Мектептегі экономикалық география білім жүйесін жүргізу әдісі мен тәсілдері



Мазмұны
Кіріспе 5
І мектептегі экономикалық географиялық білім жүйесі 6
1.1 Мақсаты, маңызы 6
1.2 Мазмұны 7
ІІ Мектептегі экономикалық географиялық білім жүйесін меңгерту әдістемесі 11
2.1 Шаруашылық салалары туралы білім беру 11
2.2 Ел, аудан, қала туралы білім беру 13
ІІІ Экономикалық және әлеуметтік география курстары бойынша сабақ жоспарын әзірлеу 20
3.1 Орталық Қазақстанның шаруашылығы 20
3.2 Азиядағы жаңа индустриялы елдер. Корея Республикасы 24
Қорытынды 28
Пайдаланған әдебиеттер 29
Кіріспе

Мектептің білім беру жүйесінде жас ұрпақты жан-жақты дамыту мен тәрбиелеуде: олардың жалпы мәдениетін қалыптастыруда, тұлғаны шығармашылыққа тәрбиелеуде, өзінің табиғат пен қоғам алдындағы жауапкершілігін сезінуде, Жер бетінде тіршілікті сақтауда география пәні үлкен рөл атқарады.
Білім берудің негізгі орта деңгейінде географияны оқытудың негізгі мақсаты – жас ұрпақтың бойында Жер ноосферасының құрамдас бөлігі ретінде әлемнің біртұтас географиялық бейнесін қалыптастыру болып табылады. Жалпы орта білім беру деңгейіндегі «география» оқу пәні алдымен онда берілетін мазмұнның оқушылардың бойында Жер туралы кешенді, жүйелі және әлеуметтік-бағдарлы түсінік қалыптастырушы дүниетанымдық сипатымен анықталады.
Мақсаты: Экономикалық географиялық білім жүйесін қалыптастыру тәсілдерін талдап, ұсыныс жасау.
Міндеттері:
- мектептегі экономикалық географиялық білім жүйесінің мақсаты, маңыздылығын, мазмұнын анықтау;
- мектептегі экономикалық географиялық білім жүйесін меңгерту әдістемесін қарастыру;
- экономикалық және әлеуметтік география курстары бойынша сабақ жоспарын әзірлеу.
Өзектілігі: оқушылардың бойында қоршаған ортаның және еліміздің біртұтастығы мен оның аумақтық алуан түрлілігі, елтану сипатындағы әртүрлі түсініктер және әртүрлі елдердің өзіне тән ерекшеліктері, адамзат алдында тұрған күрделі проблемалар туралы түсініктер қалыптастыруда, жергілікті жердің табиғатына деген ұқыптылығын қалыптастыруға және елжандылық сезімін дамытуға жағдай жасауда, географиядан қазіргі дүние толқынына бағдарлана алуына көмектесетін білім жүйесінің жиынтығын беруде мектептегі экономикалық география курстары үлкен рөл атқарады, сонымен қатар оқушыларға болашақта өз мамандығын таңдауға мүмкіндік беретін пәндердің бірі, сол себепті қарастырылып отырған курстық жұмыстың тақырыбы өзекті мәселелер қатарына жатқызуға болады.
Зерттеу әдістері: дедукция, әдебиетке шолу, талдау, жүйелеу.
Жаңашылдығы: экономикалық географиялық білім беру жүйесіндегі жаңа оқыту әдістерін талдап, оны оқушыларға меңгерту үшін әдістемелік ұсыныс жасау.
