Delphi мен Pascal-дің байланысы



Мазмұны

I Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .3

II Негізгі бөлім

2.1 Паскаль тілінің негізгі элементтері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..4
2.2 Мәлімет типтері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 5
2.3 Программа құрылымы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...6
2.4 Сандық мәліметтерді енгізу операторы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...7
2.5 Символдық мәліметтерді енгізу операторы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..10
2.6 Мәліметтерді шығару операторы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...14
2.7 Қолдану ережесі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..16
2.8 Бағдарлама ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .17
III Delphі қосымшаларымен жұмыс істеу үлгілері
3.1 Форманы баспаға шығару ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .20
3.2 Тексті баспаға шығару ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..20
3.3 QuіckReport компоненттері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..20
3.4 Delphі.дегі файлдық қолдау ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .21
3.5 Текстік файлдарды өңдеу ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .21
3.6 Формат мәліметтерін сақтау ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...23
3.7 Delphі компоненттері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 24
IV Қорытынды ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...25
V Пайдаланылған әдебиеттер ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .26
Паскаль тiлiн 1968 - 1971 жылдары швейцариялык. ғалым Никлаус Вирт оқып - үйренуге қолайлы программалау тілі ретінде ұсынған болатын. Бұл тілдің стандарты кейiнiрек бекiтiлдi, ол сол кездері кең таралған АЛГОЛ, ФОРТРАН, БЕЙСИК тiлдерiне қарағанда жетiлдiрiлген, жұмыс iстeyгe ыңғайлы тiл болды. Паскаль тiлi өзінің қарапайымдылығының және тиiмдiлiгiнің арқасында дүние жүзіне тез таралды. Қазiргi кезде барлық дербес компьютерлер осы тілде жұмыс iстей алады. Паскаль тiлiнде жазылған программаның дұрыстығын компьютерде тексеру және жiберiлген қатенi тузету оңай.
Бұл тілде жазылған программа компьютерде орындалу барысында алдымен трансляцияланады (машина тiлiне аударылады), объектiк программаға түрлендіріледі де содан кейiн ғана орындалады. Осы сәтте компьютерде программаның екі нұсқacы болады, оның бiрiншiсi - алгоритмдiк тiлдегi алғашқы түпнұсқасы, ал екiншiсi - объектiк кодтағы жазылған программа. Есеп нәтижесін машиналық кодта жазылған программа арқылы аламыз, ал программаны түзету қажет болғанда, оның алгоритмдiк тiлде жазылған.
Қазiргi кезде Паскаль кез келген күрдлі есептерді шығара алатын, кең таралған стандартты оқу тіліне айналды.
Пайдаланылған әдебиеттер

1. Авторы: Алексеев Е. Р. "Турбо Паскаль 7.0" Идеалный учебный курс. Численные методы. Москва - 2006.
2. Авторы: Немнюгин С. А. "Turbo Pascal" учебник. Санк-Петербург - 2002.
3. Авторлары: Б. Бөрібаев. Б. Нақысбеков Т. Мадиярова. "Инфарматика және есептеуіш техника негіздері". Алматы – 2002.
4. Гофман В. Хомоненко А. Delphi 5. - СПб.:
5. Дантеманн Джефф, Мишел Джим. Программирование в среде
6. Конопка Р. Создание оригинальных компонент в среде Delphi.
7. Н. Культин. Delphi в задачах и примерах. –
8. Сван Т. Основы программирования в Delphi для Windows
9. Шумаков П.В. Delphi 3 и создание приложений баз
10. Сыдықов Б.Д., Шекербекова Ш.Т. Delphi ортасында бағдарламалау практикумы
11. Ф.Н.Абдолдина, С.Сайларбек . Delphi ортасында бағдарламалау. ... ... ... ШҚМУ ... 2005ж
12. Архангельский А.Я. Object Pascal в Delphi. -М., 2002г.
13. Гофман В.Э., Хомоненко А.Д. Delphi 5. ... БХВ – ... – 800 ... ... П.Г., ... Е.П., ... О.А. Программирование в Delphi
14. –СПб.: БХВ-Питербург, 2001.
15. Епанешников А.М., Епанешников В.А. Delphi 5. Язык Object Pascal. ... ... ... ... А.М., ... В.А. ... в среде Delphi:
Часть 3. Проектирование программ. –М: «Диалог –МИФИ» 1998
16.“Turbo Pascal” Ж.Қ.Масанов, Б.А.Бельгибаевб
17. Паскаль тіліндегі программалау негіздері. А.С.Бижанова, Қ.Қ.Мақұлов

