«Тест» қосымшасын құру»



МАЗМҰНЫ

КІРІСПЕ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .3
1.DELPHI ОРТАСЫМЕН ТАНЫСУ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..5
1.1.Негізгі ұғымдар. Бағдарлама құру кезінде шешілетін тапсырмалар ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .51.2. Бағдарламаның сыртқы құрылымы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...6
1.3. Объектілердің классификациясы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..7
2.«ОҚУШЫЛАРДЫҢ WORD, EXCEL, PAINT БОЙЫНША БІЛІМІН ТЕКСЕРЕТІН ТЕСТ» ЖОБАСЫН ҚҰРУ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 9
2.1. «Оқушылардың Word, Excel, Paint бойынша білімдерін тексеретін тест» жобасын құру ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .9
2.2. Жобаны және пішіннің модулінің файлын сақтау ... ... ... ... ... ... ... ..10
2.3. Негізгі пішіннің жобасы мен модульінің бағдарламалық коды ... ... ... .11
2.4.Aboutbox пішінінің шаблонының негізінде «Бағдарлама туралы» терезесін құру ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...14
2.5.«Бағдарлама туралы» пішінінің бағдарламалық модульін MainForm негізгі пішінінің модульіне қосу ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...16
2.6. ««Тест» қосымшасын құру» ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 17
2.7. Графикалық элементі бар тестің бірінші сұрағын көркемдеу ... ... ... ...18
2.8.«Нәтиже» пішінін құру және жобаны аяқтау ... ... ... ... ... ... ... ... ... 20
ҚОРЫТЫНДЫ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...23
ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .25
ҚОСЫМША ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...26
КІРІСПЕ

Бастапқыда компьютер болмаған кезде адамдар барлық есептеу, іс-жұмыстары қолмен істеген. Кейін технологияның қарқынды дамуына байланысты көптеген қажетті ақпарат құралдары пайда бола бастады.Осы пайда болған құралдар ішінде әрине өзімізге аса тиімді ақпарат құралы компьютер де бар.Компьютер арқылы ақпаратты сақтауға, өңдеуге, тасымалдауға және де қабылдауға болады.Оның осы тиімді жақтарын пайдалана отырып, біз өзімізге тиісті жұмыстарымызды атқаруға мүмкіндік береді.Дами келе көптеген программалау тілдері пайда бола бастады.
XXI ғасыр елімізде қоғамдық информатикаландыруды - мемлекеттік саясаттың негізгі элементтреінің біріне айналып отыр. Қоғамды информатикаландыру - деп информатиканы елдің экономикалық нығаюын қамтамасыз ететін, ғылыми -техникалық прогресін жеделдетін қоғамдық байлық ретінде жаппай пайдалану және жылдам әрі нақты ақпараттар беруді айтамыз. Қазіргі таңда пайдалануға арналған арнайы программалар мен программалар жабдықтары көптен саналады. Сондықтан да осы зерттеудің өзектілігі ретінде компьютерлік программалық тілдердің ішінде танымал, әрі жетілген түрі болып саналып жүрген Borland Delphi 6.0 программалық тілінің мүмкіндіктерін пайдалану арқылы: тест программалары, кезөкелген пәнді үйрететін программалар және т.б. программалар атқаруға болатынын көрсетіп, ұсынып отырмын. Delphi -дің бірінші нұсқасы 1994 жылы жарыққа шығып ,кейінгі жылдары оның бірте -бірте кеңейтілген 2,3,4,5,6-нұсқалары жарық көрді.Мысалы, 5-нұсқа 1999 жылы ,6-нұсқа 2001 жылдың мамыр айында жарыққа шықты.5,6-нұсқалардың бір-бірінен айырмашылығы жоқ деуге болады, екеуі де Windows32 операциялық жүйесінің негізінде дайындалған. Тек ,Delphi 6, оған қоса 1991 жылы жарық көрген ,салыстырмалы арзан, Linex операциялық жүйесінің негізінде де жұмыс істей алады Delphi 6-да интернет үшін қосымшаларды дайындау мүмкіндігі кеңейтілген және берілгендер қорымен жұмыс істеуге ұсынылып отырылған кітапқа қарастырылмаған кейбір өзгешіліктер енгізілген.
Нақты әдістемелік құрал - дербес компьютерлер үшін Delphi бағдарламалау ортасында қазіргі Windows - қосымшаларын (бағдарламаларды) құруға арналған. Көмекші құрал қосымшаны құрудың негізгі әдістерін сипаттауға бағытталған, сонымен бірге орта интерфейсі, қосымшаны құрудың көрнекілік құралдары және қолданушының бағдарламалық кодын құрудан тұрады.
Әдістемелік құрал үш бөлімнен тұрады. Әдістемелік құралдағы материалдар: теориялық деректер; иллюстрациялар; көмекші құралда көрсетілген материалдар көптеген мысалдармен қатар бекітілген, ал олар өз кезегінде бағдарламалаудың жаңа тәжірибелік әдістерін меңгеруге және ұғуға мүмкіндік береді; әрбір пункттің соңында жаттығулар берілген, олардың бірінші бөлімі жаттығуларды орындауға әдістемелік нұсқаудан, ал екінші бөлімі өз бетімен орындауға арналған жеке тапсырмалардан тұрады, олар оқылған материалдарды толық меңгеру үшін қолданылады; өзін өзі тексеруге арналған бақылау сұрақтары.
Бірінші бөлім «Delphi ортасымен танысу» Delphi ортасында құрылған бағдарламаны толық меңгеру үшін қажет білімді береді: негізгі ұғымдар – класс, объект, құрауыш; бағдарламаның ішкі құрылымы; жобаның құрылымдық элементтерінің өзара байланысы; бағдарламаның құрылуы барысында шешілетін тапсырмалар.
Қазіргі уақытта объектілі – бағытталған бағдарламалар өте танымал болып барады. Артық айтпасақ Delphi ортасында құрылған бағдарламаның 99% пайызы осыларға байланысты ұғымдарға сүйенеді. Сондықтан объектілі – бағытталған бағдарламалаудың негізін, сырттай қарағанда қарапайым нәрселердің ішкі жұмысын түсінбей ары жылжу мүмкін емес. Әдістемелік құралдың екінші бөлімінде «Object Pascal тіліндегі объектілі бағытталған бағдарламалау» объектілі – бағытталған бағдарламалаудың негізгі қағидалары, негізінде класс және объект ұғымы жатқан Object Pascal объектілі моделінің теориялық негізі қарастырылады.
Әдістемелік құралдың үшінші бөлімінде терезелік қосымшаларды құрудың технологиясы қарастырылады – Windows жанұясының операциялық жүйесінде қолданылатын қосымшаның негізгі түрі.
Көмекші құрал келесі мамандықтың студенттеріне арналған: 010240 «Қолданбалы математика», 510230 «Қолданбалы математика және информатика», 0913 «Ақпараттық жүйе (аймақтық және салалық қолдану)», 010540 «Информатика».
Оқу құралы бағдарламалаудың қазіргі технологиясымен танысамын, объектілі бағытталған технологияның негізінде өздерінің меншік бағдарламасын құрамын деген студенттер, оқытушылар, мектеп мұғалімдері және қолданушылардың кең ортасында қолданылуы мүмкін. Turbo/Borland Pascal тілінде бағдарламалаудың жақсы білімі керек деп болжаймыз.
ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ

1. Абрамов В.Г., Трифонов Н.П., Трифонова Г.Н. Введение в язык Паскаль. М.: Наука, 1988.
2. Б.Д.Сыды ов Алгоритмдеу және Бағдарламалау негіздерін оқыту. Алматы 2002.
3. Бондарев В.М., Гублинский В.И., Качко Е.Г. Основа програмирования – Ростов Н/Д: Феникс, 1997.
4. Культин Н.Б.Основы программирования Delphi 7. Санкт-Петербург. БхВ -
Петербург 2003.
5.Лахтин А.С., Искакова Л.Ю. Языки и технология программирования. Начальный курс. Учеб. пособие. Екатеринбург, 1998.
6. Н.Культин. Delphi в задачах и примерах. -СПб.: БХВ - Петербург, 2004.
7. Н.И.Культин. Программирование на Object Pascal в Delphi 5/ -СПб.: БХВ-
Санкт-Петербург, 1999.
8. Н.Ы. Омарова, К.У. Тұрмағамбетова, К.Н. Нүриденова. Паскаль тiлiнде программалау негiздерi. Алматы, “Бiлiм”, 1996.
9. Программирование на С и С++ для Windows 95. Киев, BHV, 1996.
10. С.В.Глушаков, А.Л.Клевцов. Программирование в среде Delphi 7.0.,,
Харьков ФОЛИО, 2003.
11. Санкт-Петербург, 1999.
12. Фаронов В.В. Delphi 5. Учебный курс- М.Нолидж, 2001.
13. Фаронов В.В. Turbo Pascal 7.0. Начальный курс. – Москва, “Нолидж”, 2001.

МАЗМҰНЫ

КІРІСПЕ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .3
1.DELPHI ОРТАСЫМЕН ТАНЫСУ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..5

1.1.Негізгі ұғымдар. Бағдарлама құру кезінде шешілетін
тапсырмалар ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .51.2. Бағдарламаның сыртқы
құрылымы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...6

1.3. Объектілердің классификациясы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..7

2.ОҚУШЫЛАРДЫҢ WORD, EXCEL, PAINT БОЙЫНША БІЛІМІН ТЕКСЕРЕТІН ТЕСТ ЖОБАСЫН
ҚҰРУ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... . ...9
2.1. Оқушылардың Word, Excel, Paint бойынша білімдерін тексеретін тест
жобасын құру ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..9
2.2. Жобаны және пішіннің модулінің файлын сақтау ... ... ... ... ... ... ... ..10
2.3. Негізгі пішіннің жобасы мен модульінің бағдарламалық коды ... ... ... .11
2.4.Aboutbox пішінінің шаблонының негізінде Бағдарлама туралы терезесін
құру ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 14
2.5.Бағдарлама туралы пішінінің бағдарламалық модульін MainForm негізгі
пішінінің модульіне қосу ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ..16
2.6. Тест қосымшасын құру ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .. ..17
2.7. Графикалық элементі бар тестің бірінші сұрағын көркемдеу ... ... ... ...18
2.8.Нәтиже пішінін құру және жобаны аяқтау ... ... ... ... ... ... ... ... ... 20
ҚОРЫТЫНДЫ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .. ... ... .23
ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .25
ҚОСЫМША ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ...26

