Отбасының және кәмелетке толмағандарға қарсы қылмыстардың жалпы сипаттамасы.



ЖОСПАР
Кіріспе.
1. Отбасының және кәмелетке толмағандарға қарсы қылмыстардың жалпы сипаттамасы.
2. Отбасына және кәмелетке толмағандарға қарсы қылмыстардың жеке құрамдары.
Қорытынды.
Қолданылған әдебиеттер тізімі.
Қазақстан Республикасының Конститутциясының 27-бабында «Неке мен отбасы, ана мен әке және бала мемлекеттiң қорғауында болады», - деп көрсетілген. Қоғамымыздың жаңа мүшелерінің денсаулығын және өмірін қорғау жолдары әртүрлі, солардың қатарында құқықтық тұрғыдан қорғау белгілі орын алады. Осындай қорғаудың бір құралы отбасы және кәмелетке толмағандарды қылмыстық-құқықтық қорғау болып табылады. Мұндайда мемлекет қылмыстық-құқықтық құралдар арқылы кәмелетке толмағандардың және отбасын мүшелерінің өмірі мен денсаулығына қауіп төндіретін қоғамдық қауіпті әрекеттермен ымырасыз күрес жүргізеді.
Кәмелетке толмаған азаматтың мүддесін қылмыстық-құқықтық құралдармен қорғау және оның дене бітімінің дұрыс қалыптасуына, интеллектуалдық және адамгершілік қалыптасуына жағдай жасауға тіреледі. Ал бұл өз кезегінде отбасы жағдайының дұрыстығына, өзара құқықтар мен қатынастарды ұстануына тікелей байланысты. Сол себепті де кәмелетке толмағандарды қорғау отбасы қатынастарын қорғаумен тығыз байланысты болып келеді.
Адам құқығы жөніндегі 1948 жылғы Жалпыға бірдей Декларацияда, Азаматтық және саяси құқықтар туралы 1966 жылғы Халықаралық пактіде отбасы коғамның табиғи негізгі ұясы және ол мемлекетпен қоғам тарапынан қорғау құқығына ие деп белгіленген. 1989 жылы 20 қарашада қабылданған «Бала құқықтары жөніндегі» конвенцияда да балалардың азаматтық және саяси-әлеуметтік құқықтарының қорғалуына ерекше мән берілген. Қазақстан Республикасы да отбасы және кәмелетке толмағандар жөніндегі халықаралық құқық нормаларын қастерлей отырып, осы мәселелерге байланысты пайда болатын қоғамдық қатынастарды қылмыстық-құқықтық жолмен қорғауға ерекше мән береді.
1997 жылы қабылданған жаңа Қылмыстық кодекстің Ерекше бөлімінің 2-тарауы отбасына және кәмелетке толмағандарға қарсы қылмыстар үшін жауаптылық белгілеген. Бұл тарауда осы тұрғыдағы қылмыстарға арналған нақты қылмыстардың мынадай түрлері көрсетілген: кәмелетке толмаған адамды қылмыстық іске тарту (131-бап); кәмелетке толмаған адамды қоғамға қарсы іс-әрекеттер жасауға тарту (132-бап); кәмелетке толмағандарды саудаға салу (133-бап); баланы ауыстыру (134-бап); бала асырап алу құпиясын жария ету (135-бап); балаларын немесе еңбекке жарамсыз ата-анасын асырауға арналған қаражатты төлеуден әдейі жалтару (136-бап); кәмелетке толмаған баланы тәрбиелеу жөніндегі міндеттерді орындамау (137-бап); балалардың өмірі мен денсаулығының қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөніндегі міндеттерді тиісінше орындамау (138-бап); қамқоршы немесе қорғаншы құқықтарын теріс пайдалану (139-бап); еңбекке жарамсыз жұбайын (зайыбын) асыраудан әдейі жалтару (140-бап). Осы топқа жататын қылмыстардың объектісі ата-аналар мен балалардың арасындағы отбасылық қатынастар, сондай-ақ кәмелетке толмағандардың дене бітімі, интеллектуальдық рухани, адамгершілік тұрғысынан дұрыс дамып,
Қолданылған әдебиеттер тізімі.

