Қақталған ет



Мазмұны
Кестелер тізімі 3
Суреттер тізімі 4
Резюме 5
Кіріспе 7
1. Жобаның тұжырымдамасы 8
2. Өнімнің (қызметтердің) сипаттамасы 9
3. Өндірістер бағдарламасы 10
4. Маркетингтік жоспар 11
4.1 Өнімдер (қызметтер) нарығының сипаттамасы 11
4.2 Негізгі және әлеуетті бәсекелестер 17
4.3 Нарықты дамытудың болжамды бағасы, күтілетін өзгерістер 18
4.4 Маркетинг стратегиясы 19
5. Техникалық жоспарлау 21
5.1 Техникалық процесс 21
5.2 Ғимараттар мен құрылыстар 21
5.3 Жабдық және инвентарь (техника) 22
5.4 Коммуникациялық инфрақұрылым 23
6. Ұйымдастыру, басқару және құрам 24
7. Жобаны іске асыру 25
7.1 Іске асыру жоспары 25
7.2 Жобаны іске асыру шығындары 25
8. Пайдалану шығыстары 26
9. Жалпы және әкімшілік шығыстар 27
10. Қаржыландыру қажеттілігі 29
11. Жобаның тиімділігі 30
11.1 Cash.flow проекциясы 30
11.2 Пайда мен залалдардың есептері 30
11.3 Баланс проекциясы 30
11.4 Қаржы индикаторлары 31
12. Әлеуметтік.экономикалық және экологиялық әсер 32
12.1 әлеуметтік.экономикалық мәні 32
12.2 Қоршаған ортаға әсер 32
Қосымшалар 33
Жобаның тұжырымдамасы Қазақстан Республикасының Қызылорда облысында (бұдан әрі – Қызылорда облысы) қақталған ет өндірісі цехын ашуды қарастырады.
Кәсіпорын қызметінің мақсаты оған қатысушының материалдық әл-ауқатын жақсарту үшін пайда табу болып табылады.
Жоспарланған кәсіпорынның нысаналы тобы қызметтерді тұтынушылар – қоғамдық тамақтандыру кәсіпорындары, облыс пен жақын орналасқан аудандар тұрғындары болып табылды.
Цех жалпы алаңы 150 шаршы метр жалға алынған орын-жайда орналасады.
Жоба бойынша жалпы инвестициялық шығындар мыналарды қамтиды:

Пән: Өнеркәсіп, Өндіріс
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 27 бет
Таңдаулыға:   
Бизнес-жоспар
Қақталған ет өндірісі цехын ашу

2011 жыл
Мазмұны
Кестелер тізімі 3
Суреттер тізімі 4
Резюме 5
Кіріспе 7
1. Жобаның тұжырымдамасы 8
2. Өнімнің (қызметтердің) сипаттамасы 9
3. Өндірістер бағдарламасы 10
4. Маркетингтік жоспар 11
4.1 Өнімдер (қызметтер) нарығының сипаттамасы 11
4.2 Негізгі және әлеуетті бәсекелестер 17
4.3 Нарықты дамытудың болжамды бағасы, күтілетін өзгерістер 18
4.4 Маркетинг стратегиясы 19
5. Техникалық жоспарлау 21
5.1 Техникалық процесс 21
5.2 Ғимараттар мен құрылыстар 21
5.3 Жабдық және инвентарь (техника) 22
5.4 Коммуникациялық инфрақұрылым 23
6. Ұйымдастыру, басқару және құрам 24
7. Жобаны іске асыру 25
7.1 Іске асыру жоспары 25
7.2 Жобаны іске асыру шығындары 25
8. Пайдалану шығыстары 26
9. Жалпы және әкімшілік шығыстар 27
10. Қаржыландыру қажеттілігі 29
11. Жобаның тиімділігі 30
11.1 Cash-flow проекциясы 30
11.2 Пайда мен залалдардың есептері 30
11.3 Баланс проекциясы 30
11.4 Қаржы индикаторлары 31
12. Әлеуметтік-экономикалық және экологиялық әсер 32
12.1 әлеуметтік-экономикалық мәні 32
12.2 Қоршаған ортаға әсер 32
Қосымшалар 33

