Несие беру, қайтару және пайыздарды есептеу есебі



МАЗМҰНЫ

КІРІСПЕ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..3.4

I ТАРАУ. ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ НЕСИЕ САЯСАТЫ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .5.16
1.1. Несие жүйесінің қалыптасуы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...5.6

1.2. Несие тұралы ұғым және оның пайда болуы ... ... ... ... ... ... 6.14

1.3. Несиелік пайыздарды есептеу ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..15.16

II ТАРАУ. НЕСИЕНІҢ МӘНІ ЖӘНЕ ҚАЖЕТТІЛІГІ ... ...17.26

2.1. Несие беру және оның қайтарылуын қамтамасыз ету ... ... ..17.19

2.2. Қазақстан Республикасындағы банктердің несиелік қызметінің дамуы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..19.21

2.3. ҚР.дағы екінші дәрежелі банкттермен кіші бизнес субъектілерін несиелендіру ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .21.26

ҚОРЫТЫНДЫ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 27.28

ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 29
КІРІСПЕ

Нарықтық экономикада несие банк жүйесінде маңызды рөл атқарады. Несиенің экономикадағы алатын орны елеулі екендігіне ешбір күмән жоқ. Олай болса, бұл тақырыптың өзекті екеніне көз жеткізуге болады. Жұмыстың мақсаты капиталдың, яғни қарызға берілген ақша капиталының жүру формасын несие, ақша капиталының ақша айналуын және несие берушінің қарыз алушы арасындағы қатынастарды көрсетеді. Оның көмегі арқылы жеке және заңды тұлғалардың мемлекеттің бос ақша қаражаттарын шоғырландырып, қарыз капиталына айналуы және белгілі уақытқа қолдануға ақылы түрде беріледі.
Несиенің маңызы, сонымен бірге оны қолдау аясы елдің экономикалық жағдайына байланысты үнемі өзгеріп тұрады. Айталық, экономиканы орталықтанған жоспарлы түрде басқарудан нарықтық экономикаға өтуге байланысты біздің елімізде коммерциялық және ипотекалық, лизингтік, трастылық қаржылық банктік операцияларды пайдалану жаңғыртылады, сонымен бірге несие қатынастары мен несиенің көлемі, несие ставкасы да өзгереді.
Сонымен қатар, несие қатынастарының нақты көрінісін несиенің формалары мен түрлері сипаттайды. Несиенің негізгі екі формасы: коммерциялық және банктік несие болады. Бұл екі несие бір-бірінен несие субъектілері, құрамы, қарыз объектісі, динамикасы, пайыз мөлшері және қызмет ету аясы бойынша ажыратылады. Несиенің түрлері бұл белгілі бір түрдегі экономикалық қатынас ретіндегі несиеден келіп шығатын белгілі бір қасиеттерге ие.
Қазақстан Республикасының қазіргі уақыттағы экономикалық жағдайы, оның ішінде несиелі ақша жүйесінде үлкен өзгерістер болып отыр. Несие толығымен экономикамен және оның жеке секторларымен тығыз байланысты. Сондықтан да бүгінгі таңда Қазақстанда күрделі өзгерістер болуда, яғни елдің экономикасының дамуы мемлекеттің несие саясатымен тікелей байланысты. Осы жерден байқайтынымыз несие қазіргі уақыттағы экономиканың тірегі болып табылады. “Несие” деген сөздің өзі, латын тілінен аударғанда “сенім” деген мағынада, ол белгілі - бір тұлғаның мойнына алған міндетін орындауға сенім көрсетуге дегенді білдірсе, екінші жағынан, несие, банктердің филиалдарымен несиелік мекемелердің қанат жаюымен ұштасып, сол арқылы қазақ даласының қойнауының капиталын кеңейтуге мүмкіндік береді.
Осы жұмысымда несиенің мәні мен қажеттілігін, формалары мен түрлерін, жеке және заңды тұлғалар үшін несиенің өте қажеттігін, олардың төлем қабілеттілігін, қайтарымдылығын, тиімділігін қарастырамын. Сондай-ақ ауыл шаруашылығына берілетін несиенің мемлекет үшін қажеттілігі, мәні мен маңызы және шет ел тәжірибелері салыстырылып ұсынылып қарастырылған.
ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР:

1. « Ақша, несие, банктер »: оқу құралы/ Сейтқасымов Г.С. – екінші басылым.- Алматы: « Экономика », 1999.- 432 бет.

