Құбырлы пештердің типтері, параметрі. Құбырлы пештерді жөндеу және жөндеу кезіндегі техника қауіпсіздігі



1. КІРІСПЕ
2. Мекеме құрылымы. Зауыттың ағымды сызбасындағы жабдықтардың орны.
3. Қондырғының негізгі және қосымша аппараттарының сипаттамасы
4. Қондырғының технологиялық сипаттамасы.
5. Аппараттарды жөндеуге дайындау.
6. Аппараттарды жөндеу, технологиялық ақау тізбегін толтыру
7. Аппараттарды бөлшектеу, жинақтау, іске қосу және сынау жұмыстары.
8. Аппараттарды жөндеу және техникалық қызмет көрсету кезіндегі техника қауіпсіздігі ережелері.
9. Аппараттарды жөндеу жұмыстарының техника . экономикалық көрсеткіштері
10. Жөндеу жұмыстарын жүргізу кезіндегі қоршаған ортаны қорғау.
ҚОРЫТЫНДЫ
Құбырлы пештер бірі біріне құрылысы мен технологиялық белгілері бойынша ерекшеленеді. Мұнай өңдеу зауыттарында қазіргі уақытта пайдаланылатын барлық дерлік пештер радиантты-конвекциялы, яғни, құбырдық ирек түтіктері радиант және конвекция камераларында орнатылған.
Ең үлкен жылу мөлшері радиант камерада радиация арқылы тарайды. Радиант камералар саны бойынша бір-, екі-, көпкамералы құбырлы пештерді бөліп қарайды.
Технологиялық маңызы бойынша қыздыратын және реакциялық-қыздыратын пештер болады. Біріншісінің мақсаты-шикізатты берілген температураға дейін қыздыру, екіншісінің мақсаты- қыздырғаннан басқа ирек түтіктің белгілі бір учаскелерінде бағытталған реакция (мыфсаоы, термиялық крекинг) өтуіне жағдай жасалады.
Құрылысы бойынша құбырлы пештер қорапты (жазық немесе көлбеу төбесі барлар) болады, бірақ тік цилиндр пештер де болады. Пештің радиант камераларындағы тұрба экрандар орналасуы пеш құрылысы мен камералардың бір біріне қатысты орналасуына байланысты болады. Тұрбалармен төбені, (қаптал, алдыңғы, перевал) қабырғаны және пеш астын экрандайды (жабады). Бір қатарлы және екі қатарлы экрандарды бөліп қарайды.
Түтін газдарының қозғалыс бағыттарына байланысты пештер жоғары өрлейтін, төмен түсетін және көлденең ағыны бар пештер болуы мүмкін. Төмен түсетін ағын кезінде түтін газдары іркілу аймағы болуы ықтималдығын азайтады, сондықтан жылу тарату тиімділігіартуын қамтамасыз етіледі.
Пештің ішкі көлемі жартылай қалқанмен, яғни перевал қабырғамен екі бөлікке бөлінген, бұларды радиант және конвекция камералары деп атайды. Камераларда ирек түтіктер орналасқан, солардың беті арқылы жылу таралады.
Радиациялық жылу тарату деп- сәуле жылуын сіңіруді атайды, ал конвективті деп –тұрба беттерін түтін газдарымен шаю тәсілімен жылу таратуды атайды. Радиант камерада жылудың негізгі бөлігі радиациямен, тек аз бөлігі конвекциямен беріледі, ал конвекция камерасында –керісінше.
Сұйық және газ тәрізді отынды радиант камерада жағады, жану өнімдері ( түтін газдары), перевал қабырға арқылы жылжып, конвекция камерасынан өтеді де түтін тұрбасы арқылы шығады.
1. Вихман Г.Л., Круглов С.А. Основы конструирования аппаратов и машин нефтепере-рабатовающих заводов.- М.: «Машиностроение», 1987.
2. Генкин Л.С. Оборудование химических заводов.- М.: «Химия», 1986.
3. Мәулібаева Р.Ж. Мұнай-газ өңдеу зауыттарының жабдықтары.- Алматы: «МерСал», 2004.
4.Фарамазов С.А. Оборудование нефтепереробатовающих заводов и его эксплуатация.- М.: «Химия», 1984.

Пән: Химия
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 24 бет
Таңдаулыға:   
1. КІРІСПЕ