Кестелер тізімі
1-кесте - Жылдар бойынша жоспарланатын өнімділік бағдарламасы
2-кесте - Өнімнің жоспарланған бағасы
3-кесте - 2011 жылдың 1 қаңтарына ҚР мал шаруашылығын дамытудың негізгі көрсеткіштері (шаруашылықтардың барлық санатында)
4-кесте - Республиканың супермаркеттерінде негізгі өндірушілердің қақталған шұжық тағамдарының салыстырмалы талдауы
5-кесте - Кәсіпорындар - ҚР еттен қақталған өнім өндірушілер
6-кесте - Цех үшін қажетті жабдықтар тізбесі
7-кесте - Жобаны іске асырудың күнтізбелік жоспары
8-кесте - 2012 ж. Инвестициялық шығындар, мың теңге
9-кесте - Өзіндік құн есебі, 1 кг. теңгемен
10-кесте - Кәсіпорынның бір айдағы жалпы және әкімшілік шығыстары
11-кесте - Еңбекақы төлеу шығыстарының есебі, мың тг.
12-кесте - Жобаның инвестициялары, мың теңге
13-кесте - 2012 жылға арналған қаржыландыру бағдарламасы, мың теңге.
14-кесте - Кредиттеу шарттары
15-кесте - Кредит ресурстарын игеру және өтеу, мың теңге
16-кесте - Өнімділік көрсеткіштері, мың тг
17-кесте - Баланстық есеп коэффициенттері
18-кесте - Жобаның қаржылық көрсеткіштері
19-кесте - Жобаның залалсыздығын талдау, мың тг
20-кесте - Болжамдау кезеңіндегі салықтық түсімдердің көлемі (7 жыл)

Суреттер тізімі
1-сурет - Қызылорда облысындағы ІҚМ басы, жылдың соңына, мың бас
2-сурет - Жалпы ІҚМ басы санындағы Қызылорда облысының үлесі
3-сурет - Қызылорда облысындағы сойылған мал етінің өндірісі, мың тонна
4-сурет - Жалпы ет өндірісі көлеміндегі Қызылорда облысының үлесі (2010 ж.), %
5-сурет - Қызылорда облысындағы союға сатылған мал мен құстың барлық түрі, мың тонна
6-сурет - 2010 жылғы сәуір мен 2009 жылғы сәуірдегі ет пен қайта өңдеу өнімдерінің орташа республикалық бағасын салыстыру, теңгекг
7-сурет - ҚР қалаларында жартылай қақталған шұжық пен басқа да ет деликатестеріне бөлшек сауда бағалары, тгкг.
8-сурет - 2010-2011 жж. қаңтар-қыркүйекте ҚР ет және өт өнімдері өндірісін қайта өңдеу және консервілеу, млн. тенге
9-сурет - Қызылорда облысындағы табиғи түрдегі ет және қосалқы тамақ өнімдері өндірісі, тонн
10-сурет - Қызылорда облысында еттен, қосалқы ет өнімдерінен немесе малдың қанынан жасалған шұжық және ұқсас өнімдер өндірісі, тонна
11-сурет - Ұйымдастыру құрылымы

Резюме
Жобаның тұжырымдамасы Қазақстан Республикасының Қызылорда облысында (бұдан әрі - Қызылорда облысы) қақталған ет өндірісі цехын ашуды қарастырады.
Кәсіпорын қызметінің мақсаты оған қатысушының материалдық әл-ауқатын жақсарту үшін пайда табу болып табылады.
Жоспарланған кәсіпорынның нысаналы тобы қызметтерді тұтынушылар - қоғамдық тамақтандыру кәсіпорындары, облыс пен жақын орналасқан аудандар тұрғындары болып табылды.
Цех жалпы алаңы 150 шаршы метр жалға алынған орын-жайда орналасады.
Жоба бойынша жалпы инвестициялық шығындар мыналарды қамтиды:
Шығыстар, мың тг.
2 012
Негізгі капиталға инвестициялар
7 595
Негізгі капитал
6 451
Барлығы
14 046

