Сан есімнің мағыналық топтарын оқытуда интерактивті әдістерді қолдану



М а з м ұн ы
Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
І тарау. Түркі тілдері грамматикасындағы сан есімнің орны
І.1. Сан есімнің зерттелу тарихы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .
І.1. Сан есімнің мағыналық түрлері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .
Қорытынды ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..

ІІ тарау. Сан есімді оқыту әдістемесі
ІІ.1.Сан есімнің мағыналық түрлерін оқыту жолдары ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
ІІ.2. Сан есімді оқыту үрдісінде оқушылардың сыни ойлауын дамыту ... ... ... ..
Қорытынды ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
Әдебиеттер тізімі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .
Қосымша беттер ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
Кіріспе. Зерттеудің өзектілігі. Ана тіліміз бай әрі көп салалы. Оны зерттеу бір басқа да, меңгерту тіптен бөлек. Қазақ тілінің грамматика саласындағы сөз таптарын меңгерту – «Қазақ тілін оқыту әдістемесі» пәнінің негізгі мәселелерінің бірі. Әсіресе, сөз таптары ішіндегі сан есімді оқыту мәселесі ерекше. Сан есім – оқулықтарда көрсетіліп жүргендей, есімдер тобына жататын сөз таптарының бірі. Сан есімге жататын сөздердің өздеріне тән лексика-грамматикалық мағыналары бар, яғни олар заттың сан мөлшерін, ретін, шамасын білдіреді . Олай болса, сан есім –сөздерді топтастырудың бірінші ұстанымына сәйкес, яғни семантикалық сипаты жағынан сандық, мөлшерлік ұғымды білдіретін сөздер. Сан есімдер басқа сөздерге (зат есімдерге) тіркеспей жеке айтылғанда, абстракт сан атауы ретінде қолданылады, ал зат есіммен тіркескенде заттың нақты сандық мөлшерін көрсетеді. Сан есімдер – тілімізде өте көне заманнан бері қолданылып келе жатқан сөздер. Сондықтан бұлардың қалай жасалғандығы жөніндегі ғалымдар арасында түрліше пікір бар. Есімдер тобына жататын сөз табының бірі болып саналатын сан есімдердің өзіндік зерттеу тарихы бар. Н.И. Ильминскийдің, М.Терентьевтің, П.М. Мелиоранскийдің , Н.Ф. Катановтың еңбектерінде сан есім жеке сөз табы ретінде қарастырылған.
Жұмыста дамыта оқыту технологиясы және оқу мен жазу арқылы сын тұрғысынан ойлауды дамыту технологиясының оқушы шығармашылығын дамытудағы тиімділігі көрсетілді. Ч.Темпл, К.Мередит, Д.Стилл ұсынған «Оқу мен жазу арқылы сын тұрғысынан ойлауды дамыту» бағдарламасының оқушының танымдық қабілеті мен ойлау белсенділігін арттырудағы орны нақтыланды.
Зерттеудің мақсаты: Сөз табы ретінде сан есімдерді оқытудың мақсаты мен міндеттерін анықтау, сан есімдерді зерттеген ғалымдардың еңбектерінің ерекшеліктері мен пікірлеріне сүйеніп, сан есімнің мағыналық түрлері мен жасалу жолдарын қарастыру, ерекшеліктерін анықтау.

Зерттеудің міндеттері:
1. Ғылыми зерттеу көздеріне сүйене отырып, тақырыптың теориялық сипатын ашу.
2. Оқушыларға сан есім тақырыбы бойынша берілетін білім көлемін анықтау.
3. Сан есім түрлерін оқытуда қамтылатын инновациялық технология түрлерін саралау;
4. Теорияны тәжірибе жүзінде жүзеге асырудың инновациялық әдіс-тәсілдерін айқындау;
Зерттеудің болжамы: Егер сан есім түрлерін оқыту барысында оқушыға берілетін білім түрлері логикалық жүйемен үздіксіз дамытылып отырылса; оқушының білімі мен сөйлеу мәдениетін жетілдіру ұтымды әдістер мен ұстанымдар негізінде жүргізілсе; білім берудегі инновациялық технологиялар мен кешенді жұмыс түрлерін бір-бірімен үйлестіре, білім беру нәтижесі оқушының шығармашылық белсенділігін қалыптастыруға бағытталса, онда оқушының бойындағы өмірге қажетті іскерліктер мен дағдыларды дамытудың мүмкіндігі кеңейіп, оқытудың нәтижелілігі мен тиімділігі арта түседі, өйткені қазіргі заманғы жаңашыл тәжірибелер оқушының ой дербестігін, оқу әрекетін жандандыра отырып, жан-дүниесінің ұлттық рухта зерделенуіне, өзіндік жеке пікір қалыптастыруына жол ашады.
Зерттеу әдістері: теориялық әдістер, баяндау, салыстыру, жүйелеу, талдау, сараптау, қорыту, бақылау және тәжірибеден өткізу.
Зерттеу нысаны: Сан есімге жататын сөздердің өздеріне тән лексика-грамматикалық мағыналары
Пәні: қазақ тілінің әдістемесі
Зерттеу орны: № 38 орта мектеп 6- сынып
Зерттеудің негізгі кезеңдері:
Пайдаланылған әдебиеттер
1.«Қазақ тілінің грамматикасы» Алматы, 1967 ж.
2. С.М. Исаев «Қазақ тілі» Алматы, 1993 ж.
3. А. Ысқақов «Қазіргі қазақ тілі» Алматы, 1991 ж.
4. Ш.Бектуров, М.Серғалиев «Қазақ тілі» Алматы, 1994 ж.
5. К.Аханов «Грамматика теориясының негіздері» Алматы, 1972 ж.
7. Н. Оралбаева, Ғ. Мадина, А.Әбілқаев «Қазақ тілі». Алматы, 1993 ж.
8. Ш. К. Бектуров «Қазақ тілі лексика – фонетика, морфология-синтаксис» Алматы, 2006 ж.
9. Аханов К. Грамматика теориясының негіздері. А., Мектеп, 1997
10. Жұбанов Қ. Қазақ тілінің жоғарғы курсы. А., 1999
11.Ибатов А. Сөздердің морфологиялық құрамы. А., 1983
12.Исаев С.Қазіргі қазақ тіліндегі сөздердің грамматикалық сипаты. А., 1998
13.Исаев С.Қазіргі қазақ тіліндегі негізгі грамматикалық ұғымдар. А., 1992
14. Қазақ грамматикасы. Астана, 2002
15.Қасабек Қ., Мұхамади Қ. Қазіргі қазақ тілі. Морфология. А., 2004
16.Жұбанов Қ. Қазақ тілі жөніндегі зерттеулер. Алматы:
17. Хасенов Ә. Қазіргі қазақ тіліндегі сан есімдер.
18. Төлеуов Ә. Сөз таптары. – Алматы: Мектеп, 1982.
19. ҚалыбаеваА., Оралбаева Н. Қазіргі қазақ тілінің морфемалар жүйесі.

