Биология сабағында қосмекенділер класын оқыту



МАЗМҰНЫ

Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..3
І Омыртқалылар зоологиясын оқытудағы қосмекенділер класының ролі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 6
1.1 Жануартану (зоология) ғылымының даму тарихына шолу ... ... ... ... ... ... ..6
1.2 Омыртқалылар зоологиясын оқыту ерекшеліктері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 9
1.3 Омыртқалылар зоологиясын оқытуда ақпараттық технологияларды пайдалану ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...27

ІІ Биология сабағында қосмекенділер класын оқыту ... ... ... ... ... ... ... ... 33
2.1 Қосмекенділер класына жалпы сипаттама ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 33
2.2 Қосмекенділердің систематикасы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..37
2.3 Қосмекенділердің еліміз аумағында кездесетін түрлері ... ... ... ... ... ... ... .43
2.4 Қосмекенділердің шаруашылықтағы маңызы және оларды қорғау ... ...46
1 . сабақ жоспары ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..49
2 . сабақ жоспары ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..52
3.сабақ жоспары ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 55
Қорытынды ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..58
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 60
Кіріспе

Бүгінгіқоғамалдында, адамзаталдындатұрғаннегізгімәселердіңбірі-экологиялықмәселелер, табиғаттықорғаужәнетабиғибайлықтардыүнемдіпайдалану. СондықтанРеспубликадақоршағанортанықорғауүкіметіміздіңсаяси, экономикалықжәнеәлеуметтікміндеттерініңнегізіболыпсаналады. Қазақстандағымектептердеэкологиялықбілімментәрбиеберунарықтықэкономикалыққатынастарзаңдарынасайбүгінгікүнніңөзектімәселесі. 1968 жылыБҰҰменЮНЕСКОтарапынанадамментабиғатарасындағыүйлесімдіқарым-қатынасмәселесібойынша, 1970 жылыСтокгольм, Тбилисижәне 1992 жылыРиодеЖанейроқалаларындаөткенғылымипрактикалықконференцияларындаэкологиялықбілімберудіңғылыминегіздеріталқыланды.
Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың 2030 жылға дейінгі стратөгиялық даму бағдарламасында қоршаған ортаны ластауға, экологиялық қалыпты жағдайларды білдіруге жол бермеуге зор көңіл бөлінгендіктен, оқушыларға экологиялық білім беріп, табиғатты қорғауға тәрбиелеу бүгінгі күннің кезек күттірмейтін өзекті мәселерінің бірі болып табылады.
Тақырыптың өзектілігі. Бүгінгі күні адамның қоршаған табиғатқа ықпалының өсуіне байланысты жалпы экологиялық проблемалардың негізінде туындап отырған актуалды педагогикалық проблема - оқушыларға биологиялық білім беру арқылы қоршаған ортаны қорғау мәдениетін қалыптастыру.
Қазіргі уақытта жалпы білім беретін мектептердің алдында тұрған мақсат - оқушылардың ой-өрісін жан-жақты дамыту, оларға қазіргі заман талабына сай білім беру, тәрбиелеу. Ал оқушыны жан-жақты дамыту дегеніміз - оның тек қана дене бітімі жағынан өсіп жетіліуі емес, сондай-ақ баланың жан дүниесінің байып, рухани өсуі, қабіліеті мен дарынының анықталып, кең өрістеуі, парасаттылық ой мен адамгершілік көзқарастарының қалыптасуы. Осындай ізгі қасиеттерді қалыптастыруда биология пәнінің оқушылардың санасына әсер етудің үлесі зор болмақ, сонда ғана олар қоршаған ортасын, туған жерін, табиғатын қастерлей, сүйеді.
Биологияның бір саласы болып табылатын зоология жануарлар әлемін барлық бағытта яғни оның көптүрлілігін (систематика), құрылысы мен өмір сүру барысын (морфология мен физиология), таралуын (зоогеография), сыртқы ортамен қарым-қатынасын (экология), дамуын (эмбриология) зерттейтін ғылым. Зоология адамның күнделікті өмірімен тығыз байланыста, оны зерттеп жануарлар әлемін сақтап қалу біздің қолымызда.
Адамзаттың жануарларға деген қызығушылығы тас дәуірінде басталған болатын. Жануарлар аң аулау, балық аулаудың көзі болды. Жануарлар туралы алғашқы жазбалар көне Қытай мен Үнді елінде пайда болды. Тау үңгірлерінде түрлі жануарлардың, ұсақ жануарлардың суреті нақты ұқсастықпе адамды таңқалдырса да дегенмен зоологияның ғылыми бастауы Көне Грек елінің ғалымы, әрі ойшылы Аристотельден бастама алады.
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі:

1. Агелеуов Е. Ботаника Өсімдіктер анатомиясы мен морфологиясы Алматы 1998.
2. Адольф Т.А. и др. Руководство и лабораторные занятия по зоологии позвоночных.
3. Алимкулова Р.Қызықты ботаника Алматы “Мектеп” 1979ж
4. БанниковА.Г.,Денисова М.Н.Очеркипобиологииземноводных.– М.: Учпедгиз1956.
5. Блинников В.И. Зоология с основами экологии. –М., 1990.
6. Герасимов П. Биосфера земли. М. “Педагогика” 1976.
7. Герасимов П. Животный мир нашей родины. М. “Просвищение”,1977
8. Гриффин Д.Э., Новик Э. Живой организм. – М.: Мир, 1973
9. Дәуітбаева К.Ә. Омыртқасыздар зооологиясы. – Алматы, 2003. Т. 1, 2.
10. Догель В.А. Зоология беспозвоночных. – М., 1981.
11. Жануартану. Д.Дүйсенов. 1983ж.
12. Жизнь животных 4-7 т.т “Просвещение” 1983г.
13. Жизнь животных. Т. 1-3, М., 1969.
14. Жизнь животных/ Под ред. Л. А. Зенкевича. М.: Просвещение, 1968. Т.1,2; 1969. Т.3.
15. Карташев Н.Н., Соколов В.Е., Шилов И.А. Практикум по зоологии позвоночных . – М.: Высшая школа, 1976.
16. Курс зоологии. Зоология беспозвоночных. В 2-х томах. – М., 1961, 1966.
17. Курс зоологии/Под ред. Матвеева Б.С. – М.: Высшая школа. 1966, т.2.
18. Қайым Қ. Жануартану.-Алматы, 2001.
19. Қайым Қ. Жануартанудан танымдық ойындар.-Алматы, 1995.
20. Қасымбекова Т Тіршіліктану.-Алматы, 1993.
21. Лукин Е.И. Зоология. М.: Агропромизд.1989г.
22. Натали В.Ф. Зоология беспозвоночных. – М., 1981.
23. Наумов Н.П., Карташев Н.Н. Зоология позвоночных. – М.: Высшая школа, 1979. Ч. 1.– 330 с.
24. Наумов Н.П., Карташев Н.Н. Зоология позвоночных. – М.: Высшая школа, 1979. Ч. 2. – 272 с.
25. Наумов С. Омыртқалылар зоологиясы 1981.
26. Никольский Г.В. Частная ихтиология. – М.: Высшая школа, 1971
27. Олжабекова К.Б. және т.б. Омыртқалылар зоологиясы. – Алматы, 2007. Т. 1, 2.
28. Омыртқасыздар зоологиясы пәнінен студенттердің өз бетінше дайындалуына арналған оқу құралы /Салина Р.М., Дәуітбаева К.Ә., Сатыбалдиева Г.Қ., Исадықов Н.С. –Алматы, 1999.
29. Петров В. Растетильный мир нашей Родины. М.Москва 1981.
30. Рыков Н.А. Зоология с основами экологии. -–М., 1981.
31. Түсіпова К.Т. Омыртқасыздар зоологиясы. – Алматы, 1998, 1999. Т. 1, 2.
32. Энциклопедический словарь юного географа – краеведа “Педагогика” 1981ж.

