Жаңа ақпараттық технологияны мектеп геометрия курсында қолдану



МАЗМҰНЫ

КІРІСПЕ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 4

1 ОҚЫТУДЫҢ ЖАҢА ТЕХНОЛОГИЯЛАРЫНА ШОЛУ
Модульдік оқытудың жетістіктері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..8
1.2 Инновациялық әдістердің ыңғайлылығы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...19
1.3 Ұжымдық оқытудың тиімділігі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..22

2 ЖАҢА АҚПАРАТТЫҚ ТЕХНОЛОГИЯНЫ МЕКТЕП ГЕОМЕТРИЯ КУРСЫНДА ҚОЛДАНУДЫҢ ӘДІС ТӘСІЛДЕРІ
2.1 Геометрияны оқытудағы ақпараттық технологиялардың ролі ... ... ... ... ...33
2.2 Геометрия сабағында Power Point бағдарламасын қолдану тиімділігі ... 39
2.3 Оқушыларға геометрия сабағында ақпараттық технологияның құндылықтарын меңгерту ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..42
2.4 Геометриялық білім берудің эмпирикалық технологиясы ... ... ... ... ... ... ...55
2.5. Жаңа ақпараттық технологияны математика сабағында қолдану арқылы білім сапасын көтеру ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..61

ҚОРЫТЫНДЫ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 67
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..70
ҚОСЫМША ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 71
КІРІСПЕ

Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаев инновациялық болашаққа жол – жалпы ұлттық басымдық ретінде жария етіп, бұл мақсатқа жету жолында Қазақстанды әлемдік деңгейдегі білім орталығына айналдыру қажеттігін атап өткен еді. Осы инновациялық болашақтың негізгі тіректерінің бірі математика ғылымы мен білімінің дамуында жатыр.
Еліміздің өркениетті елдер қатарына қосылып, егемендік алған тұста осы елдің келешегін жалғастырар, экономикасын, мәдениетін көтерер ұрпақ тәрбиелеу - бүгінгі күннің талабы. Бүгінгі қоғамның дамуы оның мүшелерінің білімімен өлшенетін кезі келді. Өйткені, қазіргі өркениетке жеткізетін құрал - тек қана білім. Білімді ұрпақ қана қоғамның болашақ иесі бола алады.
«Қазақстан Республикасының 2050 жылға дейінгі даму стратегиясында» былай делінген: «ХХІ ғасырда білімін дамыта алмаған елдің тығырыққа тірелері анық. Біз болашақтың жоғары технологиялық және ғылыми қамтымды өндірістері үшін кадрлар қорын жасақтауға тиіспіз. Осы заманғы білім беру жүйесінсіз әрі алысты барлап, кең ауқымда, жаңаша ойлай білетін осы заманғы басқарушыларсыз біз инновациялық экономика құра алмаймыз. Барлық деңгейдегі технологиялық және кәсіптік білім беруді дамытуға бағытталған тиісті шаралар қолдануымыз шарт»-деп «Қазақстан экономикалық, әлеуметтік және саяси жедел жаңару жолында» атты президент жолдауында атап көрсетілгендей бүгінгі күн мектептегі білім беру бағытында жаңаша көзқарасты талап етіп отыр.
Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011 – 2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасында білім беру жүйесін жаңа сапамен және терең мазмұнмен толықтыру қажет екені айтылған.
Барлық дүниежүзілік білім беру кеңістігіне кіру мақсатында қазіргі кезде Қазақстанда білімнің жаңа жүйесі құрылуда. Бұл үрдіс педогогика теориясы мен оқу-тәрбие үрдісіне нақты өзгерістер енгізумен қатар елімізде болып жатқан түрлі бағыттағы білім беру қызметіне жаңаша қарауды, қол жеткен табыстарды сын көзбен бағалай отырып саралауды, жастардың шығармашылық әлеуметін дамытуды, мұғалім іс-әрекетін жаңаша тұрғыда ұйымдастыруды талап етеді.
Елбасымыз білім саласына қойылған талаптары ерекше. Біз тәрбиелеп отырған ұрпақ дүниенің кез-келген жерінде білім алуға, қызмет атқаруға қабілетті, ғылым мен техниканың кез-келген саласын меңгере отырып, тіл меңгеру қабілеті жоғары, бәсекелестікке қабілетті болуы тиіс.
Келер ұрпаққа қоғам талабына сай тәрбие мен білім беруде мұғалімдердің инновациялық іс-әрекетніңің ғылыми-педогогикалық негіздерін меңгеруі- маңызды мәселелердің бірі.
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ

1. ҚР жалпыға міндетті білім берудің мемлекеттік стандарттары; жоба, // 12 жылдық білім беру, 2006ж., 23б.
2. Л.С Атанасян Геометрия 7-9 –сыныптар.58б.
3. А.Д Александров, А.Л Вернер, В.И. Рыжик «Геометрия» 9-10 сынып. Москва «Просвещение»1984 ж., 98-100б.
4. В.Т.Базылев, К.И.Дуничув, В.П.Иваницкая «Геометрия» 1-бөлім. Алматы «Мектеп» баспасы 1979 ж., 23б.
5. Баян Көкенұлы,Тілеуғалы Әміртайұлы, Серік Балпанұлы «Физика нәнінен есептер шығарудың үлгілері» Қарағанды МББҚ БА және ҚДИ ред- баспасы 2008 ж.,45б.
6. Г. Бүкібайева, Геометрия 9-сынып 2009 ж., 25б.
7. Журнал «Қазақстан жоғары мектебі» №2 2004 ж.
8. М.Исқақов, М.Құлқашева «Аналитикалық геометрия есептері мен жаттығулары» баспасы: «Мектеп» 1972 ж.
9. Ә.Н Шыныбеков. Геометрия 9сынып «Атамұра» баспасы 2005 ж.
10. Республикалық ғылыми-әдістемелік журнал «Математика» №2 2007 ж.
11. Н.С.Бахвалов, Н.П.Жидков, Г.М.Кобельков «Численные методы» Лаборатория базавых знаний, 2002 ж., 632б.
12. Е.А. Волков «Численные методы», М.Наука,1982ж., 248б.
13. М.Г.Калиткин «Численные методы», М.:Наука,1978 ж., 512 б.
14. Г.И.Марчук «Методы вычислительной математики» , М.:Наука,1980 ж., 535б.
15. А.А.Самарский «Тероия разностных схем», М.:Наука,1977ж., 656б.
16. Ө.М.Султанғазин,С.А.Атанбаев Есептеу әдістерінің қысқаша теориясы.Оқу құралы.Алматы,Білім,1995 ж., 272б.
17. Е.Ы.Бидайбеков «Лабораторные работы по вычислительной математике» , А,1989
18. А.А.Самарский,Н.В.Гулина «Численные методы», М.Наука,1989.-429с
19. А.А.Самарский « Введение в численные методы», М.Наука,1987.-248с.
20. В.И.Киреев,А.В.Пантелеев «численные методы в примерах изадачах», М.: «Высшая математика», 2004ж., 480 б.
21. А.И.Плисс,Н.А.Сливина «Лабораторный практикум по вычислительной математике», М.,1994 ж., 240 б.
22. А.А.Самарский,Н.В.Гулина «Численные методы», М.Наука,1989.-429с.
23. Н.И. Данилина «Численные методы», М.:ВШ,1976 ж., 368б.
24. А.А.Самарский « Введение в численные методы», М.Наука,1987.-248с
25. Г.И.Марчук «Методы вычислительной математики» , М.:Наука,1980 ж., 535б.

