Негізгі өндіріс мәні және оны есептеу түрлері



Мазмұны

Кіріспе 3

І тарау. Негізгі өндіріс мәні және оны есептеу түрлері
1.1. Негізгі өндіріс мәні және өндірістік есепті ұйымдастыру 4
1.2 .Негізгі өндіріс шығындарын есептеу түрлері 12

ІІ тарау. Өндіріске жұмсалған шығындарды есепке алу және бағалаудың
ерекшеліктері.
2.1. Өндіріске жұмсалған шығындарды есепке алудың әдістері 22
2.2. Аяқталмаған өндірісті бағалау,есептеу және шығындардың
аналитикалық есебі 25

Қорытынды 28

Пайдаланған әдебиеттер 29
Кіріспе

Қазіргі кезде нарықтық экономикаға өту жағдайында кәсіпорындар мен өндірістер өнімінің өзіндік құнының қалыптасыуын айқындайтын экономикалық қатынастар жүйесі күрт өзгерістерге иеленуде. Салық салынатын табыс анықтамасы - өзіндік құнды құрайтын шығын- дардың құрамын анықтау да және оны есептеудің біртекті әдістермен байланыстыруды қажет етеді. Шығындардың құрылымына байланысты негізгі оларды заң және нормативтік актілер бойынша бекітеді. Өндірістік салаларының көп болуына байланысты бұл нұсқауларды нақты салаға оның ерекшеліктеріне байланыстырып анықтау қажет .
Кәсіпорынға толық жұмыс еркіндігін беру, ішкі шаруашылық жоспарының негізгісін құрайтын баға өзіндік құнды және табысты жоғарлатудың ролін арттырады . Осының барлығы өндірістегі шығын есебі мен жоспарлау тәртібі туралы қолданып жатқан ережелерді қайта қарауды қажеттілік етеді.
Мен жазған бұл курстық жұмыстың мақсаты: негізгі өндіріс ұғымының түсінігін ашып, оны бағалау, түгендеу ерекшеліктерін талқылу болып табылады. Осы жұмыста негізгі өндіріске қатысты көптеген мәселелер талқыланды, олар мысалдармен келтіріле отырып қарастырылды.
Жұмыс : негізгі өндірістің жалпы түсінігі, өндіріс шығындарының есебі және негізгі өндірісті бағалау, есептеу ерекшеліктері деп аталатын екі тараудан тұрады.
Бірінші тарауда, негізгі өндіріске жалпы түсінік беріліп, ол бойынша есеп берілу қарастырылды.
Негізгі өндірістіі бағалау, есептеу ерекшеліктері деп аталатын екінші тарауда мысалдар келтіріле отырып, аяқталмаған өндірісті бағалау тәсілі мен түгендеу қарастырылды.
Пайдаланған әдебиеттер

1. Друри К., «Введение в управленческий и производственный учет»,
ЮНИТИ 1997г
2. Скоун Т., «Управленческий учет», ЮНИТИ 1997
3. Радостовец В.К., Радостовец В.В., Ғабдуллин Т.Ғ., Шмидт О.И.
“Кәсіпорындағы бухгалтерлік есеп” – Алматы 2002 жыл
4. Ә.Әбдіманапов,
«Бухгалтерлік есеп теориясы және принциптері» Алматы 2001ж 5. В.К.Радостовец, В.В.Радостовец, О.И.Шмидт,
«Бухгалтерский учет на предприятии» Алматы 2002ж
6. Т.Әбдіхалықов ,«Бухгалтерлік есеп және аудит» Алматы 2000ж
7. К.Ш.Дүйсенбаев, Э.Т.Төлегенов
«Кәсіпорынның қаржылық жағдайын талдау» Алматы «Экономика» 2001ж
8. Ю.А.Бабаев, «Теория бухгалтерского учета» Москва 2001г
9. В.К.Радостовец, Т.Ғ.Ғабдуллин
«Кәсіпорындағы бухгалтерлік есеп» Алматы 2003ж
10. Г.В.Савицкая
«Анализ хозяйственной деятельности» Минск 2000г
11. Н.Г.Волков
«Руководства по бухгалтерскому учету на предприятиях»,Москва 1995г
12. А.Д.Шеремет, М.И.Баканов
«Теория анализа хозяйственной деятельности» ,Москва 1987г
13. И.Т.Балабанов
«Анализ и планирование финансов хозяйствующего
субъекта» Москва 1994г
14. А.К.Мишкин
«Учет, анализ, аудит на предприятий» Москва 1996г
15. В.В.Радостовец, О.И.Шмидт
«Теория и отраслевые особенности бухгалтерского учета» Алматы 2000г
16. М.С.Ержанов, А.М.Ержанов
«Основы бухгалтерского учета и новая корреспонденция счетов» Алматы 2003г
17. С.Н.Щадилова
«Основы бухгалтерского учета» Москва 1998г
18 .Шеремет А.Д. Сайфулин Р. С .
Методика финансового анализа. – М : ИНФРАМ, 1995
19. Қ.К. Кеулімжаев, З.Н. Әжібаева, Н.А. Құдайбергенов, А.Ә. Жантаева – “Қаржылық есеп” Алматы: Экономика, 2001 ж.
20. Үмбеталиев А., Керімбек Ғ. “Кәсіпорын экономикасы және кәсіпкерлік” Алматы: „Бастау”, 2002 ж.
21. АльПари, 2003 №6
22. Бухгалтерлік есеп және аудит, 2003 №