Пән: Биология
Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 64 бет
Таңдаулыға:   
МАЗМҰНЫ

Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 3
І Омыртқалылар зоологиясын оқытудағы қосмекенділер класының ролі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...6
1.1 Жануартану (зоология) ғылымының даму тарихына шолу ... ... ... ... ... ... ..6
1.2 Омыртқалылар зоологиясын оқыту ерекшеліктері ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ..9
1.3 Омыртқалылар зоологиясын оқытуда ақпараттық технологияларды пайдалану ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...27

ІІ Биология сабағында қосмекенділер класын оқыту ... ... ... ... ... ... ... .. ..33
2.1 Қосмекенділер класына жалпы сипаттама ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ..33
2.2 Қосмекенділердің систематикасы ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .37
2.3 Қосмекенділердің еліміз аумағында кездесетін түрлері ... ... ... ... ... ... ... .43
2.4 Қосмекенділердің шаруашылықтағы маңызы және оларды қорғау ... ...46
1 - сабақ жоспары ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 49
2 - сабақ жоспары ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 52
3-сабақ жоспары ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..55
Қорытынды ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..58
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 60

Кіріспе

Бүгінгі қоғам алдында, адамзат алдында тұрған негізгі мәселердің бірі-экологиялық мәселелер, табиғатты қорғау және табиғи байлықтарды үнемді пайдалану. Сондықтан Республикада қоршаған ортаны қорғау үкіметіміздің саяси, экономикалық және әлеуметтік міндеттерінің негізі болып саналады. Қазақстандағы мектептерде экологиялық білім мен тәрбие беру нарықтық экономикалық қатынастар заңдарына сай бүгінгі күннің өзекті мәселесі. 1968 жылы БҰҰ мен ЮНЕСКО тарапынан адам мен табиғат арасындағы үйлесімді қарым-қатынас мәселесі бойынша, 1970 жылы Стокгольм, Тбилиси және 1992 жылы Рио де Жанейро қалаларында өткен ғылыми практикалық конференцияларында экологиялық білім берудің ғылыми негіздері талқыланды.
Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың 2030 жылға дейінгі стратөгиялық даму бағдарламасында қоршаған ортаны ластауға, экологиялық қалыпты жағдайларды білдіруге жол бермеуге зор көңіл бөлінгендіктен, оқушыларға экологиялық білім беріп, табиғатты қорғауға тәрбиелеу бүгінгі күннің кезек күттірмейтін өзекті мәселерінің бірі болып табылады.
Тақырыптың өзектілігі. Бүгінгі күні адамның қоршаған табиғатқа ықпалының өсуіне байланысты жалпы экологиялық проблемалардың негізінде туындап отырған актуалды педагогикалық проблема - оқушыларға биологиялық білім беру арқылы қоршаған ортаны қорғау мәдениетін қалыптастыру.
Қазіргі уақытта жалпы білім беретін мектептердің алдында тұрған мақсат - оқушылардың ой-өрісін жан-жақты дамыту, оларға қазіргі заман талабына сай білім беру, тәрбиелеу. Ал оқушыны жан-жақты дамыту дегеніміз - оның тек қана дене бітімі жағынан өсіп жетіліуі емес, сондай-ақ баланың жан дүниесінің байып, рухани өсуі, қабіліеті мен дарынының анықталып, кең өрістеуі, парасаттылық ой мен адамгершілік көзқарастарының қалыптасуы. Осындай ізгі қасиеттерді қалыптастыруда биология пәнінің оқушылардың санасына әсер етудің үлесі зор болмақ, сонда ғана олар қоршаған ортасын, туған жерін, табиғатын қастерлей, сүйеді.
Биологияның бір саласы болып табылатын зоология жануарлар әлемін барлық бағытта яғни оның көптүрлілігін (систематика), құрылысы мен өмір сүру барысын (морфология мен физиология), таралуын (зоогеография), сыртқы ортамен қарым-қатынасын (экология), дамуын (эмбриология) зерттейтін ғылым. Зоология адамның күнделікті өмірімен тығыз байланыста, оны зерттеп жануарлар әлемін сақтап қалу біздің қолымызда.
Адамзаттың жануарларға деген қызығушылығы тас дәуірінде басталған болатын. Жануарлар аң аулау, балық аулаудың көзі болды. Жануарлар туралы алғашқы жазбалар көне Қытай мен Үнді елінде пайда болды. Тау үңгірлерінде түрлі жануарлардың, ұсақ жануарлардың суреті нақты ұқсастықпе адамды таңқалдырса да дегенмен зоологияның ғылыми бастауы Көне Грек елінің ғалымы, әрі ойшылы Аристотельден бастама алады. Ол өзіне белгілі (500 - ден астам) жануарлардың түрін екі топқа бөлді: 1) қаны бар 2) қаны жоқ жануарлар. Бірінші топтағы жануарларға ол құстар, балықтар мен түрлі жануарларды жатқызса. Екінші топқа жәндіктерді, шаянтәрізділерді жатқызған болатын. Бұл ең алғашқы және ең көп уақыт бойы болған зоологиялық систематиканың түрі еді. Бұдан өзге Аристотель басқа да зерттеулермен жұмыс жасаған болатын. Орта ғасырда феодалдық кезде ғылымды шіркеуде қызмет ететін адамдардың кедергісінен, зоологияның дамуы тек 15 ғасыр басында ғана орнынан қозғалды. 16-17 ғасырда жануарлардың көптүрлілігі, оның құрылысы мен өмір сүру барысы жайында алғашқы мәліметтер пайда бола бастады. Зоология ғылымына ХҮІ және ХҮІІ ғасыр өзінің микроскоп ойлап табуымен маңызды. Микроскоп арқылы (А.Левенгук Голландияда, Италияда М.Мальпиги, Англияда У.Гарвей және т.б) ең кіші деген жануарлардың организм құрылысын, эмбриондық дамуын зерттей алуға қол жеткізді.
ХҮІІ ғасыр аяғында ХҮІІІ ғасыр басында жануарлар системасының негзі қалыптаса бастайды. Бұл бағытта Дж.Рейдің еңбегі, Шведтік жаратылыстанушысы К.Линнейдің зоологияда, ботаникада систематиканың дамуымен маңызды. К.Линнейдің Systemanaturae (Табиғат системасы) атты еңбегі 1735 жылы шықса, оныншы рет (1758 жыл) жарыққа шыққанда Линней 4 систематикалық таксонға: түр (вид), тегі (род), қатар (порядок), класс бөлді. Ол 300 - ден астам род жануарларды ұқсастықтарына қарай қатарларға біріктірді. Ұқсас қатарлар классқа біріктіріліп, систематикалық категорияның жоғарғысы деп ұсынылды. Линней 6 класс ашты:
1. Сүтқоректілер - Mammalia
2. Құстар - Aves
3. Қосмекенділер - Amphibia
4. Балық - Pisces
5. Насекомдар - Insecta
6. Құрт және көп жасушалы жәндіктер - Vermes
ХІХ ғасырдың алғашқы жартысында зоологияда жануарлардың тарихи дамуы басталды. Ж.Кювьенің қатарласы Э.Жоффруа Сент Илер жануарлардың қоршаған орта факторларына байланысты түрлердің өзгеруі мүмкін деген ойды дамытты. Дәл осы уақытта Ж.Б. Ламарк 1809 жылы Зоология философиясы атты кітабын жарыққа шығарды. Ол кітапта ең алғашқы ғылыми органикалық әлемнің эволюция теориясы айтылған болатын.
Дипломдық жұмыстың мақсаты - биология сабағында қосмекенділер класын оқыту ерекшеліктерін анықтау болып табылады.
Диплом жұмысы тақырыбының міндеттері:
oo омыртқалы жануарлардың шығу тарихына шолу;
oo қосмекенділер класының ерекшеліктерін ашып көрсету;
oo биология сабағында қосмекенділер класын оқытуды жетілдіру жолдарын қарастыру;
Тақырыптың зерттеу пәні - омыртқалылар зоологиясы немесе жануартану пәні.
Зерттеу нысаны: мектептегі биология сабағы.
Диплом жұмысы тақырыбының практикалық маңыздылығы. Биология сабағында қосмекенділер класын оқытудың негізгі мақсаты -- омыртқалылардың ұйымдастыру заңдылықтары мен тіршілік әрекеттерін зерттеп қана қоймай, оқушылардың жануарлар дүниесін танып білуге, оны қорғауға деген қызығушылықтарын арттыру, оларды табиғатсүйгіштікке тәрбиелеудің жоспарлы ғылыми негізін жасау болып табылады.
Зерттеу әдістері:
oo мәліметтер жинау;
oo сараптау;
oo талдау;
oo тұжырымдау;
oo қорытындылау.
Диплом жұмысының құрылымы кіріспеден, екі бөлімнен, қорытындыдан және пайдаланылған әдебиеттер тізімінен тұрады.

