Орта ғасырлар философиясы



Жоспар:
Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .3
1. Шығыстағы орта ғасырлар философиясы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
2. Сопылық рухани ілімі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .
3. Батыс Еуропадағы қайта өрлеу дәуірі философиясы ... ... ... ... ... ... ... ...
Қорытынды ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
Пайдаланылған әдебиеттер ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
КІРІСПЕ

Рим империясы құлаған уақыттан бастап Европада орта ғасырлар кезеңі басталады. Орта ғасырлар кезеңі мың жылдай уақытты алады. 476 жылдан XVІІ ғасырға дейін. Бұл дәуірдің де өзіндік философиясы болды. Оны схоластика (латын тілінде – школа - мектеп) деп атаған. Схоластар ақылдан діни сенімді жоғары қойды. Схоластар білімнің дінге қатынасы төңірегінде қалыптасты. Олардың талас пікірі жалпылық пен жекелік қатынасы. Философия тарихында бұл таласты әмбебаптар, яғни жалпы ұғымның табиғаты жайлы деп атайды. Жалпылық ұғымды олар универсалийлер деді. Универсалийлер туралы пікірлер 2 ағымға бөлінді: реализм және номинализм болып. Реалисттер айтты: жалпы ұғым, әмбебаптар адам санасынан тыс, тілінен тыс өмір сүретін шындық деп түсіндіреді. Бұл көзқарасқа қарама-қарсы екінші пікір бойынша әмбебаптар адамнан, нақты заттардан тыс өмір сүрмейді. Бұл тек нақты заттарды қорыту арқылы пайда болған жалпылық ұғым.
Бұл пікір
Пайдаланылған әдебиеттер
1. Алтаев Ж., Қасабек А., Мұқамбетәлі Қ. Философия тарихи – Аоматы, 2000.
2. Абай. Шығ.жинағы. Алматы,1995
3. Әбішев Қ. Философия. Алматы: Ақыл кітабы, 2001.
4. Введение в филосфию. Учебник для вузов 2-е издание М., 1997
5. Әлемдік филосфиялық мұра. 1-20 тт-Т.1-Алматы: Мектеп, 2005-2007

Пән: Философия
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 16 бет
Таңдаулыға:   
Жоспар:
Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...3
1. Шығыстағы орта ғасырлар философиясы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
2. Сопылық рухани ілімі ... ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
3. Батыс Еуропадағы қайта өрлеу дәуірі философиясы ... ... ... ... ... ... ... ...
Қорытынды ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
Пайдаланылған әдебиеттер ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..

КІРІСПЕ

Рим империясы құлаған уақыттан бастап Европада орта ғасырлар кезеңі басталады. Орта ғасырлар кезеңі мың жылдай уақытты алады. 476 жылдан XVІІ ғасырға дейін. Бұл дәуірдің де өзіндік философиясы болды. Оны схоластика (латын тілінде - школа - мектеп) деп атаған. Схоластар ақылдан діни сенімді жоғары қойды. Схоластар білімнің дінге қатынасы төңірегінде қалыптасты. Олардың талас пікірі жалпылық пен жекелік қатынасы. Философия тарихында бұл таласты әмбебаптар, яғни жалпы ұғымның табиғаты жайлы деп атайды. Жалпылық ұғымды олар универсалийлер деді. Универсалийлер туралы пікірлер 2 ағымға бөлінді: реализм және номинализм болып. Реалисттер айтты: жалпы ұғым, әмбебаптар адам санасынан тыс, тілінен тыс өмір сүретін шындық деп түсіндіреді. Бұл көзқарасқа қарама-қарсы екінші пікір бойынша әмбебаптар адамнан, нақты заттардан тыс өмір сүрмейді. Бұл тек нақты заттарды қорыту арқылы пайда болған жалпылық ұғым.