2. Бикеева Н.Ж., Бектұрғанова Қ.И. « Кәсіби экономика тілі », оқулық./ - Астана: « Таным », 2003.- 272 бет.

3. « Жас қазақ » ақпаратты – сараптамалық апталық газеті, № 17 (17) 26 – ақпан 2004 ж. 7 - бет, таратылымы - 10000 дана.

4. Қазақстанның « Өмір » атты қоғамдық журналы, № 4 (5), сәуір 2004 , 6 – бет, 2.1., таратылымы 12000 дана.

5. Көшенова Б.А. « Ақша, несие, банктер, валюта қатынастары »: оқу құралы./ - Алматы: « Экономика », 2000. – 328 бет.

6. Мақыш С.Б. «Ақша айналысы және несие» : оқу құралы./ - Алматы: « Экономика », 2004.- 268 бет.

7. Саниев М.С. «Ақша, несие, банктер» : оқу құралы./ - Алматы, 2001.-324 бет.

Пән: Банк ісі
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 29 бет
Таңдаулыға:   
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫның БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ

ТАҚЫРЫБЫ: Несие беру, қайтару және пайыздарды есептеу есебі тақырыбы
бойынша

ОРЫНДАҒАН:

ҚАБЫЛДАҒАН:

МАЗМҰНЫ

КІРІСПЕ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .
... ... ... ... ... ..3-4

I ТАРАУ. ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ НЕСИЕ
САЯСАТЫ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... 5-16
1.1. Несие жүйесінің
қалыптасуы ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ..5-6

1.2. Несие тұралы ұғым және оның пайда болуы ... ... ... ... ... ... 6-14

1.3. Несиелік пайыздарды
есептеу ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..15-16

II ТАРАУ. НЕСИЕНІҢ МӘНІ ЖӘНЕ ҚАЖЕТТІЛІГІ ... ...17-26

2.1. Несие беру және оның қайтарылуын қамтамасыз ету ... ... ..17-19

2.2. Қазақстан Республикасындағы банктердің несиелік қызметінің
дамуы ... ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ...19-21

2.3. ҚР-дағы екінші дәрежелі банкттермен кіші бизнес субъектілерін
несиелендіру ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..2 1-26

