Мамандар бөлімінің менеджерінің ақпараттық жүйесін тұрғызу



Жоспар:

Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .3.4

Негізгі бөлім

І. Мамандар бөлімінің менеджерінің ақпараттық жүйесін тұрғызу

1.1.Менеджерлік қызмет пен оның тиімділігін жіктеу ... ... ... ... ... ... ... ... ... 5.11
1.2.Менеджменттік жоспарлау ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..12.13
1.3.Менеджерндің ақпараттық жүйесін тұрғызудың мақсаты ... ... ... ... ... ...14.18
1.4. Ақпараттық жүйеге қойылатын талаптар ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .19.26
1.5.Ақпараттық жүйенің ресурстарына қойылатын талаптар ... ... ... ... ... ...27.39
1.6. Ақпараттық жүйенің концептуалдық сызба нұсқасы ... ... ... ... ... ... ... ..40.44

ІІ. МАМАНДАР БӨЛІМІНІҢ АҚПАРАТТЫҚ ЖҮЙЕСІН ТҰРҒЫЗУДЫ ЖОБАЛАУ
2.1. Ехсеl жүйесінде менеджментті модельдеу ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...45.46
2.2. Кіріс құжаттар ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .47
2.3. Шығыс ақпараттары ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...48.49
2.4. Ақпарат базасы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...50.54
2.5. Программалық жабдықтау құрылымы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .55.57
2.6. Бағдарламалық қамтамасыз етудің құрылымы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 58.59

ІІІ. АҚПАРАТТЫҚ ЖҮЙЕНІҢ ДЕҢГЕЙІ ЖӘНЕ ОНЫ ҚОЛДАНУДЫҢ МҮМКІН АЙМАҚТАРЫ
3.1. Ақпараттық жүйені құруға кететін шығындарды бағалау ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...60.66

Қорытынды ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...67

Пайдаланылған әдебиеттер ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
КІРІСПЕ

Менің дипломдық жұмыс тақырыбым «Мамандар бөлімінің менеджерінің ақпараттық жүйесін тұрғызу» болып келеді. Жұмыс мақсатына келетін болсақ, ол қазіргі кезге сай менеджер жұмыстарын автоматтандыру үшін қажет.
Қазіргі кезеңнің ерекшелігі, үлкен көлемдегі материалдық және шикізаттық қорларға негізделген индустриялды экономикадан ақпараттың негізгі қоры болып есептелетін «ақпараттық экономикаға» ауысу болып отыр. Ақпарат – қазіргі кезде ұлттық стратегиялық ресурстардың бір түрінің айрылмас бөлігі бола тұра, ақпараттық өнімдер мен қызметтер нарығында өз сұранысы мен ұсынысына ие. Бұған дәлел ретінде Республика Парламентінің «Қазақстан Республикасының ақпараттандыру заңын» қабылдағанын жатқызуға болады
Қазақстан Республикасының бүгінгі таңдағы даму кезеңі қоғамдық құрылыспен қатар экономикалық, шаруашылық және қаржылық салаларда түбегейлі өзгерістермен сипатталады. Экономикадағы және шаруашылық салалардағы зандарды және нарық заңнамаларын қолданудағы нарықтық қатынасқа көшу, нарықтық құрылымды құру мен іске асыру біздің көзқарасымыз бен ісімізді түбегейлі өзгертеді.
XX және XXI ғасырлар тоғысуындағы ғылыми-техникалық прогрестің адамзат алдындағы басты жетістіктерінің бірі – ақпартты басқару құралына, ал ақпарат ағынын қажетті қор көзіне айналдырып және оны тиімді өңдеу құралы – комьютерлік техниканы қоғамдағы барлық салаларға жаппай ендіру болып отыр. Басқару үрдісіндегі негізгі элемент болып саналатын ақпарат жүйесінің және оған қатысты жаңа технологиялардың даму қарқыны - оны жобалаудыға жаңаша ыңғайларды қалыптастыруда. Ақпарат жүйесін күрделі динамикалық жүйе ретінде қарастырып, оны жүйелік ыңғаймен зерттеу қолға алынды.
Пайдаланған әдебиеттер тізімі:

1. «Менеджмент», К.Бердалиев,Алматы: Экономика, 2005.
2. «Кәсіпорын экономикасы», А.Қ Мейірбеков, Қ.Ә. Әлімбетов, Алматы, 2003ж.
3. «Бухгалтерлік ақпараттық жүйе», Е.Т.Төлегенов, Алматы, 2001.
4. «Экономикадағы ақпараттық жүйелері» Н.Б.Бралиева, Қ.С.Байшоланова, Н.Л.Гагарина “. Оқу құралы. Алматы, 2001
5. «Ақпараттық жүйелер теориясы», Қ.С. Байшоланова, Алматы: Экономика -2002ж.
6. Диго С.М. Проектирование и использование баз данных. – М.: Финансы и статистика, 1995
7. .Бухгалтерские информационные системы: Учебное пособие/ Тулегенов Э.Т., Бралиева Н.Б., Л.А. Стороженко, И.А. Матвеева. – Алматы:
Экономика,1999. – 120 с.
8. Диго С.М. Проектирование баз данных: Учебник. – М.:Финансы и статистика, 1998. – 216 с.
9. Бралиева Н.Б., Байбөлекова Л.А., Балашов Қ.Т. ''Ақпараттық менеджмент негізі''.- Алматы: Экономика, 2001.- 5,8 б.б.
10. Г.М. Устимова «Информационные системы менеджмента». Санкт – Петербург – 2000 жыл.
11. О.Камардинов «Информатика» Алматы 2006 жыл.
12. Қ.А. Ахметов «Эконометрия» Алматы 2007 жыл.
13. «Информационные системы в экономике». Учебник под редакцией Дика В.В., Москва,1999 ж.

Пән: Менеджмент
Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 59 бет
Таңдаулыға:   
Жоспар:

Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .3-4

Негізгі бөлім

І. Мамандар бөлімінің менеджерінің ақпараттық жүйесін тұрғызу

1.1.Менеджерлік қызмет пен оның тиімділігін
жіктеу ... ... ... ... ... ... ... . ... ...5-11
1.2.Менеджменттік
жоспарлау ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ...12-13
1.3.Менеджерндің ақпараттық жүйесін тұрғызудың
мақсаты ... ... ... ... ... ...14-18
1.4. Ақпараттық жүйеге қойылатын
талаптар ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..19-26
1.5.Ақпараттық жүйенің ресурстарына қойылатын
талаптар ... ... ... ... ... ...27-3 9
1.6. Ақпараттық жүйенің концептуалдық сызба
нұсқасы ... ... ... ... ... ... ... ..40-44

ІІ. МАМАНДАР БӨЛІМІНІҢ АҚПАРАТТЫҚ ЖҮЙЕСІН ТҰРҒЫЗУДЫ ЖОБАЛАУ
2.1. Ехсеl жүйесінде менеджментті
модельдеу ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... .45-46
2.2. Кіріс
құжаттар ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... .47
2.3. Шығыс
ақпараттары ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ..48-49
2.4. Ақпарат
базасы ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... .50-54
2.5. Программалық жабдықтау
құрылымы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..55-57
2.6. Бағдарламалық қамтамасыз етудің
құрылымы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .58-59

ІІІ. АҚПАРАТТЫҚ ЖҮЙЕНІҢ ДЕҢГЕЙІ ЖӘНЕ ОНЫ ҚОЛДАНУДЫҢ МҮМКІН АЙМАҚТАРЫ
3.1. Ақпараттық жүйені құруға кететін шығындарды
бағалау ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...60-66

Қорытынды ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... .67

Пайдаланылған
әдебиеттер ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... .68

