Асқорыту жүйесінің филогенезі



Жұмыстың мазмұны:

І Кіріспе . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . 3
II Негізігі бөлім
1 тарау
1.1 Ас қорытуды зерттеу әдістері . . . . . . . . . . . . . . 4
1.2 Ас қорыту жүйесі . . . . . . . . . . . .. . . . . . . . . .6
ІІ тарау
2.1 Ас қорыту мүшелерінің құрылысы. . . . . . . . . . . . 6
2.2 Ерін . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . 6
2.3 Ұрт . . . . . . . .. .. . . . . . . . . . . . . . . . . . . . 6
2.4 Тіл. . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . 7
2.5 Сілекей бездері . . . . . . . . . . . . . . .. . . .. . . . 8
2.6 Тіс . . . . . .. . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . 9
2.7 Жұтқыншақ . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . 13
ІІІ тарау
3.1 Құрсақ қуысындағы асқорыту мүшелері
қарын немесе асқазан . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . 15
3.2 Жіңішке ішектер . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . 17
3.3 Тоқ ішектер . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . 19
ІV тарау
4.1 Асқорыту жүйесінің үлкен бездері . . . . . . . . . . . . 20
V тарау
5.1 Бауырдың мөлтекті құрылысы . . . . . . . . . . . . . . . 21
5.2 Өт қабы . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . .21
Қорытынды . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . .22
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі . . . . . . . . . . . . . . . .23
Кіріспе

Ішкі мүшелер дене қуысында, оның ішінде кеуде, құрсақ және жамбас қуысында орналасқан. Сондай – ақ бас пен мойында да ішкі мүшелер болады. Олар ағзаның зат алмасу қызметіне қатысады.
Ішкі мүшелер дамуына, құрылыс ерекшелігіне, орналасу жағдайына, қызметіне қарай жүйеге немесе жүйелі мүшелерге бөлінеді. Олар: асқорыту жүйесі, тыныс жүйелі және несеп – жыныс жүйелі жүйесі.
Асқорыту жүйесі адамның бас, мойын, кеуде, құрсақ және жамбас қуысы бөліктерінде; тыныс жүйесі бас, мойын және кеуде қуысының бөліктерінде; ал несеп – жыныс мүшелері – құрсақ қуысы мен жамбас қуысында орналасқан.
Кеуде қуысында бұлардан басқа жүрек орналасады, ол қан тамырлар жүйесінде жатады, ал құрсақ қуысындағы талақ қан жасайтын және имундық жүйеге жатады. Сондай – ақ дене қуысында орналасқан эндокринді бездер (түтіксіз ішкі бездер) ерекше топқа жатады.
Ішкі мүшелерді құрылысына қарай борпылдақты (паренхиматозды) және түтікті (іші қуыс) деп бөледі. Борпылдақты мүшеге бауыр, ұйқы безі, өкпе, бүйрек және тағы басқалары жатады. Түтікті (іші қуыс) мүшелерге: өңеш, қарын, ішектер, кеңірдек, зәрағар түтік тағы басқалары жатады. Мұндай қуысты мүшелердің қабырғалары ішкі кілегей қабаты, ортаңғы бұлшықетті қабат, сыртқы дәнекер ұлпалы сір қабаты және біріккен (адвентиция) қабаттардан құралады.
Кілегей қабаты ішкі қуысты мүшелерді астарлап жатады. Оның құрылысы күрделі, ол әр түрлі құрылысты эпителийлерден түзіледі. Көп қабатты эпителийлер ауыз қуысында, жұтқыншақта, өңеште, тік ішектің соңғы бөлігінде орналасады. Асқазанда, тоқ ішекте сір қабатты эпителийлер болады, ал жіңішке ішектерде, кеңірдекте призма тәрізді эпителийлер, зәр шығаратын түтіктерде аралық эпителийлер кездеседі.
Ортаңғы бұлшықетті қабат және меншікті қабат та эпителийлі қабаттар болып саналады.
Бұлшықет қабаты бірыңғай салалы талшықтардан құралып, осы бұлшықеттердің жиырылуынан кілегей қабатты қатпарландырып тұрады.
Кілегей қабатта қан және сарысу (лимфа) тамырлары, жүйкелер, лимфоидтар, бездер орналасады. Ол безедерден әр түрлі өнімдер шығарылады. Бездер біржасушалы және көпжасушалы болып келеді. Көпжасушалы бездердің түтікті (жай), көпіршікті (альвеолярлы) және көпіршік – түтікті пішіндестері жиі кездеседі. Бездерде өнім шығаратын түтіктер болады. Түтікті бездерде экзокринді бездер немесе сыртқа өнім шығаратын бездер, ал түтігі жоқ бездерді эндокринді бездер немесе ішкі өнім шығаратын бездер деп атайды.
Көпжасушалы бездер бөлшектерден бірнеше бөліктерге бөлінеді. Без түтігін бөлшектер жиынтығы құрайды.
Кілегей асты қабаты немесе кілегей қабаттың негізі бұлшықет қабатына тікелей жабысып жатады. Бұл қабатты қан және сарысу тамырлары, жүйкелер жабдықтайды. Кілегей негізі бар жерлерде қатпарлар пайда болады.
1. Керімбеков Е.Ж. Тәнтану (адам анатомиясы)
“Алматы ” – 2005жыл.
2. Дайрбекова Адам анатомиясы
“Алматы ” – 2002 жыл.
3. Сапин И.Р. , Билич Г.Л., Анотомия человека,
высшая школа 1989 г.
4. «Денсаулық» журналы №10 2003ж №7 2004ж

Пән: Медицина
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 26 бет
Таңдаулыға:   
Қазақстан Республикасы Білім және Ғылым министрлігі
Павлодар мемлекеттік педагогикалық институты
Жаратылыстану факультеті
Адам анатомиясы және физиология кафедрасы
Пән: Адам анатомиясы

Курстық жұмыс

Тақырыбы: Асқорыту жүйесінің филогенезі.

