«Қазақстан Халық Банкі» АҚ-ның қаржылық жағдайын талдау



Мазмұны

Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
І. Коммерциялық банктердің қалыптасуының теориялық негіздері
1.1 Коммерциялық банктердің ұйымдық құрылымы ... ... ... ... ... ... ... ...
1.2 «Қазақстан Халық Банкі» АҚ.ның құрылу тарихы ... ... ... ... ... ... ...
ІІ. «Қазақстан Халық Банкі» АҚ.ның қаржылық жағдайын талдау
2.1 Банктің несиелік бөлімін талдау ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
2.2 Кассалық және валюталық бөлімдерінің қызметін талдау
2.3 Банктегі операциялар мен есеп беру қызметі ... ... ... ... ... ... ... ... ...
ІІІ. «Қазақстан Халық Банкі» АҚ.ның даму болашағы
3.1 Банк қызметінің даму стратегиясы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .
Қорытынды ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .
Қолданылған әдебиеттер ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
Қосымша ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
Кіріспе
«Коммерциялық банк» термині банк ісінің ертерек даму кезеңінде
банктердің сауда, тауар айырбасы операциялары мен төлемдеріне қызмет көрсетуі барысында пайда болды. Негізгі клиенттері саудагерлер болған. Бірақ, өнеркәсіптің және басқа салалардың дамуымен банктер экономиканың өзге де сфераларына қызмет көрсете бастағанда банктің коммерциялық деген атауы бастапқы мағынасын біртіндеп жоғалтты. Ол банктің іскер деген сипатын береді, оның шаруашылық агенттердің барлық жұмыстарға қызмет етуі олардың қызметттерінің саласына байланысты.
Мемлекеттің несие жүйесінде коммерциялық банктердің орны өте зор. Олар қарыз капиталы нарығының әртүрлі саласында жан-жақты әрекет етеді. Коммерциялық банктер несие ресурстарының негізгі бөлігін шоғырландырып, өз клиенттеріне несие беру, депозит қабылдау, есептесу, бағалы қағаздарды, шетел валютасын сатып алу-сату мен оларды сақтау және басқа да көптеген қаржылық қызмет көрсетеді.
Коммерциялық банктер-нарықтық экономикада несие жүйесінің негізгі буыны. Олардың міндеті ақша айналымы мен капитал айналымының үздіксіз қозғалысын қамтамасыз ету, өнеркәсіп мекемелерін, мемлекет пен халықты несиелеу, халық шаруашылығына қор жинау үшін жағдай жасау болып табылады.
Қазіргі коммерциялық банктер қаржы делдалы ретінде ақша капиталын салааралық және аймақаралық қайта бөлуді қамтамасыз етіп, маңызды халық шаруашылық қызмет атқарады. Капиталды салалар мен жүйелерге бөлу және қайта бөлудің банктік механизмі өндірістің обьективтік қажеттілігіне байланысты шаруашылықты дамытуға және экономиканың құрылымын өзгертуге мүмкіндік туғызады.
Коммерциялық банктердің кеңес беру қызметін төмендегідей топтастыруға болады:
Қолданылған әдебиеттер
1. Жуков Е.Ф. «Деньги, кредит, банки» Москва «Юнити»2002г.
2. Калиева Г.Т. Кредитное дело – Алматы: Қаржы – қаражат, 1997ж.
3. Кравцова Г.Ж. «Организация деятельности коммерческих банков» Минск , БГЭУ – 2002г.
4. Көшенова Ақша. Несие. Банктер Алматы, 2003
5. Міржақыпова Банктегі бухгалтерлік есеп Алматы, 2006
6. Мақыш Коммерциялық банктер операциялары Алматы, 2003
7. Мақыш Банк ісі Алматы, 2003
8. Мақыш Ақша айналысы және несие Алматы, 2004
9. Платонов К., Хиггинс С. « Банковское дело. Стратегическое руководство» Москва – 2001г.
10. Товасиев А.М. «Банковское дело» Москва: «Юнити» - 2001г.
11. «Управление ликвидностью коммерческого банка» Москва: «Банковское дело» №9 – 2001г.
12. Ширинская Е.Б. «Операция коммерческих банков и зарубежный опыт». 2001
13. Экономика негіздері // Банктердің қысқа мерзімді несиелерінің тәуекелділіктерін арттыру / №2 2008
14. «Қазақстан Халық Банк »АҚ шаруашылық есебінің мәліметтері 2010ж
15. Баймұратов О Қазақстандағы қаржы нарығы Алматы, 2007
16. Бабичева Л Банковское дело Москва, 1993
17. Биханұлы М. С. Коммерциялық банктер операциялары: Оқулық ИздатМаркет, Алматы, 2004
18. Гуревич Очерки советского банковского право Ленинград, 1999
19. Давыдова Л., О. Райманова Қазақстан Республикасының банк құқығы Алматы, 2006
20. Ефимова Т Банковское право Москва, 1994
21. Искакова Б Банк ісі Алматы, 2006
22. Колесников, Белоглазова Банковское дело Москва, 2005
23. Нуришева Г.Т. Коммерциялық банктердің депозиттік саясатының қалыптасу ерекшеліктері.//Аль-Пари // № 1-2, 2009
24. Смағұлова Г Қаржы ақша айналысы және несие Алматы, 2007
25. Хамитов Б Банк ісі Алматы, 2007
26. Интернет желісі. Google.kz. «Қазақстан Республикасының Банкі туралы ақпарат»

Пән: Банк ісі
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 36 бет
Таңдаулыға:   
Мазмұны

Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ...