Пән: Өнеркәсіп, Өндіріс
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 28 бет
Таңдаулыға:   
Мазмұны

Кіріспе
3

І тарау. Негізгі өндіріс мәні және оны есептеу түрлері
1.1. Негізгі өндіріс мәні және өндірістік есепті ұйымдастыру
4
1.2 .Негізгі өндіріс шығындарын есептеу түрлері
12

ІІ тарау. Өндіріске жұмсалған шығындарды есепке алу және бағалаудың
ерекшеліктері.
2.1. Өндіріске жұмсалған шығындарды есепке алудың әдістері
22
2.2. Аяқталмаған өндірісті бағалау,есептеу және шығындардың
аналитикалық есебі
25

Қорытынды
28
Пайдаланған әдебиеттер
29

Кіріспе

Қазіргі кезде нарықтық экономикаға өту жағдайында кәсіпорындар
мен өндірістер өнімінің өзіндік құнының қалыптасыуын айқындайтын
экономикалық қатынастар жүйесі күрт өзгерістерге иеленуде. Салық салынатын
табыс анықтамасы - өзіндік құнды құрайтын шығын- дардың құрамын анықтау да
және оны есептеудің біртекті әдістермен байланыстыруды қажет етеді.
Шығындардың құрылымына байланысты негізгі оларды заң және нормативтік
актілер бойынша бекітеді. Өндірістік салаларының көп болуына байланысты
бұл нұсқауларды нақты салаға оның ерекшеліктеріне байланыстырып анықтау
қажет .
Кәсіпорынға толық жұмыс еркіндігін беру, ішкі шаруашылық жоспарының
негізгісін құрайтын баға өзіндік құнды және табысты жоғарлатудың ролін
арттырады . Осының барлығы өндірістегі шығын есебі мен жоспарлау тәртібі
туралы қолданып жатқан ережелерді қайта қарауды қажеттілік етеді.
Мен жазған бұл курстық жұмыстың мақсаты: негізгі өндіріс
ұғымының түсінігін ашып, оны бағалау, түгендеу ерекшеліктерін талқылу болып
табылады. Осы жұмыста негізгі өндіріске қатысты көптеген мәселелер
талқыланды, олар мысалдармен келтіріле отырып қарастырылды.
Жұмыс : негізгі өндірістің жалпы түсінігі, өндіріс
шығындарының есебі және негізгі өндірісті бағалау, есептеу ерекшеліктері
деп аталатын екі тараудан тұрады.
Бірінші тарауда, негізгі өндіріске жалпы түсінік беріліп, ол
бойынша есеп берілу қарастырылды.
Негізгі өндірістіі бағалау, есептеу ерекшеліктері деп аталатын
екінші тарауда мысалдар келтіріле отырып, аяқталмаған өндірісті бағалау
тәсілі мен түгендеу қарастырылды.

