Аймақтық өнеркәсіптік саясат



Мазмұны

КІРІСПЕ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
1 НАРЫҚ ЖАҒДАЙЫНДАҒЫ ӨНЕРКӘСІПТІҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ...
1.1 Өнеркәсіп түсінігі және оның түрлері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
1.2 Қазақстан экономикасындағы өнеркәсіптің рөлі және қалыптасуы ... ... ... ..
1.3 ҚР.ның өнеркәсіп құрылымы және оны орналастырудың принциптері ... ...

2 ҚР.ДА БЕЛСЕНДІ ӨНЕРКӘСІПТІК САЯСАТТЫ ҚАЛЫПТАСТЫРУ ҚАЖЕТТІЛІГІ
2.1 Қазақстанның өнеркәсіптік саясаты негізгі міндеттері мен мақсаттары ... ...
2.2 Еліміздің аймақтық өнеркәсіптік саясаты ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .
2.3 ҚР.ның аймақтық өнеркәсіпті қолдаудың таңдамалы және жалпы іс.шаралары ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...

3 ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ӨНЕРКӘСІП САЛАЛАРЫНЫҢ ҚАЗІРГІ ЖАҒДАЙЫ ЖӘНЕ ОНЫҢ ДАМУ БОЛАШАҒЫ ... ... ... ... ... ... ... ... .
3.1 ҚР.ның өнеркәсіп салаларының, аймақтық өнеркәсіп саласының қазіргі жағдайы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..

ҚОРЫТЫНДЫ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
КІРІСПЕ

Елімізде нарықтық экономиканың қалыптасуы өнім сапасын арттыру мәселесін отандық өнім өндірушілердің үйреншікті ыңғайларын толығымен өзгертті. Қазақстанның тәуелсіз мемлекет ретінде қалыптасуы мен дамуы, нарықтық экономикаға кіру болашағы республика экономикасының бәсекеге қабілеттілікке жетуінің обьективті қажеттілігін негіздейді.
Әкімшілдік әміршілдік экономикада бәсекеге қабілеттілік мәселесі ішкі нарықта туындамады, себебі өнімді өткізу сұрақтарын әкімшілдік шаруашылықты бұзып, өндірістік звенолар санының өсуіне алып келеді. Қазіргі уақытта Қазақстан экономикасына төніп тұрған қауіп нығайып өсіп бара жатқан халықаралық экономикалық бәсекелестік.
Бұл қауіпті алдын алу ұлттық экономикамыздың бәсекеге қабілеттілігін арттыру арқылы қол жеткізуге болады. жалпы менің бұл дипломдық жұмысымның мақсаты болып-өнеркәсіп салалардың қазіргі таңдағы жағдайын талдау.
Сонымен қатар осы салалардың ішіндегі өңдеу өнеркәсібі бойынша сүт пен сүт өнімдерінің қазіргі жағдайы оның дамуын қамтамасыз ететін іс шараларды жән өнім сапасын басқаруды жетілдіру жолдарын қарастыру болып табылады.
Сондықтан қазіргі нарықтық экономикада өндірілетін өнімнің сапасына принципалды басқаша талаптар қойылады.
Аймақтық өнеркәсіп дамуының тиімділігінен республика халқы мен табысының хал – ахуалы тәуелді және өнеркәсіп салаларында жалпы ұлттық өнімнің жартысына жуығы жасалынды, сонымен бірге өнеркәсіптің материалдық өндіріс саласы ретіндегі басыңқы рөлі – онің халық шаруашылығының басқа салаларын индустрияландыру-дың шешуші факторы екендігіне байланысты өнеркәсіп секторының дамуының маңызы жоғары.
Бүгінгі күні аймақтық өнеркәсіптің басты міндеті импорт алмастырушы және экспортқа бағытталған өнім өндірісінің көлемін арттыру, толық қуатын қамтамасыз ету болып табылады.
Бұл қазіргі уақытта кез келген кәсіпорынның өмір сүруі мен оның нарықтығы тұрақтылығы бәсекеге қабілеттілік деңгейімен байланысты. Бәсекеге қабілеттілік деңгейінің жоғары болуы бірінші кезекте өнім сапасымен анықталады.
Бәсекелестік экономиканың қозғаушы күші, ол өндірушіні тұтыну үшін күресуге, өнім сапасын жақсартуға, өндіріс пен өткізуді арттыруға, өндіріс шығындарын қысқартуға алып келеді.
Сондай–ақ бәсекелестік тек қана тұрақтандыру факторы ғана емес кәсіпорынның өмір сүру шарты болып табылады. Сондықтан сапаны басқару кәсіпорынды басқару жүйесінің негізгі міндеті болып табылады. Ол бәсекелестердің іс әрекетін жан жақты талдаудан, өнімнің бәсекеге қабілеттілік мінез құлқының стратегиясын талқылаудан өтуі қажет.
ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ

1. Мейірбеков А.Қ. Кәсіпорын экономикасын оқу құралы /А.Қ.Мейірбеков.Д.Ә. Әлімбетов - Алматы: Экономика. - 2003. -252 бет.
2. Жолдасбаеа Г.Ө Кәсіпорын экономикасы: Оқу құралы/Г.Ө Жолдасбаева -Алматы: Экономика, 2002. - 109 бет.
3. В.Я. Горфинкель.Экономика предприятия. /Москва :Экономика, 2003г.
4. Ж.О. Ихданов., Э.О Орманбеков. Экономиканы мемлекеттік реттеудің өзекті мәселелері. /Алматы: Экономика ,2002.-218 бет
5. Жұмасұлтанов Т. Бүгінгі Қазакстан. /Анықтамалық-статистикалық жинақ. Алматы, 2012
6. Қазақстан және оның өңірлері/ 2013, №1 стр-9
7. 3.3айкешова «Обеспечение конкурентно способности сервисапотребителей» //Стандарты и качества, 2003г. №2 стр. 46
8. Кравченко «Качество - движуая сила развития//Стандарты и качества, 2012 г. №1 стр. 4
9. Қазақстан Республикасы Экономика және Бюджеттік Жоспарлау Министрлігі сайты http://www.minplan.gov.kz
10. Қазақстан Республикасы статистика агенттігі www.stat.kz
11. ҚР-ның Ұлттық банк статистикалық-есептемелер жинағы 2013 ж.
12. «Қазақстаның қазіргі жағдайы» Л.А . Разакулова // Жетісу, 2012 жыл 25 қаңтар.
13. ҚР-ның Өңірлік даму министрлігі сайты http://minregion.gov.kz/

