Мемлекет қаржысының мәні мен қызметтері



Жоспары

Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...3
I. ҚАРЖЫ ЖӘНЕ ҚАРЖЫ ЖҮЙЕСІ
1.1.Қаржының мәні ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..5
1.2. Қаржы жүйесінің түсінігі(Қазақстан мысалында) ... ... ... ... ... ... . ... ... ...10

II. МЕМЛЕКЕТ ҚАРЖЫСЫНЫҢ МӘНІ МЕН ҚЫЗМЕТТЕРІ
2.1 Мемлекет қаржысының ұғымына және құрамына жалпы түсінік ... ... ... .13
2.2. Мемлекеттік қаржының қызметтері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .15

III.КОММЕРЦИЯЛЫҚ МЕКЕМЕЛЕР МЕН ҰЙЫМДАРДЫҢ ҚАРЖЫСЫ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 21

Қорытынды ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 26

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...28
Кіріспе

Нарықтық экономика жағдайында экономикалық процестерді реттеудің негізгі құралы ретінде қаржы ерекше орын алатын, құндылық категориялары жұмыс істейді. Қаржы экономиканы мемлекеттік және субъектілер деңгейінде реттеу құралы болып, экономиканың әртүрлі салаларында жұмыс жүргізеді. Қаржы жағдайы олардың әрекеттерінен көрініс тауып отырады. Қаржы тұрақтылығы олардың болуы мен стабильділігі мемлекеттің даму деңгейі мен кәсіпкерлік субъектілердің жағдайын сипаттайды.
Қаржының мәні, оның даму заңдылықтары, тауар –ақша қатынастарын қамту сферасы мен қоғамдық ұдайы өндіріс үдерісіндегі ролі қоғамның экономикалық құрылысымен, мемлекеттің табиғатымен және функцияларымен айқындалады.
Қаржылар ақша қатынастарын белгілейді. Олар қоғамдық қатынастарды қамтамассыздандыру үшін қаржы игіліктерін құру мен пайдалану арқылы ұлттық өнімнің бағамдық құнын бөлу жағдайымен байланысты.
Қаржы жүйесінің буындары бойынша:
1)мемлекетттің қаржысы
2)шаруашлық жүргізуші субъектілердің қаржысы
3) үй шаруашылығының қаржысы болып бөлінеді
Коммерциялық ұйымдар мен мекемелердің қаржылары қаржы жүйесінің негізгі бөлімдері болып табылады. Олар негізінен ұлттық пайда мен қоғамдық өнімнің жинағы құрылатын материалдық өндіріс саласында жұмыс істейді.
Шаруашылықтың қаржылық жағдайлары көптеген өзгерістерге ие болды. Олар экономиканың либерализациясында, жекеменшік түрлерінің өзгеруі, кең ауқымды приватизацияның жүруі, мемлекеттік реттеу жағдайларының өзгеруі, коммерциялық ұйымдар мен мекемелердің салық салу жүйесін жүргізуде көрініс тапты.
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі:

1. Ж. Серікбаева Экономиканың ақша – несиелік реттеудің кейбір аспектілері «Қаржы және қаражат» № 3, 2004ж
2. Сейтқасымов Ғ.С. Ақша, несие, банктер. Алматы: экономика 2001ж
3. Көшенова Б. Ақша, несие, банктер, валюта қатынастары. Алматы, 2002ж.
4. «Қаржы - қаражат» журнал № 9/10, 2008ж
5. Сахариев С. С «Әлем экономикасы» Алматы, 2006ж
6. Основные направления единой государственной денежно-кредитной политики / Деньги и кредит. – 2009, №12.
7. Ілиясов К. К «Қаржы»Алматы, 2009ж
8. Добрынин И.А. Экономическая теория. Санкт-Петербург: Питер, 2007г.
9. Жүнісов Б., Мәмбетов Ұ., Байжомартов Ү. Нарықтық экономика негіздері. Алматы, 2007ж.
10. Маманов С.Н «Экономикалық статистика» Алматы, 2009ж

Пән: Қаржы
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 25 бет
Таңдаулыға:   
Қазақстан Республикасының Білім және Ғылым Министрлігі