І тарау. Негізгі өндіріс мәні және оны есептеу түрлері
1.1. Негізгі өндіріс мәні және өндірістік есепті ұйымдастыру
Кәсіпорын - түрлі өндірістерден және шаруашылықтардан (негізгі,
көмекші, қосымша, қосалқы және экспериментік) тұратын күрделі механизм.
Кәсіпорының жекелеген өндірістік буындары бойынша жоспарлау және
шығындарды есепке алу мақсатында өндірілетін өнімнің атқаратын қызметіне
қарай барлық өндірістер негізгі және қосымша өндірістер болып екіге
бөлінеді.
Негізгі өндіріске кәсіпорын шығаратын өнімдер, сондай-ақ өнімді
сатуға және зауыт ішінде тұтынуға (желілік, ұсталық, престеу-машина жасау
зауыттарында) арналған шала фабрикаттарды дайындайтын өндірістер жатады.
Көмекші өндіріс негізгі өндірістің өнімін әзірлеуге қатыспайды,
бірақ өнім өндіруге қызмет көрсетуге, жұмыс жасауға тікелей ықпал етеді
(жөндеу-механикалық және аспаптық цехтар, электр көліктік, сумен жабдықтау
және т.б.)
Қосымша цехтар (мақта қалдықтарынан тазартылған мақта өндіру
жөніндегі цехтар ) нгізгі өндіріс қалдықтарын кәдеге жаратуға септігін
тигізеді.
Қосалқы цехтар (ыдыстар мен буып-түю материалдарын дайындау мен
айналысатын цехтар) негзі материалдардан емес бірақ, негізгі және көмекші
өндірістерде пайдаланатын материалдардан өнім өндіреді.
Эксперименттік (тәжрибелік) цехтар тәжрибелік үлгілерді дайындайды
және түрлі эксперименттік жұмыстарды атқарады.
Бұдан басқа кәсіпорында қызмет көрсететін өндірістер мен кәсіпорын
ұжымының тұрмыстық қажеттілігін қанағаттандыратын шараушылықтар (тұрғын
үй, коммуналдық шаруашылық моншалар, кір жуатын орындар) болады. Бұл
кәсіпорындар өнімді дайындауға сондай-ақ басқада тарапта жұмыстарды
атқаруға немесе қызмет көрсетуге өз септігін тигізеді. өндірістік есепті
дұрыс ұйымдастырудың кез-келген кәсіпорын үшін маңызы зор.
Өндірістің бухгалтерлік есебін ұйымдастыру көбіне өндірістің тұрпатына
(типіне) байланысты болады. Өндіріс жеке- дара, сериалық және жаппай
өндіріс болып үш топқа бөлінеді.
Жеке-дара (жекелеген)өндіріс- өнім жекелеген даналарымен немесе
қайталанып отыратын шағын тапсырыстарымен дайындалатын өндіріс. Бұл ауыр
машиан жасауға, кеме жасауға, бірегей станоктармен турбиналарды өндіруге
тән. Оның мынадай ерекшелікетре бар: ондағы цехтар нақты бір салға
мамандандырылмайды; субъектпен цехтардың өндіріс бағдарламасында бұймдар
мен олардың бөлімдерінің көп мөлшерде болуымен ерекшелінеді; дайындық-
қортындылау жұмыстарына кетеін шығындардың деңгейі салытырмалы жағдайда
алғанда бір шама үлкен болады; өндірістің басқада тұрпаттарына қарағанда
өндірістік цикл ұзақ болып келеді. Жеке-дара өндірісте, әдетте, шығындарды
есепке алу үшін және өнімнің өзіндік құнын калькуляциялау үшін тапсырысты
әдіс қолданылады, бұл орайда шығындар әрбір бұйм (тапсырыс) бойынша есепке
алынады.
Сериялық өндіріс біркелкі бұймдарды дайындап шығарудың оқтын-оқтын
қайталанып ортыруымен сипатталады және оған мынадай ерекшеліктер тән:
шығарылатын өнім номенклатурасының шектеулілігі; жұмыс орындарының
салыстырмалы түрде алғанда кең мамандануы; мамандандырылған машиналардың
аспаптармен қондырғыларының қолдануының шектеулілігі. Сериалық өндіріс
машина жасау өнеркәсіпінде және металл өңдеуде неғұрлым кең тараған. Бұл
кәсіпорындарда өнімнің шығыарылуын есепке алу сериялық бұйымдарға тән
етіп қолданылады, бірақ ол бұйымдарды құрастыратын партияларға
қолданылмайды. Сериялық өндірісте шығынды есепке алудың және өнімнің
өзіндік құнын калькуляциялаудың нормативтік немесе қайта жасау әдістерін
қоладанады.
Жаппай өндіріс- ұзақ уақыт бойы бірдей өнімді үздіксіз шығаратын
өндіріс тұрпаты (типі). Шығарылатын өнімдердің ассортименті (түрлері) көп
болмағанымен олардың шығарылатын мөлшері айтарлықтай көп болуы мүмкін,
