Жедел іздестіру қызметін прокурорлық қадағалау



ЖОСПАР
КІРІСПЕ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..3
1 Жедел іздестіру қызметін жүзеге асырушы органдарда заңдардың орындалуына прокурорлық қадағалаудың маңызы, мәні және міндеттері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 4
2 Прокурордың жедел іздестіру қызметін жүзеге асырушы органдарда заңдардың орындалуын қадағалау жөніндегі өкілеттігі ... ... ... ... ... ... ... ...8
3 Жедел іздестіру қызметін жүзеге асырушы органдарда заңдардың орындалуын қадағалау жөніндегі жұмысты ұйымдастыру ... ... ... ... ... ... .9
ҚОРЫТЫНДЫ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 13
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...14
КІРІСПЕ
Прокуратура органдары биліктің үш тармағының әрқайсысымен функционалды байланыста болса да, ешқайсысына толығымен жатпайды. Мемлекеттік құрылымдағы прокуратураның мұндай өзіндік жағдайы билік тармақтарының қызметін теңестіруге және олардың оңтайлы іс – қимылын қамтамасыз етуге мүмкіндік береді, мемлекеттік қызметтің жеке түрі ретінде прокурорлық қадағалаудың өзгешелігі туады. Яғни:
Біріншіден, прокуратура – бұл мемлекеттік, қоғамдық, дербес немесе өзге ұйымдар, мекемелер немесе лауазымды адамдар жүзеге асыра алмайтын мемлекеттік қызметтің дербес ерекше түрі.
Екіншіден прокуратура – Қазақстан Республикасының мемлекеті атынан жүзеге асырылады. Осы ережелердің маңыздылығы прокурордың қадағалауды іске асыра отырып, құқық бұзушылықтарды анықтау, оларды жоюға және жергілікті өзін – өзі басқару, атқарушы немесе сот биліктерінің жеке органдары атынан емес, олардың барлық жиынтығына сәйкес кінәлі адамдарды жазалауда шараларды қолдануы.
Үшіншіден прокуратура – мемлекеттік қызметтің өзіндік түрі. Оның басқа мемлекеттік қызмет түрлерінен өзгешелігі Қазақстан Республикасы Конституциясының дәл сақталуын тексеру, заң талаптарының орындалуы, өзге құқықтық актілердің заңға сәйкес келуін және тек прокуратураға ғана берілген құралдардың көмегімен анықталған құқық бұзушылықтарды жоюға шаралар қабылдайтын қызметтердің ерекше мазмұнымен анықталады.
Прокуратура мемлекеттің қызметтің басқа нысандарынан, ең алдымен мемлекеттік функцияларды орындауда өзінің тағайындалуымен ерекшеленеді.
Мемлекеттік басқарудың жеке органдары мен сот органдарына жүктелген кейбір қадағалау міндеттері осы қызметтердің бір бөлігін ғана құрайды: мемлекеттік басқару органдары үшін – бұл атқару және бөлу қызметі, сот органдары үшін – сот әділдігі. Прокурорлық биліктің мемлекеттік басқару билік органдарынан және әділ соттан ерекшелендіретін өзінің өзгешелігі бар. Прокуратурада қадағалауды іске асыру кезінде, заңда аталғандарды қоспағанда, басқа органдардың шешімдерін өзінің шешімдерімен ауыстырмайды, құқық бұзушыларға жазалау шараларын қолданбайды, керісінше құзыретті органдардың, лауазымды адамдардың, ұйымдардың заң бұзушылықты жоюын талап етеді. Атап айтқанда, прокурорлық шара қолдану жолымен мемлекеттік органдардың, лауазымды адамдардың қызметіне бақылау жасамай, олардың әкімшілік қызметіне араласпай заң бұзушылықтарды жою бойынша шаралар қолданады.
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ
1. Нарибаев М.С., Өтебаев Ғ.К., Алиев М.М. ҚР прокурорлық қадағалау. Астана: 2005 ж. - 393 б.
2. Сейтқазықызы М. ҚР прокурорлық қадағалау. Алматы: 2006 ж. - 127 б.

