Несиелік ақшалар және оның түрлері



ЖОСПАР

КІРІСПЕ

I НЕСИЕЛІК АҚШАЛАР ЖӘНЕ ОНЫҢ ТҮРЛЕРІ
1.1 Несие ақша . толық құнсыз ақшалар ретінде маңызы мен мәні
2.2 Несиелік ақшалардың негізгі түрлері мен олардың жіктелуі

II ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДАҒЫ НЕСИЕЛІК АҚШАЛАРДЫҢ НЕГІЗГІ ТҮРЛЕРІ МЕН ОЛАРДЫҢ ДАМУ БОЛАШАҒЫ
2.1 Қазақстан Республикасы ақша айналысындағы несиелік ақшалар және оларды жетілдіру шаралары
2.2 Қазақстан Республикасында несиелік ақшаның түрі ретінде вексельдің даму барысы

ҚОРЫТЫНДЫ

ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР
КІРІСПЕ

Ақшаның өмiр сүруiндегi объективтiк қажеттiлiк ол тауар өндiрiсi мен тауар айналысының болуына негiзделедi. Кез келген тауар айналысында ақша айырбас құралы болып табылады. Тауар және ақша бiр – бiрiнен бөлiнбейдi. Ақша айналысы болмаса, онда тауар айналысы да болмайды. Егер ақша айналысы болмаса, онда тауар айналысы да болмайтын едi. Ақша түрiнде көрiнетiн тауарлардың құны , оның бағасы болып табылады.
Шаруашылықтағы тауарларды өткiзуде, сондай-ақ тауарлы емес төлемдердi және есеп айырысуларды жүзеге асыруға қызмет ететiн қолма-қол және қолма-қолсыз ақша формаларындағы ақшалардың қозғалысын – ақша айналысы деп атайды. Егер айналымдағы ақша көлемi шаруашылық қызмет етуiне қажеттi ақша массасынан артық болса, онда қоғамда ақшаның құнсыздануы етек алып, ол өз кезегiнде экономикалық активтiлiктi төмендетiп, экономиканы дағдарысқа алып келедi.
Осы ақша айналысының тұрақтылығын, бірқалыпты айналысын реттеуге мүмкіндік беретін ақща түрі және экономикалық шаруашылықтардың үздіксіздігін қамтамасыз ету мақсатында пайда болатын қызметтер мен өнімдердің ақысын кешіктіріп төлеуге мүмкіндік беретін айналыс құралдары несиелік ақшалардың маңызы зор балып табылады. Несиелiк ақшалар – тауар өндiрiсiнiң дамуымен, яғни тауарларды сатып алу және сатудың уақытын кешiктiрiп төлеуге берiлуiмен байланысты пайда болған ақшалар.
Сондықтан мен курстық жұмысымның тақырыбын «Несие ақшалары, олардың маңызы, негізгі түрлері» деп алдым. Өз кезегінде несиелік ақшалардың негізгі түрлеріне вексель, чектер және банкноталар жатады. Бұл несиелік ақшалардың дамуы еліміз үшін маңызды болып отыр және олар осы жұмысты орындаудың өзектілін көрсетеді.
ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР

1. «Деньги, кредит, банки» Учебник Под. Ред. О.И Ловрушина, Изд.
2-е, - Москва: 1999г.
2. Абрамова М.А., Александрова Л.С. Финансы, денежные обращение и кредит. Учебние пособие – Москва , 1996г.
3. Баян Көшенова, Оқу құралы Ақша, несие, банктер, валюта қатынастары, - Алматы: “Экономика” 2000ж.
4. С.Б. Мақыш, Оқу құралы “Ақша айналысы және несие” – Алматы, Қазақ университетi, 2004 ж. – 248 бет.
5. Бункина М.К. Деньги, банки, валюта, Учебные пособие – Москва, 1994 – 173 с.
6. “Қ.Р-ның вексель айналысы туралы” Қ.Р-ның Заңы // 28.04.1998ж.
7. «О текущей ситуации на финансовом рынке» // Банки Казахстана,
№ 9, 8- 2005 г. 2-3 стр.
8. Вестник КазНУ. Серия экономическая. №3. – 2005 г. 33-35 стр.
9. Баймуратов У.Б. «Электронные деньги: проблемы и перспективы» // Банки Казахстана, №9, - 2005 г. 18-21 стр.
10. Сайденов А. Г. «О перспективах развития денежно-кредитной политики и других направлениях деятельности Национального Банка» // Банки Қазахстана, №10, - 2005 г. 2-4 стр.