Жобаны қаржыландыруды жоба бастамашысының өз қаражаты есебінен сияқты қарыз капиталы есебінен де жүзеге асыру жоспарлануда.
Қаржыландыру көзі, мың тг .
Сомасы
Кезеңі
Үлесі
Өз қаражаты
6 451
03-06.2012
46%
Қарыз қаражаты
7 595
03.2012
54%
Барлығы
59 470

100%

Кредиттеудің келесі шарттары қабылданды:
Кредит валютасы
теңге
Пайыздық ставка, жылдық
12%
Өтеу мерзімі, жыл
4,0
Пайыздар мен негізгі борышты төлеу
ай сайын
Пайыздарды өтеудің жеңілдікті кезеңі, ай
3
Негізгі борышты өтеудің жеңілдікті кезеңі, ай
3
Негізгі борышты өтеу түрі
тең үлестермен

Жобаның 5 жылына арналған кәсіпорын қызметі тиімділігінің көрсеткіштері.:
Жылдық пайда мың тг.
12 427
Активтердің рентабельділігі
31%

15% дисконттау ставкасы кезінде инвестицияланған капиталдың дисконтталған таза кірісі 25 792 мың теңгені құрады.
Ішкі кірістілік нормасы (IRR)
71%
Ағымдағы таза құны (NPV), мың теңге
25 792
Жобаның өзін-өзі ақтауы (жай), жыл
2,4
Жобаның өзін-өзі ақтауы (дисконтталған), жыл
2,7

Жоба экономикалық көзқарас жағынан мыналарға ықпал ететін болады:
* Жаңа жұмыс орындарын құру, бұл жұмысшылардың тұрақты кіріс алуына мүмкіндік береді;
* қақталған ет өндіретін жаңа цех ашу;
* экологиялық таза өнім өндіру
* Қызылорда облысының бюджетіне салықтар мен басқа да аударымдардың түсуі.
Жобаның әлеуметтік әсерінің арасынан мынаны бөліп көрсетуге болады:
* халықтың ет өнімдеріне деген сұранысын қанағаттандыру.

Кіріспе
Ерте заманнан бері ет адамның ең маңызды тағамы болып табылады, бұл белоктың негізгі көзі. Ет өңдеу өнеркәсібі дәстүрлі түрде Қазақстан өнеркәсібінің ең басты ауылшаруашылық саласы болды. Оның мәні малды кешенді қайта өңдеуден тұрады. Сала қызмет бағдарлары әр түрлі бірнеше кәсіпорынды білдіреді: малды өсіру мен бордақылау, құрама жем шығару, кондициялы малды сою мен қайта өңдеу, ет өнімдерін шығару, өнімді сақтау және сату, сол сияқты саланың сервистік кәсіпорындары.
Бүгінде Қазақстанда ет өнімдерінің нарығы кеңес одағы кезіндегі нарықтан ерекшеленеді. Қазақстанда етті тұтыну көлемі әлі де ішкі өндіру көлемінен жоғары. Бұл Бразилиядан, Австриядан және басқа да елдерден әкелінетін ет импортына байланысты болуда.
Қазақстанда бүгінде жан басына жылына орташа 44 кг келеді, бұл Ресейдің жақын орналасқан қалаларындағы тұтынудан ерекшеленеді, ал дамыған елдерде - орташа жан басына жылына 87 кг келеді.
Етті тұтыну көлемінің төмен болуының негізгі себептері:
Основными причинами столь низкого потребления мясной продукции являются:
- Халықтың сатып алу қабілетінің төмендігі;
- Ет өнімдерінің ветеринарлық нормаларға сәйкессіздігі;
- Миграция;
- Тамақ өнімі бағасының жоғарылығы;
- Басқа өнім түрлерінің пайда болуы болып табылады.

