Арготизмдер



Мазмұны

І. Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..3.5

ІІ. Негізгі бөлім

1. Арго сөздердің жаргонмен қатарласа зерттелуі ... ... ... ... ... ... ..5.9.
2. Қолданыстағы арго сөздер ... ... ... 9.14

ІІІ. Қорытынды ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..15

IV. Пайдаланылған әдебиеттер ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...16
Курстық жұмыстың жалпы сипаттамасы

Курстық жұмыстың мақсаты мен міндеті: Арго сөздердің қолданылу және зерттелу ерекшеліктеріне сипаттама беру.

Курстық жұмыстың пәні: Тіл білімі саласы.

Курстық жұмыстың нысаны: Арго сөздердің қолданылу аясына талқылау жасау.

Курстық жұмыстың дерекөздері: Тақырыпқа қатысты әдебиеттер мен ғылыми еңбектер мүмкіндігінше қамтылды. Кейбір анықтамалық деректер ғаламтор ақпараттарынан іріктеліп алынды.

Курстық жұмыстың теориялық құндылығы: Жұмыстың материалдары мен қорытындылары лексикология жүйесіндегі ұғымдар арасындағы сабақтастықты мәлімдеуде маңызды орын алады.

Курстық жұмыстың практикалық маңыздылығы: Жұмысты «Тілдік қатынастар негізі», «Жалпы тіл білімі», «Лексикология» пәндерін оқытуда пайдалануға болады.

Курстық жұмыстың құрылымы: Курстық жұмыс кіріспеден, екі тараудан, қорытынды және пайдаланылған әдебиеттер тізімінен тұрады. Курстық жұмыстың көлемі – 16 бет.
Пайдаланылған әдебиеттер:
1. Қалиев Ғ. Қазақ диалектологиясының мәселелері. Алма- Ата, 1960
2. Махмұтов А. Қазақ тіліндегі көнерген сөздердің басқа лексикалық топтармен қарым-қатынасы. Қазақ тілі тарихы диалектологиясының мәселелері. 5-шығ. Алматы,1963
3. Розенталь Д., Теленкова М.А. Словарь - справочник лингвистических терминов. Москва, 1985
4. Ядринцев, Лингвистический энциклопедический словарь. Москва, 1998.
5. Хасанов Б. Қазақ тілінде сөздердің метафоралы қолданылуы. Алма – Ата, 1966
6. Ахманова О.С. Словарь лингвистических терминов. Москва,1966.
7. Колесов В.В. Язык города. М. Выш.шк,1991.
8. Богородский Б.Л., Гулякова И.С., Мокиенко В.М. Дело табак// Русская речь. М: 1995 - №4.
9. Грачев М.А. По фене ботаю – тюрьму схлопотаю// Русская речь. М: 1993 - №4.
10. Грачев М.А. Арготизмы в молодежном жаргоне// Русский язык в школе. М: 1996- №1
11. Ларин Б.А. Западноевроопейские элементы русского воровского арго
12. Тауман Д. Түрме заңдары.

Пән: Тілтану, Филология
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 14 бет
Таңдаулыға:   
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ

Факультет: Филология
Кафедра: Қазақ тілі және оқыту технологиясы

Курстық жұмыс

Тақырыбы: Қазіргі қазақ тіліндегі арготизмдер

Дайындаған:
Қабдылдаған:

2014
Мазмұны

І. Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...3-5

ІІ. Негізгі бөлім

1. Арго сөздердің жаргонмен қатарласа зерттелуі ... ... ... ... ... ... .. 5-9.
2. Қолданыстағы арго сөздер ... ... ... 9-14

ІІІ. Қорытынды ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .15

IV. Пайдаланылған әдебиеттер ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ..1 6

Курстық жұмыстың жалпы сипаттамасы

Курстық жұмыстың мақсаты мен міндеті: Арго сөздердің қолданылу және зерттелу ерекшеліктеріне сипаттама беру.

Курстық жұмыстың пәні: Тіл білімі саласы.

Курстық жұмыстың нысаны: Арго сөздердің қолданылу аясына талқылау жасау.