Пән: Тілтану, Филология
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 36 бет
Таңдаулыға:   
Абай атындағы Жамбыл гуманитарлық колледжі

Гуманитарлық пәндер бөлімі

Қазақ тілі мен әдебиеті ПЦК-сы

КУРСТЫҚ ЖҰМЫС
Тақырыбы:
Сан есімнің мағыналық топтарын оқытуда интерактивті әдістерді қолдану

Орындаған:
Кеңесова Г.

Тобы: К – 2 – 09

Пәні: қазақ тілін оқыту әдістемесі

Жетекші: Елібаева Л.

Тараз – 2013
Сан есімнің мағыналық топтарын оқытуда интерактивті әдістерді қолдану

М а з м ұн ы

Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
І тарау. Түркі тілдері грамматикасындағы сан есімнің орны
І.1. Сан есімнің зерттелу
тарихы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
... ... ...
І.1. Сан есімнің мағыналық
түрлері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
Қорытынды ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...

ІІ тарау. Сан есімді оқыту әдістемесі
ІІ.1.Сан есімнің мағыналық түрлерін оқыту
жолдары ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
ІІ.2. Сан есімді оқыту үрдісінде оқушылардың сыни ойлауын
дамыту ... ... ... ..
Қорытынды ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
Әдебиеттер
тізімі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
... ... ... ... ... ... ... ...
Қосымша
беттер ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
... ... ... ... ... ... ... ... .

Кіріспе. Зерттеудің өзектілігі. Ана тіліміз бай әрі көп салалы. Оны
зерттеу бір басқа да, меңгерту тіптен бөлек. Қазақ тілінің грамматика
саласындағы сөз таптарын меңгерту – Қазақ тілін оқыту әдістемесі пәнінің
негізгі мәселелерінің бірі. Әсіресе, сөз таптары ішіндегі сан есімді оқыту
мәселесі ерекше. Сан есім – оқулықтарда көрсетіліп жүргендей, есімдер
тобына жататын сөз таптарының бірі. Сан есімге жататын сөздердің өздеріне
тән лексика-грамматикалық мағыналары бар, яғни олар заттың сан мөлшерін,
ретін, шамасын білдіреді . Олай болса, сан есім –сөздерді топтастырудың
бірінші ұстанымына сәйкес, яғни семантикалық сипаты жағынан сандық,
мөлшерлік ұғымды білдіретін сөздер. Сан есімдер басқа сөздерге (зат
есімдерге) тіркеспей жеке айтылғанда, абстракт сан атауы ретінде
қолданылады, ал зат есіммен тіркескенде заттың нақты сандық мөлшерін
көрсетеді. Сан есімдер – тілімізде өте көне заманнан бері қолданылып келе
жатқан сөздер. Сондықтан бұлардың қалай жасалғандығы жөніндегі ғалымдар
арасында түрліше пікір бар. Есімдер тобына жататын сөз табының бірі
болып саналатын сан есімдердің өзіндік зерттеу тарихы бар. Н.И.
Ильминскийдің, М.Терентьевтің, П.М. Мелиоранскийдің , Н.Ф. Катановтың
еңбектерінде сан есім жеке сөз табы ретінде қарастырылған.
Жұмыста дамыта оқыту технологиясы және оқу мен жазу арқылы сын
тұрғысынан ойлауды дамыту технологиясының оқушы шығармашылығын дамытудағы
тиімділігі көрсетілді. Ч.Темпл, К.Мередит, Д.Стилл ұсынған Оқу мен жазу
арқылы сын тұрғысынан ойлауды дамыту бағдарламасының оқушының танымдық
қабілеті мен ойлау белсенділігін арттырудағы орны нақтыланды.
Зерттеудің мақсаты: Сөз табы ретінде сан есімдерді оқытудың мақсаты мен
міндеттерін анықтау, сан есімдерді зерттеген ғалымдардың еңбектерінің
ерекшеліктері мен пікірлеріне сүйеніп, сан есімнің мағыналық түрлері мен
жасалу жолдарын қарастыру, ерекшеліктерін анықтау.

Зерттеудің міндеттері:
1. Ғылыми зерттеу көздеріне сүйене отырып, тақырыптың теориялық сипатын
ашу.
2. Оқушыларға сан есім тақырыбы бойынша берілетін білім көлемін анықтау.
3. Сан есім түрлерін оқытуда қамтылатын инновациялық технология түрлерін
саралау;
4. Теорияны тәжірибе жүзінде жүзеге асырудың инновациялық әдіс-
тәсілдерін айқындау;
Зерттеудің болжамы: Егер сан есім түрлерін оқыту барысында оқушыға
берілетін білім түрлері логикалық жүйемен үздіксіз дамытылып отырылса;
оқушының білімі мен сөйлеу мәдениетін жетілдіру ұтымды әдістер мен
ұстанымдар негізінде жүргізілсе; білім берудегі инновациялық технологиялар
мен кешенді жұмыс түрлерін бір-бірімен үйлестіре, білім беру нәтижесі
оқушының шығармашылық белсенділігін қалыптастыруға бағытталса, онда
оқушының бойындағы өмірге қажетті іскерліктер мен дағдыларды дамытудың
мүмкіндігі кеңейіп, оқытудың нәтижелілігі мен тиімділігі арта түседі,
өйткені қазіргі заманғы жаңашыл тәжірибелер оқушының ой дербестігін, оқу
әрекетін жандандыра отырып, жан-дүниесінің ұлттық рухта зерделенуіне,
өзіндік жеке пікір қалыптастыруына жол ашады.
Зерттеу әдістері: теориялық әдістер, баяндау, салыстыру, жүйелеу, талдау,
сараптау, қорыту, бақылау және тәжірибеден өткізу.
Зерттеу нысаны: Сан есімге жататын сөздердің өздеріне тән лексика-
грамматикалық мағыналары
Пәні: қазақ тілінің әдістемесі
Зерттеу орны: № 38 орта мектеп 6- сынып
Зерттеудің негізгі кезеңдері:
1. Тақырып таңдап алу, сол тақырып бойынша іздену.
2. Бекітілген тақырыпқа байланысты материал жинақтап, жұмыстың жоспарын
құру.
3. Жоспарға сәйкес курстық жұмыстың І бөлімін жазу.
4. Мемлекеттік практика барысында эксперименттік зерттеулер жүргізе отырып,
курстық жұмыстың практикалық бөлімін жазып, жұмысты аяқтау және қорғау.
Зерттеу жұмысының құрылымы: Курстық жұмыс кіріспеден, екі тараудан,
қорытынды мен әдебиеттер тізімінен тұрады.

