Бөкей ордасы және Жәңгір хан



МАЗМҰНЫ

КІРІСПЕ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .4

1 XVIII ҒАСЫРДЫҢ АЯҒЫ ХІХ ҒАСЫРДЫҢ БАСЫНДАҒЫ ҚАЗАҚ ХАНДЫҒЫНЫҢ САЯСИ.ӘЛЕУМЕТТІК ЖАҒДАЙЫ ЖӘНЕ БӨКЕЙ ОРДАСЫ
1.1 Орыс.қазақ қарым.қатынастары ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...7
1.2 Бөкей Ордасының құрылу тарихы және патша үкіметінің отарлық саясаты ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...9
1.3 Бөкей ханның саясаты ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..16

2.ХІХ ҒАСЫРДАҒЫ ҚАЗАҚ ХАНДЫҒЫ ЖӘНЕ ЖӘҢГІРХАН
2.1Жәңгір ханның өмірі мен қоғамдық саяси қызметі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 20
2.2 Жәңгір хан және оның реформаторлық қасиеті ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .26
2.3 Жәңгір ханның ішкі және сыртқы саясаты ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .36

ҚОРЫТЫНДЫ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 62
ПАЙДАЛАНҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .65
КІРІСПЕ

Еліміз егемендік алып, тәуелсіздікке қол жеткізгеннен кейін, ұлттық тарихымыздың кейбір тұстарына көз жүгіртіп, кезінде бұрмаланған шындықты қалпына келтіру жүзеге асырылып жатыр. Тарихи деректер мен шежірелерге арқа сүйенетін болсақ, атам заманнан бері Еділ және Жайық аралығын жеті жұрт жайлаған екен. Б.д.д. ҮІІІ-ІІІ ғасырлар аралығында бұл жерді иран тілдес скиф-сарматтар мен аландар қоныстаныпты. Содан кейін угро-финн тайпасы мен венгрлер, б.д. ІҮ-ХІІІ ғасырларда түркі тілдес ғұндар мен аварлар, хазар, оғыз, печенек пен қыпшақтар, ХІІІ-ХҮ ғасырда монғол хандары орда тікті. Олардың өкшесін басып кеп ноғай мырзалары мен қазақ хандары қанат жайды. ХҮ-ХҮІІ ғасырда түрікмен, қарақалпақ, башқұрт халқы жайлады. Осы аты аталған үш халықтың бір бөлігін Кубанға, екінші жартысын Арал теңізі маңына ығыстырып, ХҮІІ ғасырдың 30-шы жылдары қалмақтар кеп орнықты. Қытайдан кеп бас сауғалаған бұл шұбырынды Бұқар мен Самар даласын қоныстанған жетінші жұрт болатын.Бастапқы уақытта Бөкей Еділ мен Жайық арасындағы жұртты сұлтандық дәрежемен басқарды. 1812 жылы оған хан атағы берілді. Бірақ бұл атақтың игілігін ол көп көре алмай, араға үш жыл салып, 1815 жылы қайтыс болды. Соңында орнын басар үш ұлы қалды: Жәңгір, Әділгерей, Меңдігерей. Хан тағының мұрагері Жәңгір бұл кезде небары 14 болатын. Әрі Астрахань қаласындағы азаматтық губернатор Андреевскийдің үйінде жатып, орысша білім, европаша тәрбие алып жүрген кезі болатын. Ағылшын, орыс, парсы, араб, француз, неміс тілдерін білген. Сондықтан мұрагер оң-солын танығанша ел тізгінін Бөкейдің інісі Шығай ұстады.
Жәңгір 1824 жылы әкесі Бөкейдің орнын басып, арнайы жарлықпен хан атағын алды. 1827 жылы ол хандықтың орталығы –Хан Ордасының негізін қалады. Хан Ордасы Нарын құмының батыс бөлігінде салынды.Хандыққа біртұтас басшылық осы жерден жүргізілді. Ханның үлгісі бойынша және оның тікелей нұсқауымен Хан Ордасында сұлтандар мен билер, старшындар да үй сала бастады. Жәңгір хан билік құрған кезең қазақтардың бұрынғы дәстүрлі тұрмысында елеулі өзгеріс жасалған, хан билігі күшейген, ислам дінінің ықпалы артқан, тауар-ақша қатынастары айналымға енгізілген маңызды уақыт болатын.
Тақырыптың өзектілігі Бөкей Ордасының құрылу тарихын баяндай отырып, Жәңгір ханның реформаторлық қызметіне баса назар аудару, ішкі және сыртқы саясатының ерекшелігіне тоқталу, Жәңгір ханның жаңашыл қызметіне жан-жақты талдау жасап, оларды жаңа көзқарастар жүйесінен зерделеу.
ПАЙДАЛАНҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ

1 Р.Сариева. «Ішкі Орда және патша үкіметінің отарлау саясаты.» Ақиқат 2001ж. №9 63-бет.
2 Бұлда сонда 67-бет
3 Ғ.Бөкейханов. «Хан Жәңгір – Бөкей ордасының реформаторы.» Түркістан 2002ж. 5 қаңтар7-бет.
4 Р. Сариева «Бөкей хан мен Жәңгір хан.» Егемен Қазақстан 2001 ж 31 шілде 4 бет.
5 М.Күлкенов, Р.Отарбаев. «Жәңгір хан.» Ана тілі .5-бет.
6 Б.Аспандияров. «Бөкей ордасы қалай құрылды?» Парасат 2003ж №6 18-бет.
7 Р.Сариева «Ішкі Орда және патша үкіметінің отарлау саясаты.» А 2001ж 67-бет.
8 Бұлда сонда 63-бет
9 Р.Сариева. «Бөкей хан мен Жәңгір хан» Егемен Қазақстан 2001 ж.шілде 4-бет.
10 Ө.Әлімгереев. «Бөкей хан» Ақиқат 1999 ж №2 76 бет.
11 Р.Сариева. «Ішкі Орда және патша үкіметінің отарлау саясаты.» Ақиқат 2001ж №9 68-бет.
12 Т.Рысбеков, Ғ.Қарабалин «Жәңгірдің ішкі – сыртқы саясаты.» Ақиқат 2001ж №7 56-бет\
13 С. Даумов. «Дала патшасы.» Қазақ әдебиеті 2001.04.0. 5-бет.
14 С.Даумов. «Естеліктер сөйлесе.» Парасат 2003ж. қазан №10 21- бет.
15 М.Күлкенов, Р.Отарбаев. «Жәңгір хан.» Ана тілі 27 тамыз 4-бет.
16 М.Күлкенов, Р.Отарбаев. «Жәңгір хан.» «Өлке» Ғылым баспасы Алматы -1992ж. 9-14 бет.
17 Бұлда сонда.44-45-бет.
18 «Бөкей Ордасы және Ислам.»ZAMAN Қазақстан 1994ж. 26 қараша.
19 С.Тоқболат. «Жәңгір ханның ішкі саясаты.» Ізденіс 2004ж. №3 160-бет.
20 Ғ.Қарабалин. «Бөкей хандығының экономикалық дамуы туралы.» Ізденіс 2001ж. №3 69-70-бет.
21 Т.Рысбеков, Ғ.Қарабалин «Жәңгір ханның ішкі сыртқы саясаты.» Ақиқат 2001ж №7 59-61 бет.
22 М.Күлкенов, Р.Отарбаев. «Жәңгір хан.» «Өлке» Ғылым баспасы Алматы – 1992ж. 17-20 бет.
23 Ғ.Бөкейханов. «Хан Жәңгір – Бөкей Ордасының реформаторы.» Түркістан 5 қаңтар 2002 ж. 7-бет.
24 Р.Сариева. «Бөкей хан мен Жәңгір хан.» Егемен Қазақстан 2001 ж шілде 4-бет.
25 Р.Сариева. «Ішкі Орда және патша үкіметінің отарлау саясаты.» Ақиқат 2001ж №9 69-72-бет.
26 С.Даумов. «Хан тағының мұрагері.» Жас алаш. 2003ж 22 шілде.
27 Қаратаев. «Тарихтағы аттас тұлғалар.» саясат 1997 ж . №11
28 Әкімов. «Алдым жалын, артым - өрт.» Таңшолпан 2002ж №2.
29 М.Неталив. «Ханның қателігі – халықты қанағаны.» Ана тілі 19 қараша.
30 Б.Аспандияров. «Бөкей Ордасының құлауы мен күйреуі.»Жұлдыз 2001 ж. №6.
31 Артыкбаев Ж.О. Казахское общество: традиции и инновации. Караганда, 1993 г.
32 Зиманов С.З. Россия и Букеевская ханство А. 1982 г.
33 Русско- казахские отношения в XVIII – ХІХ вв. Алматы, 1964 г.
34 Құлкенов Мереке. Жәңгір хан. Алматы.1992 ж.
35 Народно – освободительное движение казахов в 1836-1838 гг. А., 1992 г.
36 Жамбылов Д.А. Қазақстандағы ұлт-азаттық қозғалыс. А. 2001 ж.
37 Рязанов А.Ф. Восстание ИсатаяТайманова.Алматы.1991 г.
38 Савичев Н. Исатай Тайманов. «Мұра» жинағы 40-100 беттер.

