Қылмыстық iстер бойынша адвокаттың сот процесiне қатысуы



ЖОСПАР
КІРІСПЕ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..3
1 Адвокаттың сот процесiне дайындалуы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 4
2 Адвокаттардың сот тергеуiне қатысуы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .7
ҚОРЫТЫНДЫ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 13
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...14
КІРІСПЕ
Бiздiң мемлекетiмiздiң ең басты қазынасы – адам және адамның өмiрi, құқықтары мен бостандықтары болып есептелiнедi. Осы себептен азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын, мүдделерiн қорғауды жүзеге асырушы, заңды тұлға ретiнде адвокаттардың рөлi арта түстi.
Қазақстан Республикасының 1995 жылы қабылданған Конституциясында жарияланған әрбiр азаматтың бiлiктi заң көмегiн алуға құқығы бар. Осыған орай 1997 жылы 5 желтоқсанда «Қазақстан Республикасының адвокаттық қызметi туралы» Заңы қабылданды. Бұл заңның негiзгi мақсаты адамның өз құқықтарын, бостандықтарын сотта қорғауға және бiлiктi заң көмегiн алуға мемлекет кепiлдiк берген және Қазақстан Республикасының Конституциясымен баянды етiлген құқығын жүзеге асыруға жәрдемдесуге арналған. Адвокатура қылмыстық iстер бойынша, әкiмшiлiк басқа да iстер бойынша өкiлдiк ету, сондай-ақ азаматтардың құқықтарын, бостандықтары мен заңды мүдделерiн қорғау мен iске асыруға жәрдемдесу мақсатында заң көмегiнiң өзге де түрлерiн көрсету жөнiндегi адвокаттардың қызметiн ұйымдастырады.
Адвокаттық қызметтiң құқықтық негiздерi «Адвокаттық қызмет туралы» Заңның 2 бабында бекiтiлген. Адвокаттық қызмет туралы заңдар осы заңнан және адвокаттық қызметтi реттейтiн өзге де заңдардан тұрады (ҚIЖК, АIЖК «Сот орындаушыларының мәртебесi және атқарушылық iсiн жүргiзу туралы» Заң және т.б.).
Қазақстан мемлекетi өз азаматтарының белгiлi бiр iс әрекетiнiң заң жүзiндегi мүмкiндiктерiн таниды және оларға кепiлдiк бередi. Адам мен азамат құқығы – Қазақстан Республикасы Конституциясының iргелi категориясы, ол адамды қазақстандық қоғамның ең жоғарғы құндылығы ретiнде орнықтырады.
Қазақстан азаматтары өз құқықтары мен бостандықтарын заңға қайшы келмейтiн әдiстермен қорғауға құқығы бар. Қазақстан азаматтары ғана емес, сонымен қатар, Қазақстан аумағында тұратын азаматтығы жоқ адамдар, сондай-ақ басқа елдiң азаматтығы бар шетелдер Қазақстан аумағында құқықтары мен бостандықтарына қысым жасалған болса, олар өз құқықтары мен бостандықтарын қорғауды сұрай алады.
Адвокат – қорғаушы қызметтiң өзiне тән стилi мен шеберлiгiн меңгерген маман болып қалыптасқан адам. Мұның өзi жұмыс сапасына, қызмет тактикасына, қорғауды тиiмдi жүргiзуiне әсер етедi.
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ
1. Мейірбекова Г.Б. ҚР адвокатура және адвокаттық қызмет. Алматы: 2012 ж.
2. Алауханов Е.О. ҚР адвокатура және адвокаттық қызмет. Алматы: 2010 ж.

Пән: Құқық, Криминалистика
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 14 бет
Таңдаулыға:   
ЖОСПАР
КІРІСПЕ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 31 Адвокаттың сот процесiне дайындалуы ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ...4
2 Адвокаттардың сот тергеуiне қатысуы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .7
ҚОРЫТЫНДЫ ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 13
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ..14

КІРІСПЕ
Бiздiң мемлекетiмiздiң ең басты қазынасы - адам және адамның өмiрi, құқықтары мен бостандықтары болып есептелiнедi. Осы себептен азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын, мүдделерiн қорғауды жүзеге асырушы, заңды тұлға ретiнде адвокаттардың рөлi арта түстi.
