Қылмыстық істер бойынша адвокаттық қорғау



МАЗМҰНЫ

КІРІСПЕ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .

1 АЗАМАТТАРДЫҢ ҚҰҚЫҒЫН ҚОРҒАУ КЕПІЛДІГІ ... ... ... ... ... ...
1.1 Қазақстандағы адвокатура институтының даму кезеңдері ... ... ... ..
1.2 Азаматтардың қорғалуының конституциялық кепілдігі ... ... ... ...
1.3 Адвокатураның міндеттері және өкілеттіктері ... ... ... ... ... ... .
1.4 Адам құқықтарын қорғаудың қазақстандық үлгісі ... ... ... ... ... ... ...

2 ҚЫЛМЫСТЫҚ ІСТЕР БОЙЫНША АДВОКАТТЫҚ ҚОРҒАУ ... ..
2.1 Кәсіби қорғаудың теориялық іс.тәсілдерінің негіздері ... ... ... ... ... .
2.2 Қылмыстық сот ісін жүргізуде кәсіби қорғау тактикасы.ның мазмұны ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .
2.3 Кәсіби қорғаудың мақсаты мен міндеттері ... ... ... ... ... ... ... ... ..

3 ҚЫЛМЫСТЫҚ ІС ЖҮРГІЗУДЕГІ ТҰЛҒАЛАРДЫ МЕМЛЕКЕТ.
ТІК ҚОРҒАУМЕН ҚАМТАМАСЫЗ ЕТУ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .
ҚОРЫТЫНДЫ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ ... ... ... ... ... ... ..
А.қосымша. Қазақстандағы адвокаттар саны ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
КІРІСПЕ

Кез келген құқықтық мемлекеттік басты қағидаларының шынайылығын және оның еркін дамуын қамтамасыз ету. Қазақстан Республикасының конституциясының басты идеясы ретінде «Қазақстан Республикасының ең қымбат қазынасы – адам және адамның өмірі, құқықтары мен бостандықтары» деп көрсетті [1].
Елбасымы, Қазақстан халқына жолдауында тәуелсіздік алғаннан бастап, қазіргі уақытқа дейінгі кезеңге баға беріп, Қазақстанда адам құқықтары мен бостандықтарын қамтамасыз ету саласында маңызды қадамдар жасалғанын, елеулі нәтижелерге қол жетіп, адам құқықтары жөніндегі уәкіл институты құрылып, Қазақстан Республикасы адам құқықтары жөніндегі халықаралық конвенцияларға қосылғанын айтты. Сондықтан да азаматтық қоғамды дәйекті дамыта беруге, азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қамтамасыз етуге бағытталады деп айтқан болатын [2,б.12]. Ал, 2010 жылғы ақпан айындағы ҚР Президенті Н.Назарбаевтың халыққа жасаған жолдауына сәйкес , елімізде азаматтардың заңды түрде қорғалуы еуропалық дамыған елдердің үлгісіне сәйкес келуі керектігі айтылған .
Тақырыптың өзектілігі. Тұлғаны құқықтық қорғаудың басты бағыттарының бірі адам және азаматтың жеке өмірін құрметтеу оған қол сұғылмауды шынайы қамтамасыз ету, бұл осы мемлекетте кез – келген бассыздыққа жол бермейтін заң мен құқықтық үстем болуының, басты қазынасы ретінде адамның құқықтары мен бостандықтары танылатындығының, қорғалатындығының, сақталатындығының көрінісі. Жалпы қоғамның дамуымен тұлғаның мәртебесі де өзгеріске ұшырайтын анық. Осыған байланысты, заңгер – ғылымдарға құқықтық мемлекеттің қалыптасуына, демократиялық дамуына, қолданыстағы құқық жүйесінің жетілдірілуіне, елдегі заңдылықтың нығаюына ықпал ететін Қазақстандық конституционализмді, конституцияның өзекті теориялық мәселелерін жан – жақты талқылау мақсаты алға қойылады.Осыған орай адвокаттық институттың қоғамдағы рөлі күшейе түседі
Зерттелу деңгейі. Бүгінгі күні Қазақстанның құқықтық ғылымында адамның негізгі конституциялық құқықтарының бірі – адам құқықтары мен бостандықтарының заңды табиғатың, оның жүзеге асырылу механизмін, оны сақтаудың теориялық негізі және жеке адамның өміріне қол сұғылмау құқығы бұзылмауының тиісті кепілдіктерін қарастырумен байланысты кешенді зерттеу жұмысы жүргізілуде.
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ

1 Қазақстан Республикасының Конституциясы 30 тамыз 1995.
2 Е.Қаржаубаев «ҚР конституциясында белгіленген сот билігі арқылы
адамдардың құқықтары мен бостандықтарын қорғау» // Заң және заман
2010ж. №3
3 Барщевский М.Ю. Адвокат. Адвокатская фирма. Адвокатура.-М. 1995.
4 Барщевский М.Ю. Организация и деятелъностъ адвокатуры в России. М.
1997.
5 Адвокатура в Российской Федерации. СГУ, М., 1998.
6 Бериам У, Решетникова И.В., Пропляков А.Д. Судебная адвокатура.
Екатеринбург, 1995.
7 Ш.Уәлиханов. Таңдамалы шығармалары. Алматы 1985.
8 Ұ.Асылов Даналардан шыққан сөз-Алматы, 1987.
9 Государственная программа правовой реформы в Республике Казахстан от
12 февраля 1994 года (основные направления). Собрание актов
Президента Республики Казахстан и Правительства Республики
Казахстан. №9,1994 г.
10 Постановление Правительства Республики Казахстан от 26 августа 1999 г.
"О правилах оплаты юридической помощи, оказываемой адвокатами, и
возмещения расходов, связанных с защитой и представительством, за счет
средств республиканского бюджета".
11 Қазақстан Республикасының «Адвокаттық қызмет туралы »Заңы , 05.12.97.
12 Вязов В. Адвокатура вчера и завтра //Юридический весник, 2004. №9.
13 Положение о юридической службе органов государсгвенного управления и
их подведомсгвенных предприятий, учреждений, утвержденное
постановлением Кабинета Министров Республики Казахстан от 5 мая
1995 г. №624.
14 Правила профессионалъной этики адвокатов.
15 Общий кодекс правил для адвокатов Европейского сообщества
//Адвокат. 1995. №10.
16 Адвокаттар алқасының Жарғысы
17 Конвенция о правовой помощи и правовых отношениях по
гражданским, семейным и уголовным делам /Комментарий к УПК
Казахской ССР. Алматы, 1995.
18 Пакт ООН "Основные положения о роли адвокатов" //Международный
адвокат.-1992, - № 4.
19 Рогов И.И. Адвокатура сегодня и завтра //Мысль. - 1992 -№11.
20 Петрухин И.Л. Вам нужен адвокат. М., 1993.
21 Адвокатура и современность. – М., 1987.
22 Всеобщая Декларация прав человека (Резолюция 217А Генеральной
Ассамблей ООН от 10 декабря 1948 г.).
23 Адвокатура в СССР. М, 1979.
24 Азаматтардың ұрпақты болу құқықтары және олардың жүзеге асыру
кепілдіктері туралы заң. // Заң газеті №565 2005.
25 Т.Қожагелдин«Ең қымбат қазына: адам құқықтары мен бостандықтары»
// Қостанай №10 2002.
26 К.Жетібаев «Білім беру біліктілігі және адам құқығы тағылымы» //
Ізденіс №3 2000.
27 Б.Өтемұратов «Басты бағдар адам құқығының жалпыға бірдей
декларациясы» // Егемен Қазақстан №9 2008.
28 А.Садуақасов «Адам – тауар – ақша» // Заң газеті №12 2004.
29 Е.Жұмағазиев «Алдыңғы кезекте адам құқығы» // Заң газеті №12 , 2000.
30 А.Ибраева «Адам құқығы – адамзаттың басты игілігі» // Заң газеті
№8 2009.
31 Е.Болабаев «Адам құқықтарын қорғаудың тетіктері» // Заң және заман.
№5, 2005.
32 Назарбаев Н. Тарих толқынында. – Алматы, 1999.
33 Қазақстан Республикасының « Қазақстан Республикасының Сот жүйесі
және судьялар мәртебесі туралы» конституциялық күші бар заңы 25
желтоқсан 2000 жыл.
34 Қазақстан Республикасының «Нормативтік құқықтық актілер туралы»Заңы
24 наурыз 1998.
35 Қазақстан Республикасының Қылмыстық іс жүргізу кодексі 13
желтоқсан 1997.
36 Қазақстан Республикасының «Қылмыстық іс жүргізудегі тұлғаларды
мемлекеттік қорғаумен қамтамасыз ету жөніндегі »Заңы 5 шілде 2000.
37 Қазақстан Республикасының «Қылмыс жасауы мүмкін деген күдікті мен
айыпталушыны қамауды ұстаудың жағдайы мен тәртібі туралы » Заңы
30 наурыз 1999.
38 Постановление Пленума Верховного суда Республики Казахстан от 9 июля
1999 г. "0 практике применения законодательства по возмещению вреда,
причиненного незаконными действиями органов, ведущих уголовный
процесс".
39 Арсентьев О.В. Адвокатура. Адвокаты в уголовном и гражданском
процессах. Нотариат в РК. Костанай, 1998.
40 Жалыбин С.М. Правовое положение адвоката в уголовном
судопроизводстве. Алматы, 1998.

