Инфляцияның әлеуметтік-экономикалық салдарлары



ЖОСПАР
Кіріспе.
Негізгі бөлім.
1. Инфляцияның әлеуметтік.экономикалық салдарлары.
2. Инфляцияға қарсы саясат жүргізу.
3. Инфляция бойынша, Ұлттық Банк мәліметтері.
Қорытынды.
Қолданылған әдебиеттер тізімі.
Кіріспе.
Инфляцияның салдарлары әр алуан, өзара қайшылықта болады және мынадай жағдайларға әкеп соқтырады. Егерде ұлттық экономика экономикалық өсуі төмен тіпті нөлдік қарқынмен мінезделсе, онда өмір сүру деңгейі көтерілуі мүмкін емес. Инфляция әр түрлі әлеуметтік-экономикалық қиындықтар туғызады.
Инфляция (лат. inflatio – «қабыну», «ісіну») — бұл бағаның өсуінен, тауарлар тапшылығынан және тауарлар және қызметтер сапасының төмендеуінен туындайтын ақшаның құнсыздануы, сондай-ақ оның сатып алу қабілетінің төмендеуі.
Инфляция дегеніміз – бағалардың жалпы өсуі, табыстардың құнсыздануы. Елдегі тауар рыноктарының көбінде тепе – тендік бұзылса, бағалар тоқтаусыз өседі. Инфляция – бұл нарықтың көбінде сұраныстың артуынан қалыптасқан тепе – теңдіктің бұзылуына байланысты пайда болған елдегі баға деңгейінің жалпы өсуі.
Инфляцияның негізгі себептері: ақша тауарларды сатып алу қабілеті күшті валютамен салыстырғанда құнсызданады. Инфляцияны былай түсіндіруге болады, яғни ақшаның алтынға қатысты құнсыздануы, алтынды бұрынғыша ақша сияқты жалпылама эквивалент деп қарастыруда жатыр. Ең алдымен, бағаның өсуі – тауарға сұраныстың оның ұсынысынан артық болуымен байланысты.
1775-1783 жылдары Солтүстік Америкада тәуелсіздік үшін болған соғыс доллардың құнсыздануына әкеліп соқты. Францияда 1784-1794 жылдары революция кезінде өндірілген қағаз ассигнаттар бір жылда 883 есе құнсызданды. Еркін бәсеке кезіндегі капитализм жағдайында инфляцияны соғыс, дағдарыстан, стихиялық апаттар кезінде болатын несие ақшаларының алтынға айрбасталуының тоқтауы кезінде пайда болды.
Қазіргі инфляция мынадай факторларға байланысты:
Қолданылған әдебиеттер тізімі.
1. Рахметулина Ж.Б., Жуманова Г.М. «Экономикалық теория» пәні бойынша оқу құралы. Шымкент 2011 ж.
2. Аубакирова Я., Ескалиева М. «Экономикалық теория». Алматы 1994 ж.
3. Мәуленова С., Бекмолдин С., Құдайбергенов Е. «Экономикалық теория». Оқу құралы. Алматы 2003 ж.
4. Осипова Г.М. «Экоеомикалық теория негіздері». Алматы 2002 ж.
5. Ақша, несие, банктер теориясы: Оқулық. — Алматы: Жеті жарғы, 2011. ISBN 978-601-288-026-

Пән: Экономика
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 13 бет
Таңдаулыға:   
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ
БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТІРЛІГІ
М.ӘУЕЗОВ атындағы
ОҢТҮСТІК ҚАЗАҚСТАН МЕМЛЕКЕТТІК УНИВЕРСИТЕТІ

РЕФЕРАТ
Тақрыбы: Инфляцияға қарсы саясат.

Орындаған: Абитай С.
Тобы: ЮМ12-1К1
Қабылдаған: Мауленбердиева Г.

Шымкент 2014 жыл
ЖОСПАР
Кіріспе.
Негізгі бөлім.
1. Инфляцияның әлеуметтік-экономикалық салдарлары.
2. Инфляцияға қарсы саясат жүргізу.
3. Инфляция бойынша, Ұлттық Банк мәліметтері.
Қорытынды.
Қолданылған әдебиеттер тізімі.