Қазақстан Республикасының 1995 жылы қабылданған Конституциясында жарияланған әрбiр азаматтың бiлiктi заң көмегiн алуға құқығы бар. Осыған орай 1997 жылы 5 желтоқсанда Қазақстан Республикасының адвокаттық қызметi туралы Заңы қабылданды. Бұл заңның негiзгi мақсаты адамның өз құқықтарын, бостандықтарын сотта қорғауға және бiлiктi заң көмегiн алуға мемлекет кепiлдiк берген және Қазақстан Республикасының Конституциясымен баянды етiлген құқығын жүзеге асыруға жәрдемдесуге арналған. Адвокатура қылмыстық iстер бойынша, әкiмшiлiк басқа да iстер бойынша өкiлдiк ету, сондай-ақ азаматтардың құқықтарын, бостандықтары мен заңды мүдделерiн қорғау мен iске асыруға жәрдемдесу мақсатында заң көмегiнiң өзге де түрлерiн көрсету жөнiндегi адвокаттардың қызметiн ұйымдастырады.
Адвокаттық қызметтiң құқықтық негiздерi Адвокаттық қызмет туралы Заңның 2 бабында бекiтiлген. Адвокаттық қызмет туралы заңдар осы заңнан және адвокаттық қызметтi реттейтiн өзге де заңдардан тұрады (ҚIЖК, АIЖК Сот орындаушыларының мәртебесi және атқарушылық iсiн жүргiзу туралы Заң және т.б.).
Қазақстан мемлекетi өз азаматтарының белгiлi бiр iс әрекетiнiң заң жүзiндегi мүмкiндiктерiн таниды және оларға кепiлдiк бередi. Адам мен азамат құқығы - Қазақстан Республикасы Конституциясының iргелi категориясы, ол адамды қазақстандық қоғамның ең жоғарғы құндылығы ретiнде орнықтырады.
Қазақстан азаматтары өз құқықтары мен бостандықтарын заңға қайшы келмейтiн әдiстермен қорғауға құқығы бар. Қазақстан азаматтары ғана емес, сонымен қатар, Қазақстан аумағында тұратын азаматтығы жоқ адамдар, сондай-ақ басқа елдiң азаматтығы бар шетелдер Қазақстан аумағында құқықтары мен бостандықтарына қысым жасалған болса, олар өз құқықтары мен бостандықтарын қорғауды сұрай алады.
Адвокат - қорғаушы қызметтiң өзiне тән стилi мен шеберлiгiн меңгерген маман болып қалыптасқан адам. Мұның өзi жұмыс сапасына, қызмет тактикасына, қорғауды тиiмдi жүргiзуiне әсер етедi.

1 Адвокаттың сот процесiне дайындалуы
Сот процесiне дайындалуда адвокат мынадай әрекеттер жасайды:
- дәлелдемелердi бағалау;
- дәлелдемелерде қарама-қайшылықтар шығару;
- заңның бұзылғандығын көрсете;
- айыптаудың заңдылығын;
- топтық iстердiң жауапкершiлiгiнiң нақтылығы.
Iстi зерттеудегi дәлелдемелердi бағалау. Адвокат мiндетiнiң шегiнде iстiң материалдарын бағалайды.
Iстi зерттей отырып адвокат дәлелдемелерде қылмыстың белгiлерiн ғана белгiлейдi, ал дәлелдемелердiң шындыққа сәйкестiгiн алынған қайнар көзiн қарастырмайды. Адвокат дәлелдеменiң шындыққа сәйкестiгiн сотта ғана анықтай алады, басқа дәлелдемелермен салыстыру нәтижесiнде. Осы процесте адвокат өзiне бiр дәлелдемелердiң сенiмдiлiгiн, екiншi дәлелдемелердiң нашарлығын, үшiншi дәлелдемелердiң сенiмсiздiгiн белгiлеуi тиiс. Бұл жерде адвокат тергеу кезiнде жиналған дәлелдемелердi топтастырады:
- айыптайтын және ақтайтын
- нық белгiленген дерекетер мен күмән келтiретiн деректер
- заң жүзiнде алынған және iсте заңсыз пайда болған
- даусыз және даулы және т.б.
