Құқықтың пайда болу ерекшеліктері және негізгі теориялар



ЖОСПАР
КІРІСПЕ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..3
1 Мемлекеттің пайда болуы туралы жалпы заңдылықтар ... ... ... ... ... ... ..4
2 Құқықтың пайда болу ерекшеліктері және негізгі теориялар ... ... ... ... ..7
ҚОРЫТЫНДЫ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 10
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...11
КІРІСПЕ
Мемлекет пен құқық теориясы – қоғамдағы мемлекеттілік пен құқықтық құбылыстарды зерттейтін ғылым. Әр ғылымның өздері ғана зерттейтін пәндері болады. Яғни, белгілі бір мөлшердегі сол пәнге сай зерттелуге жататын құбылыстар мен заңдылықтар.
Мемлекет пен құқық теориясының пәніне олардың пайда болуы, қызметі, дамуы туралы негізгі және жалпы заңдылықтар жатады. Бұл ғылым мемлекет пен құқықтың пайда болуының себептерін, олардың нысандарын, кейіптерін (типін), мемлекеттік және құқық жүйесінің құрылуындағы негізгі заңдылықтарды, олардың қызметінің қоғамдық өмірге тікелей қатыстылығын зерттейді.
Өз кезегінде мемлекеттің қалыптасуы – әртүрлі халықтарда түрліше жүзеге асқан ұзақ үдеріс.
Шығыста «өндірістің азиялық тәсілін (Египет, Вавилон, Үндістан, Қытай және т.б.) нысаны кеңінен таралды. Бұл жерде рулық құрылымның әлеуметтік-экономикалық бөліктері–жердік үлес, ұжымдық меншік және т.б. тұрақты сипатты иеленді. Ежелгі Шығыста пайда болған алғашқы мемлекеттер ауылдық қауымдастықтарды қанай отырып, оларды басқарды, яғни, өндірісті ұйымдастырушы рөлін атқарды.
Афины мен Римде мемлекеттің пайда болу бағыты басқаша жолмен жүзеге асырылды, бұларда құлиеленушілік мемлекет меншіктің пайда болуы және қоғамның таптарға бөлінуі негізінде пайда болды. Афины – мемлекеттің пайда болуының ең таза, классикалық нысаны, себебі, мемлекет рулық құрылым ішіндегі таптық қарама-қайшылықтардың негізінде пайда болады. Римде мемлекеттің пайда болуы плебейлердің римдік аристократтар – патрицийлерге қарсы күресінің нәтижесінде тездетілді.
Ежелгі герман мемлекетінің пайда болуы көптеген жерлерді алып жатқан бөтен аумақтарды жаулап алумен байланысты, бұл жерлерге үстемдік орнатуда рулық қоғам әлсіз болды, сол себепті, мемлекеттің пайда болу қажеттігі туды.
Барлық нысандағы мемлекеттердің пайда болуына негіз болып 10-12 мың жылдар бұрынғы неолиттік революция табылды. Оның мәні мынада: өз қажеттіктерін қанағаттандыру мақсатында адам дайын өсімдік және жануарлық нысандарын иемденумен байланысты құралдық қызметтен табиғатты өзгертумен және азық дайындаумен байланысты шынайы еңбек қызметіне ауысты, яғни, иемденушіден өндіруші экономикаға өту орын алды.
Сонымен, мемлекет объективтік түрде, сырттан емес, ішкі факторлардың негізінде пайда болады. Алдағы жұмыста мемлекет пен құқықтың пайда болуы туралы көзқарастарды қамтимын.
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ
1. Т.А.Ағдарбеков, З.Т.Ағдарбекова, М.С.Данишбаева. Мемлекет және құқық теориясы. Түркістан: 2012 ж. - 208 б.
2. Т.А.Ағдарбеков. Мемлекет және құқық теориясы. Алматы: 2003 ж. - 328 б.