І тарау. Түркі тілдері грамматикасындағы сан есімнің орны
І.1. Сан есімнің зерттелу тарихы
Есімдер тобына жататын сөз табының бірі болып саналатын сан есімнің
өзіндік зерттелу тарихы бар.
Түркі тілдеріндегі грамматикалардан бастап сан есімге көңіл бөліне бастады.
Бұл грамматикалардың бәрінде де сан есімдер қысқаша болса да сөз болды.
Мысалы, Н.И.Ильминскийдің, А.Казембектің, М.Терентьевтің,
П.М.Мелиоронскийдің, В.В.Катаринскийдің, С.В.Ястремскийдің, Н.Ф.Катановтың
еңбектерінде сан есім жеке сөз табы жеке сөз ретінде қарастырылған.
Кеңес дәуіріндегі түркологтар еңбектерінде сан есім жайында пікірлер бар.
Мысалы, А.Бороковтың оқулығында сан есімнің екі түрі көрсетілсе,
Н.П.Дыренкованың грамматикасында төрт түрі берілген. Бірақ, бұл
грамматикаларда сан есімнің семантикалық жақтарына қарай бөлінуін бірінші
орынға қойғанмен, ол элементарлы түрде қысқа ғана түсіндіріліп, барлық
қолдау ерекшеліктері толық және жан-жақты қамтылмай баяндалған.
Қазақ тілі білімінде сан есім жеке сөз табы ретінде алғаш мектеп
грамматикасының көлемінде қарастырылды. Қазақ мектептерінде қазақ тілін пән
ретінде үйрететін оқулық А.Байтұрсыновтың оқулықтары болды. Оның Тіл
-құралдары үш кітап қазақ тілінің фонетикалық және грамматикалық құрылымын
талдап, жүйелеп, танытып берген оқулықтар еді.Ғалымның 1914 жылғы бірінші
Тіл- құралдары (үш кітап) қазақ тілінің фонетикалық және грамматикалық
құрылымын талдап, жүйелеп, танып берген оқулықтар еді. Ғалымның 1914 жылғы
Тіл - құрал оқулығында сан есім жеке сөз табы ретінде көрсетілген. Онда
сан есімге мынадай анықтама берілген: Неше? Қанша? Деген сұрауға жауап
болатын һәм нәрсенің санын көрсететін сөздеріді сан есім дейміз (7,163).
Ал 1915 жылғы екінші Тіл - құралда сан есімге қатысты мағлұматтар
кеңейтіліп баяндалған. Бұл кітапта Сан есім нәрселердің есебін һәм ретін
көрсететін сөздер ,- деген анықтама беріліп, сан есімнің есептік (оны
іштей және жадағай деп екіге бөлген.), реттік, темілдік (қазіргіше
бөлшектік сан есім) деген түрлері көрсетілген.
Қазақ тіл білімінің ғалымдары І.Кеңесбаев, К.Аханов, АЫсқақов,
Н.Сауранбаев, М.Балақаевтар грамматикалық оқулықтарында да сан есімдердің
мағыналық таптары, жасалу жолдары туралы пікірлер қамтылды.
1954 жылы шыққан қазақ тілі білімінің фонетика ,лексика және грамматика
мәселелерінінен жан-жақты мағлұмат беретін, Қазақ тілі атты еңбекте сан
есім жайында аздаған мәлімет берілді.
Сан есім кейініректе арнаулы диссертациялық зерттеу обьектісі болып, ол
жөнінде Ә.Хасеновтің жеке еңбегі (1957) жарияланды. Ғалым өз зерттеуінде
түркі тілдеріндегі сан есім катергориясының зерттелуіне шолу жасай келіп,
сан есімдердің лексика –семантикалық ерекшеліктеріне тоқталып, лексикалық
жағынан сан есмдердің лексика-семантикалық ерекшеліктеріне тоқталып,
лексикалық жағынан сан есімдер түркі тіледерінің туыстығын айқын танып
аларлық катергорияның бірі болып табылатындығын және сан атауларының түрік
тілінде сөйлейтін халықтармен бірге жасап, көне заманнан бермен қарай
қолданып келе жатқандығын айтқан. Сан есімдерді семантикасына қарай
есептік, реттік, жинақтық-субстантивтік, топтық, бөлшектік, болжамды-
шамалық деп алты түрге бөліп, әрқайсысына жеке-жеке тоқталған. Одан әрі
сан есімнің морфологиялық ерекшеліктерін баяндай отырып, сан есімдердің
жеке сөз табы ретіндегі ең басты айырмашылығы сан есімдер не аффикстену, не
басқаша тәсілдер арқылы басқа сөз таптарынан жасалмайтындығын дәлелдеген.
Сонымен бірге сан есімнің синтаксистік қызметін де сипаттаған.
1964 жылы қазақ тіліндегі есім сөздерді түгел қамтыған проф. А.Ысқақовтың
Қазіргі қазақ тілі (морфология) атты монографиялық еңбегі жарық көрді.
Осы еңбегінде ғалым сан есімді жеке сөз табы ретінде жан-жақты сипаттай
келіп, сан есімдердің жасалу жолына қарай қосылмалы және көбейтілмелі болып
келетіндігін тіл фактісіне сай тұжырымдаған.
Грамматикаларда да сан есімнің жеке сөз табы ретінде лексика-
семантикалық, морфологиялық, синтаксистік жағынан қарастырылуындағы
еңбектермен үндестік байқалады.
Ал сан есімнің сөзжасамы кейінгі кезде арнайы зерттелді. 1988 жылы
профессор Н.Оралбаеваның Қазіргі қазақ тіліндегі сан есімнің сөзжасам
жүйесі атты еңбегі жарық көріп, онда сан есім сөзжасамның негізгі
тәсілдері, олардың сөзжасам жүйесінен алатын орны, атқаратын қызметі
айтылып, сан есімнің әр семантикалық тобының жасалуы, күрделі сандардың
жасалу модельдері көрсетілді.
Сан есім сөйлемдегі сөздердің барлығымен бірдей тіркесе бермейді. Олардың
тікелей тіркесетін негізгі сөздері - зат есімдер, зат есімнен жасалған
туынды сын есім және етістіктер. Осы тұрғыда ғалым Т.Сайранбаев зерттеуінде
сан есімнің етістікпен тіркесі жайында кеңінен айтылған. Ал А.Елешева
фразеологизм құрамындағы сан есімдердің ерекшеліктеріне тоқталған.
Сан есім – оқулықтарда көрсетіліп жүргендей, есімдер тобына жататын сөз
таптарының бірі. Сан есімге жататын сөздердің өздеріне тән лексика-
грамматикалық мағыналары бар, яғни олар заттың сан мөлшерін, ретін, шамасын
білдіреді . Олай болса, сан есім –сөздерді топтастырудың бірінші
ұстанымына сәйкес яғни семантикалық сипаты жағынан сандық, мөлшерлік ұғымды
білдіретін сөздер. Сан есімдер басқа сөздерге (зат есімдерге) тіркеспей
жеке айтылғанда, абстракт сан атауы ретінде қолданылады, ал зат есіммен
тіркескенде заттың нақты сандық мөлшерін көрсетеді.
Сан есімдер – тілімізде өте көне заманнан бері қолданылып келе жатқан
сөздер. Сондықтан бұлардың қалай жасалғандығы жөніндегі ғалымдар арасында
түрліше пікір бар. Мысалы, Н.А.Баскаков сан есімдер –есімдерден бөлініп
шыққан сөз табы екендігін және олар сын есім, үстеу сияқты белгі мағынасын
білдіретіндігін айтқан. Ал қазақ тіліндегі сан есімді зерттеген Ә.Хасенов
Түрік тілдеріндегі негізгі сөздік қорға жататын сан атаулары өмір
шындығынан, конкретті заттан алынған, яғни зат есімдерден шыққан. Әрине,
бұл жалпы сандық ұғымдардың дамуы математика ғылымының дамуымен байланысты,
адамзат қажеттігінен туды деген пікірге ешбір қайшы келмейді, қайта оны
толтыра, растай түседі... сандық семантикалы есімдер мен сөз тіркестері,
түрік тілдеріндегі негізгі сан атаулары зат есімдерден бөлініп шықты деген
жорамалымызда жоққа шығармайды, қайта растайды,-дейді. Осылайша ғалымдар
сан есімнің пайда болуы жөнінде түрліше пікір айтса, кейінгі ғалымдар сан
атауларының нақтылы қалай, қандай тәсілдер арқылы жасалатындығын ғылыми
тұрғыда дәлелдеп берді.
Олай болса, сан есімдер-өздеріне тән жасалу тәсілдері бар, өздерінің табиғи
қызметінде ешбір өзгеріске түспейтін, тек субстантивтенгенде ғана,
түрленетін, мағыналық жағынан бірнеше топқа бөлінетін, сөйлемде белгілі
қызмет атқаратын сөз табы. Осы ерекшеліктеріне қарай сан есімді де үш
блокқа бөліп қарастыруға болады:
1-блок –сан есімнің лексика-семантикалық сипаты.
2-блок- сан есімнің морфологиялық ерекшеліктері.
3-блок – сан есімнің синтаксистік қызметі.