Пән: Құқық, Криминалистика
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 12 бет
Таңдаулыға:   
ЖОСПАР
КІРІСПЕ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 3
1 Жедел іздестіру қызметін жүзеге асырушы органдарда заңдардың орындалуына прокурорлық қадағалаудың маңызы, мәні және міндеттері ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .4
2 Прокурордың жедел іздестіру қызметін жүзеге асырушы органдарда заңдардың орындалуын қадағалау жөніндегі өкілеттігі ... ... ... ... ... ... . ... ..8
3 Жедел іздестіру қызметін жүзеге асырушы органдарда заңдардың орындалуын қадағалау жөніндегі жұмысты ұйымдастыру ... ... ... ... ... ... .9
ҚОРЫТЫНДЫ ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 13
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ..14

КІРІСПЕ
Прокуратура органдары биліктің үш тармағының әрқайсысымен функционалды байланыста болса да, ешқайсысына толығымен жатпайды. Мемлекеттік құрылымдағы прокуратураның мұндай өзіндік жағдайы билік тармақтарының қызметін теңестіруге және олардың оңтайлы іс - қимылын қамтамасыз етуге мүмкіндік береді, мемлекеттік қызметтің жеке түрі ретінде прокурорлық қадағалаудың өзгешелігі туады. Яғни:
Біріншіден, прокуратура - бұл мемлекеттік, қоғамдық, дербес немесе өзге ұйымдар, мекемелер немесе лауазымды адамдар жүзеге асыра алмайтын мемлекеттік қызметтің дербес ерекше түрі.
Екіншіден прокуратура - Қазақстан Республикасының мемлекеті атынан жүзеге асырылады. Осы ережелердің маңыздылығы прокурордың қадағалауды іске асыра отырып, құқық бұзушылықтарды анықтау, оларды жоюға және жергілікті өзін - өзі басқару, атқарушы немесе сот биліктерінің жеке органдары атынан емес, олардың барлық жиынтығына сәйкес кінәлі адамдарды жазалауда шараларды қолдануы.
Үшіншіден прокуратура - мемлекеттік қызметтің өзіндік түрі. Оның басқа мемлекеттік қызмет түрлерінен өзгешелігі Қазақстан Республикасы Конституциясының дәл сақталуын тексеру, заң талаптарының орындалуы, өзге құқықтық актілердің заңға сәйкес келуін және тек прокуратураға ғана берілген құралдардың көмегімен анықталған құқық бұзушылықтарды жоюға шаралар қабылдайтын қызметтердің ерекше мазмұнымен анықталады.
Прокуратура мемлекеттің қызметтің басқа нысандарынан, ең алдымен мемлекеттік функцияларды орындауда өзінің тағайындалуымен ерекшеленеді.
Мемлекеттік басқарудың жеке органдары мен сот органдарына жүктелген кейбір қадағалау міндеттері осы қызметтердің бір бөлігін ғана құрайды: мемлекеттік басқару органдары үшін - бұл атқару және бөлу қызметі, сот органдары үшін - сот әділдігі. Прокурорлық биліктің мемлекеттік басқару билік органдарынан және әділ соттан ерекшелендіретін өзінің өзгешелігі бар. Прокуратурада қадағалауды іске асыру кезінде, заңда аталғандарды қоспағанда, басқа органдардың шешімдерін өзінің шешімдерімен ауыстырмайды, құқық бұзушыларға жазалау шараларын қолданбайды, керісінше құзыретті органдардың, лауазымды адамдардың, ұйымдардың заң бұзушылықты жоюын талап етеді. Атап айтқанда, прокурорлық шара қолдану жолымен мемлекеттік органдардың, лауазымды адамдардың қызметіне бақылау жасамай, олардың әкімшілік қызметіне араласпай заң бұзушылықтарды жою бойынша шаралар қолданады.

1 Жедел іздестіру қызметін жүзеге асырушы органдарда заңдардың орындалуына прокурорлық қадағалаудың маңызы, мәні және міндеттері
ҚР Конституцисында жарияланған және бекітілген азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын тәжірибеде іске асыру едәуір қиыншылық тудырады.