Оқытушы:

Байдалинова Б.Д.

___________________

(қолы ) (күні)

Студент:
Садыкова Д.М.
Мамандығы:
050113 “биолгия”
Тобы: БШ-1

Павлодар – 2008

Жұмыстың мазмұны:

І Кіріспе _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ 3
II Негізігі бөлім
1 тарау
1.1 Ас қорытуды зерттеу әдістері _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ 4
1.2 Ас қорыту жүйесі _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ __ _ _ _ _ _ _ _ _ _6
ІІ тарау
2.1 Ас қорыту мүшелерінің құрылысы_ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ 6
2.2 Ерін _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ 6
2.3 Ұрт _ _ _ _ _ _ _ __ __ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ 6
2.4 Тіл_ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ 7
2.5 Сілекей бездері _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ __ _ _ __ _ _ _ 8
2.6 Тіс _ _ _ _ _ __ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ 9
2.7 Жұтқыншақ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ 13
ІІІ тарау
3.1 Құрсақ қуысындағы асқорыту мүшелері
қарын немесе асқазан _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ 15
3.2 Жіңішке ішектер _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ 17
3.3 Тоқ ішектер _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ 19
ІV тарау
4.1 Асқорыту жүйесінің үлкен бездері _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ 20
V тарау
5.1 Бауырдың мөлтекті құрылысы _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ 21
5.2 Өт қабы _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _21
Қорытынды _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _22
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _23

Кіріспе

Ішкі мүшелер дене қуысында, оның ішінде кеуде, құрсақ және жамбас
қуысында орналасқан. Сондай – ақ бас пен мойында да ішкі мүшелер болады.
Олар ағзаның зат алмасу қызметіне қатысады.
Ішкі мүшелер дамуына, құрылыс ерекшелігіне, орналасу жағдайына,
қызметіне қарай жүйеге немесе жүйелі мүшелерге бөлінеді. Олар: асқорыту
жүйесі, тыныс жүйелі және несеп – жыныс жүйелі жүйесі.
Асқорыту жүйесі адамның бас, мойын, кеуде, құрсақ және жамбас қуысы
бөліктерінде; тыныс жүйесі бас, мойын және кеуде қуысының бөліктерінде; ал
несеп – жыныс мүшелері – құрсақ қуысы мен жамбас қуысында орналасқан.
Кеуде қуысында бұлардан басқа жүрек орналасады, ол қан тамырлар
жүйесінде жатады, ал құрсақ қуысындағы талақ қан жасайтын және имундық
жүйеге жатады. Сондай – ақ дене қуысында орналасқан эндокринді бездер
(түтіксіз ішкі бездер) ерекше топқа жатады.
Ішкі мүшелерді құрылысына қарай борпылдақты (паренхиматозды) және
түтікті (іші қуыс) деп бөледі. Борпылдақты мүшеге бауыр, ұйқы безі, өкпе,
бүйрек және тағы басқалары жатады. Түтікті (іші қуыс) мүшелерге: өңеш,
қарын, ішектер, кеңірдек, зәрағар түтік тағы басқалары жатады. Мұндай
қуысты мүшелердің қабырғалары ішкі кілегей қабаты, ортаңғы бұлшықетті
қабат, сыртқы дәнекер ұлпалы сір қабаты және біріккен (адвентиция)
қабаттардан құралады.
Кілегей қабаты ішкі қуысты мүшелерді астарлап жатады. Оның құрылысы
күрделі, ол әр түрлі құрылысты эпителийлерден түзіледі. Көп қабатты
эпителийлер ауыз қуысында, жұтқыншақта, өңеште, тік ішектің соңғы бөлігінде
орналасады. Асқазанда, тоқ ішекте сір қабатты эпителийлер болады, ал
жіңішке ішектерде, кеңірдекте призма тәрізді эпителийлер, зәр шығаратын
түтіктерде аралық эпителийлер кездеседі.
Ортаңғы бұлшықетті қабат және меншікті қабат та эпителийлі қабаттар
болып саналады.
Бұлшықет қабаты бірыңғай салалы талшықтардан құралып, осы
бұлшықеттердің жиырылуынан кілегей қабатты қатпарландырып тұрады.
Кілегей қабатта қан және сарысу (лимфа) тамырлары, жүйкелер,
лимфоидтар, бездер орналасады. Ол безедерден әр түрлі өнімдер шығарылады.
Бездер біржасушалы және көпжасушалы болып келеді. Көпжасушалы бездердің
түтікті (жай), көпіршікті (альвеолярлы) және көпіршік – түтікті
пішіндестері жиі кездеседі. Бездерде өнім шығаратын түтіктер болады.
Түтікті бездерде экзокринді бездер немесе сыртқа өнім шығаратын бездер, ал
түтігі жоқ бездерді эндокринді бездер немесе ішкі өнім шығаратын бездер деп
атайды.
Көпжасушалы бездер бөлшектерден бірнеше бөліктерге бөлінеді. Без
түтігін бөлшектер жиынтығы құрайды.
Кілегей асты қабаты немесе кілегей қабаттың негізі бұлшықет қабатына
тікелей жабысып жатады. Бұл қабатты қан және сарысу тамырлары, жүйкелер
жабдықтайды. Кілегей негізі бар жерлерде қатпарлар пайда болады. Егер ондай
негіз болмаса, кілегей қабаты қимылдай да жиырыла да алмас еді, тіпті
қатпарлана (тіл, қызыл иек, қатты таңдай) алмай келесі қабатқа бірігіп
кетер еді.
Бұлшықет қабаты кілегей және сір қабаттардың арасында орналасқан,
бірыңғай салалы бұлшықеттерден түзілген. Асқорыту жүйесінің жоғарғы (ауыз
қуысы, жұтқыншақ, өңеш) және төменгі бөліктері (артқы тесіктің қақпағы)
ғана көлденең жолақты бұлшықеттерден түзіледі.
Сір қабат және біріккен қабат – іші қуыс мүшелердің ең сыртқы қабаты.
Аталған қабаттар қорғаныш қызметін атқарады. Қан және сарысу тамырлары сір
және біріккен қабаттардан өтеді. Ішкі мүшелердің дене қуысындағы сүйекке,
бұлшықетке, тамырға, жүйкеге жақын орналасуы мүмкін. Осыған орай тәнтануда
сүйекке жақын скелетотопия (грекше: topos – орын), қуысқа жақын – голотопия
(грекше; holos – қуыс) және басқа мүшемен біріккен – ситопия (грекше: sin –
бірге) деген ұғымдар қалыптасқан.

