Мемлекет функцияларының түсінігі,құрылымы



МАЗМҰНЫ

КІРІСПЕ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 3

1 МЕМЛЕКЕТ ҚЫЗМЕТІНІҢ ТҮСІНІГІ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 5
1.1 Мемлекеттік қызмет және мемлекеттік қызметке кіру ... ... ... ... ... ... 5 1.2 Мемлекеттік қызметшілердің құқықтық жағдайы ... ... ... ... ... ... ... . 8
1.3 Мемлекет қызметінің орындалу әдістері мен мемлекет қызметін жүзеге асырудың нысандары мен әдістері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... . 11 1.4 Мемлекеттік қызмет және оның даму болашағы ... ... ... ... ... ... ... ... 14

2 МЕМЛЕКЕТТІК ОРГАНДАРДЫҢ ТҮРЛЕРІ ЖӘНЕ ҚЫЗМЕТІ ... . 17
2.1 Мемлекет органы түсінігі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .. 17 2.2 Атқарушы билік және сот билігі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... . 19 2.3 Жергілікті мемлекеттік басқару органдары ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .. 23

ҚОРЫТЫНДЫ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 25

ПАЙДАЛАНҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 27
КІРІСПЕ

Мемлекет функциялары – бұл мемлекеттің қызметінің негізгі бағыттары, олардан мемлекеттің мәні мен мақсаты көрініс табады. Мемлекеттің функциялары оның міндеттерімен тығыз байланысты, олар мемлекеттің мәніне тәуелді болып келеді және оның өзгеруіне қарай өздері де өзгереді. Сонымен, мемлекет функциялары – ауыспалы сипаттағы категория. Олар мемлекет түрінің басқа түрге ауысу жағдайында да өзгереді.
Функция – заң ғылымында мемлекет пен құқықтың алдында тұрған мүдде-мақстаттарды, міндеттерді орындау қызметінің негізгі бағыттарын және оның әдіс-тәсілдерін анықтап іске асыруды біріктіреді. Осы тұрғыдан мемлекеттің, үкіметтің, мемлекет аппаратының функциясы деген заңды ұғым қалыптасады.
Мемлекеттің функциясы Кеңестік дәуірде өте кең түрде пайдаланылады. Функция мемлекеттің таптық мазмұнына сәйкес өзгеріп, ескіріп, жаңарып отырады. Қазіргі кезеңде Кеңес Одағы ыдырап, республикалар дүниежүзілік қауымдастыққа бет бұрып, либерал-демократиялық даму процесіне көшкенде мемлекеттің функциясын тек қоғамның таптық мазмұнына сәйкес қарастыру дұрыс болмады. Себебі, функцияның дамуына таптармен бірге халықтың рухани сана-сезімі, мәдениеті, глобальдық мәселелері зор әсер етеді. Бұл дүниежүзілік саяси көзқарас.
Кеңестік дәуірді де, қазіргі кезеңде де мемлекеттің функциясын дамытуға көп көңіл бөлінеді. Өйткені функцияның мазмұнын терең түсініп, білу тек мемлекеттің бүгінгі жұмысын, қызметін жақсарту ғана емес, сонымен бірге қоғамның мемлекеттің тарихи даму процесін зерттеп, дұрыс түсінуге көп үлес қосуы. Функция мемлекетпен, қоғаммен бірге дамып, бірге өмір сүріп келеді. Бұл объективтік процесс. Қазіргі заманда Қазақстан Республикасының функциясы күрт өзгеріп, дамуда, негізгі бағыты нарықты экономиканы қалыптастыру, либерал-демократиялық мемлекетті орнату.
Мемлекет функцияларын түрлерге бөлуді әртүрлі негіздер бойынша жүзеге асыруға болады:
а) әрекет ету ұзақтығына қарай функциялар тұрақты және уақытша боылп бөлінеді. Тұрақты функциялар мемлекет дамуының барлық кезеңдерінде жүзеге асырылса, уақытша функциялар төтенше сипаттағы белгілі бір міндетті шешумен өз әрекетін жояды.
ә) маңыздылығына қарай – негізгі және қосымша функциялар;
б) қоғамдық өмірдің қай саласында жүзеге асырылуына байланысты – ішкі және сыртқы функциялар.
ПАЙДАЛАНҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ

1 Өзбекүлы С, Қопабаев Ө. Мемлекет және құқық теориясы: Оқулық. -Алматы: Жеті жарғы, 2006. - 264 б.
2 Ағдарбеков Т. Құқық және мемлекет теориясы. - Қарағанды: Болашақ -Баспа, 2002. - 320 б.
3 Андабеков Ш. Мемлекет және құқық теориясы. Қарағанды 2002
4 Әділбекова Қ.Қ, Жақсыбаева Г.М. «Мемлекет және құқық теориясы» пәні бойынша мемлекет бөліміне арналған сызбалар. Қарағанды 2006
5 Байжанова Г.Т., Әділбекова Қ.Қ Мемлекет және құқық теориясы пәні бойынша терминдердің түсіндірме сөздігі. Қарағанды 2001
6 Байжанова Г.Т., Әділбекова Қ.Қ Мемлекет және құқық теориясы пәні бойынша мемлекет бөліміне арнлған дәрістер жинағы.Қарағанды 2003
7 Байжанова Г.Т., Әділбекова Қ.Қ Мемлекет және құқық теориясы пәні бойынша құқық бөліміне арналған дәрістер жинағы.қарағанды 2005
8 Байжанова Г.Т.,Әділбекова Қ.Қ. Мемлекет және құқық теориясы пәні бойынша әдістемелік құрал. Қарағанды 2001
9 Баймаханов М. Т. Ағымдағы Заңдардың дамуына және жұмыс істеуіне Конституцияның ықпал етуінің кейбір формалары. Жалпы құқық және мемлекет. 2001.№1. 15-бет
10 Баққұлов С. /Құқық негіздері/ Оқулық, 2-ші басылым. Алматы, 2004. -248 б.
11 Бюргенталь Т. Халықаралық адам құқықтары: Қысқаша шолу. -/Ағымдағы аударым. - Алматы: Ғылым, 1999. 320 б.
12 Жоламан Қ. Д. Мемлекет және құқық теориясы. Окулық: «Тұр - пресс» - Алматы, 2005 - 296 б.
13 Қазақ мемлекеттік заң академиясының 5 жылдық мерейтойына арналған ғылыми - теориялық конференциясының материалдары (Алматы қаласы, 17-наурыз 1999ж) - Алматы БПО Қаз МЗА, 2000.-480 б.

