Тура және ауыспалы мағыналы сөздер



Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
І тарау. Сөз және оның мағынасы
І.1. Cөз . лексиканың ең басты зерттеу объектісі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .
І.2. Сөз мағынасы . тілдің ұзақ даму кезеңдерінің нәтижесі
І.3. Сөздің тура және ауыспалы мағынасы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
Қорытынды ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .
ІІ тарау. Сөз мағыналарын оқыту жолдары
ІІ.1. Сөз мағынасын оқытудың мақсаттары мен міндеттері ... ... ... ... ... ... ...
ІІ.2. Тура және ауыспалы мағыналы сөздерді оқытуда қолданылатын әдіс.тәсілдер ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
Қорытынды ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
Әдебиеттер тізімі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
Қосымша беттер ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
Кіріспе. Зерттеудің өзектілігі. Сөз мағынасы – белгілі бір зат, құбылыс, сан, сапа, мөлшер, көлем, шама, қимыл, әрекет туралы түсінік беретін дыбыстар, қимыл, әрекет туралы түсінік беретін дыбыстардың жүйелі тіркесі.
Мағына өзгеріп, жаңарып, жоғалып та отырады. Қазіргі қазақ тілінде қолданылып жүрген сөздердің бірқатары алғашқы мағынасын сақтаса, енді біреулері қосымша, үстеме мағыналармен өзгерген. Сөздердің беретін лексикалық мағыналары, өзгеру ерекшеліктері, шығу тектері түсіндірме, этимологиялық, диалектологиялық сөздерде көрсетіледі.
Сөздің мағыналығы оның пайда болуымен бірге өмір тәжірибесімен тығыз байланысты жағдайда ғана білінеді. Ойдың мазмұны тілдік формада берілетін болғандықтан, ұғым сөз арқылы беріледі де, сөзге тіркеулі, бекітулі болады. Айтушы мен тыңдаушының қатынасы тіл қалпында беріледі.
Зерттеудің мақсаты: cөз мағынасы жөнінде жазылған ғылыми еңбектерді басшылыққа ала отырып, әдістемелік құралдарды пайдаланып, оқушыларға теориялық білім беру тәсілдерін, оқытудың тиімді жолдарын қарастыру, өз ойын басқаға жетік түсіндіре алатын тұлғаны қалыптастыру, тіл байлығын, сөздік қоры мен шығармашылық деңгейін көтеру жолдарын саралау.
Зерттеудің міндеттері:
1. Ғылыми зерттеу көздеріне сүйене отырып, тақырыптың теориялық сипатын ашу.
2. Оқушыларға грамматикалық мағынаға байланысты берілетін білім көлемін анықтау.
3. Оқытуда қамтылатын инновациялық технология түрлерін саралау.
Зерттеудің болжамы: егер мұғалім сабақта сөздің тура және ауыспалы мағыналарын оқытудың мақсат, міндеттеріне жетудің тиімді, нақты жолдарын анықтаған жағдайда белгілі бір нәтижеге қол жеткізеді. Мақсатты айқындауда мұғалім оқушының жеке басын, интелектісін, оқу іс-әрекетін өз мүмкіндігінше ескеріп, өтілетін тақырып мазмұнын зерттегені дұрыс. Ал педагогикалық технология ерекшелігі – оның талабы. Осы мақсатқа жетуді оқушының өзі арқылы, оның оқу іс-әрекетін ұйымдастыру арқылы ойлау дағдыларын дамыта отырып жүзеге асыруды қарастырар едім. Берілетін білім түрлері логикалық жүйемен үздіксіз дамытылып отырса, оқушының білімі мен сөйлеу мәдениетін жетілдіру ұтымды әдістер мен ұстанымдар негізінде жүргізілсе, оқытудың нәтижелілігі мен тиімділігі арта түседі.
Зерттеудің әдістері: теориялық әдістер, баяндау, салыстыру, жүйелеу, талдау, сараптау, қорыту, бақылау және тәжірибеден өткізу.
Зерттеудің нысаны: сөз мағыналарының түрлері
Пәні : қазақ тілін оқыту әдістемесі
Зерттеу орны: Тараз қаласы № 38 орта мектеп 5 «Б» сыныбы
Зерттеу кезеңдері:
1. Тақырып таңдап алу, сол бойынша іздену.
2. Бекітілген тақырыпқа байланысты материал жинақтап, жұмыстың жоспарын құру.
3. Жоспарға сәйкес курстық жұмыстың І бөлімін жазу.
4.Диплом алдындағы тәжірибе жинақтау, курстық жұмыстың практикалық бөлімін жазып, жұмысты аяқтау және қорғау.
Зерттеу жұмысының құрылымы: курстық жұмыс кіріспеден, екі тараудан, қорытынды мен әдебиеттер тізімінен тұрады.
Пайдаланған әдебиеттер:
1.Кеңесбаев І., Мұсабаев Ғ. Қазіргі қазақ тілі. Алматы, 1996.
2.Сауранбаев Н.Т. Қазақ тіл білімінің проблемалары. Алматы, 1982.
3.Хасанов Б. Қазақ тілінде сөздердің метафоралық қолданылуы.
Алматы, 1994.
4.Кеңесбаев І., Мұсабаев Ғ. Қазіргі қазақ тілі. Фонетика. Лексикология.
Алматы, 1993ж.
5.Жұбанов Қ. Қазақ тілі жөніндегі зерттеулер. Алматы,1998 ж.
6.Исаев С. Қазақ тілі. Алматы, 1993ж.
7.Айтбайұлы Ө. Қазақ сөзі. Алматы:Рауан, 1996
8. Аханов К. Тіл білімінің негіздері. Алматы,1991ж.
9.Исаев С. Қазіргі қазақ тіліндегі сөздердің грамматикалық сипаты.
Алматы, 1998 ж.
10.Аханов К. Грамматика теориясының негіздері .Алматы, 1996 ж.
11. Айғабылова Б. Лексиканы оқыту әдістемесі. Алматы, 1968ж.
12.Болғанбаев Ә. Қазақ тілінің лексикологиясы. Алматы, 1988.
13.Болғанбаев Ә., Қалиев Ғ. Қазақ тілінің лексикасы мен фразеологиясы. Алматы: Санат, 1997.
14.Лингвистикалық түсіндірме сөздік. Алматы, 1998 ж.
15.Б.Құлмағамбетова. Қазақ тілін оқыту методикасы. Алматы, 1988ж.
16. Г.Қосымова, Ж.Дәулетбекова. Қазақ тілін оқыту әдістемесі.
Алматы, 2001ж.
17. «Қазақ тілі мен әдебиеті» 2005ж. №3.41-43-бб.
18. «Қазақ тілі мен әдебиеті» 2005ж. №9.39-42-бб.
19. «Қазақстан мектебі» 1999»ж.»№4. 48-б.
20. Қазақ тілі. Энциклопедия.1998 ж.