белгілі бір салаға ыңғайланған жабдықтардың жоғары деңгейі және өндірістің
жұмыс ырғағының жоғары болуы өндірістің осы тұрпатына тән белгілері болып
табылады. Бұл арада әдеттегідей өнімнің және оның негізгі элементтерінің
өзіндік құнын есепке алудың және калькуляциялаудың нормативтік әдісі
қолданады.
Өндірісті ұйымдастыру тұрпаты (типі) тек шығындарды есепке алуға
және өнімнің өзіндік құнын калькуляциялауға әсер етіп қоймайды, сонымен
бірге бастапқы есепті ұйымдастыруға, талдамалық есепке де әсер етеді.
Мәселен, ірі сериялық және жаппай өндірістерде шығарылатын өнім мен жалақы
ауысым (смена) ішінде өндірілген өнім рапорттарына, ал жеке дара және ұсақ
сериалық өндірістерде –жасалған жұмыстар нарядттарымен үйлесімде көпіне
маршруттық парақтарында жазылады.
Кез-келген өнімді өндіру, жұмыстарды атқару және қызметті көрсету
белгілі бір шығындармен байланысты ондай есеп мынаны қамтамасыз ету керек:
жалпы өнім көлемін, әрбір өнім түрлерінің нақты өзіндік құнын есептеу
(калькуляциялау), қызметті көрсету, жұмысты орындау, өндірілген өнімнің
нақты шығысын толық, дер кезінде және шынайы көрсету, сондай-ақ жалпы
бизнесті ұйымдастыру және басқарушылық шешімді қабылдау мен жоспарлау үшін
ақппараттарды жинау және бақылауды көздейді.
Шешімді қабылдау үшін ақппараттарды жинаған кезде белгілі бір шешім
типтерін қабылдау үшін белгілі бір шығын түрлері маңызды болуы, ал
кейбіреулері үшін сол шығындар ескерілмеу мүмкін. Шын мәнінде, өндірістік
шығындар көптеген белгілері бойынша жіктелуі мүмкін.
- шығындардың туындайтын (пайда болатын) орындары (өндірістер, цехтар,
учаскілер) бойынша; өндіріс тізбесі (соның ішінде өңдеуі) бойынша, ал
олар шығындарды есепке алу мен жоспарлау кезінде субъектінің есеп
саясатында анықталғандай етіп бөлінеді;
- қызметтер, жұмыстар және өнім түрлері бойынша; өндіріс шығындары
жекелеген өнім түрлерінің өзіндік құнына ену тәсілі бойынша; тікелей-
өнімнің өзіндік құнына тікелей жатқызылатын яғни жекелеген өнім
түрлерн өндірумен байлансыт болып; жанама -өнімнің өзіндік құнына
таратылып бөлінетін, яғни бірнеше өнім түрлерін өндірумен байлансты
болып бөлінеді;
- өндіріс шығындары өнімнің көлеміне қатысты екіге бөлінеді; айнымалы-
шығарылған өнімнің көлемі өзгерумен шығынның да өсуі немесе азаюы
мүмкін (негізгі материалдар мен шикізаттың шығысы, технологиялық
энергиямен отын, өндіріс жұмысшыларын жалақсы және т.б.); тұрақты-
өнімнің шығарылу көлемін өзгерген кезде, деңгейі өзгермейтін шығындар
(өндіріс ғимараттарын жарықтандыру мен жылытуға кеткен шығыстар,
негізгі құралдардың амортизациясы);
- шығыстары тұрі бойынша (баптары мен элементтері бойынша); экономикалық
элементтер бойынша шығындарға; материалдық шығындар; еңбекақы
шығындары; еңбекақыдан аударылатын аудырымдар; негізгі құралдардың
амортизациясы (тозуы); басқада шығыстар кіреді.
Шығындар басқару қызметі (функциясы) бйынша:
- өндірістік (өндіріс процесінің барысында пайда болады);
- коммерциялық (сатумен байлансты);
- әкімшілік (басқару процесімен байлансты);
Коммерциялық және әкімшілік шығыстар кезең шығыстарына жатады ал олар
өндірісті калькуляциялауды есептудің негізі болып табылады
Активтердің азаюын енгізетін шығындар (материалдар, ақша қаражатты
және т.б.) немесе міндеттемелердің өсуіне (көбінесе кридиторлық
қарыздар) әкелетін шығындар жаңа активтерді жүзеге асырады ал ол ресурс
ретінде анықталып, өткен оқйғалардың нәтижесі ретінде одан болашақта табыс
алынатын болып күтіледі..
Коммерциялық және әкімшілік шығыстар кезең шығыстарына жатады, ал
олар өндірістік калькуляциялауды есептеудің негізі болып табылады, олардың
сызбасын (схемасын) мынадай етіп салуға болады (Сызба 3).
Өндірістің өзіндік құны.