Пән: Банк ісі
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 29 бет
Таңдаулыға:   
ЖОСПАР

КІРІСПЕ

I НЕСИЕЛІК АҚШАЛАР ЖӘНЕ ОНЫҢ ТҮРЛЕРІ
1.1 Несие ақша – толық құнсыз ақшалар ретінде маңызы мен мәні
2.2 Несиелік ақшалардың негізгі түрлері мен олардың жіктелуі

II ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДАҒЫ НЕСИЕЛІК АҚШАЛАРДЫҢ НЕГІЗГІ ТҮРЛЕРІ МЕН
ОЛАРДЫҢ ДАМУ БОЛАШАҒЫ
2.1 Қазақстан Республикасы ақша айналысындағы несиелік ақшалар және оларды
жетілдіру шаралары
2.2 Қазақстан Республикасында несиелік ақшаның түрі ретінде вексельдің даму
барысы

ҚОРЫТЫНДЫ
ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР

КІРІСПЕ

Ақшаның өмiр сүруiндегi объективтiк қажеттiлiк ол тауар өндiрiсi
мен тауар айналысының болуына негiзделедi. Кез келген тауар айналысында
ақша айырбас құралы болып табылады. Тауар және ақша бiр – бiрiнен
бөлiнбейдi. Ақша айналысы болмаса, онда тауар айналысы да болмайды.
Егер ақша айналысы болмаса, онда тауар айналысы да болмайтын едi. Ақша
түрiнде көрiнетiн тауарлардың құны , оның бағасы болып табылады.
Шаруашылықтағы тауарларды өткiзуде, сондай-ақ тауарлы емес төлемдердi
және есеп айырысуларды жүзеге асыруға қызмет ететiн қолма-қол және қолма-
қолсыз ақша формаларындағы ақшалардың қозғалысын – ақша айналысы деп
атайды. Егер айналымдағы ақша көлемi шаруашылық қызмет етуiне қажеттi ақша
массасынан артық болса, онда қоғамда ақшаның құнсыздануы етек алып, ол өз
кезегiнде экономикалық активтiлiктi төмендетiп, экономиканы дағдарысқа алып
келедi.
Осы ақша айналысының тұрақтылығын, бірқалыпты айналысын реттеуге
мүмкіндік беретін ақща түрі және экономикалық шаруашылықтардың
үздіксіздігін қамтамасыз ету мақсатында пайда болатын қызметтер мен
өнімдердің ақысын кешіктіріп төлеуге мүмкіндік беретін айналыс құралдары
несиелік ақшалардың маңызы зор балып табылады. Несиелiк ақшалар – тауар
өндiрiсiнiң дамуымен, яғни тауарларды сатып алу және сатудың уақытын
кешiктiрiп төлеуге берiлуiмен байланысты пайда болған ақшалар.
Сондықтан мен курстық жұмысымның тақырыбын Несие ақшалары, олардың
маңызы, негізгі түрлері деп алдым. Өз кезегінде несиелік ақшалардың
негізгі түрлеріне вексель, чектер және банкноталар жатады. Бұл несиелік
ақшалардың дамуы еліміз үшін маңызды болып отыр және олар осы жұмысты
орындаудың өзектілін көрсетеді.
I НЕСИЕЛІК АҚШАЛАР ЖӘНЕ ОНЫҢ ТҮРЛЕРІ
1.1 Несие ақша – толық құнсыз ақшалар ретінде маңызы мен мәні