КІРІСПЕ

Менің дипломдық жұмыс тақырыбым Мамандар бөлімінің менеджерінің
ақпараттық жүйесін тұрғызу болып келеді. Жұмыс мақсатына келетін болсақ,
ол қазіргі кезге сай менеджер жұмыстарын автоматтандыру үшін қажет.
Қазіргі кезеңнің ерекшелігі, үлкен көлемдегі материалдық және
шикізаттық қорларға негізделген индустриялды экономикадан ақпараттың
негізгі қоры болып есептелетін ақпараттық экономикаға ауысу болып отыр.
Ақпарат – қазіргі кезде ұлттық стратегиялық ресурстардың бір түрінің
айрылмас бөлігі бола тұра, ақпараттық өнімдер мен қызметтер нарығында өз
сұранысы мен ұсынысына ие. Бұған дәлел ретінде Республика Парламентінің
Қазақстан Республикасының ақпараттандыру заңын қабылдағанын жатқызуға
болады
Қазақстан Республикасының бүгінгі таңдағы даму кезеңі қоғамдық
құрылыспен қатар экономикалық, шаруашылық және қаржылық салаларда түбегейлі
өзгерістермен сипатталады. Экономикадағы және шаруашылық салалардағы
зандарды және нарық заңнамаларын қолданудағы нарықтық қатынасқа көшу,
нарықтық құрылымды құру мен іске асыру біздің көзқарасымыз бен ісімізді
түбегейлі өзгертеді.
XX және XXI ғасырлар тоғысуындағы ғылыми-техникалық прогрестің адамзат
алдындағы басты жетістіктерінің бірі – ақпартты басқару құралына, ал
ақпарат ағынын қажетті қор көзіне айналдырып және оны тиімді өңдеу құралы –
комьютерлік техниканы қоғамдағы барлық салаларға жаппай ендіру болып отыр.
Басқару үрдісіндегі негізгі элемент болып саналатын ақпарат жүйесінің және
оған қатысты жаңа технологиялардың даму қарқыны - оны жобалаудыға жаңаша
ыңғайларды қалыптастыруда. Ақпарат жүйесін күрделі динамикалық жүйе ретінде
қарастырып, оны жүйелік ыңғаймен зерттеу қолға алынды.
Менеджмент түсінігі шетел тілінен аударғанда - өндірісті басқару,
басқаша айтқанда, өндірісті басқару қағидалары мен әдістері, құралддары мен
формалары жиынтығы деген мағынаны білдіреді. Олар өндірістің тиімділігін
арттыру және пайданы көбейту мақсатымен жасалынып қабылданады. Ал соы
түсініктемеге сәйкес менеджмент дегеніміз - өндіріс, өткізу және қызмет
көрсету саласындағы ұйымдастыру және басқару жөніндегі шаруашылық
дербестігі бас іскер адам, өз ісін егжей-тегжелі білетін мамандандырылған
басшы.
Менеджмент – кәсіпорынды ұйымдастырудың принциптері (заң жағынан)
туралы, оны дамытуды стратегиясы (идеологиялық бөлігі) туралы,
қызметкерлерді іріктеу (әлеуметтік жағы) туралы және олардың жұмысын
оңтайландырудың тәсілдері (психологиялық бөлігі) туралы ілімдерді қамтитын
кәсіпорынды тиімді басқару ғылымы.
Менеджментте басты нәрсе кез келген адамдық қарым-қатынастарға жарайтын
баршаға ортақ басқару принциптерін іс жүзінде бөлу, анықтау және қолдану
болып табылады
Дипломдық жұмыстың мақсаты – менеджер жүйесінің мәнін ашып көрсету,
және ақпараттық жүйесін құру болып табылады.
Дипломдық жұмысымның құрылымы .
Жалпы дипломдық жұмыс үш тарау кіріспе, негізгі бөлім, қорытынды
және пайдаланған әдебиеттер тізімінен тұрады. Дипломдық жұмыстың бірінші
тарауында, теориялық бөлімінде, пәндік облыстағы сипаттамасы берілген, яғни
менеджмент жүйесінің түсінігі кіргізіледі. Менеджмент АҚ-ның зерттелетін
объектісі ретінде сипаттамасы, оның ұйымдық құрылымы берілген. Бұл бөлімде
ақпарат жүйесінің бағыты және оны құру мақсаты негізделген, ақпарат
жүйесінің құрылымының талаптары анықталған, ақпарат жүйесінің ресурстарының
талаптары қалыптастырылған: ақпараттық, программалық, техникалық,
ұйымдастырушылық қамтамасыздандыру, ақпаратты қорғау талаптары, ақпарат
жүйесінің қаржылық тәуекелділігін болжаудың концептуалды сызбасы жасалған.
Негізгі бөлім деп аталған екінші тарауда, осы ақпарат жүйесі бойынша
жасалған жобалық шешімдер қарастырылған.
Бұл бөлімде Менеджмент қызметі міндеттерін қою қарастырылған,
онда осы міндеттің сипаттамасы берілген, кіріс және шығыс ақпараты
берілген.. Бұл бөлімде ақпарат жүйесіне математикалық, программалық
қамтамасыздандыруына сипаттама берілген.

І.Мамандар бөлімінің менеджерінің ақпараттық жүйесін тұрғызу
1.1. Менеджерлік қызмет пен оның тиімділігін жіктеу