Пән: Тілтану, Филология
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 27 бет
Таңдаулыға:   
Абай атындағы Жамбыл гуманитарлық колледжі

Гуманитарлық пәндер бөлімі
Қазақ тілі мен әдебиеті ПЦК-сы

КУРСТЫҚ ЖҰМЫС
Тақырыбы:
Тура және ауыспалы мағыналы сөздердің
Орындаған: .
Тобы:
Пәні: қазақ тілі
Жетекші:

Тараз - 2014

Мазмұны
Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
І тарау. Сөз және оның мағынасы
І.1. Cөз - лексиканың ең басты зерттеу объектісі ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ...
І.2. Сөз мағынасы - тілдің ұзақ даму кезеңдерінің нәтижесі
І.3. Сөздің тура және ауыспалы мағынасы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
Қорытынды ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .
ІІ тарау. Сөз мағыналарын оқыту жолдары
ІІ.1. Сөз мағынасын оқытудың мақсаттары мен міндеттері ... ... ... ... ... ... ...
ІІ.2. Тура және ауыспалы мағыналы сөздерді оқытуда қолданылатын әдіс-тәсілдер ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
Қорытынды ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
Әдебиеттер тізімі ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
Қосымша беттер ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...

Кіріспе. Зерттеудің өзектілігі. Сөз мағынасы - белгілі бір зат, құбылыс, сан, сапа, мөлшер, көлем, шама, қимыл, әрекет туралы түсінік беретін дыбыстар, қимыл, әрекет туралы түсінік беретін дыбыстардың жүйелі тіркесі.
Мағына өзгеріп, жаңарып, жоғалып та отырады. Қазіргі қазақ тілінде қолданылып жүрген сөздердің бірқатары алғашқы мағынасын сақтаса, енді біреулері қосымша, үстеме мағыналармен өзгерген. Сөздердің беретін лексикалық мағыналары, өзгеру ерекшеліктері, шығу тектері түсіндірме, этимологиялық, диалектологиялық сөздерде көрсетіледі.
Сөздің мағыналығы оның пайда болуымен бірге өмір тәжірибесімен тығыз байланысты жағдайда ғана білінеді. Ойдың мазмұны тілдік формада берілетін болғандықтан, ұғым сөз арқылы беріледі де, сөзге тіркеулі, бекітулі болады. Айтушы мен тыңдаушының қатынасы тіл қалпында беріледі.
Зерттеудің мақсаты: cөз мағынасы жөнінде жазылған ғылыми еңбектерді басшылыққа ала отырып, әдістемелік құралдарды пайдаланып, оқушыларға теориялық білім беру тәсілдерін, оқытудың тиімді жолдарын қарастыру, өз ойын басқаға жетік түсіндіре алатын тұлғаны қалыптастыру, тіл байлығын, сөздік қоры мен шығармашылық деңгейін көтеру жолдарын саралау.
Зерттеудің міндеттері:
1. Ғылыми зерттеу көздеріне сүйене отырып, тақырыптың теориялық сипатын ашу.
2. Оқушыларға грамматикалық мағынаға байланысты берілетін білім көлемін анықтау.
3. Оқытуда қамтылатын инновациялық технология түрлерін саралау.
Зерттеудің болжамы: егер мұғалім сабақта сөздің тура және ауыспалы мағыналарын оқытудың мақсат, міндеттеріне жетудің тиімді, нақты жолдарын анықтаған жағдайда белгілі бір нәтижеге қол жеткізеді. Мақсатты айқындауда мұғалім оқушының жеке басын, интелектісін, оқу іс-әрекетін өз мүмкіндігінше ескеріп, өтілетін тақырып мазмұнын зерттегені дұрыс. Ал педагогикалық технология ерекшелігі - оның талабы. Осы мақсатқа жетуді оқушының өзі арқылы, оның оқу іс-әрекетін ұйымдастыру арқылы ойлау дағдыларын дамыта отырып жүзеге асыруды қарастырар едім. Берілетін білім түрлері логикалық жүйемен үздіксіз дамытылып отырса, оқушының білімі мен сөйлеу мәдениетін жетілдіру ұтымды әдістер мен ұстанымдар негізінде жүргізілсе, оқытудың нәтижелілігі мен тиімділігі арта түседі.
Зерттеудің әдістері: теориялық әдістер, баяндау, салыстыру, жүйелеу, талдау, сараптау, қорыту, бақылау және тәжірибеден өткізу.
Зерттеудің нысаны: сөз мағыналарының түрлері
Пәні : қазақ тілін оқыту әдістемесі
Зерттеу орны: Тараз қаласы № 38 орта мектеп 5 Б сыныбы
Зерттеу кезеңдері:
1. Тақырып таңдап алу, сол бойынша іздену.
2. Бекітілген тақырыпқа байланысты материал жинақтап, жұмыстың жоспарын құру.
3. Жоспарға сәйкес курстық жұмыстың І бөлімін жазу.
4.Диплом алдындағы тәжірибе жинақтау, курстық жұмыстың практикалық бөлімін жазып, жұмысты аяқтау және қорғау.
Зерттеу жұмысының құрылымы: курстық жұмыс кіріспеден, екі тараудан, қорытынды мен әдебиеттер тізімінен тұрады.