Сызба 3

Материалдар Жалақы Жалақыдан аударылған Үстеме шығысы
аудармалар


Өндірістік ктивтер(дайын Өндірістік
Сатылатын Салынатын
өзіндік құнға өнім, аяқтал- өзіндік құнға
өнімнің жұмыстардың,
қосылатын, маған өндіріс қосылатын,
өзіндік қызметтердің
шығындар және т.б.) шығындар
құны өзіндік құны
Өнімді өндірген кезінде Жұмыстарды атқарған, қызметтерді
көрсеткен кезде

Келтірілген сызбадан байқағанымыз өзіне активтердің азаюын енгізетін
шығындар (материалдар, ақша қаражатын және т.б.) немесе міндеттемелердің
өсуіне (көбінесе кредитордық қарыздар) әкелетін шығындар жаңа активтерді
жүзеге асырады, ал ол ресурс ретінде анықталып, өткен оқиғалардың нәтижесі
ретінде одан болашықта табыс алынатынын болып күтіледі.
Өндіріс шығындарын есепке алу үшін шоттардың кешенді жүйесі
пайдаланылады, оған 90-Негізгі өндіріс 92-Көмекші өндіріс 93-Үстеме
шығындар, 95-Өндірістегі ақау бөлімшелерінің шоттары кіреді.
Өндіріске жұмсалған шығындарды олардың құжаттары бойынша қандай
калькуляция объектісіне жататындығын белгілеу үшін, есеп объектілерін,
шығын баптарын кодтайды және үстеме шығыстарын ажыратады. Ал бұл үстеме
шығыстарды баптары бойынша және шығындарды калькуляциялау объектілері
бойынша дұрыс таптастыруға мүмуіндік береді.
Орташа және ірі кәсіпорындарда өндіріс шығындарын есепке алу және
өнімнің өзіндік құнын калькуляциялау үшін кәсіпорының бухгалтерия
құрамында, біртұтас болып келетін екі бухгалтерия, яғни қаржылық және
басқару бухгалтериясы болуы мүмкін.
Қаржылық бухгалтерия шоттардың бас жоспарының 10-80 бөлімшелеріне
енетін шоттарын жүргізіп, есептің Бас кітабын, кәсіпорының балансын және
қаржылық есеп беруін жасайды.
Басқару бухгалтериясы шоттардың Бас жоспарының 90-шы
бөлімшелеріне енетіе шоттарды пайдаланады. Ол өндірісі шығындары туралы
ақпаратты қорытып, өзіндік құнды калькуляциялайды, өндіріс шығындарының
нормалары мен нормативтерін талдап және оларпдың орындалуын бақылайды,
өндірістегі шала фабрикаттардың қозғалысын есепке алады, есептің бүкіл
көлемінің нормативтік, жоспарлық және талдамалық жұмыстарын атқарады.
Басқару бухгалтериясы жабық (құпия) болып келеді. Бұл өз билігінде
қандайда болмасын бір ноу-хоуды және өндірісті басқарудың озық
деңгейін ұйымдастыруды, жаңалықтарды өз бәсекелестері өздеріне бұрын
пайдаланып кетпеуіне қамтамасыз етеді. Сондықтан басқару бухгалтериясы
ақпаратының сыртқы тұтынушылары ғана емес, солнымен бірге осы
кәсіпорының қызметкерлері үшін де жабық болуы мүмкін.
Қаржылық және өндірістік (басқару) бухгалтериясыны арасындағы
өзара қарым-қатынастары

Сызба 5
Кәсіпорының орталық бухгалтериясы

Қаржылық Есепті кезең басында аяқталмаған
Өндірістік
бухгалтериясы өндірістің қалдықтары
(басқарушылық)
(10-80 бөлімше 211-214 – шоттарында есепке
бухгалтериясы
шоттарында аланады
(90 бөлімшесінің
жүргізіледі)
шоттарында
Есепті кезеңде өнімге,
жұмыстарға, жүргізіледі)
көрсетілген қызметтерге
жұмсалған
барлық шығындарды беріледі

Есепті кезеңде
өндірістік өнімді,
атқарылған жұмыстарды,
көрсетілген қызметтерді
береді

Есепті кезеңде өзі өндірген
шалафабрикаттарды өткізу
үшін
береді

Есепті кезеңде өндірісте
пайдаланбаған
материалдарды,
өндініс қалдықтарын,
ақауларды
қайтарады

Есепті кезеңнің соңында 900,
910,
920, 950 – шоттары бойынша
аяқталмаған өндірістің
өзіндікұны
беріледі

