Темір жол көлігі



Жоспар
Кіріспе
I. Темір жол көлігі қызметкерлеріне қойылатын талаптар
II. Темiржол станциясы
III. Теміржол вокзалы
IV. Темір жол көлігіндегі сигнализация
1. Кіріспе
2. Сигналдар
3. Көрінетін сигналдар
4. Дыбыс сигналдары
V. Бағдаршамдар
1. Бағдаршамдардың түрлері
2. Кіру бағдаршамдары
3. Шақыру сигналы
4. Шығу және маршруттық бағдаршамдары
5. Өту бағдаршамдары
6. Бүркемелегіш және бөгегіш бағдаршамдар
7. Ескерту және қайталау бағдаршамдары
8. Локомотивтік бағдаршамдар
9. Бағдаршамның рұқсат ететін шартты сигналы
VI. Қоршау сигналдары
1. Жылдамдық кемуінің тұрақты дискілері
2. Тасымалданатын сигналдар
3. Поездар қозғалысы үшін кедергі болатын жерлерді және аралықтардағы жұмыс жүргізілетін орындарды қоршау
4. Поездар қозғалысы үшін кедергілер орындарын және станциялардағы жұмыс жүргізу орындарын қоршау
5. Станциялық жолдарда жылжымалы құрамды қоршау
VII. Қол сигналдары
1. Қол сигналдарына қойылатын талаптар
2. Қол сигналдарын беру түрлері
VIII. Сигналдық көрсеткіштер мен белгілер
1. Маршруттық көрсеткіштер
2. Лақтыру және жолдық бөгеу құрылғыларының көрсеткіштері
3. Гидравликалық бағандардың көрсеткіштері
Кіріспе.
Қазіргі қоғам дамуындағы көліктің рөлі мен орнын белгілей отырып экономикалық теория оны жалпы арналған еңбек құралы, өңдірістің жалпы шарттарының бірі ретінде қарастырады. Кәсіпорын ішіндегі жұмысшылар мен еңбек құралдарын тасымалдай отырып, көлік технологиялық еңбек бөлінісінің нәтижесінде туындайтын байласынстарды жүзеге асырады. Бұл функцияларды ішкі өндірістік көлік атқарады. Өндірушілер (жіберушілер) мен тұтынушылар арасында әр түрлі өнім түрлерін тасымалдай отырып, көлік аймақтық еңбек бөлінісінің нәтижесінде пайда болған байланыстарды іске асырады.
Көлік бір жағынан – нарық сараланымы (сегмент) яғни тауарлар айырбасын «нақты» іске асырушы және тұрғын халыққа қызмет көрсетуші, ал екінші жағынан – он нарық субъектісі ретінде тауарлар мен жүргізушілерді тасымалдай отырып өз қызметін сатады. Мұндай қызметті көліктің әрбір түрі әрқалай іске асыруы мүмкін және осының нәтижесінде олар көлік нарығын қалыптастырады.
Сонымен қатар көлікке оны халық шаруашылығының басқа салаларынан ерекшелендіретін кейбір өзгешеліктер тән.
• Біріншіден, көлік жаңа заттық өнім өндірмейді, алайда айналым аясындағы өндіріс үрдісінің жалғасы іспетті болып табылады.
• Екіншіден, көлік өнімін, яғни жолаушы және жүк тасымалын, көлік өндірісінің үдерісінен бөліп қарау мүмкін емес. Оны жинақтап, қор жасау да мүмкін емес.
• Үшіншіден, көлік өнімінің құрылымында шикізат болмайды. Оның өзіндік құнындағы еңбекақының үлесі өнеркәсіптегіден екі есе жоғары. Өтелім, отын және электр қуаты үшін жұмсалатын қаражат көліктің барлық пайдалану шығындарының жартысына жуығын құрайды.
• Төртіншіден, көлікті дамытуға бөлінетін қаржы айналымы өнеркәсіп пен ауыл шаруашылығын дамытуға жұмсалатын қаржы айналымынан өзгеше болады. Көлік нарығында жаңа зат түріндегі тауар емес, керісінше көлік өнеркәсібінің өндіріс үдерісінің өзі жүзеге асырылады, сондықтан көлік жүйесі жұмысының тиімділігі мен сапасына қойылатын талаптар көлік қызметінің соңғы нәтижесі болып табылатын оның нарықтық өніміне ғана емес, сондай-ақ, тікелей көліктің өзінің өндірістік үдерісіне де қойылады.
Қазіргі жағдайда көлік қатынастарының дамуы кез келген елдің өз өндіргіш күштерінің өсуіне және оның сыртқы қатынастарына байланысты. Әлемдік жүк
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ

1. Көбдіков М.А., Бекжанов З.С., Сарбаев С.Ш. Теміржол көлігі
2. Атамқұлов Е.Д. Жанғаскин Қ.Қ. Қазакстан Темір Жол Көлігі: Қамтамасыз ету қызметі; Алматы ХКАА, 2005 – 580 бет
3. Исатаев М. «Дороги, который мы выбираем». Магистраль. – 2003
4. Исингарин Н. «Железнодорожная связь: проблемы развития»// Магистраль -2003год

5. Есенғарин Н.Қ. Қазақстаннығ темір жолдары. Қалыптасу кезеңі – Алматы, 2004 – 416 бет
6. Шормаков Б. «Стальная магистраль республики» // ТОО «МТИА» , Алматы, 2003 год

Пән: Транспорт
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 94 бет
Таңдаулыға:   
Жоспар
Кіріспе
I. Темір жол көлігі қызметкерлеріне қойылатын талаптар
II. Темiржол станциясы
III. Теміржол вокзалы
IV. Темір жол көлігіндегі сигнализация
1. Кіріспе
2. Сигналдар
3. Көрінетін сигналдар
4. Дыбыс сигналдары
V. Бағдаршамдар
1. Бағдаршамдардың түрлері
2. Кіру бағдаршамдары
3. Шақыру сигналы
4. Шығу және маршруттық бағдаршамдары
5. Өту бағдаршамдары
6. Бүркемелегіш және бөгегіш бағдаршамдар
7. Ескерту және қайталау бағдаршамдары
8. Локомотивтік бағдаршамдар
9. Бағдаршамның рұқсат ететін шартты сигналы
VI. Қоршау сигналдары
1. Жылдамдық кемуінің тұрақты дискілері
2. Тасымалданатын сигналдар
3. Поездар қозғалысы үшін кедергі болатын жерлерді және аралықтардағы жұмыс жүргізілетін орындарды қоршау
4. Поездар қозғалысы үшін кедергілер орындарын және станциялардағы жұмыс жүргізу орындарын қоршау
5. Станциялық жолдарда жылжымалы құрамды қоршау
VII. Қол сигналдары
1. Қол сигналдарына қойылатын талаптар
2. Қол сигналдарын беру түрлері
VIII. Сигналдық көрсеткіштер мен белгілер
1. Маршруттық көрсеткіштер
2. Лақтыру және жолдық бөгеу құрылғыларының көрсеткіштері
3. Гидравликалық бағандардың көрсеткіштері
4. Поездардағы ақаулы вагондарды көрсеткіштер
5. Блок - учаскелердің шекараларын көрсететін көрсеткіштер
6. Тұрақты сигналдық белгілер
7. Уақытша сигналдық белгілер
8. Маневрлік жұмыс кезінде қолданылатын сигналдар
9. Поездарды, локомотивтерді және басқа жылжымалы бірліктерді белгілеу үшін қолданылатын сигналдар
IX. Дыбыс сигналдары
1. Дыбыс сигналдарының түрлері
2. Дабыл сигналдары және арнайы көрсеткіштер
X. Сигналдық аспаптарды беру, есепке алу және сақтау шарты
1. Сигналдық аспаптарды беру
2. Сигналдық аспаптарды есепке алу және сақтау
XI. Диспетчерлік орталықтандырумен жабдықталған
учаскелердегі поездар қозғалысы
1. Жалпы ережелер
2. Поездарды қабылдау және жөнелту
3. Маневрлер жүргізу
4. Диспетчерлік орталықтандыру құрылғыларының
ақаулығы кезіндегі іс-қимылдары
XII. Жартылай автоматты бұғаттау кезіндегі поездар қозғалысы
1. Поездарды қабылдау және жөнелту
2. Поездардың жол постылары (бұғатпостылары)
бар аралықтар бойынша жүруі
3. Жартылай автоматты автобұғаттаудың
ақаулығы кезіндегі поездар қозғалысы
XIII. Поездық диспетчердің жұмысы
XIV. Станциялардағы маневрлік жұмыс
1. Жалпы ережелер
2. Маневрлік жұмысты басқару
3. Маневрлер жүргізу кезінде қызметкерлерге қойылатын талаптар
4. Вагондарды бекіту
5. Маневрлер кезіндегі жылдамдықтар
6. Сұрыптау дөңестері мен тартымдық жолдардағы маневрлер
7. Бас және қабылдау-жөнелту жолдарындағы маневрлер
8. Бағыттау посттарының кезекшілері қызмет көрсетпейтін станциялардың аудандарындағы маневрлік жұмыс
Поездар қозғалысымен байланысты терминдер
Қорытынды
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі

Кіріспе.
