Жылқы шаруашылығы



Жоспар

I. Кіріспе

II. Негізгі бөлім

1. Жылқының анатомиялық және физиологиялық құрылысы.
2. Қаңқа.
3. Бұлшық еті.
4. Жылқы тұрпаты (конститутция).
5. Жылқы жасын тісіне қарап айыру.
6. Жылқыны азықтандыру.
7. Жылқы тұқымы.

III. Қорытынды бөлім
Жылқы шаруашылығы.
Басқа мал түлігінің ішінде жылқының алатын орны ертеден-ақ ерекше болатын. Өндіргіш күштер мен техниканың мыңдаған жылдар бойы жетілуіне орай жылқының мән маңызы да өзгереді. Жылқы шаруашылығы бұрынғыдан жетілдіе түсті. Жылқының щаруашылыққа пайдалы қасиеттері ұшан-теңіз. Ол мінсе көлік, сүті – қасиетті диеталық сусын, еті-дәмді тағам. Осы қасиеттерін былай қойғанда ертедегі диқандар оны жер өңдеуге пайдаланып, еңбек өнімділігін арттырған. Жылқының әскер мен спортқа пайдалануы да оның маңызының күшейіп, мәнінің артуына зор ықпалын тигізеді. Бұл салада өндірілетін бағалы тағамдармен қатар, жылқы терісі жеңіл өнеркәсіптік былғары бұйымдарына, вакцина және қан сарысуын жасауға кеңінен пайдаланылады. Халықаралық көрмелерде де жылқвға деген талап-тілек артып отыр.
Еліміздің ерте кезден ақ Жылқы тұқымымен даңқы шыққан. Қазақ жылқылары төзімділігі, сыртқы орта жағдайына көнбістілігімен, жыл бойы үйірде болуға бейімделген ерекше көзге түскен. Әсіресе, республиканың шөл және шөлейт аймағында және таулы жайлымдардағы аудандарда жылқы өсіру тиімді. Мұндай жайлымдарға малдың басқа түріне қарағанда үірлі жылқылар жақсы жайыла алады. Жылқы шаруашылығының дамуы, олардың алынатын өнімінің молаюы өсірілетін жылқының тұқымдық сапасының жетілдіруіне байланысты.
Қазақстанның кең байтақ жерінде жылқының жоғарғы өнімді 17 тұқымы өсіріледі. Олардың ішінде республикамыздың өзінде шығарылған салт мінілетін-жегілетін қостанай жылқысы және ет-сүт бағытындағы көшім және жаңадан шығарылған мұғалжар жылқы тұқымдары бүкіл елемізге мәлім.
Қазіргі кезде жылқы санын арттыру, оны өз төлінен өсіру, ауыл шаруашылығы және тасмалдау жұмыстарына тиімді пайдалану міндеттері қойылуда. Шаруашылықта құлын өсіріп, етке сойылатын жылқыны мемлекеттік сатып алу тәртібі белгіленнеді. Қазақстанның тиісті аймақтарында етті бағыттағы тебінді жылқы шаруашылығын жетілдіру, сондай-ақ қымыз өндіретін фермалар ұйымдастыру мәселелері де қарастырылған. Жылқы өсіру мен айналысатын кісілерді материалдық ұйымдастыруды күшейту шаралары да қарастырылуда. Бұрыннан бар тұқымдарды, аталық із бен аналық ұяларды одан әрі жетілдіру және жаңадан шығару мақсаты мен жылқы шаруашылығында селекцичлық тұқымды асылдандыру жұмыстарын жақсарту жөнінде көптеген шаралар белгіленуі қажет. Жуық арадағы 10-15 жыл жүзінде отандық жылқы шаруашылығы асыл тұқымды, жұмысқа пайдалану, спорттық және өнімді бағытта өркендейтін болады.

Пән: Ауыл шаруашылығы
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 15 бет
Таңдаулыға:   
Жылқы шаруашылығы.
