Балалар фольклорлық музыкасындағы жанр ұғымы



МАЗМҰНЫ

Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..3
І Қазақ фольклоры, оның жіктелуі және зерттелуі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..6
1.1 Фольклордағы «жанр» ұғымы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...6
1.2 Фольклорды жіктеу принциптері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...6
1.3 Жанрлардың дамуындағы ортақ процестер және олардағы эпикалық, лирикалық, драмалық белгілердің ұқсас болуы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..7
1.4 Қазақ фольклорының тарихы және оның зерттелуі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...8
ІІ Балалар фольклорлық музыкасы және оның көркемдік ерекшеліктері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...14
2.1 Балалар музыкалық фольклоры және оның этнографиялық сипаты ... ...14
2.2 Бала тәрбиесінде халықтың музыкалық фольклорының алатын орны ... 22
2.3 Балалар музыкасындағы фольклорлық дәстүр және сюжеттік ерекшеліктер ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..25
ІІІ Балалар фольклорлық музыкасындағы жанр түрлері ... ... ... ... ... ... ..31
3.1 Балалар фольклорлық музыкасындағы күй жанры ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..31
3.2 Балалар фольклорлық музыкасындағы айтыс жанры ... ... ... ... ... ... ... ... ..38
3.3 Мақал.мәтелдер мен жұмбақ жанры ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .45
3.4 Аңыз.ертегілер жанры ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 53
3.5 Балалар фольклорлық музыкасындағы эпостық жанр ... ... ... ... ... ... ... ... .68
Қорытынды ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..79
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 81
Кіріспе

Фольклор – халық өмірінің айнасы. Адамзат баласы табиғаттың сыр сипатын, жұмбағын, қоғам өміріндегі түрлі болмыстың мәнгі мақсаты, шындығы мен қайшылығын ой – сана қуатымен, ғылыми – диалектикалық әдіспен зерттей білсе, енді бірде көркем сөз өнері, соның ішінде өмір құбылыстарын образдың ой арқылы жеткізетін халықтың коллективтік творчествосы – фольклор шығармаларынан танып біледі. Әр елдің, әрбір халықтың өзіне ғана тән фольклоры болады десең, соның саналуан нұсқалары қай дәуірде туған? Фольклор туындыларының жаратушысы кімдер? Оның жанрлық, көркемдік ерекшіліктері, ұлттың және тарихи сипаты неде? Балалар фольклоры дегеніміз не? Оның музыкалық ерекшеліктері қандай? Ауыз әдебиетінен бөлінетін ерекшелігі қайсы дейтін көптеген сауалдар туады. Мұның бәріне жауап беру үшін фольклор шығармаларының ерекшеліктерін зерттеп анықтау қажет. Образдан ойлау адам санасының өзгеше бір формасы, ол қоғам дамуының қай сатысында туды дейтін мәселе төңірегінде сан – салалы пікірлер, ғылыми тұжырымдар болды.
Тақырыптың өзектілігі. Балалар фольклорлық музыкасына келер болсақ, ол әдеби фольклордан бөлініп шыққан, бірақ әлі де болса дәстүрлі байланысын үзбеген жеке бір арқа болып қалмақ. Өмір тәжірибесімен бірге ой, оның материалдық қабығы – тіл жетім келіп, сөзбен өлең, өлеңнен ән және би бөлініп шығады. Осыған орай халық поэзиясын орындаушыларының да қызметі өзгеріп отырған. Оларды біз фольклор шығармаларының қарапайым аноним айтушылары, ертекші, ақын, жырау, айтыс поэзиясының дарынды иелер – импровизаторлары дейміз. Қоғам дамуынынң сәби кезеңдерінде фольклор шығармаларын орындаушылар отбасы, ошақ қасындағы қарт қариялар болған. Оларды біз халық поэзиясының қарапайым жазушылары дейміз. Сонда фольклор шығармаларының жазушылары да, айтушылары да халықтың өзі болып шығады. Осыны ескере отырып, балалар фольклорлық музыкасының жас ұрпақты тәрбиелеудегі халық педагогикасы ролін атқаратынына көз жеткіземіз.
Өнері өрге жүзген дарын иелерінің ауызынан шыққан үлгілі де ғибратты сөздер мен жырларды басқа айтушылары иіліп жетіп, өңдер, дамытып нақышына келтіре орындайтын болған. Жырау мен жыршылар көлемді эпостық жырларды айтуды үрдіс етсе, жұмбақ, жаңылтпаш, мақал-мәтел, тұрмыс-салт, айтыс сияқты ұсақ формалары өлеңдерді кішігірім айтушылар тудырып, көптілікке ортақ рухани мұраға айналдырып отырған. Осы ретпен туып, атадан балаға жетіп, ел аузында сақталып келген көркемсөз өнерін, оның айту және орындалу ерекшеліктерін фольклор дейміз.
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі:

1. Аль-Фараби. Трактаты о музыке и поэзий. – А., 1992
2. Байтұрсыноа А. Ақ жол – А., 1991
3. Веселовский А. Н. Историческая поэтика. –М.,1940
4. Гусев В. Е. Естетика фольклора – Л., 1967
5. Пропп В. Я. Фольклор и действительность – М.,1976
6. Әмельянов Л. И. Методолог, вопроы фольклористики – Л., 1978
7. Әуезов М. Әдебиет тарихы – А., 1991
8. Ысмайылов Е. Ақындар – А., 1956
9. Смирнова М. С. Казахская народная поэзия – А., 1967
10. Садырбаев С. Фольклор және эстетика – А., 1976
11. Сейфуллин С. Қазақ әдебиеті // шығармалар 6-т – А., 1964
12. Ғабдуллин М. Қазақ халқының ауыз әдебиеті. – А., 1974
13. Садырбаев С. Қазақ халқының ауыз әдебиеті. Хрестом-А.,1977
14. Қазақ әдебиетінің тарихы 1-т 1,2-кітаптар. – А., 196031964
15. Қазақ фольклористикасының тарихы – А., 1988
16. Қазақ фольклорының тарихылығы – А., 1993
17. Марғұлан Ә. Ежелгі жыр, аңыздар. – А., 1985
18. Тұрсынов Е. Д. Қазақ ауыз әдебиетін жасаушылардың байырғы өкілдері. – А., 1976
19. Қоңыратбаев Ә. Қазақ эпосы және түркология. – А.,1987
20. Қазақ фольклористикасының тарихы. – А.,1988
21. Далгат У. Б. Литература и фольклор. –М., 1981
22. Бердібаев Р. Кәусар бұлақ.- А., 1989
23. Қазақ фольклорының типологиясы. А., 1981.
24. Ергөбеков Қ. Мейірім шуағы. Алматы: Жазушы, 1985,.
25. Байтұрсынов А.Әдебиет танытқыш.Алматы, «Атамұра» 2003.
26. Жұмабаев М. Таңдамалы: Өлеңдер, поэмалар, зерттеулер, аудармалар. Алматы, 1992
27. Ахметов З. Өлең сөздің теориясы. «Мектеп», А.,1973
28. М. Жұмабаев шығармалары.1983 ж.
29. Қазақ балалар әдебиетінің хрестоматиясы. Ш. Ахметов. 1980 ж.
30. Ақ сандық, көк сандық. Алматы. ”Жазушы”. 1988 ж.
31. Балалар әдебиеті – тәрбие құралы. М. Қалқабаева ”Мектеп” баспасы.
32. Алматы. 1976 ж. 25 бет.
33. Ауыз әдебиеті үлгілері. Р. Жұманжина. Алматы. ”Мектеп” баспасы. 1981 ж.
34. Егенова А. Ертегіні әңгімелеп беру немесе мәнерлеп оқу. ─ //Қазақстан мектебі. ─2004. ─ №5. ─ б. 13-15.
35. Шәріпова Ж. Ана тілі сабағында ертегілерді оқыту. ─ //Қазақстан мектебі. ─2003. ─№2. ─ б. 20-21.
36. Қазақ ертегілері: Аңыз, тұрмыс-салт, қиял-ғажайып, хаиуанаттар туралы ертегілер. Алматы «Балауса» 2004ж. 27-346.
37. Қалиев С. Халық ертегілері. ─ // Тәрбие құралы. ─ 2005. ─ №11. 3-76.
38. Қалқабаева М. Балалар әдебиеті-тәрбие құралы. ─ Алматы: «Мектеп» 1976ж. 68-1016.
39. Егенова А. Ертегіні әңгімелеп беру немесе мәнерлеп оқу. ─ //Қазақстан мектебі. ─2004. ─ №5. ─ б. 13-15.
40. Шәріпова Ж. Ана тілі сабағында ертегілерді оқыту. ─ //Қазақстан мектебі. ─2003. ─№2. ─ б. 20-21.
41. Қазақ ертегілері: Аңыз, тұрмыс-салт, қиял-ғажайып, хаиуанаттар туралы ертегілер. Алматы «Балауса» 2004ж. 27-346.
42. Қалиев С. Халық ертегілері. ─ // Тәрбие құралы. ─ 2005. ─ №11. 3-76.
43. Қалқабаева М. Балалар әдебиеті-тәрбие құралы. ─ Алматы: «Мектеп» 1976ж. 68-1016.

