Педагогикалық тренинг



Жоспар.
1. Кіріспе.
2. Негізгі бөлім.
3. Қорытынды
4. Пайдаланылған әдебиеттер.
Кіріспе.
Педагогикалық тренинг- сапалы маман дайындаудың құралы
Қазақстан Республикасы үздіксіз білім беру жүйесінде көрсетілгендей, білім берудің басты міндеті – жеке тұлғаның ұлттық және жалпы адамзаттық құндылық- тар негізінде қалыптасуы мен дамуы және оның кәсіби жетілуі үшін қажетті жағдай лар жасау: білім алушыны тәрбиелеу, білім бере отырып, жан-жақты қалыптастыру, ана тілін, ұлттық салт-дәстүрлерді сақтау, ақпараттану, денсаулығын нығайту. Осы қасиеттерді білім алушы болашақ маман студенттердің бойында қалыптастыру мен дамыту Қазақстан Республикасы білім беру жүйесінің маңызды міндеті ретінде қарастырылады. «Біз өзіміздің ұлттық ойлау жүйемізді, тарихи танымымызды, рухани мәдениетімізді барынша терең дамыта отырып, барлық салада рухани тәуелсіздікке жетуіміз керек»-деген Елбасымыз Н.Назарбаевтың сөзі бүгінгі ұстаз дың негізгі ұстанымы болуға тиісті.
Қазіргі таңда студенттердің білімін жетілдіруге оны жан –жақты дамытуға жол ашатын технологиялар баршылық, солардың бірі- педагогикалық тренингті болашақ маманды дамыту құралы ретінде оларды шығармашылыққа баулыйтын және оны іске асырудың педагогикалық шарттарын айқындауға мүмкіндік беретін тиімді технологиялардың бірі ретінде қолданамыз .
Қорытынды.

Тренингтің нәтижелігін анықтау ұжымның, жекеленген оқушының тренинг өткізгенге дейінгі және тренингті өткізгеннен кейінгі іс- әрекетін салыстыру нәтижесінде жүзеге асады. Тренинг нәтижесінің тиімділігін анықтауда бағалау критерийлері екі жолмен іске асады:
1.Тренингтің тиімділігі туралы студенттің өздерінің пікірі ( Тренинг арқылы не біліп, не үйрендік).
2.Оқытушының студенттердің қол жеткізген жетістіктеріне қатысты байқағаны.Мұн дай сабақтар студенттердің қазіргі таңда қол жеткізген жетістіктерін байқауға мол мүмкіндік береді. Сонымен қатар, сабақ бастанаяқ қызу қарқынды белсенділігімен, іс-әрекеттің нәтижелілігімен,іскерлік қарым-қатыстың дұрыс құрылуымен ерекше.
Тренингті ұйымдастыру көп дайындықты керек етеді.Себебі, студенттердің тренинг
барысындағы іс-әрекеттерінің нәтижелі болуы алдынала жасалған дайындықпен тікелей байланысты. Ол дайындықтар мына мәселе лерді ескеруді керек етеді:
- тақырыпқа байланысты әр топқа немесе әр оқушыға берілетін үлестірмелі тапсырмалар;
- психологиялық жаттығулар;
- рөлдік және іскерлік ойындар мазмұны;
- видеоаппаратуралар, техникалық құралдар, әр түрлі көрнекіліктер;
- тренингке қатысқан әр топтың, әрбір оқушының жауабын бағалауға арналған арнайы сызбалар мен қағаздар және т.б.

Пән: Педагогика
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 9 бет
Таңдаулыға:   
Жоспар.
1. Кіріспе.
2. Негізгі бөлім.
3. Қорытынды
4. Пайдаланылған әдебиеттер.

Кіріспе.
Педагогикалық тренинг- сапалы маман дайындаудың құралы
Қазақстан Республикасы үздіксіз білім беру жүйесінде көрсетілгендей, білім берудің басты міндеті - жеке тұлғаның ұлттық және жалпы адамзаттық құндылық- тар негізінде қалыптасуы мен дамуы және оның кәсіби жетілуі үшін қажетті жағдай лар жасау: білім алушыны тәрбиелеу, білім бере отырып, жан-жақты қалыптастыру, ана тілін, ұлттық салт-дәстүрлерді сақтау, ақпараттану, денсаулығын нығайту. Осы қасиеттерді білім алушы болашақ маман студенттердің бойында қалыптастыру мен дамыту Қазақстан Республикасы білім беру жүйесінің маңызды міндеті ретінде қарастырылады. Біз өзіміздің ұлттық ойлау жүйемізді, тарихи танымымызды, рухани мәдениетімізді барынша терең дамыта отырып, барлық салада рухани тәуелсіздікке жетуіміз керек-деген Елбасымыз Н.Назарбаевтың сөзі бүгінгі ұстаз дың негізгі ұстанымы болуға тиісті.
Қазіргі таңда студенттердің білімін жетілдіруге оны жан - жақты дамытуға жол ашатын технологиялар баршылық, солардың бірі- педагогикалық тренингті болашақ маманды дамыту құралы ретінде оларды шығармашылыққа баулыйтын және оны іске асырудың педагогикалық шарттарын айқындауға мүмкіндік беретін тиімді технологиялардың бірі ретінде қолданамыз .