МАЗМҰНЫ

КІРІСПЕ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..4

1 ОҚЫТУДЫҢ ЖАҢА ТЕХНОЛОГИЯЛАРЫНА ШОЛУ
Модульдік оқытудың жетістіктері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 8
1.2 Инновациялық әдістердің ыңғайлылығы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...19
1.3 Ұжымдық оқытудың тиімділігі ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..22

2 ЖАҢА АҚПАРАТТЫҚ ТЕХНОЛОГИЯНЫ МЕКТЕП ГЕОМЕТРИЯ КУРСЫНДА ҚОЛДАНУДЫҢ ӘДІС ТӘСІЛДЕРІ
2.1 Геометрияны оқытудағы ақпараттық технологиялардың ролі ... ... ... ... ...33
2.2 Геометрия сабағында Power Point бағдарламасын қолдану тиімділігі ... 39
2.3 Оқушыларға геометрия сабағында ақпараттық технологияның құндылықтарын меңгерту ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 42
2.4 Геометриялық білім берудің эмпирикалық технологиясы ... ... ... ... ... ... ... 55
2.5. Жаңа ақпараттық технологияны математика сабағында қолдану арқылы білім сапасын көтеру ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..61

ҚОРЫТЫНДЫ ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 67
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... .70
ҚОСЫМША ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...71

КІРІСПЕ

Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаев инновациялық болашаққа жол - жалпы ұлттық басымдық ретінде жария етіп, бұл мақсатқа жету жолында Қазақстанды әлемдік деңгейдегі білім орталығына айналдыру қажеттігін атап өткен еді. Осы инновациялық болашақтың негізгі тіректерінің бірі математика ғылымы мен білімінің дамуында жатыр.
Еліміздің өркениетті елдер қатарына қосылып, егемендік алған тұста осы елдің келешегін жалғастырар, экономикасын, мәдениетін көтерер ұрпақ тәрбиелеу - бүгінгі күннің талабы. Бүгінгі қоғамның дамуы оның мүшелерінің білімімен өлшенетін кезі келді. Өйткені, қазіргі өркениетке жеткізетін құрал - тек қана білім. Білімді ұрпақ қана қоғамның болашақ иесі бола алады.
Қазақстан Республикасының 2050 жылға дейінгі даму стратегиясында былай делінген: ХХІ ғасырда білімін дамыта алмаған елдің тығырыққа тірелері анық. Біз болашақтың жоғары технологиялық және ғылыми қамтымды өндірістері үшін кадрлар қорын жасақтауға тиіспіз. Осы заманғы білім беру жүйесінсіз әрі алысты барлап, кең ауқымда, жаңаша ойлай білетін осы заманғы басқарушыларсыз біз инновациялық экономика құра алмаймыз. Барлық деңгейдегі технологиялық және кәсіптік білім беруді дамытуға бағытталған тиісті шаралар қолдануымыз шарт-деп Қазақстан экономикалық, әлеуметтік және саяси жедел жаңару жолында атты президент жолдауында атап көрсетілгендей бүгінгі күн мектептегі білім беру бағытында жаңаша көзқарасты талап етіп отыр.
Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011 - 2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасында білім беру жүйесін жаңа сапамен және терең мазмұнмен толықтыру қажет екені айтылған.
Барлық дүниежүзілік білім беру кеңістігіне кіру мақсатында қазіргі кезде Қазақстанда білімнің жаңа жүйесі құрылуда. Бұл үрдіс педогогика теориясы мен оқу-тәрбие үрдісіне нақты өзгерістер енгізумен қатар елімізде болып жатқан түрлі бағыттағы білім беру қызметіне жаңаша қарауды, қол жеткен табыстарды сын көзбен бағалай отырып саралауды, жастардың шығармашылық әлеуметін дамытуды, мұғалім іс-әрекетін жаңаша тұрғыда ұйымдастыруды талап етеді.
Елбасымыз білім саласына қойылған талаптары ерекше. Біз тәрбиелеп отырған ұрпақ дүниенің кез-келген жерінде білім алуға, қызмет атқаруға қабілетті, ғылым мен техниканың кез-келген саласын меңгере отырып, тіл меңгеру қабілеті жоғары, бәсекелестікке қабілетті болуы тиіс.
Келер ұрпаққа қоғам талабына сай тәрбие мен білім беруде мұғалімдердің инновациялық іс-әрекетніңің ғылыми-педогогикалық негіздерін меңгеруі- маңызды мәселелердің бірі.
Қазіргі дамыған қоғам деңгейінде еліміздің ертеңі үшін мектеп қабырғасынан шығармашылық қабілеті дамыған, әлеуметтік белсенділігі жоғары тұлғаларды тәрбиелеп шығару қажеттілік деп санасақ, оның негізі осы математика пәнін оқытуда жатыр.
Математика - жеке тұлғаның ақыл-ой қабілетінің көзін ашу және оның үздіксіз дамуы мен жетілуін қамтамасыз ететін пәннің бірі.
Математиканы оқушыларға қалай түсіндіру керектігін, оның әдіс-тәсілдерін, жаңа технологияларды дұрыс меңгеруін қадағалайтын осы- математиканы оқыту әдістемесі пәні.
Математиканы оқыту әдістемесі соңғы жылдары қарқынды дамып, мазмұны жағынан да, кемелденіп, әр алуан методикалық әдебиеттер совет-шетел методистерінің, әсіресе Ф.В.Шаталовтың, П.М.Эрдниевтің және т.б. озат тәжірибелерімен қорлана түсті.
Болашақ математика мұғалімі математиканы оқытудың жалпы заңдылықтарын, мақсаттары мен мазмұның, әдіс-тәсілдерін, методикалық зерттеулерді, есеп шығарудың және оларды оқушыларға түсіндірудің жолдарын, оқытудың техникалық және көрнекі құралдарын оқу процесінде пайдалану методикасын, оқушыларды оқу ісіне жұмылдыру тәсілдерін, педогогика ғылымы мен озат тәжірибе жетістіктерін мектеп практикасына батыл енгізу тәсілдерін жоғары мектеп қабырғасында жүргенде-ақ игеруі тиіс.
Елбасы Н.Назарбаев Болашақта еңбек етіп, өмір сүретіндер - бүгінгі мектеп оқушылары, мұғалім оларды қалай тәрбиелесе Қазақстан сол деңгейде болады. Сондықтан ұстазға жүктелетін міндет ауыр деген болатын. Қазіргі заман мұғалімінен тек өз пәнінін терең білгірі болу емес, тарихи танымдық, педагогикалық-психологиялық сауаттылық саяси экономикалық білімділік және ақпараттық сауаттылық талап етілуде. Ол заман талабына сай білім беруде жаңалыққа жаны құмар, шығармашылықпен жұмыс істеп, оқу мен тәрбие ісіне еніп, оқытудың жаңа технологиясын шебер меңгерген жан болғанда ғана білігі мен білімі жоғары жетекші тұлға ретінде ұлағатты саналады. Орта білім беру жүйесін ақпараттандырудың негізгі мақсаты оқушылардың ақпараттық мәдениетін қалыптастыру. Ақпараттық мәдениет- бұл әңгімелесе білу, алынған мәліметті ой елегінен өткізіп, талдай білу және өзгелердің еркіндігіне әсер ететін жағдайларда өз еркіндігіңді шектей білу.
Қазақстанда математика жақсы дамыған ғылымдар санатында. Бастауын әйгілі Әл-Фарабидан алатын Қазақстан математикасының дамуына және оның өркендеуіне атақты ғалымдарымыз, академиктер О.Жәутіков, Ө.Сұлтанғазин, Қ.Қасымов, Т.Кәлменов үлкен үлес қосты.Еліміздің тәуелсіздігі жылдары ерекше жетістікке жеткен ғалымдар М.Өтелбаев, Ш.Смағұлов, Б.Жұмағұлов, Н.Данаев, У.Өмірбаевтар Мемлекеттік сыйлықтың лауреаттары атақтарын алды. Осындай ғылыми жетістіктерді жастарға жеткізіп, оларды ғылымның жаңа шыңдарына жетелеу ғалымдар мен математика мұғалімдерінің негізгі мәселесі. Сол өзекті мәселелер құрылтай назарында болары анық.
Отандық математика мұғалімдерінің бірінші съезін өткізудегі мақсат Қазақстан Республикасының экономикасының сұраныстарына сәйкес математикалық білімді жаңғырту болып табылады.