Пән: Кеден ісі
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 30 бет
Таңдаулыға:   
КУРСТЫҚ ЖҰМЫС

тақырыбы: Мемлекет функцияларының түсінігі,құрылымы

Орындады:

Ғылыми жетекші: .

МАЗМҰНЫ

КІРІСПЕ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .
3

1 МЕМЛЕКЕТ ҚЫЗМЕТІНІҢ
ТҮСІНІГІ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 5
1.1 Мемлекеттік қызмет және мемлекеттік қызметке
кіру ... ... ... ... ... ... 5
1.2 Мемлекеттік қызметшілердің құқықтық
жағдайы ... ... ... ... ... ... ... . 8
1.3 Мемлекет қызметінің орындалу әдістері мен мемлекет қызметін
жүзеге асырудың нысандары мен
әдістері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .. 11

1.4 Мемлекеттік қызмет және оның даму
болашағы ... ... ... ... ... ... ... ... . 14

2 МЕМЛЕКЕТТІК ОРГАНДАРДЫҢ ТҮРЛЕРІ ЖӘНЕ ҚЫЗМЕТІ ... . 17
2.1 Мемлекет органы түсінігі
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 17
2.2
Атқарушы билік және сот билігі
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .. 19

2.3 Жергілікті мемлекеттік басқару
органдары ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... 23

ҚОРЫТЫНДЫ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... 25

ПАЙДАЛАНҒАН ӘДЕБИЕТТЕР
ТІЗІМІ ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... .. 27

КІРІСПЕ

Мемлекет функциялары – бұл мемлекеттің қызметінің негізгі бағыттары,
олардан мемлекеттің мәні мен мақсаты көрініс табады. Мемлекеттің
функциялары оның міндеттерімен тығыз байланысты, олар мемлекеттің мәніне
тәуелді болып келеді және оның өзгеруіне қарай өздері де өзгереді. Сонымен,
мемлекет функциялары – ауыспалы сипаттағы категория. Олар мемлекет түрінің
басқа түрге ауысу жағдайында да өзгереді.
Функция – заң ғылымында мемлекет пен құқықтың алдында тұрған мүдде-
мақстаттарды, міндеттерді орындау қызметінің негізгі бағыттарын және оның
әдіс-тәсілдерін анықтап іске асыруды біріктіреді. Осы тұрғыдан мемлекеттің,
үкіметтің, мемлекет аппаратының функциясы деген заңды ұғым қалыптасады.

Мемлекеттің функциясы Кеңестік дәуірде өте кең түрде пайдаланылады.
Функция мемлекеттің таптық мазмұнына сәйкес өзгеріп, ескіріп, жаңарып
отырады. Қазіргі кезеңде Кеңес Одағы ыдырап, республикалар дүниежүзілік
қауымдастыққа бет бұрып, либерал-демократиялық даму процесіне көшкенде
мемлекеттің функциясын тек қоғамның таптық мазмұнына сәйкес қарастыру дұрыс
болмады. Себебі, функцияның дамуына таптармен бірге халықтың рухани сана-
сезімі, мәдениеті, глобальдық мәселелері зор әсер етеді. Бұл дүниежүзілік
саяси көзқарас.
Кеңестік дәуірді де, қазіргі кезеңде де мемлекеттің функциясын
дамытуға көп көңіл бөлінеді. Өйткені функцияның мазмұнын терең түсініп,
білу тек мемлекеттің бүгінгі жұмысын, қызметін жақсарту ғана емес, сонымен
бірге қоғамның мемлекеттің тарихи даму процесін зерттеп, дұрыс түсінуге көп
үлес қосуы. Функция мемлекетпен, қоғаммен бірге дамып, бірге өмір сүріп
келеді. Бұл объективтік процесс. Қазіргі заманда Қазақстан Республикасының
функциясы күрт өзгеріп, дамуда, негізгі бағыты нарықты экономиканы
қалыптастыру, либерал-демократиялық мемлекетті орнату.
Мемлекет функцияларын түрлерге бөлуді әртүрлі негіздер бойынша жүзеге
асыруға болады:
а) әрекет ету ұзақтығына қарай функциялар тұрақты және
уақытша боылп бөлінеді. Тұрақты функциялар мемлекет дамуының барлық
кезеңдерінде жүзеге асырылса, уақытша функциялар төтенше сипаттағы белгілі
бір міндетті шешумен өз әрекетін жояды.
ә) маңыздылығына қарай – негізгі және қосымша функциялар;
б) қоғамдық өмірдің қай саласында жүзеге асырылуына
байланысты – ішкі және сыртқы функциялар.
Мемлекеттің ішкі функциялары – оның алдында тұрған ішкі
міндеттерді шешудегі қызметінің негізгі бағыттары. Ішкі функцияларға
мыналар жатады: адам және азамат құқықтары мен бостандықтарын қорғау,
құқықтық тәртіпті қамтамасыз ету функциясы, экономикалық функция және
мәдени функция.
Мемлекеттің сыртқы функциялары – оның алдында тұрған сыртқы
міндеттерді шешуге байланысты қызметінің негізгі бағыттары. Сыртқы
функцияларға мыналар жатады: мемлекетті қорғау функциясы, бейбіт тәртіпті
сақтау функциясы, басқа мемлекеттермен одақтасу функциясы және т. б.
Мемлекеттің функциясы туралы әр түрлі ой-пікірлер бар. Солардың бірі –
функция көп өзгеріске ұшырамайтын деп, бірнеше түрлерін келтіреді: жалпы
қоғамдық, әлеуметтік, таптық, үлттық, ғылыми-техникалық, экологиялық,
интернационалдық функциялар. Функцияны жүйелеудің келесі түрі: тұрақты және
уақытша функциялар: негізгі және негізсіз функциялар; заңды қабылдау,
орындау, қорғау функциялары. Мемлекеттердің көпшілігі функцияны ішкі және
сыртқы функциялар деп екіге бөледі. Осы пікірді қазіргі заманда мемлекеттер
дұрыс деп қолдануда.
Мемлекеттің функциясының орындалуын қамтамасыз ететін – мемлекеттік
аппарат пен органдар. Әуелі функцияны орындау үшін тиісті мемлекеттік орган
құрылады. Бірнеше органдар функцияның мазмұнына қарай мемлекеттік аппаратты
қалыптастырады. Функцияның орындалу кезең-сатылары: функция – орган –
аппарат – мемлекет. Мемлекеттің функциясы арқылы қоғамның алдында тұрған
мүдде-мақсаттардың мазмұнын, оның орындалу бағыттарын, толық білуге болады.
Мемлекет қызметінің (функциясының) негізгі белгілері:
- қызметтің жүйесі, оның атқаратын жұмыстарының мазмұны және
қатынастардың түрлері арқылы анықталады;
- функция сарапталып, жіктеліп, кешенді түрде жүргізіледі;
- мемлекеттің қызметі аппаратының қызметіне ұқсамайды.
Мемлекет функциясы қоғамдық көлемде жүргізіледі;
- мемлекеттің атқаратын қызметін мемлекеттік жұмыстарының әдіс-
тәсілінен айыра білуге болады;