Бұл пікір бойынша "жалпы адам" дүниеде жоқ, адам қашанда нақты бейне. Ал "адам" деп жалпы айту - тек нақты адамдардың бәріне тең, ортақ ұғым. Бұл пікірді жақтаушыларды "номиналистер" деп атады. (латынша nomіna- атау). Реализм өкілдері - Фома Аквинский, Дунс Скотт, Раймунд Луллий. Фома Аквинский (1225-1274) орта ғасыр философиясының ірі өкілі, қазіргі католицизм дінінің рухани пірі, әулиесі. Фома философиясы мән және өмір сүру (экзистенция) төңірегінде құрылады. Оның пікірінше, өмірде бұл екеуі жеке, бірінен бірі алшақ және де өмір сүру мәнінен жоғары. Ал құдайда бұл екеуі бір, ажыратылмайды. Фоманың пікірінше дүниеде себепсіз еш нәрсе жоқ. Оның пікірінше, біздің атымыз бен нақтылық (шындық) арасында толық сәйкестік жоқ. Жалпылық біздің миымыздың жемісі, бірақ оның нақты, біздің санамыздан тыс өмір сүретін шындыққа қатысы бар. Осыдан келіп, Фома жалпылық заттардан тыс құдай санасында өмір сүреді дейді.

1. ОРТА ҒАСЫРЛАРДАҒЫ ШЫҒЫС ФИЛОСОФИЯСЫ

Ортағасырлық арабтілдік философиясының шығу себептері және оның ерекшеліктері
Орта ғасырларда Батыс елдері мен Шығыс елдерінің арасында едәуір айырмашылықтар болды. Орта Азия мен Иран жерлерінде Х-ХІІ ғасырларда мұсылмандық ренессанс құбылысы өтті. ІХ-Х ғасырларды мұсылман мәдениетінің "алтын дәуірі" деп атайды. "Мұсылман ренессансы" деген ұғымды шығыс тілі мен мәдениетін зерттеу ғылымына енгізген швейцарлық ғалым Адам Мец бұл құбылыстың тек антика мәдениетінің қайта өрлеуі ғана емес, сондай-ақ араб, парсы, түркі, сирия мәдениетін жаңғырту екенін тілге тиек етеді. Осы өрлеуге ықпалын тигізген жағдайлардың қатарына сауаттылықтың біршама өріс алғанын, қолжазба жинау, аударма ісінің жолға қойылғанын, жеке меншік және қоғамдық кітапханалардың құрылғанын атап өтуге болады (1). Орта Азия ортағасырлық өркениеттің бір ошағы болған. Бұл жерді атақты Жібек жолы басып өткен.
ІХ ғасырда атақты ғалымдардың бірі Әл-Хорезми өмір сүрді. Ислам діні ғылымның дамуына тосқауыл қойған жоқ. Құран кітапта білім мен ғылымның маңызы жоғарғы орынға қойылған. Ғылымның дамуына Әл-Фараби (870-950жж), Әл-Бируни (973-1037), Ибн-Сина (980-1037) сияқты ғұламалар әсерін тигізді. Көрнекті математик, астроном, ақын әрі ойшыл Омар Хайям (1040-1123) мұсылмандық теологияның схоластикалық қағидаларын сынға алған.
Орта ғасырларда мұсылман елдерінде еңбектерін араб тілінде жазған ойшылдар тобы көбейе түсті. Олардың білімдерін арабтілдік философия деп атап кеттік. Бұл кезең философия тарихында көрнекті орын алған.
Арабтілдік философияның шығуына алғышарт болған жағдайлар мыналар:
1. Ислам дінінің қалыптасуы (622 жылдан бастап ислам дәуірі басталды). Ислам дінін таратушы басты күш Араб халифатының өмірге келуі. (Аравияда VІІ ғасырдың жиырмасыншы жылдары). Халифат дүниеге жеті жүз жылға жуық өз өктемдігін жүргізді.
2. Эллинизмнің, оның ішінде неоплатонизмнің Шығысқа әсері.