Диплом жұмысы тақырыбының өзектілігі Математиканы оқытуды жақсарту мақсатында әртүрлі технологияларды пайдалануға арналған жаңа әдістерді ары қарай шығарған жөн. Бұл орайда сыни тұрғыдан ойлау технологиясының маңызы үлкен. Тұлғалық бағдарлы көзқарас тұрғысынан қарастыратын болса, мұғалім мен оқушы арасындағы қарым-қатынас, түсіндіруден түсінуге, монологтан диалогқа, әлеуметтік бақылаудан дамытуға, басқарудан өзін-өзі басқаруға көшу болып табылады. Мұғалімнің негізгі міндеті - оқушымен қарым-қатынас, оқушылардың өзара түсінуі, оларға шығармашылық үшін жағдай жасау, еркіндік беру. Оқытудың жаңа тәсілі құзыреттілікке арналған бұл білімде, талапкерлердің пәндер бойынша алған білімін жаңа мәселелерді шешуге бағыттайды. Математика пәнін оқытуда әр кезде де оқушылардың теорияны тиімді пайдалана білуіне көп көңіл бөлінгені. Бүгін бұл негізгі талапқа айналуы қажет болып тұр. Математика пәнін бейіндік мектепте оқыту кезінде жоғары оқу орнындағы оқумен сабақтас жүргізу қажеттігі туындап отыр.
Математика пәні бойынша білім сапасын арттыру. Соңғы жылдары математика пәнін оқушылардың меңгеру деңгейі төмендеп кеткені байқалады. Республикамыздағы Ұлттық бірыңғай тестілеу мен халықаралық зерттеулер нәтижесі соның айғағы болатындай. ҰБТ нәтижесі бойынша математика пәні оқушылардың ең төменгі деңгейде меңгерген сабақтарының қатарында тұр. Ал математика - оқушылардың жан-жақты ойлау қабілетін дамытатын ғылым. Демек, бұл жерде пәнді оқытуда, тәжірибе алмасуда артта қалуға болмайды. Сол себепті, математика пәнін оқытуға ерекше көңіл бөлу қажет.
Диплом жұмысын зерттеудің ғылыми жаңалығы Сыни тұрғыдан ойлайтын адам мәселені шешудің жолын өзі іздеп табады да, сол шешімдерді негізі бар, саналы дәлелдермен нақтылай түседі. Сонымен қатар ол сол мәселені шешудің басқа да жолдарының бар екендігін мойындайды да, өзі таңдап алған жолдың басқаларға қарағанда ақылға қонымды екендігін дәлелдеуге тырысады.
Диплом жұмысының практикалық маңыздылығы Орта мектепте математика сабағында жаңа ақпараттық технологиясын қолданып сабақтар жүргізу жүйесін дайындап, әдістемесі практикалық қолданыс деңгейіне жеткізілді.
Диплом жұмысының қазіргі уақыттағы жағдайы Жаңа ақпараттық технологияны пайдалану - бұл біздің ғасырда дамуымызға мүмкіндік беретін ерекше қабілет. Оқушыларға математикалық бiлiм дағдылар жүйесiн берумен қатар, математика пәнi мектепте басқа да бiлiм беру мiндеттерiн атқарады.
Олар: а) оқушылардың бiздi қоршаған ақиқат болмысты танып бiлудiң математикалық әдiстерiн игеруiне жәрдемдесу; ә) оқушыларды ауызша және жазбаша математика тiлiне үйрету (қарапайымдылық, анықтық, қысқа да нұсқалық, толықтық); б) оқушыларды математика бойынша алған бiлiм, дағдыларын оқу және өз бетiмен бiлiм алу барысында белсендi түрде бiлуге үйрету.
Диплом жұмысының мақсаты математиканы оқытудағы жаңа ақпараттық технологиясының маңызын анықтау. Геометрияны оқытудағы ақпараттық технологияларды қолдану тиімділігін анықтау, басқа пәндермен байланысына сипаттама беру, геометрияны оқытудағы ақпараттық технологияларға шолу жасау.
Диплом жұмысының міндеттері:
Қазіргі жаңа әлемдік технологияны толық меңгеретін дәуір талабына сай мамандар дайындау басты міндет болып тұр. Ол үшін жаңашыл технологияны барлық салада қолдану қажет
oo математиканы оқыту әдістемесіне қысқаша сипаттама;
oo математиканы оқытудың мақсаттары мен ұйымдастырылу әдістеріне шолу;
oo жаңа технология арқылы оқушылардың пәнге деген қызығушылығын арттырып білімдерін тереңдету;
oo математиканы оқытудағы жаңа ақпараттық технологиясының дамытушылық ролін айқындау;
oo жаңа ақпараттық технологияларды қолданып өтілетін сабақ жоспарларын ұсыну.
Дипломдық жұмысының зерттеу пәні геометрия
Дипломдық жұмысының зерттеу объектісі жаңа ақпараттық технологияны мектеп геометрия курсында қолданудың әдіс тәсілдері
Диплом жұмысының теориялық және әдіснамалық негіздері Қазақстан Республикасы Білім туралы заңы, мемлекеттік білім беру стандарты, математиканы оқытудың теориялық және әдістемелік негіздері.
Диплом жұмысының практикалық базасы қалалық кітапхана мен АрқМПИ кітапхана-сының тақырыпқа қатысты кітапшалары, оқулықтары, баспасөз материалдары мен мақалалар жинағы және Абай атындағы қалалық кітапханасы мен Ш.Уалиханов атындағы жасөспірімдерге арналған қалалық кітапханасы
Дипломдық жұмыстың құрылымы кіріспеден, екі бөлімнен, қорытындыдан және пайдаланылған әдебиеттер тізімінен және қосымшадан тұрады.