1. МЕМЛЕКЕТ ҚЫЗМЕТІНІҢ ТҮСНІГІ

1.1Мемлекеттік қызмет және мемлекеттік қызметке кіру

Мемлекеттік қызмет - азаматтардың мемлекеттік мекемелерде қызмет атқаруы,
жұмыс істеуі. Бұл қызмет қоғамдағы еңбектің ерекше түрі. Бұл туралы заң,
инструкция болады. Мемлекеттік аппарат тиісті мамандармен, іскер, сенімді
азаматтармен толықтырылып құрылады. Мемлекеттік қызмет бірнеше категорияға
бөлінеді:
А) Мемлекеттік билік органдарының қызметкерлері: (заң шығару, заңды
орындау, заңды корғау органдары).
Б) Жұмыстың сипатына қарай қызметкерлер үшке бөлінеді: басшылар,
мамандар, техникалық персонал.
В) Мамандығының сипатына қарай қызметкерлер екіге бөлінеді: мемлекеттік -
билік өкілеттігі бар қызметкер және өкілеттігі жоқ қыз-меткерлер.
Мемлекеттік өкілеттігі бар лауазымды тұлғалар 3 топқа бөлінеді:
категория "А" Президент, Премьер-министр, Палаталардың басшылары,
Министрлер, т.б. Жоғарғы мемлекеттік аппараттың басшылары; категория "Б"
бірінші топтағы лауазымды тұлғалардың кеңесшілері, көмекшілері,
орынбасарлары; категория "В" екінші топтағы лауазымды тұлғалардың
орынбасарлары, көмекшілері.
Мемлекеттік қызметтегі лауазымды тұлғалар әкімшілік жауапкершілікке
тартылады. Егерде қызметінде мекемеге шығын келтірсе оны төлейді, қылмыс
жасаса қылмыстық жауапкершілікке тартылады. Мемлекет қызметінің негізгі
мүдде-мақсаты: - адамның элеуметтік, моралдық, материалдық, рухани, мәдени,
экологиялық тілектерінің толық орындалуын қамтамасыз ету. Жеке тұлғалардың
мүдделерін орындау арқылы мемлекет қоғамды жақсы дамытып нығайтады, қарым-
қатынастарды дұрыс реттеп-басқарады [6, 94б].
Техникалық қызмет көрсетудi жүзеге асыратын және мемлекеттiк
органдардың жұмыс iстеуiн қамтамасыз ететiн адамдар мемлекеттiк қызметшiге
жатпайды. Мұндай адамдардың тiзбесiн Қазақстан Республикасының Үкiметi
белгiлейдi.
Мемлекеттiк қызмет iстерi жөнiндегi уәкiлеттi орган мен оның аумақтық
бөлiмшелерi Мемлекеттiк қызмет iстерi жөнiндегi уәкiлеттi орган (бұдан әрi
- уәкiлеттi орган) Қазақстан Республикасының Президентiне тiкелей бағынысты
және есеп беретiн, мемлекеттiк қызмет саласында бiрыңғай мемлекеттiк
саясатты iске асыруды жүзеге асыратын мемлекеттiк орган, оған мынадай
өкiлеттiктер жүктеледi.
Мемлекеттiк қызметтi жетiлдiру және оның тиiмдiлiгiн арттыру саласында
мемлекеттiк бағдарламаларды әзiрлеуге және iске асыруға қатысу.
Мемлекеттiк қызметтi жүзеге асыру үшiн нормативтiк құқықтық базаны
жетiлдiру жөнiнде ұсыныстар әзiрлеу, сондай-ақ өз құзыретi шегiнде заңдарда
белгiленген тәртiппен нормативтiк құқықтық актiлер қабылдау.
Мемлекеттiк әкiмшiлiк лауазымдар санаттарына үлгiлiк бiлiктiлiк талаптарын
әзiрлеу және бекiту.
Мемлекеттiк қызмет қызметшiлерi жөнiндегi республикалық деректер
базасын қалыптастыруды қоса алғанда, мемлекеттiк қызмет кадрлары жай-
күйінің мониторингiн жүргiзу, сондай-ақ мемлекеттік әкімшілік қызметшілер
лауазымдарына орналастыру үшін кадрлар резервiн қалыптастыру.
Мемлекеттiк қызметшiлердiң еңбегiне ақы төлеу жүйесiн жетiлдiру, оларды
әлеуметтiк-құқықтық қорғау жөнiнде ұсыныстар әзiрлеу.
Мемлекеттiк әкiмшiлiк қызметшiлер лауазымдарының тiзбесiн және осы Заңға
сәйкес өзге де актілердi әзiрлеу және оларды Қазақстан Республикасы
Президентiнiң бекiтуiне ұсыну.
Мемлекеттiк органдардың мемлекеттiк қызметшiлер даярлау, қайта даярлау
және бiлiктiлiгiн арттыру, оның iшiнде шетелдерде де, мәселелерi жөнiндегi
қызметiн үйлестiру.
Шет елдерде мемлекеттiк қызметшiлердi даярлау, қайта даярлау және
бiлiктiлiгiн көтеруге жiберу.
Мемлекеттiк бағдарламалар бойынша мемлекеттiк тапсырысты қалыптастыру
мен орналастыруды және мемлекеттiк қызметшiлердi даярлауды, қайта даярлау
мен олардың бiлiктiлiгiн арттыруды үйлестiру.
Мемлекеттік әкiмшiлiк қызметшiлерден сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық
жасағаны үшiн берiлген тәртiптік жазаны мерзiмінен бұрын алып тастауға
келiсiм беру.
Мемлекеттiк органдардың мемлекеттiк қызмет саласындағы заңдарды сақтауын
бақылауды жүзеге асыру.
Мемлекеттiк әкiмшiлiк лауазымды атқаруға арналған конкурстарды өткiзу
тәртiбiн белгiлеу, сондай-ақ конкурстардың дұрыс өткiзiлуiн бақылауды
жүзеге асыру.
Кандидаттың қойылатын біліктілік талаптарына сай келуі бөлігінде
мемлекеттік әкімшілік лауазымға тағайындауға келісу.
Мемлекеттiк органдардың нормативтiк құқықтық актiлердi бұза отырып
қабылдаған шешiмдерiнiң күшiн жою туралы ұсыныстар енгiзу.
Мемлекеттiк қызметшiлердiң мемлекеттiк қызмет туралы заңдардың қолданылу
мәселелерi бойынша мемлекеттiк органдардың немесе лауазымды адамдардың iс-
әрекетi мен шешiмiне жасалған шағымдарын қарау.Мемлекеттiк саяси
қызметшiлердiң мемлекеттiк қызметке кiруi тағайындау не сайлау негiзiнде,
сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген басқа да
реттерде, тәртiп пен жағдайларда жүзеге асырылады. . Мемлекеттік
қызметшінің мемлекеттік әкімшілік лауазымға орналасуы ол тиісті бос тұрған
лауазымға қойылатын біліктілік талаптарына сай келген жағдайда, мемлекеттік
қызметшінің және уәкілетті органның немесе оның аумақтық бөлімшесінің
келісімімен конкурстық іріктеусіз ауысу тәртібімен жүзеге асырылуы мүмкін.