Пән: Құқық, Криминалистика
Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 103 бет
Таңдаулыға:   
МАЗМҰНЫ


КІРІСПЕ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... 4

1 АЗАМАТТАРДЫҢ ҚҰҚЫҒЫН ҚОРҒАУ КЕПІЛДІГІ ... ... ... ... ... ... 7
1.1 Қазақстандағы адвокатура институтының даму кезеңдері ... ... ... ..7
1.2 Азаматтардың қорғалуының конституциялық кепілдігі ... ... ... ...
1.3 Адвокатураның міндеттері және өкілеттіктері ... ... ... ... ... ... . 10
1.4 Адам құқықтарын қорғаудың қазақстандық 19
үлгісі ... ... ... ... ... ... ...

2 ҚЫЛМЫСТЫҚ ІСТЕР БОЙЫНША АДВОКАТТЫҚ ҚОРҒАУ ... .. 33
2.1 Кәсіби қорғаудың теориялық іс-тәсілдерінің 33
негіздері ... ... ... ... ... .
Қылмыстық сот ісін жүргізуде кәсіби қорғау тактикасы-ның 42
мазмұны ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 50
... ... ... ... ... ..
2.3 Кәсіби қорғаудың мақсаты мен міндеттері ... ... ... ... ... ... ... ... ..

3 ҚЫЛМЫСТЫҚ ІС ЖҮРГІЗУДЕГІ ТҰЛҒАЛАРДЫ МЕМЛЕКЕТ-
ТІК ҚОРҒАУМЕН ҚАМТАМАСЫЗ 59
ЕТУ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..

ҚОРЫТЫНДЫ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .. 85

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ ... ... ... ... ... ... ... ... ... 87
А-қосымша- Қазақстандағы адвокаттар
саны ... ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... . 89


КІРІСПЕ

Кез келген құқықтық мемлекеттік басты қағидаларының шынайылығын және
оның еркін дамуын қамтамасыз ету. Қазақстан Республикасының
конституциясының басты идеясы ретінде Қазақстан Республикасының ең қымбат
қазынасы – адам және адамның өмірі, құқықтары мен бостандықтары деп
көрсетті [1].
Елбасымы, Қазақстан халқына жолдауында тәуелсіздік алғаннан бастап,
қазіргі уақытқа дейінгі кезеңге баға беріп, Қазақстанда адам құқықтары мен
бостандықтарын қамтамасыз ету саласында маңызды қадамдар жасалғанын, елеулі
нәтижелерге қол жетіп, адам құқықтары жөніндегі уәкіл институты құрылып,
Қазақстан Республикасы адам құқықтары жөніндегі халықаралық конвенцияларға
қосылғанын айтты. Сондықтан да азаматтық қоғамды дәйекті дамыта беруге,
азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қамтамасыз етуге бағытталады деп
айтқан болатын [2,б.12]. Ал, 2010 жылғы ақпан айындағы ҚР Президенті
Н.Назарбаевтың халыққа жасаған жолдауына сәйкес , елімізде азаматтардың
заңды түрде қорғалуы еуропалық дамыған елдердің үлгісіне сәйкес келуі
керектігі айтылған .
Тақырыптың өзектілігі. Тұлғаны құқықтық қорғаудың басты бағыттарының бірі
адам және азаматтың жеке өмірін құрметтеу оған қол сұғылмауды шынайы
қамтамасыз ету, бұл осы мемлекетте кез – келген бассыздыққа жол бермейтін
заң мен құқықтық үстем болуының, басты қазынасы ретінде адамның құқықтары
мен бостандықтары танылатындығының, қорғалатындығының, сақталатындығының
көрінісі. Жалпы қоғамның дамуымен тұлғаның мәртебесі де өзгеріске ұшырайтын
анық. Осыған байланысты, заңгер – ғылымдарға құқықтық мемлекеттің
қалыптасуына, демократиялық дамуына, қолданыстағы құқық жүйесінің
жетілдірілуіне, елдегі заңдылықтың нығаюына ықпал ететін Қазақстандық
конституционализмді, конституцияның өзекті теориялық мәселелерін жан –
жақты талқылау мақсаты алға қойылады.Осыған орай адвокаттық институттың
қоғамдағы рөлі күшейе түседі
Зерттелу деңгейі. Бүгінгі күні Қазақстанның құқықтық ғылымында адамның
негізгі конституциялық құқықтарының бірі – адам құқықтары мен
бостандықтарының заңды табиғатың, оның жүзеге асырылу механизмін, оны
сақтаудың теориялық негізі және жеке адамның өміріне қол сұғылмау құқығы
бұзылмауының тиісті кепілдіктерін қарастырумен байланысты кешенді зерттеу
жұмысы жүргізілуде.
Қылмыстық процесс ғылымында қорғау тактикасы туралы еске алынғаны-мен,
бірақ оның мәні мен мазмұны ашылмаған. Ал зерттеу болса, іс жүргізу
нормасын іске асыру, оның тиімділігі тұрғысында ғана атқарылған. Алайда,
қорғаудың қылмыстық іс жүргізу аспектісі кәсіби қорғау тактикасының
теориялық негізінің құрамдас бөлігі болып табылады. Қорғаушының қыл-мыстық
іс жүргізу қызметі проблемасын, процеске қатысушының құқықтық жағдайын,
айыпталушының қорғауды қажет ету құқығын егжей-тегжейлі зерттегендер
арасында К. Бегалиев, Ғ. Елемесов, Л. Берсүгірова, Б. Төлеу-бекова, С.
Тыныбеков, Г. Саркисянц, М. Строгович сияқты ғалымдар бар.
Бұлар қылмыстық процеске қатысқан адамдардың, соның ішінде айып-
талушылардың құқығын қамтамасыз ету, айыпкердің қорғану құқығына, қор-
ғаушының қылмыстық процесс сатыларындағы қызметіне, адвокат-қорғаушы
қызметінің ұйымдастыру-құқықтық нысандарына, кінәсіздік презумпция-сына
назар аудара білді. А. Торянников болса, қорғаушының қалау-тілек және
шағым әкелуге мәлімдемесі мәселелеріне зер салды. Авторлар зерттеу логи-
касына орай кәсіби қорғау тактикасы проблемаларын ашуға бір табан жақын-
дады. Я. Аврах қорғау қызметіндегі психологиялық құрылым элементтерін атап
көрсетсе, И. Либус, А. Бойков сияқты ғалымдар қорғаушы қызметінің, соның
ішінде кәсіби қорғаудың тиімділігі проблемасын талдап берді. Т. Варфоло-
меева, А. Воробьев В. Титаренко болса, тактика ұғымын айқындау үшін сары-ла
еңбек етті.
Зерттеудің объектісі мен пәні. Тоқсан ауыз сөздің тобықтай түйінін
айтқанда: кәсіби қорғау тактикасы екі ғылымның — қылмыстық процесс пен
криминалистиканың кешенді зерттеу объектісі болып табылады. Зерттеу
объектісі – адамның негізгі құқықтарының рөлі мен орын анықтаудың теориялық
мәселелері, оны сақтау және жүзеге асыру механизмі болып табылады. Зерттеу
пәніне адамның құқықтары мен бостандықтарына тән ерекшеліктерді зерттеу,
оның заңнамаларда қорғалуы, тәжірибеде жүзеге асырылу жағдайы және оны
жетілдіру жөнінде ұсыныстар енгізу құрайды. Деректік базасы. Осы мақсатта
адам құқығын халықаралық құжаттарда көрініс табуы, адам құқығын қорғаумен
байланысты құқықтық нормалар: басылымдағы ғылыми зерттеулер; мақала,
диссертация, қарастырылып отырған құқық бойынша өзге де әдебиеттер; адам
құқықтары жөніндегі Европалық сот өзге де шет елдер жоғарғы соттарының
шешімдері қарастырылды.
Зерттеудің мақсаты мен міндеттері. Кәсіби қорғау тактикасының мазмұнына
қорғау тактикасы ұғымы, маңызы, қорғау жағдайы түрлері, туындайтын аралық
сипаттағы міндет түрлері, қорғау болжамы мен оның құрылымы және тексеру
ерекшеліктері мәселелері енуі тиіс. Қорғау тактикасының мақсаты мен
міндеттері жүйесіне талдау жүргізіп, қорғау жағдайының тактикалық
міндеттеріне байланысты екенін сыныптау, қорғауды жобалау негізін жасау,
қорғау болжамы ерекшелігін зерттеу қажет. Осыған орай криминалистік тактика
бөлімінің мына құрылымы ұсынылады :
* криминалистік тактика жүйесіндегі кәсіби қорғау тактикасы ;
* қорғаудың мақсаты мен міндеттері, олардың қорғау тактикасы үшін маңызы
;
* қорғау жағдайы: ұғым, маңыз, мазмұн мен түрлері ;
* қорғау болжамы: ұғым, маңыз, мазмұн мен түрлері ;
* қорғауды жоспарлау ;
* қорғау тарабының гуманитарлық, жаратылыс және техникалық ғылым-дар
жетістіктерін пайдалануы ;
* адвокат-қорғаушының шешім қабылдауындағы логикалық-ақпараттық құрылым ;
— процеске қатысушылармен психологиялық және іскерлік байланыс орнату
тактикасы ;
— тергеу және сот істеріне қатысу тактикасы ;
—адвокат-қорғаушының дәлелдемелер жинау және басқа да өкілеттіктерді
пайдалану жөніндегі іс-қимыл тактикасы.
Ғылыми жаңалығы. Конституциядағы адам құқықтары мен бостандықтары
құқығының мазмұның, адамның негізгі құқықтары мен бостандықтары жүйесіне
алатын орны мен атқаратын ролін, жүзеге асырылуының құқықтық механизмін
зерттеу. Осы құқыққа қатысты конституциялық нормалар мен өзге де ағымдағы
заңнамалардың нормаларына кешенді сипаттама беру және соның негізінде
ұлттық заңнаманы жетілдіру жөнінде ұсыныстар енгізілді .
Зерттеудің теориялық және тәжірибелік маңызы. Зерттеу нәтижелерінің жоғары
теориялық құндылығы және практикалық маңыздылығы бар. Зерттеу жұмысының
теориялық маңыздылығы адвокаттық қорғаудың әдіс-тәсілдерін жетілдірудің
ғылыми негізін жасаған болса, тәжірбиелік маңызы азаматтардың құқығын
қорғауда үлкен жетістіктердің кепілі болады.
Тақырыпты зерттеу әдістемесі. Зерттеу жұмысы қоғамтану, әсіресе құқықтану
ғылымдары қолданылатын тарихи-салыстыру, талдау, анализ бен синтез, таптың
сипаты, т. б. әдістер пайдаланылды.
Дипломдық жұмыстың құрлымы мен мазмұны. Дипломдық жұмыс кіріспеден, екі
бөлімнен , қорытындыдан, сілтемелер мен пайдаланған әдебиеттер тізімінен
тұрады. Негізгі бөлімінде қылмыстық істер бойынша адвокаттық қорғаудың әдіс-
тәсілдері қарастырылса, екінші бөлімде азаматтардың құқықтары мен
бостандықтарын қорғаудағы құқықтық проблемаларын қарастырады.