ПАЙДАЛАНҒАН ӘДЕБИЕТТЕР
1. Жалпы білім беретін мектептің 6–9 сыныптарына арналған «География» оқу бағдарламасы. – Астана, 2010.3 – 4 б
2. Жалпы білім беретін мектептің қоғамдық-гуманитарлық бағыттағы 10-11 сыныптарына арналған «География» оқу бағдарламасы.– Астана, 2010. 4 б
3. Жалпы білім беретін мектептің жаратылыстану-математикалық бағыттағы 10-11 сыныптарына арналған «География» оқу бағдарламасы.– Астана, 2010. 3 б
4. Паншечникова Л. М. Методика обучения географии в школе. М.:Просвещение; 1997. 77 – 85 б
5. И.В. Душина. Методика обучения географии в общеобразовательных учереждениях: учебник для Вузов / И.В. Душина – М.: Дрофа, 2007. 47 – 57 б
6. Понурова Г.А. проблемный подход в обучении географии в средней школе – М.: Просвешение, 1991. 113 – 172 б
7. Кураков Л.П., Соболева Е.Н., Якимова В.Н. экономическое образование и воспитание школьников – М.: Просвешение, 1981. 61 – 70 б
8. Баранский Н.Н. Методика преподавания экономической географии. М.: Просвещение, 1990. 170 – 171 б
9. http://geo.1september.ru/article.php?ID=200802411

Пән: География
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 22 бет
Таңдаулыға:   
Кіріспе

Мектептің білім беру жүйесінде жас ұрпақты жан-жақты дамыту мен
тәрбиелеуде: олардың жалпы мәдениетін қалыптастыруда, тұлғаны
шығармашылыққа тәрбиелеуде, өзінің табиғат пен қоғам алдындағы
жауапкершілігін сезінуде, Жер бетінде тіршілікті сақтауда география пәні
үлкен рөл атқарады.
Білім берудің негізгі орта деңгейінде географияны оқытудың негізгі
мақсаты – жас ұрпақтың бойында Жер ноосферасының құрамдас бөлігі ретінде
әлемнің біртұтас географиялық бейнесін қалыптастыру болып табылады. Жалпы
орта білім беру деңгейіндегі география оқу пәні алдымен онда берілетін
мазмұнның оқушылардың бойында Жер туралы кешенді, жүйелі және әлеуметтік-
бағдарлы түсінік қалыптастырушы дүниетанымдық сипатымен анықталады.
Мақсаты: Экономикалық географиялық білім жүйесін қалыптастыру
тәсілдерін талдап, ұсыныс жасау.
Міндеттері:
- мектептегі экономикалық географиялық білім жүйесінің мақсаты,
маңыздылығын, мазмұнын анықтау;
- мектептегі экономикалық географиялық білім жүйесін меңгерту
әдістемесін қарастыру;
- экономикалық және әлеуметтік география курстары бойынша сабақ
жоспарын әзірлеу.
Өзектілігі: оқушылардың бойында қоршаған ортаның және еліміздің
біртұтастығы мен оның аумақтық алуан түрлілігі, елтану сипатындағы әртүрлі
түсініктер және әртүрлі елдердің өзіне тән ерекшеліктері, адамзат алдында
тұрған күрделі проблемалар туралы түсініктер қалыптастыруда, жергілікті
жердің табиғатына деген ұқыптылығын қалыптастыруға және елжандылық сезімін
дамытуға жағдай жасауда, географиядан қазіргі дүние толқынына бағдарлана
алуына көмектесетін білім жүйесінің жиынтығын беруде мектептегі
экономикалық география курстары үлкен рөл атқарады, сонымен қатар
оқушыларға болашақта өз мамандығын таңдауға мүмкіндік беретін пәндердің
бірі, сол себепті қарастырылып отырған курстық жұмыстың тақырыбы өзекті
мәселелер қатарына жатқызуға болады.
Зерттеу әдістері: дедукция, әдебиетке шолу, талдау, жүйелеу.
Жаңашылдығы: экономикалық географиялық білім беру жүйесіндегі жаңа
оқыту әдістерін талдап, оны оқушыларға меңгерту үшін әдістемелік ұсыныс
жасау.

І Мектептегі экономикалық географиялық білім жүйесі
1.1 Мақсаты, маңызы

Мақсаты: Мектептегі география оқу пәнінің жалпы мақсаты –
оқушылардың ғылыми дүниетанымдық түсiнiктерiн қалыптастыруға, табиғат пен
қоғамның бiр-бiрiнен бөлiнбейтiн бiртұтастығын түсiнуге, адам және табиғат
арасындағы үйлесiмдiлiктi түсiнудегi географияның рөлiн бiлуге үйрету болып
табылады.