Пән: Экономика
Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 32 бет
Таңдаулыға:   
Аймақтық өнеркәсіптік саясат

Мазмұны

КІРІСПЕ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
1 НАРЫҚ ЖАҒДАЙЫНДАҒЫ ӨНЕРКӘСІПТІҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ...
1.1 Өнеркәсіп түсінігі және оның түрлері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
1.2 Қазақстан экономикасындағы өнеркәсіптің рөлі және қалыптасуы ... ... ... ..
1.3 ҚР-ның өнеркәсіп құрылымы және оны орналастырудың принциптері ... ...

2 ҚР-ДА БЕЛСЕНДІ ӨНЕРКӘСІПТІК САЯСАТТЫ ҚАЛЫПТАСТЫРУ ҚАЖЕТТІЛІГІ
2.1 Қазақстанның өнеркәсіптік саясаты негізгі міндеттері мен мақсаттары ... ...
2.2 Еліміздің аймақтық өнеркәсіптік саясаты ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .
2.3 ҚР-ның аймақтық өнеркәсіпті қолдаудың таңдамалы және жалпы іс-шаралары ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..

3 ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ӨНЕРКӘСІП САЛАЛАРЫНЫҢ ҚАЗІРГІ ЖАҒДАЙЫ ЖӘНЕ ОНЫҢ ДАМУ БОЛАШАҒЫ ... ... ... ... ... ... ... ... ..
3.1 ҚР-ның өнеркәсіп салаларының, аймақтық өнеркәсіп саласының қазіргі жағдайы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...

ҚОРЫТЫНДЫ ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ..

КІРІСПЕ

Елімізде нарықтық экономиканың қалыптасуы өнім сапасын арттыру мәселесін отандық өнім өндірушілердің үйреншікті ыңғайларын толығымен өзгертті. Қазақстанның тәуелсіз мемлекет ретінде қалыптасуы мен дамуы, нарықтық экономикаға кіру болашағы республика экономикасының бәсекеге қабілеттілікке жетуінің обьективті қажеттілігін негіздейді.
Әкімшілдік әміршілдік экономикада бәсекеге қабілеттілік мәселесі ішкі нарықта туындамады, себебі өнімді өткізу сұрақтарын әкімшілдік шаруашылықты бұзып, өндірістік звенолар санының өсуіне алып келеді. Қазіргі уақытта Қазақстан экономикасына төніп тұрған қауіп нығайып өсіп бара жатқан халықаралық экономикалық бәсекелестік.
Бұл қауіпті алдын алу ұлттық экономикамыздың бәсекеге қабілеттілігін арттыру арқылы қол жеткізуге болады. жалпы менің бұл дипломдық жұмысымның мақсаты болып-өнеркәсіп салалардың қазіргі таңдағы жағдайын талдау.
Сонымен қатар осы салалардың ішіндегі өңдеу өнеркәсібі бойынша сүт пен сүт өнімдерінің қазіргі жағдайы оның дамуын қамтамасыз ететін іс шараларды жән өнім сапасын басқаруды жетілдіру жолдарын қарастыру болып табылады.
Сондықтан қазіргі нарықтық экономикада өндірілетін өнімнің сапасына принципалды басқаша талаптар қойылады.
Аймақтық өнеркәсіп дамуының тиімділігінен республика халқы мен табысының хал - ахуалы тәуелді және өнеркәсіп салаларында жалпы ұлттық өнімнің жартысына жуығы жасалынды, сонымен бірге өнеркәсіптің материалдық өндіріс саласы ретіндегі басыңқы рөлі - онің халық шаруашылығының басқа салаларын индустрияландыру-дың шешуші факторы екендігіне байланысты өнеркәсіп секторының дамуының маңызы жоғары.
Бүгінгі күні аймақтық өнеркәсіптің басты міндеті импорт алмастырушы және экспортқа бағытталған өнім өндірісінің көлемін арттыру, толық қуатын қамтамасыз ету болып табылады.
Бұл қазіргі уақытта кез келген кәсіпорынның өмір сүруі мен оның нарықтығы тұрақтылығы бәсекеге қабілеттілік деңгейімен байланысты. Бәсекеге қабілеттілік деңгейінің жоғары болуы бірінші кезекте өнім сапасымен анықталады.
Бәсекелестік экономиканың қозғаушы күші, ол өндірушіні тұтыну үшін күресуге, өнім сапасын жақсартуға, өндіріс пен өткізуді арттыруға, өндіріс шығындарын қысқартуға алып келеді.
Сондай - ақ бәсекелестік тек қана тұрақтандыру факторы ғана емес кәсіпорынның өмір сүру шарты болып табылады. Сондықтан сапаны басқару кәсіпорынды басқару жүйесінің негізгі міндеті болып табылады. Ол бәсекелестердің іс әрекетін жан жақты талдаудан, өнімнің бәсекеге қабілеттілік мінез құлқының стратегиясын талқылаудан өтуі қажет.
1 НАРЫҚ ЖАҒДАЙЫНДАҒЫ ӨНЕРКӘСІПТІҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ
1.1 Өнеркәсіп түсінігі және оның түрлері