КІРІСПЕ

Бастапқыда  компьютер болмаған кезде  адамдар барлық есептеу, іс-
жұмыстары  қолмен істеген. Кейін технологияның қарқынды дамуына байланысты 
көптеген  қажетті ақпарат құралдары пайда бола бастады.Осы пайда болған
құралдар ішінде әрине өзімізге аса тиімді ақпарат құралы компьютер де
бар.Компьютер арқылы  ақпаратты сақтауға, өңдеуге, тасымалдауға және де
қабылдауға болады.Оның осы тиімді жақтарын пайдалана отырып, біз өзімізге 
тиісті жұмыстарымызды атқаруға мүмкіндік береді.Дами келе көптеген
программалау тілдері пайда бола бастады.
XXI  ғасыр елімізде қоғамдық информатикаландыруды - мемлекеттік
саясаттың негізгі элементтреінің біріне айналып отыр. Қоғамды
информатикаландыру - деп информатиканы елдің экономикалық нығаюын
қамтамасыз ететін, ғылыми -техникалық прогресін жеделдетін қоғамдық байлық
ретінде жаппай пайдалану және жылдам әрі нақты ақпараттар беруді айтамыз.
Қазіргі таңда пайдалануға арналған арнайы программалар мен программалар
жабдықтары көптен саналады. Сондықтан да осы зерттеудің өзектілігі  ретінде
компьютерлік программалық тілдердің ішінде танымал, әрі жетілген түрі болып
саналып жүрген Borland Delphi 6.0  программалық тілінің мүмкіндіктерін
пайдалану арқылы: тест программалары, кезөкелген пәнді үйрететін
программалар  және т.б. программалар атқаруға болатынын көрсетіп, ұсынып
отырмын. Delphi -дің бірінші нұсқасы 1994 жылы жарыққа шығып ,кейінгі
жылдары оның бірте -бірте кеңейтілген 2,3,4,5,6-нұсқалары жарық
көрді.Мысалы, 5-нұсқа 1999 жылы ,6-нұсқа 2001 жылдың мамыр  айында жарыққа
шықты.5,6-нұсқалардың бір-бірінен айырмашылығы жоқ деуге болады, екеуі де
Windows32  операциялық  жүйесінің негізінде дайындалған. Тек ,Delphi 6,
оған қоса 1991 жылы жарық көрген ,салыстырмалы арзан, Linex операциялық
жүйесінің негізінде  де жұмыс істей алады Delphi 6-да интернет үшін
қосымшаларды дайындау мүмкіндігі  кеңейтілген және берілгендер қорымен
жұмыс істеуге  ұсынылып отырылған кітапқа қарастырылмаған кейбір
өзгешіліктер енгізілген.
Нақты әдістемелік құрал - дербес компьютерлер үшін Delphi
бағдарламалау ортасында қазіргі Windows - қосымшаларын (бағдарламаларды)
құруға арналған. Көмекші құрал қосымшаны құрудың негізгі әдістерін
сипаттауға бағытталған, сонымен бірге орта интерфейсі, қосымшаны құрудың
көрнекілік құралдары және қолданушының бағдарламалық кодын құрудан тұрады.

Әдістемелік құрал үш бөлімнен тұрады. Әдістемелік құралдағы
материалдар: теориялық деректер; иллюстрациялар; көмекші құралда
көрсетілген материалдар көптеген мысалдармен қатар бекітілген, ал олар өз
кезегінде бағдарламалаудың жаңа тәжірибелік әдістерін меңгеруге және ұғуға
мүмкіндік береді; әрбір пункттің соңында жаттығулар берілген, олардың
бірінші бөлімі жаттығуларды орындауға әдістемелік нұсқаудан, ал екінші
бөлімі өз бетімен орындауға арналған жеке тапсырмалардан тұрады, олар
оқылған материалдарды толық меңгеру үшін қолданылады; өзін өзі тексеруге
арналған бақылау сұрақтары.
Бірінші бөлім Delphi ортасымен танысу Delphi ортасында құрылған
бағдарламаны толық меңгеру үшін қажет білімді береді: негізгі ұғымдар –
класс, объект, құрауыш; бағдарламаның ішкі құрылымы; жобаның құрылымдық
элементтерінің өзара байланысы; бағдарламаның құрылуы барысында шешілетін
тапсырмалар.
Қазіргі уақытта объектілі – бағытталған бағдарламалар өте танымал
болып барады. Артық айтпасақ Delphi ортасында құрылған бағдарламаның 99%
пайызы осыларға байланысты ұғымдарға сүйенеді. Сондықтан объектілі –
бағытталған бағдарламалаудың негізін, сырттай қарағанда қарапайым
нәрселердің ішкі жұмысын түсінбей ары жылжу мүмкін емес. Әдістемелік
құралдың екінші бөлімінде Object Pascal тіліндегі объектілі бағытталған
бағдарламалау объектілі – бағытталған бағдарламалаудың негізгі қағидалары,
негізінде класс және объект ұғымы жатқан Object Pascal объектілі моделінің
теориялық негізі қарастырылады.
Әдістемелік құралдың үшінші бөлімінде терезелік қосымшаларды құрудың
технологиясы қарастырылады – Windows жанұясының операциялық жүйесінде
қолданылатын қосымшаның негізгі түрі.
Көмекші құрал келесі мамандықтың студенттеріне арналған: 010240
Қолданбалы математика, 510230 Қолданбалы математика және информатика,
0913 Ақпараттық жүйе (аймақтық және салалық қолдану), 010540
Информатика.
Оқу құралы бағдарламалаудың қазіргі технологиясымен танысамын,
объектілі бағытталған технологияның негізінде өздерінің меншік
бағдарламасын құрамын деген студенттер, оқытушылар, мектеп мұғалімдері және
қолданушылардың кең ортасында қолданылуы мүмкін. TurboBorland Pascal
тілінде бағдарламалаудың жақсы білімі керек деп болжаймыз.