Пән: Өнер, музыка
Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 93 бет
Таңдаулыға:   
МАЗМҰНЫ

Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..3
І Қазақ фольклоры, оның жіктелуі және
зерттелуі ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... 6
1.1 Фольклордағы жанр 
ұғымы  ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
.6
1.2 Фольклорды жіктеу
принциптері  ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
...6
1.3 Жанрлардың дамуындағы ортақ процестер және олардағы эпикалық,
лирикалық, драмалық 
белгілердің ұқсас болуы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...7
1.4 Қазақ фольклорының тарихы және оның
зерттелуі ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... .8
ІІ Балалар фольклорлық музыкасы және оның көркемдік
ерекшеліктері ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .14
2.1 Балалар музыкалық фольклоры және оның этнографиялық сипаты ... ...14
2.2 Бала тәрбиесінде халықтың музыкалық фольклорының алатын орны ... 22
2.3 Балалар музыкасындағы фольклорлық дәстүр және сюжеттік
ерекшеліктер ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...25
ІІІ Балалар фольклорлық музыкасындағы жанр
түрлері ... ... ... ... ... ... ..31
3.1 Балалар фольклорлық музыкасындағы күй
жанры ... ... ... ... ... ... ... .. ... ... 31
3.2 Балалар фольклорлық музыкасындағы айтыс
жанры ... ... ... ... ... ... ... .. ... 38
3.3 Мақал-мәтелдер мен жұмбақ
жанры ... ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ...45
3.4 Аңыз-ертегілер
жанры ... ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... .53
3.5 Балалар фольклорлық музыкасындағы эпостық
жанр ... ... ... ... ... ... ... ... ..68
Қорытынды ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 79
Пайдаланылған әдебиеттер
тізімі ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 81

Кіріспе

Фольклор – халық өмірінің айнасы. Адамзат баласы табиғаттың сыр
сипатын, жұмбағын, қоғам өміріндегі түрлі болмыстың мәнгі мақсаты, шындығы
мен қайшылығын ой – сана қуатымен, ғылыми – диалектикалық әдіспен зерттей
білсе, енді бірде көркем сөз өнері, соның ішінде өмір құбылыстарын образдың
ой арқылы жеткізетін халықтың коллективтік творчествосы – фольклор
шығармаларынан танып біледі. Әр елдің, әрбір халықтың өзіне ғана тән
фольклоры болады десең, соның саналуан нұсқалары қай дәуірде туған?
Фольклор туындыларының жаратушысы кімдер? Оның жанрлық, көркемдік
ерекшіліктері, ұлттың және тарихи сипаты неде? Балалар фольклоры дегеніміз
не? Оның музыкалық ерекшеліктері қандай? Ауыз әдебиетінен бөлінетін
ерекшелігі қайсы дейтін көптеген сауалдар туады. Мұның бәріне жауап беру
үшін фольклор шығармаларының ерекшеліктерін зерттеп анықтау қажет. Образдан
ойлау адам санасының өзгеше бір формасы, ол қоғам дамуының қай сатысында
туды дейтін мәселе төңірегінде сан – салалы пікірлер, ғылыми тұжырымдар
болды.
Тақырыптың өзектілігі. Балалар фольклорлық музыкасына келер болсақ, ол
әдеби фольклордан бөлініп шыққан, бірақ әлі де болса дәстүрлі байланысын
үзбеген жеке бір арқа болып қалмақ. Өмір тәжірибесімен бірге ой, оның
материалдық қабығы – тіл жетім келіп, сөзбен өлең, өлеңнен ән және би
бөлініп шығады. Осыған орай халық поэзиясын орындаушыларының да қызметі
өзгеріп отырған. Оларды біз фольклор шығармаларының қарапайым аноним
айтушылары, ертекші, ақын, жырау, айтыс поэзиясының дарынды иелер –
импровизаторлары дейміз. Қоғам дамуынынң сәби кезеңдерінде фольклор
шығармаларын орындаушылар отбасы, ошақ қасындағы қарт қариялар болған.
Оларды біз халық поэзиясының қарапайым жазушылары дейміз. Сонда фольклор
шығармаларының жазушылары да, айтушылары да халықтың өзі болып шығады.
Осыны ескере отырып, балалар фольклорлық музыкасының жас ұрпақты
тәрбиелеудегі халық педагогикасы ролін атқаратынына көз жеткіземіз.
Өнері өрге жүзген дарын иелерінің ауызынан шыққан үлгілі де ғибратты
сөздер мен жырларды басқа айтушылары иіліп жетіп, өңдер, дамытып нақышына
келтіре орындайтын болған. Жырау мен жыршылар көлемді эпостық жырларды
айтуды үрдіс етсе, жұмбақ, жаңылтпаш, мақал-мәтел, тұрмыс-салт, айтыс
сияқты ұсақ формалары өлеңдерді кішігірім айтушылар тудырып, көптілікке
ортақ рухани мұраға айналдырып отырған. Осы ретпен туып, атадан балаға
жетіп, ел аузында сақталып келген көркемсөз өнерін, оның айту және орындалу
ерекшеліктерін фольклор дейміз.
Ғылымда халық поэзиясын фольклор, ал оны зерттейтін ғалым саласын
фольклористика деп атайды. Фольклор жанрлары туралы В. Я. Пропптың
пікірлері де жанды. Ол бір халықтың фольклорына тән жанрларды екінші бір
елдің фольклор мұрасына қолдана салудың айтарлықтай нәтиже бермейтіндігін
айта отырып, үш түрлі межені анықтайды. Олар:
1) фольклор шығармаларының поэтикасын зерттеу;
2) фольклордағы халық тұрмысымен байланысты жанрларды анықтау;
3) олардың орындалу тәсілдерін жеке көңіл бөлу.
Зерттеу тақырыбының тәжірибелік маңызы. Қазақтың фольклорлық
шығармаларынан халық тағдыры, оның өмірден көрген қайғы-қасіреттері мен мұң
зары, келешектен күткен арман тілектері айқын көрініс тапқан. Жоқтау,
сынсу, қылтасу өлеңдерінде халық өз теңіне қосыла алмаған қазақ қыздарының
ауыр тағдырына үн қосқан.
Қазақ фольклорының ұнамды образдары үнемі халық ортасында отансүйгіш
ұжым жасаған. Ерлік, махаббат, әділдік, адамгершілік – бәрі солардың бойына
жинақталған. Қазақ фольклорының образдары жанды әрі шынайы болып келеді,
олар адамға терең ой салып ғибрат береді.
Ертегі мен эпоста көптеген образдар бар десек, солардың мінез –
құлықтары бір – біріне қарсы қойылған. Онда бірлік пен араздың, достық пен
жаулық гуманизмнің фольклордағы көрінісі дейміз. Тұлғасы сан, жан дүниесі
таза, рухы күшті үй образдар жасаудағы халық поэзияның сүйенген арқасы –
ослар. Шоқан мұның бәрін қазақ фольклорының халықтық сипатына жатқызып,
қазақ эпосының образдары Европаның жазаба әдебиетінен ешбір кем еместігін
айтқан.
Жанр байлығына келгенде қазақ фольклоры жазба әдебиетке жете қабыл.
Мысалы: бір ғана үйлену жырлары тойбастар, жар – жар, сыңсу, қылтасу,
беташар, жұбату болып жистен жөнеледі.
Ш. Уәлиханов шығыс халықтарының поэзиясы туралы бірнеше арнаулы еңбек
жазған. Оларды біз қазақ фольклористикасы мен этнография ғылымына жол
салған мәнгі ескірмейтін ғылыми мұра деп санаймыз. Өзінің еңбектерінде
қазақ, қырғыз, үйсін тайпаларының тарихи аңыздарын, эпостық жырларын кең
көлемде сөз еткен. Фольклор туындыларының танымдық сипатына келгенде Шоқан
оларды зерттеудің зор – ғылыми – этногрофиялық мәні бар екенін көрсетеді.
XIX ғасырдың екінші жартысында көрінген үлкен ағартушы педагог Ы.
Алтынсарин қазақ фольклорының материалын жинап, соларды халық тәрбиесіне
құрал еткен. Ол материалын жинап, соларды халық тәрбиесіне құрал еткен. Ол
қазақ фольклорына қатысты арнайы зерттеуі болмаса да, ол халық мұрасын аса
жоғары бағалаған. Қазақ халқының музыка фольклорын көптеп жинаған А. В.
Затаевичтің ардақты есімі қазақ фольклоры тарихында қалған.
Фольклор мен ауыз әдебиетінің арасында ежелдік байланыс болған.
фольклордың халықтық сипаты – көркем тілінде. Қазақ халқының фольклорына
қарасақ, олардың тарихи сол эпос, ертегі аңыздарда өте жақсы сақталған.
осыған халық мұрасының басты бір буыны – жылнама, шежірелер де қосылады.
халқымыздың фольклорын ерте замандардан бастау керек деген тұжырым орныға
бастады. Оны ең алғаш - Ә. Марғұлан айтқан еді. Елдің тұрмыс салты мен әдет
– ғұрпына байланысты туған өлеңдерді Тұрмыс – салт жырлары дейміз. Бұл
жырлар мазмұнына байланысты бірнеше түрге бөлінеді. Олар: бақташылық, үйлну
жырлары, ұлыс жырлары, бөбек жырлары. Қазақ фольклорының мазмұны өте бай.
Халықтың тұрмыс – тіршілігі, бір кездегі - әдет – ғұрпы мен салт – сапасын,
ой сезімі мен арман ниетін білдіретін танымдық мәнгі елеулі.
Дипломдық жұмыстың мақсаты – балалар фольклорлық музыкасындағы жанр
түрлерін анықтау және оларға сипаттама беру.
Дипломдық жұмыс тақырыбының міндеттері:
- фольклордың зерттелу тарихына шолу жасау;
- фольклорлық музыканың халық ауыз әдебиетімен байланысына сипаттама
беру;
- балалар фольклорлық музыкасының ерекшеліктері мен оның жанрларын
анықтап көрсету.
Зерттеудің нысаны:
- балалар фольклорлық музыкасы.
Зерттеу әдістері:
- мәліметтер жинау;
- саралау;
- талдау;
- сипаттау;
- қорытындылау.
Дипломдық жұмыстың құрылымы кіріспеден, үш бөлімнен, қорытындыдан және
пайдаланылған әдебиеттер тізімінен тұрады.