дәлелдемелерде қарама-қайшылықтарды шығару ҚIЖК-нiң 30 бабына сәйкес адвокат сот отырысында талқыланатын iс бойынша дәлелдемелердiң жеткiлiктiлiгiн анықтайды. Сонымен қатар бiрқатар тексерiс жүргiзедi:
- қылмысты тергеу кезiнде дәлелдеу пәнiне кiретiн мiн-жайлардың зерттелгендiгiн;
- тергеу органдарының шешiмдерiн iс бойынша жиналған дәлелдемелердiң дәлелдейтiндiгi;
- алынған дәлелдемелердiң қылмыстық iс жүргiзу заңында көзделген тәртiпте алынғандығы.
Адвокаттардың мiндеттерi осылай орындалады.
Бiрақ кей жағдайларда iстi қарауға дәлелдемелердiң жеткiлiксiз болғанда iс тұлғаға қатысты тағайындалады. Мұндай қателiктер көбiнесе жәбiрленушi өзiне қауiп төндiрген тұлғаны көрсете алмаған iстерде жiберiледi.
Мысалы, ұйымдасқан топ жасаған қылмыстық iстер бойынша, сонымен қатар жәбiрленушiөзi мас болған жағдайда, басқа да себептер күштеп қауiп төндiру жағдайлары.
Адвокат сот талқылауына дейiн iстi зерттеуде iс бойынша дәлелдеуге жататын мән-жайларға қатысты қара-қайшы келетiн мәлiметтерге назарын аударуы тиiс. Қарама-қайшылықтар дәлелдемелердiң әр түрiнде және бiр түрiнде болады, сонымен қатар әр түрлi қайнар көзден алынған дәлелдемелерде қарама-қайшылықтар болады. Көп жағдайда мұндай қарама-қайшылықтар жасаған әрекеттi дәлелдеуге дәлелдемелрдiң жеткiлiксiздiгiнен iстi алдын ала тыңдауға кедергi келтiредi, адвокат осындай жағдайларда өтiнiш жазады. Егер адвокат тергеу органдары iстегi қарама-қайшылықты байқамаса, немесе көрген жағдайда да шешпесе, ал шешкен жағдайда дұрыс шешпегенiн анықтаса тиiстi өтiнiшiнде көрсетедi.
Мысалы, адвокат iстi зерттей отырып сот психиатриялық сараптама актiсi қорғауындағы адамның психикалық жағдайына қарама-қайшы келедi.
Адвокат өтiнiм жазады, өтiнiмдi қарастырғаннан кейiн сот iстi сотталушының есiмiн дұрыстығын шешу үшiн қосымша тергеуге жiбередi.
Адвокаттың заңның бұзылғанын табуда екi бағытты қолданады:
- сот отырысын тағйындауға кедергi қелтiретiн қылмыстық iс жүргiзу Заңының бұзылуын табу.
- заң бұзушылықпен алынған дәлелдемелердi табу.
Адвокат көңiлiн қылмысқтық iс жүргiзу заңының бұзылуына бөледi. Егер де осындай заң бұзушылық кездессе, осындай бұзушылықты жою үшiн қосымша тергеуге жiбередi.
Iстi зерттей адвокат нақты қылмыстық спецификасы көрсетiлген тергеу әрекеттерiне немесе толтырылған құжаттарға ерекше назар аударады.
Сонымен қатар тергеу органдары айыпталушының процессуалдық құқықтарын шектейдi. Тәжiрибеде бұл заң талаптарын бұзу жиi кездеседi. Тергеу органдары көбiнесе айыпталушыға арыз, өтiнiш жасау құқықтарын түсiндiрмейдi.
