Түркі халықтары арасында ислам дінінің таралуы



Жоспар
Кіріспе
І тарау Ислам дінін таралуының байланыстары
1 .1 Алғашқы түркі.ислам байланыстары
1.2 Түркі халықтары арасында ислам дінінің таралуын 3 кезеңге бөліп қарастыру.
ІІ тарау Исламды түркі өркениетінің қабылдауы
2.1 Ислам өркениетіндегі түркілердің алар орны
2.2 Түркілердің мұсылман болуларына ықпал еткен факторлар
ІІІ. Қорытынды
IV. Пайдаланған әдебиеттер тізімі және қосымша мәліметтері
Кіріспе
Тақырыптың өзектілігі: Қазіргі кезде Қазақстан Республикасының алдында тәуелсіздігін баянды ету, ол үшін экономикасын дамыту міндеті тұр. Президентіміздің 1997 жылғы қазан айындағы “Қазақстан – 2030” деген халыққа арналған Жолдауында бұл міндеттер айқын
Тақырыптың мақсат- міндеттері: Елімізде қаптаған секталар, исламның атын жамылған теріс ағымдар. Еліміз оларға бостандық беріп, елінің болашағын тапсырар ұрпағын адастырып отыр.
Тақырыптың зерттелінуі: Алғашқы түркі-ислам байланыстары. Түркі халықтары арасында ислам дінінің таралуын 3 кезеңге бөліп қарастыру.
Тақырыптың құрылымы: Бұл тақырып «Кіріспе», 2 тарау және әрбір тарау 2 тараушадан тұрады.
Ислам діні пайда болған кезде Көктүрік кағандығы (552-745) Солтүстік Азиядан оңтүстікке қарай Инд өзеніне дейін, шығыста Қытай шекарасынан батыста Кара теңіздің солтүстігіне дейінгі аймаққа иелік етті. Соның ішінде Кавказдан Қырымға дейінгі аймақың билеушісі Хазар мемлекеті де Көктурік мемлекетіне тәуелді болған. Бүгінгі Иран территориясында Сасанидтер, Анадолы мен Балкдндар да Византияның қарамағында еді.
Түркі халықтары арасында ислам дінінің таралуын 3 кезеңге бөліп қарастыру.
1) 751 жылы Талас шайқасынан кейінгі дәуірдегі исламның тарала бастауы. Бұл кезде ислам, негізінен, қарлұқтар арсында ішінара таралған еді.
2) Орта Азиядағы саманилер билігі дәуіріндегі исламның таралуы. Бұл кезеңде Азияға, біріншіден, саманилер әулетінің ғазауаты арқылы, екіншіден, Мәуереннахр халқының бейбіт қоныстануы арқылы және үшіншіден, сауда жолдары арқылы таралды.
3) Қарахандар дәуіріндегі исламның мемлекеттік дінге айналып, барлық түркі халықтары арасында жаппай таралуы. Бұл кезеңнің аяғында Орталық Азияның солтүстік–батыс бөлігінде, яғни қыпшақтардың арасында мұсылман дінін таратуда Қожа Ахмет Йассауи бастаған сопылардың миссионерлік қызметі ретінде бейбіт қатар өмір сүрді. Орталық Азия жерінде жүргізген арбтардың жалғыз шайқасы – Талас түбіндегі шайқас түркілермен бірлесе отырып Қытайға қарсы бағытталды.
Пайдаланған әдебиеттер тізімі

1. Жолдасов С. Қазақстанның оңтүстік өңірінің тарихы. Алматы «Үш қиян» 2009. 88,95,97.
2. Қазақ тарихы (ғыл-әд. журнал) №2. Ғизатов Ж. Исламның Қазақстанға таралуы. Алматы 2009.18 б.
3. Доктор Рахман. Краткая история ислама. Москва. ІШМАН. 2003.189-190.
4. Бұлұтай М.Ж. Ата баба діні. Түркілер неге мұсылман болды? Алматы «Білім» 2000. 242, 295.
5. Ислам және Өркениет №10. Қосалы А. Исламның Қазақстанға таралуы. Алматы «Бизнес-информ» 2006. 8 б.
6. Отан тарихы (ғыл. журнал). Жеңіс Ж. Орта ғасырлық түркілер және әлемдік діндер. 2.2005. Алматы. 31-32.