Ал экономикалық географияның бiлiм беру мақсаты төмендегiдей:
- әлемнің географиялық бейнесін түсіну және соған лайық бағдарлану
үшін жергілікті жерден бастап аймақтық деңгейге дейінгі қазіргі
географиялық кеңістіктің алуан түрлілігін нақтылы мысалдар арқылы
оқушыларға таныту;
- Қазақстан және әлемдік географиялық кеңістікте болып жатқан
экономикалық геосаяси үрдістердің ерекшеліктері мен даму қарқынын
түсіндіру;
- Қазақстан және әлем кеңістігі көлеміндегі қазіргі даму кезеңіндегі
табиғат пен қоғамның өзара әсерін, қоршаған ортаны қорғау мен
табиғатты тиімді пайдаланудың маңызын, орнықты даму мәселелеріне
географиялық тұрғыда қатынас жасауды оқып үйрету;
- табиғи және әлеуметтік факторларға, адамның тұратын жердің
географиялық жағдайларына бейімделуіне байланысты халықты және
шаруашылықты орналастырудың заңдылықтарын білу;
- әлеуметтік-экономикалық жүйесі әртүрлі елдерде өндіргіш күштерді
аумақтық ұйымдастыру заңдылықтарын түсіндіру;
- саяси топтардың, экономикалық одақтың, халықаралық экономикалық
еңбек бөлінісінің және аймақтық кикілжіңдердің дүниежүзілік саясат
пен экономикаға әсерін екере отырып, қазіргі дүниедегі басты саяси
және экономикалық өзара қарым-қатынасты түсіндіру;
- Қазақстанның геосаяси орнымен, табиғатымен, халқымен,
шаруашылығымен, экономикалық аудандарымен, табиғатты пайдалану
ерекшеліктерімен және олардың өзара тәуелділігімен қоса Қазақстан
географиясын терең де жан-жақты оқып үйрену;
- оқушылардың түрлі географиялық ақпарат көздерімен өз бетінше жұмыс
жасау: ақпараттарды алу, оны жеткізу, талдау жасау, оны
географиялық сұрақтарға жауап беру және тапсырмаларды орындау үшін
қолдана алу біліктерін дамыту;
- оқушылардың халықаралық қатынас тілі ретінде географиялық картаны
(атласты) географиялық ақпарат көзі ретінде қолдана алу біліктерін
жетілдіру;
- алған географиялық білімін өндірістік және күнделікті тұрмыстық іс-
әрекетте қолдана алу біліктерін жетілдіру секілді мақсаттарды
қамтиды [1].
Маңызы: Жалпы алғанда география пәні оқушыларды жан-жақты дамыту мен
тәрбиелеуде: олардың жалпы мәдениетiн қалыптастыруда, тұлғаны
шығармашылыққа тәрбиелеуде, өзiнiң табиғат пен қоғам алдындағы
жауапкершiлiгiн сезiнуде, Жер бетiнде тiршiлiктi сақтауда үлкен рөл
атқарады.
Ал жалпы орта мектептегі экономикалық география курстары келесідей
маңызға ие:
- оқушылардың бастапқы курстарда өткен географиялық ойлауын,
географиялық мәдениетін одан ары дамытуда және географиялық
тілді оқып-үйренуіне, еркiн әрi шығармашылықпен ойлауына жағдай
жасауда;
- оқушыларға географиядан қазiргi дүние толқынына бағдарлана
алуына көмектесетiн бiлiм жүйесінің жиынтығын беруде;
- картографиялық сауаттылығының одан ары дамуына жағдай жасауда;
- оқушылардың бойында адамзат тіршілік ететін ортасы Жер туралы
біртұтас түсінік қалыптастыруда, оның табиғаты мен халқының
алуан түрлілігін ашып көрсетуде;
- негізгі орта білім беру деңгейіндегі қажетті базалық білім
минимумын және елтану сипатындағы кездесетін түсініктер
қалыптастыруда, оқушыларды Қазақстанның табиғат жағдайлары мен
ресурстарының алуан түрлілігімен халқы және шаруашылығымен,
ондағы адамзат тіршілігінің алуан түрлілігімен таныстыруда;
- жергілікті жердің табиғатына деген ұқыптылығын қалыптастыруда
және елжандылық сезімін дамытуға жағдай жасауда;
- оқушылардың бойында қоршаған ортаның біртұтастығы мен оның
аумақтық алуан түрлiлiгi, әртүрлi елдердiң өзiне тән
ерекшелiктерi, адамзат алдында тұрған күрделi проблемалар туралы
түсiнiк қалыптастыруда үлкен рөл атқарады [1].