1. Жобаның тұжырымдамасы
Жобаның тұжырымдамасы Қазақстан Республикасының Қызылорда облысында (бұдан әрі - Қызылорда облысы) қақталған ет өндірісі цехын ашуды қарастырады.
Кәсіпорын қызметінің мақсаты оған қатысушының материалдық әл-ауқатын жақсарту үшін пайда табу болып табылады.
Мыналар ет және ет өнімдері нарығының негізгі субъектілері болып табылады
- шаруа (фермер) шаруашылықтары;
- жеке қосалқы шаруашылық және ет өндіретін ауылшаруашылық кәсіпорындары;
- ет өнімдерінің шағын кешендерін екінші және үшінші өндіріс құралдарымен қамтамасыз ететін кәсіпорындар;
- ет және ет өнімдерін өндіру мен сату үшін жағдайлар жасайтын ет өнеркәсібі кәсіпорындары мен нарықтық инфрақұрылым кәсіпорындары.
Жоспарланған кәсіпорынның нысаналы тобы қызметтерді тұтынушылар - қоғамдық тамақтандыру кәсіпорындары, облыс пен жақын орналасқан аудандар тұрғындары болып табылды.
Өнімнің сапасын құраушылар:
- Өндірген, ораған, сақтаған, тасымалдаған және сатқан кезде гигиена талаптарының орындалуы;
- Өнім санитарлық, ветеринарлық нормаларға сәйкес келеді;
- Ет (шикізат) сою пунктінен түседі;
- Мұздатылған емес, салқындатылған етті пайдалану (соңғы өнімнің сапасын жақсартады);
- Азықтық қосындылардың сәйкестік сертификаттары болады;
- Отандық және шетелдік ет шикізаты өнеркәсіптік қайта өңдеуге ветеринарлық ілеспе құжаттарымен бірге қабылданады;
- Жоғары технологиялы және заманауи жабдықтарды пайдалану.
Цех жалпы алаңы 150 шаршы метр жалға алынған орын-жайда орналасады.
Осы бизнес-жоспар басшылыққа алатын соңғы нұсқа емес, тек осындай бизнес-идеяны дамытудың әлеуетті мүмкіндігі ғана. Сондықтан да жобаны іске асырған кезде сату бағдарламасы сияқты көрсетілетін қызметтердің де өзгеруі мүмкін. Жоспарланған қызметтердің бәсекелестік басымдығын, сондай-ақ сатып алынатын жабдықтың ерекшелігін барынша ашып көрсету қажет болады.

2. Өнімнің (қызметтердің) сипаттамасы
Қақталған ет сойылған салдың тұздалған жәненемесе қандайда бір термикалық өңделген кесек еті болып табылады.Оның тағамдық құндылығы жоғары (100 г-да 260 -- 630 ккал) және дәмдік қасиеті керемет.
Еттің түріне байланысты шошқа, сиыр және қой еттері қақталады.
Қақталған ет термикалық өңдеу ерекшелігі бойынша шикідей қақат алған, пісірілген, қақталған-пісірілген, қақталған-бұқтырылған, бұқтырылған және қуырылған болып бөлінеді.
Тағамдық және дәмдік құндылықтарына қарай қақталған ет сорттарға бөлінеді.
Пайдаланылған кесек етке және оны өңдеу тәсілдеріне байланысты -- окорока, рулеттер, әр түрлі қақталған болып бөлінеді..
Қақталған ет -- ірі кесекті ет -- шошқа және сиыр етінен жасалған деп саналады. . Салқын түрде пайдалануға арналған бұл жеңсік тағам негізінен жоғары сортты сиыр және шошқа етінен жасалады.
Қақталған ет табиғи өнім болып табылады, оны дайындау үшін өндірген кезде құрамындағы сұйығы алынып тасталатын ет пайдаланылады, сондықтан да оның құрамында негізгі шикізаттың қалған басқа да азықтық құрамдары сақталады.
Өнімнің бір түрін дайындау жоспарлануда - 200 гр., 400 және 500 граммен әр түрлі орамалардағы қақталған сиыр еті.