І Омыртқалылар зоологиясын оқытудағы қосмекенділер класының ролі

1.1 Жануартану (зоология) ғылымының даму тарихына шолу

Зоология: жануарлар әлемі туралы, оның шығуы тегі, дамуы, қазіргі жағдайы, биосфера мен адам өміріндегі маңызы туралы комплексті ілім. Ол оқушыларды жануарлар организмінің құрылысымен таныстырумен бірге, жалпы биологиялық заңдылықтарға да үйретеді. Сонымен қатар қазіргі кездегі өтетін омыртқалы жануар пәні жаратылыстану пәнінің, ерекшеліктеріне көңіл аударымен байланысты оның әлеуметтік, ортамен саяси қоғамның, экологияның жануар өміріне, әсеріне де ұқыпты қарауға тәрбиелейді.
Зоология ғылымының алдына қойған міндеттерінің ең бастыларына қоршаған ортан және жануарлар ресурстарның қорғаудың ғылыми негіздерін жасау болып табылады. Әсіресе Қызыл кітапқа енген сирек кездесетін және жойылып бара жатқан жануарларды зерттеуге көп көңіл болып отыр. Зоология өсімдіктер физиологиясы, гистология, цитология, анатомия секілді ғылымдармен тығыз байланысты.
Оқушылар меңгеру қажет:
- жануарлар байлығын пайдалану жөнін білу;
- жануарлар систематикасын білу;
- омырқасыз және омыртқалы жануарларды ажырата білу;
- зоологияны зерттеудің қазірге уақыттағы әдістерін білу;
- жануарлар морфологиясы мен өсу заңдылықтарын білу, олардың қоршаған байланысын меңгеру қажет;
- жер шарындағы жекеленген түрлерін және жануарлардың таралуын зерттеу.
Адамзаттың жануарларға деген қызығушылығы тас дәуірінде басталған болатын. Жануарлар аң аулау, балық аулаудың көзі болды. Жануарлар туралы алғашқы жазбалар көне Қытай мен Үнді елінде пайда болды. Тау үңгірлерінде түрлі жануарлардың, ұсақ жануарлардың суреті нақты ұқсастықпе адамды таңқалдырса да дегенмен зоологияның ғылыми бастауы Көне Грек елінің ғалымы, әрі ойшылы Аристотельден бастама алады. Ол өзіне белгілі (500 - ден астам) жануарлардың түрін екі топқа бөлді: 1) қаны бар 2) қаны жоқ жануарлар. Бірінші топтағы жануарларға ол құстар, балықтар мен түрлі жануарларды жатқызса. Екінші топқа жәндіктерді, шаянтәрізділерді жатқызған болатын. Бұл ең алғашқы және ең көп уақыт бойы болған зоологиялық систематиканың түрі еді. Бұдан өзге Аристотель басқа да зерттеулермен жұмыс жасаған болатын. Орта ғасырда феодалдық кезде ғылымды шіркеуде қызмет ететін адамдардың кедергісінен, зоологияның дамуы тек 15 ғасыр басында ғана орнынан қозғалды. 16-17 ғасырда жануарлардың көптүрлілігі, оның құрылысы мен өмір сүру барысы жайында алғашқы мәліметтер пайда бола бастады. Зоология ғылымына ХҮІ және ХҮІІ ғасыр өзінің микроскоп ойлап табуымен маңызды. Микроскоп арқылы (А.Левенгук Голландияда, Италияда М.Мальпиги, Англияда У.Гарвей және т.б) ең кіші деген жануарлардың организм құрылысын, эмбриондық дамуын зерттей алуға қол жеткізді.
ХҮІІ ғасыр аяғында ХҮІІІ ғасыр басында жануарлар системасының негзі қалыптаса бастайды. Бұл бағытта Дж.Рейдің еңбегі, Шведтік жаратылыстанушысы К.Линнейдің зоологияда, ботаникада систематиканың дамуымен маңызды. К.Линнейдің Systemanaturae (Табиғат системасы) атты еңбегі 1735 жылы шықса, оныншы рет (1758 жыл) жарыққа шыққанда Линней 4 систематикалық таксонға: түр (вид), тегі (род), қатар (порядок), класс бөлді. Ол 300 - ден астам род жануарларды ұқсастықтарына қарай қатарларға біріктірді. Ұқсас қатарлар классқа біріктіріліп, систематикалық категорияның жоғарғысы деп ұсынылды. Линней 6 класс ашты:
1. Сүтқоректілер - Mammalia
2. Құстар - Aves
3. Қосмекенділер - Amphibia
4. Балық - Pisces
5. Насекомдар - Insecta
6. Құрт және көп жасушалы жәндіктер - Vermes
ХҮІІІ ғасыр аяғы мен ХІХ ғасыр басында француз зоологы Ж.Кювье жануарлардың салыстырмалы анатомиясының негізін жасады. Осы жасалған жұмыстың негізінде оның шәкірті Бленвил 1825 жылы системаға түсінікті жоғарғы таксономиялық бірлікті типті енгізеді. Алғашында мұндай тип түрлері аз болып, кейіннен жануарлардың құрылысы мен дамуын жақсы білгеннен бастап оладың саны көбейе түсті. Ж.Кювье К.Линней сияқты түрлерді өзгермейді деп ойлады.
ХІХ ғасырдың алғашқы жартысында зоологияда жануарлардың тарихи дамуы басталды. Ж.Кювьенің қатарласы Э.Жоффруа Сент Илер жануарлардың қоршаған орта факторларына байланысты түрлердің өзгеруі мүмкін деген ойды дамытты. Дәл осы уақытта Ж.Б. Ламарк 1809 жылы Зоология философиясы атты кітабын жарыққа шығарды. Ол кітапта ең алғашқы ғылыми органикалық әлемнің эволюция теориясы айтылған болатын. Ламарк омыртқасыз жануарлардың систематикасын жасауға үлкен үлес қосты. Ол Омыртқасыздар атты терминін енгізген ғалым болып саналады. Ол омыртқасыздардың ішінде 10 классты анықтаған болатын, ал Линней болса тек 2 класс анықтаған болатын. Түрлер өзгереді деген ойға сол уақытта Ресей университетінің профессор К.Р.Рулье де қарсы болды. Зоология ғылымының дамуына 19 ғасыр ортасында Ресей Ғылым Академиясының академигі К.М. Бэр жануарлардың эмбриологиясын зерттеп, ұрық жапырақшасының оқуын енгізген еңбегі зор болды.