3. Аудармашылық қозғалыстың дамуы. Арабтілдік философия ұмыт болып бара жатқан антикалық философияны тірілтіп, оған түсініктемелер (комментарийлер) жазып, аударып, онымен Европа жұртшылығын таныстырып, грек философиясындағы дәстүрді жалғастырушы болды. Бұл жайында Бертран Расселдің "История западной философии" атты еңбегінде танысуға болады. Кітап 1998 жылы Дондағы Ростовта шыққан (328-329 беттер). А.А.Игнатенко "В поисках счастья" атты кітабында арабтілдік философия жай ғана аудармашы қызметін атқармағанын, оның өзіндік ойлау мәдениетінің жоғары болғанын атап көрсетеді.
4. Платон мен Аристотель философиясының Араб халифаты елдеріне енуі, таралуы. Платон ілімі Әл-Фарабидің саяси философиясының негіздеріне әсерін тигізген. Аристотелизм шығыс перипатетизміне негіз болды.
Арабтілдік философияға тән ерекшеліктер мыналар:
1. Жазба тілі - араб тілі. Әр түрлі елдерді ортақ тіл біріктірді, мәдени, рухани сұхбатқа негіз болды.
2. Бұл философияның мақсаты: ислам қағидаларын рационалды негіздеу.
3. Бұл философия жаратылыстану ғылымдарымен тығыз байланыста дамыды.

Арабтілдік философия - мұсылман мәдениетінің туындысы. Бұл философияның қай өкілі болмасын, мұсылмандыққа қарсы шықпаған, керісінше, әлемдік мәдениет үлгілерін мұсылмандық дүниетаным тұрғысынан қарастырған. Осы тәсіл мүмкін ұтымды болған болар, дүниеге озық философиялық концепциялар келді. Оған мысалдар ретінде мұсылмандық схоластиканы, ибн-Маймунның идеяларын, Әл-Фараби, Ибн Синаның жүйелерін, Ибн Рушдтің "ақиқаттың екі сипаты" концепциясын, Әл-Ашари мен Әл-Матурудилердің ілімдерін, суфизм мазхабын атап айтуға болады.
Саяси - географиялық өлшемді қолданып, араб тіліндегі философияның (фалсафа) типологиясын жасаған профессор Ғарифолла Есім, оның үш тарихи кезеңін белгілейді.
Бірінші кезең. Бағдат халифатына қатысты, Әл-Кинди, "Таза ағайындар" еңбектеріне байланысты қарастырылатын тарихи-мәдени кеңістік.
Екінші кезең. Халифаттан өзге мұсылман мемлекеттерінің пайда болуына байланысты ислам мәдениеті Аравиядан тыс аймақтарда гүлдене бастады, соның бір көрінісі Орта Азия мен Қазақстан территориясындағы ерекше дамыған - философия (фалсафа), оның өкілдері: Әл-Фараби, Ибн Сина, Омар Хайям, Аттар, Әл-Газали т.б. Бұлар парсы-түркі жұртының ойшылдары.
Үшінші кезең. Мұсылман Испаниясындағы Европалық философияның тарихи-мәдени кеңістігі, оның өкілдері: ибн-Бадж, ибн-Туфейль, ибн-Араби, ибн-Рушд. [2].
Философия оқулықтарында Таяу Шығыстағы араб елдерінде философия 4 бағытта болды деп көрсетеді. Ол бағыттар мыналар:
1. "Таза ағайындар ілімі";
2. Шығыс перипатетизмі немесе материалистік бағыт. Негіздеушісі Әл-Кинди (800-870жж.), өкілдері: Әл-Фараби, ибн-Туфейль, ибн-Рушд (1126-1198);
3. Калам;
4. Суфизм (ХІ-ХІІ ғ. ғ. гүлденді).
Араб мұсылман философиялық мектептері.