Мұнай өнеркәсібі — дүниежүзілік шаруашылықтың Екінші дүниежүзілік
соғыстан кейін қарқынды өркендеген саласы. Дүниежүзіндегі басты мұнай
алаптары дамушы елдер аумағында орналасқан. Әлемдік нарықта бағасының ұдайы
өзгеріске түсетіндігіне қарамастан, мұнай мен одан алынатын өнімдер
стратегиялық маңызы бар ресурс болып отыр. Мұнайды көп мөлшерде өндіріп,
шетке шығаратын елдердің халықаралық деңгейде айрықша орны бар, тіпті
олардың геосаяси жағдайына мұнай қоры елеулі түрде ықпал етеді деуге
болады.
Мұнай өнеркәсібі — күшті монополияланған саланың бірі, дүниежүзі
бойынша мұнай саласында АҚШ пен Батыс Еуропаның аса ірі ұлтаралық
компаниялары жетекші орын алады. Бұған қарсы тұру мақсатында 1960 жылы
мұнай экспорттайтын дамушы елдер арнайы ұйым (ОПЕК) құрды. Ұйымның негізгі
мақсаты — осы ұйымға мүше елдердің мұнайды өндіру және сыртқа сатумен
байланысты қызметін халықаралық деңгейде үйлестіру. XX ғасырдың соңына
қарай дүниежүзінде өндірілген 3,5 млрд т (газ конденсатымен қоса) мұнайдың
40%-ға жуығы ОПЕК елдеріне тиесілі болды. Ресей әлемдегі жетекші мұнай
өндіретін елдердің бірі (39-сызбанұсқаға қараңдар).
Жан басына шаққанда мұнай өндіруден дүниежүзінде Кувейт 1-орын алады (2008
жылы — 54,6 т). Қазақстан Республикасында 2008 жылы 70,7 млн т мұнай
өндірілді; жан басына шаққандағы көрсеткіш 4,36 т болды.
Мұнай өнеркәсібі отын өнеркәсібінде жетекші рөлді атқарады. Сонымен
бірге негізгі стратегиялық шикізат көзі болып есептелінеді. Мұнайды өңдемей
қолдана алмайды.Одан 300 түрлі өнім алады: ең қажетті өнімдерінің бірі
машиналарға арналған отын (бензин, керосин) және химия өнеркәсібіндегі
шикізаттар.

Қазір Қазақстанда 4 газ өңдеу зауыты істейді Олар:
1.Қазақ газ өңдеу зауыты
2.Теңіз газ өңдеу зауыты
3.Жаңажол газ өңдеу зауыты
4.Қарашығанақ өңдеу кешені.

2. Мекеме құрылымы. Зауыттың ағымды сызбасындағы жабдықтардың орны.

Қазақстан өзінің көмірсутекті шикізатының үлкен қорымен қазіргі таңда
әлемдік мұнай индустриясының елеулі орталығына айналып келеді. Қазірдің
өзінде Каспий теңізінің қазақстандық секторын игеруде әлемнің ірі
халықаралық мұнай газ компанияларымен байланысқан. Мұнай және бұрғылау
компанияларының сервистік қызметтеріне деген сұраныс Жігермұнайсервис
қалыптасуына арқау болды. Оның қызметі мұнай және газ кенорындарындағы
құрылымдарды, бұрғылау, мұнай кәсіпшілік және стандартты емес жабдықтарды
дайындау, оларды жөндеуге негізделген.
Бұл компания сервистік, металл кесу, дәнекерлеу жабдықтары, қышқылдық-
өндіру станциясымен қоса алғанда, қуатты өндірістік потенциалы бар ірі
өнеркәсіптің бірі. Бұл өнеркәсіптің артықшылығы – жеке теміржол тупигінің
болуы.
Жігермұнайсервис мұнайсервистік қызмет көрсету нарығында үлкен
беделге ие болып отыр. Бұл компания өзінің қызмет көрсету аясын кеңейтуге
жұмыс атқарады және шетелдік, отандық компаниялармен қызметтік қарым-
қатынасы да дамып келеді.
Кез келген тапсырыстар жекелей инженерлік-техникалық қолдаумен
қамтамасыз етілген.
Қазіргі таңда бұл өнеркәсіп Қазақстан экономикасының мұнай-газ
секторында жұмыс жасайтын көптеген компанияларға қызмет көрсетуде, және де
сапалы, интегралданған қызметтерді көрсетуде кез келген компаниялармен
серіктес болуға дайын.
Зауыттың өндірістік базасы Атырау қаласынан 15 км қашықтықта
орналасқан. Қазіргі уақытта кәсіпорын 7 цех және учаскелерден құралады.
• Жалпы территориясы – 8,5 га.
• Өндірістік алаңы – 9500 кв.м.
• Офистік алаңы – 1500 кв.м.
• Қоймалық территориясы – 7000 кв.м.
• Жаңа жобаларды дамыту территориясы – 2,4 га.
• Теміржол тупигі – 1030 м.
• Жалпы қызметкерлер саны – 170 адам.
 Жетістіктері:
• Өндірістік активтіліктің болуы және дамыған инфрақұрылым;
• 100% қазақстандық кәсіпорын;
• Шығарылатын өнімі сертификатталған және СТ-ҚР талаптарына сәйкес
келеді.
• Өнім сапасын басқарудың интеграцияланған жүйесі
• Біліктілігі жоғары инженерлік-техникалық құрам, дайын және жаңа
инженерлік шешімдер
• Мұнай операцияларын жүргізу аймақтарына жақындығы
• Жабдықтарды жеткізуші кәсіпорындармен тығыз байланысы
• Ретті жұмыстарда жан-жақты тәжірибесі: генподрядчик, субподрядчик,
берілген сызба құжатына сәйкес жобалау, дайындау, объектілерді
кілтпен тапсыру, альянстарды құру
• Ұсынылатын өнім мен қызметтің кең ауқымдылығы
• Әрбір тұтынушыға жеке қызмет көрсету.
Жігермұнайсервис барлық қажетті жабдықтармен және
лицензияланған қызметтің негізгі түрлерін орындауға арналған құралдармен
жабдықталған:
• бұрғылау және мұнай кәсіпшілік жабдықтары, бұрғылау және сорапты-
компрессорлық құбырларды жөндеу, дайындау, монтаждау мем. лицензия №
0000060 30 наурыз 2001 ж., қосымшасы 17.06.2005 ж.
• қысымда жұмыс жасайтын құбырлар, пештерді жөндеу және пайдалану,
гидравликалық сынау, оттегі мен азотты алу және өңдеу мем. лицензия №
000474