1. DELPHI ОРТАСЫМЕН ТАНЫСУ

1.1. Негізгі ұғымдар. Бағдарлама құру кезінде шешілетін тапсырмалар

Delphi – Windows операциялық жүйесінде жұмыс істеуге бағытталған
бағдарлама құру ортасы. Delphi - дегі бағдарлама қазіргі көркемдік жобалау
технологиясының негізінде құрылады, ал олар өз кезегінде объектілі –
бағытталған бағдарламалау идеясына сүйенеді (2 – ші бөлімді қараңыздар).
Delphi – дегі бағдарлама Object Pascal тілінде жазылады, ол Turbo Pascal
тілінің қабылдауышы мен дамушысы болып табылады. Turbo Pascal бағдарламалау
тілі мен ол қолданылатын бір атты интегралдық құру ортасы кезінде
бағдарламалық өнімді құру құралы, соның ішінде бағдарламалауды оқып –
үйренетін құрал негізінде кеңінен танымал болған. Бұл танымалдық тілдің
қарапайымдылығы, жоғары сапалы компилятор және қолайлы құру ортасына
байланысты. Бірақ бағдарламалық технологиялар бір орында тұрмай ары қарай
дамиды, сондықтан Borland фирмасы (1998 жылдың сәуір айынан бастап Inprise
Corporation) тағы бір жаңалық ашады: Turbo Pascal тілінің орнына Object
Pascal тілі келеді, ол объектілі – бағытталған бағдарламалау концепциясына
сүйенеді.
Delphi және Object Pascal көп жылғы эволюцияның нәтижесі болып
саналады, сондықтан бүгінгі таңда олар қазіргі компьютерлік технологияның
өнімі болып табылады. Жеке тұрғыдан алғанда оны былай айтуға болады, Delphi
– дің көмегімен бағдарламаның әртүрлі типін – консольді қосымшалардан
бастап, деректер базасы мен Internet – те жұмыс істейтін бағдарлама құруға
болады.
Delphi бағдарлама құратын және жаңа бағдарламаны даярлайтын бағдарлама
құру әдістерінен, сондай-ақ құрауыштар кітапханасынан тұрады. Delphi
бағдарламасы – бұл өзара байланысқан бірнеше файлдар. Кез – келген
бағдарлама жоба файлы (мұндай файл .dpr кеңейткішінен тұрады) және бір
немесе бірнеше модульден тұрады (.pas кеңейткіші бар файлдар). Жоба файлы
бағдарламаның жинақтаушы бөлігі болып табылады, ол өте үлкен емес және
Delphi бағдарламалау жүйесінде автоматты түрде қалыптасады.
Класс – берілгендер мен оларға әрекет жасайтын арнайы тип. Ол өріс,
әдіс және қасиеттерден тұрады. Кластың данасы болып объект табылады.
Объект – белгілі тапсырманы орындауға арналған, екілік бағдарламалық
кодтың автономды бөлігі болып саналады. Объектінің барлық құрауыштары
объект болып табылады, бірақ керісінше емес.
Құрауыш – Delphi – дің стандартты класы, Delphi ортасында көрнекілік
бағдарламаны іске асыруға арналған. Құрауыш болып меню, батырмалар,
стандартты диалогтар (мысалы, қаріпті таңдау, файлды сақтау), енгізу
терезесі және редактірлеу терезесі және т.б. табылады. Құрауыштар өріс,
әдіс және қасиеттерден тұрады. Қолданушының құрауыштармен жұмысы, оны
негізгі терезедегі Құрауыштар палитрасынан таңдап және пішіннің терезесіне
орналастырып, олардың қасиеттері мен мазмұнына қарай белгілі оқиғаға
ықпалын икемдеу болып табылады. Delphi құрауыштары қолданушымен жылдам
қарым – қатынас жасау үшін қолданылады.
Құрауыштар қасиеті – белгілі объекті берілгенде немесе өзгергенде
автоматты түрде оның атрибутын өзгертетін құрауыштың өрісі. Құрауыштың
функциясын (атқаратын міндетін) анықтайды.
Құрауыштың оқиғасы – құрауыштың қолданушы немесе операциялық жүйемен
әрекеттесуінің нәтижесінде пайда болады. Әрбір құрауыш стандартты
оқиғалардың жиынынан тұрады.
Құрауыш хабарламаны өңдеу әдісінен тұрады, олардың әрқайсысы
құрауыштың белгілі оқиғаға ықпалын анықтайды (пернені басу немесе тышқанды
жылжыту).
Оқиғаны өңдеу деп – өрбіген оқиғаға жауап ретінде белсенділік
танытатын қосымшаның код бөлімін айтамыз.
Құрауыш пішінге немесе басқа құрауышқа тиісті болуы мүмкін.
Пішін деп - Windows терезесінің қасиеттеріне ие және біркелкі
функционалдық тағайындалумен байланысқан, құрауыштарды орналастыруға негіз
болатын көрнекілік құрауышты айтамыз.
Қосымшаның пішіні қолданушылық интерфейстің негізі болып саналады.
Қосымшада бірнеше пішін болуы мүмкін.
Пішін туралы ақпарат екі типті файлда сақталады: - .dfm және - .pas,
файлдың бірінші типі (пішіннің файлы) – екілік – пішіннің кескінін және
қасиеттерін сақтайды, екінші тип (пішіннің модульі ) сіздің қосымшаңыздың
функциясын іске асыратын кодтардан тұрады және пішін мен оның құрауыштары
үшін оқиғаларды өңдеуді қарастырады. Екі файл да автоматты түрде Delphi –
де синхрондалады. Әрбір пішінге өзінің модульі сәйкес келеді.

