Азия-Тынық мұхиты аймағындағы негізгі интеграциялық үдерістер



Жоспар:
І. Кіріспе
ІІ. Негізгі бөлім
а) АСЕАН.ның АТА интеграциясындағы рөлі мен маңызы
ә) Азия.Тынық мұхиты экономикалық ынтымақтастығы ұйымы (АТЭЫ)
б) АСЕАН еркін сауда аймағы . АФТА
ІІІ. Қорытынды
Кіріспе
Аймақтық интеграция – қазіргі таңдағы халықаралық қатынастардың маңызды ерекшелігі. Әлемде кемінде бір немесе бірнеше аймақтық топтардың мүшесі болып табылмайтын мемлекетті табу қиын.
Азия-Тынық мұхиты аймағының мемлекетаралық қатынастарының саяси біртұтас жүйе ретінде қалыптасуы ІІ дүниежүзілік соғыстан кейін басталып, 60-шы жылдарға дейін жалғасты. Әрине бұл үдеріс тарихи дамудың алғышарттарымен айқындалған болатын.
1947 жылдан бері өткен 60 жылда Азия –Тынық мұхиты аймағы әлемдік экономиканың шикізат көзінен оның қуатты да пәрменді күшіне айналды.
Ондаған жылдар бойы мұнда әлемнің ірі үш экономикасы – АҚШ, Қытай және Жапония қатаң бәсекелестік күрес жүргізе отырып, жемісті ынтымақтасып келеді. Аталған үш ойыншының өзара әрекеттестігі бүгінде тек аймақтың ғана емес, бүкіл әлемнің де геосаяси тепе-теңдігін анықтайды. АҚШ, Қытай және Жапония АТА-дағы негізгі сауда блоктарының мүшесі болмағанымен, көп жағдайда дәл осы елдердің ұстанымдары, мүдделері және өзара әрекеттестігі аймақтағы еркін сауда аумақтарының даму келешектерін анықтайды.
Аймақтың өзге мемлекеттерінің ықпалы да күшейіп келеді, жапон және қытайлық өнеркәсіпшілер арасында ұлғайып келе жатқан бәсекелестік, АСЕАН блогы рөлінің артуы, Үндістанның экономикалық күшеюі осының айғағы бола алады.
Өзара әрекеттестік пен бәсекелестіктің айтарлықтай белсенділікке ие болуы екі түрлі интеграциялық үдерістердің салдары болып табылады: негізгі сауда серіктестері арасындағы және аймақтар арасындағы еркін сауда аумақтары. Бүгінде мемлекетаралық және екіжақты еркін сауда аумақтарын құру кезеңі аяқталды, ал басымдыққа ие болып отырған үрдіс аймақаралық бірлестіктерді құру болып табылады. Азия-Тынық мұхиты аймағындағы маңызды аймақаралық бірлестіктер қатарына АСЕАН, АТЭС, Азия-Тынық мұхиттық сауда келісімі, Транс-Тынық мұхиттық серіктестік жатқызылады:
- Оңтүстік-Шығыс Азия елдерінің ассоциациясы (АСЕАН) – аймақтық үкіметаралық ұйым.
Пайдаланған әдебиеттер тізімі:
1.Васильев Л.Е., Локшин Г.М. Сообщество безопасности АСЕАН // АСЕАН в начале XXI в.
2.Локшин Г. 40 лет Ассоциации государств Юго-Восточной Азии // Обозреватель. 2007. № 7. 3. Рогожин А.А. АСЕАН на пути к экономическому сообществу // Международная жизнь. 2010. № 10. 4. AFTA Updated. http://www.aseansec.org
5. ASEAN Annual Report 2006—2007. http://www.aseansec.org
6. ASEAN Free Trade Area: Trading Block or Building Block. EAAU,
Canberra, 1997.
7. АСЕАН в начале XXI века. Актуальные проблемы и перспективы/ Л.Е. Васильев и др. ИД «Форум» 2010
8. Интеграционные процессы в Азиатско-Тихоокеанском регионе. Гаврилов Н.
