментариями) - Алматы: Жети жаргы, 1998.
10.Подольский Л.И. Научные основы оценки земель. «Вестник сельскохозяйственной науки Казахстана, Ж. НИЦ «Бастау» Алматы, 1997.с.29 - 36.
11. Порядок ведения государственного земельного кадастра в Республике Казахстан. Земельное законодательство Республики Казахстан - Сб. нормативно -правовых актов. - Алматы: Жети жаргы, 1998.-с. 139 - 152.
12. Руководящие принципы управления земельными ресурсами. - Европейская экономическая комиссия. ООН.- Нью - Йорк, Женева, 1996.
13. Сейфуллин Ж.Т. Земельный кадастр Казахстана. - Алматы.: КазНИИЭОАПК, 2000.
14. Есполов Т.И.Сейфуллин Ж.Т. Управление земельными ресурсами. - Алматы.: КазНАУ, 2004.

Пән: Ауыл шаруашылығы
Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 53 бет
Таңдаулыға:   
Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
І. Мәтіндік бөлім.
1.1. Қазақстан Республикасындағы ауыл шаруашылығын дамыту жолдары ... .
1.2. Ауыл шаруашылық жерлері және оларды ұтымды пайдалану ... ... ... ... ... ...
1.3. Жер учаскелері меншік иелерінің және жер пайдаланушылардың
құқықтары ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .
1.4. Жер учаскелері меншік иелерінің және жер пайдаланушылардың
міндеттері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
ІІ. Техникалық бөлім.
2.1. Жер пайдалану кемшіліктері және оларды болдырмау әдістері ... ... ... ... ..
2.2. Қазіргі ауыл шаруашылығының жағдайы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
ІІІ. Сызба бөлім ... ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
Қорытынды ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
Қолданылған әдебиеттер ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...

Кіріспе
Әр мемлекеттің тағдырында жер өзге табиғи объектілер сияқты бағасыз халық құндылығын білдіретін биопотенциялық құнарлы топырағын қамтиды. Қазақстан Республикасының Конституциясында жер табиғи ресурс ретінде, Қазақстан Республикасының халық өмірінің негізі болып белгіленген. Қазақстандықтардың көңілін алатын сұрақ - жер туралы сұрақ. Онымен елдің салт - дәстүрлері және адам тағдырлары байланысқан, олардың келешек ұрпақ алдында жауапкершілігі ,- деп ҚР-ның Президенті Н.А.Назарбаев өз үндеуінде ерекшелеп айтты. Біздің негізгі жұмысымыз еліміздің басты байлығы деп саналатын жер ресурстарын тиімді пайдалану мен қорғауға байланысты болғандықтан, ауыл шаруашылығындағы жерлердің экономикалық, саяси - әлеуметтік дамуына тигізетін әсері мен алатын орны туралы тоқталамын. Елбасы алғашқы кезеңдерде жер реформасын жүзеге асыру барысында оның қоғам дамуына қатысты рөлін бағалай келе Жер табиғи байлықтармен және жылжымайтын мүлікпен қатар экономиканы көтеріп тұрған киттердің бірі болып табылады деп атап көрсеткен болатын. Тәуелсіздік алған жылдан бері Мемлекет басшысының елімізді гүлдендірудегі мақсатына, осыған сәйкес Үкіметтің алдына қойған стратегиялық жоспарларына сай жүргізіліп келе жатқан жер реформасы қазіргі күні өзінің шешуші сәтіне аяқ басты. Елімізді жер қатынастарын жаңа заман талаптары негізінде айқындап, тұрақтандыруға бағытталған, жер байлығымызды ел байлығына айналдырудың маңызды мәселелерін шешуге бағытталған жер заңнамасы қалыптасты. Міне, осы тұста біз жердің өзіне тән ерекшелігін, маңызы мен мәртебесін есте ұстауымыз қажет. Жер - өндіріс құралы.
Адамдар жерді пайдаланып жұмыс істейді. Оның үстіне ол - өндіргіш күш. Себебі, жерге бидай тұқымын ексең, ол күзде бірнеше есе көбейіп шығады. Енді осылардың сыртында жер - табиғи фактор. Бүкіл жаны бар тіршілік оның аясында дамиды. Одан қуат алады. Осындай үлкен ерекшеліктеріне байланысты адамдардың жермен қарым-қатынасы бірнеше заңдылықтар бойынша реттеледі. Жерді сақтау, қорғау мәселелерін, жерді өндірістік тұрғыдан игеру, оның күтіміне мән беру, басқа да ерекшеліктерін ескеру мәселесін көбінесе Жер Кодексі қозғайды. Бұл жұмыс Жер ресурстарын басқару агенттігі құзырында, мемлекеттік стратегияға сай оның міндеттерін анықтап орындалуын қамтамасыз етеді. Ал еліміздің жер қорларын тиімді пайдаланудың заман мен қолданыстағы экономикалық қатынастарға сай жолдарын қарастыру және енгізу, оны қорғаудың тиімді жүйесін қалыптастыру бойынша еліміздің жер заңдылықтарында, Үкіметтің шешімдерінде қарастырылған іс - шараларды өз құзіретіміз аясында жүзеге асыру Жер ресурстары және жерге орналастыру Мемлекеттік Ғылыми Өндірістік орталығы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына (МемжерҒӨО РМК) жүктелген. Облыстарда және республикалық маңызы бар қалаларда (Астана мен Алматы қалалары) 18 еншілес кәсіпорны және еліміздің барлық аудандық (қалалық) орталықтарында 194 жер - кадастрлық бөлімшелері қызмет етеді. Өмірдің серпінді дамуында ауыл шаруашылығының үлесі мол, еншісі қомақты. Ал жер ресурстары осы саланың өндіріс құралы. Республикамыздың ауыл шаруашылығы алқаптарының құрылымында ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлердің үлес салмағы 38,5%. Халқымыздың 46% - дан астамы ауылдық жерлерде тұрады. Олар жер байлығын пайдаланып ауыл шаруашылық өндірісінің дамуына, халқымыздың ұлттық қадір - қасиетінің сақталуына үлес қосып отыр. Елбасымыз ұстанған сара саясаттың арқасында ауылдық жердің ажары кіріп, шаруа адамның тұрмысы түзеле бастағаны да шындық. Елбасы айтқандай, ...қай салада да әркім елдікті түсініп өмір сүрсе, ертеңіміз бұдан да жарқын болатынына сенімім мол. Жолдаудағы жоба - жоспарлар, ой - түйіндер түсінген адамға осыны аңғартады. Алайда, ауыл шаруашылығындағы еңбек өнімділігі төмен жағдайда қалып келеді. Соңғы жылдардағы ауылшаруашылық өнімдерінің жетістіктеріне тоқтала келе, Елбасы өз сөзінде 2014 жылға қарай агроөнеркәсіптік кешенде өнімділікті кем дегенде екі есе арттыру біздің басты міндеттеріміздің бірі екенін айтты. Ол міндетті жүзеге асыру ауыл тұрғындарының тұрмысы мен өмір сүру жағдайын жақсартудың негізгі кілті. Сөз жоқ, ауыл шаруашылығы дамыса ауылдарымыздың да көркейе түсетіні анық. Демек, Мемлекет басшысының ауыл шаруашылығын жеделдеп дамыту жөніндегі алға қойып отырған міндеті - қазіргі заман талабына сай еліміздің көкейкесті мақсат - мұратын қозғайтын дұрыс жол. Міне, осы іске үлес қосуда Жер ресурстарын басқару агенттігі құрамындағы кәсіпорынға үлкен міндеттер жүктеледі. Бұл бағдарламаны іске асырудың негіздері егістік жерлердің өнімдерін жоғарылату, ауыл шаруашылығы тауарларының сапасын арттыру, жаңа құрал - жабдықтар мен жаңа технологияларды енгізу, әлемдік тәжірибені пайдалану.