Басқа мал түлігінің ішінде жылқының алатын орны ертеден-ақ
ерекше болатын. Өндіргіш күштер мен техниканың мыңдаған жылдар бойы
жетілуіне орай жылқының мән маңызы да өзгереді. Жылқы шаруашылығы
бұрынғыдан жетілдіе түсті. Жылқының щаруашылыққа пайдалы қасиеттері ұшан-
теңіз. Ол мінсе көлік, сүті – қасиетті диеталық сусын, еті-дәмді тағам. Осы
қасиеттерін былай қойғанда ертедегі диқандар оны жер өңдеуге пайдаланып,
еңбек өнімділігін арттырған. Жылқының әскер мен спортқа пайдалануы да оның
маңызының күшейіп, мәнінің артуына зор ықпалын тигізеді. Бұл салада
өндірілетін бағалы тағамдармен қатар, жылқы терісі жеңіл өнеркәсіптік
былғары бұйымдарына, вакцина және қан сарысуын жасауға кеңінен
пайдаланылады. Халықаралық көрмелерде де жылқвға деген талап-тілек артып
отыр.
Еліміздің ерте кезден ақ Жылқы тұқымымен даңқы шыққан.
Қазақ жылқылары төзімділігі, сыртқы орта жағдайына көнбістілігімен, жыл
бойы үйірде болуға бейімделген ерекше көзге түскен. Әсіресе, республиканың
шөл және шөлейт аймағында және таулы жайлымдардағы аудандарда жылқы өсіру
тиімді. Мұндай жайлымдарға малдың басқа түріне қарағанда үірлі жылқылар
жақсы жайыла алады. Жылқы шаруашылығының дамуы, олардың алынатын өнімінің
молаюы өсірілетін жылқының тұқымдық сапасының жетілдіруіне байланысты.
Қазақстанның кең байтақ жерінде жылқының жоғарғы өнімді
17 тұқымы өсіріледі. Олардың ішінде республикамыздың өзінде шығарылған салт
мінілетін-жегілетін қостанай жылқысы және ет-сүт бағытындағы көшім және
жаңадан шығарылған мұғалжар жылқы тұқымдары бүкіл елемізге мәлім.
Қазіргі кезде жылқы санын арттыру, оны өз төлінен өсіру,
ауыл шаруашылығы және тасмалдау жұмыстарына тиімді пайдалану міндеттері
қойылуда. Шаруашылықта құлын өсіріп, етке сойылатын жылқыны мемлекеттік
сатып алу тәртібі белгіленнеді. Қазақстанның тиісті аймақтарында етті
бағыттағы тебінді жылқы шаруашылығын жетілдіру, сондай-ақ қымыз өндіретін
фермалар ұйымдастыру мәселелері де қарастырылған. Жылқы өсіру мен
айналысатын кісілерді материалдық ұйымдастыруды күшейту шаралары да
қарастырылуда. Бұрыннан бар тұқымдарды, аталық із бен аналық ұяларды одан
әрі жетілдіру және жаңадан шығару мақсаты мен жылқы шаруашылығында
селекцичлық тұқымды асылдандыру жұмыстарын жақсарту жөнінде көптеген
шаралар белгіленуі қажет. Жуық арадағы 10-15 жыл жүзінде отандық жылқы
шаруашылығы асыл тұқымды, жұмысқа пайдалану, спорттық және өнімді бағытта
өркендейтін болады.

Жылқының анатомиялық және физиологиялық құрылысы.
Жылқының сыртқы пішіні, яғни экстерьерді , оның анатомиялық
және физиологиялық жүйесіне көп ықпалын тигізеді. Сондықтан жылқы
экстерьерін жақсы білу қажет, ол үшін олардың қозғалыс мүшелерін, ішкі
секреция бездері туралы мәліметтерді жете меңгеру керек.
Жылқының жалпы қозғалыс мүшелері екіге бөлінеді...
Сүйек пен буындардан тұратын қаңқасы енжар мүшеге жатса,
бұлшық еттері белсенді мүшелерге жатады.
Қаңқа.

Қаңқа жылқы денесінің қатты негізін құрайды және ағзада тіреу мен ішкі
мүшелерді сыртқы әсерлерден қорғау қызметін атқарады. Жылқы қыңқасы 252
сүйектен тұрады. Олар басқа малдың сүегінен гөрі үлкен, тығыз және үлкен
келеді. П.Алтуховтың деректеріне қарағанда жылқы сүйегінің қысым мықтылығы
граниттен екі есе артық, ал созылу мықтыоығы жез бен шойынға тең. Қаңқа
сыртын бұлшық ет қаптап тұрады. Олар қаңқамен дәнекерлесіп, малдың
қозғалысын қамтамассыз етеді. Бұлшық еттердің көпшілігінің ұшы сіңір болып
бітеді. Қаңқа сүйектен, шеміршектен және оны байланыстырып тұратын
сіңірлерден құралады. Қаңқаны арқау және шеті деп бөлу қабылданған. Арқау
қаңқаға – бас сүйек, омыртқа жотасы, төс сүйек, дененің белдік, құймышақ
бөліктері, шеткі сүйектерге – кеуде мен жамбас ұштары мен жалғастыратын
сүйектер жатады.