Мазмұны

I
Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... 3

II Негізгі бөлім

2.1 Паскаль тілінің негізгі
элементтері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..4

2.2 Мәлімет
типтері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ...5

2.3 Программа
құрылымы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ...6

2.4 Сандық мәліметтерді енгізу
операторы ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... .7

2.5 Символдық мәліметтерді енгізу
операторы ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... 10

2.6 Мәліметтерді шығару
операторы ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... .14

2.7 Қолдану
ережесі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... .16

2.8
Бағдарлама ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... .17

III  Delphі қосымшаларымен жұмыс істеу үлгілері 

3.1 Форманы баспаға
шығару ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
...20

3.2 Тексті баспаға
шығару ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... 20

3.3 QuіckReport
компоненттері ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ...20

3.4 Delphі-дегі файлдық
қолдау ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .2
1

3.5 Текстік файлдарды
өңдеу ... ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
..21

3.6 Формат мәліметтерін
сақтау ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...23

3.7 Delphі
компоненттері ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... .24

IV
Қорытынды ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... 25

V Пайдаланылған
әдебиеттер ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... 26

Кіріспе

Паскаль тiлiн 1968 - 1971 жылдары швейцариялык. ғалым Никлаус Вирт оқып
- үйренуге қолайлы программалау тілі ретінде ұсынған болатын. Бұл тілдің
стандарты кейiнiрек бекiтiлдi, ол сол кездері кең таралған АЛГОЛ, ФОРТРАН,
БЕЙСИК тiлдерiне қарағанда жетiлдiрiлген, жұмыс iстeyгe ыңғайлы тiл болды.
Паскаль тiлi өзінің қарапайымдылығының және тиiмдiлiгiнің арқасында дүние
жүзіне тез таралды. Қазiргi кезде барлық дербес компьютерлер осы тілде
жұмыс iстей алады. Паскаль тiлiнде жазылған программаның дұрыстығын
компьютерде тексеру және жiберiлген қатенi тузету оңай. 
Бұл тілде жазылған программа компьютерде орындалу барысында алдымен
трансляцияланады (машина тiлiне аударылады), объектiк программаға
түрлендіріледі де содан кейiн ғана орындалады. Осы сәтте компьютерде
программаның екі нұсқacы болады, оның бiрiншiсi - алгоритмдiк тiлдегi
алғашқы түпнұсқасы, ал екiншiсi - объектiк кодтағы жазылған программа. Есеп
нәтижесін машиналық кодта жазылған программа арқылы аламыз, ал программаны
түзету қажет болғанда, оның алгоритмдiк тiлде жазылған. 
Қазiргi кезде Паскаль кез келген күрдлі есептерді шығара алатын, кең
таралған стандартты оқу тіліне айналды.

Негізгі бөлім

2.1 Паскаль тілінің негізгі элементтері

Программалар белгілі бір мәселені, есепті шешуге арналған. Есеп шығару
барысында компьютерге бастапқы мәліметтер енгізіледі, оларды қалай
өңделетіндігі көрсетіледі және нәтиже қандай түрде, қандай құрылғыға
шығарылатыны айтылады. 
Паскаль тілінде программа жеке - жеке жолдардан тұрады. Оларды теру,
түзету арнайы мәтіндік редакторлар атқарылады. Программа алдындағы азат жол
немесе бос орын саны өз қалауымызша алынады. Бір қатарда бірнеше команда
немесе оператор орналаса алады, олар бір - бірімен нүктелі үтір (;) арқылы
ажыратылып жазылады, бірақ бір жолда бір ғана оператор тұрғаны дұрыс, ол
түзету жеңіл, әрі оқуға ыңғайлы. 
Паскаль тілінде программа үш бөліктен тұрады: тақырып, сипаттау бөлімі және
операторлар бөлімі. 
Кез келген программаның алғашқы жолы PROGRAM сөзінен басталатын оның
тақырыбынан тұрады. Одан кейін программаның ішкі объектілерінің сипаттау
бөлімі жазылады. Бұл бөлім программадағы айнымалылар, тұрақтылар тәрізді
объектілердің жалпы қасиеттерін алдын ала анықтап алуға көмектеседі.
Сипаттау бөлімі бірнеші бөліктерден тұрады, бірақ программаның
күрделілігіне байланысты көбінесе ол бір немесе екі ғана бөліктен тұруы
мүмкін. 
Программаның соңғы және негізгі бөлімі операторлар бөлімі – болып
табылады. Орындалатын іс - әрекеттер, командалар осы бөлімде орналасады. Ол
begin түйінді сөзінен басталып, бірақ атқарылатын операторлар (командалар)
тізбегі жеке - жеке жолдарға жазылып біткен соң end түйінді сөзімен
аяқталады.
Program BASTAU:
Сипаттау бөлімі
begin
Операторлар бөлімі
end