Өнеркәсіп - бұл халық шаруашылығының маңызды құраушысы болып табылады, немесе толықтай атап кететін болсақ, өнеркәсіп бұл - ұлттық тұтыну заттарының бір бөлігіне ие болатын және өндірістің еңбек заттары пайда болатын фабрика, зауыттар, акционерлік қоғамдар өнеркәсіптік кәсіпорындардың жиынтығы болып табылатын халық шаруашылық салаларының бірі.
Халық шаруашылығы салаларында жетекші рөлді алатын -- өнеркәсіп. Өнеркәсіп еңбек құралын, жеке тұтыну заттарын өндіреді, табиғи шикізаттарды, сондай - ақ ауыл шаруашылық шикізаттарын қайта өңдеуді қамтамасыз етеді.
Қуатты өнеркәсіп еліміздің қауіпсіздігінің негізі болып табылады. Өз кезегінде өнеркәсіп, мамандандырылған салалардың күрделі кешені болып табылады. Өндіріс дегеніміз не? Деген сұраққа жауап беріп көрейік, қоғамның өмірі сан қырлы болуы әр алуан салалардағы адам қызметінің түрі көп болғандығының нәтижесі.
Бірақ мұның барлығы қоғамда материалдық игілік өндіру қызметтерінің болуының арқасында ғана болуы мүмкін. Адамды қоршаған табиғат оның ең қарапайым қажетін өтеуге керек нәрсені дайын күйінде бере қоймайды, осыдан да адамдар өздерінің күш жігерлерін өздеріне қажет заттар жасауға жұмсауға яғни өндіруге тиісті ал мұндай қажеттілікті ешкім өзгерте алмайды.
Өндіріс қоғам өмірінің маңызды өзге де салалары келіп шығатын негізгі саласы ретінде көрінеді. Осылайша, өндіріс дегеніміз адамдардың табиғат пен қарым қатынасын, олардың табиғат затын жаңарта отырып, оны өз қажеттіліктерін қанағаттандыру үшін бейімдеп алуын білдіретін ерекше процесс.
Өндірісте пайдаланылатын ресурстарды экономикалық теорияда мынандай түрлері бойынша: табиғи, еңбек, материалдық, қаржылық, ақпараттық деп ажырату қалыптасқан. Өндіріс қол еңбегіне негізделген кезде еңбек және табиғи ресурстар басым болады. Машиналы өндіріс материалдық ресурстарды бірінші орынға шығарады. Ғылыми - техникалық революция ақпаратты өмірге әкелді және маңызды ресурсына айналдырды.
Қоғамдық пайдалы еңбекке қабілетті тұрғын халық еңбек ресурстарын құрайды. Бұл ресурстардың ерекше түрі сөзсіз өндірістің белсенді әрі жасампаз негізі болып отыр. Еңбекке қабілетті тұрғын халық нақты әлеуметтік - эконмикалық, мәдени, саяси және басқада қоғамдық жағдайлардың ықпалымен екі топқа бөлінеді: Экономикалық белсенді және экономикалық сылбыр тұрындарға бөлінеді. Ал өндірісті жүзеге асыруға көмектесетін заттардың жиынтығы қоғамның материалдық ресурстарын құрайды. Егер табиғи ресурстардың негізі табиғат болса, материалдық ресурстар адам қолымен жасалынады, өндірістің нәтижесі де болып табылады.
Материалдық ресурстар қоғамның өндірістік күш - қуатының негізгі бөлігін құрайды. Олар: ғимараттар, құрал-жабдықтар, машиналар, станоктар, механизмдер, жолдар, көпірлер, байланыс құралдары және тағы басқалары.
Өндірістің қарапайым сызбалармен бейнелеуін: кіретін және шығатын белгілері бар тік үш бұрышты еске түсірейік. Мұның алғашқысын түсіндіріп өттік. Олар-өндірістік ресурстар. Енді тік үшбұрыштың ішінде нендей нәрселер өтетіндігін анықтаудың кезегі келді. Өндірістің ресурстардан көрініс тапқан мүмкіндіктері тікелей өндіріс.
Өнеркәсіп-Қазақстан шаруашылығының басты саласы. Экономикадағы барлық алға басушылық соған байланысты. Оның дамуы жаңа қалалар мен жолдар салуды ілестіре жүреді. Ол ауыл шаруашылығының, құрылыстың, қызмет көрсету саласының даму деңгейіне де үлкен әсер етеді. Сонымен бірге оның қоршаған ортаға да әсері зорт [1].
Өнекәсіп-ұлттық экономикалық шикізат, отын, энергия өндірумен, ағаш өнімдерін дайындаумен, өнеркәсіп және ауыл шаруашылық шикізатын өндіріс құрал-жабдығы мен тұтыну заттарына өңдеумен (қайта өңдеу) айналысатын кәсіпорындары (зауыттарды,фабрикаларды,кеніштерді , электр стансаларын т.б) біріктіретін аса маңызды саласы.
Өнекәсіп-қоғадық өнім мен ұлттық табыстың басым бөлігі жасалатын материалдықөндіріс саласы. Халық шаруашылығы мен халықтың жоғарғы сапалы өнімге деген қажеттілігінің қанағаттандыру деңгейі, техникамен қайта жарақтандырылуы, халық шаруашылығының барлық салалары өндірісінің қарқынды дамытылуы, мемлекеттің қорғаныс қабілеті өнеркәсіптің дамуында қол жеткізілген табыстарға байланыстың өнімдері еңбек құралдары мен еңбек заттарына бөлінеді.
Өнеркәсіп - ұлттық экономиканың шикізат, отын, энергия өндірумен, ағаш өнімдерін дайындаумен, өнеркәсіп және ауыл шаруашылық шикізатын өндіріс құрал-жабдығы мен тұтыну заттарына өңдеумен (қайта өңдеумен) айналысатын кәсіпорын саласы.
Екі үлкен топтан:
1) өндіруші өнеркәсіптен - мұнай, газ, көмір, шымтезек, тақтатас, тұз, қара және түсті металл кентастарын, металлургия үшін кентасқа жатпайтын құрылыс материалдарын өндіру, ағаш дайындау, энергетикалық шикізат алу, т.б.;
2) өңдеуші өнеркәсіптен қара және түсті металдар, қақтама, машиналар мен жабдықтар, химиялық өнімдер, цемент және басқа құрылыс материалдарын, ағаш өңдеу, жеңіл өнеркәсіп пен тамақ өнеркәсіпі өнімдерін өндіру, өнеркәсіп бұйымдарын жөндеу, т.б. құралады.
Жеңіл өнеркәсіп - халық тұтынатын көпшілік қолды заттар, ең алдымен, мата, іш және сырт киімдік трикотаж, шұлық-үйық бұйымдарын, аяқ киім, тігін және галантерея бұйымдарын өндіретін салалар мен кәсіпорындар жиынтығы жеңіл өнеркәсіптің негізгі салалары мақта-мата, зығыр, жүн, жібек, кендір-кенеп, аяқ-киім, былғары т.б.
Ауыр өнеркәсіп -- халық шаруашылығының ұлттық экономиканың дамуына шешуші ықпал ететін маңызды саласы. Ауыр өнеркәсіп өндіруші және өңдеуші кәсіпорындардан құралады. Қазақстандағы өндіруші ауыр өнеркәсіп кәсіпорындарына кен-химия шикізатын, түсті және қара металл, мұнай, газ, көмір, биметалл кендерін, құрылыс материалдарын өндіретін құрылымдар жатады. Өңдеуші өнеркәсіпке қара және түсті металдар, прокат, химиялық және мұнай-химиялық өнімдерін, машиналар мен құрал-жабдықтар, ағаш және целлюлоза-қағаз өнімдерін, цемент т.б. құрылыс материалдарын шығаратын кәсіпорындар енеді.
Қазақстанда ауыр өнеркәсіп тің дамуына жер асты байлықтары кең мүмкіндіктер берді. Елімізде қазба байлықтарының зерттелген қоры мол. Олар: көмір мен мұнай, мыс пен қорғасын, темір мен хром, никель мен вольфрам, алюминий мен мырыш, алтын менкүміс, ванадий мен вольфрам және уран кен қорлары. Қазақстанның Жезқазған, Ақтоғай, Қоңырат мыс кендері, Соколов-Сарыбай, Әйет, Лисаковка, Атасу, Дөң, Қашар қара металл кендерінің мәні зор. Мұнай, газ, көмір қорлары (Батыс Қазақстан, Екібастұз, Қарағанды және т.б.) айтарлықтай. Республиканың су энергетик. реурстары шамамен жылына 27 млрд. кВт. сағатқа бағаланады.
Химия өнеркәсібінің шикізаты да мол (Қаратау фосфориттері). Вольфрам, хром, молибден, кадмий және уранның үлкен қорлары бар. Қазақстан -- дүние жүзілік ауыр өнеркәсіп бөлінісінде өзіндік орны мен зор мүмкіндіктері бар мемлекет.
Ауыр өнеркәсіптің қара металлургия, трактор жасау, алюминиий және кабель өндірісі, арматура, прибор жасау, насос-компрессор, химия, машина жасау, кен-химия өндірісі, синтетик. каучук, синтетик. қарамай және пластик. массалар, құрастырмалы темір-бетон және қабырға блоктары өндірісі, асбест өндірісі кәсіпорындары пайда болды (кестені қ.).
Өңдеуші өнеркәсіп (орыс. Обрабатывающая промышленность) -- өндіруші өнеркәсіптің және ауыл шаруашылығының, сондай-ақ өнеркәсіптік бұйымдарды жөндейтін өнеркәсіптің өнімдерін өңдеумен және қайта өндеумен айналыса тың өндіріс салаларының жиынтығы. Өңдеуші өнеркәсіпке құрылыс материалдары өнеркәсібі де жатады [2].