І.2. Сан есімнің мағыналық түрлері

Қазіргі қазақ тіліндегі сан есімдер, жалпы алғанда, әйтеуір бір
сандық ұғымдарды білдіретін сөздер болғанымен, түптей келгенде олардың
ішінде біраз сөздер заттар мен құбылыстардың есептік сан мөлшерін білдірсе,
біразы реттік тәртібін немесе теңбе-тең сандық мөлшерін, ал, тағы бір
топтары заттың жинаңтық я тұспалдық санын немесе оның бөлшектік үлесін т.
б. білдіру үшін қолданылады. Осыған орай ондай сөздердің жасалу амалдары
мен түрлену жүйелері де бірден емес. Сол себепті сан есімдер іштей
мағыналың және морфологиялық өзіндік ерекшелігіне сәйкес: есептік, реттік,
жинақтық, топтың, болжалдық, бөлшектік сан есімдер болып алты топқа
бөлінеді.
Қазіргі қазақ тіліндегі есептік сан есімдер белгілі бір заттар мен
құбылыстардың сандық мөлшерін немесе абстракты сандық ұғымды білдіру үшін
қолданылады. Сол себепті есептік сан есімдер тілімізде бірде заттар мен
құбылыстардың сан мөлшерін білдіру үшін жұмсалса, бірде санның өзінің ғана
абстракты атауы есебінде қолданылады. Мысалы: Бұл кезде ұлы ақын жиырма
тоғыз жаста еді. (Қаратаев) Кеше мен жалғыз өзім елу жеті машина астық
түсірдім. (Нұржанов) Үш айдың ішінде бір мал шығын болған жоқ (Майлин)
дегендегі жиырма тоғыз, елу жеті, үш сөздері адамның жасы, машина және
айдың сан есімдерін білдіріп тұрса, Тілмаш 6ір, екі, бес, тоғыз деп барды
да, құдай ұрғандай тоқтап қалды (Әуезов); екіні үшке қосса — бес болады
дегендегі сан есімдер ешқандай сөздің сандық мөлшерін көрсетіп тұрған жоқ,
санның өзіндік абстракт ұғымының атаулары ретінде айтылып тұр.
Есептік сан есімдер құрылысы жағынан дара және күрделі сандар
болып екі жікке бөлінеді. Дара есептік сандар қатарына сандардың
ішінде бірлік, ондық сан атаулары мен жүз, мың сөздері жатады: бір, екі,
үш, төрт, бес, алты, жеті, сегіз, тоғыз, он, жиырма, отыз, қырық, елу,
алп.ыс, жетпіс, сексен, тоқсан, жүз, мың. Күрделі есептік сан есімдер
қатарына осы дара есептік сандардың өз ара алуан түрлі комбинацияланып
тіркесе қолданылуы негізінде жасалған шексіз сандар ұғымы жатады. Ондай
сандар он бірден бастап дара есептік сандардан басқа барлық есептік сан
ұғымдарын түгел қамтиды.
Есептік сан есімдер дербес абстракт сан мағынасында қолданылғанда,
септік жалғауларын қабылдай алғанымен, заттардың сандық мөлшерін
білдіргенде, ешбір өзгеріске енбейді. Ондай есептік сандар әр түрлі
грамматикалық сөз түрлендіруші тұлғаларды тек субстантивті түрде қолданылу
кезінде ғана қабылдайды. Демек, субстантивтенген есептік сандар көптік те,
септік те, тәуелдік, жіктік те жалғауларын қабылдай береді. Мыс.:
Тоқтар доллар айғайы, өшер залым, Орнар өмір тербеткен мыңдар жанын. (Саин)
Жасы сол кездің озінде қырықтан асқан болар. (Майлин) В естің басы
болғанша, алтыныц аяғы бол. (Мақал) Жол жүріп таңғы алтыдан, Арқаның
тұрмыз жолында. (Сәрсенбаев) Ол жыл бұрын дейтұғын ол бестемін. (Кргалиев)
Тоқсанымыз жиылып, тоқты жыққан батырмыз. Сексеніміз жиылып, серке жыққан
батырмыз. (Мақал)
Есептік сан есімдер езге сөз таптарынан жасалмайды. Бірақ оның есесіне
есептік сандардан лексика-семантикалық және морфологиялық, синтаксистік
тәсілдер арқылы көптеген жаңа сөздер жасалған.