19 ғасырдың 30-шы жылдары М.Шлейден мен Т.Шванның жасуша теориясын ашып, жануарлар мен өсімдіктердің құрылысының ұқсастығын дәлелдеуімен есте қалды.
Зоология дамуының жаңа кезеңі барлық биологиялық ғылымдары сияқты 19 ғасырдың ортасында Ч.Дарвиннің Табиғи сұрыпталу жолымен түрлердің шығуы немесе тіршілік үшін күресте жақсы іріктелінген тұқымдардың сақталуы (1859 ж) атты еңбегінде табиғи сұрыпталуды нақты сипаттап бергеннен кейін басталды.
Германияда Э.Геккель Ч.Дарвиннің ойын пайдалана отырып жануарлар әлемінің филогениясын жасауға пайдаланады. Оған негізгі биогенетикалық заңның онтогенез бен филогенездің арасында нақты қарым - қатынасын негізделуінің еңбегі жатады. Бұдан эволюциялық салыстырмалы анатомия мен эволюциялық салыстырмалы эмбриология туындайды. Эволюциялық салыстырмалы эмбриологияда ең негізгі бастапқы роль орыс ғалымдарына И.И.Мечников пен А.О.Ковалевскийге тиесілі. Сол уақытта В.О.Ковалевский жануарлардың қазба қалдықтарын зерттей отырып эволюциялық палеозоологияның негізін қалайды. Сонымен бірге тез жылдамдықпен жануарлар зоогеографиясы мен жануарлар систематикасы дамиды. Бұны көптеген түрлердің сипттамасының жазылуы дәлелдейді. К. Линнейге 4208 түр белгілі болып, оның саны 20 ғасырда 48000 өсті, ал сол ғасырдың аяғында зоологияда 400 мың түр белгілі болған еді. Сол уақытта зоологиядан жануарлар экологиясы бөлініп шығады. 20 - шы ғасырда зоология өте үлкен қарқынмен дами бастайды. Біздің ғаламшарымыздың бетіндегі фаунасын зерттеудің көлемі артады. Әсіресе зоология мен зоогеографияның дамуына әлемдік мұхиттарды зерттеуге шыққан экспедициялық кемелердің зерттеулері көп көмек берді. Бұл зерттеулерге советтік Витязь, Галатея атты кемелірдің жасаған жұмыстары көп болды. Соңғы ширек ғасырда осы кемелермен мұхиттың 11000 метр тереңдіктегі көптеген маңызды зоологиялық ашылулар жасалды. ХХ ғасырда жануарлар әлемінің системасын жетілдіруге дамытуға бағытталды. Осы зерттеулер негізінде бірталай жоғары систематикалық санаттың саны тип, класс түрлерінің саны көбейді. Кювье кезінде 4 тип ажыратылса, қазіргі заман жүйесінде олардың саны анағұрлым көп. Дәл қазіргі кездегі кітаптарда 23 типті береді. Соңғы он жылдықта жоғары санатты зерттеумен қатар зоологияда түрдің қиын мәселелесін шешуге көңіл аударды. Популяцияның зерттелуі - биологиядағы басты мәселе түр түзілуге әкеліп соғады. Зоологиялық зерттеудің әдістері көбейе түсіп, нақты цитологиялық әдіспен зерттелумен толықты. Соңғы уақытта ағзалардағы хромосома санымен оның құрылысын зерттеудің нәтижесі қолданылуда. Одан кейін зоологияға биохимиялық әдістер ене бастады. Мысалы: академик А.Н.Белозерский систематиканың даму жолына ДНК-ның нуклеотидтік құрамын зерттеген болатын. Зоологиялық зерттеулерде сонымен қатар жасушаның ультракіші құрылысын көруге электронды микроскоп қолдану арқылы бақылау жасау енді. Жануарлардың эволюциялық дамуына морфофизиологиялық эволюцияның заңдылығын зерттеумен айқындауға болады. Бұл маңда академик А.Н.Северцов, академик И.И.Шмальгаузен, неміс зерттеушісі Б.Ренни, ағылшындық Ю.Гекслидің жұмыстарының маңызы зор болды. ХХ ғасырда зоологиялық зерттеудің нәтижелері филогенетикада үлкен жетістіктерге жетті. Бұл облыста салыстырмалы анатомияның эмбриологияның және де палеозоологияның жетістіктері мол болды.
СССР мен Ресейде зоологияның дамуы әлемдік ғылыммен бірге дамыды. Рсесй жерінің байтақ кең даласы мен ондағы фаунасының байлығын зерттеуге танымал зоологтармен географтар үлес қосқан болатын, айтар болсақ олар: сібір мен Камчатка жерін зерттеген С.П.Крашенинников, Г.В.Стеллер, И.Г.Гмелин, И.И.Лепехин. Сонымен қатар П.С.Палластың да Поволжье мен Сібірге барған сапары да маңызды рөл атқарды. Ғалым гидробиолог Н.М.Книповичтың Баренц, Қара теңіз, Азовск пен каспийді зерттеген еңбектері маңызды болды.
Сонымен Ресейде зоология ғылымы қарқынды дами бастайды оған себепші көптеген орыс ғалымдарының ғылыми зерттеулері мен олардың жұмыстары болды. Ондай ғалымдар қатарына А.О.Ковалевский, И.И.Мечников, В.О.Ковалевкий. В.В.Зеленский, Н.В.Бобрецкий, Н.В.Насанов. Ресейде В.Е. Соколовтың 3 томдық Сүтқоректілер систематикасы (1975-1979 жыл), 2 томды Н.П.Наумов пен Н.Н.Карташевтың (1979) Омыртқалылар зоологиясы сияқты еңбектері жарық көрді [3].
Зоология жануарлар әлемін барлық бағытта яғни оның көптүрлілігін (систематика), құрылысы мен өмір сүру барысын (морфология мен физиология), таралуын (зоогеография), сыртқы ортамен қарым-қатынасын (экология), дамуын (эмбриология) зерттейтін ғылым. Зоология адамның күнделікті өмірімен тығыз байланыста, оны зерттеп жануарлар әлемін сақтап қалу біздің қолымызда.