7. Қазақстан тарихы.«Ата-мұра» (IV томдық), I т .Алматы. 1996. 480-482.
8. Қазақстан тарихы көне заманнан бүгінге дейін (очерк). Алматы «Дәуір» 1994. 92

Пән: Дінтану
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 19 бет
Таңдаулыға:   
Тақырыбы: Түркі халықтары арасында ислам дінінің таралуы

Жоспар
Кіріспе
І тарау Ислам дінін таралуының байланыстары
1 .1 Алғашқы түркі-ислам байланыстары
1.2 Түркі халықтары арасында ислам дінінің таралуын 3 кезеңге бөліп қарастыру.
ІІ тарау Исламды түркі өркениетінің қабылдауы
2.1 Ислам өркениетіндегі түркілердің алар орны
2.2 Түркілердің мұсылман болуларына ықпал еткен факторлар
ІІІ. Қорытынды
IV. Пайдаланған әдебиеттер тізімі және қосымша мәліметтері

Кіріспе
Тақырыптың өзектілігі: Қазіргі кезде Қазақстан Республикасының алдында тәуелсіздігін баянды ету, ол үшін экономикасын дамыту міндеті тұр. Президентіміздің 1997 жылғы қазан айындағы "Қазақстан - 2030" деген халыққа арналған Жолдауында бұл міндеттер айқын тұжырымдалған. Осындай жауапты да күрделі міндеттерді табысты орындап шығу жолында адамзат тарихындағы саяси - экономикалық қуатты мемлекеттердің құрылуы, нәтижелі билік құруы мәселелерін жете зерттеп, олардың үлгісінен тағлым алудың маңызы зор.
Орта ғасырлардағы әлемді дүр сілкіндіріп, ІҮ-Ү ғасыр дүниенің үш бөлігіне - Азия, Африка, Еуропа құрлықтарына үстемдік орнатқан мемлекеттердің бірі - Араб халифаты болды. Бұл мемлекет алдымен арабтардың өздерін біріктіріп, содан соң Кіші және Орта Азияны, Сотүстік Африканы, Пиреней (түбегі) жарты аралы мен Закавказье елдерін жаулап алды. Халифаттың тарихы - бұл тек арабтар мен арабия жарты аралының ғана емес, сондай-ақ бір кездерде оның құрамына кірген Иран, Орта Азия, Сирия, Египет, Ирак, Грузия, Армения, Әзербайжан т.б. халықтар мен елдерінің тарихы.
Араб халифатының эканомикасы ол құрылғаннан кейінгі екі ғасыр бойы Омейядтар халифаты кезінде және Аббаситтер билігінің алғашқы жүз жылдығы ішінде жедел қарқынмен дамыды. ҮІІ ғасырдың 30-шы жылдарында құрылған араб халифаты ХІ ғ. ортасындағы селжұқтық түріктердің жаулап алушылығына дейін экономикалық - мәдени дамуы жағынан алдыңғы қатардағы қуатты мемлекеттердің бірі болды. Араб халифатының құрамы ала-құла болды: арабтар, еврейлер, гректер, парсылар, армян, әзербайжан, грузиндер, египеттіктер, сириялықтар т.б. Халифат үш континент аралығындағы бір орталықтан басқарылатын, бірнеше ұлттардың халықтардың басын қосқан күшті мемлекет болды. Оның жоғары дәрежеде дамыған, бір орталыққа бағындырылған әкімшілік аппараты болды. Олар дүниежүзілік сауда жүргізді.
Оның экономикасының негізін ақша және жүйелі түрде жиналатын алым -- салықтар қалады. Қазынаға түсетін байлық, әлеуметтік - экономикалық және мемлекеттік құрылыс -- яғни, халифаттың ішкі және сыртқы жағдайларының бәрі қатаң сақталатын Шариат заңдарымен реттеліп отырды.
Халифатта орта ғасырларға тән құнды ескрткіштер, әдеби, ғылым -- білім өмірге келді.
ХХ ғ. 90 ж. бергі уақыт әлемнің жекелеген халықтары мен өркенниеттері үшін ірі дүмпулер мен өзгерістер заманы ғана емес, сондай-ақ бүкіл адамзат тағдырындағы бетбұрыс кезең де болып отыр. Осы "ұлы жаңару" кезеңі (Л. Спайдер) әлемдік дамудың екі қарама-қарсы тенденцияларын: дүние жүзі елдерінің бір-бірімен барынша тығыз жақындасуы (ғаламдану) және әлемдік әр түрлі өркениет ошақтарының оқшаулануы, (локалдану) сияқты тенденцияларды байқатып отыр.