3. Өндірістер бағдарламасы
1- кестеде өндірістің жылдар бойынша жоспарланған бағдарламасы берілген

1-кесте - Жылдар бойынша жоспарланатын өнімділік бағдарламасы
Көрсеткіш
2 012
2 013
2 014
2 015
2 016
2 017
2 018
Қуаты, %
41%
65%
80%
85%
90%
100%
100%
Сатудан т үскен табыс, мың тг.
24 420
51 480
63 360
67 320
71 280
79 200
79 200

Сату бағдарламасы жүргізілген маркетингтік зерттеулер (тұтынушылардың қақталған етке басымдық берулерін айқындау мақсатында) нәтижелерінің негізінде, сондай-ақ жарнамалық акциялар арқылы жүзеге асырылатын болады.
Бағаны қалыптастырған кезде тұтынушылардың орташа табыстары арқылы айқындалатын сатып алу қабілеттіліктері ескерілді.
Бағаны қалыптастыру нарықтық бағалар мен өнімнің өзіндік құнына негізделген.

2-кесте - Өнімнің жоспарланған бағасы
Сиыр еті
тг.кг. ҚҚС-сыз
1 560

Сиыр етінің бағасы нарық бағасы ескеріле келе жасалды (АО "Қазагромаркетинг АҚ. сайты).
Өнімнің конкурстық құны:
Жоғары технологиялы жабдықтарды пайдаланудан;
- сапалы шикізатты пайдаланудан тұрады.
Сату бағдарламасын есептеген кезде инфляция назарға алынған жоқ, инфляцияға байланысты бағаның көтерілуі кәсіпорынның сату бағасымен қатарлас жүретін болады.

4. Маркетингтік жоспар
4.1 Өнімдер (қызметтер) нарығының сипаттамасы
Республикада шамамен 6,2 млн. бас ірі қара мал бар.
2011 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша жалпы республикада мал басы ұлғайды:
- ірі қара мал - 1,1% -ға 6 160,4 мың басқа дейін;
- соның ішінде сиыр - 2,3%-ға 2 778,8 мың бас;
- құс - 1,1%-ға 33 036,3 мың басқа .

3-кесте - 2011 жылдың 1 қаңтарына ҚР мал шаруашылығын дамытудың негізгі көрсеткіштері (шаруашылықтардың барлық санатында)

2011 жыл
2010 жыл
2011 ж. 2010 ж. қарағанда

+-
%
Мал шаруашылығы өнімі өндірісі
сойылатын тірі салмақтағы мал мен құсты сату, мың т
1 646,0
1 598,2
47,8
103,0
сиыр сүті, мың т
5 341,2
5 269,0
72,2
101,4
тауық жұмыртқасы, млн. дана
3 700,9
3 286,4
414,5
112,6
Мал мен құс саны, мың бас
ірі қара мал
6 160,4
6 095,2
65,2
101,1
оның ішінде сиыр
2 778,8
2 717,2
61,6
102,3
қой
15 167,4
14 660,8
506,6
103,5
ешкі
2 672,9
2 708,9
-36
98,7
шошқа
1 356,1
1 326,2
29,9
102,3
құс
33 036,3
32 686,4
349,9
101,1

Ақпарат көзі: ҚР Статистика агенттігі

Қызылорда облысында мал шаруашылығын дамытуда оң үрдіс байқалады.. 2010 жылы ірі қара мал саны 0,7% өсті және 247,4 мың басты құрады (1-сурет).