Операторлар бөлімінде командалар ретімен орналасады. Олардың кейбірі
шартқа байланысты атқарылса, ал кейбір қайталанатын цикл немесе қосымша
программа түрінде орындалады. Операторлар бөлімінде орнатылатын негізгі
әрекеттерді қарастырайық. 
Деректер - сан мәндері мен мәтін түріндегі сөз тіркесін мән ретінде
қабылдай алатын тұрақтылар, айнымалылар т.б. осы тәрізді құрылымдар немесе
солардың адрестері. 
Дерек енгізу - бастапқы деректерді пернетақтадан, дискіден немесе еңгізу -
шығару порттарынан еңгізу арқылы жүзеге асады. 
Операциялар немесе амалдар - берілген және есептелген мәндердің меншіктеу,
соларды өңдеу, салыстыру операцияларын орындайды. 
Шартты түрде атқарьшу белгілі бір көрсетілген шарттың орындалуына
байланысты, командалар жиыны атқарылады, әйтпесе олар аттап өтіледі немесе
басқа командалар жиыныорындалады. 
Цикл - белгілі бір шарттар орындалған жағдайда көрсетілген командалар
жиынын бірнеше рет қайталанып атқарылады. Қайталау саны бүтін санмен
беріледі. 
Көмекші программа - алдын ала қандай да бір атаумен атымен атымен аталған
командалар тобы. Олар программаның кез келген жерінен оның атауын көрсету
арқылы шақырылып атқарылабереді. 
Түсініктеме - программа жолдары соңында немесе оның түйінді сөздері
арасында қазақша (орысша) түсінік беретін пішінді жақшаға алынып жазылған
сөз тіркесітері. Олар программа операторларының орындалуына ешқандай әсер
етпейді.

2.2 Мәлімет типтері
Программада пайдаланылатын мәліметтердің немесе шамалардың мәндері
Паскаль тіліндегі алдын ала келісілген типтердің біріне тән болуы тиіс. 
Мәліметтердің немесе шамалардың типі деп, олардың қабылдай алатын
мәндерінің және олармен орындауға болатын амалдардың жиының анықтауды
айтады, яғни тип дегеніміз - шамалардың қабылдайтын мәндеріне берілетін
сипаттама. 
Мәліметтердің әр типі тек өзіне ғана сәйкес келетін операциялар жиынын
орындата алады. Мысалы, 1 мен 2 мәндері бүтін сандар типіне жатады, оларды
қосуға, азайтуға, көбейтуге және бөлуге болады.АJI, ІВМ және РС мәндері
сөз тіркесі типіне жатады, бұларды біріктіріп жазуға ғана болады (ІВМ
РС). Қосуға, азайтуға, көбейтуге, бөлуге болмайды. Кез келген тұрақты,
айнымалы функция немесе өрнек өзіне тән бір типпен ғана сипатталады.
Паскаль тілінде шамалардың типін көрсету міндетті болып табылады. Сондықтан
программа алдына оның сипаттау бөлімінде пайдаланылатын барлық шама
атаулары және оның типтері көрсетілуі қажет. 
Паскаль тілінде пайдаланылатын барлық типтер скалярлық (қарапайым) және
құрылымдық (структуралық) болып үлкен екі топқа бөлінеді. Скалярлық
(қарапайым) типке шамалардың стандартты типі және жасанды тип
(тағайындалған) жатады. Стандартты типтерге:
• Бүтін - INTEGER; 
• Нақты - REAL; 
• Логикалық - BOOLEAN; 
• Тіркестік - (STRING); 
• Мәтіндік (ТЕХТ) тәрізді типтер жатады.
Құрылымдық типтері жиымдар - ARRAҮ, жазбалар - RECORD, жиындар - SET
және файлдар - FILE түрлеріне бөлінеді. 
Бұлардан өзге типтер программаның типтері сипаттау бөлігінде анықталуы
қажет. Тұрақты сандардың типін олардың сыртқы пішініне қарап - ақ ажыратуға
болады, ал айнымалылар мен функциялар типтері программаның сипаттау
бөлімінде көрсетіледі. 
Ол үшін type түйінді сөзі қолданылып, жазылу пішімін былай көрсетуге 
болады: 
Туре =; 
Логикалық шамалар екілік сандар жүйесіне сәйкес 1 және О деген
мәндерді ғана қабылдайды. Мұндағы 1 тексерілетін белгілі бір шарттың -
логикалық тұжырымның орындалатынын, яғни ақиқат екенін, ал О сол шарттың
орындалмайтынын - тұжырымның жалған екенін көрсетеді. Бұл екі мән
программада ағылшын тіліндегі айтылуына сәйкес true (1) және false (О)
болып жазылады. 
Символдық шамалар апострофқа алынған бір символды ғана мән ретінде
қабылдай алады, мысалы, 'R','Л','%'тағы басқа. Бірақ әрбір таңбаны оның
кодына байланысты реттелген бүтін сандармен де өрнектеу мүмкіндігі бар. 
Мәліметтердің қарапайым түрлерін стандартты типтер деп атау қалыптасқан.
Стандартты типтердің real түрінен өзгелері реттелген деп аталады, өйткені
оларды бүтін сан арқылы өрнектей отырып өсуі не кемуі бойынша реттеп
орналастыруға болады. 
Стандартты типтер. Паскаль тілінде төмендегі қарапайым типтер
пайдаланылады:
• Бүтін типтер - SHORTINT, INTEGER, LONGINT, ВУТЕ, WORD; 
• Нақты тип - REAL, SINGLE, DOUВLE, EXTENDED, СОМР; 
• Логикалық - BOOLEAN; 
• Симводық - CНAR; 
• Ауқымды (диапозонды) тип; 
• Саналатын тип;