..Өз өкiлеттiгiн доғарған,
терiс себептермен доғарғандарын қоспағанда, және қойылатын бiлiктiлiк
талаптарына сай келетiн Парламент депутаттарының, тұрақты негiзде жұмыс
iстейтiн мәслихат депутаттарының, мемлекеттiк саяси қызметшiлердiң,
судьялардың мемлекеттiк әкiмшiлiк лауазымға конкурстық iрiктеусiз орналасу
құқығы бар. Парламент депутаттарының, тұрақты негiзде жұмыс iстейтiн
мәслихат депутаттарының, мемлекеттiк саяси қызметшiлердiң, судьялардың
мемлекеттiк әкiмшiлiк лауазымға орналасу тәртiбiн Қазақстан Республикасының
Президентi айқындайды. Мемлекеттiк қызметке кiру кезiнде жынысына,
нәсiлiне, қай ұлтқа жататынына, тiлiне, әлеуметтiк тегiне, мүлiктiк
жағдайына, тұрғылықты жерiне, дiнге қатынасына, сенiмiне, қоғамдық
бiрлестiктерге қатыстылығына және кез келген өзге де мән-жайларға қарай
қандай да болсын тiкелей немесе жанама шектеулер белгілеуге жол берiлмейдi.
Мемлекеттiк қызметке кiру кезiнде қойылатын талаптар
1. Мемлекеттiк қызметке кiретiн адамдар мынадай талаптарға:
1) Қазақстан Республикасының азаматы болуға;
2) егер Республиканың заңдарында тиiстi лауазымдар жөнiнде өзгеше
белгiленбесе, жасы он сегiз жастан кем болмауға;
3) қажеттi бiлiмi, кәсiби даярлық деңгейi болуға және белгіленген
бiлiктiлiк талаптарына сәйкес келуге тиiс.
2. Азамат мемлекеттiк қызметке кiрген кезде салық қызметi органдарына өзi
алған табысы мен өзiне меншiк құқығымен тиесiлi, салық салу объектiсi болып
табылатын мүлкi туралы мәлiметтердi табыс етуге мiндеттi.
3. Мемлекеттiк әкiмшiлiк лауазымға орналасу азаматтар мiндеттi арнайы
тексеруден өткеннен кейiн жүзеге асырылады.
4. Мемлекеттiк саяси қызметке кiру үшiн қойылатын қосымша талаптарды
Қазақстан Республикасының Президентi айқындайды.
5. Мемлекеттік әкімшілік лауазымдарға қойылатын біліктілік талаптарын
мемлекеттік органдар лауазымдар санаттарына қойылатын үлгі біліктілік
талаптары негізінде әзірлейді және бекітеді. .
..Мемлекеттiк әкiмшiлiк лауазымға орналасуға арналған
конкурс Қазақстан Республикасы азаматтарының мемлекеттiк қызметке тең қол
жеткiзу құқығын қамтамасыз етедi. Мемлекеттiк әкiмшiлiк лауазымға
орналасуға арналған конкурсты өткiзудiң шарттары мен тәртiбiн, оның iшiнде
конкурстық комиссия құру тәртiбiн уәкiлеттi орган белгiлейдi. Конкурсты бос
лауазымдар бар мемлекеттік орган не Қазақстан Республикасы Президентінің
шешімі бойынша уәкілетті орган конкурс өткізу туралы мемлекеттік тілде және
орыс тілінде хабарландыру жарияланғаннан кейін өткізеді. Конкурс орталық
мемлекеттік органдар мен олардың аумақтық бөлімшелерінде және
ведомостволарда өткізілген кезде хабарландырулар Қазақстан Республикасының
бүкіл аумағына таралатын мерзімді баспасөз басылымдарында жарияланады.
Жергілікті мемлекеттік органдарда конкурс өткізу туралы хабарландырулар
тиісті әкімшілік-аумақтық бірлік аумағына таралатын мерзімді баспасөз
басылымдарында жарияланады. . Егер конкурс белгілі бір жұмыс мерзімімен бос
тұрған орынға өткізілетін болса, онда жасалғалы отырған еңбек шартының
жағдайы конкурсты өткізу туралы хабарландыруда көрсетілуге тиіс. Конкурстық
комиссияның шешiмi мемлекеттiк әкiмшiлiк лауазымға орналасуға не мұндай
лауазымға кiруге бас тартылуға негiз болып табылады. Конкурстық
комиссияның оң қорытындысын алған конкурсқа қатысушылардың мемлекеттiк
әкiмшілiк лауазымға орналасуға құқығы бар. Мемлекеттiк органның басшысы
жарияланған лауазымға конкурстық комиссияның оң қорытындысын алған
қатысушыны қабылдауға мiндеттi. Бұл орайда мемлекеттiк қызметке кiру үшiн
заңдарда көзделген талаптар сақталуға тиiс. Конкурстық комиссияның оң
қорытындысын алмаған, бiрақ ол мемлекеттiк қызмет үшiн ұсынған конкурсқа
қатысушылар уәкiлеттi орган және оның аумақтық бөлiмшелерi құратын кадрлар
резервiне тiркелуi мүмкiн. Кадрлар резервiне тiркелген конкурсқа
қатысушылар оларды тiркеу күнiнен бастап бiр жыл iшiнде қосымша конкурстан
өтпестен тиiстi мемлекеттiк әкiмшiлiк лауазымға орналаса алады. Конкурстық
комиссияның шешiмiне Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген
тәртiппен шағым жасауға болады.

