Натюрморт жанрының дамуына қысқаша тарихи шолу



МАЗМҰНЫ

Кiрiспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .3

1 Натюрморт жанрының дамуына қысқаша тарихи
шолу.
1.1. Қайта өрлеу және батыс Европа өнерiндегi
натюрморттың дамуы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..8
1.2. Орыс және Қазақстан кескiндемесiндегi натюрморт ... ... ... ... 9

2 Кескiндеме әдiстемелiк . психологиялық аспектiлерi
2.1. Кескiндеменiң ғылыми негiздерi ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 14
2.2. Майлы кескiндеме жазу тәсiлiнiң негiзгi мiнездемесi ... ... ... ..19

3 Шығармашылық натюрморт орындау
әдiстемесi. «Дастархан»
3.1. Іздену, талдау жұмыстары ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 24
3.2. Картон орындау ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...26
3.3. Контраст түсті қатынастар мен бейнеленген қарапайым
пішінді тұрмыс заттарының натюрморты ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...30
3.4 Бояуы жағынан үйлестірілген дастархан натюрморты ... ... ... 36

Қорытынды ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .38

Әдебиеттер ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 40

Иллюстрациялар ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .41
КIРIСПЕ
Тәрбиенің бір саласы эстетикалық тәрбие беру ісінде мұғалімнің атқаратын міндеттері сан-алуан. Оқушыларға эстетиалық тәрбие мен көркемдік білім беру процесінде пән мұғалімдерінің практикалық бағдарламаларының мол болуы белгілі дәрежеде ықпал етеді. Біздің елімізде мектептегі жас ұрпақты ғылыми-техникалық прогресспен қазіргі мәдениеттің дамуына сай өмірге дайындау талап етіледі.
Тәрбие берудің жалпы мақсаттарына сәйкес мектепте бейнелеу өнерін оқыту мынадай мақсаттарды көздейді:
1) Қоғамның жан-жақты дамыған белсенді мүшесін дайындау. Орта мектепте бейнелеу өнерін оқыту жалпы білім беру мақсатын көздейді. Жалпы білім беретін мектепте математиктер, композиторлар дайындау сияқты суретшілерді дайындайды. Бұл арнаулы оқу орнының міндеті. Мектептегі әрбір пән бірлесе отытып, оқушыларды жан-жақты гармониялық дамуын қамтамасыз етеді. Кейбір мектептерде суретшілер дайындайды, сондықтан көркемдік білім негіздерін меңгерудің қажеті жоқ деп көрсетеді. Адам бейнелеу сауаттылығының негізін меңгермесе, өнерді бағалауға да түсінуге де үйрене алмайды. Эстетикалық тәрбие беру процесінде мемлекеттің даму жолындағы замандастардың еңбегінің әсемдігін көрсету маңызды орын алады.
2) Оқушылардың дүние танымын қалыптастыру негізінде эстетика және көркемдік тәрбие беру. Эстетикалық тәрбие дегеніміз оқушылардың қоғамдағы, ғылымдағы, өнердегі, табиғаттағы әсемдік қабілетін толық қабылдау, тәрбиелеу болып табылады. Эстетикалық тәрбиенің мәні әрбір адамның әсем өмір сүруіне әсемдікті жан-жақты қырынан көре білуге эстетикалық тәрбие беру процесінде адамдардың сезімі, талғамы, көзқарасы, идеясы қалыптасқан. Мектептің міндеті эсетикалық тәрбиенің әр түрлі әдістері арқылы бала жүрегі мен сезіміне әсер етуі эстетикалық тудыру творчестваның арттыру белсенділігі болып табылады.
Оқушыларға эстетикалық тәрбие беру, олардың көркемдік білімге дейін көтеру мәселесі бүгінгі таңда айрықша мәнге ие болып отыр. Қазіргі уақытта халықпен өнерге деген ынта ықыласы анағұрлым артты. Халықтың творчествасын жаңғыртып одан әрі дамыту бүгінгі күннің көкейкесі мәселесі болып табылады. Бұл орайда жазатын сәндік қолдаңбалы өнерінің мәнімен алатын орны ерекше. Эстетикалық талғам ерекшеліктерінің бірі – адамның тарихи мұраты халық өнеріне көз қарасының өзі өмір тәжірибесінің атасы жатуда.
Көп уақыттардан бері қазақ халқы ұлттық үрдістерге халық педогикасынан айырылып қалды. Енді ғана ел болып жоғалтқан жоғымызды шырақ алып іздеуге кірістік, болашақ ұрпақты қалай тәрбиелеп оқытамыз деген сауал төңірегінде бас қатырып ойланар шақ әбден жетті.
Қазіргі таңда дүние жүзінде жүріп жатқан заманына өзгерістерінен келер ғасырдың өмір сипаттарын аңғармау тіптіде мүмкін емес. Өйткені жер бетіндгі сан – алуан халықтардың өз ара ой олғаныстары мен қол созған үміттері осыны байқатады. Адамзат қоғамы ізінен қай кездегісінен әлде қайда есейгендігін ерекше аңғартып отыр. Осынау таңғажайып тамаша өзгерістердің қозғаушы күшіне айналып отырған Отанымыздың келбеті бүкіл жер шарындағы күллі халықтардың алдына мерейі өсіп адамзат қауымының жаңаша ойлау жүйесінің қалыптастыруда елеулі үлес қосуда. Осының бірден – бір айғағындай бүкіл елімізді сан алуан халықтарды да өзінің өткен тарихы мен ұлттық мәдениеттерін шындық таразысынан өткізіп қана қоймай шын мәніндегі ұлтаралық теңдік әр республиканың егеменді дербестіктерін жаңа қалыптастыруға бет бұрып отыр. Қазіргі кезде егеменді алған еліміз өздерінің өмір тіршіліктеріне үстемділік пен танылған құбылыстарды жойып жаңаша ойлаудың құдіреті мен ондаған жылдар бойы бұзылған ата-дәстүрлерімен халықтық педогикасын қалпына келтіруге бет бұрды.
Кескiндеме бейнелеу өнерiнiң негiзгi түрiне жатады. Кескiндеме – көрерменнiң ойы мен сезiмiне жағымды әсер ететiн, жазықтық бейне бояу
ӘДЕБИЕТТЕР
1. Аксенов Ю. Левидова. «Түс пен сызық». М. 1983ж.
2. Боробьев Ю. «Эстетика». М. 1988ж.
3. Болотников С. «Проблемы русского и советского
натюморта. М. 1989ж.
4. Қазақ совет энциклопедиясы. «Қазақстан кескiндемесi».
5. Әдiстемелiк нұсқаулар. Алматы. 1983ж.
6. Лукьянов Б. «Эстетика әлемiнде». М. 1988ж.
7. Однорылов Н.В. «Бейнелеу өнерiндегi материалдар». М. 1983ж.
8. Аксу-Жабағлы. Алматы. Қайнар 1988ж.
9. Советское искусствоведение. М. 1975ж.
10. Шорохов В. «Композиция». М. 1986ж.
11. «Юный художник». №2. м. 1990ж.
12. Пружин Н., Пушкарев А. «Натюрморт в русской и советской живописи». Лениград. 1971ж.
13. «Қазақстан акварелi». Алматы. «Өнер». 1989ж.
14. Тоғысбаев Т. Алматы. «Өнер». 1990ж.
15. История русского искусства. 1-2 том. М. 1981ж.
16. Рыбаков А. Техника масляной живописи. М. 1937ж.
17. Беда Г. Живопись. М. 1986ж.
18. Кирцер Ю.М. «Рисунок и живопись». М. 1992ж.
19. Маслов Н. Пленэр. М. 1984ж.
20. Беда Г. «Живопись и ее изобразительные средства». М. 1977ж.