Бүгінгі таңда егістік жердің өнімділігін көтеру үшін топырақтың құнарлылығын арттыру, экологиялық жағдайды жақсарту өте маңызды. Міне, сондықтан, болашаққа серпін беретін Жолдауда көтерілген аса маңызды мәселелердің бірі ол жер ресурстарын, оның ішінде ауылшаруашылық мақсатындағы жерлерді ұтымды әрі нысаналы пайдалану, оны бақылау және қорғау, азық - түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету мәселелерін өткен жылы Елбасы Қауіпсіздік Кеңесінің отырысында қарап, осы бағытта Үкімет пен Жер ресурстарын басқару агенттігіне бірқатар міндеттер жүктеген болатын. Негізгі проблема - ол жер ресурстарының әлеуетін тиімді пайдалану және қорғау. Ел басшысы қойған стратегиялық тапсырмаға байланысты агенттік қабылдаған шаралар мен қабылданған іс - жоспарды орындауға өзіне жүктелген өкілеттікке сәйкес ғылыми - өндірістік орталық та жұмылдырылған. Ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерді ұтымды пайдаланудың негізгі жолдары мен іс - шараларының басты бағыттары мыналар:
- өңірлік бағдарламаны әзірлеу;
- жерге орналастырудың бас сызбасын әзірлеу және оның тұжырымдамасын орындау;
- жерге орналастырудың ішкі шаруашылық жобаларын жасау;
- ауылшаруашылық жерлерін инвестиция тартудың сенімді көзіне айналдыру.
Бұл проблеманы шешу жолдары:
1. Сұраныс тудыратын инвестициялық жобалар нұсқасын жасап облыстық, аудандық әкімдерге және ірі агроөнеркәсіптік кешендеріне ұсыну;
2. Мемлекеттік жер кадастры мен жер мониторингтерінің мәліметтерін толықтыру жұмысы, жер кадастрының және оның ақпараттық жүйесінің келесі екінші деңгейін қалыптастыру.

I . Мәтіндік бөлім.
1.1. Қазақстан Республикасындағы ауыл шаруашылығын дамыту жолдары.
Ұлттық экономиканың ең ірі саласы болып табылатын Қазақстанның ауыл шаруашылығы мемлекеттің әлеуметтік - экономикалық саласында маңызды орын алады. Соңғы екі жылда Қазақстан Республикасының Президенті Н. Ә. Назарбаевтың 2 іргелі мемлекеттік бағдарламаны: 2003 - 2005 жылдарға арналған мемлекеттік Агроазық - түлік бағдарламасы және 2010 жылға дейінгі мемлекеттік ауылдық аумақтарды дамыту бағдарламасын бекіткенін айтсақ та жеткілікті.
Қазақстан Президенті ауылды қайта дамыту деп жариялаған 2003 - 2005 жылдар шеңберінде Үкімет ауыл шаруашылығы өндірісін экономиканың тұрақты өсу факторына айналдыру үшін үлкен назар аударып отыр. Ауылды дамытудың негізгі үш басымдығы белгіленді:
- азық - түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету;
- ауыл шаруашылық өнімдерін өндіруді арттыру және оны ішкі де, сыртқы да рыноктарда өткізу көлемін ұлғайту;
- ауылда тіршілік етудің қалыпты жағдайларын жасау.
Қабылдаған бағдарламаларға сәйкес мемлекет осы міндеттерді іске асыруға жыл сайын елеулі қаражат бөледі. Сонымен бірге осы кезеңдегі басты міндеттердің бірі ауылдағы жер реформасын аяқтау, жердің нақты әрі тиімді меншік иесін қалыптастыру үшін қажетті заңнамалық база жасау болып табылады. Қазіргі уақытта Қазақстанның ауыл шаруашылық алқаптарының алаңы 222 миллион гектарды құрайды, немесе бұл дегеніңіз бүкіл Ұлыбритания аумағынан 9 есе көп. Орташа алғанда республиканың әрбір тұрғынына 15 га ауыл шаруашылық жерінен келеді. Осы көрсеткіш бойынша біздің еліміз әлемде, тек Австралиядан кейін, екінші орын алады.
Қазіргі уақытта жер пайдаланушыларға 90 млн.га ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер бекітілген, соның ішінде 21 млн.гектары егістік. Тек ауыл тұрғындарының ғана емес, бүкіл республика тұрғындарының игілігі жерді қалай тиімді пайдалануға байланысты болмақ. Көптеген дамыған елдердің тәжірибесі экономикалық гүлдену жолының түпкілікті аграрлық реформаларды және бәрінен бұрын жер реформасын жүзеге асыру арқылы өтетінін көрсетіп отыр.
Қазақстан бірнеше себептерге байланысты, тәуелсіздіктің алғашқы жылдарында экономиканың аграрлық секторына қатысты реформаны толық көлемде жүзеге асыра алмады. Тәуелсіздік алған сәттен бастап Жер кодексі қабылданған 2003 жылға дейін Қазақстанның жер туралы заңдары кеңес құқығының күні өткен принциптеріне негізделіп, ауыл шаруашылығында нарықтық қатынастардың дамуын баяулатты. Жерге меншіктің басым мемлекеттік нысанының басты кемшілігі жерге жауапсыз қатынас, оны ұтымсыз және тіпті заңсыз пайдалану проблемасы болды.