Менеджмент тура мағынасында адамдарды басқару ұғымын білдіреді.
Менеджменттің отаны болған АҚШ-та корпоративтік бизнес пен мүлікеке билік
жүргізуді жүзеге асыру бойынша міндетті заңға сәйкес өз мойнына алатын
тұлғаны менеджер деп айтамыз. Менеджмент термині американдықтар үшін
фирманың алға қойған мақсаттарына қол жеткізудегі материалдық және адамдық
ресурстарды әлдеқайда тиімді пайдалануды және интерграцияны қамтамасыз
ететін процесті білдіреді.. Басқаша айтқанда, менеджмент – бұл нарық
жағдайында фирманы және оның қызметтерін басқаруды теориясынмен іс-
тәжірибесі.
Менеджмент – нарықтық экономиканың қажеттіліктері мен жағдайына
толығырақ жауап бере алатын басқару типі.
Менеджмент еркін кәсіпкерлік, бәсекелестік, экономикалық уәждеме
жжағдайларында туған нақты басқарудың өзінше тұжырымдамасында пайда болып,
ресімделеді.
Басқару типі ретінде менеджменттің негізгі белгілеріне мыналарды
жатқызуға болады.:
• Адам, оның қажеттіліктері, мүдделері, уәждері, құндылықтары,
нұсқамаларыбасқаруды ұйымдастырудың бастапқы сәті мен оны жүзеге
асырушысы болып табылады.
• Басқарудың тәсілдемесінде, принциптерінде және әдістерінде
экономикалық құралдар мен басқару әдістеріне артықшылықтары
беріледі.
• Менеджер мен қызметкерге қойылатын басты талап ретінде көрінетін
кәсіби тұрғыдан басқару менеджментке тән. Менеджер экономикалық
және әлеуметтік-психологиялық білімдерді игеріп оқуы керек.
• Ұйымдастыру ісінде менеджментке жағдайдың өзгеруіне қарай және
инновациялық типті ұйымдастыруда, яғни жаңашылдыққа жылдам
бейімделе алатындай басқаруды икемді ұйымдастыру тән.
• Менеджмент менеджменттің жеке басына қойылатын талаптардың
кешенін танытуы керек. Олардың ішіндегі негізгілері: тапқырлық,
байланысқа бейімділік ,сенімділік. Бұл сапалар басқару өнерін
танытуда маңызды рөл ойнайды.
Менеджментте бастысы – ең алдымен кәсіпорынның мүддесін көздейтін нақты
мақсаттарды (ұзақ мерзімді, алдағы кезеңдік және ағымдық) белгілейді.
Екі стильді ұстанатын кәсіпорын басшыларынан менеджерлердің басты, яғни
принциптік айырмашылығы, міне, осындай. Жеке кәсіпорын мен тұтас
экономиканың экономикалық жағдайы түпкі есебінде үш негізгі факторлармен
анықталады:
1. техника мен технологияның деңгейі;
2. жұмысшы күшінің сапасы мен еңбек уәждемелерін кеңінен пайдалануы
3. өндірісті ұйымдастыру және басқару (менеджмент)
менеджменттің жағдайы техника мен технологияның деңгейіне, жұмысшы күшінің
сапасына әсер етеді. Осы заманғы менеджмент – бұл экономикалық
қатынастардың ерекше саласы. Аса көрнекті экономист Альфред Маршалл (1842-
1924ж.ж) басқарудың үш дәстүрлі – капиталмен, еңбекпен және жермен қатар
өндірістің жеке факторы ретінде бөліп көрсетуі тегін болмаса керек.
Техника мен жаңа технологияның дамуы өндіріс ауқымының өсуі басқаруды
қиындатып, оны арнайы білімді талап ететін ерекше қызмет түрінде бөлді. Бұл
анықтамадан бөлек басқалардың көптеген анықтамалары бар. Оның біреуі
менеджментті адамдармен қалай қарым-қатынас жасаудың тәсілі ретінде, билік
және басқару өнері ретінде, ептілік және әкімшілік машық және т.б. ретінде
қарастырады.
Менедмент анықтамасы менеджер қызметінің мазмұнымен тікелей байланысты.
Тангымал америкалық менеджер Ли Якокка Карьера менеджер кітабында
адамдармен қарым-қатынаас жасай білу, олардың мінез-құлқын танып, жұмысқа
ынталарын ояту, басқаларға тапсырма берудің тәсілдері сияқты оның негізгі
элементтерін бөліп көрсетеді. Осы заманғы басқару ғылымы – пән аралық
болады. Басқарудың әрбір функциясы айрықша ғылымға жатады: индустриялық
социология, инженерлік социология, әлеуметтік психология, әлеуметтік
инженерия және т.б.. Шетелдегі менеджменттің дамуы басқарудың нарықтық
тұжырымдамасын тудырған басқару теориясы мен маркетинг теориясын
біріктіреді.
Менеджмент мәселелерімен бүгінгі таңда әр түрлі білім саласының
мамандары – математикатерден антропологтарға дейін айналысады.
Басқару қызметінің әр түрлі салаларында пайдаланатын менеджменттің сан
алуан түрлері бар.
Ішкі менеджмент – ішкі мәселелердің басымдығын сыртқыдан айырықшылап
көрсететін басқару типі. Басымдықтар нақты жағдайлармен, басқару
стратегияларымен, менеджердің кәсіби қызметінің стилімен және басқару
процесінде пайда болатын мәселердің сипатымен анықталады.
Фирма жұмысының ішкі және сыртқы мәселелеріне менеджердің жиі көңіл
бөлуіне тура келеді. Бұл мәселелердің күрделі мазмұнына қарай анықталады.
Менеджердің назар салуы – оперативті, ахуалдық немесе тұрақты түрлерінде
болуы ықтимал.
Ішкі менеджменті басқару қызметін бөлу процесінде пайда болатын
басқарудың міндетті ісі ретінде қарастыруға болады. Белгілі бір жағдайларда
ішкі басқару міндетті ісінің негізгі бөлігін менеджердің орынбасарын сеніп
тапсырып, менеджерге (бірінші тұлғаға) тек ішкі қызметті реттеудің жалпы
мәселелерін ғана қалдыруға болады.
Ұйымдастыру менеджменті:
1. тар мағынасында – басқарудың жалпы міндетті істерінің бірі –
ұйымдастыруды жүзеге асыруға бағытталған басқару әрекеттерінің,
амалдарының және процедураларының жиынтығы.
2. менеджменттің бір бағыты жалпы ұйымдастырудың принциптерінмен
ұйымдастырудың мәселелерін шешуді алдыңғы орынға қоятын
басқарудың тәжірибесі және теориялық тұжырымдамасы.
Бұл менеджмент мыналарды қамтиды: ұйымдық құрылымды жобалау әрі жасау
(жетілдіру); міндетті істердің аражігін дәл ажырату, ұйымдастыру
міндеттерін бөлу.
Ұйымды (кәсіпорын, фирма) біртұтас организм ретінде қарастырған әрі
жұмысты дұрыс ұйымдастыра білетін әрбір менеджер жетістікке жетеді деп
сенген Анри Файоль (1847-1925жж). Ол ұйымдық менеджменттің негізін салушы
деп саналады. Нақ осы Файоль басқаруды айрықша қызмет ретінде бөліп
қарастырған болатын. Файоль өзі әмбебап деп санаған басқарудың 14 принципін
әзірледі.
Ұйымдық менеджмент ұйымдық-өкімдік, яғни тікелей басқарудың ұйымдық
қатынасқа ықпал етудің тәсілдері мен құралдарының жиынтығымен жүзеге
асырылады.
Тәжірибе менеджменті – менеджмент тұжырымдамасы. Ол осы
тұжырымдамасының негізгі ережелері мен принциптерін нақты пайдалануға
бағдарланған. Басқару ісімен байланысты объективті құбылыстарды түсіндіріп
беретін принциптері де жоқ емес.Тәжірибе сипатында болатын менеджер бар. Ол
басқарудың іс-тәжірибесінде пайдалануға болатын идеяны, ережені және
принципті қамтиды. Тәжірибе менеджментінің тұжырымдамасын жасайтын екі
тәсілдеме бар. Біреуі – прагматикалық, екіншісі – ғылыми. Біріншісі –
мәселені рецепті бойынша шешуге және нәтижені жуық арада тікелей алуға
бағдарланған, болса, екіншісі – сан алуан жағдайлар мен ахуалдар бойынша
сараланатын әдістер мен технологиялық схемаларды таңдап, талдауға
негізделген. Екінші тәсілдеме әлдеқайда тиімді болмақ. Ол арнайы дайындықты
қажет етеді.
Бұл менеджент әр түрлі қызмет салаларында-өндірістік, әлеуметтік,
экономикалық, сондай-ақ мәдени салада да және т.б. жүзеге асырылуы ықтимал.
Ол басқару тұжырымдамасы жасауда, оның негізгі ережелерін, басымдықтарын,
тәсілдерін белгілеуде ерекшеліктерімен айрықшаланады. Бірақ басқару
саласында емес.
Өндірістік менеджмент – менеджменет типі. Оның негізгі сипаты
әлеуметтік менеджменттен бір айырмашылығы – басқару объектісінің
ерекшелігін, яғни өндіріспен анықталады. Өндіріс – бұл қандай да бір өнімді
немесе қызмет көрсетуді әрқашан дайындап отырады. өндірісті басқару адам
қызметін басқару болып табылады. өндірісті басқаруды басқа да элементтер
қамтиды.
Өндірістік менеджменттің ерекшеліктері басқару жүйксінің құрылымы мен
міндетті істерін, басқару тетіктерінен және басқару шешімдерін әзірлеу
технологиясынан білінеді. Өндірістік менеджмент өндірістік және басқару
жағынан нақты сапаға ие қызметкерлерді қажет етеді. Басқарушы қызметкер
белгілі бір дәрежеде өндірістің технологиялық ерекшеліктерін білуі керек.
Стратегиялық менеджмент – менеджменттің әртүрлілігі. Оның басты
ерекшелігі – болжағыштық (дальновидность), мақсаткерлік
(целеустремленность), келешектігі (перспективность), стратегиялық
бағдарлама бойынша жұмыс істейді. Ол экономикалық даму, өткір бәсекелестік,
басқаруда адам факторы рөлінің арту динамикаларының тереңдей түсуінің
нәтижесінде пайда болды. Оның артықшылығы ресурстарды, ең бастысы уақыт
ресурстарын ұтымды пайдаланады. Стратегиялық менеджмент басқаруды
ұйымдастыруда және әдістемелерінде, басқарудың тетіктері мен
технологиясында, оның парадигмасы мен тұжырымдамасында көрініс табады. Бұл
менедменттің маңызды сәттеріне мыналар жатады:
• Комьпютерлік фирманы сипаттауға арналған мәртебе, оның әлеуметтік-
экономикалық ортада алатын орны, фирманың даму әлеуметі.
• Комьпютерлік фирманың басқару мақсаты болып табылатын фирманың
мақсаты. Мақсат – болашақта болатын шындық, ол үлкен талдамалық
және жобалау жұмысының мазмұны мен нәтижесі болып табылады.
• Басқару шешімдерінде ұйғарылатын стратегиялық бағдарламаның
жүзеге асырылуы алға қойылған мақсаттарға қол жеткізеді. Бұл
бағдарламада бағдарларды, даму кезеңдерін, басымдықтарды, шектеу
факторларын анықтап алудың маңызы зор. Стратегиялық бағдарлама
дамудың жалпы бағытынан қайсысы ауытқитынын, қайсысы
ауытқымайтынын көрсетіп береді.
• Басқарудың тиімділігін, сапасын, әлеуетін бағалау және реттеу.
• Инновациялық, қаржылық, экологиялық менеджмент, сондай-ақ адам
ресурстарының мененджмент мен жасаушы менеджмент болады. Және
басқалар.
Менеджментте басты тұлға, әлбетте, менеджерлер (басқарушы) болады.
Менеджерлік қызметтің мәні өзгеріссіз қалады, тек менеджердің функциялары
мен оның қызмет әдістері ғана өзгереді.
Осы заманғы менеджерді қоғамдық өндіріс жүйесінде былайша көрсетуге
болады: басқарушы, дипломат, лидер, тәрбиеші, жаңашыл (жаңа идеяларды тез
қабылдайды деген мағынада), адамдық асыл қасиеттерді бойына сіңірген тұлға.
Басқарушы-менеджер. Бұл әуел бастан менеджерге тән боп келген дәстүрлі
функция. Осы функцияны орындау арқылы менеджер қолына билік тиген
қызметтерге айналады. Басқарушы менеджер өз сөзінде тұратын, шыншыл, адал,
кең пейілді болуы керек. Оның жоғары кәсіби дайындығы болуы тиіс әрі
іскерлік сұхбатқа машықтануы, яғни дағдылануы қажет.
Дипломат менеджер. Көптеген менеджерлік ептіліктер келіссөз
процедураларымен байланысты болады. Орта және жоғары буын менеджерлері
өзінің жұмыс уақытының көбін негізінен адамдық байланыстарды белгілеп,
дамытуға, іскерлік байланыстарды тереңдетуге, мәмлілерді бекітуге, дау-
дамайларды шешуге, билік өкілдермен қарым –қатынасты жақсатруға жұмсайды.
Әр қилы делдалдық әрекеттерге менеджерлерді қатынастырудың қажеттілігі
артып келеді. Бұл әсіресе, көбейіп келе жатқан халықаралық байланыстарда
маңызды орын алатын дипломатиялық қабілетті қажет етеді.
Лидер менеджер. Лидердің міндетті ісі мен менеджердің міндетті ісі
бірдей емес. Көбінесе менеджерліктің міндетті ісі ретінде бизнестің
материалдық қосалқы жүйесінің қызметін (ресурстар, процедуралар, өндіріс,
технологиялық процестер) қолдауға қажетті кәсіби іс-әрекеттердің жиынтығы
ұғылып жүр. Лидерлік функция екі қосылмалы кәсіби-технократиялықтан және
эмоциональды-тұлғыдан тұрады.
Тәрбиеші менеджер. өндірістік процестер күрделене түсуіне байланысты
қызметкерлерге қойылатын талаптар күшейіп отыр. Ең алдымен қызметкерлердің
технологиялық эрудициясын көтеру қажет. Осымен қатар олар өмірдегі өнегелік
қатарын жетілдіру қажет. Техника мен технологияның күрделе түскен процесі
мамандары тұрақты түрде кәсіби оқытуды талап етеді. Қызметкерлердің
тәрбиелік деңгейі, асқан өнегелікті экономикалық прогрестердің шешуші шарты
болып табылады.
Жаңашыл менеджер. Бұл арада менеджердің инновациялық айтылып тұр.
Ғтозған құралдырды ұдайы тәртіпке келтіріп, жананы енгізуге жұмсалатын
қаражатты үнемдегеннен гөрі жаңа техникамен технологияны өндірісте қолдану
еңбектің өнімділігі мен өнімнің сапасын арттыруда әлдеқайда тиімді.
Адами қасиеттер мол менеджер. Ол әлеуметтік сапаларға ие тұлғаны
білдіреді. әрбір менеджердің өз мінезі бар-өз-өзін ұстау тәртіптерінің
жиынтығы. Менеджмент бойынша капиталдық еңбек менеджер тұлғасының табылатын
сапа мен мінездік сипатының тізбелерін қамтиды. Бағыныштыларды, яғни қол
астындағыларды басқарғанда адами тәсілідемеге ие болуы керек. Менеджер
жемісті еңбек ету үшін мыналарды ұмытпайда:жұмыскерлер оған емес, ол-
жұмыскерлері үшін қызмет етуі керек. Жүйе тоқсаусыз жұмыс істеуі үшін ол
екі жаққа да пайдалы пайдалы болуы керек.
Өз кіспорыны үшін жаңа нарықты таба алатын әрі нарықтағы згерістерге
бәсең жауап беріп қана қоймай, нарықты өзгертуге ықпалы бар маман, білікті
менеджер болып саналады.
Менеджердің жұмыс тиімділігі қол жеткен нәтижелер мен кәсіпорын
шығындарының арақатынасымен өлшенеді. Мұндай ұйымдағы менеджердің мақсаты –
аз шығынмен мол нәтижеге қол жеткізу болып табылады.
Басшылық ісінде жетістікке жету үшін менеджердің үш ептілігі болуы
керек: біріншісі – нақтылығы, мұның мағынасы былай: ол нақты пәндермен
жұмыс істеу алуы керек; екіншісі – тұжырымдылығы, яғни тұжырымдамалық
ептілігі; үшіншісі – адами-ең басты ептілігі.
Танымал менеджер Ли Якокк менеджердің рөліне қатысты маңызды қорытынды
шығарған: Барлық шаруашылық операцияларын түпкі түйінінде үш ауыз сөзбен
айтуға болады:адамдар, өнім, пайда. Адамдар алдыңғы кезекке шығады.
Әлбетте, менеджер – ол команданың өзінше жаттықтырушысы, оның міндеті –
команданы жасақтап, олардың өзара әрекетін қамтамасыз ету.