Әл-Фарабидің эманациялық теориясы мұсылман философиясының бүкіл тарихымен екі жақты байланысты: ол теологиялық және философиялық ойдың алдыңғы бағыттарында орын алған ілімдерді өзінде біріктіреді, және өз кезегінде Әбу Насырдың соңынан ерген көптеген ғалымдар үшін теориялық түзілімдердің бастауы қызметін өзі атқарады. Өз ілімінде Әл-Фараби аспан мен ай асты мәселелерін біртұтас етіп біріктіреді. Негізінен ақылмен танылатын және өзгермейтін болмыстармен айналыса отырып, ол, сондай-ақ, денелік және өзгермелі болмыстарды да назардан тыс қалдырған жоқ. Философ мәңгілік әлемді өзгермелі әлемнен бөліп қарайды, дегенмен Бүтін және көптік арасына байланыс орнатады. Әл-Фарабидің эманация теориясы өзінде теология мен космология мәселелерін біріктіреді. Ақыл барлық затты жасампаз ете отырып, жалғыздан тарайды. Бұлай болу себебі, құдай өз субстанциясын біледі, барлық игіліктің бастауы өзі екенін біледі, - деп есептейді Әл-Фараби. Құдайдың әрекеті мен жасапмаздығы ойлау процесінде, интеллектуалдық процесте жүзеге асады. Ойлау мен болмыстың өзара қатынасы Әл-Фараби философиясында жаратылыстың ұлы да сымбатты көрінісімен берілген.
Адамзат ақыл-ойының эволюциясын Әл-Фараби таным процесіне қатысатын адам жанының (душа) қабілеті мен бөлшектеріне байланысты зерттейді. Адам интеллекті - бұл туа біткен қабілет, - деп көрсетеді Әл-Фараби. Бұл алғашқы интеллектіні философ потенциалдық және алғашқы материалдық интеллект деп атайды. Ол тәжірибеге дейін болады, яғни адамзат ие болғанға дейін болады. Тәжірибе пайда болып, сақталғаннан кейін потенциалдық ақыл актуалды ақылға айналады. Таным процесінің екі жақты сипаты бар: ол потенциалды ақыл-оймен қатар потенциалды ақыл жететін нәрселерді де жүзеге асыруды көздейді. Материалдық болып табылатын заттардың субстанциясында өзбетінше актуалды интеллект болу қабілеті жоқ. Бұл объектілердің мүмкін, яғни потенциалды танылудан актуалды танылуға өтуі үшін материядан да асқан субстанциялы мән қажет.
Өзінің "Ақыл (деген сөздің) мағынасы жайындағы пайымдама" деп аталатын шығармасында Әл-Фараби интеллект деген сөздің түрлі мағынада пайдалануы туралы жазады. Бірінші - қарапайым сөзде, парасатты адам жөнінде айтқан кезде қолданылады. Екінші - мутакаллимдердің түсінігінде, парасат теріске шығарылған кезде айтылады. Үшінші - Аристотельдің "Екінші Аналитика" атты шығармасында берілген мағынада, интеллект жанның қабілеті болып табылады. Туа біткен қасиеті арқылы әмбебап, ақиқат және қажетті шарттар жөнінде анық мағлұмат алу үшін адамға жағдай жасайтын жан қабілеті деп қарастырылады. Төртінші мағынасы - тағы да Аристотельдің "Этика" деген еңбегінің алтыншы кітабында айтылған. Мұнда Аристотель интеллект деп өзіне сәйкес келетін тектегі объектілерге ұдайы қолданудан келіп туатын сол жанның бір бөлігін айтады. Бұл өзі жүре келе тәжірибеден туады, жан бұл тәжірибені объектідегі әрбір дара нәрседен алады. Пікірлер мен шарттардың анықтығы ерік істерінен туады; оның қабылданатыны немесе қабылданбайтыны ерік істерінің табиғатында болады. Жанның нақ осы бөлігін Аристотель "Этиканың" алтыншы кітабында интеллект деп атаған, - дейді Әл-Фараби. Интеллект сөзінің бесінші мағынасы Аристотельдің "Жан туралы" трактатынан алынады. Мұнда