30 маусым 2006 ж.
• арнайы СПР бірге мұнай және газ құбырының магисттральды желілерін
төсеу бойынша құрылымдық-монтажды жұмыстар, ұңғыларды құрастыру және
жұмыстың басқа да түрлері, мем. лицензия 000275 №0000431 13.06.2006 ж.
Мұнай және газ өңдеу және химия өндірісінің негізгі процестері:
Метлдарды ыстықтай престеу, темір мен болатты ковкалау, металдарды
ыстықтай ковкалау, металдарды қолмен ковкалау, тапсырыс берушінің
құжатнамасы бойынша металдардыв ковкалау, пеш жұмыстары, парақтық металл
мен құбырлармен жұмыс жасау, дәнекерлеу, металдарды электрлік дәнекерлеу,
металды газшоғымен дәнекерлеу, металды индукциялық дәнекерлеу процестері,
инертті газбен сақтандыра отырып, металды дәнекерлеу, металдарды
механикалық өңдеу процестері, металдарды қайшымен кесу, қысымы жоғары су
ағынымен металдарды кесу процестері, компьютерлік сандық программалық
басқарылатын жабдықтармен металдарды кесу, штамптағы металдарды ждайындау,
орамалы металл үшін саңлаулар тесу процестері, көпшпиндельді станокта
металдарды өңдеу, ұзындығы үлкен болатын металл цилиндрлер мен жебелік
қабаттарды жасақтау процестері, металл бұрандалы бұйымдарды шлифтау, металл
тісті дөңгелектерді шлифтау, бөлгіш жұдырықшалы пішіндерді шлифтау, әйнекті
шариктер ағынымен металдарды тазартудың процестері, тік токарлы станоктарда
металдарды өңдеу, металл құралдарды дайындаудың қызметтері, компьютерлік
сандық бағдарламалық басқарылатын токарлы станоктармен металдарды өңдеу,
металл құралдарды дайындау, жабдықтарды жөндеу, техникалық қызмет көрсету
және жетілдіру процестері, мұнайды өндіруге арналған бұрғылау құралдарын
жақсарту және жөндеу, мұнай өңдеу жабдықтарына техникалық қызмет көрсету
және жөндеу.
Жігермұнайсервис қызмет аясы кең ауқымды. Бұл компания бұрғылау,
мұнай кәсіпшілік және стандартты емес жабдықтарды дайындап, мұнай және газ
кенорындарында қолданылатын құралдарды жасақтауға септігін тигізіп келеді.
Жігермұнайсервис мұнайсервистік қызмет көрсетуде ірі позициялы
компания болып табылады. Сонымен қатар, шетелдік және отандық алдыңғы
қатарлы компаниялармен келісімшартқа отырып, түрлі деталдар дайындауда,
жөндеу жұмысын жасау, түрлі озық технологиялық жабдықтармен өңдеп, оларға
қызмет көрсетіп келеді.
Каспий маңы аймағы қазіргі таңда мұнай-газ саласы дамуының қайнар көзі
болып табылады. Сервистік қызмет көрсету саласына деген сұраныстың көп
болуынан осы компанияның іргетасы қаланған десе де болады.
Жоғарыда айтып өткеніміздей, бұл компанияның басты артықшылығы –
кранмен жабдықталған және Атырау теміржол станциясынан 1 шақырым қашықта
орналасқан жекелей теміржол тупигінің болуы. Компанияның өндірістік
объектілері арқылы Атырау-Астрахань, Атырау-Орал-Самара және Атырау-
Ақтөбе секілді көптеген ірі автомагистралдар өтеді. Компанияға Атыраудың
өзен порты да жақын орналасқан.
Жылу алмастыру жабдықтары химия технологиясында көп орын алады.Өзіндік
аппараттан тұратын жылу алмастырғыштарға әртүрлі аппараттардың негізгі
бөлігі болып табылатын жылу алмасу элементтерін қолданады.Жылу
алмастырғыштар әртүрлі коорозиялық уытты және жоғары тұтқыр өнім ортасында
жұмыс жасайды.Оларды 100 С температура кезінде жәнее 200 МПА қысымға дейін
пайдаланады.Орта құрамы мен оның параметрлері жылу алмастырғыш
аппараттардың конструкциясына өзінің негізгі шарттарымен енгізеді.
Мұнай,газ және мұнай өнімдерін сақтау үшін мұнай өңдейтін
зауыттарда резервуарлар паркында жинақталатын бірнеше сыйымдылықтар
пайдаланылады. Сақталатын өнім қызметіне байланысты
шикізаттың,аралық және тауарлық резервуарлар паркін бөледі.
Металл сыйымдылықтар әдетте жер бетіне орналасады да,сөйтіп
олардың пайдаланылуы жеңіл түседі. Орнатылған сыйымдылықтар көлемі мен
санын зауыттық шикізат және әр өнім бойынша бір мезгілде сақталатын өнім
мөлшері бойынша сонымен