Алайда болашақ осы екі беталыстың алғашқысында екеніне күмәніміз жоқ. Мұны бүкіл адамзат өткен тарихы дәлелдеп береді. Енді ғана табалдырықтан аттаған жаңа ХХІ - ғасыр әлемдік өркениеттердің ғаламдық сипатын одан әрі айқындай түсуде, өйткені сан-салалы дүниежүзілік процестердің қай-қайсысының болмасын тағдыры өркениеттер тоғысы иірімдерімен тығыз байланыста болып келеді. Әр түрлі деңгейдегі интеграциялану, атап айтқанда Орталық Азия, Еуразия және бүкіл әлемдік деңгейлердегі интеграцияланудың, аса қажеттілігі жөнінде елбасымыз Н.Ә. Назарбаев та соңғы жылдары жиі айтып жүр және оның бастамасы мұндай одақтардың құрылуы қазіргі таңда іс жүзінде асып та жатыр.
Қазаргі таңда халықаралық байланыстардың барынша кеңеюі интеграциялану мен ғаламдану қарқын алуы бүкіл әлемдік мәдени тарихи процеске әр түрлі аймақ халықтарының атсалысуы мәселесінің зерттелуін күн тәртібіне қойып отыр. Соның ішінде әсіресе мәдениет аралық өзара ықпалдастық, оның оқшау этникалық мәдениеттердің эволюциясындағы және жалпы әлемдік өркениет дамуындағы рөлі туралы мәселенің өзектілігі барынша артып отыр.
Мәдениеттередің өзара ықпалдастығы өзара қарым-қатынасқа түскен халықтардың дамуына және бүкіл адамзаттың мәдени қорының байытылуына ықпал ететін объективті құбылыс. Осындай империялардың бірі - орта ғасырлық араб халифаты. Халифат өз дамуының ең бір шырақтау шегіне жеткен кезде "Ескі дүниенің" ширегінен астамын Солтүстік Африка, Үндістанға дейін алып жатты. Мәселе бұл мемлекеттің көлемі жағынан аса ауқымды болуында ғана емес тарих үшін ең маңыздысы - осы мемлекет әр түрлі өркениеттер ықпалдастыққа түсе отырып, жаңа, жоғары дамыған мәдениетті туғызды, бұл мәдениеттің тілі - араб тілі, ал идеологияның негізі ислам болы.
Сондықтан да арабтар жаулап алған территорияда бағзы замандардан бергі Тигр мен Ефраттың, Иран мен Сирияның, Египет пен Индияның, Алдыңғы және Орта Азияняң өркениетті халықтары мекен етті.
Түркі халықтары ислам мәдениетін тек жай ғана тұтынушылар ғана емес, сол мәдениетті белсенді түрде жасаушы халықтың біріне айналды.

Тақырыптың мақсат- міндеттері: Елімізде қаптаған секталар, исламның атын жамылған теріс ағымдар. Еліміз оларға бостандық беріп, елінің болашағын тапсырар ұрпағын адастырып отыр. Жас ұрпақ қай бағытта жүрерін білмей дал болып, адасуда. Кеше бір депутат жастардың 60 пайызынан астамы әртүрлі ағымдарға еріп адасып жүргенін айтты. Бұған мемлекет кінәлі. Оған мемлекет тарапынан қадағалау керек. Ал, ислам тарапына келер болсақ, ислам діні - таза, бірден-бір иллаһи дін. Біз Ислам деген осы деп қара жамылғыға оранып, сақалымызды салақтатып, өзіміздің салтымызды ұмытып кетпеуіміз керек. Ислам қоғамға ешқандай қиындықты туғызбауды талап ететін дін. Сонымен бірге ислам діні - әр елдің салт-дәстүріне құрметпен қарайтын дін. Біздің өткен ата-бабаларымыз ислам дінін ұстанған, оның барлық талаптарын орындап отырған және олар өз салт-дәстүрлерін байланыстыра білген. Егер сенің салтың Ислам құндылықтарына қайшы келмейтін болса, онда оны қолдануға ешкім қарсы болмайды. Қазақтың ырымында қара жамылмайды. Оны жамандыққа жориды.