І тарау. Сөз және оның мағынасы
І.1. Cөз - лексикологияның ең басты зерттеу объектісі
Тіл білімінің әр түрлі салалары бір-бірімен байланыста бола тұрып, өздерінің дербестігін, даралық қасиетін сақтайды. Олардың әрқайсысының зерттеу объектісі бар. Сөз - лексикологияның ең басты зерттеу объектісі. Құбылыстар мен заттардың бәрі де белгілі бір сөздермен аталады. Атаусыз сөз жоқ, сөз болмаған жерде атау да жоқ. Сондықтан сөз тарихы тіл тарихымен, тіл тарихы халық тарихымен, халық тарихы қоғам тарихымен тығыз байланысты. Адам баласы өзінің жаратылысынан белгілі қоғамда өмір сүріп келеді. Өмір сүруге қажетті заттарды өндіруде де олар бірлесіп атқарған. Осындай бірлесіп атқарған еңбектің өзі адамзатты ойлай білуге, сөйлеуге мәжбүр еткен.
Тіл адам баласының қол жеткен табыстарын сөздер арқылы көрсетеді. Әрбір тілдің сөздік құрамындагы сөздер халықтың басынан еткен ұзақ сонар тарихын, оның саяси-әлеуметтік өмірін, тұрмыс салтын, күнкөріс-тіршілігін, мәдени-рухани өмірін, бүкіл экономикасын айнытпай айқын бейнелеп бере алады. Сөз байлығында біздің барлық білген біліміміз, ойымыз, идеямыз, ұғымымыз сақталған. Қазақ халқының да көне заманнан бері карай өзімен қоса жасасып келе жатқан бай сөздік құрамы бар, Бұлар халқымыздың басынан кешкен бүкіл өмірінің, шаруашылығы мен кәсібінің, материалдық байлығы мен рухани қазынасының нақ айнасы, куәсі. Сөз байлығы ұрпақтан ұрпаққа өтіп, бірден-бірге жоғалмай, сақталып келеді. Адамдар бір-бірін тіл арқылы түсінісетін болса, сол тілдің басты құралы -- сөз. Сөз дегеніміз -- заттың, түрлі құбылыстың, қимыл-әрекеттердің атауы. Әрбір сөздің білдіретін жеке ұғымы болады. Мысалы: қар деген сөздің білдіретін ұғымы -- түсі ак, салқын, еріп, суға айналатын зат. Қазіргі қазақ тілінде сөз саны өз кемелінде, тіпті мол екенін бекер дей алмаймыз. Ендеше, сол мол сөздің бәрі біркелкі емес. Кейбір сөзде нақты мағына бар да, ол мағына уақыт санап дами береді. Ал кейбір сөздер тұрақты мағынаға ие бола алмайды, олардың мағынасы сөйлем ішінде ғана көрінеді. Мысалы:
Ажымды жүзі тершіген
Кәрі жартас таң қапты,
Бәрі осы-ау деп із деген,
Томсарып құз жылапты,- ( Абай Құнанбаев) деген төрт жолды өлеңдегі сөздердің саны жеке жазылуына қарай 16 сөз болса, олардың ішінде мағыналары- 11. Қалған бесеуі тұрақты мағынаға ие бола алмайтын, сөйлем ішінде ғана мәні бар сөздер. Мысалы, оның ішінде жүз, тер, жартас, із, құз дегендер заттық мәніндегі сөздер; ажым, кәрі дегендер заттың сынын көрсететін сөздер; томсару, жылау дегендер заттың ісін, қатынасын көрсететін сөздер т.б.
Сөйтіп, сөздерді мағыналы сөздер, мағынасыз сөздер деп екіге бөлуге болады.
Мағыналы сөздер дегеніміз - атау болатын сөздер. Олар мүмкін тікелей заттың, құбылыстың атауы, немесе оның (заттың) сынының яки әрекетінің атауы болады. Мысалы, кәрі жартас дегенде жартас заттың атауы болса, кәрі- заттың сынының атауы т.с.с.
Мағынасыз сөздердің мәні сөйлемдегі байланысында ғана. Мағынасыз сөздерге шылау, демеу, демеуліктер, одағайлар жатады.
Сөз -- өте күрделі күбылыс. Тілдегі сөздср бір-бірінен дыбыстык ерекшелігі мен кұрылым - құрылысы жағынан ғана емес білдіретін мағынасы жағынан да қилы-қилы. Мәселен, Дәурен сен ертең сағат онда үйге кел, екеуміз кешке дейін жұмыс істейік деген сөйлемдегі сездерді жеке-жеке алып қарасақ, дыбысталуы жағынан да, морфологиялык тұлғасы жағынан да, мағынасы жағынан да, керек десеңіз, сөйлемдегі атқарып тұрған қызметі мен орын тәртібі жағынан да түрлі-түрлі. Осындай сөздерсіз ешқандай ой құрауға болмас еді. Сол сиякты тілдің грамматикалық зандарынсыз айтылатын ой түсініксіз әрі әрсіз болар еді. Сондықтан да бұлардың әркайсысына тән ерекшелі мен кызметі бар негізгі элементтер екендігін көреміз. Сөз дыбысталу мен мағынаның бірлігінен турады. Әрбір сөз -- белгілі бір құбылыстың аты. Сол себептен, олардың әрқайсысына тән белгілі - мағынасы бар. Бірақ бұл мағыналар өзі білдіретін зат пен кұбылысты табиғи жолмен емес, сол ұғымды білдіретін белгі ретінде жұмсалады да, бір тілде сөйлейтін халықтың бәріне бірдей түсінікті болып тұрады. Белгілі бір ұғым тілдегі сөздердің негізінде туады және сол арқылы тілде өмір сүреді. Сөз жеке нәрсені байқатады. Сонымен бірге жалпылық мәні де болады.