1 АЗАМАТТАРДЫҢ ҚҰҚЫҒЫН ҚОРҒАУ КЕПІЛДІГІ

1.1 Қазақстандағы адвокатура институтының даму кезеңдері

Адвокат термині ең алғаш рет Ежелгі Рим мемлекетінде пайда болған.
Адвокат латынның - advoco шақырамын, көңіл аударамын деген сөзін білді-
реді. Ең басты мағынас құқықтық көмек көрсету, заңды қорғауды қамтамсыз
ету, адам құқығын қорғауды білдіреді. Тарихта ең алғашқы адвокат ретінде
заңгер , шешен қоғам қайраткері Цицеронды жатқызады [4,б.18].
Қазіргі замандағы Қазақстандағы адвокатура институтының қызметіне
тереңірек баға беру үшін және қоғамдық-құқықтық институттың алдында тұрған
маңызды міндеттерді орындау үшін қалыптасуымен мен даму тарихына
тоқталуымыз керек. Бұл өз кезегінде құқықтық және демократиялық мемлекет
орнықтыруда адвокаттық институттың орны мен рөліне жан-жақты түсінік
беруіне ықыпал етеді.
Қазақстандағы адвокатураның қалыптасуымен дамуы бірнеше қиын
кезеңдерді қамти отырып жүргізілді. Қиын деудің басты себебі оның әрбір
қызметін жетілдіруде орасан зор істер атқарылған болатын.
1917 жылға дейінгі кезеңдегі кәсіпқой адвокатураның пайда болуы
Ресей империясының заңдарының дамуымен (Қазақстан құрамында болғандықтан )
тығыз байланысты болды. Атап айтқанда 1864 жылғы сот реформасының жүзеге
асырылуы [5,б.35].
Ол кезеңдегі заң терминологиясында адвокат ұғымы алғаш рет 1864
жылы пайда болса да , кеңестік кезеңнің 1939 жылға дейін қолданыстағы
заңдарда кеңінен пайдаланбаған болатын. Ал, адвокатураның ұйымдас-тырушылық
–құқықтық формасына байланысты адвокатура қызметіне тоқталар болсақ , яғни
адвокаттар алқасы осы күнге дейін өзінің қоғамдық-құқықтық мәртебесіне ие
бола алмай отыр. Демократиясы дамыған елдерде ол арнайы заңдар бекітіліп,
құқықтық жағдайы нормативтік актілермен бекітілген (АҚШ, Германия, Франция
және т.б.).
1864 жылғы сот жарғысымен (Сот мекемелерін бекіту жарғысы,
Қылмыстық сот өндірісі жарғысы, Азаматтық сот өндірісі жарғысы, Әлемдік
соттар қолданатын жазалар жарғысы ) әділеттілікті жүзеге асырудың тиімді
жүйесі жасалған болатын [6,б.199].
Адвокаттар екі категорияға бөлінді :
Біріншісі, кәсіпқой анттын берген адвокаттардан тұратын корпорация ;
Екіншісі жеке өзі жүзеге асыратын тәжірибелік адвокаттар қызметі .
Патша өкіметінің қазақ даласындағы сот ісін қайта құрудағы
кемшіліктерін сынаған Шоқан Уәлиханов сол кез үшін билер сотын артық
көреді. Ежелгі халықтық билер сотының тарихына егжей-тегжейлі тоқталған ол
сот кұрылымы мен сот ісін жургізуде билер соты мен патша өкіметі енгізген
мировой (бітістіру) соттың айырмашылықтарын атап көрсетеді.Осындай
айырмашылықтарды саралаған Шоқан мировой (бітістіру) сотта көпшілік
жағдайда немқұрайлылық (формальдық) пен төрешілдік (бюрократтық)
белгілерінің басым екендігіне назар аударады. Шоқанның пікірінше "билер
сотының басты артықшылығы немқұрайлылық пен әртүрлі ресми кертартпалықтың
жоқтығы", яғни, "бидің мәні беделге негізделген және бұл атақ сот
практикасына деген патент тәрізді" [7,б.210].
Қазақ даласында сот реформасын жасау үшін халық пікірін білу
мақсатында құрылған комитеттің (төрағасы Сібір облыстық басқармасының
кеңесшісі И. Е. Яценко) жобасын сынаған Шоқан билер сотының бұл жобадан
едәуір әділ екендігіне баса назар аударады. Билер сотының қазақ даласындағы
артықшылығы туралы Шоқан былай деп жазды: "Біздің ойымызша, егер өсіп-
өнудің жоғары сатысы мен төменгі сатысындағы үйлесімділікті, ұқсастықты
ескерсек, мировой соттан билер сотының ең болғанда қазақ, үшін кейбір
айырмашылығы барына таңдануға болмайды. Дәріптеп жіберіпті деп айтудан
жасқанғанымыз болмаса, артықшылығы басым дер едім".
Европаның сол кездегі алдыңғы қатарлы елдеріндегі мировой сот
мекемелеріндегі кемшіліктерді мысалға келтірген Шоқан ағылшын заңгері
В.Блекстон, неміс ғалымы Гнейст және француз заң зерттеушісі Ш.Конттың осы
тақырыптағы ойларын дәлелге тартады. Шоқанның сот реформасындағы
шағымданушының кез-келген биге жүгінуге еріктілігі туралы пікірі нағыз
демократиялық көзқарасты білдіреді. Қазақтың би сотында бұрыннан
қалыптасқан судьяны таңдау еріктілігі туралы идеяны жан-тәнімен қорғаған
ол, "қазақтар соттың төрелікке (Renommer) ие болған бидің кез-келгеніне
жүгінуге ерікті, бұл жағынан қарағанда бізде сырқат адамның медицинаның
беделдісіне қаралуға, ал айыпкердің белгілі адвокатқа сүйенгісі келетіні
сияқты" — деп жазды.
Билер соты қай жағынан алып қарағанда да Ресей өкіметі дайындаған
сот реформасынан әлдеқайда әділдірек, "Дамудың жоғары сатысының төменгі
сатысымен үйлесімділігін ескергенде, шығарылған заңдарға, мысалы мұсылман,
қытай және орыстың правдасына қарағанда, қазақтың әдеттегі құқығының
адамгершілік жағы басымдау". Халық рухына, әдет-ғұрпына және тұрмысы мен
мінезіне жақын келетін заңдар ғана халық үшін тиімді болмақ. Халық сырттан
келген заңға бірден көндіге қоймайды. Халық үшін ең қолайлысы "өзіне етене
таныс, сонымен тәрбиеленіп өсіп-өнген заң ғана болмақ".
Қазан төңкерісіне дейінгі Қазақстанда құқықтық ой-пікірді дамытуға
Абайдың қосқан үлесі зор. Азғырушылар мен көмектесушілердің қылмыстық
жауапқа тартылуының негізін нақтылы айқындап, тиісті жаза қолдану мен
қылмыскердің атақ, дәрежесіне, лауазымына қарамастан жеңіл жазамен
шектелмеуді жан-тәнімен жақтауы - соның айқын дәлелі.
Айтылмыш ереженің 40-бабында осы мәселе өзінің шешімін мынадай мағынада
тапқан: "Ұрлықты ұйымдасыруға түрткі болғандар басқалармен бірдей жазаға
тартылады. Дүре таяғы көбінесе ұрлықтан үлес алған немесе алуға тиісті
ауқатты адамдарға да соғылады.". Байқап қарасақ, Абайдың ойынша жеке адам
заң алдында тең құқылы болып, қоғамға зиянды әрекеттер істегенде де сол
мазмұнмен талап қойылуы француз революциясының 1789 жылы қабылдаған әйгілі
адам және азаматтық құқығының декларациясы бекіткен мынадай бабымен біршама
сабақтас сияқты болып көрінеді. Айталық, онда: "Заң барлығына қамқорлық
жасаған жағдайда, сонымен қатар жазалағанда да бірдей болуы тиіс" деп
көрсетілген [8,б.94].
Бірақ, Абай барлығына да бірдей тең жауапкершілікті қолдай отырып,
ауқаттыларға тән жазасын көбірек қолдануды жақтайды. Мұндай көзқарас қалай
айтсақ та ортағасырлық, дөрекі, жұдырық құқын жандандырумен тепе-тең және
әлеуметтік прогресске барар жолдан бір адым артқа шегінгендік болып
табылатыны сөзсіз. Дегенмен де, қазақ қоғамының сол замандағы тарихи-
әлеуметтік жағдайында тән жазасын ауқаттылар өкілдеріне қолдану практиканың
міндеттерімем тікелей байланысты деп тұжырым жасауға болады. Себебі патша
өкіметінің жергілікті әкімшілігі істеген қылмыстық қимыл-әрекеті үшін
кінәлі болған жағдайда да сот шығарған үкімдерді орындаудан амалын тауып
бас тартып отырған. Абай осы мәселені жақсы түсінген, ауқаттылардың істеген
қылмысына қарай тән жазасын қолдану туралы шығарылған үкімнің тиімді жағы -
дәл сот процесі болған жерде оған дүре соғу, яғни үкімді көпшілік алдында
орындау. Абайдың ойынша, тән жазасын шынжыр балақ, шұбар төстердің
өкілдеріне қолдану - әділ соттың бәріне бірдей екенін халық алдында
дәлелдей түсу болса керекті.
Кеңестік кезеңде адвокаттық қызмет мүлдем өзгеріске ұшырады. Кеңестік
бірнеше заңдар қабылданды. Әсіресе Конституцияның қабылданумен адвокаттық
қызметке де өзгерістер енгізіліп отырды.
Тәуелсіздік алғаннан кейін, Қазақстанда өзіндік қорғау институты –
адвокатура жүйесі мүлдем басқаша жолға түскен болатын.
Қазақстан Республикасының құқық қорғау органдары мемлекеттік,
ұжымдық және жеке меншік құқық түрлеріне қол сұғылмауына, азаматтардың
ар-ожданының қорғалуын қамтамасыз етілуіне , қылмыспен түбегейлі күресуге
және кез-келген құқықбұзушылықтың алдын алуға барлық күштерін салуға
міндетті.
Заң ғылымындағы ең маңызды мәселелердің бірі мемлекеттің құқық
қорғау органдарын қылмысқа қарсы күресте әдіс- тәсілдермен және қолданбалы
құралдармен қаруландыру болып табылады. Бұл мәселенің шешімі көп жағдайда
қылмыстық іс жүргізу ғылымының даму деңгейімен тығыз байланысты болып
келеді. Қылмыспен қарсы күресте қылмыстық іс жүргізу заңнамасын күшейтуде
бұған дейінгі қылмыстық сот өндірісіндегі демократияландыру мен ізгілік
қағидалары қатаң сақталып, сотпен прокурорлық және тергеу тәжірбиесіндегі
даму тенденциясы бұзылмауы тиіс.
Жоғарғыдағы аталғандардың орындалуы үшін қылмыстық іс жүргізу құқығы
нормасын құрайтын адвокатура институын жетілдіре түсуіміз өте қажет. Бұл
өз кезегіде мемлекетіміздің басты қазынасы адам және азаматтың құқықтары
мен бостандықтарын қорғауды елімізде қамтамасыз етудің бірден-бір механизмі
болары сөзсіз.