1.2 Мазмұны
Экономикалық білім беру – оқушыларды жалпы білім берудегі дайындығының
маңызды жақтарының бірі. Негізінен, бұл оқыту дәстүрлі – математика, тарих,
география еңбек, информатика секілді оқу пәндерінің көмегімен оқытылып,
мазмұнында экономиканың пәндік құнды аспектілері қамтылған. Қазіргі таңда
мектептен бастап экономикалық тұлға қалыптастыру үшін жаңа курстар негізгі
рөл атқаруда, оған: Қазақстанның әлеуметтік-экономикалық географиясы (9-
сынып), Дүниежүзінің экономикалық және әлеуметтік географиясы (10-сынып
қоғамдық-гуманитарлық бағыт), География. Дүние жүзі елдеріне жалпы шолу (11-
сынып) [4].
Жалпы алғанда экономикалық білім беру жүйесінің мазмұның шартты түрде
екі үлкен топқа топтастыруға болады ол: шаруашылық салалары туралы білім
беру және ел, аудан, қала туралы білім беру болып табылады.
Мектептегі экономикалық географияның құрамбөліктеріне келесілер кіреді
(Лернер И.Я., Скаткина М.Н. бойынша) [5]:
Білім:
Теориялықта:
- экономикалық және әлеуметтік географияның негізгі түсініктерін;
- саяси–экономикалық жағдай, ресурспен қамтамасыз етілу, табиғатты
пайдалануды;
- қазіргі дүние жүзі елдерінің әлеуметтік–экономикалық типтерін,
қазіргі кезеңдегі қоғам мен табиғат арасындағы өзара
қарым–қатынастар ерекшеліктерін, дүние жүзі табиғат
ресурстарының таралуының негізгі заңдылықтарын;
- шаруашылық салаларының негізгі түсініктері;
- дүниежүзiлiк шаруашылық салаларының түрлерiн;
- табиғи ресурстардың негiзгi түрлерiнiң таралу заңдылықтарын;
- негiзгi табиғат ресурстарының түрлерiн;
- табиғат ресурстарының жiктелуiн;
- дүние жүзi елдерiнiң мемлекеттiк құрылымын;
- елердiң басқару түрлерi мен әкiмшiлiк-аумақтық құрылымын;
- халықаралық экономикалық байланыс түрлерiн;
- елдiң саяси-географиялық орны, географиялық орта, ресурспен
қамтамасыз етiлуi, халықтың табиғи өсуi, урбанизация ұғымдарын;
- елдер мен аймақтардың экономикалық даму деңгейлерiнiң
айырмашылықтарын, саяси-географиялық орнын;
- ғылыми-техникалық революция, дүниежүзiлiк шаруашылық,
- халықаралық еңбек бөлiнiсi ұғымдарын;
- дүниежүзiлiк шаруашылықтың салалық және аумақтық құрылымының
ерекшелiктерiн;
- елдер мен аймақтардың экономикалық даму деңгейлерiндегi
айырмашылықтарды;
- өндiрiстiк және өндiрiстiк емес салалар арасындағы қатынастың
өзгеруiн;
- жаңа индустриялы, қайта қоныстану типiндегi елдердiң
географиялық ерекшелiктерiн;
- шаруашылықтың негiзгi салаларын орналастыру ерекшелiктерiн;
- дүние жүзiндегi елдер мен аймақтардың шаруашылыққа мамандануын,
олардың шаруашылығының құрамы мен құрылымының ерекшелiктерiн;
- дүние жүзi елдерi мен аймақтарының ресурспен қамтамасыз етiлуiн
және т.б білуі тиіс [2].