9. Архимов В. АТЭС.Плюсы и минусы интеграции \\ htpp:\\asiapacific.narod.ru
10. Мальцева О., Семенова Е. Экономическая интеграция в АТР. \\htpp:\\www.rncpec.fareast.ru.
http://newskz.wordpress.com/

Пән: Халықаралық қатынастар
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 19 бет
Таңдаулыға:   
Жоспар:
І. Кіріспе
ІІ. Негізгі бөлім
а) АСЕАН-ның АТА интеграциясындағы рөлі мен маңызы
ә) Азия-Тынық мұхиты экономикалық ынтымақтастығы ұйымы (АТЭЫ)
б) АСЕАН еркін сауда аймағы - АФТА
ІІІ. Қорытынды

Кіріспе
Аймақтық интеграция - қазіргі таңдағы халықаралық қатынастардың маңызды ерекшелігі. Әлемде кемінде бір немесе бірнеше аймақтық топтардың мүшесі болып табылмайтын мемлекетті табу қиын.
Азия-Тынық мұхиты аймағының мемлекетаралық қатынастарының саяси біртұтас жүйе ретінде қалыптасуы ІІ дүниежүзілік соғыстан кейін басталып, 60-шы жылдарға дейін жалғасты. Әрине бұл үдеріс тарихи дамудың алғышарттарымен айқындалған болатын.
1947 жылдан бері өткен 60 жылда Азия - Тынық мұхиты аймағы әлемдік экономиканың шикізат көзінен оның қуатты да пәрменді күшіне айналды.
Ондаған жылдар бойы мұнда әлемнің ірі үш экономикасы - АҚШ, Қытай және Жапония қатаң бәсекелестік күрес жүргізе отырып, жемісті ынтымақтасып келеді. Аталған үш ойыншының өзара әрекеттестігі бүгінде тек аймақтың ғана емес, бүкіл әлемнің де геосаяси тепе-теңдігін анықтайды. АҚШ, Қытай және Жапония АТА-дағы негізгі сауда блоктарының мүшесі болмағанымен, көп жағдайда дәл осы елдердің ұстанымдары, мүдделері және өзара әрекеттестігі аймақтағы еркін сауда аумақтарының даму келешектерін анықтайды.
Аймақтың өзге мемлекеттерінің ықпалы да күшейіп келеді, жапон және қытайлық өнеркәсіпшілер арасында ұлғайып келе жатқан бәсекелестік, АСЕАН блогы рөлінің артуы, Үндістанның экономикалық күшеюі осының айғағы бола алады.
Өзара әрекеттестік пен бәсекелестіктің айтарлықтай белсенділікке ие болуы екі түрлі интеграциялық үдерістердің салдары болып табылады: негізгі сауда серіктестері арасындағы және аймақтар арасындағы еркін сауда аумақтары. Бүгінде мемлекетаралық және екіжақты еркін сауда аумақтарын құру кезеңі аяқталды, ал басымдыққа ие болып отырған үрдіс аймақаралық бірлестіктерді құру болып табылады. Азия-Тынық мұхиты аймағындағы маңызды аймақаралық бірлестіктер қатарына АСЕАН, АТЭС, Азия-Тынық мұхиттық сауда келісімі, Транс-Тынық мұхиттық серіктестік жатқызылады:
oo Оңтүстік-Шығыс Азия елдерінің ассоциациясы (АСЕАН) - аймақтық үкіметаралық ұйым.
oo Азия-Тынық мұхиттық сауда келісімі (2005 жылға дейін - Бангкок Келісімі). АТА елдері арасындағы преференциалды сауда жөніндегі алғашқы келісім болып табылады. Қалыптасуының басталуы - 1975 жыл, қатысушылар саны - 8 ел, сонымен қатар 2001 жылы Қытай қосылды. ҚХР-дың бұл блогқа кіруі, сондай-ақ негізі қаланған сәттен Үндістан мен Кореяның қатысуы Келісімді аймақтағы жетекші интеграциялық бірлестік ретінде қарастыруға мүмкіндік береді.