1-сурет - Қызылорда облысындағы ІҚМ басы, жылдың соңына, мың бас

Ақпарат көзі: ҚР Статистика агенттігі
1-суретте көрсетілгеніндей, Қызылорда облысында ірі қара мал басы жылдан жылға ұлғаюда.
2-сурет - Жалпы ІҚМ басы санындағы Қызылорда облысының үлесі

Ақпарат көзі: ҚР Статистика агенттігі

Жалпы республика бойынша ІҚМ басының санындағы Қызылорда облысының үлесі 4% құрайды.
Сарапшылардың пікірі бойынша Қазақстандағы ет нарығы нақты ашық емес. Мамандардың өзі елде өндірілген және тұтынылған еттің нақты көлемін бағалай алмайды.

3-сурет - Қызылорда облысындағы сойылған мал етінің өндірісі, мың тонна

Ақпарат көзі: ҚР Статистика агенттігі
Суретте көрсетілгеніндей Қызылорда облысында ет өндірінің өскені байқалады. Мәселен, 2005 жылы 14,7 мың тонна ет өндірілсе, 2009 жылы ет өндіру 11,6% ұлғайып, 16,4 мың тоннаны құрады.
Алайда, 2010 жылы сәл төмендегені байқалады (1,8%-ға).

4-сурет - Жалпы ет өндірісі көлеміндегі Қызылорда облысының үлесі (2010 ж.), %

Ақпарат көзі: ҚР Статистика агенттігі
Республикадағы жалпы ет өндірісі көлеміндегі Қызылорда облысының үлесі 2010 жылғы деректер бойынша 1,7% құрайды.
Қызылорда облысында мал мен құстың барлық түрін сою өсті (5-сурет), Үстіміздегі жылғы қыркүйекте 2010 жылғы қыркүйектегідей 3,3 мың тонна мал еті сатылды.

5-сурет - Қызылорда облысындағы союға сатылған мал мен құстың барлық түрі, мың тонна

2011 жыл 2010 жыл қаңтар, ақпан наурыз сәуір мамыр маусым шілде тамыз қыркүйек Ақпарат көзі: ҚР Статистика агенттігі
Қазақстан бойынша бір килограмм еттің орташа құны сәуірде 663 теңгені құрады. Үстіміздегі жылғы қаңтармен салыстырғанда 11 % артты.
Қойдың еті қаңтар айымен салыстырғанда 12 % өсіп килограмына 679 теңгені құрады.
Бір килограмм шошқа етінің құны қаңтар айымен салыстырғанда сәуірде 5 % өсіп, 662 теңгені құрады.
Сол сияқты жылғы еті аздап 4 % өсіп килограмына 818 теңгені құрады. Құс еті мен окорочка 1-2 % шамасында ғана өсіп, онша өзгерген жоқ,. Сәуір айында килограмм окорочка мен құс етінің құны тиісінше 347 и 387 теңгені құрады.
Шұжықтың бағалары: жартылай қақталған және пісірілген түрі төрт ай бойы тұрақты өсті, сәуірде баға - 681 и 576 теңге деңгейінде тұрақтады.

6-сурет - 2010 жылғы сәуір мен 2009 жылғы сәуірдегі ет пен қайта өңдеу өнімдерінің орташа республикалық бағасын салыстыру, теңгекг