1.2 Мемлекеттік қызметшілердің құқықтық жағдайы

Мемлекеттiк қызметшiлердiң қызметiн саралау Мемлекеттiк қызметшiлер
лауазымдарының құрамына мемлекеттiк қызметшiлердiң саяси және әкiмшiлiк
лауазымдары кіредi. Саяси лауазымдарға: Қазақстан Республикасының
Президентi тағайындайтын мемлекеттiк саяси қызметшiлер, олардың
орынбасарлары; Қазақстан Республикасы ...Парламентiнiң Палаталары және
Парламент Палаталарының Төрағалары тағайындайтын және сайлайтын мемлекеттiк
саяси қызметшiлер, олардың орынбасарлары; Қазақстан Республикасы Жоғарғы
Сотының аппаратын басқаратын мемлекеттік саяси қызметші, оның
орынбасарлары; Конституцияға сәйкес Президент пен Үкiметтiң өкiлдерi болып
табылатын мемлекеттiк саяси қызметшiлер [7,25б].
..Орталық атқарушы органдарды
басқаратын мемлекеттiк саяси қызметшiлер (басшылар) олардың орынбасарлары
атқаратын лауазымдар жатады. Саяси лауазымдарға Қазақстан Республикасының
Президенті белгілейтін өзге лауазымдар да жатқызылуы мүмкін. Мемлекеттік
әкімшілік қызметшілер үшін лауазымдар санаттары белгіленеді. Мемлекеттік
әкімшілік қызметшілер лауазымдарынын санаттар бойынша тізілімін уәкілетті
органның ұсынуы бойынша Қазақстан Республикасының Президенті бекітеді.
Мемлекеттiк қызметшiнiң: Республиканың азаматтарына
Қазақстан Республикасының Конституциясымен және заңдарымен кепiлдiк
берiлетiн құқықтар мен бостандықтарды пайдалануға.
... Өз өкiлеттiгi шегiнде мәселелердi
қарауға және олар бойынша шешiмдер қабылдауға қатысуға, тиiстi органдар мен
лауазымды адамдардың оларды орындауын талап етуге.
...
Белгiленген тәртiппен лауазымдық мiндеттердi орындау үшiн
қажеттi ақпарат пен материалдар алуға , лауазымдық мiндеттердi атқару
үшiн белгiленген тәртiппен меншiк нысандарына қарамастан, ұйымдарда болуға