oo Транс-Тынық мұхиттық серіктестік (2010 жылға дейін - Транс-Тынық мұхиттық стратегиялық экономикалық серіктестік). Қалыптасуының басталуы - 2005 жыл, 2012 жылғы желтоқсандағы есеп бойынша қатысушылар саны - 4 ел (Бруней, Жаңа Зеландия, Сингапур, Чили), сондай-ақ АҚШ, Канада және Австралия құрамына кіретін 7 мемлекет қосылу жөнінде келіссөздер жүргізуде. Болашақта тек АТА-да ғана емес, әлемдегі жетекші экономикалық блокқа айналуға жақсы мүмкіндіктері бар. Бүкіләлемдік сауда ұйымы шеңберіндегі келіссөздердің дағдарысын ескере отырып АҚШ қазіргі таңда Транс-Тынық мұхиттық серіктестікті кеңейту жөніндегі пікірталастарда жетекші рөл атқарады, және оны таяу жылдардағы сыртқы сауда саясатының маңызды басымдығы және ХХІ ғасырдағы аймақтық сауда келісімінің үлгісі ретінде қарастырады. АҚШ аталған пікірталастарда зияткерлік меншік құқықтарын, қоршаған ортаны және еңбек ресурстарын еркін қозғалысын қорғау мәселелеріне ерекше мән береді.
oo Азия-Тынық мұхиттық экономикалық серіктестік (АТЭС) - АТА елдерінің аймақтық сауда мен капитал салымдарының либерализциясы саласындағы ынтымақтастығы мәселелерін қарастыратын форумы. 1989 жылдан бастап құрыла бастады, 2012 жылдың желтоқсан айындағы көрсеткіштер бойынша қатысушылар саны - Ресейді қосқанда 21 ел. Қатысушы-елдер экономикаларында әлем тұрғындарының 40co-ғы жуығы өмір сүреді, оларға 54co ЖІӨ мен әлемдік сауданың 44co-ы тиесілі.
Стратегиялық мақсаты - 2020 жылға қарай АТА-да еркін әрі ашық сауда жүйесін және либералды инвестициялық режим құру болып табылады. АТЭС шеңберінде ұзақ мерзімді мақсат ретінде Азия-Тынық мұхиттық еркін сауда аумағы тұжырымдамасы қалыптасқан. Тұжырымдаманы іске асыру құралы ретінде Транс-Тынықмұхиттық серіктестік (ТТС), АСЕАН+3 және АСЕАН+6 қалыптастыру көзделген.
Жұмыстың мақсаты Азия-Тынық мұхиты аймағындағы негізгі интеграциялық үдерістердің қалыптасуы, аймақтағы жетекші интеграциялық топтардың рөлін анықтау болып табылады.

Негізгі бөлім
Азия-тынық мұхиттық аймақ әлемдегі халқы жағынан және территориясы жағынан үлкен болып есептеледі. АТА аймағына:Оңтүстік Шығыс және Оңтүстік Азия,Аустралия,Жаңа Зеландия,Мұхиттық кіші мемлекеттері және Солтүстік Америка жатады.АТА бұл экономикалық дамуы бойынша әлемдегі тез қарқында дамып келе жатқан аймақ.Мұнда ЖІӨ бойынша үш үлкен мемлекет орналасқан-АҚШ,Қытай,Жапония.АТА аймағында мемллекеттерінде қоғамдық-экономикалық және әртүрлі саяси жүйелері қарама қарсы келеді:бұл жерде орналасқан халықтардің үш әлемдік дінде-буддизм,христиан,ислам. АТАда басқа топтарға қарағанда ұйымдық тармақтық құрылымы бар.Азия мемлекеттерін біріктіреді.Әлемде аренада АСЕАН саяси жетістері жеткілікті.
АСЕАН Оңтүстік-Шығыс Азия елдерінің ұйымы - Оңтүстік Шығыс Азияда орналасқан елдердің саяси,экономикалық,мәдени,елдердің үкіметаралық ұйымы. АСЕАН 1967 жылы 8 тамызда Бангкокта АСЕАН Декларациясы қол қойылды, Бангкок декларациясы деп кейінен танылды.АСЕАНның келісім рәсімі 1976 жылы Бали аралында Оңтүстік Шығыс Азия елдерінің достастығы мен ынтымақтастығы туралы келсім болды.АСЕАН-ның Жоғары органы мемлекеттердің басшысы және үкіметі олар 2011 жылдан бері әр жыл сайын жиналыс жасайды.Және де жыл сайын сыртқы істер министрлері жиналып отырады.Тұрақты Хатшылық Джакартада орналасқан қазіргі кезде Бас Хатшы 2013 жылы 9 қаңтардан бастап Вьетнам ның бұрынғы сыртқы істер министрі Ле Лыонг Минь болды.Бас Хатшылықтың мерзімі- 5 жыл.Және де АСЕАН-ның жұмыстары 29 комитетте,122 жұмыс топтары, жыл сайынғы 300ге жуық мейрамдарды өткізеді.