Тренинг түрлері

Қазіргі кезең ұлттық бәсеке, ақпараттық сайыс, инновациялық технологиялар, күрделі экономикалық реформалармен ерекшеленеді. Сол кезеңге сай интеллек туалды, дені сау, ой-өрісі жоғары дамыған, халықаралық деңгейге сәйкес білімі бар педагог маман дайындау - мемлекеттің ең маңызды стратегиясы. Маман дайындау, оның ішінде болашақ қоғам иелерін оқытып білім беруге лайықты ұстаз кейпін қалыптастыру өте маңызды мәселе. Ол осы қоғамның, даму деңгейін көрсететін рухани, ғылыми, әлеуметтік және тарихи жемісі болып табылады. Өйткені қоғамдық өмірдің әлеуметтік, экономикалық, саяси, рухани қырларындағы өзгерістер педагог маман әрекетінен тыс болмайтыны белгілі.
ХХ ғасырдың екінші жарытсынан бастап психологияның қолданбалы және тәжірибелік салаларында тренинг түсінігі пайда болды және кеңінен қолданыла бастады. Қазіргі таңда тренинг түсінігінің нақты бір анықтамасы болмағанмен, бұл әр түрлі іс-әрекеттердің, әдіс-тәсілдер мен құралдардың ортақ термині ретінде кеңінен пайдаланылуда.
Тренинг термині ағылшынның (train, training сөздерінен) оқыту, тәрбиелеу, жаттықтыру, үйрету сияқты мағынаға ие. Ю.Н. Емельянов тренингке іс-әрекеттің кез-келген қиын түрін игеру мен оқыту қабілеттілігін дамыту әдістерінің топтамасы деген анықтама береді .
Тренинг адам бойында қалыптасқан мінез-құлық пен іс-әрекеттерді басқару тәсілі ретінде қолданылады да студенттердің белсенділігін арттыруға, олардың кәсіби білімі мен қабілеттілігін көтеруге бағытталады.
Ресейлік психолог Л.А. Петровская әлеуметтік-психологиялық тренингті өзара қатынастағы білімді, әлеуметтік белгілеулерді, қабілеттілік пен тәжірибені дамытуға бағытталған әсер ету құралы, ретінде қарастырады . Осы пікірлер негізін де тренингті психологиялық әсер ету деп негіздеуге болатындығы айтылып жүр. Сондықтан да тренингті студенттің кәсіби үйлесімділігін және ұжымның психологиялық феноменін мақсатты түрде өзгертуде, білім беруде, тәрбиелеуде, жаттықтыруда көпқырлы әдіс ретінде қолдануға болады .
Білім беруде тренингті қолдану арқылы алға қойған мәселелерді шешу, қарым-қатынас, жігерлік, өз-өзіне сенімділік, ойлаудың сыншылдығы, өзін-өзі басқару қабілеттілігі және өзіндік менін - дамытуға жағдай жасалады.Сонымен қатар эмоциялық тұрғыдан жекебастың өзін-өзі бақылауы, адам аралық қатынасы, өзін-өзі тануы және тәжірибені тұжырымдап іс жүзінде қолдануы жүзеге асады.
Педагогикалық тренинг жұмысының нәтижелі болуы оқыту барысында шешімін табуға тиіс міндеттерге жүргізушінің ықпал ете алуына байланысты. Нәтижесінде, алға қойылған мақсаттармен бірге, топтың әрбір мүшесі кері байланыс көмегімен өз-өзін жаңа қырынан ашу және өз-өзін түсіну тәжірибесін игереді. Тренинг барысында топ мүшелері өзара үйрену процесіне тартылады, сондықтанда олар әдетте жетекшіге емес бір біріне сенім артады.
Тренинг білімді меңгертудің және жеке қабілеттерге үйретудің өзіндік түрі. Тренингтің формалары екі үлкен топқа бөлінеді: а) арнайы қабілеттерді дамытуға бағытталған; б)қатынас жағдайында талдау тәжірибесін тереңдетуге мақсатталған;
Болашақ маманды жеке тұлға деп қарастырсақ, ол С.И.Ожегов сөздігінде: жеке тұлға - адам қандай да бір қасиет, қабілетті тасушы ретінде көрсетіледі. Жеке тұлға онда екі мағынада қарастырылады: кез келген саналы адам; өзінің психикалық үрдісін, мінез-құлық, жүріс-тұрысын басқара алатын қабілетті адам. Ал, белгілі психолог Қ.