Жедел іздестіру қызметін жүзеге асырушы құқық қорғау органдары азаматтың өмірін, денсаулығын, құқықтары мен бостандықтарын қорғау, меншікке қылмыстық қол сұғудан сақтау жөніндегі міндеттерін кейде тиісті түрде орындамайды. Сондай ақ жедел іздестіру қызметін жүзеге асыра отырып, осы саладағы заң талаптарынан жалтаруға жол беріп, азаматтардың құқықтары мен заңды мүдделеріне нұқсан келтіреді.
Шұғыл қызметтер тапсырмаларын орындау маңыздылығын, олардың жұмыстарының ерекшеліктерін ескерсек, ол үнемі прокурорлық қадағалауды талап етеді. Бірақ жедел іздестіру қызметінің заңдылығына прокурорлық қадағалаудың қажеттілігі теорияда дұрыс негізделгеніне қарамастан, көптеген жылдар бойы жеке прокурорлар тәжірибеде осы қызметті жүргізу барысында заңдардың орындалуын тексерген. Бұл жағдай прокурорлардың қадағалау жұмыстарын жүзеге асыруға құқықтық негіздердің болмауымен түсіндірілген.
Жедел іздестіру қызметі заңдармен емес, партиялар мен үкіметтің директивтік актлермен, жабық сипаттағы заңға сәйкес номативтік актлермен реттелген және оларға сәйкес тек белгілі бір жағдайларда ғана облыс деңгейінен төмен тұрмайтын прокурор ғана араласатын болған.
1992 жылдан бастап тәртіп өзгерген. 1992 жылы қабылданған ҚР Проркуратурасы туралы Заңы прокуратура органдары қызметінің басқа бағыттары ішінен жедел іздестіру қызметін жүзеге асырушы органдармен заңдардың орындалуын қадағалауды жүзеге асыруды атаған.
Прокуратура туралы заңда жедел іздестіру қызметін жүзеге асырушы органдармен заңдардың орындалуын қадағалауды прокуратураның құқық қорғау міндетін жүзеге асыру бойынша негізгі бағыттарының бірі деп негіздеуінің себебі, бұл органдар қылмыстылықпен күресті жүзеге асырады.
Жедел іздестіру іс шараларын жүргізу кезінде азаматтардың Конституциясымен және өзге де заңдармен жазысқан хаттарының, телефон арқылы сөйлескен сөздерінің құпиялылығы сақталуы, ерін жүріп тұрулары кепілденген құқықтары мен заңды мүдделері кейде елеулі түрде шектеледі.
Құқық қорғау міндетін жүзеге асыра отырып, прокурор бірде бір қылмыстың ашылмай немесе бірде бір кінәлі адамның заңда көзделген жауапкертшілікке тартылмай қалмауын қамтамасыз етуге шаралар қолдануға міндетті. Мұнымен жасалған қылмыстан құтылмаушылық қамтамасыз етіледі. Прокурор жедел іздестіру қызметін, алдын ала тергеу және анықтауды реттейтін заң нормаларын ешкімнің бұзбауын қадағалауға, ал заң бұзушылықты анықтағанда оларды жоюға шұғыл шаралар қолдануға, азаматтардың бұзылған құқықтары мен бостандықтарын қалпына келтіруге, заң бұзушылықты ескертуге мңндетті. Қылмыстармен күрес оларды дереу және толық ашылуын қамтамасыз ету және азаматтардың құқықтары мен бостандықтарының бұзылмауына жол бермеу кезеңінде ғана нәтижелі болады.
Жедел іздестіру қызметі саласындағы прокурорлық қадағалаудың бұл міндеттері оның мәнімен тығыз байланысты. Бұл бағыттағы қадағалаудың мәні ҚР прокуратурасы туралы заңына сәйкес: бірінші, адам мен азаматтың құқықтары мен бостандықтарын сақтау; екінші, жасалған немесе дайындалып жатған өылмыстар туралы арыздар мен хабарламаларды қараудың белгіленген тәртіптерін сақтау, жедел іздестіру шараларын орындау; үшінші, жедел іздестіру қызметін жүзеге асыратын органдармен қабылданатын шешімдердің заңдылығы болып табылады.
Қадағалауды жүзеге асыру кезінде прокурорлар Конституция және өзге заңдармен кепілдік берілген азаматтардың құқықтары мен бостандықтарының сақталуына, адам мен азаматтың құқықтары мен бостандықтарын шектеудің негіздері мен тәртіптеріне назар аударуға тиіс.