І. Коммерциялық банктердің қалыптасуының теориялық негіздері
1.1 Коммерциялық банктердің ұйымдық құрылымы ... ... ... ... ... ... ... ...
1.2 Қазақстан Халық Банкі АҚ-ның құрылу тарихы ... ... ... ... ... ... ...
ІІ. Қазақстан Халық Банкі АҚ-ның қаржылық жағдайын талдау
2.1 Банктің несиелік бөлімін
талдау ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ...
2.2 Кассалық және валюталық бөлімдерінің қызметін талдау
2.3 Банктегі операциялар мен есеп беру
қызметі ... ... ... ... ... ... ... ... ...
ІІІ. Қазақстан Халық Банкі АҚ-ның даму болашағы
3.1 Банк қызметінің даму
стратегиясы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .
Қорытынды ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ..
Қолданылған
әдебиеттер ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ..
Қосымша ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ..

Кіріспе
Коммерциялық банк термині банк ісінің ертерек даму кезеңінде
банктердің сауда, тауар айырбасы операциялары мен төлемдеріне қызмет
көрсетуі барысында пайда болды. Негізгі клиенттері саудагерлер болған.
Бірақ, өнеркәсіптің және басқа салалардың дамуымен банктер экономиканың
өзге де сфераларына қызмет көрсете бастағанда банктің коммерциялық деген
атауы бастапқы мағынасын біртіндеп жоғалтты. Ол банктің іскер деген сипатын
береді, оның шаруашылық агенттердің барлық жұмыстарға қызмет етуі олардың
қызметттерінің саласына байланысты.
Мемлекеттің несие жүйесінде коммерциялық банктердің орны өте зор. Олар
қарыз капиталы нарығының әртүрлі саласында жан-жақты әрекет етеді.
Коммерциялық банктер несие ресурстарының негізгі бөлігін шоғырландырып, өз
клиенттеріне несие беру, депозит қабылдау, есептесу, бағалы қағаздарды,
шетел валютасын сатып алу-сату мен оларды сақтау және басқа да көптеген
қаржылық қызмет көрсетеді.
Коммерциялық банктер-нарықтық экономикада несие жүйесінің негізгі
буыны. Олардың міндеті ақша айналымы мен капитал айналымының үздіксіз
қозғалысын қамтамасыз ету, өнеркәсіп мекемелерін, мемлекет пен халықты
несиелеу, халық шаруашылығына қор жинау үшін жағдай жасау болып табылады.
Қазіргі коммерциялық банктер қаржы делдалы ретінде ақша капиталын
салааралық және аймақаралық қайта бөлуді қамтамасыз етіп, маңызды халық
шаруашылық қызмет атқарады. Капиталды салалар мен жүйелерге бөлу және қайта
бөлудің банктік механизмі өндірістің обьективтік қажеттілігіне байланысты
шаруашылықты дамытуға және экономиканың құрылымын өзгертуге мүмкіндік
туғызады.
Коммерциялық банктердің кеңес беру қызметін төмендегідей топтастыруға
болады:
-несиелеу және есеп айырысу ісі бойынша-ақша нарығындағы конъюнктура,
проценттік мөлшердің қозғалысы, несиелеудің жағдайы мен формасы туралы
хабар, несие-есептік қызмет көрсету үшін әр түрлі мәмілелер бойынша нұсқау
беру, қолма-қол ақшасыз есептесуді талдау, оны жетілдіру жолдарын зерттеу,
-бағалы қағаздарды шығару және олармен операция жүргізу бойынша-бағалы
қағаздар нарығы конъюнктурасы, олардың бағасының өзгеруі, бағалы
қағаздардың эмитенттері, бағалы қағаздарды шығару тәртібі және олардың
айналыс ережесі туралы хабар;
-күрделі қаржы беру бойынша-құрылыс қызметі нарығының конъюктурасы,
құрылыс материалдарының бағасы мен әр түрлі құрылыс-монтаж (құрастыру)
жұмыстарының тарифтері, күрделі қаржының экономикалық тиімділігін есептеу
туралы анықтама.
Соңғы кездері коммерциялық банктермен басқа несие мекемелерінің
арасындағы бәсеке күшейе түсуде. Бәсеке банктердің жаңа қызмет түрлерін
іздестіруге, клиенттерге ұсынатын қызмет түрлерін өсіруге және қызмет
көрсету сапасын жақсартуға ынталандырады. Сондықтан қызмет нарығындағы өз
орнын нығайту үшін олар банктерге тән емес, операцияларды батыл меңгеріп,
қаржылық кәсіпкерлікте кең қолдануда. Сайып келгенде банктердің
экономикадағы ролі артуда.

І тарау Коммерциялық банктердің қалыптасу негіздері (Халық банк
мысалында)
1.1. Коммерциялық банктер, олардың қызмет ерекшеліктері
Қазіргі коммерциялық банктер несие жүйесінің басқа буындары сияқты
клиенттерге көрсететін қызметтерін үнемі дамыту үстінде және көптеген жаңа
түрлерін меңгеруде. Бүгінде кейбір мемлекеттердің коммерциялық банктері
клиенттерге 300-ге жуық қызмет түрлерін көрсетуге мүмкіндігі бар несие
мекемесі (мысалы, Жапония банктері).
Біріншіден, жарғылық капиталды иелену және оны қалыптастыру жөніне,
банктер акционерлік қоғам немесе шетел капиталының, шетел банктерінің
қатысуымен жауапкершілігі шектеулі қоғамдар болып құрылуы мүмкін.
Екіншіден, жүргізетін операциялары жөнінен. Коммерциялық банктер
әмбебап және маманданған болып бөлінеді.