2.3 Программа құрылымы

Паскаль тілінің программасы блоктардан құрылады. қандай да бір блок
ішінде басқа да кішігірім блоктар орналасуы мүмкін. Блоктар екі бөлімнен
тұрады, олардың алғашқысы - мәліметтерді сипаттау бөлімі, ал екіншісі.- сол
мәліметтерді пайдаланып, әр түрлі іс - әрекеттерді (операцияларды,
амалдарды) атқару бөлімі. 
Мәліметтерді сипаттау бөлімінің болуы міндетті емес, ал екінші негізгі
бөлімінің болуы міндетті. Басқа блокқа кірмейтін блок негізгі (глобальді)
блок болып саналады. Ал блок ішіндегі блок - жергілікті (локальді) блок деп
аталады. 
Негізгі блок - негізгі программа блогы, сондықтан ол басқа блоктарға
кірмеуі тиіс. Жергілікті блоктарға процедуралар мен функциялар кіреді, олар
кейбір программаларда болмауы да мүмкін. 
Программалардың негізг объектілері болып саналатын айнымалы, тұрақты және
oлapдың типтері орналасқан блогына байланысты басты немесе жергілікті деп
аталады. Программа объектілерінің де жұмыс істеу, ықпал ету аймағы сол
өздері орналасқан блокпен шектеледі. Блоктық құрылым программа мәтінін
тиянақты түрде қатесіз құрастыруға мүмкіндік береді. 
Турбо Паскаль программасының тақырыбын (атауын) жазбай кетуге де болады,
бірақ жалпы Паскаль тілінің стандарты бойынша программада тақырып болуы
қажет. 
Сонымен Паскаль тіліндегі кез келген программаның тақырыбы, одан кейін
сипаттау бөлімі және begin және end сөздерімен қоршалған операторлар бөлімі
болуы керек.Сипаттау бөлімі толық жағдайда, 7 бөліктен тұрады, олар:
1) Программамен байланысатын кітапханалық модульдер атауларының 
тізімі (ол uses түйінді сөзімен басталады); 
2) Белгілерді (lаbеl) сипаттау; 
3) Тұрақтыларды (const) сипаттау; 
4) Мәліметтер типтерін (true) анықтау; 
5) Айнымалыларды (var) сипатгау; 
6) Процедураларды (procedure) сипатгау; 
7) Функцияларды (function) сипатгау;