Ақша тауардан дами отырып, тауар болып қала бередi, бiрақ
тауар ерекше жалпылама эквивалент.
Ақша - жалпыға бiрдей эквивалент, ерекше тауар, онда барлық
басқа тауардың құны бейнеленедi және оның делдал ретiнде
қатысуыменнен тауар өндiрушiлер арасында еңбек өнiмдерiнiң айырбасы
үздiксiз жасала бередi .
Несие ақшалай капиталдың ссудалық капиталға өтуін қамтамасыз ете
отырып, несие берушілер мен қарыз алушылар арасындағы несиелік несиелік
қатынасты бейнелейді. Несиенің көмегімен заңды және жеке тұлғалардың
уақытша бос қаражаттары мен табыстары экономикалық жүйе төңірегінде
жинақтала отырып, уақытша және ақылы негізде пайдалануға білдіретін
ссудалық капиталға айналады.
Несие ақшаның төлем құралы функциясындағы ақшаның дамуы болып
табылады. Ал эквивалент қайтарылуының кейінге қалдырылуы құн қоғлысының
сатып алу-сатудан дербес сапалық жағынан ерекше қозғалыс формасын жасайды.
Сондықтан қазір мәмілесін сатып алу-ату бір түрі деп ойлауға болмайды.
Құнның қозғалысы бұл несиенің қозғалысының кіндігін сипаттайды.
Несиелік қатынастардың пайда болатын экономикалық негізіне капитал
айналымын жатқызуға болады. Көбіне несиені ақша ретінде түсінеді. Бір
жағынан қарағанда бұған негіз де бар сияқты. Себебі, қазіргі шаруашыылқта
қарыз көбіне ақшалай түрінде берілуде. Бірақ бұл жерде ақша мен несиенің әр
түрлі ұғымды білдіріп, әр түрлі қатынастарды түсіндіретінің естен шығаруға
болмайды.
Несиенің айналыстағы нақты ақшалардың орнын уақытша алмастыру. Қазіргі
несиелік шаруашылықта мұндай орын алмастыруға толық мүмкіндік бар. Бұл
қызметі іске асу процесінде тек қана тауар айналысын емес, сондай-ақ нақты
нақты ақшалардың уақытша орнын ауыстыра отырып, ақша айналысында
жылдамдатады. Несиенің бұл қызметі несиелік ақшалар: чектер, вексельдер,
несиелік карточкалар көмегімен жүзеге асады.
Ақша өзiнiң дамуы барысында екi түрге бөлiнедi: толық құнды ақшалар
және толық құнсыз ақшалар.
Толық құнды ақшалар – номиналдық құны оны дайындауға кеткен нақты
құнымен сәйкес келетiн ақшалар. Мұндай ақшаларға металл ақшалар жатады.
Металл ақшалар әр түрлi формада болады. Монета түрiндегi формасы – бұл
олардың соңғы формасы. Монетаның бет жағы – “аверс”, артқы жағы – “реверс”
және жаны “грунт” деп аталады.
“Монета” сөзiнiң шығуын римдiктердiң жүрегi саналатын шiркеу құдайы
Юнона-Монета есiмiмен байланыстырады, яғни сол шiркеуден берiлген ақшалай
қаражаттардың көмегiмен Римнiң эпир ханы пиррмен соғыста жеңiске жеткендiгi
туралы аңыз бар.
Алғашқы монеталар VII ғ. б.э.б Ертедегi Қытайда және ертедегi Лидия
мемлекетiнде пайда болды. Бастапқы кезде айналысты алтын монеталармен қатар
күмiс монеталар да қоса жүрдi.
Алтын айналысы тұсында құнның қағаздай белгiлерiнiң пайда болуының
мынадай объективтi қажеттiлiктерi болған:
• алтын өндiрiсi тауар өндiрiсiнiң артынан iлесе алмай, нәтижесiнде
айналыстағы ақшаға деген қажеттiлiктi толық өтей алмады;
• жоғары құнды алтын ақшалар ұсақ құнды айналымға қызмет көрсете алмады;
• алтын стандарты, жалпы алғанда өндiрiстi және тауар айналымын
ынталандырмады.
Толық құнсыз ақшалар (құнның белгiлерi) – номиналдық құны нақты
құнынан, яғни олардың өндiрiсiне кеткен қоғамдық еңбектен жоғары болып
келетiн ақшалар.
Оларға мыналар жатады:
• құнның металдық белгiлерi – арзан бағалы металдардан жасалған ұсақ
монеталар, мысалға жез, алюминий т.б. монеталар;
• құнның қағаздан жасалған белгiлерi, ол екiге бөлiнедi: қағаз ақшалар
және несиелiк ақшалар.
Металл ақшалардың қағаз және несиелік ақшаларға ауысу себептер
келесiдей:
• металл ақшаларды тасымалдап алып жүру қолайсыз;
• металл ақшалардың мемлекттiк билiк органдарының жасаған әрекетiнiң
нәтижесiнде, яғни қазынаға қосымша табыс алу мақсатында металдық
құрамын төмендетуi барысында бiлiнуi;
• бағалы металдарды өндiрудiң қағаз және несие ақшаларды өндiруден
қарағанда қымбатқа түсуi;
• бюджет тапшылығын жабу және айналыстағы ақшаларды реттеу мақсатында
қағаз және несиелік ақшалардың шығарылуы.
Несиелiк ақшалар – тауар өндiрiсiнiң дамуымен, яғни тауарларды сатып
алу және сатудың уақытын кешiктiрiп төлеуге берiлуiмен байланысты пайда
болған ақшалар.
Несиелiк ақшалардың шығуы банктердiң несиелеу операцияларымен
байланысты. Мұндай ақшалардың басты мақсаты: ақша айналымын икемдi ету;
нағыз ақшаларды үнемдеу; қолма-қолсыз ақша айналымының дамуына мүмкiндiк
жасау.