Курстық жұмыс

Тақырыбы: Қазақстанның қаржы жүйесі

Пәні: Экономикалық теория

Орындаған:
Тексерген:

Жоспары

Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...3
I. ҚАРЖЫ ЖӘНЕ ҚАРЖЫ ЖҮЙЕСІ
1.1.Қаржының
мәні ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ..5
1.2. Қаржы жүйесінің түсінігі(Қазақстан мысалында) ... ... ... ... ... ... .
... ... ...10

II. МЕМЛЕКЕТ ҚАРЖЫСЫНЫҢ МӘНІ МЕН ҚЫЗМЕТТЕРІ
2.1 Мемлекет қаржысының ұғымына және құрамына жалпы түсінік ... ... ... .13
2.2. Мемлекеттік қаржының
қызметтері ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... .15

III.КОММЕРЦИЯЛЫҚ МЕКЕМЕЛЕР МЕН ҰЙЫМДАРДЫҢ
ҚАРЖЫСЫ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 21

Қорытынды ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..26

Пайдаланылған әдебиеттер
тізімі ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
.28

Кіріспе

Нарықтық экономика жағдайында экономикалық процестерді реттеудің
негізгі құралы ретінде қаржы ерекше орын алатын, құндылық категориялары
жұмыс істейді. Қаржы экономиканы мемлекеттік және субъектілер деңгейінде
реттеу құралы болып, экономиканың әртүрлі салаларында жұмыс жүргізеді.
Қаржы жағдайы олардың әрекеттерінен көрініс тауып отырады. Қаржы
тұрақтылығы олардың болуы мен стабильділігі мемлекеттің даму деңгейі мен
кәсіпкерлік субъектілердің жағдайын сипаттайды.
Қаржының мәні, оның даму заңдылықтары, тауар –ақша қатынастарын қамту
сферасы мен қоғамдық ұдайы өндіріс үдерісіндегі ролі қоғамның экономикалық
құрылысымен, мемлекеттің табиғатымен және функцияларымен айқындалады.
Қаржылар ақша қатынастарын белгілейді. Олар қоғамдық қатынастарды
қамтамассыздандыру үшін қаржы игіліктерін құру мен пайдалану арқылы ұлттық
өнімнің бағамдық құнын бөлу жағдайымен байланысты.
Қаржы жүйесінің буындары бойынша:
1)мемлекетттің қаржысы
2)шаруашлық жүргізуші субъектілердің қаржысы
3) үй шаруашылығының қаржысы болып бөлінеді
Коммерциялық ұйымдар мен мекемелердің қаржылары қаржы жүйесінің
негізгі бөлімдері болып табылады. Олар негізінен ұлттық пайда
мен қоғамдық өнімнің жинағы құрылатын материалдық өндіріс саласында жұмыс
істейді.
Шаруашылықтың қаржылық жағдайлары көптеген өзгерістерге ие
болды. Олар экономиканың либерализациясында, жекеменшік түрлерінің
өзгеруі, кең ауқымды приватизацияның жүруі, мемлекеттік реттеу
жағдайларының өзгеруі, коммерциялық ұйымдар мен мекемелердің салық салу
жүйесін жүргізуде көрініс тапты.
Коммерциялық ұйымдар мен мекемелердің кәсіпкерлік істері барысында
белгілі қаржылық қатынастар туындайды. Олар өзгерісті ұйымдастыру мен
өнімді өткізу, қызмет көрсету мен жұмыстарды орындау, жеке қаржы
игіліктерін құру мен қаржының сыртқы көздерін тарту, оларды бөлу және
қолданумен байланысты болады.
Қаржының арқасында шаруашылық саласында үнемі ауысып отыратын
өндірістік қажеттіліктерді қамтамассыздандырып отырады. Қаржысыз өндірістік
қор айналымын, экономикадағы салалық және территориялық пропорцияларды
реттеу өндіріс дамуын жүзеге асыруы мүмкін емес.
Қаржылық қатынастардың материалдық негізі болып ақша табылады.
Қаржылық қатынастар – ақша қатынастарының бір бөлігі болып, өз капиталы,
орталықтанған және орталықтанбаған ақша қорларын қолданумен жүргізіледі.
Тақырып актуальділігі: нарыққа өту кезеңінде шешімді талап ететін
проблемалар арасында маңызды орындардың бірін ақша қатынастарының бір
бөлігі ретінде қаржыны тұрақтандыру міндеті алады.
Берілген курстық жұмыстың мақсаты: қаржы, қаржы жүйесі және олардың
құрылымдық элементтерін, мемлекеттік қаржының мәнін ашу және оның
қызметтеріне талдау жасау болып табылады.