1. Менеджменттегі жоспарлау

Өзінің жұмыс істеуі үшін кез келген экономика тұрақты экономикалық
өсуді ұстап отыру үшін экономикалық жүйені, нығайтуға және тұрақтандыруға
ұмтылу үшін қолдануға болатын басқарудың ең пәрменді тетіктерін пайдалануды
көздейді. Бұл үшін оларды ылғи іздеу керек.
Мұндай тетіктер көп. Бірақ, басқарудың шеберлігі – қажетті кезеңде
бір немесе бірнеше тетікті таңдап, олардың қолдануы экономикалық қалыпты
жұмыс істеуге әкелетінінде болып тұр. Осындай өзін-өзі тарихи ақтаған
тетіктердің бірі – жоспарлау. Басқару жүйесінде ол экономикалық тәуелсіздік
пен экономикалық өсу жолына түскен әлемнің көптеген елдерінде ХХ ғасырдан
бастап кеңінен қолданыла бастады.
Халық шаруашылығын жоспарлаудың бұрынғы тәжірибесін бағалауға
болады. Бір жағынан, ол волюнтаристік (өмірдің негізгі ерік деп санайтын
реакцияшыл философиялық ағым) және нұсқаушылық (директивті) сипатта болады.
Мемлекеттік жоспарларға заңды күш берілді, бекітілген көрсеткіштердің
біреуін орындамаудың өзі өте жағымсыз салдарларға әкеп соқтырады.
Мемлекеттік жоспар экономикалық үстемдіктің формасын, бұрынғы кеңестік
республикалардың әлеуметтік-экономикалық дамуында бүрленбеген құлдырауды
өзінше көрсететін. Бұл жерде экономикалық үстемдіктің жоспарында
жоспарлаудың өзі басқарудың әдісі ретінде емес, керісінше субъект шешуші
рөл атқаратын.
Жоспарлау процесінің өз болмысынан туындайтын волюнтаризмді атап
көрсеткен И.Кант: Жоспар құру және даңғой іс, сол арқылы өзің атқара
алмайтынды талап етіп, өзінше шығармашылық дана түр танытасың, өзің жөндей
алмайтынды бетіне басасың, өзің қайдан табарыңды білместен, бірдеңе
ұсынасың... деп жазды. Мұндай жоспарлау жоғарыдан экономика дамуының
барлық салалары мен аймақтарының ерекшеліктерін және әлеуетті
мүмкіндіктерін мұқият жете зерттемей беретін, шектеулі параметрлерді зорлап
міндеттейтін барлығын жаппай қамтитын жүйеге тән. Жоспарлау объективті
экономикалық заңдарды бейнелеуге, адамдардың еркіне сүйеніп, тежелуге
тиісті емес, өйткені бұл олардың органикалық бірлігі, мұнда өзгеріс мәніне
субъективті фактор ие болады. Экономикалық теорияның құрамдас бөлігі болып
табылатын ғылыми жоспарлаудың мәні де осында. Жоспарланатын процестердің
жиынтық негізінде халықтың қажеттіліктерін көрсететін басқарудың осы
объектісінің іс жүзіндегі нқты әлеуметтік-экономикалық процестері жатады.
Жоспарлауға басқару элементі ретінде қарау жөніндегі басқа ұстаным
басқару жүйесінің өзіне өзі бас тартпаудан емес, оның жаңа, көбінесе
нарықтық жағдайларға бейімделу мен бұл жүйенің сапалық, шығармашылық
өзгеруінен тұрады. Процесті қозғайтын, өндіргіш күштердің дамуын күшті
тездететін және тиісмділікті арттырудың тетігі меншіктілік формасының емес,
экономикалық немесе шаруашылық тетігі болып табылады. Еркіндікті дәл сол
дамытады, пысықтықты көтермелейді, тәуелділікті тудырады.. Осындай күшті
тетіктердің бірі жоспарлау болып табылады. Ол меншік түрінде, басқару
объектісінің орналасу кеңістігіне қарамастан қолданылады.
Жоспарлау – кез келген шаруашылық қызметі жетістігінің маңызды
бөлігі. Оны елемеу кәсіпкерге қымбатқа түседі: өйткені фирма істері бойынша
ол байланысқандардың барлығы жабдықтаушылыр, тұтынушылар, бәсекелістер,
банктердің өз жоспарлары бар және кәсіпкер оларды ескеруге міндетті;
сонымен қатар өз қызметін жоспарлау тиіс. Жоспар, сондай-ақ қызметкерлерге
жеке өзіне қойылатын талаптар туралы, фирманың мақсаттары мен міндеттері
жайлы айқын түсінігі болуы үшін де керек. Егер жоспарлы жүйе принциптерінің
бас тартылса, егер меншік плюрализмі (дүниенің негізгі бірімен-бірі
байланыссыз, белгілі бір бастамасы жоқ рухани мәндерден тұрады деп санайтын
ғылымға жат философиялық концепция) жағдайында қандай да болсын жоспарлау
өткенге оралу деген қатып қалған қағидашыл (догматизм) пікірді ұстанса,
алға қарай жылжу өте қиын болады. Мұндай пікір көптеген экономикалық
жағынан дамыған елдерде жоспарлауды қолданумен оп-оңай теріске шығарылады.
Сөз индикативті жоспарлауды тиімді қолдану жайында.
Индикативті жоспарлау әкімшілік тәсіл болып саналады. Егер
индикативті жоспралаудың рөлі әкімшілік ету деп түсінілсе, бұл – жаңылысу.
Ол ойластырылған бар болуы сияқты, макро, мезо және микродеңгейде жүріп
жатқан әр түрлі процестердің қиысуы ретінде қарастырылуы тиіс. Директивті
жоспарға қарағанда индикативті жоспарда шаруашылық жүргізуші субъектілер
орындауға міндетті тапсырмалар болмауы керек және басқарудың көптеген
буындарының қатысуымен жасалады. Олар шаруашылық жүргізуші субъектілердің
еркін, дербес жұмыс істеуіне кедергі келтіреді және алда тұрған келешектегі
жұмыс үшін бағдар болып табылады.
Индикативті жоспарлау мынадай қиыстыру рәсімдерінің жиынтығы ретінде
шығады.
Макроэкономикалық жоспарлау - өндірістің біріккен тәсілі немесе жаңа
уақыттың экономикалық шындықты бейнелейтін қазіргі заманғы ғылыми
категориясы. Барлық фазалары біртұтас деп алынатын кеңейтілген өндіріс
макроэкономикалық жоспарлаудың ерекшілікті көлемі болып табылады.
Макрожоспарлау мемлекет жасайтын болжамдарды, бюджеттік жоспарларды,
макробағдарламаларды