АСЕАН + 3
Барлық елдердің көшбасшылары,Малайзиядан Махатхир Мохаммад АСЕАН-ның ары қарай осы аймақта интеграцияның қажет екенін түсінді.1997 жылдан бастап блок өзінің мақсаттарын құра бастады.Бұл мақсаттары Қытай Халық Республикасымен,Жапония және Оңтүстік Кореямен қатынасын жақсарту үшін жасады.Одан кейін құрамы жағынан бұдан да көп Шығыс Азия елдерінің болды олар:Индия,Австралия және Жаңа Зеландия.
АСЕАН-ның мақсаты:
Бангкок декларациясына сәйкес ұйымның мақсаты:
- Біріккен Ұлттар Ұйымының жарғысына сәйкес аймақта тұрақтылық пенбейбітшілікті орнату;
-ынтымақтастық пен өзара көмек негізінде ұйымға мүше елдердің экономикалық,әлеуметтік және мәдени дамуын тездету;
-басқа халықаралық және аймақтық ұйымдармен мақсаттары ұқсас болса,олармен өзара тиімдішарт жасасу;
АСЕАН мен Ресейдің диалогтық серіктестігі
1996 жылдың шілдесінен бастап,Ресей АСЕАН мен диалог бойынша үлкенмасштабты серіктесі болып табылады.Осы жылдан бері екі ел арасында өзара әрекеттестік нормативті-құқықтық негізі жасалынды:онда қауіпсіздік және бейбіт ісі туралы серіктестік жасалынды,және АТА-ның дамуына (2003 жылы 19 тамызда Камбоджада жасалынды.)
-- АСЕАН мен Ресей арасында халықаралық терроризммен күрес ынтымақтастығы. (2 шілде 2004 жылы., Джакарта, Индонезия);
-- Ресей мен Ассоциацияның көшбасшылары жоғары деңгейде серітестігі (13 желтоқсан 2005 г жылы., Куала-Лумпур, Малайзия);
-- Ресей мен АСЕАН ның экономика мен даму саласында ынтымақтастық туралы үкіметаралық келісім. (10 желтоқсан 2005 жылы ., Куала-Лумпур; 2006 жылы 11 тамызда күшіне енді).
-- АСЕАН мен Ресейдің 2005-2015 жылдарға даму ынтымақтастығы туралы кешенді жоспарлау жасалынды. (13 желтоқсан 2005 жылы, Куала-Лумпур).
2004 жылы 29 қараша күні 1976 жылғы Оңтүстік-Шығыс Азия елдерінің ынтымақтастығына қосылды.
2005 жылы 13 желтоқсанда Куала Лумпурда Ресейдің президенті Владимир Путин мен АСЕАН ның қатысуымен бірінші саммит өтті.Осындай кезжесулерді жиі өткізу туралы шешім қабылданды.Ресейдің сыртқы істер министріАСЕАН+10 және АСЕАН+1 осындай түрдегі жыл сайынғы министрлер жиналысына қтысып отырады.2008 жылғы 23 шілдеде Сингапурда Ресей мен АСЕАН -ның диалогтық серіктестік туралы сұрақтарды талқылады. Ресей мен АСЕАН-ның серіктестігі барысында мынадай өзара әрекеттестіктер болды:
-Ынтымақтастық біріккен комитеті.
АСЕАН-ның еркін саудасы
2007 жылы 40 жылдығын атап өтті.
АСЕАН ынтымақтастығының негізгі бағыты елдердің экономикалық,яғни 2015 жылға дейін мүше елдер аймақтық экономикалық интгерацияға жетуі тиіс.Бұл ұйым дамудың мынадай бағыттарын көрсетеді:
Біркелкі нарық құру;
-экономикалық ауданда жоғары бәсекелестік құру;
-шынайы экономикалық дамуды шығару;
Аймақты жаһандық экономикаға интеграциялау болып табылады.