І Қазақ фольклоры, оның жіктелуі және зерттелуі

1.1 Фольклордағы жанр  ұғымы 

Жанр категориясы – фольклортану ғылымындағы негізгі мәселе. Жанрға
түрлі ғылымдар саласынан берілген анықтамалар қисапсыз. Фольклортану ғылымы
тұрғысынан берілген анықтамалар да баршылық. С.А. Қасқабасовтың
анықтауынша: Жанр дегеніміз - оқиғаны, сюжеттік материалды белгілі бір
мақсатпен тұтас мазмұнды, айқын идеялы шығармаға айналдырудың әдісі, жолы,
құралы (1, 6 б.). Б.Уахатовтың берген анықтамасы мынадай: Жанр – белгілі
бір қоғамдық қызмет атқаратын және соған лайықты мазмұны бар, әбден
қалыптасқан көркемдік форма (2, 75б.).
Фольклордың тарихы – дербес жанрлар  мен жанрлар жүйесінің тарихы.
Фольклордағы жанр ұғымы әдебиеттегіден басқаша. 

1.2 Фольклорды жіктеу принциптері 

Фольклор жанрларын идеялық-көркемдік ерекшеліктеріне құрылысына,
өмірде атқаратын қызметіне (функциясына) қарай жіктейді.
Фольклорлық жанрлар салтқа қатысты  немесе қатыссыз болып келуі, қара
сөзбен не өлең түрінде айтылуы, әуенмен  не әуенсіз орындалуы, жеке адам не
көпшілік орындайтын үлгіде көрініс беруі мүмкін. Енді осы ұстанымдарды жеке-
жеке қарастырайық:
1. Қоғамдық қызметі (функциясы) –  фольклорда жанрдың табиғатын
анықтайтын басты фактор. Фольклор о баста адамзаттың күнделікті тұрмысында
белгілі бір қажеттілікке байланысты қалыптасқан, кейіннен сейілдік,
сауықтық қызметтерге бейімделген. Мәселен, бәдік жыры ауру малды, науқас
адамды емдеу үшін шыққан. Немесе бесік жырын алсақ, бесіктегі баланы
ұйықтату үшін айтылады. Арбау, байлау өлеңдері жайында да осыны айтуға
болады.
Фольклор адамзат қоғамында  танымдық, идеологиялық, тәрбиелік,
эстетикалық  қызметтер атқарады. Қоғамның даму сипатына орай
фольклордың белгілі  бір функциясы алдыңғы кезекке  шығып отырған. Мысалы,
ХV – ХVІІІ  ғасырларда қазақ халқы үшін ел қорғау, атамекенін жау табанынан
азат ету аса маңызды мәселе болды. Бұл кезде ерлік пен елдікті мадақтайтын
батырлар жырының тәрбиелік, идеологиялық қызметі артты. Ал осы жанр  ХІХ –
ХХ ғ.ғ. көбінесе сауық – сейілдік функция атқарды. Аңыз жанрының басты
нысанасы – тыңдаушыға елдің өткені туралы немесе атақты адамдардың өмірі
жайлы, күйдің шығуы хақында мағлұмат беру. Демек, аңыздың танымдық
функциясы басым.  
2. Құрылысы – жанрдың тұрмыстық қызметіне байланысты айқындалатын
негізгі поэтикалық элемент.
3. Орындалу  мәнері – баяндалуы (ертегі, аңыз,әпсана) немесе әуенмен
музыкалық аспаптың сүйемелдеуінде (жыр, айтыс, терме, толғау, тарихи өлең)
орындалуы, ойын үстінде (санамақтар, Айгөлек) айтылуы.
4. Мазмұны. Бір ескеретін жайт – бір мазмұнның бірнеше формасы болуы
мүмкіндігі (бір тақырыпқа құрылған тарихи өлең, тарихи жыр, тарихи
аңыздардың болуы).  
 
1.3 Жанрлардың дамуындағы ортақ процестер және олардағы эпикалық,
лирикалық, драмалық  белгілердің ұқсас болуы
 
Жанрлар тірі ағза тәрізді -  туады, өзгереді, жоғалады. Жанрлардың
дамуына тән осы процестер ең алдымен, фольклордың табиғи заңдылықтары мен
сол фольклорды жасаушы халықтың басынан өткен түрлі қоғамдық -әлеуметтік
жағдайлардың алмасуына байланысты. Ұзақ уақыт ауызша, әрі қатар өмір сүруі
нәтижесінде жанрлар өзара ықпалдасады. Даму процесінде синтезделу, тоғысуды
басынан өткереді. Мәселен, мақал, мәтелдердің, шешендік сөздердің,
аңыздардың дамуына көз жіберсек осындай құбылыстарды байқаймыз.
Фольклорлық жанрларда  эпикалық, лирикалық, драмалық белгілер орын
алады. Лирика мен эпостың синтезделуі арқылы жасалған аралық жанрлар да
бар. Жыр түрлері мен ертегі, аңыздарға эпикалық белгілер етене болса, қара
өлең, терме, бесік жырында лиризм басым. Ал тұрмыс-салт жырлары, ақындар
айтысының мекен бірлігі мен оқиға бірлігі сақталатындықтан драмаға
жақындайтынын бірқатар қазақ фольклористері атап көрсеткен.
Қазақ фольклоры жанрға аса бай. Музыкалық фольклор жанрларын  есепке
алмағанның өзінде ауызша сөз  өнерінің елуге жуық жанры бар. Олар: тұрмыс-
салт жырларының: жар-жар, беташар, сыңсу, тойбастар, қоштасу, естірту,
көңіл айту, арбау, дұға, бәдік, бақсы сарыны, бата, жарапазан сынды
үлгілері;
Көне жыр, батырлар жыры, тарихи жыр, ғашықтық жыр, тарихи өлең, қисса,
дастандар;
Жыр додасы айтыс (айтыс  өз ішінде: ақындар айтысы, қыз бен жігіт
айтысы, бәдік айтыс, қайым айтыс т.б. деп бөлінеді); шешендік сөздер,
толғау, терме, желдірме, арнау, қара өлең, тақпақ;
Қара сөз түрінде  айтылатын миф, ертегі, әңгіме, аңыз,әпсана, хикая,
хикаят, шежіре; шағын жанрлар: жұмбақ, мақал-мәтелдер, нақыл, жаңылтпаш,
мазақтама т.б.
Қазір фольклор жанрларын  ғұрыптық және көркем фольклор деп 
екіге жіктейді. Бұлай жіктеуді ең алғаш ұсынған - А.Байтұрсынов.  Ғалым
Әдебиет танытқышында (1926) қазақ фольклорын сауықтама және сарындама
деп екіге бөледі.