қатар және мұнай өнімін сақтау ұзақтығын нормасына байланысты тәуліктік
өнімін ескере отырып анықтайды.Сыйымдылықтардың құрылысы көп факторларға
байланысты анықталынады, ең ішінде маңыздысы болып химиялық қасиеттері,
сұйық пен газдың қысымы мен температуралары. Резервуарлардың түрлері:
цилиндрлік тік резервуарлар, жүзбе төбелер резервуарлар,тамшы түріндегі
және шар тәрізді резервуарлар. Дұрыс пайдалану үшін резервуарлар сақталатын
сұйықты беріп қабылдау үшін жабдықтармен, оның көлемін өлшеу құрылғылармен,
жұмыс режимінің бұзылуларын болдырмайтын құрылғылармен жабдықталған болуы
қажет. Резервуарлардың люктері мен лаздары болуы керек, олар арқылы жөндеу
кезінде ішіне кіруге болады, сончмен қатар ішкі қажетті жабдықтарды енгізу
мүмкіншілігі пайда болады.
Құбырлы пештерде өртелген жанармайдың жылуы сұйықтықтың немесе
бусұйық қоспасы құбырлы ирек түтік арқылы айдалуымен беріледі. Құбырлы
пештер конструктивтік және технологиялық белгілерімен айырмашылықта
болады.Қазіргі кезде мұнай өңдеу зауыттарында пайдаланудағы пештердің
көбісі радиакты конвекционды болып табылады, яғни құбырлы ирек түтіктер
радиандық және конвекционды камераларға орнатылған. Жылудың көп мөлшері
радиатция жолымен радиан камерасына беріледі. Радиатты камера саны бойынша
бір екі және көп камералы құбырлық пештер деп бөлінеді.Қазіргі кезде
жобаланған құбырлы пештердің типтері, параметрлері және негізгі өлшемдері
сипат құжатына сәйкес қарастырылады.
Құбырлы пештердің фундаменттерін моналитті немесе жиналған
темірбетонын жасайды. Олар жерасты суларынан гидроизоляциямен сенімді
қорғалуы тиіс. 300-400 C темпертурада бетон бойындағы кристалданған суды
жоғалтады да бетон бұзыла бастайды, сондықтан фундаментті жоғары
темпертураны аймақтан бөлектейді.
Металды қаңқа пеш қабырғасын көмкеретін кеңістік рама болып
табылады, сондықтан қанқаның конфигурасы пештің сыртқы пішініне сәйкес
болады. Қаңқа құбырлы ирек түтіктен гарнитурадан, аспалы төбеден,
жамылғыдан түсетін салмақты жүктеме түседі, ал жаңа конструкциялы пештер де
пештің қабырғасынан тұрады. Қаңқа жазық рама немесе фермнен тұрады олар
тіректі бетімен бағанамен фундаментке орнатылады және өзара балкі немесе
швелиерлер мен көлденең байланысады. Пештердің өлшемі үлкен жағдайда
температуралық деформацияны еркін қабылдау үшін бағаналау қондырғыш
плиталарға шарнирмен бекітіледі.Фермнің төменгі белдігі төбе кірпіштерін
және төбемен экранды құбырларын алу үшін қызмет етеді. Қабырғалар
жанар орнының және құбырлы пештердің камераларын саңылаусыздығын қамтамасыз
етеді және де радиантты құбыр экранын орналастыру бетін құрады.
Қабырғалар жоғарғы температураға төзімді, саңылаусыз, елеусіздеу жылу
өткіздігіштігіне ие болуы тиіс. Ескі пештер қабырғалары үшқабатты ішкі
қабат отқа төзімді кірпіштен жасалады, ол өрт әрекеті мен түтінді газдарға
ұшырайды. Қазіргі пештердің қабырғалары блокты конструкциялы болып келеді,
оларды отқа төзімді кірпіштен жасайды. Блоктардың қырлары тегіс болып
пештің ішкі бетін құрайды. Мұндай қабырғалар ерітіндісіз жасалады.
Ерітіндінің жоқтығы арқасында әр блок кірпіш блок деформациясын жеңіл
қабылдайды және кілтті саңылау шегінде оларды өтейді.

3. Қондырғының негізгі және қосымша аппараттарының сипаттамасы.