АСЕАН-ға мүше елдердің территоиясы 4,5 млн кв.км алып жатыр.2012 жылы адам саны 560 млнға жетті.ЖІӨ 1,1 трл долл.құрады,жалпы нарық деңгейі 1,4трлн.доллрады құрады.АСЕАН елдеріндегі ЖІӨ өсуі Индонезия,Малазия,Филиппин,Сингапур ,Тайланд,Вьетнам дағы 2010 жылы 7,6 процентті құрады.Аналитиктердің болжамы бойынша бұл 5,6 прцентке дейін жетеді.Жалпы Қытаймен сауда айналымы 2009 жылы 178 млрд долл.құрады.АСЕАН елдері арасында экономикалық салада интеграцияның дамуы үшін қадамдар жасалынды,1992 жылы қойылған сауда либерализациясы туралы 2002 жылы 1 қаңтарда күшіне енді.Мысалы,еркін сауда аймағы келісімі,инвестиция бойынша келісімідер,өнеркәсіптік саласында ынтымақтастықтар және т.б. Және де АСЕАН шеңберінде Қытай,Жапония,Оңтүстік Корея, және Индия,Австралия,Жаңа зеландия елдерімен еркін сауда аймағы туралы келісімге келді.Ұйымда еркін сауда аймағында бірінші қадам АСЕАН+3 (Қытай,Жапония,Оңтүстік Корея) және АСЕАН+6(Индия,Аустралия,Жаңа Зеландия).АСЕАНға кірген елдердің ынтымақтастығы;адам қорының дамуы және оған ғылыми мүмкіндік жасау,адрлардың кәсіптік деңгейін мойындау,макроэкономикалық және қаржы саясатында кеңестер өткізу.АТА аймағындағы интеграциялық үрдістердің маңыздылығы аймақта интеграцияның субаймақтық ошақтарын қалыптастыру болып табылады.Аймақта Аустралия мен Жаңа Зеландия арасында еркін сауда туралы келісім жасалған.Оның негізінде Малайзия,Сингапур,Тайланд,Индонезия және Сингапур елдері арасында аймақтық сауда дамуда.Дегенмен негізгі орталықтар:Жапония мен Қытай болып табылады.Аймақта олар доминион орнын алады.Оңтүстік-Шығыс Азия елдерінің құрылымы дамыған АСЕАН ға Индонезия,Малайзия,Филиппин,Сигнапу р,Таиланд,Бруней,Вьетнам,Мьянма және ЛАос кіреді.Әрбір АСЕАН елдерінің мүшелері Жапония,АҚШ және Азиядағы жаңа индустриалдық елдермен байланысты. АСЕАН-ның бастапқы 1 жылдығында мүше елдер арасында территорияға байланысты даулар,Үндіқытайдағы соғыс, аймақта батыстың күштерінің араласуы бұл ұйымның ары қарай жұмыс жаауына күмән келтірді.Екінші Үндіқытай соғысының аяқталуы Ұйымның ары қарай жұмыс жасауына жақсы мүмкіндік берді.АСЕАн-ның ары қарай жаңа дамуы интеграциялық ү.рдістерді қабылдауына алып келді. Ең бірінші 1976 жылы Балий декларациясы.Бұл басқосуда аймақта жаңа сауда серіктестігін құрумен қамтамасыз ету болды. Ары қарай АСЕАН дамуы аймақта қарқында түрде байқалды,елдердің арасында даулардың болмауы,және экономиканың дамуы,қарқынды экономикалық дамушы орталығы болды.АСЕАН ның бастапқы кезінде онжылдықта елдердің экономикалық дамуының төмен деңгейде болды.Дегенмен кейіннен АСЕАН елдері бұл қиындықтардың барлығын шешті.Мысалы: батыстық серіктестермімен келіссөздерде экспортта біртипті бірігу болды. Соңғы жылдары АТА аймағындағы интеграциялардың үрдістер күшейіп келеді.Бұл аймақта 30 жылдан бері АСЕАН Оңтүстік Шығыс Азия елдерінің қауымдастығы жұмыс жасап келеді.Бұл аймақта АСЕАН-ның пайда болуымен аймақтағы интеграциялық үрдістердің өскенін,экономиканың тұрақтағанын көруімізге болады.2009жылы АСЕАН-ның Тайландта өткен саммитінде АСЕАН қауымдастығының жол картасы 2009-2015 жылдар аралығына құрастыру туралы құжат қабылданды.