Жерге жеке меншіктің жоқтығы нақты қожайынды қалыптастыруды баяулатты, жерді ұтымсыз пайдалануды күшейтті. Жерді еркін сатып алу - сатудың мүмкін еместігінен жерді бөліп беру, оны заңсыз пайдаланып, алынған кірістерді жасыру жөніндегі әкімшілік шешімдер мен көлеңкелі сауда - саттық өсе түсті. Бұнымен қатар, жер заңдарының айқын еместігі және тұрақсыздығы соңғы 12 жыл бойына жердің құнарлылығын арттыруға жер пайдаланушыларды және өндіріске ұзақ мерзімді инвестицияларды ынталандырмады. Осының барлығы ауыл экономикасын дамытуға айтарлықтай кері әсерін тигізді. Жер қатынастары саласындағы қордаланып қалған проблемаларды шешу, ауыл шаруашылығына инвестициялар тарту үшін жағдай жасау мақсатында 2003 жылғы маусымда ел Президентінің Жарлығымен Жер кодексі қабылданды. Әсірелемей - ақ айтқанда, оның қабылдануымен ауыл шаруашылығына жеке меншік институтының енгізілуімен байланысты біздің ауылдарымыз түбегейлі өзгерістердің жаңа кезеңіне аяқ басты. Жеке меншіктің енгізілуі жердің толыққанды нарықтық айналымын қамтамасыз ету үшін және мынадай мақсаттарға қол жеткізу үшін жағдай туғызады:
- жер пайдаланудың ашық та жариялы санын қамтамасыз ету;
- жер пайдаланушылардың жерді ұтымсыз пайдаланғаны үшін экономикалық жауаптылығын көтеру, сондай - ақ ауыл шаруашылығы алқаптарының құнарлылығын сақтау мен көтеруді ынталандыру;
- өзінің жер учаскесі үшін және оның сапалы жай - күйі үшін жауап беретін адал меншік иесін қалыптастыру;
- жер туралы заңдарды нарықтық экономика талаптарына сәйкес келтіру;
- аграрлық секторға капитал салуды тартудың ең әрекетті тетіктерінің бірі ретінде жер мен жер пайдалану құқығын кепілге салып кредиттеудің ипотекалық нысанын пайдалана отырып, аграрлық сектордағы қаржы - кредиттік қатынастарды жетілдіру;
- ауыл шаруашылығынан артық еңбек ресурстарын босатып, оларды экономиканың басқа салаларына бағыттау;
- аграрлық өндірістің тиімділігін және елдегі село халқының өмір сүру деңгейін көтеру.
Жер кодексінің жаңа енгізулерін іске асыру барысында Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаев құқықтық ағартудың тиімді әрі қолжетімді жүйесін жасауды, сондай - ақ ауыл шаруашылық жерлеріне жеке меншік институтының енгізілуіне байланысты ауылдарда түсіндіру жұмыстарын жүргізуді тапсырды.
Жеке тұлғалар - Қазақстан Республикасының азаматтары, шетелдік азаматтар, азаматтығы жоқ адамдар. Азаматтардың, заңды тұлға құрмай - ақ, кәсіпкерлік қызметпен және шаруашылық қызметпен және шаруа (фермер) қожалығымен айналысуға құқығы бар (ҚР АК 19 - бабы және Шаруа (фермер) қожалығы туралы ҚР З1 - бабы).
Мемлекеттік емес заңды тұлғалар - меншікке, шаруашылық жүргізуге немесе жекеленген мүлікті оралымды басқаруға құқығы бар ұйымдар (түрлері мен нысандары - шаруашылық серіктестердің барлық түрлері, акционерлік қоғамдар, өндірістік кооперативтер). Заңды тұлғалардың және коммерциялық емес ұйымдар (мекемелер, қоғамдық бірлестіктер, тұтынушылар кооперативтері, селолық тұтынушылар кооперативтері және заңдарда көзделген өзге де нысандар).
Жергілікті атқарушы органдар - аудандық дәрежедегі, облыстық, Алматы, Астана қалаларының, облыстық дәрежедегі қалалардың, аудандық (қаладағы аудандардан басқа) атқарушы органдары кент, ауыл (село), ауылдық селолық округ әкімдері.
Қазақстан Республикасы Үкіметінің Қаулысы. Жер ресурстарын басқару жөніндегі аумақтық орган - облыстық, аудандық жер ресурстарын басқару жөніндегі комитет.
Ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер - құрамына ауыл шаруашылығы алқаптары мен ауыл шаруашылығының жұмыс істеуіне қажетті ішкі шаруашылық жолдары, коммуникациялар, тұйық су айдындары, мелиорациялық желі, қора - жайлар мен ғимараттар орналасқан жерлер, сондай - ақ басқа да алқаптар кіреді (сор, құм, тақыр және ауыл шаруашылығы алқаптарының алабына қосылған басқа да алқаптар кіретін ауыл шаруашылығының қажеттіліктері үшін берілген жерлер).
Ауыл шаруашылығы алқаптарына:
- егістік;
- тыңайған жер;
- көп жылғы екпелер, егілген жерлер;
- шабындықтар;
- жайылымдар жатады.
Ауыл шаруашылығы алқаптарын бір санаттан екіншісіне ауыстыру жер учаскесінің меншік иесінің ауыл шаруашылығы жер учаскесінің орналасқан жері бойынша жергілікті атқарушы органға берген өтініші, сондай - ақ жергілікті атқарушы органның бастамасы бойынша жүзеге асырылады. Ауыл шаруашылығы алқаптарын бір түрден екіншісіне ауыстыру қажеттілігі табиғи факторларға, оларды бұдан кейін де басқа жер алқаптарының құрамында пайдаланудың экономикалық тұрғыдан орындылығына негізделеді.
Жер қорының құрамы негізінен нысаналы мақсатына сәйкес келесі негізгі жер санаттарына бөлінеді:
1. Ауыл шаруашылық мақсатындағы жерлер;
2. Елді мекендердің, қалалардың, поселкелер мен ауылдық елді мекендердің жерлері;
3. Өнеркәсіп, көлік, байланыс, қорғаныс және өзге де ауыл шарушылық емес мақсаттағы жерлер;
4. Ерекше қорғалатын табиғи аумақтардың жерлері;
5. Мемлекеттік орман қорының жерлері;
6. Мемлекеттік су қорының жерлері;
7. Босалқы жер.
Бұл санаттар бойынша бөлінулер Жер туралы Жарлықта бекітілген. Ауыл шаруашылығы үшін берілген немесе осы мақсатқа арналған жерлер ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлер деп танылады. Олар шаруа қожалықтарының, азаматтардың, кооперативтердің, серіктестіктердің және басқа да жер пайдаланушылардың, ауыл шаруашылық өндірісімен айналысушылар пайдалануында болады. Бұл жерлердің бөлек санаттарға бөлінуі маңызды шаруашылық мәнге ие. Бұл қарастырылған санаттағы жерлер ерекше бағаланады және талқыланады. Бұл жерлерді ауыл шаруашылық кәсіпорындарында, ұйымдарында, мекемелерінде, олардың ауыл шаруашылық даму жоспарына сәйкес, базарларды ауыл шаруашылық өнімдерімен және өндірісті шикізатпен қамтамасыз ету мақсатында пайдаланады. Елді мекендердің жерлеріне - қалалар, қала типтес поселкелер және ауыл елді мекендік жерлері жатады. Жалпы бұл категориядағы жерлер кеңістік базис ретінде, яғни ғимараттар мен құрылыстар және т.б. орналастыратын орын ретінде қолданылады.