І.2. Сөз мағынасы - тілдің ұзақ даму кезеңдерінің нәтижесі

Сөздің мағынасын анықтау, тарихи даму барысында сөз мағынасының сапалық өзгерістеріне талдау жасау- лексикологтардың алдында тұрған міндет- дейді акад. В.В. Виноградов. Осы мақсатты алға қойғанның өзінде де, оны қалай шешу, қалай орындау керектігін қарастыра келгенде, сөз мағынасының дамуында толып жатқан шытырмандардың бар екенін, оны дұрыс шешіп, жолға қоюдың оңай емес екендігін де ескертеді...
Проф. I. Кеңесбаев: Сөз қандай күрделі болса, сөз мағынасы да сондай күрделі,- дейді.
Шынында да, сөздің мағынасы бірімен-бірі ұштасып, бірімен-бірі байланысып жатады. Мысалы, Биыл егін жақсы шықты. Биыл астық жақсы шықты. Биыл астық мол шықты деген сөйлемдердегі астық, егін немесе жақсы, мол деген сөздердің әрқайсысының өз алдына тұрақты мағыналары болғанымен, контекстегі мағыналарына қарай, кейде бірінің орнына бірі қолданыла береді. Ал Совхоз өкіметке астық тапсырды деген сөйлемдегі астық дегеннің орнына егін тапсырды деуге болмайды. Бұл- сөздердің контекстік мағыналары. Енді осы сөйлемдегі астық тапсырды дегеннің орнына бидай тапсырды десек, бұдан сөйлем мағынасы бұзылмайды, қайта ойымыз нақтылана түседі. Өйткені астық деген жалпы атау болса, бидай- сол астықтың бір ғана түрінің атауы. Сонда астық деген сөздің абстракт мағынасы болса, бидай деген- нақтылы мағына.
Сондай-ақ қара деген сын есімді алсақ, бұны адамға қолданғандағы қара деген түс пен қара саба, қара сиыр, қара күйе дегендердегі түсті бірдей деп айтуға болмайды.
Мысалы, Орта бойлы келген сезімдеу қара жігіт жүзі құбылып үйден шығып кетті (Б.Майлин.) дегенмен: Айранбайдың... таралмай ұйысқан қара сақалы барлық бетін қаптап, тәу көрген адам- елуден асқан қу ғой,- дейтін (Б.Майлин.) дегендегі қара жігіттің қаралығы қара сақалдың қаралығынан мүлдем басқа екенін айыруға болады.
Мұнан шығатын қортынды: сөздің мағынасы ақиқат заттың дәл күйін, түсін, түрін, белгісін нақты көрсете алмайды, бірақ халық тілінде дәстүр бойынша конкрет ұғымға сай болады.
Бір сөздің өзі сан түрлі тексте, тіркесте құбылып қолданылады. Бұған мысал ретінде жоғарыдағы қара сөзінің басқа мағыналарын қарастырып көрейік. Мысалы, қара халық осыны ұнатады деген сөйлемдегі қара халықтың түсін көрсетпейді. Бұрын байларды ақ сүйек кедейлерді қара сүйек деген. Сөйтіп, баяғы түсті көрсететін қара деген сөз мағынасынан алыстап, тым қараңғы,бұлдыр қалыпты дегенді меңзегенін көреміз. Сөздің осы сияқты мағынасын ауыс мағына дейді, бірақ бұл жағдай жекелеген факт ғана болса, жеке мағына бола алмай, контекстік мағына болып қала береді.
Егер бұл сияқты тіркестер көбейіп, қара деген сын есімнің мағынасы айқындала түссе, онда контекстік мағынадан гөрі, ауыс мағынаға жақындап, бара-бара тұрақтанып, мағынасы ашылып, жеке мағына болады. Мысалы,

Жүз қараға екі жүз аларман бар,
Бас қатар бас-аяғын тексерем деп (Абай).

Сөз мағынасының құбылуы- сөздің грамматикалық тұрақтылығын әлсіретіп, бір сөз табынан екінші бір сөз табына ауыстырып отырады. Бұл жөнінде зат есім мен сын есімнің. Яғни есімдердің, ара жігі тым тұрақсыздау (сын есімнің субстантивтенуі). Мысалы, қазіргі қазақ тіліндегі сын есім категориясын жасайтын сапалық сын есімдердің бәрі септік жалғауын жалға-
са-ақ заттанып, зат есімге айналып кетеді. Көптеген сын атаулары зат атауымен ұштасып жатады. Мысалы:
Кешегі қонған мезгілден
Шапқаннан бері, шырағым,
Көрінген жоқ көзіме
Құрдасының қарасы (Қобыланды батыр).