1. Ағыбаев А.Н. «Қылмыстық құқық». Жалпы бөлім: Оқулық. Алматы «Жеті жарғы» 2007 жыл.
ISBN 9965-11-254-1
2. Ағыбаев А.Н. «Қылмыстық құқық». Ерекше бөлім: Оқулық. Алматы «Жеті жарғы» 2007 жыл.
ISBN 9965-11-254-1
3. Есберген Алауханов «Қылмыстық құқық». Оқулық. Алматы 2008 жыл.
4. ҚР «Қылмыстық кодексі» 1997 жыл.

Пән: Құқық, Криминалистика
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 11 бет
Таңдаулыға:   
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ
БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТІРЛІГІ
М.ӘУЕЗОВ атындағы
ОҢТҮСТІК ҚАЗАҚСТАН МЕМЛЕКЕТТІК УНИВЕРСИТЕТІ

РЕФЕРАТ
Тақрыбы: Отбасы және кәмелетке толмағандарға қарсы қылмыстар.

Орындаған: Абитай С.
Тобы: ЮМ12-1К1
Қабылдаған: Мейркулова Г.

Шымкент 2014 жыл
ЖОСПАР
Кіріспе.
1. Отбасының және кәмелетке толмағандарға қарсы қылмыстардың жалпы сипаттамасы.
2. Отбасына және кәмелетке толмағандарға қарсы қылмыстардың жеке құрамдары.
Қорытынды.
Қолданылған әдебиеттер тізімі.

Кіріспе.
Қазақстан Республикасының Конститутциясының 27-бабында Неке мен отбасы, ана мен әке және бала мемлекеттiң қорғауында болады, - деп көрсетілген. Қоғамымыздың жаңа мүшелерінің денсаулығын және өмірін қорғау жолдары әртүрлі, солардың қатарында құқықтық тұрғыдан қорғау белгілі орын алады. Осындай қорғаудың бір құралы отбасы және кәмелетке толмағандарды қылмыстық-құқықтық қорғау болып табылады. Мұндайда мемлекет қылмыстық-құқықтық құралдар арқылы кәмелетке толмағандардың және отбасын мүшелерінің өмірі мен денсаулығына қауіп төндіретін қоғамдық қауіпті әрекеттермен ымырасыз күрес жүргізеді.
Кәмелетке толмаған азаматтың мүддесін қылмыстық-құқықтық құралдармен қорғау және оның дене бітімінің дұрыс қалыптасуына, интеллектуалдық және адамгершілік қалыптасуына жағдай жасауға тіреледі. Ал бұл өз кезегінде отбасы жағдайының дұрыстығына, өзара құқықтар мен қатынастарды ұстануына тікелей байланысты. Сол себепті де кәмелетке толмағандарды қорғау отбасы қатынастарын қорғаумен тығыз байланысты болып келеді.
Адам құқығы жөніндегі 1948 жылғы Жалпыға бірдей Декларацияда, Азаматтық және саяси құқықтар туралы 1966 жылғы Халықаралық пактіде отбасы коғамның табиғи негізгі ұясы және ол мемлекетпен қоғам тарапынан қорғау құқығына ие деп белгіленген. 1989 жылы 20 қарашада қабылданған Бала құқықтары жөніндегі конвенцияда да балалардың азаматтық және саяси-әлеуметтік құқықтарының қорғалуына ерекше мән берілген. Қазақстан Республикасы да отбасы және кәмелетке толмағандар жөніндегі халықаралық құқық нормаларын қастерлей отырып, осы мәселелерге байланысты пайда болатын қоғамдық қатынастарды қылмыстық-құқықтық жолмен қорғауға ерекше мән береді.
1997 жылы қабылданған жаңа Қылмыстық кодекстің Ерекше бөлімінің 2-тарауы отбасына және кәмелетке толмағандарға қарсы қылмыстар үшін жауаптылық белгілеген. Бұл тарауда осы тұрғыдағы қылмыстарға арналған нақты қылмыстардың мынадай түрлері көрсетілген: кәмелетке толмаған адамды қылмыстық іске тарту (131-бап); кәмелетке толмаған адамды қоғамға қарсы іс-әрекеттер жасауға тарту (132-бап); кәмелетке толмағандарды саудаға салу (133-бап); баланы ауыстыру (134-бап); бала асырап алу құпиясын жария ету (135-бап); балаларын немесе еңбекке жарамсыз ата-анасын асырауға арналған қаражатты төлеуден әдейі жалтару (136-бап); кәмелетке толмаған баланы тәрбиелеу жөніндегі міндеттерді орындамау (137-бап); балалардың өмірі мен денсаулығының қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөніндегі міндеттерді тиісінше орындамау (138-бап); қамқоршы немесе қорғаншы құқықтарын теріс пайдалану (139-бап); еңбекке жарамсыз жұбайын (зайыбын) асыраудан әдейі жалтару (140-бап). Осы топқа жататын қылмыстардың объектісі ата-аналар мен балалардың арасындағы отбасылық қатынастар, сондай-ақ кәмелетке толмағандардың дене бітімі, интеллектуальдық рухани, адамгершілік тұрғысынан дұрыс дамып, қалыптасу жағдайлары болып табылады. Енді осы топқа енген қылмыс құрамдарының әрқайсысына жеке-жеке талдау жасап өтейік.