1.3 Менеджердің ақпараттық жүйесін тұрғызудың мақсаты

Ақпараттық жүйені құру мақсаты - ақпаратты өндіруді автоматтандыру
болып табылады.
Қандай болмасын ақпараттық жүйенің мақсаты ақпаратты жүйені тұрғызудың
әдісіне, техникалық базасына, байланыс ұстап тұратын ақпараттарына, қолдану
саласына байланыссыз кез келген уақытта нақты, толық ақпарат ұсыну болып
табылады.
Мамандар бөлімінің ақпараттық жүйесін құрудың негізгі мақсаты:
- мамандар бөлімінің қызметкерлерінің жұмыстарында барлық ресурстарды
тиімді қолдану;
- қызметкерлерді тіркеу жұмыстарының сапасын арттыру және уақыт үнемдеу;
- құжаттарды дұрыс өңдеу;
- берілген ақпаратты қорғау бойынша талаптар кешенін орындау;
- ақпаратты жедел жинау, басқару, өңдеу және беру жұмыстарын жақсарту.
Мамандар бөлімінің ақпараттық жүйесі қызметкерлер мен
жұмысшылардың жұмысқа тұру, жұмыстан шығу, жалақысын алу т.с.с.
қызметтерді ақпараттандыру негізінде мамандар бөлімінің
қызметкерлерінің жұмысын жеңілдетеді және сапасын арттырады. Ақпараттық
жүйені қолдану үрдісіне оны өңдеуге болады.
Менеджмент ақпарат жүйесі – бұл менеджменттің барлық деңгейлерін
жоспарлауда, ұйымдастыруда, бақылауда және басқаруда оны ақпаратпен
жабдықтауға арналған мәліметтерді өндеу жүйесін білдіреді. Егер жоғарғы
менджерлер сыртқы ақпаратты үлкен көлемде қолданса, ал орташа және төменгі
буындағы менеджерлер көбінесе, нақтырақ ішкі ақпаратқа сүйенеді.менеджердің
ақпаратқа деген тұтынушылығының әр түрлілігін зерттей отырып, басқару
қызметінің түрлерін үш дәрежеге бөлуге болады: стратегиялық, басқарушылық
бақылау және жедел бақылау. Мұндағы стратегиялық жоспарлау – бұл ұйымның
мақсатына. Сол мақсаттардың өзгеруіне, әрі оларға жету үшін қорларды
қолдану мен осы қорларды алуға , қолдануға, орналастыруға себепші болатын
стратегия жөніндегі қабылдау барысын болжау. Ал басқарудағы бақылау-бұл
басқарушылардың ұйымды мақсатына жеткізуі үшін қорлардың алуы мен олардың
тиімді қолдануын қамтамасыз ететін кезең. Жедел бақылау – бұл нақты
мәселені шешуді тиімді және дәрежелі орындауды қамтамасыз ететін кезең.
Менеджерлердің қызметіндегі бұл дәрежелер шамамен жоғарғы, ортаңғы және
төменгі буындардағы менеджерлерге сәйкес келеді.
Менедженттегі ақпарат жүйесі, әрқайсысы нақты бір бөлімдегі
басқарушыларды ақпаратпен жабдықтау үшін қызмет көрсететін ішкі жүйелер
қатарынан тұрады. Басқарушы бақылауға арналдған ақпарат жоғарғы және
ортаңғы буындағы басқарушылға қажет. әрине, ол ішкі деректер сияқты сыртқы
деректерден де келіп түседі. Жедел бақылауға арналған күнделікті қызметке
байланысты ақпарат, тек деректерден келіп түседі.
Ақпарат технологиясының көмегімен менеджерлер өз жұмыстарын кеңірек
көлемде, тиімдірек, тезірек және нәтижелі орындауы мүмкін. Ондағы ақпарат
жүйесі байланыс жабдықтарымен және текстік, графикалық, ауызша материалдар
мен мәліметтерді бейнелеу үшін ақпараттың анықтылығын жабдықтау үшін ЭЕМ
жүйелерімен ілесіп отыруы тиіс.
Объектіні басқарудың әртүрлі деңгейінде, желістермен жұмыс істеуге
арналған байланыстар каналмен біріккен мамандардың, технологтардың,
бухгалтерлердің және т.б. автоматтандырылған жұмыс орындары
құрастырылады.ақпарат жүйені бұлай ұйымдастыру, кез-келген деңгейдегі
басқару мамандарын интегриренген мәліметтер қоймасын мәлемет алу мүмкіндігі
мен басқарудағы тиімді шешімді қабылдауға мүмкіндік береді.
Тиімді негізделген шешімді қабылдауға қажетті ақпаратқа қойылатын
басты талап – ол дәлме – дәл, сапалы болуы тиіс. Ал ақпараттың сапасы
келесі алты белгімен ерекшеленеді: ақиқаттылығымен, қазіргілігімен,
жинақтылығымен, қсқалығымен, сиымдылығымен, релеванттылығымен. Басқаша
айтқанда, шешім қабылдауға қажетті ақпарат – қателерден тазартылған, соңғы
мәліметтерге негізделген, толықтылығымен ерекшеленген және тығыз түрде
бейнеленген болуы шарт.
Мұндай ақпаратты алудың бір ғана тәсілі – коммуникация деп аталады.
Жалпы коммуникация дегеніміз екі немесе оданда көп адамдар арасындағы
ақпараттың мағынылық маңызы бойынша алмасуы, басқару қызметінің барлық
негізгі түрлеріне тұрғызыла тырып, ұйымдар мен оның ортасы арасындағы, әрі
деңгейлері мен білімдері арасындағы коммуникацияны қосады.
Ұйымдар өзін құрайтын сыртқы ортамен коммуникацияда болуы үшін әр
алуан жабдықтарды қолданады. Олар потенциальды тұтынушылармен жарнама
арқылы және тауардың базардағы қозғалысының тағыда басқа саласында ұйымның
жергілікті, жалпы ұлттық немесе халықаралық деңгейіндегі имиджіне, нақты
кейіпті тұрғызылуына көңіл бөледі.
Менеджердің ақпаратқа деген тұтынушылығынаәр түрлілігін зерттей
отырып, басқару қызметтінің түрлерін үш дәрежеге бөлуге болады:
стратегиялы жоспарлау – бұл ұйымның мақсатына , сол мақсаттардың өзгеруіне,
әрі оған жету үшін қорларды қолдану мен осы қорларды алуға, қолдануға,
орналастыруға себепші болатын стратегия жөніндегі шешімдерді қабылдауға,
орналастыруға себепші болатын стратегия жөніндегі шешімдерді қабылдау
барысын болжау.
Ал басқарудағы бақылау – бұл басқарушылардың ұйымды мақсатына жікмелу
үшін қорларды алуы мен оларды тиімді қолдануын қамтамасыз ететін кезең.
Жедел басқару – бұл нақты мәселені шешуді тиімді және дәрежілі
орындауды қамтамасыз ететін кезең.
Менеджерлердің қызметіндегі бұл дәрежелер шамамен жоғарғы, ортаңғы
және төменгі буындандардағы менеджерлерге сәйкес келеді.
Менеджметтегі ақпарат жүйелері, әрқайсысы нақты бір бөлімдегі
басқарушыларды ақпаратпен жабдықтау үшін қызмет көрсететін ішкі жүйелер
қатарынан тұрады.
Мысалы, стратегиялық жоспарлау бойынша жоғарғы буындағы басқарушылар
қызметі, ұйым мен сыртқы орта арасындағы өзара байланысты көрсететін және
сыртқы деректерден түсетін ақпаратқа негізделген.
Басқарушы бақылауға арналған ақпарат жоғарғы және ортаңғы буындағы
басқарушыларға қажет әрине, ол ішкі деректер сияқты сыртқы деректерден де
келіп түседі. Мысалы, бұл ұйымның өз компаниясының негізгі бөлімшілерінде
жұмысы мен бәсекелес ұйымдардың қызметі жайындағы ақпарат болуы мүмкін.
Орта буындағы жетекшілерге өнімділік, шығын, айналыс және т.б. туралы
ақпарат қажет.
Жедел басқаруға арналған күнделікті қызметке байланысты ақпарат, тек
ішкі деректерден келіп түседі.
Сондай – ақ, жетекшілер үшін кәсіптік қызметтің – нақты аймағына
қатысты арнаулы ақпарат қажет. Жалпы, ақпарат қалыптастыру тәсілдері әр
түрлі болады. Айталық, бұған өзіндік бақылау, өзара әрекеттесу немесе
талдауға қатысты болуы мүмкін.
Жағдайды зерттеу әдістеріне – бақылау, тәжіреибе, сұрау жатса, ондағы
зерттеу құралына – анкеталар, механикалық құрылғылар, ал байланыс тәсіліне
– телефон, почта, жеке кездесіп байланысу жатады.
Жағдайдың өзгеруін қадағалауға кейбір қиындықтар кездесіп отырады,
себебі кез келген ұйымның қорлары үнемі қозғалыс жағдайында болады.
Жоспарлаудың, ұйымдастырудың және бақылаудың ішкі жүйелерімен бірге,
басқарудағы еңбек қорларын басқарудың ішкі жүйелеріде маңызды орын алады.
Оған мынадай есептер кіреді:
-қорларды жоспарлау, бүкіл мамандық бойынша дәрежелі ұсынылушылар
қорын қалыптастыру, жұмыс орнына ұсынылушыларды бағалау;
- кәсіпқойлық үйрену;
- еңбектегі іскерлікті бағалау;
Ақпарат технологиясының көмегімен менеджерлер өз жұмыстарын кеңірек
көлемде, тиімдірек, тезірек және текстік, графикалық, ауызша материалдар
мен мәліметті де бейнелеу үшін ақпараттың анықтылығын жабдықтау үшін электр
есептеуіш машина жүйелерімен ілесіп отыруы тиіс.
Обьектіні басқарудың әр түрлі деңгейінде, желістермен жұмыс істеуге
арналған байланыстар каналымен біріккен мамандардың, технологтардың,
бухгалтерлердің және т.б. автоматтандырылған жұмыс орындары құрастырылады.
Ақпарат жүйені бұлай ұйымдастырады, кез келген деңгейдегі басқару
мамандарына мәліметтер қоймасынан мәлімет алу мүмкіндігі мен басқарудағы
тиімді шешімді қабылдауға мүмкіндік береді.
Жалпы менеджментке анықтама берсек, менеджер қызметінің мазмұнына
тікелей байланысты. Танымал америкалық менеджер Ли Якокка “Каьера
менеджер” кітабында адамдармен қарым – қатынас жасай білу, олардың мінез –
құлқын танып, жұмысқа ынталарын ояту, басқаларға тапсырма берудің тәсілдері
сияқты оның негізгі элементтерін бөліп көрсетеді.
Ақпарат жүйесін жақсарту радикальды есеп беру басқаруды жктілдіру үшін
жүйелік әдістеме пайдаланылады, айталық қосымшаны жетілдіру. Қосымшаларды
жетілдіру жоспарларын әртүрлі кестелік сатыларда пайдалануға болатын және
қосымшаны құру кезеңінде . мысалы, техникалық жүйені дәстүрлі қайта
қалыптастыру тапсырмасы, және басқарудағы автоматтандырылған жүйе үш
кезеңді кесте түрінде қарастырылады: жоба алдындағы кезең, жобалауда,
эксплутацияға енгізу.
Бір жылдан соң басқарудағы автоматтандырылған жүйе аяақталғаннан кейін
келесі кезең анализ тиімділігі. Сонымен қатар әрбір кезең белгілі бір
әдістемемен жүргізіледі. Айырмашылықтары кесте сатысында және кезеңнің
әртүрлі стандартпен байланыстылығы (ұлттық, салалық немесе жеке ірі
корпорация).
Қолдау, эксплуатация енгізу, жобалау, анализдеу, іздеу кезеңі орамды
жүйе даму циклы.