Лексика -семантикалың тәсіл арқылы жасалған жаңа сөздер
қатарына тілдің даму, жетілу процесінде әуелгі сандық мағынасынан алшақтай
келе басқа бір сөз таптарына тан мағыналарға ие болу, сөйтіп өзалды жеке
бір дербес лексикалық тұлға (единица) түрінде танылу дәрежесіне жеткен
сөздер жатады. Айталық, жеті ~ деген сандық ұғым өмірде қажеттілігіне қарай
өзінің сандық мағынасынан ауып, Қаракөздің ауырып жатқанына екі жетіге
тақап қалды. (Қаратаев) Оқу жылы басталғалы бір жетідей уақыт өтті.
(Сайрақбаев) дегендегі сияқты жеті күннен тұратын апта сөзімен мағыналас,
сол ұғымда қолданылу дағдысына ауысқан. Сол сияқты, Мына баланың
жетісін беріп, алғашқы бата оқушыларды атқарып алсын (Әуезов) дегендегідей
өлген адамға жеті күннен соң (бір жетіден кейін) берілетін ас мағынасына да
ауысып кеткен. Бұл сөз алғашқы апта мағынасындағы жетідей емес, әрқашан
тәуелдік жалғаулы формада қолданылады.
Міне, осы сияқты жеке есептік сандардың мағыналық толқу, сөйтіп басқа сөз
топтарына тән мағыналар қатарына ауытқуы негізінде тоқсан, қырқы тәрізді
жаңа сөздер жасалған. Мыс.:
Морфологиялық тәсіл арқылы есептік сандардан жасалған жаңа сөздердің саны
мол. Ондай сөздер қатарына, негізінде, сан есімдердің есептік саннан басқа
топтарына тән әр түрлі формадағы туынды сөздер жатады. Бұлардан езге
есептік сан есімдерге әр түрлі сөз тудырушы қосымшалар арқылы жасалған тағы
да көптеген сөздер бар.
1) Есептік сандарға -дық,-дік, -тық-тік, -лық-лік қосымшасын
қосу арқылы заттық және сындық ұғымдар пайда болған. Мыс.: Төрттік пен
бестік жай ғана сан емес. (Сейітов) Алдында алтылық пен тұз жатыр.
(Мұстафин) Екілікпен үйге келсең жүгіріп, Еркелігің жүрмейді енді шеіиеңе.
(Мәуленов)
2) Бес сөзіне -ті қосымшасын, төрт сөзіне -пақ қосымшасын
үстеу арқылы бесті, төртпақ сын есім сөздері жасалған. Мыс:
Қаңтарулы ақ бест і ат үй артында белдеуде, (Сейфуллин) Қарт төртпақ
денелі, молқара бурыл сақалды еді. (Иманбаев)
3) Үш, төрт есептік сандарга -кіл қосымшасын қосу арқылы үшкіл,
төрткіл сын есім сөздер жасалған. Мыс.:
Дәптер бетіндегі үшкіл, төрткіл белгілер ирек-ирек сызықтармен жалғаныпты.
(Сланов) Ең үлкен болмесі төрткіл болса, түкпір үй кең, ұзын. (Әуезов).
4) -лап\\-леп, -дап\\-деп қосымшасы арқылы көптеген үстеулер
жасалған. Мыс.:Мыңдап кітап шығарады Жыл ішінде қалың журнал. (Жамбыл)
Құлақтанған төңіректегі ел адамдары екілеп, үштеп жасаққа қосыла бастады.
(Тайшықов)
Қазіргі қазақ тіліндегі жинақтық сан есімдер белгілі бір заттар мен
құбылыстардың сан мөлшерін жинақтап көрсету үшін және жинақтық абстракты
сан ұғымдарын білдіру үшін қолданылады. Мыс.: Борлық Совет халқының барар
жолы, кояр мақсаты біреу. (Саин) дегенде алғашқы біреу сөзі совет халқының
барар жолы мен мақсатық түрде көрсетіп тұрса, соңғы сөйлемдегі біреу,
екеу, үшеу, іөртеу, бесеу сөздері абстракты сан ұғымдарын жинақты түрде
көрсетіп тұр.
Жинақтық сан есімдер, негізінде, жаңа сөз тудырушы бір ғана -ау\\-еу
қоымшасы арқылы бірден жетіге дейінгі есептік сан есім түбірлерден
жасалады. Мыс:
Аласыға алтау аз, Бересіге бесеу көп. (Мақал) Жинақтық сан есімдер
мағына жағынан субстантивтік қасиетті болып келетін сөздер болғандықтан,
сөз түрлендіруші грамматикалық формалардың, яғни септік, тәуелдік, жіктік
жалғауларының бәрін де қабылдай береді. Мыс.: Екеуінің үйі қалаға көшкен,
Үшеуінікі далаға көшкен, Екеуінің жасы жетпеген, Біреуінің жасы өтіп
кеткен, Үш қыз жұмысқа шыққан, Енді біреуін қайттім. (Смаханов) Колхозшылар
жиналып, бүл екеуін қоршап алған. (Майлин) Жинактық сан есімдерден лексика-
семантикалық, морфологиялық синтаксистік тәсілдер аркылы біраз жаңа сөздер
жасалған. Ол сөздер лексика-грамматикалық ерекшеліктеріне қарай әр түрлі
сөз таптарына тән болып келе береді.
Морфологиялық тәсіл арқылы жинақтық сан есімдер негізінде, -ла \-ле
қосымшасы арқылы етістік сөздер жасалады. Ондай сөздердің, көбіне, -п
көсемше формалы (~лап, -леп) болып келетін дағдысы бар. Мыс.:
Ініңіз бен екеуіңіз екеулеңіз (Қозы-Көрпеш) Екеулеп жүріп тауықтарды
қорасына әрең қамады. (Иманжанов) Біз үшеулеп жазғанбыз. (Шаймерденов)
Синтаксистік тәсіл арқылы жасалатын жаңа сөздердің екі түрлі жолы бар, яғни
ондай сөздер жинақтық сан есімдердін өз ара қосарланып немесе ара сөзімен
бірігіп айтылуы арқылы жасалады да, негізінде, үстеу сөздер болып келеді.
Мыс.:
Екеу-екеу әне кетіп барады. (Саин) Екеуден-екеу түнгі пароходтың тұмсығында