1.2 Несиелік ақшалардың негізгі түрлері мен олардың жіктелуі

Несиелiк ақшалардың мынадай түрлерi бар: вексель, банкнота және чек.
Өндірістегі жұмыстың айналымдылығы, яғни өнімді өндіру, оны сату және
басқа да коммерциялық қызмет көрсету кезінде өндіруші-жабдықтаушы көбіне
қаржы қорының жетіспеуі сияқты жағдайларға душар болады. Сол кезде өнімді
сатып алушы жабдықтаушымен есеп айырысуды кейінге қалдырады. Демек өнім
несиеге сатылады. Несиені қайтару кезінде несие ақшаларының бір түрі –
вексель пайда болады.
Қолма-қолсыз төлем құралы – вексель болып табылады. А.А. Фелдманның
айтуынша: вексель – мерзімі өткеннен кейін вексельде көрсетілге нсоманы
төлеудің талап етуге құқық беретін нақты қатаң формада құрастырылған
қарыздық міндеттемелерінің бірі. Д.М. Мажитов, осы айтылған вексельге
берген анықтамасын қолдай отырып вексель – бұл белгіленген мерзім
аяқталғаннан кейін иесінің вексельде көрсетілген соманы қарыз алушыдан
талап етуіне құқық беретін жазбаша түрдегі қарыздық міндеттеме деп атады.
Вексель – қарызды өтеудегі заңды түрде бекітілген төлем міндеттемесі.
Ол – бағалы қағаз. Вексельді борышқор, яғни вексель беруші тауарды несиеге
алғанда тауар сатушыға, яғни вексель иемденушіге береді. Вексельдің мәні –
несиеге алған белгілі бір соманы төлем уақыты жеткенде келісілген жерде
өтеу үшін тауар сатып алушының (вексель берушінің) сатушыға (вексель
иемденушіге) берген қарыз міндеттемесі.
Вексель шығарып және оны пайдалануды дамыту ертеден несие қаржы
қызметін көрсету нарығының басты бағыттарының бірі болып келеді. Себебі,
вексельдің мәні – тек қарызды қайтару кепілі ғана емес, сонымен бірге
саудалық қарым-қатынастардың тиімділігін арттыру мақсатында осы төлем
міндеттемесін белсенді пайдалану арқылы ресурстардың айналымын жеделдету.
Сондықтан вексель иемденуші төлемнің түсуін күтпей ай вексель сатып алушына
немесе оны тауар сатып алу үшін, не болмаса қызмет көрсету үшін төлем
қаржысы ретінде қолданушыны іздестіреді. Бұл жадайларда вексельді банк
сатып алады.
Вексель – тауар-ақша қатынастарын және коммерциялық несиені дамытуда
ертеден келе жатқан ең бір бастылы қаржылық құрал. Қаржы жүйесі дамыған
елдердің ақша айналымында вексель елеулі орын алады. Қазіргі кезде
электронды несие жүйесінің кез-келген операцияның бар болғаны 1 сағатың
ішінде орындайтын мүмкіндігі бар (мысалы, Германияда вексель ақша
айналымының 20-25% құрайды).
Егер кәсіпорын өз ісін парасаттылықпен жүргізіп отырса, оған айналым
қаржысының уақытша жетіспегендігін вексельмен толтыру онша қиын емес. Ол
үшін саудадағы сенімді серігіне тауарды вексельге айырбастап берсе тауар
ақша айналымын жеделдетеді.
Вексель төлем дағдарысын реттеп, заттық қорлардың айналысқа түсуін
жеделдетіп, кәсіпорындағы тауар-зат құндылықтарының қорын азайтып және
халық шаруашылығындағы есепті тездетеді. Вексель айналымы экономикалық
қатынастардың сан алуан жүйесін қамти алады.
Вексель нарығының қызметі – қысқа мерзімді несие беру арқылы ақша
қаражатын бөлу. Вексель айалымының негізі серіктестердің бірін-бірі еркін
таңдауымен және бірін-бірі бақылауы мен жасалатын несиелік келісім.
Вексельді шығару мен оны айналымға түсіруге келісімнің мәні және оның
маңызы зор.
Вексель несиені өтемеу қаупімен байланысты болғандықтан ол вексель
берушіге шамалы болса да сенім болғасын төлем құралы ретінде қабылданады.
Егер вексель беруші тауардың сапасын, құнын, уақытында жіберілуін және
басқа да жағдайларын бақыласа, ол вексель иемденуші серіктестің тек вексель
алған уақытындағы төлем қабілетін ғана емес, сонымен қатар ол өте маңызды,
оның төлем уақыты жеткенге дейінгі болашақтағы қаржы мүмкіншілігінде
бақылайды. Вексель келісіміне қатысушылардың бірін-бірі бақылауы және
сонымен бірге біріне-бірі сенуі, олардың қабылданған міндеттемені нақты
орындауға ұмтылуы нарықтық қарым-қатынастарды дамытуға жол ашады.