Үшіншіден, іс-әрекеті тарайтын жер көлемі жөнінен-банктер федералдық,
республикалық және аймақтық болып бөлінеді.
Төртіншіден, экономиканың әртүрлі салаларына қызмет көрсету жөнінен-
салалық және салааралық болып бөлінеді.
Дүниежүзілік тәжірибе дәлелдегендей қазіргі коммерциялық банктер
өзінің қызметтерінде осы атлған өзгешіліктердің аралас варианттарын
қолдануда.
Ұйымдық тұрғыдан алғанда коммерциялық банктердің басым көпшілігі
акционерлік қоғам формасында құрылған. Қоғамның жарғысы бойынша жоғары
басқару органы-акционерлердің жылдық жиналысы болып табылады. Кезектегі
жиналыс банктің құрылтайшыларының, кеңесінің талаптары бойынша өткізіледі.
Жылдық жиналыста ірі акционерлерден тұратын топтар құрылып, олар банктің
жұмысын қадағалайды. Жылдық жиналыста банктің есебі бекітіліп, оның
директорлар кеңесі сайланады. Директорлар кеңесі жыл бойы банктің жұмысын
күнделікті басқарады. Ол бірнеше кеңесші комитеттерден құрылып, нақты іс-
әрекеттер бойынша қорытынды және ұсыныстар береді. Мысалы, есеп-несие
комитеті банк берген ірі несие бойынша қорытынды дайындайды.
Коммерциялық банктер бірнеше басқарма (департаменттер) мен бөлімдерден
құрылады. Мысал ретінде ірі американдық банкті ұйымдастырудың типтік
үлгісін келтіруге болады. Ол өзіне мынадай басқармаларды және бөлімдерді:
салымдар жинақтау (осы жинақтарды қабылдау және төлеу); депозиттік және
кассалық операциялар (кіріс және шығын кассалары, ағымдағы шоттарды
жүргізу, чектермен операциялар, инкассалық және клирингтік операциялар,
ақша аудару); есеп несиелік операциялар (несие қабілеттілігін тексеру және
несие беру, вексельдерді есептеу), инвестиция және бағалы қағаздар
(акцияларды, облигацияларды сатып алу және сату т.б.), шетелдермен
операциялар (валюталарды сатып алу және сату, халықаралық есеп айырысу,
аккредитивтер мен жол жүру чектерін беру); жарнама және сртқы байланыс
(жаңа клиенттер тарту); сенімділік операциялар (сенімхатпен мүлікті
басқаруға қабылдау), бухгалтерлік есеп және тексеру бөлімдерін біріктіреді.
Осы негізгі құрылымның ішінде жұмыс территориялық немесе салалық принциппен
ұйымдастырылады. Көптеген банктерде ірі аймақтардағы жұмысқа жауапты
басқармалар бар. Кейде өнеркәсіп салаларын несиелеу үшін бөлімдер құрылады.
Коммерциялық банктердің негізгі атқаратын қызметтері мынадай
болып
келеді:
• ақша қаражатын шоғырландыру және тарту;
• несие беру;
• шаруашылықтармен есеп және төлем жұмыстарын жүргізу;
• төлем құралдарын шығару;
• бағалы қағаздарды шығаруды және орналастыруды ұйымдастыру;
• сенімхат бойынша клиенеттредің мүлкін басқару яғни траст операциясын
жүргізу,
• клиенттерге кеңес беру;
Уақытша бос ақша қаражатын шоғырландырып, оны капиталға айналдыру
банктердің ежелден атқаратын қызметтерінің бірі. Заңды және жеке
тұлғалардың уақытша бос ақшасын банкке тарту, бір жағынан олардың иесіне
процент түрінде табыс түсірсе, ал екінші жағынан банктің несие
операцияларын жүргізуіне негіз қалайды. Шоғырланған жинқ ақша әр түрлі
экономикалық және әлеуметтік қажеттіктерге жұмсалуы мүмкін. Тек банктің
делдалдық етуімен ақша қаражаты жинақталып, кейін ол капиталға айналады.
Коммерциялық банктердің атқаратын келесі бір қызметі- несие беруде
делдал болу. Бос ақша қаражат иесі мен қарыз алушының арасында тікелей
несие қатынастарының туындауына кедергі болатын жәйттер: ұсынатын капитал
көлемінің қарызға қажетті көлемге сай келмеуі, капиталдың айналыстан босау
мерзімінің қарыздарға қажет мерзімге сай келмеуі. Сондай-ақ қарыздардың
төлем қабілетсіздік қаупі капитал иесі мен оны қарызға алушының арасында
тікелей несиелік байланыс болуын қиындатады.Капитал иесі қарыздардың
қаржылық жағдайы туралы хабардар болмауы да мүмкін.
Коммерциялық банктер қарыз беруші мен қарыз алушының арасындағы
қаржылық делдал ретінде осы кедергілерді жояды. Банктік несие экономиканың
әртүрлі секторларына беріліп, өндірістің кеңеюін қамтамасыз етеді.
Ұйымдасқан және жұмысы қалыптасқан есеп айырысу жүйесінсіз тұрақты
экономика болуы мүмкін емес. Кәсіпорындар арасындағы есеп айырысудың
негізгі бөлігі қолма-қол ақшасыз жүреді. Банктер делдал ретінде
клиенттердің тапсырысы бойнша шотқа ақша қабылдап, ақшаның түсуін және
берілуін есептейді.