Негізгі бөлім

І-тарау Ас қорытуды зерттеу әдістері

1.1 Мәселен, лабороториялық жануарды наркоз беріп ұйықтатып, оның ас
қорыту безіне түтік қойып бірнеше тамшы сөл алуға болады, сондай – ақ ішек
– қарынды жарып жіберіп, ас қойыртпағын, ішек – қарын сөлін алу да қиын
емес. Бірақ мұндай сөл таза емес, асқорыту процесі жайлы тұжырым жасауға
мүмкіндік бермейді.
Ас қорыту ағзаларының аурулары өте жиі кездеседі. Көптеген зерттеушілер
адамның ішек – қарынынан таза сөл алып, оның ас қорытудағы мәнін білуді
арман етті. Мысалы, Рюмер адамның қарын сөлін зерттеу үшін бір есек губканы
жіпке байлап зерттелетін адамға жұтқызды, біраздан кейін губканы жіппен
тартып сыртқа шығарып, оның сығындысын (алынған сөлді) зерттеді.
Канада дәрігері Боумон 8 жыл бойы ішінен жараланған мергеннің қарын
қуысын түтік (фистула) арқылы терімен жалғастыырп, жиналған қарын сөлінің
құрамын зерттеп, ол туралы тұңғыш рет мәлімет алды.
1842 жылы Москва университетінің профессоры Басов итке операция жасап,
оның қарнына қойылған фистула арқылы ас қойыртпағы араласқан қарын сөлін
жинап, оны зерттеді. Бұл операцияны өте жоғары бағалаған И.П.Павлов кейін
итке эзофаготомия (өңешті кесіп, оның екі ұшын сыртқа шығару) операциясын
жасап, жалған тамақтандыру әдісн ұсынды. Таза қарын сөлін жинап, оның
құрамын анықтады, бұл сөлдің адам қарнының сөлінен айырмашылығы жоқ екенін
дәлелдеді.
Сонымен ас қорыту жүйесінің қызметін (функцияларын) зерттеуде бірден бір
тиімді әдіс – И.П.павлов ұсынған фистула қою. Фистула қою әдісі ас қорыту
физиологиясын жаңаша дамытуға жол ашып, бұл тарапындағы әйгілі еңбектері
үшін И.П.Павловқа Нобель сыйлығы берілді.
Фистула дегеніміз белгілі бір ағзаның қуысын немесе бездің түтігін сыртқы
ортамен байланыстырп тұратын өзек. Фистула салу үшін белгілі бір жануар
түріне, (айталық, итке) наркоз беріп, антисептика және асептика талаптарына
сәйкес операция жасап, ағза қуысын немесе без түтігінің ұшын сыртқа шығарып
тігіп қояды. Осы мақсатпен кейде арнайы фистула түтігі қолданылады.
Физиологиялық тәжірибе жасау үшін ит тек жарасы жазылған соң пайдаланылады.
Фистула қою әдісі иттің қоректеніп жатқан кезде қарын сөлін таза күйінде
жинауға, сөл құрамының тағам түрін қалай және қаншалықты өзгертетінін
білуге мүмкіндік беерді. Фистула қойылған итті (жануарды) бір рет емес,
ұзақ уақыт, мәселен, айлар бойы пайдалана отырып, ас қорыту ағзаларының сөл
шығару қабілетін, жиырылу – жазылу қасиетін, ас сіңіру дәрежесін бірден бір
дәл анықтауға болады.
Мәселен, И.П.Павлов лабороториясында ас қорыту жолының әрбір бөлімін
тексеру үшін әртүрлі орперациялар ұсынылды. Астың ауызда қалай
қорытылатынын зерттеу үшін белгілі бір сілекей безі түтігінің бір ұшы
сыртқа шығарылды. Қарын сөлін жинап алып зерттеу үшін Басов әдісімен иттің
қарнына фистула қойылады да оның өңешінің екі ұшы сыртқа шығарылады
(эзофаготомия – жалған тамақтандыру тәжірибесі). Иттің үлкен қарынынан
кіші қарынды бөліп алады да, Гейденгаин, Павлов әдістерімен кіші қарын
сөлін жинап алады. Ұйқы безінің сөлін, сондай – ақ өт шығару процесін
зерттеу үшін сол бездің өт түтігінің он екі елі ішекке ашылған жерінен
айнала ішек қабырғасын тіліп жібереді де, он екі елі ішектің кіші бөлігі
мен түтік аузын сыртқа шығарады. Өт түзілуін зерттеу үшін фистула түтігін
өт қабымен жалғастырады. Аш ішек қызметі Тири – Велла фистуласы арқылы
зерттеледі. Адамның сілекей бездері жеке – жеке зерттеледі, сілекейді Лешли
Красногорскийдің капсуласы арқылы жинауға болады.
Адамның қарнының сөлі зонд арқылы алынады. Зонд жұтудан 30 – 40 минут
бұрын адамға Боас – Эвельд тамағы (50г ақ нан – 1 стакан шәй) беріледі.
Қарын қимылы қарын биотогін электрогастромиография әдісімен жазып алу,
арқылы зерттеледі. Ол үшін аппарат датчиктері адамның құрсақ терісіне
бекітіледі.
Ас қорыту ағзаларының қимыл әрекеті рентген сәулесімен (рентгеноскопия,
рентгенография, рентгенокимография) зерттеледі. Шайнау кезінде пайда
болатын жақ еттерінің биотогі электромиография арқылы, жақтың шайнау қимылы
мастикациография арқылы жазып алынады.
Ішек – қарынның сөл шығару қызметі мен қимыл әрекеті радиотелеметрия
әдісімен зерттеледі. Алдымен адамға радиомагниттік генератор – радиопилюля
(диаметрі шамамен 1см) жұтқызылады. Ішектегі радиопилюлядан тараған
электромагниттік толқындар сырттағы датчиктер мен радиоқабылдағыш антенна
арқылы ұсталып аппарат құрамындағы жазу құралы арқылы сөлдің қышқылдығы
(рН), температурасы, басқа да өзгерістер жазып алынады.
Эндоскоппен қарау (эндоскопия) үшін ауыз, жұтқыншақ, өңеш, арқылы қарын
мен он екі елі ішекке арнайы құрал – эндоскоп енгізіледі де соның көмегімен
қарынның ішкі құрылысын көруге, суретін салуға және биопсия әдісімен қажет
материал алуға болады.
Радиоактивтік изотоп арқылы қоректік заттардың сіңу дәрежесін, мәселен,
изотоппен белгіленген белок пен май молекулаларының үлгісін пайдалана
отырып, бұл заттардың ыдырауы, сіңу ерекшеліктерін білуге болады. Ал
ультрадыбыс пен скенирование жасап дертті процестің қай жерде қалай
орналасқанын анықтауға болады.