3. Д. А.Булгакова. Мемлекет жəне құқық теориясы. Алматы: 2006 ж. - 106 б.

Пән: Құқық, Криминалистика
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 11 бет
Таңдаулыға:   
ЖОСПАР
КІРІСПЕ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 3
1 Мемлекеттің пайда болуы туралы жалпы заңдылықтар ... ... ... ... ... ... ..4
2 Құқықтың пайда болу ерекшеліктері және негізгі теориялар ... ... ... ... ..7
ҚОРЫТЫНДЫ ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 10
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ..11

КІРІСПЕ
Мемлекет пен құқық теориясы - қоғамдағы мемлекеттілік пен құқықтық құбылыстарды зерттейтін ғылым. Әр ғылымның өздері ғана зерттейтін пәндері болады. Яғни, белгілі бір мөлшердегі сол пәнге сай зерттелуге жататын құбылыстар мен заңдылықтар.
Мемлекет пен құқық теориясының пәніне олардың пайда болуы, қызметі, дамуы туралы негізгі және жалпы заңдылықтар жатады. Бұл ғылым мемлекет пен құқықтың пайда болуының себептерін, олардың нысандарын, кейіптерін (типін), мемлекеттік және құқық жүйесінің құрылуындағы негізгі заңдылықтарды, олардың қызметінің қоғамдық өмірге тікелей қатыстылығын зерттейді.
Өз кезегінде мемлекеттің қалыптасуы - әртүрлі халықтарда түрліше жүзеге асқан ұзақ үдеріс.
Шығыста өндірістің азиялық тәсілін (Египет, Вавилон, Үндістан, Қытай және т.б.) нысаны кеңінен таралды. Бұл жерде рулық құрылымның әлеуметтік-экономикалық бөліктері - жердік үлес, ұжымдық меншік және т.б. тұрақты сипатты иеленді. Ежелгі Шығыста пайда болған алғашқы мемлекеттер ауылдық қауымдастықтарды қанай отырып, оларды басқарды, яғни, өндірісті ұйымдастырушы рөлін атқарды.
Афины мен Римде мемлекеттің пайда болу бағыты басқаша жолмен жүзеге асырылды, бұларда құлиеленушілік мемлекет меншіктің пайда болуы және қоғамның таптарға бөлінуі негізінде пайда болды. Афины - мемлекеттің пайда болуының ең таза, классикалық нысаны, себебі, мемлекет рулық құрылым ішіндегі таптық қарама-қайшылықтардың негізінде пайда болады. Римде мемлекеттің пайда болуы плебейлердің римдік аристократтар - патрицийлерге қарсы күресінің нәтижесінде тездетілді.
Ежелгі герман мемлекетінің пайда болуы көптеген жерлерді алып жатқан бөтен аумақтарды жаулап алумен байланысты, бұл жерлерге үстемдік орнатуда рулық қоғам әлсіз болды, сол себепті, мемлекеттің пайда болу қажеттігі туды.
Барлық нысандағы мемлекеттердің пайда болуына негіз болып 10-12 мың жылдар бұрынғы неолиттік революция табылды. Оның мәні мынада: өз қажеттіктерін қанағаттандыру мақсатында адам дайын өсімдік және жануарлық нысандарын иемденумен байланысты құралдық қызметтен табиғатты өзгертумен және азық дайындаумен байланысты шынайы еңбек қызметіне ауысты, яғни, иемденушіден өндіруші экономикаға өту орын алды.
Сонымен, мемлекет объективтік түрде, сырттан емес, ішкі факторлардың негізінде пайда болады. Алдағы жұмыста мемлекет пен құқықтың пайда болуы туралы көзқарастарды қамтимын.

1 Мемлекеттің пайда болуы туралы жалпы заңдылықтар
Мемлекет пен құқықтың пайда болуы алғашқы қауымдық құрылыстың ыдырауымен байланысты, өзінің дамуында, ұзақтығына қарай және кезеңді толтыруына сай әр түрлі төрт кезеңнен өтті.