Инфрақұрылымы жеткілікті дәрежеде дамыған мемлекеттердің төлем
жүйесінің тиімді қызмет істеуі есеп айырысу технологиясының үнемі
жетілдіруін талап етеді. Сондықтан бұл елдерде есеп айырысудың әр түрлі
жүйесі құрылуда. Мысалы, есеп айырысуға қатысушы бакнтердің арасындағы
клиринг жүйесі немесе жире жүйесі. Сондай-ақ банктер арасында өзара келісім
бойынша корреспонденттік шоттар ашылғанда есеп айырысу корреспондент-анктер
арқылы да жүргізіледі. Банктерді төлемді орталықтандыру айналыс шығындарын
азайтады, ал есеп айырысуды жеделдету үшін және төлемдердің сенімділігін
арттыру үшін қазіргі кезде есептесудің электрондық жүйесі енгізілуде.
Коммерциялық банктердің ерекше қызметі төлем құралдарын шығару арқылы
айналымдағы ақшаны көбейту немесе артығын жою, яғни ақша массасын көбейту
немесе азайту. Төлем құралдарын шығару олардың депозиттік және несиелік
қызметтеріне тікелей байланысты болып келеді. Депозит екі түрлі жолмен:
клиенттің банкке ақша салуы арқылы немесе қарыздарға банктің несие беруі
арқылы жүргізіледі. Бұл операциялар айналымдағы ақша массасының көлеміне әр
түрлі әсер етеді. Мысал, егер клиент банкке 10 мың долл. салып, оны талап
бойынша алынатын шотқа есептеуді өтінеді. Бұл операцияның нәтижесінде банк
балансының активінде кассалық қалдық 10 мың долл. өседі, ал пассивінде
депозиттер де осы сомаға артады. Шаруашылықтағы ақшаның жалпы көлемі
өзгермейді, себебі ақша қолма-қол формасынан қолма-қол емес формасына
ауысты.
Келесі мысал. Банк қарыздарға 100 мың долл. сомаға несие беріп, оны
депозиттік шотқа есептеді дедік. Онда шаруашылықтағы ақшаның жалпы көлемі
10 мың долл. өседі, себебі банк өзінің несиелеу операциясымен жаңа төлем
құралын, яғни чек шығарды. Осы депозит сомасына ақша массасы артты.
Дегенмен, банк өзінің қызметі барысында ақша шығарумен қатар ақшаның
бірсыпыра бөлігін жоюмен де айналысады. Бұл біріншіден, клиент банктегі
шотынан қолма-қол ақша алғанда (бірақ жалпы ақша массасы өзгермейді),
екіншіден, несиені қайтарғанда депозиттік шоттан шығарылады. Бұл жағдайда
жалпы ақша массасы кемиді. Дәл осындай нәтиже банктер бағалы қағаздарды
сатқанда алынады-ақша салушылардың шотындағы салым (депозит) сомасы және
шаруашылықтағы төлем қаражатының массасы да азаяды.
Коммерциялық банктердің депозиттерді (сонымен бірге ақша массасын)
ұлғайту немесе кеміту мүмкіндігін орталық банктер міндетті резервтер жүйесі
арқылы несие динамикасын басқаруда кеңінен пайдаланады. Банктердің
резервтерін қысқартып, қорытындысында орталық банк депозиттердің қысқару
реакциясын тудырса, ал резервтерді ұлғайту депозиттердің өсуін
ынталандырады. Бірақ экономикаға айналымдағы шамадан тыс ақша емес, оның
үйлесімді шамасы қажет. Сондықтан коммерциялық банктер орталық банк
бекіткен шама шектеуімен (міндетті резервтер шегінде) әрекет етеді.
Коммерциялық банктер акция және облигация түріндегі бағалы қағаздарды
шығарып және орналастырып эмиссиялық-құрылтайшылық қызмет атқарады.
Банктердің жинақтарды өндірістік мақсатқа жұмсайтын мүмкіндігі бар. Сөйтіп
бағалы қағаздар нарығы несие жүйесін толықтырып, әрі онымен тығыз
байланыста жұмыс істейді. Ұзақ мерзімді инвестиция тарту мақсатында
кәсіпорындар акция және облигациялар шығарады. Бұл жағдайда кәсіпорындардың
тапсыры бойынша банктер бағалы қағаздардың көлемін, шығару жағдайы мен
эмиссия мерзімін анықтауды, олардың типін таңдауды, сондай-ақ оларды
орналастыру және екінші рет айналысқа түсіру міндетін өзіне алады.
Шығарылған бағалы қағаздарды сатып алуға кепілдік береді. Ол үшін бағалы
қағаздарды өз есебінен сатып алуды-сатуды ұйымдастырады немесе сатып
алушыларға қарыз береді.

1.2 Қазақстан Халық Банкі АҚ-ның құрылу тарихы мен негізгі қызметі
1998 жылы 2 ақпанда құрылған Қазақстанның Халық Банкі АҚ Қазақстан
Республикасындағы Жинақтаушы Зейнетақы Қоры ішіндегі ең ірісі болып
табылады. Қазақстан Халық Банкі Жинақтаушы Зейнетақы Қоры АҚ 2000, 2001,
2002, 2003 жылдары Қазақстанның ең жақсы зейнетақы қоры атағының иегері,
2001 жылы Халықаралық ЕМРS Евро маркет Сыйлығы лауреаты атанған.
Негізінен зейнетақы реформасының мемлекеттік бағалы қағаздарға
жасалған салымдар үлесі айтарлықтай жоғары және 85,8 пайыздан 100 пайызға
дейінгі аралықта болады. Ең көп салымшылар және активтердің ең көп сомасы
Қазақстан Халық банкі зейнетақы қорына тиесілі.