Осы құжаттардың негізінде АСЕАН-ның стратегиялық мақсаты-Ұйымға мүше мемлекеттердің сыртқы нарықта ұстнымдарын нығайту болып табылады.Р.Рогожиннің айтуы бойынша АСЕАН-да сыртқы нарық мүше мемлекеттердің экономикалық жүйесінде маңызды рөль атқарады.2004жылы Ұйымды құқықтық негізде нығайту ретінде 20 қарашада АСЕАн-ның жарғысы қабылданған болатын.2007 жылы АСЕАН-ның 13-саммитінде Сингапурда АСЕАнның 40 жылдығына байланысты АСЕАН жарғысы күшіне енді. АСЕАН-ның негізгі мақсаты:АСЕАН-ның аймақтық ішкі интеграцияда экономикалық дамудың деңгейінің ажырауын азайту;2000жылы АСЕАН-ның 2009-2015 жылдға интеграциялық жоспарларын бекіткен болатын. Бұл жоспардың негізінде әлемдік экономикаға осы ұйымға мүше елдердің бәсекелестік орнатуы;

Азия-Тынық мұхиты экономикалық ынтымақтастығы (АТЭЫ) - халықаралық экономикалық ұйым. 1989 жылы Канберрада Австралия және Жаңа Зеландия премьер-министрлерінің бастамасымен құрылған. Ұйымның негізгі мақсаттары - еркін, ашық сауда режимін қамтамасыз ету және аймақтық ынтымақтастықты нығайту. Алғашында министрлер деңгейіндегі жиналыс АТЭЫ-тің жоғарғы органы болып келді, бірақ 1993 жылдан бастап мемлекет басшылары деңгейіндегі саммиттер өткізіле бастады. АТЭЫ органдары: жоғарғы деңгейдегі конференциялар, сыртқы істер және экономика министрлерінің сессиясы, тұрақты секретариат, Азия-Тынық мұхиттық парламенттік форумы және т.б. 1994 жылы ұйымның стратегиялық мақсаты жарияланды, ол бойынша мүше мемлекеттер 2020 жылға қарай АТА-да еркін, ашық сауда және либералды инвестициялық режим құру. АТЭЫ-ке Азия-Тынық мұхиты аймағындағы 19 ел және екі территория Гонконг және Тайвань кіреді. Соңғы екеуі АТЭЫ-тің ресми мүшесі емес, АТЭЫ-тің экономиктері деп аталады.
АТЭЫ қызметі келесі бағыттарды қамтиды:
1. Жаһандану және жаңа экономикадан ұтымды жетістікке жету. Индивидуалды жоспарлар қабылдау арқылы экономикалық және технологиялық ынтымақтастықты кеңейту бойынша жұмыстар жүргізіліп, цифрлық технологияның қолдану аясын кеңейту және оған барлық мемлекеттердің қол жетімділігін қамтамасыз ету, адамдық потенциалды дамытып, корпоративті басқарудың жаңа әдістерін енгізу мәселелері зерттелуде.
2. Сауда мен инвестицияның либерализациясын дамыту. Сауда эффективтілігін арттыру, аймақтағы инвестициялық климатты жақсарту, көп жақты сауда жүйесін қолдау мақсатында жұмыстар жүргізілуде.
3. Қалыпты экономикалық өсімді қолдау. Өндірістік салалардың бәсекеге қабілеттілігін арттыру мақсатында құрылымдық реформалар жүргізу, қаржылық сала бойынша ынтымақтастықты арттыру.
АТЭЫ шеңберіндегі саммиттер
Ең алғашқы саммит АҚШ-тың Сиэтл қаласында өткен болатын. Онда қатысушылар еркін сауда, инвестиция, қызмет көрсетуге ықпал жасау; қарқынды экономикалық өсімді қамтамасыз ету; білім стандарттары мен өмір сүру деңгейінің жоғары деңгейіне қол жеткізу арқылы ашықтық пен әріптестік принциптеріне негізделген Азия-Тынық мұхиты қауымдастығын құру перспективалары талқыға түсті. Аталған идеялар видения АТЭЫ деген атауға ие болды.
1999 жылғы Индонезияның Богория қаласында өткен саммитте Азия-Тынық мұхиты аймағында 2010-2020жж еркін және ашық сауда мен инвестиция жүйесін құру туралы ұзақ мерзімді мақсат көрініс тапқан АТЭЫ лидерлерінің ортақ экокмикалық шешімдері туралы Декларация қабылданды.