Басқа қарыз міндеттемелерінен вексельдің үш түрлі айырмашылығы бар:
• Біріншіден, вексельдің дерексіздігі, яғни қарызды қандай жағдайға, не
мақсатқа алғандығы көрсетілмейді;
• Екіншіден, оның даусыздығы, яғни қарызды қандай жағдайға алғандығына
қарамастан міндетті түрде өтеу керек;
• Үшіншіден, вексельді айналмалылығы, яғни вексель иемденуші оны басқа
адамдарға беруіне болады. Бұл ерекшелігі вексельді айналыс қаржысы
ретінде қолма-қол ақшаның орнына пайдалануға мүмкіндік береді. Сол
себепті вексельді сауда ақшасы деп те атайды.
Вексель – белгiлi бiр соманы алдын ала келiсiлген мерзiмде және
белгiленген жерде төлейтiндiгi туралы борышқордың қарыздық мiндеттемесi.
Вексельдiң екi түрi бар: жай және аудармалы. Елiмiздiң “ҚР-дағы вексель
айналысы туралы” (28.04.97) ҚР заңында мынадай түсiнiктемелер берiлген:
Жай вексель (соло) – вексельдi ұстаушыға вексельде көрсетiлген соманы
белгiлi бiр уақытта немесе талап етуге байланысты төлеу туралы вексель
берушiнiң еш нәрсемен негiзделмеген мiндеттемесiн сипаттайтын вексель.
Аудармалы вексель (тратта) – вексельде көрсетiлген соманы белгiлi бiр
уақытта алғашқы вексельдi ұстауыға (ремитентке) төлеу туралы үшiншi бiр
тұлғаға (трассатқа) вексель берушiнiң (трассанттың) еш нәрсемен
негiзделмеген ұсынысын сипаттайтын вексель.
Ендi несиелiк ақшалардың келесi түрi бұл банкнота. Банкнота ( ағыл.
сөзiнде “Bank-note” аударғанда “банк билетi”) – орталық банктiң айналысқа
шығарған әр түрлi номиналдағы ақша бiрлiктерi.
Банкнота вексельден және қағаз ақшалардан өзара ажыратылады.
Банкнотаның вексельден мынадай айырмашылықтары бар:
• мерзiмдiлiгiне қарай, егер де вексель мерзiмдiк қарздық мiндеттеме
болса, ал банкнота – мерзiмсiз қарыздық мiндеттеме;
• кепiлдiгiне қарай, вексельдi айналысқа жеке кәсiпкерлер шығарады
және оның жеке кепiлдiгi болады, ол банкнотаны қазiргi кезде орталық
банк шығаратындықтан, оған мемлекет кепiлдiк бередi.
Экономикада банкнотаның екi түрi бар. Ол: классикалық және жай
банкноталар.
Классикалық банкнота – бұл банкнотаның алғашқы пайда болған формасы
ретiнде алтынға еркiн алмастырылатын, яғни алтынмен қамтамасыз етiлген
Орталық банктiң билетi.
Жай банкнота – бұл қазiргi кездегi айналысқа шығарылған Орталық банк
билетi. Олар металға алмастырылмайды, тек қана Орталық банктiң барлық
активтерiмен қамтамасыз етiледi. Ендеше қазiр айналыста жүрген орталық
банктен шығатын жай банкноталар алтынмен қамтамасыз етiлмейдi, бiрақ
олардың белгiлi бiр дәрежеде тауарлық немесе несиелiк негiзi сақталған,
сондай-ақ олар қағаз-ақша айналысының заңдылықтарына бағынады.
Чек – ағымдағы шот иесiнiң чектi ұстаушыға белгiлi бiр ақшалай соманы
төлеу туралы немесе басқа ағымдық шотқа аудару туралы өзiнiң банкiсiне
берген жазбаша бұйрығы. Алғашқы чектер тарихта 1683 жылы англияда пайда
болды. Чектiң келесiдей түрлерiн көрсетуге болады:
• Ақшалай чек – банктен қолма-қол ақша алуға арналған төлем құралы;
• Атаулы чек – аударуға құқысыз белгiлi бiр тұлғаның атына жазылады;
• Ордерлi чек – бiр тұлғаның атына толтырылған, бiрақ индосамент бойынша
басқа бiр тұлғаға беруге құқық бередi;
• Есеп айырысу чегi – заңды тұлғалар арасында қолма-қолсыз есеп
айырысуда қолданылады;
• Жол чегi – туристiк сапарларға арналған төлем құралы;
• Кепiлдендiрiлген чек – банктiң чекте көрсетiлген соманы төлеуге
кепiлдендiруiн сипаттайтын төлем құралы.
Чекпен есеп айырысу. Чек – бұл шот иесінің, яғни чек жазып берушінің
чекте көрсетілген соманы чек ұстаушыға төлеуге өзінің банкісіне берген
жазбаша бұйрығын білдіреді.
Чек арқылы есеп айырысудың қолайлылығы мынада:
• Егер де төлеуші тауарды алғанға дейін төлегісі келмей, ал жабдықтаушы
төлеуге кепіл бергенше тауарын жібергісі келмеген жағадайда;
• Сатушы белгісіз болған жағдайда.
Чек берілген күннен бастап он күн ішінде банкке төлеуге табыс етілуі тиіс.
Чек бойынша есеп айырысу сызбасы 5-ші суретте көрсетілген.