Жаңа есепті кезеңнің
басында
211-214 шоттарындағы есепке

алынған аяқталмаған
өндірістің
қалдықтары беріледі

Кәсіпорының қаржылық бухгалтериясында аяқталмаған өндіріс есептеу
үшін 211-Негізгі өндіріс, 212-Өз өндірісінің шалафабрикаттары, 213-
Көмекші өндіріс, 214-Басқа да шоттары пайдаланылады. Бұл шоттардағы
топтастыру транзиттік болып табылады, онда бір екі күнде аяқталмаған
өндіріс қалдығы есептеліп яғни есепті кезеңнің соңында өндірістік
бухгалтериядан қаржылық бухгалтерияға беріледі (демек, 900,910,920,950
шоттары дебеттеліп, 211,214 шоттары кредиттеледі)
Сонымен, 211-214 шоттар бір күндік шоттар болып табылады және оның
қалдықтары осы шотар бойынша кәсіпорының қаржылық есеп беруіне енгізу үшін
арналған.
Өндіріске кеткен шығындарды есептеуге арналған шоттардың бөлімшесі
бір шолушы және бірнеше транзиттік шоттардан тұрады, онда олардың
мазмұны пайда болған орындары және басқада белгілері бойынша шығындар
топтастырылады.
Транзиттік шоттарда көрсетілген ақпараттар нақты жасалған
шығындар туралы белгілі бір ақпараттардың бөлігін көрсетеді, оны шоылып
(белгіленген қағидалармен ережелерді пйдалана отырып), шығыарылған өнімнің
нақты өндірістік өзіндік құны туралы мәліметтерді алуға болады, сондай-ақ
өнім бірлігіде есептелінеді. Әрбір бөлімше өз кезегі бойынша үш категорияға
бөлінеді:
- шығындарға кеткен тікелей материалдар;
- шығындарға кеткен тікелей жұмыс күші;
- үстеме шығыстар
Тікелей шығыстарға кеткен материалдар соңғы өнімнің құрамына (яғни,
оның құнына), басқада шығындармен қатар қосылады. Мысалға автомабиль
өндірісі үшін болат немесе жиһаз өндіріс үшін ағаш негізгі материалдар
болып табылады.
Өндіріс шығындарының бухгалтерлік есебін ұйымдастыру сызба 4
келтірілген.
Өндіріс шығындарының талдамалық (аналитикалық) есебі калькулияция
(есеп) объектілерінің және цехтар мен өндірістер бойынша шығын баптарының
белгіленген номенклатурасы бойынша калькуляциялық (көпжазбалық)
карточкаларда немесе ведомостарда жүргізіледі.

Өндіріс шығындарының бухгалтерлік есебін ұйымдастыру

Сызба 4
Материалдар мен жалақы шығындарын
тарату кестесін әзірлеу,
амортизациясын есептеу (есептеп
шығару), көмекші өндірісінің
көрсеткен қызметін тарату

Өндіріске жұмсалған
шығындарын
көрсететін,
құжаттар

"Цехтар бойынша шығындар" ведомостары (90, 92, 93, 95-
шоттар бөлімшесінің дебеті)

Ай ішіндегі өндіріс шығындарының жинағы

Экономикалық
элементтер бойынша
өндіріс
шығындарының жинағы
Өндіріске жұмсалған
шығындары туралы есеп беру

Бас кітап Бухгалтерлік баланс және басқа
да есеп берудің нысандары

Карточкала, тандамалық есеп ведомостары (тапсырыс, қайта
жасау, өндіріс сатылары, т.б. бойынша)

Өндіріске жұмсалған шығындарды олардың құжаттары бойынша қандай
калькуляциялау объектілері бойынша дұрыс топтастыруға мүмкіндік береді.

Жұмыс күшіне жұмсалған тікелей шығындар-бұл өнімді әзірлеуге тікелей
қатысқан өндіріс жұмысшыларына есептелген еңбекақсы (еңбекақыдан
аударылатын аударымдары қоса есептегенде ) болып табылады.
Мысалы, толасыз өндірісте жұмыс істейтін оператордың немесе маеталл
өндіруші станоктар істейтін жұмысшының еңбекақсы т.б. осы сйяқты тікелей
еңбекақылары жатады.
Қызмет көрсететін цех жұмысшыларының еңбекақсы тікелей еңбекақы
болып табылмайды, ал олар үстеме шығысқа жатқызылады.
Үстеме шығыстар өндіріске кеткен барлық шығындардан тікелей
шығындарды (тікелей материалдар шығындар мен өндіріс жұмысшыларының
еңбекақсы) шегеріп тастағанан шығыады. Одан басқа, үстеме шығыстардың
қатарына: амортизация шығыстары, жалақсы, сақтандыру жарнасы, тұрғын үй
қызметі және жарықтандыру және басқада себептердің салдарынан өндірістің
уақытша тоқтап қалуының шығыстары т.б. жатады.
Жалпы алғанда өндіріс есебін төрт негізгі кезеңге бөлуге болады
- өндіріс түрлері бойынша транзиттік шоттарда субъектінің есепті
кезеңнің барсында тікелей шығыстар туралы ақпараттарға шолу жасалады
(негізгі көмекші т.б. өндірістер бойынша)
- Үстеме шығыстардың шоттары бойынша субъектің үстеме шығстары
жиналып, олардың жалпы деңгейі туралы ақпараттар беріледі;
- үстеме шығыстарының белгіленген тәсіл (шаруашылық жүргізуші субъектің
есептік саясатында қаралған әдісі) бойынша негізгі, көмекші өндіріске
таратады;
- Транзиттік шоттардағы жинақталған шығыстарды дайын өнім шотына
есептен шығарып, дайын өнімнің нақты өзіндік құны қалыптасады, сондай-
ақ аяқталмаған өндірістің де үлесі анықталып, тиесілі саласына
жатқызылады.