2.4 Сандық мәліметтерді енгізу операторы

Берілген мәндерді айнымалыға беру ушін меншіктеу операторы пайдалануға
болады. Мысалы, А:= -15; ВЕС:=16,4; тағы басқалар. Бірақ бұл жағдайда
программада жалпылық қасиет болмайды, яғни ол тек көрсетілген мәндер үшін
ғана есептеу жұмысын жүргізіп, қалған кез - келген мәндер үшін дұрыс нәтиже
бермейді. Программаны дұрыс әрі әмбебап етіп жасay үшін айнымалылардың
мәндері өзгерілетін түрде жасалып oлap пернетақтадан енгізілуі қажет,
мұндайда программа айнымалының әр түрлі мәндері үшін дұрыс жұмыс атқара
алады. 
Паскаль тілінде мәліметтерді енгізу және шығару үшін, яғни адам мен
компьютер арасында мәлімет алмасу мақсатында алдын ала анықталған Input,
Output файлдары қолданылады. Программа берілген мәндерді Input файлынан
алады да, алынған нәтижені Output файлына орналастырады. Стандартты енгізу
файлы болып пернетақта, ал шығару файлы болып дисплей экраны саналады. Ол
үшін енгізу операторы пайдаланылады. 
Паскаль тілінде мәлімет енгізетін READ ( READ - ағылшынша оқy ) 
операторының жалпы турі (пішімі) төмендегідей: 
READ (а1, а2 ... ап); 
READLN (а1, а2, ... , ап); 
READLN; 
Мұндағы а1, а2, ..., аn - айнымалы атаулары, оларды енгізу операторының
параметрлері деп те атайды. Алғашқы оператор көрсетілген айнымалылардың
мәндері пернелер арқылы араларына бір бос орын қалдыру арқылы енгізілген
соң, курсорды келесі қатарға көшірмейді. Ал readln ( read lіnе - қатарды
оқу деген сөздің қысқартылуы) алдыңғы оператордағыдай пернетақтадан мәндер
енгізілгеннен кейін курсорды келесі қатарға көшіріп жібереді. Соңғы қатарда
жазылған параметрсіз оператор ешбір мән енгізбей, тек курсорды келесі
қатарға көшіруді ғана атқарады. 
Енгізілетін айнымалылардың мәндері integer, reаl, char немесе stгіпg
(сөз тіркесі) типтеріне жатуы мүмкін. Логикалық айнымалылардын мәндері өз
типтеріне сәйкес Паскаль тілінің ережесі бойынша енгізіледі. Егер ол шарт
бұзылса (мысалы, а1 типі integer болса, ал енгізгенде сhаг типтес мән
терілсе), онда экранға енгізу-шығару қатесі шығады, оның пішімі мынадай
болып келеді: 
ІО error ХХ, 
мұндағы ХХ - бүтін сан түріндегі қaтенің сипатына сәйкес коды. 
READ операторы орындалtанда параметрлер өздеріне сәйкес мәндері қабылдайды,
бұл міндет INPUT енгізу файлы арқылы жүзеге асырылады. Параметрлер жаңа мән
қабылдағанда, оларда бұрын орналасқан (жазылған) ескі мән өшіріліп, орнына
жаңа мәндер жазылып отырылады да, прогрaмма параметрдің жаңа мәні бойынша
жұмыс атқарады. 
Мысал.

var 
І: real; 
J: integer; 
К: cҺar; 
begin 
Read (І, J, К); 
... 
Программаға мынадай бастапқы мәндер енгізіледі 212.5 38 ‘п’. Осыдан кейінгі
келесі мәндер енгізілсін: 'л' 121.35 25. 
Алғашқы нұсқасында мәлімет енгізу дұрыс орындалады, өйткені енгізілетін
мәндер өз ретімен орналасқан айнымалылар типтеріне (І, J. К) сәйкес келіп
тұр. Екінші нұсқа коды 10 болып келетін қате бар екенін айтады, себебі real
типтес 1 айнымалысы үшін char типіндегі мән енгізіліп отыр. 
Егер енгізу пернетақта арқылы емес, дискіден немесе файлдан жүзеге
асырылса, онда жақша ішіне алдымен файл аты жазылады. 
READ (FN, аl, а2 ... ап); 
READLN (FN, аl, а2, ... , ап); 
READLN (FN);