Міне, бұл мысалда қара деген сөз заттанып кеткен. Ерболға бір қара атап және екі сойыс малын алғызды (М. Әуезов). Бұндағы қара деген мал дегеннің орнына қолданылып тұрғанын көреміз. Бұл- тұрақталған мағына, жеке мағына. Өйткені, қара сөзі сан есімдермен тіркесе келгенде сын есімдік қалыптан ауытқып, субстантивтеніп кеткен. Бұл сөздің мағыналық ауысу қалпымен қатар, оның ерте күндегі семантикасы да тікелей затпен байланыса айтылып, зат ұғымы орнына қолданып, бертін келе сын есімге ауысқан.
Қара көне түркі тілінде де мал дегеннің орнына қолданылғанын XIV ғасырдың жазу нұсқасы- Рабғузидің Қиссас-ұл Әнбиясынан көруге болады. Онда жиі қолданылған. VII ғасырда Көлтегіннің ескерткішінде қара бұдун болып жазылған- қара халық, яғни хан тұқымынан басқалар деген сөз. Қара деген сөз моңғол тілінде хар түрінде айтылады, хар будай- қара бидай, хар сана- қара сана (арам ой) дегендерді салыстыр. Бұлар, әрине, кездейсоқ нәрсе емес, бұлардың барлығы да қара сөзі сын есім, туынды түбір екенін, оның алғашқы мағынасы заттың атауы болып, бертін келе сын есім болған деген пікірді дәлелдейді.
Бұл жөнінде ескеретін бір жағдай бар. Моңғол тіліндегі хар қазіргі қазақ тіліндегі қара деген сөзбен тура мағыналас болғандықтан қара деген сөздің түбірі қар болып, ол сөз- қолдың қар-ы дегендегі қар-мен, болмаса ұры-қар дегендегі қар-мен мағыналас болмай ма деген күдіктен аулақ болуымыз керек. Өйткені, моңғол тіліндегі қар деген сөз басқа мағынада қолданылады, хун қар- ер адам; хун адам, қар еркек,ер деген мағынада. Мұны қошқар дегендегі қар-мен, немесе еркектің қоры, әйелдің қары күлегеш дегенмен салыстыруға болады. Қолды хол деумен қатар гар деп те атайды, мысалы, гар буу- қол мылтық (тапанша) деген мәнде.
Сөйтіп, қара деген сөздің мағынасының динамикалық дамуын шамаласақ, басқа сөздердің де дамуы осы тектес болып келеді деген қортынды шығаруға болады. Мағынаның даму барысында тұрақты мағына да, жаңа мағына да, ауыс мағына да, контекстік мағына да туып, кеңейіп, тарылып отыруы- тілдік заңды құбылыс.
Сөз мағынасы даму барысында жаңа қолданыс табуы да мүмкін; жеке сөздің мағынасы жанды организм сияқты құбылғыш келеді.
Біз бір ғана қара деген сөздің сапа сынының заттық мағынасын шолығанымызда, ол әр түрлі затты белгілейтінін, яғни әр түрлі зат атауының орнына қолданылатынын байқадық.
Бұл айтылғандар, әрине, сөздің мағынасы болып табылады. Өйткені, сөз мағынасының негізгі белгісі ең тұрақты, белгілі ұғымды білдіргенде заттың, құбылыстың атауы болуға тәуелді екенінде. Егер оны ол қасиетінен ажыратсақ, мағына шықпайды. Ал грамматикада шын мәнінде мағына емес, функция, яғни атқаратын қызметі, шешуші орын алады. Оған мысал ретінде оқыдың деген бір сөзді алсақ, оқы- түбір сөз; оның мағынасы айқын, ал - ды-етістіктің өткен шағын көрсетіп тұр; -ң- етістіктің екінші жағын көрсетеді. Біз, әрине, бұл қызметтерін ұғынамыз, бұл да ұғым. Бірақ бұлар мағына емес, грамматикалық тұлғаның қызметі ғана. Өйткені, оларға затқа, құбылысқа тәуелділік жоқ.
Кейбіреулер сөздің ұғымы мен мағынасын шатастырып, бірінің орнына қолданып, бұлардың өзара айырмашылығын жоғалтып алып жүр. Бұл сияқты кемшілік А.И. Томсонның Жалпы тіл тану деген еңбегіндегі теріс пікірден басталған сияқты. Оның айтуынша, біздің ұғымымыз тілдің мағынасының мәні болғандықтан, ұғымның өзгеруімен бірге тілдің мағынасы да өзгереді дегенді айта келіп, ол: Исчезновение понятия есть изчезновение значения слова; вместе с тем исчезает и само слово, если оно имеет только это значение дейді. Сөйтіп, ұғым мен мағынаны, сөзді бір-бірімен тепе-тең деп, ажыратпай қарағандықтан, олардың ерекшеліктерін елемей, тілдің жалпы ұғымымен санаспай, араластырып жіберген. Сонымен, сөзде грамматикалық, лексикалық мағына, сөздік (негізгі) мағына, тұрақты мағына, ауыс мағына, контекстік мағына және нақты абстракт мағына болады. Енді осылардың бастыларын жекелеп қарастырайық.