Қала жерлеріне қала шегімен шекаралығын бөліп жатқан барлық жерлер жатады. Қала шегі - бұл қала жерінің сыртқы шекарасы, оларды бірыңғай жер қорының басқа санаттарынан бөліп тұратын. Оны тиісті мемлекеттік органдар бекітеді және жерге орналастыру тәртібін белгілейді. Қала жерлері құрамына: қала құрылысы жерлері, жалпы пайдаланудағы жерлер, ауыл шаруашылығына пайдаланатын және басқа алқап жерлері, қалалық ормандар иеленген жерлер, көлік және өнеркәсіптер пайдаланатын жерлер, т.б жерлер кіреді.
Үшінші санатқа өнеркәсіп, көлік, байланыс, қорғаныс жері және ауыл шаруашылығына арналмаған өзге де жерлер жатады. Олар кәсіпорындардың, ұйымдардың және мекемелердің пайдалануына берілген. Өнеркәсіптік жерлеріне қазба және өңдейтін өнеркәсіптік жерлері кіреді. Көлік және байланыс жерлеріне барлық түрдегі көлік және байланыс темір жол, әуежай, автомобиль, су, құбыртасымалы кәсіпорындары, мекемелері және ұйымдарының жерлері жатады. Қорғаныстық жерлерге Қорғаныс Министрлігіне қажет үшін бөлінген учаскелер кіреді.
Төртінші санатқа ерекше қорғалатын табиғи аймақтық жерлері - ұлттық парктер, қорықтар, заказниктер және т.б. жатады. Қорықтар жерлеріне жер учаскелері белгілі бір тәртіппен бөлінген, ғылыми және мәдени байлығы бар табиғи объектілер жатады, олар тиісті ведомствоның қарауында болады.
Бесінші - мемлекеттік орман қоры жерлері құрамына орманы бар, сондай - ақ ормансыз, бірақ орман шаруашылығының мұқтаждарына және орман шаруашылық кәсіпорындары, ұйымдары мен мекемелерінің пайдалануына берілген жер учаскелері кіреді.
Алтыншы - мемлекеттік су қоры жер санатына: су айдындары өзендер, көлдер, су қоймалары, арналар, ішкі теңіздер, аумақтық сулар, мұздықтар, батпақтар, гидротехникалық және басқа да су шаруашылығы құрылыстары орналасқан жерлер, сондай - ақ, су қорғау өңіріне, су айдындары жағаларын бойлап бөлінген жерлер жатады.
Жетінші - мемлекеттік босалқы жерлері, меншікке немесе жер пайдалануға мерзімсіз немесе ұзақ мерзімге пайдалануға берілмеген жерлер жатады. Жалпы, бұл жерлер жаңа кәсіпорындарды ұйымдастыру үшін қор қызметін атқарады және пайдалану мен меншікке беріледі.
Жерге орналастыруды жүргізу жөніндегі тапсырыс берушінің:
- жеке өзі немесе өкілі арқылы жерге орналастыру процесінің барлық сатысына қатысуға;
- жерге орналастыру ісінің материалдарымен танысуға;
- өз ұсыныстарын қарауға енгізуге;
- жерге орналастыру процесінде туындаған келіспеушіліктерді шешуге қатысуға құқығы бар.
Жерге орналастыру жұмыстарын мемлекеттік кәсіпорындар, сондай - ақ Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес жерге орналастыру жұмыстарын жүргізуге белгіленген тәртіппен лицензия алған заңды тұлғалар мен азаматтар орындайды.
Жерге орналастыру процесі мынадай кезеңдері қамтиды: жерге орналастыру ісін жүргізуді бастау; дайындық жұмыстары; жерге орналастыру болжамдарын, схемаларын, бағдарламалары мен жобаларын әзірлеу; жерге орналастыру құжаттамасын қарау, келісу және бекіту; жерге орналастыру жобасын орындау.
Жерді пайдалану тек қана өндіріс деңгейімен шектелмей, оның жеке бөліктерін пайдалану сипатымен айқындалады. Бұл жағдай ауыл шаруашылық алқаптардың құрамында, олардың әртүрлі мақсаттарда пайдалануында байқалады ауыл шаруашылық дақылдарды өсіру, мал бағу, шөп шабу. Әртүрлі ауыл шаруашылық алқаптарды бағалаудың әдістемелік тәсілдерінде ерекшеліктер пайда болады.

1.2. Ауыл шаруашылық жерлері және оларды ұтымды пайдалану.

Жер қорының жер санаттары, яғни пайдаланушылар бойынша топтастырылуы белгілі бір жүйедегі кадастрлық бірлігімен және оның құрам бөліктерімен негізделеді. Әдетте статистикада есепке салу және бақылауға алынатын бірлік болып, есепке алу операциясы барысындағы топтастырудың алғашқы бірлігі қызметін атқаратын элемент түсініледі. Бұндай шаруашылық есепке алу ретінде бәрінен бұрын бөлек кәсіпорындар шығады. Жер кадастры объектісінің ерекшеліктері мен болуынан шығып, Қазақстандағы негізгі бірліктер ретінде кәсіпорындар емес, ауыл шаруашылық жер учаскелері танылады.
Ауыл шаруашылық жер учаскесі - бұл мақсатты міндет атқаратын, субъектік құқығы бар, сол сияқты жер пайдаланудағы немесе жер меншіктегі болатын, жоспарда және жергілікті жерде шекаралары белгіленген жер аумағының учаскесі. Атап айтқанда, ол мемлекетіміздегі жер қорының пайдаланылуына сипаттамалық экономикалық мән береді. Сонымен бірге ол белгілі - бір субъекттің пайдалану және иеленушінің құқықтық объектсі ретінде есептеледі. Яғни жер учаскелері жеке және заңды тұлғалардың иеленуінде және жеке заңды тұлғалардың тұрақты немесе уақытша пайдалануында, соның ішінде мемлекеттік кәсіпорындары, ұйымдар, мекемелер болуы мүмкін. Жер пайдалану түсінігі түгел алғанда көп қырлы. Бұл түсінікті анықтау барысында бәрінен бұрын қоғамдық - өндірістік қатынастарға сүйену керек, олар жер пайдаланудың мәнін табиғат құбылысы ретінде анықтайды. Сондықтан, кең мағынада жер пайдалану - бұл әлеуметтік - экономикалық құбылыс.