1.2. Негізгі өндіріс шығындарын есептеу түрлері

Өндіріс шығындарының есептеу үшін 90-шы Негізгі өндіріс
бөлімшесінің шоттары қолданады, олар түрлі мақсаттарға арналған.
Өндіріске жұмсалған барлық шығндарыды қортындылау (шолу) үшін
900-Негізгі өндіріс шоты арналғна. Осы шоттың 901-материалдар, 902-
өндіріс жұмысшыларының еңбекақсы, 903-еңбекақыдан аударылатын
аударымдар, 904-үстеме шығыстары жинақталады, содан соң жыл соңында 900
негізгі өндіріс шотында қортындылады.
Негізгі өндірістегі шығындар есебін ұйымдастыру 2-ші сызбада берілген.
900 Негізгі өндіріс шоты бойынша өндірістің шығындар есебі төмендегі
номенклатура баптары бойынша топтастырылып әдетте, олар элементтерінің
кескіні бойынша есепке алынады.
Материалдар. Шикізаттар мен материалдар-өнімді әзірлеу негізінде
пайда болатын немесе осы әзірлеу (дайындау) кезінде қажетті компанентер
бойынша болып табылатын шикізаттпен негізгі материалдарға жұмсалған
шығындар. Осы жерде табиғи шикізаттардың құны (су шаруашылық жүйесінен
субъектіні жинаитын су үшін төлемі және де табиғи шикізат ресурстарын
іздестіруге, барлауға, қоғауға, оларды пайдалану мен жаңғыртуды
ұйымдастыруға арналған мамандандырылған ұйымдардың шығындарын өтейтін
басқада төлемдері), арнайы мамандандырылған ұйымдардың жүргізіетін жер
құнарлағын арттырудың шараларын көрсетеді.
Лимиттік алу карталар және талап –наклоднойы жұмсалған шикізат
пен негізгі материалдарды, сондай-ақ сатып алынған материаладарды өндірісте
есептен шығару үшін негіз болып табылады. Осы құжаттардың деректері
цехтар (өндірістер), калькуляциялау немесе есеп объектілері бойынша
материалдардың шығыстарын тарату деп аталатын талдамалық кестеге
топтастырылады және Цехтар бойынша шығындарының ведомосы немесе осыған
ұқсас есеп регистрларына (ведомостар, машинаграммалар, карточкалар )
жатады.
Көмекші материалдар-тұрақты технологиялық процестерді қамтамасыз
ету үшін негізгі материалдарды шығару кезінде пайдаланған көмекші
материалдардың шығыны (технологиялық мақсаттарға пайдаланған көмекші
материалдар). Бұндай көмекші материалдардың құны белгіленген шығыс
нормасы бойынша өнімнің өзіндік құнына енеді, ол үшін өнім бірлігіне
есептелген сметалық мөлшерлемесі пайдаланады. Шығыс нормасы ман бағасы
өзгеретін болса, аталған мөлшерлеме қайта қаралуы мүмкін.
Көмекші материалдардың нақты шығысы әрбір өнімнің өзіндік құнына,
тауарлы өнімге және аяқталмаған өндіріске сметалық мөлшерлеме бойынша
пропорциональды түрде таратылады.
Қайтарылған қалдықтар-бұл негізгі, көмеші және қосалық өндірістердің
қалдығы.
Өнімнің өзіндік құнына кіретін материалдық ресурстарының
шығыстарына қайтарылған өндіріс қалдықтарының (отходттарының) құны
қосылмайды.
Қайтарылған қалдықтар болып: материалдар, шикізаттар,
шалафабрикаттар, жылуды сақтайтын материалдар т.б. материалждық
ресурстарды саналады, бірақ олар өзінің сапасын тұтыну қасиетін жоғалтуына
байлансты тікелей өз арналымдары бойынша пайдаланбауы мүмкін.
Белгіленген технологияға сәйкес өнімнің басқа түрін өндіру үшін
толыққанды материал ретінде берілген материалдық ресурстар қалдыққа
жатпайды сондай-ақ қалдыққа ілеспе өнімдері де жатпайды, олардың тізімдері
шығындарды есепке алу және өнімнің өзіндік құнын есептен шығару
әдістерінде белгіленген.
Қайтарылған қалдықтар (отходттар) келесі тәртіпте бағаланады:
- егер де қалдықтарды негізгі өндіріс мұқтаждығы үшін, бірақ өнім
азайтылып шығарылса немесе қосалқы өндіріс мұқтаждығы үшін, сондай-ақ
кеңінен тұтынатын тауарларды дайындау үшін пайдаланса, онда шикізат
пен материалдардың бастапқы құнының төмендетілген бағасы бойынша;