Қазіргі қоғам дамуындағы көліктің рөлі мен орнын белгілей отырып экономикалық теория оны жалпы арналған еңбек құралы, өңдірістің жалпы шарттарының бірі ретінде қарастырады. Кәсіпорын ішіндегі жұмысшылар мен еңбек құралдарын тасымалдай отырып, көлік технологиялық еңбек бөлінісінің нәтижесінде туындайтын байласынстарды жүзеге асырады. Бұл функцияларды ішкі өндірістік көлік атқарады. Өндірушілер (жіберушілер) мен тұтынушылар арасында әр түрлі өнім түрлерін тасымалдай отырып, көлік аймақтық еңбек бөлінісінің нәтижесінде пайда болған байланыстарды іске асырады.
Көлік бір жағынан - нарық сараланымы (сегмент) яғни тауарлар айырбасын нақты іске асырушы және тұрғын халыққа қызмет көрсетуші, ал екінші жағынан - он нарық субъектісі ретінде тауарлар мен жүргізушілерді тасымалдай отырып өз қызметін сатады. Мұндай қызметті көліктің әрбір түрі әрқалай іске асыруы мүмкін және осының нәтижесінде олар көлік нарығын қалыптастырады.
Сонымен қатар көлікке оны халық шаруашылығының басқа салаларынан ерекшелендіретін кейбір өзгешеліктер тән.
* Біріншіден, көлік жаңа заттық өнім өндірмейді, алайда айналым аясындағы өндіріс үрдісінің жалғасы іспетті болып табылады.
* Екіншіден, көлік өнімін, яғни жолаушы және жүк тасымалын, көлік өндірісінің үдерісінен бөліп қарау мүмкін емес. Оны жинақтап, қор жасау да мүмкін емес.
* Үшіншіден, көлік өнімінің құрылымында шикізат болмайды. Оның өзіндік құнындағы еңбекақының үлесі өнеркәсіптегіден екі есе жоғары. Өтелім, отын және электр қуаты үшін жұмсалатын қаражат көліктің барлық пайдалану шығындарының жартысына жуығын құрайды.
* Төртіншіден, көлікті дамытуға бөлінетін қаржы айналымы өнеркәсіп пен ауыл шаруашылығын дамытуға жұмсалатын қаржы айналымынан өзгеше болады. Көлік нарығында жаңа зат түріндегі тауар емес, керісінше көлік өнеркәсібінің өндіріс үдерісінің өзі жүзеге асырылады, сондықтан көлік жүйесі жұмысының тиімділігі мен сапасына қойылатын талаптар көлік қызметінің соңғы нәтижесі болып табылатын оның нарықтық өніміне ғана емес, сондай-ақ, тікелей көліктің өзінің өндірістік үдерісіне де қойылады.
Қазіргі жағдайда көлік қатынастарының дамуы кез келген елдің өз өндіргіш күштерінің өсуіне және оның сыртқы қатынастарына байланысты. Әлемдік жүк тасымалын атқарудағы көліктің жеке түрлерінің үлес салмағы шығыс еуропалық елдерде: судағы қатынаста - 23%, құрлықтағыда - 64% және басқа түрлері бойынша - 13%; өнеркәсібі дамыған елдерде тиісінше - 62%, 27%, 11%, ал дамушы елдерде - 84%, 10%, 6%-ға сәйкес. Жер шары аумағының 70%-ын алып жатқан дамушы елдер әлімдік инфрақұрылымның 5%-ын құрайтын әлсіз құрлықтық көлік жүйесіне ие.

I.Темір жол көлігі қызметкерлеріне қойылатын талаптар
Белгіленген тәртіппен екінші тұлға ретінде машықтанудан өтіп жатқан темір жол көлігі қызметкерлері локомотивтерді, моторвагонды поездарды, өздігінен жүретін арнаулы жылжымалы құрамды (мотовоздарды, дрезиналарды, арнаулы автомотрисаларды, темір жол-құрылыс машиналарын) және басқа жылжымалы бірліктерді, сигналдарды, бағыттамаларды, поездардың қозғалыс қауіпсіздігін қамтамасыз етумен байланысты аппараттарды, механизмдерді және басқа құрылғыларды басқаруға осы құрылғыларға тікелей қызмет көрсететін қызметкерлердің қадағалауымен ғана жіберілуі мүмкін.
Темір жол көлігіне поездар қозғалысымен байланысты жұмысқа келетін адамдар кәсіптік оқудан және кезең-кезеңмен оларды осы Қағида, Қазақстан Республикасының Темір жол көлігіндегі сигнал беру жөніндегі (бұдан әрі - СИН), Қазақстан Республикасының Көлік және коммуникация министрінің 2011 жылдың 18 сәуірінің № 209 бұйрығымен бекітілген, (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізімінде тіркелген № 6954) және қызметкерлердің міндеттерін белгілейтін лауазымдық нұсқаулықтарды білуі тексерілуі тиіс.
Поездар қозғалысымен тікелей байланысты темір жол көлігі қызметкерлері белгіленген тәртіппен міндетті түрдегі бастапқы және кезеңдік медициналық қарап тексеруге жатады.