Курстық жұмыстың дерекөздері: Тақырыпқа қатысты әдебиеттер мен ғылыми еңбектер мүмкіндігінше қамтылды. Кейбір анықтамалық деректер ғаламтор ақпараттарынан іріктеліп алынды.

Курстық жұмыстың теориялық құндылығы: Жұмыстың материалдары мен қорытындылары лексикология жүйесіндегі ұғымдар арасындағы сабақтастықты мәлімдеуде маңызды орын алады.

Курстық жұмыстың практикалық маңыздылығы: Жұмысты Тілдік қатынастар негізі, Жалпы тіл білімі, Лексикология пәндерін оқытуда пайдалануға болады.

Курстық жұмыстың құрылымы: Курстық жұмыс кіріспеден, екі тараудан, қорытынды және пайдаланылған әдебиеттер тізімінен тұрады. Курстық жұмыстың көлемі - 16 бет.

Қоғам дамуы барысында тіл-тілдің қай-қайсының да белгілі бір өзгерістерге түсіп отыратыны - шындық. Кез келген тілдің лексикасы ішкі және сыртқы факторлардың әсерінен толығады, жаңа мағына үстейді немесе қолдану аясы тарылып, шағын ортаның қарым-қатынас құралына айналады. Демек, тілдегі осындай құбылыстардың өзі жекелеген топтардың тілдік ерекшеліктеріне де әсер етіп, олардың кеңеюіне, жаңарып отыруына әкеледі.
Біздің байқауымызша, қазіргі қазақ тіл білімінде диалектизм мен кәсіби (профессионализм) сөздер біршама зерттелмеген, тіліміздегі өзгеден өзінікін жасыру мақсатында немесе жекелеген әлеуметтік топтардың арасында қолданылатын сөздер мен сөйлемшелер жайы күні бүгінге дейін бірлі -- жарым еңбек, мақалаларда қысқа түрде сөз етілгенімен, арнайы зерттеу нысаны бола қоймай отыр.
Мәселен, Ғ.Қалиев пен Ш.Сарыбаев еңбектерінде шағын ғана әлеуметтік топтарға қызмет ететін, сол топтардың ұнатуына сай келетін арнаулы сөздер мен сөйлемшелер,- деген ортақ анықтама беріп, жаргон көбінесе дворяндық аристократия мен буржуазияның жоғарғы топтарыарасында қолданылады. Ал, арго тілі төменгі тап өкілдеріне тән. Арго жасырын әрекетті, құпия сырды бүркемелеу мақсатынан туған(1,8),- деп көрсетілсе, А.Махмұтов Жаргон үстем таптың жоғарғы топтарының тіл ерекшелігі болса, арго - әлеуметтік топтарға тән ерекшелік. Арго жасырын әрекетті, құпия сырды сөйлескенде оны білдірмеу мақсатынан келіп туған. Арго халыққа түсінікті сөздер негізгі мағынадан ауытқып, аз ғана топтың шартты белгісіне айналады. Арго элементтері қазақ тілінде де кездесіп отырады. Мысалы, апсар-жапсар (нәрсе жапсарда тұр), ылдым-жылдым (нәрсені тез ал), т.б.,-деп жазады. Демек, жаргон сөздердің пайда болуының негізгі себептері, ортадан оқшаулану, ерекшеленуден барып туындаса, арго сөздерді айтқысы келген ойын өзгелерден құпиялап, бүркемелеу мақсаттарынан туғанын ғалымдардың келтірген пікірлері мен тілдік дәйектерінен байқаймыз. Дегенмен, тілімізде мұндай сөз қолданыстарының бар екенін жоққа шығара алмаймыз. Мысалы: Біздің партизан құрамымыз Концерт деп аталатын үлкен операцияны бастамақ. Концерт деп отырғаны қандай операция, онын мәні неде екенін ұрыс даласында жүрген жауынгерлер білсе де қарапайым оқырман үшін ол жағы белгісіздеу, құпия болып қалатыны түсінікті. Қазақ тілтанушыларының жаргон немесе арго мәселесіне байланысты айтылған пікірлерінен адамдардың қоғамдағы орнына, айналысатын қызмет түріне, қызығушылығына байланысты жеке топтарға бөлінетіндігін және олардың өзіне тән жекелеген сөздердің қолданылатынын байқадық, ал бұларды саралау әдеби тілді дамыту үшін де қажет деп білеміз.