1.2.Бағдарламаның сыртқы құрылымы

Delphi - дің көмегімен құрылған бағдарламаның құрылымы дәстүрлі
бағдарламаның құрылымынан өзгешелеу болады, ол өз кезегінде мұндай
бағдарламаларды құрудың ерекшеліктерін шартты түрде көрсетеді. Мұндай
бағдарламаны екі бөлімнен тұрады деп көрсетуге болады: интерфейс –
бағдарламаның бөлімі, ол бағдарламаға ақпаратты енгізуге және оны
шығаруға, сонымен бірге тікелей тапсырманы шешуге арналған операторларды
тағайындауға арналған (есептеу, ақпараттың түрленуі және т.б.). Бағдарлама
өз жұмысында операциялық жүйе, әртүрлі сыртқы құрылғылар, деректер базасы,
басқа бағдарлама және т.б. әрекеттеседі. Сондықтан бағдарламаның соған
қатысты сыртқы құрауыштармен әрекеттесу құрылымын сурет 1.1 көрсетілгендей
түрде көруге болады.
Интерфейс бұл объектілердің жиынтығы, оның көмегімен ақпаратты
белгілі бағытқа жіберу асырылады, - пішін, қарым – қатынас терезелері,
басқару элементтері және т.б. Көптеген жағдайларда таңдап алынған интерфейс
барлық бағдарламаның құрылымын анықтайды.
Объектілер бағдарламада жеткілікті түрде автономды болғандықтан,
олардың арасында ақпаратты жіберу, сонымен бірге бағдарлама мен операциялық
жүйе, бағдарлама мен сыртқы құрылғылар т.б. арасында ақпаратты беру үшін
хабарлама жүйесі қолданылады.
Мұндай бағдарламаның жұмысы да өз сипатында. Әдетте ол іске
қосылғаннан кейін келесі хабарламаны күту режимінде тұрады. Хабарлама пайда
болғанда бағдарлама оған талдау жасайды, қандай әрекет жасау керек екенін
анықтайды, одан кейін сол әрекетті орындап, келесі хабарламаны күтеді.
Әртүрлі хабарлама пайда болғаннан кейін бағдарлама шарт бойынша әртүрлі
әрекет жасайды, барлық орындалатын операторлар бағыныңқы бағдарламалардың
жиынтығын береді, олар әртүрлі объектінің әдістері ретінде бекітіледі
(хабарламаны және оқиғаны өңдеу әдістерін қоса алады), немесе өздік
бағыныңқы бағдарлама. Нақтылы түрде әртүрлі операциялық жүйелер және оларды
баптау, олар белгілі командаларды күтеді, содан кейін оларды өңдеуге
кіріседі.
Объект (TApplication класының) болып бағдарламаның өзі саналады.
Шынында бұл объектіні программист өзі құрмайды, ол Delphi ортасында
автоматты түрде құрылады, бірақ бағдарлама құру кезінде оның әдістері мен
қасиеттерін қолдануға болад.