Бас сүйектер мен ми бөліктерге бөліктерге бөлінеді. Бас
сүйектің бет жақ бөліктерінің сүйектері тұмсық пен ауыз қуысын және көз
ұясын, ал ми сүйегі бөлігі бас сүйектің ми жататын қуыс құрайды. Бас сүйек
ұңғысын түзетін қарақұс мойын омыртқамен буын арқылы жалғасады. Тұлға
қаңқасының негізгі омыртқа жотасы, яғни, омыртқа желісі болып табылады.
Жылқыда ол 7 – мойын, 18 арқа, 7 бел, 5 – сегізкөз және 17-19 – құйрық
омыртқаларынан құрылады. Омыртқалардың тесігінен омыртқа жотасының өзегі
өтеді де, онда жұлын орналасады. Ал омыртқа қанаттарына бұлшық еттер
бекітіліп, омыртқа жотасын қозғалысқа келтіреді.
Дене қаңқасының кеуде бөлігіне қабырғалар мен төс сүйектері
кіреді. Қабырғалар мен төс сүйектері кіреді. Қабырғалар мен төс сүйектері
арқа омыртқаларымен жалғасып, көкірек қуысын құрайды. Көкіректе жүрек пен
өкпе сияқты маңызды мүшелер орналасады. Омыртқаның құймышақ бөлігі
омыртқамен тығыз қосылса біткен құмышақ сүйектерінен тұрады.
Кеуде қаңқасы немесе алдынғы сүйектеріне жауырын, тоқпан
жілік, алдынғы сан сүйектері, тізе, жіліншек пен бақай сүйектері кіреді.
Жылқының әрбір сирағында тіреу қызметін атқаратын екі бақайы болады.
Тоқпан жілікті жаурынмен жалғастырып тұратын жаурын-иық буыны иық
сүйегінің әр жақа қозғалып тұруын қамтамассыз етеді. Шынтақ, тізе және
бақай тұсамыс, топай және тұйяқ буындары өздерін құрап тұратын сүйектердің
жылқы денесінің өн бойы бір бағытта иіліп-жазылып тұруына мүмкіндік береді.
Жаурын және тоқпан жілік денемен бұлшық еттер арқылы жалғасады.
Бөксе бөлігі жамбастан, ортан жілік , асық жілік
сүйектерінен , тірсек, артқы жіліншек пен бақай сүйектерінен тұрады.
Жамбас құрамына құймышақ пен бірінші құйрық омыртқасымен жалғасып, жамбас
қуысын құрайтын мықын, шат, шонданай сүйектері кіреді. Жамбас сүйегі ортан
жілікпен жалғасып, ұршық буынын құрайды. Ортан жілік, тобық пен асық жілік
тізе буынын біріктіреді. Асық жілік тірсек және ртқы жіліншек пен қосылып,
тірсек буынын құрайды. Артқы жіліншек пен бақайларының құрлысы алдынғы
жіліншек пен бақайларының құрлысымен бірдей. Сирақ буындарының бәрінде
буын капсуласымен әр түрлі байланыстырғыш сіңірлер болады.
Жылқының өсу процесінде қаңқа тек көлем жағынан ғана
өзгеріп қоймайды, онда көптеген сапалық өзгерістер де орын алады. Қаңқа
сүйектері дамудың – дәнекер ұлпасы, шеміршек және сүйек делінетін – үш
сатысынан өтеді. Құлынның құрсақта жатқан кезеңінде алдымен жұмсақ дәнекер
ұлпасы қаңқасының негізі қаланады, содан кейіе ол шеміршектенеді де, одан
әрі біртіндеп сүйекке айналады. Тек бас сүйектің кейбір жерлері ғана
шеміршектік сатысы соқпай, бірден сүйекке айналды. Ал төс және қабырға
сүйектері толық сүйектенбей көп жағдайда шеміршек күйінде қала береді.
Жылқы сүйектерінің химиялық құрамы өсуіне қарай өзгеріп отырады.