1.2 Азаматтардың қорғалуының конституциялық кепілдігі

Адам мен азаматтың құқығына кепілдік беретін Негізгі заңның
конституциялық ережелерінің арасында маңызды конституциялық принцип ретінде
қолданылатын білікті заң көмегін алу құқығы ерекше орын алады. Атап
айтқанда, Қазақстан Республикасы Конституциясының 13-бабының 3-тармақ-
тарында әрбір адамның білікті заң көмегін алуға құқықтары бар екендігі
тікелей керсетілген. Ал заңда көзделген жағдайда мұндай көмек тегін
көрсетіледі [9].
Қазіргі уақытта Қазақстанда адам мен азаматтың құқықтарын қорғау
жөніндегі міндеттерді атқаратын әртүрлі мемлекеттік және мемлекеттік емес
органдар, мекемелер мен қоғамдық ұйымдардың бар екендігін атап өткен жөн.
Мысалы, соттар, прокуратура, ішкі істер, әділет органдары жоғарыда аталған
құқық қорғау міндеттерін бір-бірімен тығыз байланыс жасай отырып атқарады.
Алайда, осы міндеттерді табысты жүзеге асыру адвокатура сияқты қоғамдық-
құқықтық институтсыз мүмкін емес. Қазақстандық заңнамада адвокатура ешбір
жерде қүқық қорғау органы ретінде көрсетілмесе де, ол іс жүзінде құқық
қорғау қызметі міндетін атқарады. Әдетте, құқық қорғау қызметі ретінде біз
азаматтар мен ұйымдардың құқығын қорғауды мақсат ететін және заңға сәйкес
заңдық әсер ету шараларын қолдану жолымен арнайы мемлекеттік органдар
жүргізетін және олар тәртіп мүлтіксіз сақталатын қызметті түсінеміз.
Сөйтіп, азаматтардың білікті заң көмегін алу құқығын қамтамасыз етуге
тиісті құқық қорғау жүйесінде адвокатураға маңызды орын беріледі.
Адвокатураның негізгі ұйымдық-құқықтық нысаны адвокаттар алқасы - білікті
заңгерлердің кәсіби ұйымы. Оның міндеті жеке және заңды тұлғаларға заң
кемегін керсету, құқықтар мен заңды мүдделерді, заңдылықты сақтау мен
нығайтуға, сондай-ақ заңдарда кезделген кейбір өзге, міндеттерді атқаруға
жәрдемдесу болып табылады. Адвокаттар алқасы адвокатураның шынайы өзін-өзі
басқаруын, адвокаттардың кәсіби шеберлігін, олардың құқықтық және
әлеуметтік қорғалуын қамтамасыз етуге көмектеседі [10].
Жеке адамның құқығын қандай да бір қол сұғушылықтан қорғау, заңдылық
үшін күрес және сот төрелігіне көмектесу - адвокаттық қызметке үлкен саяси-
әлеуметтік маңыз береді.
Адвокатураның өзіне жүктелген мақсаттар мен міндеттерді қаншалықты
тиімді атқаратындығы белгілі бір дәрежеде әрбір азаматтың рана емес, сондай-
ақ жалпы қоғамның құқықтық қорғалу дәрежесіне де байланысты.
Әрбір азамат заңға қайшы емес барлық әдістермен, соның ішінде адвокатқа
- заңгерлік білімі және азаматтар мен ұйымдарды қорғау мен вкілдік ету
бойынша қажетгі дағдылары бар кәсіби заңгерге өзінің жүгіну құқығын
пайдалана отыра, сотта өз құқықтары мен бостандықтарын қорғауға құқылы.
Адам мен азаматтың құқығы мен еркіндігін түбегейлі жүзеге асыру, олар
істі қисынды және жете біле отырыл қорғалған жағдайда ғана ықтимал. Мұндай
қорғауды екінің бірі жүргізе алмайды. Бұл жағдайда заңдарды жақсы білумен
қатар нормативтік құқықтық актілердің қолданылу практикасын білу, құқық
қорғау органдарында іс жүргізу тәжрибесі талап етіледі. Басқаша айтқанда,
тиімді көмекті керсету үшін білікті маман қажет. Азаматтар, әдетте,
заңнаманыц негізгі қағидаларын біледі, ал субъектілік құқықтарды қорғау
үшін терең білім мен заңдарды қолдану тәртібін білу талап етіледі. Бұл үшін
адвокаттардың көмегіне жүгінуге тура келеді. Адвокат - ол өзінің заң білімі
мен практикалық тәжірибесін заң көмегін көрсету кезінде пайдаланатын
біліктілігі жоғары кәсіпқой.
Білікті заң көмегін алу құқығын конституциялық принцип деңгейіне көтеру
аса маңызды мән-жайдан туындайды. Өйткені тұлғаны заң көмегін алу құқығынан
айыру кемсітушілікке, айтарлықтай шектеуге, ал кейде азамат пен қоғамды
орны толмас залалға алып келеді. Конституцияның Қазақстанның бүкіл
аумағында міндетті күші мен тікелей пәрмені болғандықтан заң көмегін алу
құқығын қосымша баянды ету міндетті емес қолданыстағы кодифицияланған
актілерде бұл құқық көрсетілген): кез келген мемлекеттік орган, лауазымды
тұлғалар, адвокаттардың өздері және азаматтар осы конституциялық нормадан
туындайтын міндеттер мен өкілеттіктер туралы біледі.
Қазіргі қоғамда адвокатура институтының тиімді жүмыс істеуі заңдылықты
сақтауы мен жеке адамның құқығын қорғауға өз әсерін тигізеді. Сондықтан
адвокат қызметі нақты азаматтың немесе ұйымның мүддесіне де, сондай-
ақ мемлекет пен қоғамның құқықтық мүддесіне де сай келеді. Бұны соңғы
уақытта көпшілік сезінді, соңдықтан адвокатураға қоғамдағы көзқарас баяу
болса да өзгеріп келеді. Адвокат мамандығының беделі өсіп келеді.