Біздің эрамызға дейінгі 40 мың жыл шамасында рулық құрылым пайда болды (отты табу, күршектерді, садақты ойлап табу, бір-бірімен адамдардың сөйлесу қабілеттілігінің дамуы). Біздің эрамызға дейінгі 9-6 мыңыншы жылдары неолит кезеңі (жаңа тас заманы) басталады, ол кезде адам аң аулаудан жер өңдеуге және кәсіпкерлікке көшеді. Келе-келе еңбектің бөліну процесі айқындала түседі. Біртіндеп қоғамның жекешеленген аясы ретінде, мал бағу бөлініп шығады (мал айырбас құралы болды, яғни ақша функциясын қабылдаған).
Кәсіпшілік жер өңдеуден бөлінді. Содан кейін бір топ адамдар пайда болып (сатып алушылар) жер өнімдері мен мал шаруашылығы өнімдерін айырбастаумен шұғылданған.
Алғашқы қауымдық құрылыс қалыптасып, рулар бірігіп бір атаның ұрпағы ретінде туыстасып біріккен шаруашылық-пен шұғылданады. Онда рудың ішінде бір-біріне үйленуге рұқсат болмағанына байланысты, солай айтылатын дуальдық ұйым қалыптасады да екі рудың қандас туыстығы бойынша бір екендігі мойындалады.
Жер өңдеу мен мал өсіруге байланысты еркектің (патриархат) рөлі өсе бастайды. Алғашқы қауымдық құрылыстың ыдырауы басталады.
Бұл кезеңде, еркектердің жалпы жиналыстарында басқару, руластырудың теріс қылығы үшін жазалау, табысты бөлу сияқты мәселелер шешілген. Сонымен қатар онда ақсақалдар мен ру басшыларының әкімшілік жұмыстары қаралған. Ру басындағы ақсақалдардың және әскер басшыларының билігі, әскери әрекеттер кезінде сайланған, сайлау ол адамдардың беделдері мен тәжірибесі барлығын сыйлағандыққа негізделген. Ақсақалдардың биліктегі лауазымы, оларға деген ерекшелікке жол бермеген. Қоғамдық билік, рулық қоғаммен тікелей сай келген, одан бөлінбеген.
Құқық сол күйінде болмаған, оның орнында әдет-ғұрып нормалары болған. Кейіннен біртіндеп мононормалар қалыптасып, әрекет еткен.
Келе-келе қандастық туыстық қатынастар ыдырап аумақтықпен алмастырылады, басқару қажеттігінің маңыздылығы мойындалады. Биліктің функциясы бөлініп, светтік (басқаруға), әскери (әскер басшылық), діни (бар тәртіп жолын қолдау үшін идеологиялық негіздеме) құрылады. Ақсақалдар кеңесі ағымдағы басқару органына айналады. Тайпалық бюрократия пайда болады (басқарушылық, әскери, діни), олар қоғамды басқаруды оның жалпы мүддесі үшін емес, меншіктік, топтық, таптық мүдделер үшін басқаруды көздеген. Бұл мемлекеттілік элементтердің алғашқы пайда болу кезеңі - әскери демократия режимі (Л.Г.Морган), қоғамда әскери басшылардың күшті билігі қалыптасып, қоғамдық басқаруда ұйымшылдықтың қалдықтары сақталған.
Қоғам өмірін тұтас организм ретінде сақтауға, қамтамасыз етуге қабілеті бар сана жағынан жаңа ұйым қажет болды. Қоғамнан жоғары тұратын көпшілік биліктің қажеттілігі пайда болды, себебі ол ұйым арнайы адамдардан құралған және тек басқарумен шұғылданып, ұйымдастырушылық кезінде қыстау мүмкіндігімен пайдаланған. Ондай ұйымға - протомемлекеттер жатады. Осы көне қоғамның ұйымы таптыққа дейінгі ертетаптық қоғамдағы өтпелі кезеңге тән болады. Бұл ұйымдар алғашқы рет Оңтүстік Азияда және Солтүстік Африкада пайда болды. Әдеттегідей олар үлкен өзендердің бойындағы кеңістікте орналасты. Тигр, Евфрат, Инда, Янцзы өзендерінің бойында: Үндістан, Ассирия, Персия, Қытай, Хетт мемлекеттері орналасты. Олардың көне тарихы біздің эрамызға дейінгі IV мыңжылдықтан басталады (Шумер, Египет, Вавилон).