Әдіснамалықта:
- карта және басқа да бiлiм көздерiне сүйенiп табиғи ресурстарды
және оларды игеру жағдайларын;
- карта және статистикалық материалдар бойынша Қазақстан аумағында
табиғи ресурстардың түрлерiнiң таралу ерекшелiгiн;
- статистикалық материалдардың көрсеткiшi бойынша халықтың табиғи
қозғалысын;
- карта және статистикалық материалдар бойынша шаруашылық
объектiлерiнiң ерекшелiктерiн, жеке салаларының орналасуын;
- карта бойынша аудандардың экономикалық–географиялық орнын;
- географиялық зерттеу тәсiлдерiн;
- дүниежүзiлiк шаруашылық құрылымының өзгеру тенденцияларын;
- дүниежүзiлiк шаруашылықтың бiр саласын;
- өнеркәсiп салаларын, ауыл шаруашылығын, қала, көлiк немесе
рекреация аудандарын;
- елдiң географиялық ерекшелiгiне (таңдау бойынша);
- әртүрлi кезеңдегi шаруашылықтың дамуына табиғат пен адамның
өзара әсерiн;
- объектiлердiң экономикалық-географиялық орнының ерекшелiктерiн;
- адамның шаруашылық қызметiнiң аймақтың табиғатына әсерiн;
- табиғат пен қоғамның өзара үйлесiмдiлiгiн шешудiң жолдарын қалай
анықтайтынын, өлшейтінін немесе сипаттайтынын және т.б білу
тиіс.
Эмпирикалықта:
- жер көлемi мен халқы жөнiнен iрi елдер мен олардың астаналарын;
- негiзгi өнеркәсiптi, ауылшаруашылықты, көлiк қатынастары
аудандарын;
- Жер шарындағы халықтың тығыздығы жоғары негiзгi аймақтарды;
- дүние жүзi елдерiнiң типтерi мен топтарын;
- пайдалы қазбалардың кен орындарын;
- iрi ғылыми-ақпараттық, қаржы, сауда, рекреациялық орталықтарды;
- дүние жүзiндегi iрi индустриялы елдердi;
- жаңа игерiлген аудандарды;
- маңызды өнеркәсiп және ауыл шаруашылық өнiмдерi түрлерiн сыртқа
шығаратын және сырттан әкелетiн елдердi және т.б білу керек.
Нәтижесінде оқушылар халық шаруашылығы, концентрациясы, өнеркәсіптің
мамандануы мен ұжымдастырылуы, өнімнің өзіндік құны, отын–энергетикалық
баланс, өнеркәсіптің еңбек және материал сыйымдылығы және т.б экономикалық
түсініктерді меңгеріп, келесідей икемділік пен дағдыларын дамытады:
- экономикалық карталар мен диаграммаларды оқи білуді;
- статистикалық материалдарға (кесте, графиктер, диаграммалар)
талдау жасау және қарапайым экономико–географиялық қорытынды
жасай білуді;
- өнеркәсіптік және территориалды қатынастардың сызбасын сыза және
оқи білуді;
- мамандану коэффициенттерін шығара білуді;
- технико–экономикалық кестелер мен элементарлы формулалардың
көмегімен есептер шығара білу;
- оқулықтың анықтамалық аппаратымен жұмыс жасай білу;
- салалық және кешендік экономико-географиялық сипаттамаларды
құрастыруды;
- адамның әсерінен табиғат компонеттерінің өзгеруін бақылауын және
т.б дағдыға айналдырады.
Шығармашылық әрекетінің тәжірибесіне:
- экономикалық-географиядағы қамтылатын әртүрлі тақырыптарға
қатысты, мәселелерге қатысты баяндама, рефераттар, эсселер,
мазмұндамалар және т.б жаза білу;
- алға қойылған проблемалық оқыту сұрақтарына жауап таба білу.
Дүниеге деген эмоциялық бағалы қатынасының тәжірибесіне:
- әртүрлі ғаламдық экономикалық мәселелерге қатысты өз ойларын
жеткізу;
- әртүрлі ғаламдық экономикалық мәселелерге қатысты өз шешімдерін
ұсына білу және т.б жатады [3].