I. Қаржы және қаржы жүйесі

1. Қаржының мәні

Қаржылардың пайда болуының себебі, мемлекет пен әртүрлі
субъектілердің олардың әрекеттерін қамтамассыздандыратын игіліктерді қажет
ететіндігінде болып табылады. Игіліктердегі қажеттілікті қаржысыз еш бір
салада, не шаруашылықта, не әлеуметтік салада қамтамассыздандыруға
болмайды. Өйткені тек қаржының арқасында өндірістік процесс субъектілері
бойынша құнды бөлу жұмысы жүргізіледі.
Қаржы (қолма-қол ақша, табыс ұғымын білдіретін орта ғасырдағы латын
тілінің сөзінен пайда болған )-тауар-ақша қатынастарымен және мемлекеттің
өмір сүруімен байланысты тарихи қалыптасқан аса маңызды экономикалық
категориялардың бірі. Ол натуралдық шаруашылықтан жүйелі тауар-ақша
айырбасына көшу жағдайында пайда болып, дамыды және мемлекеттің қаржы
ресурстарына қажеттіліктерімен тығыз байланыста болды.
Қаржының мәні, оның даму заңдылықтары, тауар –ақша қатынастарын қамту
сферасы мен қоғамдық ұдайы өндіріс үдерісіндегі ролі қоғамның экономикалық
құрылысымен, мемлекеттің табиғатымен және функцияларымен айқындалады.
Құн категорияларының жүйесінде қаржы белгілі орын алады және өзінің
ішкі ерекшеліктерімен, сонымен бірге ұдайы өндірістегі өзгешелік ролімен
айшықталады. Қаржының ақшалай сипаты оны жүзеге асырудың нысанын және оның
құндық экономикалық категорияға қатыстылығын баса көрсетеді.
Қаржы экономикалық категория ретінде экономикалық заңдардың іс-
әрекетіне негізделеді.
Қаржыны экономикалық категориялардың қатарынан бөліп алу үшін қаржы
құбылысын қараудан оның мәнін-оның болмысының барлық сан алуан нысандарының
бірлігінде көрінетін мән-мағынасының ішкі мазмұнын зерттеуге көшу керек.
Қаржы-ақшалай қатынастардың жиынтығы және олардың ажырағысыз бөлігі,
сондықтан оның ролі мен маңызы экономикалық қатынастарда, ақшалай
қатынастарда қандай орын алатынына байланысты болады. Қаржынгың ақшадан
мазмұны жағынан да , функциялары жағынан да айырмашылығы бар. Ақша-бұл ең
алдымен ассоциацияланылған өндірушілердің еңбек шығындары өлшенетін
жалпыға ортақ балама, ал қаржы –ішкі жалпы өнім мен ұлттық табысты бөлудің
және қайта бөлудің экономикалық тетігі, ақша қорларын жасау мен пайдалануға
бақылау жасаудың құралы.
Қаржының басты белгілерінің бірі-оның тұлғалануының ақша нысаны және
ақшаның нақтылы қозғалысымен қаржылық қатынастардың бейнеленуі. Тауар-
ақша қатынастарының жалпы қамтуындағы сипатқа ие болып отырған рыноктық
экономика жағдайында қаржы нақтылы және үздіксіз болып жататын ақша
айналымын –ақша ағынын бейнелеп көрсетеді.
Ұйымдар қаржыларының қоғамдық міндеті заңды тұлға түрінде қоғамдық
әрекет субъектілерін қаржылық игіліктермен қамтамассыздандыру болып
табылады. Қызмет ету принциптеріне қарай бұл ұйымдар өз қызметін
коммерциялық есеп жағдайында жүргізеді. Басқаша айтқанда, пайда табу
мақсатын көздейді немесе бұндай мақсат қоймай, бірақ олардың жұмысы
қоғамға қажетті және пайдалы болып келеді.
Бұнымен қоса, заңды тұлға ретінде тіркеле алатын әртүрлі қоғамдық
бірлестіктер бар. Заңды тұлғалардың – мекемелердің қаржылары –
төмендегідей бөлінеді: коммерциялық мекемелердің қаржылары, коммерциялық