Жасы 18-ден төмен адамдар поездар қозғалысымен тікелей байланысты келесі лауазымдар мен кәсіптерге орналасуға жіберілмейді:
1) локомотивтер, моторвагонды поездар, мотовоздар мен арнаулы автомотрисалардың машинистері;
2) темір жол жолдарымен жүретін жүк көтергіш крандардың машинистері және олардың көмекшілері;
3) паровоздар кочегарлары, дрезиналарды жүргізушілер және олардың көмекшілері;
4) диспетчерлер, станциялар бойынша кезекшілер, қосындар, парктер мен дөңестер бойынша кезекшілер;
5) сұрыптау дөңестерінің операторлары;
6) станциялар бойынша кезекшілер жанындағы операторлар;
7) поездардағы кондукторлар;
8) құраушы бригадалардың қызметкерлері;
9) вагондар қозғалысының жылдамдығын реттеушілер, сигналшылар, орталықтандыру посттың операторлары;
10) бағыттамалық посттың кезекшілері, жол, көпір және тоннель мастерлері, жол бригадирлері, жол қараушылар, жол монтерлері (екінші разрядты және одан жоғары);
11) өтпелер бойынша кезекшілер, құрылғылар мен сұрыптау дөңестеріне қызмет көрсету жөніндегі электр механиктер мен электр монтерлер;
12) вагондарды қарап тексеруші-жөндеушілер, вагондарды қарап тексерушілер, жолаушылар поездарының бастықтары (механик-бригадирлері);
13) вагондардың жолсеріктері, вагондарды ағытпай жөндеу шеберлері мен жұмысшылары;
14) вагондарға техникалық қызмет көрсету пункттерінің операторлары;
15) поезд электр механиктері, электрмен жабдықтау дистанцияларының мастерлері мен электр механиктері;
16) рефрижераторлық поездар мен секциялардың механиктері, ақау тапқыш және жол өлшегіш вагондардың реттеушісі;
17) темір жол-құрылыс машиналарының машинистері және олардың көмекшілері;
18) ақау тапқыш арбашалардың операторлары;
19) жол өлшеу жөніндегі операторлар және олардың көмекшілері.
Темір жол көлігі қызметкерлері темір жол ұйымының сеніп тапсырылған мүлкін және тасымалданатын жүкті сақтауы тиіс.
Темір жол көлігі қызметкерінің алкогольдік немесе нашақорлық мас күйінде немесе өзге үлгідегі интоксикация күйінде міндеттерін орындауына рұқсат етілмейді. Мұндай күйде анықталған адамдар дереу жұмысынан босатылып, жауапқа тартылады.

II.Темiржол станциясы

Тасымалдаушы поездарды қабылдау, жөнелту, тоғыстыру, басып озу жөнiндегi, жолаушыларға қызметтер көрсету, багажды, жүк-багажды, почта жөнелтiлiмдерiн және (немесе) жүктердi қабылдау, беру жөнiндегi тиiстi операцияларды жүргiзу үшiн ашық темiржол станцияларының арасында тасымалдауды жүзеге асырады. Тиісті жол дамытылымы бар теміржол станциясында поездарды құрастыру және тарқату жөніндегі маневрлік жұмыстар және поездармен техникалық операциялар жүргізілуі мүмкін Барлық немесе жекелеген операцияларды орындау үшін теміржол станцияларының, разъездердің жұмыс режиміне қойылатын талаптарды, сондай-ақ оларды ашу және жабу тәртібін облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың, ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) және өзге де елді мекендердің жергілікті өкілді және атқарушы органдарымен келісу бойынша уәкілетті орган айқындайды. Шекара, кеден, ветеринария, фитосанитария органдары және басқа органдар темiржол станциясы аумағындағы өз қызметтерiн темiржол станциясының жұмыс режимiнде жүзеге асырады. Темiржол станцияларының жолаушыларды, багажды, жүк-багажды және почта жөнелтiлiмдерiн тасымалдау жөнiндегi операцияларды, сондай-ақ жүктердi қабылдау, тиеу, түсiру және беру жөнiндегi операцияларды жүзеге асыру жөнiндегі қызмет көрсетулеріне тасымалдаушылардың тең дәрежеде қол жеткiзуi қамтамасыз етiлуге тиiс.Темiржол станциялары өзiнiң қызметi мен жұмыс сипатына қарай жолаушылар, жүк, сұрыптау станциялары, учаскелiк және аралық станциялар болып бөлiнедi.
III.Теміржол вокзалы

Теміржол вокзалында билет кассалары, күтуге арналған үй-жайлар, санитариялық-тұрмыстық, оның ішінде мүгедектер мен халықтың баяу қимылдайтын топтары үшін арнайы жабдықталған үй-жайлар, ана мен бала бөлмесі, ақпараттық қызмет көрсету объектілері (оның ішінде жолаушыларды бірыңғай анықтамалық-ақпараттық орталықпен байланыстыратын объектілер), медициналық пункт, қоғамдық тәртіпті сақтау пункті болуға тиіс.
Теміржол вокзалында халық жолаушылар поездарының жөнелтілу және келу уақыттары, жолаушылардың жол жүру және багажды, жүк-багажды тасымалдау құны, поездарда бос орындардың болуы, шұғыл медициналық көмек, шағымдар мен ұсыныстар кітапшасының тұрған орны туралы, билет және багаж кассаларының жұмыс режимі, вокзал үй-жайларының орналасуы, сондай-ақ халыққа көрсетілетін қызметтер тізбесі туралы шынайы ақпаратпен қамтамасыз етіледі.
Ақпаратты беру тілдерді, мәтіндерді, Брайль қарпін, тактильдік қатынасты, ірі қаріпті, қолжетімді мультимедиялық құралдарды пайдалана отырып, мүгедектер үшін де қамтамасыз етіледі.
Жолаушылар платформалары мен перрондарға өту және шығу мүгедектер мен халықтың баяу қимылдайтын топтарына қолжетімді болуға (пандустармен, мамандандырылған лифтілермен жабдықталуға) тиіс.
Меншік құқығымен немесе өзге де заңды негіздерде теміржол вокзалдарын иеленуші тұлғалар вокзал маңы аумағын күтіп-ұстауды және жөндеуді қамтамасыз етеді.
Халыққа қызмет көрсетуге арналған вокзал құрылыстары жарамды техникалық жай-күйде ұсталуға тиіс.
Меншік құқығымен немесе өзге де заңды негіздерде теміржол вокзалдарын иеленуші тұлғалар халықтың қауіпсіздігін қамтамасыз етуге және техникалық регламенттің талаптарын сақтауға тиіс.Теміржол вокзалдары тасымалдау процесінің ажырамас бөлігі болып табылады.

ІV.Темір жол көлігіндегі сигнализация
1.Кіріспе
Осы Темір жол көлігіндегі сигнализация жөніндегі поездар қозғалысына және маневрлік жұмысқа қатысы бар бұйрықтар мен нұсқауларды беруге қажет, көрінетін сигналдарды және дыбыстық сигналдарды және ол сигналдар берілетін сигналдық аспаптардың түрлерін, сондай-ақ поездар қозғалысымен байланысты қызметкерлерде қызметте болған кезде тәуліктің жарық немесе қараңғы кезіне қарай өзімен бірге болуы тиіс сигналдық аспаптарды беру шарттарын белгілейді.
Сигнализация туралы нұсқаулықпен белгіленген сигналдар талаптарын орындау поездар қозғалысының және маневрлік жұмыстың үздіксіздігін және қауіпсіздігін қамтамасыз етеді.

2.Сигналдар
Сигналдар қозғалыс қауіпсіздігін қамтамасыз ету, сондай-ақ поездар қозғалысын және маневрлік жұмысты мүлтіксіз ұйымдастыру үшін қызмет етеді.
Қабылдау тәсілі бойынша сигналдар көрінетін және дыбыстық болып бөлінеді.