ІІ Мектептегі экономикалық географиялық білім жүйесін меңгерту
әдістемесі
2.1 Шаруашылық салалары туралы білім беру

Мақсаты: Оқушылардың бойында еліміздің және дүниежүзінің шаруашылық
салалары туралы толық түсінік қалыптастыру, ҒТР-дың шаруашылық салаларының
дамуына және орналасуына әсері жайлы мағлұмат беру, шаруашылықтың бір
саласына толық сипаттама беруіне үйрету, алдынғы сыныпта алған білімдерін
шаруашылық салалары туралы білім беруде қолдана алуына бағыттау, алған
географиялық білімін өндірістік және күнделікті тұрмыстық іс-әрекетте
қолдана алу біліктерін жетілдіру.
Дүниежүзілік шаруашылық салаларын оқытудың типтік жоспары:
1. Дүниежүзілік шаруашылықтың қалыптасу кезеңдері. Құрылымы және аумақтық
ерекшеліктері;
2. ҒТР-дың шаруашылық құрылымына ықпалы;
3. Шаруашылық салаларына сипаттама: а) өнеркәсіп кешені, ә) ауыл шаруашылық
кешені, б) көлік кешені;
4. Халықаралық экономикалық байланыстар.
Ал шаруашылықтың жеке салаларын оқытудың типтік жоспары келесідей:
1. Сала дамуының қысқаша тарихи-географиялық очеркі;
2. Орналасу ерекшелігі және маңызы;
3. Саланың құрамы;
4. Негізгі аудандары мен орталықтары;
5. Табиғатты қорғау;
6. Даму мүмкіндігі [1].
Шаруашылық салалары туралы білім беру кезінде оқу әдістеме ерекшелігі
мынадай:
- жоғарыда құрастырылған типтік жоспар бойынша мұғалім жаңа оқу
материалын түсіндіріп-суреттеу, ізденіс, зерттеу және дедукция
әдістері арқылы жүргізеді [5];
- жоғары сынып оқушыларына жоғары деңгейлi теориялық ойлау тән
екендігін ескеру;
- тарих, математика, информатика және т.б пәнаралық байланысқа
тірелу;
- курс негізі – жалпы дүниежүзілік салалары және жеке салаларына
типтік жоспар бойынша экономикалық-географиялық сипаттама беру,
ол үшін оқушылар карталарды (ілме, атлас, кескін) және салаларға
қатысты статистикалық материалдарды кеңінен қолданады. Сипаттама
төмендегi жоспар бойынша құрастырылады: а) шаруашалақ
салаларының құрамы; алынатын өнiм; ә) негiзгi орналасқан
аудандары; 3) шаруашылық салаларына байланысты экологиялық
мәселелер; оларды шешу жолдары; б) негiзгi сыртқа шығарушы және
тұтынушы елдер (Қазақстанның орны); в) шаруашылық салаларының
даму болашағы және орналасуы;
- оқушыларға шаруашылық салалары бойынша практикалық жұмыстар
беріледі: шаруашылық құрлымының сызбасын құрастыру, карта және
статистикалық материалдар көмегімен бір металлургиялық базаға
сипаттама беру, дүниежүзілік көлік картасын пайдалана отырып,
негізгі кеме желілері бағыттарын анықтау дүниежүзілік кеме
порттары географиясын түсіндіру және т.б;
- статистикалық (кестелер, графиктер, диаграммаларды оқу, талдау,
құра білуді үйрету) әдістерді кең қолдану;
- картографиялық (сызба-карта, картограмма, картодиаграммаларды
талдай білуді үйрету) әдісті кең қолдану;
- өнеркәсіптік кәсіпорындарына оқу экскурсияларын ұйымдастыру
және алған ақпараттарына талдау жасату [7];
- ғылыми-техникалық революция және өнеркәсiп дамуының негiзгi
бағыттары тақырыбында хабарлама, рефераттар, баяндама дайындату
секілді өздік жұмыстарын мұғалім жиі қолдану керек;
- жоғары сынып оқушылары болғандықтан шаруашылық салаларының
экологияға әсері және т.б тақырыптарда пікір-талас, диспут,
дөңгелек үстел өткізуді ұйымдастыру;
- ҰБТ-де шаруашылық туралы кездесетін тест тапсырмаларын
оқушыларға жиі орындатқыздыру;
- шаруашылық салаларына қатысты проблемалық сұрақтар қою және
тапсырмалар беру арқылы оқушылардың ізденіс әрекетін дамыту (1-
кестеде мысалдар көрсетілген) болып табылады.