1 ОҚЫТУДЫҢ ЖАҢА ТЕХНОЛОГИЯЛАРЫНА ШОЛУ

0.1 Модульдік оқытудың жетістіктері

Мектеп міндеті-әр оқушыға терең білім беру. Сонымен қатар, оқушының ойлау қабілеттілігін арттыру.
Білім беру жүйесіндегі негізгі талап - сабақта білім берудің жаңа технологиясы әдістерін қолдана отырып, халықтық педагогикамен ұштастыру және оқушыларды өздігінен шығармашылықпен жұмыс істей алатын деңгейге жеткізу. Олардың негізгі мақсаты біреу - өз бетінше дами алатын жеке адамды қалыптастыру.
Озық технологиялардың бірі модульдік оқыту технологиясы. Модульдік технология дамыта оқыту идеясына негізделген модульдік оқытудың негізгі мақсаты- оқушының өз бетінше жұмыс істей алу мүмкіндігін дамыту, оқу материалын өңдеудің жекелеген тәсілдері арқылы жұмыс істеуге үйрету.
Модульдік оқытудың өзегі-оқу модулі.
Модульдік оқыту білім мазмұны, білімді терең қарқыны, өз бетінше жұмыс істей алу мүмкіндігі, оқудың әдісі мен тәсілдері бойынша оқытудың дербестігін қамтамасыз етеді. Модуль дегеніміз - үлкен бір жүйе, мұнда оқушы білімді жеке-жеке тараулар бойынша емес, біртұтас тақырып түрінде жүйеленген білім алады. Өзін-өзі дамытуға, бірін-бірі оқытуға, кітаппен жұмыс істеуге үйренеді, қосымша әдебиеттен білім алуға баулу арқылы дарынды балалармен жүйелі жұмыс істеуге мүмкіндік туады.
Барлық жаңа технологияның алдына қоятын мақсаты - оқушының жеке басының дара және дербес ерекшеліктерін ескеріп, олардың өз бетінше ізденуін арттырып, шығармашылықтарын қалыптастыру.
Модульдік оқытудың құрылымы
Педагогикалық технология негізіне оқу циклін қайта жаңғырту идеясы алынған.
Оның мазмұнына:
1. Оқытудың жалпы мақсатын қою;
2. Жалпы құрылған мақсатты нақтыландыруға көшу;
3. Оқушылардың білім деңгейін алдын ала диагностикалық бағалау;
4. Оқу әрекеттерінің жиынтығы бұл кезеңде жедел кері байланыс негізінде түзету жүргізілуі тиіс;
5. Нәтижені бағалау енеді. Осының арқасында оқу процесі модульдік сипат алып, құрылымы ортақ, бірақ мазмұны әр түрлі жеке блоктардан жасалады.
Модульдік оқыту технологиясының осы нұсқасын құруда біз толық меңгеру әдістемесінің негізгі шарттарын, құрылып жатқан педтехнологиялардың негізгі қағидаларын ұстандық. Сонымен қатар, дидактиканың қазіргі талаптарына байланысты бірқатар өзігерістер енгіздік: балаларды оқытуға емес, тұлғалық бағытталған, танымдық қызметін ұйымдастыруға, оқу процесін өзара сөйлесу негізінде құруға және т. б. ұмтылдық .
Осыдан келіп мұғалімнің оқу процесін құрудағы жұмысының өзгеруі туындайды. Толық менгеру әдістемесінде Дж. Блок, Л. Андерсен және басқалар әрбір оқу бірліктері ауқымында мұғалімнің қызметі төмендегенше құрылады:
1. Балаларды оқу мақсаттарымен таныстру.
2. Сыныпты берілген тарау оқу бірлігі бойынша жалпы оқыту жоспарымен таныстыру.
3. Оқытуды жүргізу негізінен мұғалімнің оқу материалын өзі баяндауы түрінде.
4. Диагностикалық тестіні ағымдағы тексеру .
5. Тексеріс нәтижелерін бағалау және тарау мазмұнын толық меңгерген оқушыларды айқындау.
6. Толық меңгере алмаған оқушылармен түзете оқытуды жүргізу.
7. Диагностикалық тест өткізу және оқу бірлігін толық менгерген оқушыларды айқындау.
Мен былайша топтастырдым:
1. Балаларды оқу мақсаттарымен таныстыру.
2. Сыныпты мазмұны жақын тақырыптар тобы блогі немесе тарау бойынша жасалған жалпы үлгімен модульмен таныстыру.
3. Мұғалімнің оқу материалын қысқаша баяндауы белгілер жүйесі-сызбалар, сұлбалар, кестелер және т. б. негізінде.
4. Өзара сөйлесу негізінде оқушылардың танымдық қызметін ұйымдастыру және әрбір оқушының қызмет нәтижесін әр сабақта бағалап отыру.
5. Жалпы тақырыпқа, тарауға * асу* 'бағытымен 4 -- 7 рет қайта оралу негізінде оқу материалын оқып-үйрену.
6. Тұтас тақырып бойынша тестілеу .
7. Тақырып бойынша қалыпты немесе сынақ диктант бақылау жұмысы және т.с.с жүргізу. Қайта жаңғыртылған оқу циклі ретінде оқу модулі үш құрылымдық бөлімнен тұрады. Сызба түрінде көрсетсек, оқу модулі былайша болады:

Кіріспе бөлімі
(модульге, тақырыпқа енгізу)

Сөйлесу бөлімі
(оқушылардың танымдық қызметін өзара сөйлесу негізінде ұйымдастыру)
Қорытынды бөлім (бақылау)

Әрбір оқу модулінде сағат саны әртүрлі. Бұл оқу бағдарламасы бойынша тақырыпқа, тақырыптар тобына, тарауға бөлінген сағат санына байланысты. Неғұрлым тиімдісі 7-12 сағаттан тұратын оқу модулі.Алдында айтып өткенімдей, оқу модулінің ерекішелігі - жалпы сағат санына қарамастан, кіріспе бөлімге сабақтың 1-2 сағаты, қорытынды бөлімге 2-3 сағаты беріледі. Қалған уақыт 3 тен 17 сағатқа дейінгі оқу уакыты сөйлеу бөліміне қалдырылады.
Мысалға, мұғалім оқу модулін 9 сағатқа жоспарлап отыр делік. Оның бір сағаты модульдің бірінші бөлімі - кіріспеге, екі сағаты - қорытынды бөлімге, қалған 6 сағаты - сөйлесу бөліміне беріледі.
Модульді 12 сағатқа әзірлегенде де модульдің I және ІІІ бөлімдеріне берілетін сағат саны өзгеріссіз қалып, сөйлесу бөлімінің уақыты өзгереді - яғни, ол 9 сағат болады. Оқу мазмұнына өсу бағытымен қарапайымнан күрделіге, репродуктивті тапсырмалардан шығармашылық ізденіске кей жағдайларда зерттеушілік қызмет элементтеріне қарай бірнеше мәрте қайта оралу әрбір оқушының оқу материалын қарапайым білім деңгейінен білімді бағалау деңгейіне дейін меңгеруіне мүмкіндік береді. Сөйлесу бөлімінде танымдық процесс негізінен сыныпты шағын топтарға 4-7 адамнан бөлу арқылы оқушылардың өзара әрекеті негізінде, осы бөлімге оның технологияларын енгізе отырып құрылады. Мұғалім негізінен фасилитатор, кеңесші және оқушылардың танымдық процесін ұйымдастырушы ролінде болады [1, 23 б.].
Оқу модулін құрудың тағы бір ерекшелігі- мұғалімнің даярлық жүйесі. Мұғалім бір оқу модуліне бөлінетін сағат санын анықтап алғаннан соң, оның мақсатын, мазмұнын және нәтижелерін, сондай-ақ осы модуль сабақтарын ұйымдастырудың формасын ойластырып, оқу модулін құрады.
Мұғалімнің алдын ала жұмысы төмендегідей әрекет-қадамдардан тұрады:
1 қадам: Берілген тарау, блок немесе тақырып бойынша бағдарламада меңгерілуі тиіс деп көрсетілген міндетті білім, білік және дағдыларды, сондай-ақ оқыту мақсаттары мен міндеттерін айқындау.
2-қадам: Берілген модуль бойынша оқу материалының тұтас мазмұнын оқып зерттеу.
3-қадам: Берілген модуль бойынша негізгі мағынаны білдіретін түйінді ұғымдарды, тақырып бойынша негізгі ақпарат беретін рельефтік код сияқты сөздерді табу. Олардың өзара байланысы мен өзара бағыныштылығын анықтау.
4-қадам:Тұтас тақырып бойынша тірек сызбаларын құрастыру анықталған түйінді ұғымдар мен кодтар негізінде.
5-қадам: Оқу модулінің тұтас мазмұны бойынша тестілік тапсырмалар құрастыру 15-20 тапсырма шамасында.
6-қадам:Берілген модульдегі оқу материалының тұтас мазмұны бойынша сынаққа қажетті сұрақтар мен тапсырмалар блогін құрастыру оқу пәнінің өзіндік ерекшелігіне орай сынақты диктантпен, бақылау жұмысымен алмастыруға болады.
7-қадам:Сөйлесу бөлімін әзірлеу. Оқытудың белсенді формаларын таңдау. Оқу материалының мазмұны бойынша әрбір оқушыға арнап бірінші күрделілік дәрежесіндегі, орташа күрделілік дәрежесіндегі тапсырмалар және оқытудың ізденушілік зерттеушілік элементтері бар аса күрделі дәрежедегі тапсырмалар әзірленеді.
Оқу модулінің кіріспе бөліміне тоқталсақ:
Психологтардың пайымдауынша, әрбір дербес тарауды тақырыпты оқып үйрену үш негізгі кезеңнен кіріспе-қызықтырушылық, операционалдық-танымдық және рефлексиялық-бағалау кезеңдерінен тұруы тиіс Л.М.Фридман.
Аталмыш модульде кіріспе қызықтырушылық кезең кіріспе бөлімінде іске асырылады.
Бұл кезеңде оқушылар бағдарламаның осы тарауын неге не үшін оқып-үйренуі керек, өздері нақты нені меңгеріп, үйренуі тиіс, алдағы жұмыстың негізгі оқу міндеті қандай екенін түйсінуі қажет.
Психологтар дәлелдегендей, білімді неғұрлым тиянақты меңгеру үшін оқушылардың мақсатты түсінуі мақсаттың қозғаушы, қызықтырушы күш болуы аса маңызды. Ол үшін, психологтардың пікірінше, мақсат нені білу, нені үйрену, оның мағынасы бұл не үшін қажет нақты айқын белгіленіп, мақсатқа жету тәсілдері көрсетілуі керек.
Объектілердің нақты қасиеттері жайлы білімді қалыптастыруды түсіндіруді сызба және белгілік үлгілер түрінде көрініс тапқан әрекеттен бастаған тиімдірек екенін эксперимент көрсетіп отыр.
Жадыны және келешекте алынған білімге сүйену мүмкіндігін қорғау үшін, психолог Л.В.Шешневтің пікірінше, біріншіден, алғашқы түсінбеушілік сезімі жадыда сақталмауы тиіс, екіншіден, жады меңгерілген ұғымдар мен түсініктерді қорғау қапшығына, берік жабылған орамға салып сақтауы және ұсынуы тиіс. Мұндай орама қызметін белгі,термин, белгілік жүйе атқарады.
Сөйтіп, оқу модулінің кіріспе бөлімінде мұғалім:
А) оқушыларды оқу модулінің жалпы құрылымен және мазмұнымен таныстырады;
Б) оқушылардың осы оқу модуліндегі танымдық қызметінің мен міндеттерді әрбір оқушының қабылдауына, түсінуіне көңіл бөледі;
В) тірек сызбаларға жорамалға, белгілік үлгілерге сүйене отырып, модульдің тұтас тақырыбы бойынша оқу материалын қысқаша 15-20 минут ішінде түсіндіреді.
Модульдің кіріспе бөлімінде оқу материалын баяндау формалары.
Оқу модулінің бірінші сабағындағы мұғалімнің лекциясы бірнеше нұсқада болуы мүмкін (тыңдаушылардың жасына және даярлығына қарай) Олар:
:: визуальдық лекция, мұнда тақырыптың негізгі мазмұны бейнелі түрде-сурет, сұлба, сызбалармен берілген;
:: лекция-консультация (кеңес), оқу мазмұны оқушылардың сұранысы (сауалдары) бойынша жапсарлас пәндердің материалдарын қоса отырып беріледі;
:: лекция-өзара сөйлесу, жалпы мазмұн лекция барысында оқушылардың өздері бірнеше сұрақтар тобына жауап таба отырып, қатынас жасауы арқылы беріледі;
::проблемалық лекция, мұнда бірнеше қарама-қайшы теориялық тұжырымдамалар ұсынылады.
Лекция нақты ойластырылып, қисынды түрде және бірізділікпен, түйінін және қорытындысын шығара отырып, түсінікті және айқын тілмен баяндалғанда әртүрлі көрнекілік және техникалық құралдар пайдаланылғанда міндетті түрде жазылып, соңында негізгі ұғымдары мен сәттерін айқындайтын қорытынды әңгімелесу жүргізілгенде ғана неғұрлым нәтижелі болады.
Топтық жұмыс формасын ұйымдастыруда топтық бағалау, бірін-бірі бағалау әдісін қолдануға болады. Өзін-өзі және бірін-бірі тексерген кезде кейде оқушылар тапсырманың орындалуының дұрыс немесе бұрыстығын бағалай алмайды. Сондықтан дұрыс жауабы жауап үлгілері, есеп шешімдері бар парақтар даярлап әкеліп, өзін-өзі немесе бірін-бірі тексеруі кезінде оқушыларға немесе кеңесшілерге таратып беру керек:

Қолдану Талдау
...құрылымы қандай ...топтастырыңыз салдары не ...салыстырыңыз
...себебін талдаңыз

қолдану мақсатын түсіндіріңіз..
үй есебін бірнеше тәсілмен
шешіңіз...
осы құбылысты қандай теория түсіндіреді...
берілген гипотезаны тексеріңіз...
қорытындылар

I деңгейдегі жоғары күрделілік дәрежесіндегі стандарттан жоғары тапсырмалар алған білімді топтау және бағалау деңгейіне бағытталған:

Топтау Бағалау
өз шешімдеріңізді табыңыз. алгоритмді ұсыныңыз... баламасын табыңыз... бөліктерден құраңыз... түсініктемесі қандай... жүйелестіріңіз...
зерттеңіз...

Қисынды ойды бағалаңыз. Жетістіктерін айтыңыз... Критерийлерін көрсетіңіз... ...сәйкес келе ме
... туралы не ойлайсыз
... қаншалықты дұрыс қорытынды жасаңыз...



Модульдің бұл бөліміндегі барлық бағалаулар мен бағалар-ынталандырушы сипатта. Эксперимент барысында біз бұл бағаларды журналға тек төмендегідей сұлбада аударудан өткеннен соң ғана қоюды ұсындым.

1 деңгей
II деңгей
III деңгей
5
5
5
5
5
5
4
4
4
4
4
4
3
3
3
3
3
3

Егер оқушы бағасын журналға қойғызғысы келмесе, оған осы оқу модуліндегі сөйлесу бөлімінің келесі сабақтарында жоғарырақ баға алуына мүмкіндік беріледі.
Баға - бейне бір белгі және сонымен қатар өлшем сияқты, ол оқытудың нәтижелік дәрежесін анықтауға мүмкіндік береді. Оқу жұмысының барысына, оның мазмұны мен формасына, оқушы жауаптарының жылдамдығы мен нақтылығына мұғалімнің жекелеген бағалау мағыналы сөздері парционалдық бағалар ықпал етеді. Неғұрлым тиімдісі қолдау бағалаулар, яғни оқушының бір нақты қызметінен кейін көрсетілген және балада жұмысты қайталауға немесе одан әрі жалғастыруға ниет тудыратын әсерлер ықпал ету. Бұл жерде оқушы қызметі мұғалімнің мақтау сөздерінен немесе өз жетістігіне қанағаттанғандық сезімінен қолдау табады [2,58 б.].
Өзін-өзі бағалау да адамның өзін-өзі жүйелеп, ісін ретке келтіруінің саморегуляция құралы болып табылады. Оның болжаулық, әрекеттік процессуалдық және өткенді шолушы түрлері болады. Өзін-өзі бағалау оқушыларда өз нәтижесіне сын көзбен қарауын, оқудағы өз мүмкіндіктерінің деңгейі туралы нақты түсінік құра білуін қалыптастырады.
Оқу модулінің сөйлесу бөлімі. Оқу модулінің сөйлесу бөлімі тарауды ,тақырыпты тұтас оқып үйренудің екінші операционалдық-танымдық кезеңін іске асыру болып табылады.
Бұл бөлімді біз Л.Фридманның төмендегідей ережелерге негізделген тұжырымдамасына сүйендік:
1.Оқу оқушының жеке, топтық, ұжымдық жұмыс барысындағы түрлі қызметінің жүйесі ретінде қаралады. Олар оқушының қисынды ойлауын, қабілеттерін, көзге елестету қабілетін, жадын, шығармшылығын және т.б. дамытуға, яғни білім берудің мақсаттары болып табылатын тұлғалық қасиеттерін дамытуға бағытталған.
2.Оқуды басқарудың психологиялық сенімді түрі - ең алдымен, оқушының қажеттіліктерін, қызығушылығын және қызмет мақсаттарын дамытуға жағдай жасау.
3.Оқуды басқару икемді болуы тиіс, бұл тек оқушылардың іштей өсуі жүргенде ғана, балалардың білім дәрежесінің артуына қарай мүмкін болады.
4.Оқушылар нақты оқу қызметінің мақсаттарын анықтауға тікелей қатысуы керек, яғни басқару тұлғалық бағытталған болуы тиіс. Оқу процесін тұлғалық басқару дәрежесі оқушылардың өсуіне қарай артып отыруы және оқудың жоғары сатысында жалпылама сипат алуы тиіс.
5.Оқу процесін басқару балалардың ішкі қуатына және мүмкіндіктеріне негізделіп жүруі тиіс.
II кезең - мұғалімнің сөйлесу бөлімін даярлау әрекетінің құрылымы:
1.Сөйлесу бөлімінде жұмыс істеу үшін оқу материалының негізгі мазмұнын белгілеу;
2.Оқушылардың өзара сөйлесуін қамтамасыз ететін және
алғашында оқу материалын оқып-үйреніп, бекітуге, соңынан білік
пен дағдылар қалыптастыруға, алынған білімін талдап, топтауға
мүмкіндік беретін оқытудың белсенді формаларын таңдап алу болып табылады.
3.Әртүрлі күрделілік дәрежесіндегі үш деңгейлік тапсырмалар (Блум таксономиясына сүйене отырып) және олардың жауап үлгілерін (есептер мен мысалдардың шешімін және т.б.) дайындау
4. Әрбір оқушыға немесе топқа арнап үлестірмелі материалдар
бастыру (көбейту).
Үш деңгейлік тапсырмалар дайындағанда сөйлесу бөлімінде оқу материалын пысықтау керек.
III ( жеңілдетілген) деңгей тапсырмалары тақырыпты қарапайым білім мен түсінік деңгейінде игеруді білдіреді. Олар шамамен мынадай түрде беріледі:

Білу Түсіну
...атаңыз
...қай жылы болды
...қайда болды ...формуласын жазыңыз ...атап көрсетіңіз

Сөйлемді аяқтаңыз...
не білдіңіз...
неге...
сөйлемді өзгертіңіз...
өзара байланысын түсіндіріңіз...

ІІ деңгей (мемлекеттік білім стандартының талаптарына сай) тапсырмалары алған білімін қолдана білу және талдау деңгейінде игеруді білдіреді де, төмендегідей құрылады.
Оқу модулінің сөйлесу бөлімін даярлағанда мұғалім оқу материалының негізгі мазмұнын бөліп, құрылымдайды.
Мұнда оқушылар оқу материалына қайта оралып, пысықтап, бекітуі үшін оның әр сабақта жеке бөліктермен берілетінін есепке алу керек, бұл бөліктерде қысқаша, сиымды түрде тұтас тараудың тақырыптың мазмұны беріледі.
Пысықтауды қажет ететін материалды мұғалім үш күрделілік деңгейінде қарапайым, орташа дәреже, күрделі дайындайды. Үш деңгейдің қайсысын таңдайтынын әр оқушының өзі шешеді.
Бұның бір маңызы - күрделі, ізденушілік, шығармашылық сипаттағы тапсырмаларды кез келген күрделілік деңгейіндегі бағдарламалық материал тапсырмаларын орындаған оқушыға, яғни іс жүзінде бәріне де беруге болады.
Бұл бөлімнің сабақтарын жоспарлағанда мұғалім оқушылардың өзара сөйлесуін қамтамасыз етуге баса көңіл бөледі.
Мұнда оқу материалының мазмұны оқушылардың өзара сөйлесуінің арқауы және құралы болады.
1. Модульдің сөйлесу бөліміндегі материалдың негізгі мазмұнын белгілеу;
2. Оқу материалын біртұтас, жинақы өсу бағытымен беру;
3. Тақырып бойынша жеңілдетілген деңгейдегі және білім стандартының талаптарын қамтамасыз ететін деңгейдегі тапсырмалар дайындау;
4. Оқушылардың пәнге қызығушылығын және креативтілігін
(шығармашылық қабілеттерін) дамытуға арналған шығармашылық сипаттағы материал дайындау;
5. Осы бөліктің барлық сабақтарында өзара сөйлесуді
қамтамасыз ету.
III кезең- қорытынды бақылау бөлімі:
Оқушылар білімін әділ бағалау және оларда жоғарырақ балл алу мүмкіндігі болуы үшін бақылаудың 2-3 түрін даярлау.

Бақылау формалары
Тестілеу
Мұғалімнің таңдауына қарай
* толықтыруды қажет ететін тестілер
* еске салушы тест
* балама жауаптары бар тестілер
* таңдамалы тест
* сәйкестілік тесті
* реттік бірізділікке берілген тест
* құрама тест

* сынық
* релелік сынақ
* бақылау жұмысы
* диктант, шығарма, мазмұндама
* оқу пәні бойынша конференция
* семинар
Модуль бойынша қорытынды баға шығару

Сөйлесу бөлімін құру қағидалары:
Алғашқы үш әрекет -қадам мұалімнің оқу ғылыми материалының тұтас мазмұнын бөліп, оқу модулінің сөйлесу бөліміне орналастыруын құрайды.
Сөйлесу бөлімінің жұмысы төмендегідей негізгі қағидаларды есепке ала отырып құрылады:
:: оқу материалын біртұтас беру қағидасы.
:: өсу бағытымен оқып-үйрену қағидасы басында шағын түрде, соңынан-мазмұнын біртіндеп аша отырып, көлемін арттырып, қосымша толықтырулар мен фактілер енгізу арқылы. Бұл оқушының оқу материалын бөлек-бөлек емес, кешенді түрде, тұтас тарау тақырып бойынша пысықтауын білдіреді.
:: Сөйлесу бөлімінің әр сабағында оқу модулінің тақырыбына қайта оралып отыру қағидасы қайталаумен шатастыруға болмайды. Іс жүзінде тақырыпқа оқу материалының көлемі жағынан да, тапсырмалардың күрделілік деңгейі тұрғысынан да өсу бағытымен қайта оралып отыру меңгерілген білімді бекіту үшін қажет. Зерттеулер көрсеткендей, жады ақпаратты ұзақ уақыт есте ұстап, білім деңгейіне жеткізу үшін оған саналы түрде бірнеше мәрте 7 ретке дейін қайта оралып отыру қажет. Мұндағы басты мәселе материалды қайталау емес, тақырыпқа қайта орала отырып, оны адамның өз алдына қойған проблемаларын шешудегі құрал-жабдығы ретінде пайдалану.
Сондықтан модульдің осы бөлімінде оқу материалын меңгеру тек қажетті құрал ғана, оның негізгі мақсаттарға жету: қисынды ойлауды, түрлі құбылыстар мен фактілер арасындағы байланысты көре білуді дамыту; ұғымдар қалыптастырып, оларды ғылыми негіздеуге үйрену; интеллекті және креативтілікті шығармашылық қабілетті дамыту мүмкін емес. Оқу модуліндегі оқушылардың барша танымдық қызметінің қорытындысы болып табылатын мақсатқа және оқушылардың білімі мен білігінің мемлекеттік білім стандартына сай келуіне қатар қол жеткізіледі олардың сай немесе сай еместігін салыстыру оқу модулінің үшінші - қорытынды белігінде жүргізіледі.
Мұғалім тұлғаны дамытатын кез келген қызмет емес, тек орындау барысында жағымды эмоциялар тудыратын қызмет қана екеніне көңіл аударуы тиіс. Оқушыға оқу, танымдық қызметпен айналысу ұнап, ол ақыл-ой жұмысынан қанағаттануы тиіс. Бұл, мүмкін, мұғалім жұмысының неғұрлым проблемалы міндеті шығар. Әрбір оқушының оқуға ниеттенуі, танымдық процеске жағымды көзқараста болуы үшін және оларда жағымды эмоциялар туғызу үшін не істеу керек? Бұл сауалға біржақты жауап бола қоймас, өйткені бұл психологиялық сипаттағы көптеген факторлармен байланысты. Дегенмен оның шешімін іздеу мүмкіндігі бар. Бұл үшін:
:: Оқушының оқу ісіне шын мәнінде қосылуы үшін ол оқу барысында алдына қойған міндеттерін тек түсініп қана қоймай, іштей қабылдауы тиіс, яғни, оқушы оларды өз көңіл таразысынан өткізіп, мән беруі тиіс [3,100 б.].