Кіріспе.
Инфляцияның салдарлары әр алуан, өзара қайшылықта болады және мынадай жағдайларға әкеп соқтырады. Егерде ұлттық экономика экономикалық өсуі төмен тіпті нөлдік қарқынмен мінезделсе, онда өмір сүру деңгейі көтерілуі мүмкін емес. Инфляция әр түрлі әлеуметтік-экономикалық қиындықтар туғызады.
Инфляция (лат. inflatio - қабыну, ісіну) -- бұл бағаның өсуінен, тауарлар тапшылығынан және тауарлар және қызметтер сапасының төмендеуінен туындайтын ақшаның құнсыздануы, сондай-ақ оның сатып алу қабілетінің төмендеуі.
Инфляция дегеніміз - бағалардың жалпы өсуі, табыстардың құнсыздануы. Елдегі тауар рыноктарының көбінде тепе - тендік бұзылса, бағалар тоқтаусыз өседі. Инфляция - бұл нарықтың көбінде сұраныстың артуынан қалыптасқан тепе - теңдіктің бұзылуына байланысты пайда болған елдегі баға деңгейінің жалпы өсуі.
Инфляцияның негізгі себептері: ақша тауарларды сатып алу қабілеті күшті валютамен салыстырғанда құнсызданады. Инфляцияны былай түсіндіруге болады, яғни ақшаның алтынға қатысты құнсыздануы, алтынды бұрынғыша ақша сияқты жалпылама эквивалент деп қарастыруда жатыр. Ең алдымен, бағаның өсуі - тауарға сұраныстың оның ұсынысынан артық болуымен байланысты.
1775-1783 жылдары Солтүстік Америкада тәуелсіздік үшін болған соғыс доллардың құнсыздануына әкеліп соқты. Францияда 1784-1794 жылдары революция кезінде өндірілген қағаз ассигнаттар бір жылда 883 есе құнсызданды. Еркін бәсеке кезіндегі капитализм жағдайында инфляцияны соғыс, дағдарыстан, стихиялық апаттар кезінде болатын несие ақшаларының алтынға айрбасталуының тоқтауы кезінде пайда болды.
Қазіргі инфляция мынадай факторларға байланысты:
Ақша айналысының факторларына: бюджет тапшылығын жабуға пайдаланылған, шексіз көп ақшаның эмиссиялануы есебінен айналыс аясының артық ақша массасына толып кетуі; халық шаруашылығының артық несиеге толуы.
Ақшалай емес факторларға: қоғамдык өндірістегі теңсіздікке, шарушылықтың шығындық тетігіне, мемлекеттің экономикалық саясаты, оның ішінде салық саясаты, баға саясаты, сыртқы экономикалық саясатына байланысты факторлар жатады. Аталған факторлардың қанат жаюына байланысты инфляцияның екі түрі болады: сұраныс және шығын (ұсыныс) инфляциясы.
Сұраныс инфляциясы төмендегідей факторлардың әсерінен туындайды:
әскери шығыстардың өсуі, яғни әскери техникалардың азаматтық салаларда пайдалану қажеттігінен, нәтижесінде ақша баламасы айналыс үшін артық болып қалады;
мемлекеттік бюджет тапшылығы және ішкі қарыздардың өсуі, яғни мемлекеттің қысқа және орта мерзімді міндеттемелерін шығару есебінен бюджет тапшылығын жабу нәтижесінде мемлекеттің ішкі қарызы артады;
несиелік экспанциялау, яғни елдің орталық банкінің коммерциялық банктер мен үкіметке несие беретін несиелер көлемінің ұлғаюын сипаттайды;
импортталған инфляция, яғни шетел валюталарын сатып алу барысында тауар айналымына қажеттіліктің үстіне ұлттық валютанын, эмиссиялануы;
ауыр өнеркәсіп саласына өте көп мөлшерде инвестация жұмсау.
Шығын (ұсыныс) инфляциясы -- бұл баға белгілеу үдерісіне әсер ететін мынадай факторлардың болуымен сипатталады:
еңбек өнімділігінің өсуін азайту және өндірістің құлдырауы;
көрсетілетін қызметтің маңызының артуы;
бір өнім бірлігіне жұмсалатын шығынның өсуінің жеделдетілуі, әсіресе жалақының өсуі;
энергетикалық дағдарыс.