ҚОРЫТЫНДЫ ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... .27-28

ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ...29

КІРІСПЕ

Нарықтық экономикада несие банк жүйесінде маңызды рөл атқарады.
Несиенің экономикадағы алатын орны елеулі екендігіне ешбір күмән жоқ. Олай
болса, бұл тақырыптың өзекті екеніне көз жеткізуге болады. Жұмыстың мақсаты
капиталдың, яғни қарызға берілген ақша капиталының жүру формасын несие,
ақша капиталының ақша айналуын және несие берушінің қарыз алушы арасындағы
қатынастарды көрсетеді. Оның көмегі арқылы жеке және заңды тұлғалардың
мемлекеттің бос ақша қаражаттарын шоғырландырып, қарыз капиталына айналуы
және белгілі уақытқа қолдануға ақылы түрде беріледі.
Несиенің маңызы, сонымен бірге оны қолдау аясы елдің экономикалық
жағдайына байланысты үнемі өзгеріп тұрады. Айталық, экономиканы
орталықтанған жоспарлы түрде басқарудан нарықтық экономикаға өтуге
байланысты біздің елімізде коммерциялық және ипотекалық, лизингтік,
трастылық қаржылық банктік операцияларды пайдалану жаңғыртылады, сонымен
бірге несие қатынастары мен несиенің көлемі, несие ставкасы да өзгереді.
Сонымен қатар, несие қатынастарының нақты көрінісін несиенің формалары
мен түрлері сипаттайды. Несиенің негізгі екі формасы: коммерциялық және
банктік несие болады. Бұл екі несие бір-бірінен несие субъектілері, құрамы,
қарыз объектісі, динамикасы, пайыз мөлшері және қызмет ету аясы бойынша
ажыратылады. Несиенің түрлері бұл белгілі бір түрдегі экономикалық қатынас
ретіндегі несиеден келіп шығатын белгілі бір қасиеттерге ие.
Қазақстан Республикасының қазіргі уақыттағы экономикалық жағдайы, оның
ішінде несиелі ақша жүйесінде үлкен өзгерістер болып отыр. Несие толығымен
экономикамен және оның жеке секторларымен тығыз байланысты. Сондықтан да
бүгінгі таңда Қазақстанда күрделі өзгерістер болуда, яғни елдің
экономикасының дамуы мемлекеттің несие саясатымен тікелей байланысты. Осы
жерден байқайтынымыз несие қазіргі уақыттағы экономиканың тірегі болып
табылады. “Несие” деген сөздің өзі, латын тілінен аударғанда “сенім” деген
мағынада, ол белгілі - бір тұлғаның мойнына алған міндетін орындауға сенім
көрсетуге дегенді білдірсе, екінші жағынан, несие, банктердің филиалдарымен
несиелік мекемелердің қанат жаюымен ұштасып, сол арқылы қазақ даласының
қойнауының капиталын кеңейтуге мүмкіндік береді.
Осы жұмысымда несиенің мәні мен қажеттілігін, формалары мен түрлерін,
жеке және заңды тұлғалар үшін несиенің өте қажеттігін, олардың төлем
қабілеттілігін, қайтарымдылығын, тиімділігін қарастырамын. Сондай-ақ ауыл
шаруашылығына берілетін несиенің мемлекет үшін қажеттілігі, мәні мен маңызы
және шет ел тәжірибелері салыстырылып ұсынылып қарастырылған.

I ТАРАУ. ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ НЕСИЕ САЯСАТЫ.
1.1. Несие жүйесінің қалыптасуы.
Несие жүйесі – жалпы банктердің және банктік операцияларының
жекелеген түрлерін жүзеге асыратын банктік емес мекемелердің
жиынтығы.
Несие жүйесі ұғымы банк жүйесіне қарағанда кеңірек яғни мұнда
өзге де несиелік мекемелер қамтылады. Әр елдің өзіндік ерекшелеріне
қарай несие немесе банк жүесінің құрлымы қалыптасады.
Қазақстан Республикасындағы несиелік жүйе екі буыннан тұрады:біріншісі-
банктік жүйе, екіншісі-парабанктік жүйе. . Қазақстан Республикасындағы
соғы жылдарындағы несие жүйесі туралы мәлеметтер 1- кестеде
беріледі.

Несие жүйесінің элементтері12.2000 12.2001 12.2002 12.2003
Екінші денгейдегі банк-ң 48 44 38 35
барлығы оның ішіндегі:
Мемлекеттік 1 2 2 2
Мемлекетаралық 1 1 - -
Шетел капиталының 16 16 17 16
қатысуымен, оның ішінде:
-100 пайыз, 50пайыздан аса,97 96 96 104
оның ішінде:еншілес банктер 12 11 11 10
2 несиелік серіктестіктер 8 19 29 37
3 ломбарттар 42 45 52 35
4 ипотекалық компаниялар - 2 2 2
5 басқа да ұйымдар 53 41 42 46