Аристотель интеллектті төрт түрге бөледі: а) потенциалды; б) актуальды; в) жүре келе дарыған және г) әрекетшіл интелект. Потенциалды интеллект дегеніміз формаларды жүзеге асыратын субстанция болып табылады. Форма деген ұғым Аристотельде, Әл-Фарабиде мән (сущность) деп алынады. "*Акл би л фи*л" - "актуальды интеллект". Бұл мағынаға Аристотельдің "ойлауды-ойлау" деген ұғымы сай келеді. Мұнда Әл-Фараби ойлау мен болмыстың ұқсастығы қатынасын дамытады. Таным әрекетіне жеткенге дейін интеллект екі жағынан потенциалды. Субъект жағынан интеллект, әлі өзі дамытпаған пайымдау қабілеті ретінде потенциалды. Объект жағынан, оның потенциалды болатын себебі затқа ой жүгіртуге, оны ақылмен пайымдауға болады, оған мүмкіндік бар. Ақылмен пайымдауға болатын парықтарды - "интеллекция объектілерін" пайымдау, оларды потенциалдылықтан нақтылыққа айналдыру арқылы потенциалды интеллект актуалды интеллектке, яғни шын интеллектке айналады. Егер субстанциядан абстракцияланған интеллекцияның пайымдағыш объектілері осы парықта жүзеге асатын болса, онда бұл объектілері интеллекцияның актуальды объектілеріне айналады. Субстанциядан абстракцияланудан бұрын бұлар интеллекцияның потенциалды объектілері болып еді, ал субстанциясынан айрылып, олар актуальды объектілерге айналды. Актуальды интеллект, бұлар актуальды пайымдалғыш болғандықтан интеллектінің формалары болып табылатын интеллекцияның пайымдағыш объектілерін пайымдағанда, бұған дейін актуальды деп саналып келген интеллект жүре келе дарыған интеллектіге айналады. Болмыста пайымдалғыш парықтар пайда болады. Заттың формалары, ақылмен пайымдалатын интеллекция объектілері ретінде, тек жан дүниесінде өмір сүреді.
"Жан туралы" трактатының үшінші кітабында Аристотель айтқан әрекетшіл интеллект дегеніміз ешуақытта да материяда болмаған және онымен мүлдем байланысы жоқ астракцияланған форма,-деп түйіндейді Әл-Фараби. Әрекетшіл интеллект дүниеде бар нәрселердің ішінен алдымен ең жетілгендерін таниды, ал материалдық формалар әрекетшіл интеллектіде материядан абстракцияланған болып табылады. Әрекетшіл интеллект материяға өзінің парқында бар қасиетті береді, бірақ материя оларды түрліше қабылдайды.
Әл-Фараби философиясында онтология мен гносеология өзара байланысты, олардың тамыры бір, олар Мән туралы бірегей іліммен біріктірілген. Аристотельдің ізімен Әл-Фараби бастапқы бастаулар туралы мәселе қояды, бірақ ай асты әлемінің табиғатын қарастырумен шектеліп қоймайды, нақтылықты табиғи жолмен Бастапқы Мәнмен байланыстырып тұрған ғарыш қабатына көз тігеді. Бастапқы Мән Әл-Фараби үшін Аристотельдің әрекетсіз алғашқы қозғаушысынан айтарлықтай ерекшеленеді. Ол барлық болмыс пен ойлаудың жанды бастауы болып табылады.
Әбу-Насыр Алғашқы Мән анықтамасына жанды және Өмір тәрізді дәстүрлі емес ұғымдарды қосады. Әл-Фарабидің көзқарасымен алғанда жанды деп Алғашқы Мәннің бөлінбес сипаты болып табылатын барлық белгілінің ішіндегі ең үздік білім иелерін атайды; адам туралы бұлай айту, оны үздік түсінікпен қабылдаушы ретінде қарастыруды білдіреді. Жансыз болмыс түрлеріне қатысты алғанда, жанды ұғымы даму барысында Алғашқы мәннің табиғатының нәтижесі болып табылатын және оның өз табиғатынан бөлінуін қайталайтын құбылыстарды бейнелейді.