Мұндағы FN - енігізілетін мәндер жазылған дискідегі файлдың аты; а1-
айнымалылар идентификаторлары, файлдарда да мәндер бір қатардан немесе
келесі қатардан оқыла береді, сол себепті мұнда да жоғарыда көрсетілген
операторлардың үш түрі қолданылады. Файлдағы мәліметтер де бір-бірінен бос
орын немесе енгізу пернесін басу арқылы бөлінуі тиіс, яғни файлға
енгізілгеннен кейін _, ал енгізу соңында Enter пернесі
басылады.Файлдардан мәлімет енгізу мысалдары кейінірек қарастырылады. READ
операторы кез келген сандармен, символдармен және сөз тіркестерімен жұмыс
атқара алады. Сонымен, параметрлердің сандық мәндері бір - бірінен бос орын
арқылы ажыратылып жазылады. Мәндерді беріп болдық дегенді білдіру үшін
Enter (енгізу) пернесі басылады. Мысалы, енгізу операторы READ (А,В,С);
түрінде берілсе, парметрлерге мәндер былай беріледі: 5 _ 6.2 _ 4.5 Enter.
Бұл жағдайда А=5, В=6.2, С=4.5 мәндер қабылдайды. Осы мәндер арқылы
программа орындалып болған соң, басқа мәндер үшін программаны қайталау
қажет болса, онда программа басынан бастап қайта орындау қажет. Бүтін
айнымалыларға бүтін, нақты айнымалыларға нақты мәндер берілуі қажет.
Айнымалы сипатталғанда нақты ретінде көрсетілсе, оған нақты да, бүтін де
мән беруге болады, себебі нақты сан құрамына бүтін сан енеді. Ал машина
өзі бүтін санды нақты сан түріне келтіріп алады.

Мысалы: 
VAR 
А, В: REAL; 
BEGIN 
READ (А, В); 
... 
END.

түрінде беріліп А,В айнымалылары үшін 4 5 Enter орындалса, онда машина
оларды

А= 4.0, В=5.0 түрінде қабылдайды.Сандар арасында бір немесе бірнеше бос
орын қалдыруға болады, себебі сан енгізілгенде бос орын есепке
алынбайды.Мәндерді енгізгенде мән енгізілген жолдан келесі жаңа жолға өту
үшін параметрсіз немесе параметрге сәйкес READLN; READLN (аl, а2, ... ,аn);
операторларын пайдалану қажет. Сонымен, READ (аl, а2,...,an); READLN;
операторларының орнына бір ғана READLN (аl, а2,...,an) операторын
пайдалануға болады.