Арго мәселесі орыс тіл білімі ғылымында жан-жақты зерттеліп,арнайы сөздіктер де құрастырылған, сондықтан орыс тілтанушыларының еңбектерінде берілген пікірлерге тоқталуды жөн көрдік. Мәселен, орыс тілтанушылары Д.Э. Розенталь және М.А. Теленковалар бұлар туралы: Арго (французша argot-жаргон) язык отдельных социальных групп, сообществ, искусственно создаваемый с целью языкового обособления (иногда потайной язык), отличающийся главным образом наличием слов, непонятных людям непосвященным. Школьное арго. Студенческое арго. Спортивное арго. Арго картежников. Воровское арго (3,20)деп, ал жаргон то же, что арго, но с оттенком уничижения(3,75),- дейді.
Ядринцевтің Лингвистический энциклопедический словарь кітабында: арго - бір немесе бірнеше табиғи тіл элементтерінің мағынасын өзгертіп, жеке қарым-қатынас құралына айналдыру(4,43), деген анықтама береді. Қоғамның басқа мүшелері түсінбейтіндей қолданылатыны айтылған. Өйткені бұлар, біздің түсінуімізше, жалпыхалықтық қарым-қатынас мұқтаждықтарына емес, қандай да бір ахуалға байланысты не сөз ойнатым ыңғайында пайда болғандар сияқты. Демек, бұлар әр кезеңде, әр халықта болған жаңалық. Сондықтан да олар ерекшелену мақсатында қолданған таптанған ортаның, яғни қылмыстылар әлемінің тілі. Арго басқа тілден енген сөздер негізінде жасалады. Жаргон адамдардың қоғамдағы жағдайына, қызығушылығына, жасына, мамандығына қарай жинақтайтын, ауызекі сөйлеукезінде әлеуметтік топтың тілінің әрқилылығын көрсететін шартты тіл. Мәселен, шуба аргосы қауып-қатердің таянғаны жөніндегі хабарды білдірсе, степуха, пенсия деп степендияны атау жастарға тән. Бұл мысалдардың біріншісінің бойында құпиялылық мән бар, демек, ұрылар арасында қауіп-қатердің таянғаны шуба сөзі арқылы жеткізіледі екен. Бұдан аргоға айналған сөз жалпыхалықтық қолданыстағы мағынасынан толығымен айырылып, екінші бір мағынада қолданылатынын көреміз. Ал екінші мысалдағы степендия сөзінде жоғарыдағыдай атауды көпшілік жастарға тән деп қарауға болады. Бұл айтылғандардан аргоны қылмыстылардың тілі деп, жаргонды жекелеген топтың тілдерінде бар сөздер сөзойнатым ыңғайында әдейі өзгеріске түсіріп қолданған сөздердің жиынтығы деп түсіну жөн сияқты.
Аталған анықтамаларға мазмұны жағынан ұқсас тұжырымдамалар Ө.Д.Сүлейменова, Ю.С.Маслов, Н.В.Васильева, В.И.Беликов еңбектерінде де берілген.
Жалпы тіліміздегі жаргон, арголардың көбіне орысша қолданылатыны немесе калька түрінде пайда болатыны анық байқалады. Айталық, рэкитшілер тіліндегі крыша (басқа пана болатын, басты сақтайтын, қорғайтын адам), быки (топ, бригада мүшелері), кидать ету (алдап кету); әскери тілдегі дедовщина, машина жүргізушілер тіліндегі баранка, жастар тіліндегі общага, бакс, бабки т.т. базардағылар тіліндегі мент - сатушылардан да, алаяқтардан да алым алатын мықты, шпана - қалта тазалаудың маманы, кидала - біреулердің ұрлап әкелген заттарын саудагерлерге тарататындар, студенттер тіліндегі құлап қалу - емтиханнан жаман баға алу, құйыршық - қайта тапсыратын емтихан т.б. осындай сөздер.