3.Көрінетін сигналдар
Көрінетін сигналдар сигналдық көрсеткіштердің түсімен, формасымен, жай-күйімен және санымен белгіленеді. Бағдаршамдар, дискілер, қалқандар, фонарлар, жалаушалар, сигналдық көрсеткіштер мен сигналдық белгілер көрінетін сигналдарды беру үшін қызмет етеді.
Көрінетін сигналдар оларды қолдану уақыты бойынша мыналарға бөлінеді:
1) тәуліктің жарық уақытында берілетін күндізгі сигналдар: мұндай сигналдарды беру үшін дискілер, қалқандар, жалаушалар, сигналдық көрсеткіштер (бағыттамалық, жолды бөгеу, лақтырып тастау құрылғылары мен гидравликалық бағандар) пайдаланылады;
2) тәуліктің қараңғы уақытында берілетін түнгі сигналдар: мұндай сигналдар ретінде қол және поезд фонарларында орнатылған түрлі-түсті оттар, сырықтарға бекітілген фонарлар мен сигналдық көрсеткіштер пайдаланылады;
түнгі сигналдар күндізгі уақытта күндізгі тоқтату сигналдарының көрінуі 1000 м-ден, жылдамдықты төмендету сигналдарының көрінуі - 400 м-ден, маневрлік сигналдардың көрінуі - 200 м-ден кем болатын тұман, боран және басқа қолайсыз ауа райында қолданылуы тиіс;
3) тәулік бойы, тәуліктің жарық уақытында, қараңғы уақытында бірдей қолданылатын сигналдар; мұндай сигналдар ретінде түрлі-түсті бағдаршамдардың оттары, маршруттық және басқа жарықтық сигналдар, көрсеткіштер, жылдамдықтың кемуін көрсететін тұрақты дискілер, сары түсті (сырт жағы жасыл түс), квадрат қалқаншалар жүк поезының соңын көрсетуге арналған жарық шағылдырғышы бар қызыл дискілер, сигналдық көрсеткіштер және белгілер.
4) тоннельдерде тек түнгі немесе тәуліктік сигналдар қолданылады.
4.Дыбыс сигналдары
Дыбыс сигналдары дыбыстар санымен және ұзақтығы әртүрлі дыбыстар қосылысымен беріледі. Олардың күндізгі және түнгі мәні бірдей.
Дыбыс сигналдарын беру үшін локомотивтердің, моторвагонды поездардың және арнайы өздігінен жүретін жылжымалы құрамның ысқырықтары, қол ысқырықтары, үрлеу сырнайлары, сиреналар, гуілдер, петардалар қолданылады.
Петарданың жарылысы кідіріссіз тоқтауды талап етеді.
V. Бағдаршамдар
1.Бағдаршамдардың түрлері
Бағдаршамдар мақсаты бойынша былай бөлінеді:
1) кіру - поезға аралықтан станцияға кіру үшін рұқсат беруге немесе тыйым салуға арналған;
2) шығу - поезға станциядан аралыққа аттану үшін рұқсат беруге немесе тыйым салуға арналған;
3) дөңестік - вагондарды дөңестен тарату үшін рұқсат беруге немесе тыйым салуға арналған;
4) бөгегіш - темір жол өтпелерінде, ірі жасанды құрылыстарда және опырылатын жерлерде қозғалыс үшін қауіп туған жағдайда, сондай-ақ станциялық жолдарда вагондарды қарау және жөндеу үшін құрамдарды қоршау кезінде тоқтатуды талап етуге арналған;
5) локомотивтік - поезға аралық бойынша бір блок - учаскеден екінші блок - учаскеге өтуге рұқсат беруге немесе тыйым салуға, сондай-ақ поезд жақындап келе жатқан жол бағдаршамының көрсеткіші туралы ескертуге арналған;
6) маневрлік - маневрлерді жүргізу үшін рұқсат беруге немесе тыйым салуға арналған;
7) маршруттық - поезға станцияның бір ауданынан екінші ауданына жүріп өту үшін рұқсат беруге немесе тыйым салуға арналған;
8) қайталағыш - шығу, маршруттық бағдаршамның рұқсат ететін көрсеткіші және дөңестік бағдаршамның көрсеткіші туралы хабарлау үшін, жергілікті жағдайлар бойынша негізгі бағдаршамның көрсетуі қамтамасыз етілмеген жағдайда;
9) ескерту - (кіру, шығу, бөгегіш және бүркемелеу) негізгі бағдаршамның көрсеткіші туралы ескертуге арналған;
10) бүркемелеу - теміржол жолдарының бір деңгейде басқа темір жолдарымен, трамвай жолдарымен және троллейбус желілерімен қиылысу орындарын, ажыратылатын көпірлерді, жолсерікпен өтілетін учаскелерді қоршауға арналған;
11) өту - поезға бір блок-учаскеден екіншісіне (қосын арасындағы аралыққа) жүріп өту үшін рұқсат беруге немесе тыйым салуға арналған;
Бір бағдаршам бірнеше міндетті (кіру және шығу, шығу және маневрлік, шығу және маршруттық және бөгегіш) қоса атқаруы мүмкін.
Бағдаршамдарда мынадай сигнальдық оттар қолданылады: бірқалыпты жанатын, бірқалыпты жанбайтын, жыпықтамайтын және жыпықтайтын (периодты түрде жанатын және өшетін).
Автобұғаттаумен жабдықталған учаскелердегі өту бағдаршамының бірқалыпты жанбайтын сигналдық оттары жылжымалы құрам блок - учаскеге кірген кезде жанады да, жылжымалы құрам бұл блок - учаскеден шыққаннан кейін сөнеді.
Автобұғаттаудың өту бағдаршамдары цифрлармен, қалғандары әріптермен немесе әріп және цифрлармен белгіленеді.
Бағдаршамдармен (орнатылған жеріне және олардың мақсаттарына байланыссыз) берілетін сигналдардың негізгі мәндері мынадай:
бір жасыл от - Белгіленген жылдамдықпен жүруге рұқсат етіледі,
бір сары жыпықтайтын от - Белгіленген жылдамдықпен жүруге рұқсат етіледі, келесі бағдаршам ашық және ол кеміген жылдамдықпен жүруді талап етеді;
бір сары от - Тоқтауға дайындықпен жүруге рұқсат етіледі, келесі бағдаршам жабық;
екі сары от, оның жоғарғысы жыпықтайды - Бағдаршам арқылы кеміген жылдамдықпен жүріп өтуге рұқсат етіледі; поезд бағыттамалы бұрма бойынша ауытқи отырып қозғалады; келесі бағдаршам ашық;
екі сары от - Бағдаршам арқылы кеміген жылдамдықпен және келесі бағдаршамда тоқтау дайындығымен жүріп өтуге рұқсат етіледі; поезд бағыттамалы бұрма бойынша ауытқи отырып қозғалады;
бір қызыл от - Тоқта! Сигналға жүріп өтуге тыйым салынады.