Пән: Тарихи тұлғалар
Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 72 бет
Таңдаулыға:   
МАЗМҰНЫ

КІРІСПЕ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...4

1 XVIII ҒАСЫРДЫҢ АЯҒЫ ХІХ ҒАСЫРДЫҢ БАСЫНДАҒЫ ҚАЗАҚ ХАНДЫҒЫНЫҢ САЯСИ-ӘЛЕУМЕТТІК ЖАҒДАЙЫ ЖӘНЕ БӨКЕЙ ОРДАСЫ
1.1 Орыс-қазақ қарым-қатынастары ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..7
1.2 Бөкей Ордасының құрылу тарихы және патша үкіметінің отарлық саясаты ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .9
1.3 Бөкей ханның саясаты ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...16

2.ХІХ ҒАСЫРДАҒЫ ҚАЗАҚ ХАНДЫҒЫ ЖӘНЕ ЖӘҢГІРХАН
2.1Жәңгір ханның өмірі мен қоғамдық саяси қызметі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 20
2.2 Жәңгір хан және оның реформаторлық қасиеті ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .26
2.3 Жәңгір ханның ішкі және сыртқы саясаты ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .36

ҚОРЫТЫНДЫ ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 62
ПАЙДАЛАНҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... 65

КІРІСПЕ

Еліміз егемендік алып, тәуелсіздікке қол жеткізгеннен кейін, ұлттық тарихымыздың кейбір тұстарына көз жүгіртіп, кезінде бұрмаланған шындықты қалпына келтіру жүзеге асырылып жатыр. Тарихи деректер мен шежірелерге арқа сүйенетін болсақ, атам заманнан бері Еділ және Жайық аралығын жеті жұрт жайлаған екен. Б.д.д. ҮІІІ-ІІІ ғасырлар аралығында бұл жерді иран тілдес скиф-сарматтар мен аландар қоныстаныпты. Содан кейін угро-финн тайпасы мен венгрлер, б.д. ІҮ-ХІІІ ғасырларда түркі тілдес ғұндар мен аварлар, хазар, оғыз, печенек пен қыпшақтар, ХІІІ-ХҮ ғасырда монғол хандары орда тікті. Олардың өкшесін басып кеп ноғай мырзалары мен қазақ хандары қанат жайды. ХҮ-ХҮІІ ғасырда түрікмен, қарақалпақ, башқұрт халқы жайлады. Осы аты аталған үш халықтың бір бөлігін Кубанға, екінші жартысын Арал теңізі маңына ығыстырып, ХҮІІ ғасырдың 30-шы жылдары қалмақтар кеп орнықты. Қытайдан кеп бас сауғалаған бұл шұбырынды Бұқар мен Самар даласын қоныстанған жетінші жұрт болатын.Бастапқы уақытта Бөкей Еділ мен Жайық арасындағы жұртты сұлтандық дәрежемен басқарды. 1812 жылы оған хан атағы берілді. Бірақ бұл атақтың игілігін ол көп көре алмай, араға үш жыл салып, 1815 жылы қайтыс болды. Соңында орнын басар үш ұлы қалды: Жәңгір, Әділгерей, Меңдігерей. Хан тағының мұрагері Жәңгір бұл кезде небары 14 болатын. Әрі Астрахань қаласындағы азаматтық губернатор Андреевскийдің үйінде жатып, орысша білім, европаша тәрбие алып жүрген кезі болатын. Ағылшын, орыс, парсы, араб, француз, неміс тілдерін білген. Сондықтан мұрагер оң-солын танығанша ел тізгінін Бөкейдің інісі Шығай ұстады.
Жәңгір 1824 жылы әкесі Бөкейдің орнын басып, арнайы жарлықпен хан атағын алды. 1827 жылы ол хандықтың орталығы - Хан Ордасының негізін қалады. Хан Ордасы Нарын құмының батыс бөлігінде салынды.Хандыққа біртұтас басшылық осы жерден жүргізілді. Ханның үлгісі бойынша және оның тікелей нұсқауымен Хан Ордасында сұлтандар мен билер, старшындар да үй сала бастады. Жәңгір хан билік құрған кезең қазақтардың бұрынғы дәстүрлі тұрмысында елеулі өзгеріс жасалған, хан билігі күшейген, ислам дінінің ықпалы артқан, тауар-ақша қатынастары айналымға енгізілген маңызды уақыт болатын.
Тақырыптың өзектілігі Бөкей Ордасының құрылу тарихын баяндай отырып, Жәңгір ханның реформаторлық қызметіне баса назар аудару, ішкі және сыртқы саясатының ерекшелігіне тоқталу, Жәңгір ханның жаңашыл қызметіне жан-жақты талдау жасап, оларды жаңа көзқарастар жүйесінен зерделеу.
Диплом жұмысының мақсаты Зерттеу жұмысының алдына қойған мақсаты мен міндеттері тақырыптың өзектілігімен оның қамтитын хронологиялық мерзімінен туындайды. Мақсаты-Бөкей Ордасы билеушілерінің саясатының өзіндік ерекшелігін ашып көрсету. Осы мақсаты сәйкес диплом жұмысы төмендегідей міндеттерді шешуді көздейді:
Диплом жұмысының міндеттері.
-XIX ғасырдың басындағы орыс-қазақ қарым-қатынастарына шолу жасау.Жаңа әкімшілік-аумақтық бөлініс нәтижесінде Бөкей Ордасының құрылуына тоқталу.
-Бөкей хан саясатының оң және теріс жақтарын сараптау.
-Жәңгір ханның билікке келуі және билікке келуімен жаңашыл тұрғыдағы құбылыстармен өзгерістерді ашып көрсету.
-Ағартушылық экономикалық саладағы тың жаңалықтарына баса назар аудару.
-Жәңгір ханның сыртқы-ішкі саясатындағы негізгі ұстанымдарын баяндау.
Зерттеу жұмысының ғылыми жаңашылдығы- Тәуелсіз еліміздің шындық тарихын, сол тәуелсіздік жолында күрескен аға ұрпақ өкілдерінің өмірі мен қызметтерін зерттеу қазіргі таңда аса өзекті мәселелердің бірі. Қазақ өлкесінен шыққан қазақ хандары мен батырларының өмір жолымен, қоғамдық қызметтерімен ерекшеліктеріне арналған толыққанды зерттеу еңбегі Бөкей Ордасының құрылуынан бастап құлауына дейінгі тарихын біртұтас қарастырады.
Жұмыстың практикалық маңыздылығы. Жұмыста Бөкей Ордасын тұтас түрде зерттеу диплом жұмысының практикалық маңызын арттыра түседі. Диплом жұмысы болашақта осы тақырыапты зерттеуші авторларға септігін тигізіп, үлес қосатынына үміт артамыз. Жұмысты орта және жоғарғы оқу орындарында Ішкі Орда тарихы жөнінде арнаулы курстар мен факультативтер оқу барсында, сонымен қатар орта мектептердегі тарих сабағында көмекші материал ретінде пайдалануға болады.
Тақырыптың зерттелу деңгейі Бөкей Ордасы мен Жәңгір ханның қызметі жайлы сан алуан пікір бар. Тақырыптың зерттелу деңгейіне байланысты шолуымызбен талдауымызды есімдері елімізге кеңінен мәлім болған Ғ.Бөкейханов, Ғ.Қарабалин, М.Неталив, Б.Аспандияров, М.Құлкенов сияқты жазушы, тарихшы-ғалымдардан бастаған жөн. Ғ.Бөкейхановтың еңбектерінде Жәңгірдің жаңашыл реформаторлық қызметіне негізгі басымдық берілген. М.Неталив еңбектері Жәңгір ханның аса ауыр салық саясатына, озбырлығын әшкерелеуге арналған. Ғ.Қарабалин еңбегінде Бөкей хандығының әлеуметтік-экономикалық хал-ахуалы дәйекті түрде баяндалған. Ал, Б.Аспандияровтың Бөкей Ордасы қалай құрылды- деген еңбегінде қаламгер сол кездегі орыстардың отарлаушылық саясатын жаза келіп, Бөкей бастаған бір топ қазақтардың Жайықтың батыс бетіне өтіп, мәңгілік бодандыққа айналғанын жазады. Осы қазақтар есебінен Ішкі немесе Бөкей ордасының пайда болуын тілге тиек етеді. Сонымен қатар, Ғ.Қарабалин, Т.Рысбековтың Жәңгірдің ішкі-сыртқы саясатыдеген еңбегінде, сол кезлегі Жәңгір ханның халыққа жүргізген сауатты саясатын ашып көрсеткен. Жәңгірдің ішкі және сыртқы саясатын толық баяндайды.
Бұған қоса республикалық басылымдарда С.Даумов, Т.Рысбеков, Р.Сариева т.б. қаламгерлердің мақалаларында тақырып өз қырынан көрініс табады. Әсіресе,С.Даумовтың Естеліктер сөйлесе - деген тақырыбынан біз Жәңгірдің кескін-келбетін, тұлғасын жақсы байқаймыз.
Жұмыстың теориялық және әдіснамалық негіздері: Жұмысты жазу барысында әр жылдары баспа бетін көрген академиялық Қазақстан тарихы оқулықтары, сонымен қатар әр жылдары жарық көрген газет материалдары мен журналдардағы қазақ қаламгерлерінің әр түрлі мазмұндағы мақалалары алынды. Сондай-ақ, осы тақырып төңірегінде соңғы уақытта қалыптасқан жаңа ғылыми көзқарастар, тұжырымдар мен ой пікірлерді мүмкіндігінше басшылыққа алынып, бітіру жұмысын жазу барысын талдау, жинақтау, қорыту әдістері қолданылды.
Жұмыстың деректік базасы ретінде Хәңгір ханның өмір жолы мен қоғамдық саяси қызметіне байланысты кітаптар, зерттеулер, ғылыми мақалалар және №2 әмбебап кітапханасы қорындағы баспасөз материалдары алынды.
Диплом жұмысының құрылымы. Кіріспе, екі тараудан тұратын үш бөлімшеден, қорытынды мен пайдаланылған әдебиеттер тізімінен тұрады