1.4 Қазақ фольклорының тарихы және оның зерттелуі
 
Қазақ фольклорының тарихы деген ұғым мен зерттеу  дәл өз
мағынасында осы уақытқа  дейін арнайы түрде күн мәселесіне қойылған емес.
Оның бірнеше себебі болды. Біріншіден, ғылымда фольклорды жеке көркем
жүйесі бар, көп өзіндік белгілерімен ерекшеленетін руханият деп түсінбей,
оны көркем әдебиеттің бір саласы деп ұғыну орныққан еді. Соның салдарынан
фольклор тарихы - әдебиет тарихы деп қарастырылып жүрді. Екіншіден,
фольклортану ғылымының өзі де көп уақыт бойы әдебиеттанудың ішінде жүрді
және сол әдебиеттанудың теориялық, әдіснамалық амал-құралдарына сүйеніп,
соларды пайдаланып келді. Әлбетте, одан ол үлкен зиян шеккен жоқ, бірақ
фольклордың көптеген қасиетін толық тани алмады. Үшіншіден, әдебиет тарихы
жүйелі түрде, кезең-кезеңге бөлініп зерттелді де, фольклор синхронды түрде,
бізге жеткен қалпы бойынша сипатталып, оның тарихи даму жолдары, қандай
дәуірлерді бастан кешкені ескерілмеді, жеке-жеке жанрлар ғана зерттеліп
жүрді. Әрине, фольклордың, дәлірек айтқанда, қай шығарманың нақ қай жылы
немесе қай ғасырда туғанын, оның қандай өзгеріске ұшырағанын дөп басып айту
мүмкін емес. Сол себепті де бұрынғы Кеңес Одағы тұсындағы ғалымдар да,
қазіргі кезеңдегі оқымыстылар да фольклордың тарихын дәуір-дәуірге бөліп
зерттеуге көп бармады, ал барған күннің өзінде маркстік-лениндік
әдіснамадан шыға алмай, таптық формациялар бойынша қарастыруға мәжбүр
болды. Бірақ бұл жол тұрпайы социологияға ұрындырды. Мәселен, 1950-1960
жылдар аралығында орыс фольклортану ғылымында орыс фольклорының тарихына
арналған бірнеше еңбек жарық көрді. Бұл кітаптарда фольклордың тарихы
феодализм дәуіріндегі, капитализм кезеңіндегі, совет тұсындағы деп жіктеліп
қаралды да, әр дәуірлеудің өзі ғасырлар мен нақты жылдарға бөлінді және
фольклордың тарихы көркем ойдың даму тұрғысынан емес, әлеуметтік тұрғыдан,
езілуші таптың шығармашылық қабілетін дәріптеу мақсатында зерттелді.
Кезінде ол еңбектер үлкен сынға да ұшыраған болатын.
Қазақ ғалымдары  да қазақ фольклорының тарихына  арналған алғашқы
үлкен еңбекті 1948 жылы жарыққа шығарды. Бұл еңбек те (қолжазба күйінде-ақ)
кезінде сынға ұшырады, бірақ сын ғылымнан аулақ, саяси-идеологиялық сипатта
болды да, аталмыш кітап зиянды деп танылып, ғылыми айналымнан алынып
тасталды. Ал, шындығына келгенде, бұл еңбек - үлкен жұмыстың игілікті
бастамасы еді, өйткені, сол тұстың өзінде-ақ қазақ әдебиетінің тарихын
бірнеше том етіп жазу көзделген-ді. Сөз жоқ, бұл кітап - өз дәуіріне тән
ғылыми тұжырымдарға сүйенді, сондықтан оның теориялық сапасынан гөрі
идеологиялық, саяси ұстанымы басым болды. Дей тұрғанмен, бұл еңбекте
фольклордың тарихын жанрлар арқылы зерттеуге талпыныс болғанын айтпасқа
болмайды. Мәселен, тоғыз бөлімнен тұратын томның бірінші бөлімі қазақ
фольклорының зерттелуіне арналса, содан кейінгі екінші бөлімді пайда болу
мерзімі жағынан ең көне деп есептелетін ғұрыптық фольклор мен ескі діни
нанымдарға, сондай-ақ шаруашылыққа байланысты туған жанрлар құрайды: салт
өлеңдері; мал, шаруашылық туралы өлеңдер; дін салт өлеңдері; наурыз; бақсы
сарыны; бәдік, арбау, жалбарыну; жарамазан және жарамазанның батасы; үйлену
салт өлеңдері: әдет, салт; тойбастар; жар-жар, сыңсу-жұбату; беташар; мұң,
шер өлеңдері: қоштасу, естірту, көңіл айту; жоқтау.
Осыдан әрі қарайғы  бөлімдер: ертегілер; батырлық жыры; ғашықтық
жырлары; айтыс өлеңдері; шешендік сөздер; тарихи өлеңдер; қазақ совет
фольклоры деп берілген. Аталған бөлімдер, негізінен, фольклордың ХХ ғасырға
жеткен күйіндегі көркем жанрларды қамтыған, алайда, мұнда ол жанрлардың қай
дәуірде қандай күйде болғаны сөз болмайды, неден, қайдан пайда болғаны,
қалыптасу барысында нелерге сүйенгені айтылмайды. Сондай-ақ Қазақ совет
фольклоры деген жеке бөлімнің болуы - зерттеушілердің сол тұстағы одақтық
фольклортану мен әдебиеттануға тән ұстанымды басшылыққа алғанын айқын
аңғартады. Мәселен, осы бөлімнің тараушалары мынадай: революциялық күрес
кезеңіндегі өлең, жырлар; ауылды советтендіру жөніндегі өлең, жырлар;
колхоз, өнеркәсіп өміріне байланысты халық әдебиеті; терме, мақалдар;
қазақтың халық әдебиетіндегі Ленин, Сталин образы; ерлік туралы жырлар;
халық әдебиетіндегі Аманкелді образы; Отан соғысы кезінің жырлары. Көріп
тұрғанымыздай, тараушалардағы проблемалар азаматтық тарихтың ізімен, таза
әдебиеттану шарттарымен қарастырылған және талданған шығармалардың дені -
авторлық өлеңдер мен жырлар. Олар түгелдей таптық, советтік идеология
тұрғысынан бағаланып, фольклорға ғана емес, бүкіл әдебиетке тән көркемдік-
эстетикалық құндылығы жағынан қарастырылмаған. Сонымен қатар бұл бөлімде
сол кездегі концепцияға сәйкес халық ақындары шығармашылығы мен фольклордың
ара жігі ашылмай, біртұтас халық әдебиеті деп ұғыну орын алған. Сондықтан
Ақмолда, Күдері, Жамбыл, Сәттіғұл, Иса, Нұрлыбек сияқты ақындардың өлеңдері
совет фольклоры үлгісінде қаралған. Соның салдарынан бар деп есептелген
совет фольклорының өзін дәуірлеу түгелдей дерлік ХХ ғасырдағы тарихи-
қоғамдық кезеңдерге сәйкестендіріліп, фольклор өмір ағымына сай жедел
өзгеріп отыратын рухани дүние емес екені ескерілмеген. Ал, совет
фольклоры деген ұғымға келсек, ол көпке шейін ғылымда мойындалып келді.
Совет фольклоры - толыққанды шығармашылық деген тұжырымды халық 
ақындарының өлеңдері мен жыр, толғаулары негізінде дәлелдемек болған
еңбектің бірі - 1955 жылы жарыққа шыққан Очерки  казахской народной поэзии
советской  эпохи атты кітап болды. Бұл кітапта жоғарыда айтылған
концепциялық кемшіліктер толығымен көрініс тапты, ақындардың ауызша,
импровизациямен шығарған өлең-жырлары халық поэзиясы деп танылды,
ақындардың айтысы да халық поэзиясының туындысы санатына жатқызылды. Дәл
осындай көзқарас кейінгі еңбектерде де орын алды. Мәселен, 1960 жылғы
кітапта Тарихи жырлар бөлімінде 1916 жылғы көтеріліс туралы халық
поэзиясын сөз еткенде ақындардың шығармалары талданады. Ал, 1968 жылы
жарыққа шыққан еңбекте Советский фольклор деп аталатын тараушада дәстүрлі
фольклор жанрларының жай-жапсарына қысқаша шолу жасалып, содан соң
Жамбылдың, Исаның, тағы басқа ақындардың импровизаторлық өнері мен өлең-
толғаулары туралы жазылады.
Жалпы, ХХ ғасырдың 70-жылдарына дейін  бүкіл Кеңес Одағы
фольклортануында орныққан қағида бойынша еңбекші бұқараның шығармашылығы
ретінде жекелеген жыршылар мен сказительдердің ескі фольклорлық дәстүрге
негіздеп жырлаған туындылары советтік эпос деп танылды. Сөйтіп, орыс
фольклористикасында Марфа Крюкова секілді сказительдер шығарған былиналар,
бізде ұлы Жамбыл, Нұрпейіс, Доскей, т.б. ақындарымыз шығарған жырлар
фольклор деп қабылданды, ал, оларды зерттегенде әдебиет заңдылықтары