І.3. Сөздің тура және ауыспалы мағынасы
Сөз мағынасы -- шындықтың (заттың, сапаның, қатынастың, қимыл-әрекеттің, қалыптың) белгілі бір құбылысының сөзде бейнеленуі. Сөз мағынасының грамматикалық және лексикалық түрлеріболады. Грамматикалық мағына сөздің белгілі бір топқа (сөз табына) тән екендігін, басқа сөздермен тіркесу мүмкіндіктері мен ерекшеліктерін, сондай-ақ оның түрлік өзгеріске түсу қабілетін (жіктелу, есептелу), сөз тіркесі мен сөйлем ішінде басқа сөздерге қатынасын айқындайды. Лексикалық мағына да жалпылықты білдіре беруі мүмкін (айталық, күлу, ыза болу, ашулану, ренжу -- адамның психологиялық күйін білдіреді). Соған қарамастан, лексикалық мағынаның жеке қасиеті болатынын теріске шығаруға болмайды, өйткені келтірілген мысалдағы сөздердің әрқайсысына тән мағыналық айырмашылықтары бар. Полисемиялық құбылыс болғанда, лексикалық мағынаның ұқсас жайлары көп, бірақ олардың да тура және ауыспалы мағыналарының болатыны анық (жоғары-төмен, сұлу-келісті, қара (етістік)- қара (сын есім), ыржақтау-мәз болу т. б.). Сөздердің лексикалық мағыналары түсіндірме сөздікте белгілі бір контекстке байланысты нақтыланады. Сөз білдіретін мағына бірдей, біркелкі бола бермейді, Әдетте сөз мағынасы екі тұрғыдан екіге бөлініп қаралады: лексикалык мағына және грамматикалық мағына. Сөздің жеке тұрғанда немесе сөйлемде білдіретін негізгі ұғымы оның лексикалық мағынасы болады: тау, тас, орман. Ал осы сөздерді сөз тұлғасы, сөз таптары, сөйлемдегі қызметі тұрғысынан қарастырғанда, олардың білдіретін мағыналары грамматикалық мағыналар болады: Тау мен тасты жел бұзар; Орман -- ел байлығы деп, сөйлем құрастырсақ, тау, тас, орман, ел, байлық деген сөздер, бір жағынан, жеке-жеке ұғымның атауы болып, лексикалық мағынаны білдіреді. Екінші жағынан, ол сөздердің барлығы да жалпы зат атауы мәнін білдіріп, зат есім болып түр. Бұл -- сол сөздердің грамматикалық мағынасы. Егер бұларға грамматикалық талдау (грамматикалық тұлғалары мен атқаратын қызметтеріне қарай) жасасақ, олардың әрқайсысы бірнеше грамматикалық мағынаны білдіріп тұрғанын байқаған болар едік. Мысалы: тау және тасты деген сөздер әрқайсысы белгілі бір ұғымды білдірсе (бұл -- лексикалық мағынасы), оның үстіне бұл екі сөз де жалпы жансыз зат атауы және табыс септік жалғауы арқылы бұзу қимылының тура объектісі мәнін (нені бұзар?) білдіріп тұр. Сондай-ақ жел -- әрі жалпы жансыз зат атауы, әрі қимылды атқарушы (бастауыш) -- не бұзар? Бұзар -- жалпы қимылды білдіреді және -ар қосымшасы арқылы шақтық (болжалды келер шақ), 3-жақта тұруы арқылы жақтық, баяндауыштық мәнде тұр. Бұлардың барлығы -- грамматикалық мағыналар. Сондықтан сөзде бір лексикалық және бір я бірнеше грамматикалық мағына болады дейміз. Сөздер толық (лексикалық) мағынасы бар негізгі сөздер және лексикалық мағынаны білдіре алмайтын көмекші сөздер болып та бөлінеді: Жұмыстан кейін киноға бардым десек, сөйлемдегі жұмыстан, киноға, бардым дегендер -- толық мағыналы сөздер, өйткені олардың әрқайсысы өздігінен тұрып белгілі бір ұғымды білдіре алады. Ал сөйлемдегі кейін сөзі өздігінен тұрып ешбір ұғым білдіре алмайды, өзінің