1 XVIII ҒАСЫРДЫҢ АЯҒЫ ХІХ ҒАСЫРДЫҢ БАСЫНДАҒЫ ҚАЗАҚ ХАНДЫҒЫНЫҢ САЯСИ-ӘЛЕУМЕТТІК ЖАҒДАЙЫ ЖӘНЕ БӨКЕЙ ОРДАСЫ

1.1 Орыс-қазақ қарым-қатынастары

Күні кешеге дейін Әбілхайыр ханның 1731 жылы Ресей бодандығына өтуі Ресейге қазақ халқының өз еркімен қосылуы деп теріс бағаланып келді. Бүгінгі көзқарасымен мұрағаттарда сақталған тарихи құжаттарға зер салып, зерттеп қарағанда мұның астарында патша үкіметінің отарлау саясатының жатқандығына көз кәмел жетеді. Қазақ даласын отарлау ұлы Петрдің басты арманы еді. I Петрдің бұл саясатын Орынбор экспедициясын басқарған Сенаттың оберхатшысы Кирилловтың жасаған жобасы бойынша жүзеге асырылады. Оны Кирилловтың: Ресей үкіметі олардың арасындағы өшпенділікті сәл ғана сүйемелдеп және Ресейдің пайдасына шешілетін сәттерде оларды бір-біріне жуықтырып отырса болғаны, - деп жазған сөзі нақты дәлелдейді. Патша үкіметі Кирилловтың кейін Кіші жүз жерін отарлау саясатын Нұралы хан тұсында Неплюев, Давыдов, Волков, Якобидің қолымен жүзеге асырды. Бұлардың ішінде қатыгездігімен, кезінде орыс отарлау саясатымен көзге ерекше түскен Неплюев болды. Ол қазаққа қарсы башқұрттарды, қалмақтарды айдап салып, өшіктіріп, қан-жоса етті. XVIII ғасырдың соңғы он жылы бақ не тақ үшін талас-тартыс қанды қырғын болып, аяғы Ералы хан мен Есім ханның өліміне әкеліп соқты. Кіші Орданың жағдайы ауырлады. Бұл жағдайлар Бөкейге қатты әсер етті[1].
Бөкей жайықтың батыс бетіне өткенде, өз мақсатынан бұрын отарлық саясаттан, руаралық талас-тартыстан күйреген халықтың тұрмыс-тіршілігін көтеруді, ел арасындағы шапқыншылықты тұрақтай тұруды ең бастысы келешек ұрпақ үшін қолайлы жер мен қонысқа ие болуды көздеді. Ел арасындағы тәртіпсіздік, бүлік не адам өлтіруге дейін барған Кіші жүздегі жағдай Бөкейді осындай ойға әкелді. Бөкей сұлтан 1801 жылы ақпан айында Грузия және Астрахань губерниясының бас бастығы генерал-лейтенант К.Ф.Кноррингке: Ресейге өмірлік бодан болуды қалаймын, - деп өтініш жазды. Қазақ даласын отарлаудың, Кіші Орданы бөлшектеудің сәті түсті деп білген император I Павел К.Ф.Кноррингтің және Астрахань қазақ полкінің полковник П.С.Поповтың ұсыныстарын тез шешті. I Павел патша 1801 жылы 11 наурызда келді. Орал мен Еділ аралығын қазақ халқының қоныстануына рұқсат беруі еді. Кноррингте, полковник Поповта патша жарлығын шұғыл орындауға кірісті.Патша қол қойған күні,патшаны яғни Екатерина II патшайымның баласы I Павелл патша өзінің баласы Александр бұйрығымен өлтірілді.11 наурыздың 12 наурызға қараған түні патша сарайына Александр I-нің көмекшісі Лагарп деген кісінің ұйымдастырумен шабуыл жасалды.Олардың мақсаты сол кездегі Ресей империясының патшасы болып тұрған Павел I-ні тақтан тайдыру еді.Павел I-нің орнына осылай баласы Александр I патша болып отырды.Александр I Ресей империясын өз қолына алғаннан кейін реформалар жүргізіліп,халыққа Павелдің кезінде жоғалтқан теңдігін орнатты.
Еділ мен Жайық арасына 1801 жылы орналасқан қазақтарға қысым жасау үшін император I Александр 1802жылы сәуірде Царициннен бастап Каспий жағалауына дейін қалмақтардың еркін көшіп жүруіне рұқсат еткен жарлығын жариялады.Бұл жарлықтың салдарынан бөкейліктердің шабындық,жайылымдық,қоныстық жері тарылды.Еділ,Үлкен және Кіші өзендер арасында мал суару, көшіп-қону,мал айдау кезінде үлкен қақтығыстарға әкеп соқты.Бұл шешімдер тек Кіші жүз қазақтарымен би,батырлар ғана емес,сұлтандар тарапынан да наразылықтар туғызды.Олар бұны патша үкіметінің отарлау саясаты деп түсінбеді.Бөкейдің бақ құмарлығынан, орысқа берілгендігінен туған жағдай деп түсінді.Сондықтан Ішкі Ордадан қазақтардың Жайықтың шығыс бетіне жаппай еріксіз түрде көшуі етек алды.12 мамыр 1804жылы Астрахань қазақ полкінің командирі Попов Ресей ішкі істер министрі В.П.Кочубейде:Бөкей Ордасына Жайықтың арғы бетінен келген 7000 отбасынан мыңнан аспайтын ғана үй қалды ,-деп жазды.
Бұл жаппай көшуді отаршылар Жайықтың шығыс бетіндегі хандардың әсіресе Қаратай мен Қайыпқали сұлтанның әрекеті депбағалады.Отарлаушылық саясаттың бетін бүркемеледі. Бұл жағдай әсіресе Бөкеймен туысқан Қаратай арасын бұрынғыдан да ушықтыра түсті.Өйткені Ресей отарлаушылары Қаратай сұлтанға сенбегендіктен осы ойды жүзеге асыруға асықты.Әр түрлі жалған өсектер,ақпараттар,хабарлар таратты.Сондықтан 21 қараша 1805 жылы Орынбор генерал-губернаторы князь Г.С.Волконский Орал қазақ әскерлерінің әскери атаманы Д.И.Бородинге:Бөкейге Қаратайдың барлық пысық қылықтарын сездір және оған Қаратаймен ешқандай байланыс жасамауға тапсырма бер,-деп туысқан екі сұлтанның арасына от салу жөнінде нұсқау берді.[2]
ХҮІІІ ғасырға дейін бұл даланы Астрахань даласы деп атаған. Маусым бойынша бұл өлкені бірде қазақтар, орыстар, қалмақтар жайлаған.
Қарсыластары Жантөренің өмірін ерте қиды.Жантөре өлгеннен кейін Ресей отарлаушыларының бұрыннан ойластырып жүрген Кіші Жүзді екіге бөлу,рулар арасындағы өзара алауыздықтырды күшейту саясатын жүзеге асырудың сәті түсті деп білді.Сөйтіп,Кіші жүзді екі хандыққа бөлді.Жайықтың шығыс бетіне Айшуақ ханның ұлы Шерғазыны,1811 жылғы 11 қарашада император Ішкі Орданы билеуге Самар бетіне Бөкейді хан етіп тағайындады.1799 жылы Астрахань мен Жайық өзенінің теңізге құятын жеріне дейінгі аралықты қорыққа айналдырған патшаның жарлығы шықты. Бұқар бетте көшіп-қонып жүрген қазақтардан Жайықтың қызыл балығы мен орман-тоғайын қызғанып, десятиверстная полоса деген жарлықтың да күшіне енетіні осы тұс. Осының бәріне бас-көз болу полк командирі Попов дегенге жүктелді. Поповпен тіл табысқан Бөкей сұлтан ақыры Астрахань қаласын сол кезде билеп тұрған Киорпигтің аузын алып, Еділ мен Жайық арасында еркін көшіп-қонып жүруіне, қалаған жеріне қыстауына рұқсат беруін сұрайды. Бұл өтініш губернатор арқылы патшаға жетеді де, І Павел 1801 жылы 11 наурызда мақұлдағанын білдіріп, рескрипт шығарады. Міне, осыдан Бөкей Ордасының тарихы басталды.