Проблемалық сұрақтар мен Оқу үрдісіндегі Оқушылардың әрекеті
тапсырмалар орны
Кестелер, атлас карталар, Металлургия Берілген тапсырмадағы
кестедегі статистикалық кешені тақырыбынақпарат көзін пайдалана
мәліметтер және оқулық оқытуда отырып металлургия
текстін талдау негізінде, кешенінің ерекшелігін
оның географиясына әсер анықтайды: а) өндірістің
ететін металлургия кешенінің концентрациялау мен
ерекшеліктерін анықтаңыз. комбинирлеу; ә) материал
сыйымдылықтың үлкендігі;
б) еңбек сыйымдылықтың
үлкендігі; в) қоршаған
ортаны ірі ластаушысы.
2. Аталған ерекшеліктердің
сала кешенінің орналасуына
қалай әсер етеді деген
сұраққа жауап береді.
3. Елдің басты
металлургиялық базасын
кескін картаға салып,
оларды салыстыра отырып,
мамандануын анықтайды.
Басқа көрсеткiштермен қатар Жаңа материалды Қосымша материалдар арқылы
елдiң экономикалық даму бекіту үшін химия өнеркәсібінің даму
деңгейiн химия өнеркәсiбi деңгейі жоғары елдерді
өндiрiсiнің өсу қарқындары анықтайды.
бойынша анықтауға болады. Қазақстанның дүниежүзілік
Неге? Химия өндірісінің химия өндірісіндегі орнын
қандай қайшылықтарын сіз сипаттайды.
айта аласыз. Өндірістің жоғарғы өсу
деңгейін түсіндіреді.
Қайшылықтарын анықтап, оны
өздері түсіндіреді.
Ауыл өнеркәсібі кешенінің Тақырыпты Өздігінен материалды
территориалды ұйымдастылуынажалпылау жалпылап, себептерін
қандай себептер әсер етеді? үрдісінде анықтап соны түсіндіреді.

1-кесте. Шаруашылық салалары бойынша проблемалық сұрақтар мен
тапсырмалар мысалдары (Г.А.Понурова бойынша) [6]

2.2 Ел, аудан, қала туралы білім беру
Мақсаты: Оқушылардың бойында дүние жүзі елдерінің экономикалық даму
деңгейлері бойынша саралануы, елдердің алуан түрлілігі және қазіргі
дүниенің географиялық бейнесі, елдердiң басқару түрлерi мен әкiмшiлiк-
аумақтық құрылымы туралы толық түсінік қалыптастыру, аудан, қала жайлы
толық мағлұмат беру, ел, аудан немесе қалаға толық сипаттама беруіне
үйрету, алдынғы сыныпта алған білімдерін ел, аудан, қала туралы білім
беруде қолдана алуына бағыттау, оқушыларға географиядан қазiргi дүние
толқынына бағдарлана алуына көмектесетiн бiлiм жүйесінің жиынтығын беру
[2].
Мектеп географиясында ел туралы білім берудің типтік жоспары:
1. Кіріспе.
2. Орналасуы мен табиғи жағдайы; елдің шаруашылық дамуына баға беру.
3. Тарихи-географиялық очерк.
4. Халық географиясы.
5. Елдің жалпы экономикалық-географиялық сипаттамасы.
6. Өндірістің басты салалар географиясы.
7. Қатынас жолдары мен транспорт географиясы.
8. Сыртқы қатынас географиясы.
9. Экономикалық аудандастырылуы
Мектеп географиясында аудан туралы оқытудың типтік жоспары:
1. Кіріспе: ауданға және оның шекараларына қойылған негізгі
жоспарлық идеясы.
2. Табиғат жағдайы мен табиғи ресурстар, оның шаруашылық бағасы.