2.Кіру бағдаршамдары
Кіру бағдаршамдарымен мынадай сигналдар беріледі:
1) бір жасыл от - Поезға белгіленген жылдамдықпен басты жол бойынша станцияға жүруге рұқсат етіледі; келесі бағдаршам (маршруттық немесе шығу) ашық;
2) бір сары жыпықтайтын от - Поезға белгіленген жылдамдықпен басты жол бойынша станцияға жүруге рұқсат етіледі; келесі бағдаршам (маршруттық немесе шығу) ашық және оның кеміген жылдамдықпен жүруін талап етеді;
3) бір сары от - Поезға тоқтауға дайындығымен басты жол бойынша станцияға жүруге рұқсат етіледі; келесі бағдаршам (маршруттық немесе шығу) жабық;
4) екі сары от, оның жоғарғысы жыпықтайды - Поезға бүйірлік жолмен кеміген жылдамдықпен станцияға қарай жүруге рұқсат етіледі; келесі бағдаршам (маршруттық немесе шығу) ашық;
5) екі сары от - Поезға кеміген жылдамдықпен және тоқтау дайындығымен бүйірлік жолға жүруге рұқсат етіледі; келесі бағдаршам жабық;
6) бір қызыл от - Тоқта! Сигналға жүруге тыйым салынады;
Екі жолды (көп жолды) аралықтың дұрыс емес жолынан поездарды станцияға қабылдау үшін кіру бағдаршамдарымен мынадай сигналдар беріледі:
екі сары от - Поезға кеміген жылдамдықпен және келесі шығу (маршруттық) бағдаршамында немесе шектік бағаншада тоқтау дайындығымен станцияға жүруге рұқсат етіледі;
бір қызыл от - Тоқта! Сигналға жүруге тыйым салынады.
Көлбеу маркалы айқаспалары бар бағыттамалы бұрмалар бойынша бүйірлік жолға поездарды қабылдау кезінде кіру және маршруттық бағдаршамдарда мынадай сигналдар қолданылады:
1) бір жасыл жыпықтайтын және бір сары от және бір жасыл жарқырайтын жолақ - Поезға станцияның бүйірлік жолына 80 кмсағ-тан аспайтын жылдамдықпен қозғалуға рұқсат етіледі; келесі бағдаршам (маршруттық немесе шығу) ашық және 80 кмсағ-тан аспайтын жылдамдықпен қозғалуды талап етіледі;
2) екі сары от, оның жоғарғысы жыпықтайды және бір жасыл жарқырайтын жолақ - Поезға станцияның бүйірлік жолымен 80 кмсағ-тан аспайтын жылдамдықпен қозғалуға рұқсат етіледі; келесі бағдаршам (маршруттық немесе шығу) ашық және кеміген жылдамдықпен қозғалуды талап етеді, екі сары от және бір жасыл жарқырайтын жолақ - Поезға станцияның бүйірлік жолымен, 60 кмсағ-тан аспайтын жылдамдықпен, тоқтауға дайындықпен қозғалуға рұқсат етіледі; келесі бағдаршам жабық.
Кіру және маршруттық бағдаршамдарда бір жасыл жыпықтайтын от сигналы қолданылуы мүмкін - Поезға станцияның басты жолы бойынша белгіленген жылдамдықпен қозғалуға рұқсат етіледі; келесі бағдаршам (маршруттық немесе шығу) ашық және 60 кмсағ-тан аспайтын жылдамдықпен қозғалуды талап етеді;
3) екі сары от және бір жасыл жарқырайтын жолақ - Поезға 120 кмсағ-тан аспайтын жылдамдықпен станцияның бүйірлік жолымен қозғалуға рұқсат етіледі; келесі бағдаршам ашық және оны белгіленген жылдамдықпен жүріп өтуге рұқсат етеді;
Жекелеген станцияларда кіру және маршруттық бағдаршамдарда үш сары от сигналы қолданылуы мүмкін - Моторвагонды поезға, жеке локомотивке, мототартқышқа, дрезинаға қызыл от жанып тұрған маршруттық бағдаршамға дейін жолдың бос учаскесіне ерекше мұқияттылықпен және 20 кмсағ-тан аспайтын жылдамдықпен қозғалуға рұқсат етіледі; бір жыпықтайтын және бір сары от пен екі жасыл жарқырайтын жолақтар қолданылуы мүмкін - Поезға станцияның бүйірлік жолымен 80 кмсағ-тан аспайтын жылдамдықпен қозғалуға рұқсат етіледі; келесі бағдаршам (маршруттық немесе шығу) ашық және кеміген жылдамдықпен қозғалуды талап етеді.
3.Шақыру сигналы
Шақыру сигналы - ай тәрізді ақ, жыпықтайтын от, ол ерекше мұқияттылықпен 20 кмсағ-тан аспайтын жылдамдықпен және егер ары қарай қозғалуға кедергі кездескен жағдайда, дереу тоқтау дайындығымен поезға қызыл от жанып тұрған (немесе сөнген) бағдаршам арқылы жүріп өтуге және келесі бағдаршамға (немесе шығу бағдаршамы жоқ жолға қабылдағанда, шектік бағанға дейін) дейін жүруге рұқсат етеді. Бұл сигнал кіру, сондай-ақ маршруттық және шығу бағдаршамдарында (топтықтан басқа) қолданылады.
Автобұғаттаумен жабдықталған екі жолды аралықтың дұрыс жолы бойынша ғана шығу бағдаршамының шақыру сигналы бойынша жөнелуге рұқсат етіледі.
4.Шығу және маршруттық бағдаршамдары
Автобұғаттаумен жабдықталған учаскелердегі шығу бағдаршамдарымен мынадай сигналдар беріледі:
1) бір жасыл от - Поезға станциядан аттануға және белгіленген жылдамдықпен жүруге рұқсат етіледі; алда екі немесе одан көп блок-учаскелер бос;
2) бір сары от - Поезға станциядан аттануға және тоқтау дайындығымен жүруге рұқсат етіледі; келесі бағдаршам жабық;
3) екі сары от, оның жоғарғысы жыпықтайды - Поезға станциядан кеміген жылдамдықпен аттануға рұқсат етеді; поезд бағыттамалы бұрма бойынша ауытқи отырып қозғалады, келесі бағдаршам жабық;
4) екі сары от - Поезға станциядан кеміген жылдамдықпен аттануға рұқсат етеді; поезд бағыттамалы бұрма бойынша ауытқи отырып қозғалады, келесі бағдаршам жабық;.
5) бір қызыл от - Тоқта! Сигналға жүруге тыйым салынады;
Автобұғаттаумен жабдықталған учаскелердегі шығу бағдаршамдарымен көлбеу маркалы айқаспасы бар бағыттамалы бұрмалар бойынша ауытқуы бар поездарды жөнелту кезінде мынадай сигналдар беріледі:
1) жыпықтайтын бір жасыл және бір сары от пен бір жасыл жарқырайтын жолақ - Поезға станциядан 80 кмсағ-тан аспайтын жылдамдықпен аттануға рұқсат етеді; поезд бағыттамалы бұрма бойынша ауытқи отырып қозғалады, келесі бағдаршам ашық;
2) екі сары от және бір жасыл жарқырайтын жолақ - Поезға станциядан 60 кмсағ-тан аспайтын жылдамдықпен аттануға рұқсат етіледі; поезд бағыттамалы бұрма бойынша ауытқи отырып қозғалады, келесі бағдаршам жабық.