Кәрі жылқының сүйегінде жас тай, құлынға қарағанда су мен органикалық
заттары азайып, ал минералдық заттары көбейеді. Оған жылқы азығының да
әсері болады. Салт мініс жылқы тұқымдарының сирақ сүйектері ұзын және
жіңішке, ал ауыр жүк тартатын жылқының сирағының сүйектері қысқа да жуан
келеді. Бұл олардың ауыр жұмысқа қабілеттігін көрсетеді.
Бұлшық ет.
Бұлшық ет қаңқамен қосылып жылқының қозғалыс-қимылын
қамтамассыз етеді. Жылқыда басқа жануарлардікіне қарағанда өте жақсы
жетілген 250 бұлшық ет болады. Жылқының қозғалысына қатысатын бұлшық
етте әдетте қаңқамен жалғасып тұрдады. Сондықтанда оларды қаңқа
бұлшықеттері деп атау қабылданған.
Бұлшық еттердің қозғалыстық қызметі әрбір бұлшық еттердің
жиырылу қабілетіне байланысты. Бұлшық ет көлемі жылқының жасы мен
дамығандағы, яғни күш қабілетімен, ал оның формасы жылқының атқаратын жұмыс
түрімен байланысты. Салт мініс жылқысының бұлшық еттері тығыз, ұзын және
жіңішке, ал ауыр жүк тартатын жылқылардікі – жұмсақ, бос, қаңқа және жуан
келеді. Профессор Мольсбургтың дерегі бойынша таза қанды жылқының бұлшық
ет талшығының көлденең жуандығы – 35,8 микрон, ал ауыр жүк тартатын
жылқынікі 46,3 микрон.
Бұлшық еттеодің орналасуына қарай олар жылқы денесі
бөліктерінің иілуін не жазылуын қамтамассыз етеді. Мысалы, омыртқа
жотасының үстінгі жағына бекіген бұлшық еттер оны жазады да, ал астынғы
жағына бекігендерді иеді. Бір бұлшық еттер көкірек сарайының көлемін
үлкейтсе, екіншілері кішірейтеді, сөйтіп барып дем алу және дем шығару,
яғни қамтаммасыз етеді.
Көкірек қуысын құрсақ қуысынан бөліп тұратын бұлшық еттері
диафрагма деп атайды. Көк ет (диафрагма) көкірек қуысының көлемін
үлкейтеді немесе кішірейтеді. Құрсақ астарының бұлшық еттері жылқының
жүріс-тұрысын қамтамассыз етеді. Алдынғы және артқы аяқтараның бұлшық
етері екі топқа бөлінеді. Бұлшық еттердің бір тобы аяқтарының иілінуін, ал
екіншілері – жазылуын қамтамассыз етеді. Бұлшық еттер жүйке жүйесінің
импульстік әсерімен жиырылады. Әрбір бұлшық еттің құрамына бұлшық ет
ұлпасынан басқа дәнекер және жүйке ұлпалары, қан тамырлары кіреді. Бүлшық
еттердің сырт жағы шандыр деп аталатын дәнекер ұлпамымен қапталады.
Сүйектер сияқты бұлшық еттер де біркелкі өспейді.
Жылқы сырт пішінін бағалағанда, оның әрбір мүшелерін жеке-
жеке сипаттап кетуге тура келеді.
Бас. Жылқы малының басы етті және етсіз ащаң деп бөлінеді.
Басы етсіз жылқының қан тамырлары, әсіресе көзінің алдынғы және танауының
үстінднегі тамырлары білеуленіп жақсы жақсы білінеді. Ондай жылқылардың
көзі үлкен, танауы кең, құлағы қайшыланып тұрады. Осының бәрі жылқы
денесінің ширақ, күшті әрі төзімді екндігін көрсетеді. Жүйрік жылқының
сағақ арасының, яғни астынғы екі жақ арасының кеңдігі адамның жұдырығы
сиятындай болуы тиіс, сағағы тар жылқының тыныс алысы нашар болыды.
Мойын. Мойынның негізгі сүйегі 7 мойын омыртқадан
құралған. Бас пен мойын тұрғысының өзгеруі жылқының ауырлық түсетін жерінің
ауысуына әсер етеді. Ауыр жүк тартып келе жатқан жылқы мойнын созып, басын
аяғына қарай шұлғияды, сөйтіп дене салмағын ілгерлетіп, тартыс күшін
ұлғайтады. Салт мініп келе жатқан аттың кенет және шұғыл бұрылғанда,
секіргенде тағы сондай оқыс қимылдар жасағанда дене салмағының ауырлығы
түсетін жері өзгереді. Оның ауытқымауын бас пен моцынның қимылы арқылы
реттейді. Осы себептен мойынның ұзындығы мен икемдігі ерекше орын алады.