емес мекемелердің қаржылары, қоғамдық мекемелердің қаржылары.
Өз жұмысының негізгі мақсаты ретінде пайда табуды көздейтін заңды
тұлға коммерциялық мекеме болып табылады. Бұндай заңды тұлға мемлекеттік
мекеме, шаруашылық бірлестік, акционерлік қоғам, өндірістік кооператив
түрінде құрылады. Коммерциялық мекеме кәсіпкерлік қызмет жүргізуге тиісті
болады.
Кәсіпкерлік – тауарға (жұмысқа, қызметке) сұранысты қанағаттандыру
жолымен таза кіріс табуға бағытталған, жекеменшік түріне тәуелсіз заңды
тұлға мен азаматтардың инициативтік әрекеті. Ол жекеменшікте (жеке
кәсіпкерлік) немесе мемлекеттік мекеменің шаруашылық жүргізу құқығына
негізделеді.
Коммерциялық бастамада жұмыс істейтін мекемелерге материалдық
өнеркәсіп саласы, тауар айналымы саласының барлық мекемелер түрі мен
сонымен бірге өнірістік емес сала мекемелерінің бір бөлігі, шағын
мекемелер, жеке кәсіпкерлік, акционерлік қоғам, бірлестік, ассоциация,
коммерциялық банктер, сақтандыру компаниялары жатады.
Коммерциялық бастамада қызмет ететін қаржылық кәсіпорындардың
ұйымдастырылуына үлкен әсерін коммерциялық есеп пен коммерциялық құпия
тигізеді.
Коммерциялық есеп – шығын мен қызмет нәтижелерін ақшалай түрде
салыстыруға негізделген, шаруашылықты жүргізу әдісін белгілейді. Оның
мақсаты болып минимум шығын жұмсап, максимум пайда табу табылады.
Коммерциялық есеп кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыру үшін міндетті кіріс
табу мен тиімділіктің жоғарғы деңгейіне жетуді көздейді. өйтпеген жағдайда,
кәсіпорын қаржысынан айырылып, банкрот деп жарияланып, ликвидацияланады.
Банкротқа түсу – қарыздар жеке кәсіпкер немесе заңды тұлғаның өз
несие берушілерінің талаптарын орындай алмау мен оның пассивтарының
активтарынан жоғары болуына байланысты салықтық және басқа да міндетті
төлемдерді төлей алмау жағдайы болып табылады.
Активтер – кәсіпкерлік субъектісінің мүлкі. Оларға барлық негізгі
және айналымдық құралдар кіреді. Ал пасситер - кәсіпкерлік субъектісінің
міндеттері болып, олар несиелік қарызбен қоса заемдық және сырттан алынған
құралдардан тұрады.
Коммерциялық құпия - бұл бәсекелестерден оқу мен пайда табуға
бағытталған кәсіпорын үшін құнды болып табылатын кез-келген конфиденциалды
басқарушылық, өндірістік, ғылыми-техникалық, сааудалық, қаржылық немесе
басқа да ақпараттар.
Коммерциялық құпия жағдайының орын алуы мен коммерциялық есеп әдісін
қолдану қаржыларды ұйымдастырудың ерекшеліктерін белгілейді. Ол
төмендегідей белгілерге ие болады.
- Коммерциялық мекемелер реальді қаржылық тәуелсіздікке ие. Қаржылық
тәуелсіздік кәсіпкерлік субъектісінің өнімді өткізуден алынған пайданы өз
қалауынша бөлуде, салық төлемдерін қалған кірісті үйлестіруде, өндірістік
және тұтыну қорларын құру мен пайдалануда, өндірісті кеңейту көздерін өз
еркімен табуда, несиелік игіліктерді сырттан алуда, құнды қағаздарды
басуда және тағы басқа жағдайларда көрінеді.
Кәсіпорындар кез – келген коммерциялық банктерде ақшаны сақтау мен
барлық есеп, несие және кассалық операцияларды жүргізуде есептік және басқа
шоттарды ашуға құрылады.