2007 жылы Қазақстан Халық банкі Жинақтаушы Зейнетақы Қоры АҚ
орташа жылдық табыстылығы өзінің негізгі бәсекелестерімен салыстырғанда
көретініміз:
- Қазақстан Халық Банкі ЖЗҚ АҚ-10,0%;
- Мемлекеттік Жинақтаушы Зейнетақы Қоры ЖЗҚ АҚ-11,4%;
- Валют-транзит Қоры ЖЗҚ АҚ-8,5%
- Ұлар Үміт ЖЗҚ АҚ-9,7%
- Қорғау ЖЗҚ АҚ-6,7%
Қазақстанның Халық Банкі Жинақтаушы Зейнетақы Қоры АҚ қызметтерінің
негізгі көрсеткіштері: (1 қосымшадан қараңыз)
- жарғылық қоры-630,000,00 мың теңге;
- меншік капитал мөлшері-1284 695 000,00 мың теңге.
- сақтық қоры- 250 млн. теңге.
- инвестициялық табыс -10% және 24 млн теңге.
- салымшылар саны -1306, мың адам;
- зейнетақы активтері-95 млрд теңге.
- зейнетақы активтерінің орташа айлық түсімдері -2,3 млн теңге;
- салымшылардан түсетін орташа айлық түсімдері -12 мың теңге;
- ЖЗҚ салынған зейнетақы жарналарының жалпы сомасындағы қор үлесі-25%
Қазақстан Халық Банкі Жинақтаушы Зейнетақы Қоры АҚ портфелінің құрылымы
қысқа мерзімді 36,12% және ұзақ мерзімді 63,88% бағалы қағаздардан тұрады.
Осыдан бағалы қағаздар портфелі келесілерден құрылады: ( 2 қосымша )
- корпоративтік облигациялар -22,64%
- муниципалды облигациялар-0,16%
- Ұлттық банк готалары-25,11%
- Қаржы Министрлігі облигациялары -18,78%
- акциялар-10,18%
- РЕПО-1,03%
- депозиттер-4,51%
- Халықаралық Валюталық Қордың Ұлттық облигациялары-5,39%
- Шет елдік мемлекеттік облигациялар -12,20%
Тұрақтылық зейнетақы қорларын экономикалық көзқарастарды анықтаушы
экономикалық категориялар ретінде анықтайды.
Қазіргі уақытта зейнетақы рыногы 8 зейнетақы активтерін инвестициялық
басқаруды жүзеге асырушы ұйым және 14 ЖЗҚ-нан тұрады, олардың ішінен МЖЗҚ
ЖЗҚ АҚ және Қазақстан Халық Банкі ЖЗҚ АҚ зейнетақы активтерін өздері
басқарады.
Қазақстан Халық Банкі ЖЗҚ АҚ 01.01. 2008 жылғы мәліметтері бойынша
ЖЗЖ жиынтық түсімдері 52425454 млн теңгені көрсетеді. ЖЗҚ ішінде міндетті
зейнетақы жарналарының жалпы мөлшерлерін келесі түрге көрсете аламыз:
міндетті зейнетақы жарналарының жалпы сомасынан Қазақстан Халық Банк ЖЗҚ АҚ
және МЖЗҚ ЖЗҚ АҚ қорларына 24,22%, Ұлар Үміт ЖЗҚ АҚ 17,31%.
2008 жылы бірінші жарты жылдығында МЖЗҚ ЖЗҚ аударылған түсімдердің
деңгейінің артқандығын атап өту керек, ал міндетті зейнетақы жарналары
648 580 680 мың теңгені құраған болатын. Егер де түсімдерді аймақтық
аспектіде қарастыратын болсақ, онда зейнетақы жарналарының түсімдерінің
жалпы сомасы негізгі үлесі Алматы қаласында 20,97 %-ға жинақталған.
Бүгінгі күні салымшылар саны 7649 мың адамға жетті. Салымшылардың
үлес салмағында Қазақстан Халық Банкі ЖЗҚ АҚ 17,33% және Ұлар Үміт ЖЗҚ
АҚ-14,47% едәуір үлкен орын алады.
Банктердің экономикадағы маңызын олардың атқаратын операциялары
анықтайды. Коммерциялық банктердің операциялары негізінен мына топтарға
бөлінеді: пассив (қаражат тарту), актив (қаражатты орналастыру);
комиссиялық-делдалдық (клиенттің тапсырысы бойынша комиссиялық ақылы) және
сенімді операциялар.
Пассив операциялары-олар өз қарауына әр түрлі салымдарды тартып,
басқа банктерден несие алып, өзінің бағалы қағаздарын шығарып және т.с.с.
басқа да қаражат тарту операцияларын жүргізіп, банк қорын құру және оны
ұлғайту операциялары. Олар банк балансының пассивінде көрсетіледі. Пассив
операциялары тарихи дәстүр бойынша актив операцияларына қарағанда алдымен
жүргізіледі, себебі актив операцияларын жүргізу үшін белгілі бір қор
мөлшері қажет.
Пассив операцияларына мыналар жатады:
-салым қабылдау (депозиттер);
-клиенттерге шоттар (оның ішінде корреспондент-банктерге) ашу және оларды
жүргізу;
-өзінің бағалы қағаздарын шығару (облигация, вексель, депозиттік және жинақ
сертификаттары);
-банкаралық несие алу, оның ішінде орталықтанған несие ресурстарынан;
-репо операциялары;
-еуровалюталық несие алу;
Банктің капиталы өз қаражаты, тартылған қаражат және эмиссияланған
қаражаттардан құрылады. Банктің өз қаражатына акционерлік және резерв
капиталы, сонымен бірге бөлінбеген пайда жатады. Акционерлік капитал немесе
жарғылық қор бағалы қағаздар нарығында акцияларды орналастыру жинақталады.