1.2 Бөкей Ордасының құрылу тарихы және патша үкіметінің отарлық саясаты

Тарихи деректер мен шежірелерге арқа сүйенетін болсақ, атам заманнан бері Еділ және Жайық аралығын жеті жұрт жайлаған екен. Б.д.д. ҮІІІ-ІІІ ғасырлар аралығында бұл жерді иран тілдес скиф-сарматтар мен аландар қоныстаныпты. Содан кейін угро-финн тайпасы мен венгрлер, б.д. ІҮ-ХІІІ ғасырларда түркі тілдес ғұндар мен аварлар, хазар, оғыз, печенек пен қыпшақтар, ХІІІ-ХҮ ғасырда монғол хандары орда тікті. Олардың өкшесін басып ноғай мырзалары мен қазақ хандары қанат жайды. ХҮ-ХҮІІ ғасырда түрікмен, қарақалпақ, башқұрт халқы жайлады. Осы аты аталған үш халықтың бір бөлігін Кубанға, екінші жартысын Арал теңізі маңына ығыстырып, ХҮІІ ғасырдың 30-шы жылдары қалмақтар кеп орнықты. Қытайдан кеп бас сауғалаған бұл шұбырынды Бұқар мен Самар даласын қоныстанған жетінші жұрт болатын.
Десек те бұл өңірге қалмақтар табан тіреп орныға алмады. Ауыз бірліктің аздығынан екіге жыртылып айырылып, 1771 жылы Үбіші хан бастаған 100 мың шаңырақ қаңырап жатқан Жоңғар өлкесіне қайтадан қотарыла көшті. Қалған аз бөлігі Еділдің арғы бетіне әупірімдеп өтіп бас сауғалады. Бұл жер қазірде Қалмақ қыры деп аталады.
Сонымен, 1771-1801 жылдардың мөлшерінде Еділ мен Жайық арасындағы Самар даласы деп аталатын байтақ өлке бос жатты.
1801 жылы күзде Бөкей сұлтан әр рудың старшындары мен билерінің басын қосып, Бұқар беттен Самар бетке жедел қоныс аударуға қам жасайды. Әрқайсысының қонысын белгілейді. 1864 жылы Петерборда М.Достаевскийдің жәдігерлігімен шыққан Эпоха журналының № 11 санында Внутренняя или Букеевская Киргизская Орда деген мақала жарияланып, онда осы өңірді мекендеген рулардың 1801 жылғы шаңырақ саны, мал басы келтірілген. Атап айтса, адайлар-1503 шаңырақ, алаша-2640, байбақты-3205, беріш-5085, жаппас-904, есентемір-486, ысық-669, қызылқұрт-825, кете-411, масқар-61, ноғай-1095, таз-121, тана-1281, шеркеш-2759, төлеңгіт-665, қожа-178 үй[3].
Төре тұқымы мен ру басыларына, олардың бай туыстарына бөлек есеп жүрген. Олар-215 шыңырақ. Сонымен Батыс өлкені сол тұста мекен еткен барлық шаңырақ саны-23 мың 598 болған. Дәулеттісі, кедейі бар осыншама шаңырақтың 58 мың 903 түйесі, 229 мың 173 жылқысы, 158 мың 792 сиыры, 1 миллионның үстінде қойы, 131 мың 280 ешкісі бар екен. 1790 жылғы Нұралы ханның қазасы Кіші жүз қазақтарын үлкен дағдарысқа ұшыратты.Соңғы 10 жыл ішінде үш рет хан ауыстырып үлгерген болатын.Хан тағы үшін үшінші айқас әсіресе,Нұралы ханның ағасы, діңқас, өлмелі Айшуақ ханның тұсында шегіне кетіп шиеліскен болатын. Хан тағынан үміткерлердің бірі-Нұралы ханның қалмақ қызынан туған ұлы Қаратай сұлтанға патша үкіметі билік тізгінін беруден бас тартты. Өйткені, қайратты жастың көзқарастылығы оларды үрейлендіретінді. Кіші жүз қазақтары-орыстарға,патша үкіметіне ең жақын орналасқан территорияда тұрып жатқандықтан,ондағы басқару жүйесін бір ізге аса қиындық тудырды. Бөкей ордасы тура осындай саяси дағдарыстың жемісінде дүниеге келген болатын.
Бөкей ханның құрылуын революцияға дейінгі авторлардың көбі-Бөкей сұлтанмен тікелей байланыстырады. А. Евреиновтың пікірі бойынша, қазақтардың Оралдың оң жағалауымен қоныс аударуы Бөкей аса тыныштықтың орыс үкіметіне жағымды болмайтыны сезгендігімен тікелей байланыстырса, Т. Медведскийдің ойынша, Бөкей билік құмарлықпен оң жағалауға өткен көрінеді.Ал,Л.Мейер Бөкей Ордасының пайда болуы Кіші ордадағы шиеленісті жағдайлармен байланыстырады.
Кеңес зерттеушілері де Ішкі Орданың дүниеге келуі туралы жайында біразы пікір айтқан жоқ. М.П.Вяткин оның негізгі себебі феодализмнің дамуымен жердің тарлық етуінен десе, бұдан сол басқашалау пікірді В.Ф.Шахматов келтіреді. Волга және Орал өзендерінің ортасында жаңадан бой көтерген,қазақ хандығын ол, патша үкіметінің отарлау саясатының жемісі деп есептелінді. Әрине,патша үкіметінің отарлау саясаты қазақ халқының қоғамдық және саяси өмірінде белгілі бір маңызға ие болғаны рас. Сондықтан да Оралдың жағалауына қазақтардың қоныс аударуы олардың дәл осы отарлау саясатына қайшы келмейді. Сүйтіп,шекаралас билік орындарынан қолдау тауып отырды.
Ал, бұл оқиғаның басқасында болғандардың айтуынша, Бөкей сұлтанды ең бірінші қолдағандардың бірі-Сырым Датов болды. Онымен бірге халық көшуге дайын еді.Бұдан, Сырым батырдың үкіметіне емес,тек Нұралы ханның жеке басына деген наразылығының барлығы айқындалады.
Нұралы хан ұрпақтарының өзара шайқасы Кіші жүз қазақтарының бөлінуіне әкеп соқтырды. 1771 жылы қазақтардың көбі бұрын қалмақтардың мекені болған Орал мен Волга арасындағы жерлерге ие болуымен қатар, өзара жауласа бастаған феодалдардың кикілжіңінен аулақтай алды. Қазақтардың бұл көшуін Нұралы ханның балаларының бірі-Бөкей жақсы пайдалана білді. Қаратай сұлтанның Кіші жүз тағына отыра алмаған сәтсіздігінен кейін,Бөкей бұл билікке басқа жолмен:Орал мен Волга бойын тұрақты көшіп-қонып отыратын мекенге айналдыру арқылы жүзеге асырады. Ол мұнда қазақтарды өз бетінше басқара алатын мүмкіндікке ие болды.[4]
Бұл жерлер бұқара халықтың да көптен бергі көкейдегі ойы,көңілдегі түйіні еді. Бірақ мұндай бақытқа ие болу үшін бір жол бар.Ол орыс әкімшілігінің рұқсатын алу керек. Өйткені,аталған жерлер, Орал мен Астрахань қазақ әскерлерінің бақылауында еді. Жайықтың Самар жақ бетіне 1737 жылдан бастап қазақтардан көшіп-қонуына шек қойылған еді.
Оның үстіне 1794 жылдан бастап елге қадірлі азаматтардан отарлаушыларға аманат бермесе қазақтардың Жайықтан малымен өтуіне тыйым етілмеді. Рұқсат алған күннің өзінде орал қаласына 100 шақырымға шейін қазақтарды жақындатпау жөнінде ерекше бұйрық берілді.
Оның үстіне бұл кез отарлаушылардың Кіші Орда қазақтарының арасында арандату,оларды өзара жауықтыру саясатынан туған қанды қырғын,тақ таласы күшейген шақ. Ералы хан мен Есімханның осындай тартыстардың салдарынан құрбандыққа шалынған тұсы.
Отаршылдық туғызған мұндай әрекеттер ел басына ауыртпалық әкелді.Ел тозды, ашықты, күйзелді. Береке бірлік кетті. Ел басына түскен мұндай ауыр қасыретке он ойланып, жүз толғанып жүрген Бөкейге Астрахань қазақтарының бастығы полковник П.С.Попов елеулі ықпал жасады. Ол Ресей қамқорлығына өтуге кеңес берді. Көзі ашық, көкірегі ояу Бөкей П.С.Поповтың бұл кеңесін халқын ауыртпалықтан алып шығудың, Жайықтың Самар жақ бетін иемденудің бірден-бір жолы деп түсінді.