алдындағы сөзге тіркесіп барып мезгілді, уақытты білдіреді. Сондықтан кейін сөзін көмекші сөз дейміз. Асқар келгенде, Ботагөз ұйықтап қалып еді деген сөйлемде Асқар келгенде, Ботагөз, ұйықтап негізгі толық мағынаны, ал қалып еді сөздері көмекші мағынаны білдіріп тұр. Қалып еді етістіктері өздігінен толық мағынаны білдіре алмай, ұйықтап көсемшесіне тіркесіп барып бір істі, әрекетті (бір мағынаны) білдіреді. Сонымен, сөздер толық, негізгі, көмекші, қосымша мағыналарды да білдіре алады. Сөз бір мағынаны да, бірнеше мағынаны да білдіреді.
Сөздің қосымша мағыналары негізгі мағынасы арқылы пайда болып, дамиды. Ақ деген сөздің негізгі мағынасы сапа, сын есімдік белгілі түсті көрсетеді. Кейінгілерінің бәрі негізгі (сөздік) сын мағынасынан дамыған. Ақ торғын, ақ сүт дегендегі ақ- негізгі мағына. Ал ақ болу, ақ көбею, істің ағы дегендер қосымша контекстік мағына.
Басқа мағыналарының бәрі ақ деген түспен байланысты ұғынылады. Тағам мағынасындағы ақ та ақ деген түсті есімізге салады. Басында ақ сүт, ақ айран сияқты болып айтылып, кейін сөз тіркестерінен бірте-бірте ажырап, дараланып қолданылатын дәрежеге жетеді.
Сөзде ең алдымен затпен, құбылыспен байланысты мағына жасалады да, абстракт мағына кейін пайда болады. Бұған қарап, ақ ішу дегендегі ақ- зат атауы, сондықтан осының өзі негізгі мағына болып, түсті белгілейтін мағына кейін пайда болмады ма екен деген күмән болмауға тиіс. Өйткені, сапа сындары затпен (заттым тани бастағанда) бірге жасалған көне атаулар, олар бертін келе зат сипатын көрсететін абстрактылық қасиетке ие болған. Сондықтан сапа сындары тым ертеректе жасалған.
Ақ деген сапа сыны тым ерте қолданылғанда, ал зат атауы болған ақ дегеннің мағынасы адам баласы малды қолға үйретіп, оның сүтін азық ете бастаған, оны сапа сыны арқылы кейін жасалған.
Ауыс мағына дегеніміз де сөздің негізгі мағынасынан дамиды. Мысалы, жар деген сөзді алайық. Оның негізгі мағынасы- сайдың екі жағында кездесетін тік жаға. Ол қия тас болуы да немесе тік құлама топырақ болуы да мүмкін. Тік болса, жар деп атайды. Осының ауыс мағынасы- үйдің қабырғасын жар деу. Ал қабырға дегенді алсақ, негізгі мағынасы- қабырға сүйегі болса, ауыс мағынасы- үйдің қабырғасы, қораның қабырғасы. Бас деген сөздің таудың, қарағайдың басы дегендегі мағынасы- адамның басына ұқсатып айтқандықтан, яғни ауысу заңы бойынша, жасалған мағына. Қырман басына өзі бас-көз болады (Ж. Тілеков). Ер мен еңбек таңғы шақ тоқ басынан табыссын (Ж. Саин). Бір бұлақтың басында үш жолаушы кез болыпты (Ы. Алтынсарин). Отырса, от басында, көшсе, көш басында (мақал). Бұл мысалдағы басы деген сөздің мағыналары да- ауыс мағына. Немесе, бірге оқыған құрбыға бас бәйгені бермедің (А. Құнанбаев).
Төре болдың, бас болдың,
Көкірегіңді сермедің! (сонда)
Бас инженер кетті дейді көруге,
Жерді көріп, өз бағасын беруге (Х. Ерғалиев)
дегендегі бас сөздері жоғарғы деген мағынаны білдіреді. Бұл- бастың жоғарғы тұру қасиетімен байланысып жатады. Әрине, бұл да ауыс мағына.
Ауыс мағынаның қасиеті сол, ол негізгі мағынамен тығыз байланысты болуымен бірге, негізгі мағынаға меңзес болады.