1.2 Қазақстан экономикасындағы өнеркәсіптің рөлі және қалыптасуы

Өнеркәсіп - қоғамдық өнім мен ұлттық табыстың басым бөлігі жасалатын материалдық өндіріс саласы. Халық шарушылығы мен халықтың жоғары сапалы өнімге деген қажеттілігінің қанағаттандырылу деңгейі, техникамен қайта жарақтандырылуы, халық шаруашылығының барлық салалары өндірісінің қарқынды дамытылуы, мемлекеттің қорғаныс қабілеті өнеркәсіп тің дамуында қол жеткізілген табыстарға байланысты.
Кеңестік дәуірге дейінгі Қазақстанда өнеркәсіп негізінен өте қарапайым еңбек құралдарын пайдаланатын ұсақ кәсіпшіліктер, шеберханалар мен цехтар түрінде дамыды. 1913 жылы небәрі 118 мың т мұнай, 0,1 млн т көмір өндірілді. Кеңестік дәуірде өнеркәсіпті дамыту үдерісі жедел қарқын алды. Алғашқы бесжылдықта (1928 - 1932) өнеркәсіпке 90 млн. сом күрделі қаржы бөлінді.
Бұл осының алдындағы тоғыз жылда бөлінген қаржыдан 2,5 есе көп еді. Соның нәтижесінде бесжылдықтың әр жылында өнеркәсіп өнімі орта есеппен 17% өсті. Көмір өндіру, түсті металлургия, металл өңдеу, тамақ өнеркәсіпі салалары шұғыл дамыды. 2-бесжылдықта (1932 - 1937) өнеркәсіп өнімі жыл сайын 19,5%-ға өсті. Мұндай қарқын 3-бесжылдықтың алғашқы үш жылы бойына сақталды.
1933 - 1940 жылдары республикада Шымкент қорғасын зауаты,Балқаш мыс қорыту, Ақтөбе химия комбинаттары сияқты ірі өнеркәсіп орындары қатарға қосылып, Қарағандыда көмір шахталары кешені, мұнай құбырлары, электр стансияларылары, жеңіл және тамақ өнеркәсіп орындары салынды. Бұл кезеңде өнеркәсіпті дамытуға 446 млн. сом күрделі қаржы жұмсалды. Бұл 1920 - 1932 жылдары аралығында бөлінген қаржыдан 3,4 есе көп еді. Нәтижесінде халық шаруашылығының негізгі салалары өнеркәсіп пен ауыл шаруашылығында елеулі құрылымдық өзгерістер болды. Өнеркәсіп өнімінің көлемі ауыл шаруашылығы өнімінен асып түсті.
2- ші дүниежүзілік соғыс жылдары Қазақстан өнеркәсіпті дамытуда маңызды үш міндетті шешті, олар:
oo КСРО-ның батысынан көшірілген фабрикалар мен зауаттарды қабылдап алып, орналастыру және іске қосу;
oo өнеркәсіпті одан әрі дамытып, жаңа объектілер салу;
майданның қажетін ескере отырып, кәсіпорын номенклатурасын қайта қарау.
Соғыстан кейінгі 4-5 (1946 - 1950) республика өнеркәсіпі бейбіт жағдайға бейімделіп қайта құрылды. Өнеркәсіп өнімін қарқынды дамытудың іргетасы қаланып, оның көлемі 70%-ға өсті. Бесжылдықта (1951 - 1955) өнеркәсіп өнімі 82%-ға артты, халық шаруашылығы үшін зор маңызы бар темір кентасын, болат, көмір, электр энергиясын, машиналар мен механизмдер, өнеркәсіп және азық-түлік тауарларын өндіру қарқынды жүргізілді.
6-шы (1956 - 1960) және 7-ші (1961 - 1965) бесжылдықтарда өндірістің құрылымдық бағытын түбегейлі түрде өзгертетін жаңа қуаттар іске қосылды. Қарағанды металлургия зауатыты мен Соколов-Сарыбай кен байыту комбинатының іске қосылуына байланысты қара металлургия өнеркәсіпінің негізі қаланып, онан әрі дами түсті; түсті металлургияда ірі-ірі кәсіпорындар қатарға қосылды; көмір өнеркәсіпінде жаңа технологиямен жабдықталған оннан астам жаңа шахталар мен қималар іске қосылды; химия өнеркәсіпі Ақтөбе хром қосындылары зауаты, Қарағанды синтетикалық каучук зауаты, Қаратау кен-химия комбинаты сияқты ірі кәсіпорындармен толықты; Маңғыстау мұнайлы аймағын игеру ісі қолға алынды; Қазақстанның шығысында, солтүстігі мен оңтүстігінде жаңа зауаттар салынып, шығарылатын өнім түрі көбейді; жеңіл және тамақ өнеркәсіпін өркендетуде елеулі қадам жасалды.
Сондай-ақ Павлодар, Жамбыл, Маңғыстау облыстарында аумақтық-өндірістік кешендер қалыптаса бастады.
8-ші (1966 - 1970) және 9-шы (1971 - 1975) бесжылдықтар кезінде өнеркәсіп өнімінің өсу қарқыны 2,2 есе, 10-бесжылдықта (1976 - 1980) 18%-ға артты. 1980 жылдардың аяғында өнеркәсіп өндірісінің көлемі 1928 жылмен салыстырғанда 265 есе өсті. Мұнда өнімнің 75%-ы "А" тобынан (өндіріс құрал-жабдығын өндіру) өндірілді. Бұл кезеңде электр энергетикасы, химия және мұнай-химия өнеркәсібі, машина жасау, металл өңдеу салалары жедел дамыды. 1980 жылы барлық өнеркәсіп өнімінің 14 бөлігі осы салалардың үлесіне тиді.