Пән: Өнер, музыка
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 29 бет
Таңдаулыға:   
МАЗМҰНЫ

Кiрiспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... 3

1 Натюрморт жанрының дамуына қысқаша тарихи
шолу.
1.1. Қайта өрлеу және батыс Европа өнерiндегi
натюрморттың
дамуы ... ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... .8
1.2. Орыс және Қазақстан кескiндемесiндегi натюрморт ... ... ... ... 9

2 Кескiндеме әдiстемелiк – психологиялық аспектiлерi
2.1. Кескiндеменiң ғылыми
негiздерi ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ..14
2.2. Майлы кескiндеме жазу тәсiлiнiң негiзгi мiнездемесi ... ... ... ..19

3 Шығармашылық натюрморт орындау
әдiстемесi. Дастархан
3.1. Іздену, талдау
жұмыстары ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ..2 4
3.2. Картон
орындау ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ..26
3.3. Контраст түсті қатынастар мен бейнеленген қарапайым
пішінді тұрмыс заттарының натюрморты ... ... ... ... ... ...
... ... ... ...30
4. Бояуы жағынан үйлестірілген дастархан натюрморты ... ... ... 36

Қорытынды ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ..38
Әдебиеттер ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ..40
Иллюстрациялар ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ...41

Кiрiспе
Тәрбиенің бір саласы эстетикалық тәрбие беру ісінде мұғалімнің
атқаратын міндеттері сан-алуан. Оқушыларға эстетиалық тәрбие мен көркемдік
білім беру процесінде пән мұғалімдерінің практикалық бағдарламаларының мол
болуы белгілі дәрежеде ықпал етеді. Біздің елімізде мектептегі жас ұрпақты
ғылыми-техникалық прогресспен қазіргі мәдениеттің дамуына сай өмірге
дайындау талап етіледі.
Тәрбие берудің жалпы мақсаттарына сәйкес мектепте бейнелеу өнерін
оқыту мынадай мақсаттарды көздейді:
1) Қоғамның жан-жақты дамыған белсенді мүшесін дайындау. Орта мектепте
бейнелеу өнерін оқыту жалпы білім беру мақсатын көздейді. Жалпы
білім беретін мектепте математиктер, композиторлар дайындау сияқты
суретшілерді дайындайды. Бұл арнаулы оқу орнының міндеті. Мектептегі
әрбір пән бірлесе отытып, оқушыларды жан-жақты гармониялық дамуын
қамтамасыз етеді. Кейбір мектептерде суретшілер дайындайды,
сондықтан көркемдік білім негіздерін меңгерудің қажеті жоқ деп
көрсетеді. Адам бейнелеу сауаттылығының негізін меңгермесе, өнерді
бағалауға да түсінуге де үйрене алмайды. Эстетикалық тәрбие беру
процесінде мемлекеттің даму жолындағы замандастардың еңбегінің
әсемдігін көрсету маңызды орын алады.
2) Оқушылардың дүние танымын қалыптастыру негізінде эстетика және
көркемдік тәрбие беру. Эстетикалық тәрбие дегеніміз оқушылардың
қоғамдағы, ғылымдағы, өнердегі, табиғаттағы әсемдік қабілетін толық
қабылдау, тәрбиелеу болып табылады. Эстетикалық тәрбиенің мәні әрбір
адамның әсем өмір сүруіне әсемдікті жан-жақты қырынан көре білуге
эстетикалық тәрбие беру процесінде адамдардың сезімі, талғамы,
көзқарасы, идеясы қалыптасқан. Мектептің міндеті эсетикалық
тәрбиенің әр түрлі әдістері арқылы бала жүрегі мен сезіміне әсер
етуі эстетикалық тудыру творчестваның арттыру белсенділігі болып
табылады.
Оқушыларға эстетикалық тәрбие беру, олардың көркемдік білімге дейін
көтеру мәселесі бүгінгі таңда айрықша мәнге ие болып отыр. Қазіргі уақытта
халықпен өнерге деген ынта ықыласы анағұрлым артты. Халықтың творчествасын
жаңғыртып одан әрі дамыту бүгінгі күннің көкейкесі мәселесі болып табылады.
Бұл орайда жазатын сәндік қолдаңбалы өнерінің мәнімен алатын орны ерекше.
Эстетикалық талғам ерекшеліктерінің бірі – адамның тарихи мұраты халық
өнеріне көз қарасының өзі өмір тәжірибесінің атасы жатуда.
Көп уақыттардан бері қазақ халқы ұлттық үрдістерге халық
педогикасынан айырылып қалды. Енді ғана ел болып жоғалтқан жоғымызды шырақ