2.5 Символдық мәліметтерді енгізу операторы

Символдық деректерді пернетақтадан енгізу READ (READLN) операторы арқылы
жүргізіледі, оларды енгізудің төмендегідей ерекшеліктері бар. 
1. Бос орын таңбасы - '_' Паскаль тілінде символ орнына жүретіндіктен, 
символдық айнымалылардың мәндері (символдар) бос орынсыз жазылады. 
2. Бір айнымалыға бір ғана символ меншіктеледі. Мысал ретінде төмендегі 
программа үзіндісін қарастырайық: 
... ... ... ... ... .. 
VAR А, В, С: CHAR; 
... ... ... ... ... ... 
READ (А, В, С); 
... ... ... ... ... ...
Бұл мысалдағы READ операторы орындаларда пернетақтадан мынадай мәндер SNR
енгізсек, онда айнымалылар өз орындарына сәйкес: A='S', B='N', C='R'
мәндерін қабылдайды. Егер мәндерді S_N_R түрінде берсек, онда айнымалылар
орындарына сәйкес A='S', В='_', С=' N' мәндерін қабылдайды да, соңғы екі
таңба ешқайда енгізілмейді.
3. Символдық айнымалыларды енгізудің тағы бір ерекшелігі - тек Eпter 
пернесі басылса да, оны READ операторы бос орын символы ретіндe қабылдайды.
Мысалы, айнымалыларға: А=3, В=4, C='W', D='F' ,мәндерін меншіктеп, оны
экранға шығару қажет болса, онда оған мынадай программа жазу керек:
VARA, В: INTEGER; 
С, D: CНAR; 
BEGIN 
WRlTELN (' А, В, С, D мәндерін енгізіндер :'); 
READ (А, В); 
READ (С, D); 
WRlTELN (А, В, С, D); 
END. 
Бұл программа орындалу кезінде пернетақтадан мынадай мәндер енгізілген
болса: 
3 4 
WF
онда А = 3, В = 4, С=' " D = 'W' болады, себебі 4 санынан соң басылған
Enter пернесі бос символ ретінде меншіктеледі де, соңғы F символы ешқайда
енгізілмейді. Программадағы айнымалылар мәнді дұрыс қабылдауы үшін екі
оператордың арасына параметрсіз және бір енгізу операторын мына түрде жазу
қажет:
READ (А, В); 
READLN; 
READ (С, D);
Осылай жазылған уш оператор А = 3, В = 4, С = ' W " D = 'Р' мәндерін дұрыс
меншіктеуді қамтамасыз етеді. Символдарды енгізу операторының алдына
міндетті турде READLN операторын қою қажет. Егер жоғарыдағы программа
үзіндісін десимволдарды енгізу операторын (READ (С. D);) 1- орынға шығарсақ
та, оның алдына READLN операторын қою қажет, яғни айтылған ерекшелікке
байланысты жоғарыдағы жолдарды былай да жазуға болады:
READLN; 
READ (С, D); 
READ (А, В);
Программада сандық және символдық мән қабылдайтын айнымалылар үшін екі рет
енгізу операторын жазудың да қажеті жоқ. Жоғарыдағы екі оператор орнына
READ (А, В, С, D) операторын ғана жазуға болады. Егер READ (А, В, С, D)
операторын орындауда айнымалыларға мәнді былай берсек: 
4531 KN онда дисплей экранында 4531К көрінеді, демек А = 45, В = 31, С=
‘_’, D= 'К' болғаны, ал егер мәндер былай берілсе:45 31 К N 
Онда дисплейден 4531KN көрінеді, яғни осылай береді. 
Readln операторы көмегімен пернетақтадан бір символ енгізіп оны экранның
келесі қатарына қайта шығаруды орындайтын testread программасының мәтіні
төменде келтірілген.
var сҺ: cҺar; 
begin 
writeln ('Символ енгізіндер: '); 
writeln (сҺ,' символы енгізілді '); 
write ('Enter пернесін басыңдар'); readln 
end.
Егер осы программаның 'Символ енгізіндер:' деген хабарламасынан кейін бір
символ пернесін басып, оны босатпасақ, онда сол басылған символ бейнесі
экранға 127 рет шығады да, одан кейін тек тырсылдаған дыбыс қана естіледі.
Бұл 127 символ сақтай алатын пернетақта буферінің енгізілген таңбалармен
толып қалғанын көрсетеді. 
Негізінде, перне басылғанда бірден екі код қалыптасады, оның алғашқысы
символ коды, ал екіншісі - кеңейтілу немесе сканерлеу коды. Алфавиттік-
цифрлық перне басылғанда, олардың символ коды пайдаланылады. Ал кеңейтілу
коды басқару пернелері (Ctrl, SҺift, Caps Lock, , , , , F1, F 2 т.б.) үшін
өте маңызды. Бұлардың символ коды нөлге тең болып саналады да,
программаларда олардың тек сканерлеу коды пайдаланылады. Скарнерлеу кодын
пайдалану Турбо Паскаль программасының CRT модулінін Read Кеу функциясы
арқылы жүзеге асырылады. Символ енгізу кезінде бұл Функция курсорды келесі
орынға жылжытпай, ол орынға кез келген символ бейнесін шығара алады. Келесі
testread2 программасы Read Кеу функциясын пайдаланып, кіші латын әріптерін
бас әріптерге түрлендіреді.
Uses CRT; 
Var сҺ: cҺar; 
Begin 
Writeln ('Латын алфавитінің кіші әріптерін енгізіңдер (z-программадан
шығу). '); 
Repeat 
сҺ := Read Кеу; 
write (Up Case( сҺ)); 
until сҺ ='z", 
end.
Төмендегі кесте басқару ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Есік-терезе жасау цехының тапсырыс қабылдау жұмысын автоматтандыру
Студент білімін бағалау бойынша тест программасын құру
Delphi-де қазақша - ағылшынша сөздік жасау
«Жұлдызнамалық күнтізбе» бағдарламасын құру
«Тест» қосымшасын құру»
«Айналатын жұлдыз бағдарламасын» құру
Delphi бағдарламалау тілі
Object pascal тіліндегі объетілі-бағытталған бағдарламалау
Delphi бағдарламалау тілінде проектіні құрастыру
Ұсақ көтерме кітап дүкені қызметінің деректер қорын жобалау
Пәндер