Бұдан кейінгі 11-бесжылдықта (1981 - 1985) неркәсіп өнімінің көлемі 19,4%-ға өсті. Павлодар - Екібастұз, Қаратау - Жамбыл, Маңғыстау өндірістік аумақтық кешендерінің маңызы артты. 400-ге жуық ірі өнеркәсіп орындары іске қосылды. Олардың арасында Екібастұз 1-ші МАЭС пен "Восточный" қимасы және Қарағанды кен-металлугия комб-ндағы қаңылтыр цехы, Шымкент мұнай өңдеу зауатыты сияқты өндіріс алыптары бар.
2-бесжылдық (1986 - 1990) кезеңінде Екібастұзда бүкілодақтық энергетика орталығы қалыптасты, оңтүстікте фосфор өндірісі өркендеді, батыста еліміздің мұнай базасын жасау, мұнайдың, газдың, полиметалл және темір кентастарының жаңа кен орындарын игеру қолға алынды. Минералдық тыңайтқыштар, түсті және қара металдар өндіруде республиканың одақтағы маңызы арта түсті [3].
Қазақстанда нарықтық экономиканың қалыптасуы барысында өнеркәсіптің түрлі салаларындағы кәсіпорындардың техникасы мен технологиясы, ұйымдастырылу деңгейі төмен екендігі байқалды. 20 ғасырдың 90-жылдары басталған экономикалық реформа нәтижесінде өнеркәсіп орындары мемлекет иелігінен алынып, жекешелендіріле бастады.
Жаңа жағдайда өнеркәсіп орындары ірі, орта, шағын кәсіпорын және өнеркәсіптік қызметті жүзеге асыратын бейөнеркәсіптік кәсіпорын түрлеріне жіктелді. Сондай-ақ нарықтық экономиканың дамуы барысында ірі-ірі корпоративтік құрылымдар да қалыптасты. Олардың тұрпаттары алуан түрлі: ұлттық және мемлекеттік компаниялар ("Қазақойл", "Қазтрансойл", "Қазатомөнеркәсіп", т.б.), мемлекеттік және жеке жобалармен жекешелендірілген акционерлік компаниялар ("Испат-Қармет", "Қазақмыс" корпорациясы", "Қазақстаналюминий", "Өскемен титан-магний комбинаты", "Маңғыстаумұнайгаз", "Ақтөбемұнайгаз", "Қазхром" ҰАҚ", т.б.), нарықтың дамуы барысында пайда болған жеке компаниялар ("Қазкоммерцбанк", "ҚазақстанКаспийшельф", "Тұран Әлембанк", т.б.), ұлтаралық компаниялардың Қазақстандағы бөлімшелері ("Теңіз Шевройл", "OKІOK", "PeтроҚазақстан", "Алматы темекі фабрикасы", "Қазхром" "ҰаҚ", т.б.) мен өкілдіктері ("АВВ LTD" - электротехикалық жабдықтар өндіретін компания, "PGS Onshore" - мұнай барлау, геофизикалық қызмет компаниясы, т.б.). Трансұлттық корпорациялар республиканың өнеркәсіпіне миллиардтаған қаржы салып, қыруар пайда табуда. Әйтсе де Қазақстан экономикасының корпоративтік секторында әлемдік деңгейдегі корпорациялар жоқ дерлік. Қазақстан өнеркәсіпінің әлемдік нарыққа шығу мүмкіндігі зор екеніне қарамастан инвестиция тәуелсіздіктің алғашқы жылдарында мүлдем жоқ болатын. Сондықтан жеке жобамен жекешелендірілген кәсіпорындар мен трансұлттық корпорациялар басымдық алды. Республика экономикасында жүргізілген реформа барысында бұрын қалыптасқан өнеркәсіп салалары дамыды.
Қазақстан шетелдік инвестициялардың көлемі бойынша ТМД елдерінің ішінде алдыңғы орында болды. Республикада шетел инвестицияларының негізгі капиталдағы үлесі негізінен Батыс Қазақстан (92%), Маңғыстау (66%) және Ақтөбе (75%) облыстарына тиесілі болды.
Республика өнеркәсіп інің тиімділігі әлемдік стандартқа сай емес. Айталық, Қазақстанда 1 доллар ЖІӨ шығару үшін 2,8 кВт-сағ қуат жұмсалса, дамыған елдерде бұл көрсеткіш 0,2 - 1,2 кВт-сағ шамасында. Мұның басты себебі: көптеген кәсіпорындар шикізатты бастапқы өңдеумен ғана айналысады, ал шикізатты ақырғы өнімге дейін өңдейтін кәсіпорындар аз. Сондай-ақ әлемдік деңгейдегі озық технологиялар да жоқтың қасы. Сонымен қатар өнеркәсіптің біраз салаларында негізгі құрал-жабдықтар ескірген (50%-дан астам).
21 ғасырдың басынан Қазақстан өнеркәсіпін әртараптандыру үдерісі жүргізіле бастады. Нәтижесінде ақпараттық технология, биотехнология, ядролық технология, автомобиль құрастыру сияқты өндірістің жаңа бағыттары пайда болып, әлемдік бәселестікке төтеп беретін өнім түрлерін кластерлеу ісі жолға қойылды. Қазақстан өнеркәсіпін 2015 жылға дейін жаңа индустриялық инновациялар даму өрісіне шығару, сөйтіп, өнеркәсіп салаларын әртараптандыру жолымен келешекте оның шикізаттық бағыттағы даму үрдісінен сервистік-технологиялық экономика үлгісіне көшу көзделіп отыр [4].