1.2 Омыртқалылар зоологиясын оқыту ерекшеліктері

Омыртқалылар зоологиясын анығырақ айтқанда -- хордалылар зоологиясы деп атайды. Басқа жануарлармен салыстырғанда хордалынардың үлкен маңызы бар. Бұлар ең жоғары ұйымдасқан күрделі құрылысты алуан түрлі тіршілік ететін жануарлар. Олардың 40 мыңға жуық түрі бар. Хордалылар құрлықты, суды, ауаны, және топырақ қабатын мекендейді. Сондықтан оларды бүкіл жер шарына түгелдей тараған деуге болады. Хордалылардың күрделенуі бір ғана олардың құрылысындағы және физиологиялық әрекетіндегі ерекшеліктерінің түрліше екендігінде емес, сол сияқты алардың тіршілік ету ортасымен өзара қарым-қатынасының да күрделене түсуінің нәтижесінде болады.
Омыртқалылардың халық шаруашылығының түрлі салаларын дамытуда үлкен практикалық маңызы бар. Өйткені үй малдарының барлығы хордалыларға жатады. Олардың ішінде азық үшін өсіретіндері де, тері-жүн беретіндері де, көлік және спорттық мақсатқа да пайдаланатын түрлері де бар.
Табиғатта тіршілік ететін көптеген тағы түрлері үй малдарының жаңа пайдал тұқымдарын шығарудағы табиғи резерв болып табылады. Сондай-ақ жабайы омыртқалыларды жоспарлы түрде аулай отырып ет, май, бағалы терілер сияқты шаруашылыққа қажетті өнімдер аламыз.
Жабайы жануарларды жоспарлы түрде пайдалану және оларды қолда өсірілетін жаңа тұқымдарын шығару жұмысына біздің елімізде үлкен маңыз береді. Мұның өзі мемелекеттік табыстың басты көзі болып есептеледі.
Хордалылардың пайдалы түрлерімен қатар зиянды түрлері де бар. Олардың көптеген түрлері ауылшаруашылық зиянкестері. Оларға сарышұнақтар, тышқандар, дала тышқандары, қасқыр т.б. жатады. Хордалылардың өзі ауру қоздырушы болмағанымен, кейбір түрлері алуан түрлі қауіпті ауруларды (оба, бурцелез, энцифалит т.б.) тасымалдаушы болып саналады.
Омыртқалылар қаншама күрделі көп түрлі болғанымен, толық, әрі жан-жақты зерттелген жануарлар. Хордалылардың түрлері сипаты мен мақсаты түрліше ғылыми зерттеулердің әрқашанда қажетті материалы болып келген. Осы зерттеулердің нәтижесінде систематиканың салыстырмалы анатомияның гистологияның, экологияның, зоогеофафиның, және т.б. көптеген күрделі жалпы мәселелері шешілді.
Омыртқалылар зоологиясының осы заманда биік шыңына көтіруіне кептеген оқымыстылардың (Н.М. Книпович, В.К. Солдатов, А.Н.. Державин, Б.М. Житков және т.б.) қаржылы еңбектері негіз болды.
Зоологияның негізгі мақсаты -- омыртқалылардың ұйымдастыру заңдылықтары мен тіршілік әрскеттерін зерттеп қана қоймай жануарлар дүниесін халық шаруашығында пайдаланудың жоспарлы ғылыми негізін жасау болып табылады.
Хордалылар типіне: ланцетниктер, дөңгелек ауыздылар, балықтар, қосмекенділер, бауырымен жорғалаушылар, құстар және сүтқоректілер жатады. Хордалылардың алуан түрлі болуына қарамастан олардың құрылысы мен дамуында көптеген ортақ белгілері болады.
Хордалылардың басқа жануарлардан басты айырмашылығы мыналар: хордасы немесе арқа желісінің болуы. Омыртқаның қызметін атқаратын серпімді бунақталмаған иілгіш денесінің ұзына бойы созылған сым тәрізді желіні хорда деп атайды. Ол ішінде вакуолі көп ерекше тканнен құралады. Хорда ұрықтық ішек түтігінің арқа жағынан бөлініп пайда болады. Сондықтан хорданы энтодерма қабатынан түзілген деп есептейді. Хорда төменгі сатыдағы хордалыларда өмір бойы сақталса, ал жоғарғы сатыдағы хордалыларда ұрық дәуірінде болады да, ересек жануарларда омыртқа жотасымен алмасады.
Орталық нерв системасы хорданың үстіңгі бөліміне орналасқан. Бұл түтіктің ішкі қуысын невроцел деп атайды. Хордалыларда ұрықтың нерв түтігін эктодерма бастамасының арқа бөлімінен пайда болады. Ас қорыту түтігінің алдыңғы бөлімін, сыртқы ортамен екі қатар саңылаулар арқылы атысады, оларды желбезек санылаулары деп атайды. Желбезек саңылаулары суда тіршілік ететін төменгі сатыдағы хордалыларда өмір бойы сақталады. Басқа хордалыларда ұрықтық даму кезінде болады. Хордалылардың өзіне тәні ерекшеліктері.
Хордалыларда тікентерілілер сияқты екінші ауызды жануарлар. Дене қуысы -- екінші қуысы (целом). Бұның өзі оларды тікентерілілер мен буылтық құрттарға тегі жағынан жақын екенін көрсетеді. Көптеген оргаңдардың метомерлі орналасуы төменгі сатыдағы хордалыларда және ұрықтарда айқын байқалады. Құрылысының күрделенуіне байланысты, жоғарғы сатыдағы хордалылардан метомерия айқын байқалмайды хордалылардың денесін бунақталмаған, екі жақты симметриялы болады.
Хордалылардың систематикасы. Хордалылар 3 тип тармағына бөлінеді: личинка -- хордалылар немесе оболочниктер (Urochordata немесе Tunicata), бас сүйексіздер (Асrаnіа), бас сүйектілер немесе омыртқалы жануарлар (Vertebrata немесе Craniata) тип тармақтары деп аталады.
Бас сүйексіздер тип тармағына бас хордалылар (cephalochordata) деп аталатын бір ғана класс жатады. Бұлардың хордалылары нерв түтігінен ұзынырақ, алға шығып тұратын болғандықтан - бас хордалылар деп аталған. Бұл класқа жататындардың негізгі белгілері мыналар: хордалары бас миынан да алға шығып созылып жатады, желбезек ерінің айналасында (атриалъдық) қуысы болады. Басы денесінен айқын бөлінген. Сезім мүшелері нашар дамыған. Бас ми деп нерв түтігінің алғашқы бөлімін атағанмен де оны қаптап тұратын бас сүйегі болмайды. Хорда және оның қабы скелет қызметін атқарады. Аяқ-қолдары жоқ, ал нефридиясы және жыныс системалары сегментті болады.
Ланцетник бас сүйексіздердің өкілі - (Branchiostoma Lanceolatum).
Сыртқы түрі. Ланцетник - ұзындығы 5-8 см болатын, екі бүйірінен қысыңқы, сопақ, балық пішіндес, мөлдір келген жәндік. Құйрығының артқы бөлімі найзаның ұшына немесе ланцетникке ұқсас болатындықтан -- ланцетник деп аталған. Арқа қанаты құйрық қанатына келіп түйісіп, одан ары тұтасқан түрінде желбезек қуысына шейін созылады. Дененің құрсақ жақ бүйірінде орналасқан екі метаплевральдық қатпар болады. Олар артқа қарай атриальдық тескікке дейін созылады. Денесінің алдыңғы бауыр жағында 10-12 жұп қармалағышпен қоршалған ас жолы басталатын ауызалды тесігі болады.
Тері капшығы. Ланцетниктің тері қапшығы екі қабаттан тұрады: сыртқысын -эпидермис, ішкісін -кутис деп атайды. Жоғарғы дәрежеде дамыған жануарлардың эпидермисінен айырмашылығы ланцетниктің эпидермисі бір қабаттан тұрады да, оның сыртын жұқа кутикула қаптап жатады. Эпидермистің көпшілік клеткалары - цилиндр пішінді, бірқатары бокал тәрізді безді клеткалар ал бірқатар клеткаларында сезімтал түктері болады. Кутис қабаты нашар дамыған және ол қоймалжың тканьдерден құралады.