Оның экономикалық мәніне, құбылыстық сипат сияқты, жер пайдалану құқығы түсінігінің негізі жатады. Кәсіпорындар формалары негізін өндіріс құралдарының меншік формасы құрайды. Сонымен жер пайдалану, шындығында өндіріс әдісімен және өндірістік қатынастармен байланысты. Дегенмен жер пайдалану түрлері қоғамның өндірістік күшін дамыту деңгейімен анықталады. Нақты жер пайдаланушыларға мемлекет бекіткен, нақты жер учаскесін пайдалану оған құжат беру нәтижесінде құқықтық түрге ие болады. Жер пайдаланушыға пайдалануға берген территория шаруашылық ретінде және құқықтық қатынас бойынша ерекшеленеді. Ол бөлек тұлғаның пайдалану құқығы объектісі ретінде шаруа қожалығы немесе тұлғалар тобы ретінде айқындалады.
Республикамызда жер пайдалану құқығына кәсіпорындар, ұйымдар және мекемелер сияқты азаматтар да ие. Бұл негізгі екі жер меншігі - мемлекеттік және жеке меншік түрлерімен шартталған.
Жер пайдалану түсінігі нақты экономикалық мәнге ие. Ол қоғамдық өндіріспен байланысты және тіркеуге алуға жататын, есепке алынатын және бағаланатын толық нақты территория ретінде тікелей белгіленіп қойылады. Ол негізгі кадастрлық бірліктің негізгі формасы - жер учаскесі сияқты болып келеді.
Жердің көп бөлігі жер пайдаланушыларға шексіз уақытқа пайдалануға берілген. Сондықтан бұндай жерді пайдалану түрі негізгі болып есептелінеді. Ал қазіргі жағдайда, яғни жаңа заң қабылданғаннан кейін уақытша пайдалану қысқа мерзімді - 5 жылға дейін, ұзақ мерзімді 5 - 49 жылға дейін енгізілуі мүмкін. Және жерді уақытша пайдалану жалға берілген болып саналады. Жерлер қауымдық пайдалануға мемлекеттік заңды тұлғаларға және азаматтарға қызметтік учаскелер ретінде тұрақты пайдалануға беріледі.
Жерге жеке меншік азаматтар мен мемлекеттік емес заңды тұлғалардың меншігі түрінде болады. Меншік иесінің тиісті жерді иеленуге, пайдалануға және оған билік етуге құқығы бар. Жеке меншікке жататын жер учаскесі қозғалмайтын мүлік деп саналады. Меншік иесі өзінің жер учаскесін заң актілерінде тыйым салынбаған кез - келген мәмілелерді жасауға, атап айтқанда жер учаскесін заңдылық бабы бойынша сатуға, шаруашылыққа, серіктестікке жарналық капитал ретінде еңгізуге, кепілдікке беруге, сыйға және мұра етіп қалдыруға, жер учаскесін жалға беру, жалдау немесе өтеусіз пайдалану шарты негізінде уақытша пайдалануға беруге құқылы.
Жер пайдалану құқықтарына: тұрақты немесе уақытша, өтімді немесе өтімсіз, иесіздендіру немесе иесіздендірмеу жатады. Жерді пайдаланушылар: мемлекеттік және мемлекттік емес, жеке және заңды тұлға, тұрақты және уақытша, бастапқы және кейінгі болып бөлінеді. Жер пайдалану құқығы: жер пайдалану құқығын ұсыну; жер пайдалану құқығын тапсыру; жер пайдалану құқығының заңды мұрагерлік тәртібімен өтуі.
Жер пайдаланудың экономикалық мәнін көрсетуші - жер алқаптары. Жер алқаптарының өндіріс құралдары сияқты жерді пайдалануда экономикалық, шаруашылық формалары болады. Алқаптардың өзара қатынасы арқылы ауыл шаруашылық өндірісіндегі жерлерді пайдалану сипаттамасы бойынша және белгілі бір шамада шаруашылықтың бағыты мен мамандандырылғандығы туралы пікір айтуға болады. Жер алқабы деп - нақты шаруашылық мақсаты үшін пайдаланылатын және белгілі бір табиғи - тарихи қасиеттеріне ие болған территориялар түсініледі. Мемлекеттік жер кадастрында ол негізгі элемент болып есептеледі.
Жердің құралы ретінде көрінуі оның тікелей түрде нақты шаруашылық қолдануында жатыр, бұл түрде ол белгілі бір жер алқабы түрінде болады, яғни сол территория нақты мақсат үшін пайдаланылады. Жерлерді ауыл шаруашылығында пайдалану арқасында біз адамдар тіршілігі үшін ең керекті өнімдерді аламыз. Ауыл шаруашылық алқаптарында мәдени өсімдіктерді өсіреді және мал шаруашылығына азық дайындайды. Сондықтан, бұндай өнімді алқаптар кадастрде ерекше топқа жатады - ауыл шаруашылық алқаптары ретінде бөлінеді. Егістік жерлерде негізгі ауыл шаруашылық өнімдері өсіріледі, оның ішінде бірінші орында астық. Жер пайдалану құрамында уақытша пайдаланылмай жатқан жыртылған жерлер де болады. Олар тыңайма. Бұл да бөлек алқаптардың бірі болып саналады.
Көпжылдық жемісті ағаштар егілген жер учаскелері ауыл шаруашылық алқаптарының ең бағалы түрі болып саналады. Егістік жер секілді, олар жүйелі түрде күтімді қажет етеді. Егістіктен айырмашылығы бұл учаскелерде көпжылдық ағаштарды және бұталы өсімдіктерді өсіреді, жер есебінде бұл алқапты бірнеше түрге бөледі.
Шабындықтар мен жайлымдардың маңызды шаруашылық мәні бар. Оларды әдетте табиғи азықтық алқаптар деп атайды. Олар белгілі үлесті мал шаруашылығы азығы қорын жасайды. Ауыл шаруашлығында қолданбайтын жерлер - алқаптар да болады.
Жер пайдалану құрамында, пайдаланатын жерлерден басқа және пайдаланбайтын жерлер шұңқыр, жыра, сай, батпақ т.б. болуы мүмкін. Оларды табиғи жағдайы бойынша есептейді. Әрбір алқаптар бөлек контурлардан тұрады. Контур деп әдетте, бір текті алқаптан тұратын және бекітілген сыртқы шекаралары бар территорияны түсінеді. Көрсеткіш ретінде ол белгілі шаруашылық мәні бар және өлшеммен сипатталады. Бөлек контурлардың аудандарын жинау алқаптардың аудандарын анықтауға мүмкіншілік жасайды. Сондықтан дәлірек контурлар бастапқы есепке алу элементі ретінде шығады және жер есебінде есеп бірлігі болады.