Жауап алу хаттамасында тергеу органының болжамына сәйкес келетiн мәлiметтердi ғана жазады. Айыпталушының басқа мәлiметтерi жауап алу хаттамасында көрсетiлмейдi. Жазылған хаттамада айыпталушының заңға қайшы әрекетiнiң жасау себептерi көрсетiлмейдi. Осыған қатысты адвокат көңiлiн аудара отырып қорғау қорғау тезисiн айтады: тергеушi тек қана айыптаумен айналысқан, ал басқа болжамдар қарастырылмаған да.
Басқа жағдайларда тергеу органдары айыпталушының жауабын жасаған қылмысын, себептерiн, қылмыс жасауға итермелеген мән-жайлар, жәбiрленушiмен қарым қатынасын тиянақты жазады, бiрақ мәлiметтердi тексеру шарасын жүргiзбейдi. Соңында айыпталушының болжамы тексерiссiз қалады. Айыпталушының болжамын тексермеудiң себебi, тергеу органдарының ойынша, жасалған қылмысқа қатысты дәлелдемелердiң жеткiлiктiгi, әрекетi айқын т.б.
Айыпталушының қорғану құқығын бұзу тергеу органдарының әр түрлi өтiнiмдерiн қанағаттандырусыз қалдыруында байқалады. Айыпталушының өтiнiмдерi - сот медициналық немесе сот психиатриялық сараптама тағайындауына, өзiнiң оң мiнездемесi жазылған мәлiметтерi көрсетiлген жазбаша құжаттар мен материалдар белгiлi тұлғалардың жауап алу хаттамасы беттестiру жүргiзуiне жазылады.
Адвокаттың қорғауындағы адамның құқықтарының бұзылғандығы, мына жағдайларда айқын көрiнедi, айыпталушы қылмыс жасаған кезде жауапқа тартылмаған басқа да тұлғалардың қатысқаны жөнiнде мәлiметi, бұл мiәлiметтi тергеу органы тексермегендiктен байқайды.
Айыптаудың заңдылығын бағалау. Қылмыстық iс жүргiзу заңы мiндейттейдi қылмыс жасады деп айыптау үшiн негiз беретiн жеткiлiктi дәлелдемелер болған кезде тергеу органы адамды айыпталушы ретiнде жауапқа тарту туралы дәлелдi қаулы шығаруы туралы.
Айыпталушы ретiнде жауапқа тарту қаулыда мыналар көрсетiлуi тиiс.
- оның жасалған уақыты мен орны; қаулыны кiм жасаған; айыпталушы ретiнде жауапқа тартылатын адамның тегi, аты-жөнi, оның туған күнi, айы, жылы және жерi;
- айыпталушы айыпталып отырған қылмыстың жасалған уақыты, орны көрсетiлген сипаттамасы, сондай-ақ ҚIЖК-нiң 177 бабына сәйкес дәлелдеуге тиiстi өзге де жағдайлардың сипаттамасы;
- аталған қылмыс үшiн жауаптылықты көздейтiн қылмыстық заң (бап, бөлiк, тармақ).
Қаулыда жасалған қылмыс туралы мәлiметтер адвокаттың қорғауындағы адамның жауаптылығының шегiн белгiлейдi. Бұл жауаптылықтың шегiн тергеу орны жаңа айып тағылмағанша ұзарта алмайды.
Адвокат мынадай жағдайларды белгiлейдi, айып тағылғаннан кейiн тергеу органы жасалған қылмыс бойынша жаңа мән-жайларды табады, содан кейiн жаңа айыптау тағайындамай, айыптау қорытындысына қоса салады.
Мұндай әрекеттер қылмыстық iс жүргiзу заңына қайшы келедi. Адвокат iстi зерттеу барысында осыған ұқсас айыптау шегiн кеңiту деректерiн тапса, сот алдында тергеу органдарының айыптауға енгiзген адвокатқа, қорғауындағы адамға көрсетiлмеген мән-жайларды қысқартуды және жаңа айыптау тағайындау мәселелерiн шешедi.
Кей жағдайда айыптау шегiн заңсыз кеңiтудiң себебi, тергеудi жүргiзген тұлғаның материалдық нормаларды және iс жүргiзу құқық нормаларын жеткiлiксiз бiлуi және әлсiз прокурорлық қадағалау.