Сонда ата-бабаларымыз адасты деп кім айта алады. Қара жамылмау біздің салтымыз. Бізде сол жолмен жүрсек адаспайтынымыз анық.
Құрансыз дінтанушылардың көбейуі және қазіргі Қазақстандағы Ислам дінінің жағдайы.
Қазіргі кезде Құрансыз дінтанушылар көбейді. Құрансыз дейтінім, Араб елдерінен және Түркиядан оқып келген дінтанушылар болсын, дін насихаттап, уағыз жүргізіп жүрген насихатшылар болсын, екі бас намаз оқып діндар болып жүрген аға-бауырларымыз болсын, көбісінің "Аллаһ не дейді, бізден не қалайды" деп шынайы бір ізденіспен бір ретте болсын Құранды түсіне отырып бастан аяқ- оқып шыққандарының саны өте сирек. Тіпті дін саласынан кейбір профессорлық қорғаған ағаларымыздың өзі Құранды бастан аяқ бір ретте болсын оқымағандығын өздері де мойындайды.
Міне сондықтан көбісінің айтатындары әрі сүйенетін дәлелдері "Пәленше ғалым былай дейді" Түгенше адам былай дейді" "Ұстат, қожаәпенді былай дейді" деген сияқты өздерінің нәпсілерімен көзқарастарына жақын болған дінтанушылардың еңбектерін оқып, соны дәлел ретінде көрсетуге тырысады. Осының нәтижесінде араларында алауыздық, бөлінушілік, пікір, көзғарас айырмашылықтары туындап, мұсылмандар арасында іріткі шығуда.
Әрине бұл жерде ғалымдарды жамандап отырғаным жоқ. Әр ғалымның өзіндік бір пікірі, дінге сіңірген өзіндік бір еңбегі бар. Әрі әркім өзі үшін сұралады емес пе? Біздің айтып отырғанымыз Құрансыз дін насихаттап, харам мен халалды, қара мен ақты, бір-біріне араластырып, дінді бір аңыз-әңгіме, хикая-дастан, ғылым, әдебиет, мінез-құлық ретінде бір жақты ғана түсіндіріп жүргендерді айтып отырмыз.
Біздің қазақ халқы - мұсылман, діні - ислам екендігі үнемі Елбасшымыз Н.Ә.Назарбаев биік мінбелерден тектен текке айтып жүргені жоқ. Сан ғасырлар бойы исламдық жолды ұстанған ата-бабаларымыз осы дінге лайықтап өз әдет-ғұрып, салт-дәстүрін, наным-сенімін қалыптастырған, әрі оны ұрпақтан ұрпаққа жалғастырып отырған.
Халқымыз ислам дінімен қайта қауышып, көпшілік имандылыққа бой ұруда.
Қазіргі Қазақстан халқы рухани дағдарыстарды басынан кешіруде Алпауыт империялар ең алдымен жаһандану дәуірінде кез келген елдің рухани бірлігіне нұқсан келтіруді тектен текке көздемейді. Рухани тұтастығынан айырылған елді өнбіс етіп алу ежелден келе жатқан дәстүр. Әсіресе, ұйқыдан енді оянған нәрестедей қазақ халқын азғыру, соңына ерту оңайдың оңайы. Тәуелсіздігімізден бергі он жыл ішінде жарты миллиондай қара көздеріміз басқа діннің шылауында кетуі осыны айғақтайды. Дәл осылайша үнсіз кете беретін болсақ, алдағы 15-20 жыл ішінде қазақтың тең жартысы өзге діндерге өтуі ғажап емес.
Біздің қазақ сан ғасырлар бойы ислам дінінің Имам Ағзам деп аталатын Ханифилік жолды ғана ұстанып келген.
Қазақстанды мекендейтін мұсылмандар 70% астам. Әрине, бұл үлкен күш. Бәріміз осы күшті бірітірсек, адамгершілік, әділеттілік, имандық жолын тез қалпына келтірер едік.

Тақырыптың зерттелінуі: Алғашқы түркі-ислам байланыстары. Түркі халықтары арасында ислам дінінің таралуын 3 кезеңге бөліп қарастыру. Ислам өркениетіндегі түркілердің алар орны. Түркілердің мұсылман болуларына ықпал еткен факторлары.