Сонымен, мемлекеттің пайда болу себептерінің қатарына төмендегідей қажеттілікті айтуға болады:
* өндірістің даму нәтижесіндегі қиындықтарға байланысты қоғамды басқаруды жетілдіру, еңбекті бөлу, табысты бөлу жағдайының өзгеруі, тұрғындардың санының өсуі және қоғамның әлеуметтік біртектес емес топтарға бөлінуі (таптарға);
* қоғамдағы тәртіптілікті қолдау, оның әлеуметтік тұрақтылығын қамтамасыз ету, жалпыға бірдей міндетті әлеуметтік (ең алдымен заңдық) нормалардың көмегімен жетуге болады.
* қоғамның әлеуметтік біртектес емес топтарға бөлінуінің негізінде пайда болатын қанаушы таптың қарсылығын басу;
* мемлекеттің аумағын қорғау, қорғану және басып алуы мақсатында соғыстар жүргізу;
* үлкен қоғамдық жұмысты ұйымдастыру, сол мақсатта үлкен топтағы адамдарды біріктіру.
Алғашқы мемлекеттік құрылымдардың қалыптасуы әр түрлі халықтарда әр түрлі жолдармен жүреді, себебі олар географиялық, мәденилогикалық, экономикалық, саяси және басқа да факторлармен қамтамасыз етілгені белгілі. Қандай болмасын қоғамда мемлекеттіліктің пайда болу негізіне тән, маңызды сипатына қарай мемлекеттің пайда болу тәсілін батыстық (европалық), шығыстық (азиялық), германдықтар ретінде айырып зерттейді.
Шығыстық жолмен (тәсілмен) мемлекеттің пайда болуы, басынан бастап Вавилонның, Египеттің, Қытайдың, Үндістанның құрылумен байланысты. Бұл көне мемлекеттер, біздің эрамызға дейінгі үш мың жылдар бұрын, рулық құрылымның біртіндеп, қоғамның мемлекеттік ұйымға өту процесінде пайда болған. Бұл мемлекеттердің пайда болуындағы ерекшеліктерге жататыны, тұрақты ирригациялық (суармалы өңдеу) жұмысты жүргізу қажеттілігіне байланысты болды. Тұрғындарды тамақпен қамтамасыз ету, әсіресе құрғақшылық не тұрақсыз климат жағдайында қажеттілігі арта түсті. Мұндай жағдай, тармақтарға бөлінген басқару аппаратын көпшілік жұмыс басқару, қаржы және әскер қалыптастыртып өте көлемді аумақтармен және көпшілік адамдармен жұмыс жүргізуді мәжбүр етеді.
Батыстық жолдың ерекшелігі сонда, мемлекеттік институттардың құрылуы жеке меншіктің пайда болып, қоғамда антогонистік рухтағы топтардың болуымен байланысты. Көне елдердің тарихында ол германдық мемлекетте варварлық корольдіктердің пайда болуынан көрінді.