Жарғылық қордың мөлшері, оны қалыптастыру және өзгерту банктің жарғысында
көрсетіледі. Жарғылық капиталдың сомасы заңмен шектелмейді, дегенмен
банктің тұрақтылығын қамтамасыз ету үшін орталық банк оның төменгі аз
мөлшерін бекітеді. Батыс елдерінің коммерциялық банктерінің жарғылық
капиталы 10-15 млн. ЭКЮ болады. Жарғылық қорды ұлғайту акционерлер қаражаты
есебінен, сондай-ақ өз қаражаты (резерв қорынан), акционерлердің
дивиденттері және пайда есебінен жүзеге асырылуы мүмкін.
Банктің резерв капиталы ағымдағы пайдадан бөлінген сомадан құрылады.
Ол ойда болмаған шығындарды және бағалы қағаздар курсының төмендеуінен
болатын шығындарды жабуға арналады. оның мөлшері жарғы қорына байланысты
процентпен белгіленеді.
Бөлінбеген пайда шоты деген – ол арадағы транзит шоты. Онда
акционерлер арасында дивидент түрінде бөлінбеген және резервке түспеген
пайда жинақталады. Пайданы резервке бөлу төлейтін салықты төмендету әдісіне
жатады, себебі резервтердің көп түрі салықтан босатылады. Қазіргі
коммерциялық банктердің ресурс қорында өз қаражатының үлесі 10 пайыз
шамасында.

1.3. Қазақстан Халық Банкі АҚ-ның негізгі қызметі мен тарихы
Нарықтық қатынастардың дамуына байланысты дәстүрлі қызмет көрсетуден
басқа жаңа қызмет көрсету түрлері дами түсті, яғни лизингтік, факторингтік,
азаматтардың ақша салымдарын сақтау және бағалы заттарды сейфтік сақтау.
1996 жылдың қараша айында Қазақстан Халық Банкі АҚ ретінде қайта
тіркелді. Ал 1997 жылы ҚР екінші деңгейлі банктер қатарының бірінші тобына
жатқызылды. Сол жылдың қазан айынан бастап Фронт және Бэк-офис принципі
бойынша қызмет көрсетудің жаңа жүйесі енгізілді, желтоқсанында
Жилстройбанк ЖАҚ жекешелендіру бойынша тендерін жеңіп алды.
1999 жылдың тамыз айында банк акциялары Қазақстандық Қор биржасының
А категориясының тізіміне ресмитүрде енгізілді.
Қазақстан Халық Банкі АҚ-ның тобы- нарықтың барлық сегменттерінен
орын алған жетекші қаржы тобы. Олар: BCC Invest, Centercredit
international B.V., BCC Securities, Капитал ЖЗҚ, ЦентрлизингЖШС,
Банк БЦК – Мәскеу ЖШҚ, Халық Банк АҚ
Қазақстан Халық Банкі АҚ-ның даму стратегиясы қаржы нарығында
активті операцияларды кең мүмкіншіліктермен жүргізу, клиенттерге тиімді
ақша ұсыну шарттарын және барлық міндеттемелер түрлерін кеңейту, банкті
қалыптастыруға бағытталған.
Халықаралық банк – акционерлердің құрамында 17,09 % акциялар пакетін
иеленетін бірінші сыныпты халықаралық мекемелер – Европалық Қайта Құру
және Даму Банкі (EBRD), RZB, Голландиялық Даму Банкі (FMO), Халықаралық
қаржы корпорациясы (IFC), Германия инвестициялық компаниясы және
Австралиялық Гейфайзен Банкі бар.
Қазақстан Халық Банкі АҚ-ның – қаржы нарығында 20 жылдық қызмет
барысында қалыптасқан кәсіби біліктілігі жоғары мамандардың ұжымы, қазіргі
таңда қызметкерлердің жалпы саны 3 711 адам, оның ішінде бас офис – 609
адам, филиалдық желі – 3 102 адам. Адам ресурстарының сапасы – банк үшін
банктің даму стратегиясының мақсаттарына сай табыс қайнары, оның дамуының,
тиімділігі мен пайдалылығының кепілдігі.
Банк қызметкерлерін ынталандыруды жеке-даралау мақсатында және
марапаттауды басқару жүйесінде халықаралық тәжірибені пайдалану үшін
2006 жылы Қазақстан Халық Банкі АҚ-ның грейдтер жүйесін жасап, енгізді.
Банктік жүйеде ақша қаржыларын жинақтауға ынталандырудың келесі
механизімі - банктік құпияны қатаң сақтау. Дамыған елдерде құпия –
құқықтың жеке объектісі, жасырын ақпарыттың жеке түрі. Біздің
республикамызда банктік құпияны сақтау үшін заң негіздері бойынша шаралар
қарастырылған. Қазақстан Республикасының депозиттік операцияларының одан
әрі дамуына әсер етуші келесі факторларды атап өткен жөн. Бұл факторларды
шартты түрде екі топқа бөлуге болады. Бірінші топты Қазақстан
Республикасының Ұлттық банк жүргізіп отырған ақша несиелік саясатынан
шығатын факторлар құрайды. Оған резервтеу мөлшерін, қайта қаржыландыру
мөлшерлемесін және басқаларды жатқызуға болады
Депозиттік саясат банктің қаражаттарды тартумен байланысты стратегиясы
мен тактикасын қамтиды. Депозиттік саясат – банктік саясаттың құрамдас
бөлігі ретінде банктің депозиттік операцияларын дұрыс ұйымдастыруға
бағытталға шаралардың жиынтығын білдіреді. Кең мағынасында депозиттік
саясатты депозит қызметін көрсетуші мен салым иелері арасындағы қатынасты
реттеу құралы ретінде қарастыруға болады. Тар мағынасында, бұл кез келген
коммерциялық банктің депозиттік операцияны ұйымдастыру барысындағы банктің
стратегиясы мен тактикасын сипаттайды. Депозиттік саясат банктің
стратегиясына сәйкес жасалуы тиіс. Сондықтан банк өзінің депозиттік
саясатын жасау барысында өзінің әлеуетті клиенттерінің, яғни жеке
салымшыларды немесе салымшылар ретінде заңды тұлғаларды дұрыс таңдай білуі
қажет.