1-кестеден көріп отырғандай, банктеріміздің саны жылдан-жылға
азаюда. 90-ж. басында олардың саны 200-ден асты,сөйтіп банк жүйесін
реформалау барысында олардың саны 35-ке жетті.Жалпы банктер
қатарында мемлекеттік банктер саны- 2.Қазақстанның банкттік секторында
шетел капиталының саны кеңие түсуде,олардың саны-16, яғни жалпы
банкттер жартысына жуығын алды. Ал банкттік емес мекемелерде
керісінше өсіп келе жатқандығын байқаймыз.
Парабанктік жүйе экономикамыздың нарықтық қатнастарға көшу
барысында жаңадан қалыптасып, енді ғана дамып келе жатқан жаңа
құрлымды сипаттайды.
Банкттікемес мекемелерінің немесе парабаніктік мекемелердің
банктердің айырмашылығы-олар біріншіден,клиеттердің белгілі бір түріне
ғана қызмет етсе, екіншісі,банктік оперпциялардың жекелеген түрлері
бойынша қызмет көрсетеді [8;117]

1.2. Несие тұралы ұғым және оның пайда болуы.

Тарихтың қай кезеңінде болса да, несие, алуан түрлі экономикалық және
қоғамдық ойшылдардың назарын аудартатын. Экономика ғылымы, өзінің пайда
болған күнінен бастап несиенің проблемасымен шұғылданып келеді. Ал, қазіргі
нарық кезіңде несиеге, экономикалық санат ретінде, аса көп көңіл бөлініп
отыр. өйткені, нарық кезінде несиелік қарым – қатынас ең жоғарғы
рәсімделуіне жетеді, сөйтіп несие, төңірегіндегі алуан түрлі практикалық
және теориялық сауалдардың шиеленіскен түйініне айналады.
Несиенің түпкі тамыры тауарлық өндірістің пайда болған кезінде жатыр.
Содан кейінгі экономикалық даму сатыларының әрқайсысында да несиенің маңызы
зор болды. Тарихтың өткен дәуірлерінің бәрінде де дамытпалы несие, барлық
қоғамдық қарым – қатынасты жаңартудың және түрлендірідің революциялық
қозғаушы күші болды. Ол жеке тауар өндірушілер арасында мүлде ақиқат
байланыс орнатты, олардың мүдделерін қосып бекітті және қоғамдық өндіргіш
күштерін қайта бөлудің ұтымды әдісі болды.
Осыған байланысты болашақ экономисттерге несиенің арғы негізін,
қазіргі жағдайда оны пайдаланудың керегі неде екенін түсіну керек. Оның
үстіне, әр түрлі деректерде несиенің экономикадағы маңызы әр түрлі
түсіндіріледі. Мысалы, кейбір экономисттер, несие өнімсіз шығынды көбейтіп
( әңгіме төленетін процент жөнінде ), өндіргіш күштердің дамуына кедергі
келтіреді, нарықтық экономикаға тән қарама – қайшылықтарды шиеленістіре
түседі, сондықтан экономикалық дағдарысты жоймайды, керісінше, оны
тереңдетіп, оған тікелей себепші болады деген пікір айтады. Басқалары,
керісінше, несие экономиканың тұрақты, үздіксіз дамуына мүмкіншілік береді
дейді. Осындай қарама – қайшы пікірлер орын алған жағдайда істің жәйін
түсіну үшін алдымен несиенің қажеттілігі қайдан шығады деген сауалға жауап
беру қажет.[1] Бұл сауалдың жауабын жұмысымның келесі бабында толығымен
талқылаймын.