1.3 ҚР-ның өнеркәсіп құрылымы және оны орналастырудың принциптері

Өнеркәсіптің құрылымы:Өнеркәсіптің құрылымы күрделі. Ол көптеген кәсіпорындардан тұрады. Өндіретін өнімнің, пайдаланатын шикізаттың немесе технологияның ұқсастығына байланысты кәсіпорындар салаларға бірігеді.Өнеркәсіпте негізінен өндіріс құрал-жабдықтарын шығаратын (отын, металл, машиналар мен құрал-саймандар): энергетика, металлургия, машина жасау және т.б. басты рөл атқарады.
Оларды ауыр өнеркәсіп деп атайды (А тобы). Әсіресе, маңыздылары машина жасау (онда жаңа машиналар мен құрал-саймандар жасалады), химия өнеркәсібі (жаңа материалдар) және электр энергетикасы.
Олар экономиканың барлық салаларындағы ғылыми-техникалық прогресті анықтайды, сол үшін оларға салалардың авангардтық үштігі деген атақ берілген. Халық түтынатын тауарларды өндіретін салаларды (азық-түлік, киім, аяқ киім), Б тобына жатқызады. Онда тамақ және жеңіл өнеркәсіптері ерекше орында.
Қазақстандағы жалпы өнім өндіру көлеміндегі А тобының үлесі 80% -ға жетті. Б тобы одан едәуір артта. Мұнымен шет елден азық-түлік пен тұтыну заттарын ауыр өнеркәсіп тауарларына айырбастап, сатып алу байланысты. Елге ондай айырбастың баға қайшысына байланысты пайдасы жоқ.
Көптеген дамыған елдерде А тобы салаларының үлесі 50%, немесе одан да аз. Өнеркәсіп салаларын, сонымен бірге, өндіруші және өңдеуші салаларға бөлу қабылданған. Біріншілері жер қойнауынан (тау-кен өнеркәсібі), судан (балық және су аңдарын аулау), орманнан (ағаш дайындау) шикізат өндіреді, ал екіншілері оларды өңдейді (мысалы, металлургия және ағаш өңдеу). Электр энергиясы мен жылу өндіретін және су мен газ тарататын салалар жеке топты құрайды [5].
Қазақстан Республикасының өнеркәсібінде келесідей салаларын қарастыруға болады:
● Тау кен өнеркәсібі;
● Энергетикаға арналған материалдарды өңдеу;
● Энергетикаға арналған материалдарды өндіруден басқа кен
өндіру;
● Өңдеу өнеркәсібі;
● Темекі бұйымдар өндірісі;
● Сусындарды қоса алғандағы азық - түлік өнімдерін өндіру;
● Тоқыма және тігін өнеркәсібі;
● Былтырғы өндірісі, былтырғыдан жасалынған бұйымдар және
аяқ киім өндірісі;
● Ағаш және ағаш бұйымдары өндірісі;
● Қағаз және қатырма өндірісі, баспа ісі;
● Кокс өндірісі, мұнай айдау, ядролық материалдарды өндіру
және қайта өңдеу;
● Химия өнеркәсібі;
● Мұнай айдау;
● Пластмасса, резіңке бұйымдарын өндірумен қоса металлға
жатпайтын өзге де минералдық өнімдер өндірісі;
● Металлургия өнеркәсібі және металдар өңдеу;
● Металлургия өнеркәсібі;
● Түсті металл өндірісі;
● Дайын металл бұйымдарын өндіру;
● Машина жасау [6].