...Басшыдан мемлекеттiк
қызметшiнiң атқаратын лауазымына сәйкес қызметтiк өкiлеттiк мiндеттерi мен
көлемiн дәл белгiлеудi талап етуге,
жеке басының қадiр-қасиетiнiң құрметтелуiне, басшылар, өзге де лауазымды
адамдар және азаматтар тарапынан өзiне әдiл және құрметпен көзқарас
жасалуына. Тиiстi бюджет қаражаты есебiнен қайта даярлануға (қайта
мамандануға) және бiлiктiлiгiн арттыруға. Өзiнiң мемлекеттiк қызмет
өткеруiне қатысты материалдармен кедергiсiз танысуға, қажет болған
жағдайларда жеке түсiнiктеме беруге, бiлiктiлiгi мен қабілетi, өзiнiң
қызметтiк мiндеттерiн адал орындауы ескеріле отырып, қызметi бойынша
жоғарылауға,қызметшiнiң пiкiрiнше негiзсiз айып тағылған жағдайда қызметтiк
тексеру жүргiзiлуiн талап етуге болады. Еңбегiнiң қорғалуына,
денсаулығының сақталуына, қауiпсiз және жоғары өнiмдi жұмыс iстеуi үшiн
қажеттi еңбек жағдайына, әлеуметтiк және құқықтық қорғалуға,мемлекеттiк
қызметтен өз қалауы бойынша босауға, зейнетақымен және әлеуметтiк
қамсыздандырылуға,жоғары тұрған мемлекеттiк органдар мен лауазымды
адамдарға мемлекеттiк қызметтi жетiлдiру жөнiнде ұсыныстар енгізуге құқығы
бар.Мемлекеттiк қызметшiлердiң негiзгi мiндеттерi Мемлекеттiк қызметшiлер:
Республиканың Конституциясы мен заңдарын сақтауға, Қазақстан
Республикасының Президентi бекiткен тәртiппен мемлекеттiк қызметшiнiң антын
беруге, азаматтар мен заңды тұлғалар құқықтарының, бостандықтары мен заңды
мүдделерiнiң сақталуын және қорғалуын қамтамасыз етуге, заңдарда
белгiленген тәртiп пен мерзiмде азаматтардың өтiнiштерiн қарауға, олар
бойынша қажеттi шаралар қолдануға, өзiне берiлген құқықтар шегiнде және
қызмет мiндеттерiне сәйкес өкiлеттiгiн жүзеге асыруға, мемлекеттiк тәртiп
пен еңбек тәртiбiн сақтауға, өзiне заңда белгiленген шектеулердi
қабылдауға,заңдарда белгiленген қызметтiк әдеп нормаларын сақтауға,
басшылардың бұйрықтары мен өкiмдерiн, жоғары тұрған органдар мен лауазымды
адамдардың өз өкiлеттiгi шегiнде шығарған шешiмдерi мен нұсқауларын
орындауға, мемлекеттiк құпияларды және заңмен қорғалатын өзге де құпияны
сақтауға, оның iшiнде мемлекеттiк қызметтi тоқтатқаннан кейiн де, заңмен
белгiленген белгiлi бiр уақыт iшiнде, ол жөнiнде қолхат бере отырып
сақтауға,қызметтiк мiндеттерiн атқару кезiнде алған, азаматтардың жеке
өмiрiн, ар-намысын және қадiр-қасиетiн қозғайтын мәлiметтердi құпия
сақтауға және олардан, заңдарда көзделген жағдайларды қоспағанда, мұндай
ақпарат берудi талап етпеуге, мемлекеттiк меншiктiң сақталуын қамтамасыз
етуге, мемлекеттiк қызметшiнiң жеке мүдделерi оның өкiлеттiгінен түйiсетiн
немесе қайшы келетiн жағдайларда, оларды тағайындауға құқығы бар лауазымды
адамды дереу хабардар етуге, қызметтiк міндеттерін тиiмдi атқару үшiн
өзiнiң кәсiби деңгейi мен біліктiлiгiн арттыруға мiндеттi. Мемлекеттiк
қызметте болуға байланысты шектеулер Мемлекеттiк қызметшiнiң:өкiлдi
органдардың депутаты және жергiлiктi өзiн-өзi басқару органдарының мүшесi
болуға, педагогтiк, ғылыми және өзге де шығармашылық қызметтi қоспағанда,
басқа да ақылы қызметпен айналысуға,кәсiпкерлiк қызметпен айналысуға, соның
iшiнде, егер коммерциялық ұйымды басқаруға тiкелей қатысу Қазақстан
Республикасының заңдарына сәйкес оның қызметтiк мiндетiне кiрмейтiн болса,
ұйымдық-құқықтық нысанына қарамастан, коммерциялық ұйымды басқаруға
қатысуға,үшiншi тұлғалардың істерi бойынша өзi қызмет iстейтiн не өзiне
тiкелей бағынысты немесе өзiнiң бақылауындағы мемлекеттік органда өкiл
болуға, өзiнiң қызметтiк iс-әрекетiн материалдық-техникалық, қаржылық және
ақпараттық қамтамасыз ету құралдарын, басқа да мемлекеттiк мүлiк пен
қызметтiк ақпаратты қызметтiк емес мақсатта пайдалануға, ереуiлдердi қоса
алғанда, мемлекеттiк органдардың қалыпты жұмыс iстеуiне және қызметтiк
мiндеттердi орындауға кедергi келтiретiн әрекеттерге қатысуға,лауазымдық
өкiлеттiгiн орындауға байланысты азаматтар мен заңды тұлғалар көрсететiн
қызметтi жеке мақсатына пайдалануға құқығы жоқ. Мемлекеттiк қызметшi
белгiленген тәртiпке және заңдарға сәйкес, қызметке кiргеннен кейiн бiр ай
iшiнде мемлекеттiк қызмет өткеру уақытына өзiнiң меншiгiндегi коммерциялық
ұйымдардың жарғылық капиталындағы үлестi (акциялар пакеттерiн) және осы
адамдарға заңды тиесiлi ақшаны, сондай-ақ мүлiктiк жалға берілген өзге де
мүлiктi қоспағанда, пайдалану табыс алуға әкеп соғатын өзге де мүлiктi
сенiм бiлдiрiлген басқаруға беруге мiндеттi. Мүлікті сенімгерлік басқару
шарты нотариалды куәландырылуға тиіс. Мемлекеттiк қызметшiнiң сенiм
бiлдiрiлген басқаруға берiлген мүлiктен, соның iшiнде сыйақы, дивидендтер,
ұтыстар, мүлiктi жалға беруден және басқа да заңды көздерден түскен табыс
нысанында табыс алуға құқығы бар. Заңдарда көзделген жағдайларды
қоспағанда, мемлекеттiк қызметшiге өзiнiң жақын туыстары (ата-аналары,
балалары, бала асырап алушылар, асырап алған балалар, ата-анасы бiр және
ата-анасы бөлек аға-iнiлерi мен апа-сiңлiлерi, аталары, әжелерi,
немерелерi) немесе ерi (зайыбы) атқаратын қызметке тiкелей бағынысты
лауазым атқаруына болмайды. Мемлекеттiк қызметшiлердiң жақын туыстары мен
жекжаттарына (жұбайлардың аға-iнiлерiне, апа-сiңiлiлерiне, ата-аналары мен
балаларына) қатысты лауазымдық өкiлеттiктерiн жүзеге асыруына Қазақстан
Республикасының заң актiлерiмен шектеулер көзделуi мүмкiн. Мемлекеттiк
қызметке, белгiленген тәртiппен әрекетке қабілетсiз немесе әрекетке
қабiлетi шектеулi деп танылған, сот белгiлi бiр мерзiм iшiнде мемлекеттiк
лауазымдар атқару құқығынан айырған,бiлiктiлiк талаптарында тиiстi
қызметтердi атқару үшiн денсаулық жағдайына арнаулы талаптар белгiленген
реттерде медициналық мекеменiң қорытындысына сәйкес лауазымдық өкiлеттiктi
орындауға кедергi келтiретiн науқасы бар, өзiнiң мәртебесiн және соған
негізделген беделiн жеке басылық, топтық және өзге де қызметтiк емес
мүдделерге пайдалануға алып келуi ықтимал әрекеттерге жол бермеу мақсатында
өзiне заңмен белгiленген шектеулердi қабылдаудан бас тартқан, жұмыстан
босату түріндегі тәртіптік жазаны қоспағанда, мемлекеттiк қызметке кiрер
алдында екі жыл iшiнде сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылығы үшiн тәртiптiк
жауапкершiлiкке тартылған, мемлекеттiк қызметке кiрер алдында бiр жыл
iшiнде қасақана құқық бұзушылығы үшiн сот тәртiбiмен әкiмшiлiк жаза
қолданылған, мемлекеттiк қызметке кiргенге дейiн үш жыл iшiнде сыбайлас
жемқорлық құқық бұзушылық жасағаны үшiн сот тәртiбiмен әкiмшiлiк жаза
қолданылған, сыбайлас жемқорлық қылмыс жасаған, сыбайлас жемқорлық құқық
бұзушылық жасағаны үшін жұмыстан босатылған, мемлекеттiк қызметке кiру
уақытына өтелмеген немесе заңда белгiленген тәртiппен алынбаған соттылығы
бар адамдарды қабылдауға болмайды,аталған мәлiметтердi табыс етпеу немесе
бұрмалау мемлекеттiк қызметке қабылдаудан бас тарту үшiн негiз болып
табылады.

1.3 Мемлекет қызметінің орындалу әдістері мен мемлекет қызметін жүзеге
асырудың нысандары мен әдістері