Ақшадан кейін несиені ойлап шығару – адамзаттың данышпандық табысы.
Себебі несиені пайдаланудың нәтижесінде шаруашылық қажетін және жеке
қажеттілікті өтеу уақыты қысқарады. Қарыз алушы кәсіпорынның несие алу
арқылы өз өндірісін кеңейтуге, ал жеке тұлғаның өз ісін ұлғайтуға, не
болмаса қажетті заттарды болашақта емес, қазір алуға мүмкіндік туады. Мен
осы пікірмен толығымен келісемін. Себебі, қол жеткізе алмай жүрген ісіңе
немесе қандай да болмасын тауарларды сатып алуға немесе ісіңді алға басуда,
қазіргі таңда банктер тарапынан үлкен жәрдем көрсетіліп жатыр.
Әзірше, қазақстандықтардың бәрі бірдей несие алып оны өтеуге қол жеткізе
алмайды. Бірақ, жұмыс жасап жүрген әр адам несие көмегімен қажеттіліктерін
қанағаттандыратын уақыт та көп кешікпей келетін болады деген сенімдемін.
Несие қатынастары алғашқы қауымдық құрылыстың мүдіктік жіктеліп
ыдырауы нәтижесінде бір қауымның бай отбасы және кедей отбасы болып
бөлініп, біреуінде артық қалған өнімнен оны кейін қайтарып беруге келісіп,
екіншісі өз мұқтажын өтеуге алуынан пайда болды. Бұл кейінірек өсімқорлық
несие деп аталды.
Өсімқорлық несиеге тән белгілер: несие берушілер – көпестер,
саудагерлер, салық жинаушылар, шіркеу иелері мен үлкен діни ордалар, ал
қарыздар – ұсақ өнім өндірушілер, құл иеленушілер мен феодалдар. Шаруалар
мен кәсіпкенрер несиені ағымдағы тұтыну мұқтажын өтеуге ғана алса, билеуші
топтар қанаушылық, жауыздық іс - әрекеттерге жұмсады. Бұл несие үшін өсім
ақының деңгеінің өте жоғарылығы ұсақ өнім өндірушілер мен кәсіпкерлерді өз
шаруашылығын жабуға мәжбүр етті.
Мысалы, феодализм тұсындағы Германияның әр түрлі қалаларында
өсімқорлық несие үшін төленетін ақының деңгейін 21 %- дан 43 %- ға дейін
көтеруге, ал кей жағдайларда 100 - 200 % -ға жеткізуге рұқсат етілді. Ескі
өндіріс әдістері ыдырап, жаңа әдістер пайда болуына негіз дайындалды.
Сөйтіп, несиенің нышандары алғашқы қауымдық құрылыстың ыдырауы
кезінде пайда болып, капиталисттік тауарлы өндіріс тұсында дамуының жоғары
сатысына жетті. [2] Сонымен,
Несие – нарықтық экономиканың тірегі ретінде экономикалық дамудың
ажырамас элементі.
Оны барлық шаруашылық субъектілерімен қатар, мемлекет те, үкімет те,
сондай – ақ жеке азаматтар да пайдаланады.
Несиенің пайда болуын өнімдерді өндіру сферасынан емес, олардың
айырбас сферасыннан іздеу керек.
Тауар айырбастау – бұл тауардың бір қолдан екінші қолға өтуін
білдіреді десе, шынымен де осындай айырбас кезінде несиеге байланысты
қатынас туындайды.
Құнның қозғалысы – бұл несиенің қозғалысының кіндігін сипаттайды.
Несиелік қатынастардың пайда болатын экономикалық негізіне капитал
айналымын жатқызуға болады.
Көбіне несиені ақша ретінде түсінеді. Бір жағынан қарағанда бұған да
негіз бар сияқты. Себебі, қазіргі шаруашылықта қарыз көбінесе ақшалай түрде
берілуде. Бірақ бұл жерде ақша мен несиенің әр түрлі ұғымды білдіріп, әр
түрлі қатынастарды түсіндіретінін естен шығармайық. Сонымен қатар, несие
мен қаржы категорияларын бір санайтындар да аз емес, несие – бұл ақшалай
қаражаттың екі жақты қозғалысын, яғни қаражаттың уақытша берілуін және
уақыт өткен соң қайтарылуын баяндаса, ал қаржы – сол қаражаттың бір жақты
қозғалысын бейнелейді, яғни қаржы: дотация, субвенция, субсидия түрінде
берілсе, олар қайтарымсыз сипатқа ие.
Несие – бұл пайыз төлеу және қайтару шартында уақытша пайдалануға,
яғни қарызға берілетін ссудалық капитал қозғалысы.
Несие ақшалай капиталдың ссудалық капиталға өтуін қамтамасыз ете
отырып, несие берушілер мен қарыз алушылар арасындағы несиелік қатынасты
бейнелейді. Несиенің көмегімен заңды және жеке тұлғалардың уақытша бос
қаражаттары мен табыстары экономикалық жүйе төңірегінде жинақтала отырып,
уақытша және ақылы негізде пайдалануға берілетін ссудалық капиталға
айналады. Несие мен ссуданың арасында да өзара айырмашылықтар бар:
Несие – бұл банктің қаражатын құрайтын көзі ретінде барлық несиелік
қатынастарды ұйымдастырудың әр түрлі формаларының болуын және сондай – ақ
олардың жұмсалымдарының бір формасын білдіретін кең ұғымды сипаттайды.
Ссуда – бұл ссудалық шот ашумен байланысты қалыптасатын несиелік
қатынастарды ұйымдастырудың бір ғана формасын білдіреді.
Экономикалық категория ретінде, несие – кәсіпорындар, ұйымдар және
бірлестіктер, сондай – ақ халық арасындағы несие қорын құру және оларды
қайтарылу, пайыз төлеу шартында белгілі – бір мерзімге уақытша пайдалануға
беру негізінде қалыптасатын өндірістік қатынастар жиынтығы.
Зерттеу заты сияқты несие құрылымы бір – бірімен өзара байланысты
элементтерден тұрады. Мұндай элементтерге ең алдымен несиелік қатынастар
субъектілері жатады. Несиелік мәміле бойынша несиелік қатынастар
субъектісіне қарыз беруші және қарыз алушы жатады.
Қарыз беруші – қарызды беретін несиелік қатынастың бір жағы. Қарыз
беруші – бұл уақытша пайдалануға қарыз беруші субъектілер болып табылады.
Қарыз берушілерге: банктер, банктік емес мекемелер, мемлекет, шаруашылық
субъектілері және де халық жатады.
Қарыз алушы – бұл несиені алушы және оны қайтаруға міндетті, несиелік
қатынастың екінші жағы.
Борышқор және қарыз алушы бір – бірімен жақын сөздер болғанымен дағы,
олардың түсініктері екі түрлі. Мысалға, кәсіпорын немесе жеке азаматтардың
коммуналдық қызметке, салықтарға т.б. байланысты төлемдері кешігуі мүмкін,
бірақ бұл жерде ешқандай да несиелік қатынас туындамайды. Борыш тек қана
экономикалық қатынасты емес, сондай – ақ адамзаттық қатынастар жағдайын
сипаттайды. Борыш – бұл тек ауқымды ұғым. Ал қарыз алушы – бұл қосымша
қаражатқа деген сұранысы бар тұлға.
Қарыз беруші және қарыз алушымен қатар несиенің құрылымының элементіне
берілетін объекті де жатады. Беру объектісі – бұл құнның ерекше бөлігі,
яғни қарызға берілген құнды білдіреді. [3]