- Қызметтеріне коммерциялық құпия әсер ететін субъектілердің
қаржыларын ұйымдастыру мемлекет тарапынан ұсақ регламентациядан бос болады,
басқаша айтқанда ол толық шаруашылық бостандыққа ие болады. Кәсіпорынның
қаржылық шаруашылық әрекетін мемлекет көп жағдайда құнды құралдар
көмегімен, тиісті салытық, амортизациялық валютаның, экспортты – импорттық
саясатын жүргізеді.
- Коммерциялық мекемелер жұмыс нәтижелері, тұтынушы мемлекет,
банктермен басқа контрагенттер алдында міндеттерді уақытында орындауға
толық қаржылық жауапкершілікте болады. Нарықтық экономика жағдайында
кәсіпорын өз міндеттері үшін жеке мүлкімен жауап беріге тиісті болады.
Міндеттерді орындамағаны үшін кәсіпорындарға негізделген қаржылық
санкциялар жүйесі: айып пұл, төлем ақының өсуі қолданылады. Бұл жағдайда
инновациялық әрекет шығындары қаржылық резерв және сақтандыру жүйесімен
жабылып, шараусыздық шығындары - кіріс есебінен жабылып отырады. Кәсіпорын
жер мен басқа да табиған игіліктерін тиімсіз пайдалану, сыртқы ортаны
ластау, сақтық және өндіріс ережелерін бұзу, санитарлық-техникалық
норманың дұрыс сақтанбауы мен тағы басқа үшін шығындар төлеуге тиісті.
Коммерциялық ұйымдардың қаржылық жауапкершілігінің орындалуы заңмен
қамтамассыздандырылып отырады.
- Коммерциялық мекемелердің қаржыларын ұйымдастыру еңбек нәтижелерін
жақсартуға материалдық қызығушылықты қамтамассыздандыруға бағытталған. Бұл
пайданы үйлестіру жүйесі (ұжымдық қызығушылық) және материалдық сыйақы
(жеке қызығушылық) жүйесі арқылы жүзеге асады.
- Коммерциялық ұйымдардан банк, сақтандыру компаниялары мемлекет
пен қаржылық қарым-қатынасқа түседі. Бұндай қарым-қатынас коммерциялық есеп
принциптерін ескере отырып жүргізіледі. Кәсіпорындар мен банктер бұл
пайдаға бағытталып өз операцияларының қаржылық жағдайын ұйымдастырып, тең
партнерлер: банктер ақылы және шұғыл несиелер ұсынады. Өз клиенттерінен
делдалдық және трастық операциялар үшін коммисиондық төлемдер алады.
Өз кезегінде егер де кәсіпорын бос ақшаны депозиттық шарттарда сақтап
отырса, онда банк оларға проценттер қосып отырады.
Сақтандыру компаниялары коммерциялық кәсіпорындардың әртүрлі
объектілерінің, олардың көптеген қауіптерінің сақтандырылуын жүзеге
асырады. Осының арқасында коммерциялық мекемелердің кәсіпкерлік
қызметтірінің белгілі тұрақты гарантиялары болып табылады.
Сонымен бірге мемлекет кәсіпорынның партнері ретінде жұмыс істейді.
Өйткені соңғысы негізгі салық төлеуші болып, мемлекеттік бюджетке қаржы
түсуін қамтамассыз етеді. Осыған байланысты мемлекет өнеркәсіпті дамытуда
кәсіпкерлік субъектілерінің қызығушылықтарын жоғалтып алмау үшін салық
төлемдерін дұрыс деңгейге қоюға тиісті. Осылайша, коммерциялық мекемелердің
контагенттермен қаржылық қарым – қатынастары коммерциялық есепті
тұрақтандырып, кәсіпкерлік қызмет тиімділігін арттыруға бағытталған.
Коммерциялық кәсіпорындар мен мекемелердің қаржысы – жеке капитал,
ақшалай құралдардың мақсатты қорларын, олардың үйлестірілуі мен пайдалануын
қалыптастыру процестерінің кәсіпкерлік әрекеттеріндегі қаржылық және
ақшалай қатынастары болып табылады.