Өнеркәсіп орналасу заңдылықтары:
Жалпы алғанда, өндіруші және өңдеуші өнеркәсіптен тұратын қазіргі заманғы индустрия алуан түрлі өндірістердің жиынтығы болып табылады. Өнеркәсіп өндірісі мен салаларының қаржыны, ғылымды, еңбекті, шикізатты, энергияны және суды қажет ету деңгейі әртүрлі. Өнеркәсіп өнімінің 10%-ы (өзіндік құны бойынша) өндіруші салаға тиесілі болса, қалған өнімді өңдеуші кәсіпорындар береді. Қазіргі заманғы өңдеуші өнеркәсіп байырғы (таскөмір, қара металлургия, кеме жасау және тоқыма), жаңа (автомобиль жасау, алюминий өндіру, химиялық талшықтар мен пластмасса өндірісі) және ең жаңа салаларды (микроэлектроника, робот жасау, есептеуіш машиналар жасау, атом және аэроғарыш өндірісі және т.б.) қамтиды.
Өнеркәсіп өндірісі құрылымы жағынан ғана емес, ұйымдасуы және орналасуы жөнінен де күрделі жүйе болып табылады. Өнеркәсіптің орналасуына әсер ететін факторлар ел экономикасының даму жағдайына сәйкес ұдайы өзгеріске түсіп отырады. Бұл әсіресе өңдеуші өнеркәсіптің орналасуынан айқын көрінеді.
Өнеркәсіптің жаңа салаларын орналастыруда еңбек ресурстарының сапалық көрсеткіштері (білім және кәсіби деңгейі), көлік, байланыс, экологиялық жағдай, ғылыми-техникалық әлеует шешуші рөл атқарады. Өнеркәсіптің байырғы және жаңа салалары ірі өнеркәсіпті аудандардың қалыптасуына ықпал етті. Алғашқы өнеркәсіпті аудандар (Орта Англия, Рур, Силезия, Орталық Ресей, Орал) көмір алаптары мен металлургия, тоқыма өндірісі негізінде қалыптасты.
Жаңа өнеркәсіпті аудандар өндірістің күрделі сипатымен және оның орналасуьша ықпал ететін факторлардың жан-жақтылығымен ерекшеленеді. Дамыған елдерде ескі өнеркәсіпті аудандардың еңбек ресурстары мен дамыған инфрақұрылымы негізінде жаңа аудандардың қалыптасуы байқалады.
Өнеркәсіптің орналасуына астаналық фактор да әсер етеді. Жаңа индустриялық аудандар өнеркәсіптің ел астанасы мен ірі қалаларының маңында шоғырлануынан пайда болуда. Мұндай аудандарда ғылымды көп қажет ететін ең жаңа өндірісті іске қосуға мүмкіндік бар, сонымен қатар өндірілетін өнім ірі тұтыну көзіне де бағдарланады.
Қазіргі заманғы кәсіпорындар салық жеңілдіктері бар еркін экономикалық зоналарда және шекаралық аудандарда көбірек орналасады, бұл аумақтарда халықаралық экономикалық аудандар да қалыптасуда. Өнеркәсіптің теңіз жағалауларына ығысуы да байқалады. Соның нәтижесінде кейбір портты қалалар маңында сырттан әкелінетін шикізатты бастапқы өңдеуден өткізетін ірі өнеркәсіптік кешендер пайда болған [8].

Өңдеуші өнеркәсіптердің құрылымы, (%)
Салалар
Қазақстан
Дуние жүзі
Дамыған елдер
Тамақ өнеркәсібі
22
11
10
Жеңіл өнеркәсіп
1
4
3
Орман және ағаш өңдеу
2
9
10
Химия және мұнай өңдейтін
11
17
16
Металлургия
42
5
4
Машина жасау
9
50
53
Басқа салалар
13
4
4
Барлығы
100
100
100

Сонымен, өнеркәсіптің дамуы мен орналасуында қарама-қарсы екі бағыт түйіседі. Біріншіден, технологиялық жағынан сабақтас өндірістерді біріктіру негізінде аумақтық-өндірістік кешендер түзілсе, екіншіден, экономикалық тиімділік факторы негізінде бір саладағы кәсіпорындарды шашырата орналастыру байқалады.
Өнеркәсіпті орналастырудың принциптері мен факторлары: Өнеркәсіптің дамуы мынандай негізгі принциптерге (ережелерге) бағынады.
Кәсіпорындардың орналасуы:
1. аймақтың және бүкіл елдің мүддесіне мүддесіне сай пайдаланылатын ресурсы бар, барлық жерлерде;
2. шикізат көзіне, отынға, энергияға, ғылыми орталықтарға, еңбек ресурсына және өнімді тұтынушыларға жақын жерлерде (бұл адамдардың еңбегін, материалдық ресурстар мен уақытты үнемдейді);
3. қоршаған ортаны қорғау талаптарын және шет елдермен қарым-қатынас жағдайын есепке ала отырып;
4. еңбек өнімділігін көтеретін өндірісті шоғырландырудың, мамандандырудың, кооперативтендірудің, құрамдастырудың және аумақтық-өндірісті үйлестірудің (кешендердің) артықшылықтарын пайдалана отырып орналастырылады.