Сөйтіп, Бөкей сұлтан Еділ мен Жайық арасына халқын қоныстандыруды басты мақсат етті. Бұл жерде оның жүрегі халқым деп соққанына шүбә келтіруге болмайды. Өйткені,бұл кезде Бөкейдің Кіші Орданың кең жазығына сыймайтындай мыңғырған малы да болмаған. Бұл жөнінде Орынбор Шекаралық комиссиясының титуляр кеңесшісі А.О.Кузнецовтың Орынбор әскери губернаторы Т.К.Эссенге: Бір отбасындағы Бөкей мен Шығай Нұралиевтердің 1801 жылы Ішкі Ордадан Жайықтың бергі бетіне өткенде 5 түйесі, 30-ға тарта қойы, 17-ге жетер жетпес жылқысы ғана болды,-деген рапортын тілге тиек етеміз[5,5 б].
Міне осындай себептермен қажетілікке орай Бөкей Нұралыұлы халқының мүддесі үшін 1801 жылдың ақпан айында Астрахань қазақ полкінің командирі, полковник Поповқа, егер де Еділ мен Жайық аралығында көшіп-қонуға ыңғайлы,жайылымы құнарлы,суы жеткілікті мал қыстауға қолайлы орманды алқаптардан жер берілген жағдайда "мәңгілік бодан"болуға дайын екенін білдірді. Бұл ұсыныстар Поповтан Астрахань әскери губернаторы Кноррингке, Кноррингтің хаттары мен ұсыныстары және Бөкейдің Павел біріншіге жолдаған өтініштіренің негізінде патша 1801 жылдың 11 наурыздың мынандай жарлық берді:"...қырғыз-қайсақ Кіші Ордасындағы хан кеңесі басшылық жасап отырған Нұралы ханның баласы Бөкей сұлтанды өз қарамағына шын ықыласымен қабылдаймын,қай жерге барамын десе де ерікті..."сонымен қатар орыс патшасы Бөкей сұлтанды алғыс ретінде оны алтын медальмен марапаттаймын мәлімдеді. Бөкей сұлтанмен бірге осынау аса маңызды мәселесінің сәтті шешілуіне азды-көпті үлес қосқан бірнеше патша шенеулігі де марапатталды.
К.Ф.Кнорринг пен П.С.Поповтар Ресей үшін отарлау саясатының нәзікте қолайлы, әрі тиімді жолын көздеді. Бөкейді Жайықтың шығыс бетіндегі сұлтандардың бақталастық тартысынан Ресей "қамқорлығына"алып, Ресей бодандығына кіргендердің малы да, жаны да"қорғалады"деген жалған қамқоршылықты насихаттау болды. П.С.Поповтың үгіттеуі бойынша 1801 жылы тамыз айында Бөкеймен бірге Жайықтың Самар жақ бетіне өз қарауындағы рулар мен Шығай сұлтан және Сырым батыр да өту ниетінде болды.Сондықтан П.С.Попов Сырымға:"Сізге,өзімнің шын адал жақынын ретінде және мен сізді құрметтегендіктен,қазақтар Жайықтың батыс бетіне көшуді бастаған кезде бірінші болып үлгі көрсетуге кеңес беремін.Басқалар өз руымен,барлық отбасымен өзеннен өтуді бастамастан бұрын ең құрығанда бір күн бұрын өтіңіз.Сіз мұны орындасаңыз лайықты сыйлыққа ұсынамын, Сіз бүкіл орда арасындағы бірінші дворянин боласыз,шеңге ие болудың реті келіп сәтін пайдаланып қалыңыз",-деген жылы сөзбен Сырымның буынына түсті[6].
Себебі, Орынбор шекаралық экспедициясының бастығы И.А.Игельстрон мен полковник П.С.Попов Бөкейдің және Сырымның Кіші Орда қазақтары арасындағы беделін пайдаланып, Ресей отаршылдарына қарсы халықтың дүмпуін басу,олардың бұхарлықтар мен түрікмен қалмақтарымен байланысын үзу,Кіші Ордадан Жайықтың Самар жағына Ресей бодандығына өз еркімен өтетін қазақтар санын көбейту сияқты арам ойын жүзеге асыруды ойлады.
Патша пәрмені келісімен 1801 жылы күзде Бөкей сұлтан әр рудың старшындары мен билерінің басын қосып, Бұхар беттен Самар бетке жедел қоныс аударуға қам жасайды. Осы жылы Бөкей бастаған 5000 үй Жайықтың оң бетіне көшті. Кіші Ордаға қарасты қазақ рулары кідіріссіз шекара асып, Астрахань далаларына қоныс аударып, мәңгілік бодандыққа өтеді.1864 жылы Петербургте М.Достоевскийдің жәдігерлерімен шыққан "Эпоха"журналының №11 санында "Внутренняя или Букеевская Киргизкая Орда"деген мақала жарияланып,онда осы өңірді мекендеген руларды 1801 жылғы шаңырақ саны,мал басы келтіріледі.Атап айтсақ,адайлар-1503шаңырақ,алаша-26 40, байбақты-3205, беріш-5085, жаппас-1095, таз-121, таңа-1281, шеркеш-759, т өлеңгіт-665, қызылқұрт-825, кете-411, масқар-61, ноғай-1095, қопа-178 үй. Олар-215 шаңырақ. Сонымен батыс өлкесі сол тұста мекен еткен шаңырақ саны барлығы 23598. Дәулеттісі,кедейі бар осыншама үйдің 58903 түйесі,229173 жылқысы, 158792 сиыры, 1млн. үстінде қойы, 131280 ешкісі бар екен. Осы цифрларға сенсек бұл жердің жарлысының өзі тісінің суын сорып отырмағанға ұқсайды.
Ал, "Сын Отечества" журналы 1830 жылы жариялаған мақаласында Бөкейге еріп Жайықтың Самар бетіне 10235 шаңырақтың өткенін мәлімдейді. Қалған әр рудың 13000 шаңырағы Бұхар беттегі жылы орнынан қозғалмаған.Мұңы патша үкіметі де қол көрді. Өйткені тұтас отырған Кіші жүздің іргесі итінеді. Демек,күші әлсіреді, жері шалғай, басы бірікпейді деген сөз неғұрлым бағынышты болған сайын,салатын салықтың түрі де ауқым дала түсетіні белгілі. Кезінде басасау башқұрттар мен татарлар осылай бөлшектеніп, осылай құрыққа түскен. Міне бос жатқан жерді көп кергімей ұстата салған,бере қойған Павел I-дің ішкі есебі осы болатын. Екіншіден,шағын қосынмен көшіп келген көрші тосын мінез танытып,қойнына кіріп, Астрахань, Орал, Омбы казачествосымен Орынбор шекара комиссиясы тұр. Шыбын жаннан дәмең болса тырп етіп көр.[7,67 б.].
Кейбір деректерде Бөкей бастаған үйлер Жайықтың оң бетіне көшуін былай дейді.1801 жылы күзде Бөкей бастаған 5000 үй Жайықтың оң бетіне көшті. Арада 7 жыл өткенде үйлер саны 7500-ге жетті.Бөкей алғашқы жылдары Сарайшық төңірегі,одан қазіргі Атырау облысындағы Исатай ауданы Жалтыр маңын қонысқа жайлы, малға тыныш деп тауып, 200 үймен көшіп келеді. Ол кезде аталған көл ұзыны 22, ені 16 шақырымды алып жатқан шалғыны мол,балығы көп,шұрайлы аймақ екен. Бірақ Жайық өзенінің көктемгі тасуынан ғана кемерленіп, қалған кезде жаңбыр суымен молығатын тұйық көлдің болашағы шамалы екендігіне көзі жеткен Бөкей бұл жерде көп аялдамай,артынша Еділдің енді бір саласы-Қиғаш өзенінің түпкі сағысына қарай қоныс аударады. Жаңа қоныстанушылар бұдан әрі Қиғаш бойы,теңіз өресі Үлкен және кіші өзен төңірегі,басқа да сулы,нулы жерлерге қоныс тепкенді қалап сұлтан төңірегіне жиналғандар қазіргі Астрахань облысындағы шығар,сол кезде Кішкене Арал Хан сарайы деп аталыпты.Оған сұлтан қыста қыстап,жазда жайлауға көшеді екен.Бұл пікірді көп жыл осы арада еңбек етіп,кейін 1973 жылы Атырау қаласында дүние салған фельдшер,Корнштадт әскери фельдшерлік мектебінің ғасыр басындағы түлегі Қажығали Мәмеков те қостайды.жергілікті халықтың айтуына сенсек, Бөкей негізінде Кішкене Аралдың терістік бетіндегі Тебенұр көлін жиектеп отырған.Ол бір кездегі қалмақтар жайлаған қонысқа жайлы, малға жайлы мекен екен. Тебеқалмақтың түйе, Нұркөл деген сөзі кішкене Арал Бөкей үшін өте қолайлы болғанға ұқсайды.
Бөкейліктер Астраханьға өткеннен бастап, біраз уақыттан кейін шекаралар жабыла бастаған. Қазақтарды кері жібермеу үшін күзет күшейтіп, Жайық бойына тікенді сымдар тартылады. Кіндік қандары тамған атамекен,тума-туыстарына қатыса алмай ай-күннің аманында шерменде болған қазақтар бақылауында ұсталады. Кейін Ішкі немесе Бөкей ордасыдеп талған жаңа хандықтың негізі, міне, осы қазақтар есебінен қаланады. Кіші орданы іштен ірітуді көксеген патшалық саясатының зымияндықпен жүзеге асырылуы нәтижесінде Бөкей ордасы дүниеге келеді[8,63 б.].