Сонымен депозиттер-коммерциялық банктер ресурстарының маңызды көзі.
Банктегі оның құрылымы ақша нарығындағы конъюктураға қарай әрдайым өзгеріп
тұрады. Дегенмен, банк ресурстарын құрудың бұл көзіне біраз кемшіліктер де
тән. Банк клиенттерден қаражат тапқанда бірсыпыра материалдық және ақша
шығындарына тап болады. Одан басқа салымға қаражат тарту көп жағдайда
банкке емес, клиентке (салымшыға) байланысты. Сондықтан несие ресурстары
нарығындағы банктер арасындағы бәсекелестік оларды депозит тартуға
мүмкіндік беретін қызмет түрлерін дамытатын шараларды жүргізуге мәжбүр
етеді.
Қазіргі кезде коммерциялық банктер қосымша ақша қаражатын тарту үшін
басқа несие мекемелері жинақтаған ақша қаражаты сатылатын банкаралық несие
ресурстарының мүмкіндігін пайдаланады. Банкаралық несие корреспонденттік
шот ашады. Егер банктер өзара банкаралық несие туралы келіссе, онда ол
келісім арнаулы шартпен рәсімделеді. Бұл келісімдердің көбісі белгілі бір
мерзімге жасалады.
Коммерциялық банктердің пассив операцияларына орталықтанған несие
ресурстарынан несие алуы жатады. Орталық банк коммерциялық банктерге
несиені жарыс (конкурс) негізінде қайта қаржыландыру (рефинансирование)
ретінде, сондай-ақ ломбардтық несие формасында береді.

ІІ тарау Қазақстан Халық Банкі АҚ-ның қаржылық жағдайын талдау
2.1.Банктің несиелік бөлімін талдау
2008 жылдың 31 желтоқсанындағы мәлімет бойынша банктің несиелік
портфелінің көлемі 419 715 млн.теңгені құрап, жыл басынан 202 871
млн.теңгеге (93%) артты. Несие портфелінің мұндай ауқымды дамуы негізінен
ресурс қорының көбеюіне және банктің жекелеп несие беру мен ипотекалық
несиелеудің сан алуан бағдарламаларын дамытуға байланысты болды.
01.01.2009 жылы Банктің несиелік портфель 15,3млрд. Теңгені немесе
Банк активтерінің 78,6% құрады. 2008 жыл үшін абсолюттік өсім +8,5 млрд.
теңге немесе +113 (банк жүйесі бойынша +48%).
2009 жылы өткен жылмен салыстырғанда Банктің несиелік
портфелінің салалық құрылымы едәуір кеңейді.
Несиелеу бөлімі – банктің қызметін қамтиды. Несиемен байланысты
құжаттар, клиенттермен жұмыс істеу және оларға өз қызметін тез әрі ұқыпты
жүргізу.
Несиелеу бөлімінің қызметкерлеріне негізінен қолда бар несиелік
ресурстарды қарау, құжаттардың толық жинақталуы, клиенттің несие
қабілеттілігін анықтауды, сенімсіз несиелерді қайта қарау, факторын
анықтау.
Несиелеу қызметкерлері өз жұмысын заңгерлермен ақылдаса отырып
жүргізеді. Заңгерлер клиенттің құқықтық статусын, өкілеттілігін
анықтайды.
Заң талабы бойынша клиенттің өз ара шарттарын байланысты толық баға
беруі керек, олардың мерзімі мен уақытына сай болуы керек.
Несие құқықтық негізде сай болуы тиіс. Несиелік келісімшарт, кепіл
келісімшарты кепілзаты заңды болуы тексеріледі.
Несиенің берілу шарты қорытынды жасау, несиелік комиссия шешімі
бойынша несие беріледі немесе берілмейді.
Содан кейін, заңгерлер – кепіл заты келісім шартын, ал несиелеу
бөлімі, несиелік келісім шартын жасайды, банк төрағасын қоса қол қойылады.
Әр несие берерде несиелік құжаттама жасалды. Несиелік құжаттаманы
менеджер жасайды, несиелік әкімшілікпен бірлесе, себебі несиелік әкімшілік
жауапты тұлға реттінде болады.
Құжаттама құжаттар пакетінен құрылды. Менеджер сол құжаттама арқылы
берілген кепілді зерттеп, бағалайды бағалау мамандарымен бірігіп,
қарызшының азаматтық құқығын құрайды. Содан кейін менеджер бұл несиелік
комитет алдында шығарылады, талданады.
Егер несиелік комитет өз шешімін бермесе, онда құжаттамалар клиентке
қайтарылады.
Несиелік құжаттаманы тек: Менеджер, банк филиалының директоры қарауға
рұқсат.