Жеке тұлғалар ерікті, еріксіз түрде орындайды; мемлекеттік
органдар, бірлестіктер, ұйымдар өздерінің құзыретінің шеңберіне сәйкес
орындайды. Егер дұрыс орындалмаса, еріксіз түрде орындау қамтамасыз
етіледі. Мемлекет функциясы орындалуының құқықтық және ұйымдастырушылық
тәсілдері болады. Құқықтық тәсілдің өзі үшке бөлінеді: құқық шығармашылық,
құқықты қолдану, орындау, құқықты қорғау. Ұйымдастырушылық тәсілдің
түрлері: экономикалық (дотация, кредит, баға т.б.): саяси симпозиум,
семинар, конференция, кеңес, мәжіліс өткізу, халыққа идеологиялық үндеу
жасау, үгіт-насихат жүргізу.
Мемлекеттік билік толып жатқан субъектілердің сан алуан нақты
қызметтері арқылы іске асып, орындалып жатады. Осы мемлекеттің сан алуан
қызметтерін мемлекеттік биліктің орындалуының құқықтық нысаны дейді. [8,
256б].
Бұл мемлекеттік биліктің нақты орындалуының құқықтық нысаны екі түрге
бөлінеді:
1). Нормативтік актілер арқылы орындалу нысаны;
2). Жалпылама нормативтік актілер арқылы орындалу нысаны.
Нақты насанның өзі үшке бөлінеді:
1). Құқық шығармашылық;
2). Құқықты орындаушылық;
3). Құқықты қорғаушылық.
Мемлекеттік билікті орындаудың ерекше нақты түрі - әкімшілік шарт іске
асу. Шарттың түрлері толып жатыр. Оның бір жағының немесе екі жағының
субъектісі мемлекеттік орган болады.
Мемлекет билігі жалпылама нормативтік актілерінің орындалу нысаны
бірнеше түрге бөлінеді: экономикалық, саяси, идеологиялық,
ұйымдастырушылық, халықаралық, мемлекетаралық т.б.
Мемлекеттік билікті орындау құқықтық нысандармен шектелмейді. Бұл іске
мемлекеттің ұйымдастыру қызметі заңға тәуелді іс-әрекет, әр мемлекеттік
аппарат, әр мемлекеттік орган қоғамдағы заңға, нормативтік актілерге сәйкес
қызмет. Бұл қызметке нақты нормативтік актілердің қажеті жоқ.
Мемлекеттің ұйымдастыру қызметінің түрлері:
- жаңа шыққан заңдарды, нормативтік актілерді насихаттау, түсінік
беру;
- мемлекеттік органдарға көмек көрсету, бақылау, тексеру жүргізу;

- материалдық-техникалық операциялар жүргізу, баяндамалар, іс-
қағаздарын дайындау, заңдарды, нормативтік актілерді басып шығару т.б.
құжаттардың өмірге келуін қамтамасыз ету;
- әр түрлі жиналыстар, мәжілістер, конференциялар өткізу;
- мемлекеттік органның тәжірибелерін жинақтап, қорытынды жасау;
- мемлекеттің қызметі туралы қоғамдық ұйымдардың, еңбек ұжымдарының,
ой-пікірлерін, ұсыныстарын жинақтап, қорытынды жасау;
- мемлекеттік органның жұмысына халықты, қоғамдық ұйымдарды, саяси
партияларды қатыстыруды ұйымдастыру.
- шет елдермен қарым-қатынасты ұйымдастырып, басқару т.б. қызмет
істері.
Мемлекеттік қызмет – азаматтардың мемлекеттік мекемелерде қызмет
атқаруы, жұмыс істеуі. Бұл қызмет қоғамдағы еңбектің ерекше түрі. Бұл
туралы заң, инструкция болады. Мемлекеттік аппарат тиісті мамандармен,
іскер, сенімді азаматтармен толықтырылып құрылады. Мемлекеттік қызмет
бірнеше категорияға бөлінеді.
а). Мемлекеттік билік органдарының қызметкерлері: (заң шығару, заңды
орындау, заңды қорғау органдары).
б). Жұмыстың сипатына қарай қызметкерлер үшке бөлінеді: басшылар,
мамандар, техникалық персонал.
в). Мамандығының сипатына қарай қызметкерлер екіге бөлінеді:
мемлекеттік – билік өкілеттігі бар қызметкерлер және өкілеттігі жоқ
қызметкерлер.
Мемлекеттік өкілеттігі бар лауазымды тұлғалар 3 топқа бөлінеді:
категория а. Президент, Премьер-Министр, Палаталардың басшылары,
Министрлер, т.б. Жоғарғы мемлекеттік аппараттың басшылары; категория б
бірінші топтағы лауазымды тұлғалардың кеңесшілері, көмекшілері,
орынбасарлары; категория в екінші топтағы лауазымды тұлғалардың
орынбасарлар, көмекшілері.
Мемлекеттік қызметтегі лауазымды тұлғалар әкімшілік жауапкершілікке
тартылады. Егер қызметінде мекемеге шығын келтірсе, оны төлейді, қылмыс
жасаса, қылмыстық жауапкершілікке тартылады. Мемлекет қызметінің негізгі
мүдде-мақсаты – адамның әлеуметтік, моральдық, материалдық, рухани, мәдени,
экологиялық тілектерінің толық орындалуын қамтамасыз ету. Жеке тұлғалардың
мүдделерін орындау арқылы мемлекет қоғамды жақсы дамытып нығайтады, қарым-
қатынастарды дұрыс реттеп, басқарады.
Сонымен, мемлекеттің функциясы – қоғамды әлеуметтік басқарудағы
мемлекеттің атқаратын жұмыстарының негізгі бағыттары мен әдістері.
Шет мемлекеттердің көбінде функция деген заңды түрде ұғым жоқ. Оларда
функцияны мемлекеттің міндеттері мен мүдде-мақсаттарына түсінік береді. Ал,
функция деген жеке түсінік бар мемлекеттерде бұл мәселені оқып, білуде
өзгешілік кездеседі.
Біздің пікіріміз – функцияның өзін жеке оқып, білген дұрыс. Оны
мемлекеттің мүдде-мақсаттары мен міндеттеріне қосып, біріктіріп қарау
дұрысқа жатпайды. Себебі, бұл үшеуі үш түрлі мәселені қамтиды, олардың
мазмұны да, орындалу жолдары да, тәсілдері де түгелімен басқа.
Дамыған елдердің біразы мемлекеттің функциясын ішкі-сыртқы деп
бөлмейді. Өйткені олардың шекарасын анықтау қиынға соғады. Олар жалпылама
түрде қарастырады. Біздіңше бөлген дұрыс, функцияның басым көпшілігінің
шекарасы белгілі.
Мемлекет функцияларын жүзеге асырудың нысандары – бұл мемлекеттің
функцияларын жүзеге асыруға бағытталған оның органдарының біртектес
қызметі. Мұндай нысандарды екіге бөлуге болады: құқықтық және
ұйымдастырушылық нысандар. Құқықтық нысандарға мыналар жатады:
а) құқықшығармашылық – бұл нормативтік актілерді дайындау мен
шығаруға қатысты қызмет;
ә) құқыққолданушы – бұл құқық қолдану актілерін шығару арқылы
нормативтік актілерді жүзеге асыруға байланысты қызмет, бұл заңдарды
орындау мен басқарушылық сипаттағы әртүрлі мәселелерді шешуге байланысты
күнделікті жұмыс;
б) құқық қорғаушы – бұл адам мен азаматтың құқықтары мен
бостандықтарын қорғауға, құқықбұзушылықтардың алдын алуға және кінәлі
тұлғаларды заңды жауапкершілікке тартуға және т. б. байланысты қызмет.
Ұйымдастырушылық нысандарға мыналар жатады:
а) ұйымдастырушылық-реттеуші – бұл белгілі бір құрылымдардың
құжаттар жобаларын дайындаумен, сайлаулар жүргізумен т. б. байланысты
мемлекеттік органдардың қызмет етуін қамтамасыз етуге бағытталған ағымдағы
жұмысы;
ә) ұйымдастырушылық-шаруашылық – бұл бухгалтерлік есеппен,
статистикамен, қамтамасыз етумен т. б. байланысты жедел-техникалық және
шаруашылық жұмыс;
б) ұйымдастырушылық-идеологиялық – бұл жаңадан қабылданған
нормативтік актілерді түсіндірумен, қоғамдық көзқарасты қалыптастырумен
және т. б. байланысты мемлекеттің әртүрлі функцияларын орындауды
идеологиялық қамтамасыз етудегі күнделікті тәрбие жұмысы.
Нарықты экономика жүйеде шарттық байланыстың маңызы күшеюде. Сондықтан
мемлекеттің шарттық қатынасты реттеп, басқару функциясы тиісті дәрежеде
атқарылуы қажет.
Мемлекеттің функциясын құқықсыз реттеу қызметтері: мемлекеттік
органдар функцияларды іске асыруда көптеген іс-әркеттер жасап жатады. Сол
іс әрекеттерді біріктіріп – құқықсыз реттеу қызметі деп атайды. Олардың
қоғамды басқаруда маңызы өте зор.
Мемлекеттің функцияларын орындау тәсілдері: ерікті, еріксіз, сендіру,
нандыру (бұл жеке тұлғаларға). Экономикалық тәсілдер: болжау, жоспарлау,
кредит беру, салықта жеңілдік беру, алушыларды монополистерден қорғау.