ҚР Конституциясы әркімнің жазысқан хаттарының, телефон арқылы сөйлескен сөздерінің, почта, телеграф арқылы және басқа жолдармен алысқан хабарларының құпиялығы сақталуына құқығы бар екенін жария ете отырып, бұл құқық тек сот шешімі негізінде ғана шектеледі деп қарастырады. Жедел іздестіру қызметі туралы заңына сәйкес мұндай шектеулер мүмкіншілігі жедел іздестіру іс шараларын жүргізу кезінде тек мынадай хабарламалар:
Құқыққа қарсы әрекет белгілері туралы, ол бойынша алдын ала тергеу міндетті түрде қажет.
Құқыққа қарсы дайындалып жатқан, жасалып жатқан немесе жасаған тұлғалар туралы, ол бойынша алдын ала тергеу міндетті түрде.
ҚР мемлекеттік, әскери, экономикалық немесе экологиялық қауіпсіздігіне қауіп төндіретін оқиғалар мен әрекеттер туралы. Кейінге қалдыруға болмайтын және басқа да ауыр немесе ауыр қылмыстарға әкеліп соғуы мүмкін, сондай ақ ҚР мемлекеттік, әсери, экономикалық немесе экологиялық қауіпсіздігіне қауіп төндіретін оқиғалар мен әрекеттер туралы мәліметтер бар болғанда, құқықтар мен мүдделерді шектеу біршама жақсы, бірақ бұл да Заң нормасымен қатаң регламеттелген.
Тексеріс жүргізу кезінде прокурорлар жәбірленушілердің қылмыстардан құқықтары мен заңды смүдделерін, сондай ақ өзге де заң тыңдаушы азаматтардың құқықтары мен мүдделерін қорғауға, бұзылған құқықтарды қалпына келтіруге, материалдық немесе моральдық залалды өтеуге барлық шараларды қорлдануға тиіс.
Жедел іздестіру қызметін жүзеге асырушы органдарда заңдардың орындалуына прокурорлық қадағалау бойынша прокурор жұмысының маңызды бөлігін жедел іздестіру шараларының белгіленген тәртібін орындауды құрайды.
Жедел іздестіру қызметі туралы заңда ұйғарылған жедел іздестіпу қызметін жүзеге асыру тәртібіне: жедел іздестіру шараларын жүргізудің заңда қарастырылған негіздері бар болуы; жедел іздестіру шараларының жедел іздестіру қызметінің мақсаттары мен міндеттеріне сәйкес келуі; жедел іздестіру шараларын жүзеге асыратн адамда өкілетінің бар болуы; жедел іздестіру шараларын жүргізу талаптарын сақтау; жедел іздестіру қызметін міндетті түрде құжаттау; жүргізілетін тексерістердің объективті және толық болуы; жедел іздестіру мәліметтерін, материалдарын тергеу органдарына уақтылы ұсыну; тергеу әрекеттерін әзірлеуге және жүзеге асыруға арнайы техникалық құралдарды қолдану; жедел іздестіру шараларын әзірлеуге немесе өткізуге азаматтарды құпия түрде тарту шарттары жатады.
Прокурорлардың анықтауына жататын тағы бір негізгі тақырыптардың бірі, жедел іздестіру шараларын өткізу негіздері болып табылады.
Заң бойынша жедел іздестіру шараларын өткізу негіздері:
1. қозғалған қылмыстық істің болуы;
2. жедел іздестіру қызметін жүзеге асырушы органдарға мәлім болған: құқыққа қарсы әзірленіп жатқан немесе жасаған әрекеттер, сондай ақ оны әзірлеуші, жасап жатқан немесе жасаған адамдар туралы, ҚР мемлекеттік, әскери, экономикалық немесе экологиялық қауіпсіздігіне қауіп төндіретін оқиғалар мен әрекеттер туралы; жауап алу, тергеу және сот органдарынан жасырынып немесе қылмыстық жазадан жалтарып жүрген адамдар туралы; хабар ошарсыз жоғалып кеткен адамдар және танылмаған өліктерді тауып алу туралы мәліметтердің болуы;
3. тергеушінің, анықтау органының тапсырмалары, прокурордың нұсқауы немесе олардың өндірісіндегі қылмыстық іс бойынша сот ұйғарымының болуы;
4. жедел іздестіру қызметін жүзеге асырушы өзге органдардың сұрамдарының болуы;
5. ҚР заңдарында қаралған тәртіпте уәкілетті мемлекеттік органдармен жүзеге асырылатын қауіпсіздік шараларын қорғалатын адамдарға қолдану туралы қаулының болуы;
6. ҚР халықаралық шарттарына сәйкес халықаралық құқық қорғау ұйымдарының және шет мемлекеттерінің құқық қорғау органдарының сауалдарының болуы.