Инфляция жағдайында қағаз ақшалар мыналарға қатысты құнсызданады:
- алтынға;
- тауар;
- шетел валютасына.
Бірінші жағдайда қағаз ақшамен берілетін алтынның нарықтық құны артады. Екінші жағдайда тауарлардың бағасы өседі. Үшінші жағдайда шетел валютасына қатысты ұлттық валютаның бағамы төмендейді.
Инфляцияны төмендегідей белгілеріне байланысты жіктеуге болады:
Инфляциялық үдерістің сипатына қарай:
ашық инфляция, яғни, бағаға ешқандай да кедергі болмайды, оның еркін өсуі байқалады;
жабық инфляция, яғни тауар тапшылығы жағдайында бағаға мемлекет қатан бақылау жасап отырады;
инфляциялық шок, яғни бір мезетте бірден баға өсіп кетеді.
Таралу орнына қарай:
локальдық инфляция, яғни баға бір ғана елдің шекарасында өседі;
дуниежузілік инфляция, яғни кейбір елдер топтарын немесе барлық ғаламдық экономиканы түгелдей дерлік қамтиды.
Бағаның өсу қарқынына қарай:
- баяу инфляция -- баға баяу қарқынмен біртіндеп жылына 10%-ға өседі;
- орташа инфляция -- баға тез қарқында жылына 20-дан 200 %-ға дейін өседі, мұндай баға қарқыны ауыр экономикалық және әлеуметтік зардаптарға шалдықтырады;
- ұшқыр инфляция -- баға жылына 500-ден 1000 %-ға дейін және одан жоғары қарқынмен өседі. Ұшқыр инфляция ақша жүйесінің құлдырауына әкеліп соғады. Мұндай жағдайда ақша өзінің атқаратын қызметтерін жоғалта бастайды.
Ақша реформасы -- ұлттық ақша бірлігін тұрақтандыруға, елдің ақша жүйесін қалыпқа келтіруге және нығайтуға бағытталған ақша айналысында мемлекет тарапынан жүзеге асатын түрлендірулер.
Ақша реформалары төмендегідей әдістер көмегімен жүзеге асырылады:
жаңалау, яғни құнсызданған ақша бірлігін жою туралы және жаңа валюта енгізу туралы хабарлау;
қалыпқа келтіру, яғни ақшаның бұрынғы алтындық құрамын немесе валюталық паритетін қалпына келтіру;
деноминация, яғни нөлдерді қысқарту әдісімен ақшаның номиналдық құнын ірілендіру.
Сонымен қатар, инфляцияға әсер ететін факторларға жауап ретінде басты антиинфляциялық саясаттың мынадай әдістері жұмыс жасайды:
Дефляциялық саясат -- бұл ақша-несие саясаты арқылы ақшаға деген сұранысты шектеуді, салық тетігің қолдану арқылы мемлекеттік шығыстарды азайту, несие үшін пайымт шерін реттеу және ақшамассасын шектеу әдістерінің жиынтығы.
Табыс саясаты -- бағаға және жалақыға бақылау жасау шаралары.
Біздің елімізде бағаға бақылау Қазақстан Республикасының Монополияға қарсы саясат комитетті арқылы жүргізіледі.
Әлеуметтік мотивтерге байланысты антиинфляциялық саясаттың бұл түрі өте сирек қолданылады.
Индексациялау - ақшаның құнсыздану нәтижесінде болған зиянның орнын толық немесе жартылай толтыру әдісін білдіреді.
Бұл әдіс, 1999 жылы 5 сәуірде Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімімен еркін өзгермелі ваяюта бағамына өту барысында, АҚШ долларына қатысты теңге бағамының күрт төмендеуінен туындаған (мысалы, 1 АҚШ долларының бағамы 87,5 теңгеден 132,4 теңгеге және одан жоғары көрсеткішке жетті) халықтың екінші деңгейлі банктердегі теңге салымдары бойынша зиянды мемлекеттің қаражаты есебінен қалпына келтіру мақсатында пайдаланылды.