Жартылай автобұғаттаумен жабдықталған учаскелердегі шығу бағдаршамдарымен мынадай сигналдар беріледі:
1) бір жасыл от - Поезға станциядан белгіленген жылдамдықпен аттануға рұқсат етіледі; келесі станцияға (жол қосынына) дейінгі аралық ашық;
2) бір қызыл от - Тоқта! Сигналға жүруге тыйым салынады;
3) екі сары от - Поезға станциядан кеміген жылдамдықпен аттануға рұқсат етіледі; поезд бағыттамалы бұрма бойынша ауытқи отырып қозғалады, келесі станцияға (жол қосынына) дейінгі аралық бос;
4) екі сары от, оның жоғарғысы жыпықтайды - Поезға станциядан кеміген жылдамдықпен аттануға рұқсат етіледі; поезд бағыттамалы бұрма бойынша ауытқи отырып қозғалады, келесі станцияға (жол қосынына) дейінгі аралық бос, келесі станцияның кіру бағдаршамы ашық;
Сигнализация мен байланыстың дербес құралы ретінде қолданылатын автоматты локомотивтік сигнализациямен жабдықталған учаскелердегі шығу бағдаршамдарымен мынадай сигналдар беріледі:
1) бір жасыл және ай тәрізді бір ақ от - Поезға станциядан аттануға рұқсат етіледі; алда екі немесе одан аса блок-учаске бос;
2) бір сары және ай тәрізді бір ақ от - Поезға станциядан аттануға рұқсат етіледі; алда бір блок-учаске бос;
3) бір қызыл от - Тоқта! Сигналға жүруге тыйым салынады;
Жолдық бұғаттаумен жабдықталған тармақталу болған жағдайда, жолдық бұғаттаумен жабдықталған көп жолды учаскелердегі және екі жақты автобұғаттаумен жабдықталған екі жолды учаскелердегі поезд жөнелтілетін жолды көрсету үшін шығу бағдаршамының оттары қажет жағдайларда маршруттық көрсеткіштің тиісті көрсетуімен толықтырылады.
Екі жақты автобұғаттаумен жабдықталған учаскелерде дұрыс емес жол бойынша жөнелту кезінде маршруттық көрсеткіштерді немесе екі жасыл от сигналын қолдану міндетті.
Маршруттық көрсеткіш жоқ болған жағдайда, поезды тармаққа немесе екі жақты автобұғаттау кезінде дұрыс емес жол бойынша аттануға рұқсат ету шығу бағдаршамындағы екі жасыл от сигналымен берілуі мүмкін, ол автобұғаттау кезінде кемінде екі блок-учаскенің бос екендігін көрсетеді, ал жартылай автобұғаттау кезінде - аралықтың келесі станцияға (жол қосынына) дейін бос екендігін көрсетеді.
Дұрыс жол бойынша қозғалыс автобұғаттау сигналдары бойынша, ал дұрыс емес жол бойынша қозғалыс локомотивтік бағдаршам көрсеткіштері бойынша жүзеге асырылатын екі жолды учаскелерде, сондай-ақ сигнализация мен байланыстың дербес құралы ретінде қолданылатын автоматты локомотивтік сигнализациямен жабдықталған екі жолды учаскелерде станциядан дұрыс емес жолға жөнелтілер кезінде мынадай сигналдар беріледі:
бір сары жыпықтайтын және бір ай тәрізді бір ақ от - Поезға станциядан 40 кмсағ-тан аспайтын кеміген жылдамдықпен аттануға және ары қарай локомотивтік бағдаршамның көрсеткіштері бойынша дұрыс емес жол бойынша жүруге рұқсат етеді.
Шығу бағдаршамдары бар станцияларда жолдық бұғаттаумен жабдықталмаған тармақталған жолдар болған жағдайда, жөнелту маршрутының тармақталуға дайындығы шығу бағдаршамының бір ай тәрізді бір ақ отымен көрсетіледі; поездар машинистке асатаяқ немесе жолдық жазба беру арқылы шығу бағдаршамының бір ай тәрізді бір ақ оты және сөндірілген қызыл оты кезінде тармақталған жолға аттанады.
Маршруттық бағдаршамдармен олардың орнатылу орындарына байланысты мынадай сигналдар беріледі:
1) бір жасыл от - Белгіленген жылдамдықпен жүруге рұқсат етіледі; келесі бағдаршам (маршруттық немесе шығу) ашық;
2) бір сары от - Тоқтауға дайындықпен жүруге рұқсат етіледі; келесі бағдаршам (маршруттық немесе шығу) жабық;
3) бір қызыл от - Тоқта! Сигналға жүруге тыйым салынады;
4) бір сары жыпықтайтын от - Белгіленген жылдамдықпен бағдаршам арқылы жүруге рұқсат етіледі; келесі бағдаршам (маршруттық немесе шығу) ашық және кемітілген жылдамдықпен жүріп өтуді талап етеді;
5) екі сары от, оның жоғарғысы жыпықтайтын - Кемітілген жылдамдықпен бағдаршам арқылы жүруге рұқсат етеді; поезд бүйірлік жолға қарай жүреді; келесі бағдаршам (маршруттық немесе шығу) ашық;
6) екі сары от - Станцияда тоқтау дайындығымен және кемітілген жылдамдықпен бағдаршам арқылы жүруге рұқсат етеді; поезд бүйірлік жолға қарай жүреді; келесі бағдаршам (маршруттық немесе шығу) жабық;
5.Өту бағдаршамдары
Автобұғаттаумен жабдықталған учаскелердегі өту бағдаршамдарымен мынадай сигналдар беріледі:
1) бір жасыл от - Белгіленген жылдамдықпен жүруге рұқсат етеді; алда екі немесе одан көп блок-учаске бос ;
2) бір сары от - Тоқтауға дайындықпен жүруге рұқсат етеді; келесі бағдаршам жабық ;
3) бір қызыл от - Тоқта! Сигналға жүруге тыйым салынады;
26. Төрт мәнді сигнализациясы бар автобұғаттаумен жабдықталған учаскелерде басты жол бойынша өту, кіру, маршруттық және шығу бағдаршамдарымен мынадай сигналдар беріледі:
1) бір жасыл от - алда үш немесе одан көп блок-учаске бос;
2) бір сары және бір жасыл от - алда екі блок-учаске бос ;
3) бір сары от - алда бір блок-учаске бос;
4) бір қызыл от - Тоқта! Сигналға жүруге тыйым салынады;
Үш мәнді немесе төрт мәнді сигнализациясы бар автобұғаттаумен жабдықталған учаскелерде кіру (кіру алдында) бағдаршамдарының алдында орналасқан өту бағдаршамдарында бұдан басқа мынадай сигналдар беріледі:
1) бір сары жыпықтайтын от - Белгіленген жылдамдықпен жүруге рұқсат етеді; кіру бағдаршамы ашық және оны кемітілген жылдамдықпен жүріп өтуді талап етеді, поезд станцияның бүйірлік жолына қабылданады ;
2) бір жасыл жыпықтайтын от - Белгіленген жылдамдықпен жүруге рұқсат етеді; кіру бағдаршамы ашық және оны 80 кмсағ-тан аспайтын жылдамдықпен жүріп өтуді талап етеді, поезд станцияның бүйірлік жолына қабылданады .
Станцияның бүйірлік жолына 120 кмсағ жылдамдықпен жүруге рұқсат беретін бағыттамалы бұрма арқылы жүргенде, кіру алдындағы бағдаршамда да бір жасыл жыпықтайтын от беріледі;
Кіру бағдаршамының алдындағы бағдаршам діңгегінде шағылдырғышы бар хабарландыру тақтайшасы орнатылады.
Локомотивтік бағдаршам сигналдары бойынша қозғалыс жүзеге асырылатын дұрыс емес жол бойындағы кіру бағдаршамының алдындағы бағдаршам үш мәнді сигнализациясы бар автобұғаттаумен жабдықталған учаскелердегі кіру бағдаршамының алдындағы бағдаршамдар беретін сигналдарды береді.