1.4.Ақпараттық жүйеге қойылатын талаптар

Ақпараттық жүйелер" бағдарламасының мақсаттары
- Ақпараттық жүйелер және технологиялар саласында кешенді іргелі,
қолданбалы білімдері бар және төмендегі міндеттерді шеше алатын
білікті мамандарды даярлау: 
- мемлекеттік және түрлі формадағы өндірістік мекемелердегі ақпараттық
жүйелердің компоненттерін және жалпы ақпараттық жүйелерді жобалау және
құрастыру;
- мәліметтер базасын, автоматты басқару, интеллектуалдық, эксперттік
және әртүрлі функционалдық бөлімшелердің басқару жүйелерін жобалауға
 және құрастыру.
- Ақпараттық жүйелерді инсталляциялау, конфигурациясын түрлендіру,
басқару және желілік инфроструктураның,  программалық
жабдықтамалардың, оның компоненттерінің ақпараттық қауіпсіздігін
қамтамасыз ете алатын маман даярлау.
- Инженерлік, ғылыми, экономикалық  бағыттарда магистратура және
доктарантураның академиялық бағдарлмалары бойынша өз білімдерін
жетілдіруге қабілетті түлектер даярлау.
"Ақпараттық жүйелер" бағдарламасының міндеттері
1. Түсіну – моделді, әдістерді және олардың ақпараттық жүйелерді жоболау,
сараптау және ақпараттық жүйелер эволюциясында қалай қолданылатындығын
түсіну. Компьютерлік жүйелер саласындағы білімді, барлық этикалық
нормаларды сақтай отырып, қоғам мүддесі үшін қолдану керек екендігін
түсіну.
2. Күмән келтіру – ақпараттық жүйелерді құрастыру және біріктіру
мәселелеріне қатысты альтернативті болжауларға, ұсыныстарға,
процедураларға, компромисстерге және нәтижелерге сын көзбен қарау. 
3. Құрастыру – ақпараттық жүйелер және олардың компоненттері, компьютерлік
программалар, мәліметтер базаларының жүйесін, веб-сайттарды жобалау және
құрастыруда профессионалдық принциптер мен стандарттарды және қауіпсіздікті
ескеру.
4. Жетекші болу – жобалаушылар және құрастырушылар командасынаң жетекшісі
болу, сол командада әртүрлі рөлдер атқару және команданың алға қойған
мақсатқа жету үшін үлес қосып жатқандығын түсіну.
5. Өзара әрекет – алынған нәтижелерді көпшілікке көрсету, жұмыс құжаттарын
рәсімдеу үшін жазбаша және ауызша тілдесуді пайдалану.
Ақпараттық жүйе (АЖ) – бұл қолданушыларға олардың сұраныстарына сәйкес
түрде ақпаратты жинау, сақтау, іздеу, өңдеу және жеткізу үшін арналған. АЖ
бағдарламалық құралдар кешенінен шешілетін есептерді өзіне қосады.
Қолданушы үшін жүйе ыңғайлы және жақсы интерфейске және санкцияланбаған
әрекеттерден қорғауға ие болуы қажет
АЖ құрылымы – бұл ішкі жазықтық-уақыттық байланыстардың тұрақты тәртібі
және элементтер мен ішкі жүйе бөлімдерінің арасындағы қатынасы, ішкі
жүйенің атқаратын қызметтердің анықталуы және сыртқы ортамен өзара
байланысы.
АЖ жабдықтаушы және функционалды бөлімдерден тұрады. Жабдықтаушы
бөлімі – бұл есептердің және есептер комплексінің немесе ішкі жүйелерінің
жиынтығы, бұл басқарудың маңызды бөлігін құрайды.
Ақпаратты жүйе тұрғызу мақсаты,ол фирма менеджерінің жұмысын
автоматтардыру. Бұл жүйені автоматтандыруда бізге бірнеше талаптарды
орындау қажет. Бұл талаптар мыналар:
• Ақпараттық жүйелер ресурстарына қойылатын талаптар
• Ақпараттық жабдықтауға қойылатын талаптар.
• Математикалық жабдықтауға қойылатын талаптар
• Лингвистикалық жабдықтауға қойылатын талаптар.
• Программалық жабдықтауға қойылатын талаптар.
• Эргономикалық жабдықтауға қойылатын талаптар.
• Ұйымдастырумен жабдықтауға қойылатын талаптар.