Ет системасы. Басқа хордалылар сияқты бұлардың еті де денесіне біркелкі орналаспаған. Ет өсіресе арқа бөлімінде көп болады. Ет системасы ұзына бойы бөлінген екі-миомерлер деп аталатын бунақтарға бөлінеді. Миомерлері бірінен-бірі миосепта деп аталатын дәнекер ткандермен шектеліп (белініп) тұрады. Сондықтан бунақтардың жіктері сырттан қарағанда айқын көрініп тұрады. Бұлшық еттерінің бөлшектерінің үшкір жағы денесінің алдыңғы жағына қарап орналасқан. Оң жағындағы миомерлері мен сол жағындағы миомерлері бір-біріне тұспа-тұс орналаспайды. Мұның өзі су ішінде жүзгенде көлденең бағытта денесінін оңай иілуіне жағдай туғызады.
Хордасы негізінен қаңқа қызметін атқарады. Хорда ланцетниктің арқа жағында бүкіл денесін бойлап созылып жатады. Хорданың негізгі денесі талшықты дискалардан тұрады. Олардың арасында іші сұйық затпен толған вакуолдері бар. Қалың дәнекер ткані хорданы және оның үстіңгі жағына орналасқан нерв түтігін қаптап тұрады.
Нерв системасы. Ланцетниктерде орталық нерв системасы деп аталатын бүкіл дене бойына хордамен қатарласып созылып жатқан нерв түтігі болады. Нерв түтігінін бас жақ бөлімінің ішкі қуысы кең, ал арқа бөліміндегі қуыс тар болады. Бұл қуысты - невроцель деп атайды. Ланцетник ұрығының даму кезінде невроцель сыртқы ортамен -- невропор тесігі арқылы қатысады. Ересек ланцетниктерде невропор болмайды. Мұның орнына дененің бас бөлімінің үстіңгі жағында ояз қалады, оны иіс оязы деп атайды.
Бүкіл нерв түтігі бойымен, невроцельдің жиегіне, жарық сезгіш - гecce көзшелері орналасақан. Әрбір көзшенің өзі екі түрлі клеткадан тұрады. Біріншісі - жарық сезгіш клетка, ал екіншісі - пигментті клетка. Ланцетник миының барлығы дерлік жарық сезгіш келеді. Сөйтіп әрбір ет сегментіне екі пар нерв келеді. Біреуі - құрсақ, екіншісі - арқа нерві. Арқа нервтері атқаратын қызметіне қарағанда аралас қозғалтқыш -- сезгіш, ал құрсақ нервтері таза қозғалыс қызметін атқаратын нерв болып саналады.
Сезім органдары - өте қарапайым. Олар Гессе көзшелері арқылы жарықтарды, иіс оязы арқылы судың химиялық қасиеттерін ажырата алады. Сонымен қатар денесіндс - эпидермисте бытырап жатқан сезгіш клеткалары болады.
Ac қорыту және тыныс органдары. Ауыз алдындағы қармалағыш түктерінің түп жағында ауыз орналасқан. Ауызбен жұтқыншақты бөліп тұратын, етті сфинкер болады. Жұтқыншағы кең, ол жүзге жуық желбезек саңылауларын аралап өтеді. Ол сыртқа ашылмай атриальдық немесе желбезек айналасындағы қуысқа ашылады. Атриальдық қуысы бүйір қатпарларының өсуінен негізделген. Қатпарлар құйрық бөлімінде өспейді, соның нетижесінде атриопор деп аталатын тесік пайда болады. Сөйтіп су жұтқыншақтан желбезек саңылаулары арқылы атриальдық қуысқа, одан атиопор арқылы сыртқы шығады.
Жұтқыншақтың құрсақ жағындағы ішкі бетінде өзекшесі болады. Бұл өзекше безді және кірпікшелі клеткалармен эндостильмен қапталып тұрады. Ауыз маңына таянғанда өзекше екі айырық болып, жұтқыншақтың үстіңгі бөліміне қарай созылады. Бұл жерде олар ішекке қарай-созылып жатқан желбезек үсті оязына балып жалғасады. Эндостильдіқ шырын шығаратын бездерінін шырынына, су ағынымен ілесіп келген қоректік заттардың ұсақ бөлшектері жабысып қалады. Эндостильдік эпителий кірпікшелерінің қозғалуы шырынға оралған қоректік заттардың ауыз бөліміне, одан ары желбезек үсті өзек арқылы ішекке түсуін қамтамасыз етеді.
Ішегі жіктелмеген, бүкіл дене бойына созылған түтіктен тұрады. Ішектің алдыңғы бөлімінің құрсақ жағынан бір қуыс және тұйық есінді шығады. Бұл жоғарғы сатыдағы омыртқалылардың бауырының қызметіне ұқсас қызмет атқарады. Сондықтан бұл өсіндіні бауыр өсіндісі деп аталады. Бұл айтылғандардан ланцетниктер пассивті түрде қоректенеді және тыныс алады деген қорытынды шығады. Бұлардың тыныс алуы және қоректенуі ауыз бөліміндегі -- жұтқыншағындағы және ішегіндегі кірпікшелі эпителийлерінің қозғалып тұруына байланысты.
Қан айналу системасы - карапайым бірнеше қан тамырларынан ғана тұрады қаны түссіз, жүрегі болмайды.
Зәр шығару жүйесі - жұтқыншақ маңайына орналасқан көптеген (90 пар) нефридия түтікшелерінен тұрады. Нефридия түтікшелерінің бір ұшы желбезек маңындағы қуыспен жалғасады да, екінші ұшы целом қуысына еніп тұрады. Осы қуысқа еніп тұратын ұшында бірнеше тесіктер бар. Бұл тесіктердің іші қуыс, сырты түйреуіштің басы сияқты клеткалармен - соленоцидтармен қапталған. Соленоцидтардың іші қуыс, оның ішіндегі қозғалып тұратын түктерінін көмегімен целомның ішіндегі зәр заттары желбезек қуысына келіп одан сыртқа шығарылады.
Жыныс бездері. Аталық және аналық жыныс бездері сырт жағынан ұқсас болғандықтан оларды бір-бірінен ажырату мүмкін смес. Олар көптеген (25 пар) шap тәрізді целом қуысынын желбезек бөліміне орналасқан денешіктерден тұрады. Жетілген жыныс клеткалары уақытша пайда болған жыныс жолы арқылы желбезек қуысына келіп одан атриопор арқылы сыртқы суға шығарылады. Яғни ланцетниктің ұрықтануы сыртта болады.
Көбеюі және дамуы. Ланцстниктредің кебеюін және дамуын бірінші peт А.О. Ковалевский зерттеген. Ланцетниктердің ұрықтарын шашуы және олардың ұрықтануы әдетте кешкі уақытта болады. Ұрықтанған жұмыртқалары өте қысқа мерзімде дамиды. Кешке ұрықтанған жұмыртқа түн ортасында гастролалық даму кезеңіне жетіп үлгереді. Жұмыртқаның бөліне бастаған мезгілінен 36 сағаттан соң ұрықтың ауызы және алғашқы желбезек сақылауы қалыптасады.
Төменгі сатыдағы хордалылармен салыстарғанда омыртқалылардың құрылысы анағұрлым күрделі болады. Омыртқалылардың көпшілігі бір жерден екінші жерге барып қоректерін активті түрде іздейді және оны ұстап жеуге өрекет етеді. Омыртқалылардың тіршілік етуде әртүрлі жағдайларға бейімделуі олардың морфологиялық және физиологиялық ерекшеліктеріне байланысты: мысалы, олардың бас миы жақсы жетілген. Соншалықты жетілген сезім органдарының денесін қозғайтын аяктарының, күрделі ауыз аппаратынын сүйек қаңқасының, жүрегінің және бүйректерінің болуы омыртқалылардың эволюциялық даму сатысының жоғарғы басқышына көтерілуіне мүмкіндік берген.
Қоректік заттарды іздеп табу, онымен қоректенуі сезім мүшелері, әжептеуір жетілген нерв системасы, қозғалмалы жақ аппараты және аяқтарының болуы секілді ерекшеліктер бір-бірімен тығыз байланысты дамиды. Қаңқасы сезім мүшелерін және орталық нерв системасын қоршап тұрады. Қаңқа денеге тірек болып желбезек аппараттарын, аяқтарын бекем ұстайды. Осы қажеттіліктің нәтижесінде омыртқа жотасы ми сауытымен висцеральдық қаңқалар және аяқ қаңқалары пайда болады. Денесіне қанның жылдам тарауына және оны қан тамырларымен қозғап отыратын жүректің пайда болуына байланысты тіршілік ету ерекеті жоғарылай бастайды. Денесінде зат алмасу күшейе түсуіне байланысты денеден шығатын зәр заттарының мөлшері де артады. Сондықтан да оларды денеден бөліп шығаратын органдар жетіледі. Омыртқалыларға мына төмендегі кластар жатады:
1. Дөңгелек ауыздылар (Cyclostomata)
2. Балықтар (Pisces)
3. Қосмекенділер (Amphibia)
4. Бауырымен жорғалаушылар (Reptilia)
5. Құстар (Aves)
6. Сүт қоректілер (Mammalia)
Жалпы сипаттама. Дөңгелек ауыздылар осы кезде тіршілік ететін омыртқалылардың ішіндегі өте қарапайым құрылысты жануарлар. Осыған сәйкес олардың жартылай немесе толық паразиттік тіршілік жағдайына бейімделген өзіндік белгілері бар. Сырт пішіні мен тіршілігі әрекеттеріне қарағанда, олар балықтарға ұқсас, ал кейбір ерекше белгілері, оларды омыртқалылардын ерекше тармағына жатқызады.
Дөңгелек ауыздылардың аяқтары мен жақтары болмайды. Мұның өзі олардың құрылысының қарапайым екенін көрсетеді. Иіс капсуласы біреу, ол бір ғана танау тесігі арқылы сыртқа ашылады. Желбезек аппараттары эндодермадан пайда болган жапырақшалары бар желбезек қапшықтарынан тұрады. Сондықтан бұл класты қапшық желбезектілер деп атайды. Паразиттік тіршілік етуіне байланысты, сорғыш воронкаларының түп жағында ауыз тесігі болады. Дөңгелек ауыздылар деп аталуы да осыған байланысты. Олардың мүйізді тістері болады, терісі жалаңаш бірақ оның бездері соншалықты көп болады
Сыртқы көрінісі. Денесі балықтардың денесі сияқты ұзын және үш бөлімнен: бас, көкірек және құйрық бөлімдерінен тұрады. Аяқтары болмайды. Құйрық қанаттары сыртқы және ішкі құрылысына сөйкес симметриялы орналасқан, оларды протоцеркальды деп атайды. Жиектері өскіншіктермен шашақталған, басының алдыңғы жағыда сорғыш воронкасы бар. Мүйізді тістері воронканың ішіндегі етті тілдің үш жағына орналасқан. Эпидермисті жалаңаш терісінде безді клеткалары көп болады және олар тері үстіне көп шырын шығарып тұрады. Миногаларда дара танау тесігі екі көзінің аралығына басының үстіне таман, ал миксиндерде басының алдыңғы жағына орналасады. Аналь және зәр -- жыныстық тесіктер кеуде мен құйрық бөлімінің шекарасында орналасады да, сыртқа ашылатын орқайсысының жеке жолдары болады.
Ет системаеының көпшілігі жақсы жіктелмеген. Желбезек қапшықтары ауыз воронкасы мен тіл сақиналы еттерден құралады. Денесіндегі еттер, яғни миомерлер өзара жабын дәнекер миоцепталар арқылы жіктеліп тұрады.
Ac қорыту органдары воронкадан, тілден, жұтқыншақтан және ішектен құралады. Ауыздың алдыңғы жағында ішінде мүйізді тістері бар воронка орналасқан. Етті тілінде де тістері болады. Воронканың түбінде жатқан ауыз қуысы жұтқыншақпен жалғасады. Жұтықаншақ екі тарамға балінеді: жоғарғы тараммен қоректік заттар ішке қарай кетеді. Ал төменгі тарамы тұйықталып желбезек қапшықтарымен байланысады. Қарыны дамымағандықтан өңеш бірден ішекке келіл жалғасады. Олардың түйіскен жерінде клапаны болады. Ішектердің ішінде винт тәрізді қатпарларының, спираль тәрізді клапандарының болуы ішектің сіңіру бетін ұлғайтады да, тамақтың ішек қуысына етуін баяулатып, оның толық қорытуына себепші болады.
Желбезек аппараты. Денесінің ұзына бойына бас бөлімінің екі жағынан жеті пар желбезек тесіктері ашылады. Осы тесіктерді қуалай желбезекті ішіне қарай жарып қарағанда, онда көптеген пластинкалардың болатынын байқауға болады. Желбезек қапшығының екінші жағындағы ішкі желбезек жолдары жұтқыншаққа барып жалғасады. Тыныс алғанда су, желбезек тесіктерінен желбезек қапшықтарына еніп, ал тыныс шығарғанда осы жолмен қайта шығарылады. Желбезек қапшықтары 5-15 дейін болады.
Қан айналу органдары. Дөңгелек ауыздылардың қан жүретін органдарының құрылысы ланцетниктікіндей болады. Бірақ олардың екі камерадан (жүрекше, қарынша) тұратын жүрегі болады.
Нерв системасы. Деңгелек ауыздылардың миы бес бөлімнен: алдыңғы, аралық, ортаңғы, мишық және сопақша мидан тұрады. Әсіресе алдыңғы ми мен мишық басқа омыртқалылардың миынан кішірек. Көрсетілген ми бөлімдері бір тегістікте орналасқан, ал жоғарғы дамыған омыртқалылардікі секілді олардың иректері болмайды. Мидан 10 жұп нерв тарайды.
Сезім органдары - өте қарапайым. Есту органы ішкі құлақтан ғана тұрады. Көздері нашар жетілген. Миногалардың қасаң қабығы жетілмеген, ал миксиндердің паразиттік тіршілік етуіне байланысты көздері өте нашар жетілген. Иіс органы дара болғанымен иіс нервтері жұп болады.
Зәр шығару органы -- мезонефрикалық бүйректерден құралады. Зәр заттарының шығару түтігінің қызметін Вольфов каналы атқарады. Бұл каналдар зәр-жыныс қуысына барып ұштасады.
Жыныс бездері - дара, олардың арнаулы түтіктері болмайды. Жыныстық клеткалардан шыққан заттар дененін ішіне құйылады. Одан арнаулы тесіктер арқылы зәр-жыныс қуысына келіп құйылып, зәр-түтік өзегі арқылы сыртқа шығарылады. Миксиндер қос жынысты.
Қазіргі тіршілік етін дөңгелек ауыздылар екі отрядқа бөлінеді:
1. Миногалар (Petromyzoniformes)
2. Миксиндер (Myxiniformes)
Миногалар миксиндерге қарағанда паразиттік тіршілік етуге аз бейімделген. Ұрықтанған жұмыртқалардан ересек миногаларға ұқсамайтын құм қазғыш деп аталатын личинка шығады. Личинканың тұтасып жатқан жүзгіш қанаттары болады. Арнаулы тыныс түтігі жоқ. Желбезек қапшықшалар жұтқыншақ ішіне ашылады. Жұтқыншағының құрсақ жағындағы бөлімінде безді түктермен қапталған ойысы бар. Бұл ланцетниктегідей эндостильдің қызметін атқарады. Көзі терісінің астында жатады. Миы басқа органдарымен салыстарғанда үлкенірек деуге болады. Құм қазғыш кейбір белгілерінің болуына қарағанда тіршілік ету тәсілдері жағынан да жалпы алғанда ланцетниктерге ұқсайды. Құм қазғыштар көпшілік уақытта топырақты қазып соның ішінде жатады. Олар әдетте ересек миногаларға 2-5 жылдың ішінде айналады. Бұл отряд бір тұқымдастан және жеті туыстан құралады. Миногалар барлық суларды тіршілік ететін космополиттер.
Өкілдері Каспий және өзен миногалары болып саналады. Каспиций миногасы Каспий теңізінде тіршілік етеді де, уылдырық шашу үшін сентябрьден бастап декабрь айына дейін Еділ, Жайық, Қура, Терек өзендеріне шығады. Теңізден өзенге шығу кезінде үйір-үйір болып өзен ағысына қарсы жоғарыға қарай бірнеше жүз км өрістен көтеріледі. Уылдырық шашуы март айында басталып июнь айында аяқталады. Уылдырықтарын су түбіндегі топырақтан жасалынған арнаулы шұңқырларға салады. Уылдырық шашуға шыққан миногалар қоректенбейді. Ал уылдырық шашып болған соң олардың барлығы қырылып қалады. Каспий миногасының кәсіптік маңызы үлкен.