Жер кадастрын жүзеге асыру процесінде, еліміздің біріңғай жер қорының құқықтық жайын, табиғи және шаруашылық жағдайлары мен жер пайдаланудың әр түрлі ақпараттарын жинайды, үйренеді және талдайды. Бұл ақпараттардың дұрыстығы мен толықтығы, оны алу тәсілдеріне байланысты. Бұл мақсаттар үшін, халықшаруашылық есебіне белгілі амалдар, сондай - ақ жер кадастрына ғана тән және бірінші кезекте графикалық ерекше тәсілдер қолданылады. Соңғысы, дұрыс ақпараттардың алынуы үшін негіз болады. Оның мәні мынадай, жер кадастрдың объектісі ретінде, бәрінен бұрын, кеңістік өлшемдері және жағдайларымен сипатталады.
Оның сандық және сапалық көрінісі үшін, кеңістікте есептелінетін анықталатын заттың тиісті өлшемдерін жүзеге асыру, яғни жергілікті жерде арнайы түсірістер мен тексерулерді жүргізу талап етіледі. Қағазда тиісті масштабта, графикалық тәсілдермен алынған нәтижелер негізінде, сол жергілікті жермен бірдей, жоспарлы - картографиялық құжат алынады. Бұл жоспарда қандай мәндер көрсетілгендігіне байланысты, олар, мысалы, топырақ, геоботаникалық және т.б. түрлерге бөлінеді.
Кешенді жоспарлы - картографиялық материалдар, онда мәліметтердің бәрі бейнелеп көрсетіледі , жер кадастры үшін жер - кадастрлық карта қажетті болуы мүмкін. Жоспарлардың масштабы кадастрландыратын территориялардың жер пайдалану, облыс, аудан территориясы және с.с. өлшемдеріне, атқаратын қызмет жүгіне, мазмұнына байланысты түрліше болуы мүмкін. Жер кадастрының мақсаттары үшін территорияларды картаға түсіру, картографияның және геодезияның тиісті әдістеріне сүйенеді. Жоспарлы - картографиялық материалдар қашанда, қазіргі заман дәрежесіне лайықты болуы керек.
Бұл мақсаттар үшін, оларға түзету жүргізіледі, яғни бұл жер жағдайында болып жатқан өзгерістерді жергілікті жерде анықтайды және жоспарға енгізеді. Жер кадастрының жоспарлы - картографиялық материалдарына нақты талаптар ұсынады. Олар жердің кеңістік жағдайын, сапалық жағдайын және пайдалануын сипаттайтын жергілікті жердің барлық элементтерін қамтамасыз етуі керек.
Жергілікті жердің барлық элементтері жоспарларда жеткілікті дәлдікпен және толықтықпен бейнеленеді. Кадастр және жерді ұтымды пайдалану мақсаттары үшін суретке түсірулер мен тексерулер жүргізіледі. Суретке түсірулер мына түрлерге: жердегі құрлықтағы, аэрофототүсіріс, аэрокосмостық болып бөлінеді. Жердегі түсіріс теодолиттік, мензулалық және т.б. аэрофототүсіріс материалдары болмаған жағдайда, онша үлкен емес аудандарда қолданылады. Ол жердің құрамы мен пайдалануындағы күнделікті өзгерістерді есепке алу барысында қолданылады. Қазіргі кезде жер кадастрында аэрофототүсірістер кеңінен қолданылады. Ол біршама қысқа уақыт ішінде еліміздің барлық территориясының жағдайы мен пайдалануын сипаттайтын, жергілікті жердің барлық элементтерін егжей - тегжейлі бейнелейтін қажетті жоспарлы материал алуға мүмкіндік береді. Кадастрда аэрофототүсірістің әр түрлі түрдегі аэрофотосуреттер, фотопландар және с.с. жоспарлы материалдары қолданылады.
Аэрофототүсіріс материалдары аудандары бойынша үлкен емес жер пайданушыларды, соның ішінде үй іргелерін есепке алу барысында да қолданылады. Жеке жер пайданушылар жерін есепке алу барысында жер пайдаланудың фотопландары және фотопланшеттері қолданылады. Олардың масштабтары жер пайдалану өлшемдеріне, алқаптар контурлылығына және с.с. байланысты түрліше болуы мүмкін.
Қазіргі уақытта аэрокосмостық әдістер, соның ішінде оптикалық және инфрақызыл диапозонда көп спектрлік түсірістер мен радиолокациялық түсірістер көмегімен жер ресурстарын жан - жақты үйренудің нақты ашық мүмкіндігі туды. Бірінші әдіс әр түрлі жер учаскелерінің, жер бедері мен т.б. дымқылдану және тұздалу дәрежелері, топырақ және өсімдік жамылғылары туралы мәліметтер алу үшін қолданылуы мүмкін.
Радиолокациондық түсіріс әдісі жердің топографиялық картасын жасау мәселелерін шешуге мүмкіндік жасайды, тереңде жатқан жер асты суларын және су тұтқыш қабаттарды анықтайды, топырақтың ылғалдану дәрежесін бағалайды, қар жамылғысының қалыңдығы мен ондағы су қорларын анықтайды. Ол табиғи мал азықтық алқаптардың өсімдіктері және егістіктің жағдайы туралы ақпарат алуға мүмкіндік береді. Аэрокосмостық түсіріс, әсірісе үлкен аудандарда жер кадастрын жүргізу және жер ресурстарын үйрену барысында кеңінен қолданылады.
Жерлерді тексеру - жер кадастрлық мәліметтерді алу үшін үлкен мәнге ие. Олар жер алқаптарының нақты жағдайларын анықтауға мүмкіндік береді және оларды ұтымды, қарқынды интенсивті пайдалану мүмкіндігін анықтайды. Жерлерді тексеру екі негізгі түрге бөлінеді: агрошаруашылық және арнайы. Агрошаруашылық тексерулер барысында жер алқаптарының, олардың сыртқы белгілері бойынша сапалық жағдайлары туралы керекті мәліметтер алынады. Бірақ, бұл белгілері бойынша жер алқаптары сапасының жан - жақты сипаттамасын алуға болмайды. Бұған байланысты арнайы: топырақтық, геоботаникалық және мелиоративтік тексерулер жүргізіледі. Топырақты тексеру барысында, топырақты сипаттайтын, олардың негізгі табиғи қасиеттері бойынша мәліметтер мен материалдар алынады. Геоботаниклық тексерулер табиғи мал азықтық алқаптарда шабындық, жайылым өсіп жетілетін өсімдік топтарының құралы мен сапасы туралы мәлімет береді. Олар мал азықтық алқаптардың типтерін анықтауға және олардың өнімділіктерінен сипаттама алуға мүмкіндік береді. Мелиоративтік тексерулер барысында жер алқаптарының мәдени - техникалық жағдайлары, ылғалдану дәрежесі, жер асты суларының орны және т.с.с. анықталады. Жер кадастырында территорияларды аудандастыру және жерлерді экономикалық бағалау мақсаттарымен ауыл шаруашылық кәсіпорындарында экономикалық -статистикалық тексерулер жүргізіледі. Жер кадастырында бастапқы ақпараттар қандай болса, арнайы ақпараттарды алу, өңдеу және талдаудың статистикалық тәсілдері де сондай әдістермен жүргізіледі. Математикалық - статистикалық әдістер жер кадастрлық көрсеткіштерді, бәрінен бұрын бағалау көрсеткіштерді есептеп шығару барысында қолданылады. Жерді бағалау барысында жер алқаптарының құралы мен пайдалануы, дақылдардың түсімділігі өнімділігі, өндірістік шығындары, жалпы өнімділік, табыстылығы және т.б. туралы көптеген мәліметтерді жинау және жүйелеу жүргізіледі.
