Қазакстандағы экономикалық бәсеке



ЖОСПАР

Кіріспе 3
1. Бәсеке мәні 4
2. Бәсекенің түрлері 6
3. Қазақстандағы бәсекенің дамуы және оның маңызы 9
Қорытынды 13
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі 15
Кіріспе
Нарықтық механизмді ең жалпы түрде экономиканың негізгі мәселелерін шешу мақсатында өндірушілер мен тұтынушылардың нарық арқылы өзара әрекет ететін шаруашылықты ұйымдыстыру формасы деп анықтауға болады.
Нарық дегеніміз не? Басында нарық дегенді әр түрлі тауарларды сатумен байланысты жұртқа жария орын ретінде түсіндірді. Қоғам дамыған сайын, оның экономикалық құрылымы қиындаған сайын нарық ұғымы да өзгеріп отырды. Қазіргі дамыған қоғамда нарық деген міндетті түрде сатушылар мен сатып алушылар кездесіп, келісім жасайтын орын емес. Қазіргі заманда саудагер теледидар арқылы жарнама бере алады, сатып алушылармен тікелей байланыспай-ақ алыс-беріс жасаушылардың тапсырыстарын телефонмен жинап және тауарларды почта арқылы жібере алады. Нарық — қоғамдық еңбек бөлінісі негізінде оқшауланған өндірушілердің арасындары үстемдік етуші және анықтаушы байланыс әдісі ретінде көрінеді.
Тауар өндірісі жағдайында нарықтық байланыстар экономикалық қатынастардың барлық жүйесін және барлық субъектілерін қамтиды. Нарықтың құрамына өз жұмыс күшін сатушы кәсіпкерлер де, еңбеккерлер де, соңғы тұтынушылар да, қарыз капиталының және бағалы қағаздардың иелері де т. б. кіреді. Осыған сәйкес, қазіргі нарықтық экономика нарықтардың бүгінгі бір жүйесі тауар мен қызметтер, жұмыс күші, қарыз капиталдарының, бағалы қағаздардың, валюталық нарық және басқалары. Алайда қандай нарық болса да, оның нақты түріне байланыссыз, үш негізгі элементке: бағаға, сұраныс пен ұсынысқа, бәсекеге негізделеді.
Әрбір экономикалық жүйе негізгі үш сұрақты шешу қажеттігіне ұшырайды: He өндіру керек? Қалай өндіру керек? Кім үшін өндіру керек? Нарықтық экономикада бұл сұрақтар негізінде нарықтың көмегімен шешіледі (баға, сұраныс пен ұсыныс және бәсеке механизмі арқылы).
Әрбір кәсіпкердің мақсаты пайданы барынша ұлғайту, соңдықтан да олар шаруашылық қызметінің көлемін ұлғайтуға тырысады. Ал бұның өзі өндірістің аса қолайлы жағдайлары үшін кәсіпкерлердің өзара күресіне әкеліп соғады да, олардың бір-біріне деген қатынасы қарсыластар немесе бәсекелестер ретінде көрінеді. Егер қандайда бір тауардың ұсынысы сұранысынан көп болса, онда сатушылардың арасындағы бәсекелік күрес күшейеді. Олардың әрқайсысы өз тауарын сату үшін бағасын төмендетуге жиі барады, ал ол өз кезегінде осы тауарды өндіруді азайтады. Егер сұраныс ұсыныстан көп болса, онда бір-бірімен бәсекеге сатып алушылар түседі. Тапшы тауарды алу мүмкіндігіне ие болу үшін, әрбір сатып алушы өз қарсыласына қарағанда жоғары баға ұсынуға тырысады. Баға өседі, ол осы тауарға ұсынысты ұлғайтады.
Бәсеке нарық механизмінің қажетті элементі, бірақ бәсекенің сипаты әр түрлі болуы мүмкін, ол нарықтық тепе-теңдікке жету әдісіне елеулі әсер етеді. Нарықтық механизм еркін немесе жетілген бәсеке жағдайында, яғни нарықтағы жағдай көптеген сатушылар мен сатып алушылардың, сатылатын өнімдердің біртектілігімен, фирмалардың нарыққа еркін кіруімен сипатталғанда барынша тиімді әрекет етеді. Жетілген бәсеке кезінде сатушылар мен сатып алушылардың ешқайсысы да нарықтық бағаға әсер ете алмайды, Егер дұрысын айтсақ, жетілген бәсеке таза күйінде ешқашанда және еш жерде болған емес. Оны тек ғылыми абстракция ретінде қарау керек, соған қарамай, нарықтық механизмнің қызмет істеуінің негізгі принциптерін түсіну үшін талдау қажет. Сондықтан да біз осы жұмыста Қазақстанның нарықтық экономикаға көшуіне орай пайда болған бәсекелестіктің мәнін, оның формалары мен түрлерін қарастыруды таңдап алдық.
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі

1. Әкімбеков С.А., Баймұхамбетов А.С., Жанайдаров У.А. Экономикалық теория. Оқу құралы. Астана, 2000.
2. Әубәкіров Я.Ә. және ұжым, Экономикалық теорияның негізі. Оқу құралы. Алматы, 1998.
3. Әубәкіров Я.Ә. және ұжым, Экономикалық теория. Оқулық. Алматы, 1999.
4. Курс экономической теории /Под ред. Чепурина М.Н., Киселевой Е.Н. Киров:АСА, 1995.
5. Қошанов А. Экономикалық теория және реформа. /Ақиқат, 11 қараша, 1994 ж.
6. Саниев М.С. Ақша, несие, банктер. – А., 2001.
7. Назарбаев Н.Ә. Қазақстан халқына 2004 жылға арналған Жолдауы. / Егемен Қазақстан, желтоқсан, 2003 ж.

Пән: Экономика
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 13 бет
Таңдаулыға:   
ЖОСПАР

Кіріспе 3
1. Бәсеке мәні 4
2. Бәсекенің түрлері 6
3. Қазақстандағы бәсекенің дамуы және оның маңызы 9
Қорытынды 13
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі 15

Кіріспе

Нарықтық механизмді ең жалпы түрде экономиканың негізгі мәселелерін
шешу мақсатында өндірушілер мен тұтынушылардың нарық арқылы өзара әрекет
ететін шаруашылықты ұйымдыстыру формасы деп анықтауға болады.
Нарық дегеніміз не? Басында нарық дегенді әр түрлі тауарларды сатумен
байланысты жұртқа жария орын ретінде түсіндірді. Қоғам дамыған сайын, оның
экономикалық құрылымы қиындаған сайын нарық ұғымы да өзгеріп отырды.
Қазіргі дамыған қоғамда нарық деген міндетті түрде сатушылар мен сатып
алушылар кездесіп, келісім жасайтын орын емес. Қазіргі заманда саудагер
теледидар арқылы жарнама бере алады, сатып алушылармен тікелей байланыспай-
ақ алыс-беріс жасаушылардың тапсырыстарын телефонмен жинап және тауарларды
почта арқылы жібере алады. Нарық — қоғамдық еңбек бөлінісі негізінде
оқшауланған өндірушілердің арасындары үстемдік етуші және анықтаушы
байланыс әдісі ретінде көрінеді.
Тауар өндірісі жағдайында нарықтық байланыстар экономикалық
қатынастардың барлық жүйесін және барлық субъектілерін қамтиды. Нарықтың
құрамына өз жұмыс күшін сатушы кәсіпкерлер де, еңбеккерлер де, соңғы
тұтынушылар да, қарыз капиталының және бағалы қағаздардың иелері де т. б.
кіреді. Осыған сәйкес, қазіргі нарықтық экономика нарықтардың бүгінгі бір
жүйесі тауар мен қызметтер, жұмыс күші, қарыз капиталдарының, бағалы