2. Қаржылық жүйе түсінігі (Қазақстан мысалында)

Қаржы жүйесінің ұғымы қаржы ұғымының одан әрі дамуы және нақтылана
түсуі болып табылады.
Қаржы жүйесі интеграциялық типтің жүйесі болып табылады, оған кіретін
элементтердің тығыз байланысымен және оның қосалқы жүйелерінің бірде-бірі
өздігінен өмір сүре алмайтындығымен анықталады: қаржы, бір жағынан,
өндірістік қатынастардың бір бөлігін білдіреді және сондықтан осы
қатынсатар жүйесінің элементі болып келеді, басқа жағынан, өзінің
функциялық қасиеттері бар өзара байланысты элементтерден тұратын жүйе болып
табылады.
Елдің біртұтас қаржы жүйесі-тиісті ақша қорлары құрылып,
пайдаланылатын қатынастардың, сонымен бірге бұл қатынастарды ұйымдастыратын
органдардың жиынтығы. Қаржы жүйесінің ұғымы кейде тар мағынада, тек
мемлекеттің қаржы мекемелерінің жиынтығы ретінде қолданылады.
Қаржының мәндік сипаттамасы бойынша қаржы жүйесі келесі үш бөліктен
тұрады:
1)қаржылық қатынастардың жиынтығы
2)ақша қорларының жиынтығы
3)басқарудың қаржы аппараты
Қаржыларды функциялық қосалқы жүйелер ретінде салық, бюджет, сыртқы
экономикалық, қаржы жоспарлары, қаржылық бақылаудың заңнамалық қамтамасыз
етілуі және басқалар сияқты қосалқы жүйелерді айт уға болады.
Қаржы жүйесінің буындары бойынша:
1)мемлекетттің қаржысы
2)шаруашлық жүргізуші субъектілердің қаржысы
3) үй шаруашылығының қаржысы болып бөлінеді.
Ұлттық экономика шеңберіндегі қаржылық қатынастардың жиынтығы
мемлекеттің қаржылық жүйесін құрайды. Әлеуметтік-экономикалық қатынастар
көзқарасынан, ол орталықтанған, орталықтанбаған қаржылар және қаржылық үй
шаруашылығынан тұрады.
Орталықтанған қаржылар – бұл мемлекеттік бюджеттік жүйе, мемлекеттік
несие, арнайы бюджеттен тыс қорлар, мүліктік және жеке сақтандыру қорлары.
Олар жалпы ұлттық экономиканы реттеу құралы ретінде, маңызды экономикалық
және әлеуметтік міндеттерді шешуде қолданылады.
Орталықтанбаған қаржылар – жекеменшіктің әр түрлі формаларының
фирмалары мен кәсіпорындарының қаржысы. Бұл заңды тұлғалар, заңды тұлғалар
мен мемлекет, заңды және физикалық тұлғалар арасында қаржылық қатынастар
болып табылады. Өздерінің стимулдаушы қызметтерінде олар жеке шаруашылық
субъектілері шеңберінде экономикалық және әлеуметтік қатынастарды зерттеуде
қолданылады. Фирмалар, кәсіпорындар мен халық шаруашылық салаларын
қаржыландыру қаржы негізін құрайды. Бұнда қаржылық игіліктердің басым
көпшілігі құрылады. Әртүрлі жекеменшік түрлері кәсіпорындарының қаржы
жағдайлары көп жағдайда мемлекеттің жалпы қаржылық жағдайына байланысты