1.2 Ауыз қуысы, ондағы мүшелер, жұтқыншақ, өңеш, асқазан, жіңішке ішек,
тоқ ішектер, бауыр, ұйқы безі асқорыту мүшелері болып табылады. Бұл
мүшелердің негізгі қызметі асты шайнау, езу, химиялық жолмен қорыту,
ұсақтату, сору, сіңіру екені мәлім. Асқорыту жүйесі адамның бас, мойын,
кеуде, құрсақ және жамбас қуысы бөліктерінде орналасқан.
Адамның бас және мойын бөлігінде ауыз қуысы, жұтқыншақ, өңештің біраз
бөлігі, көкірек бөлігіндегі өнештің негізгі бөлігі, құрсақта асқазан аш
ішек, мықын ішек, бүйен, жиек ішектер, қима ішек, бауыр, ұйқыбез, ал жамбас
қуысында тік ішек орналасады. Асқорыту жүйесін асқорыту түтігі деп
қарастыруға болады. Түтіктің бір ұшы ауыз тегісі, екінші – көтен тесігі.

ІІ-тарау Ас қорыту мүшелерінің құрылысы

2.1 Ас қорыту ауыздан басталады. Ауыз қуысы – ас қорыту жолының
алғашқы бөлігі. Ауыз (грекше: stoma ) осыдан стоматология деген ұғым
қалыптасқан. Ауыз қуысының қабырғалары сүйекті негізден және бұлшықеттерден
құралады. Ауыз қуысын жоғары жағынан таңдай, төменгі жағынан тіл және
құрмау – жақсүйек бұлшықеттері, екі бүйірінен ұрт бұлшықеті, алдыңғы
жағынан ауыз қуысының саңылауын жабатын ерін, ал арт жағынан жұтқыншақ
қуысына жалғасатын есін немесе тамақ тесігі шектейді. Тамақ тесігі үстіңгі
жағынан жұмсақ таңдаймен доғасымен, астыңғы жағынан тіл түбірімен
шектеледі.
Тіс және иек арқылы ауыз қуысы, ауыз қуысының кіреберісі және нағыз ауыз
қуысы болып екіге бөлінеді. Ауыз кіреберісі тіс және қызыл иек пен ерін ұрт
аралығын айналдыра жиектейтін саңылаулы қуыс. Сыртқы ортамен ауыз
кіреберісі ауыз саңылауы арқылы жалғасады. Тілді толық қамтитын нағыз ауыз
қуысы тіс пен қызыл иектің ішкі жағын алып жатады.
2.2 Ерін. Шеңберлі ауыз бұлшықетінің қатпарынан астыңғы және үстіңгі
екі ерін бөлінеді. Еріндердің жалғасқан жері ерін жабыспасы және езу деп
аталады. Еріндердің сыртқы беті терімен, ішкі беті сір қабатымен қапталады.
Ерін терісі үлкен жиегі арқылы сір қабатқа жалғасады. Қан тамыры өте жиі
және беткі бөліктен анық көрінетіндіктен, ерін қызарып тұрады. Үстіңгі және
астыңғы ерінде, күректістер тұсынан төменірек жерде қызылиек арасында
үстіңгі және астыңғы жүгеншелері бар.
2.3 Ұрт сырт жағынан терімен, іш жағынан сір қабатпен қаптаулы
болады. Бұлардың аралығында ұрт бұлшықеттері орналасады. Тері мен ұрт
бұлшықеттеріне аралығына май заттары жиналады. Ұрт қуысына екінші үлкен азу
тістің тұсынан шықшыт безінің сілекей түтігі ашылады.
Таңдайдың алдыңғы бөлігі қатты, ал артқы бөлігі жұмсақ болып келеді.
Қатты таңдай – бассүйектегі таңдай сүйек. Қатты таңдай қалың да тығыз сір
қабатпен қапталып, сүйек қабығына тұтасып кетеді. Қатты таңдайдың ортасынан
таңдай жігі байқалады. Жіктің екі жағын ала таңдайдың көлденең қатпарлары
орналасады.Тілдің жәрдемімен жылжыған тамақ жентегін осы қатпарлар тұтып
қалады. Қатты таңдайдың соңғы бөлігі жұмсақ таңдайға ауысады.
Жұмсақ таңдай бұлшықеттер негізінде түзіліп, оны сір қабатпен қаптайды.
Жұмсақ таңдайдың ортаңғы бөлігіндегі салбырап көрінетін өсімше кішкене тіл
және артқы жағында таңдай пердесі болады. Адам жұтынған кезде жұмсақ
таңдайдың бұлшықеттері жиырылып, таңдай процесі жоғары көтеріледі де
жұтқыншаққа жабысып, жұтқыншақ пен мұрын жұтқыншағының арасын
бөлетіндіктен, тамақ жентегі ауыз қуысынан өңешке қарай өтеді. Егер жұмсақ
таңдайдың бұлшықеттері зақымданса, тағам (әсіресе, сұйық тамақ) жұтынған
кезде мұрын жұтқыншағына өтіп, одан хоан арқылы мұрын қуысына баруы мүмкін.
Жұмсақ таңдайдың екі жағын қаптайлай, төмен қарай таңдай доғасы түседі.
Алдыңғысы таңдай – тіл доғасы тілдің түбінен, ал артқысы таңдай – жұтқыншақ
доғасы жұтқыншақтың қабырғасынан басталады. Осы екі доғаның аралығында