қағаздардың, валюталық нарық және басқалары. Алайда қандай нарық болса да,
оның нақты түріне байланыссыз, үш негізгі элементке: бағаға, сұраныс пен
ұсынысқа, бәсекеге негізделеді.
Әрбір экономикалық жүйе негізгі үш сұрақты шешу қажеттігіне ұшырайды:
He өндіру керек? Қалай өндіру керек? Кім үшін өндіру керек? Нарықтық
экономикада бұл сұрақтар негізінде нарықтың көмегімен шешіледі (баға,
сұраныс пен ұсыныс және бәсеке механизмі арқылы).
Әрбір кәсіпкердің мақсаты пайданы барынша ұлғайту, соңдықтан да олар
шаруашылық қызметінің көлемін ұлғайтуға тырысады. Ал бұның өзі өндірістің
аса қолайлы жағдайлары үшін кәсіпкерлердің өзара күресіне әкеліп соғады да,
олардың бір-біріне деген қатынасы қарсыластар немесе бәсекелестер ретінде
көрінеді. Егер қандайда бір тауардың ұсынысы сұранысынан көп болса, онда
сатушылардың арасындағы бәсекелік күрес күшейеді. Олардың әрқайсысы өз
тауарын сату үшін бағасын төмендетуге жиі барады, ал ол өз кезегінде осы
тауарды өндіруді азайтады. Егер сұраныс ұсыныстан көп болса, онда бір-
бірімен бәсекеге сатып алушылар түседі. Тапшы тауарды алу мүмкіндігіне ие
болу үшін, әрбір сатып алушы өз қарсыласына қарағанда жоғары баға ұсынуға
тырысады. Баға өседі, ол осы тауарға ұсынысты ұлғайтады.
Бәсеке нарық механизмінің қажетті элементі, бірақ бәсекенің сипаты әр
түрлі болуы мүмкін, ол нарықтық тепе-теңдікке жету әдісіне елеулі әсер
етеді. Нарықтық механизм еркін немесе жетілген бәсеке жағдайында, яғни
нарықтағы жағдай көптеген сатушылар мен сатып алушылардың, сатылатын
өнімдердің біртектілігімен, фирмалардың нарыққа еркін кіруімен
сипатталғанда барынша тиімді әрекет етеді. Жетілген бәсеке кезінде
сатушылар мен сатып алушылардың ешқайсысы да нарықтық бағаға әсер ете
алмайды, Егер дұрысын айтсақ, жетілген бәсеке таза күйінде ешқашанда және
еш жерде болған емес. Оны тек ғылыми абстракция ретінде қарау керек, соған
қарамай, нарықтық механизмнің қызмет істеуінің негізгі принциптерін түсіну
үшін талдау қажет. Сондықтан да біз осы жұмыста Қазақстанның нарықтық
экономикаға көшуіне орай пайда болған бәсекелестіктің мәнін, оның формалары
мен түрлерін қарастыруды таңдап алдық.