Менеджменттің ақпаратпен қамтамасыз ету деңгейі және ақпарат
типтері

Менеджерлердің ақпаратты қалай қолданатынын білу үшін ақпаратта
қажеттілікті екі өлшеммен қарастыру керек: кәсіпорында қолданылатын ақпарат
деңгейі және ақпарат түрлері. Әр түрлі деңгейдегі басқаруда кейде әр түрлі
ақпарат қажет. Стратегиялық денгейде менеджерлер фирманың іскерлігін ұзақ
мерзімді кезеңде жоспарлауға, шешім шығаруға әкелетін ақпарат қолданады. Ол
ақпараттар кәсіпорынның сыртқы ортасын зерттеуге көмектеседі, ал ол өз
кезегінде осы белгілі уақыт ішінде, уақыт өткеннен кейін, белгілі шешімдер
арқылы жемісті қызмет істеуге әкеледі. Бұл деңгейге қажет ақпарат кешенді,
жаңашыл, болашаққа негізделген, бағаланған. Бөлімшелер деңгейіндегі
менеджментке қажет ақпарат кәсіпорын ішіндегі жұмыскерлерді басқару үшін
қолданылады.
Оперативті деңгейде менеджерлер өз қызмет ету сферасы аймағында әр
түрлі тапсырмалардың орындалуын қадағалайды. Олар кәсіпорын ішіндегі іс-
әрекетті жоспарлайды, ұйымдастырады, орындалуын қадағалайды. Төртінші
деңгей ол келісім жасау және тіркеу. Келісім-шарт пен операцияларды тіркеу,
кәсіпорын ішіндегі ақпараттардың дұрыс қолдануын қамтамасыз етеді. Бұрын
мұндай ақпараттар әр түрлі құжаттарда, бас кітаптарда, карточкаларда,
формулярларда жиналған. Компьютердің пайда болуымен жиналған ақпараттар
көлемі өсті. Жалпы ақпарат кездейсоқ пайда болады немесе белгілі бір
спецификалық сұрауларға іздеу салуға жауап ретінде пайда болады. Сондай-ақ,
ол мынандай сұрақтарға жауап береді: “Сіз не білгіңіз келеді?” немесе
“Сізді қызықтыратын не бар?”. Мысалы: менеджерлер қоршаған ортаны зерттесе,
онда ол жалпы ақпарат болып саналады.
Жалпы ақпарат кең болғандықтан оны алдын-ала жинау қиын және
компьютерде сақтау қиын. Ол көбінесе оперативтік деңгейге қарағанда
стратегиялық деңгейде қолданылады. Жалпы ақпарат келісім-шарт жүгізуде
қолданылмайды.
Келісім жүргізу толығымен спецификалық мәліметтерге сүйенеді, ерекше
сұраныстағы қамтамасыз етеді. Спецификалық ақпарат автоматталған кассалық
машинадан бақылау есебіндегі балансты тексергенде қолданылып, сұралуы
мүмкін. Ал, мысалы, сіздің телефонмен сөйлесу бағаңыздың өсуі туралы
хабарландырулар кезінде сұралмауы мүмкін.
Ынталандыру ақпараты спецификалық ақпарат сияқты. Бірақ, егер
спецификалық ақпарат тек хабарлап отырса, ал ынталандырушы ақпарат іс-
әрекеттің жүргізілуін талап етеді. Қимыл, іс-әрекет автоматикалық сияқты,
ол алдын-ала бағдарланған. Ынталандырушы ақпарат сұралған және сұралмаған
болуы мүмкін. Ынталандырылған қимыл әр түрлі болуы мүмкін.
Ерекше ақпарат ол ынталандырушыға ұқсас. Алайда күрделілігі мынада
ол спецификалық қимыл-әрекетті жалпы сұраныммен ынталандырады, ол оқиға
болғаннан кейін түседі. Ескеретін жайт, ынталандыруда спецификалық кешенді
шешімді қажет етпейді. Жоспар іске аса бастағанда менеджерлер оның
орындалуына бақылау жасайды. Бақылау ақпаратты жоспардан ауытқуды түзеу
үшін қолданылады. Түзетулер алдын-ала есепке алынбайды. Ол бақылау
ақпаратын ынталандыру ақпараттынан өзгеше болып келеді.
Тарату ақпараты жоба бойынша адамдарды, уақытты, құралдарды, ақшаны
бөлуге қолданылады. Менеджер өзінің қарауындағы ресурсты қалай бөлу керек
екенін білу керек. Ол жеке объектілер бойынша тиесілі шығын мен табыс
туралы мәліметтерді қажет етеді.
Менеджерлер кәсіпорынның экономикалық өсу ауданын табу туралы шешім
қабылдау үшін, жаңа нарыққа көтерілу мен төмендеуді зерттей келе
бағытталған ақпаратты қолданады. Бағытталған ақпарат, тарату ақпаратында да
дейін қолданылады, ал ол өз кезегінде бақылау ақпаратына дейін, жоспардан
ауытқуды түзетуге де қолданылады.

Ақпараттың ішкі жүйесі

Мәліметтер жүйесі – бұл кәсіпорынды басқарған қажетті мәліметтердің
барлық түрі. Кең мағынада мәліметтер жүйесі – бұл қажетті және дәлме-дәл
мәліметтерді басқару жүйесінің барлық буындарына дер кезінде жеткізілуіне
ықпал ететін, басқару процесіндегі мәліметтерді қамтамасыз ету құралы.
Мәліметтер жүйесінің элементтері:
• мәліметтер қоры;
• өңдейтін техникалық құралдар,
• айналымдағы мәліметтер каналы;
• мәліметпен жұмыс істейтін қызметкерлер тобы.
Барлық басшылар мен мамандардың міндеті – мәліметтер қызметінің
маңызды құралы болып саналатын құжаттармен тиімді жұмыс істеуді үйрену.
Басқару ісінің көптеген нышандары тиісті құжаттар арқылы:
- Жоспарлау - әр түрлі жоспарларды әзірлеу арқылы, есебін алу
статистикалық, бухгалтерлік және жедел-техникалық құжаттарды жасау және
өңдеу түрінде;
- Нұсқаулық – нұсқаулар, әдістемелік көрсеткіштер шығару түрінде;
- Бақылау – жазбаша түрде деректер жинау жолымен көрсетіледі.