Несие түрлері.
Несие түрлері – бұл белгілі – бір түрдегі экономикалық қатынас ретінде
несиеден келіп шығатын белгілі – бір қасиеттерге ие оның бір түрі.
Түрдің формадан айырмашылығы – түр диалектика категориясы болып табылмайды,
ол несиені ерекше түрдегі экономикалық қатынастар ретінде түсінуді
анықтайтын жіктеудің категориясы болады.
Осыған байланысты несие түрлері төмендегідей жіктеледі:
1. мерзімдері бойынша:
а) қысқа мерзімді ( 1 жылға дейін );
ә) орта мерзімді ( 1 жылдан 3-5 жылға дейін );
б) ұзақ мерзімді ( 3-5 жылдан жоғары );
2. несиелеу объектілері бойынша:
а) негізгі қорларға берілетін несие;
ә) айналым қорларына берілетін несие;
3. несиелеу әдістері бойынша:
а) қалдық бойынша несиелеу;
ә) айналым бойынша несиелеу;
Айналым бойынша сауда және жабдықтаушы - өткізуші ұйымдар несиеленеді, ал
қалғандарында айналым бойынша да, қалдық бойынша да несиелеудің элементтері
бар.
Мысалы, тұтыну несиесінің түрлері тауарлы және ақшалай болуы мүмкін,
ал халықаралық несиені төмендегідей жіктеуге болады:
1) несиелеу объектісі бойынша: тауарлы және қаржылық несиелер;
2) экономикалық мазмұны бойынша: сыртқы сауда операцияларымен
байланысты коммерциялық және қаржылық, кез – келген мақсат үшін
пайдаланылады ( қарызды өтеуге, бағалы қағаздарға инвестициялау );
3) несие субъектілері бойынша: жеке, үкіметтік және халықаралық
қаржылық ұйымдар беретін;
4) мерзімдері бойынша: қысқа мерзімді, орта мерзімді, ұзақ мерзімді.