Адвокаттар алқасы заң көмегін көрсететін негізгі орган, алайда ол
бірден-бір орган емес. Құқықтық жүйеде азаматтарға заң көмегін көптеген
ұйымдар мен тұлғалар (заң фирмалары, заң кеңесшілері, қүқықтық мәселелер
женіндегі кеңесшілер, ақылы заң көмегін көрсету үшін лицензиясы бар жеке
тұлғалар және т.б.) маңызды рөл атқарады. Мысалы, заң фирмаларының қызметі
азаматтар мен ұйымдарға адвокаттық қызметпен байланысты емес ақылы қызмет
көрсету бағытталып, тиісті лицензия негізінде жүргізіледі.
Сонымен қатар кәсіподақ мүшелері кәсіподақ кеңестерінің заң
консультациясы көрсететін көмекті тегін пайдалана алады. Азаматтар белгілі
бір заң көмегін өздері жұмыс істейтін ұйымдардың, оның ішінде меншік нысаны
әртүрлі кәсіпорындар мен мекемелердің заң кеңесшілерінен алады. Кәсіподақ
кеңесшілері заң көмегін көп жағдайда кеңес беру және еңбек заңнамасы
бойынша құжаттарды толтыру арқылы көрсетеді. Бұл жағдайда заң кеңесшісінің
жүмысы, ең алдымен, өз ұйымы мен оның мүшелеріне көмек көрсету түрінде
жүргізіледі, ал кез келген азамат немесе ұйым олардан толық көмек ала
алмайды. Сондықтан адвокаттардың заң көмегінің маңызы мен пәрменінің орны
ерекше.
Адвокаттардың негізгі қызметіне жоғарыда аталған міндеттермен қатар
өзіне өтініш жасаған тұлғалардың құқықтары мен заңды мүдделерін қорғаудың
қолданыстағы заңнамада қарастырылған барлық құралдар мен әдістерін
пайдалана отырып көрсететін заң көмегінің сан алуан түрлері кіреді. Бұл
жағдайда кәсіби қорғаушы ретінде қылмыстық процеске тек қана адвокаттар
жіберіледі. Конституцияда айтылған білікті заң көмегін кәсіби негізде
көбінесе тек адвокаттар ғана көрсете алатындыры осыдан келіп шығады.
Конституцияның білікті заң көмегін алуда азаматтар мен ұйымдарға кең
және тең мүмкіндік беретіндігін атап өткен жөн. Конституциялық нормаларға
сүйене отыра, Адвокаттық қызмет туралы 1997 жылдары 5 желтоқсандары
Қазақстан Республикасы заңында адвокаттардың шешілімі кәсіби заң білімін
қажет ететін мәселелер бойынша консультациялар, түсіндірмелер, кеңестер мен
жазбаша қорытындылар беретіндігі; талап қою арыздарын шағымдар мен басқа да
құқықтық сипаттағы құжаттарды жасайтындығы; қылмыстық және азаматтық істер
мен әкімшілік құқық бұзушылық істерге қатысты азаматтар мен ұйымдарға өзге
де заң қызметін көрсететіндігі тікелей айтылған [11].
Халықтың құқықтық мәдениеті деңгейінің өсуіне орай адвокаттарға өтініш
жасаушылар саны үнемі артуда. Осындай өсу көрсеткішінің бірі ретінде
Қазақстанда қазіргі уақытта адвокаттардың он алты аумақтық адвокаттық
алқасы заң көмегін көрсететіндігін атап етуге болады. Адвокаттар алқасы
құрамында филиалдары бар 176 қалалық және аудандық заң консультациялары
және 217 адвокат кеңсесі жұмыс істейді, мұндағы адвокаттардың жалпы саны
2475 адам [12].
Адвокатураға қызмет мазмұны мен міндеті бойынша жақын, заң көмегін
көрсететін өзге де ұйымдар тартылуда. Бұл үрдіс соңғы жылдары қанат жая
бастады. Олар өзіне азаматтар мен заңды тұлғаларға ақылы заң қызметін
көрсету міндетін алатын, адвокаттық қызметпен байланысты емес қызметтер
көрсететін фирмалар мен өзге де кәсіпкерлік субъектілер.
Осыған байланысты заң көмегін құқық көмегінен ажырата білу керек.
Осылайша, Қазақстан Республикасының басқа елдермен жасаған халықаралық
шарттарына сәйкес құқықтық көмек - бұл сот, әділет және тергеу органдарының
екі немесе бірнеше мемлекет жасаған шарттар негізінде бір-біріне азаматтық,
отбасылық және қылмыстық істерді шешу үшін жәрдемдесу жөніндегі қызмет.
Құқықтық көмек туралы шарттардың мақсаты - бір мемлекет азаматтарының
басқа мемлекет аумарындары жеке мүліктік және мүліктік емес құқықтарды өз
ара мойындауы мен сақтауын қамтамасыз ету .
Өз кезегінде заң көмегі өз мазмұны бойынша құқықтық көмекке қарағанда
іс әрекеттердің өзге кең шеңберін қамтиды. Олардың арасында: қажетті
нормативтік құқықтық актіні іздеуге жәрдемдесу; оның мәнін түсіндіру;
өтінішті немесе қолдаухатты я болмаса өзге құжатты құрастыруға көмектесу;
заң көмегін көрсету үшін заттарды, құжаттар мен мәліметтерді жинау және
тапсыру; туындаған мәселені аса тиімді шеше алатын органды анықтау; сотта
немесе өзге органда уәкілдік ету; қылмыстық іс бойынша немесе әкімшілік
жауапкершілікке байланысты қорғауды жүргізу және т.б.
Халықтың білімі мен мәдениетінің жалпы деңгейінің артуы, олардың саяси-
әлеуметтік тәжірибені алуы, демократияның дамуы және оның принциптерін,
атап айтқанда, адам мен азаматтың құқықтарын және бостандығын қорғауды
насихаттау және басқа да жәйттардың барлығы адвокатура сияқты маңызды
құқықтық институтқа қойылатын талаптың көтерілуін туындатты. Бұл бағытта,
тәжірибе көрсетіп отырғандай, тәуелсіз, арнайы құрылған, өзін-өзі
басқаратын кәсіби заңгерлердің ұйымы - адвокаттар алқасы, - өз қызметін
барынша тиімді және сапалы жүргізеді [13].
Адвокатура өзінің маңызы мен орны бойынша мен мемлекет тарапынан да
басқа мемлекеттік құқық қорғау органдары сияқты өзіне соншалықты назар
аударуды талап етеді, өйткені заң адвокаттан өзіне заң көмегін керсетуді
сұраған әрбір адамның конституциялық құқығы мен мүддесін толық, обьективті
және білікті қорғауды талап етеді. Әңгіме бұл арада адвокаттардың
пайдакүнемдік жеке мүдделлері туралы емес, қайта өтпелі кезеңдегі қоғам
үшін де, азаматтар үшін де көкейтесті заңдылық пен құқық тәртібін сақтау
мен нығайту мәселелері туралы болып отыр. Нақ осыған байланысты,
демократиялық және құқықтық мемлекетті құру адвокатураның релін ескере
отыра, ҚР Президенті Н. Назарбаев өзінің Қазақстан халқына жолдауында құқық
қорғау механизміндегі адвокатураның рөлін күшейту жөнінде пәрменді шаралар
қабылдау қажеттігін айрықша атап көрсетті .
Сөйтіп, адвокаттар кәсіби қызметінің мазмұны нақ осы заң көмегін
көрсету болып табылады. Адвокат көрсететін заң көмегі - консультациялар,
түсіндірмелер беру, талап арыздарын, шағымдар, қолдаухаттар мен құқықтық
сипаттағы өзге құжаттарды жасау және құқықтық сипаттары өзге де құжаттарды
талап ету, сондай-ақ одан басқа да іс-әрекеттерді белсенді жасау жолымен
азаматтар мен ұйымдардың құқықтары мен мүддесін қорғаудың барлық заңды
құралдары мен әдістерін пайдалану болып табылады .
Адвокатураның ұйымдастырылуы мен қызметін жетілдіру - Қазақстан
Республикасының Конституциясында жарияланған құқықтық және демократиялық
мемлекет құру жолындағы маңызды міндеттердің бірі. Жеке және заңды
тұлғалардың құқықтарын, бостандықтарын және заңды мүдделерін қорғауды
жүзеге асыру кезінде білікті заң көмегін көрсетуді қамтамасыз ететін
қолданыстағы құқықтық жүйе жалпы тәуелсіз адвокатураның болуын
көздейтіндіктен оның бұдан әрі жетілу және даму болашағы бар. Бұл үшін
конституциялық негізде адвокатура институтының елімізде дамуына бірінші
кезекте, құқықтық базасын толыққанды жетілдіруіміз керек. Екінші кезекте
адвокаттардың өкілеттіктерін кеңейту керек, яғни басқа құқық қорғау
органдарымен тең дәрежедегі мәртебесін қалыптастыруымыз өте қажет.