Статистикалық зерттеулер бақылаулар келесі кезеңдерден тұрады: дайындық жұмыстары, материалдарды тікелей алу, алынған мәліметтерге бақылау жасау, материалдарды дайындау және жүйелеу, оларды өңдеу. Статистикалық зерттеуді бақылаудың негізгі формалары есеп беру және сынақ.
Есеп беру - бұл бақылау жасаудың бір түрі, бұнда статистикалық органдар белгілі мерзімде тиісті кәсіпорындардан, мекемелерден, ұйымдардан белгілі заңды құжаттар түріндегі керекті материалдарды алады. Сынақ - бақылау түрі, бұнда статистикалық органдар тексеруді белгілі бір күнге арнайы ұйымдастыру жолымен материалдарды жинайды. Жер кадастырында жылдық есеп беру қарастырылған. Кәсіпорындар, ұйымдар және мекемелер жыл сайын 15 - қарашадан кешіктірмей тиісті ауданның қаланың атқарушы органдарына бірыңғай бекітілген формасы, олардың пайдалануындағы жерлер құрамының жыл бойында болған өзгерістер туралы 1 -қарашадағы жағдайы бойынша есептер береді. Тиісті мемлекеттік жерге орналастыру органдары Республика, облыстар, аудандар бойынша жерлердің қолда бар және бөлу туралы, 1 - қаңтарға есептер жасайды.
Жыл сайын бұл есепке ауыл шаруашылық алқаптарының бар болуы соның ішінде суарылатын және құрғатылатын жерлер туралы бөлек мәліметтер, олардың түрлері және жер пайдаланушылар бойынша үлестіру туралы мәліметтер мен өткен жылы жеке және заңды тұлғаларға бөлінген жерлер туралы мәліметтер кіргізіледі.
Тіркеу түріне байланысты бақылау күнделікті және үздікті деп айырылады. Күнделікті бақылау барысында объект жағдайындағы өзгерістер мүмкіндігінше олардың пайда болуымен жүйелі түрде тіркеледі. Оған жер пайдалану құрамындағы және жер алқаптарындағы өзгерістерді де есепке алу жатады. Үзілмелі бақылау барысындағы өзгерістер белгілі азды - көпті ұзақ мерзімнен кейін жүргізіледі. Олар өз кезегінде мерзімді (бірдей уақыт аралығынан кейін үнемі жүргізіледі) және бір уақытта (қажеттілігіне қарай орындалады) болып бөлінеді. Үзілмелі бақылауға жерді бағалау жатады, оның мәліметтері бес жылда бір рет анықталады, ал бір уақыттағыға - көп жылдық көшеттердің сынағы, жерді түгендеу, топырақтық, геоботаникалық, мелиоративтік тексерулер, жердің және жер пайдаланудың түсірістері жатады. Олар қажеттігіне қарай жүзеге асырылады. Объектіні қамтуына қарай бақылау жаппай және жаппай емес болып бөлінеді. Жаппай қамтуда - объект бірліктері түгел тіркеледі. Бұған: жердің бастапқы есебі, бағаланатын территориялардың барлық шаруашылықтарының ақпараттарын пайдалану арқылы жер бағалау көрсеткіштерін анықтаудың жаппай әдісі жатады. Жаппай емес қамтуда - объект бірлігінің бір бөлігі ғана белгіленеді. Соңғысы өз кезегінде келесі үш түрге бөлінеді: ішінара, анкеталық, монографиялық бақылау. Тексеруге ішінара жаппай емес бақылау барысында, зерттелетін жиынтықтың бірлік бөлігі түседі, бұл барыста алынған нәтижелер жиынтықтың барлығына қолданылуы, таратылуы мүмкін.
Сұрыптау жасалынатын барлық шаруашылық - басты жиынтықты, ал бағалау шкалаларын құру үшін пайдаланылатын шаруашылық - ішінара жиынтықты құрайды. Бұл мақсаттарда ішінара бақылау барысында, біріншіден бөлек бірліктерге сұрыптау қатаң, нақты жүргізілуі қажет, екіншіден, ішінара алынған бірліктер саны мүмкіндігінше көп болуы керек.
Зерттелетін құбылыстың түріне байланысты статистикада сұрыптаудың келесі үш түрі белгілі: кездейсоқ, механикалық және типтік. Кездейсоқ тәсілде тексерілетін бірліктер жеребе бойынша таңдап алынады. Механикалық тәсілде тексеру үшін керекті бірліктер барлық жиынтықтан белгілі жүйелікпен таңдап алынады, мысалы бір - біріне берілген арақашықта және т.б. Типтік сұрыптаудың мәнісі мынадан тұрады, мұнда зерттелетін жиынтық алдын - ала топтарға бөлінеді және олардың ішінде механикалық немесе кездейсоқ тәсілмен тексерілген бірлікке керекті мөлшерде сұрыптау жүргізіледі. Ішінара бақылауды жүргізу нәтижесінде алынған мәліметтер құбылыстың барлық жиынтығына таратылады, бұл барыста әдетте таратудың екі тәсілі қолданылады: а) тура қайта есептеу; б) түзету коэффициенттері. Тура қайта есептеу тәсілі барысында, ішінара тексерудің барысында табылған белгінің орташа шамасын басты жиынтықтық бірліктерінің санына көбейтеміз. Түзету коэффициенттері тәсілінің мәні мынада, мұнда жаппай және ішінара бақылаулардың тиісті мәліметтерін салыстыру негізінде айырмашылық проценті, түзету коэффициенттері анықталады. Келесі алынған коэффициенттер жаппай бақылау мәліметтеріне енгізіледі. Түзету коэффициенттері тәсілі жаппай бақылау нәтижелеріне бақылау жасау мақсатында ішінара бақылау жүргізілген жағдайда қолданылады. Статистикалық мәліметтерді алу үшін, бақылаудың анкеталық түрі арнайы мәселелерді толтыруға негізделіп, қолданылады. Монографиялық бақылау барысында объекттің бөлек типтік бірліктерін зерттеу және баяндау, жаппай тексерулер барысында күрделі мәселелерді көбірек, тереңірек және егжей - тегжейлі үйренуге мүмкіндік береді.