алып іздеуге кірістік, болашақ ұрпақты қалай тәрбиелеп оқытамыз деген сауал
төңірегінде бас қатырып ойланар шақ әбден жетті.
Қазіргі таңда дүние жүзінде жүріп жатқан заманына өзгерістерінен келер
ғасырдың өмір сипаттарын аңғармау тіптіде мүмкін емес. Өйткені жер бетіндгі
сан – алуан халықтардың өз ара ой олғаныстары мен қол созған үміттері осыны
байқатады. Адамзат қоғамы ізінен қай кездегісінен әлде қайда есейгендігін
ерекше аңғартып отыр. Осынау таңғажайып тамаша өзгерістердің қозғаушы
күшіне айналып отырған Отанымыздың келбеті бүкіл жер шарындағы күллі
халықтардың алдына мерейі өсіп адамзат қауымының жаңаша ойлау жүйесінің
қалыптастыруда елеулі үлес қосуда. Осының бірден – бір айғағындай бүкіл
елімізді сан алуан халықтарды да өзінің өткен тарихы мен ұлттық
мәдениеттерін шындық таразысынан өткізіп қана қоймай шын мәніндегі
ұлтаралық теңдік әр республиканың егеменді дербестіктерін жаңа
қалыптастыруға бет бұрып отыр. Қазіргі кезде егеменді алған еліміз
өздерінің өмір тіршіліктеріне үстемділік пен танылған құбылыстарды жойып
жаңаша ойлаудың құдіреті мен ондаған жылдар бойы бұзылған ата-дәстүрлерімен
халықтық педогикасын қалпына келтіруге бет бұрды.
Кескiндеме бейнелеу өнерiнiң негiзгi түрiне жатады. Кескiндеме –
көрерменнiң ойы мен сезiмiне жағымды әсер ететiн, жазықтық бейне бояу
арқылы жасалатын көркем шығарма. Ертедегi гректердiң аңызы бойынша
кескiндеме грек қызының өз сүйген жiгiтiнiң қырынан қараған бейнесiн
қабырғаға салуынан шыққан дейдi.
Кескiндеменiң бiрiншi ерекшелiгi ол үш өлшемдi кеңiстiктi бояулар
ерекшелiктерi арқасында екi өлшемдi көрсете бiлу.
Француз ойшылы Дени Дидро: Кескiндеме көз арқылы оймен берiлетiн өнер
дейдi.
Өнер адамы өмiрiнiң бiр бөлiнбейтiн бөлiгiне айналады.
Суретшi шығармалары – бұл шығарылған сурет сияқты – шындық өмiрiнiң
көрiнiсi.
Өнер шығармаларына қарай отырып бiз адамдардың қай дәуiрiнде өмiр
сүргенiн, немен айналысқанын, мәдени деңгейiн аңғарамыз.
Кескiндеме өнерiнiң арқасында өткен уақыт үнемi бiзбен бiрге, ол бiзбен
бiрге өмiр сүрiп бiздi қанаттандырып отырады.
Кескiндеменiң осы құдiретi бiзге алыс дәуiрдегi Джоконданың құпия
жұмысын жеткiзе бiлдi.
Кескiндеме өнерi адамға үлкен күшпен әсер етедi, тәрбиелiкке,
мәдениеттiлiкке, мейiрiмдiлiкке тәрбиелеп, сұлулық әлемiне жетлейдi.
Суреттi талантты адам сан алуан жақтарын көрсетедi, шығармашылық негiзде
адамзаттың жарқын болашағы, арманы жинақталған. Болмаса эстетикалық рухани
байлық, мұралар жасалмаған болар едi. Кескiндеме қарапайым өмiрге басқаша
көзбен қарауға көмектеседi. Суретшi өз шығармасын бейнелегеннен кейiн бiз
оны өнердiң сиқырлы призмасы арқылы қабылдаймыз. Левитан күзi, Шишкин
орманы, Қастеевтiң Түрксибi, А.Ғалымбаеваның Дастарханы үйреншiктi
күнделiктi болып қалды.
Бұл суретшiнiң өмiрге тек қана қарап қана қоймай, құбылыстардың iшкi
мағынасын түсiнiп көре алуында. Суретшi жан дүниесiнде шындық өмiр тек
қарапайым түрде ғана емес, өте бiр керемет сұлулықты, өмiр сұлулығымен
байланысты бейнелейдi.
Мен өз дипломдық жұмысымды табиғаттың ең бiрi кереметi гүлдердi
бейнелегiм келдi, осы гүлдер арқылы мен адамның жан дүниесiн өмiрге деген
құштарлығын көрсете бiлудi алдыма мақсат етiп қойдым. өмiрде әр гүлдiң
өзiндiк бiр мән – мағынасы бар.
Жұмыс жазуда көптеген суретшiлердiң жұмыстарымен танысып көп iзденуiме
тура келдi.
Натюрморт жанрында жұмыстар орындаған атақты суретшiлер жұмыстарына
сүйендiм. Олардың түстiк үйлесiмдiлiгiне, колоритiне, композициясына көңiл
бөлдiм.
Мысалы М.Врубельдiң Райхан гүлiн, Т.Тоғысбаевтың Көктемгi гүлдерi,
Гүлдеген тастар, Дала интерьерiндегi натюрморт, А.Ф.Подковыровтың
Гүлдi шеңгел, Ү.Әжиев-тiң Пион гүлi, Астра гүлi атты жұмыстарын жан-
жақты қарап iздендiм.