Iсте тергеушiнiң жұмысын зерттеуде, адокат тергеушi мен прокурордың - iс жүргiзуде қарсы жақтар екенiн бiлуi тиiс.
Топтық iстердiң жауаптылығының нақтылығы. Ұйымдасқан топ жасаған қылмыстық iстер бойынша қылмыс жасағандағы әрекеттерi мен белсендiктерi ескермей, тексермей iске қатысушыларға, яғни, айыпталушыларға бiрдей айып тағып құқықтарын бұзады.
Адамдар тобымен жасалған қылмыстық iстi зерттеу барысында айыпталушылардың әр қайсысының қандай әрекеттерiн жасағандандықтарын белгiлеу қиын. Мұндай жағдайда адвокат тергеу органдарының қайшылықты тиянақты анықтағандарын тексередi. Егер адвокат тергеу кезiнде барлық шаралар қолданылғанымен айыпталушылардың әрқайсысының жеке қандай әрекеттер жасағандығы анықталмағанына көзiн жеткiзсе, онда нақты деректерсiз тағылған айып айыпталушының құқына шектеу келтiрiлдi деп есептелiнбейдi.

2 Адвокаттардың сот тергеуiне қатысуы
Осындай жағдайлар сот тергеу барысында анықталады, көбiнесе сот отырысында сотталушылар кiмнiң қандай қылмыс жасауда үлестерiн қосқандығын өздерi айтады. Осылайша шындық белгiлi болады, ал қорғану құқығы - қамтамасыз етiледi.
Адвокат сот тергеуiнде мынадай мiндеттердiң шешiлуiн көздейдi;
- қылмыстық оқиғасын белгiлеуi
- қорғауындағы адамның кiнәлiлiгiн зерттеу.
Осы мiндеттерiн жеке-жеке қарастырайық.
1. Қылмыстық оқиғасын белгiлеуi. Қылмыстық оқиғаны толық анықтау үшiн, адвокат сотталушы мен жәбiрленушiнiң нақты жасаған әрекеттерiн алуы керек.
Мысалы, бiреу жай өтiп бара жатқан екiншi адамға тиiседi, екiншi адам - жауап ретiнде бiрiншi адамды балағаттап, соңында ұрып жықты. Қылмыстық оқиғаны дұрыс қорытындылау үшiн қылмыстық iске қатысушы тұлғалардың (сотталушы мен жәбiрленушiнiң) әрекеттерiн анықтауы тиiс. Мұндай қорытынды қылмыстық iстiң нақты материалдарымен берiледi.
Қылмыстық оқиғаны анықтап отырып адвокат бiр әрекеттердi қорытындылап қылмыстық әрекетке жатқызса, басқасы - құқыққа қайшы әрекеттер, үшiншi - моральдық әрекеттер, төртiншiден - жай тұрмыстық.
Қылмыстық оқиғаны қорытындылауда адвокат қоғамға көмегi тиген әрекеттерге мән беруi тиiс.
Мысалы, адвокаттың қорғауындағы адам құқық бұзушыны ұстап алуы, ДТП - iсi бойынша жәбiрленушiге сотталуышының көмегiн көрсетуi т.б.
Осыған ұқсас iстерде әрқашанда қорғану мүмкiндiктерi бар.,
Сонымен қатар адвокат қорғауындағы адамның қолданылып жүрген заңға, қоғамға салқырт, тәкаппар екенiн анықтауы керек.
Мұндай бағаны адвокат куәнiң, жәбiрленушiнiң жауап алу хаттамасының негiзiнде анықтайды. Куә, жәбiрленушiнiң берген мәлiметтерiнде сотталушының әрекетiнде менсiнбеушiлiк, тәкаппарлылығы, қоршаған ортаны сыйламайтындығы көрсетiледi. Мұндай әрекеттер болса адвокатқа тәртiп, сыйласымдылық жағдайларын қозғамауына тура келедi.
Адвокат сотталушының, жәбiрленушiнiң, куәлардың жауаптары секiлдi құжаттар негiзiнде қылмыстық жағдайды белгiлейдi.