Қазақ тілі энциклопедиясында қазір ұрлыққа байланысты 160, алдау-арбау, қашып-пысуға байланысты 85 сөз бен сөз тіркесі бары айтылады.
Отан соғысы жылдарындағы әскери әлеуметтік топ тіліндегі өзара түсінісетін жасырын, құпия мағыналы сөздер, яғни сөйлеу тілі лексикасына жататын әдеби нормадан тыс тұрған жаргонизмдер болуы әбден заңды. Мысалы, Ұрланған тілдің хабары бойынша партизандар, полицайлар мен старосталардың саны қанша екенін біліп, өш алу үшін түн жамылып орманнан шыға бастады деген сөйлемдегі Ұрланған тіл (кейде шығармада тіл әкелу, тілді қолға түсіру болып та қолданылады), яғни жау жақтан нақты мәлімет алу мақсатында олардан қолға тірі адам түсіру деген мағынадағы тіркес екені айқын аңғарылады. Бұның әскери лексикаға көптен сіңісті болып кеткен тіркес екені туралы академик Б.Хасанов: Соғыс кезінде тіл әкелу деген тіркес жиі қолданылатын, мұндағы тіл - адам, бірақ жалпы адам біткен емес, жаудың солдаты не офицері, яғни дұшпан жөнінде мәлімет беретін адам,-деп нақты түсінік береді.(5,10)
Сондықтан да бұл сөз соғыс тақырыбына жазылған шығармалардың көпшілігінде-ақ кездесіп отырады. Мысалы, А.Қошқарбаевтың Шешуші шабуыл повесіндегі комбат Тердохлеб те : Лейтенант, бұл, сірә, сіздің қолыңызға түскен алғашқы тіліңіз болса керек,- дейді.
Жаргонизмдер табиғатына зер сала отырып, олардың барлығы бірдей төменгі стиль туғызатын сөздер емес, жоғарыда айтылғандай, белгілі бір әлеуметтік топтар тіліндегі жасырын мағыналы сөздер екенін түсіндік. Мысалы, кейде газет-журналдардан милиция қызметкерлерінің іс-қимылдарында байланысты бүркіт операциясы, екінші бағыттағы операция деп жазылған мәліметтерді оқимыз.
О.С.Ахманова сөздігінде де бұндай қолданыстар ауызекі тілде пайдаланылатын кәсіби сөздер нұсқасы болып сипатталатын сленг терминімен аталыпты.(6,149)
Біз сөз еткен мәселемізді қорытындыласақ, тіліміздегі жаргонизмдер мен арготизмдер шағын әлеуметтік топтардың арасындағы жай ғана хабарды жеткізуге арналған түсініс қана емес, соғыс жылдарында біздің партизандарымыз бен солдаттарымыздың арасын да таптырмас тілдесу құралы болғандығын байқадық.
Лингвистикада зерттелуді керек ететін мәселенің бірі - қала тілі. Қазіргі қалалық сөйлеу тілі, сөйленіс пен қалалық полинтикалық құрамға әсер етсе, екінші жағынан, қоғамдағы жаңа тенденциялардың алғашқы тұлғалық нығаюы, динамизм, спонтантды қарым-қатынас, ресмиліктің әлсіздігі, варианттылық, либералдылық, яғни сөйлеу тілінде бақылау жасай алмау т.б. өлшемдерді көрсетеді. Сөйлемдердің қысқалығы, қарым-қатынсатың сұхбат үлгісінде жүргізілуі, тілді үнемдеулердің орын алуы сияқты белгілеріне байланысты қаланың ауызекі тілі қарапайым тілдің қатарынан орын алады.
Жалпы қала тілін зерттеу барлық жағынан өзекті болып саналады, себебі қаланың тілдік болмысын білмейінше, жалпы әбеди тілге қатысты мәселелерді білу мүмкін емес. Сондықтан қала тілін зерттеу лингвистикалық проблемалардың бірі. Оны әртүрлі әлеуметтік топтардың тілдік ерекшеліктері де дәлелдей алады.