4

3
2
1
5

Сурет-5 – Чекпен есеп айырысу сызбасы

Мұндағы: 1 – сатып алушы банкке чектік кітапша беру туралы өтінішін
жасап, оған қосымша төлем тапсырмасын береді; 2 – банк оған чектік кітапша
береді және төлем тапсырмасындағы соманы жеке бір шотқа аударады; 3 –
жабдықтаушы тауарын жөңелтеді; 4 – тауарлар мен қызметтер үшін чекпен есеп
айырысады; 5 – жабдықтаушы чекті банкке көрсетеді, ал банк сатыпалушының
шотынан чектегі соманы шегеріп, оны жабдықтаушының шотына түсіреді.

II ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДАҒЫ НЕСИЕЛІК АҚШАЛАРДЫҢ НЕГІЗГІ ТҮРЛЕРІ МЕН
ОЛАРДЫҢ ДАМУ БОЛАШАҒЫ
2.1 Қазақстан Республикасы ақша айналысындағы несиелік ақшалар және оларды
жетілдіру шаралары

Қазақстанда есеп айырысу және төлем қатынастары дамыған, бірақ
жетілген, жете дамыған деп айтуға болмайды. Дамыған елдердің төлем
механизмінің артықшылықтарын негізге алған есеп айырысу төлем қатынасында
елімізге өсу потенциялы байқалады. Қазақстанда несиелік ақшалардың дамуы
енді ғана көрініс тауып отыр.
Қаржы жүйесінің және Ұлттық банктің негізгі міндеттерінің бірі болып
еліміздегі айналыста жүрген және айналысқа енді ғана ене бастаған несиелік
ақшаларды дамыту және оның айналыс ауқымын кеңейту болып табылады. Өйткені
бүгінгі таңда несиелік ақшалардың маңызы еліміз үшін зор. Оның басты себебі
срңғы дылдардағы ақша айналысымызда қолма-қол ақша массасының өсуі, жалпы
экономикалық субъектілердің есеп айырысуында несиелік ақшаларға деген
сұраныстың туындауы және ұлттық қаржы секторының әлемдік стандарттарға өте
бастауы болып табылады.
Еліміздегі болашағы бар есеп айырысу құралдарының бірі несиелік
ақшаның негізгі түрлерінің бірі болып табылатын чек, вексель және төлем
карточкаларын қарастырайық.
Чек – бұл қолма-қолсыз есеп айырысу барысында қолданылатын төлем
құралы болып табылады, яғни дебеттік ақшалай аударымдар мен төлемдерді
жүзеге асыруға негіз болатын құралды айтамыз. Чекпен есеп айырысу барысында
төлем құралы ретінде заңды және жеке тұлғалар пайдалана алады. Чекті
пайдалану, банктен алатын чектік кітапша негізінде іске асады. Чекті алу
үшін, шот иесі банкке чектік кітапша алуға өтініш жасайды.
Чектің мынадай түрлері бар: Ақшалай чек – банктен қолма-қол ақша алуға
арналған төлем құралы; Атаулы чек – аударуға құқысыз белгілі бір тұлғаның
атына жасалады.; Ордерлі чек – бір тұлғаның атына толтырылған, бірақ
индосамент бойынша басқа бір тұлғаға беруге құқық береді; Мәлімдеуші чек –
чекті мәлімдеушіге ондағы көрсетілген сомасы төленеді; Есеп айырысу чегі –
заңды тұлғалар арасында қолма-қолсыз есеп айырысуларда қолданылады; Жол
чегі – сапарларға арналған төлем құралы; кепілдендірілген чек – анктің
чекте көрсетілген соманы төлеуге кепілдендіруін сипаттайтын төлем құралы;
Жирочек – қолма-қолсыз есеп айырысу үшін қолданылады.
Шетел тәжірибесінде, яғни АҚШ, Ұлыбритания, Канада, Франция елдерінде
қолма-қолсыз есеп айырысу бұрыннан пайдаланып келе жатқан болса, біздің