Статистикалық бақылаудың негізгі тәсілдері: тікелей бақылау, құжаттық тәсіл және сұрау деп бөлінеді. Тікелей бақылау барысында керекті жер - кадастрлық мәліметтер мен құжаттарды толтыру, түсірістерді жеке қарап шығу және жергілікті жерде тексеру негізінде жер кадастрлық жұмыстарды жүзеге асыратын арнайы мамандар жүргізеді. Бұл тәсіл тым жетілдірілген және ең анық болады. Бақылаудың құжаттық тәсілі барысындағы керекті мағлұматтардың мәліметтері бірнеше кезекте есеп беру және әр түрлі түрдегі құжаттар болады.
Мысалы, ауданның жер кадастрлық құжаттарын толтыру барысында кәсіпорындардың, ұйымдардың және мекемелердің есептері, ал жерді бағалау барысында ауыл шаруашылық кәсіпорындардың есепке алу және есеп беру құжаттары қолданылады. Белгілер мәнді және мардымсыз деп бөлінеді. Мәнді белгілер құбылыстың әлеуметтік - экономикалық мәнін көрсетеді. Мысалы, шаруашылықтың түрін анықтау барысында олар меншіктік түрі, өндірістік өлшемдері және с.с. болады. Құбылысты сипаттайтын белгілер сандық және атрибуттық болып бөлінеді. Сандық белгілерге сан түрінде көрсетілетін жеке мәндердің белгілері, ал атрибуттық белгілерге сондай жеке мәндердің сандарымен көрсетілмейтін белгілері жатады. Өз кезегінде сандық белгілер олардың шамалары өзгерістерінің түріне байланысты, үздікті және үздіксіз болып бөлінеді. Тек кейбір нақты толық мәндердің ғана қолданылуы мүмкін болған белгілер үздікті немесе дискреттік деп аталады ауданда жер пайдаланулар саны, ауылда аулалар саны және т.с.с. Кез келген мәндерде қолдануы мүмкін белгілі бір шектегі, белгілер үздіксіз деп аталады. Мысалы; түсімділік, жер пайдалану өлшемі және с.с.
Жер кадастырында есепке алу және бақылау жүргізу нәтижесінде көптеген ақпараттар алынады, оларды өңдеу және жинақтап қорыту керек, сондықтан жұмыстың келесі кезеңі жиналған мәліметтерді жинау және өңдеу болады.
Жинақ жалпы және топтық көрсеткіштерді есептеуді, типтік топтар мен топшаларды сипаттау үшін көрсеткіштер жүйелерін алуды, материалдарды топтастыруды өз ішіне алады. Топтастыру деп зерттелетін құбылыстың жиынтықтағы белгілері бойынша маңызды топтар мен топшаларға бөлінуін айтады. Топтастыру: типологиялық, аналитикалық және структуралық болып бөлінеді.
Типологиялық топтастыру әлеуметтік - экономикалық типтердің сипаттамаларға бөлінуіне бағытталған. Жер кадастырында оған жер қорының жер пайдаланушылар категориялары бойынша топтастырылуы жатады. Қоғамдық құбылыстар арасында аналитикалық топтастыру көмегі арқылы сипатталуы және ашылып көрсетілуі мүмкін болған белгілі өзара байланыс пен өзара байланыстылық бар, мысалы мұндай топтастырулар көмегімен топырақ бонитировкасы барысында дақыл өнімділігі мен топырақ сапасы арасындағы өзара байланыс анықталды. Өзара байланысты белгілер, факторлық және нәтижелі болып бөлінеді. Факторлық өзгерістерге себепші болатын белгілер жатады. Бақылаулардың оған әрекет етуімен өзгеретін белгілер нәтижеліге жатады. Мысалы, дақылдық өнімділік - нәтижелі белгі, жердің сапасы - факторлық белгі. Жер бағалау барысында аналитикалық топтастырулар, дақылдардың өнімділіктері арасында өзара байланысты сандық жағынан өлшеу және анықтау мүмкіндігін береді, бір жағынан жер сапасы мен экономикалық факторларын, екінші жағынан оның пайдалануын ескере отырып, жерге салыстырмалы баға беруге мүмкіндік жасайды.
Топталу белгісі және бірнеше белгілері бойынша жүзеге асырылған топтасуды жай деп атайды. Егерде топтар екі немесе одан да көп өзара байланысқан белгілері негізінде бөлінсе, онда мұндай топтастыру құрастырылған деп аталады. Жай топталуға мысал ретінде, шаруашылықтардың жер көлемдері өлшемдері бойынша топталуын жатқызуы мүмкін. Егер бұл топтар жер алқаптары аудандарына байланысты топшаларға бөлінсе, онда бұл құрастырылған топталу болады. Егер, мысалы, әрқайсысы бойынша белгілерден үш топ құрылса, онда екі белгілердің құрастырылуы тоғыз топты, үш белгілер - 27 топты және т.б. береді.
Сонымен құрастырылған топталу барысында белгілер саны өсуімен топтар саны тез көбейеді. Жер кадастырында, абсолюттік, салыстырмалы және орта шамалар өлшеу мен сипаттау үшін кең қолданылады. Абсолюттық шамалар зерттелетін шаманың және құбылыстың өлшемдерін сипаттайды. Олар жеке және жиынтық көрсеткіштерге бөлінеді.
Жеке көрсеткіштер анықталатын объектердің жеке белгілерінде бар болған сандық белгілердің өлшемдерін көрсетеді. Мысалы, оған фермер жері ауданының өлшемі, жеке учаскенің өнімділігі және т.б. жатады.
Жиынтық көрсеткіштер анықталатын қоғамдық ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Шаруа қожалығының жер телімін аумақта орналастыру
Ауыл шаруашылығының бәсекеге қабілеттілігін қалыптастыратын факторлар
Ауыл шаруашылығы өндірісінің қысқаша бағдарламасы
Аймақтардың ауыл шаруашылық саласының даму деңгейі
Шаруа қожалығы
Аймақтық өндірістік аөк инфрақұрылымының құрылуымен қалыптасуының теориялық және әдістемелік негізі
Мақта саласындағы агроқұрылымдарды оңтайландыру (ірілендіру) және типтік шаруашылық моделінің экономикалық негіздері
Агроөнеркәсіптік бизнесті дамыту Қазақстанның экономикалық өсу драйвері ретінде
Қазақстан ауыл шаруашылығындағы жағдай
Оңтүстік Қазақстан обылысы Ордабасы ауданы «Бағлан» шаруа қожалығында жыртылған жерлерін орналастыру жобасы
Пәндер