болады.
Нарықтық қатынастар жағдайында кәсіпорындар өз әрекеттерін
коммерциялық есеп негізінде жүзеге асырады. Ал ондағы кірістер шығындарға
сәйкес болып, ұжымдардың өндірістік және әлеуметтік дамуының қайнвр көзі
болып кіріс табады. Кірістің арқасында өндірістік және әлеуметтік қорлар,
инвестицияға арналған құралдар құрылады. Соның ішінде қаржылық нарық
игіліктері де пайдаланылады.
Үй шаруашылығы қаржылары дегеніміз - бұл жеке қаржылар, басқаша
айтқанда, ол бірге тұратын және ортақ шаруашылық жүргізетін физикалық
тұлғалар арасында болатын қарым- қатынастар. Отбасына қарағанда,
шаруашылық тек туысқандардан ғана құрылмай, сонымен бірге үй шаруашылығы
бюджетіне өз үйлесін қосқан адамдардан тұра алады.
Қаржы жүйесінің әр элементі өндіріс процесіне ерекше әсер етіп, өзіне
ғана тән функцияларға ие болады. Осылайша, орталықтанған қаржының көмегімен
мемлекеттің орталықтанған қаржының негізіне игіліктер жинақталып, олардың
ұлттық шаруашылық, экономикалық аймақ халықтың жеке топтарының арасында
бөлініп, қайта бөлінуі жүгізіледі. Орталықтанған қаржылар шеңберінде
бюджеттік емес қаржылар қатаң мақсаттық бағытқа ие болады. Қазақстан
Республикасының үлкен әлеуметтік Зейнет Қоры мемлекет азаматтарына
зейнетақы төлемдерін жинайды. Мүліктік және жеке сақтандыру қорлары төтенше
жағдайлармен, табиған құбылысьтары мен кәсіпорындар мен халыққа
келтірілген шығынды өтеуге бағытталған және сақтандыру жағдайы орын
алғанда сақтандыруға тіркелген тұлға немесе оның отбасына материалдық
төлемдер жасауға бағытталған. Мемлекеттік несие орталықтанған қаржылардың
элементі ретінде мемлекет пен заңды және физикалық тұлғалар арасындағы
несиелік қарым-қатынастарды сипаттайды. Онда көп жағдайда мемлекет қаржыны
беруші ретінде жұмыс жүргізеді.
Мекеме қаржысы өндірісті қамтамассыздандырып отырады. Олардың
арасында валдық ұлттық өнім құрастырылады. Ол өз кезегінде мекеме ішінде
және ұлттық шаруашылық қажеттіліктерінің салалары бойынша бөлінеді.
Қаржылар үй шаруашылығының өмірінің материалдық негізі болып
табылады. Себебі олар қоғамның жеке экономикалық бөлігі шеңберінде болатын
кірістер мен шығындардың бақылауын белгілейді.
Осылайша қаржылық жүйенің әр бөлігі қаржылық қатынастардың белгілі
сапасыен сипаттайды. Ал жалпы қаржылық жүйе қаржы қатынастарының әртүрлі
салалық жиынтығын көрсетеді. Бұл процесте ақша қорлары қалыптасып,
пайдаланып отырады.
Макроэкономикалық талдау мен ұлттық экономиканың дамуындағы мемлекет
ролі тұрғысынан алғанда, мемлекеттік қаржылар ерекше мәнге ие болады.