басшылыққа алынды. Осы концепцияның айқын көрінісі - 1964 жылы шыққан
Қазақ әдебиетінің тарихы атты еңбек болды. Бұл том түгелдей совет
фольклорына арналды да, қазақ совет фольклоры туралы ғылымның даму тарихы;
қазақ совет фольклорының даму жолдары деген екі үлкен бөлімді қамтыды,
сондай-ақ совет фольклоры есебінде атақты халық ақындарының авторлық
дастандары мен поэмалары да қарастырылды. Бір тәуірі - бұл шығармаларды
талдағанда зерттеушілер олардың ежелгі фольклор поэтикасының ізімен,
дәстүрімен шығарылғанын атап көрсетеді. Әсіресе, шығыс дастандарының
үлгісінде туғандарын да, әрі өзіміздің жазба әдебиетіміздің әсерінен
жазылғандарын да нақты мысалдар арқылы нанымды дәлелдеген. Ал, советтік
өмірді бейнелеген шығармаларды реалистік көркем әдебиеттің талаптары
негізінде талдау арқылы ғалымдар халық ақындарының дүниелері фольклорға
келе бермейтінін мойындаған деуге болады.
Совет өкіметі кезінде фольклор болды ма, жоқ па, болса - ол қандай еді
- деген сауалдар төңірегінде  ХХ ғасырдың 60-70 жылдарында бүкіл одақтық 
фольклортануда үлкен пікірталас туды. Қорыта келе, совет фольклоры деген 
фольклор болған жоқ, сол ұғымның өзі де қате, ғылыми жағынан дәлелсіз
дейтін тұжырым орнықты. Осыған орай есте ұстайтын нәрсе - фольклор деп тек
қана ежелден келе жатқан авторы жоқ шығармаларды айту керек пе, әлде әр
заманда туып, ел ішінде айтылып жүретін халық шығармашылығын да тану дұрыс
па? Біздіңше, дәстүрлі фольклормен қатар бүгінде ел арасына тарап кеткен
авторы беймәлім әртүрлі жаңа өлеңдер (әсіресе, қара өлең), мақалдар,
әңгімелер мен анекдоттар - халық шығармашылығы ретінде фольклор болып
саналуға тиіс. Әрине, бұлар ерте заманнан келе жатқан фольклордан ерекше,
мұнда дәстүрлі фольклорлық поэтика жоқ, бірақ халықтық этика мен ұғым-
түсініктер бой көрсетеді. Демек, бүгінгі таңдағы халық шығармашылығынан
ежелгі фольклорды іздемеу керек. Сонымен бірге заманның, қоғамның талап-
талғамына сай  халық шығармашылығының түрі, орындалу мәнері өзгеше болуы
ықтимал екенін, сондай-ақ халық шығармашылығы жаңа формада, айталық,
отбасылық ансамбль түрінде де болуы мүмкін екенін де ескеру қажет. Қазақ
фольклорының тарихын зерттегенде осының бәрі есте болуға міндетті.
Фольклордың өзінің де тарихы, қалыптасу, даму жолдары бар екені, оның
әр дәуірде  әр түрде болатындығы - бүгінгі күнде  күмән туғызбайтын ақиқат.
Өткен  ХХ ғасырдың өзінде-ақ қазақ фольклорының тарихи кезеңдерін
қарастыруға ұмтылыс болды. Мысал ретінде жоғарыда аталған История
казахской литературы атты еңбектің фольклорға арналған бірінші томын
атауға болады. Кітапта Очерк истории казахского фольклора деген тарау
беріліп, ол төмендегі тараушаларға бөлінген: фольклор времени этногенеза
казахского народа; фольклор ХVІ-ХVІІІ вв.; фольклор ХІХ - начала ХХ вв.;
советский фольклор. Бұл жерде айтатын нәрсе - қазақ фольклорының тарихын
дәуірлеуге ғалымдардың көңіл бөлгенін құптай отырып, дәуірлерді анықтау
принциптерімен келісу қиын. Өйткені, мұнда азаматтық тарихтың ізімен жүру
шарты қолданылған да, фольклор тарихы майда кезеңдерге бөлініп кеткен, әрі
фольклордың ішкі даму заңдылықтары ұмыт қалған, соның нәтижесінде фольклор
тарихы әдебиеттің даму жолдарына сай болып шыққан. Рас, бұл еңбекте
жекелеген жанрларды  тарихи дамуы тұрғысынан зерделеуге күш салған жәйт
бар, алайда, авторлар көбінесе кеңес өкіметіне дейінгі және кеңес тұсындағы
деп, екі кезеңді бөле көрсетеді. Бірақ, жалпы алғанда, бұл кітап - қазақ
фольклоры - өзіндігі мол мұра екенін, оның өз даму жолдары болғанын алғаш
мәселе етіп қойған еңбек болды.
Сонымен, ойымызды қорыта айтар болсақ, қазақ фольклоры - әдебиеттің
бастауы  бола тұра, өзіндік қасиеттерге де бай. Оның ұзақ
тарихын баяндамастан бұрын, фольклордың мәні мен мағынасын ашып, оның
теориялық мәселелерін сөз етіп алған жөн сияқты. Алдымен фольклор деген
не, оның статусы қандай, теориялық негіздері мен жанрлық табиғаты қалай әрі
неден көрінеді деген проблемаларды қарастырып, олардың фольклор қалайша
және қандай жолдармен қарапайымдықтан көркем сөз өнеріне көтеріліп, бүгінгі
заманға жеткен классикалық түріне айналуындағы рөлін көрсету - бұл еңбектің
басты мақсаты. Аса көңіл бөліп айтатын нәрсе: бұл монография - оқулық емес.
Егер оқулыққа қойылатын талап - ғылымда қабылданған, тұрақты қағидаға
айналған тұжырымдар берілуі керек болса, мұнда фольклортанудың әрқилы
мәселелері жаңадан жазылған зерттеулердің нәтижесін пайдалана отырып,
өзіндік ізденістер мен талдауларға негізделген соны пікірлер ұсынылады,
қазақ фольклоры жалпы адамзаттық руханияттың даму заңдылықтары аясында
қарастырылып, оның ежелгі түр-сипаты басқа құрлықтардағы ХХ ғасырға дейін
көне рулық-тайпалық салтта өмір сүрген жұрттардың рухани мәдениетімен
тарихи-стадиялық әрі тарихи-типологиялық әдістермен  салыстыру арқылы
анықталады.
Оқырман назарын мына жағдайларға  да аударуды жөн санаймыз.
Бұл еңбекте жанрлардың зерттелу тарихы баяндалмайды, оған жеке
зерттеу жұмысын арнау керек. Кітаптың мақсаты – ұлттық фольклорымыздың
даму жолдарын көрсету, оның жекелеген  жанрларының туу, қалыптасу, өркендеп-
өзгеру үдерістерін айқындау. Әрине, бұл жерде белгілі дәрежеде шарттылық
болатыны күмәнсіз, өйткені қай жанрдың болса да пайда болған мезгілін дәл
осы уақыт деп кесіп айту қиын. Сондықтан бір жанр бір дәуірде қарастырылса,
ол нақ сол кезеңде туған деп түсінбеу керек, себебі ол жанрдың бастауы
бұрыныраққа барады, ал қалыптасуы, немесе өркендеуі сол қарастырылып
отырған шаққа дөп келеді. Айталық, Қазақ хандығы тұсындағы фольклор
құрамында қаралатын кейбір жанрлар тап сол заманда тумаған,  олар ертеректе
пайда болып, хандық кезінде өркендеп, көркем фольклорға айналған. Сол
сияқты Жаңа дәуірдің де біраз жанры өз бастауын орта ғасырда алып,
көркемделіп дамуын ХVІІІ-ХІХ жүзжылдықтарда басынан кешірген. Сонымен бірге
бұл дәуірде жаңа  жанрлар мен шығармалар да өмірге келіп отырған. Ал, ХХ
ғасырдағы фольклор туралы сөз болғанда жаңадан пайда болғандармен қатар
бұрынғы жанрлардың  өзгергені, жаңа сипатқа ие болғаны айтылады.Тағы бір
ескертетін нәрсе: еңбектің құрылымында бірізділік сақталмағандай көрінуі
мүмкін. Оның себебі үлкен жанрларға жалпы сипаттама беріледі де, олардың
ішкі шағын жанрлық түрлері жеке тараушаларға бөлінеді. Мәселен, дастан
жанрын сөз еткенде оған жалпы сипаттама беріліп, ал ішкі шағын түрлері
діни дастандар, хикаялық дастандар, ғашықтық дастандар деп бөліне,
жеке қарастырылады. Басқа да үлкен жанрларға осы шарт қолданылды. Және
үлкен жанрларға жататын кейбір шығармалар жеке талданды, ондағы мақсат -
фольклордың сөз өнеріне айналғанын, оның өнерлік қасиеттерін көрсету болды.