Адвокат қорғауындағы адамның жасаған әрекетiнде қылмыстық әрекеттердiң бар немесе жоқ екенiн өзi дәлелдеуi керек, егер де қылмыстық әрекет болмаса айыптаудан босатуды талап ете алады.
Қылмыстық оқиға әрқашанда нақты. Белгiлi орында және белгiлi уақытта жасалған қылмыс, нақты белгiленген қылмыс болып табылады.
Тәжiрибеде уақытын, күнiн, тiптi сағатын белгiлеудi талап етедi. Бұлар болмаса қылмыстық оқиға нақты болмайды.
Қылмыстың жасалған орны мен уақыты кез келген қылмыстарға сәйкес объективтi жағы болып табылады.сонымен қатар ауырлық дәрежесiн анықтауға қажет.
Кез келген қылмыстық оқиға дәлелденген болып табылмайды, егер оның тәсiлдерi анықталмаса қылмыс әр түрлi тәсiлдермен жасалынуы мүмкiн. Куәлердiң жәбiрленушiнiң қандай тәсiлмен қылмыстық әрекет жасалғандығын тергеу кезiнде айтса, қылмыстық оқиғаның болғандығын дәлелдейтiн дәлелдеме болады. Егер де мұндай дәлелдемелер болмаса қылмыстық оқиғаның дәлелденгендiгiне адвокат қарсы шыға алады.
Сонымен қатар адвокат қылмыстық оқиға болған уақытта жәбiрленушi мен сотталушының қарым-қатынасын бiлуi тиiс.
Адвокат өз қарауындағы адамды, жәбiрленушiлердi, куәлерден жауап алған кезде нақты қандай құқықтарының бұзылғанын, шектелдгенiн, қылмыстық құқыққа қайшы тқандай әрекет жасалғанын, жәбiрленушiнiң өмiрiне, денсаулығына қандай дәрежеде қауiп төнгенiн анықтауы тиiс.
Қылмыстық iс әрекет жасай отырып субъект тұлғаның өзiне және мүлiкке залал тигiзуi мүмкiн. Мұндай жағдайда адвокат жасалған мүлiктiк залалдың сомасымен анықтауы тиiс. Бұл қылмыстық оқиғаны анықтаумен қатар қоғамға қаншалықты әсерiн тигiзгенiн шешедi. Адвокаттың нақты қанша материалдық залал келтiретiнiн анықтауы соттың қылмыстық әрекеттiң дұрыс саралауына көмектеседi.
Атыс қаруын, газ қаруын, пышақты, кастеттердi және өзге де суық қаруды не денсаулыққа зиян келтiру үшiн арнайы бейiмделген басқа да заттарды қолданған қылмыстар да кездеседi. Сотта осы аталған заттар қару ретiнде қолданылғаны анықталса қылмыстық оқиға дәлелденген болып табылады. Мұндай заттарға қылмыс жасау мақсатында алдын ала дайындаған және қылмыс әрекетiнде қолданамын депесетеген құралдар кiредi.
Егер де адвокат сотта қорғауындағы адам жәбiрленушiге аяқ астынан табылған затпен (таяқ, отвертка) дене жарақатын салса да ҚР ҚК 257-бабының 3 бөлiгi мен сараланбайды. Аяқ астынан табылған, тұрмыстық ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДАҒЫ АДВОКАТУРА ЖӘНЕ АДВОКАТТЫҚ ҚЫЗМЕТ
Адвокаттар көрсететiн заң көмегiнiң түрлерi
Адвокаттың азаматтық процеске өкіл ретінде қатысу мәселелері
Адвокатура қызметінің құқықтық мәртебесі
Адвокаттың сот процесіне қатысуы
Адвокаттың алқабилер қатысуымен жүргізілетін сот өндірісі
Өкіл мен сот
Қылмыстық iс бойынша адвокаттардың қорғауға қатысуы
Азаматтық іс жүргізудегі адвокатура ролі және адвокаттық қызмет
Азаматтық іс жүргізудегі адвокат қызметінің құқықтық мәселелері
Пәндер