1.3 Адвокатураның міндеттері және өкілеттіктері

Адвокатура қызметі , сөз жоқ, құқық қорғауға жатады. Ол Қазақстан
Республикасының Конституциясы мен 1997 жылғы 5 желтоқсандағы Адво-каттық
қызмет туралы Заңның негізінде жүзеге асырылады, кәсіпкерлікке жатпайды,
өйткене негізгі мақсаты ретінде пайда табуды көздемейді және мыналарды :
қылмыстық істер бойынша қорғауды ; азаматтық, әкімшілік, қылмысытық және
басқа да істер бойынша өкілдікті ; сондай-ақ азаматтар мен заңды тұлғаларға
өзге да заңгерлік көмек көрсетуді алға қояды.
Мәселен, ол консультациялар, түсіндірулер, кеңестер беруден , кәсіп-
қойлық білімді талап ететін мәселелер бойынша жазбаша тұжырымдамалар
жасаудан, талап арыздарын, шағымдарын, құқықтық сыйпаттағы өзге де құжаттар
жазудан , жеке және заңды тұлғаларға анықтау органдарына , алдын-ала
тергеуде, соттарда , мемелкеттік және өзге де органдарда, ұйымдарда және
азаматтармен қарым-қатынаста уәкіл болудан және оларды қорғаудан көрінеді .
Адвокатураны ұйымдастыру және оның қызметі мынадай принциптерге
сәйкес құрылады: адвокаттардың өз қызметін іске асырудағы тәуелсіздігі; бұл
қызметті заңдармен тыйым салынбаған әдістермен және жолдармен жүзеге асыру;
тікелей заңдық актілерде қаралған жағдайларды есептемегенде, прокуратура,
соттар, анықтау және алдын ала тергеу органдарының өзге де ұйымдар мен
лауазымды адамдардың адвокаттар қызметіне араласуына жол берілмейтіңдігі;
кәсіпқойлық мінез-құлық нормаларын сақтау және адвокаттық құпияны сақтау
[14].
Адвокаттар қызметі заңмен кепілденеді және ол мемлекеттік органдардың,
қоғамдық бірлестіктердің және лауазымды адамдардың адвокаттар қызметіне
төте немесе жанама түрдегі қандай да болмасын араласуға үзілді-кесілді
тыйым салынатындығының көрінісін табады. Өзінің кәсіптік міңдеттін іске
асыруға байланысты мәлім болған жағдайлар бойынша адвокаттан куә ретінде
жауап алуға тиым салынады. Адвокаттардан және олардың ұйымдарынан, заңда
бекітілген жағдайларды есептемегенде, белгілі бір адамға көмек көрсетуге
байланысты қаңдай да болмасын мәліметтер беруді талап етуге, сондай-ақ
адвокаттың құжаттарын және адвокаттан басқа іс жүргізу материалдарын
қарауға, алуға, алып тас-тауға және тексеруге рұқсат етілмсйді. Адвокатты
өзінің заңгерлік көмек көрсететін адамымен теңестіруге, қорғайтын адамымен
жеке кездесуге рұқсат беруден бас тартуға тыйым салынған. Анықтау, алдын
ала тергеу және сот органдары адвокаттың іске қатысқан сәтінен бастап, оның
қорғауындағы күзетке алынған адамның ісі аяқталғанға дейін іске қатысуға
жіберілетіндігі жөніңде дереу жазбаша растау беруге міндетті [15].
Заңгерлік жоғары білімі бар, заңгерлік мамандық бойынша жұмыс стажы 2
жылдан кем емес, адвокаттық қызметті іске асыруға құқық беретін лицензиясы
бар және адвокаттар алқасының мүшесі болып табылатын Қазақстан
Республикасының азаматтары адвокат бола алады.
Қасақана жасаған қылмысы үшін сотталған белгіленген тәртіп бойынша
әрекет жасауға қабілетсіз немесе әрекет қабілеттілігі шектеулі деп танылған
адвокаттар алқасынан шығарылған, сондай-ақ тәртіптік теріс қылықтары үшін
құқық қорғау оргаңдарынан шығарылғанына бір жыл өтпеген күннен бастап
адамдар адвокат бола алмайды.
Адвокаттың өкілеттігін жүзеге асырарлықтай жеткілікті құқықтары
бар. Мәселен ол кез-келген заңды немесе жеке тұлғаға қайтарымды немесе
қайтарымсыз негізде кез келген заңгерлік көмек көрсете алады. Сонымен бірге
қорғауға және өкілдікке байланысты заңгерлік көмек ақысынын және
шығындардың орнын жабудың мөлшері тараптардың келісімі бойынша белгіленеді.
Заңда қарастырылған жағдайда, көмек көрсету және шығыңдар ақысы
республикалық бюджет немесе өз есебінен төленеді, Мәселен,
адвокаттың қатысуы міндетті болып есептелетін істер бойынша және
қорғаудағы адамның қаржысы болмаған жағдайда, ақы анықтау, алдын ала тергеу
органдарының қаулысы немесе сот шешімі бойынша төленеді. Адвокаттар алқасы
немесе адвокат кеңсесі есебінен адвокат өз сенім білдірушілеріне олардың
өтініштері бойынша мынадай қызметтер көрсетеді: бірінші буын соттарында
талап иелеріне алимент өндіріп алу жөнінде, асыраушының өліміне байланысты
залалдың, жұмысқа байланысты жарақаттың немесе денсаулыққа түскен басқа да
зақымданудың орнын толтыру жөнінде; Ұлы Отан соғысына қатысушыларға және
соларға теңестірілген адамдарға, мерзімдік қызметтегі әскери
қызметкерлерге, 1 және 2 топ мүгедектеріне, жасы ұлғайған зейнеткерлерге,
егер кәсіпкерлік қызметпен байланысы болмаса, консультация берген кездерде;
азаматтарға ақтау мәселелері бойынша консультация берген кездерде.
Адвокаттарға сондай-ақ мынадай процессуальдық құқықтар берілген:
- тиісті мәселелерді. шешу құзырына жататын барлық мемлекеттік органдарда
және мемлекеттік емес ұйымдарда, барлық соттарда заңгерлік көмек сұраған
адамдардың құқықтары мен мүдделерін қорғау;
- барлық мемлекеттік органдардан және мемлекеттік емес ұйымдардан заңгерлік
көмек көрсетуне кажстті мәліметтер сұрастыру және дәлелдемелер ұсыну;
- процессуалдық -құжаттарды, тергеу және сот істерін қоса есептегенде,
көмек сұраған адамдардың материалдарымен танысу және ондағы ақпаратты заң
актілерінде тыйым салынбаған кез-келген әдіспен көрсете білу;
- іске кіріскен кезден бастап өз қорғауындағы адаммен құпиялықты қамтамасыз
ететін жағдайларда қанша рет және қанша уақытқа созылатынына қарамастан
қалағанынша кездесу;
- заңгерлік көмек көрсетуге және ғылым, техника, өнер және өзге де арнайы
білімді қажет ететін қызмет салаларына байланысты туындайтын мәселелерді
түсіндіру үшін, келісім негізінде мамандардан тұжырымдама сұрау;
- әділет, прокуратура, анықтау, алдын ала тергеу және сот органдарының
лауазымды адамдарының, сондай-ақ басқа да көмек сұраған адамдардың
құқықтары мен заңды мүдделеріне қысым жасаған лауазымды адамдардың іс-
әрекеттеріне қарсы қолдаухат мәлімдеу, белгіленген тәртіп бойынша шағымдар
түсіру;
- мемлекеттік жасырын сырлары бар ақпаратпен, сондай-ақ әскери,
коммерциялық қызметтік мәні бар мәліметтермен және де, егер анықтау, алдын
ала тергеу орындарында және сотта заңда қарастырылған актілер тәртібімен
қорғануды немесе уәкілдікті қамтамасыз ету қажет болған жағдайда, өзге де
заңмен қорғалатын құпиялармен танысу;
- заңгерлік көмек сұраған адамдардың құқықтары мен заңды мүдделерін
қорғайтын заңмен тыйым салынбаған барлық амалдар мен әдістерді қолдану,
сондай-ақ заңға қайшы келмейтін өзге де әрекеттерді жүзеге асыру [16].
Белгіленген рұқсат режимине сәйкес, адвокаттың мемлекеттік органдар,
сот-тар, прокуратуралар, анықтау, алдын ала тергеу оргындары орналасқан
мекемелерге, күзетпен ұсталғандар, тұтқындалғандар және жазасын өтеп
жатқанда орналасқан орындарға кіруге кұқығы бар.
Осындай құқықтарына қоса адвокаттың мынандай міндеттері бар:
- заңдардың талаптарын орындау, адвокатура ұйымдары мен қызметінің
принциптерін басшылыққа алу;
- егер көмек сұрап келіп отырған адамның мүдделері бұрын заңгерлік көмек
көрсетілген немесе отырған адамдардың мүдделеріне қайшы келген жағдайда
(тараптардың өзара келісімі бойынша делдал ретінде қатысуды есептемегенде)
немесе іске судья, прокурор, анықтау жүргізуші тергеуші , сараптаушы,
маман аудармашы, куәгер , жәбірленуші немесе куә , азаматтық талап иесі
немесе азаматтық жауап беруші ретінде қатысқан жағдайда , заңгерлік көмек
көрсету тапсырмасынан бас тарту ;
- көмек сұрап келеген адамның жағдайын ауырлататын құқықтық позиция
ұстауға қақысы жоқ ;
- қылмыстық іс бойынша қабылданған тапсырмадан жалтаруға қақысы жоқ және
қорғанушының немесе адвокаттың өзінің пікірінше үкім әділ шешілмеген
жағдайда , оған белгіленген тәртіп бойынша шағым беруге міндетті ;
- мемлекеттік қызметке тұруға, кәсіпкерлікпен айналысуға, оқытушылық
ғылыми немесе шығармашылық қызметтерді есептемегенде, басқа да ақы
төленетін жұмыстарды атқаруға құқығы жоқ ;
- адвокатқа өтініш жасау арқылы құралатын фактілерден тұратын, көмек сұрай
келген адамның ауызша және жазбаша келіс сөздерінен туындайтын мәліметтерді
қамтитын ақпарат туралы адвокаттық құпяны, көмек сұрай келген адмның.
мүддесі үшін жасалған әрекеттердің сыйпаты мен нәтижелерін, сондай-ақ
заңгерлік көмек көрсетуге қатысты өзге де мәліметтерді құпия сақтауға
міндетті [17,б.327].
Адвокатура - азаматтар мен заңды тұлғаларды құқықтық жағынан қорғау
жөнінде арнайы өкілеттігі бар кәсіпқой заңгерлердің қауымдастығы және
адвокаттық қызмет туралы заң шеңберінде әрекет етеді. Адвокат қызметін
барынша дұрыс ұйымдастыру мақсатымен, сондай-ақ өз құқықтары мен заңды
мүдделерін қорғау үшін, адвокатгар кәсіпқой, тәуелсіз, коммерциялық емес,