Соңғы зерттеулерге келсек,  Қазақ  әдебиеті тарихына арналғкан 10
томдықтың 1 томындағы ұжымдық монографияның жазылуы барысында  жаңа
зерттеулермен қатар ертеректе жазылған белгілі ғалымдар З.Ахметов,
Б.Уахатов, Д.Шалабеков еңбектері де ықшамдалып пайдаланылды. Мұның себебі,
біріншіден, олардың жұмыстарында әлі күнге құнды тұжырымдардың болуы,
екіншіден, ғылымда әрқашан жалғастық болатындығы. Әрине, кітаптағы айтылған
кейбір ойлар мен пікірлер, тұжырымдар даулы болуы да мүмкін, кей тұстары
күмән тудыруы да ықтимал. Бұлай болуы орынды, себебі қазақ фольклоры нақ
осы тұрғыда зерттеліп көрген емес және ешбір елде фольклор тарихы арнайы
түрде бұлайша жүйелі сипатта әлі күнге дейін зерделенген жоқ. Егер ғалымдар
мен мамандар тарапынан ескертпелер, тілектер айтылып жатса, авторлық ұжым
оған түсіністікпен қарап, ризашылығын білдіреді делінген.
Еңбектің тараулары мен тараушаларын   жазған ғалымдар мен 1 томның
құрылысына тоқталсақ, төмендегідей. Оның себебі бұл тараулар мен оның
атаулары ауыз әдебиеті туындыларының зерттелу деңгейін көрсетеді және ауыз
әдебиеті шығармаларының қазіргі анықталған бөлінісі, оған қандай шығармалар
жататынын мен ауқымын да анықтай алады: ҚР ҰҒА академигі, филология
ғылымдарының докторы, профессор С.Қасқабасов (Кіріспе, Қазақ фольклоры:
статусы мен теориялық негіздері, Ежелгі замандағы рухани мәдениет: жалпы
сипаты, Орта ғасырлардағы фольклор: жалпы сипаты, Жаңа дәуірдегі
фольклор: жалпы сипаты, Миф, Хикая, Этиологиялық ертегі, Қиял-
ғажайып ертегі, Хайуанаттар туралы ертегі, Батырлық ертегі, Ғашықтық
жыр, Аңыз, Әпсана, Хикаят, Новеллалық ертегі, Сатиралық ертегі,
Тарихи жыр: жалпы сипаты, Кенесары туралы тарихи шығармалар, Лиро-
эпикалық (балладалық) жыр, ҚР ҰҒА академигі, филология ғылымдарының
докторы, профессор Р.Бердібай (Көне эпос, Батырлық жыр: жалпы сипаты);
филология ғылымдарының докторы, профессор Ш.Ыбыраев (Көне эпос); ҚР ҰҒА
академигі, филология ғылымдарының докторы, профессор З.Ахметов, филология
ғылымдарының кандидаты Б.Ақмұқанова (Қазақ хандығы кезеңіндегі фольклор
тарауына Мақал-мәтел); филология ғылымдарының докторы, профессор 
Б.Абылқасымов (Арбау, Бәдік, Бақсы сарыны); филология ғылымдарының
докторы, профессор К.Матыжан (Үйлену ғұрып фольклоры, Балалар
фольклоры, Жаңылтпаш); филология ғылымдарының докторы, профессор Ш.Керім
(Егіншілік жөніндегі фольклор, Жұмбақ, ХХ ғасырдағы фольклор тарауына
Мақал-мәтел); филология ғылымдарының докторы Б.Әзібаева (Дастан: жалпы
сипаты, Хикаялық дастан, Діни дастан, Ғашықтық дастан); филология
ғылымдарының докторы М.Жармұхамедұлы (Қыз бен жігіт айтысы, 1916 жылғы
көтеріліс туралы фольклор); филология ғылымдарының докторы Б.Уахатов
(Наурыз мейрамы мен фольклоры, Қара өлең, Тарихи өлең); филология
ғылымдарының докторы, профессор А.Сейдімбек (Күй аңызы, Қара өлең);
филология ғылымдарының докторы, профессор Т.Қоңыратбай (Түркі қағанаты
кезіндегі фольклор, Тарихи аңыз); Ш.Уәлиханов атындағы Тарих және
этнология институтының жетекші ғылыми қызметкері, тарих ғылымдарының
кандидаты,  доцент А.Тоқтабай (Наурыз мейрамы мен фольклоры, 
Қымызмұрындық тойы мен өлеңдері); филология ғылымдарының кандидаты
Д.Шалабеков (Жұмысшылар фольклоры); филология ғылымдарының кандидаты
С.Сәкенов (Тарихи жыр); филология ғылымдарының кандидаты Ж.Ахметжанова
(Тарихи өлең); филология ғылымдарының кандидаты С.Дәрібаев (Егіншілік
жөніндегі фольклор); филология ғылымдарының кандидаты Р.Әлмұханова
(Жарапазан, Оғыз-қыпшақ дәуіріндегі фольклор, Алтын Орда тұсындағы
фольклор, Алпамыс батыр, Айтыс: жалпы сипаты, Мысал айтыс, Шешендік
сөз); филология ғылымдарының кандидаты, доцент П.Әуесбаева (Әңгіме);
фольклортану бөлімінің ғылыми қызметкері  Д.Жақан (Жерлеу ғұрпының
фольклоры, Қобыланды батыр, Лирикалық өлең, Өлең); фольклортану
бөлімінің ғылыми қызметкері А.Тойшанұлы (Терімшілік пен аңшылыққа қатысты
фольклор, Мал шаруашылығына байланысты фольклор, Арбау, Жалбарыну,
Алғыс (бата), Қарғыс, Ант, Едіге, Әлеуметтік-сүйіспеншілік
дастан). Кітапты баспаға дайындауға институттың ғылыми қызметкерлері
Д.Жақан мен А.Тойшанұлы, Д.Рахметова қатысқан.