- қалдықтар қайта өңдеуге немесе сыртқа сатуға кетсе, олардың жинау мен
өңдеуге жұмсалған шығындарын шигере отырып, қалдықтарға белгіленген
бағасы бойынша;
- егер де қалдықтар шартқа сәйкес шикізат немесе толыққанды материалдар
ретінде пайдалану үшін сатылса, онда шикізаттар немесе материалдар
бастапқы толық бағасы бойынша бағаланады.
Қайтымсыз (пайдаланылмайтын) қалдықтар бағалауға жатпайды.
Қалдықтарды пайдалануды нормалау қажет, ал оларды кіріске алуға тиісінше
бақылау жасауды жолға қою керек. қайтымды қалдықтарды қоймаларға тауар
құжаттамалары (нокладноиы) бойынша кіріске алады, олардың құнына Шикізат
пен материалдар бапы бойынша шикізатпен материалдардың шығыстарын
азайтады. Қалдықтардың кіріске алынуын 206 шоттың дебеті және 900 шоттың
кредиті бойынша көрсетеді. 900 шоттың кредитіндегі талдамалық есеп
ригистрлеріне (карточкаларға, ведомостарға) жазылады.
Сатып алынатын бұйымдар, шалафабрикаттар және тараптық кәсіпорындар
мен ұйымдардың өндірістік сипаттағы көрсететін қызметтеріне өнімді іріктеп
жинақтауға (комплектация жасауға) пайдаланатын шалафабрикаттар мен сатып
алынған бұймдарға немесе дайын өнім алу үшін кәсіпорының өзінеде қосымша
өңдеуге түсетіндерге кеткен шығындар; басқа жақтың кәсіпорындарының
көрсеткен өндірістік сипаттағы қызметтеріне ақы төлеуге жұмсалатын шығындар
сол өнімді жекелеген түрлерінің өзіндік құнына тікелей жатқызылуы мүмкін,
сондай-ақ материалдар мен шикізатты өңдеуге, өнімді дайында бойынша
жекелеген операцияларды орындауға және белгіленген технологиялық
процестерді сақтау үшін бақылау жасауға, орталық қоймаға дейін запастарды
жеткізіп беру бойынша сырт жақтың транспорттық қызметінде жұмсалатын
шығындар жатады.
Субъектінің өз транцпортымен және өз қызметкерлерінің күшімен
жеткізілген запастардың (шикізаттар, материалдар, сатып алынған бұйымдар
және шалафабрикаттар) шығындарды да өндіріс шығындарының тиесілі
элементтерне қосылады (еңбекақы төлеу шығындарына, жалақыдан аударылатын
аударымдарға және т.б.)
Дайындау-көліктік шығыстардың ( ДКШ) шығының келесі түрлері жатады:
жабдықтау-сату ұйымдарына төленетін үстемелері (наценкасы ); жүкті тасығаны
үшін қосымша кіре ақсы; субъектің қоймасына материалдарды жеткізіп беру мен
түсіру шығыстары; дайындау орындарына ұйымдастырылған агенттікті және
қоймаларды, кеңселерді ұстау шығыстары материаладарды тікелей дайындау мен
байланысты іссапар шығыстары т.б.
Технологиялық мақсатқа арналған энергиямен отындар. Өндіріс
процесінде тікелей жұмсалатын энергиялар (барлық түрі) мен отындардың
шығындары. Олардың шығысы есепте шикізаттармен материалдардың шығысы
сияқты көрініс табады.
Технологиялық мақсатқа отын шығындарына кәсіпорының өзі өндірген
отындардың құны да және басқа жақтан сатып алынған отындардың құны да
енгізіледі: мартин, домен пештерінде агригаттарды балқыту үшін металл
прокаттық, ұсталық –штаппылау, престеу және басқа цехтарды қыздыру үшін,
бұйымдарға технологиялық процеспен белгіленген байқау (сынау) жұмыстарын
жүргізу үшін т.б.
Сондай-ақ кәсіпорының технологиялық, двигателдік және ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Басқару есебі мен қаржы есебінің салыстырмалы сипаттамасы
«Статистика» пәнінің оқу әдістемелік кешені
Шығын есебімен калькуляциялау тәсілдерінің түрлері
Еңбекті нормалауға арналған нормативтік материалдар
Қазіргі жағдайдағы басқару есебі, функциясы мен ерекшелігі
Кәсіпорын шығындарын басқару және талдау
Негізгі өндіріс шығындарының есебі
Кәсіпорында еңбекті нормалаудың ролі, мәні және әдістері
Шығындардың экономикалық мәні
Пайданың мәні және оның теориялық аспектілері
Пәндер