1. Бәсеке мәні

Нарықтық жүйе бәсекелестік сияқты қасиетімен сипатталады. Бәсекелестік
латын тілінен аударғанда қарама - қарсы кездесу деген мағынаны беріп,
экономикалық агенттер арасындағы өнімді өндіру және өткізудің ең ұтымды
жағдайлары үшін болатын күресті білдіреді. Бәсекелестік өндірушіні ғылыми -
техникалық жетістіктерді енгізуге, еңбек өнімділігін көтеруге, технология
мен еңбектің ұйымдастырылуын жетілдіруге және т.с.с. итермелей отырып,
өндіріс қарқыны мен көлемінің реттеушісі рөлін атқарады. Бәсекелестіктің
артықшылығы оның шектелген ресурстар бөлінісін жарысушылардың экономикалық
аргументтеріне тәуелді етіп қоятынында көрініс табады. Бесекелестік күресте
игіліктерді (экономикалық ресурстарды, өнімді) салыстырмалы жоғары сапада
немесе салыстырмалы төмен бағамен ұсына отырып қана жеңуге болады.
Сондықтан бәсекелестіктің рөлі оның сапалы және тепе-теңдік бағамен
салыстыратын игіліктердің жеткілікті көлеміндегі өндірісіне кепілдік
беретін нарықтағы белгілі бір тәртіптің белгіленуіне әрекеттесетіндігінде
көрініс табады.
Нарықтық экономиканың негізгі ерекшелігі болып еркін таңдау: өндіруші
үшін өндірілетін өнімді таңдау еркі, тұтынушыға тауарды алуда, жұмысшыға
жұмыс орнын таңдау еркі айтылады. Бірақ еркін таңдау экономикалық табысты
өзінен-өзі қамтамасыз ете алмайды. Ал оны бәсекелестік күресте ғана жеңіп
алады.
Бәсеке - бұл нарықтық экономиканың қатысушыларының арасындағы
тауарларды сатып алу және сату барысында өндірістегі ең жақсы жағдайлары
үшін бақталастық.
Тауардың бәсекелік нарығында сұраныс пен ұсыныстың әрекет ету
механизмі қалай жұмыс істейтінін және сұраныс пен ұсыныс тең болған
деңгейде нарықтық баға калай орнайтынын байқайық.
Нарықтық баға мен оның сұранысқа ие санының арасында барлық уақытта
белгілі бір арақатынас болады, баға жоғары болған сайын, оны сатып
алушылардың саны азаяды, яғни сұраныс деңгейі төмен болады (табыстардың сол
деңгейінде) және, керісінше, баға төмен болған сайын сатып алушылардың саны
мен сатылып алынған тауарлардың саны көп болады.
Сұраныстың біртіндеп азаюы заңының барлық тауарларға қатысы бар. Оның
себептерін анықтау қиын емес: олар бәрінен бұрын сатып алушылардың
табыстарының шектеулілігіне байланысты. Егер жоғары бағалы тауарды тек бай
адамдар ғана сатып алса, бағаның төмендеуі, біріншіден, нарыққа жаңа сатып
алушыларды әкеледі. Екіншіден, бағаның әрбір төмендеуі тауарды тұтынушыны
қосымша сатып алуға итермелейді. Сонымен бірге мынаны да атап өту керек,
осы тұтынушының сұранысының өсуі тоқтағаннан кейін де, бағаның одан әрі
төмендеуінде төмен деңгейдегі табысты адамдардың өз қажеттерін өтей бастауы
себепті нарықтағы сатып алу сомасы ұлғая береді. Егер нарықтық жағдайды
сатушылар немесе ұсыныс жағынан қарасақ, онда кері көрініс орын алады.
Барлық сатушылар нарықта ең жоғары баға алуға ұмтылады. Сондықтан баға
жоғары болған сайын, олар белсенді түрде көп тауар сатуға тырысады, яғни
ұсынысты ұлғайтады.
Басқаша айтқаңда, әрбір сатушының ұсыныс көлемі бағаға байланысты
өзгеріп отырады, баға жоғары болған сайын басқалар тең жағдайда, осы
тауардың рыногындағы ұсыныстың көлемі жоғары болады.
Сонымен, бәсеке және сұраныс пен ұсыныстың тербелуі нарықта тепе-
теңдік орнықтыруға алып келеді. Қоғамдағы осы тауардың шектелген саны оны
тұтынуы мүмкін деген тұтынушылардың арасында бөлінеді. Бірақ, бұл жалпы
нарықтағы жекелеген тепе-теңдік. Нарықтағы бағалардың тауарларға сұраныс
пен ұсыныстың өзгеріп отыруына байланысты ылғи қозғалыста болатынын есте
ұстау керек. Бұл өзгерістер бір-біріне тәуелсіз бола алмайды, керісінше,
бәрі өзара байланысты. Тауар бағасының әрбір өзгеруі басқа тауарлардың
бағаларының өзгеруіне әкеледі.
Сұраныс пен ұсыныстың өзгеру және тепе-теңдік бағасының құрылу
механизмінің заңдылықтарын талдау, экономикалық еркін нарықтық механизмнің
заңдылықтарын талдау, экономикалық еркін нарықтық механизмнің қарапайым
қызмет етуін жалпы тепе-теңдікке жетудің аса манызды шарт екенін
сипаттайды. Экономикалық еркіндік деңгейі біріншіден, кәсіпкерлік
еркіндігі, екіншіден, сатушылар мен сатып алушылардың таңдау еркіндігі,
яғни сауда еркіндігі, үшіншіден, ресурстарды әр түрлі қолдану сфераларына
ауыстыру еркіндігі, төртіншіден, баға құру еркіндігінен тұрады. Нақ осы
экономикалық еркіндік нарыққа өзгермелі жағдайларға икемді бейімделуге және
жекелей де жалпы да тепе-тендікті қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.