ІІ Балалар фольклорлық музыкасы және оның көркемдік ерекшеліктері

2.1 Балалар музыкалық фольклоры және оның этнографиялық сипаты

Қазақ халқының ежелден келе жаткан рухани-мәдени мұраларының бірі -
фольклор. Осы кезге дейінгі ғылыми әдебиеттерде фольклор- сөз өнері, халық
даналығы ретінде керсетілген. Сонымен қатар фольклор — ел естілігі, оның
сннкреттік сипаты да айкын. Осы тұрғыдан келгенде фольклор - ауыз өдебиеті
мен музыка өнерінің біртүтастығына негізделген ерекше бір сала. Кезінде
ғалымдар фольклордың этнографиялық сипатын көрсетіп, фольклортанудың
өнертану ғылымымен салаластығын да саралаған. Осы мәселеге орай В.П.Аникин
мен Ю.Г.Круглов: "Очень существенно, что отделение фольклористики
как искусствоведческой дисциплины от этнографии признают и видные
представители последней" (Русское народное поэтическое творчество.-Л.,1987,
6-6.),- деген болса, Ю.В.Бромлей этнография мен өнертану салаларының
сабактастығын анықтауда олардың әрі эстетикалық, әрі этникалық кызмет
атқаратыны есксрілуі кажет екенін ескертеді (Этнос и этнография.-М.,1973,
223-6.).
Бұл пәннің максаты - халқымыздың музыкалык мәдениетін, соның ішінде
фольклорлық мұрасын жете игеріп, оның негізгі белгілері мен сипаттарын
ажырату. Осыған орай қазақ музыкалық фольклорына байланысты арнайы зерттеу
еңбектермен танысып, фольклор туындылары — халық әндері мен күйлсрін
тереңірек игеріп, білім беру бағдарламасында қолдана білу міндеті де туады.
Музыка - өнер, көркем ойлаудың бір көрінісі. Оның өзіне ғана тән
образдау тәсілдері болады. Қүрылымы, тілі. макамдық, ырғақтық жүйесі тағы
бар. Осыған әрбір музыкалық аспаптың орындалу ерекшеліктерін де қосамыз.
Сонда музыка - өнер әлеміңдегі күрделі құбылыстардың бірі болып шығады.
Халық шығармашылығында музыка өнеріне елеулі орын берілген. Арғы жерде
оның салтқа байланысты үлгілері үстем болса, бері келе аспаптық және
вокалдық арналары халыкгық-кәсіби деңгейге дейін көтерілген.
Кеңес дәуірінде фолъклордың көбіне сөз өнері ретінде танылып келгені
белгілі. Ол халық шығармашылығы, ауыз әдебиеті мағынасында ғана қолданылып,
негізінен тұрмыс-салт жырларын, ертегі, аңыз, әпсана, көне, батырлық,
романдық, тарихи жырларды қамтыды.
Бері келе казақ фолъклорының музыкалық әуеннен тыс дамитын мақал-
мәтел, шешендік сөздер, жүмбақ секілді шағын үлгілері де зерттеле бастады.
Музыкалық фольклор осы аталған жанрлардың басым көпшілігімен сабақтас.
Бірақ оны бір ғана сөз емес, саз өнері деген жөн. Себебі белгілі бір
музыкалық-эпикалық дәстүр аясында жеткен фольклор шығармаларының барлығы
дерлік саз өнерімен тығыз байланысты.
Музыкалық фольклор шенберінде халық ән-күйлерінің құрылымдык, ладтық,
интонациялық, ырғақтық, т.б. ерекшеліктері де қарастырылады. Ән жанры
тұсында олардың көркемдік жүйесі мен поэзиялық өлшем-кұрылымы да назардан
тыс қалмауы шарт.
Көне дәуірлерден жеткен музыкалық мәдениеттің қазақ халқының тыныс-
тіршілігі - этнографиясымен байланысы да айқын. Музыкалық фольклордың
тікелей халқымыздың тұрмыс-салт ерекшеліктерінен туындайтын үлгілері де аз
емес. Осы белгісіне орай қазақ халқының музыкалық фольклорын үлкен екі
арнаға жіктейміз:
1. Салтпен байланысты туған фольклор үлгілері. Оған "Сыңсу",
"Тойбастар", "Бесік жыры", "Жоқгау" секілді тек салт-дәстүр аясында өмір
сүретін шығармалар жатады.
2. Салттан тыс фольклор туындылары. Бұл салаға эпикалық жанр - жыр,
толғау, терме, желдірме, ертегілік, тарихи, лирикалык әндер мен халық
күйлері жатады.
Музыкалық фольклор бүгінде музыкалық этнография деген ұғым аясында да
қарастырылып жүр. Этнография - түрлі ру, тайпа, халықтардыңрухани-мәдени
және материалдық мәдениетін зерттейтін пән. Мұндағы этно (этнос) -
халық, графо ~ жазу деген үғымды білдіреді. Оның мәні туралы ғылыми
әдебиеттерде былай деп жазылған: Главный предмет этнографии составляют
характерные, традиционные черты културы и быта народов, создающие в
своей совокупности (вместе с языком) их специфический, зтнический облик
" (Итс Р.Ф. Введение в этнографию.-Л.,1974, 6-6.).
Этнография - географиядан жіктеліп шыққан ғыльм саласы. Бірақ оның
зерттейтін нысанасы — этнос тарихы мен мәдениеті. Осы сипатына орай оның
негізгі ерекшелігі де айқындалады. Мысалы, егер тарихшы нақты айғақтар мен
деректерге жүгінсе, жазба мәдениеті туа қоймаған халықтар мәдениетін қалай
анықтар едік?
Бұл тұста мына жайттарды ескеру қажет. Белгілі бір халықгардың тарихы
тек қана жазба ескерткіштерде сақталмайды. Сонымен бірге оның іздерін салт-
дәстүр, наным-сенім жүйелерінен де кездестіреміз. Осыған, әрине, сол
халықтың фольклорлық мұрасын да қосамыз. Барлық фолъклор үлгілері болмаса
да, тарихи-этникалық сипаты басым жанрлар қазақ мәдениетінде аз емес.
Осыған орай мәдениет дегеніміз не? Оның қандай сипаттары бар? - деген
сауалға келейік. Бұл мәселе тұсында Р.Ф.Итс:"Культура — означает все то,
что создано человеком в отличие от того, что создано природой " (Введение в
этнографию, 40-6.),- деп жазады да, оны материаддық және рухани деп екіге
жіктейді. Оның бірі елдің тұрмыс-тіршілігінде қолданылған кұрал-заттары
болса, екіншісі — адамзат баласының ой-санасы тудырған  руханият саласы.
Этнография ғылымында халықтардың төрт түрлі стадиялық кезеңі
анықталған. Олар: демос — этнос — халык, -ұлт. Бұлардың бірі жабайылық
кезең, екіншісі — феодалдық құрылыс, үшіншісі — капитализм дәуірі,
төртіншісі — жаңа дәуірге қатысты ұғымдар. Мұндағы этнос (тайпа) - тапсыз
қоғамда туған алғашкы этникалық топ болса,   халық -таптык қоғам жағдайында
қалыптасқан этникалық бірлестік атауы.
Фольклор шыгармаларының ерекшелігі олардың коғамда қандай қызмет
атқаратымен де айқындалады. Осының бәрі музыкалық фольклор (музыкалык
этнография) пәнінің максат-міндеттері мен обьектісін түзейді.
Музыкалық фольклор халық өмірі мен тұрмысы. яғни этнографиясымен тығыз
байланысты. Сол себепті оны музыкалық этнография деп те атап келеміз.
Өзінің табиғатына орай қазақ фольклоры салт-дәстүрге байланысты және
салттан тыс болып екіге жіктелетінін жоғарыда айттық.
Салт-дәстүрге байланысты фольклор үлгілері өте ертеден байқалады. Әр
халықтың ментальдік ерекшеліктерін айқындайтын белгілердің бірі осы.
Мысалы, орыс халқында "хоровод" дәстүрі бар, бірақ оны қазақ халқының
музыкалық фольклорьшан кездестіру қиын. Түркі тайпаларында ұжымдық
орындаушылық дәстүр болмаған. Қазақ халқының музыкалық мәдениеті —
монодиялық құбылыс. Оған көп болып ән салу, күй тарту, болмаса жыр жырлау
тән емес. Ел ұғымында ол шеберлік белгісі де бола алмайды. Эпикалық дәстүрі
дамыған көшпелі елдерде жске орындаушы, жеке басының өнерімен суырылып
шыққан тұлғалар ғана бағаланған. Мұны ғылым тілінде монодиялық мәдениет деп
атаймыз. Ол бүкіл түркі және шығыс әлеміне тән.
Салтқа байланысты фольклор үлгілері (бесік, шілдехана жыры, сыңсу,
тойбастар, жоқтау, т.б.) салт-дәстүр шеңберінде ғана өмір сүреді. Олар өмір
қажеттітгінен туып, қуаныш немесе қайғы үстінде ғана орындалған. Салтқа
байланысты музыкалық шығармалардың құрылымы қарапайым келеді. Кейде түрлі
ладтық ерекшеліктері де байқалады. Бірақ бұл жанрларға тән стереотиптік,
шың мағынасындағы тұрақты музыкалық мәтіні бар шығармалар жоқтың қасы.
Олардың бәрі белгілі бір дәстүрге орай, белгілі бір ладтық (мақамдық)
негізде туып отырған. Басты орынға музыкалық әуені емес, ладтың негізі
шығады.
Балалар музыкалық фольклоры үлгілеріне халық әндері мен күйлерін
жатқызамыз. Олар авторы жоқ, бірақ тұрақты музыкалық мәтіні бар шығармалар.
Мысалы, "Келіншеқ", "Ақсақ құлан", "Қамажай", "Маусымжан", т. б.
шығармалардың иесі болмаса да, олардың фольклорлық мұра екендігі айқын.
Бұдан байқалатыны, салттан тыс фольклордын стадиялық тұрғыдан кейіндеу
қалыптасқан сала екендігі. Оның үлгілері біздін заманымызға дейін жетіп
отыр. Салттан тыс фольклордың басым көпшілігін лирикалық жанр құрайды.
Тарихи әндер сиректеу. Мұның өзі халықтың әсемдік, сұлулық туралы
эстетикалық талғамынын өскендігін байқататын белгі.
Музыкалық фольклордың этнографиялық сипаты тұсында олардың үн-әуен
ерекшеліктері басты орыңда тұруға тиіс. Әзірге біз қазақ халқының музыкалық
фольклорын тақпақ сазды - речитативтік және кең тынысты
- лирикалық, аспаптық музыкаға келгенде төкпе және шертпе күйлер деп қана
жіктеп келеміз. Бұдан әріге терендеп бара алмай жатырмыз. Оның басты себебі
— музыкалық этнология ғылымыньгң жетілмеуінде.
Дұрысында Қазақстанның әрбір аймағына тән музыкалық үн-әуендер бар.
Тіпті арғы дәуірлерде әрбір ру-тайпаның өзіндік музыкалық үні болған.
Антикалық замаңда болған көне ладтарды қазақ музыкасынан да көптеп
кездестіруте болады. Осының әзі қазақ музыка фольклорын музыкалық интонация
деңгейінде зерттеудің қажеітілігін аңғартады. Оны ғылым тілінде музыкалық
лексикология дейміз.
Фольклор туындыларының этнографиялық сипатын айқындайдын белгілердің
бірі - мақамдық (ладтық) құрылымы. Дәл осы музыкалық мақам арқылы белгілі
бір халықтың өзіндік болмысы дараланады. Оған ырғақ, өлшем жүйелерінің
қосатын үлесі де жоқ емес.
Музыкалық этнология ғылымының бүгінгі талаптары қатарында қазақ
музыкалық лексикасының туу, қалыптасу, даму кезендерін анықтау міндетін
жатқызуға болады. Бұл салада атқарылып жатқан жұмыстар жоқ емес, бірақ