Тақырыптың құрылымы: Бұл тақырып Кіріспе, 2 тарау және әрбір тарау 2 тараушадан тұрады.
Ислам діні пайда болған кезде Көктүрік кағандығы (552-745) Солтүстік Азиядан оңтүстікке қарай Инд өзеніне дейін, шығыста Қытай шекарасынан батыста Кара теңіздің солтүстігіне дейінгі аймаққа иелік етті. Соның ішінде Кавказдан Қырымға дейінгі аймақың билеушісі Хазар мемлекеті де Көктурік мемлекетіне тәуелді болған. Бүгінгі Иран территориясында Сасанидтер, Анадолы мен Балкдндар да Византияның қарамағында еді.
Түркі халықтары арасында ислам дінінің таралуын 3 кезеңге бөліп қарастыру.
1) 751 жылы Талас шайқасынан кейінгі дәуірдегі исламның тарала бастауы. Бұл кезде ислам, негізінен, қарлұқтар арсында ішінара таралған еді.
2) Орта Азиядағы саманилер билігі дәуіріндегі исламның таралуы. Бұл кезеңде Азияға, біріншіден, саманилер әулетінің ғазауаты арқылы, екіншіден, Мәуереннахр халқының бейбіт қоныстануы арқылы және үшіншіден, сауда жолдары арқылы таралды.
3) Қарахандар дәуіріндегі исламның мемлекеттік дінге айналып, барлық түркі халықтары арасында жаппай таралуы. Бұл кезеңнің аяғында Орталық Азияның солтүстік - батыс бөлігінде, яғни қыпшақтардың арасында мұсылман дінін таратуда Қожа Ахмет Йассауи бастаған сопылардың миссионерлік қызметі ретінде бейбіт қатар өмір сүрді. Орталық Азия жерінде жүргізген арбтардың жалғыз шайқасы - Талас түбіндегі шайқас түркілермен бірлесе отырып Қытайға қарсы бағытталды.
Ислам өркениетінің әлемдік дамуындағы түркілердің алар орны туралы сөз етілгенде Қарахандықтарға соқпай кету мүмкін емес. Олай дейтін себебіміз қасиетті Құран Жаратушы тарапынан алдымен Хижаз өлкесінде араб тілінде түсті, хз. Пайғамбарымыз (с.ғ.с.) араб халқының Құрайыш руынан болса да олардан хақ дін Исламды кейін қабылдаған түркілер оның әлемдік өркениетке жол тартуына тікелей ықпал еткен еді. Сол Исламның тірегі болған түркілердің хақ дінді қабылдауы қарахандықтардан бастау алғаны белгілі.
Алғаш Түркілердің ислам дінімен таныстығы 642 жылға Нихавенд соғысы яғни арабтар парсы сасанидтерінің жеңілісінен кейін басталған еді. Бұл соғыс түркілердің исламмен жақын танысуына жол ашты[2]. Ұйғыр қағанатының қырғыздар тарапынан ыдыраған соң құрылған қарахандықтар (840-1212) түркі тайпаларының ішінде Исламды жаппай қоғамдық сипатта қабылдауымен ерекшеленді. Бұл туралы араб жиһанкезі ибн Фадланның еңбектерінде 960 жылы екі жүз мыңға тарта отбасы мұсылман болғандығы туралы мәліметтер келтірген. Қарахандықтардың сол кездегі билеушісі Білге Құл Қадыр хан мұсылман болған соң атын Әбділкерім Сатық Боғра хан деп өзгерткен.
Түркілердің мұсылман болуларына ықпал еткен факторлар
Түркілер ислам дінін қылыштың күшімен емес, өз еріктерімен қабылдады.
Бұл дінді таңдауларының ең басты себебі көне түркі сенімі мен исламдық арасында көптеген ұқсастықтың болуы еді.
Көне түркі діні Көк-Тәңірі сенімі деп аталатын. Бұл сенім бойынша түркілер ислам дінідегі секілді бір Аллаға ғана сенетін және Оны Тәңірі деп атайтын.
Исламдықтағы "есма-и хүсна" деп айтылатын Алланың сипаттарының кейбіреуі көне түркі сенімде де кездесетін еді.
Ақірет пен рухтың мәңгілігі екі сенімде де бар еді. Түркілер жәннат үшін жұмақ, ал тозақ үшін тамұқ сөзін қолданатын. Исламдықтағы секілді Көк Тәңірі сенімінде де Тәңіріге құрбан шалатын.