1 Натюрморт жанрының дамуына қысқаша тарихи шолу.

1.1. ҚАЙТА ӨРЛЕУ ЖӘНЕ БАТЫС ЕВРОПА ӨНЕРІНДЕГІ НАТЮРМОРТТЫҢ ДАМУЫ

Натюрморт - өнердiң дербес жанры ретiнде XVII ғасырда Голландияда және
көршi Фландрияда (қазiр бұл Бельгияның бiр бөлiгi) туып, кеңiнен дамыды.
Натюрморт бiзге онда бейнеленген заттарды пайдаланған адамдардың өмiрiнде,
суретшiнiң оларға деген көзқарасын ашып бередi.
Майлы бояулармен тығыз, қою салынған голланд натюрморттарында көбiне
сан түрлi тағамдар: нан, жемiстер, әдемi кесiлген майлы ет, жабайы аң-
құстар, хрусталь бокалдардағы немесе күңгiрт сәуле шашатын күмiс
кубоктардағы шарап бейнеленедi. Мұндай картиналарды салған адам, рухани
нәзiк талап талғам деңгейiнiң иiсiн де бiлмейтiн саудагер немесе қала
шонжары суреттегi дәмдi, мол тағамға ғана қызығатын, өйткенi оның өмiрiнiң
басты қызығы да тамақ құлқы болатын.
Натюрморт тұрмыстық жанрмен қатар кескiндеменiң бiраз уақыт
кескiндеменiң қосалқы түрi деп есептелiнiп келдi.
Атақты өнер шеберлерi өздерi салған бұйымдары арқылы ол бұйым егесiнiң
қоғамдағы жағдайын, өмiр көрiнiсiн көрсете бiлдi. Натюрморттың түрлi
формасы мен түрi қайта өрлеу дәуiрiнде пайда болды. Ертедегi авторлар
натюрморттың ең бiрiншi шеберi деп грек кескiндемешiсi Периакосты атайды.
Оның жұмыстары Помпей фрескаларын-да үлгi ретiнде қолданылған. Бұлар, өте
әдемi, әсем гүлдер, жемiстер, ритуалды ыдыстар, жазу құралдары, тиындар.
Натюрморттың ең бiр көп тараған түрi ол үй – тұрмысын-да қолданылатын
заттарды бейнелеу. Натюрморттың бұл түрi тұрмыстық жанрдың, интерьердiң,
пейзаждың дамуымен тығыз байланыста болып, XVII ғасырда батыс Европа
өнерiнде өте жақсы дамыды.
Натюрморт өз алдына жанр болып XVI- XVII ғасырда Фландрияда және
Голландияда қалыптасты.
А.Бейерленнiң, П.Класстың, В.К.Хедыдың Таңғы ас деп аталатын
натюрморттарында суретшiлер қоршаған ортаға эстетикалық тұрғыдан ғана қарап
қоймай, сол кездегi билеушi таптың өмiр кейпiн, үстемдiгiн көрсетiп
бейнеледi. Фламан суретшiсi Ф.Снейдерс барокко стилiмен үйлестiре отырып,
үлкен көлемдi натюрморттар жазды, ол жұмыстар үлкен салтанатты сарайларға
арналып, лайықталып салынды.