Соның бірі қала тіліндегі қылмыстық компоненттерін тек қылмыскерлерді тілінен ғана емес, құқық қорғау органдары қызметкерлеріңің тілінен байқауға болады. Олар жұмыс барысындағы құпия сақтауға тиісті жайларды өздеріне тиісті кәсіби сөздері арқылы беруге дағдыланады. Қала тіліндегі кейбір қылмыстық компоненттерді қаладағы басқа әлеуметтік топтар, әсіресе жастар ауызша қарым-қатынаста қолданып отырғандығы сауалнама нәтижесінде байқалған.
Әскери орындар өзімен-өзі тұйық өмір сүреді деп ойласақ та, алайда офицерлер тіліндегі лексикалық ерекшеліктерді, яғни арголарды да байқамасқа болмайды. Бір кездері француз тіліне деген құштарлық негізінде көптеген өткінші сөздер дүниеге келіп, өз уақытында сәтті қолданылған болатын. В.В.Колесов бұл жайында бір гвардиялық офицердің жайы туралы өз кітабында былай дейді: был в некотором отношении лингвист, по крайней мере обогатил гвардейский язык многими новыми словами и выражениями, которые долго были в ходу и в общем употреблении, например: пропустить за галстук, немного подшофе, фрамбуаз и пр. Все это по словотолкованию его значило, что человек лишнее выпил, подгулял. Ему же, кажется, принадлежит выражение в тонким, т.е. в плохих обстоятельствах. Слово хрип также его производства; оно означало какое-то хвастовство, соединенное с высокомерием и выражаемое насильственнной хриплостьют голоса(7,35).
Әскери лексиканың негізгі қасиеті дөрекілеу болып келеді. Ол біріншіден, жәбірлеушілік, командалық үн, билеп төстеушілік ырғақ, фраза ықшамдылығы болса, ал екінші жағынан, нақты, әрі өте мәнді сөйлемшелер арқылы беріледі.
Егер әскери адам ескі, мәнерлі сөзді қаласа, онда өзінің ойын ауызша беруден жасырады. Себебі кез-келген жағдайда әскери бөлімдер өзінің ерлігі үшін өздеріне тән тілді қалайды. Егер офицерлер құрамы өзге ұлт өкілдерінен тұратын болса, онда басқаларының сөйлеу тіліне әртүрлі сипаттағы жаргондар мен арголар кіруге мүмкіндік туады. Тіпті кейбіреулері кейін әдеби тілге олардың ауыспалы мағынасы ретінде енуі мүмкін.
Сарбаздар ортасында қолданылатын сөйлемшелердің бір бөлігі өзге тілден енген сөздермен байланысты. Тіпті ғалымдар төңкеріс жылдарында матростардың ішінде кең таралған Даешь! - бұл ағылшын тіліндегі do yes деген сөздің орыс тіліндегі айтылуы деп көрсетеді.
Бүгінгі күнде қызықты мәселелердің бірі - әскерилердің сөйлеу тілі. Әсіресе олардың тіліндегі шетел сөздері екендігіне дау жоқ. Соған қоса, әртүрлі тілдердің ерекшеліктерін біле тұра, сол тілдердің сөздерін өз сөздеріне қатыстырып отырды.
Жалпы қарапайым сипаттағы дело табак деген тіркестің тура мағынасындағы аудармасын түсіне аламыз ба, ал профессор Б.Л.Богородского осы сөйлемшенің тарихқа енгендігі ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Медициналық басылымдардағы сөз мәдениетінің жайы
Сөйлеу мәдениетінің басты мақсаты - орфоэпиялық норма
Тіл мәдениеті мен тілдік норма
Газет тiлi - қазақ тiл бiлiмiнде зерттеушiлер назарында жүрген сала
Бұқаралық ақпарат құралдарының дамуы
Тілдік норма
Сөз этикасы мен бұқараның байланысы
Гендер саласындағы шетелдік зерттеулер
Тілдік норманың қалыптануы
ҚҰЖАТТАРДЫ ЖӘНЕ ЖАЗУДЫ КРИМИНАЛИСТІК ЗЕРТТЕУ
Пәндер