Исламдықтағы бағыт (жиһат) және қаза (дін үшін соғыс) мен түркілердің әлемде терені үстем ету үшін жасаған соғыстары бір-біріне ұқсайды. Ислам сенімі бойынша соғыстан кейін қол жеткізілген ғанимет (байлық) адал болады.
Түркілерде де осыған ұқсас ұстанымдар кездсседі.
Исламдықтың бұйырған адамгершілік талаптары түркілік түсінікке де сай келеді.

І тарау Ислам дінін таралуының байланыстары
1 .1 Алғашқы түркі-ислам байланыстары

Ислам діні пайда болған кезде Көктүрік кағандығы (552-745) Солтүстік Азиядан оңтүстікке қарай Инд өзеніне дейін, шығыста Қытай шекарасынан батыста Кара теңіздің солтүстігіне дейінгі аймаққа иелік етті. Соның ішінде Кавказдан Қырымға дейінгі аймақың билеушісі Хазар мемлекеті де Көктурік мемлекетіне тәуелді болған. Бүгінгі Иран территориясында Сасанидтер, Анадолы мен Балкдндар да Византияның қарамағында еді.
Түркілер көне дәуірлерден бері Алдыңғы Азия Сами кауымы тарапынан танылуда еді. Acyp жазба ескерткіштерінде және Тауратта сақ әміршісі Гоктың аты аталалы. Қараңғылық дәуірі араб өлеңдерінде түркілер сөз болады. Түркі тайпаларының Сасанид әскерінде қызмет атқарған түркілср мен осы мемлекеттің билігіндегі территорияларда мекен еткен түрік тайпалары да бар еді. Мысалы, Сасанид әміршісі Ануширван Хазар қағанының қызы Кахун хатунмен үйленіп, олардан ұлы әpi мүрагері IV-Хүрміз (579-596 ж.ж.) туылды. IV - Хүрмізді атакты қолбасшысы Бехрам Чубиннің Көктүрік қағаны Баға тарханмен болған соғысында әскері кұрамында түркі әскерлсрі де бар еді. Бехрам Чубиннің Первизбен болған тақ таласында арабтар Первиздің, түркілер Бехрам Чубиннің сапыңда орын алды. Сасанид-Византия шайқастары кезінде Көктүрік, хазар, авар жәнс баска түркі тайпалары сасанидтердің сапында болған еді. Хз.Пайгамбар заманында Аравияда түркілік киіз үйлер қолданылған. Сонымен бірге түріктер жайлы Хз.Пайғамбар мен алғашқы дәуірдегі исламның ұлы адамдарының айтқан мәліметтері бар. Бұл араб Қоғамының түркілер хақында мағлұматы мен пікірлерін көрсетеді. Жахиз "Фаза-ил әл-Етракя атты шығармасында түркілерді
"Исламның көмекшілері, халифа хамисі және көпшілік ордасы халифаның ұсынушылары, баспанасы" деп сипаттаған.
Түркілер арасынан ислам әлеміне алғаш енгендер, яғни исламдықты алғаш кабылдағандар мевлалар, яғни мәмлүктер еді. Мәмлүктер -- ортағасырлық Мысырдағы түркі және Кавказ халықтары өкілдерінен шыққан жауынгер-құлдар. Мамлюк сөзі араб тілінен аударғанда "құл" деген мағынаны білдіреді. ІХ ғасырдан бастап мұсылман әлемінде құлдарды жауйынгер ретінде пайдаланды. Олар көп жағдайда өздері көтеріліп, билікті тартып алып отырды.Емеви әміршісі Әбдімәлік дәуірінде халифаның сақшы топтары арасында түркі топтарының да болғаны айтылуда. Халифа І-Велид заманында Хорасан уәлиі Кутейба бин Муслим мен Иезид бин Мухеллеб заманында жергілікті халықпен одақтастығының аркасыңда Қашқар қаласына дейін жетті.