Отбасына және кәмелетке толмағандарға қарсы қылмыстардың жеке құрамдары.
Кәмелетке толмаған адамды қылмыстық іске тарту (131-бап)
Кәмелетке толмаған адамды 18 жасқа толған адамның қылмыстық іске тарту жеке қылмыс құрамы ретінде қарастырылады.
Қылмыстың тікелей обьектісі кәмелетке толмағандардың бірқалыпты дамуы және оларға дұрыс тәрбие беру шарттары болып табылады.
Қылмыстың жәбірленушісі 18-ге толмаған адам, яғни кәмелетке толмағандар.
Қылмыс обьективтік жағынан алғанда әр түрлі әдістер (тәсілдер) қолдана отырып кәмелетке толмаған адамды қылмыстық іске тарту арқылы жүзеге асырылады.
Кәмелетке толмаған адамды қылмыстық іске тарту деп 18-ге толмағандарға қылмыстық тікелей орындаушы немесе өзге де көмектесуші болуға жігерлендіруге, ынтасын, шешімін қоздыруға бағытталған іс-әрекеттерді айтамыз. Қылмыстық іске тартудың әдісі заңда тікелей көрсетілмеген, бірақ ол әртүрлі жолмен жүзеге асырылуы мүмкін. Бұл әрекет психикалық әдістерді қолдану арқылы (қорқыту, уәде беру, алдау) немесе басқа да тәсілдерді қолдану арқылы жүзеге асырылады. Кәмелетке толмаған адамдарды үрейлендіру немесе оларды басқа бір қолайсыз жағдайларға қалдыратын әрекеттер жасаймын деген әрекеттер арқылы, олардың психикалық санасына әсер етулер қорқыту деп табылады. Қорқыту ауызша, жазбаша, телефон арқылы дене қимылын көрсету арқылы жүзеге асырылуы мүмкін және мұндай және мұндай қорқытулар жәбірленушінің тікелей өзіне немесе оның таныс адамдарына білдіруі хақ. Субьектінің болашақта кәмелетке толмағандарға белгілі бір жәрдем көрсетуге оқуға түсіруге, жұмысқа тұрғызуға немесе оларға басқадай игіліктер жасауға міндеттемелер алуы) уәде беру деп танылады.
Кәмелетке толмағандар үшін мәні бар мәліметтерді немесе мән-жайларды қасақана айтпау немесе олар жөнінде үн қатпау арқылы оларды жаңылыстырып қоғамға қауіпті іс-әрекетті істеуге тартуды алдау деп түсінген жөн. Мысалы, ересек адам кәмелетке толмаған адамға көрші үйден өзіне тиісті жүкті жол бойына жеткізуді өтінеді, нәтижесінде ол бөтеннің мүлкін ұрлауға көмектескеннін бірақ біледі. Кәмелетке толмаған адамды басқа да тәсілдермен қылмыс жасауға тартуға, оларды иландыру, сатып алу, оларды зұлымдық, қара ниетті іс-әрекеттерді істеуге жігерлендіру, бопсалау, материалдық тәуелділік жағдайын пайдаланып қалу т.с.с. әрекеттер жатады.
Жоғарыда көрсетілген тәсілдерді қолданғанымен кәмелетке толмағандар қылмыстық іс-әрекетке баруға қарсылық білдірсе, онда кінәлінің іс-әрекеті кәмелетке толмаған адамды қылмыстық іске тартуға оқталғандық ретінде сараланады.