Құбырлы пештер бірі біріне құрылысы мен технологиялық белгілері бойынша
ерекшеленеді. Мұнай өңдеу зауыттарында қазіргі уақытта пайдаланылатын
барлық дерлік пештер радиантты-конвекциялы, яғни, құбырдық ирек түтіктері
радиант және конвекция камераларында орнатылған.
Ең үлкен жылу мөлшері радиант камерада радиация арқылы тарайды. Радиант
камералар саны бойынша бір-, екі-, көпкамералы құбырлы пештерді бөліп
қарайды.
Технологиялық маңызы бойынша қыздыратын және реакциялық-қыздыратын пештер
болады. Біріншісінің мақсаты-шикізатты берілген температураға дейін
қыздыру, екіншісінің мақсаты- қыздырғаннан басқа ирек түтіктің белгілі бір
учаскелерінде бағытталған реакция (мыфсаоы, термиялық крекинг) өтуіне
жағдай жасалады.
Құрылысы бойынша құбырлы пештер қорапты (жазық немесе көлбеу төбесі барлар)
болады, бірақ тік цилиндр пештер де болады. Пештің радиант камераларындағы
тұрба экрандар орналасуы пеш құрылысы мен камералардың бір біріне қатысты
орналасуына байланысты болады. Тұрбалармен төбені, (қаптал, алдыңғы,
перевал) қабырғаны және пеш астын экрандайды (жабады). Бір қатарлы және екі
қатарлы экрандарды бөліп қарайды.
Түтін газдарының қозғалыс бағыттарына байланысты пештер жоғары өрлейтін,
төмен түсетін және көлденең ағыны бар пештер болуы мүмкін. Төмен түсетін
ағын кезінде түтін газдары іркілу аймағы болуы ықтималдығын азайтады,
сондықтан жылу тарату тиімділігіартуын қамтамасыз етіледі.
Пештің ішкі көлемі жартылай қалқанмен, яғни перевал қабырғамен екі бөлікке
бөлінген, бұларды радиант және конвекция камералары деп атайды. Камераларда
ирек түтіктер орналасқан, солардың беті арқылы жылу таралады.
Радиациялық жылу тарату деп- сәуле жылуын сіңіруді атайды, ал конвективті
деп –тұрба беттерін түтін газдарымен шаю тәсілімен жылу таратуды атайды.
Радиант камерада жылудың негізгі бөлігі радиациямен, тек аз бөлігі
конвекциямен беріледі, ал конвекция камерасында –керісінше.
Сұйық және газ тәрізді отынды радиант камерада жағады, жану өнімдері (
түтін газдары), перевал қабырға арқылы жылжып, конвекция камерасынан
өтеді де түтін тұрбасы арқылы шығады.
Қыздырылатын ағын әуелі конвекциялық камераның ирек түтіктері арқылы,
содан соң –радиант камерасы арқылы өтеді.
Пеште отын жағу нәтижесінде түтін газдарының және ыссы отынның қызған
бөлшектері болып келетін алаулар температурасы көтеріледі.
1300—1600°С температураға дейін қызған алау жылу бөледі. Жылу сәулелері
құбырдың сыртқы бетіне және пештің радиант камерасы қабырғасының ішкі
бетіне түседі. Қабырғаның қызған беттері жылу бөледі, бұл жылуды да радиант
құбыр беттеріне сіңеді. Егер қабырға кірпіштері арқылы жойылатын жылуды
ескермесек, пештің қалыпты, орнықты жұмысы кезінде пештің ішкі қабырғасының
беттері қанша жылу сіңірсе, сонша жылу шығарады. Түтін газдары құрамындағы
үш атомды газдар (су буы, көміртек қос тотығы және күкірт ангидриді)
белгілі бір толқын интервалындағы сәуле энергиясын сіңіреді және шығарады.
Радиант камерада сіңірілетін сәуле жылуының мөлшері алау бетіне, оның
құрылысына және отынның экрандалу дәрежесіне байланысты. Алау бетінің
үлкен болуы жылудың құбыр бетіне тікелей таралапы берілу тиімділігін
арттырады. Қабырғаның кірпіш бетінің ұлғаюы да радиант камерадағы жылудың
таралу тиімділігі артуына ықпал етеді.
Жылуды конвекциямен тарату тиімділігі конвекция камерасындағы түтін
газдарының қозғалыс жылдамдығына байланысты. Түтін газдары тұрбаларды тығыз
қамту үшін және конвекция камерасындағы түтін газдары ағынының тез
алмасуы үшін тұрбаларды шахмат тәртібімен орнатады.

4. Қондырғының технологиялық сипаттамасы.