Өзен миногасының денесінің ұзындығы 40 см болады. Бұлар Европа мен Азияның Солтүстігінде және Солтүстік Америка теңіздеріндс кездеседі. Уылдырығын өзенге барып шашады. Уылдырық шашуға келе жатқан миногалар қоректенбейді. Өзен миногаларынын Каспий миногасына қарағанда көсіптік маңызы аз.
Дөңгелек ауыздылардан балықтардың ерекшелігі олардың аузында қозғалмалы жақтары болады. Міне, сондықтан да балықтарды алғашқы жақтылар деп атайды.
Дөңгелек ауыздылармен салыстырғанда, балықтардың ерекшеліктеріне; біріншіден, балықтардың қозғалмалы жақтарының болуы; екіншіден, көкірегінде және құрсағында қозғалыс органы қос қанаттарының үшіншіден, иіс сезімі және тану тесіктері жұп болуы; төртіншіден, желбезектерінің жапырақшаларының экотодермадан пайда болуы; бесіншіден, балықтардың денесінің қабыршақтарымен қапталуы т.б. жатады.
Балықтар қоректерін активті түрде іздеп тауып ұстайды, тез қозғалып ортаны бағдарлап әрі оған беімделе алады.
Қазір балықтардың 20 мыңға жуық түрі белгілі.
Балықтардың түрінің көп болуы оларға жалпы сипаттама беруге қиындықтар туғызады. Сондықтан да балықтарға толық сипаттама беру үшін оларды екі топқа бөліп қарастырамыз: бірінші- шеміршекті балықтар; екінші -сүйекті балықтар.
Балықтардың негізгі эколгиялық топтары.
Балықтарды экологиялық жөнінен топтастыруда белгілі көзқарас жоқ.. Бірақ орыс оқымыстылары : К.Ф.Кисслер 1877, Н.А.Смирнов (1912-1924), А.А. Браунер (1923), В.И. Майснер (1933) зерттеулеріне сүйене отырып бірнеше экологиялық топтарға топтастырған.
І. Теңіз балықтары. Өзінің барлық өмірін тұзды теңіз суында өткізетін балықтардың көптеген түрлері жатады. Әр түрлі горизонттарда тіршілік етеді, осы белгісіне қарай мынадай топтарға бөлуге болады.
1. Пелагикалық балықтар. Судың терең қабатында тіршілік етеді. Көбеюіне қолайлы орын немесе қоректерін іздеуде оз ара араласып жататын балықтар. Денесі ұзынша, ұршық тәрізді болып келеді, көбінесе актив жүзеді. Оларға акулалар, сардиналар, марелдар жатады.
2. Литоральдық - су түбі балықтары. Су түбіне жақын қабатта немесе су түбінде тіршілік етеді. Осы жерде көбейеді, жануарларынан қорғанады, және қоректерін табады. Алдағы топтың өкілдеріне қарағанда нашар жүзеді. Пассив қорғануына байланысты тікен, қылқан тәрізді (скаттар, кейбір қамбалара, тана балықтар) өсінділер пайда болған, кейбіреулерінде қалын сауыт негізделген.
3. Абиссиальдық балықтар. Теңіздер мен мұхиттардың терең қабатарын (200 метрден томен) мекендейтін балықтардың аз ғана топтары. Олардың тіршілігі жалпы қолайсыз, әрі өте ерекше. Ол үлкен тереңдікте жарықтың болмауы, температураның төмендігі, күшті қысым, ете тұздылық, өсімдіктердің болмауымен сипатталады. Аббисальдық балықтардың көпшілігінде кез болмайды, болса өте үлкен, кейбір түрлерінде жарық шығаратын қабілеті болады. Жыртқыштықпен немесе өлексемен қоректенеді.
ІІ. Тұшы су балықтары тек қана тұшы суларда тіршілік ететін, тіпті теңіздің тұзсызданған өзен сағасына шықпайтын балықтар жатады. Су қоймаларынын типтеріне қарай тұшы су балықтарын төмендегідей топтарға бөлуге болады.
1. Ақпайтын көлдер мен тоспа суларда тіршілік теттін балықтар (табан, қарабалық, кейбір сигалар).
2. Жалпы тұшы, ақпайтын және ағын су балықтары (шортан, алабұға).
3. Ағынды су балықтары (форель, аққайран).
ІІІ. Өткінші балықтар тіршілік стадияларының циклдеріне байланысты бір мезгілінде теңізде, екінші мезгілінде өзенде тіршілік етеді. Бірақ өткінші балықтар өсу, жыныс продуктыларының жетілу кезеңін теңізде еткізеді де, уылдырық шашу үшін өзенге шығады. Бұған лосось тәрізділер (кета, горбуша, семга), бекіре балықтар (бекіре, құртпа балық), кейбір майшабақтар мысал болады.
ІV. Жартылай өткінші балықтар. Теңіздерден өзен құятын тұшы бөліктерінде тірішілік етеді. Көбею, кейде қыстап шығу үшін өзенге шығады. Бірақ, нағыз өткінші балықтардан айырмашылығы, олар өзен бойлап жоғары көтерілмейді. Мұндай балықтарға: қаракөз, табан, сазан, жайын жатады. Бұл балықтар кейбір жерлерде миграция жасамай тұшы суларда тұрақты тіршілік ете береді.
Балықтардың көбеюі. Балықтардың көпшілігі дара жынысты. Тек біраз ғана сүйекті балықтар теңіз алабұғасы, дорабтар, тағы бірнеше балықтар ғана қос жынысты. Гермафродитті балықтарға жыныс без бірде аталық, бірде аналық бездің қызметін атқарып отырады. Сондықтан, ондай балықтар өздерін өздері ұрықтандыра алмайды.
Аталық жыныс бездері аналықтарының жыныс бездерінен бір жыл ерте жетілетіндігі жиі кездеседі. Каспий теңізінің килка, хамса балықтарының жыныс бездері бір-ақ жылдың ішінде жетіледі. Тірі туатын гирардинус балығын жақсы күтімімен аквариумда ұстаса, туғаннан кейін 3-4 айда жыныс бездері толығынан жетіледі. Керісінше, кейбір балықтардың жыныс бездерінің жетілуіне бінеше жылдар керек. Мысалы, қызыл балық 7-8 жылда, бекіре 12-13 жылда, ал болуға және калугалардың жыныс бездерінің жетілуіне 16-17 жыл керек.
Шеміршекті балықтар -- осы заманда тіршілік ететін балықтардың ішіндегі скелеті шеміршектен тұратын қарапайым құрылысты организмдер болып есептеледі. Желбезек тесіктерінің жалпақ перделермен бөлінеді де, олар көпшілік жағдайда денесінің сыртқы бетіне келіп ашылады. Желбезек қақапақшалары болмайды. Сыртқы қабыршақтарының құрылысы күрделі емес. Жүзу торсылдақтары жоқ.
Шеміршекті балықтар екі класс тармағына бөлінеді, 1-тақта желбезектілер және 2-бүтін бастылар, немесе химерліктер.
1-класс тармағы тақта желбезекгілер (Elasmobrancbll) Тақта желбезекттілер екі отрядқа бөлінеді: акулалар (selachoidei), және скаттар (batoidei). Тақта желбезектілердін қабыршақтары плакоидты, әрбір сыртқы желбезек тесіктері денесінің сыртқы бетіне келіп өз алдына жеке сыртқа ашылады. Басының тұмсық жағында рострум деп аталатын өсінді болғандықтан ауыз басының астыңғы жағына көлденең санылау түрінде орналасқан.
... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Биология сабақтарында тірі табиғат бұрышында пайдалану
Тірі табиғат бұрышында омыртқасыз жануарларды орналастыру және күту
Зоологияны оқыту процесінде фаунистик материалды қолдану
Биология кабинетінде тірі табиғат бұрышын ұйымдастыру
Биология сабағында оқушылардың қызығушылығын арттыру
Биология сабақтарында жаңа форматтағы жеті модульді пайдаланудың тиімді жолдары
Пәнаралық байланыстың оқушы құзіреттілігін арттырудағы маныздылығы
Биология курсын оқытуда көрнекілік принципті жүзеге асыру әдістемесі
Биология сабағында оқушылардың логикалық ойлау қабілетін дамыту әдістері
Биологияны оқытуда халықтық педагогиканың орны
Пәндер