Хазарлар мен Еділ Бұлғарлары арасында ислам діні таралып, бұл мемлекттің кағандары халифа Мерваннан халқына исламды үйрететін факыхтар сұраған еді. Халифа осы ic үшін Hyx бин Сабит әл-Еседи мен Абдуррахман бин Зубейр әл-Хүланиді тағайындады. Хазарлар арасында, әсіресе каған отбасы Византиядан қашқан еврейлердің ықпалымен мусеви болған еді. Еділ Бұлғарлары арасьшда ислам діні таралып, 910 жылы осы мемлекеттің әміршісі де мұсылман болғандықтан Еділ Бұлғар түркі мемлекеті алғашқы мұсылман түркі мемлекеті болып саналады. Уақыт өте келе хазарлар арасьшда да ислам діні тарала бастады. Оған дәлел, Аббасид халифасы Мутасым дәуірінде Самара (Аббасид әскерінде қызмет ететін түркі әскерлерінің басқалармен араласып кетпеуі және кейбір себептермен Бағдат қаласы маңында салынған қала) каласында хазарлар үшін бір аймақ бөлінген еді. Халифа Мемун дәуірінен бастап Хилафа әскерінің шабуылшылары жауынгерліктерінен айрылған арабтардың орнына көбіне түркілер таңдалып алынды. Мутасымның халифалығы кезінде ордадағы түркі әскерлерінің саны мен ықпалы одан әрі арта түскен. Түркі әскерлерінің түркі тектес қолбасшылар тарапынан басқарылу уақыт өте келе бұл қол басшылардың абыройын арттыра түскен еді. Аббасидтердегі бұл жағдай осы мемлекеттің ыдырауынан кейін де Мысьф, Орта Шығыс Түркістан мен Әзірбайжанда құрылған мемлекеттерде барьшша дамып әрі қолданылып отырды. Бұл жағдай түркі және ислам тарихында жаңа бір кезең "түркі-ислам дәуірін" бастатты.
Түркі тайпалары мен мемлексттері арасында ислам діні тез таралды. 960 жылы "200 000 киіз үйлі түркінің" ислам діні бір мезетте қабылдауы (Караханид әміршісі Салтүк Бұғра ханның мұсылман болуы), 985 жылы Селжүк бей билігіндегі оғаздардың ислам дінін қабылдаулары исламдықтың Түркістан территориясында үстем болуымен аяқталды. Осылайша, ислам әлемңне жаңа бір этникалық топ кірді. Түркілер арасында исламдықтың таралуына мұсылман саудагерлері сауда ортақтастары болған түркілерді өз сенімдерін қабылдауға итермеледі. Алдымен Түркістан, артынша Хаяу және Орта Шығыста мұсылман халқы билеуші тұлға деңгейіне дейін көтерілді. Қараханидтер мен Селжүктер осының нақты көрінісі деуге болады.

1.2 Түркі халықтары арасында ислам дінінің таралуын 3 кезеңге бөліп қарастыру.
1) 751 жылы Талас шайқасынан кейінгі дәуірдегі исламның тарала бастауы. Бұл кезде ислам, негізінен, қарлұқтар арсында ішінара таралған еді.
2) Орта Азиядағы саманилер билігі дәуіріндегі исламның таралуы. Бұл кезеңде Азияға, біріншіден, саманилер әулетінің ғазауаты арқылы, екіншіден, Мәуереннахр халқының бейбіт қоныстануы арқылы және үшіншіден, сауда жолдары арқылы таралды.
3) Қарахандар дәуіріндегі исламның мемлекеттік дінге айналып, барлық түркі халықтары арасында жаппай таралуы. Бұл кезеңнің аяғында Орталық Азияның солтүстік - батыс бөлігінде, яғни қыпшақтардың арасында мұсылман дінін таратуда Қожа Ахмет Йассауи бастаған сопылардың миссионерлік қызметі ретінде бейбіт қатар өмір сүрді. Орталық Азия жерінде жүргізген арбтардың жалғыз шайқасы - Талас түбіндегі шайқас түркілермен бірлесе отырып Қытайға қарсы бағытталды.