Шетелдік әдебиеттрде несиелердің келесі жіктеулері кездеседі:
Несиелердің категориялары:
а) қарызалушының типі бойынша:
• тұтыну
• бөлшек ( көтерме )
• ауыл шаруашылығы
• коммерциялық ( өнеркәсіптік )
• қозғалмайтын мүлік
• энергия
• үкімет - федералдық

ә) мақсаты бойынша:
• тұтыну ( мысалы, тұтыну тауарлары, көлік т.с.с.
• айналым капиталы
• құрылғылар
• ғимараттар
• жобалар
• лизингтік қаржыландыру

б) әрекет ету мерзімі бойынша:
• қысқа мерзімді ( 1 жылға дейін )
• орта мерзімді ( 1 жылдан 4 жылға дейін )
• ұзақ мерзімді ( 5 жылдан жоғары )

в) өтелу кестесі бойынша:
• бірдей төлемдермен ( тұтыну несиесі үшін ай сайын )
• кезеңді төлемдермен ( тоқсан сайын, жарты жыл сайын, жеңілдікті
кезеңді немесе жеңілдіксіз кезеңді, модификацияланған несие –
шар , яғни өтелуі кезінде бұрын жүргізілген төлемдерге
қарағанда анағұрлым көп төлемді талап ететін несие )
• бір рет төлемді ( қысқа, орта және ұзақ мерзімді несие – шар
)

г) қамтамасыз етілуі бойынша:
• қамтамасыз етілмеген
• кепілмен қамтамасыз етілген ( қолма – қол бағалы қағаздар,
дебиторлы қарыздар, қорлар, құрылғылар, жерлер мен ғимараттар )
• кепілдендірілген
• басқа да қамтамасыз етілулер ( міндеттеме, келісім, міндеттемесі
бар хат )[4]

Қазақстанда несиелердің келесі түрлері дамыған:

1) Ұлттық банктің несиелері:
- аукциондық - Ұлттық банктің ақша – несие саясатының уақытша
құралы болып табылатын және екінші деңгейдегі банктерге
аукциондық негізде, республика банктерінің 1 айдан 3 айға
берілетін қысқа мерзімді несиелерге деген қажеттіліктерін
қанағаттандыру мақсатындағы берілетін несие
- ломбардтық - Ұлттық банктің мемлекеттік бағалы қағаздарды
кепілге ала отырып, жоғары пайызбен қысқа мерзімге беретін
несиесі
- бюджеттік - Ұлттық банк Қазақстан Республикасы Қаржы
министрлігіне қайтарымдылық ( нарықтық ) шартымен беретін
несиесі
Ұлттық банктің республикалық бюджетті несиелеуі қысқарып және бұл 1998
жылдан бастап бюджет тапшылығын инфляциялық емес жабуға көшумен байланысты
тоқтатылады.