2. ОРЫС ЖӘНЕ ҚАЗАҚСТАН КЕСКІНДЕМЕСІНДЕГІ НАТЮРМОРТ

Натюрморт Ресейде бiрiншi жартысында портреттен кейiн пайда болды – бұл
ұлттық көркемдiк мәдениеттiң қалыптасып келе жатқан кезi едi. Натюрмортты
елестету ол жер ананың, теңiздiң сыйын бейнелеумен тығыз байланысты, бұл
сыйлар әсiресе Голланд, фламанд шеберлерiнiң шығар-маларында өте мол
бейнеленген. Алғашқы орыс натюрморты мүлде басқаша бейнелендi. Суретшi
Г.Н.Темловтың және басқа да шеберлердiң бiзге жеткен жұмыстарынан олардың
қарапайымдылық принципте орындалғандығын көремiз. Кенеп жазықтығында әр
түрлi заттар орналастырылған; кiтап, дәптер, нота, дәрi құйлған ыдыс, сағат
– адамның күнделiктi өмiрде қолданатын заттары, оған пайдалы әрi өте
қажеттi болып табылады. Орыс натюрморттарында көбiнесе ағартушылыққа
ұмтылыс басым бейнеленген.
Ағартушылық тенденция белгiсiз суретшiнiң Кiтап және сағат атты
натюрмортында өте анық бейнеленген.
Бейнеленген заттар композициялық бiрлiкте байланыс-тырылған; Екi столда
жатқан заттар, кiтап, альбом, сызу сызылған орама қағаз, бұлар адамның
рухани өмiрiнiң куәсi iспеттi.
Алғаш бiзге танымал болған натюрморт Гастрономика-лық деп аталған, ол
Кiлем дастархан үстiндегi нан мен фляга. Осы жұмыстың өзiнде суретшi
кеңiстiктi көрсетуге, заттарды еркiн де бос орналастыруға, сыртқы сапаны
шебер-лiкпен меңгеруге талпынғанын көремiз.
ХХ ғасырдың басынан натюрморт кескiндеменiң шығар-машылық зертханасына
айналды. К.Коровин және Қарға-ның валетi атты бiрлестiк түсi жағынан
қанық, тұрмыстың толыққанды сұлулығын паш ететiн шығармалар жазып шығарды.
И.Гробарь поэтикалық жұмыстар орындады, Өнер әлемi және Көгiлдiр
райхан суретшiлерi керемет жұмыс-тар жазды. Осы әдет – ғұрып 20-30 жылдары
советтiк өнерде де жалғасын тапты.
Осы жылдары суретшiлер П.Кончаловский, А.Куприн, и М.Машков,
А.Лентулов, М.Сарьян, А.Осмаркин, А.Гераси-мовтар заттар әлемiнiң байлығын,
жан-жақтылығын, сан алуан сұлулығын орындап көрсете бiлдi.
Бiр мезгiлде нәзiк түстiк үйлесiмдiлiк iзденiстер, заттар әлемiн
жырлау, заттар түсi, фактурасы бойынша тәжiрибелер жүргiзiлдi. 40-50
жылдардың суретшiлерi П.Кузнецов, Ю.Пименов жазылу тәсiлi жағынан сол кезге
сай натюрморт-тар жазды. 60-80 жылдары бейнелеудiң жоғары заттығына, адамды
қоршаған әлем сұлулығын көрсетуге талпыну, натюрмортқа қызықтыру мына
суретшiлер шығармашы-лығында басым болды, олар: В.Стожаров, А.Никич, Т.Нари-
манбеков.
Соңғы он жылдықта натюрморт жанрына қызығушылық жастар арасында да арта
түстi.
Орыс суретшiсi Константин Алексеевич Коровин (1861-1939) өмiр сүрген.
Атақты натюрморты Райхан гүлi және фиалкасы 1912 жылы жазылған. Жұмыс өте
керемет жазыл-ан, ондағы заттар, қызғылт апельсин аппақ қант бөлшектерi,
жарқыраған темiр поднос, барлығы терезеден көрiнiп тұрған қала көрiнiсiмен
бiртұтас етiп бейнеленген. Натюрмортта көңiл-күй, қойып әсерлi берiлген
пейзаж және де басқа жанрларға қарағанда бояу сұлулығын, жарықты, шын,
дұрыс алу және түс қатынастарынан еркiн ләззат алу – мiне суретшi осыны