:: Таным процесін өзара сөйлесу арқылы ұйымдастыру оған қатысушы адамдардың талабы мен ниетіне, ойына, көңіл-күйіне және сезіміне едәуір күшті ықпал етеді.
:: Бірлесе істеген қызмет шағын топтарда;
а) кейбір қатысушылардың алдағы міндеттерді шешу мүмкін
емес деген сенімін жоюға;
ә)қорғану механизмдерінің шығармашылық процеске әсерін төмендетуге ықпал етеді;
* Қабілеттерді соның ішінде танымдық дамытуға қол жеткізу
неғұрлым демократиялы орта жағдайында жеңілірек болады;
* Кейбір қатысушыларға өз қызметінің нәтижелеріне қол
жеткізу маңызды болса, енді біреулеріне өзіндік ойлау
қызметі маңыздырақ.
Оқушының өзіне қиындық туғызатын деңгейде оқыту неғұрлым пайдалы, дамытушы болып есептеледі.
Міне, сондықтан да ұсынылатын оқу модулінің сөйлесу бөлімінде мұғалім әрбір оқушыға 3 деңгейлік тапсырмалар әзірлейді:
1 деңгей тапсырмалары оқушылардың шығармашылығын дамытуға бағытталған:
II және III деңгей тапсырмалары оқушылардың бағдарлама материалдарын мемлекеттік білім стандарты деңгейінде игеруін көздейді.
Мұғалімнің әрбір оқушыға әзірленген тапсырмалары солардың біреуін оқушының өзі қалауы бойынша таңдап алуына есептелген.
Сөйлесу бөлімі сабақтарының ұйымдастырылу формаларына қарай тапсырмаларды карточкаларға яғни, өзінше бір бағыттаушы парақтарға жазуға болады, мұнда не істеу қажет, оны қалай істеу керек және қалай тексеруге болатыны дайын жауап үлгілері бойынша бірін-бірі және өзін-өзі тексеру арқылы нақты көрсетіледі.
Егер сабақ жеке топтық формада өтетін болса, онда оқушылардың әрқайсысы үш нұсқадағы тапсырмалар алады. Олар машинкамен басылған және көшірме аппараттарында көбейтілген болуы тиіс. Мұғалім бір сабаққа әртүрлі күрделілік деңгейіндегі 3 жинақ тапсырмалар дайындап, соңынан оқушыға олардың кез келгенін таңдау мүмкіндігін беру мақсатында сыныптағы оқушылар санына сай көбейтеді.
Егер сабақ формасы ойын кез келген түрі болса, онда тапсырмалар тақтаға жазылуы немесе жазбаша түрде берілуі мүмкін.
Ұжымдық және топтық жұмыс формаларында тапсырмаларды тұтас сыныпқа бірдей жоғары күрделілік деңгейінде беруге болатынын атап өту қажет [4,23 б.].
Оқу модулінің сөйлесу бөлімінің бірнеше ерекшеліктері бар, оларға назар аудару керек:
1. Бұл бөлімде оқыту және оқу:
а)дамытушы болады, соған байланысты мұғалімнің оқушылар мүддесіне бейімделуі қажет. Бұдан шығатыны: оқу процесін әрбір оқушының қисынды ойлау қабілетін, ауызша және жазбаша тілін, қабілеттіліктерін, танымдық қызметке қызығушылығын дамытуға бағыттап, жағдай туғызу керек.
Жағдай туғызу дегеніміз: оқушылардың психологиялық қауіпсіздігін, психологиялық өзара сыйымдылығын, жағымды психологиялық жылы ниеттегі, ашық т.б. ортаны қамтамасыз ету;
ә)даярлаушы болады яғни модульдің қорытынды бақылау бөліміне шығуға даярлайды. Сондықтан да әр сабақта әрбір оқушыға қойылатын барлық бағалар мен берілетін бағалаулар бақылаушы емес, ынталандырушы сипатта болады. Бағалар мен бағалауларды негізінен оқушылардың өздері өзіне, бір-біріне, командаға, топқа береді.
Көріп отырсыздар, оқу модулінің бұл бөлімінде неғұрлым қолданыстағы бірін-бірі тексеру әдісі. Бұл жерде кейбір оқушы тексеру үшін өзіне қиын, күрделі деңгейдегі жұмысты алып қалуы мүмкін.Әрине, мұндай жағдайда ол жұмыстың орындалуының дұрыстығын немесе бұрыстығын дұрыс еместігін бағалай алмайды. Міне, сондықтан мұғалімге дұрыс жауап немесе есептің шешу барысы жазылған парақтар дайындап қою қажет. Оларды оқушылар бір-бірінің еңбек нәтижелерін тексергенде және бағалағанда пайдаланады.
1.Деңгей тапсырмаларының жауабын, егер олар қалыптан тыс жауап болса, мұғалім өзі тексереді.
2.Репродуктивті қайта жаңғырту сипатындағы оқыту проблемалық, ізденушілік, зерттеушілік оқытумен ұштастырылады.
3.Негізінен оқушылардың бір-бірімен қатынасына, өзара сөйлесуіне құрылған оқытудың белсенді формалары қолданылады.
Оқыту және дамыту өзара күрделі қатынастағы процестер. Жоғарыда атап өткеніміздей, баланың көптеген тұлғалық психикалық қасиеттері, психологтардың пікірінше, жеке өзіндік, өзін қанағаттандыратын қызметі барысында айқындалып, қалыптасады. Егер оқушының жеке өзіндік қызметі, оның үстіне, жоғарыда айтылғандай, қиындықты жеңіп, жаңалық ашып, жақсы нәтижеге жетуінен және, ең бастысы, танымдық қызметтің өзінен жағымды эмоциялар алатындай қызметі ұйымдастырылмаса, онда мұғалімнің баланы танымға жетелеп енгізбек болған әрекеті күтілген нәтиже бермейді яғни, тұлғаны дамытпайды.
Бұл үшін мұғалім сабақта әр балаға психологиялық қолдау көрсетуі, психологиялық жайлы ыңғайлы орта туғызуы қажет. К.Роджерстің пікірінше, мұғалім ондай жағдайды жасай алады тек ол үшін келесі қағидаларды басшылыққа алуы тиіс:
1.Балаларға әрқашан сенім көрсетуі;
2.Оқушыларға оқытудың мақсаттары мен міндеттерін белгілеп, нақтылауға көмектесуі;
3. Оқушылардың оқуға деген ішкі қызығушылығына мән беруі;
4.Әртүрлі тәжірибенің қайнар көзі ретінде, оқушы қиындыққа кездескенде әрқашан кеңес алуға болатын тұлға ретінде тұруы;
5. Мұғалім әрбір оқушы үшін осындай рөлде болуы;
6.Өзінде топтың көңіл-күйін сезіну және оны қабылдау қабілетін дамытуы;
7. Топтық өзара әрекетке белсенді түрде қатысуы;
8. Топта өз сезімін ашық білдіруі;
9. Әрбір оқушының сезімі мен көңіл толқуларын тусінуге мүмкіндік беретін эмпатиялық дәрежеге ұмтылуы;
10. Өз-өзін жақсы білуі тиіс.
Оқу модулінде оқушы қызметін бағалау.
Модульдік оқыту технологиясының сөйлесу бөлімінде оқушылардың оқу қызметінің нәтижелерін бағалауға, олардың өзін-өзі және бірін-бірі бағалауына зор мән беріледі [5, 45 б.].
Оқушылардың білімін бағалау баллдық жүйемен жүреді, онда әрбір оқушыға әртүрлі күрделілік деңгейіндегі үш тапсырма беріледі. Күрделі тапсырмалар - 0 (1 деңгей), орташа күрделілік дәрежесіндегілер - (II деңгей), жеңілдетілген тапсырмалар - (III деңгей) шартты белгісімен көрсетіледі. Олардың біреуін орындау 5, немесе 4, немесе 3 баллдарымен бағаланады. Бағалар мынадай болады:

І деңгей
II деңгей
ІII деңгей

5
о
5

5

4
о
4

4

3
о
3

3

1.2 Инновациялық әдістердің ыңғайлылығы

Оқытуды демократияландыру, ізгілендіру арқылы экономикалық, әлеуметік өзгерістерге бейімделе отырып, әлемдік өркениетке ұмтылған қоғамда танымдық қызығуы, біліктілігі жоғары, белсенді азамат тәрбиелеу талабы - бүгінгі таңдағы білім беру жүйесіне үлкен міндет жүктейді.
Бәсекеге қабілетті білім кеңістігін құруға бағытталған қазақстандық білім беру реформасының басты мақсаттарының бірі - инновациялық, технологияларға сүйене отырып, оқушының бойында шығармашылық ойлауды, бастамашылдықты дамытуға мүмкіндік жасау, тұлғаның үйлесімді дамуына қолайлы жағдай туғызу нәтижесінде оның өзіндік мүмкіндіктерін жоспарлы пайдалана білуіне қол жеткізу арқылы тұлға біліктілігін қалыптастыру.
Қазақстан Республикасының "Білім туралы" заңында, Елбасының "Қазақстан - 2030" стратегиялық бағдарламасы мен "Дарын", "Болашақ" бағдарламаларында, Қазақстан Республикасында 2015 жылға дейінгі білім беруді дамыту тұжырымдамасында оқушыларға нәтижеге бағытталған білім беру арқылы оның ресурстық мүмкіндіктері мен шығармашылық дағдыларын дамытуға қолайлы жағдай туғызу - ең негізгі міндеттер деп айқындалған.
Қазақстан Республикасының "Білім туралы" Заңында "Білім беру жүйесінің басты міндеті - ұлттық және жалпы адамзаттық құндылықтар, ғылым мен практика жетістіктері негізінде жеке адамды қалыптастыруға, дамытуға және кәсіптік шыңдауға бағытталған сапалы білім алу үшін қажетті жағдайлар жасау; жеке адамның шығармашылық, рухани және күш-қуат мүмкіндіктерін дамыту, адамгершілік пен салауатты өмір салтының берік негіздерін қалыптастыру, даралықты дамыту үшін жағдай жасау арқылы ой-өрісін байыту"- деп атап көрсетілген. Аталған міндеттерді жүзеге асыру үшін оқытудың жаңа технологияларын, қашықтан оқыту, ақпараттық-коммуникациялық технологияларды енгізу және тиімді пайдалану секілді ауқымды мәселелер анықталады, білім беру жүйесіндегі басты ұстаным ретінде әркімнің өзінің білім алуға деген жеке әлеуетін қоғамда барынша пайдалануға көмектесетін оқыту жүйесін дамытуды, білім мен ғылымның, өндірістің кірігуі арқылы тұлғаның кәсіптік бағдарлануын қамтамасыз етуді көздейді. [6,25 б.].
Оқытудың инновациялық технологиялары негізінде білім беруді жүзеге асыру арқылы оқушының қабілетін, өзіндік дамуын, біліктілігін қалыптастыру мәселесіне қазақстандық ғалым педагогтер М.Құдайқұлов, В.Тұрғышбаева, М.Жадрина,Ү.Жексенбаева,Т.Қаражігіт ова,Н.Иванова,Х.Рақымбекова, М.Жанпейісова, К.Құдайбергенова, Б.Әлмұхамбетов,А.Орақова, Н.Сәрсенова, М.Рақымжановалар назар аударған.
Қоғамдық дамудың қазіргі үрдісі әлемдік білім беру жүйесінің алдына жаңа әлеуметтік тапсырыс ретінде өз мақсатын іске асыру үшін өзінің іс-әрекетін тиімді жоспарлай алатын, танымдық қызметінде алынған ақпараттарды орынды пайдалана білетін, түпкі нәтижеге жету үшін әртүрлі топтардағы адамдармен тиімді қарым-қатынас диалогіне түсе алатын білімді тұлғаны тәрбиелеу мәселелерін қойып отыр. Бұл мәселелерді оңтайлы шеше білу білім берудің әлемдік және ұлттық кеңістігіндегі іргелі проблема болып отыр. Осыған байланысты, жоғарыда айтып кеткеніміздей, Еуропа Кеңесінің "Еуропаға арналған тірек құзырлылықтар" тақырыбымен өткен құзыреттілік теориясын дамытуға арналған симпозиумда арнайы шешім қабылданып, ол шешім әлемдік білім беру жүйесіндегі негізгі құзыреттіліктер арқылы тұлғаның білімділігін қалыптастыру мәселелеріне арналды. Онда білім беру тенденциясы арқылы оқу-тәрбие үрдісінде жан-жақты дамыған жеке тұлғаны қалыптастыру аспектілері айқындалған.
Оқу-тәрбие үрдісін білім беру тұрғысынан ұйымдастыруда жаңа технологиялар мен озат тәжірибелерге сүйене отырып тұлғаға бағдарланған білім беруде әлеуметтік-тұлғалық білімділікті өзектендіру арқылы оқу үрдісін өзгертуді зерттеу - педагогика ғылымында туындап отырған қазіргі негізгі міндеттердің бірі.
Білім беру тәсілдерін инновациялық технологиялар негізінде жетілдіру, оқыту мен тәрбиелеу ісін ізгілендіру, ұлттық ерекшеліктерді ескере отырып даралап, саралап оқыту арқылы оқушыны дамытуда білім, білік, дағдыны жетілдіруге негізделген білім беру педагогикада адамның өзін тануын және тұлғаның психикалық, физикалық саулығын қамтамасыз ету мәселелерін алға шығарып отыр. Инновациялық технологияларды қолдана отырып оқыту - бұл таным әрекетін ұйымдастырудың арнаулы формасы. Оқытудың бұл формасы алдына нақты және бағдарланған мақсат қояды. Сондай мақсаттарының бірі -оқу үрдісінің өнімділігін арттыратын оқушының ақыл-ой кемелдіктерін, өз жетістіктерін сезінетіндей жайлы жағдай тудыру. "Интерактивтік оқыту" 1990 жылдары интернет желісінің дамуымен байланысты пайда болды. Осыған орай, көптеген ғалымдардың түсіндіруінше, интерактивті оқыту компьютер және интернет желісін пайдалану арқылы оқыту дегенге саяды.
Оқушы қай ортада болсын өзіндік әрекеттерді ұйымдастырып, оны басқарушы бола алатындай дәрежеге жеткізу үшін білім мазмұнын даму тенденциялары мен оқу үрдісін инновациялық технологиялар негізінде ұйымдастырып, сабақтың түрлері мен әдіс-тәсілдерін білімділік ұстанымы тұрғысында жетілдіру қажет.
"Инновациялық технологиялар" тіркесі бүгінгі күні педагогикада, оқу-тәрбие үрдісінде ең жиі қолданылатын ұғым болып отыр. ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Жазықтыққа перпендикуляр түзу жүргізу
Негізгі мектепте геометрия курсын визуализация құралдары көмегімен оқытудың теориялық негіздері
Арифметикалық және геометриялық прогрессиялар
ГЕОМЕТРИЯ САБАҒЫНДА GEOGEBRA ОРТАСЫНЫҢ МҮМКІНДІКТЕРІН ҚОЛДАНУ ЖОЛДАРЫ
Бастауыш мектепте математика пәнін оқыту процесі
Негізгі мектепте планиметрия курсын оқытуды ақпараттық технология негізінде жетілдіру әдістемесі
Бастауыш сынып оқушыларын оқыту процесінде компьютерлік технологияларды қолданудың дидактикалық шарттары
МЕКТЕП ГЕОМЕТРИЯСЫН ОҚЫТУДА БІЛІМ БЕРУДІҢ КОМПЬЮТЕРЛІК РЕСУРСТАРЫН ҚОЛДАНУДЫҢ ӘДІСТЕМЕСІ
Бастауыш сыныпта информатика пәнінің оқыту ерекшелігі
Жекелеме пәндерді оқытудағы ақпараттық технологиялар
Пәндер