Ішкі беттен Бөкейге өз алдына билік беріп,атақ пен шенді Сырымға ұсынып,оларды отаршылдықпен усынан шығармау үшін қызықтырды. Ең бастысы бұл жерде Сырым Астрахань губерниясын қазақтардың шабуылынан қорғау үшін қажет болды. Қазақтардың Жайықтың ішкі бетіне жаппай өтуіне кейбір отарлаушы саясаткерлер сенімсіздікпен қарады. Қазақтардан Ресейге пайда жоқ деп даурығушылар да болай қалған жоқ.Оларға отарлау саясатын алыстан болжайтын басшылар: Олардан күтілетін пайда сол, олар бұрыңғыдай орасан көп малымен Ресейде қалады,осы күнге дейінгі дәрежеде хиуалықтармен бұқаралықтар оларды пайдалана алмайды,бұл халық орыстанған кезде Астрахань губерниесіндегі көшпелі қалмақтар,түркімендік татарлар және басқа азиялықтар қалай қалса,бұл халықта дәл осындай негізде Ресейде қалады,-деп жауап берді. Бұл пікірді жіктеп, талдап жату артық. Отарлаушылардың түпкі мақсаты айқын.
Бастапқы уақытта Бөкей Еділ мен Жайық арасындағы жұртты сұлтандық дәрежемен басқарды. 1812 жылы оған хан атағы берілді. Бірақ бұл атақтың игілігін ол көп көре алмай, араға үш жыл салып, 1815 жылы қайтыс болды. Соңында орнын басар үш ұлы қалды: Жәңгір, Әділгерей, Меңдігерей. Хан тағының мұрагері Жәңгір бұл кезде небары 14 болатын. Әрі Астрахань қаласындағы азаматтық губернатор Андреевскийдің үйінде жатып, орысша білім, европаша тәрбие алып жүрген кезі болатын. Орыс, парсы, араб, француз, неміс тілдерін білген. Сондықтан мұрагер оң-солын танығанша ел тізгінін Бөкейдің інісі Шығай ұстады.
Жәңгір 1824 жылы әкесі Бөкейдің орнын басып, арнайы жарлықпен хан атағын алды. Араға бір жыл салып Орал қаласының жанындағы тоғайда осы мәртебелі атақтың құрметіне ұлан-асыр той берілді. Бұл жер әлі күнге дейін Хан тоғайы деп аталады. 1827 жылы ол хандықтың орталығы - Хан Ордасының негізін қалады. Хан Ордасы Нарын құмының батыс бөлігінде салынды. Хандыққа біртұтас басшылық осы жерден жүргізілді. Ханның үлгісі бойынша және оның тікелей нұсқауымен Хан Ордасында сұлтандар мен билер, ағамандар да үй сала бастады. Жәңгір хан билік құрған кезең қазақтардың бұрынғы дәстүрлі тұрмысында елеулі өзгеріс жасалған, хан билігі күшейген, ислам дінінің ықпалы артқан, тауар-ақша қатынастары айналымға енгізілген маңызды уақыт болатын.
Бөкей Ордасында аймаққа басшылық етудің кейбір өзіндік ерекшеліктері қалыптасты. Өйткені Жәңгір ханның толық ішкі автономиясы және өз алдына дербестігі сақталды. Оның қолында бүкіл әкімшілік және сот билігі шоғырланды. Оның тұсында әр руды оларды басқаратын ағамандар арқылы жекелеген сұлтандар басқарды. Рубасылары мен ағамандарды ханның өзі тағайындады. Ағамандарға еңбекақы халықтан жиналатын салықтан төленді. Зекет пен соғым ретіндегі бұрынғы салықтың орнына мал салығы ретінде бір ортақ салықпен ауыстырылды. әркімнің меншігіндегі мал басы үш жыл сайын есепке алынды. Хан сот билігін қатаң бақылауда ұстады. Азаматтық және қылмыстық істерге ханның өзі қатысып отырды. Соттың шығарған үкіміне шағым қабылданбады. Бұл ретте орыс тұқындарын сатуға, ел тонауға, адам өлтіруге байланысты шағым қабылданды және оны Орынбор шекаралық комиссиясы қарайтын болды. Ұсақ істерді билер қарады. Жәңгір хан билер сотына біршама шек қойды.
Мемлекетте жер көлемін жеке меншікке беру кеңінен орын алды. Бірақ Кіші жүздің далалық бөлігінде мұндай тәртіп болмады. Жерлер хан тұқымдарына билерге, қожаларға, ағамандарға, ханның туыстарына берілді. Жалпы жердің 80-85 пайызы солардың қолында болды.
Сондықтан жерді шаруаларға жалға бере бастады. Жердің жетіспеушілігі қазақтардың басқа аймақтарға дейін баруына әсер етті. Мұның өзі қазақтардың жаппай отырықшы өмір салтына көшуін күшейтті.
Алғашында Бөкейлік қазақтар мен Жайықтың арғы бетіндегі қазақтар тіршілігінде пәлендей айырма байқалмайтын.Жайық қазақтары ұқсап Бөкейлік қазақтар да жыл бойы көшіп-қонып жүрді.Қыстау салмай қара үйлерде тұрды.Әр рудың өз старшындары болды.Күллі ру Бөкей сұлтанға бағынды. Әркім өзіне тиесілі аймақты мекендеді.Қазақтар әлсін-әлсін болып тұратын табиғат апатынан аса көп зардап шеккені бөлек әңгіме.
Сөйтіп, Бөкей ордасы аяқ астынан орыс патшалығыныңотарлық саясатын іске асырушы болып шыға келді.Орынбор шекаралық комиссиясына бағынды.1811 жылы 11 қарашада император Ішкі орданы билеуге Самар бетіне Бөкейді хан етіп тағайындайды. Бөкей Орданың құрылуы Александр I билік құрған кезбен тұспа-тұс келеді. Яғни бұл дегеніміз Бөкей Ордасы жақсы кезеңде құрылды деген сөз. Бұл саяси қадамнан Патшалық Ресей саяси-экономикалық жағынан ешбір ұтылған жоқ деуге болады. Мұның себебі мынау: біріншіден, Кіші жүз хандығы екіге бөлінді. Бұл жағдай бұрыннан қазақ жерін қоныстанған орыс шаруаларына бөліп берудегі аңсап жүрген Патшалық Ресейдің арманының іске асуына себепші болды. Онсызда қазақ халқы үшін үш жүзге бөлініп,саяси күшінен айырылған болатын,жоғарыда аталған әрекет көрші Ресей өз үстемдігін күшейте түсуге тиімді негіз болып табылады. Екіншіден, қазақтардың бұл өңірге қоныстануы айналасын қоршап тұрған Астрахань, Орынбор, Саратов губернаторлықтарын малмен, азық-түлікпен қамтамасыз етуге тиімді жағдай туғызды үшіншіден, Орал мен Еділ аралығындағы сауда жолдары қауіпсіздендірілді.
1811 жылы 11 қарашада Бөкейді хан етіп сайлағанымен,қос басты самұрықтың темір шеңгелінен Ішкі Орданың халқын шығармау үшін отарлаушылар Бөкейді баурына қаншалықты тартқанымен,оның келешегіне сенімсіздікпен қарады.1812 жылы 17 шілдеге дейін хан деп атамады.Кіші Орда хан кеңесінің төрағасы қызметіне басқа сұлтан сайлағанына қарамстан,бұрыңғы лауызымы мен Ішкі Орданы билетті.Әділдігін айтқанда Бөкейді хан дәрежесіне көтерген 1812 жылғы 7-ші шілдеге дейін отарлаушылар Бөкей басқарған жерді де,елді де Ішкі Орда демей,ішкі жақ немесе ішкі бет деп атап келді. Себебі, қазақтарға бұл Ресей империясының жері қазақтардың жері емес дегенді ұғындыру үшін осы сөз керек болды. Отарлау саясатын жұртқа елеусіз осы сөзбен бүркемеледі.[9]
1812 жылы 17 шілдесінде Орал қаласына жақын жерде Орынбор отарлау әкімшілгінің жоғары шенділерінің қатысуымен, губернатор Волкноскийдің басшылығымен Бөкейді ескі салт-дәстүрге орай ақ киізге көтеріп Ішкі Орданың ханы етіп сайлады.Бұл жерде айта кететін бір жайт-Бөкей сұлтан Патша әкімшілігінің өкілдерімен жасасқан келіссөзінде Ресейдің жүз жылға дейін қазақтардан Ресей армиясына солдат алмауы туралы келісім-шартқа қол қояды. Сөйтіп, Орал мен Волга өзендерінің арасында Ресей мипериясына бағынышты қазақ хандығы дүниеге келеді. Ол тарихта-Ішкі немесе Бөкей Ордасы деп аталады.