ең қажеттi деп есептедi. Париж пейзаж-дарымен салыстырғанда, түс қалыңдау,
жиiлеу, көлем жан-жақты бейнелендi. Мiне Коровиннiң Балық, шарап және
жидектер атты натюрмортында кескiндеменiң жаңа сапасы айқынырақ көрiнедi.
Бұл жұмыста нұсқаға жақындық бар. Маржандай жарқы-раған балық қабыршағы
бейне бiр қымбат тастардай жарқырап көз тартып тұр.
Натюрморт жанрымен қазақ суретшiлерi де көптеп айна-лысты, атап айтсақ:
А.Ғалымбаева, Г.Исмаилова, Т.Тоғыс-баев, Т.Ордабековтердi айтуға болады.
А.Ғалымбаеваның Дәмдi шай. Шайға жайған дастархан басында терең ойға
шомған қарт әже Дастархан (1959), Ақ құмыра (1968), Қаракөз (1974)
натюрморттарында заттардың материалдық ерекшелiктерi баса көрсетiлген.
Күнделiктi қарапайым заттар натюрморттарда маңызды сипатқа ие. Айша
Ғалымбаева заттардың Жанын сұлулығын түсiнетiн дарынды суретшi.
Живописьтiк шеберлiкпен салыған натюрморттардан бiз айшықты формада
берiлген қарапайым, әсерлi сезiм саздарын аңғарамыз. Алма, анар, жүзiм
салынған Қызыл апорт (1966), Айва (1966) т.б. натюрморттардан да сурет-
шiнiң өмiрге, табиғат пен адам еңбегiнiң жемiстерiне деген махаббаты
сезiледi. Көктем және күз (1969) натюморт-тарында ерекше қызық. Терезеден
көктем құлпырған өмiр көрiнедi. Кенептi түгелдей гүл ашқан алма ағашы алып
жатыр. Көктемгi көгiлдiр ауа күн шуағына малынып тұр.
А.Ғалымбаева өз шығармашылығында тұрмыс заттарын, ыдыс – аяқ, гүлдердi
бейнелеуге селқос қарамайды. Сурет-шiнiң өзiн қоршаған ортаға деген
сүйiспеншiлiгi әдемi де сұлу натюрморттарынан көрiнедi.
Көктемгi табиғат образы тек натюрморттарда ғана емес, өзге де бояу реңi
құлпырған жанрлы картиналарда (көктем 1967, Бақ iшiнде 1970), Гүлдер
көрмесiнде 1975) көрiнiс тауып отырады. А.Ғалымбаеваның натюрморттары шын
мәнiнде декоративтi, әдемi айшықты дүниелер. Оларда зат-тардың таңдап алуы
мен суретшiнiң оларға деген көзқарасының өзiндiк ерекшелiгi бар.
Көне керамикада бояуға бай, келiстi натюрморт. Қызыл – қоңыр түстi оюлы
текемет пен көгiлдiр сәндi матаның фонында шығыс үлгiсiнде жасалған бiрнеше
қыш ыдыс тұр.
Олардың түрi, түсi, ою - өрнектерi ерекше мұқият салынған... бұл жерде
суретшiнiң қолтаңбасы тым нәзiк, бояу түстерiнiң үйлесiмi күмiстей
сыңғырлайды. Ал оған жақын қойылған шар кесенiң iшiндегi қып – қызыл
анарлар көзге шоқтай басылады.
Жерлесiмiз Т.Тоғысбаевтың да натюрморт жанрына жазылған жұмыстары да
бiрқатар олар Көктемгi гүдер, Жайлылық, Қарбызды натюрморт, Дала
интерьерiндегi натюрморт Т.Тоғысбаевтың жазған барлық натюрморт-тарында
стол үстiнде вазада гүл қойылған, ол гүл натюрмортқа өзiнше бiр сұлулық
берiп толықтырып тұрған-дай, оның натюрмортынан қазақы тұрмыстың, өмiрдiң
иiсi аңқып тұрғандай сезiнесiң.
Өзiнiң досы Тимур Ордабековтың портретiнде, өз досын қолына бiр тал гүл
ұстатып бейнелеген, портрет түстерге бай, бояулары үйлесiмдi, өте жақсы
жазылған.
2 Кескiндеменiң әдiстемелiк – психологиялық аспектiлерi
1. КЕСКІНДЕМЕНІҢ ҒЫЛЫМИ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ

Кескiндеменiң ғылыми негiздерi бұл композиция құры-лымының күрделi
құралы және ол философия, химия, көру физиологиясына, түстану, психология,
перспектива, жарық – көлеңкенi оқып үйрену ғылымдарына сүйенедi.
Суретшi түстердi бiледi түстiк шеңбер, түстердiң сапа-сын, құрамын
жылы, суық бiр – бiрiне әсер еткендегi алына-тын түстер.
Әр түрлi түстердiң оптикалық әсерi олардың адам көзiне сәйкестiгi, оның
сезiмiне, ойына әсерi, әр түрлi бояуларды және оларды бiрiктiретiн құралды,
оның құрамын, кескiн-деме сабағында қолданылу ерекшелiктерiн үйренедi,
осылар арқылы композиция құрылады.
Суретшi бұдан басқа, түстiк ғамма, түстiк және фондық қатынастарды,
түстiк рефлекстi, сызықтық және ауа перспек-тивасын, жылы, суық түстердi,
колориттi, пленер жағдайын, ашық ауадағы кескiндеме жазуды оқып үйренедi.
Біздің түстерді қабылдауымызға, әдемі сабақтас түстің пайда болуына
жарық, қашықтық ауа қабаты және түстік орта, яғни түрліше боялған
заттардың қатар тұруы шешуші ықпал жасайды. Мәселен, өте күшті жарық
жағдайында, мысалыға жазғы ашық тал түсте жарық түскен жерлерде түстер
өзінің қанықтылығын жоғалтады – ағарып, түссізденеді. Бұлтты күндері немесе
көлеңкеде, керісінше, түстер өзінің қанықтылығана ие болады да біздің
көзіміз түстік алмасулармен реңдерді әлде қайда көбірек қабылдайды. Кейде
жаңа айналыса бастаған кескіндемешілер мұны түсінбейде керісінше жасайды –
күшті жарықта тұрғанда ең ашық бояуларымен салады. Ал көлеңкелердегіні
кұңгірттеу үшін қара бояуды пайдаланады. Кескіндеменің бүкіл құпиясы, -
дейді Б.Иогансон, - көлеңкелермен жартылай көлеңкелерде (жартылай оң
түстерде)...
Көлеңкелермен жартылай көлеңкелер – жарықтың алтын және күміс
балықтырады, жүзіп шығатын кескіндеме аквариум.
Жарықтан басқа, түстерді қабылдауға қашықтық, ауа қабаты әсер етеді.
Бұл жөнінде ауа перспективасы туралы тарауда айтылады. Заттардың біз
қабылдайтын сәулелерімен – заттар бір-біріне жіберетін рефлекстермен де
анықталады. Бәрін де тесіп өтіп, қоршап алғандай болатын күшті де әлсіз,
үлкен де кіші рефлекстердің осынау айқыш-ұйқыш айқасқан ағымдары ерекше
түстік ортаны, әлде бір жалпы түстік қатарды жасайды. Картинаның барлық
бояулық үйлесімдері бірыңғай, тұтас, жарасымды реттілікте және өмірлік
шынайлыққа ұмтылған кезде, оның мұндай жалпы түстік кейпін кескіндемеде
колорит деп атайды.
Профессионал кескіндеменің басты белгілерінің бірі – жылы және суық
реңдердің бірлігі мен күресі. Белгілі бір заттың жарық түсіп тұрған және
көленкеленген бөліктері жарықтану мен ғана емес, сонымен бірге жылы немесе
суық түстік реңдермен де міндетті түрде ерекшеленеді... Егер жарық жылы
болса, онда көлеңке суық, ал егер суық болса, керсінше, онда көлеңке жылы
реңді болады.
Бірақ осы жалпы түстік дақтарда оларға қарама-қарсы реңдер жылы да-
суық реңдер, суықта жылы реңдер кей-кейде қылаң береді. Әрбір жағылған бояу
көрші бояуға ұқсамайтын, оған контрасты бояуы тиіс.
Жылы және суық түстерді қатарлас тұруы кескіндемеде интенцивті әуен
береді. Кескіндеменің міндеті – картинаның жақын және алыс нүктелеріндегі
түстердің айырмашылығын аңғарымпаздықпен ұстай білуінде.
Ғылыми негiздердi түсiнгенде әр түрлi ғылымның сурет, кескiндеме,
композицияларын орындағанда қажеттiгiн түсi-нiп оқу керек.
Композицияның түстiк шешiмi тек қана түстiк шешiм мiндетiн ғана емес
тонын да қарастырады. Мысалы: композицияда түстер бiр – бiрiне қарағанда
жарық, қараңғы, түстiң жарықтық күшi қаншалықты.
Түстiк, тондық шешiмдер сұрақтары композиция сапа-сына тiкелей қатысты
және өнер жанрының кез келгенiне олардың әсемдiгiне, бiртұтастығына қатысы
мол.
Мiне осы қасиеттен шығарманың мазмұны, ойы көрушiге әсер деңгейi
анықталады.
Бiртұтастық тума белгi, композиция негiзi, шығарманың құрылымында
композицияға салынады да онда суретшiнiң ойы мақсаты негiзделедi.
Бұдан басқа шығарманың тұтастығы түстер мен фонның реттiлiгiмен,
композиция бөлiктерiмен, барлық бөлшектерi-мен анықталып белгiлi бiр мақсат
анықталады.
Әсерлiлiк, әсемдiк композицияның қимыл әсер күшi болып табылады.
Әсерлiлiк негiзiн қарсы түстер құрайды. Оларсыз заттардың формасын
қабылдау мүмкiн емес.
Тұтастылыққа жетпеген әсерлiлiк, көлеңке мен түстер қарсылығын
контрасты, қарсы түстер бiр ғана формаға тән қабылдауға мүмкiндiк
туғызады, әр түрлi заттардың контрасты, бұндай әсерлiлiк формасы өзгерiспен
қабылдауға алып келедi.
Суретшi педагог адам бейнесi пейзаж немесе натюморт басым, нұқсаны
бейнелеудiң тез, жылдам әдiс – тәсiлдерiн меңгерген болуы тиiс. Табиғатта
не нәрсенi көрсең соны бейнелей бiлуге үйрену керек. Кескiндеме жұмысында
сұлулықты көре, бейнелей бiлу өте тамаша қасиет.
Суретшi өзiн қоршаған ортадағы заттарға олардың формасына, түсiне
ерекше көңiл аударады, және эстетикалық мазмұнына мән бередi. Бұлардың
барлығы суретшi қиялын-дағы материалдар, осылардың негiзiнде болашақ
шығарма-ның мазмұны мен формасы дүниеге келедi.
Алғашқы ойға алған мақсат практикалық жұмыс кезiнде бөлшек – бөлшегiмен
анықтала, толықтырыла түседi.
Қайсыбiр тақырып, шығарма – натюрморт болмасын әрбiр суретшi өзiнше
шешедi.
Әрбiр жеке натюрмортта бiр ғана тақырып бiрнеше көрi-нiспен шешiледi,
бұның мазмұнына суретшi өзiнiң эсте-тикалық ойын, қатынасын беруге
ұмтылады. Белгiлi бiр тақырыпқа, көрiнiске кiрiспес бұрын суретшi өзiн
қызық-тырған тақырыпты, эмоционалды ойлап, материалдарды талдап бақылайды,
тақырыпты сол кезде өмiр сүрген адамдар өмiрiмен байланыстырады, егер
тақырып тарихпен байла-нысты болса, онда сол тарихи дәуiрдi оқып iзденедi.
Қоршаған ортаны бақылай отырып суретшi сол тақырып-қа қатысты,
тақырыпты, мамандықты аша, толықтыра түсетiн заттарға ерекше көңiл
аударады.
Натюрморт тақырыбына жұмыс орындау бұл өте күрделi шығармашылық
процесстердi синтездеу, көркемдiк бiлiм сатыларынан өту деген сөз.
Натюрморт орындаудағы шығар-машылық процесстер көркемдiк ойлауды және
эскиздердi талдауды, нұсқаны бiлу шығармашылық жұмысты ойдағыдай орындаудың
қажеттi жағдайы болып табылады. Бұнда нұсқаны жан-жақты бiлу қарапайым
қабылдау, байқау ғана емес, заттарды жеке, толық емес түсiнiктен, толық жан-
жақты елестетуге мүмкiндiк туады. Нұсқаны оқып үйрену, талдау көркем
образды, ойға алған мақсатты iске асыруға қолданылады.