сиыр еті қой еті шошқа еті жылқы еті тауықтар сан етi шұжық шұжық
Қақталған пiсiрiлген
2010 ж. 2009 ж.
Ақпарат көзі: Казагромаркетинг АҚ
2010 жылғы сәуірдегі баға бойынша көрсеткіштер ұсынылған барлық ет тағамы өнімдері бойынша , құс етін қоспағанда, алдындағы жылдан жоғары болды.
Сиыр еті 2009 жылдың сәйкес мерзімімен салыстырғанда 2010 жылғы сәуірде 15 % қымбаттады.Сондай-ақ қой еті де 2009 жылдың сәйкес мерзімімен салыстырғанда 2010 жылғы сәуірде 10 % қымбат болды. Шошқа және жылқы еті тиісінше 9 және 7 % қымбаттады. Шұжықтың құны 4-6 % өсті.
Еттің барлық түрінің бағасының өсуіне 2009 жылмен салыстырғанда 2010 жылы мынадай факторлар әсер етті:
- тірі мал бағасының артуы;
- ЖЖМ-ның балық түрлері бағасының өсуі;
- халықтың табысының артуы;
- жүк тасымалдау қызметтерінің қымбаттауы;
- инфляция деңгейі.
Ет өндіру маусымдылығының Қазақстан Республикасы қалаларының барлық базарларында бағаның серпініне әсер еткені байқалады.
15.11.11 ж. жағдай бойынша ҚазАгроМаркетинг АҚ деректеріне сәйкес Қызылорда облысында сиыр етінің бағасы 967 теңгені құрады. Бұл баға өнімнің өзіндік құнына енгізілді.

7-сурет - ҚР қалаларында жартылай қақталған шұжық пен басқа да ет деликатестеріне бөлшек сауда бағалары, тгкг.

қаңтар. 10
ақпан 10
наурыз 10
сәуір 10

Ақпарат көзі: ҚР Статистика агенттігі
Шұжықтың ең төмен бағасы (пісірілген және жартылай қақталған) Орал қаласында байқалды, тиісінше 430 және 485 тгкг. Бұл ретте ең қымбат шұжық тағамдары Астана қаласында сатылады: пісірілген 794 тгкг, жартылай қақталған 1 033 тгкг. Шұжықтың орташа өсу қарқыны (пісірілген және жартылай қақталған) республика бойынша тиісінше 101,37% және 100,85% құрады.

4-кесте - Республиканың супермаркеттерінде негізгі өндірушілердің қақталған шұжық тағамдарының салыстырмалы талдауы
Өнімнің атауы
Өндірушінің атауы
Өлшеу, грамм
Бағасы, тенгең
Қақталған сиыр шұжығы

Бай Азат

1 000

2 070
Карбонат

1 955
Пісірілгенқақталған корейка

1 439
Қақталған сиыр еті

Рубиком

1 000
2 115
Карбонат

1 939
Жылқы

2 185
Шошқа окорогы

1 697

Ақпарат көзі: МСБ консалтинг ЖШС деректері
Кестеде көрсетілгеніндей республикада қақталған тағамдарға 1 килограмына 1 439 - 2 185 теңге арасында сақталуда.

8-сурет - 2010-2011 жж. қаңтар-қыркүйекте ҚР ет және өт өнімдері өндірісін қайта өңдеу және консервілеу, млн. тенге

Ақпарат көзі: ҚР Статистика агенттігі
Суретте көрсетілгеніндей 2011 жылы ҚР ет өнімдері өндірісінің көлемі 1 575 млн. теңге (немесе 2,6%) ұлғайды.
Жетекші өңірлер республикадағы барлық малдың төрттен бірі ұсталатын Солтүстік Қазақстан, Оңтүстік-Шығыс (20%) және Шығыс Қазақстан (17,8%) болып қалуда. В Солтүстік негізінен ІҚМ-ға, оңтүстік - қой шаруашылығына бейімделген. Қосымша ет республикаға Қырғызстаннан, Өзбекстаннан, Ресей мен Қытайдан әкелінеді. Ал қайта өңдеуге жіберілетін өндірістік ет Аргентинадан, Бразилиядан, Польша мен Жаңа Зеландиядан әкелінеді. Экспорттық бағалау бойынша олардың үлесіне айында орташа шамамен 300 тоннадан келеді.
Импорт - көтерме нарықтардың жағдайына қарағанда онша өзекті емес, бірақ Қазақстан нарығындағы еттің теңгерімсіздік көзі болып табылады. Қазақстандықтар тұтынатын барлық өнімнің 95% импорттың үлесіне тиеді.