Қазақстанның өнеркәсібінде шағын кәсіпорындар көп. Бірақ өнімнің негізгі бөлігін орта және ірі кәсіпорындар өндіреді. Өнім шығаруды ірі кәсіпорындарға жинауды өндірісті шоғырландыру деп атайды.
Шағын кәсіпорындар жаңа өнім шығаруға тез әрі икемді түрде қайта құрыла алады. Бірақ көптеген салалар бойынша ірі зауыттар мен фабрикалардың артықшылықтары бар. Ондағы шоғырлану техниканы толығырақ пайдаланып, еңбек өнімділігін көрсетуге мүмкіндік береді. Сонымен бірге бір ірі зауытты салуға бірнеше ұсақтарын салудан аз қаржы жұмсалады.
Көптеген кәсіпорындар біркелкі өнім, мысалы, тек тракторлар немесе тек экскаваторлар шығарады. Өндірісті ұйымдастырудың мұндай түрін мамандандыру деп атайды. Маманданған кәсіпорандарда еңбек ресурсы жақсырақ пайдаланылады, еңбек өнімділігі жоғары, өнімнің өзіндік құны төменірек болады. Бірақ ондай кәсіпорнынның шикізат, тетік, машина бөлшектерін жеткізушілермен өндірістік байланыссыз жұмыс жүргізуі мүмкін емес. Дайын өнімді шығаруға бірнеше кәсіпорындардың қатысуын кооперация (ынтымақтастық) деп атайды. Ол да еңбек өнімділігін көтереді.
Кәсіпорындардың бір бөлігін комбинаттар құрайды. Оларда әр түрлі өндіріс түрлері үйлеседі. Олар:
1. шикізатты өңдеудің біртіндеп жүргізілетін сатыларын
2. оларды бірігіп өңдеуді,
3. бір-біріне қызмет көрсетуді қамтамасыз етеді.
Кәсіпорындардың орналасуына әр түрлі факторлар, яғни себептер мен жағдайлар әсер етеді.
Бейнелеп айтқанда, қандай себептерге байланысты зауыт нақ осы жерде салынған? немесе бұл заутты салу үшін қандай жағдайлар қажет? деген сияқты сұрақтарға жауап береді.
Фактордардың саны көп емес, олар - шикізаттық, отын-энергетикалық, су, жұмыс күші (еңбек), тұтынушы, көліктік, ғылыми және экологиялық болып бөлінеді. Олар бірге отырып кәсіпорындар мен салалар орналасуын анықтайды.
Біздің еліміздегі өнеркәсіп құрылымының ерекшклігі - тау - кен өндірісі саласының үлесі жоғары болуында. Олар барлық өнімнің жартысынан көбін береді. Сіздер Қазақстанның өңделмеген отын мен шикізат шет елге сату нәтижесінен едәуір қаржыны толық қайтарып алмайтынын көреміз.
Сонымен қатар республикаға өңдеу өнеркәсібі салаларынынң арасында қалыптасқан салыстырмалы арақатынаста аса тиімді емес.
Салалар арасындағы өзара байланыстың күшеюі салааралық кешендердің қалыптасуына әкелетін білесіздер. Еліміздің экономикасындағы олардың рөлі бірдей емес.
Дүние жүзіндегі отын мен металл бағасының жоғары болуы отын-энергетикалық және металлургиялық кешендердің жарысы өсуіне себеп болады. Олар Қазақстанның әлемдік экономикадағы орнын анықтап, ел ішінде өзгеше локоматив рөлін атқарады.. Орлардың дамуы басқа салалар мен қазақстандықтардың өмір сүру деңгейінің көтерілуіне ықпал етеді.
Қазір алдыңғы қатарлы өнім шығаратын облыстардың үштігіне Атырау, Маңғыстау және Қарғанды облыстары кіреді. Өнеркәсіптің дамуы мынадай негізгі принциптерге (ережелерге) бағынады:
Кәсіпорындардың орналасуы:
1. аймақтың және бүкіл елдің мүддесіне сай пайдаланылатын ресурсы бар, барлық жерлерде
2. шикізат көзіне, отынға, энергияға ғылыми орталықтарға, еңбек ресурсына және өнімді тұтынушыларға жақын жерлерде (бұл адамдардың еңбегін, материалдық ресурстар мен уақытты үнемдейді)
3. қоршаған ортаны қорғау талаптарын және шет елдермен қарым-қатынас жағдайын есепке ала отырып
4. еңбек өнімділігін көтеретін өндірісті шоғырландырудың, мамандырудың, кооператиптендірудің, құрамдастарудың және аумақтық-өндірісті үйлестірудің артылықшылықтарын пайдалана отырып орналастырады.
Қазақстанның өнеркәсібінде шағын кәсіпорындар көп. Бірақ өнімнің негізгі бөлігін орта және ірі кәсіпорындар өндіреді. Өнім шығаруды ірі кәсіпорындарға жинауды өндірісті шоғырлауды деп атайды.
Шағын кәсіпорындар жаңа өнім шығаруға тез әрі икемді түрде қайта құрыла алады. Бірақ көптеген салалар бойынша ірі зауыттар мен фабрикалардың артылықшылықтары бар. Ондағы шоғырлану техниканы толығырақ пайдаланып, еңбек өнімілігін көрсетуге мүмкіндік береді. Сонымен бірге бір ірі зауытты салуға бірнеше ұсақтарын салудан аз қаржы жұмсалады.
Көптеген кәсіпорындар біркелкі өнім, мысалы, тек тракторлар немесе тек экскваторлар шығарады. Өндірісті ұйымдастырудың мұндай түрін мамандандыру деп атайды. Маманданған кәсіпорындарда еңбек ресурсы жақсырақ пайдалынылады, еңбек өнімділігі жоғары, өнімнің өзіндік құны төменірек болады. Бірақ ондай кәсіпорынның шикізат, тетік, машина бөлшектерін жеткізулермен өндірістік байланыссыз жұмыс жүргізу мүмкін емес. Дайын өнімді шығаруға бірнеше кәсіпорындардың қатысу кооперация (ынтымастық) деп атайды.
Ол да еңбек өнілімділігін көтереді.Кәсіпорындардың бір бөлігін ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Алматы қаласындағы экономиканы мемлекеттік реттеу ерекшеліктері
Өнеркәсіп салаларын қайта құрудағы мемлекеттік басқару органдарының ролі
ӨҢІРДІҢ КЕШЕНДІ ӘЛЕУМЕТТІК-ЭКОНОМИКАЛЫҚ ДАМУЫН ЖЕТІЛДІРУ БАҒЫТТАРЫ
Қазақстан Үкіметі, аймақтық биліктермен аймақтық экономикалық саясат координациясы
Аймақтық саясат жайлы
Үкіметтің макроэкономикалық саясатын талдау
Аймақтық саясат құрылымы
Кластер теориясының және мемлекеттің кластерлік саясаты дамуының әлемдік тәжірибесі
Қазақстан Республикасының экономикасын аймақтық басқарудың теориялық және әдістемелік аспектілері
Аймақтық өсу теориялары
Пәндер