Несиелік құжаттама алынады:
- егер сот шешімі қарызшыға иск жасаса;
- егер толық қарызын өз несиесін қайтарса, осы құжат алынғаны туралы
директорды ескертеді;
Несиелік құжаттаманы архивке жіберілуі:
Архивке жіберілу алдымен:
- қабылдау-беру акті жасалынып;
- сенім білдіруші парағы бекітіледі;
5. күн ішінде архивке жіберілуі керек
Несиелік құжаттамаға берілетін құжат:
1. несиелік келісім – шарт, қосымша келісімімен
2. кепіл келісім шарты, кепіл хаты
3. бағалау актісі
4. несиелік комитет шешімі
5. заңгер шешімі
6. арыз
7. қарызгер анкетасы
8. СТН
9. тұрғын үй құжаты
10. тұтыну ( жылу, энергия, т.с.)
11. СИК
12. Жеке куәлік
Несиенің берілу жолдары:
1. Қарыз алушы арыз жазады; несиені беру туралы (мерзімін, суммасын,
себебі). Менеджер құжат тізімін беруі. Менеджер қарыз алушының несие
алу мақсатын анықтайды.
2. Менеджер несие қабілеттілігін анықтайды
3. Несиелік құжаттар жасалған соң, қарыз алушы банкпен несиелік келісім
жасайды
4. Менеджер қарыз алушы қарызды алған соң менеджер бақылап отыруы қажет
5. Қарызшы өтелу кестесі бойынша несиені өтеу қажет. Менеджер кестені ай
сайын бақылап отыру қажет
Осы ереже жеке тұлғаларға Банк Филиалымен тұтыну мақсаттарына
ұсынылатын процедураны реттеуге, сонымен қатар Бас Банктің сәйкес
қызметтерімен банк филиалының құрылымдық бөлімшелері өзара байланысты
жалпы міндеттер мен тәртіптерді анықтайды.
Банк бұл тұлғаларға несиелендіру бағдарламаларына сәйкес жүзеге
асырады:
1. қозғалатын мүлікті иемденуге;
2. мұқтаждықтарға (оқу, емдеу, туризм, т.б.)
Тұтыну мақсатына займ ұсыну Қазақстан Республикасының азаматтарына
21ден кем емес жастағы, несиеленген сомманы қайтарылатын және оған
тиісті сыйақы мөлшерін төлеу қабілеті бар тұрақты ақша кірісі бар
азаматтарға беріледі.
Зейнеткерлерге несие мынадай шарттар ұсынылатын жағдайда беріледі:
1. Зейнеткер жасы 65 жастан аспау керек;
2. Зейнеткерге ұсынылатын займ мерзімі 24 айдан аспау керек:
3. Зейнеткер зейнетақысын банктің карт шоты арқылы 6ай бойы алуы керек;
4. Салық төлеушінің тіркелген нөмірі көрсетілген анықтама көшңрмесі
5. Соңғы алты ай ішіндегі жұмыс орнынан жалақысы туралы анықтама. Ол
анықтама Қазақстан Республикасының заңдарымен қарастырылған ұстап
қалулар көрсетілу қажет және кәсіпорынның бас бухгалтері мен
басшының қолдарымен және мөрмен бекітілген болуы қажет.
Банктің еңбекақы жобасына қатыспайтын 1000 АҚШ долларынан асатын
соммаға несие алушы жеке тұлға жоғарыда айтылғандай құжаттармен қоса соңғы
6 ай бойы зейнеткерлік аударымдары туралы анықтама ұсыну қажет. Несие
шарттарына сәйкес мынадай қосымша құжаттарды талап етуі мүмкін:
1. Егер жанұя шығысын есептеу қажет болса, жанұя мүшелерінің жалақылары
туралы анықтама; Егер 1000 АҚШ долларынан жоғары соммаға несие беру
шешімі жарияланса, онда қарыз алушы келесілерді ұсыну қажет:
• Қарыз алушының еңбекке жарамдылығын және кездейсоқ жағдайлардан
сақандырылғанын куәландырылатын құжат сақтандыру полисі;
• Кепілге ұсынылатын обьекті, автокөлікті немесе қозғалмайтын
мүлікті сақтандырылғаны туралы құжат сақтандыру полисі;
Халық банк АҚ-ның қызметінің негізгі кіріс әкелетін түрі несиелеу
болып табылады. 1997жылдан 2008 жылға дейін несие жоғары өтімді құралдар
мен клиенттің ұзақмерзімді және қысқа мерзімді төлемқабілеттілігі негізінде
берілді. Несиелерді орналастырудың негізгі массасы Ақтөбе қаласында
шоғырланған. Ал, басқа несиенің өсу тенденциясы ұлттық валютада (%) және
шетел валютасында несие көлемінің төмендеуі (%).
Халық банк АҚ-ның ссудалық портфелінің классификациясы 2009ж
басында келесілерді құрады:
• Стандартты несиелер (күдіксіз несиелер) 9%
• Стандартты емес несиелер (шамалы тәуекелі бар несиелер)11%
• Қанағаттанарлықсыз және күдікті несиелер 2,8%
• Үмітсіз несиелер ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Банктің қаржылық жағдайы көрсеткіштері
ҚР Банктік жүйесіндегі «Қазақстан халық банкі» АҚ-ның алатын орны мен мән
Коммерциялық банктердің активтерінің теориялық негіздері
Қазақстан Халық банкі АҚ-ың ипотекалық несиелеу жүйесінің дамуын талдау
Қазақстан Республикасында ипотекалық несиелеу жүйесін жетілдіру бойынша ғылыми-теориялық және тәжірибелік ұсыныстар дайындау
Банктік тәуекелді басқару
Банктік менеджменттің теориялық негіздері
Банктің проблемалық несиелерді басқаруы тұрғысында несиелік тәуекелін талдау
Қаржы және банктер
«Халық банкі» АҚ-ның құрылу тарихы, акционерлері және қаржы ұйымдары
Пәндер