ойыстанып келген жерге асқорыту жолының сір қабатынан пайда болған ең үлкен
сарысу түйіні – таңдай бадамшасы орналасады. Бадамшаның пішіні мен көлемі
әр түрлі болады. Бадамшаның дерттік патологиялық жағдайына орай тыныс кейде
жұтыну қиындай түседі. Мұндай жағдайда бадамшаны қырнап алып тастайды.
Екі жақсүйек – құрмау бұлшықеттерінің бірігуінен ауыз қуысының түбі
құралады. Бұл жұқа бұлшықет ауыз көкеті делінеді. Ауыз түбіне тіл
орналасады. Таңдай пердесін керетін жұптасқан үш бұрышты бұлшықеттер жұмсақ
таңдайдың құрамына енеді. Ол есту түтігінің шеміршекті бөлігінен және сына
тәрізді сүйектің қанат тәрізді өсіндісінің ілгекті ұшын орап, жұмсақ
таңдайдың сіңір шоғырына бекиді. Сондықтан таңдай пердесін көтеретін
бұлшықет деп аталады, ол самай сүйегінің тастай бөлігіндегі ұйқы
артериясына жұпталып түліктің алдынан басталады.Жұптасып, мұрын қырынан
басталатын сір қабатқа бекіген кішкене тіл бұлшықеті болып табылады.
Тіл – таңдай бұлшықеті – жұп бұлшықет, ол тілдің шеткі түбінен басталып,
жұмсақ таңдайдың сіңір шоғырына бекиді, таңдай – жұтқыншақ бұлшықеті де жұп
бұлшықет, ол жұтқыншақтың артқы қабырғасынан басталып, таңдай сіңір
шоғырына бекиді.
2.4 Тіл – қимылдап тұратын бұлшықетті мүше. Тілдің үстін, екі бүйірін
және біраз мөлшерде астыңғы жағын сір қабат қаптайды, ол жүйке мен қан
тамырларына өте бай. Тіл шайнаған кезде тамақты қозғап, дәс сезу және
сөйлеу қызметін атқарады. Тілде үш бөлік бар: артқы бөлігі – көмейге құрмау
сүйегі арқылы бекіген тілдің түбірі, ортаңғы бөлігі – денесі, алдыңғы
бөлігі -тілдің ұшы және оның жоғарғы бетін тілдің үсті деп атайды. Тілдің
сір қабатының басқа мүшеге қарағанда ерекшелігі оның бұлшықеті қабаты
болмайды. Оның құрылысы өте күрделі. Тілдің үстін бойлай созылған ортаңғы
жүлге тілді екіге бөліп тұрады. Тілдің түбірі мен денесі қосылған жерде ін
тесігі, ал осы екі тесіктен екі жаққа шекаралық жүлге бағытталған. Тілдің
үстіңгі бетін майда бүрлер немесе емізіктер қапатайды. Бұл емізіктердің
түйіндеріне жүйкелер келіп жалғасады. Емізіктер тілдің үстінде және екі
бүйірінде өте көп. Олардың төрт түрін ерекше атауға тура келді.
Жіп тәрізді емізіктер – тіл денесі мен алдыңғы бөлігінде орналасқан
көптеген бүртіктер соның әсерінен тілдің үсті барқыт тәрізденіп түтіктеніп
тұрады.
Саңырауқұлақ тәрізді емізіктер тілдің алдыңғы және бүйір жиегіндегі жіп
тәрізді емізіктердің арасында орналасады.
Буылтық немесе түйебас емізіктер тіл денесі мен түбірінің бөлігі
аралығында рим саны V тәрізді болып орналасады. Олардың ірі бүртіктерінің
саны 7 – 11 –ге дейін жетеді.
Жапырақ тәрізді емізіктер – тілдің айнала жиегінен айқын көрінетін
бүртіктер.
Бұл аталған емізіктердің соңғы үшеуі дәм сезу, ал жіп тәрізді емізік
жалпы сезу қызметін атқарады. Тілдің астына, түбіне жуық бөлігінде сарысу
түйіндері шоғырланады. Егер тіліді ұшынан жоғары көтерсе, түбір ортасында
тілдің жүгеншесі анық көрінеді. Оның екі жағында тіласты есімшесіне тіласты
безінің түтігі ашылады. Осы емізікшенің артындағы тіласты қатпарда сілекей
безі орналасады.
Тіл бұлшықеттері екі топтан құралады. Оның бірінші тобы сүйектен
басталып, тілдің денесіне бекиді де екінші тобы тілдің меншікті өз
бұлшықеттері болып табылады. Қаңқа бұлшықеттеріне үш жұп бұлшықеттер:
иекасты – тіл, құрмау – тіл және біз - тіл бұлшықеттері жатады.
Бір ескеретін жайт: иекасты – тіл бұлшықеттері тіл түбірінде желпуіш
тәрізді таралып бекиді. Тілді алға жылжытатын осы. Біз – тіл бұлшықеттері
тілдің түбіріне бекіп, жиырылған кезде тілді артқа тартып, жоғары көтереді.
Тілдің меншікті бұлшықеттері тереңірек орналасады. Тіл бұлшықеттері
орналасу тәртібіне қарай: жоғарғы және төменгі ұзынша көлденең және тік