Қылмыс формальдық құрамға жатады. Және ол кәмелетке толмағандарды қылмысқа тартқан уақыттан (яғни 18-ге толмаған адамның оған келіскен сәтінен бастап) аяқталған деп табылады. ҚК 131- бабының 1-тармағы бойынша онша ауыр емес, ауырлығы орташа қылмыстарды істеуге кәмелетке толмағандарды тартқаны үшін ғана жауаптылық көзделген. Субьективтік жағынан ҚК 131-бабында көзделген қылмыс тек қана тікелей қасақаналық пен істеледі. Кінәлі адам әр түрлі тәсілдерді қолдана отырып жасы 18-ге толмағаны өзіне анық адамды қылмыстық іске тартқанын сезеді, біледі және соны жүзеге асыруды тілеп әртүрлі әрекет жасайды. Қылмыстық ниет және мақсат әр түрлі (кек) алу, қызғаныш, пайдакүнемдік, басқа да зұлымдылық ниеттер болуы мүмкін. Бұлардың іс-әрекетті саралауға әсері болмайды, бірақ жаза тағайындағанда есепке алынады.
Қылмыстың субьектісі заңда тура атап көрсетілгендей кәмелетке толмаған адамды қылмыстық іске тартқан жасы 18-ге толған адам. Кәмелетке толмаған адамның екінші бір кәмелетке толмаған адамды қылмыстық іске тартуды бұл қылмыс құрамына жатпайды. ,
Ата -анасы, педагог не кәмелетке толмаған адамды тәрбиелеу жөніндегі міндеттер өзіне заңмен жүктелген өзге адам жасаған нақ сол әрекет осы қылмыстың ауырлататын түрі болап табылады. (ҚК 131-бабының 20-тармағы). Көрсетілген адамдардың кәметелке толмаған адамдар жөніндегі құқықтық жағдайын пайдаланып, осы іс әрекеттерді істеуі қылмыстың қоғамға қауіпттігін едәуір ұлғайтады. Ата-аналарды анықтау ҚР неке және отбасы туралы 1998 жылы 17-желтоқсанда қабылданған Заңына сәйкес шешіледі.
Педагог деп тәрбие немесе оқу поцессімен айналысатын адамдар танылады. Педагогті қылмыстың субьектісі деп тану үшін оның жұмыс істейтін оқу орындарының түрі ( жоғары оқу орындары, мемлекеттік немесе мемлекеттік емес), нысаны ( күндізгі, сырттай кешкі) ешқандай әсер етпейді.
Кәмелетке толмаған адамды тәрбиелеу жөніндегі міндеттер өзіне жүктелген өзге де адамдарға қорғаншы, қамқоршы, асырап алған ата-аналар, мектепке дейінгі балалар мекемелерінің тәрбиешілері, бұлардан басқа заңмен тәрбиелеу міндеті тікелей жүктелген - жақын туыстары, ағасы немесе апасы, әжесі немесе атасы жатады.
132-бап. Кәмелетке толмаған адамды қоғамға қарсы
iс-әрекеттер жасауға тарту
1. Кәмелетке толмаған адамды есеңгiрететiн заттарды тұтынуға не уытқұмарлыққа не спирттiк iшiмдiктердi ұдайы тұтынуға, не жезөкшелiкпен, қаңғыбастықпен немесе қайыршылықпен айналысуға тарту -
жүз сексен сағаттан екi жүз қырық сағатқа дейiнгi мерзiмге қоғамдық жұмыстарға тартуға, не бiр жылдан екi жылға дейiнгi мерзiмге түзеу жұмыстарына, не алты айға дейiнгi мерзiмге қамауға, не үш жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
2. Ата-анасы, педагог не кәмелетке толмаған адамды тәрбиелеу жөнiндегi мiндеттер өзiне жүктелген өзге де адам жасаған нақ сол әрекет -
үш жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығын шектеуге, не төрт айдан алты айға дейiнгi мерзiмге қамауға, не үш жылға дейiнгi мерзiмге белгiлi бiр лауазымдарды атқару немесе белгiлi бiр қызметпен айналысу құқығынан айыра отырып немесе онсыз бес жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
3. Осы баптың бiрiншi немесе екiншi бөлiктерiнде көзделген бiрнеше рет не күш қолданып немесе оны қолданамын деп қорқытып жасалған әрекеттер -
алты жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады.