Қорытынды

Сөз дегеніміз - қыр-сыры мол, күрделі тілдік категория.Сөздің мағыналық, дыбыстық шығу төркіні, даму тарихы, қолдану ерекшелігі, жасалу жолы, өзгерілу жүйесі және басқа алуан түрлі жақтары бар. Сөз айналамыздағы зат не құбылыс жайындағы ұғымның аты болса, ол атаудың өзіне тән телінген мағынасы да бар.
Тіл-тілдегі сөздер дыбыстар тіркесінен тұрады. Дыбыстар тіркесі белгілі бір заңдылықтар мен ережелерге бағына тіркеседі. Сөздің дыбыстық ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Тура және ауыспалы сөздердің мағыналары
Лексиканы оқыту әдістемесі
Лингвистикалық парадигмадағы омонимдердің орны
Лексиканы оқытудың міндеттері
Қазақ тіліндегі сөз мағынасының даму ерекшеліктері
Қимыл ұғым атауларының көп мағыналылығы
Сөздің лексика-семантикалық тобын дамыта оқу оқыту технологиясының дидактикалық тұғыры
ҚАЗАҚ ТІЛІНДЕГІ ФРАЗЕОЛОГИЗМДЕРДІҢ МАҒЫНАЛЫҚ СИПАТЫ
Қазақ тілі сабағын оқыту
Лексикалық ұғымдарды меңгертіп, оқушының білім дағдысын қалыптастыруда жаттығу
Пәндер