бұлшықеттер деп бөлінеді. Олар көлденең жолақты бұлшықеттерге жатады.
Тілдің бұлшықеттерін адам өз еркімен әртүрлі қимылдарға келтіре алады.
Бұлшықеттердің жиырылуынан тілдің пішіні өзгеріп тұрады.
2.5 Сілекей бездері. Ауыз қуысының сілекей бездері майда және ірі
бездерге бөлінеді, ірі бездердің үш жұбы бар. Бұл бездер аттарына сәйкес
ауыз қуысынан тысқары жатады, бездер түтік тәрізді жолдар арқылы ауызбен
байланысады. Шықшыт, тіл асты және алқым немесе жақсүйекасты бездер ірі
сілекей бездері болып табылады.
Шықшыт сілекей бездері – ең ірі сілекей безі, салмағы 30 г, бұрыс үшбұрыш
пішінді. Шықшыт сілекей безі құлақ қалқанының алдында тері астында ұртқа
қарай созылып жатады, ол шайнау бұлшықетінің біраз бөлігін жауып тұрады.
Бездің сыртынан қатты шандыр қаптайды, ал без түтігі бетке көлденең
орналасады. Сілекей түтігі шайнау бұлшықетінің бетімен ұрт бұлшықеті арқылы
өтіп, үстіңгі қатардағы екінші үлкен азу тістің тұсынан ауыз кіреберісіне
ашылады. Оның ұзындығы 5 – 6 см. шамасында болады.
Шықшыт сілекей безі ақуызды сұйықтыққа толып тұратындықтан оны ақуыз безі
деп атайды. Кейбір адамдарда шайнау бұлшықетінің үстінде қосымша шықшыт
безі болады.
Тіласты сілекей безі ауыз қуысы түбіндегі сір қабат арқылы жабылып,
тілдің астында жатады. Оның салмағы – 5 г, сілекей жолдары тілдің астына
және тіласты қатпарына 18-20 майда тесіктер арқылы ашылады.
Алқым сілекей безі немесе жақастыбезі – мойынның жоғарғы бөлігінде алқым
жақасты шұңқырында, жақ – тіласты бұлшықетін қоршай орналасатын, салмағы 15
г без. Сілекей жолы осы жерден басталады. Ол ауыздағы көкетті тесіп өтеді
де тіласты қатпары арқылы тілдің астындағы жүгеншеге ашылады. Сілекей жолы
вортанов жолы деп аталады. Тіласты және алқым сілекей бездері ақуызды
сұйықтық пен шырыш бөлетіндіктен, оларды аралас бездер деп те атайды. Осы
аталған үш бездерден басқа ауыз қуысында шашыраңқы орналасқан майда сілекей
бездер де бар. Олар: ерін бездері, ұрт бездері, таңдай бездері, тіл
бездері.
Ауыз қуысындағы үлкенді – кішілі бездер қызметі бойынша үш топқа
бөлінеді: 1. Сір бездері (шықшыт) – ақуызды сұйықтық бөледі; 2. Сілекей
бездері (тағдай, тіл арты) – таза сілекей бөледі; 3. аралас бездер (ерін,
ұрт, азу, тіл алды, тіласты, жақасты) – аралас сұйықтықтар бөледі.
2.6 Тіс ауыз қуысындағы үстіңгі және астыңғы жақсүйектердің иектеріндегі
тіс ұяларында орналасады. Тіс эмбрионының дамуы кезінде 7-аптадан бастап
ауыз қуысының эпителий және дәнекер ұлпаларынан пайда болады.Тістің
химиялық құрамы мен физикалық қасиеті сүйекке жақын. Тістің сүйектен
айырмашылығы: тіс тозған сайын бірнеше рет ауысады; тіс сүйек тәрізді
бұлшықетке жалғаспайды; тіс ұясына қазықша қадалып, қимылсыз орналасады.
Тістер сүт тісі және тұрақты тіс болып екіге бөлінеді. Тұрақты тіс -32,
бұлардың жоғарғы жақсүйекте – 16, төменгі жақсүйекте – 16 тіс орналасады.
Тіс қатарында өздерінің аттарына қарай 8 тіс орналасады, олардың 2-еуі-
күрек тіс, 1-еуі – сүйір тіс, 2-еуі- кіші азу тіс, 3-еуі – үлкен азу тіс
деп аталады. Оның формуласы мынадай болады:
2+1+2+3
2+1+2+3.
Тұрақты 32 тістердің тізбегі 3,2,1,2+2,1,2,3
3,2,1,2+2,1,2,3 деп
жазылады.
Үлкен азу тістің үшіншісін “ақыл тіс” дейді. Ол басқа тістердің ең
соңында ғана 12 – 26 жас аралығында шығады. Соңғы азу тістер өте тез
жетіліп кетеді. Кейде “ақыл тістің” мүлде шықпай қалуы да мүмкін. Бұл адам
тісінің біртіндеп азайып бара жатқанын аңғартады. Шындығында да солай.
Өйткені адам өз өмірінде алдын ала ұқсатылып, майдаланған, пісірілген
тамақтарды пайдаланады ғой.
Бірінші шыққан 26 тіс сүт тістер деп аталады. Оның 2-еуі күрек тіс, 1-еуі
сүйір тіс және 2-еуі азу тіс болады. Сонда сүт тістің тізбегі