ішіндегі сирларын ақтарысты. (Жансүгіров)
Қазіргі қазақ тіліндегі реттік сан есімдер белгілі бір заттар мен
құбылыстардың орын тәртібін, ретін, жүйесін белгілеу үшін
қолданылады: Реттік сан есімдер есептік сандарға - ыншы (-інші)
аффисті қосу арқылы жасалады да белгілі бір заттар мен
құбылыстардың сандық ретін білдіру үшін қолданылады. Мысалы:
Тамара атты жетінші класта оқып жүрген жалғыз қызым бар
(С.Мұханов). Екінші, үшінші этаждарда тағы да сондай өзгеше әсем
ойылған тесіктер бар (М. Әуезов).
Реттік сан есімдер де морфологиялық құрамы жағынан дара және
күрделі болып келеді де, күрделі сан есімдерге - ыншы (-інші)
қосымшасы тіркестегі ең соңғы санға жалғанады. Мысалы: бірінші
декабрь күні шыққан, мың тоғыз жүзінші жыл деп белгі
қойған (М.Әуезов).
Реттік сан есімдер негізін де , заттар мен құбылыстардың орын
тәртібін анықтау үшін қолданылатын сөздер болғанымен, сөйлемде
қолдану реттеріне қарай субстантивтік мәнге ие болуына байланысты
әр түрлі сөз түрлендіруші грамматикалық формаларды қабылдайтын,
яғни көптік, септік, тәуелдік, жіктік жалғауларын да
қабылдайтын реттері бар. Мысалы: Бір оқу мазмұны біткен соң,
екіншісіне көшу қолайлы (С. Мұқанов). Екінші бәйге оп - оңай, онан
соң үшіншісі – күш сынау. Сол сияқты М. Әуезовтің Абай жолы
роман эпопеясындағы кездеседі. Мысалы: Төртінші күн осы көп өлкеден
жиылған барлық бай бағланның арасында Оразбай найзабасы болып
көрінді.
Қазіргі қазақ тіліндегі топтау сан есімдер белгілі бір заттар мен
құбылыстардың өзара теңбе-тең сандық мөлшерін білдіру үшін қолданылады.
Ноғай байлары бестен, оннан солдат жатқызамыз деп жазылыпты.
(Тайшықов) Курортшылар екі-екіден, үш-үштен қолтықтасып, өзен жағалап
серуендейді (Соц. Қаз.) дегендегі бестен, оннан байлар үйіне жатқызылатын
солдаттардың сандарын өз ара теңбе-тең түрде топтап көрсетіп тұрса, екі-
екіден, үш-үштен сөздері қолтықтасқан курортшылардың өзара тең сан
мөлшерімен екеу, үшеуден топталып жүргенін көрсетіп тұр.
Топтық сан есімдер дара не күрделі есептік сан есімдер мен болжалдық
сандарға -дан\\-ден, -тан\\-тен, -нан\\-нен қосымшасын қосып айту арқылы
жасалады. Бұл қосымша грамматикалық сөз түрлендіруші форма ретінде шығыс
септігінің жалғауы болып танылғанымен, қазіргі қазақ тілінің нормасында
ондай негізгі септік жалғау мағынасынан алшақтап, топтық мәнді сан есімдер
қатарына, яғни морфология-синтаксистік тәсіл арқылы сез жасаушы қосымшалар
қатарына ауысқан. Топтық сан есімдердің -дан\\-ден қосымшасы арқылы
жасалуының екі түрлі жолы бар: 1) -дан, -ден қосымшасы дара және күрделі
есептік сан есімдерге жалғанады. Мыс.: Оннан, жүзден қосақтап, Аямай-ақ
қырады (Байғанин). Елдің бәрі бестен, оннан тастап жатқанда, сен бірден
артыққа жарамай жаудырап отырсың (Әбішев) . 2) -дан\\-ден қосымшасы
қосарлана қолданылған сан есім сөздердің соңғы компоненттеріне
жалғанады. Ондай қосарлы сөздер қайталама не қосарлама түрінде де кездесе
береді. Мыс.:
Күміс жапқан екі адалбақан екі-екіден бөлініп, екі босағаға жақын орнапты.
(Мүсірепов) Сүйісіп орыс, қазақ, өзбек, ұйғыр, Топтанып екі-үшеуден, төрт-
бесеуден. (Қаз.әдеб.) Оқ-дәрі болса, жоқтың қасы. Әр партизанда жиырма-
отыздан оқ қалыпты. (Шәріпов) Көпір астындағы жүз жиырма жігітті қырық-
қырықтан үшке бөлдім. (Момышұлы)
Қазіргі қазақ тіліндегі болжалды сан есімдер заттар мен құбылыстардың
сан мөлшерін дәл, нақтылы түрде білдірмей, тұспалдап шамамен ғана
көрсетеді. Мыс.:
Бұлттың бірер күннен бері аспанда торлай бастауына қарағанда, бүгін-ертең
қар жауып кетуі мүмкін. (Мұқанов) Біз алты жүздей адамбыз. (Момышұлы)
Сайдың әр жырасында он ағаш жер үй бар. (Әбішев) Бір-екі жігіт барып шалды
ұстап алды (Бегалин) десек, осындағы бірер, алты жүздей, ондаған, бір-екі
сөздерінен ешбір тұрақты сандық ұғым сезілмейді. Олар өздері көрсетіп
тұрған сан мөлшерлерін тек шамалап, тұспалдап қана айтып тұр. Болжалдық сан
есімдер, негізінде, есептік және қос сөзді болжалдық сан есімдерден сөз
жасаудың морфологиялық және синтаксистік жолдары арқылы жасалады.
Морфологиялық тәсіл арқылы жасалған бөлшектік сан есімдердің негізгі үш
грамматикалық көрсеткіші бар.
1) -ер жұрнағы арқылы болжалдың сандар тек бір есептік сан есімінен
ғана жасалады. Мыс.: Жаңбыр толастай ма деп бірер күн жолға шықпай аялдап
қарады. (Шашкин) Таяу оныншы Октябръ, Қалды оған бірер күн, Ал сіз болсаңыз