2. МЕМЛЕКЕТ ҚАРЖЫСЫНЫҢ МӘНІ МЕН ҚЫЗМЕТТЕРІ

2.1 Мемлекет қаржысының ұғымына және құрамына жалпы түсінік

Мемлекеттің қаржысы мемлекеттің экономикалық, әлеуметтік, саяси
функцияларын орындау үшін оны қажетті ақша ресурстарымен қамтамасыз ететін
елдің қаржы жүйесінің маңызды сферасы болып табылады және олар экономика
мен социумдағы сан алуан өзара байланыстарды қамтитын мемлекеттік сектордың
өндірістік және әлеуметтік қатынастардағы іс-қимылымен байланысты.
Экономикалық мәні жағынан мемлекеттің қаржысы мемлекеттің, оның
кәсіпорындарының функцияларын орындауға пайдалану үшін қоғамдық өнімнің
құны мен ұлттық байлықтың бір бөлігін бөлу және қайта бөлумен байланысты
болатын ақшалай қатынастарды білдіреді.
Мемлекет (өзінің билік пен басқару органдары арқылы), бір жағынан, жеке
кәсіпорындар, ұйымдар, мекемелер, азаматтар, басқа жағынан, бұл сферадағы
ақшалай қатынастардың субъектілері болып табылады.
Ішкі ұлттық өнімнің өсуімен салыстырғанда мемлекеттің шығыстары
көлемінің озыңқы қарқынмен өсуі мемлекеттің қаржыларына тән сипат болып
табылады. Бұл құбылыс 20 ғасырдағы неміс экономисі Вагнердің заңы-Өспелі
мемлекеттік белсенділік заңы ретінде белгілі. Бұл заңға сәйкес өнеркәсіп
саласы дамыған елдерде мемлекеттің шығындары өндіріс көлеміне қарағанда
жылдамырақ өсуі тиіс. А.Вагнер мемлекеттік белсенділіктің өсуін үш
фактормен байланыстырады:
1) экономика дамуының нәтижесінде экономикалық тірліктің күрделенуімен
және еңбек бөлінісінің тереңдеуімен; бұл мемлекет тарапынан тиімді және
ұтымды экономиканы, құқық тәртібін, заң қызметтерін кеңейтуді қолдаудың
қажеттігіне жеткізеді;
2) техника мен технология дамуы капиталдың үлкен мөлшеріне қажеттілікті
қажет етеді, бұл капиталды майда фирмалардың алдында артықшылықтары бар
акционерлік компаниялар немесе мемлекеттік корпорациялар қамтамасыз ете
алады; мемлекет монополиялардың қызметін реттеу үшін техникалық шарттар
бойынша олар құрылатын өндірістерге қатысуы тиіс;
3) көрсетілетін қызметтерден болатын пайда экономикалық бағалауға
төзбейтін білім беру және денсаулық сақтау сфераларында мемлекет
белсенділікті күшейтеді.
Сөйтіп, Вагнердің заңы рыноктық шаруашылықтың белгілі бір шектеулігін
және экономикалық үдерістерді мемлекеттік реттеудің қажеттілігін
дәлелдейді.
Мемлекет қаржысы үшін көп дәрежеде бөлгіштік тұжырымдаманың іс-әрекеті
қолайлы. Сондықтан ол бөлу мен бақылау функцияларын орындайды.
Мемлекеттің қаржысы республикалық және жергілікті деңгейлерде іс-әрекет
етеді және мемлекеттік бюджетті, мемлекеттік бюджеттен тыс қорларды,
мемлекеттік кредитті, мемлекеттік және муниципалдық кәсіпорындар мен
ұйымдардың қаржыларын біріктіреді. Аталған буындардың түрлі функциялық
арналымының арқасында мемлекет экономикалық, әлеуметтік, саяси үдерістердің
үлкен спектірнде, салалық және аумақтық проблемаларды шешуге ықпал етеді.
Экономикалық және әлеуметтік сфераға мемлекеттік басшылықтың деңгейіне
қарай мемлекеттің қаржысы жалпымемлекеттік және жергілікті қаржылар болып
бөлінеді.
Функциялық арналымы бойынша мұндай сан алуан қаржылық байланыстардың
арқасында мемлекет аумақтық, сондай-ақ салалық аспектілерде көптеген
экономикалық және әлеуметтік үдерістерге ықпал жасай алады.

2.2 Мемлекеттік қаржының қызметтері

Мемлекеттің қаржылық қызметі мына факторларға:
-мемлекеттің іс-қимыл етуінің нақтылы кезеңдеріндегі оның міндеттеріне
-қаржы құқығы субъектілерінің қызметі негізделген меншіктің
нысандарына
... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Құйылым шығындары
Корпорациялар қаржысының мазмұны және оларды ұйымдастыру
Мемлекет қаржысының жалпы сипаттамасы
Құйылым пайдаларын түзету
Мемлекет қаржысы туралы
Мемлекет қаржысы
Шаруашылық жүргізуші субъектілер сыныптамасы
Кәсіпорын қызметін бағалау көрсеткіштері
Корпоративтік қаржы қызметтері
Мемлекеттік қаржы туралы
Пәндер