Сонымен қатар осы әдістің көмегімен, бұрынғы КСРО-ның Жинақ банкінде сақталған және 90 жылдардың басындағы орын алған қарқынды инфляцияның салдарынан құнсызданған халықтың жинақтары, қазіргі Халық банкісі арқылы біршама мөлшерде қайта қалпына келтіріліп, кезеңімен қайтарылу жұмыстары жүргізілді. Оның нақты есебіне келсек, мысалға егер сіздің жинақ кассасында 1992 жылға дейін Кеңес дәуірінде жинақтаған 10000 рублің болса, 1992 жылғы рубльдің АҚШ долларға қатысты бағымы 150 рубльге тең болды делік. Сіздің 10000 рубліңізді 150-ге бөліп, оны теңгені қайтару кезеңінде жүргізген (1999 -- 2000 жылдары) бағамы 155-ке көбейту арқылы сізге кешегі кеңестік жинағыңызды қайтарады. Бұл қате есептеу. Дұрыс қайтару үшін депозитке салған күндегі рубльдің долларға қатысты бағамына байланысты қайтару қажет. Ол кездегі 1 АҚШ доллары 0,98 копеекті құрады. Осы бағаммен қайтарса, сол уақыттағы сіздің жинағыңыздың қайтарылған сомасы 10204 АҚШ долларын құрайтын еді.

Негізгі бөлім.
Инфляцияның әлеуметтік-экономикалық салдарлары.
Біріншіден, ол ұлттық табыс пен байлықты қоғамның әр түрлі топтарымен, экономикалық және әлеуметтік институттар арасында қалай болса солай және болжамсыз қайта бөлуіне мәжбүр етеді.
Қаражаттар жеке сектордан мемлекет тарапына қайта бөлінеді. Инфляция факторының біреуі болып табылатын мемлекет бюджетінің тапшылығы, инфляциялық салықпен өтеледі. Осыны нақты ақша қалдықтарының барлық ұстаушылары төлейді. Ол өзімен-өзі, автоматты түрде төленеді, өйткені инфляция кезінде ақша капиталы құнсызданады.Инфляциялық салық нақты ақша қалдығы құнының төмендегенін көрсетеді.
Табысты мемлекет пайдасына қайта бөлудің келесі жолы, ол- ақша басып шығаруға монополиялық құқықтың болуынан пайда болады. Қосымша басылып шыққан банкноттар номиналдарының сомасы мен оларды басып шығаруға жұмсалған шығындардың айырмасы сеньораж деп аталады. Ол мемлекеттің басып шығарған ақша үшін алатын нақты ресурстарының санына тең болады. Сеньораж халықтың өздерінің ақша қалдықтарының нақты құнын ұстап тұрған жағдайдағы инфляциялық салыққа тең болады.
Белгіленген табыстары бар адамдар инфляция нәтижесінде нақты табыстардың төмендеуінен шығынға ұшырайды. Индексацияланған табыс алушы топтар табыстарды индексациялау жүйесі оларға нақты жалақыны сақтап қалуға мүмкіндік бергенше инфляциядан қорғана алады. Нарықта монополиялық жағдайға ие болушылар өздерінің нақты табысын өсіре алады.
Нақты активтер иелерінің инфляциядан қорғанысы молырақ болады, өйткені осы тауарлар бағасының өсуі елдегі инфляцияның жалпы дәрежесінен артық болып отырады.
Процент ставкасы өзгермеген тұрақты болса, күтпеген инфляция нәтижесінде кредиторлар ұтылысқа ұшырайды, қарыз алушылар ұтады. Шығындарын азайтуды көздеп, банктер қарыз ставкасын жоғарлатады. Осы жағдай өндіріске жасалатын инвестиция көлемін төмендетеді. Бұл ситуация ұзақ мерзімді аспектіде ЖҰӨ нақты көлемін азайтады және инфляцияны жандандыра түседі.
Салық салудың погрессивтік жүйесі үй шаруашылықтарынан қаражаттар алынуын шапшандатады. Инфляция нәтижесінде ақша формасында жинақталған қаражаттың құнының төмендеуіне байланысты, жинақталған табыстар қоғамның кәрімүшелерінен алынып, оның жас мүшелерінің пайдасына қайта бөлінеді.