Афиндік республика - шын мәніндегі классикалық мемлекеттердің құрылуындағы үлгі болды. Себебі мемлекеттіліктің пайда болуы мұндағы рулық құрылымның ішіндегі қарама-қайшылықты тежеу процесінің нәтижесі болды. Біздің эрамызға дейінгі VII ғ. - Драконта реформалары (жеке адамдар арасындағы қарама-қайшылықты, басқарушы элиталардың басынушылығын тежеді, көріне бастаған жеке меншікті қорғады); б.э.д. 594 жылғы - Солон реформасы бойынша (қандас-рулық қатынастар жойылып, барлық тұрғандарды өздерінің тұрмыстық жағдайларына байланысты разрядтарға бөлді); б.э.д. 509 ж. - Клистфен реформаларына байланысты (аумақтарды бөлу кіргізіліп, Аттикада рулық-тайпалықтың орнына, саяси қайта құру жүргізілді).
Римдік мемлекеттің пайда болу нысаны - мемлекеттің пайда болу концепциясы, рулық қоғамды тұйық аристократияға айналдыруға негізделген және оны көптеген құқығы жоқ плебейлер тобынан айырып, партиялық (құлдықтағы) патрисциямен саяси қатынастарды орнату, оның қирағанының орнына сайып келгенде мемлекеттің пайда болуы көзделген.
Германдық мемлекеттердің құрылуы великое переселения народов процесімен байланысты алынған ат, яғни IV-VII ғғ. Европадағы көптеген этникалық топтардың бір жерден басқа жерлерге ауысуы, яғни Рим империясының сырт жағынан сол аумақтың ішіндегі белгілі жеріне көшуі. Мұндай жағдайдың басталуы ғұндардың шабуыл жасауынан басталады. Басты сипаттамаға варварлармен Рим империясының көп жерлерін жаулап алуы және бағындырып өз биліктерін жүргізуі жатады. Басып алынған жергілікті жерлерінде Римдік мемлекеттіліктің аппараты қызметте болған. Жаулап алған жерлерді басқару мақсатында, арнайы мемлекеттік органдар құрылған. Мысалы, әскери басшының орнына король сайланған, көпшілік халық билігі және қыстау (қинау) мемлекеттілік органдары құрылған.
Шығыс славяндарының мемлекеттігінің пайда болуындағы ерекшеліктерге жататын факторларға ерекше географиялық орнын айтуға болады. Батыс (европалық) жағына және шығыс (азиялық) жерлердің (мәдениетімен, өркениетімен) арасындағы үлкен аймақта V-Х ғғ. бір-бірінен бөлек тайпалар өмір сүрген. Сондықтан шығыс славян мемлекеттігі тұрақты түрде көшпелілер мен варягтар жағынан шабуыл жасап басып кіру қауіптілігін күткен. Климат жағдайының тұрақсыздығына байланысты ауылшаруашылық-пен шұғылдануға мүмкіндік болмаған және қарсыластардың кезекті шабуылына байланысты жұмыс істеу тоқтатылған. Алғашқыда кәсіби (жалдамалы) әскери дружиналар жаудан қорғану үшін құрылып, кейіннен бір орталықтағы салық жинау қажеттілігіне байланысты және басқа міндетті төлемдерді жинайтын міндеттілікті қоса атқарған.

2 Құқықтың пайда болу ерекшеліктері және негізгі теориялар
Алғашқы қауымдық құрылыс кезінде маңызды әлеуметтік реттеушіге әдет-ғұрып (көптеген жылдар бойы қайталанудың нәтижесінде адамдардың үйреншікті әдетіне айналған тәртіп жолдары) және діни (культтік) нормалар болды. Әдет нормалары табиғи райға қажеттіліктен қауымның өмірінің барлық жағына маңызды болған - рудың, ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Мемлекет және құқық теориясы
Мемлекеттің басқару формасы және түрлері
Мемлекеттің шығуының жалпы заңдылықтары
Мемлекет және құқықтың пайда болуының объективтік заңдылықтары
Құқықтың пайда болуы және ерекшеліктері
Қауымдық-рулық құрылыс
Қазіргі кездегі мемлекеттік функцияның түсінігі және жіктелуі
Құқық мәні, қағидалары
Құқықтық жүйе ұғымы
Мемлекет және құқық негіздерінің жалпы түсінігі
Пәндер