1.4 Мемлекеттік қызмет және оның даму болашағы

Мемлекеттік қызмет – әр елдің барлық даму сатысындағы басты
атрибут, ал мемлекеттік қызметшілер – өзгерістерді негізгі орындаушылар.
Қазіргі заманғы тиімді мемлекеттік қызмет және басқару құрылымын жасаудағы
Мемлекет басшысының Қазақстанның 2030 жылға дейінгі даму стратегиясында
“Кәсіби үкіметке” басым бағыт беруі тегіннен-тегін емес. Мемлекеттік қызмет
туралы қазіргі заңнама мемлекеттік қызметтің жаңа үлгісіне негіз қалады.
1998 жылғы 18 қыркүйекте Мемлекет басшысының шешімімен мемлекеттік қызмет
істері жөніндегі агенттік және оның аумақтық органдары құрылды, сондай-ақ
Президенттің жанындағы мемлекеттік академия былтырғы жылы Президенттің
жанындағы мемлекеттік басқару академиясы болып қайта құрылды.
1999 жылғы 23 шілдеде “Мемлекеттік қызмет туралы” заң және мемлекеттік
қызмет шеңберін реттейтін заңдық құқықтық актілер қабылданды.
Халықаралық сарапшылардың бағалауы бойынша, қазіргі уақытта Достастық
мемлекеттері үшін үлгі ретінде Қазақстан ТМД елдерінің арасында
алғашқылардың бірі болып мемлекеттік қызметке сәтті реформа жүргізді.
Елбасы Қазақстанның алдына әлемдегі бәсекеге барынша қабілетті 50
елдің қатарына кіруде және мемлекеттік қызметті одан әрі жетілдіруде басым
бағыттардың бірін анықтап, оны жоғары халықаралық стандарттарға дейін
жеткізу міндетін қойды [9, 156б].
Елімізге ісіне берілген, кәсіби даярланған, басшылық шешім қабылдау
аясында бәсекеге түсе алатын қазіргі менеджерлерден тұратын мемлекеттік
аппарат қажет.
Осыған орай, яғни экономикалық және қоғамдық модернизация қажеттілігіне
сай білім реформасынсыз және басқарудың жаңа үлгісінсіз Қазақстанның
бәсекеге төтеп беруі мүмкін емес. Бұл үшін де аз нәрсе істелген жоқ.
Мемлекет басшысының Жарлығымен ҚМЭБИ құрылды, оны жыл сайын біліктілігі
жоғары 200-ден астам маман бітіреді. Президенттің “Болашақ” бағдарламасының
жұмыс істегеніне он жылдан асты, оның жолдамасымен талантты жастарымыз
дүние жүзінің ең таңдаулы университеттерінде білім алады. Үш таңдаулы оқу
орнын – дипломатиялық және сот академияларын, сондай-ақ мемлекеттік қызмет
академиясын біріктірген Президент жанындағы мемлекеттік басқарудың жаңа
академиясы жұмыс істейді.
Оқуды өмір бойы жалғастыру әр адам үшін заңдылыққа айналды.
Президенттің Жарлығымен бекітілген ережеде мемлекеттік қызметшілерді қайта
даярлау және біліктілігін көтеру олардың қосымша кәсіби білімдерінің
негізгі үлгісі болып табылады.
Аймақтық қайта даярлау және біліктілік көтеру орталығында 2006 жылға
облыс бойынша мемлекеттік қызметшілерді оқыту үшін 17 млн. теңге қаралған,
яғни бұл былтырғы жылмен салыстырғанда 60 пайызға көп.
Жарты жылдың қорытындысы бойынша Президент жанындағы мемлекеттік
басқару академиясында облыс бойынша 75 мемлекеттік қызметші, аймақтық
біліктілігін арттыру және қайта ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Құқық функциялары
МЕМЛЕКЕТ ЖӘНЕ ҚҰҚЫҚ ТЕОРИЯСЫНЫҢ ТҮСІНІГІ
Мемлекеттік басқарудың мәні мен ерекшеліктері
Мемлекеттік басқарудың қағидалары
Қазақстан Республикасында мемлекеттік басқару
Мемлекеттік басқару және атқарушы билік: түсінігі мен мазмұны және арақатынасы
Саяси жүйе жайлы
Салықтың түсінігі, элементтері және функциялары
Құқық қағидаларының түсінігі және түрлері
Мемлекеттің атқаратын жұмысының негізгі бағыты мен әдістерін анықтайтын мемлекет функциясының ұғымы
Пәндер