жетімсіз.
Музыкалық фольклор - көркем әрі тарихи категория. Оны түрлі
кезендердің үн-әуенін бойына жинақгаған тарихи дереккөз ретінде бағалауға
да толық негіз бар. Көптеген фольклор шығармаларынын мазмұны нақгы бір
тарихи оқиғаларға құрылған болса, олардын тарихи табиғатына терендей түскен
жөн.
Тарихилық тек қана шығарманың атауы немесе белгілі бір тарихи оқиғаға
қатысына байланысты емес, ең алдымен, фольклор туындысының өз табиғатынан
анықталуға тиіс.
Әйтеуір бір халық туралы аз білесіз, тіпті ешнәрсе білмейсіз делік,
соған қарамастан оның тек өзіне ғана тән музыкасына құлақ түріңізші -сізге
сол бейтаныс жұрттың, өзіңізге бейхабар елдің рухани қайталанбас дүниесі
бірте-бірте ашыла бастайды,  сіз сол  халықтың ақ көңіл,  адал жүрегін,
қуанышы мен шаттығын, жан дүниесінің кінәратсыз да елгезек темпераментін, 
сұлулықты,  әсемділікті танып  білудегі  нәзік талғамын, поэтикалық бейнелі
ойға ерекше бейімділігін, қоршаған ортаны, дүниені қабылдаудағы икемділік
пен айқындылықты көріп, естіп қайран қаласыз, риза   боласыз.   
Халықтың    мыңдаған   жылдық   дәстүрінде,    өнерінде музыкалық
шығармашылықтың стилі мен сипаты айқын көрініс береді. Ән мен  күйдің  түп 
тамыры  өмір  сүру  салтына  ғана  емес,   әншінің, шебердің талғамы мен
фантизиясына және шеберлігіне де байланысты болады. Рухани көріністің
белгілері дегеніміз - уақыттың да нышандары. Әр уақыт    пен кезеңнің өзіне
тән фольклорлық бейнелері өмір сүріп, әрекет етеді. Халық музыкасының жанды
бейнелерінде сол уақытқа тән "өлшемді кесіктер" көрініс береді, уақыт,
дәстур жалғастығының алуан түрлі байланыстары көрініс табады.  Үздіксіз
зара ықпал етудің жалғастылық фактілері өнерпаз ұрпақ санасының елегінен
өтеді.
Көне дәстүрлердің сақтаушысы әрі қазіргі заманның жанды куәгері болып
табылатын халықтың өзіне ғана тән муызкасында, әсіресс оның әндерінде
қоғамдық-әлеуметтік, азаматтық, моральдық-этикалық көзқарастар көрініс
береді. Музыкалық фольклордың әр түрлі формалары мен жанрларын тұрмыста
сақтауда әр халықтың өз ерекшелігі, сұлулық туралы түсініктерінде
қайталанбас халық дәстүрлері мен ұғымдар бар. Әр халықтың өзіне тән ұлттық
ерекшеліктерінде ешнәрсемен салыстыруға келмейтін таңғажайып көріністер
болады. Қазақ музыкасыңда да, әндерінде де өзіндік ерекшеліктері мен
қасиеттері баршылық.
Қазақ халқының музыкалық-көркемдік дәстүрлеріндегі шығармашылық ойдың
ауқымдылығы, тұрмыстағы елеусіз-ау дейтін құбылыстарды философиялық
тұрғыдан жоғары деңгейде терең етіп, ой елегінен өткізе білушілік қайран
қалдырады. Бұл халықта үйлесімділік, икемділік, сезімі керемет дамыған. 
Ауызша  айтылатын поэтикалық шығармашылықтың аса бай мұрасының мазмұнында
да ерекше мәнділік жатыр. Олар өздері әндей сызылып, күйдей күңгірлеп,
музыка тілеп тұрады, жырлап әуезбен айтуды қажет етеді. Мұның өзі музыка
зерттеушілерінің алдына маңызды міндет, үлкен мәселе қояды. Олар қазіргі
музыкалық мәдениетіміздің    бастауы    болып   табылатын    қазақтың   
музыкалық    шығармашылығының қайнар көзін іздестіруге байланысты ғылыми
іздестірулер мен зертгеулерді барынша жандандыра түсуге тиіс.
Қазақстандағы музыка зерттеудің осы кезге дейінгі ең осал жері халық
музыкасының көне қабаттарын іс жүзінде игеру мен қорытындылау, анығырақ
айтқанда, терең игере алмау мен тиянақты қортынды жасай алмау болып келеді.
Республикада музыкалық мұраларды жинауға, оларды музыкалық-этнографиялық,
тарихи-теориялық, әлеуметтік, мәдени тұрғыдан зерттеуге қатысты практикалық
жұмыстардың мол тәжірибелері жинақталған. Мұның өзі музыкалық
фольклористикада өзіндік бағыттың негізін қалады, бірақ қазақтың әдет-ғұрып
әндеріне байланысты теориялық концепциялар ғылыми тұрғыдан өзін жетікілікгі
түрде көрсете алған жоқ.
Қазақтың әдет-ғұрып фольклорының кейбір ерекшеліктеріне жалпы
сипаттама бергенде және жинаққа енген материалдың жанрлық шегін айқындаған
кезде оның тұрмыстағы табиғи орнының спецификалық (өзіне тән) белгілері мен
нышандарының тұрақтылықтары; әдет-ғұрып дәстүрлерінің халық өміріндегі ролі
мен маңызы есепке алынды.
Жинақтағы материалдарды қорытқанда және жүйеге келтіргенде басты
бағдар - ғұлама - филолог-ғалымдардың, поэтикалық ауыз әдебиетін әсіресе
халық өздерін терең зерттеген М.Әуезов, Л.Соболев, Н.Смирнова, Б.Уахатов,
Н.Төреқұлов сияқты ғалымдардың еңбектеріндегі қозғалып отырған проблемаға
байланысты теориялық тұжырымдары, соңдай-ақ А.Затаевичтің музыкалық-
этнографиялық көзқарастарында, В.Беляевтың, А.Жұбановтың, Б.Ерзаковичтің
іргелі еңбектерінде; М.Ахметованың, Т.Бекхожинаның, Х.Жүзбасовтың,
С.Елеманованың, Б.Қарақүловтың, Г.Байтенованың және басқалардың
зерттеулерінде, ғылыми мақалаларында көрініс тапқан қазақ музыкасы
жөніндегі қортындылар болды.
Фольклордың көптеген жанрларының, солардың ішінде әндердің, біз
қараған әдет-ғұрып, тұрмыс-салт әндерінің шыққан көзін айқындаған кезде
өзіміздің қоғам зерттеуші ғалымдардың, филологтардың, музыка
зерттеушілердің еңбектерін басшылыққа алдық.
Құрастырушылар өткен ғасыр мен XX ғасыр басында қазақ халқының ұлттық
медениет тарихының мәселелеріне, көркем поэтикалық-ауызша дәстүрлеріне
байланысты зерттеулер жүргізген Ы.Алтынсарин, Ш.Уәлиханов, В.Радлов,
Г.Потанин, С.Рыбаков, Р.Пфеннинг, М.Готовицкий сияқты адамдардың
еңбектерінс  ерекше назар аударды.
Ұлттық фольклордың өзіне тән ерекшеліктері көне замандағы әдет-ғұрып
дәстүрлерінен-ақ көріне бастайтыны белгілі. Басқа халықтардың ертедегі
фольклоры сияқты қазақ халық музыкасының көне қабаттары да айқын көрінетін
фольклорлық жүйе шеңберінде сомдалған, "...Ол айқын көрініп тұратын
көнелік: ұжымның өндірістік-практикалық сиқырлық және ырымдық қызметіне
тікелсй қосыла-араласа жүретіндігімен, ұжымының дүние туралы комплексті
кезқарасына күрделі байланысатын белгілерімен сипатталады. Бұған қоса көне
фольклор ұжымының тұрмыстық және дүниеге көзқарастық жұйесінің органикалық
элементі ретінде қалыптасады, сөйтіп осы жүйенің кейбір мәнді сәттерінің
өзінше бір көрінісі, бейнелеуі болып табылады. Синкреттік сипаты бар әдет-
ғұрып поэзиясында, музыкасында жанрлық, образдық, стильдік жүйенің
қалыптасуы жүзеге асады, сонан кейін ол классикалық фольклордың
қалыптасыуында айрықша әмбебап конструкциялаушы роль атқарады.
Қазақ  әндерінің жанрлық  құрылымы   патриархалдық-феодалдық қарым-
қатынастар   жағдайы   мәжбүрленген   мәдени-тарихи   дәстүрлерге
байланысты.    Қазақтардың    феодалдық   қарым-қатынастары    көптеген
патриархалдық-рулық қалдықтармен астасып жатқан. Ал бұдан ертедегі әдет-
ғұрыптардың, ырымдардың және сенімдердің жанды байланыстарын айқын көреміз.
Патриархалдық тұрмыс-салт өзінің әдетке айналған заңдастырылған  
ережелерімен   және   ғұрыптарымен   халық   шығармашылығының   бейнелі-
айшықты   ерекшеліктерінің   қалыптасуына   барынша ықпал еткен. Шындығында
әдет-ғұрып, тұрмыс-салт фольклорын қазақ халқының рухани-өндірістік,  малшы
өмірінің күнделікті ауыр өмірінің барлық саласынан көруге болады.
Қандай оқиға немесе жағдай бола қалса да соған арнап екі-үш, төрт
жолдық ұйқасы бар өлең шығарылған, оның міндетті түрде рефрені немесе
созылыңқы әуезі, бекітілген қайырмасы болған. Олар әр түрлі мақсаттарға
арналған және орындалып отырған. Н.Смирнованың айтуынша, әдет-ғұрып және
дидактикалық жанрларының алуан түрлі болуы, олардың рулық-тайпалық шекте
қолданылуы (мысалы, өлгендерді жоқтау бір ғана жан-ұясының ісі емес, рудың
ісі болған), өсиет жырлардың, мақалдардың, жұмбақтардың патриархалдық
болуы, мазмұндарының патриархалдық болуы формаларындағы көне элементтер
нағыз рулық-тайпалық тұрмыс-салт пен санаға берілген құн.
Қазақ әндеріндегі жанрлар әлеуметтік-экономикалық жағдайға, тарихқа,
тұрмыс-салтқа, моральдық-этикалық ережелердің заңдарына, халықтың еңбек
нормаларына байланысты туған.
Қазақтың әдет-ғұрып әндері өзінің құрылымы мен образдық құрылысына
қарай тұрмыстық, өндірістік болып бөлінеді. Оларда халықтың қоғамдық-еңбек
әрекеттері бейнеленген.
Қолданбалы сипаты бар көне әдет-ғұрып әндері жинақтың "кален-дарлық
әндер" дейтін тарауында келтірілген. Еңбек жылындағы айтулы сәттерді атап
өтетін "Наурыз әндері" жаңа жылды қарсы алатын күндері (мұсылман күн
тізбегі бойынша 22 наурызда) орындалған. Әдет-ғұрыптар арқылы халық өзінің
табиғатқа, айнала  қоршаған дүниеге деген көзқарасын, қарым-қатынасын
білдіріп отырған. Әнмен, ойынмен, бимен, көңілді мейрамдармен қат-қабат
жүретін алуфн түрлі күн тізбелік әдеттер мен ғұрыптар және соларға
байланысты сенімдер өте көне заманда, ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қазақ балет музыкасындағы Қалқаман - Мамыр эпосы
Музыкалық өнер туралы
Шетелдерде балалар музыкалық тәрбиесінің дамуындағы негізгі бағыттар мен беталысы (тенденциялары) (Австрия, Венгрия, Болгария, Германия, Жапония, АҚШ және т.б)
Қазақстандағы камералық-аспаптық жанрдың қалыптасуы мен дамуы
Орта ғасырлардағы музыка өнері. Хандық дәуір музыкасы
Фольклорлық музыка аспаптары
Патриоттық тақырыптың музыка өнеріндегі көрінісі
Халық музыкасы
Көркемдік және эстетикалық тәрбие беру жүйесіндегі музыкалық өнер. Дәрістер
Музыка сабағындағы заманауи технологиялар
Пәндер