1.3.Объектілердің классификациясы

Жобаны жоғарыда айтылғандай нақты тағайындалуы анықталған жеке
объектілердің жиынтығы ретінде қарастыруға болады. Бұл объектілерді ортақ
қасиеттері бар кластарға біріктіруге болады. Мұндай кластардың құрылымы
қиынырақ болып келеді, сондықтан оны түгелдей көру үшін Browser бағдарлама
элементтерін көру терезесінің көмегімен көруге болады. Мұнда жобаның
құрылымын ұйыдастыру үшін қолданылатын тек маңызды кластарды ғана
қарастырамыз.
Жобада қолданылатын негізгі объект болып қосымша, пішін және құрауыш
табылады.
Қосымша келіп түскен хабарламаны өңдеу циклін ұйымдастыратын жобаның
негізгі байланыс объектісін көрсетеді.
Пішін интерфейстік элементті көрсетеді, оның арқасында қосымшалар мен
сыртқы құрылғылар арасында ақпарат алмасу үрдісі жүреді. Пішін қосымшада
орналасады, ал қосымша бір немесе бірнеше пішіннен тұруы мүмкін.
Құрауыштар пішінге орналастырылады және ақпаратты алу, түрлендіру және
бейнелеу үшін операцияларды орындауға қатысты объектілерді сипаттайды.
Олардың классификациясы қиындау, сондықтан жиі қолданылатын құрауыштар
тобын қарастырайық. Пішін құрауыштардың кез келген санынан тұра алады.
Құрылымдық түрде жоғарыда көрсетілген құрауыштардың бәрі TComponent
(Құрауыш) класына, объект жобасында қолданылатын жалпы және көп санды
топтарға қарайды. Нақты түрде бұнда тек файлдармен жұмыс істеу, графикалық
әдістер, әртүрлі тізімдер мен ағындар және басқа объектілер қатары ғана
кірмейді. Қосымша меншік TApplication (Қосымша) класын қалыптастырады, ол
тікелей TComponent класының ұрпағы болып саналады.
Кластың басқа элементтері пішіннің өзін қоса алғанда айтарлықтай
қиынырақ құрылымды жасайды. Ең алдымен бұл элементтерді екі топқа бөлуге
болады:
• TControl (Басқару) класын қалыптастыратын басқару элементтері. Басқару
элементтері (TControl класының ұрпақтары болып келген құрауыштар) –
қолданушымен қарым – қатынасты жүзеге асыратын экранда бейнеленетін
құрауыштар (көрнекілік құрауыштар) Бағдарламада қолданушы шарт бойынша
оларды басқара алады (пернетақтаның көмегімен ақпаратты енгізу, оларға
тышқанның көмегімен әсер ету және т.б.). Олар экранда қосымша
орындалғанда бейнеленеді.
• Экранда бейнеленбейтін элементтер (бейнеленбейтін немесе көрнекілік
емес құрауыштар). Олар жүйелік ресурстарға қатынауға жауап береді:
драйвер, деректер базасы, таймер, меню, әртүрлі қиын объектілер,
стандартты диалог терезелеріне ұқсас және т.б. Құру кезінде көрнекілік
емес құрауыштар пиктограмма түрінде бейнеленеді, ал қосымшаны
орындағанда ереже бойынша көрінбейді.
Басқару элементтерін өз кезегінде екі үлкен кластарға бөлуге болады
және олардың арасында принциптік айырмашылық бар:
• Терезелік басқару элементтерінің класы TWinControl (Терезелік басқару
элементі). Терезелік басқару элементі ( TForm, TButton, TEdit, TMemo,
TPanel, TGroupBox және т.б. кластардың құрауыштары) терезелік
функциялардан (немесе процедуралар) тұрады, олардың арқасында ол келіп
түскен ақпаратқа ықпал етеді және экранда активтенеді.
• Графикалық басқару элементтерінің класы TGraphicControl (Графикалық
басқару элементі). Графикалық басқару элементі ( TImage класының
құрауышы – кескін, TPaintBox – сурет салуға арналған панель, TShape –
геометриялық фигура, TCustomLabel – белгінің тегі) мұндай функцияны
басқармайды, тек экранға ақпаратты ғана шығарады, олар тышқан арқылы
берілетін хабарламадан басқа белгілі қимылға ықпалын тигізе алмайды.
Жеке жағдайларда пішін терезелік басқару элементіне жатады.

2. ОҚУШЫЛАРДЫҢ WORD, EXCEL, PAINT БОЙЫНША БІЛІМІН ТЕКСЕРЕТІН ТЕСТ
ЖОБАСЫН ҚҰРУ

2.1. Оқушылардың Word, Excel, Paint бойынша білімдерін тексеретін
тест жобасын құру

• Form1 пішінін ерекшелейміз.
• Объект Инспектіріндегі Caption қасиетіне Оқушылардың Word, Excel,
Paint бойынша білімдерін тексеретін тест деп жазамыз.
• MainMenu құрауышының көмегімен (сурет 2.1. көрсетілгендей) меню
құрамыз, ол құрауыштың стандартты палитрасында бірінші орын алады:
• соған шертеміз, одан кейін пішінге шертеміз;
• пайда болған MainMenu пиктограммасына екі рет шертеміз.
Экранда Оқушылардың Word, Excel, Paint бойынша білімдерін тексеретін
тест пішінінің үстіне Form1.MainMenu1 тақырыбымен тағы бір терезе пайда
болады;
Объект Инспектіріндегі Caption жолына бірінші элемент меню Тест – ті
енгіземіз , ол меню жолағының оң жақ жоғарғы шетінде орналасқан көк
тіктөртбұрышқа жазылады.
Enter батырмасын басу арқылы менюдің бірінші элементінің бірінші
командасын жазуға кірісеміз;
Caption жолына Тестілеу деп жазып, Enter – ді басамыз.
• Аналогиялық түрде келесі командалар үшін Нәтиже және Шығу сөздерін
жазамыз.
Меню командаларын бөлуші сызық арқылы топтарға бөлуге болады, ол үшін
Нәтиже командысынан кейін , Caption жолына тақырып ретінде алу белгісін
енгіземіз – “-”.
• Менюдің келесі элементін құрыңыздар — Көмек:
Меню Тест командасының оң жағында орналасқан тіктөртбұрышты тышқанның
көмегімен активтейміз;
Caption жолына Көмек деп жазып, Enter – ді басамыз;
Аналогиялық түрде келесі операцияларға Нұсқау және Бағдарлама туралы
командаларын жазамыз.
• Тышқанмен негізгі пішінге шерту арқылы негізгі пішінге Form 1.
MainMenu1 терезесінде құрылған менюді орналастырамыз.