Қазіргі уақытта жобаланушы құбырлы пештердің типтері, параметрі мен негізгі
мөлшері қалыптыға (нормалға) сәйкесетндей етіп қарастырыған. осы нормал
негізінде жасалған ЦИНТИхимнефтемаш каталогында қыздыру беті 15—2200
м2,типтері Б, 3, В, Г, Ц, Р (Б –жалынсыз жанатын; 3 — жылу берілісін
аймақтық реттейтін; В — түтін газдарын жоғарғы әкететін және тік ирек
түтіктері бар; Г — түтін газдары жоғары әкетілетін тар камералы; Ц —
цилиндрлі; Р — көпкамералы) болатын құбырлы пештерді қарастырады.
Конструкция мен отыны жағу тәсіліне қарай Б, 3, Г және Ц типті пештерді
екі түрде — тиісінше ББ1 және ББ2; ЗР және ЗД; ГН және ГС; ЦС және ЦД
жасайды. Бұл белгілемелерде екінші әріп отынды жағу сипатын көрсетеді. (Р
—жалынсыз сұйық отын резерві бар; Д — ауаны саралап жеткізетін төсемелі; Н
— төсемелі және көлемді-төсемелі; С — еркін алауы бар жалынды).
Құбырлы пештердің конструктивтік элементтерінің типтері мен құрылысы сан
алуан. Жаңа конструкциялы пештерді игеруге байланысты бұларды үнемі
жетілдіріп отырады. барлық пештер құрылысына ортақ конструктивтік
элементтер – іргетастар, металл каркастары, қабырға мен төбелері, құбырдың
ирек түтіктері, гарнитура, отын жағатын жабдық, отын-, ауа-, және бумен
қамтамасыз ету жүйесі, қызмет көрсетуге және жөндеуге арналған басқыштар
мен алаңдар, түтіндіктер мен мұржалар, бу қыздырғыштар мен рекуператорлар.
Конструктивтік элементтер барлық пештер үшін типтік болып табылады.
Құбырдағы ирек түтіктер
Құбырдағы ирек түтіктер әртүрлі құрылысы бар қос түтік арқылы бір бірімен
жалғанған түтіктерден тұрады. Түтіктердің тозу себебі әртүрлі және бұл
пайдалану режимінің гидравликалық және жылутехникалық сипаттамасына және
шикізаттың сапасына байланысты процестің технологиялық ерекшелігіне
байланысты. Бұл кезде тозу дәрежесі түтіктің дайындалу сапасына және
материалына байланысты болады. (450 °С дейінгі температура кезінде) 10
және 20 маркалы көмірсутекті болаттан және (550 °С дейінгі температура
кезінде) легирленген Х8, Х5М, Х5МУ, 15Х5ВФ, 12Х8ВФ, Х9М, ХГ болаттан
жасалған тігіссіз тапталған тұрбаларды қолданады. Шикізат бұдан жа жоғары
температурада қыздырылатын болса, қызуға берік (12Х18Н10Т, 10Х23Н18)
болаттан жасалған немесе қызуға берік құймалардан жасалған тұрбаларды
пайдаланады. Тұрбаларды ирек түтікке біріктіру үшін екі тәсілді қолданады,
бұл: peтурбендтерді (ұядағы тұрба шеттерін жаншып қақтау арқылы) және қос
түтіктерді (дәнекерлеу арқылы). Пештің ирек түтігі күрделі тәсілмен де
жасалуы мүмкін, бұл: конвекциялық камерада немесе оның бастапқы учаскесінде-
дәнекерлеу, ал жылу кернеулігін сезінетін қалған басқа учаскелерінде —
ретурбендерде жасалады.
Ретурбенд дегеніміз тұрбаларды ирек түтікке жинайтын болаттан құйылған
немесе шыңдалған қораптар болып келеді. Бұлардағы ағынның бағыты қарама-
қарсы жаққа өзгереді. Бұрыштық ретурбендтер де болады, бұлардағы ағынның
қозғалыс бағыты тік бұрышпен өзгереді. Бұларды ирек түтік бір камерадан
басқасына немесе бір экраннан екіншісіне өткен кезде қолданады. Барлық
ретурбендтер конструкциясы қажет болса, пеш тұрбаларының ішкі беттеріне қол
жететіндей етіп жасалған. Бұл үшін қорапты жабатын және оған траверс
болттарды қысатын конус тығындарды ұясынан суырып алады. Ретурбендтер
есебін қорапта қысымнан болатын күшті және корпус ұяларына қысылатын
тығындардан келетін тірек күшін ескеріп есептейді. Болтта пайда болатын
осьтік күшті созылу біткен кезде жұмысшы жасаған немесе гайковертпен
жасалған момент бойынша анықтайды.
Тұрба ирек түтіктерін радиант камерлардың экрандары бойымен бір немесе екі
қатар қылып орнатады. екі қатар етіп орнатқан кезде бір қатар тұрбаларын
екінші қатар тұрбаларыны қақпағына, яғни шахмат тәртібімен орналастырады.
Құбырлы пеш жұмысы негізгі үш көрсеткішпен сипатталады, бұлар: өнімділігі,
пайдалы жылу жүктемесі және пайдалы әсер коэффициенті.
Пеш өнімділігі уақыт бірлігі ішінде (ттәул) ирек түтіктерде қыздырылатын
шикізат санымен көрсетіледі. Бұл пештің өткізу қабілетін, яғни белгіленген
жұмыс параметрлері кезінде (шикізаттың пешке кірердегі және шығардағы
температурасы, шикізат қасиеті т.б.) ирек түтіктер арқылы айдалатын
қыздырылмақ шикізат мөлшерін көрсетеді. Сөйтіп, әр пеш үшін оның өнімділігі
оның толық сипаттамасы болып табылады.

5. Аппараттарды жөндеуге дайындау.