2) Екінші деңгейдегі банктердің несиелері:
- өз айналым қаражаттарының жеткіліксіздігін уақытша
толықтыруға
- күрделі жұмсалымдарды қаржыландыруға
- импорттық бойынша контрактілерді төлеу үшін берілетін
импорт
- ипотекалық
- несиелік желі негізінде – қарыз алушының бірінші талап етуі
бойынша және белгілі – бір кезең бойында келісілген лимит
шегінде оған несие беру туралы банктің заңдық рәсімделген
міндеттемесі
- консорциялық – несиелік, кепілдік немесе басқа да банктік
операцияларды бірігіп жүзеге асыру үшін қандай да бір ірі
банктің қамқорлығымен уақытша бірлескен екі немесе одан да
көп банктер беретін несие, бұл кезде бір банктің
мүмкіншілігі қандай да бір себептерге байланысты бұл
функцияларды дербес жүргізуге жетпеуі мүмкін
- тұтыну мақсаттарына
- банкаралық

Банкаралық несиелердің негізгі көлемі ұйымдастырылған банкаралық
нарықта аукциондық сату арқылы ұсынылады. Негізгі кредиторлар ретінде ірі
банктер ( Халықтық банк, Казкоммерцбанк ) болады.

4. Қарыз портфелін жіктеу және екінші деңгейдегі банктердің несиелік
қызметінен келетін шығындарды жабу үшін резервтер ( провизиялар ) құру
тәртібі туралы Ережеге сәйкес Ұлттық банк қарыздардың сапалары бойынша
олардың келесі бөлінулерін белгіледі: стандартты, стандартты емес,
қанағаттанарлықсыз, күдікті, шығынды.

1.3. Несиелік пайыздарды есептеу.
Соңғы кездері тұрғын үй құрылысы проблемаларының шешілу жолдары
туралы көп айтылуда. Мемлекеттік қайтарымсыз тұрғын үй салудың идеясы әлі
күнге дейін күшінде қалуда. Бар жауапкершілікпен мынаны атаймын, кейбір
жекеленген топтар болмаса, тұрғын үйді тегін беру деген болмайды. Тұрғын үй
жеке – меншік болып табылады, демек, адамның өзінің жауапкершілігінде деген
сөз. Бүгін де еліміздегі тұрғын үй қорындағы жеке – меншік үйдің үлесі 97 %-
ға жуық. Бұл бұдан әрі төмендемейді.Осымен қатар тұрғын үй проблемасы ең
басты болып қалып отыр. 2003 жылы Қазақстанда 2 млн. – нан астам шаршы метр
тұрғын үй салынды. Бұл 2002 жылы пайдалануға берілген үй санынан 30 %- ға
артық. Алайда, бұл жетістіктің өзі бізді қанағаттандырмайды. Есептеулер
көрсеткендей, жыл сайын кем дегенде 4 млн. шаршы метр үй салу керек. Мен
осы саланы біздің экономикалық дамуымыздың жетекші саласының біріне
айналдыру идеясын көптен айтып келемін. Сіздер түсінесіздер ме, тұрғын
үйлерді жаппай салу өзімен бірге құрылыс материалдар өнеркәсібін, жихаз
өнеркәсібін, металл өңдеуді дамытады. Осыған байланысты мен
қазақстандықтарға 2005 жылдан бастап тұрғын үй құрылысында жаңа саясатты
іске асыру басталатыны жөнінде үлкен қанағаттанған сезіммен айта кеткім
келеді. Бұл саясаттың мән – мағынасы оның құнының арзандауы, тұрғын үйді
несиеге алудың мерзімінің ұзаруы, алғашқы төлемдік жарнасының және несиелік
өсімінің төмендетілуі арқасында халықтың басым бөлігінің қолы жететін
тұрғын үймен қамтылуына ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Банк мекемесіндегі кассалық операциялардың есебі мен ұйымдастырылуы
Депозиттік операциялар есебі туралы ақпарат
Депозиттік операциялар туралы түсінік
Қаржылық емес агенттерге берілетін несие
Депозиттерді сақтандыру қорлары
Ұзақ мерзімді міндеттемелер түсінігі, мәні мен мазмұны
Клиенттерден қабылданған депозит суммаларының есебі
Банктің қарыз түрлері
Банктің депозиттік операциялары
Казкоммерцбанк АҚ-дағы қарыз алушының несиелік қабілетін талдау
Пәндер