Жылқының мойны ұзын, орташа және қысқа болып үшке
бөлінеді. Желіс тұқымды аттардың мойны ұзын, ал салт мініс аттардың мойны
икемді биік болғаны жақсы. Ауыр жүк тартатын аттардың мойнының ұзындығы
орташа, жалпақ, бұлшық етті келеді, ол оның жұмысқа қабілеттілігін
дәлелдейді. Жылқының мойны әр түрлі болып келеді. Әдемі имек мойынды аққу
мойын деп атайды. Мойын шоқтықтан қия жағары көтерілсе – оны биік, ал оны
шоқтықтан көтерілмей, түзу біткен болса еңкіш – дейді.
Жақсы жетілмеген, құлын кезінде нашар азықтандырылған
жылқының басы етті, үлкен, мойны әрі қысқа, әрі салыңқы келеді. Салт
міністі жылқының тұқымының жал құйрығы желгор және ауыр жүк тартатын
аттарға қарағанда сирек келеді.
Шоқтық. Шоқтықтың негізгі – білікті ұзын сербегі бар төс
сүйегі, жауырын шеміршегі, бұлшық етті жіне сіңір желбезегі. Салт мінетін
жылқының шоқтығы тығыз биік және биік болып 11-12 омыртқаға дейін созылуы
тиіс, ал жұмыс аттарының шоқтығы кең де төмен келеді. Жылқының шоқтығының
биіктігі арқасының биіктігінен 5% артса – биік шоқтық деп аталады. Таза
қанды салт міністі жылқының шоқтығы арқасынан – 8,5-9%, жергілікті
жылқынікі – 3,5-5,5%, ал ауыр жүк тартатын аттардікі – 4,5% артады.
Арқа. Кеуденің шоқтықтан, бастан белге дейінгі үстінгі
бөлігін арқа дейді. Жылқының бүйірінен қарағанда арқаның ұзындығы (қысқа,
орташа, ұзын) және сырт көрнісі (түзу, бүкір, қайқы, салыңқы) анықталады.
Жылқының арқасы түзу және бұлшық етті болғаны жақсы. Ал енді арқасы бүкір,
жұмсақ не салыңқы келсе, жылқының қай тұқымы болмасын кемшілігі болып
саналады. Мұндай кемістік жасы келген кәрі жылқыда жиі кездеседі. Салт
міністі және тең артатын жылқы тұқымдарының арқасы қысқа да түзу болу
қажет. Арқаның жалпақ болуының да өзіндік маңызы бар. Арқасы қушық, бұлшық
еті нашар болса ондай жылқының кеудесі тар, әрі әлсіз, ал арқасы жалпақ
жылқы жұмысқа төзімді күшті болады.
Бел. Белдің негізін арқадағы 5-6 сербекті омыртқалар
құрайды. Кеңдеу келіп, сауырға жалғасып кеткен бел жылқының барлық
тұқымдарында да жақсы саналады. Белі босаң, бұлшық еті нашар жетілген
жылқының сауыры мен белінің жалғасатын жері шұқыр болады. Мұндай бел жылқы
екстерьерінің кемістігі болып саналады. Бел омыртқа сербегі шығыңқы болса,
ол кемістікке саналады, ол жылқыны жөнді азықтандырмаудың салдарынан орын
алады. Жылқыны іріктегенде олардың белінің қысқа, кең және бұлшық етті
жақсы жетілгеніне айрықша көңіл бөлінеді.
Сауыр. Сауырдың негізін жамбас пен құймышақ сүйегі
құрайды.
Сауыр ұзын кең, етті болуға тиіс. Сауырын артқы аяқты денемен қосып
байланыстырып тұратын жалғастырушы. Салт міністі жылқы сауырынның ұзындығы
кеңдігінен артық, ал ауыр жүк тартатын жылқыларда, керсінше кем болады.
Сауырынды сербекті, дөңес, түзу, салыңқы деп бөлінеді. Сербекті, бұлшық
еттері екі бөлек сауыр ауыр жүк тартатын жылқыларда болады. Салт міністі
аттардың сауыры түзулеу, дөңгелек болғаны жақсы ( олардың жамбас сүйегі
көкжиекке 18-30 градус бұрышта болуы керек) , ал егерде жылқы сауырында
шатырға ұқсас , салыңқы болса ( жамбастың көкжиекке бұрышы 40 градус
шамасында), ол кемістікке жатады. Сауырдың мұндай болуы, бұлшық еті нашар
жетілгендіктен және жасынан нашар азықтандырудан болады.