Адами қасиеттерге қатыстыра отырып, Әл-Фараби Алла-Тағаланың ұлылық, кереметтік және даңқ тәрізді сипаттамаларын қарастырады. Бұл мәселелер туралы мағлұматтарды Әл-Фарабидің "Азаматтық саясат", "Ізгі қала тұрғындарының көзқарастары" атты шығармаларында кездестіре аламыз.
"Ізгілік қаласында" философ "Бірінші себептер" ұғымын енгізеді және оны ең алдымен, материяны қажетсінбейтін болмыс ретінде қарастырады.
Әл-Фараби денелер болмысы мен акциденциялардың шарты болып табылатын бастаулардың алты үлкен сатыларын көрсетеді: бірінші сатыда - бірінші себеп, екіншісінде - екінші себеп, үшіншісінде - харакетшіл ақыл, төртіншісі - жан, бесіншісі - форма, алтыншы - материя. Алғашқы үш себеп денелер болып табылмайды және денелерден тұрмайды. Соңғы үш себеп денелерде орналасқан, бірақ денелер болып табылмайды. Әл-Фараби денелердің алты тегін бөліп көрсетеді: 1) аспан денелері; 2) ақылды тіршілік иелері; 3) ақылсыз тіршілік иелері; 4) өсімдіктер; 5) минералдар; 6) төрт элемент (от, ауа, су, топырақ).
Табиғи заттар материя мен формадан тұрады. Әр дене өз формасы арқылы болмыста сақталуға құқылы, ал материя арқылы ол өзге болмысқа ие болуға құқылы. Материя форманың болуының арқасында тіршілік етеді, форманың арқасында денелік субстанция актуальды субстанцияға айналады, себебі ол өз формасынсыз өмір сүрсе, болмыс тек потенциалды ғана болып табылады.
"Азаматтық саясатында" Әл-Фараби осы ойға қайта оралады. Материя тек форманың субстраты ғана болып табылмайды, сонымен бірге форма үшін де тіршілік етеді. Форманың тіршілігі - материяның бірінші мақсаты. Форма болмаған жағдайда материяның тіршілігі бекер болған болар еді. Табиғи нәрселердің арасында бекер ештеңе болмайтындықтан, бастапқы материя формадан азат болуы мүмкін емес. Әрі қарай Әл-Фараби формаларды акциденциялармен салыстырады: "Формалардың акциденцияға ұқсастығы, олар басқалар сияқты өз тіршілігі үшін субстрактқа ие болуы керек. Формалардан акциденциялардың ерекшелігі, субстраттар олар үшін де, олардың алып жүрушісі болу үшін де өмір сүрмейді. Форма субстраттарына, дәлірегі материяға келетін болсақ, олар формаларды алып жүруге арналған". [10]
Әл-Фарабидің жүйесінде "харакетшіл ақыл" екі әлемнің ортасындағы шекарада орналасқан. Әрекетсіз субстрат тәрізді материя "харакетшіл ақылдан" туатын формаларды алады. Ай асты әлемі тек "харакетшіл ақылдың" ғана емес, аспан сферасының да ықпалына ұшырайды. Халықтардың алуан түрлілігінің, яғни табиғи халықтардың мінез-құлқы мен тілдерінің айырмашылығының себебін Әл-Фараби дәл осы аспандық себептерінің әсерінен, аспан денелерінің орналасуындағы айырмашылықтан іздейді.
Әл-Фараби ізгілік ұғымын парасатты теориялық, парасатты практикалық, ұмтылушы, елестетуші және түйсінуші тәрізді бес жан күйлерімен байланыстырады. Тек парасатты ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Мұсылман философиясы
Ислам философиясы
Ислам философиясы. Араб философиясы
Ортағасырлық мұсылман философиясы
Әл-Кинди және араб тілді философияның бастауы
Қытай әдебиеті
Философия мен мәдениет
Əл Фараби жəн ислам мəдениеті
: Ғылымдағы әдіс мәселесі. Ғылым және техника
Батыс Еуропалық орта ғасыр философиясы
Пәндер