Сурет 2.1. Тест бағдарламасының негізгі менюі
• Шығу командасы орындалу үшін оған бағдарлама жазамыз:
- Шығу командасына шертеміз.
Кодтар Редакторы терезесінде жанып - өшіп тұрған тышқанның көрсеткіші
бар бағдарламаның коды пайда болады (Delphi ортасы осы оқиғаны өңдеу үшін
автоматты түрде бос процедураны құрды );
Тышқанның көрсеткіші тұрған позицияға пернетақтаның көмегімен
төмендегі сөзді енгіземіз:
Close;
Сонда мынаны аламыз:
procedure TForm1.N5Click(Sender: TObject);
begin
Close;
end;
• 5 – тапсырмада көрсетілген ереже бойынша жобаны сақтаймыз.
• Run батырмасының көмегімен бағдарламаны орындаймыз.
Біз Оқушылардың Word, Excel, Paint бойынша білімдерін тексеретін
тест жобасының құрылымдық негізін құрдық. Егер жобаның жұмыс істеу
қабілетін тексеретін болсақ, онда менюдің Шығу (оған біз арнайы
бағдарламалық кодты жаздық) командасынан басқа командалары орындалмайтынын
көрдік. Менюдің қалған командаларын әрекетке келтіруді келесі тәжірибелік
жұмыстарда қарастырамыз.

2.2. Жобаны және пішіннің модулінің файлын сақтау

• Мои документы папкасында өзіңіздің меншік папкаңызды келесі түрде
құрыңыз: Топ_Фамилия_Delphi (Мысалы, 3-1_Кабыхан_Delphi).
• Оған салынған Оқушылардың Word, Excel, Paint бойынша білімдерін
тексеретін тест папкасын құрамыз.
• Delphi – дің негізгі менюінде келесі командалар тізімін орындаймыз:
File – Save Project As... немесе құралдар панельіндегі Save Project As
батырмасына тышқанмен шертеміз.
• Save Unit1 As тақырыбы бар диалогтық терезе пайда болады, ол
бағдарлама кодының файлын сақтауға арналған (сурет 2.2.). Үнсіздікпен
файлға Тип файла өрісінде көрсетілгендей .PAS кеңейткіші беріледі.

Сурет 2.2. Негізгі пішіннің модульінің файлын сақтайтын терезе
• Папканы таңдаңыз C:\...\Мои документы\...\Программа_Тест_.
• Имя файла өрісіне – MainForm сөзін енгізіңіз және Сохранить
батырмасына басамыз.
Осыдан кейін жоба файлын сақтау үшін Save Project1 As тақырыбымен
келесі қарым – қатынас терезесі пайда болады (сурет 2.3.). Үнсіздікпен ол
файлға .DPR (Delphi PRoject) кеңейткіші беріледі.
• Имя файла өрісіне – Test сөзін енгізіңіз және Сохранить батырмасына
басамыз.
Енді сіздің жобаңыз Test деп аталады , ал оның файлдары
Программа_Тест_ папкасында орналасады.
Файлдарды жазудың мұндай тізбегі жоба файлы алдын – ала пішіннің
бағдарламалық модульінің денесінен тұратын файл сақталмағанша
сақталмайтынын білдіреді.
• Жобаны жабамыз.

Сурет 2.3. Жоба файлын сақтау терезесі
Сонымен сіздер Delphi ортасымен таныстыңыздар: негізгі терезенің
құрама бөліктерімен – құрал – саймандар панельімен, құрауыштар
палитрасымен, Delphi ортасының негізгі терезелерімен: пішіндер, Объект
Инспектірі және Код Редакторы; пішіннің тақырыбын жазуды үйрендіңіздер,
меню командаларын енгізу, менюдің Выход командасын шерткенде орындалатын
оқиғаның бірінші өңдеуішін құрдыңыздар; жобаны және оның әзірше жалғыз
бағдарламалық модульін сақтауды үйрендіңіздер.

2.3. Негізгі пішіннің жобасы мен модульінің бағдарламалық коды

Негізгі пішіннің жобасы мен модульінің бағдарламалық коды
қарастырылады; Delphi ортасы пішінге құрауышты қосқан кезде оның
бағдарламалық кодын автоматты түрде қосады, оқиға деген түсінік
кіргізіледі және оның оқиғаны өңдеу прцедурасының көмегімен қалай
өңделетіні көрсетіледі.
Зертханалық жұмыста құрылған жобаны іске қосу және жоба мен модульдің
бағдарламалық кодын көру.
• Delphi – ді іске қосамыз.
• Негізгі менюдің командасын орындаймыз: File \ Open Project
• Ашылған терезенің жобалар тізімінен (.DPR кеңейткіші бар файлдар)
TEST.DPR аты бар жобаны тауып аламыз да, оған тышқанның сол жағымен
бір рет шертіп, ОК - ді таңдаңыз немесе пернетақтадан Enter пернесіне
басамыз.
Экранда Оқушылардың Word, Excel, Paint бойынша білімдерін тексеретін
тест тақырыбымен пішін пайда болады.
• Жобаның бағдарламалық кодын көру үшін негізгі менюдің Project\View
Source командасын орындаймыз.
• Көңіл қойып жобаның бағдарламалық кодын қараймыз (Сурет 2.4.).