.3. Бөкей ханның саясаты

Бөкей хандығының тарихымен тарихшылары да, зерттеушілер де, жазушылар да аз айналысқан жоқ. Солардың ішінде И.Ф.Шахматов, А.М.Левшин, А.Е.Алекторов, И.И.Крафт, Е.Б.Бекмаханов, А.Ф.Рязанов, С.З.Зиманов, М.Құлкенов тағы басқалардың еңбектері елеулі орын алады. Күрделі ғылыми зерттеулерде жүргізілді. Жинақтар шығарылды. Дегенмен, саясаттың ағымына қарай Ішкі Орданың құрылуы Бөкей, Жәңгір хандардың ұстанған саясаттары жөнінде пікірлер бірыңғай емес. Оның әрине, өзіндік заңдылықтары бар. [10]
Күні кешеге дейін еліміздің тарихында елеулі роны бар қазақтың біртуар хандары - Бөкей мен Жәңгір хандардың есімдерін құрметтеу былай тұрсын, атын атап елеуден, ескеруден де қалдық. Шындығында да олар ескеруге лайықсыз ба еді? Тарихи деректер оны жоққа шығарады. Ол үшін Бөкей хан Нұралыұлы кім, қандай саясат ұстады, халқына қайыр-шапағаты тиді ме? - деген сауалға жауап іздесек мақала көлемі көтермейтіндіктен қысқаша мына деректерді тілге тиек етуіміз болады:
Ең алдымен Бөкей ханның кім екендігін Небольсиннің: Бөкей тапқырлығымен, зеректілігімен және бұрын-соңды болып көрмеген ақылдылығымен ерекшеленетін - деп берген бағасы айқындайды. Бұл дәйекті тұжырым. Күні кешеге дейін ескерілмеген ұғым. Екіншіден, Бөкейдің Еділ мен Жайық арасындағы жерге көшуі жөніндегі ойы оның ұстаған саясатының дұрыстығын, халқына тигізген қайыр-шапағатының молдығын көрсетеді. Солай болса да, Солай болса да Жайықтың Самар жақ бетіне өтуін кезінде әркім әр саққа жүгіртті. Бір- орысқа берілгендіктен деді. Екіншісі - мансап құмарлықтан деді. Үшіншісі... Алайда кімнің кім екені, алдына қойған мақсат-мұраты, ойы әркімнің ұстаған саясатына, оны қалай орындап жүзег асыруына тікелей байланысты. Бір сөзбен айтқанда, Бөкейдің ішкі сырын ешкім білмеді. Түсінбеді. [11]
Ішкі Орда халқы өздерінің мәдени өмірлерінің және де ақыл-ой қабілеттерінінң дамуы жағынан Бөкей ханға лағыс айтуға міндетті. Бөкей қазақтарды дала төсінен астрахандықтардың жеріне көшіріп әкеліп, қала-қыстақ ғұрпын қабылдады.
Шындығында Бөкей кім?
Әділін айтсақ, тарихтан танымы бар, өткеніне өзегі өртенер жан болмаса бүгінгі ұрпақтың көбі бұл есімді біле бермейді. Өйткені, өткенді сүртіп, өлгенді түртіп, құдай десе құтырынып, бай-моданың соңына шырақ алып түскен кешегі Кеңес өкіметі заманында Бөкей түгел оның ұлы атасы Әбілхайыр ханның өзіне бас шайқап, әре-сәре кейіпте көз аларта қарадық емес пе?
Нұралы ханның баласы Бөкейді қай жылы туғандығы жайлы нақты дерек жоқ. Ел ішінде айтылатын аңыздарда Нұралының сандаған әйелінен отыз ұлы, қырық қызы болыпты делінсе, 1771 жылы хан ауылында болған орыс тарихшысы И.Г.Георгий өз жазбаларында оның төрт әйелі, сегіз күңінен 75 перзент, солардың қырқы ұл деп көрсетеді. Ал, Атырау өңірінде 60-70 жылдары өмір сүрген шежіресі Ыбырай Қорқытов өз қойын дәптерінде жоғарыда аңызда айтылатын 30 ұлдың атын тізіп, Бөкей Нұралы ханның үшінші әйелі - Аққолтықтан өрбіген үш ұлдың ортаншысы, әйгілі Сырым батырдың замандасы. Тым әрі кетсе, 4-5 жас кішілігі болуы да ықтимал. Жас шағында жігітшілік жолмен екеуі бір сұлуға таласып, әлде-кімдердей біріне-біріне кек сақтамай, керек десе Сырыммен арадығы еш дауға араласпатты. Ал Сырым болса Бөкейдің қос өзен - Еділ мен Жайық арасындағы кең жазыққа қоныстануына жаны қалмай араласып, ақыры патшадан рұқсат алуға да ықпал еткенге ұқсайды. [12]
Патша үкіметі Кіші Орданы екі хандыққа бөлді. Кіші Орданы былай етіп екі хандыққа бөлудегі басты мақсаты Шерғазы мен Бөкей арасына іріткі етіп екі хандыққа бөлудегі басты мақсаты Шерғазы мен Бөкей арасына іріткі салу, араздастыру саясатына туды. Ол үшін Шерғазы хан билігіне жоғары Орынбор желісінен бастап Сырдария өзеніне дейінгі жермен елді белгіледі. Бөкей Ішкі Ордадан басқа Шерғазы хан билеген жатуға тиісті Жайықтың шығыс бетіне жақын көшпелі қазақтарға да әмірін жүргізуге құқын берді. Отарлаушылардың бұл діттеген ойы тура шықты. Хандардың билік жүргізу аймақтарының құйтыртқы бөлінуі Шерғазы ханның да, елдегі батырлармен билердің де, атамандардың да, сұлтандардың да наразылықтарын бұрынғыдан да өршітті. Отарлаушылардың көрсеткен әкімшілік-аймақтық бөлу саясатына сәйкес 1813 жылы Шерғазы ханның Төменгі Жайық желісіне жаз айында көшіп баруына Бөкей тыйым салды. Бөкейдің хабарлауына сәйкес Волконский Шекаралық комиссияға Шерғазының көшін ұстау және оны бұл ойдан бас тарттыру жөнінде тапсырма берді. 