2. Бәсекенің түрлері

Бәсеке - нарықтық қатынастардың негізгі категориясы, әр түрлі формада
болады және әр түрлі жолдармен іске асырылады. Ол сала ішіндегі (біртектес
тауарлар арасында) және сала аралық (әр түрлі салалар тауарлары арасында)
бола алады. Ол бағалық және бағалық емес бола алады.
Бағалық бәсеке тауарлар мен қызметтерді бәсекелестің бағасына
қарағанда төмен бағамен сатуға негізделген. Баға төмендету шығынды азайту
немесе пайданы азайту арқылы ғана мүмкін. Оны тек ірі фирмалар ғана істей
алады.
Бағалық емес бәсеке техникалық артықшылықтардың арқасында жететін
тауарлардың жоғарғы сапасымен және сенімділігімен сатуға негізделген.
Нарықтық қатынастар қатысушыларының өзара қалай бәсекелесуіне
байланысты жетілген (еркін) және жетілмеген бәсеке рыногі деп бөлінеді.
Жеке фирмалардың өнім бағасына (базар нарқына) әсер етуі неғұрлым аз
болса, солғұрлым нарық бәсекелік деп саналады.
Жетілген бәсеке (еркін бәсеке рыногі) дегеніміз нарықта бір-біріне
тәуелсіз көптеген сатушылар мен сатып алушылар қызмет ететін және тең
мүмкіндіктері мен құқықтары бар бәсекенің идеалды бейнесін айтады.
Жетілген бәсекенің негізгі белгісі: әрбір фирманың үлесі жалпы өнімге
шаққанда аз болғандықтан, ешқайсысының бөлшек бағаға әсері өте төмен
болады. Ұсыныс бағалары төменгі шекте теңеледі.
Жетілген бәсеке толық түрде болмайды. Оған тек жуық шамада жақындауға
болады. Еркін бәсеке деп XIX ғасырдың ортасында болған бәсекені шартты
түрде айтуға болады.
XIX ғасырдың екінші жартысынан бастап ҒТП-ң әсерінен өндірісті
шоғырландыру жүріп жатыр, ол ірі және аса ірі кәсіпорындардың, яғни
монополияның құрылуына әкеп соқты.
Монополия жеке өндіруші тауар рыногын бақылап және сол нарықта үстем
орын алған кезде пайда болады.
Монополияның мақсаты - нарықта баға мен өндіріс көлемін бақылау арқылы
мүмкін болатын жоғары табыс алу. Мақсатқа жету құралы болып орташадан
жоғары пайданы қамтамасыз ететін монополиялық баға құрылуын ұсынады.
Монополия бірнеше компаниялардың қосылуы арқылы құрылады және мынадай
ұйымдық формалары бар:
Картель - шығарылып отырған өнім мен өткізу рыногын бөлу туралы
келісім квотасы (саны).
Синдикат - өнімді бірлесіп өткізуді ұйымдастыру мақсатымен бірігу.
Трест - монополияға енетін фирмалардың меншік өндіріс және өнімді
өткізуге байланысты бірігуін айқындайды. Концерн - қаржы орталығы бір,