Кәмелетке толмағандарды саудаға салу (133- бап)
Кәмелетке толмаған адамды саудаға салу үшін жауаптылық ҚР аумағында қолданылған қылмыстық заңдарда мүлдем көрсетімеген еді. Қазақ жерінде мұндай құбылыс кеңес өкіметі орныққанға дейін мүлдем болмаған қазіргі жағдайда кейбір жерлерде кәмелетке толмағандар "зат", "товар" ретінде пайдаланылып, қылмыскерлерге пайда табудың көзіне айналды. Дүние жүзінде орын алып отырған осындай келеңсіз құбылыстарға сәйкес ҚР Қылмыстық кодексінің 133-бабында осы тұрғыдағы іс-әрекетке қылмыстық жауаптылық белгіленген.
Қылмыстың тікелей обьектісі - кәмелетке толмағандардың мүддесі, олардың дұрыс даму, жетілу, білім алу, тәрбиелену жағдайлары.
Қылмыс обьективтік жағынан кәмелетке толмаған адамды сатып алу не кәмелетке толмаған адамға қатысты оны біреуге беру немесе оны иемдену түрінде өзге мәмілелер жасау арқылы жүзеге асырады.
Кәмелетке толмаған адамды белгілі келісімді ақы алып (ақшалай, заттай, қозғалатын немесе қозғалмайтын мүлік) басқаға ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Отбасы және кәмелетке толмағандарға қарсы қылмыстардың түрлері
Кәмелетке толмағандарға қарсы қылмыстардың түрлері
Отбасы және кәмелетке толмағандарды құқықтық қорғау және оларды дұрыс тәрбиелеу шаралары
Отбасына және кәмелетке толмағандарға қарсы қылмыс
«КӘМЕЛЕТКЕ ТОЛМАҒАНДАРДЫҢ ҚЫЛМЫСТЫЛЫҒЫ»
Кәмелетке толмағандар саудасына қарсы қылмыстық құқықтық күрес
Кәмелетке толмағандарға қарсы қылмыстық құқық бұзушылықтардың қылмыстық - құқықтық сипаттамасы
Кәмелетке толмағандардың пайдақорлық қылмыстарының алдын алу проблемасы
Отбасына және кәмелетке толмағандарға қарсы қылмыстардың ерекшеліктері
Кәмелетке толмағандар арасындағы қылмыстылықты талдау
Пәндер