Пештердің ирек түтіктерін тазалау технологиялық процесі

Операциялар атауы Жұмыстардың Техникалық шарттар
реттілігі
Пешті жөндеуге дайындау
1 Пеш жұмысын тоқтату Форсункаға отынныңФорсункаларды
берілуін жаймен ретімен жабу
тоқтату
2 Аппаратты өнімнен босату Иректүтікке Пешті
шикізат беретін технологиялық
задвижканы желіден бітеу
(ысырма) бұқтырмалармен
жабу.Шикізатты (заглушкалармен)
ағызу задвижкасын ажырату
ашу.
3 Иіректүтікті үрмелеу Су буын беретін Бу қысымы 0,8-1,0
задвижканы ашу Мпа
4 Бу мен конденсантты шығару Дренаж штуцерлерін
ашу
5 Иректүтіктегі коксты кептіру Форсункаларды Қыздыру
іске қосу температурасы
300-350 ° С
6 Форсунканың жұмысын тоқтату Форсункаға отын
берілуін
бірте-бірте
тоқтату
Иректүтіктерді тазалау
1 Қысу болттарын Тығындар
Ретурбендтерді ашу бұрап ашу. (пробкалар) балқып
Траверсаны шешіп жабысып қалған
алу.Тығындарды жағдайда оларды
алып тастау ломмен іліп көтеру
2 Құбырлардың ішкі беткейлерінен Шарошкаларды Шарошканы
пневмотурбинкамен ретурбенд
коксты кетіру айналдыру арқылы камерасының ашық
коксты кетіру. саңылауы арқылы
орнату
3 Коксты үрлеу Сығылған газды Ауа қысымы 1,0-1,5
беру Мпа
4 Ретурбендтердің ішкі Тазалау Жету қиын
беткейлерін пневмотурбинкамен жерлердегі коксты
Кокстан тазалауу жүргізіледі жанарғымен өртеу

6. Аппараттарды жөндеу, технологиялық ақау тізбегін толтыру.

Құбырлы пештер бір- бірінен құрылысы мен технологиялық белгілері бойынша
ерекшеленеді.
Мұнай өңдеу зауыттарында қазіргі уақытта пайдаланылатын барлық дерлік
пештер радиантты-конвекциялы, яғни, құбырдық ирек түтіктері радиант және
конвекция камераларында орнатылған.
Ең үлкен жылу мөлшері радиант камерада радиация арқылы тарайды. Радиант
камералар саны бойынша бір-, екі-, көпкамералы құбырлы пештерді бөліп
қарайды.
Технологиялық маңызы бойынша қыздыратын және реакциялық-қыздыратын пештер
болады. Біріншісінің мақсаты-шикізатты берілген температураға дейін
қыздыру, екіншісінің мақсаты- қыздырғаннан басқа ирек түтіктің белгілі бір
учаскелерінде бағытталған реакция (мысалы, термиялық крекинг) өтуіне
жағдай жасалады.
Химия және мұнай өңдеу зауыттарында пайдаланылатын құбырлы пештер бір-
бірінен конструкциясы, технологиялық және жылутехникалық параметрлері,
және мөлшері жағынан айрықшаланады. Олардың құрастыру сипаттамаларының,
элементтері тозуы түрлерінің, жөндеу тәсілдері мен мазмұнының алуан түрлі
болуы осыдан болады.
Барлық дерлік пештер радиантты-конвекциялық болып табылады, яғни олардың
ирек түтіктері радиантты және конвекциялық камераларда орналасқан.
Пештердің конфигурациясы осы камералардың өзара орналасуына байланысты
болады. Қазіргі заманғы құбырлы пештердің конструкциялық элементтері
мыналар: іргетастар, металл каркастар, қабырғалар мен күмбездері, тұрбалы
ирек түтіктер, гарнитура, отын жабдығы, отын-, ауа-, және бумен жабдықтау
жүйесі, қызмет көрсету мен жөндеуге арналған баспалдақтар мен алаңдар,
мұржалар мен түтіндіктер, бу ысытқыштар мен рекуператорлар. Құбырлы
пештердің іргетастарын монолитті немесе жиылмалы темірбетоннан жасайды.
Топырақ асты суларының әсеріне ұшырайтын іргетастың жер асты бөлігін мықты
гидроизоляциямен жабады. Гидроизоляция қабатымен жанасатын мұнай өнімдері
іргетастың тұтастығын бұзады, бұл іргетастың қирауына соқтырады. Сондықтан,
құрастыру және жөндеу кезінде мұнай өнімдері бар жерасты суларын жер бетіне
үздіксіз шығаруға арналған дренаж құрылғыларының дұрыстығын бақылау
керек. Іргетастың мұнай өнімдерімен ластанған учаскелерін бірінші жөндеу
кезінде ашып жалаңаштайды, құммен тазалау аппараты көмегімен тазалайды,
содан соң тағы да гидроизоляциямен жабады. 300—400 °С болған кезде іргетас
бетонындағы цемент кристаллизациялық суынан айырылады, нәтижесінде бетон
ұнтаққа айналып, бұзылады. Сондықтан іргетастың жоғары температура әсерінен
изоляциялау мықтылығын жүйелі түрде тексеру қажет. Қаланған тас пен іргетас
арасындағы ауа циркуляциялық каналы әрқашанда бос болуы керек, ал
қарапайым кірпіштен жасалған жылуизоляциялық қабат —бұзылмаған болуы керек.
Пештің металл каркасы радиантты және конвекциялық камераны сыртынан
жиектейтін кеңістік рамасы болып келеді. Каркас құбырлы пештің барлық
элементтерінен түсетін жүктемені көтереді, сондықтан оның беріктігі мен
тұтастығы бұзылуы пештің сол бойда тоқтауына соқтырады. Металл
каркастың тіктұрбаларының беріктігі бұзылуының себебі тұрбалы ирек
түтіктер арқылы берілетін және оларды шайқалтатын гидравликалық соққы,
сондай-ақ жоғарғы көтеруші арқалықтардың немесе тіктұрбаларды керуші каркас
фермаларының температуралық деформациялары болуы мүмкін. Құрастыру және
жөндеу жұмыстары кезінде пешті пайдаланғанда қарысып қалуының алдын алу
үшін тіктұрба жанындағы шарнирлерді тексеру қажет. Аспалы күмбездердің жылу
изоляциясының орнықтылығы жеткіліксіз болғандықтан жоғарғы тасушы
арқалықтар мен ферманың төменгі белдеулері едәуір температуралық
деформацияларға ұшырауы мүмкін және қарқынды атмосфера коррозиясы әсерінен
бұзылуы мүмкін. Сондықтан аталған элементтер жөндеу кезінде егжей-тегжейлі
тексерілуі керек. Металл каркастың барлық
элементтерін қалыпты эксплуатация кезінде атмосфера коррозиясынан жылуға
берік жабындылармен жақсы қорғау керек. Металл каркастың элементтерін
құрастыру кезінде