Шап. Жылқының ең согғы бұғана қабырғасынан сербекке
дейінгі шап. Оны үлкен және кішкене шап деп екіге бөледі. Салт мінетін
аттардың
Шабы өте кең келеді. Шап қимылына қарап жылқының тыныстануын санауға
болады. Ат тыныққан кезде шап қимылы минутына – 12-14 болса,
Ал шауып немесе ауыр жұмыс істеп алқынған аттікі - 20-30 ретке жетеді.
Кеуде. Кеуденің тайанышы – қабырға, төс омыртқа мен төс
сүйегі.
Кеуденің кеңдігі көбінесе қабырғаның ұзындығына байланысты. Қабырға
неғұрлым иілген, имек болса, кеуде соғұрлым кеңірек болады. Салт міністі
таза қанды жылқы кеуде қуысының кеңдігі – оның ұзындығы мен тереңдігінде,
ал ауыр жүк тартатын тұқымдарының кеуде қуысының мөлшері – оның кеңдігі мен
қабырғасының иілгендігіне байланысты. Кеудесі тар жылқының өкпесі мен
жүрегінің көлемі көлемі де кішкене болады.
Жылқы тұрпаты (конститутция).

Жылқы шаруашылығында тұқымдық іріктеу мен сұрыптау жұмысы тұрпаттық
өндірістік типке негізделе жүргізіледі. Зоотехникалық ғылым бойынша,
жылқының тұрпаты – тез жетілгіштігін, семіргіштігін, төлшілдігін,
жүйріктігін, жұмысқа қабілеттілігін, өнімділігі мен денсаулығын, сыртқы
орта жағдайларына төзгіштігін аңғартатын болып есептеледі. Осы саланың
көрнекті ғалымдары тұрпат – ағзаның негізгі морфологиялық, химиялық,
физиологиялық функцияларын өзара тығыз байланыста қалыптасқан жиынтығы деп
саналады. Конститутциялық өндірістік типті, негізінен, ата тегінен
қабылданған нәсілдік, яғни тұқым қуалаушылық факторлар мен сыртқы орта
(азықтандыру, күтіп бағу, ауа райы т.б) факторлары қалыптастырады. Ол
типті анықтауда малдың сыртқы дене бітімінің маңызы үлкен. Дене бітімінің
типі – жылқының сыртқы формасын, әрбір дене мүшелерінің пропорцияларын,
мүшелерінің анатомиялық, гистологиялық құрылысын анықтайды.
Қорыта айтқанда, жылқының тұрпаттық типінің оның
табиғатында нәсілдік қасиеттеріне сыртқы ортаны азықтандыру, бағып-күту мен
ауа райы жағдайларының әсерінің нәтижесінде қалыптасады. Сондай-ақ
жылқының экстерьері мен дене бітімін де, тұрпаттық тип деп анықтайды.
Сондықтан да жылқының тұрпаттық типі тұқымдық қасиеті мен өнімділігін
айқындайтын фактордың бірі болып табылады. Міне, осы заңдылықтан келіп,
асыл тұқымды малға селекция жұмысын жүргізгенде олардың тұрпаттық типіне
баса назар аударылады.
Зоотехника ғылымының көрнекті ғалымдары П.Кулешов пен
Е.Богданов жылқының қызметтік, экстерьерлік, өнімдік ерекшеліктерін зерттей
келе 5-түрлі - сөлекет, нәзік, ашаң, қағылез, босаң – тұрпаттық типін
айырады.

Жылқы жасын тісіне ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қазақстанның жылқы шаруашылығы
Мал шаруашылығының өнімдері
Ірі қара мал шаруашылығы
Жылқы етін өндіру, жылқының ет өнімділігі, еттің биологиялық құндылығы
Халық шаруашылындағы жылқы шаруашылығының маңызы
Міністі жылқы тұқымы
Ендігі кезекте мал шаруашылығы саласының бәсекеге қаблеттілігін арттыру
Башқұр жылқы тұқымы
Жылқы көшпенді халықтың негізгі байлығы
Жылқы шаруашылығы және жылқы өнімдері
Пәндер