ұстапсыз бұрымынан біреудің. (Әлімбаев)
2) -д а й\\-д е й, -т а й\\-т е й жұрнағы, негізінде, сын
есімнің -д а й, -д е й қосымшасымен тектес. Бірақ соған қарамай сан есім
сөлдерге қосылып айту дағдысында оның негізгі лексика-грамматикалық
мағынасынан алшақтап, тұспалдық мәндерге ие болып, оандық ұғымдарды
болжалды түрде көрсету дәрежесіне ауысқаны байқалады. -д а й, -д е й
қосымшасы аркылы пайда болған болжалды сан есімдер, негізінде, дара және
күрделі есептік сан есімдер мен қосарлы болжалдық сандардан жасалады.
-дай\\ -дей қосымшасы кейде сан есімдерге тікелей жалғанбай Екі-үш күндей
күткізіп, Бір күні соқты іңірде (Мұқанов) деген сияңты тіркесе қолданылатын
сөздерге де жалғануы мүмкін. Мұндай жағдайда да -д а й\\-д е й қосымшасы
болжалдық мән тудырады.
3) -даған\\-деген, -таған\\-теген жұрнағы, негізінде -да және -ған сияқты
етістіктің бұйрық рай, есімше түрлеріне тән қосымшалардан тұрады. Бірақ
қазіргі ңазақ тіліндегі сан есімдерге қосылып қолданылуы оның ежелгі
функцияларынан мүлде алшақтап кеткен, яғни қазір олар туынды етістіктер мен
есімше сөздер жасаушы қосымшалар емес, сан есімдерге болжалдың мән беретін
үстеу дәрежесіне көшкен. -д а ғ а н\\-деген қосымшасы арқылы жасалған
болжалдық сандар негізінде есептік сан есім түбірлі сөздер болып келеді.
Оның өзінде ондай сандар көбіне ондық, жүздіқ, мыңдық сандар болып келеді.
Мыс.:
Он мыңдаған Жапонның Қолдарын қойдай қуған-ды. (Жамбыл) Тас көмір — бұдан
екі жүз миллиондаған жылдар бұрын жер бетіне қаптап шыққан өсімдіктердің
денелері. (Соц. Қаз.)
Синтаксистік тәсіл арқылы жасалған болжалдық сан есімдер,
негізінде, есептік сандардың өзара қосарланып қолданылу жолымен пайда
болган. Есептік сандардың бұлайша қосарлана қолданылуында көңіл аударарлық
бір заңдылың байқалады. Мысалы, бір сөзі тек екі сөзімен гана қосарланып
қолданылады да, өзге сандармен олай айтуға келмейді. Сол сияқты екі сөзі
тек үш санымен ғана, төрт сөзі беспен, бес сөзі алты және он сездерімен
ғана қосарланып қолданыла алады. Өзге сандар да солай. Мыс.: Оқудың
біткеніне екі-үш күн болған еді. (Хангельдин) Екі-үш келіншек қыр басына
өрмелеп келеді. (Сланов) Ауылдан он-он бес шақырым шықтық. (Майлин)
Аурухана бұл арадан қырық-елу километр. (Мұқанов)
Болжалдық мағына тілімізде сан есім сөздер мен астам, жуық, қаралы,
тарта, таяу, шақты сөздерінің тіркесе қолданылуы арқылы да беріледі. Ондай
тіркестегі сан есімдер соңғы сөздердің мағыналық сипаттарына қарай әр түрлі
септік жалғау формаларын да қабылдайды. Мыс.: Сол кезде оның үйінде жүз
елудей қой, жиырмадан астам жылқы бар. (Мұқанов) Ол жиырмаға жуық жаңа
әндер, отызға жуық жаңа өлеңдер шығарып, оның көпшілігін газеттерде
жариялап та үлгірді. (Әзірбаев) Батырдың қырыққа таяу келген жасы, Денесі
биік жота, таудай басы. (Сейфуллин)
Болжалдың сан есімдер таза сандық мөлшер мағынасында қолданылғанда
ешбір грамматикалық сөз түрлендіруші қосымшаларды қабылдамайды.
Субстантивтенген жағдайдың өзінде тек қосарлы түрлері ғана көптік, септік,
тәуелдік жалғауларын қабылдай алады.
Болжалдың сан есімдердің қосарлы түріне -лы\\-лі, -ды\\-ді, -ты\\-ті
қосымшаларын қосып айту арқылы бірді-екілі, бесті-онды сияқты мөлшер
үстеулері жасалған.
Қазіргі қазақ тіліндегі бөлшектік сан есімдер белгілі бір заттар мен
құбылыстардың бөлшектік үлесін, бөлшегін білдіреді. Мыс.:
Қарынға Балуан-ІПолақтың сыбағасынан басқа байтал етінің үштен бірі сиып
кетті. (Мұқанов) Шекарадан тек төрттің бірі ғана өтті (Шашкин) дегенде
үштен бірі сөзі байтал етін үш бөлгендегі бір бөлігін көрсетіл тұрса,
төрттің бірі сөзімең адамдарды төрт бөлгендегі бір бөлігі ұғынылады. Бұл
аурудан халықты ң үштер бірі аман қалып жатқан кезі (М. Әуезов)
Бөлшектік сан есімдер, негізінде, таза математикалық ұғымдарға байланысты
пайда болған да, тіркестегі сан есімдердің алғы компоненттеріне шығыс
септік жалғаулары мен ілік септік жалғауларының үстемеленуі және соңғы
компоненттеріне үшінші жақ тәуелдік жалғауларының қосылып айтылуы арқылы
жасалған. Мыс.: Мәліметке қарағанда, барлық шиқанның үштен бірі асқынатын
көрінеді. (Оразақов) Еділ өзенінің бойында Совет Одағы халықтарының
төрттен бірі тұрады. (Кәкімжанов)
Бөлшектік сан есімдерден төрттен біріндей, үштің екісіндей сияқты
болжамдық сандар болмаса, өзге жаңа сөздер жасалмайды және
бөлшектік сандар қатарына өзге сөз тарапына тән сөздердің да
ауысу дағдысы жоқ.