тұрбалы ирек түтіктердің, футеровка мен басқа да конструкциялық топтардың
құрастырылуы қиын болмайтындай етіп мұқият тексеріп алады. Ретурбендті
камералары бар тұрба торларына ерекше көңіл бөлу керек. Тұрба торлары қатаң
жағдайларда жұмыс істейді: пештің ішкі қуысы жағынан олар тиісті (радиантты
немесе конвекциялық) камералардың жоғары температура әсеріне ұшырайды, ал
ретурбендті камералар ішінде осы учаскедегі шикізат температурасына
жақын температура орнайды. Бұл торлардың жантаюына (аууына) жетелейді және
шапшаң коррозиялық тозуға соқтырады. Әр жөндеу сайын торлардың ішкі
қабырғаларының изоляция жағдайын тексеріп, оның уақытынан бұрын бұзылуының
алдын алу шараларын алу керек.
Торлар бетіне торкреттеу әдісімен салынған изоляция қабаты ұзаққа шыдайды.
Қабырғалары мен пеш асты өте мықты болуы керек, жылу өтімділігі аз
болуымен сипатталып, оттық пен пеш камераларының герметикалығын қамтамасыз
етуі тиіс. Ескі және қазіргі заманғы пештердің қабырғасының конструкциясы
принциптік тұрғыдан әртүрлі. Ескі пештердің қабырғалары әртүрлі
материалдардың үш қабатынан тұрады. От пен ыссы отын газдарының әсеріне
қалатын ішкі қабаты отқа төзімді кірпіштен қаланған, ортаңғы қабаты
—изоляциялық кірпіштен немесе плитадан, ал сыртқы қабаты — беріктігі
жоғары кәдімгі кірпіштен қаланған. Бұл қабырғалардың қалыңдығы үлкен
болғанымен аса ұзақ жасамайды; мұндай қабырғалар қабаттарға бөлініп, тез
бұзылады. Отқа төзімді кірпіштен салынған және сыртынан жылуизоляциялық
және герметикалаушы қабаттармен жабылған қабырғалар конструкциясы жағынан
қарапайым және мықты келеді. Герметикалаушы қабат ретінде сылақ
(штукатурка) немесе табақ металдан жасалған тыс болуы мүмкін. Оттық
камераның жылу кернеулігіне байланысты отқа төзімді кірпішті А, Б және В
маркалы шамот кірпіштен қалайды. Түзілген шорларды жою үшін пневматикалық
ұрып түсіретін балғаны қолдануға тура келеді. Әсіресе, жалпақ тұрба
экрандары бар болған кезде қабырғаның балқуына жол берілмейді. Қазіргі
заманғы пештердің қабырғалары Әртүрлі формадағы отқа төзімді кірпіш болып
келетін блоктардан қаланған. Көрші блоктардың түйісетін беттері
кертіштермен және соларға сәйкес ойықтармен жабдықталған, бұлар құлып-
лабиринттер түзеді. Бұл камералардың берік герметикалы болуына көмектеседі
және пеш ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Мұнай қалдықтарын кокстеу қондырғысының жобасы
Сағатына 55000 кг өндіре алатын түйіршікті жылутасымалдағыш қозғалмалы қабатындағы кокстеу қондырғының құбырлы пешінің жобасы
Каталитикалық крекингтің мәні
Кубта мұнай қалдықтарын кокстеу қондырғысының жобасы
Құбырлы пештерді автоматтандыруды жобалау
Жылына 5 млн тонна мазутты вакуумдық айдау қондырғысы
Нан пісіру пешінің жетілдірілуі
Мұнай өңдеу, мұнайхимиялық және химиялық өндірістегі технологиялық қондырғылар
Мазутты вакуумдық айдау қондырғысының жобасы
Мұнайды дайындау қондырғысындағы құбырлы пештерде мұнайды қыздыру процесінің автоматтандырылуын жобалау»
Пәндер