Жарықбаектың пікірінше тұлға - өзіне де айналасындағыларға да өзгеріс жасай алатын адам . Олай болса, болашақ педагог маман маңайына, өзі білім беретін жеткіншектерге дамытушылық тұрғыдан әсер ететін, оның өміріне өзгеріс ендіретін адам ретінде дайын болуға тиісті. Педегог маманды қалыптастырып өзінің болашақ ісіне дайындау оңай мәселе емес екені белгілі. Қалыптасу - адам тұлғасының дамуында немесе оның жеке қасиеттеріндегі белгілі бір фактордың әсер етуінен болатын өзгерістер. Қалыптастыру - яғни, адамның өмір сүру әрекетін ұйымдастыру, тәрбие мен білім беруді жүзеге асыру, тұлғаның бойында белгілі бір қасиетті дамтуға ықпал ету.Осы ықпал етудің көптеген әдістері мен формалары бола тұра соның ішінде тренингтің мүмкіндігінің молдығын атап өтуге болады.
Ғылыми еңбектерде Тренинг - жеке тұлғаның дамуына және өзара әрекеттестік, өзара қатынас жаттығулар жүйесі деген анықтама беріледі.
Тренинг сөзі біздің педагогика ғылымына өткен ғасырдың екінші жартысында ғана ене бастады. Бұған дейін осы сөзге мағыналас жаттығу сөзі кеңінен қолданылып келді. Қазір осы екі термин де педагогика саласында кеңінен қолданылып келеді. Жай жаттығудан тренингтің айырмашылығы онған біліктілігі жоғары маман басшылық етуге тиісті.
Біз өз тәжірибемізде маманға теориялық білім берумен қатар оларды бастауыш сыныптарға сабақ берудің әдіс тәсілдерімен, білім беруді ұйымдастыру формаларымен таныстырып, оларды сол істі шебер орындаудың жолдарына төселтіп, жаттықтыруға тиіспіз. Бұл көптеген жаттығулардың, қайталанатын іс-әрекеттердің нәтижесінде жүзеге аспақ. Осы жағдайда қолданылатын тренингтердің түрлері көп. Солардың ішінде оқытудың белсенді әдістерін жүйелеуге қарай: оқытуды ұйымдастыруға;
қолданылатын әдістер мен формалардың тиімділігін анықтауға; нақты міндеттерді шешуге бағытталған. Ол үшін тренингтің мына түрлерін қолдануға тырыстық:
1. Оқу-жаттығу тренингі;
2. Белсенді оқыту;
3. Тренинг-семинар ;
4. Кәсіби-педагогикалық тренингі.
Педагогикалық тренинг - оқыту сапасын арттыруда студенттің білік пен дағдысын қалыпсатыру мен жетілдіруді көздейтін жоспарлы бағдарламамен жүргізілетін әр түрлі жаттығулар жүйесі.
Педагогикалық тренингті көбіне студенттің мамандық сапасын, жеке қасиеттерін, өзін-өзі тануын, өзін-өзі жетілдіруін, өзін-өзі белсендіруін білуге, өзін ұжымда, көпшілік ортасында ұстауға, әріптесін тыңдауға, көпшілік алдында шығып сөйлеуге, өз ойын дәлдеп айтуға, басқалардың ойларымен санасуға үйретеді. Сонымен қатар, ұжыммен жұмыс істеуді, ұжымның жетістіктерін бағалауды, кемшіліктерін болдырмауды үйрене отырып, өз білімін жетілдіруге, өз бетінше ізденуге, шығармашылыққа жол ашады. Бұл әсіресе қазіргі кредиттік жүйемен білім беру барысында өте тиімділік көрсетеді.
Студенттермен жұмыс барысында әсіресе семинарлық практикалық сабақтар барысында және студенттермен бірге жүргізілетін өзіндік жұмыстарды тұжырымдау кезінде қолдана отырып, оның білім берудің басқа формаларынан айырмашылығын байқадық:
- берілетін білім мен біліктілікке байланысты мақсаты айқын шектеп, сол мақсатқа жету үшін нақты жұмыс жасау;
- алға қойылған мәселені жан жақты терең ашу;
- талдау барысында ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Тренингтік жұмыстар технологиясы
Білім беру жүйесіндегі инновациялык технологияның теориялык негіздері
Дарынды балалармен жүргізілетін түзету – дамыту жұмыстары
Жоғары мектепте психологиялық тренингті ұйымдастырудың бағдарламалары мен мазмұны
Мектеп жасына дейінгі балалардың қарым-қатынасын жетілдіретін тренингті ұйымдастыру
Педагог-психологтың жұмыс жоспары
Мектеп жасына дейінгі балалармен қарым-қатынас тренингін ұйымдастырудың психологиялық негіздері
Әлеуметтік - педагогикалық қызметтің кәсіби қызметінің бағыттары
Психологиялық тренинг-оқытудың арнайы ұйымдастырылған формасы
Инновациялық оқыту туралы
Пәндер