елімізде чек, вексель мен банкнотаға қарағанда коммерциялық банктердің
құрылып, олардағы ағымдық шоттарда бос ақшалай қаражаттардың жинақталуына
байланысты несиелік және айналыс құралы ретінде біршама кеш пайда болды.
Біздің елімізде чек арқылы төлемдерді жүргізу 90 жылдың ортасынан бастап
қолданған болатын. Осы кезеңде Қазақстан Ұлттық Банкі чек арқылы төлемдерді
жүргізуге қатысты екі нормативтік құжатты әзірлеген болатын, яғни Қазақстан
Республикасында чек арқылы есеп айырысу ережесі және Чектердің клирингін
жүргізу үшін Қазақстан Ұлттық Банкінің клирингтік палатасы туралы ереже.
Чекті өңдеу барысында еңбектің көп қажеттігі, жалған чектің болуы, банкке
бару қажеттігі, чектің дұрыс қолданылмауы, құралдың қорғаныс деңгейінің
төмендігі және чектің өңделу мерзімінің ұзақтығы салдарынан бұл төлем
құралының айналымы ұзаққа созылмады. Тез арада ақшалай аударымдар мен
төлемдерді жүзеге асыру барысында чектің тиімсіз екені байқалды.
Біздің ойымызша Қазақстан Республикасында чек арқылы есеп айырысуды
дамыту және жоғарыда аталған кемшіліктерді жою үшін мынадай шараларды іске
асыру керек:
1. Клирингтік палатадаы, чектердің клирингтік жұмысының белсенділігін
арттыру;
2. Төлем құралы ретінде чекке деген сенімділікті арттыру, түрлі
жарнамаларды жүргізу;
3. Тұрақты құқықтық базамен қамтамасыз ету;
4. Шетел тәжірибелерін өзіміздің ұлттық экономикамыздың
ерекшеліктеріне сай қолдану мен іске асыру;
Нақты қазіргі кезеңде еліміздегі чекті пайдалану барысы 1998 жылы 5
желтоқсандағы ҚР Ұлттық банк Басқармасының №266 қаулысымен бекітілген ҚР-
ның территориясында чекті пайдалану ережесіне сәйкес жүзеге асады. Осы
ережеге сәйкес елімізде айналыста жүрген чектердің келесідей түрлері бар:
• Кепілденген чек – чек берушінің банктегі шотындағы қаражатының
көлеміне байланыссыз чекте көрсетілген соманы төлеуге қызмет
көрсетуші банктің беретін кепілін көрсететін чек;
• Кепілдендірілмеген чек – чек берушінің банктің кепілдігі
көрсетілмеген чек;
• Қамтамасыз етілген чек – банкке алдын ала салған депозитпен
қамтамасыз етілмеген чек.
Келесі қарастырылатын қолма-қолсыз төлем құралы – вексель болып
табылады. ҚР-дағы вексель айналысы туралы (28,04,97 ж.) ҚР-ның Заңына
сәйкес елімізде вексель бағалы қағаз болып табылмайды. Тауарды жеткізу
туралы мәміле бойынша төлемнің мерзімін ұзарту үшін вексель беріледі деп
осы заңның 80 бабында көрсетілген.
Классикалық вексель айналымының негізін коммерциялық вексель құрайды.
Қазақстан тәжірибесінде негізінен қолданылатын вексельдің түрлеріне – жай
және аудармалы вексель жатады. Дамыған Жапония және Франция елдерінде
аудармалы вексельді белсенді түрде қолданылады.
ҚР-дағы вексель айналысы туралы (28,04,97 ж.) ҚР-ның Заңына сәйкес
жай және аудармалы вексельді қарастырайық.
Жай вексель (соло) – вексельді ұстаушыға вексельде көрсетілген соманы
белгілі бір уақытта немесе талап етуге байланысты төлеу туралы вексель
берушінің еш нәрсемен негізделмеген міндеттемесін сипаттайтын вексель.