1995 жылы АТЭЫ лидерлері Жапонияның Осака қаласында өткен саммитте бас қосты. Бұл бас қосуда тараптар жарияланған мақсаттарды іске асыру бойынша Бағдарлама қабылдады. Бағдарлама бойынша әрбір қатысушы мемлекет сауда және инвестициялық режимдерді либерализациялауға бағытталған индивидуалды жоспар, сонымен бірге экономикалық және технологиялық ынтымақтастықты дамытуға бағытталған ұжымдық жоспарды дайындау туралы келісімге қол жеткізілді.
Манилада (1996 жыл, Филиппины) өткен төртінші саммитте қатысушылыр 1997 жылдан бастап сауда және инвестицияны либерализациялау үрдістерін дамыту мақсатында нақты практикалық қадамдар жасау туралы келісімге келді. Сонымен бірге сауда мен инвестицияны либерализациялау бойынша қатысушы мемлекеттердің индивидуалды және ұжымдық жұмыс жоспарлары, экономикалық және техникалық ынтымақтастықты дамыту үшін рамкалық шарттар құру туралы Декларация негізінде АТЭЫ-тің Манила жоспары қабылданды.
1997 жылғы Канаданың Ванкувер қаласында өткен саммитте АТЭЫ мүшелігінің негізгі критерийлері бекітіліп, 11 үмітекрдің ішінен үш жаңа мүшелер: Ресей, Вьетнам және Перуді ұйымға қабылдау туралы шешім қабылданды. Осыдан кейін ұйымға қабылдауға 10 жылдық мараторий жарияланды. Сонымен қатар экономикалық және ғылыми-техникалық ынтымақтастықты күшейту туралы Декларация қабылданды. 2010 жылға дейін тауар саудасындағы 15 сектор бойынша тарифтік және тарифтік емес барьерді шектеу мақсатында (оның ішінде 9 сектор бойынша нақты қадамдар 1999 жылдан басталуы керек еді) ерікті секториалды либерализация туралы бағдарлама қабылданды.
Алайда Куала-Лумпур (1998 жыл, Малайзия) саммитінде жеделдетілген секториалды либерализация Дүниежүзілік сауда ұйымының қарауына берілді. Бұл саммитте қатысушылар қаржы дағдарысынан шығу және АТА-дағы ортақ экономикалық тұрақтылықты қамтамасыз ету; сауда және инвестиция шарттарын жеңілдету; XXI ғасырға бағытталған экономикалық және техникалық ынтымақтыастықты жеделдете дамыту мәселелерін күн тәртібіне қойылды. Және де осы саммит барысында Ресей, Вьетнам және Перу ұйымның толыққанды мүшесіне айналды.
АТЭЫ-тің Окленд саммитінде (1999 жыл, қыркүйек, Жаңа Зеландия) азиялық қаржы дағдарысы сабақтары; аймақтағы экономикалық өсуді қайта қалпына келтіру және қолдау; Дүниежүзілік сауда ұйымы шеңберіндегі келіссөздердің жаңа кезеңінде көпжақты сауда жүйесіндегі АТЭЫ-тің рөлін арттыру мәселелері талқыланды. Сонымен бірге Форумның 10 жылдық қызметіне қорытынды жасалып, жаңа мыңжылдықтағы АТЭЫ-тің даму перспективалары қарастырылды.
Форумның сегізінші саммиті 2000 жылы қараша айында Брунейде өтті. Ондағы талқылынған негізгі мәселелер: ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қазақстан Азия-тынық мұхиты аймағындағы мемлекеттермен қарым-қатынастары
ШЫҒЫС АЗИЯНЫҢ ФИЗИКАЛЫҚ ГЕОГРАФИЯЛЫҚ ЖАҒДАЙЫ
Азия - тынық мұхиты аймағы экономикалық ынтымақтастығының дамуы
Қытайдың АТА-дағы сыртқы саясат стратегиясы
Орта азия мемлекеттерінің интеграциялық күш жігері
Азия-тынық мұхиты аймағындағы қауіпсіздік мәселесі
Жаһандану және аймақтану үрдістері: Жаңа аймақтану
Азия-Тынық мұхиты аймағындағы қауіпсіздік мәселесі және Қытайдың позициясы
ТМД КЕҢІСТІГІНДЕ САЯСИ ҚАТЫНАСТАР
Азия және Африка елдерінің 2000-2015 жылдарындағы халықаралық аренадағы орнына сипаттама
Пәндер