746 жылы Жетісу жеріне Алтай мен Тарбағатайдан қарлұқтар келіп қоныстанған еді. Ішкі күрес - тартыстан, сондай - ақ арабтармен болған ұзақ шайқастан түргеш қағандары бұрынғы құдірет - қуатынан айырылып қалған болатын, сол себепті де олар қарлұқтарға лайықты қарсылық көрсете алмады. Осы аймақта белсенді саясат жүргізіп жатқан Қытай империясы бұл жағдайды өз пайдасына асыруға тырысты. Оның Шығыс Түркістандағы уәлиі Као Шиен - Чи 748 жылы өз әскерін Суяб қаласына аттандырады да, оны басып алып, ойрандайды. Шаштың иесі дарға тартылады. Оның баласы көмек сұрап арабтарға барады. 751 жылы Талас жанынағы Атлах қаласы аббасилердің әскербасы Зияд ибн Салих пен Қытай қолбасшысы Као Шиен - Чи арасында зор арпалыс болады. Айқас бес күнге созылды. Шешуші сәтте қытайлықтардың ту сыртынан қарлұқтар көтеріліс жасап, арабтар жағына шығады. Қытай әскері толық күйретілді. Тарихшы Ибн әл - Асирдің мәліметтері бойынша: Талас маңындағы шайқаста қытайлықтар оңбай жеңіліс тапты: 50 мың адам қаза тауып, 20 мыңы тұтқынға түсті.
Талас алқабындағы шайқастың Орталық Азия халықтарының тағдырында үлкен тарихи мәні болды. Ол Таңдық Қытайдың Орта Азия істеріне қол сұғушылығына шек қойды және түркі халықтарының мәдени бағдарын мұсылман өркениетінің пайдасына шешіп берді. Соңғы жылдары Талас маңындағы шайқас жаңаша тұрғыдан қарастырыла бастады. Бұл шайқаспен байланысты барлық нақты оқиғалардың астарында түркілер жерінде өткен исламның қиыршығыстық (Қытай) өркениетінен орасан зор қақтығысуының терең мәдени - тарихи заңдылығын көре білу керек. Осы кезде Монғолия мен Алтайдан Жетісу жеріне келіп, бұл аймақта өз үстемдігін орнатуға тырысып жатқан қарлұқтардың Талас шайқасында арабтар жағына шығуы, олардың аймақтағы саяси ахуалды зерттеп біліп, түріктер үшін басты қауіп Қытайдан төніп тұрғанын дұрыс түсінген болу керек. Бұл шара сонымен бірге халықтың Қиыр Шығыстық мәдениет емес, араб - мұсылман мәдениетін таңдауын да көрсеткен еді. Қытай өркениетімен салыстырғанда ислам өркениеті универсализмнің шын мәніндегі үлгісі болды, онда әрбір ұлт, әрбір кіші - гірім мәдениет өзінің дербестігін сақтады. Құран халықтарды рухани бірлікке шақырды.
Исламды алғаш рет түркі тілді халықтардың ішінде қарлұқтардың қабылдағаны және жаңа өркениетке басқаларынан бұрын тартылғаны белгілі. В.В.Бартольд қарлұқтар ислам дінін Халиф Махдидің (775 - 785 жж.) тұсында - ақ қабылдай бастады - дейді. Сондай - ақ М.Бұлұтай да 775 - 785 жылдары аралығында қарлұқ қағандығы хақ дін исламды қабылдап, ел арасында мұсылманшылық сенім кең тарай бастады. Қалаларда мешіттер салынып, медреселер ашылды - деп көрсетеді.
Қарлұқ мемлекеті 766 - 940 жылдары өмір сүріп, Х ғасырдың бірінші ширегінен бастап Яғма және Шігіл тайпаларының жиілеп кеткен одақтық шабуылдарынан күш - қуаты әлсірейді. 940 жылы Баласағұн қаласы одақтық күштердің қолына түсіп, қарлұқ қағандығы құлады.
Қарлұқ мемлекетін құлатып, оның территориясында жаңа мемлекет орнатқан әулеттің, яғни ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Тiлдегi кiрме элементтер және оның қалыптасу жолдары
Исламды түркі өркениетінің қабылдауы
Орталық Азия халықтарының өзара байланыстары және түркі жеріндегі Ислам дініне дейінгі діндер
Х–XII ғасырлардағы Қарахандар мемлекетінің мәдени мұрасы
Тәуелсіздік алғаннан кейінгі кезеңдегі Қазақстандағы діни жағдай
Түркі халықтарының XIY-XYIII ғасырдың I жартысындағы орналасуы, тілі, діни сенімі, демографиялық және антрополгиялық құрамы
Тәңіршілдік діні мен Ислам діні
АЛТЫН ОРДАДА ИСЛАМ ДІНІНІҢ ТАРАЛУЫ
Түркілердің сенім негіздері
Адамзат тарихындағы исламның орны
Пәндер