Нақты жедел іздестіру шараларының заңдылығын тексеру кезінде прокурор оларды жүргізудің белгіленген тәртібіне, мысалы, азаматтың конституциялық құқығын шектейтін жедел іздестіру шараларын өткізуге сот шешімінің бар болуына де көңіл бөледі. Прокурор жұмысының жауапты участігі - жедел іздестіру, анықтау және алдын алу қызметтерін жүзеге асырушы органдармен қабылданатын шешімдер заңдылығын қадағалау.
Прокурорлық қадағалаудың мәніне жедел іздестіру қызметін жүзеге асыратын органдармен қабылданатын мына шешімдердің заңдылығы жатады:
1. шұғыл есепке алу істерін жүргізу және тоқтату туралы.
2. нақты жедел іздестіру шараларын жүргізу немесе тоқтату туралы.
3. жедел іздестіру шараларының нәтижелелерін анықтау органына, тергеушіге немесе сотқа ұсыну туралы,
4. жедел іздестіру шараларын өткізу барысында қолданылған немесе қолданылатын күштер,құралдар, деректер, әдістер, жедел іздестіру қызметінің жоспарлары мен нәтижелері туралы мәліметтерді, сондай ақ жедел іздестіру шараларын ұйымдастыру мен жүргізу әдістерін құпиялау туралы.
5. сот шешімі негізінде жүргізілген жедел іздестіру шараларының нәтижелері көрсетілетін материалдарды жою туралы.

2 Прокурордың жедел іздестіру қызметін жүзеге асырушы органдарда заңдардың орындалуын қадағалау жөніндегі өкілеттігі
Жедел іздестіру қызметінде заңдардың орындалуын қадағалау үшін прокурорға тиісті өкілеттіктер бнрілген. Прокурор өз қызметін тек осы өкілет шегінде ғана жүзеге асырады. Тәжірибеде прокурордың жұмысы белгілі бір нысандарда жүзеге асады. Прокурордың өкілеттігін анықтайтын құқықтық норма оған белгілі бір әрекеттерді жасау құқығын береді.
Қадағалау нысаны негізінде прокурордың жедел іздестіру шараларын жүзеге асыру кезінде оған берілген өкілеттікті пайдалану жолымен іске асыратын заң бұзылушылықты ескерту, анықтау және жою жөнінде мақсатқа бағытталған қызметі түсіндіріледі.
Прокурордың жедел іздестіру қызметіндегі прокурордың өкілеттік сипатын анықтауда жедел іздестіру шаралары тек қылмыстық істі тергеуге байланысты ғана жүргізілмейтіндігін ескеру қажет. Олар қылмыстық іс қозғалғанға ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Прокурорлық қадағалау жайлы
Прокурорлық қадағалау туралы ақпарат
Прокуратура органдарын ұйымдастырудың құқықтық негізі және принциптерінің өзекті мәселелері
Прокурорлық қадағалау түсінігін ашу
Жедел-іздестіру әрекетіне қатысты бақылау мен қадағалау сұрақтары
Прокурорлық қадағалау
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДАҒЫ ПРОКУРОРЛЫҚ ҚАДАҒАЛАУ ОҚУ ПӘНІНІҢ МӘНІ МЕН ЖҮЙЕСІ
Еліміздегі прокурорлық қызметті ұйымдастыруды тиiмділеуде прокурордың құқықтық жағдайын анықтау
Жедел іздестіру қызметін прокурорлық қадағалау жайлы
Прокуратура органдары қызметі жайында
Пәндер