2. МАЙЛЫ КЕСКІНДЕМЕ ЖАЗУ ТӘСІЛІНІҢ НЕГІЗГІ МІНЕЗДЕМЕСІ

Майлы бояумен бiр ғана рет жазып көрген адам, майлы бояу жағындысының
тек қана түсi ғана емес сонымен қатар оның жазықтықта айтулы бiр iзi және
қалыңдығы бар екендiгiн бiледi, ол аз ғана кенеп бетiнен шығыңқы болып
тұрады. Оның сыртқы бетi айтарлықтай ерекшеленедi, ол бояу қоюлығына,
сайманға байланысты.
Азғана тәжiрибеден жас кескiндемешi, бояудың жағы-луы, құрамы
бейнелеуде мағынасыз еместiгiн бiледi. Бiр кезде бояу сұйық болып жағынды
мазок жалпақ болып жағылады, ағып тұрған бояумен жазу қиын болады. Кейде
бояу қою болып жазуға қиындық туғызады, палитра бетiнде дұрыс тиiмдi
табылған түс кенеп бетiнде бұзылады, шетиндi кистiнiң iрi iздерi түстi
дақтардың ашықтығын бұзады, ал кейде бейберекет жағылған жағынды жұмысты
епетейсiз бiтпеген етiп көрсетедi. Кейде шетиндi кистiнi, кiшкене
колонкалыға ауыстырып, басқа ерiткiш қолданса, бояу қабаттарының қалыңдығын
өзгертiп жазса, көпке дейiнгi сәтсiздiк жойылып тез арада жетiстiктерге
жетемiз.
Алғаш жазуды бастаған адам, кескiндеменiң өте құнды құбылысымен, құнды
элементi – фактурамен ұшырасады. Фактура – бұл бояу қабаттарының көрiнiп
тұрған құрылымы. Бұл бояу қабаттарының қалыңдығы, оның құрамы, бояу
жағындыларының бiр – бiрiмен кенеп бетiндегi үйлесiмдiлiгi.
Фактура, ол ойдан болмаса кездейсоқ болса да ол шығарманың бөлiнбес бiр
бөлiгi, таза материалда ғана емес, бейнелi тартымды.
Анық шебердiң қолөнерлiк және өнерлiк жақтары бiр – бiрiнен айырғысыз.
Аяқталған шығарма өзiнде қазiргi сапаны иеленгенде, оған қоса да, кемiте де
алмаған жағдайда ғана аяқталған болып аталады. Кенеп бетiндегi кез келген
бояу жағындысы бұл болашақ жұмыстың бiр бөлiгi, осыдан оның тұтастығы,
сұлулығы пайда болады. Суретшi өзiнiң жұмысы-ың алғашқы қадамынан бастап
орындау техникасын, тәсiлiн көпқырлылығын толық елестетуi керек.
Барлық тәсiлдер бiр – бiрiнен айырмашылығы бар, әрқайсысының өз
ерекшелiгi, қиындығы, орны, қайталанбас мүмкiндiктерi бар, ешқандай
универсалды (жетiлдiрiлген) тәсiл жоқ. Бәрiбiр қазiргi, бай, көпүндi
станокты кескiндеме-нiң техникасы – бұл май, ал суретшiлер темперамен,
гуашь, акварельмен аз тиiмдiлiкпен жұмыс iстейдi.
Өз өнерiне шеберлiкпен, сүйiспеншiлiкпен қараған шебер өз жұмысын өте
жоғары деңгейде орындап шығуға ұмтыла-ды. Әрине оның жұмысының, кенебiнiң
бетi қалай болса солай өңделе салмайды.
Ескi кескiндеме шығармалары өзiнiң орындалу шеберлiгiмен, небiр алдыңғы
қатарлы тәсiлдердi меңгерген шеберлердiң өзiн таң қалдырып өзiне баурап
алады.
Ескi шеберлердiң фактураға деген қатынасы жоғары болды, оларға ол
көркемдiк құрал болды.
Бояуды кенепке қалың етiн жағуға да болады, сұйық жағынды етiп жазуға
да болады, бояу қабаты астынан грунт немесе астыңғы бояу қабаты
көрiнетiндей етiп, бұл жазу тәсiлiн лисировка деп атайды.
Бояулардың қалың, мөлдiр емес, жарықты өзiнен шағы-лыстыратын түрлерi
бар, олар: белила, кадмий.
Палитрада мөлдiр, жартылай мөлдiр бояуларда аз емес, жарық өткiзгiш –
лиссировка бояулары; краплак, марс тағы басқалар. Белила қосылып пасталы
жазылған түстер суық болып көрiнедi, қалың түстер тереңдiктi, әсерлi, жылы
түстер бередi.
Бұрынғы шеберлер майлы бояулардың өткiзгiштiк оптикалық қасиетiн өте
шеберлiкпен пайдаланып отырды.
Сурет салуды картинадағы ең күңгірт жерлерден – меншікті және түспе
көлеңкелерден бастау керек.
Нақ осы көлеңкелерде картинаның колористік құрылысы – кескіндеменің
бірлігі мен гармониясы мейлінше толық көрінеді. Көлеңкелер әрқашан дерлік
бір ортақ түстік рефлекспен – аспаннан қабырғалардан және т.б. ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Бейнелеу өнерінің дамуы және қалыптасуы
Қазақстанның бейнелеу өнерінің даму тарихы
Натюрморт жанрының көркемдік ерекшеліктері
Натюрморт бейнелеу өнерінің ерекше жанры
Мектептегі натюрморт сабағының өткізу әдістемесі
Натюрморт
Станоктық кескіндемедегі композиция
Бейнелеу өнері пәніндегі Натюрморт тақырыбы
Оқушыларға кескіндеме жазу арқылы шығармашылық қабілетін дамыту. Натюрморт
Жеке оқушылар суреттерін балалармен қосылып анализ жасау және салыстыру
Пәндер