Сурет 2.4. Жобаның бағдарламалық коды
Жобаның бағдарламалық коды бағдарламаның тақырыбынан, модульді қосу
бөлімінен, компилятор директивасынан және бағдарламаның негізгі денесінен
тұрады.
Бағдарламаның тақырыбы Program қызметші сөзінен тұрады, одан кейін
жобаның атымен сәйкес келетін бағдарламаның аты орналасады. Жобаның аты оны
сақтар кезде беріледі және ол Delphi ортасында орындалатын файлдың атын
анықтайды.
Модульді қосу бөлімі Forms жүйелік модульі мен Mainform модульінен
тұрады, олардың бағдарламалық коды Mainform.pas. файлында жазылады.
Компилятор директивасы {$R *.RES} бағдарламалық файлдың орындалуы
үшін берілгендерден тұратын (мысалы, қосымшаның пиктограммасын сипаттау)
файлдық ресурсты жүктеу үшін тағайындалады. Жұлдызша белгісінің тұруы
ресурс файлының аты жоба файлының атымен дәл келеді, бірақ кеңейткіші .res
болатындығын білдіреді.
• Mainform модульінің бағдарламалық кодын көріп шығамыз (сурет 1.9). Ол
үшін құрал – саймандар панельінің View Unit (тізімнен модульді
таңдау) батырмасына басамыз.
View Unit (модульдерді көру) терезесі пайда болады. ( Бұл терезені
негізгі менюден View\Units... командасын орындау арқылы немесе Ctrl+F12
пернелерінің комбинациясын басу арқылы шақыруға болады.)
• Тізімнен Mainform атын таңдап, OK батырмасына басамыз.
Модульдер Object Pascal бағдарламалық тілінде қарастырылған стандартты
конструкциядан тұрады (бөлімдердің тізбегі мен аттары). Жалпы түрдегі
модульдің құрылымы:
Unit модульдің аты;
interface
...
implementation
...
initialization
...
finalization
...
end.

Сурет 2.5. Модульдің бағдарламалық коды
Модульдің тақырыбы Unit қызметші сөзінен тұрады, ол сіздің алдыңызда
модульдің бағдарламалық коды тұр дегенді білдіреді, одан кейін модульдің
аты орналасқан. Модуль онымен негізгі бағдарлама немесе басқа модуль
қолданылуы үшін құрылады (біздің жағдайда модуль TEST.DPR жобасына
қосылған).
Модульдің бағдарламалық коды модульдің тақырыбы мен төрт бөлімнен
тұрады: интерфейс, жүзеге асыру, инициализация және қорытынды бөлім.
Интерфейс бөлімі interfase сөзінен басталады. Бұл бөлімде негізгі
бағдарламаға немесе басқа модульдерге қатынау мүмкіндігі бар модульдің
барлық ауқымды объектілерін жариялау жатыр (типтер, тұрақтылар,
айнымалылар және бағыныңқы бағдарлама) Ол мыналардан тұрады:
а) модульді қосу бөлімі, uses сөзінен басталады. Біз көріп
отырғанымыздай біздің модульімізге бірнеше жүйелі модульдер қосылған,
олардың әрқайсысы белгілі функцияны атқарады;
б) типтерді сипаттау бөлімі, type сөзінен басталады. Оның құрамында
Delphi ортасында құрылған форма типін сипаттау жатыр (TForm1 класы). Бұл
класс құрауыштар типтерінің тізімі мен қандай да бір оқиғаны өңдеу
процедураларының сипатталуынан тұрады. Біздің класс мыналардан тұрады:
TmenuItem типтес меню элементтері N1, N2, ... N8 , олардың екеуі негізгі
менюдің Тест және Помощь элементтері, ал қалған алтауы меню
командаларына сәйкес келеді: Тестирование, Результат, ----, Выход,
О программе және Инструкция. Delphi құрауыштарды пішінге орналастырған
кезде автоматы түрде осы элементтерді бағдарламалық кодқа қосады;
процедураны сипаттау Procedure N5Click(Sender: Tobject);
в) ауқымды айнымалыларды жариялау бөлімі var сөзінен басталады.
Жүзеге асыру бөлімі implementation сөзінен басталады. Ол меню
командасына тышқанмен шерту, қарым – қатынас терезесінің батырмасына басу,
пернетақтадағы пернеге басу және т.б. оқиғаларды өңдеу процедурасының
денесінен тұрады. Сонымен бірге программистің меншік процедурасы мен
функциясының сипаттамасынан тұруы мүмкін, олар өз кезегінде оқиғаны өңдеу
процедурасынан шақырылады.
Нақ осы жағдайда бұл бөлімде біз бір ғана процедурамен жұмыс істейміз:
procedure TForm1.N5Click(Sender: TObject);
begin
Close;
end;
Бұл процедура меню элементі Выход - қа тышқанмен шерту оқиғасын
өңдейді.
Компилятор директивасы {$R *.DFM}, жүзеге асыру бөлімінің басында
орналасады, ол компиляторға жүзеге асыру бөліміне модульдің атымен ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Тестілеу бағдарламасы туралы жалпы мағлұмат
Мобильді қосымшалардың жіктелуі
Интернет және WWW
Электронды оқулықты пайдалану. Электронды оқулық құрудың жолдары туралы
WWW–мен жұмыс істеу үшін қажетті программалық қамсыздандыру
Нысандарды қарау терезесі
Қашықтықтан оқыту жағдайында цифрлық технологияларды қолданудың маңызы мен ерекшеліктері
Мектепке дейінгі жастағы баланың эмоционалдық саласын дамыту құралдарын қарастыру
Қаланы жылумен қамтамасыз ету қызметінің ақпараттық жүйесін құру. Жылу тұтынуды пәтер бойынша есепке алу ішкі жүйесі
Macromedia Authorware – мультимедиалық оқу құралын жасаудағы визуальды орта
Пәндер