2,1,0,2
2,1,0,2 болып шығады. Бұл тізбектен сүт тістерінде кіші азу тіс және ақыл
тістердің жоқтығын байқаймыз.
Баланың 6 жастан 12 – 13 жас аралығындағы сүт тістері біртіндеп түседі де
олардың орнына тұрақты тістері өсіп шығады.
Тістің құрылысы.
Тістердің әрқайсысы тіс сауытынан , тіс мойнынан және тіс түбірінен
құралады. Астыңғы үлкен азу тістің үш түбірі болады, қалғандарында бір ғана
түбір бар. Тістердің барлығынын ішінде қуыс болады. Тіс қуысы кеуекті
дәнекер ұлпаға толып тұрады. Ол ұлпада тарамдалған қан тамыры мен жүйкелер
орналасады. Олар тіс түбірінің ұшында болатын қуыс тесік арқылы келіп
жетеді.
Тіс сауыты – тістің қызыл иектен шығып тұратын ең жуан бөлігі. Әрбір тіс
сауытында тәнтанулық бес бет болады. 1. Тіл беті – тілге қараған беті;
2. Кіреберіс беті – ауыздың кіреберісі немесе ерінге қараған беті; 3 – 4.
Жанасу беттері – тістің бір – бірімен беттесетін жақтары, жанасу беттері
тістердің орналасуына қарай әр түрлі аталады. Алдыңғы тістердің аралық
беттерін ортаңғы (медиальды) артқы тістердің аралығын алдыңғы беттері
дейді. Тіс тізбегінің доғасынан орталыққа бағытталған қатардағы тістердің
жанасу беттерін аралық бет, оған қарама – қарсы беттерін қашықтағы бет
дейді. 5. Тістенетін немесе шайнайтын беттері – үстіңгі және астыңғы
тістердің бір – біріне қараған беттері. Тіс емдеу тәжірибесінде тістің тіл
бетін ауыз беті және қосымша тістің ішкі беті (опикальды) жеке аталады.
Тістің мойыны тіс сауытынан төмен қызыл иек тұсындағы шамалы
жіңішкерген, яғни тіс сауыты мен тіс түбірінің аралық бөлігі. Бұл жерде
қызыл иектің кілегей қабаты оралады.
Тістің түбірі тіс ұясына қазықша сүйірленіп қадалып орналасқан. Тіс
түбірі 1-ден 3-ке дейін болады. Түбірдің ұшы, оның ұшында тесігі (тамыр,
жүйке енетін) болатыны жоғарыда айтылған. Тіс түбірі тіс ұясындағы тамырлы
сүйек қабығымен бірігіп кетеді.
Тістердің әрқайсысында қуыс бар, оның тіс сауыты бөлігіндегісін сауыт
қуысы, ал түбіріне қарай кеткен қуысты түбір өзегі дейді. Ол қуыстар
жұмсақ, борпылдақ дәнекер ұлпаға толы.
Эмаль, цемент және дентин-тістің қатты заттары:
Эмаль – тіс сауыты бөлігін қаптап жатады. Ол ақ немесе ақшыл сары реңді.
Онда органикалық зат – 3,5%, анорганикалық зат – 96,5%. Ол призмадан
құралған. Эмаль - энимелобластан түзілетін қатты тірі зат. Эмальдың сыртқы
кутикула қаптаған жіңішке ретикуларлы талшықтардан түзіледі. Эмаль да
желініп, ыстық – суықтан бұзылатын зат болады.
Цемент тістің мойын мен түбірін қаптайды. Оның құрамында 32 органикалық
және 68 анорганикалық зат бар. Цементтің химиялық құрамы сүйекке ұқсас, ол
коллагенді талшықтардан құралады. Цементте қан тамырлары болиайды.
Дентин – эмаль мен цементтің тұсын қаптап, тіс қуысының арасында тістің
көп мөлшерін алып жататын қатты зат. Дентин заты кальцийленген ұлпадан
тұрады. Оның құрамында 28% органикалық зат, 72% анорганикалық заттар
болады. Дентин тіс қуысындағы жұмсақ болбыр ұлпаның одонтобластарынан
жетіледі. Сондықтан да дентиннің ішіне одонобластардың сабақтары түтік
түзіп, еніп жатады. Жас ұлғайған сайын ол түтіктердің ішкі қуысы тарыла
түседі.
Тіс ұясының сүйек қабығы немесе периодонт тістің құрамына тікелей
енбегенмен де тіс ұясында тістің ұзақ қызмет етуіне мүмкіндік береді.
Тіс ұясының сүйек қабығы (периодонт) тісті жақсүйекке орнықтырып қана
қоймайды, сонымен қатар тіске солқылдақтық та қасиет береді. Соның
нәтижесінде қатты затты байқамай қаттырақ тістеген кезде тіс түбірінің
зақымдауын азайтады. Периодонттың қалыңдығы 0,14 – 0,28 мм. Ол коллагенді
талшықтардан түзіліп, тіс ұясына тік орналасады. Бұл сүйек қабығын қан мен
жүйке өте мол жабдықтайды. Жас ұлғайған сайын оның серпімділігі нашарлап,