Жартылай автобұғаттаумен жабдықталған учаскелердегі өту бағдаршамдарымен мынадай сигналдар беріледі:
бір жасыл от - Белгіленген жылдамдықпен қозғалуға рұқсат етеді, келесі станцияға (жол қосынына) дейінгі аралық бос
бір қызыл от - Сигналды басып өту рұқсат етілмейді.
Басты жолдағы ұзындығы талап етілетін тежегіш жолдан кіші блок-учаскені бөгейтін, үш мәнді сигнализациясы бар автобұғаттаумен жабдықталған учаскелердегі бағдаршамда (кіру, маршруттық, шығу немесе өту) екі вертикаль жебе түріндегі ақ түсті жарық көрсеткіш орнатылады, ал ол бағдаршамға ескертетін бағдаршамда - бір жебе түріндегі сондай көрсеткіш орнатылады
6.Бүркемелегіш және бөгегіш бағдаршамдар
Бүркемелегіш бағдаршамдармен мынадай сигналдар беріледі:
1) бір жасыл от - Белгіленген жылдамдықпен қозғалуға рұқсат беріледі.;
2) бір қызыл от - Тоқта! Сигналға жүруге тыйым салынады;
Бөгегіш бағдаршамдармен бір қызыл от сигналы беріледі:
Тоқта! Сигналға жүруге тыйым салынады.
Бөгегіш бағдаршамдардың алдындағы ескерту бағдаршамдарымен бір сары от сигналы беріледі: Тоқтау дайындығымен қозғалысқа рұқсат беріледі, негізгі бөгегіш бағдаршам жабық.
Бөгегіш бағдаршамдардың және оған ескерту бағдаршамдарының қалыпты сигналдары жанбайды және бұл жағдайда бағдаршамдардың сигналдық мәні болмайды. Бұл бағдаршамдардың діңгектерінің ерекшелік түсі болады - кезектесіп келетін қара және ақ еңіс жолақтар.
Жылжымалы құрамның шығуын басқаратын құрал сигналдық белгісі - бір қызыл от өту немесе кіру бағдаршамындағы қызыл отпен бір уақытта - Поездың бірқалыпты тоқтауы үшін қызметтік тежеуіне тез арада шара қабылдау.
Өту немесе кіру бағдаршамындағы мачталарында ромб пішіндес формада орнатылады. Бөгегіш қалпақшаның қалыпты сигналдық оты жанбайды және бұл қалпында сигналдық маңызы жоқ.
7.Ескерту және қайталау бағдаршамдары
Автобұғаттаумен жабдықталмаған кіру, өту және бүркемелеу бағдаршамдарының алдындағы ескерту бағдаршамдарымен мынадай сигналдар беріледі:
1) бір жасыл от - Белгіленген жылдамдықпен қозғалуға рұқсат беріледі, негізгі бағдаршам ашық;
2) бір сары от - тоқтау дайындығымен қозғалуға рұқсат беріледі, негізгі бағдаршам жабық;
3) бір сары жыпықтайтын от - Белгіленген жылдамдықпен жүруге рұқсат етеді; кіру бағдаршамы ашық және оны кемітілген жылдамдықпен жүріп өтуді талап етеді, поезд станцияның бүйірлік жолына қабылданады.
Бір жасыл отты қайталағыш бағдаршам шығу немесе маршруттық бағдаршамның ашық екендігін көрсетеді.
Қайталағыш бағдаршамдардың сигнал оттары бір қалыпты жанбайды, және бұл жағдайда бағдаршамдардың сигнальдық мәні болмайды.
Станцияда тоқтайтын жолаушылар поездары қайталағыш бағдаршамда жасыл от жанып тұрған жағдайда, қозғалысқа түсуі мүмкін. Егер қайталағыш (немесе шығу) бағдаршамның ақаулығынан жасыл отты жағу мүмкін болмаса, онда поездың жүріп өту тәртібі Қазақстан Республикасындағы Поездардың қозғалысы және темір жол көлігіндегі маневрлік жұмыс жөніндегі нұсқаулықпен белгіленеді.
8.Локомотивтік бағдаршамдар
Автобұғаттаумен және автоматты локомотивтік сигнализациямен жабдықталған учаскелерде локомотивтік бағдаршамдармен мынадай сигналдар беріледі:
1) жасыл от - қозғалуға рұқсат етеді, поезд жақындап келе жатқан жол бағдаршамында жасыл от жанып тұр ;
2) сары от - қозғалуға рұқсат етеді, поезд жақындап келе жатқан жол бағдаршамында бір не екі сары от жанып тұр ;
3) сары от қызыл отпен бірге - Тоқтау дайындығымен қозғалысқа рұқсат етеді: поезд жақындап келе жатқан жол бағдаршамында қызыл от жанып тұр ;
Жол бағдаршамының қызыл отына жүріп кеткен жағдайда, локомотивтік бағдаршамда қызыл от жанады
Ақ от локомотив құрылғылары іске қосылғанын көрсетеді, бірақ жол бағдаршамдарының көрсеткіштері локомотивтік бағдаршамға берілмейді және машинист жол бағдаршамдарының көрсеткіштерін басшылыққа алуы тиіс.
Локомотивтік бағдаршам мынадай да сигнал береді:
жасыл отпен - поездың бір сары жыпықтайтын оты бар, бір жасыл жыпықтайтын оты бар немесе бір сары және бір жасыл оттары бар жол бағдаршамына жақындап келе жатқаны туралы сары отпен - екі сары оты бар, оның жоғарғысы жыпықтайтын, сондай-ақ бағыттамалы бұрма бойынша ауытқумен жүріп келе жатқанын көрсететін басқа оттары бар жол бағдаршамына поездың жақындап келе жатқаны туралы.
Сигнализация мен байланыстың дербес құралы ретінде автоматты локомотивтік сигнализация пайдаланылатын учаскелерде поездардың қозғалысы кезінде локомотив бағдаршамдарымен мынадай сигналдар беріледі:
1) жасыл от - Белгіленген жылдамдықпен қозғалуға рұқсат етеді, алда екі немесе одан көп блок-учаске бос;
2) сары от - Кемітілген жылдамдықпен қозғалуға рұқсат етеді, алда бір блок - учаске бос;
3) сары от қызыл отпен бірге - Блок - учаскеде тоқтау дайындығымен қозғалысқа рұқсат етеді; келесі блок-учаске бос емес.
Поезд бос емес блок - учаскеге кірген жағдайда, локомотивтік бағдаршамда қызыл от жанады.
Ақ от локомотив құрылғыларының іске қосылғанын көрсетеді, жолдан берілетін сигналдар локомотивке берілмейді.
Жол бағдаршамдарына жақындағанда локомотивтік бағдаршамдар көрсетілген сигналдарды береді.
9.Бағдаршамның рұқсат ететін шартты сигналы
"Т" әрпі түріндегі мөлдір ақ түсті шағылдырғыш белгісі бар қалқанмен берілетін, созылған өрде орналасқан, автобұғаттауы бар учаскелердегі өту бағдаршамының рұқсат ететін шартты сигналы жүк поезына ерекше қырағылықпен, 20 кмсағ-тан аспайтын жылдамдықпен, қызыл от жанып тұрған бағдаршам арқылы, егер ары қарай жүруге кедергі кездессе дереу тоқтау дайындығымен жүріп өтуге рұқсат береді.
Жұмыс істемейтін бағдаршамдар екі планкамен айқаспа түрінде жабылуы, ал олардағы сигналдық оттар сөндірілген болуы тиіс.