30 желтоқсан 1813 жылдан бастап Жайықтың бір жағынан екінші жағына қазақтардың еркіне өтуіне рұқсат бермеді. Ел арасын Ішкі Ордамен Кіші жүз хандығын өзара жауықтыру үшін Ішкі Орда қазақтарының Кіші Ордадағы туыстарының аман-саулығын біліп, той-томалағына тек Бөкей ханның қол қойған рұқсат қағазы бойынша ғана қатынас жасауға Орынбор Шекаралық комисиясы жарлық берді. Ол билетте олардың ол жақта болатын, қайтатын мерзімдері көрсетілді. Онан кешіксе, шекараны бұзушы ретінде жауапты болатындығы көрсетілді. Сөйте тұра 17 шілде 1808 жылы I Александр патша Бөкейді Астрахань губернаторына және Орынбор генерал-губернаторына, оның Шекаралық комиссиясына үш жақты бағынышты етті. Соның салдарынан енді Бөкей хандығына Ресей Сыртқы істер министрлігінің Азия департаменті, Орынбор генерал-губернаторымен Орал қазақ, қалмақ кордондары тарапынан жан-жақты бақылау жасалды. Осындай көп бақылауға қарамастан Бөкейдің 1815 жылы қайтыс болғанына дейін халқының мүддесін де ұштастыра шебер жүргізді. Ең алдымен Бөкейдің Жайықтың самар жақ бетіне өтуі халық мүддесінен туғаны жоғарыда айтылды. Оның бірден-бір дәлелін Бөкейдің Ішкі Орда жерін пайдалану жөніндегі ұстанған саясаты айқындайды. Еділ мен Жайық арасындағы жерді заңдастырып қазақтарға бекітпі беруді патша үкіметінен талап етті. 1803,1806,1807,1808 жылдары Орал әскери кеңесіне Орынбор генерал-губернаторына, император алдына жерді қазақтарға бөліп беру жөнінде мәселе қойды. Осындай талаптың нәтижесінде I Александр патша 17 шілде 1808 жылы Еділ мен Жайық арасындағы жерлерді қазақтардың пайдалануы туралы жарлық шығарды. Бірақ нәтиже оңды болмағына белгілі. Бөкейдің жер мәселесін шешуге патшаның өзін тікелей араласуына нарзы болған Орынбор Шекаралық комиссиясының асессоры Сазанов 13 маусым 1809 жылы Орынбор генерал-губернаторы Волконскиийге: Бөкей сұлтан өзін сүйеушілер санын көбейтудің барлық тәсілін пайдалануда, - деп шағым жасады. Шындығына келгенде, патша үкіметімен Еділ мен Жайық арасынан мұңшалықты көп жерді сұрайтындай Бөкейдің бұл өңірге сыймайтын көп амалы да болмаған. Мұңы 20 шілде 1825 жылы Орынбор Шекаралық комиссиясының титуляр кеңесшісі А.О.Кузнецовтың Орынбор әскери губернаторы П.К.Эссенге: ...бір үйде бірге тұрған Бөкей мен Шығай Нұралиевтерді 1801 жылы Кіші Ордадан Жайықтан өткенде 5 түйесі, 30-ға тарта қойы, 17-ге жетер-жетпес ғана жылқысы болды, - деген рапорты толық дәлелдейді[13].
Бөкей ақылдылығының арқасында ханмын деп халқынан ерекшеленбен. Өз айналасындағы көшпелі қазақтардан еш айырмашылығы болмады. Қарапайым көшпелі өмір сүрді. Тек өмірінің соңғы жылында ғана шағын ағаш үй салды. Байлыққа қызықпады. Басы артық, дүние-мүлік, мал да жинамады. Оның дәлелі Бөкей қайтыс болғаннан кейін мұрагері Жәңгірдің Астрахань губернаторына киіп баралық костюмі де болмағаны толық дәлелдесе керек.
Бөкейге теріс көзқарас тудыратын, Бөкейдің халқына істеген қиянаты мынадай дейтіндей мұрағаттық деректер әзірге кездеспейді. Қайта Ішкі Ордаға кезінде көшіріп апарған жүдеу, азын-аулық малмен ғана барған қазақтар аз жылдың ішінде еңсесін көтеріп тыныш өмір сүргенің дәлелдейтіндей деректер мол. Бөкей халық үшін қажетті жер, су, қоныс мәселесін шешуге қолдан келген шараларын істеді, халқының тұрмысы жақсарды. Бұл деректер Бөкейді халқының қамқоршысы болды деуге толық негіз болады. Дегенмен, ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Бөкей ордасының тарихи сипаттамалары
БӨКЕЙ ОРДАСЫ ТАРИХИ - МУЗЕЙЛІК КЕШЕНІ
Жәңгір ханның саяси ұстанымы
Жәңгір ханның саясатын ашып көрсету
Бөкей Ордасы
Бөкей ордасының қазақтары
Жәңгір ханның игілікті істері
Бөкей ордасы тарихы
Жәңгірханның ішкі және сыртқы саясаты
Қазақтың тұңғыш білімді ханы-Жәңгір
Пәндер