3. Тарихи-географиялық очерк
4. Халқы
5. Жалпы экономико-географиялық сипаттамасы; негізгі шаруашылық
кешенінің өндірістік байланысына талдау; алдыңғы қатардағы
салалар.
6. Ішкі аудандастырылуы, әр аудан тармағының сипаттамасы және
олардың байланысы.
7. Даму мүмкіндіктері
Мектеп географиясында қала туралы оқытудың типтік жоспары:
1. Географиялық жағдайы;
2. Қаланың қысқаша даму тарихы, пайда болған уақыты, негізгі
тарихи оқиғалары;
3. Қаланың функционалдық түрі және ел шаруашылығындағы
маңызы; қала халқының географиясы;
4. Өнеркәсiптiң мамандандырылған салалары, ең маңызды
өнеркәсiптiк кәсiпорындары
5. Транспорт: көлiк түйiннiң және қалалық көлiктiң даму
ерекшелiктері;
6. Өндірістік емес салалар: ең iрi ғылыми және бiлiм беретiн
мекемелер, мұражайлар, театрлар және т.б;
7. Қаланың даму мүмкіндіктері [8].
Ел, аудан, қала туралы білім берудің әдістемелік ерекшелігі:
- оқушыларға меңгертетін материалды іріктеу, ел, аудан немесе
қалаларды бір-бірінен ерекшелейтін мәліметтерге сүйену;
- жоғарыда құрастырылған типтік жоспар бойынша мұғалім жаңа оқу
материалын түсіндіріп-суреттеу, ізденіс, зерттеу әдістері арқылы
жүргізеді;
- тарих, математика, информатика және т.б пәнаралық байланысқа
тірелу;
- курс негізі – ел, аудан немесе қалаға типтік жоспар бойынша
экономикалық-географиялық сипаттама беру, ол үшін оқушылар
карталарды (ілме, атлас, кескін) және статистикалық материалдарды
кеңінен қолданады. Сипаттама төмендегi жоспарлар бойынша
құрастырылады: елдің экономикалық-географиялық сипаттамасы: а) елдің
экономикалық-географиялық және геосаяси жағдайы; ә) табиғат жағдайы
мен табиғат ресурстарына шаруашылық бағаберу; б) халқының саны,
ұлттық, жас-жыныстық құрамы, еңбек ресурстарымен қамтамасыз етілуі,
ЭХБ және т.б көрсеткіштері; в) шаруашылығына жалпы сипаттама (
өнеркәсібі, ауыл шаруашылығы, көлігі) г) сыртқы экономикалық
байланыстары, Қазақстанмен байланысы; экономикалық ауданның ЭГЖ
жоспары: а) территория құрамы; ә) ауданның географиялық жағдайы:
территория ауданы, қандай елде орналасқан, географиялық жағдай түрі,
шектесуі, немен шайылады; б) табиғат жағдайы мен ресурстары; в)
халқының құрамы: саны, қоныстануы, ұлттық, діни және жас-жыныстық
құрамы, урбандалу, үлкен қалалары, көші-қон, еңбек ресурстары; г)
өндірістің мамандану салалары; ғ) ауыл шаруашылық құрылымы; д)
транспорт; ж) өндірістік емес салаларының дамуы; з) ауданның дамуы
мен мәселелері; и) әкелінетін және шығарылатын тауарлар; й)
қорытынды; қаланың ЭГЖ жоспары: а)географиялық жағдайы; ә) қаланың
қысқаша ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Оқушылардың білімін бағалау
География сабақтарында инновациялық технологияларды пайдаланудың ғылыми негіздері
География пәнінде сарамандық жұмыстардың орындалуы
Жаратылыстану-математикалық бағытта бейіндік оқытудың әдістемелік ерекшеліктері
Географияны оқыту әдістері
Географияны оқыту
Географияның оқыту әдістері
Жалпы географиялық карталар
Жалпы білім беретін мектептерде географияны оқыту процесінде оқушылардың оқу қызметін ұйымдастыру формаларының ғылыми – педагогикалық негіздері
Қазақстанның экономикалық географиясын оқытудың әдістемелік ерекшеліктері
Пәндер