Басшылар мен мамандар құжаттарға қойылатын негізгі талаптарды білуі
тиіс.
• Құжаттарды өкілетті органдар немесе тиісті билігі бар лауазымды
адамдар шығаруы тиіс;
• Құжаттар қолданылып жүрген заңдарға қайшы келмеуі тиіс;
• Құжаттар дұрыс болуы және нақты басшылық ету міндеттеріне жауап
беруі, яғни нақты мерзімге негізделуі, әрі айқын ұсыныстары
немесе нұсқаулары болуы тиіс;
• Құжаттар белгіленген нышан бойынша жасалуы тиіс;
• Құжат нышаны кәсіпорын алдына қойылған мақсатқа және қабылдаған
жұмыс тәсіліне сай келуі, орындауға ыңғайлы болуы тиіс
Қазіргі кездегі ұйымдар үшін жаңашыл технологиялық құралдарды
қолдануға негізделген ақпараттың жоғары тиімділік жүйесі тиесілі. Оның
құрамына ақпаратты өңдеу, оны жеткізудің ішкі және сыртқы арналары,
ақпараттың өзі де кіреді.
Басқарушы ақпараттық жүйелер кезекпен кезек ақпараттың өндірістік
процесінің біртұтастығы және математикалық, статистикалық және аналитикалық
әдістері мен болжаулық-аналитикалық есептеулер модельдерін үйлестіру
арқылы ақпаратты жинау, жинақтау, өңдеу, таратудың техникалық құралдарын
қолдану жолымен ұйымдастыру қағидаларын жүзеге асырады.
Ұйымның өндірістік бөлімшесінде ақпаратты төменнен жоғарыға қарай
жалпылау және оны жоғарыдан төменге қарай нақтылау қамтамасыз етіледі.
Ғылыми-техникалық, жоспарлық, бақылаушы, есептік және аналитикалық
ақпаратты алуға бағытталған ақпараттық процесс ақпараттық жүйелерде
нақтыланған және электрондық-есептегіш техниканы қолдануға негізделеді.
Ақпараттық жүйелердің тиімділігін арттыруға оларды аралық етіп
құру және бірлесіп қолдану арқылы қол жеткізуге болады. Бұл қайталауды
жоюға, ақпаратты сан рет және толық қолдануға, белгілі интеграциялық
байланыстарды бекітуге, көрсеткіштер санын шектеуге, ақпараттық ағымдар
көлемін азайтуға мүмкіндік береді. Ақпараттық қамсыздандыру
пайдаланушыларға ғылыми-өндірістік міндеттерді орындауға қажетті
мәліметтерді беруді; ақпаратты таратуға неғұрлым жағымды жағдайларды
туғызуды, яғни сәйкес әкімшілік-ұйымдастырушылық, ғылыми-зерттеу және
өндірістік шараларды жүгізуді қарастырады.
Ақпарат және оның автоматтандырылған өңделуі өндіріс тиімділігін
арттырудың маңызды факторлары болып табылады.
Ақпаратты қолдануда маңызды рөлді оны тіркеу, өңдеу, жинақтау,
тарату әдістері, жүйелендірілген сақтау және қажетті формада беру, сандық,
графикалық ақпараттар өндірісі атқарады.
80-ші жылдары жеке басқарушылық ақпараттық жүйелерден ақпаратты
жинау, өңдеу, сақтау және ұсынудың бірыңғай ішкі жүйесіне көшу жүзеге
асырылды. Ақырғы мақсатқа жету үшін ақпаратты өңдеу саласындағы қызмет
ауыстырылды: ішкі шаруашылық басқарудың барлық деңгейлеріне басшылардың
қажеттіліктерін қанағаттандыру. Осымен байланысты оперативтік басқару және
қажетті шешім қабылдауға қысқа мерзімде ақпарат алуда туындайтын сұрақтарды
нақты анықтауға басты көңіл бөліне бастады.
Қажетті ақпарттың сипаты мен мазмұнына байланысты сәйкес техникалық
құралдар мен өңдеу әдістері анықталады.
Ақпараттың ішкі жүйесінің негізгі қағидалары мен мақсаттары:
– ұйымның мақсатына сәйкес оның сипатымен мазмұнына қойлатын
талаптарды анықтау;
– орталықтанған және орталықтанбаған басқару жағдайындағы ақпаратты
сақтау, қолдану, ұсыну жүйесін дайындау;
– ұйымға және оның әрбір өндірістік бөлімшесіне техникалық
құралдардың қажеттілігін анықтау;
– бағдарламалық қамсыздандыруды дайындау, мәліметтер банкін құру және
пайдалану;
– маркетингтік жоспарлау бағдарламаларын, бақылауды, сандық ақпаратты
жинау және өңдеуді дайындау процесінде көп нұсқалы есептеулерді
жүргізу;
– мәтіндік ақпараттың автоматтандырылып өңделуі және берілуі;
– ұйымды, және оның бөлімшелерін нұсқалаушы құралдармен, байланыс
және коммуникацияның басқа да құралдарымен қамтамасыз ету;
– компьютерлік техниканы қолдану негізінде әкімшілік-басқарушылық
еңбекті автоматтандыру.
Ақпараттың ішкі жүйесінің маңызды міндеттері мыналар:
– ұйымға қаржылық ақпараттың уақытында түсіп, сапасын көрсету
мақсатында басқарудың жоғары деңгейі мен өндірістік бөлімшелерінде
қаржылық есептер мәліметтерін жинау және өңдеу қызметін реттеу;
– алғашқы мәліметтерді жинау, өңдеу және сақтау жүйесінің негізгі
бағыттарын анықтау;
– ақпартты өңдеу технологиясын дамытудың негізгі бағыттарын анықтау.
Әрбір басшының өзіне керекті ақпаратқа қажеттілігінің деңгейі –
күрделі міндет, оны шешу басшының тәжірибесіне, функцияларына және оның
басқару шешімдерін қабылдаудағы құзырына байланысты.
Ақпараттың ішкі жүйесі келесі функцияларды атқарады:
– өндірістік-өткізу қызметін оперативті басқару мақсаттары үшін
қажетті ақпараттың сипаты мен мазмұнына әрбір басшының қажеттілігін
анықтау;
– қажетті ақпаратпен қамтамасыз ету үшін ұйымның және әрбір менеджердің
техникалық құралдарға қажеттілігін анықтау;
– ақпарат жүйесінің үздіксіз қызмет етуін қамтамасыз ету үшін
техникалық құралдарды сатып алуға, жалдауға кететін шығындарды
орталықтанған жоспарлау;
– ақпарат жүйесіндегі техникалық құралдарды қолдануға кететін шығындар
деңгейін анықтау;
– ақпаратты қажетті деңгейде жинау, сақтау және ұсынуды қамтамасыз ету;
– бағдарламалық құралдарды, қолданбалы бағдарламаларды дайындау.
1.5 Ақпараттық жүйелер ресурстарына қойылатын талаптар

Ақпараттық ресурстарды жиынтық мәліметтер деп атайды, белгілі бір
мекеме үшін құндылықты көрсететін және материалдық ресурстар ретінде
көрсетіледі. Оларға негізгі және көмекші мәліметтер массиві жатады, сыртқы
зердесінде кіріс құжаттары жатады.
Ақпараттық жабдықтау (АЖ) – бұл ақпараттық жүйеде қолданатын
экономикалық ақпаратты жіктеудің және шартты белгілеудің бірыңғай жүйелері
мен құжаттардың және ақпарат массивтерінің үйлестірілген жүйелерінің
бірігуі болып табылады. Ақпараттық жабдықтаудың негізгі бағыты сақталуынан,
ақпараттың жинақталуынан, ақпараттық базаға өзгеріс енгізуден басқару
шешімдерін қабылдау үшін кіріс ақпараттарының берілуінен тұрады.
Ақпараттық жүйені ақпараттық жабдықтау өзіне жүйеде қолданатын
экономикалық ақпараттар және құжаттар сыныптама-ларын, нормативті –
анықтамалы ақпараттарды (НАА) қосады.
Ақпараттық база (АБ) – бұл ақпараттық жүйенің функционерлену кезінде
қолданылатын бір қалыпқа келтірілген ақпараттар жиынтығы.
Машинадан тыс ақпараттық база – ақпараттық жүйені жұмыс істеуде
қолданатын құжаттар мен белгілердің бірігуін бейнелеп, есептеу
техникасынсыз адамға түсінікті болатын ақпарат базасының бөлігі. Машинадан
тыс ақпараттық базасына жіктеу мен шартты белгілеу жүйелері, нормативті –
анықтамалы құжаттар, жедел ақпарат жатады. Жіктеу мен шартты белгілеу
жүйелері мәліметтерді бірмәнді жазып, ақпаратты есептеу желісінің жадында
тиімді іздеп және белгілеу үшін қолданылады. Ал нормативті – анықтамалы
құжаттар – шартты-тұрақты ақпарат қатарына жатады және ұзақ уақыт бойы есеп
айырысуда өзгеріссіз қолданылатын әртүрлі тәртіптегі мөлшерлеу-лерді,
мөлшерлерді және басқа да мәліметтерді құрайды. Жедел ақпарат дегеніміз –
ол субъектінің күйін осы уақыт сәтінде бейнелей-тін, яғни бастапқы,
өңделмеген ақпарат. Жедел ақпаратқа әдетте бухгалтерлік және жедел есеп
мәліметтері жатады.
Машина ішіндегі ақпарат базасы – бұл ақпараттық жүйені жұмыс істеуде
қолданылатын, машиналық тасығыштардағы мәліметтер массивінің бірігуін
бейнелейтін ақпарат қорының бөлігі. Мұндағы машиналық тасығыш – дербес
электронды есептеуіш машинаға (ДЭЕМ) ақпаратты автоматты түрде ендіруде
пайдаланылатын материалдық объект.
2-Кесте. Ақпараттық жабдықтау
Элементтер Сипаттамалар
Ақпараттық технология Мәліметтер базасында негізделген
Мәліметтер базасы типі Реляциондық
Кодтау жүйесі Фасеттік жүйе
Ақпараттық қорғау АЖ-мен жұмыс істеу кезінде парольдер
жүйесі қолданылады.

Ұйымдастырумен жабдықтауға қойылатын талаптар:

Автоматтандырылған ақпараттық жүйені тұрғызу мен жұмыс істеудің негізгі
шарты ұйымдастырумен жабдықтау. Ұйымдастырумен жабдықтау дегеніміз –
ақпараттық жүйені тұрғызу мен жұмыс істеуге арналған шаралардың, әдістер
мен жабдықтардың жиынтығы. Ол ақпараттық жүйені тұрғызу мен қолдануға
қатысты ең көлемді мәселелерді қарастырып және элементтердің құрамын,
байланысын, өзара әрекетін, ұйымдастыру құрылымын анықтайды, сондай-ақ жүйе
қызметін реттейтін құқықтық актілерді қамтиды 2.
Ақпараттық жүйені ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Сақтандыру менеджерінің ақпараттық жүйесін тұрғызуды жобалау
Өнім өндіруді оптимизациялау
Компьютерлік фирма менеджментінің ақпараттық жүйесі
Қонақ үйдегі маркетинг және қонақ үй қызметінің сапасы
Өндірісті басқарудың ақпараттық жүйесін тұрғызу
Нарықтық экономикадағы фирма менеджменті
Мамандар бөлімінің ақпараттық деректері
«Үш биік» ЖШС-ң менеджерінің АЖО жасау
Мамандар бөлімінің басқару жұмыстарының қызметі
«TSC Group» корпорациясының даму тарихы және бүгіні
Пәндер