жұқарады да тіс босайды. Кейде тістің бүтін қалпында түсіп қалуы да мүмкін.
Периодонттың бұзылуына ыстық, суық, улану (сынаппен, фтормен), С
дәруменінің жетіспеуі және тағы басқалары әсер етеді.
Тістердің белгісі. Тіс тізбегін кіреберіс жағынан мұқият қараған кезде
тістердің үш белгісі анық байқалады. Бірінші белгісі – тістің түбірі
дистальды жағына аздап иіледі; екінші белгісі – тіс түбірі тіс сауытының
аралық (мезиальды) бетіндегі бұрышына қарағанда кішірек болады, үшінші
белгісі – тіссауытының ішкі жағына назараударсақ, мизальды бетіне өтетін
жағының иіні дистальды жағына қарағанда тістің тістелетін беті тік болып
келеді. Тістің кіреберіс бетін көлденең қарағанда оның мезиальды (аралық)
бүйір (латеральды) бөлігі дистальды жағына қарағанда томпақтау, дөңетеу
болады. Бұл аралық бөлігінің дистальды жағына қарағанда күшті жетілгенін
көрсетеді. Осыған орай тіс сауытының кіреберіс бетінде мезиодистальды
беткейі болады. Тістердің осы белгілеріне қарай олардың тіс тізбегіндегі
орналасу тәртібін анықтай аламыз.
Тістердің атаулары. Тістердің жалпы құрылысы және жақсүйектердегі тіс
ұясына орналасуы бойынша тістердің төрт түрлі пішінін немесе төрт атауын
ажыратуға болады. Олар: күрек тістер, латынша атауының басқы үлкен әрпімен
“J” – мен, сүйір тістер - “С”-мен, кіші азу тістер - “Р”-мен және үлкен
азу тістер - “М”-мен белгіленеді.
Тістердің сипаттамасы. Күрек тіс - әрбір қатарда 4-тен болатын, барлығы 8
тіс. Бұлар алдыңғы тістер. Мұның сауыты күрек тәрізді, өткір, алды дөңес,
ішке қарай аздап иіліп келеді. Астыңғы күрек тіске қарағанда үстіңгі күрек
тіс үлкен. Күрек тістің түбірі біреу ғана. Ортаңғы тістер ортаңғы немесе
медиальды, ал одан шеткілері бүйір немесе латеральды күрек тіс деп аталады.
Үстіңгі жақсүйектегі ортаңғы (медиальды) күрек тіс – тістердің ең үлкені,
оның ерінге қараған жағы дөңес, ұрт жағы төмпек болады. Сыртқысы
(латеральды) – кішілеу, ерін жақтағы бетінің ортасында жүлгесі (сайы), тіл
жақ бетінде буылтығы бар, ұшы өткір және айыр болып келеді. Тіс сауытының
бұрышы анық, түбірі қысқа, тік орналасады. Астыңғы медиальды және
латеральды күрек тістер өте кішкене болады, ал латеральды тістер аздап
жалпақ және түбірі жуандау болып келеді. Күрек тістер біріне- бірі
тістесіп, қыршу, қырқу және кеміру қызметтерін атқарады.
Сүйір тіс - әрбір қатарда 2-ден, барлығы 4 тіс. Күрек тістермен қабат,
сырттай орналасады. Оның тіс сауыты жуан және басқа тістерден биік болады.
Тістің үстіңгі ұшы добалдау, түбірі сүйір болып келеді. Әсіресе астыңғы
тістің ұшы қаламұштанып үшкірленеді де сауыты және түбірі қысқа болады. Бұл
тісті үшкір тіс деп те атйды. Тістің негізгі атқаратын қызметі – тамақтың
қатты бөлігін майдалау, тіліп, жырту, мұжу.
Кіші азу тістер сүйір тістен кейін орналасады, олардың саны – 8. Кіші азу
тістердің тістесу беті дөңгелек, сопақша ал сүйір тістен төмен сауыты қысқа
болады. Үстіңгі кіші азу тістердің үстіңгі бетінде екі төмпегі бар.
Астыңғыларының екі төмпегі үшкір келеді. Олардың алдыңғысынан кіреберіс
(ерін) төмпегі, ал артқысын – тіл төмпегі деп атайды. Үстіңгі кіші азу
тістердің түбірі көбінесе екіге ажырайды. Бұл тістердің тістелу (шайнау)
бетінің бедеріне қарай тамақты майдалап, езеді, үгеді.
Үлкен азу тістері кіші азу ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Иммунды жүйе туралы
Анатомия пәнінің даму тарихы. Анатомияның түрлері мен зерттеу әдістері
Онтогенез және филогенез
Онтогенез сатылары
Қаңқа. Қаңқа филогенезі. Сүйектердің жасқа сай және атқаратын қызметтеріне сай ерекшеліктері
Жануарлар әлемі
Онтогенездің генетикалық негіздері
Сүйектің мүше ретіндегі құрлысы
Жануарлар әлеміне саяхат
Ағаш-бұта өсімдіктерінде кездесетін саңырауқұлақтардың жіктелуі
Пәндер