өзін-өзі басқаратын және өзін-өзі қаржыландыратын ұйымдардан тұратын
алқалар құрады. Адвокаттар алқалары облыстар, республикалық мәні бар
қалалар, астана аумағында бір-бірден құрылады. Оның негізгі міңдеттері —
бірлесіп жұмыс істеу, материалдық-техникалық, анықтамалық-ақпараттық
қамтамасыз ету, кәсіпқойлық көмек және алқа мүшелерін қорғау, олардаң
қызметіне білікті бақылау қою, заңгерлік тегін көмек көрсетуді ұйымдастыру
және азаматтарды қорғау [18,б.7].
Мыналарды адвокаттар алқасының органдары болып есептеледі :
1) Жоғарғы орган- алқа мүшелерінің жалпы жиналысы (конференция) ;
2) атқарушы орган - президиум;
3) бақылаушы орган — тексеру комиссиясы.
Жалпы жиналысты (конферещияны) тексеру комиссиясы төрағасының талап
етуімен немесе мүшелер санының төрттен бірінің даусымен президиум жылына
кем дегенде бір рет шақырады. Ол адвокаттар алқасы қызметінің кез-келген
мәселесін шеше алады, оның ішінде: жарғы қабылдау және оған өзгерістер
енгізу; атқарушы, бақылаушы жөне басқа органдарды сайлау және олар туралы
ережені бекіту; алқа органдары басшыларының және басқа қызметкерлердің
есебін тыңдау; алқа мүлкіне ие болу тәртібін орнату; мүшелік жарна
ставкаларын белгілеу; алқа органдары басшыларының және басқа
қызметкерлердің шешімдеріне адвокаттардың шағымдарын қарау; алқа басшылары
мен қызметкерлсрін мерзімінен бұрын кері шақырып алу.
Жалпы жиналыс (конференция) адвокаттар алқасы мүшелерінін үш-тен екісі
жиналғанда немесе тиісінше конференциянын сайланған делегаттар құрамы
жиналған жағдайда шешімдер қабылдауға құқылы.
Адвокаттар алқасынын президиумы және оның төрағасы жасырын дауыспен
төрт жылға сайланады. Алқа президиумы, тек жалпы жиналыстың
(конференцияның) құзырына жататын алқа қызметінің мәселелерін шешеді.
Мәселен, жеке және заңды тұлғаларға заңгерлік көмек көрсету жөніндегі алқа
ұйымдастырады; жалпы жиналыс (конференция) шақырады және оның шешімдерін
орындауды ұйымдастырады; адвокаттардың кәсібі көсібі жөне өзге де
құқықтарын қорғайды ; адвокаттар алқасына мүше қабылдауды және одан
шығаруды іске асырады, стажерлар даярлауды ұйымдастырады; адвокаттардың
үстінен түскен шағымдарды тексеру жұмыстарын жүргізеді; тәртіптік теріс
қылықтар туралы материалдарды қарайды және жауапты адамдарға тәртіптік
жазалар қолданады; адвокаттар аттестациясын өткізу және олардың кәсіптік
біліктілігін арттыру жөніндегі жұмыстарды ұйымдастырады; алқа қаржысына
иелік етеді; бухгалтерлік есеп, қаржылық және статистикалық есептілікті, іс
жүргізуді ұйымдастырады.
Президиум төрагасы адвокаттар қатарынан сайланады. Ол өзіне жалпы
жиналыс және алқа Жарғысы жүктеген өкілеттіктерді жүзсге асырады.
Тексеру комиссиясын және оның төрағасын жалпы жиналыс төрт жыл
мерзімге сайлайды. Ол адвокатгар алқасын қаржы-шаруашылық қызметіне тексеру
жүргізеді, Заңгерлік консультацияларын, адвокаттар кеңселерінін, соңдай-
ақ жеке жұмыс істейтін адвокаттардың қаржы қызметін тексереді.
Адвокаттар алқасының мүшелері өздерінің құқықтары мен міндеттері
жағынан тең. Олардың: алқа тарапынан қолдау және қорғау көруге; алқа
органдарының құрамын сайлауға және сайлануға, алқа қызметіне белсене
араласуға (мәселелер қоюға, ұсыныстар енгізуге, талқылаулар мен
тексерулерге қатысуға, құжаттармен танысуға); алқа мүліктерін пайдалануға;
кез келген уақытта алқа құрамынан шығуға құқықтары бар.
Алқа мүшелері; алқа Жарғысының талаптарын орындауға; жалпы жиналыс пен
оның органдарының шешімдерін орындауға; мүшелік жарналар төлеуге міндетті.
Алқа мүшелері заңдар мен Жарғыны бұзғаны үшін тәртіптік жауптылыққа
тартылады. Тәртіптік жаза шараларын, оларды қолдану, алу және шағымдану
тәртібін адвокаттар алқасының Жарғысы белгілейді. Алқа президиумы мынадай
жағдайларда адвокат алқа мүшелігінен шығаруға құқылы:
- адвокаттық қызметпен айналысу құқығы үшін берілетін лицензия қайтарып
алынғанда немесс күшін жойғаңда; адвокатура қызметінің өз міндеттерінің
принциптерін қайта-қайта немесе бірнеше дүркін өрескел бұзған жағдайда;
- біліктілігінің жетіспеуі салдарынан адвокаттың өз көсіптік міндетін
атқара алмайтындығы белгілі болған жағдайда;
- мүшелік жарналарын үнемі төлемеген жағдайда;
- кәсіпкерлікпен, сондай-ақ өзге де ақы төленетін қызметпен айналысқан
жағдайда;
- өз еркімен бас тартқан жағдайда;
және Жарғыда қарастырылған басқа жағдайларда. Адвокаттар өз қызметін
заңгерлік консультациялар, адвокаттық кеңселер, сондай-ақ заңды тұлғаны
тіркеместен жеке дара жүзеге асырады.
Заң консультацияларының заңды тұлғлар мәртебесі болмайды және
адвокаттар алқасының құрылымдық бөлшектері (филиалдары) болып табылады.
Оларды президиумдар құрады және адвокаттар алқасы жалпы жиналысы
(конференциясы) қабылданған ережелер негізінде әрекет етеді.
Консультацияларға адвокаттар президиумдары тағайындайтын меңгерушілер
басшылық етеді.
Адвокаттық кеңсе мекеме нысанындағы коммерциялық емесе ұйым болып
есептеледі. Оны адвокаттар материалдық, ұйымдық-құқықтық және адвокат-
тардың заңгерлік көмек көрсетуін қамтамасыз ететін өзге да жағдайлар жасау
мақсатымен құрылады.
Адвокаттар қызметі лицензияланады. Лицензия аттестациялық
комиссияға аттестациялық емтиханын тапсырған жағдайда беріледі. Ол басты,
тұрақты құжат болып табылады және Қазақстан Республикасының барлық
аумағында күші болады.
Лицензияның күші мынандай жағдайларда тоқтатыла тұрады :
- адвокат мемлекеттік қызметке кірген кезеңде;
- Парламент депутаттығына сайланған (тағайындаған) жағдайда;
- мерзімдік әскери қызметте болған кезеңде;
- адвокаттық мүшелік жарналарды үнемі төлемеуі салдарынан немесе Жарғыда
қарастырылған өзге де негіздер бойынша адвокаттар алқасынан шығарылған
жағдайда.
Лицензия әділет органдарының талабы бойынша сот тәртібімен мына
жағдайларда кері қайтарылып алынуы мүмкін : адвокаттық ұйым және адвокатура
қызметінің принциптерін өрескел бұзғаны және өз міндеттерін әлденше рет
орындамағаны үшін ; біліктілігінің жетіспеуі салдарынан адвокаттың өзінің
кәсіптік міндеттерін орындай алмайтындығынан (тек қана адвокаттар алқасының
ұсынуы бойынша).
Сот шешімімен лицензия мына жағдайларда күшін жояды :
- белгіленген тәртіп бойынша адвокатты әрекет қабілеті жоқ немесе әрекет
қабілеті шектеулі деп танығанда ;
- адвокат қасақана жасаған қылмысы үшін сотталғанда;
- лицензия қайтарып алынғанда.
Адвокат лицензиясы ол Қазақстан Республикасының азаматтығынан шық-
қан кезде де күшін жояды. Әдебиетте "шындыққа қол жеткізу" терминінің
заңдылығына қатысты пікірлер де орын алды. Жекелеген авторлар қылмыстық
процесте шындыққа қол жеткізілмейді, дұрысында анықталады деп есептеді. Осы
еңбектің авторына мұндай түрдегі түзету елеусіз сияқты көрінеді, дегенмен
шындықтың мақсат екендігін назарға алатын болсақ, онда мақсат ретінде ол
анықталмайды, керісінше қол жеткізіледі. Егер де Қазақстан Республикасы
ҚІЖК-нің 24-бабының 3-бөлігінде орын алғанындай "қылмыстық істер бойынша
ақиқатты анықтау үшін қажетті шаралар қолдануды" талап ететін болсақ, онда
мақсатқа түзілімнің немесе тіпті міндеттің мағынасын беруден бас тартқан
қисынды. Құқықтық мағынасына зиян келтіре отырып, істің лексикалық жағына
баса назар аудару тіпті күтпеген қорытындыларға әкеліп соғуы мүмкін
(мәселен, шындық категориясын мақсат емес, тәсіп деп қарау, мұның өзі
дәлелдеу қисынына қайшы келеді). Процессуалдық дәлелдеудегі шындық мазмұны
туралы ғылыми пікірталастар қызығушылық туғызуда, Мәселен, И. Я. Дюрягин
қылмыстық-құқықтық баға беру объективтік шындықтың мазмұнына енбейді деп
есептейді [19,б.27].
Оған керісінше Н. А. Пьянов уәкілетті адамның (органның) бағалау
қызметінің таным процесімен генетикалық өзара байланысытуралы ережені
сенімді түрде дәлелдейді. Бағалау қызметі әрекетті бағалаумен қатар жүреді.
Сондықтан, бағалау-қылмыстық процестегі объективті шындықтың ажырамас
бөлігі болып табылады. 60-шы жылдардың басында "материалдық шындық"
терминінің орындылығы туралы мәселе талқыланды. Оны қылмыстық-процессуалдық
ғылымға енгізу барысында кеңес құқығындағы шындық ұғымын буржуазиялық
құқықтағы формальды шындық ұғымынан шектеуге байланысты болғандығын айту
қажет. Осы заманғы ғылым "объективтік шындық" ұғымын жиі қолданады,
дегенмен, бұл орайда "объективтік шындық" және "материалдық шындық"
ұғымдарының мағыналық бірлігін жалпы көпшілік мақұлдаған деп есептелінеді
[20,б.7].
Жалпы М. С. Строгович, В. В. Лазарев, С. С. Алексеев, П. Ф.
Пашкевич, П. С, Элькинд М.А. Чельцов, П.А.Лупинская, И.Д.Перлов,
Л.Т.Ульянова және т.б. ғалымдардың еңбектерін ерекше айтуға болады [21].