1
2
3
4

Сурет-1 – Жай вексельдің айналысы

1. Вексельді тауар сатып алушы сатушыға береді (вексель беруші – вексель
иемденушіге);
2. Сатушы тауарды тиеп қояды немесе тапсырыс бойынша қызмет көрсетеді
(вексель берушіге);
3. Сатушы белгіленген уақытта вексель бойынша төлем өтеуді ұсынып
отырады;
4. Сатып алушы көрсетілген қызметке, алынған тауарға ақы төлейді, яғни
вексельді өтейді;
Жай вексельді пайдаланғанда тек екі жақ (контрагенттер) өзара әрекет
жасайды, яғни вексель беруші өзі делдалды қатыстырмай ақ белгіленген
уақытта вексель иемденушіге қарызын өтейді. Егер аудармалы вексель (яғни
тратта) пайдаланылса, онда вексель айналысында бірнеше заңды немесе жеке
тұлғалар қатысады - әлбетте үш, төрт және одан да көп контрагенттер қатысуы
мүмкін.
Аудармалы вексель (тратта) – вексельде көрсетілген соманы белгілі бір
уақытта алғашқы вексельді ұстаушыға (ремитентке) төлеу туралы үшінші бір
тұлғаға (трассатқа) вексель берушінің (трассанттың) еш нәрсемен
негізделмеген ұсынысын сипаттайтын вексель.
Аудармалы вексельдің айналысын келесі суреттен көре көре аламыз:

6

5

3 4 8 7

2

1

Сурет-2 – Аударым вексельдің айналысы

2-ші суреттегі:
1. вексель беруші (трассант) төлеушіге (трассатқа) яғни қарызға тауарды
және траттаны (аудармалы вексельді) береді;
2. төлеуші (трассат) вексель бойынша акцепт беріп оны вексель берушіге
(трассанқа) қайтарады.
3. вексель беруші (трассант) акцепттелген вексеьді ремитентке –
аудармалы вексель бойынша ақша алушыға жібереді;
4. ремитент аудармалы вексельді трассатқа төлемдерді өтеуге жіберіп
отырады;
5. трассат банкке вексельді төлеуге үкім беріп және сонымен бірге
вексельдің ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Ақшаның қажеттілігі, мәні және қызметтері
Толық құнды, толық құнсыз қағаз несиенің мәні мен қызметтері
Қазіргі несие және қағаз ақшалардың айналымынан туындайтын проблемалар
Ақша түрлері
Ақшаның түрлері
Қазақстан Республикасындағы несиелік ақшалармен жүргізілетін операцияларды талдау
Банктерге және үкіметке несиелер беру
Ақшаның пайда болуы және оның мәні
Несиелік ақшалар және олардың сипаттамасы
Ақша айналысы мен заңы
Пәндер