9-сурет - Қызылорда облысындағы табиғи түрдегі ет және қосалқы тамақ өнімдері өндірісі, тонн

Ақпарат көзі: ҚР Статистика агенттігі
9-суретте көрсетілгеніндей Қызылорда облысында ет және қосалқы өнімдер өндірісі 2006 жылдан 2009 жылға дейін ұлғайды. Алайда 2010 жылы өндірістің құлдырауы байқалады. Егер 2009 жылы 1 303 тонна ет және қосалқы ет өнімдері өндірілсе, 2010 жылы бұл көрсеткіш 1 000 тоннаға дейін төмендеп, 303 тоннаны құрады. .

10-сурет - Қызылорда облысында еттен, қосалқы ет өнімдерінен немесе малдың қанынан жасалған шұжық және ұқсас өнімдер өндірісі, тонна

Ақпарат көзі: ҚР Статистика агенттігі

Шұжық және ұқсас еттен жасалған тағамдар өндірісі кері үрдіске ие болуда. Мысалы 2010 жылы 2009 жылмен салыстырғанда өндіру көлемі 38 тоннаға (немесе 21%) төмендеді.
Соңғы 10 жылда республикада етке деген сұраныс артуда, бірақ көп емес, орташа тек жылына орташа бір адамға 0,7 кг. Сондықтан да оның деңгейі өнімді тұтыну нормасынан 16 кг төмен (67-ге қарағанда 51 кг).

4.2 Негізгі және әлеуетті бәсекелестер
Кәсіпорынның негізгі бәсекелестері ҚР мен облыстағы қақталған ет өндірушілер болып табылады.

5-кесте - Кәсіпорындар - ҚР еттен қақталған өнім өндірушілер
Кәсіпорынның атауы
Облыс
Мекенжай
№1 еткомбинат ЖШС
Қарағанды
Қарағанды қаласы, Молоков көшесі,, 1152
Мясная империя ЖШС
Шығыс Қазақстан
Семей қ., Краснознаменка к., 13
Тай ЖШС
Қарағанды
Қараганды қ.,, Складская к.,, 9
Дедов ЖШС
Қарағанды
Актас қ., Ковыльная к., 37

Ақпарат көзі: All-Biz сайты
All-Biz, сайтының деректері бойынша Қызылорда облысында қақталған ет өндіретін кәсіпорындар жоқ.
Кәсіпорын өнімі сапасының негізігі құрамдауыштары:
- Өндірген, ораған, сақтаған, тасымалдаған және сатқан кезде гигиена талаптарының орындалуы;
- Өнім санитарлық, ветеринарлық нормаларға сәйкес келеді;
- Ет (шикізат) сою пунктінен түседі;
- Мұздатылған емес, салқындатылған етті пайдалану (соңғы өнімнің сапасын жақсартады);
- Азықтық қосындылардың сәйкестік сертификаттары болады;
- Отандық және шетелдік ет шикізаты өнеркәсіптік қайта өңдеуге ветеринарлық ілеспе құжаттарымен бірге қабылданады;
- Жоғары технологиялы және заманауи жабдықтарды пайдалану.

4.3 Нарықты дамытудың болжамды бағасы, күтілетін өзгерістер
Ет өнімдерін тұтынуға алдағы уақытта үй шаруашылығының мөлшері, жұмыс ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Шошқа өнімдерін өндіру технологиясы, гигиенасы және санитариясы
Дәстүрлі еттен ұлттық тағамдарға шолу
Жылқының төс еті
Жартылай қақталған шұжықтардың технологиялық нұсқасы
Жартылай қакталған шұжықтар
ШҰЖЫҚ ӨНДІРУ ТЕХНОЛОГИЯСЫНЫҢ НЕГІЗГІ КЕЗЕҢДЕРІ
Шұжықтың ақаулары
Қайнатылған шұжық өнімдерін механикалық өңдеу
Тасымалдау температурасы
Шұжық және консерві өндірісі
Пәндер