1.4 Адам құқықтарын қорғаудың қазақстандық үлгісі

Адам құқықтарын қорғау жөніндегі заңдар осыдан тура 56 жыл бұрын
1948 жылы 10 желтоқсанда БҰҰ Адам құқықтарының жалпыға ортақ декларациясын
қабылдаған болатын [22].
Содан бері ол өзін дамудың демократиялық жолындамын деп есептейтін
барлық мемлекеттің халықаралық деңгейде назар аударатын басты құжаттарының
біріне айналды. Есімізде 1970-1990 жылдары Кеңес Одағына тағылған басты
айыптардың бірі адам құқықтарына нұқсан келтіруге байланысты болатын.
Кеңестік жүйе адам құқықтарын аяусыз аяққа таптайтын қоғам ретінде
суреттелетін. Яғни адамдар өздерінің шынайы ой-пікірлерін ашық айта
алмайды, және бір партиялық жүйе тыныс алдыртпай өкпеден қысып тұрады,
еркін пікір қудаланады, сөз бостандығы жоқ, сондай-ақ демократияның нышаны
да көрінбейді деп жататын [23,б.322].
Тәуелсіздігіміздің бүгінгі биігінен көз салсақ сол пайымдауларға
мүлде басқаша көзқарас пен қарайсың адам құқықтарының жалпыға ортақ
декларациясы кеңестік кезеңде оған Кеңес Одағы қол қойғанына қарамастан
қырық жылдан астам уақыт құпия ұсталып жарияланбай келген болатын. Алғаш
рет оның орысша нұсқасы 41 жылдан соң Известия газетінде басылды. Көп
ұзамай бұл аса маңызды құжат қазақ тіліне аударылып, 1990 жылы Мәдениет
және тұрмыс журналының № 3, санында, Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесінің органы-
Халық кеңесі апталығының 1990 жылғы 24-сәуіріндегі 1-са-нында, Заң
газетінің 1994 жылғы 3 қарашадағы 1-санында жарияланды [24,б.8].

Декларацияның басты қағидалары мынандай –барлық адамдар өмір сүруге
құқылы, және барлық адам заң алдында бірдей. Алайда осындай қарапайым
қағидалардың ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Адвокатураның мақсаттары мен қызметінің нысандары
Адвокатураның дамуы мен құрылуы
Адвокатура және адвокаттық қызметтің түсінігі және ұйымдастыру қызметінің негізгі қағидалары
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДАҒЫ АДВОКАТУРА ЖӘНЕ АДВОКАТТЫҚ ҚЫЗМЕТ
Адвокатура қызметінің құқықтық мәртебесі
Адвокаттар алқасы мүшелерінің құқықтық жағдайы
Адвокаттар алқасы мүшелерінің құқықтық мәртебесі
Адвокаттың құқықтары мен міндеттері
Адвокатураның құрылу сатылары
Адвокаттық мінез-құлық нормалар ұғымы және маңыздылығы
Пәндер