бірақ жалпы технологиясы кіріккен әр түрлі фирма, салалардың ұйымдық
формалары кіретін монополия.
Конгломерат - басты фирманың қызмет өрісімен өндірістік және
технологиялық байланысы жоқ ірі корпорациялардың салаға кіруіне негізделген
бірлестік. Монополияның пайда болуы бәсекені жетілмеген (жетілмеген бәсеке
рыногы) сипатта дамытады.
Жетілмеген бәсеке деп еркін бәсекенің шарттарының кем дегенде біреуі
орындалмайтын нарықты атайды.
Жетілмеген бәсеке үш типке бөлінеді: монополиялық бәсеке, олигополия,
таза монополия.
Монополиялық бәсеке кезінде нарықта сатушылар мен сатып алушылардың
саны бірнешеу болады. Бірақ жаңа құбылыс пайда болады - өнімнің
дифференциациясы, яғни өнімнің даярлығы оны басқа бәсекелестің ұқсас
тауарларынан айырып тұратын қасиетінің болуы. Ондай қасиеттер: өнімнің
жоғарғы сапасы, әдемі орамы, сатудағы жақсы шарттар. Дүкеннің жағымды
орынға орналасуы, жоғары деңгейдегі сервис және т.б. болып табылады.
Осындай артықшылықтарға ие бола отырып, дифференциалданған өнімнің иесі
белгілі бір деңгейде монополист болады және бағаға әсер ету мүмкіндігіне
ие. Бірақ, әрбір сатушының сату көлемі жоғары болмағандықтан, бірде
монополист - фирмалар көп болады да, олардың әрбіреуі нарықтық бағаны
шектелген түрде бақылай алады - бұл монополиялық бәсекенің ерекше белгісін
көрсетеді.
Олигополиялық бәсеке дегеніміз бірнеше фирма үстемдік ететін нарық
(грек. оlіgоz -аздаған, роlіо - сату). Оған біртекті немесе әр түрлі өнімді
сипаттама тән, ал басты белгісі - баға лидердің принципі бойынша
бекітіледі. ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
МОНОПОЛИЯНЫҢ ЭКОНОМИКАЛЫҚ МАҢЫЗДЫЛЫҒЫ
Бәсекелестік қатынастардың негізгі түрлері
Қазақстан экономикасындағы монополиялар
Бәсекелестіктің дамуы және монополистік қызметтер
Нарықтық экономиканың кемшіліктері
Қазақстан Республикасының монополияға қарсы жүргізілетін мемлекеттік шаралар жүйесіне және оларды жүзеге асыру әдістерінің негізін қалыптастыру ерекшеліктеріне талдау жасау
Нарықтың әлеуметтік – экономикалық мазмұны
Нарықтық экономиканы реттеу әдістері
Жалақы теориясы:мәні, түрлері, жіктелу ерекшеліктері
МУНИЦИПАЛДЫҚ ҚҰРЫЛЫМДАРДА КЛАСТЕРЛІК ЖҮЙЕЛЕРДІ ДАМЫТУ ЖӘНЕ БЮДЖЕТТІК ҚАРАЖАТТАРДЫ БӨЛУДЕ МОНОПОЛИЯҒА ҚАРСЫ МЕХАНИЗМДЕРДІ ҚОЛДАНУ АРҚЫЛЫ ӨНІМДЕРДІ ИМПОРТ - ЭКСПОРТТАУ МӘСЕЛЕЛЕРІ
Пәндер