Қорытынды

Қорыта айтқанда, сан есімдер – есім сөздер тобына жататын сөз
табының бірі. Сан есім сын есімдерге біршама жақын. Сын есім
-заттың түрін, түсін, сипатын білдірсе, сан есім заттардың ретін,
мөлшерін, шамасын білдіретін лексика-грамматикалық сөз табы. Сан атаулары
өте ертеден бері қолданылады. Олар сонау көне жазба ескерткіштердің
бәрінде кездеседі. Оның себебі дүниеде заттар пайда болғаннан бастап
оның саны мен мөлшері туралы ұғымдар да қалыптасқан. Түрлі
тілдердегі негізгі сан атаулары бар болғаны жиырма сөз. Бұл түркі
тілдерінің тыныстығын айқын танытады. Бұл түркі тілдерінің көне жазба
ескерткіштерінде қолданылған. Сандық ұғымдардың атауы ретінде
қолданылады. Олардың нақты мағыналары өзге сөздермен қарым-қатынас
күйінде айқындалатын сан есімдердің сөйлем ішінде негізгі қызметінің
бірі. Сан есімдердің негізгі қызметі анықтауыш болу. Өйткені, сан
есімдер сан мөлшерін, сан ретін, сан шамасын білдіру сияқты
өздеріне тән негізгі қызметті атқарғанды үнемі анықтауыш болады. Сан
есімдер тек зат есімдерді ғана анықтайтын не заттық қана сан
мөлшерін білідіретін сөздер есебінде қаралады.

Сан есімдер тек зат есімді емес сонымен қатар, зат есімнен жасалған
туынды сын есімдердің де, етістік сөздердің де сан мөлшерін білдіре
алады. Сан есімдердің осылайша зат есімдерден, өзге сөз таптарынан,
демек туынды сын есімнен, еістіктен бұрын тұрып олар арқылы аталатын
ұғымдардың сан мөлшерін білдіре қолданылуы, олардың пысықтау
функциясында да жұмсала алатындығын аңғартады. Сан есімдер туынды сын
есімдердің сан мөлшерін білдіре қолданылғанда, сөйлемдегі белгілі бір
анықтайтын атрибутивтік сөздің анықтаушысы, яғни анықтауышының
анықтаушысы ретінде қолданады.

ІІ тарау. Сан есімді оқыту әдістемесі
ІІ. 1. Сан есімнің мағыналық түрлерін оқыту жолдары

Сан есім категориясын оқыта отырып, балалардың тілін дамытудың
маңызы зор. Мектеп қабырғасында балалар сан есіммен , олардың алты
түрімен танысады. Жазба жұмыстарында сан есімнің реттік түрін шатастыру
кездеседі. Мұны , әрине, әр түрлі жаттығулар жүргізу арқылы жоюға болады.
Мектеп тәжірибесінде сан есімді оқыту тұсында кейбір сан есімдердің
этимологиясын талдап, балаларды қызықтыру ескерусіз келе жатқан мәселе.
Сондықтан балалардың өздеріне таныскейбір сандарға түсінік беру қажет.
Мысалы, сексен, тоқсан деген сөздердің төркіні сегіз он, тоғыз он болған.
Мұғалім сан есімді түсіндіріп болған соң, мынадай жұмысты балаларға
ауызша орындатуға болады: тақтада мынадай цифрлар жазулы тұрады, олардың
қандай тарихи оқиғаны білдіретінін айтқызу. Мұнда баланың ауызекі сөйлеу
тілін дамыту мақсат етіледі.
1812 жыл, 1941 жыл 22 маусым , 1945 жыл 9 мамыр, 4 қазан 1959 жыл, 2
қаңтар 1953 жыл, 14 қыркүйек 1953 жыл, 4 қазан 1961 жыл, 12 ақпан
1961 жыл, 12 сәуір 1961 жыл, 6-7 тамыз 1962 жыл, 1 қаңтар 1953 жыл.
Бұл жылдарда қандай оқиғалар болды?
Балалардың жауабы үнтаспаға жазылады. Орындалуы: 1812 жылы Франция
Ресейге шабуыл жасады. Бұл жылы Напалеон жеңіліп, еліне қайтты. 1941
жылы 22 маусымда неміс-фашист басқыншылары Кеңес еліне соғыс ашты.
1945 жылы 9 мамырда Кеңес халқы неміс басқыншыларының күл- талқанын
шығарып жеңді. Бұл- жеңіс күні, жеңіс жылы. 1959 жылы 4 қазанда дүние
жүзінде бірінші рет Кеңес елінде жасанды жер серігі ұшырылды. 1953 жылы
1 қаңтарда КСРО бірінші ғарыш зымыранын ұшырды.
1953 жылы 14 қыркүйекте екінші ғарыш зымыраны айдың бетіне қонды. 1961
жылы 12 сәуірде жер жүзінде тұңғыш рет Восток кемесімен аспан әлеміне
адам ұшырылды. Ол ұшқыш-ғарышкер Юрий Гагарин еді. 1962 жылы 6-7
тамыз күндері Восток кемесімен (25 сағат бойына) ұшқан ғарышкер
майор Г.С. Титов болды. 1962 жылы 11-12 тамызда Восток-3 кемесімен
екі адам ұшырылды. Олар ұшқыш-ғарышкерлер, майор А.Г. Николаев пен П.Р.
Попович еді. 1963 жылы 14-16 маусымды ұшқыш-ғарышкер, подполковник
В.Быковский , дүние жүзінде бірінші болып әйел В.В. Терешкова ұшқан
болатын.
Балалар осы бағытта жауап беруге тиіс.
Бұдан соң мұғалім уақыттың мүмкіндігіне қарай үнтаспаға жазылған
мынадай мәтінді оқушыларға тыңдатады:
Алматы қаласында И.Е. Чернышев деген адам 1960 жылы 151 жаста екен.
139 жасына дейін жұмыс істепті.
Венгрияда Янош Ровен мен оның әйелі Сара ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Мектепте киелі сан есімді оқытудың тиімді әдістері
Сын есімді оқыту барысында ұлт жандылыққа тәрбиелеудің әдіс-тәсілдері
Морфология тарауын оқытуда оқушылардың белсенділігін арттыру
Киелі сан есімдерді қазақ тілін оқытуда пайдалану
Сын есімді оқытуда ата дәстүр мен әдептілікті дарыту жолдары
Морфология саласының теорияларын зерттелу сипаттары
Бастауыш сыныптарда сөз таптарын оқыту
Сын есімді оқыту барысында оқушыларға ұлттық тәрбие беру
КӨПТІК ЖАЛҒАУЛАРЫН ДАМЫТА ОҚЫТУ ТЕХНОЛОГИЯСЫ
Шетел тілін оқыту әдістемесін меңгеру
Пәндер