VI. Қоршау сигналдары
1.Жылдамдық кемуінің тұрақты дискілері
Сары түсті дискімен мынадай сигнал беріледі: Жылдамдықты кеміте отырып және Қауіпті жердің басталуы және Қауіпті жердің аяқталуы сигналдық белгілері бар қауіпті жер арқылы теміржол көлігі кәсіпорны бастығының бұйрығында көрсетілген жылдамдықпен өтуге дайындала отырып, қозғалуға рұқсат етіледі; жасыл түсті дискімен - Поезд қауіпті жерден өтті сигналы беріледі. Бір жолды учаскелерде машинист мұндай сигналды қозғалыс бағыты бойынша сол жақтан көреді.
Теміржол көлігі кәсіпорны бастығының бұйрығына жылдамдықты тұрақты кемітуді талап ететін жерлер қауіпті жер шекарасынан 50 м қашықтықта екі жағынан Қауіпті жердің басталуы және Қауіпті жердің аяқталуы тұрақты сигнальдық белгілерімен қоршалады. Бұл сигнальдық белгілерден берілген А қашықтықта басшылыққа алынған төмен түсуге және поездар қозғалысының аралықтағы рұқсат етілген максимум жылдамдығына байланысты жылдамдық кемуінің тұрақты сигналдары белгіленеді.
Жылдамдық кемуінің тұрақты дискілері мен Қауіпті жердің басталуы және Қауіпті жердің аяқталуы сигнальдық белгілерін бір жолдық учаскеде орнату схемалары, екі жолды учаске жолдарының біреуінде, екі жолды учаскенің екі жолында.
Көп жолды перегондарда тұрақты дискілердің орнатылу сызбасы жылдамдықтың азаюы мен Қауіпті жердің басталуы және Қауіпті жердің аяқталуы сигнальдық белгілерін екі жолды учаске жолдарына жасалады.
Басшылыққа алынған ылдиға және поездар қозғалысының рұқсат етілген максимум жылдамдығына байланысты тиісінше петардалар төселуге және жылдамдықтың кему сигналдары белгіленуге тиіс қашықтық көрсетілген аралықтар тізбесі теміржол көлігі кәсіпорны басшылығымен белгіленеді.
2.Тасымалданатын сигналдар
Тасымалданатын сигналдарға мыналар жатады: екі жағы да қызыл түсті немесе бір жағы қызыл түсті, ал екінші жағы ақ түсті тік төрт бұрышты қалқаншалар, сары түсті (сырт жағы жасыл түсті) квадрат қалқаншалар, сырыққа байланған қызыл түсті фонарлар, сырыққа байланған қызыл жалаушалар.
Тасымалданатын сигналдармен мынадай талаптар қойылады: күндіз - қызыл түсті тік төрт бұрышты қалқаншалар (сырыққа байланған қызыл жалауша) арқылы және түнде - сырыққа байланған қызыл түсті фонарь арқылы - Тоқта! Сигналға жүруге тыйым салынады талабы;
1) қауіпті орын орналасқан болса, күндіз және түнде - сары түсті квадрат қалқанша ;
2) аралықта - жылдамдықты кеміте отырып, қозғалуға рұқсат етіледі, алда тоқтатуды немесе кеміген жылдамдықпен жүріп өтуді талап ететін қауіпті жер бар станцияның басты жолында - жылдамдықты кеміте отырып, қозғалуға рұқсат етіледі, алда кеміген жылдамдықпен жүріп өтуді талап ететін қауіпті жер бар;
басқа станциялық жолдарда - сигнал болған жағдайда, ескертпеде көрсетілген жылдамдықпен, ал ол болмаған жағдайда, 25 кмсағ-тан аспайтын жылдамдықта жүріп өтуге рұқсат етіледі
Аралықта және станцияның басты жолында күндіз де, түнде де квадрат қалқаншаның сырт жағы (жасыл түс) бүкіл құраммен қауіпті жерді жүріп өткеннен кейін жылдамдықты белгіленгенге дейін өсіруге машинистке құқық береді
3.Поездар қозғалысы үшін кедергі болатын жерлерді және аралықтардағы жұмыс жүргізілетін орындарды қоршау
Поездар қозғалысы үшін аралықтағы барлық кедергі поезд күтіліп отыр ма, әлде жоқ па, оған байланыссыз тоқтату сигналдарымен қоршалуы тиіс.
Поездардың тоқтауын талап ететін аралықтағы жұмыс жүргізу орындары кедергі тәрізді қоршалады.
Аралықтағы кедергі қоршалатын учаске шекараларынан 50 м. қашықтықта екі жағынан тасымалданатын қызыл сигналдармен қоршалады. Басшылыққа алынған ылдиға және поездар қозғалысының рұқсат етілген максимум жылдамдығына байланысты бұл сигналдардан Б қашықтықтағы аралықта үш петардадан төселеді және петардаға ең жақын бірінші жұмыс орнынан 200 м қашықтықта, жұмыс орнынан бастап алған бағытта жылдамдықты кемітуді талап ететін тасымалданатын сигналдар орнатылады.
Кедергілер мен жұмыс жүргізу орындарын қоршау схемалары: бір жолды учаскеде, екі жолды учаске жолдарының біреуінде, екі жолды учаскенің екі жолында келтірілген.
Жылдамдық кемуінің тасымалданатын сигналдары мен петардалар бірінші петардадан жұмыс орнына қарай 20 м қашықтықта қызыл қол сигналдарымен тұрған сигналшылардың күзетінде болуы тиіс. Тасымалданатын қызыл сигналдар жұмыс басшысының бақылауында болуы тиіс.
Жайылған шеппен (200 м-ден аса) жұмыстарды жүргізу кезінде жұмыс орындары тәртіппен қоршалады.
Қоршауды талап ететін учаске шекарасынан 50 м қашықтықта орнатылған тасымалданатын қызыл сигналдар қызыл қол сигналдарымен тұрған сигналшылардың күзетінде болуы тиіс.
Егер аралықтағы кедергі орны немесе жұмысты жүргізу орны станцияға жақын жерде болса, онда бұл орынды белгіленген тәртіппен қоршау мүмкін емес, аралық тарапынан ол жоғарыда көрсетілгендей,қосымшаларына қоршалады, ал станция тарапынан тасымалданатын қызыл сигнал кіру сигналына (немесе Станция шекарасы сигнал белгісіне) қарсы жол осіне сигналшымен күзетілетін үш петарданы төсеу арқылы орнатылады.
Егер кедергі орны немесе жұмысты жүргізу орны кіру сигналынан (немесе Станция шекарасы сигнал белгісінен) 60 м-ден кем қашықтықта орналасса, онда станция тарапынан петардалар төселмейді. Кіру сигналы алдындағы кедергіні қоршау схемасы келтірілген.
Поезд тасымалданатын сары сигналға жақындағанда, машинист локомотивтің (моторвагонды поездың), арнайы өздігінен жүретін жылжымалы құрамның ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қазақстанның көлік кешені
Темір жол көлігінің жолы
Көлік саласын дамыту мәселелері
Жүк тасымалдау шарты
Теміржол көлігі бойынша жүк тасымалдауды ұйымдастыру
Темір жол көлігі географиясы
Темір жол көлігінің дамуын мемлекеттік реттеудің теориялық-методологиялық негіздері
Темір жол көлігінде жүктерді тасымалдау талдау есебіндегі аж
Өндiрiстiк инфрақұрылымды дамытудағы мемлекеттiң реттеушiлiк рөлi туралы
Дүние жүзі елдерінің қазіргі көлік жүйесі
Пәндер