Екіншіден, инфляцияның жоғары қарқыны және баға құрылымының күрт өзгеруі фирмалар мен үй шаруашылықтарының жоспарлауын қиындата түседі. Ңәтижесінде бизнес жүргізуде болжамсыздық пен қауіп-қатер көбейеді. Осының төлемі ретінде процент ставкасы мен пайда өседі. Инвестициялар қысқы мерзімдік сипат ала бастайды, инвестицияның жалпы көлемінде күрделі құрылыстың үлесі төмендейді және спекулятивтік операциялардың үлес салмағы өсе түседі. Болашақта бұл жағдай ұлттың тұрмысын, әл- ауқатын және жұмыспен қамтылуын төмендетуі мүмкін.
Үшіншіден, қоғамның саяси тұрақтылығы төмендейді, әлеуметтік шиеленіс өседі. Жоғары дәрежелі инфляция қоғамның жаңа құрылымына көшуге жол ашады.
Төртіншіден, экономиканың ашық секторындағы бағаның өсуінің шамамен жоғары қарқындылығы ұлттық тауарлардың бәсекелік қаблетін төмендетеді. бұның нәтижесінде импорт өседі, экспорт төмендейді, жұмыссыздық көбейеді және тауар өндірушілер ойсырады.
Бесіншіден, тұрақтылығы жоғары шетел валютасына сұраныс өседі. Капиталдың шетелге кетуі өседі, валюта нарығында спекуляция үдей түседі. осылар бағаның өсуін жылдамдатады.
Алтыншыдан, ақша формасында жасалған жинақтың нақты құны төмендейді, нақты активтерге сұраныс өседі. Бұның нәтижесінде осы тауарлардың бағасы, бағаның жалпы дәрежесінің өзгеруінен шапшаң өсіп отырады. Инфляцияның жылдам жүруі экономикадағы сұраныстың өсуіне дем береді, ақшадан қашуға жол береді. Фирмалар мен үй шаруашылықтары нақты активтер сатып алу үшін қосымша шығын жасауға мәжбүр болады.
Жетіншіден, мемлекеттік бюджеттің құрылымыөзгереді және нақты табыстары төмендейді. мемлекеттің экспонсионистік фискалдық және монетарлы саясат жүргізуге мүмкіндігі шектеледі. Бюджеттік тапшылық және мемлекеттік борыш өседі. Осыларды ұдайы өндіру механизмі іске қосылады.
Сегізіншіден, жұмыспен толық қамтамасыз етілмеген жағдайда қызмет ететін экономикадағы орташа инфляция, халықтың нақты табысын шамалы төмендетіп, оның көбірек және бұрынғыдан да жақсы еңбек етуін талап етеді. Нәтижесінде жылжымалы инфляция бір мезгілде экокномикалық өсудің төлемі және оның стимулы болып табылады. Дефляция керісінше жұмспен қамтуды және өндірістік қуаттардың пайдаланылуын төмендетеді.
Тоғызыншыдан, стагфляция жағдайында инфляцияның жоғары дәрежесі үлкен жұмыссыздықпен ұштасады. Елеулі инфляция жұмыспен қамтуды өіруге мүмкііндік бермейді. Бірақ инфляциямен бір жақтан өндіріс көлемін және жұмыссыздықтың, екінші ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Инфляцияның экономикалық-әлеуметтік салдарлары және антиинфляциялық саясат
Мемлекеттің инфляцияға қарсы саясаты
Инфляция жайлы
Инфляция және онымен күрес
Инфляцияның даму факторлары және оның әлеуметтік - экономикалық салдарлары
Мемлекетте инфляцияға қарсы саясат жүргізу
ҚР инфляцияға қарсы туралы ақпарат
Инфляцияға қарсы саясат және оның Қазақстан Республикасындағы қолдану ерекшеліктері
Макроэкономикалық көрсеткіштерге сипаттама (2013-2015). Инвестициялар және мемлекеттің инвестициялық саясаты. Инфляция және мемлекеттің инфляцияға қарсы саясаты. ҚР экономикалық өсім
Инфляцияның экономикалық салдарлары
Пәндер